Сарыарқа самалы, 9 қазан, сенбі

PavlodarNews

Екпе алу - елдің амандығы

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

9 қазан, сенбі

2021 жыл

№116 (15734)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

ТҮЙТКІЛ

Оқушы тамағы

неге қымбаттады?

ЗЕЙНЕТАҚЫ

Өзгеріс

әкелсе игі

2023 жылдан бастап жұмыс

берушілер әр қызметкеріне

өз есебінен зейнетақы қорына

5 пайыз жарна аударуы мүмкін.

Ал қызметкердің 10 пайыз

жарнасы міндетті болып қала

береді.

Қос бүйірден қысқан қымбатшылық мектеп асханаларына да жетті.

Бұл ата-аналарға, соның ішінде бірнеше баласы оқитын отбасыларға

ауыр салмақ салуда. Яғни, қала мектептерінің кейбірінде бір баланың

кешенді түскі асы 600 теңгеге жеткен. Ал асханаларды жалға алып

жұмыс істейтін кәсіпкерлер болса мұны шикізаттық және жанармай

бағасының өсуімен байланыстыруда.

Мәселе:

КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНДЕ ОРЫН ТАПШЫ

Суретті түсірген – Исабек Есенжол.

Жалғасы 3-бетте

Өңірде қосымша білім беру саласында түйткілдер баршылық. Өнерге ынталы балаларды

тәрбиелейтін оқу орындарының бірінде ғимарат мәселесі болса, тағы бірінде мамандар тапшы.

Осы орайда кешенді түрде шешуді талап ететін тұстары бар. Облыстағы қосымша білім беретін

оқу ордаларының басшылығы мен ата-аналар қауымы өңір билігінен мәселені назарға алуды

сұрап отыр.

Толығырақ 7-бетте

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі мұны ел азаматтары

мардымды зейнетақы алсын деген

мақсатта ұсынып отыр екен. Ал базалық

зейнетақыны арттырудың тетіктеріне

министрлік әзірше асықпақ емес.

Бұдан бөлек, ведомство 2028 жылдан

бастап Қазақстанда кепілдендірілген ең

төменгі зейнетақыны енгізуді ұсынып

отыр. Ол қазіргі базалық зейнетақы

төлемін алмастырады. Министрлік, еңбек

өтілі бес жылдан аз азаматтарға ең

төменгі күнкөріс шегінің 70 пайызы

шамасында кепілдендірілген зейнетақы

төлеуді жоспарлаған. Мысалы, қазіргі

уақытта ең төменгі базалық зейнетақы ең

төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын

құрайды, яғни биыл бұл төлем 18 524

теңгеге тең. Айта кету керек, ең төменгі

базалық зейнетақыны қазіргі уақытта

еңбек өтілі 10 жыл немесе одан аз

қазақстандықтар алады. Егер еңбек

өтілі көп болса, зейнетақы мөлшері де

көбейеді. Кепілдендірілген зейнетақыны

есептеу кезінде ең төменгі еңбек өтілін

5 жылға дейін қысқарту жоспарлануда.

Сондай-ақ зейнетақы мөлшерін шектеуді

алып тастау да көзделіп отыр.

Қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы

қорында 13 триллион теңгеге жуық қаражат

бар. Оның қомақты бөлігі міндетті зейнетақы

жарналары есебінен жинақталған. Ол -

сіз бен біздің ай сайынғы жалақымыздың

10 пайызынан ұсталынатын жарна. Ал

зейнетақы қорындағы шекті мөлшерден

асатын сома қазақстандықтардың

7 пайызына ғана қолжетімді болған екен.

Министрліктің кезекті реформасы

зейнетақы жүйесіне айтарлықтар өзгерістер

енгізе алмайды деп санайды кейбір

экономистер.

М.ҚАПАНҰЛЫ.


2 9 қазан, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

МЕМОРАНДУМ

Өңірде жергілікті нарықтағы нанның

бағасы тұрақты болуы үшін нақты шаралар

қабылдануда. Атап айтқанда, шаруалар ұн

тарту кәсіпорындарына бидайды төмен бағамен

жеткізетін болды. Бұл өз кезегінде тұтынушылар

алатын өнім бағасының белгіленген

шектен аспауына ықпал етеді.

Нанмен қамтуда

қиындық

болмайды

Облыстың ауыл шаруашылығы

тауарын өндірушілерімен

әлеуметтік нанның бағасын

ұстап тұру туралы меморандум

жасалды. Соған сәйкес, келісімге

қол қойған 99 шаруашылық

иесі ұн тарту кәсіпорындарына

14 мың тоннаға жуық бидайды

белгіленген бағамен жеткізуге

тиіс. Бұл шара әлеуметтік нанның

бөлшек саудадағы бір бөлкесінің

бағасын 95 теңге көлемінде

ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының басшысы

Нұрболат Мақашев меморандумды

талқылау барысында

жалпы азық-түлік себетіндегі

әлеуметтік маңызы бар өнімдер

үлесі кемінде 30 пайызды құрауы

тиіс екенін атап өтті. Павлодар

облысының тұрғындарын әлеуметтік

нанмен қамтамасыз

ету үшін ай сайын 942 тонна

ұн немесе 1256 тонна бидай

қажет. Демек, жаңа өнім алғанға

дейінгі өңірдің әлеуметтік

астыққа деген қажеттілігі

13 817 тоннаны құрайды.

- Ауыл шаруашылығы

тауарын өндірушілер ұн тарту

кәсіпорындарына бидайдың бір

тоннасын 85 мың теңгеден

жеткізетін болады. Олар өз

кезегінде бірінші сұрыпты ұнды

салмағы 550 грамм болатын

формалы нан шығаратын

наубайханаларға 119 теңгеден

сатады. Наубайханалар

тұрақтандыру қорының

серіктестері ретінде белгіленген

әлеуметтік дүкендер мен сауда

нүктелеріне жол шығындарын

ескере отырып, нанның бір

бөлкесінің бағасын 93 теңгеден

босатады. Сонда бөлшек

ЕЛ ЕКПЕ АЛУДА

Вакцинаның үш

түрі салынуда

Павлодарда коронавирус инфекциясы анықталған

1120 адам ем қабылдауда. Бүгінгі таңда

инфекциялық ауруханадағы орындардың

тең жартысы толған. Жағдайы ауыр 91 адам

реанимацияда.

Бұл туралы облыстық

денсаулық сақтау басқармасы

басшысының орынбасары

Гүлнәр Бұратаева Өңірлік

коммуникациялар қызметінде

өткен брифингте хабарлады.

- Сондай-ақ облыста КВИ

жұқтырған 491 жүкті әйел

бар. Олардың 30-ы ауруханаларда

ем алуда. Одан бөлек

КВИ жұқтырған 145 баланың

36-сы ауруханада емделіп

жатыр. Облыста күніне орта

есеппен 2300 ПТР зерттеулер

жасалады. Жалпы, 7 зертхана

жұмыс істейді, - дейді

Гүлнәр Бағдатқызы.

Бүгінде аймағымызда

КВИ-ге қарсы вакцинаның

1-компонентін 304 070 адам,

2-компонентін 276 393 адам

қабылдаған. Жоспар бойынша

450 мың адам қабылдауы тиіс.

саудадағы әлеуметтік нанның

бағасы 95 теңгені құрайды, -

деп түсіндірді Н.Мақашев.

Шаруалар келісімнің шарттарын

қолдап, міндеттемелерді

орындайтындарын айтты.

- Қазіргі кезде жергілікті

шаруаларда субсидия алуға

қатысты қиындықтар жоқ. Өтініш

берген соң оларды бірден

аламыз. Сондықтан біз ұн

тарту комбинаттарын астықпен

қамтуда көмектесуге дайынбыз.

Бұл шаруаларға салмақ салмайды,

- деді «Победа» ЖШС

басшысы Владимир Поляков.

Облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов ауыл шаруашылығы

тауарларын өндірушілерге

әлеуметтік жауапкершілігі үшін

алғысын білдіріп, олардың

бидайды тегін бермейтінін еске

салды. Астықтың әр тоннасы

үшін бірден төлем жасалады.

- Шаруалардың жұмысы оңай

емес екенін жақсы түсінеміз.

Мемлекет пен экономиканың

нақты секторы арасындағы

өзара байланысты жергілікті

өнімнің басты тұтынушылары

– өңіріміздің тұрғындары

бағалайды. Қазіргі жағдайды

ескере отырып, қарапайым

қолдауды қажет ететін тұрғынға

көмек көрсетуіміз керек деп

ойлаймын, - деді Ә.Сқақов.

Аймақ басшысы қайта өңдеу

кәсіпорындарына әлеуметтік

астықты жеткізудің, бөлшек

сауда желісінде әлеуметтік

нан өндіру мен сатудың нақты

жүйесін бекітуді тапсырды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

- Облыста тұмауға қарсы

вакциналау науқаны жалғасуда.

Біздің аймаққа бөлінген

168 800 дозасы толық

қабылданды. Сондықтан,

тұрғындарға тұмауға қарсы

екпе алуға шақырамыз.

Бұл – екпенің бұрыннан бері

қолданылып келе жатқан түрі.

Жүкті әйелдер де бастапқы

кезеңде алуы керек. Тіпті,

КВИ-ге қарсы егілген адамдар

да мұндай вакцинаны қабылдай

алады, - деді ол.

Айта кетейік, қазір облысымызда

коронавирусқа қарсы

вакцинаның 3 түрі салынуда.

Олар - ресейлік Спутник V,

қазақстандық Qazvac, қытайлық

Vero Cell.

Т.МАРХАБА.

COVID-19

Жағдай тұрақты,

бірақ қатер әлі бар

Ел Үкіметі коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыс

атқаруда. Сондай-ақ вакциналау мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Қазірде

ел аумағында екпе алушылар саны азайған. Ендігі жерде америкалық Рfizer

вакцинасын төртінші тоқсанда жеткізу, 12-18 жастағы балаларды егу бойынша

мәселелер қарастырылуда.

Денсаулық сақтау министрі Алексей

Цойдың айтуынша, Қазақстанда

эпидемиологиялық жағдайдың

тұрақтануы байқалады. 6 қазанда

CОVID-19-ға оң нәтижемен 896 162 науқас

және КВИ-ға теріс нәтижемен

76 517 жағдай тіркелді. КВИ-мен

ауыратын науқастардың шамамен 92

пайызы сауығып шықты. Оның ішінде

КВИ оң нәтижесімен - 835 805 науқас

және КВИ теріс нәтижесімен -

63 902 науқас анықталған. Оның

дерегінше, эпидемиологиялық жағдай

матрицасына сәйкес, 4 өңір тәуекелі

жоғары, яғни «қызыл» аймақта

орналасқан. Қыркүйек айы басталғалы

күн сайын науқастану деңгейі

2,4 есеге төмендеді. Инфекциялық

төсек-орындарға жатқызылушылар

саны 39 пайыздан 33%-ға, реанимациядағылар

40-тан до 31%-ға

кеміді. Ауыр науқастану жағдайы

да азайған. Нашар халдегілер саны

соңғы айда 2 есеге азайды.

ҚР Денсаулық сақтау бірінші

вице-министрі Марат Шорановтың

айтуынша, емдеу шарттары бүгінгі

вирустың штамдарына байланысты

өзгертіліп отырады.

«Елімізде коронавирустан емдеу

протоколы әлемдік тәжірибелерге

байланысты арнайы комиссия шешімімен

өзгертіліп отырады. Протокол

Ұлттық ғылыми денсаулықты дамыту

орталығының сайтында бар. Ол өте

ауқымды. Қандай дәрімен емдеу

керектігін созылмалы аурулардың

түріне байланысты дәрігерлер шешеді.

Бүгінгі күні штамдарға байланысты

КВИ клиникасы да өзгере бастады.

Соған қарамастан, КВИ-ден емдейтін

екі айлық дәрі-дәрмек қоры

«СК-Фармация» қоймаларында бар.

Емханалар мен стационарларда дәрідәрмек

жеткілікті», деп мәлімдеді ол.

Лауазымды тұлғалардың сөзінше,

елімізде вакцинаны жаппай салдыру

нәтижесінде ұжымдық иммунитет

қалыптасып келеді. Дегенмен, масканы

шешуге әлі ерте. Себебі вакцина

салынғанмен вирус жұқтыру қаупі

әлі де бар.

Сонымен қатар ревакцинация

кезінде бұған дейін алған

вакцинаңызды қайта алу немесе

өзге вакцина таңдау туралы сұрақты

арнайы комиссия талқылап жатыр.

Ал жалпы вакцинаның өзге түрін

таңдау үшін әлемде бірыңғай шешім

әлі қабылданған жоқ. Қазақстан өз

ғалымдарының тұжырымдамасына

сүйеніп шешім шығаратын болады».

Тағы бір жаңалық, елімізге

америкалық вакцинаның жеткізілу

мерзімі белгілі болды. « бойынша

ақтық келісімшартқа қол қойдық. Рfizer

компаниясында келісімнің бірнеше

25 қазанға дейін жалғасатын

тазалық шарасына барлық тұрғындардың

белсенді атсалысуы маңызды.

Бұл ретте, күн сайын облыс орталығындағы

коммуналдық қызмет

жұмыскерлері көшелерді тазалауда.

Тазалық айлығы облыс бойынша

жарияланғандықтан, сенбіліктер

кезінде тұрғындар да өз ауласын

процесі бар. Ақтық келісімшарт

бойынша төртінші тоқсанда шамамен

4 млн доза жеткізу жоспарланып

отыр. Қазақстанның әр өңірінде

тоңазыту жүйесі болады. Ол қажетті

-80 градустық режимге сай болуы

керек. Вакцинациялау пункттері

құрылады. Принципі ұқсас, тек

сақтау температурасының режимі

ғана өзгеше. Сондықтан өңірлердің

бәрінде қосымша қондырғылар орнатылады,

деді ҚР Денсаулық сақтау

министрі Алексей Цой.

Денсаулық сақтау бірінші вицеминистрі

Марат Шорановтың айтқанындай,

бұл вакцина 12 жастан

бастап балаларға ата-анасының

рұқсатымен салынатын болады.

Вакцина алмаған бала мектепке

кіргізілмейді деген сынды шектеулер

әзірге қарастырылмаған. «Биыл

оқушыларды офлайн форматқа көшірдік.

Мектептерде санитарлық талаптар мен

маска режимінің арқасында балалар

арасында КВИ көп таралған жоқ.

Нақты сандармен айтатын болсақ,

0,06%-ды ғана құрады. Сондықтан

да вакцинаның жеткізілуімен біздің

балаларымыз мектептеріне қорықпай

бара алады деп сенеміз», - деді ол.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау комитетінің төрағасы Айжан

Есмағамбетова неліктен Pfizer-дің

4 млн дозасы сатып алынатынын

түсіндірді.

Статистикалық мәліметтерге

сәйкес, бүгінде келісімі болған

жағдайда вакцина ала алатын

12 мен 18 жастағы 1 млн 700 мың

бала бар. Ал елімізде жыл сайын

400 мыңнан астам әйел босанады.

Осы сандарды қосқан кезде аталған

қоқыстан тазартқаны абзал.

Өткен сенбіде аймағымыздағы

елді мекендердің аумағынан 43 мың

тоннадан астам қоқыс шығарылған.

Сенбілікке 600-ге жуық техника

жұмылдырылған. Тазалық шарасына

шамамен 35 мың адам қатысқан.

Павлодар қаласындағы сенбіліктер

кезінде жиналған қоқысты сыртқа

санатқа кіретін халықты вакциналауға

қажетті Pfizer дозасы шығады.

«Pfizer ең алдымен, балалар мен

жүкті әйелдерге арналғанын бұған

дейін де айтқан едік. Өйткені, ол бұл

санатқа кіретін адамдарды қорғайтын

жалғыз вакцина болып тұр. Яғни, бұл

өте әлжуаз топ саналады. Мұның

үстіне коронавирус жүкті әйелдерде

қаншалықты ауыр өтетіндігін де

білеміз. Оны дәлелдейтін мәліметтер

де қолымызда бар. Қазір балалар

офлайн оқуға көшті. Демек, коронавирус

инфекциясын жұқтыру қаупі

айтарлықтай артып отыр. Сондықтан

ең бірінші кезекте балалар мен жүкті

әйелдер екпе алады», - деді ол.

Жалпы алғанда, елдегі жағдай

бірқалыпты. Бірақ мамандар әлі

де болса арқаны кеңге салудың,

қауіпсіздікті екінші орынға ысырудың

реті жоқтығын еске салуда. Себебі

күз мезгілінде ауру-сырқау көбейеді.

«Өткен жылғы тәжірибе көрсеткендей,

күз айларында эпидемиологиялық

жағдай тұрақталады.

Биыл вакцинацияның пайдасы және

күші бір жылға жетсе, көктемде

науқастар саны аз болады деп

үміттенеміз. Жалпы, қазіргі кезде

эпидемиологиялық жағдайды алдын

ала болжау қиын. Министрлік қолда

бар ақпараттармен сараптама жасай

отыра қазан-қараша айларында

жағдай тұрақты болатынын хабарлайды.

Сонымен қатар коронавирус

инфекциясы күн ыстықта өршіп, күн

суытқанда азаяды деген болжамдарды

жоққа шығарғым келеді. Вирус

жұқтыру температураға байланысты

емес» деді М.Шоранов.

Өз тілшіміз.

ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ

Өз аулаңнан басталады!

Аймағымызда тазалық айлығы жалғасуда. Бүгін күрек, сыпырғыш, тырма сияқты

құралдармен «қаруланған» павлодарлықтар айналаны қоқыстан тазартуға шығады.

шығару үшін 100-ден астам арнайы

техника (автосамосвалдар, тиегіштер

және т.б.) тартылуда. Арнайы бригадалар

ұйымдастырылуда. Тұрмыстық

қалдықтар полигонында қоқысты

қабылдау айлық кезінде тегін

жүргізілетінін атап өткен жөн.

О.АХМАДИЯ.


SARYARQA SAMALY

БАҒА САЯСАТЫ

АЙНА 9 қазан, сенбі, 2021 жыл 3

Басы 1-бетте

Соңғы уақытта дүкен сөрелеріндегі тауық жұмыртқасының айтарлықтай

қымбаттағаны байқалады. Тіпті, кейбір сауда орындарында

бір аптаның аралығында жұмыртқа ондығының бағасы бірден

40-50 теңгеге өсті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің

тізіміне кіретін өнім бағасының бұлайша құбылуына не себеп? Бұған

қатысты өндірушілер мен жергілікті билік не дейді?

Оқушы тамағы

неге қымбаттады?

Жұмыртқа бағасы

тағы «ұшты»

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Статистикалық деректерге

сүйенер болсақ, облыс

тұрғындары күніне 550 мың дана

жұмыртқаны тұтынады. Өңірдегі

екі ірі өндіруші - «Павлодар-Құс»

пен «Шарбақты-Құс» фабрикалары

бұл сұранысты толығымен өтеп

отыр. Жергілікті кәсіпорындарда

тәулігіне 600-650 мың дана

жұмыртқа шығарылып, облыстағы

дүкен сөрелерінен орын алады.

Десе де, соңғы уақытта өзімізде

өндірілген өнім бағасы өскенін

аңғару қиын емес. Айталық,

қыркүйек айының соңғы күндері

бірінші санатты жұмыртқаның

ондығы орта есеппен 400 теңге

болса, бүгінгі баға - 450 теңге.

Кейбір әлеуметтік дүкендерде

445 теңгеден сатылады. «Small»,

«Лидер» супермаркеттері мен

«Greenwich» гипермаркетінде

қағаз қаптамаға салынған,

бірінші санатқа жататын жұмыртқаның

он данасының бағасы

485 теңгеден басталып, 530 теңгеге

дейін жетеді. Ал облыс

әкімінің қаулысымен бекітілген

құжатта төртінші тоқсанда, яғни

қазан айынан бастап аймақтағы

сауда орындарындағы жұмыртқаның

бағасы 369 теңгеден

аспауы тиіс еді.

Тауар өндірушілер жергілікті

билік белгілеген шекті баға

мен дүкен сөрелеріндегі бағаның

арасында айтарлықтай

айырмашылықтың болуын

жем-азықтың қымбаттауымен

байланыстырады. Жұмыртқаның

өзіндік құнын қалыптастыруда

бидай бағасы 60 пайызды құрайды.

Өткен жылы оның бір тоннасы

90-100 мың теңге аралығында

болса, биыл 110-115 мың теңгеге

сатылуда. Яғни, бидай бағасы

20 пайызға өскендіктен, жұмыртқаның

өзіндік құны да артты.

Ал «Павлодар-Құс» ЖШС

бас директоры Ербол Досыбаев

«жұмыртқа бағасы қымбаттады

деу - дұрыс емес» дегенді алға

тартады. Кәсіпорын басшысының

пайымынша, өнімнің құны

былтырғы бағасына қайтып келді.

АЙБЫН - 2021

Жігерін шыңдайды

Облыс орталығында «Айбын – 2021» республикалық жастар жиынының

онлайн форматтағы ашылу салтанаты өтті.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ

Жиын 30-ыншы қарашаға

дейін жалғаспақ. Өңіріміздің

намысын облыстық әскери мектепинтернатының

курсанттары және

3 әскери-патриоттық клубының

мүшелері қорғайтын болады.

«Айбын» республикалық жастар

жиыны еліміздегі әскерипатриоттық

іс-шаралардың бірі

әрі бірегейі болып табылады.

- Сатып алушылардың

басым бөлігі кез келген тауар

бағасының өскенін байқап,

арзандағанына назар аудара

қоймайды. Мәселен, жазда

жұмыртқа бағасының төмендеуі -

жыл сайын қайталанатын қалыпты

жағдай. Себебі бұл уақытта

тұрғындар тарапынан сұраныс

азаяды, жеке аулалар өнімді

сатылымға шығарады және

Ресейдің, еліміздің өзге облыстарынан

жұмыртқа жеткізіледі.

Сәйкесінше, баға да түседі. Күзде

керісінше сұраныс артып, өнім

көлемі азаяды. Бұл жұмыртқаның

маусымаралық жағдайға дейінгі

бағамен қайта сатылуына әсер

етеді, - дейді Е.Досыбаев.

Бұл ретте атап өтер жайт,

жергілікті билік тұтынушылар тарапынан

зор сұранысқа ие бірінші

санаттағы жұмыртқа бағасын

ғана реттеп, бақылауға құқылы.

Бүгінде 540-560 теңге тұратын,

қағаз қаптамаларға салынған,

іріктелген, жоғары санатты өнім

әлеуметтік маңызы бар тауарлар

тізіміне кірмейді. Демек, құзырлы

органдар олардың бағасын

белгілеу ісіне араласа алмайды.

Есесіне аймақтағы өндірушілермен,

сауда орталықтарымен

меморандумдар жасау арқылы

бірінші санаттағы жұмыртқа

бағасын реттеуге мүмкіндік

бар. Мәселен, «Шарбақты Құс»

Шараға барлық республикалық

әскери мектеп-интернаттары,

еліміздің үздік әскери-патриоттық

клубтарымен қатар, ҚР Қарулы

Күштері әскери бөлімдері

жанындағы әскери-патриоттық

клубтар қатысады.

Жиынның мақсаты - жастардың

тәрбиесі мен тәжірибесін жетілдіру,

әскери-патриоттық клубтардың

қызметін үйлестіру, жастарды

ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери

қызметке даярлау, сондай-ақ

кәсіпорнына мемлекет тарапынан

жеңілдетілген несие берілді. Өз

кезегінде аталмыш фабрика

әлеуметтік дүкендерге жұмыртқа

ондығын 285 теңгеден жеткізуі

тиіс. Облыстық кәсіпкерлік және

индустриялық-инновациялық даму

басқармасының мәліметінше,

қыркүйек айында «Шарбақты

Құс» 93,2 мың дана жұмыртқаны

осындай бағамен босатты.

Сол сияқты «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік

корпорациясы

арқылы төмен пайыздық

мөлшерлемемен несие алған

«iNmart» сауда желісінің дүкендері

жұмыртқа бағасын өсірмеуі

шарт. Қазіргі таңда бұл сауда

орындарында бірінші санаттағы

жұмыртқаның ондығы 355 теңгеден

сатылуда. Сонымен қатар,

жергілікті билік нарықтағы

жағдайды реттеу үшін қараша,

желтоқсан айларында тұрақтандыру

қорына 4 млн дана жұмыртқа

сатып алуды жоспарлап отыр.

Мұндай шаралардың қолға

алынғаны жақсы-ақ, әрине.

Бірақ қарапайым тұрғындар

тұрақтандыру қорына арзан

жұмыртқаның түсер уақытын күтіп

отыра алмайды. Сондықтан өнімнің

бағасын құжатта белгіленген

шекті бағаға дейін төмендетудің

амалдарын уақыт оздырмай

қолға алған жөн.

салауатты өмір салтын насихаттау.

Жиын барысында орындалатын

тапсырмалар жастардың әскериқолданбалы

және техникалық

дайындығына қатысты.

Облыстық қорғаныс істері

жөніндегі департамент басшысының

орынбасары Еркебұлан

Мұхитұлының айтуынша, «Айбын»

республикалық жастар жиыны -

жас сарбаздардың әскеритехникалық

қабілетін дамытып,

жігерін шыңдайды.

Ата-аналар

алаңдаулы

Павлодар қаласының тұрғыны

Айгүл Әмірованың үш бірдей

баласы орта мектепте оқиды. Бірі

бастауыш сыныпта болғандықтан

тегін тамақтанса, екі баласының

шай-тамағына күнделікті өз қалталарынан

төлейді. Редакцияға

қоңырау шалып, шағымын білдірген

тұрақты оқырманымыз мектеп асханасындағы

қымбатшылық қалтамызды

қағып тұр дейді.

- Өткен оқу жылындағы бағалар

биыл көзден бұлбұлдай ұшты. Ол

кезде біз бір баланың кешенді асына

400-450 теңге төлесек, биылғы оқу

жылында ол баға 600 теңгеге бір-ақ

секірді. Сонда екі оқушының тек

түскі асы үшін күніне 1200 теңге

төлейміз. Ал түстен кейін қосымша

сабаққа қалатын болса пирожки

немесе тоқашпен шай ішеді. Оның

өзі 300-400 теңгенің айналасында.

Сонда мектепке баратын бір бала үшін

күніне бір мың теңгеден жұмсауға

мәжбүрміз, - дейді қала тұрғыны.

Кәсіпкерлер

не дейді?

Мектеп асханаларын жалға алушы

кәсіпкерлер әуелі облыстық білім беру

басқармасымен және жергілікті білім

беру бөлімдерімен келісімшартқа

отырады. Мысалы, келісімшарттың

күші бес жылға жарамды болса,

сол уақытқа дейін оқушыларға

беретін ыстық тамақтың бағасын

алғашқы келіскендей ұстап тұруы

тиіс. Бірақ, қымбатшылық белең

алған бүгінгі қоғамда азық-түліктің

бағасы күн сайын көтеріліп жатқаны

баршаға мәлім. Міне, осы жайттарды

ескерсек, мектеп оқушыларын

тамақтандыратын жеке кәсіпкерлердің

біразы дағдарысқа тап

болатын түрі бар.

Осы салада көп жылдық тәжірибесі

бар «Profo» ЖШС мемлекеттікжекеменшік

әріптестік шарты бойынша

дарынды балаларға арналған

№3 гимназияға, дарынды балаларға

арналған Абай атындағы

гимназияға, дарынды балаларға

арналған №8 лицей-мектебіне және

«Жас дарын» мамандандырылған

мектебіне қызмет көрсетіп келеді.

Серіктестік басшысының орынбасары

Арман Мұстақовтың сөзінше,

аталған білім ордаларымен бес

жылға келісімшартқа отырған. Биыл

келісімшарт мерзімінің үшінші жылы

басталды.

- Өңірде баға саясаты құбылып

тұр. Бұл - шикізатпен жұмыс істейтін

біз секілді кәсіпкерлерге өте ауыр

құбылыс. Мысалы, көкөніс бағасы

өткен жылғымен салыстырғанда 4-5

есеге дейін қосылды. Жанармай

бағасы да көтеріліп кетті. Бір сөзбен

айтқанда, кірісімізден шығысымыз

көбейіп келеді. Одан бөлек, бізді

тексергісі келетін ұйым көп. Бір

жағынан мониторингтік топ келіп

тексеріп жатса, екінші жағынан

ата-аналар комитеті бақылайды.

Бұл біздің жұмысымызға кері әсер

етеді. Бірақ, мемлекет тарапынан

ешқандай көмек көрсетілген емес. Тым

болмағанда сатып алуға жұмсалатын

шығынның белгілі бір мөлшеріне

субсидия берілсе, соның өзі үлкен

қолдау болар еді, - дейді Арман

Мұстақов.

Қалай тосқауыл

қояды?

Дарынды балаларға арналған Абай

атындағы гимназия директоры Салтанат

Шабажанованың сөзінше, мұндағы

бір оқушының кешенді түскі асы

450 теңгеден аспайды. Бұл бағаның

өзін ата-аналар комитетінің араласуымен

әзер сақтап отырмыз, дейді

директор.

- Оқу жылының басында ыстық

тамақтың бағасы қымбаттайды деген

әңгіме болғаны рас. Бірақ, оған атааналар

комитеті араласып, бағаны

бұрынғы келісімшарттың негізінде

қалдырды. Бүгінде ата-аналармен

тығыз байланыста жұмыс істеудеміз.

Олар балалары ішіп жүрген тамақтың

бағасы мен сапасын үнемі бақылауда

ұстап келеді. Сонымен қатар,

балаларға арналған журнал ашылды.

Қандай да бір арыз-шағым болса,

сонда жазып қоюға болады. Одан

бөлек, асханаға электронды бағалау

құрылғысы орнатылған. Оны тікелей

өзім бақылап, тамақтың сапасын

тексеріп отырамын, - дейді гимназия

директоры Салтанат Қалиасқарқызы.

Павлодар қаласындағы №37

орта мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары Ақмарал

Сыздықованың сөзінше, бір оқушыға

315 теңгеге түстенуге болады. Бұл -

барлық қала мектептеріне қатысты

бекітілген тариф.

- Оның ішіне бірінші және екінші

ыстық тамақ, нан мен шай кіреді.

Сонымен қатар, аз қамтылған және

көпбалалы отбасылардың балаларына

қосымша араның балы,

алма, банан секілді дәруменді

тағамдар беріледі. Бастауыш сынып

оқушылары тегін тамақтанады. Бірақ,

қосымша сабаққа қалған балалар

өз ақшаларына сатып алады. Бүгінгі

қымбатшылықтың кәсіпкерлерге кері

әсерін тигізіп жатқаны анық. Бірақ,

соған қарамастан бағаны бір қалыпта

ұстап тұрмыз. Қандай жағдай болса

да, оқу жылының соңына дейін осы

бағаны сақтап қалуға тырысамыз, -

дейді Ақмарал Жасқайратқызы.

Естеріңізде болса, осыдан екі

жыл бұрын №37 орта мектепке

мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан»

бағдарламасы аясында арнайы

құрылғы қойылған болатын. Соның

арқасында ата-аналар асхана мәзірін

онлайн жүйеде бақылап, балалары

ішетін шай-тамаққа үйде отырып

тапсырыс беруге мүмкіндік алған

болатын. Бірақ, кейін бұл жобаны

қаржыландыру көзі болмағандықтан

қызметі тоқтап тұр. Мұндай жүйе

алдағы уақытта дамытылса тиімді

болар еді.

Қысқасы, қос бүйірден қысқан

қымбатшылық кәсіпкерлерге де,

тұрғындарға да оңайға тимей тұр.

Бірақ, бұл мәселе ата-аналардың

есебінен шешілмеуі керек. Алдағы

уақытта асхана жұмысын қолжетімді

ұйымдастыру үшін әр балаға

субсидия төлеу ретінде немесе

жеңілдетілген несие беру түрінде

көмек көрсетілсе жақсы болар еді

дейді қызмет көрсетушілер.

Тілеуберді САХАБА.


4 9 қазан, сенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

КӘСІП

Астық сақтауға

дайындық қалай?

- Нұрболат Абылайханұлы,

ең әуелі биылғы астық түсімі

жайлы айтып берсеңіз...

- Биыл өңірде жалпы егіс алаңы

1 258,2 мың гектарды құрады.

Бұл – өткен жылмен салыстырғанда

79,1 мың гектарға немесе 7 процентке

артық. Дәнді дақылдар 873,2 мың

гектарға егілген болатын. 1 қазандағы

жағдай бойынша 766,8 мың гектар

алқап орылып, 925,5 мың тонна

астық жиналды. Өнімділігі гектарынан

12,1 центнерге тең.

- Аймағымызда астық сақтау

бойынша қандай шаруалар

атқарылуда?

- Облысымызда 7 элеватор

жұмыс істейді. Сыйымдылығы

301,3 мың тоннаны құрайды. Бұдан

бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілердің иелігінде жаңа егіннің

астығын қабылдауға және сақтауға

257 қойма (сыйымдылығы 890,1 мың

тонна), 82 астық кептіру жабдығы

(тәулігіне 1651 тонна), 196 астық

тазалауға арналған қондырғы,

409 қырман (тәулігіне 6072 тонна)

Аймағымызда дәнді дақылдарды жинау жұмыстары

аяқталуға жақын. Енді диқандар майлы

дақылдарды шашпай-төкпей жинап алуға ниетті.

Астықты сақтауда қиындықтар жоқ па? Жергілікті

элеваторлардың дайындығы қалай? Осы және өзге

де сауалдарға облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев

жауап берді.

бар. Картоп пен көкөністі сақтау

үшін сыйымдылығы 408 мың тонна

140 көкөніс сақтау қоймасы тіркелді.

Олардың 88 проценті заманауи

технологиялық қондырғылармен

жабдықталған. Бүгінде астық

және көкөніс сақтайтын қоймалар

толығымен дайын десе де болады.

- Биылдан бастап қағаз түріндегі

астық қолхаты жойылып,

электронды үлгіге көшкен

болатын. Жаңашылдықтың

тиімділігі неде?

- Астық элеваторға өткізілгеннен

кейін диқандарға қолхат беріледі.

Маңызды құжатта астықтың мөлшері,

қанша уақытқа дейін сақталатыны

және тағы басқа ақпараттар

көрсетіледі. Яғни, құжат диқандардың

меншік құқығын растайды. Сондай-ақ,

астық кепілге қойылған жағдайда

кепіл ұстаушының тиісті құқығын

реттейді. Аталған институт сауда,

кепілмен қамтамасыз ету, ауыл

шаруашылығына инвестициялар

тартудың қаржы құралы ретінде

енгізілген болатын.

Жаңашылдық астық ақпаратының

ашықтығын қамтамасыз етуге,

сондай-ақ астықтың іс жүзінде жоқ

көлеміне астық қолхаттарын беруді

доғаруға мүмкіндік береді. Енді шаруалар

үйде отырып-ақ электронды

сауда арқылы тауарын сата алады.

Бұған дейін элеваторға келіп, сатып

алушылармен тікелей келіссөздер

жүргізілетін. Жаңа жүйеге сәйкес,

ақпараттар 3 күннің ішінде базаға

түседі. Диқандар электрондық сандық

қолтаңба ашып, ақпараттарды

бақылауға мүмкіндік бар. Бүгінде

барлық элеваторлар цифрландыру

жүйесіне толығымен көшті. Қажетті

құрылғылар сатып алынып, мамандар

да білімін жетілдіріп үлгерді. Жалпы,

жаңашылдыққа дайындық алдыңғы

жылдары басталған еді. Яғни, астық

қолхаты қағаз түрінде де, электронды

түрде де қатар жүргізілді.

Диқандарға кеңес берілді.

- «Азық-түлік келісім шарт

корпорациясы» ҰК» АҚ-на астық

өткізу бойынша не айтасыз?

- Аталған ұйымның мақсаты

белгілі. Миссиясы тұрақтандыру

қорымен ұқсас. Былтыр шаруалардан

25 мың тонна бидай сатып

алынып, 4 элеваторда сақталған

болатын. Қыста ұн бағасы, сәйкесінше

нан бағасы өскен уақытта бағаны

тұрақтандыру үшін кезеңмен-кезеңмен

босатылып отырды. Биыл да сол

көлемде астық сақталады деп

күтілуде. Әрине, астықтың өнімділігі

жоғары бидай ғана шаруалардан

сатып алынбақ.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан –

Оралхан ҚОЖАНОВ.

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

Павлодар облысының ақпарат және

қоғамдық даму басқармасының және ҚР

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің Павлодар облысы бойынша

департаментінің қолдауымен «Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы мектеп» ұжымы

мекеме қызметкерлері мен колледж

студенттері арасында дәріс өткізді.

Шараны «Тәлімгер» жастар қоғамдық

бірлестігі ұйымдастырды.

Арнайы дәріс

- Жастар арасында адамгершілік,

адалдық, мейірімділік,

достық, патриоттық құндылықтарды

арттырып, сыбайлас

жемқорлыққа қарсы бағыттау –

негізгі мақсат. Сонымен қатар,

студенттерді жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл мен қоғамдық қызметке

ынталандыру, - дейді «Тәлімгер»

жастар қоғамдық бірлестігінің

төрағасы Жанат Сарбасов.

Шара барысында сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің Павлодар облысы

бойынша департаментінің маманы

Е.Әмірханов «Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың

алдын алу тетіктері» туралы,

Торайғыров университетінің

оқытушысы В.Жамулдинов

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимылдың халықаралық және

қазақстандық тәжірибесі» тақырыбында

баяндама жасады.

Шарада 25 белсенді жас

сертификатпен марапатталды.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Соңғы жылдары ауыл

шаруашылығы саласында

мал тұқымын

асылдандыруға ден

қойылып келеді. Осыдан

бес-алты жыл бұрын

селекциялық жұмыстар

республикалық көлемде

бастау алды. Ғалымдардың

тілімен айтсақ, қолдан

ұрықтандыру – өнімділік

көрсеткіштері төмен

малдардың сапасын

жақсартуға мүмкіндік

береді.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ

Аграрлық саланың дамуы - елімізді

азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден-бір

жолы. Ғылым мен тәжірибенің озық үлгілерін

қолдана отырып, мал өнімдерінің үдемелі

өсуінің негізін қалау, экспорттық әлеуетті

арттыру - бүгінде мал шаруашылығының басты

бағыты. Осы бағытта Ауыл шаруашылығы

министрлігі ауқымды шаралар атқарып келеді.

Атап айтсақ, асыл тұқымды мал сатып алуға

жеңілдетілген несиелер, өндірілген мал

өнімдеріне, сатып алынған асыл тұқымды

мал басына субсидиялар берілуде. Осы

мүмкіндіктерді пайдаланып, өз кәсібін

ашқандардың бірі - Әділ Дүйсенбеков.

Әділ Дүйсенбеков - Тереңкөл ауданы

Жасқайрат ауылының тумасы. 155 тұрғыны

бар ауылдың азаматы болашақта мал

шаруашылығын дамытуды қолға алған.

Ол 2020 жылы «Еңбек» бағдарламасымен

мемлекеттік грантқа ие болды. 556 мың

теңге көлемінде қайтарымсыз несие алып,

Тәуекел – ердің ісі

қаражатына малды қолдан ұрықтандыру

аппаратын сатып алған. Айта кетерлігі, малды

қолдан ұрықтандыру мал шаруашылығы

саласындағы соңғы жетістіктердің бірі болып

табылады. Төрт түлікті қолдан ұрықтандырудың

артықшылықтары көп. Бұл – малдың жұқпалы

дертін дендетпей, аурудың алдын алудың

тиімді тетігі. Сонымен қатар Зеңгі баба

түлігі санының өсуіне ғана емес, сапалы

өнім көлемін арттыруға да жол ашады.

- Мал шаруашылығымен айналысқаныма

айтарлықтай көп уақыт бола қойған жоқ.

Бұған дейін мемлекеттік қызметкер болдым.

Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық

техникалық университетін жер кадастры

мамандығы бойынша тәмамдадым. Павлодарда

10 жыл жер комитетінде жұмыс істедім.

Сол кезде өз кәсібімді ашсам деген ой

болатын. «Тәуекел түбі – желқайық» дейді

ғой халқымыз. Сөйтіп, мен де тәуекел

етіп, ата кәсібіміз - мал шаруашылығымен

шұғылдануды жөн көрдім. Сондай-ақ, бұл

саланы дамыту үшін мемлекеттік грант ұтып

алдым. Үкімет тарапынан қарастырылған

мұндай қолдау іс-шаралары болашақта

өз тиімділігін көрсетеді. Несиеге малды

қолдан ұрықтандыру аппаратын сатып алып,

жұмысымызды бастап кеттік. Бұйырса,

келер жылы жемісін көреміз, - деді Әділ

Дүйсенбеков.

Қазақстанда ауыл шаруашылығын реформалауға

дейінгі кезеңде асыл тұқымды ірі

қара мал саны 1 млн 200 мың басты құраған

еді. Қазір бұл статистикалық мәліметтер жыл

санап өсіп келеді. Әділ Серікұлының айтуынша,

мал шаруашылығында халықаралық

стандартқа сай шетелдік озық технологияларды

қолдану - бүгінгі заман талабы.

- Павлодарда «Болашақ ПВ» ЖШС бар.

Асылдандыру орталығы еліміздің ішкі нарығына

қажетті асыл тұқымды мал ұрықтарын

өндіреді. Аталмыш дистрибьютерлік компаниядан

40-қа жуық аталық ұрық сатып

алдық. Канадалық герефорд, ангус, өзіміздің

ақбас тұқымдары бар. Бұл тұқымдардың

өнімділік көрсеткіштері жоғары. Малды өз

төлі есебінен көбейтудің ең тиімді жолы -

аналық басты қолдан ұрықтандыру. Әрине,

оларға ғылыми негізделген күтіп-бағу,

арнайы жем-шөппен азықтандыру сияқты

малдәрігерлік-зоотехникалық шаралардың

тұтас кешенін қолдану керек, - деді ол.

Сонымен қатар, жас кәсіпкер ауылдың

өсіп-өркендеуіне өз үлесін қоссам деген

ниетте. Көші-қон бағдарламасымен оңтүстік

аймақтан қоныс аударғандар үшін жұмыс

орындарын әзірлеуде. «Ел үшін ерінбей

еңбек етуді өзімізден бастау керек. Мемлекетіміздің

іргесін қалап, еңсесін көтеру - әр

азаматтың адал парызы», - дейді Әділ

Серікұлы.

Тереңкөл ауданынан 20 шақырым қашықтықта

орналасқан Жасқайрат ауылының

жастары шынымен де қайратты. Бұл -

Әділге қарап берген әділ бағамыз. Үйіміз

жанға, қорамыз малға толы болғай!

Тереңкөл ауданы.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ 9 қазан, сенбі, 2021 жыл 5

-

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Әлі жылу жоқ

Биыл Екібастұз қаласында жылу маусымы әдеттегіден ерте

басталды. Десе де, әлі күнге дейін көпқабатты бірқатар

үйлердің тұрғындары бүрсең қағып отыр.

Екібастұз қаласына қыс ерте келді.

Тіпті, бірнеше күн бұрын қар тазалайтын

техникалар жұмысқа кірісті. Ал бұл

уақытта кейбір тұрғын үйлерге әлі жылу

берілген жоқ. Мәселен, Әсем Дүйсенбаева

есімді тұрғын Энергетиктер көшесі,

83 мекенжайындағы баспананың аңырап

тұрғанын айтты. Сондықтан тұрғындар,

әсіресе балалар жиі ауырып, ем-дом

алудан көз ашпай отыр.

Екібастұз қаласының әкімі Ардақ

Қаңтарбаевтың айтуынша, барлық көпқабатты

және жеке үйлерге бір күнде, бір уақытта

жылу беру техникалық тұрғыдан мүмкін емес.

Сондықтан күрделі мәселе шыдамдылық

пен түсіністік танытуды сұрады.

- Жылу желілерінің басым бөлігінің

тозуына және жекелеген тұрғындардың

орталық желіге өздігінен қосылуына

байланысты құбырларды толтыру кезінде

зақымданулар анықталды. Ақауларды жою

бойынша жұмыстар күн сайын жүргізілуде.

Бұл іске «Богатырь көмір», №1, 2 МАЭС,

«Горводоканал» кәсіпорындарының апаттық

қызметтері де қосылды, - дейді шаһар

басшысы.

Айта кетейік, көмірлі өлкедегі сынақтар

кезінде 103 ақау анықталып, бүгінде оның

37-сі жойылды. Ал 66 учаскеде туындаған

мәселелер әлі шешілуде.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Қоқыстан тазартты

Өткен сенбі күні Ақсу қаласы мен оған қарасты ауылдық

аймақтардан 70 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, елді

мекендерде 48 көшет отырғызылды.

Тазалық пен абаттандыру жұмыстарына

100-ден астам ұйымның 1200-ге жуық өкілі

қатысып, 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері

бекітілген аумақтар мен әкімшілік ғимараттарына

іргелес жерлерді ретке келтірді.

Сонымен қатар, кварталішілік аумақтарды,

тротуарларды, балалар мен спорт алаңдарын

тазалады.

Ал ауылдық округтерде барлығы 48 көшет

отырғызды. Атап айтсақ, Алғабас ауылдық

округінде 18, Қалқаманда 10 және

Мәмәйіт Омаров ауылында 20 тал егілді.

Жалпы сенбілік соңында барлығы

70 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Бүгін тазалық айлығы аясында тағы бір

сенбілік өтпек.

Г.ӨЗКЕЙ, Ақсу қаласы.

-

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Қолдаудың нәтижесі

Қазір аудандағы ауыл шаруашылығы саласында оң өзгерістер

жиі көрініс тауып, мемлекет мал өсірумен, егін салумен

айналысып жүрген шаруаларға үлкен қолдау танытып

отырғаны белгілі. Оның бір дәлелі, бүгінде ауданымыздың

қай ауылдық округіне барсаңыз да, жаңа техникаларды,

ауыл шаруашылық кешендерін көруге болады.

Бүгінде шаруалар егінін жинап болды.

Енді ауа райының әрбір қолайлы күнін

пайдаланып, ірі қараның қысқы жем-шөбін

дайындаумен айналысуда. Біраз уақыттан

соң, аяз түсісімен олар күнбағыстарын

жинауға кіріседі.

Верненка ауылдық округінің Львовка

ауылында егін егіп, ірі қара мал өсірумен

айналысып жатқан шаруалар көп. Осы

ауылдың тұрғыны Арғын Еркебаев – мал

шаруашылығымен айналысатындардың

бірі. Төрт түлік малды өсіріп, егін салудың

мән-жайын жақсы білетін тәжірибелі

шаруа 2020 жылы ірі қарасының санын

арттыру мақсатында «Сыбаға» мемлекеттік

бағдарламасы арқылы 4 млн теңге көлемінде

несие алып, мал сатып алған.

Бүгінде оның шаруашылығында 200-ден

астам ірі қара мен 100 ден астам қойы

бар. «Еркебаев» шаруа қожалығының

басшысы өз ісін жақсы біледі.

- Біздің аудан – етті

қараны өсіруге өте қолайлы

аймақ. Мемлекет тарапынан

шаруаларға көңіл бөлініп

жатқаны менің сенімімді

арттыра түсті. 2020 жылы

«Сыбаға» бағдарламасының

талаптары өте тиімді екен.

Біріншіден, ірі көлемдегі

несиені ұзақ уақытқа

береді. Екіншіден үстеме

пайызы төмен. Несие

жылына 14 пайызбен

берілсе де, мемлекеттік

субсидия арқылы үстеме

4 пайызға дейін азаяды. Мемлекет тарапынан

қарастырылған шаралар, оның

ішінде жеңілдетілген несие шарттары,

пайыздық мөлшерлемені төмендету үшін

берілетін субсидиялар – мұның бәрі мал

шаруашылығымен айналысамын деген

шаруашылықтарға үлкен көмек болып

отыр және өз тиімділігін көрсетуде,- дейді

А.Еркебаев.

Аталмыш шаруашылық биылғы жазда

астық дақылдары мен қысқы жем-шөбін

жоспардан асыра жинап алыпты. Шаруа

басшысының айтуынша, астық дақылдары

гектарынан 10 центнерден шықса, қысқыға

жиналған жем-шөп қорының көлемі

100 тоннаны құрайды.

Г.ЖАЯБАЕВА.

-

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Жемқорлыққа жол жоқ!

Ақтоғай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

жан-жақты жүргізілуде. Жуықта мемлекеттік қызметшілер

арасында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Сондай-ақ

оқушылардың қатысуымен «Адал ұрпақ» аудандық слеті

өткізілді.

Павлодар облысы бойынша сыбайлас

жемқорлыққа қарсы қызметтің, сондай-ақ

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік

басқару академиясы филиалының қолдауымен

өткен семинар-тренинг бірнеше кезеңнен

тұрды. Командалық рухты нығайту үшін

академия филиалының жаттықтырушысы

Инесса Ксюнина семинарға қатысушылармен

рөлдік ойындар ұйымдастырды. Екінші

кезеңде академия филиалының аға

оқытушысы Молотхан Омарова «Мемлекеттік

қызметшілердің парасаттылығы» тақырыбында

іскерлік ойын өткізді. Семинар-тренинг

аясында Павлодар облысы бойынша сыбайлас

жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері

-

МАЙ АУДАНЫ

қатысушыларды сыбайлас жемқорлықтың

алдын алу бойынша қабылданып жатқан

шаралар туралы хабардар етті.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының

аудандық слетіне 15 мектептің оқушылары

қатысты. Слет бағдарламасы 3 байқаудан

тұрды. Оқушылар жемқорлық тақырыбына

қатысты сынақтардан сүрінбей өтті.

Нәтижесінде 1-орынды Абай атындағы

орта мектептің командасы, 2-орынды

Приреченск орта мектебінің командасы,

3-орынды Мүткенов атындағы орта мектептің

командасы иеленді.

О.АХМАДИЯ.

Құмай тазылар жарысы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірде құмай тазылар

сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш жарысқа Павлодар,

Ақсу қалалары мен Май, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Павлодар,

Успен аудандарынан 57 тазы ит қатысты.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Көмек берілді

Баянауыл ауданында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы

мүмкіндігі шектеулі жандарға 24 түрлі техникалық оңалту

құралдары бойынша көмек көрсетілді.

Аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің хабарлауынша,

аудан бойынша 246 адамнан

өтініш түскен. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың

өздерінің қалауы бойынша,

мүгедек арбалары, протездік-ортопедиялық,

сурдотехникалық, тифлотехникалық және

гигиеналық құралдар сатып алынды.

Бүгінде тұрғындар мұндай көмекті

«Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы

тез рәсімдеуді үйренген. Яғни, үйден

шықпай-ақ «бір терезе» қағидаты арқылы

тапсырыс бере алады.

Сонымен қатар «Қамқорлық» акциясы

аясында мекемелер мен шаруа қожалықтарының

демеушілігімен 132 мүмкіндігі

шектеулі азаматқа және бірқатар аз

қамтамасыз етілген отбасыларға азықтүлік

себеттері мен киім-кешек табыс

етілді. Ал Халықаралық мүгедектер күніне

орай 1,2-топтағы мүмкіндігі шектеулі

549 азаматқа 2,3 айлық есептік көрсеткіш

(6709 теңге) көлемінде бірреттік

көмек берілді.

Т.МАРХАБА.

Май ауданы Кеңтүбек ауылының

Нұрболат Қарманов, Марат Шамсүлеев,

Сағынтай Бейсембаев, Саят Сапаров,

Серік Солтанов сынды белсенді тазы

жанашырлары «Шырға тарту» сайысын

өткізді.

Аудандық спорт бөлімінің айтуынша,

құмай тазылардан бөлек күшіктер, арландар,

қаншықтардың арасында жарыс болды.

Күшіктерді 700 метрге, ал қаншықтар мен

арландарды 1000 метрге аң қудыртып

жарыстырды.

Сайыс қорытындысы бойынша Ақтоғай

ауданынан келген Мұхтар Асқаров екі

бірдей жүлдемен қоржынды молайтты.

Күшіктер арасында «Құмарай», қаншықтар

бойынша «Белка» атты тазысы бірінші

келді. Арлан тазылар арасында Май ауданынан

қатысқан Нұрболат Қармановтың

«Ақтабан» тазысы 1-орынды еншіледі.

Жеңімпаз атанған тазылардың иелеріне

ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

М.ТӨЛЕБАЙ.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ


6 9 қазан, сенбі, 2021 жыл ШАҺАР

SARYARQA SAMALY

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ

Картаның түр-түрі бар

Осы жылдың шілде айынан бастап облыс орталығындағы қоғамдық көліктерде қатынайтын

тұрғындар жолақысын «Смарт Автобус ПВ» және «O-CITY» жүйелері арқылы төлей бастады.

Автобус, шағын автобус пен трамвайларда көлік және банк карталарымен есеп айырысу

үшін арнайы валидаторлар орнатылды. Ал сол көлік карталарын қайдан және қалай

алуға болады? Бір оператордың картасы қоғамдық көліктің барлық түріне жарамды

ма? Осы мәселелерді саралап көрген едік.

«Смарт Автобус ПВ»

карталарын қайдан

алуға болады?

«Смарт Автобус ПВ» компаниясында

оқушыларға, зейнеткерлерге, тегін жүретін

топтарға арналған жеке карталар мен

80 теңгелік жолақысы бірден шешіліп

алынатын стандартты төлем құралы

бар. Әрқайсысының бағасы - 450 теңге.

Оларды Катаев көшесі, 9-үй мекенжайында

орналасқан кеңседен сатып алуға

болады. Ал әлеуметтік карталар тегін

беріледі. Бірақ қоғамдық көліктерде ақысыз

жүру мүмкіндігіне ие тұрғын тегін алған

автобус картасын жоғалтып алса, екіншісіне

450 теңге төлеуге міндеттеледі. Бұл ретте

карта иелерінің барлығының аты-жөні, жеке

сәйкестендіру мен ұялы телефон нөмірі

арнайы деректер базасына енгізіледі.

Мұндай мәліметтер төлем құралын жоғалтып

алған жағдайда оны бұғаттауға мүмкіндік

береді. Тұрғындардың жеке мәліметтері

толтырылатын болғандықтан, карталарды

кондукторлар сата алмайды.

«Смарт Автобус ПВ» басшысы

Талғат Тоқтағановтың айтуынша,

стандартты картаны алған адам ғана

жеке деректерін кәсіпорынның мобильді

қосымшасында көрсете алады. Сондай-ақ,

бұл қосымшада кез келген банк картасын

тіркеуге мүмкіндік бар. Яғни, төлемді

элекронды түрде банк картасымен де

жасауға жағдай қарастырылған.

- Біздің компания 300 млн теңгеге

306 стационарлы, 525 мобильді валидатор,

24 бақылау-тіркеу құралын,

300 мың карта сатып алып, оларды

автобустар мен трамвайларға орнатты.

Қоғамдық көліктердің бұл түрлерімен

қатынайтын тұрғындар автобус картасын

стационарлы валидаторға жанастыру

есебінен жолақысын төлей алады. Егер

стационарлы валидаторға жету мүмкіндігі

болмаса, автобуста ілулі тұрған QR-кодтарды

сканерлеу немесе мобильді қосымшадағы

блютузды қосу арқылы төлем жасауға

болады. Сондай-ақ, өткен аптадан бастап

мобильді валидатор банк карталарынан

жолақысын ұстап қала алады. Ескерер бір

жайт, тұрғындарға автобус, банк карталарымен

тек бір адам үшін төлем жасау

мүмкіндігі қарастырылған. Автобус карталарына

қаржыны екінші деңгейлі банктер,

«QIWI әмиян» және «Касса 24» арқылы

салуға болады. Бұл ретте тұрғындардан

ешқандай комиссия алынбайды. Шамамен

екі пайыз көлеміндегі комиссияны біздің

компанияның өзі төлейді, - дейді «Смарт

Автобус ПВ» ЖШС басшысы.

«O-CITY» жүйесінің

ерекшелігі қандай?

Сонымен қатар, тұрғындар жолақысын

«O-CITY» жүйесі арқылы электронды

түрде төлей алады. «ВРС Kazakhstan»

ЖШС-ның жобалар жетекшісі Даниил

Соколюктің айтуынша, бүгінде «Павлодар

автокомбинаты» кәсіпорнына қарасты

автобустарда ғана «O-CITY» жүйесі жоқ.

Ал қалған қоғамдық көліктерде 400-ден

астам валидатор орнатылған. Қажет болған

жағдайда олардың стационарлы түрін қою

мәселесі қарастырылады.

- «O-CITY» жүйесі 2019 жылдан

бастап №1 автобус паркі және Трамвай

басқармасымен бірге жұмыс істеп келеді.

Мұндағы валидаторлар арқылы автобус

және банк карталарымен төлем жасауға

болады. Айталық, екі жыл аралығында

трамвайларда біздің валидаторлар арқылы

4 миллионнан астам транзакция жасалды.

Жолаушылардың шамамен 20 пайызы

қолма-қол ақшасыз төлеудің тиімділігін

байқап, картамен төлеуге көшті, - дейді

Д.Соколюк.

Жоба жетекшісі зейнеткерлерге «O-CITY»

жүйесінің картасын алудың қажеті жоқ

екенін атап өтті. Олар компанияның Ломов

көшесі, 135/1 мекенжайында орналасқан

кеңсесіне барып, әлеуметтік төлем алатын

банк картасын жүйеге енгізе алады. Кейін

зейнеткерлер, басқа да әлеуметтік топ

өкілдері сол банк карталары арқылы

жолақысын төлейтін болады. Яғни, қосымша

төлем құралын сатып алып, бірге алып

жүрудің қажеті болмайды.

- Бұған дейін электронды билетке

қатысты жобалар пилоттық режимде іске

асқаны белгілі. Оның нәтижесі бойынша,

қоғамдық көліктерде қызмет көрсететін бір

компания анықталуы керек еді. Жергілікті

биліктің бұл бағыттағы шешімі нақты

болмағандықтан, «O-CITY» карталары

да сатылған жоқ. Ендігі ретте облыс

орталығында екі операторды да қалдыру

ұйғарылып отыр. Демек, жақын күндері

автобус карталарын сату ісін бастаймыз.

Бір картаның бағасы 300-400 теңге болады.

Ақысыз жүретін әлеуметтік топ өкілдеріне

тегін беріледі, - дейді Д.Соколюк.

Бұл ретте «Электронды билет енгізудің

операторларға қандай пайдасы бар?»

деген сауалдың туындауы - заңдылық.

«Смарт Автобус ПВ» ЖШС әр сатылған

билеттің шамамен 10 пайызын, «BPC

KAZAKHSTAN» ЖШС 6 пайызын алады.

Есесіне олар валидаторларды орнату,

оларды жөндеу, қажет болғанда жаңарту

қызметтерін тегін көрсетеді. Жоба пилоттық

режимде болғандықтан, «Смарт Автобус

ПВ» осы жылдың мамыр айынан, «BPC

KAZAKHSTAN» 2019 жылдан бері жолаушыларды

тасымалдайтын компаниялардан

билет құнынан тиісті пайызды ұстаған жоқ.

Екі карта алуға тура

келеді

Енді жолаушыларға қай оператордың

картасы тиімді деген мәселеге ойыссақ.

Жоғарыда атап өткеніміздей, «O-СITY»

жүйесі «Павлодар автокомбинатына» қарасты

автобустарда жоқ. Яғни, №1, 1Э,2, 9, 18

және 27 нөмірлі автобустармен қатынайтын

болсаңыз, бұл компанияның картасымен

жолақысын төлей алмайсыз. Ал «Смарт

Автобус ПВ» кәсіпорнының валидаторлары

шағын автобустарда орнатылмаған. Бұл –

аталмыш оператордың көлік картасы

шағын автобустарда жарамсыз дегенді

білдіреді. Екі компанияның карталарымен

тек трамвайларда және №1 Автобус паркіне

қарасты, қала ішінде жүретін №5, 6, 10,

21, 22, 40, 66А және облыс орталығына

іргелес елді мекендерге қатынайтын

№38, 31, 42, 44, 66 бағыттардағы автобустарда

жолақысын төлеуге мүмкіндік

бар. Сондықтан, жолаушыға екі картаны

қатар алып жүруге тура келетін сияқты.

Электронды билеттің тағы бір тиімсіз

тұсы – ұялы телефоныңыздың мобильді

интернетке қосылуы міндетті. Жолақысын

төлем картасын валидаторға жанастырып

төлеген күннің өзінде қағаз түріндегі

билет берілмейді. Кондукторға жолақысын

өтегеніңізді дәлелдеу қажет болған жағдайда

екі оператордың мобильді қосымшаларына

кіріп, аударымдар «тарихынан» жол жүру

ақысын төлегеніңізді көрсетуіңіз керек. Ал

ол үшін телефоныңызда интернет болуы

тиіс. Ол арнайы қосымша көмегімен QR-код,

блютуз арқылы аударым жасауға да қажет.

Қысқасы, ұялы телефоныңызда бірлік пен

мегабайт болмаса, қолма-қол ақшамен

төлеуден басқа амал қалмайды.

Жолаушылардан

қолдау аз

Электронды билет мәселесі әлеуметтік

желілерде жиі талқыланады. Пікірлерге

зер салсақ, көпшіліктің бұған қатысты

сауалы жетерлік екенін анық аңғаруға

болады. Мәселен, Әсел Аманова есімді

тұрғын бірнеше баласы бар отбасыларға

екі компанияның картасын алу тиімсіз

екенін жазады.

- Менің мектеп жасындағы үш балам

бар. Әрқайсысы мектепке, одан соң

шығармашылық үйірмелері мен спорт

секцияларына автобус, шағын автобус,

кейде трамваймен қатынайды. Демек,

шағын автобус пен трамвайға жеке,

автобустарға жеке карталар алуымыз керек

пе? Әр балаға екі картадан алар болсақ,

2700 теңге шығады. Жолдасым екеуіміз

және қарт анамызға да карталар керек.

Тағы 2700 теңге. Оларға үнемі қаражат

салу қажет. Сонда мұның барлығы бір

отбасының қалтасына кәдімгідей салмақ

салады. Тым құрығанда зейнеткерлер мен

оқушыларға карталарды жеңілдікпен, арзан

бағамен беруге болмай ма? - дейді тұрғын.

Тағы бір Аяулым есімді павлодарлық

карталарды сатып алу орны мен

уақытының ыңғайсыз екенін айтады.

- Екі компанияның бір-бір кеңсесі

ғана бар. Әрқайсысы 9.00-ден 18.00-ге

дейін қызмет көрсетеді екен. Бұл уақытта

адамдардың дені өз жұмыстарында болады.

Сонда карталарды қай уақытта алып

үлгереміз? Бір ғана кеңседе ұзын-сонар

кезектің болары тағы белгілі. Ірі сауда

орталықтарында сату нүктелерін ашып,

жеткізу қызметін іске қосса болмас па? -

деген сауалын жолдаған екен.

Манат Нұрлыбек есімді тұрғын жүйенің

әлі де «шикі» екенін айтып налиды.

- Электронды билет енгізу туралы

шешім қабылдайтын тұста бір ғана операторды

таңдау керек еді. Әкімдік мысалға

алатын қалалардың барлығын жалғыз

компания қызмет көрсетеді. Сондықтан

тұрғындар бірнеше картаны қатар алып,

әуреге түспейді. Адам лық толы автобуста

картаны валидаторға жанастыру, ұялы

телефон арқылы төлеу, QR-кодтарға қол

созу оңай емес. Интернет болмаса тіпті

қиын. Мұны таңғы және кешкі уақытта

қоғамдық көлікпен қатынайтын адамдар

жақсы түсінеді. Ал бұл жобаны ойлап

тапқан және оны мақұлдаған кей адамдар

оны білмейтін сияқты, - деп ашынады.

Байқағанымыздай, Павлодар қаласында электронды

билеттеу жүйесін енгізуде шалағайлық көп. Бұл қолайсыздық

тудыруда. Сондықтан «жаңа» жүйені тағы бір пысықтап,

жолаушыларға ыңғайлы тұсын көбейтуді қарастырған жөн

сияқты. Мәселен, карталарды сататын бірнеше сауда нүктесі

ашылып, жеткізу қызметі қосылса, мобильді қосымшалар

арқылы төлем жасау үшін қоғамдық көліктер Wi-fi желісімен

қамтылса әлдеқайда тиімді болар еді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА .


SARYARQA SAMALY

ТҮЙТКІЛ 9 қазан, сенбі, 2021 жыл 7

МӘСЕЛЕ

Көркемсурет

мектебінде орын

тапшы

Өңірде қосымша

білім беру саласында

түйткілдер баршылық.

Өнерге ынталы балаларды

тәрбиелейтін оқу

орындарының бірінде

ғимарат мәселесі

болса, тағы бірінде

мамандар тапшы. Осы

орайда кешенді түрде

шешуді талап ететін

тұстары бар. Облыстағы

қосымша білім беретін

оқу ордаларының

басшылығы мен атааналар

қауымы өңір

билігінен мәселені

назарға алуды сұрап

отыр.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Шамадағыдан

бес есе көп

Екібастұз қаласындағы көркемсурет

мектебі ғимараты 120 балаға

лайықталған. Алайда онда қазіргі күні

шамадан бес есе, яғни 640 оқушы

білім алады. «Балалар көркемсурет

мектебі» коммуналдық мемлекеттік

қазыналық кәсіпорнының

директоры Қинаят Сыздықтың

айтуынша, білім ордасына түсуге ниетті

тағы 50 бала кезекте тұр.

- Оқуды жыл сайын 50 түлек аяқтап,

жаңа оқу жылына кемінде 50-70-ке

жуық оқушы қайта қабылданады.

Бізде оқу ақылы, айына 4500 теңгені

құрайды. Дегенмен, мүгедек, жетім

балалар, көпбалалы және жалғызбасты

отбасылар үшін 50-100%-ға дейін

жеңілдіктер қарастырылған. Балалардың

бүгінде жеткен жетістіктері аз емес.

Ал мектептің 40 жылдық тарихы бар.

Ғимарат жөндеуге сұранып тұр. Әрі

мұндағы бірінші қабаттың едені

ағаштан жасалған. Еденнің тозығы

жетуіне байланысты күрделі жөндеу

жұмыстарын қажет етуде. Оған қоса,

мектеп ішінің тарлығы да үлкен мәселе

болып тұр,-дейді Қ.Сыздық.

Мұнда білім алатын оқушылардың

барлығы арнайы сабақ кестесі бойынша

келіп оқиды. Оқу күні бойы тығыз

кестемен жүргізіледі екен. Дегенмен

орын тапшылығы салдарынан

компьютерлік графика, сазбен жұмыс

істеу сынды сыныптардың жұмысы

уақытша тоқтап тұрған көрінеді. Оның

қашан жанданатыны тағы белгісіз.

Ал аталған сыныптар көркемсурет

мектебінде сұранысқа ие.

Қ.Сыздықтың сөзінше, көркемсурет

мектебінде балабақша балалары

кешкі уақытта білім алады. Мектеп

басшысы жаңашылдық пен ізденіске

құмар жеткіншектер кішкентай шағынан

тәрбиеленуі қажет екендігін сөз

етті. Сол себепті, оқушылар заманауи

мектепте білім алуы керек деп

санайды ол.

Өзге

мектептердегі

ахуал қандай?

Білім берудің бір саласы – музыка

және өнер. Музыка және өнер

мектептерінде оқушыларға білім берумен

қатар кәсіби сабақтар тереңдетіліп

оқытылады. Сонымен қатар, бала

бойында мәдениеттілік қасиетті

қалыптастырып, шығармашылыққа

жағдай жасай отыра, дарынды балаларға

жаңа мүмкіндіктер ашылады. Ол үшін

білім ордаларында жағдай жасалуы

керек. Осы орайда облыстағы бірнеше

өнер мектептеріне хабарласып көрдік.

Павлодар қаласындағы «Музыкалық

колледж – дарынды

балаларға арналған музыкалық

мектеп–интернат» кешені директорының

бейінді оқыту жөніндегі

орынбасары Дәурен Қуановтың

айтуы бойынша, өнер мекемесі 270

балаға шақталған. Мұндағы оқушылар

кәсіби музыкадан бөлек аспапта ойнау

бағыты бойынша қосымша сабаққа

қатысады. Музыка мектебінде жалпы

1-9-сыныптар аралығындағы балалар

білім алады. Әр жыл сайын 1-сыныпқа

емтихан арқылы балалар қабылданып,

белгілі бір себептерге байланысты

оқудан шыққан оқушылар орнына бала

саны қайта толықтырылып отырады.

- Музыкалық кешен - Павлодар

облысындағы маңдайалды оқу

орындарының бірі. Мектебімізді жыл

сайын отызға жуық түлек аяқтайды.

Жыл сайын 30 орынға 100 бала таласады.

Конкурстан өткендерін ғана

қабылдаймыз. Биылғы оқу кезеңінде

70 үміткер музыкалық мектебімізге түсуге

ниеттенді. Мектеп ауқымын кеңейту күн

тәртібінде тұрған мәселелердің бірі, -

дейді М.Айғожин. Маманның ойынша,

шаһарға қосымша өнер және музыка

мектептері қажет. Себебі, болашақ

өмірін өнермен байланыстыратын

балалар үшін өнер мектебінен сабақ

алып, тәжірибеден өту аса маңызды.

Ақсу қаласындағы өнер

мектебінің директоры Жанар

Қалиеваның сөзінше, өнер мектебінде

жалпы 497 оқушы мен 31 маман жұмыс

істейді. Ағымдағы жылдың 1 наурызынан

бастап аталмыш өнер ордасы

балаларды тегін оқытуда. Сыныптар

тарлығы мен ата-аналардың балаларын

күтіп отыруға арналған орынның

жоқтығын алға тартып, ғимаратты

кеңейту қажеттігін атап өтті.

- Орын тапшылығының алдын алу

мақсатында қаламыздағы «Orange»

сауда ойын-сауық орталығында жаңа оқу

жылының басынан арт-студия ашылды.

Мұнда домбыра, фортепиано, вокал

сынды үйірмелер жүргізіліп жатыр.

Аталмыш ойын-сауық орталығының

Құрышбек Наурызбаев бастаған

басшылығына қаржылай қолдау үшін

алғыс айтамыз, - деді Ж.Қалиева.

Ал Екібастұз қаласындағы

Естай атындағы музыка мектебінің

директоры Медғат Манаповтың

айтуынша, қалалар мен аудандардағы

музыкалық мектептерде халық әндері мен

дәстүрлі бағыт бойынша маман тапшы.

- Естай атындағы музыка мектебі -

тікелей Елбасының тапсырмасымен

салынған өнер ордасы. Қазіргі кезде

700 бала кәсіби түрде 13 мамандық

бойынша білім алуда. Музыка және

өнер мектептері тәрбие мен рухани

азықтың орталығы болғандықтан қазақы

дәстүрімізді дәріптеп, дәстүрлі және

халық әндері бағытының мамандарын

даярлау қажет. Бұл бағытта әуелі

кәсіби мамандар тапшылығын шешу

керек, - деп пайымдайды М.Манапов.

Өңірдің кейбір аудандарында

жеке ұйым санатындағы мекемелерді

музыка және өнер мектептеріне айналдыру

жоспарланып отыр. Облыстық

білім беру басқармасының тәрбие

жұмысы және қосымша білім беру

бөлімінің бас маманы Махамбет

Айғожиннің сөзінше, қазір аймақ

бойынша 5 балалар музыка мектебі,

2 көркемсурет мектебі және 9 балалар

өнер мектебі жұмыс істейді. Бұл өнер

ордаларындағы жалпы бала саны –

7881. «Ағымдағы жылдың қаңтар айынан

бастап Успен ауданында домбыра,

фортепиано, баян сыныптары бойынша

45 оқушыны қамтитын музыка мектебі

өз жұмысын бастаған болатын. Облыста

3 жеке ұйым санатындағы музыка

мектебін 1 балалар музыка мектебі

және екі балалар өнер мектебі ретінде

қайта құру жоспарлануда», - дейді

маман.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында

2025 жылға дейін елімізде жаңадан

1000 мектеп салуды тапсырды. Алдағы

4 жылда мектептегі орын тапшылығы

мәселесін шешіп, ғылым мен

білім саласына баса көңіл аударуды

міндеттеді. Осы тұста, қосымша білім

берудің салалары – өнер және музыка

мектептеріндегі мәселе де тасада

қалмаса екен деген тілек бар. Жуырда

Парламент депутаттары мінберден өнер

мен музыка мектептерінің мәртебесі мен

жағдайын көтеріп, өңірлердегі орын

жетіспеушілігін жою керектігін айтқан.

Жалпы, өнер және музыка мектептеріне қатысты өңірде

мәселе аз емес. Аудан орталықтары мен ауылдық елді

мекендерде - маман, ал қалалық өнер ордаларында орын

тапшы. Көптеген мекемелердің тозығы жеткен. Бұл өзекті

мәселелерді облыс басшылығы назарға алып, оң шешіледі

деп сенеміз. Себебі, мұндай орталықтар балалардың бос

уақытын қамтып қана қоймай, оларға рухани азық беруде

маңызды рөл атқарады.

ТАҒЗЫМ

Ән қанатында

Еңбек ардагері, әнші, республикалық

және бүкіл одақтық байқаулардың

лауреаты Серік Рахметжанұлы Арыновтың

туғанына 85 жыл толды. Әсем

дауысты, кең тынысты, талғампаз әнші

Серік Арынов 1936 жылы Павлодар

қаласында дүниеге келген. Жастайынан

ата-ананың ән-жырын тыңдап

өскен ол өнерге өте құмар болып өсті.

Ән өнері оны өзі оқыған №7 орта мектептегі

көркемөнерпаздар үйірмесіне жетелеп әкелді.

Әскер қатарында болған кезінде гарнизонның

көркемөнер үйірмесінің белді мүшесі болды. Оның

салған әсем әнін әскери жолдастары тамсана да сүйсіне

тыңдап, жас әншіге үлкен күш-жігер беріп отырды.

Осылайша жас әншінің орындаушылық, сахналық

шеберліктері шындала түсіп, дауысы ашыла түсті.

Әскерден оралған Серік Рақымжанұлы өнерін дамыту

мақсатымен қаладағы «Октябрь» заводының А.И.Шиллер

басқаратын хор ұжымына келіп қосылды. Оның әншілік

өнерін жоғары бағалаған музыка мамандары хордың

әнші-вокалисі етіп тағайындады. Сол жылдары қалалық

және облыстық әншілер байқауларында үздік өнер

көрсетіп, лауреат атағына ие болады.

Ол халық композиторлары Шәмшінің, Нұрғисаның,

Әсеттің, сондай-ақ орыс және украин композиторларының

шығармаларын әсерлі де жоғары дәрежеде орындады.

Әнші хор ұжымының құрамында Қазақстанның барлық

қалаларында өнер көрсетіп, халықтың алғысына ие

болды. Өнер ұжымының аты республикадан тыс

жерлерге де жетті. Сөйтіп 1962 жылы олар Украинаның

астанасы Киев қаласына арнайы шақырумен барып

өнер көрсетті.

Хор ұжымының биік жетістіктерге жетуіне әншівокалист

Серік Рахметжанұлының да қосқан үлесі

мол. Оның әндері дауыста орындаған Абайдың, Жаяу

Мұсаның әндері тыңдарманның көңілінен шығып,

өзінің лайықты бағасын алып отырды.

Ал 1963 жылы Тың өлкесі құрылуына байланысты

хор ұжымы Ақмола қаласында Шиллердің басқаруымен

тың игеруші жастардың екінші слеті делегаттарына

арналған мерекелік концертке қатысты. Осы сапарында

әнші Серік Арынов ғарышкер Герман Титов,

артист Нонна Мордюковамен, Вячеслав Тихоновпен,

Ермек Серкебаев және басқа да көптеген белгілі

өнер адамдарымен кездесті. Бұл сапар әншіні

қанаттандырып, шабыт берді.

Ұжым мүшелерінің халық шығармашылығын

дамытудағы ерен еңбектері әділ бағаланып, Қазақстан

Кәсіподағы Президиумының шешімімен республикада

бірінші болып «халықтық» деген құрметті атаққа ие

болды. Хор ұжымы белгілі әндерді айтумен қатар,

Ертіс өңірін, оның өндірісі мен ауыл шаруашылығын

мадақтайтын, табыстарын паш ететін, әсем де сұлу

табиғатын жырлайтын шығармаларды енгізуді дұрыс

деп санады. Осының арқасында өзінің өзгеден бөлек

келбетін табуды ойластырды, өзгеге ұқсамайтын хор

болуды армандады. Осы мақсаттарды іске асыру үшін

олар шығармашылық арнайы топ құрды, оның құрамына

жергілікті композиторлар мен ақындар шақырылды.

Нәтижесінде хор репертуарына арнайы жазылған

«Шалқар Ертіс», «Біздің Павлодарға келіңдер», «Ертіс

шанағы» секілді басқа да тамаша әндер енгізілді.

Жалпы, әнші Серік Рахметжанұлы қай жерде

қызмет істесе де өнерден қол үзбегенін байқайсыз.

Кезінде Шарбақтыдағы ауыл шаруашылығы техникумын

аяқтаған ол біраз жыл совхоздың машина-трактор

заводында мастер, учаске бастығы, «Павлодарэнерго»

мен теміржол депосында жауапты қызметтер

атқарды. Серік Рахметжанұлы 1992 жылдан бастап он

жылға таяу уақыт бойы «Пламя» халық ансамблінің

құрамында ән айтты. Ансамбль білікті маман, музыкант

әрі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген

мәдениет қызметкері Михаил Николаевич Пульганың

басқаруымен Бүкілодақтық және Республикалық өнер

байқауларының лауреаты атанды. Осы ансамбльдің

құрамында ол Жеңістің 50 жылдығы, ұлы Абайдың

150 жылдығы сынды басқа да көптеген үлкенді-кішілі

мерекелік мәдени шараларға қатысып, ансамбльдің

жетістігіне өзіндік үлес қосты.

Өзіндік ізденістің, өнерге деген сүйіспеншіліктің

арқасында әнші Серік Арынов халық өнерін дамытуда

ерекше еңбек етті. Бұл еңбектері, өнер байқауларындағы

жеңістері әр жылдары алған дипломдармен, Құрмет

грамоталарымен, басқа да сыйлықтармен аталып отырды.

Әнші 1990 жылы облыстық халық шығармашылығы

мен мәдени-сауық орталығы ұйымдастырып өткізген

әншілер байқауында жүлделі 2-ші орынды иеленіп,

лауреат атанды.

Сәуле АРЫНҒАЗИНА,

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер

музейінің қызметкері.


8 9 қазан, сенбі, 2021 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

10 ҚАЗАН - ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАРЫНЫҢ КҮНІ

Аққулы ауданына қарасты

Ямышев ауылында соңғы

30 жылда алғаш рет мәдениет

үйі ашылды. Балабақша мен

елді мекен ішіндегі жолдар да

жөнделді. Мұның барлығы -

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы

аясында атқарылған игі

істер.

Алғашқы

мәдениет

үйі

Ямышево ауылындағы мәдениет

үйі 1991 жылы жанып кеткен болатын.

Сол уақыттан бері мерекелік шаралар

әкімдіктің аядай бөлмесінде немесе

далада ұйымдастырып келді. Енді

жергілікті жұртшылыққа Тәуелсіздіктің

30 жылдығы қарсаңында тамаша тарту

жасалып отыр.

- Бұған дейін кез келген шаралар

әкімдікте өтетін. Себебі одан басқа

орын болған жоқ. Оның өзінде Наурыз,

Масленица сынды мейрамдар кезінде

адамдар ғимарат ішіне сыймай, кейбірі

сырттан тамашалайтын. Енді мұндай

қолайсыздықтар болмайды. Екі қабатты,

кең, жайлы мәдениет үйінде түрлі шара

ұйымдастыруға болады. Балалар мен

жастардың бос уақытын тиімді өткізуге

де мүмкіндік туды, - дейді ауыл тұрғыны

Анна Городничева.

Сонымен қатар, «Ауыл - ел бесігі»

бағдарламасы бойынша балабақша

күрделі жөндеуден өтті. Электр желілері

толығымен ауыстырылып, қабырғалар

тегістелді. Бүлдіршіндерге арналған

мекеменің қасбеті де жаңарып, ауласы

абаттандырылды.

Бағдарламаның тағы бір игілігі - ойлышұңқырлы

жолдардың тегістелуі. Жалпы

ұзындығы шамамен 6 шақырым болатын

бес көшенің жолына асфальт төселді.

Қазіргідей жаңбырлы, қарлы күндері

бұл көшелердің жолдары бұрынғыдай

ми-батпаққа айналмайды.

Айта кетейік, «Ауыл - ел бесігі»

бағдарламасы арқылы биыл 22 елді мекенде

70 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Олар әлеуметтік нысандар мен жолдарды

қалпына келтіріп, ауылдағы ағайынға

қолайлы жағдай жасауды көздейді.

Жергілікті биліктің есебінше, бүгінде

жобалардың басым бөлігі аяқталды.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Арнайы кеңес –

жастардың жанашыры

Еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандарға қатысты, соның ішінде білім саласы бойынша

заң бұзушылық жиі орын алады. Мұндай кезде алдымен облыстық салалық білім және

ғылым қызметкерлері кәсіподағының көмегіне жүгінуге тура келеді. Аталған кәсіподақ

ұйымы жанындағы жастар кеңесі бүгінде аймақтағы жүздеген жас маманға кәсіптік және

құқықтық тұрғыда көмек көрсетіп келеді. Жалпы, аталған жастар ұйымы қандай бағытта

жұмыс жүргізуде? Кеңес құрамына кімдер қабылданады? Осы және өзге де мәселелер бойынша

жастар кеңесінің төрағасы Айнұр Әбілдиновамен әңгімелестік.

Тілеуберді САХАБА

- Айнұр Еркінқызы, кәсіподақ

ұйымының жастар кеңесі қашан құрылан,

қай бағытта жұмыс істейсіздер?

- Павлодар облыстық білім беру саласы

кәсіподағының жастар кеңесі 2014 жылы

құрылып, содан бері жүйелі жұмыс жүргізіп

келеді. Кеңестің басты мақсаты – жас

педагогтер мен студенттердің құқықтары

мен мүдделерін қорғау. Бұл – Кәсіподақтар

федерациясының Стратегиясында,

салалық, өңірлік келісімдерде және ұжымдық

шарттарда айқындалған. Ресми деректер

бойынша, біздің облыстық кәсіподақ ұйымы

мүшелерінің 35 пайызға жуығы - жастар.

Оның үштен екі бөлігі - мұғалімдер, қалғаны –

студенттер. Қалалық және аудандық жастар

кеңес-терінде кәсіби шебер ғана емес,

сонымен қатар көшбасшылық қабілеттері

жоғары жас мұғалімдер бар. Облыстық білім

және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы

мұғалімдердің еңбек, экономикалық және

әлеуметтік құқықтарын қорғау бағытында

кешенді жоспар әзірледі. Олардың басым

бөлігі жас ұстаздарға бағытталған.

- Жас мамандарға қатысты орын

алған заң бұзушылықтарға да жиі араласатын

шығарсыздар...

- Әрине, қандай жағдай болса да

бейжай қарамаймыз. Қолымыздан келгенше

көмек беруге, араша түсуге тырысамыз.

Әсіресе, шалғай аудандар мен ауылдарда

тұратын әріптестеріміз жиі көмек сұрайды.

Мысалы, жақында мектеп директоры мен

жас маман арасында кикілжің туындап,

жас маман жұмыстан себепсіз шығып

қалған. Осы іске араласып, оң шешімін

табуға ықпал еттік. Жас маман бүгінде

өзінің орнында жұмысын жалғастыруда.

Сонымен қатар, жаңа жұмысқа тұрғандар

арасында еңбекақыға қатысты сұрақтар жиі

туындайды. Мұны да назарымыздан тыс

қалдырмаймыз. Сондай-ақ, ауылдық жерде

тұратын жас мамандарға қысқы отын алу

үшін берілетін жәрдемақылары да әртүрлі

екен. Міне, осы мәселені көтердік. Жалпы,

мұғалімдер алғаш онлайн білім беруге

көшкен кезде олардың еңбекақыларын

тұрақты сақтап қалу мәселесін бірінші

болып біздің кәсіподақ көтерген болатын. Біз

жыл сайын жас мамандар арасында сауалнама

жүргізіп, оларға тәлімгерлері қандай

көмек көрсетіп жатқанын анықтаймыз. Яғни,

осындай бір сауалнаманың өзі көптеген

кемшіліктің алдын алады.

- Жастар кеңесінің бастамасымен

қандай іс-шаралар ұйымдастырылып,

нендей жаңа жобалар қолға алынуда?

- Білім беру саласында еңбек жолын

бастаған жас педагогтарды республикалық

және халықаралық семинарлар мен

форумдарға жиі жіберіп тұрамыз. Жыл

сайын жас педагогтардың жол картасы

жүзеге асырылады. 2019 жылы «Кәсіподақ!

Мұғалім! Жастар!» атты бейнероликтер сайысы

ұйымдастырылса, 2020 жылы «Кәсіподақ

репортері» байқауы талай жас маманның

өнерін айшықтады. Ал биыл басталған

«Жас педагогтардың бейімделуіндегі

мәселелер» Оpen Space форматындағы

онлайн-дискуссияның тиімділігі зор болды.

Бұл әрбір қала, ауданда және ауылаймақтарда

еңбек ететін жас мамандардың

пікір алмасатын үлкен алаңына айналды.

Сонымен қатар, осы жылы ауылдық жерді

таңдаған мұғалімдер арасында «Ауылым –

алтын бесігім» велошеруі өткізілді. Кеңес

құрамындағы белсенді жастар Ресей Федерациясы

Новосібір облыстық кәсіптік одағы

ұйымдастыратын «Кәсіподақтық ЗАИМкаға»

жыл сайын қатысып, кәсіптік сала бойынша

білімдері мен ой-өрістерін кеңейтеді, тәжірибе

алмасады. Бұл 2015 жылы Павлодар және

Новосібір облыстарының кәсіподақ басшылары

арасында жасалған меморандум

негізінде жүзеге асырылуда. Сондай–ақ,

ұстаздарды жастар кеңесі жұмысына көптеп

тарту мақсатында «KASIPODAQжаSTAR»

жобасы іске асырылды. Аталған іс-шараның

қорытынды кезеңіне қала, аудандардан

69 өтініш келіп түскен. Қазылар алқасының

шешімімен жеңімпаз атанған 20 жас маманмен

жоба мақсатына сай жұмыс жүргізілуде.

Ал өзім жастар кеңесінің төрайымы ретінде

ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

республикалық «30 еңбек елшісі» жобасына

қатысып, жеңімпаз атандым.

- Жобаларға негізінен қай өңірдің

жас мамандары белсенді атсалысып

келеді?

- Кәсіподақ қозғалысының жұмысына

белсенді атсалысып жүрген жас әріптестеріміз

баршылық. Мәселен, облыстық жастар

кеңесінің мүшелері, Павлодар қаласы №36

орта мектептің мұғалімі Дмитрий Карпеченко,

Ақсу қаласы, №4 орта мектебінің

мұғалімі Фархат Еңсебаев, №16 мектеплицейінің

мұғалімі Әсет Серікбаев, №8

орта мектебінің мұғалімі Құмар Тілеужан,

№33 орта мектебінің қосымша білім беру

педагогы Нұрғиса Теміржанов, Тереңкөл

ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Бекжан

Әмірқашев, Торайғыров университетінің

студенті Жаслан Узыканов секілді азаматтарды

атап өтуге болады. Қоғамдық

жұмыста белсенділік танытып жүрген жас

мамандарымызды ынталандыру, сауықтыру

мақсатында кәсіподақ тарапынан

жыл сайын демалыс орындарына жолдама

беріледі. Яғни, Жасыбай, Бурабай демалыс

орындарында тегін демалуға мүмкіндік

алады.

- Кәсіподақ ұйымының жастар

кеңесіне қандай мамандар қабылданады?

Сіздермен бірге жұмыс істеуге ниетті

жастар алдымен қайда барады?

- Жастар кеңесінің мүшелігіне 35 жасқа

толмаған кез келген педагог өте алады.

Олар өздерінің тұрғылықты жеріндегі, яғни,

қалалық немесе аудандық жастар кеңесінің

өкілдерімен байланыс орнатуы керек.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан –

Тілеуберді САХАБА.

БҮГІН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПОШТА КҮНІ!

Пошташы қызметіне сұраныс көп

Аққулы ауданына қарасты

Қарақала ауылындағы «Қазпошта»

бөлімінің басшысы Бақыт Борисқызы

Нурконың негізгі мамандығы есепші.

Жылдар бойы өз ауылында қажырлы

еңбек етіп жүрген маман.

Ол 2010 жылдың маусым айынан

Ақпараттық технологияның қарқынды дамығанына қарамастан, поштаның орнын

ешнәрсе алмастыра алмайтындығы сөзсіз. Газет-журнал оқитын оқырман үшін де

поштаның орны бөлек. Осы орайда қоғамдағы ежелгі мамандықтың бірі - пошташылардың

еңбегін ерекше атап өткен абзал.

пошта бөлімінде қызмет атқаруда.

Он бір жылдан астам уақыт ауыл

тұрғындарына жедел түрде газетжурнал

мен тапсырыстарын жеткізіп

отыр. Зейнетақысын поштадан

алатын қарттар үшін коммуналдық

қызметтерді уақытылы төлеуге

де көмек көрсетеді. Айтуынша,

«Қазпоштаның» көмегіне жүгінетін

тұрғындар әлі де жетерлік.

- Бұл салада қызмет етіп

жүргеніме он жылдан астам уақыт

өтті. Біз поштада жұмыс істеп

жатқан соң, соңғы жаңалықтардан

хабардар болуымыз керек. Кесте

бойынша ауыл тұрғындарының

үйлерін аралаған уақытта тың

жаңалықтан қалыс қалмауға тырысамын.

Қазіргі кезде ақпараттық

тұрғыдан жаңашылдық көбейгенімен,

әлі шет мемлекеттен хаттар

легі түсіп жатады, - дейді

Б.Нурко.

Жұмыспен қатар отбасының

қамын назардан шығармаған

пошта маманы - бір ұл мен екі

қыздың анасы. Бүгінде ұл-қыздары

мен жиендерінің қызығына кенеліп

отырған Бақыт апай өз жұмысына

деген ерекше ықыласы бар екендігін

жасырмады.

- Әр жұмыстың өз қиындығы

бар. Дегенмен мамандыққа деген

сүйіспеншілік болса, кез келген

қиыншылықты еңсеріп өтуге болады.

Бұл жұмысқа алғаш келгенімде

біраз уақыт үйренісе алмағаным

есімде. Алайда, күнделікті адамдармен

тығыз қарым-қатынас,

үлкендердің алғысының арқасында

еңбектің наны тәтті болатындығын

түсінемін, - дейді Б.Нурко.

Сонымен қатар, Қарақала ауылындағы

«Қазпошта» бөліміне түскен

хат-хабарды, газет-журналдарды

шұғыл жеткізуге тырысатындығын

айтты.

«Оқырманның қуанышын көргенде

жұмысымның маңыздылығын

түсінемін» деген Бақыт

Борисқызына толағай табыстар

тілеп, Дүниежүзілік пошта күнімен

құттықтаймыз. Елге қылған жақсылықтың

еленбей, ерінбей еңбек

еткен жанның кенелмей қалмайтындығына

сенім білдіреміз.

М.ТӨЛЕБАЙ.


SARYARQA SAMALY

КӨКЖИЕК 9 қазан, сенбі, 2021 жыл 9

КӘСІПОДАҚ

Міндет - еңбек

құқықтарын қорғау

Павлодар облысының

аумақтық кәсіподақтар

бірлестігі өз қатарында

1229 бастауыш

кәсіподақ ұйымы мен

136 мыңнан астам

кәсіподақ мүшелерін

біріктіреді.

Биылғы жылғы

жұмыстағы негізгі

бағыт бастауыш

кәсіподақ

ұйымдарының

рөлін күшейту,

жұмысшы табының

және кәсіподақ

қозғалысының

барлық мәселелері

мен үміттерін топтастыратын

жергілікті

жерлердегі еңбек

ұжымдарымен тікелей

байланыстарды жолға

қою болды. Бастауыш

кәсіподақ ұйымы -

кәсіподақтың ең басты

буыны.

COVID-19 коронавирус инфекциясы

пандемиясының осы қиын

кезеңінде кәсіподақтар оның таралуына

қарсы белсенді позиция

танытты. Кәсіподақтар 2021 жылғы

1 ақпаннан Павлодар облысына

вакцинаның келіп түсуінен бастап

коронавирустық инфекцияға қарсы

ұжымдық иммунитетті қалыптастыру

мақсатында қызметкерлерді вакциналау

мәселелерімен айналыса

бастады. 2021 жылғы 19 ақпандағы

жағдай бойынша бірінші кезекте

денсаулық сақтау және білім

беру саласында жұмыс істейтін

3 мыңға жуық адам екпе алды.

Вакцинаның аймаққа түсуіне

қарай жаппай егу 2021 жылдың

сәуірінен басталды. Кәсіподақтар

жұмыс берушілермен әлеуметтік

әріптестікте вакциналаудың

медициналық пункттеріндегі

кәсіпорындарда қызметкерлерді

вакциналау үшін жағдай жасады,

материалдық және моральдық ынталандыру

шараларын қарастырды,

жекелеген кәсіпорындарда кезекті

еңбек демалысына қосымша күндер

ұсынуды қарастырды, ақшалай

сыйлықтар берді, Алғыс хаттар

мен сыйлықтар табыс етті.

Кәсіподақ ұйымдары вакцинаны

алу қажеттілігі туралы түсіндіру

жұмыстарын кәсіпорындардың

кәсіподақ комитеттерінің белсенді

жүргізу мәселелеріне ерекше

назар аударды.

Кәсіподақтардың еңбек

жағдайларын жақсартуға және

қауіпсіз жұмыс орындарын

құруға қоғамдық бақылау жасау

кәсіподақтар жұмысының басты

бағыттарының бірі болып табылады.

Осы мақсатта әрбір кәсіпорында

кәсіподақ мүшелерінің арасынан

еңбекті қорғау жөніндегі техникалық

инспекторлар сайланады. Олардың

санын әр кәсіпорын дербес

анықтайды. Инспекторлардың

міндеті бұзушылықтарды анықтау

немесе нәтижесінде өндірістегі

жазатайым оқиғаға әкеп соқтыруы

мүмкін осы бұзушылықтардың

туындауының алдын алу болып

табылады. Пандемия басталғаннан

бері еңбекті қорғау жөніндегі

техникалық инспекторлардың

құзыреті кәсіпорында коронавирус

инфекциясының таралуына қарсы

қауіпсіздік шараларының болуына

қоғамдық бақылау жасау міндетімен:

кіру пунктіндегі бақылауда термометрия

жүргізу, антисептиктердің,

қорғаныс маскаларының болуы,

науқастарды арнайы сүзгілерге

уақтылы оқшаулау сияқты жұмыс

түрлерімен толықтырылды.

Кәсіподақ бірлестіктері кәсіпорын

басшылығымен әлеуметтік серіктестікте

еңбек қауіпсіздігі мен

еңбекті қорғау мәселелерін

кешенді түрде шешеді, өндірістік

жарақаттанудың алдын алу бойынша

Жол карталарын әзірлейді және

қабылдайды.

2021 жыл бойы еңбекті

қорғау жөніндегі техникалық

инспекторлардың біліктілігін арттыру

бойынша іс-шаралар өткізілуде,

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті

қорғау мәселелері жөніндегі

өндірістік кеңестің қызметіне мониторинг

жүргізілді, еңбек қауіпсіздігі

және еңбекті қорғау жөніндегі

айлықтар ұйымдастырылды,

«Кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі

және еңбекті қорғау саласындағы

үздік бөлімшесі», «Кәсіпорынның

еңбекті қорғау жөніндегі үздік

техникалық инспекторы» атағына

конкурстар ұйымдастырылды.

Құрамына кәсіподақ сайлаған

еңбекті қорғау жөніндегі инспекторлар

кіретін өндірістік кеңесте

өндірістік жарақаттанудың алдын

алу мәселелерін қарау тұрақты

түрде жалғастырылуда.

Өңірдің аумақтық кәсіподақтар

бірлестігі облыстың еңбек

басқармасымен бірлесіп, жылына

екі рет өндірістік жарақаттанудың

алдын алудың бірыңғай күнін

өткізеді.

Оның мақсаты - жұмыс берушілердің

назарын қауіпсіз еңбек

құру мәселелеріне аудару.

Өндіріспен байланысты жазатайым

оқиғалардың серпіні

әлеуметтік серіктестердің кәсіподақ

ұйымдарымен бірлесіп қабылдаған

шаралары есебінен азаюда.

Өндірістік жарақаттанудың алдын

алу және еңбекті қорғау мақсатында

қоғамдық бақылауды еңбекті қорғау

жөніндегі техникалық инспекторлар

жүзеге асырады, оларды

оқытуды және ынталандыруды

кәсіподақтар жүргізеді. 2020 жылы

Павлодар облысының аумақтық

кәсіподақтар бірлестігі өңірдің

еңбек басқармасымен бірлесіп

екі рет өндірістік жарақаттанудың

алдын алудың бірыңғай күнін

өткізді, оны өңірдің өнеркәсіптік

кәсіпорындары қолдады, еңбекті

қорғау жөніндегі 1223 техникалық

инспектор өз жұмысын тұрақты

түрде жүзеге асырып келеді, 840

өндірістік кеңес ішкі бақылау жүргізу

үшін жұмыс істейді. Облыстық

кәсіподақтардың аумақтық

бірлестігінің кәсіпорындарында

және семинарларында техникалық

инспекторларды оқытуға үлкен

мән беріледі.

Кәсіподақтар сайлаған еңбекті

қорғау жөніндегі техникалық

инспекторлар жұмысының

қосымша қоғамдық тетігін пайдалана

отырып, өндірістегі еңбек

қауіпсіздігін нақты және пәрменді

түрде жақсартуға болады. Дәл

осы белсенді рөлді қазір 840

өндірістік кеңес атқарады, оның

құрамында кәсіподақтар сайлаған

еңбекті қорғау жөніндегі 1223

техникалық инспектор бар.

Облыста әлеуметтік әріптестік

жөніндегі облыстық үшжақты

комиссия құрылды және жұмыс

істейді, оның отырыстарында

әлеуметтік әріптестік тарапы

ретінде кәсіподақтар еңбек

қауіпсіздігі, жалақыны арттыру,

тұрғындарды жұмыспен қамту

мәселелерін көтереді.

Біздің өңір кәсіпорындарының

ұжымдық шарттарының сапасы

бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

жөніндегі республикалық «Парыз»

байқауында бірнеше рет жүлделі

орындармен бағаланды.

Ұжымдық шарт әрбір

кәсіпорында кәсіпорын басшылығы

мен мүдделерін кәсіптік одақтар

білдіретін қызметкерлер арасында

қабылданған жергілікті құқықтық

акт болып табылады. Ұжымдық

шартта жеке қорғану құралдарымен,

арнайы киіммен, арнайы

а я қ к и і м м е н қ а м т а м а с ы з е т у ,

жұмыс уақыты мен демалыс

уақытының нормаларын сақтауды

қамтитын қауіпсіз еңбек

жағдайларына арналған бөлім бар.

Пандемия кезінде қашықтықтан

жұмыс істеу форматы кең таралды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы

құрған ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер

мен толықтырулар енгізу жөніндегі

жұмыс тобы «Қашықтықтан жұмыс

істеу» бабын жетілдіру бойынша

өз ұсыныстарын берді.

Нәтижесінде кәсіподақтардың

ұсыныстары 2021 жылғы 1 шілдеде

«Қашықтан жұмыс істеуді құқықтық

реттеуді жетілдіру мәселелері

бойынша ҚР Еңбек кодексіне

өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдау

кезінде ескерілді.

Лайықты жалақы, оны индекс-

теу, жалақыны уақытылы төлеу

мәселелері әрқашан кәсіподақтар

жұмысының негізгі бағыттарының

бірі болып келеді. Ұжымдық шартты

дайындау және жасасу кезінде

жалақының өсуі ескерілуі керек.

Кейде шартта мұндай тармақ жоқ.

Бұл ретте кәсіподақ ұйымының

батыл, белсенді ұстанымы талап

етіледі. Павлодар облысының

аумағында көп салалы индустриялық

кешен қалыптасты. Облыста әр

түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға

жуық кәсіпорын белсенді жұмыс

істейді. Бірақ әр кәсіпорында

кәсіподақтың қоғамдық бірлестіктері

құрыла бермейді. 2018 жылы

Павлодар облысының аумақтық

кәсіподақтар бірлестігі мен Павлодар

облыстық соты арасында қол

қойылған ынтымақтастық туралы

меморандумның нәтижесінде

облыстың кәсіподақ орталығы

«Татуласу орталығын» ашты, онда

3 000-нан астам өтініш білдірушіге

құқықтық көмек көрсетілді, медиация

жолымен 900-ден астам

рәсімдер өткізілді, оның ішінде

облыстың кәсіподақ орталығы

медиаторының қатысуымен 789

еңбек даулары қызметкердің пайдасына

оң шешілді. Өңір тұрғындары

үшін кәсіподақтардың татуластыру

орталығындағы өтініштер өтеусіз

негізде қарастырылатыны ерекше

маңызды.

Пандемия кезеңі бірқатар

кәсіпорындардың өндірістік процестеріне,

өнімді сатудың немесе

тапсырыс алудың қиындықтар

туындауына әсер етті, нәтижесінде

кәсіпорынның жаңғыруына, қайта

бейінделуіне, штат санының

азаюына, жалақы төлеудің кешігуіне

әсер етті. Жалақыны кешіктіру,

БЖЗҚ қорына, МӘМС қорына аударымдар

жасау мәселелері бойынша

«Татуластыру орталығына» және

2021 жылғы 1 сәуірден бастап

құрылған ҚРКФ заң клиникасының

филиалына кәсіподақтары жоқ

кәсіпорындардың, негізінен шағын

және микробизнестің қызметкерлері

жүгінді.

Егер кәсіподақтар құрылған

кәсіпорындарда штат санын

қысқарту рәсімі ҚР Еңбек

кодексінің талаптарына сәйкес

жүргізілсе, кәсіподақтары жоқ

кәсіпорындарда бұл заңнама

талаптары заңсыз еленбейді,

сондықтан бұл мәселелерді сотқа

дейінгі тәртіпте біздің аумақтық

бірлестігіміз 87088614656 жедел

желі телефоны бойынша, оның

ішінде құпия түрде шешеді.

Егер еңбек, ұжымдық шарттарда

хабардар етудің неғұрлым

ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс

беруші жұмыскерді еңбек шартының

бұзылатыны туралы кемінде бір

ай бұрын жазбаша хабардар етуге

міндетті. «Қазақстан Республикасында

зейнетақымен қамсыздандыру

туралы» Қазақстан Республикасының

Заңында белгіленген зейнеткерлік

жасқа толуына екі жылдан аз қалған

жұмыскерлермен еңбек шартын

қызметкерлер мен жұмыс беруші

өкілдерінің тең санынан құрылған

комиссияның оң қорытындысынсыз

бұзуға жол берілмейді.

Жұмыстан босатылған қызметкерлер

жұмысынан айырылған

жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан әлеуметтік

төлем алуға өтініш жасауға

құқылы, бұл ретте олар міндетті

әлеуметтік сақтандыру жүйесіне

қатысу өтіліне және соңғы

24 айдағы табысына қарай жұмысынан

1 айдан 6 айға дейін айырылған

жағдайда әлеуметтік төлем

алады.

Төлем жоғалған табыстың 40% -

на дейінгі мөлшерде ӘҚМҚ қаражаты

есебінен жүзеге асырылады.

Кәсіподақ мүшелерін сауықтыру

және оңалту мәселелері кәсіподақтардың

ерекше назарында.

Кәсіподақтар федерациясының

санаторий-курорттық кешеніне

9 санаторий, оның ішінде

Павлодар облысында орналасқан

әйгілі Мойылды санаторийі

кіреді. Кәсіподақтың көптеген

мүшелері жолдамамен «Мерке»,

«Шортанды», «Бурабай» шипажайларында,

«Сарыағаш» шипажайында

емделуде. Егер 2020 жылы

пандемия салдарынан кәсіподақ

мүшелерін сауықтыру саны бойынша

шектеулер болса, биылғы жылы

эпидемиологиялық қауіпсіздік

шараларын сақтауды ескере

отырып, сауықтыру мүмкіндіктері

айтарлықтай ұлғайтылды.

Санаторий-курорттық сауықтыру

жөніндегі жолдамаларға арналған

шығындарды өтеу жұмыс беруші

мен кәсіподақ комитетінің есебінен

әрбір кәсіпорында қабылданған

Ұжымдық шарттың талаптары

бойынша, оның ішінде еңбегі сіңген

демалыстағы еңбек ардагерлері

үшін қамтамасыз етіледі.

Биылғы жылы облыстың

аумақтық кәсіподақтар бірлестігі

барлық жұмыс берушілерді

онкологиялық ауруларды ерте

сатысында уақытылы анықтау үшін

белгілі бір жастағы қызметкерлердің

скринингін жүргізуге кең ауқымды

қатысуға шақырды. Осы мақсатта

біз Павлодар облысының денсаулық

сақтау басқармасымен және

кәсіпкерлік басқармасымен

ынтымақтастық туралы

меморандумға қол қойдық, өңірдің

ірі кәсіпорындарының кәсіподақ

комитеттерінің төрағаларымен

диалогтық алаңдар өткіздік.

Кәсіподақтар қозғалысының

жаңа моделін құру, кәсіподақтардың

қоғамдағы рөлін одан әрі нығайту,

әлеуметтік әріптестікті дамыту,

еңбек адамының әлеуметтікэкономикалық

және еңбек

құқықтары мен мүдделерін тиімді

қорғау - бір мақсатты көздейтін

кәсіптік одақтар қызметінің басты

бағыттары: Павлодар облысындағы

еңбек адамының тұрақты жұмысы,

лайықты жалақысы, қауіпсіз және

жайлы еңбек жағдайлары болуы

тиіс.

Динара АЙТЖАНОВА,

«Павлодар облысының

кәсіподақ орталығы»

аумақтық кәсіподақтар

бірлестігінің төрағасы.


10 9 қазан, сенбі, 2021 жыл МЕЗГІЛ

SARYARQA SAMALY

Павлодар облысы әкімі

аппаратының лауазымды

адамдарының жеке тұлғаларды

және заңды тұлғалардың

өкілдерін жеке қабылдауының

регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы

8 қыркүйектегі «Облыстардың, республикалық

маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері

аппараттарының лауазымды адамдарының жеке

тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке

қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың,

республикалық маңызы бар қалалардың және

астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді

қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені

бекіту туралы» №560 қаулысына сәйкес Павлодар

облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы әкімі аппаратының

лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және

заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының

регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес

бекітілсін.

2. «Павлодар облысы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген

тәртіпте:

осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет

министрлігінде тіркеуді;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің

интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз

етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс

әкімі аппаратының басшысы Н.Ш.Дүйсенбиновке

жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн

өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Ә.СҚАҚОВ.

қаулысына қосымша

Павлодар облысы әкімі аппаратының

лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды

және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке

қабылдауының регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Павлодар облысы әкімі аппаратының

лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және

заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының

регламенті Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және

заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»

заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті

мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік

құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Павлодар

облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі - облыс

әкімі аппараты) лауазымды адамдарының жеке

тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін

жеке қабылдау тәртібін регламенттейді.

2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың

өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі - қабылдау)

Павлодар облысы әкімі аппаратының қоғамдық

қабылдау бөлмесінде (бұдан әрі – қоғамдық

қабылдау бөлмесі) мына лауазымды адамдар

жүзеге асырады:

1) облыс әкімі, оның бірінші орынбасары

және орынбасарлары;

2) облыс әкімі аппаратының басшысы және

оның орынбасарлары;

3) облыс әкімі аппаратының құрылымдық

бөлімшелерінің басшылары;

4) облыс әкімі аппаратының қабылдауды

жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлері.

3. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың

өкілдері облыс әкімі аппаратының құрылымдық

бөлімшелері басшыларының, сондай-ақ облыс

әкімі аппаратының қабылдауды жүзеге асыруға

уәкілетті өзге де қызметкерлерінің қабылдауына

келіскен жағдайда оларды көрсетілген лауазымды

адамдар олар өтініш жасаған күні қабылдауды

жүргізеді.

2-тарау. Павлодар облысы әкімінің

аппаратында жеке тұлғаларды және

заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау

тәртібі

4. Қабылдауға жазуды қабылдауды ұйымдастыруға

жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері

жұмыс уақытында түскі үзіліспен «электрондық

үкімет» веб-порталындағы электрондық құжаттар,

қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен

өтініштер немесе қоғамдық қабылдау бөлмесінің

қызметкеріне ауызша нысанында, сондай-ақ қоғамдық

қабылдау бөлмесінің Call-орталығына келіп түскен

өтінімдер негізінде жүргізеді.

5. Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау

туралы өтініш қаралмайды, бұл туралы өтініш

берушiге хабарланады.

6. Облыс әкімінің, оның бірінші орынбасарының

және орынбасарларының қоғамдық қабылдау

бөлмесіндегі қабылдауы әкім бекіткен кестеге

сәйкес айына кемінде бір рет жүргізіледі.

Сондай-ақ қабылдау Қазақстан Республикасы

Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық

атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің,

ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының

халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»

№190 Жарлығына сәйкес есеп беру кездесуін

өткізгенге дейін бір күн бұрын және есеп беру

кездесуін өткізгеннен кейін өткізіледі.

7. Лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты

(ол болған жағдайда), қабылдау күндері көрсетілген

қабылдау графиктері қазақ және орыс тілдерінде

қоғамдық қабылдау бөлмесінің үй-жайында көзге

оңай түсетін жерде, сондай-ақ облыс әкімдігінің

ресми сайтында ілінеді.

8. Облыс әкімі бірінші орынбасарының және

орынбасарларының қабылдауы облыс әкімінің

қабылдау өткізілетін күні көрсетілген тиісті тапсырмасы

бойынша бекітілген кестеден тыс жүзеге

асырылуы мүмкін.

9. Қабылдаудың алдында жеке тұлға немесе

заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі - арыз беруші)

өзінің жеке басын куәландыратын құжатты, ал

басқа тұлғалардың атынан өтініш жасаған кезде -

олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын

құжаттарды көрсетеді.

10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды

қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 14 наурыздағы №390-16қ қаулысымен

бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық

режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға

және Қазақстан Республикасының мемлекеттік

құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды

реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне

сәйкес жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен

азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының

қатысуымен жүргізіледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың

қабылдауда берген өтініштері, егер Қазақстан Республикасы

ратификациялаған халықаралық шарттарда

оларды қараудың өзге ережелері көзделмесе,

Қазақстан Республикасының заңнамасында

белгіленген тәртіппен қаралады.

11. Қабылдау өтініштердің кезегі тәртібімен

жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері,

жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының

ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа

мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының

ардагерлері, барлық санаттағы мүгедектер, жүкті

әйелдер, «Алтын Қыран» ордендерімен марапатталған,

«Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері»

атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.

12. Арыз берушілердің келісімімен облыс

әкімінің, оның бірінші орынбасарының және

орынбасарларының қабылдауы бейнеконференцбайланыс

арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

13. Коронавирус пандемиясына немесе

жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің

қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа

да жағдайларға орай шектеу шаралары енгізілген

жағдайда қабылдау бейнеконференцбайланыс

арқылы ғана жүзеге асырылатын болады.

14. Мына:

жергілікті атқарушы органдардың және орталық

мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің

құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша;

бұрын қабылданған немесе сол мәселе

бойынша өтінішіне жауап берілген тұлғаларды

қабылдауға жазу жүзеге асырылмайды.

15. Қабылдау күні жүгінген азаматтарды

қабылдауды жүзеге асыратын тұлғаның келісімі

бойынша жеке қабылдауға жол беріледі

16. Уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік

іссапар және басқа да жағдайлардың себебі

бойынша қабылдау жүргізу мүмкін болмаған

жағдайда қабылдаушы адам қабылдауға жауапты

қызметкерді жеке қабылдау өткізілгенге дейін

кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын немесе қабылдау

өткізілетін күні хабардар етеді.

17. Қабылдау күні қоғамдық қабылдау

бөлмесінде қосымша өтініштер мен басқа да

ілеспе құжаттарды дұрыс ресімдеуге (қажет болған

жағдайда) көмектесетін заң консультанттары, психологтар

және әлеуметтік қызметкерлер тартылуы

мүмкін (волонтерлерді қабылдау күндері ғана

тартуға болады).

18. Қабылдауды облыс әкімі өткізген кезде

Азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімі

(бұдан әрі - Бөлім) прокуратура органдарының,

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің,

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың

қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының)

аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатысуын

қамтамасыз етеді.

19. Егер көтерілетін мәселе орталық мемлекеттік

органдардың аумақтық бөлімшелерінің құзыреті

шегінен шығып кеткен жағдайда, онда тиісті

мемлекеттік органның бірінші басшысының атына

орталық аппарат өкілдерінің бейнеконференцбайланыс

арқылы қатысуына сұрау салу жіберіледі.

20. Орталық мемлекеттік орган өкілдерінің

қабылдауға қатысуы бойынша сұрау салу жіберілгеннен

кейін арыз беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде

жіберілген сұрау салу туралы және қабылдауға

жазу туралы өтінішті қараудың ұзартылғаны туралы

хабардар етіледі.

21. Мемлекеттік органдардың облыс әкімінің

бірлескен қабылдауына қатысудан бас тарту

фактілері туралы ақпарат 2 (екі) жұмыс күні ішінде

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің

Өтініштерді қарауды бақылау бөліміне жіберіледі.

22. Қабылдау арыз берушінің қалауы бойынша

мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

23. Қабылдау барысында қоғамдық қабылдау

бөлмесінің қызметкерлері арыз берушілерге облыс

әкімі аппаратының қызметкерлерін шақыра алады

немесе тиісті лауазымды тұлғалармен қабылдау

уақыты мен орнын келіседі.

24. Қабылдау нәтижелері тапсырмаларды

орындаудың нақты мерзімдері көрсетіліп хаттамаланады.

Хаттамалық тапсырмалар өтініштерге

қоса тіркеледі.

25. Егер өтінішті лауазымды тұлға қабылдау

кезінде шеше алмаса, ол жазбаша нысанда баяндалады

және онымен жазбаша өтініш ретінде

жұмыс жүргізіледі.

26. Азаматтарды қабылдау бұқаралық ақпарат

құралдарында жарияланады.

3-тарау. Жеке тұлғаларды және заңды

тұлғалардың өкілдерін қабылдау

мәселелері бойынша өтініштерді тіркеу

және қарау тәртібі

27. Қабылдауға жазу туралы келіп түскен

барлық өтініштерді қоғамдық қабылдау бөлмесінің

қызметкерлері құжат айналымының электрондық

жүйесінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде тіркейді және

Бөлімге алдын ала қарауға жібереді.

28. Бөлім облыс әкімі аппаратының құрылымдық

бөлімшелерінің қатысуымен қабылдау басталғанға

дейін 5 (бес) жұмыс күн бұрын, материалдарды

жинағаннан және талдағаннан кейін әкім аппараты

басшысының атына қабылдау күнін белгілеу

немесе бас тарту туралы ұсыныспен анықтамалық

ақпарат дайындайды.

29. Қабылданған шешімнің қорытындысы бойынша

Бөлім облыс әкімі, оның бірінші орынбасары және

орынбасарлары қабылдайтын адамдардың тізімін

қалыптастырады және оны қабылдау кестесіне

енгізу үшін қоғамдық қабылдау бөлмесіне жібереді.

30. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жауапты

қызметкері бекітілген тізімдерді қабылдау кестесіне

кезектілік тәртібімен бөледі.

31. Өтінішті тіркеген сәттен бастап 15 (он бес)

жұмыс күнінен кешіктірмей қоғамдық қабылдау

бөлмесінің жауапты қызметкері арыз берушіге

қабылдауға жазылу уақыты мен күні туралы жауап

немесе қабылдаудан дәлелді бас тартуды жолдайды.

32. Мәселені дұрыс қарау үшін маңызы бар

нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты

өтінішті қарау мерзімі облыс әкімі аппараты

басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді

шешімімен қисынды мерзімге, бірақ екі айдан

аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы

әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған

күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.

33. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің уәкілетті

қызметкерлерінің облыс әкімінің, оның бірінші

орынбасарының және орынбасарларының қабылдауын

ұйымдастыру, қабылдауды өткізу тәжірибесін

талдау және қорыту үшін қажетті материалдарды

ұсыну туралы талаптары облыс әкімі аппаратының

құрылымдық бөлімшелері және орталық мемлекеттік

органдардың аумақтық бөлімшелері үшін міндетті

болып табылады.

4-тарау. Қабылдау қорытындысы

бойынша тапсырмалардың орындалуын

бақылауды жүзеге асыру

34. Қабылдау қорытындылары бойынша

дайындалған хаттамалық тапсырмаларды бақылауды

тікелей Бөлім жүзеге асырады.

35. Арыз берушіге түпкілікті дәлелді жауап

қабылдаудан келіп түскен өтінішті бақылаудан

алу үшін негіз болып табылады.

36. Қабылдау барысында арыз берушілер

берген өтініштер электрондық құжат айналымы

жүйесінде тіркеледі. Өтініштерге «жеке қабылдаудан»

деген белгі қойылады.

37. Қабылдаудан түсетін өтінішті қарауды

оны бұрын шешкен қызметкерге тапсыруға жол

берілмейді.

38. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері

тұрақты негізде арыз берушілердің қанағаттану

деңгейіне мониторинг, консультация алған және

жеке қабылдауға жазылудан бас тартқан өтініш

иелеріне іріктеліп телефон байланысы арқылы

сауал жүргізуі тиіс.

39. Бөлім облыс әкімі аппаратының мүдделі

құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп:

1) облыс әкімінің, оның бірінші орынбасарының

және орынбасарларының өткізілетін қабылдаулар

шеңберіндегі жұмысын ақпараттық-талдамалық

сүйемелдеуді;

2) қабылдауға тартылған жауапты лауазымды

адамдардың, оның ішінде орталық мемлекеттік

органдардың, прокуратура және сот билігі

органдарының аумақтық бөлімшелерінің жауапты

лауазымды тұлғаларының қатысуын (келісім бойынша);

3) арыз берушімен кері байланысты (қажеттілігіне

қарай);

4) Бөлім шеңберінде, оның ішінде төтенше

жағдай, төтенше ахуал режимдерін, эпидемиологиялық

сипаттағы карантиндік шараларды енгізуге, халықтың

өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін техногендік

апаттар мен өзге де апаттармен байланысты

шектеу шаралары қабылданған жағдайда жұмыс

істейтін Сall-орталықтардың үздіксіз жұмысын

қамтамасыз етеді.

40. Бөлім жұмысының нәтижелері туралы облыс

әкімін, Қазақстан Республикасының Президенті

Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімін

тұрақты негізде (тоқсанына бір реттен сиретпей)

хабардар ету қажет.

ЖҰМАБАЕВ Ермек Жианшаұлы

С.М.Киров атындағы

Қазақ мемлекеттік

университетін бітірген

Ермек Жианшаұлы өзінің

бүкіл еңбек жолын таңдаған

мамандыққа арнады. Оның

өмірі - Отанға, таңдалған

іске жанқиярлықпен қызмет

етудің, адалдықтың жарқын

бейнесі десек артық

айтқандық емес.

Ермек Жианшаұлы

еңбек жолын 1966 жылы

Шарбақты ауданының сегіз жылдық мектебінде физика

пәнінің мұғалімі болып бастады. Одан кейін Баянауыл

аудандық прокуратурасының тергеушісі, Павлодар облыстық

прокуратурасының аға тергеушісі, Павлодар қаласы

индустриялық ауданы прокурорының орынбасары болып

жұмыс істеді. 1979-1995 жылдары облыстың Екібастұз,

Май, Железин аудандарының прокуроры болып еңбек

атқарды.

Ермек Жианшаұлы ҚР Президенті жанындағы құқықтық

саясат жөніндегі Кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы

Ұлттық Кеңесінің мүшесі, заңдар жинағын құру

жөніндегі Үкіметтік комиссияның мүшесі, ҚР Жоғары Сот

Кеңесінің мүшесі, «Өңір» депутаттық тобының жетекшісі,

сондай- ақ ҚР Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар

Кеңесінің мүшесі болды.

Бұл туралы Ақсу қалалық сот

төрағасының міндетін атқарушы

Бекбол Баймаханов Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен

брифингте мәлімдеді.

- Жалпы толығымен аяқталған

істердің саны – 1265-ті құрайды.

Олардың ішінде талап қою ісі -

745, бұйрық өндірісіне қатысты -

172, ерекше талап қою - 9, ал

Жауапты мамандардың хабарлауынша,

автобустың ішінде 9 бала

болған. Олардың барлығы әртүрлі

деңгейде жарақат алып, үшеуі

облыстық балалар ауруханасының

травматология бөліміне жатқызылды.

Дәрігерлер 10 жасар ұлдың бас

сүйегі сынған десе, 14 және

15 жастағы қыздарға миы шайқалған

деген диагноз қойды. Одан басқа

6 бала амбулаториялық ем қабылдауға

339 іс ерекше болып табылды.

Қазіргі кезде талап қою бойынша

іс жүргізудің негізінде шарттық,

неке-отбасы істері жиі қаралуда.

Кәмелет жасына толмаған балаларды

күтіп-бағуға алименттерді

өндіріп алу туралы даулар бойынша

172 азаматтық іс аяқталды, -

деді Б.Баймаханов.

Ш а р аб а р ы с ы н д аА қ с уқ а л а л ы қ

жіберілді. Жол апаты бойынша тергеу

жұмыстары басталып, тиісті сараптама

тағайындалды.

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасы басшысының орынбасары

Гүлнәр Буратаеваның айтуынша,

ауруханаға жатқызылған балалардың

қазіргі жағдайы орташа деңгейде.

- Олар толыққанды тексеруден

өтті. Бас-миының компьютерлік томографиясы

жасалды. Қалған алты бала

тексеруден соң үйлеріне қайтарылды.

сотының судьясы Светлана

Пономареваның айтуынша, тоғыз

ай мерзімінде 95 қылмыстық іс

қозғалған. Мұндағы 48-і аса ауыр

қылмыстар қатарына жатады.

Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда

үш есе көп.

Ақсу қалалық сот төрелігінде

бір төреші айына кемінде

20 азаматтық іс қарастырса,

ал қылмыстық істер бойынша

ай сайын әр төреші 6-8 істегі

жағдайды назарға алады екен.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Мектеп автобусы соғылды

Павлодар қаласының Елгин – Щедрин көшелерінің

қиылысында өрт сөндіру көлігі мен «ПАЗ-32053-70»

маркалы мектеп автобусы соқтығысты. Жол апаты

кезінде автобус ішінде болған оқушылардың арасында

жарақат алғандар бар.

Облыстық полиция департаменті

баспасөз қызметінің хабарлауынша,

аталған фактіге қатысты

ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа

дейінгі тергеу басталған.

Май ауданына қарасты бір

ауылдың тұрғынына белгісіз тұлға

телефон шалып, «микрокредиттік

ұйымнан несие алғанын, оны

төлемей жатқанын, жауапқа

тартылатынын» ескертеді.

Шарбақты ауданының Құрметті азаматы, прокурор, ҚР

Парламенті Сенатының үш шақырылымының депутаты,

жерлесіміз, Шалдай ауылының тумасы Жұмабаев Ермек

Жианшаұлы 72 жасында фәниден бақиға аттанды.

Е.Жұмабаев көп жылдарын депутаттыққа арнағанын

айта кеткен жөн. Ол Павлодар облысынан ҚР Парламенті

Сенатының бірінші, екінші және үшінші шақырылымының

депутаты болып сайланды. Ұлыбритания және Солтүстік

Ирландия Біріккен Корольдігінің Парламентімен

парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшесі,

заңнама және құқықтық реформа комитетінің төрағасы

және мемлекеттік Құрылыс және құқықтық саясат

комитетінің төрағасы болды.

Оның еңбектері жоғары мемлекеттік наградалармен

атап өтілді. «Құрмет» орденімен, медальдармен, ҚР Құрмет

грамоталарымен марапатталып, ҚР Прокуратурасының

«Құрметті қызметкері» ретінде белгіленді.

Кәсіпқойлығы және ісіне адалдығы, тамаша адамгершілік

қасиеттері оны білетіндердің баршасының шынайы

құрметіне бөледі. Ермек Жианшаұлының жарқын бейнесі

әрдайым біздің жүрегімізде сақталады.

Ә.Қ.ӘБЕУОВ, Ж.Ж.НҰРҒАЛИЕВ,

С.К.ӘПСАЛЫҚОВ, М.О.ЖАНШУКОВ,

Б.Ж.ЫБЫРАЕВ, Н.С.ҚИЗАТОВ, Р.А.НЕГМАНОВА,

М.К.АХМЕТОВ, Г.Е.ЖАКИШЕВА, К.Б.ИСЕЕВ,

Шарбақты ауданының Құрметті азаматтары,

Құқық қорғау органдарының басшылары,

Шарбақты ауданының сот жүйесі,

Шарбақты ауданының депутаттары,

Шарбақты ауданының ардагерлер кеңесі.

Қылмыстық істер

саны артты

Азаматтық және әкімшілік істер бойынша Ақсу

қалалық сот төрелігіне ағымдағы жылда 1649 өтініш

келіп түскен. Бұл өткен жылғы есеппен салыстырғанда

9,2%-ға өскен.

Директор тергелуде

Май ауданында мектеп директоры алаяқтық әрекеті

бойынша күдікке ілініп, жұмыстан босатылды. Қазір

сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

- 1 млн теңге несие бойынша

қарызын төлеуді талап ете

бастаған кезде ауыл тұрғыны

шошып кеткен. Ол алаяқтықтың

құрбаны болғанын біліп, дереу

полицияға хабарлаған. Жедел

іздестіру іс-шаралары барысында

Май ауданының полиция

қызметкерлері алаяқтық жасады

деген күдіктіні анықтап,

ұстады. Ол Май ауданындағы

СОТ ТӨРЕЛІГІ

ОҚЫС ОҚИҒА

Олар учаскелік дәрігерлердің

бақылауында, - деді денсаулық

сақтау басқармасының өкілі.

Облыстық төтенше жағдайлар

департаментінің мәлімдеуінше,

«КамАЗ» автокөлігі шақыру бойынша

өрт шыққан жерге кетіп бара жатқан.

Өрт сөндіру көлігі оқиға орнына жедел

жету мақсатында арнайы дабыл

белгілерін қосып, бағдаршамның

қызыл түсінен өткен. Бірақ оған

автобус жол бермеген деп пайымдайды

департамент өкілдері.

Оқиғаның анық-қанығы қазір

тексерілуде. Абайсыздығы үшін

автобус жүргізушісі жауапқа тартылуы

мүмкін.

Тілеуберді САХАБА.

ҚЫЛМЫС

мектептердің бірінің директоры

болып шықты, - дейді полиция

департаменті баспасөз

қызметінің өкілдері.

Облыстық білім беру басқармасының

хабарлауынша, әлгі

мектеп директоры қазір ол оқу

орынында жұмыс істемейді,

қызметінен бірден босатылған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары

жүргізіліп жатқандықтан,

толық мәлімет тарата алмайтынын

мәлімдеді.

Т.МАРХАБА.


SARYARQA SAMALY ХАБАРЛАМА 9 қазан, сенбі, 2021 жыл 11

«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ

(бұдан әрі – Басқарма) Павлодар облысы әкімдігінің

2020 жылғы 5 тамыздағы «Павлодар облысының педагогтарын

көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу

туралы» №167/3 қаулысына сәйкес «Павлодар облысының

білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі түрінде

педагогтарды көтермелеудің қосымша шараларын

тағайындау үшін құжаттар жинауды жариялайды.

Қатысушыларға қойылатын

негізгі талаптар:

Төсбелгімен білім беру

ұйымдарында 10 (он) және одан

да көп жыл жұмыс өтілі бар

мектепке дейінгі, жалпы білім

беретін, мамандандырылған және

арнайы білім беру ұйымдарының,

қосымша білім беру, техникалық және

кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

беру ұйымдарының, жетім балалар

мен ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларға арналған білім

беру ұйымдарының педагогтары,

келесі шарттардың бірі болған

жағдайда:

1) Облыстық немесе Республикалық

сараптамалық кеңестерде

мақұлдау алған оқу-әдістемелік

кешендердің, оқулықтар мен

әдістемелік-дидактикалық материалдардың

авторлары (бірлескен

авторлар) болып табылатындар;

2) білім беру саласындағы

уәкілетті орган бекіткен тізбеге

сәйкес жалпы білім беретін пәндер

бойынша күндізгі республикалық

және халықаралық олимпиадалар,

ғылыми жобалар конкурстарының

(ғылыми жарыстардың), орындаушылар

конкурстарының, кәсіби

шеберлік конкурстарының және

спорттық жарыстардың жеңімпаздарын,

жүлдегерлерін дайындаған;

3) күндізгі кәсіптік конкурстардың,

облыстық, республикалық, халықаралық

деңгейлердегі педагогикалық

олимпиадалардың жеңімпаздары,

жүлдегерлері немесе халықаралық

деңгейдегі кәсіптік іс-шараларға

қатысушылар болып табылатындар

марапатталады.

Төсбелгіні беруге 5 (бес) жыл

ішінде материалдық көтермелеу

алған «Үздік педагог» республикалық

конкурсының жеңімпаз-педагогтарының

кандидатуралары қарауға

жіберілмейді.

Конкурсқа қатысуға тілек

білдірген педагогтарға конкурстық

комиссияға келесі құжаттарды

тапсырады:

- Өтінім

- Портфолио

Педагог портфолиосы оның жеке

кәсіби жетістіктерін немесе білім

алушылардың жетістіктерін растайтын

соңғы 3 (үш) жылдағы материалдарды

қамтиды. Конкурстық құжаттарды

қабылдау «Тәуелсіздік күні» ұлттық

мерекесіне дейін кемінде 30 (отыз)

күнтізбелік күн бұрын жүргізіледі.

Марапаттау құжаттары мен материалдары

Комиссия отырысында

қаралады.

Комиссия «Тәуелсіздік күні» ұлттық

мерекесіне 10 (он) күнтізбелік күн

бұрын ашық дауыс беру арқылы

алқалы түрде шешім қабылдайды.

Комиссия шешімдері облыс әкімдігінің

интернет-ресурсында, олар

қабылданғаннан кейін күнтізбелік

он күннен кешіктірілмей орналастырылады.

Төсбелгінің иесіне

республикалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының Заңында

тиісті қаржы жылына белгіленген

айлық есептік көрсеткіштің 1000

еселенген мөлшерінде жергілікті

бюджет қаражаты есебінен біржолғы

сыйақы төленеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті

құжаттарды Ustazpavlodar.kz.

Басқарманың ашық деректер

порталына ұсынылуы тиіс.

(20178)

«Ертіс Медиа» ЖШС 1997 жылы шыққан Audi А6 автокөлік

құралын (аукцион хабарландыру нөмірі №223595), 2012

жылы шыққан Нива Шевроле автокөлік құралын (аукцион

хабарландыру нөмірі №223594) сату бойынша аукционды

www.gosreestr.kz электрондық сауда алаңында бағаны төмендету

әдісімен өткізеді.

Өтінімдер 2021 жылғы қазанның 22-і сағат 08.00-ге дейін

www.gosreestr.kz электрондық сауда алаңында қабылданады.

Сауданың басталу уақыты: 2021 жылғы 22 қазан, сағат 10:00-де.

Байланыс телефоны: 8 (7182) 66-15-80.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Басқа қалаға көшуімізге байланысты Павлодар қаласындағы

орталықта орналасқан кірпіштен салынған 3 қабатты үйдің 2-ші

қабатындағы 80 ш/м 3 бөлмелі пәтер сатылады. Ас бөлмесі -

15 ш/м. 2 балконы бар. Еврожөндеу. Облыстық әкімдік, орталық

саябақ пен Диагностикалық орталыққа және Ертіс жағалауына

жақын орналасқан. Байланыс телефоны: 32-95-29, 87014324204.

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық

сақтау басқармасының ШЖҚ «Павлодар облыстық қан

орталығы» КМК-ның қадағалаушы кеңесі, 140000, Павлодар

қаласы, Естай көшесі, 79-үй, анықтама телефоны; 8 (7182)

32-49-16 Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы

денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу

құқығындағы «Павлодар облыстық қан орталығы»

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының

бос лауазым орнына конкурс жариялайды.

Конкурс Павлодар қаласы, Естай

көшесі, 79-үй, 2-қабат мекенжайы

бойынша орналасқан ШЖҚ «Павлодар

облыстық қан орталығы» КМК-нда

өткізіледі.

Кәсіпорынның орналасқан жері: қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасы, 140000, Кәсіпорын

Павлодар облысы, Павлодар қаласы,

Естай көшесі, 79-үй, телефоны;

8 (7182) 32-49-16.

Кәсіпорын қызметінің миссиясы

сапалы, қауіпсіз және қолжетімді

қан компоненттерімен қамтамасыз

ету болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі міндеттері:

өтеусіз еркін донорлықты дамыту;

халықаралық стандарттарға сәйкес

келетін қан компоненттерін дайындау,

сақтау және өткізу; қан

компоненттерінің қауіпсіздігін

қамтамасыз ететін инновациялық

технологияларды енгізу; қан

компоненттерінің инфекциялық және

иммуногематологиялық қауіпсіздігін

қамтамасыз ету; ПОҚО-нда шығарылатын

қан компоненттерінің сапасына

бақылауды қамтамасыз ету; қан

қызметі мамандарының біліктіліктерін

арттыру және үздіксіз оқыту;

медициналық ұйымдарға әдістемелік

және консультациялық көмек көрсету.

Конкурс қатысушыларына

басшысының

лауазымына үміткерді таңдау

кезінде негізгі талаптар:

- «Денсаулық сақтау» бағыты

бойынша жоғары білім және «Денсаулық

сақтау менеджменті» («Қоғамдық

денсаулық») мамандығы бойынша

сертификациялық курсты (қайта

даярлықты) өту туралы куәлік және

(немесе) тиісті мамандық бойынша

біліктілікті тағайындау туралы куәлік

немесе «Денсаулық» және (немесе)

«Бизнес, басқару және құқық» даярлық

бағыты бойынша жоғарғы білім немесе

«Денсаулық» және (немесе) «Бизнес

және құқық» даярлық бағыты бойынша

жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім не

болмаса МВA executive не болмаса

full time дәрежесі, денсаулық сақтау

саласындағы менеждер сертификаты,

денсаулық сақтау саласындғы

Ауыл шаруашылығы

жерлеріне конкурстар

Аграрлық саланың тиімділігі көбінесе жер ресурстарының

айналымы мен ұтымды пайдаланылуының

даму деңгейімен байланысты.

Облыста жерді ауыл шаруашылығы

айналымына толыққанды тарту үшін

тұрақты негізде шаруа немесе фермер

қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін

жүргізу үшін жалға беру құқығымен

жер учаскелерін 10 жылдан 49 жылға

дейінгі мерзімге беру жөніндегі конкурстар

өткізіледі.

Қазіргі уақытта мемлекеттік

меншіктегі және жер пайдалануға

берілмеген жер учаскелерін беру

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің

43-1-бабында және Шаруа немесе

фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы

өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі

жер пайдалану (жалға алу) құқығын

беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру

мен өткізу қағидаларында белгіленген

тәртіппен және шарттарда жүзеге

асырылады.

Конкурс жарияланғаннан кейін жеке

не заңды тұлға жер учаскесі орналасқан

жердегі әкімдікке конкурсқа қатысуға

өтінімді қағаз жеткізгіште немесе

«электрондық үкімет» веб-порталы

арқылы беру арқылы оған қатысуға

құқылы.

Халықтың қалың жігін хабардар ету

мақсатында конкурс өткізу туралы хабарлама

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің

аумағында таратылатын жергілікті баспа

басылымдарында, Жер ресурстарын

басқару жөніндегі орталық уәкілетті

органның, әкімдіктердің интернетресурстарында,

арнайы ақпараттық

стендтерде, сондай-ақ әлеуметтік

желілердегі ресми парақшаларда

жарияланады.

Шаруа немесе фермер қожалығын

жүргізу үшін жер учаскесін алуға

айрықша құқықты шаруашылықты жеке

еңбекке қатысу негізінде жүргізетін,

арнаулы ауыл шаруашылығы білімі мен

біліктілігі бар, ауыл шаруашылығында

практикалық жұмыс тәжірибесі бар

және осы ауданда, қалада, ауылда,

кентте тұратын азаматтар пайдаланады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі

құжаттар тапсырылады:

- Қазақстан Республикасының

мемлекеттік емес заңды тұлғалары

үшін – заңды тұлғаның атауы және

орналасқан жері, заңды тұлғаның

мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі)

туралы, жарғылық капиталдағы

(жарғылық капиталдың жалпы

мөлшерінен) үлестерінің мөлшері

көрсетіле отырып, өтініш беруші

заңды тұлғаның басшылары мен

қатысушылары немесе акционерлері

туралы мәліметтер, өтініш берушінің

басқару қызметінде жұмыс өтілі

кем дегенде 3 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін мына

тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жасқа толмағандар;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық

жасағандар;

3) Қазақстан Республикасының

заңнамасымен белгіленген тәртіпте

өтелмеген немесе шешілмеген

соттылық болғандар;

4) Қазақстан Республикасының

заңнамасымен қарастырылған өзге

жағдайлар.

Конкурсқа қатысатын тұлға

конкурсты өткізу туралы хабарландыруда

көрсетілген мерзімде

мына құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда баяндалған

өмірбаян;

3) білім туралы құжаттар

көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (бар болған

жағдайда) немесе еңбек шартының

көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнына

қабылдау және (немесе) еңбек шартын

бұзу туралы бұйрықтардан үзінді;

5) Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің м.а.

2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР

ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген

нысан бойынша денсаулық жағдайы

туралы анықтама (Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігінде

2020 жылғы 4 қарашадағы №21579

тіркелген).

6) Қазақстан Республикасы

үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

- жеке тұлғалар үшін – өтініш

берушінің тегі, аты және әкесінің

аты, тұрғылықты жері, азаматтығы,

ЖСН, өтініш берушінің жеке басын

куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

- өтініш беруші үміттеніп отырған

жер учаскесінің орналасқан жері;

- конкурстық ұсыныс;

- жер учаскесін жалдау шартын

жасасу бойынша міндеттемелер.

Іс жүзінде конкурстардың күшін

жою, құжаттардың толық емес пакетін

ұсынуға немесе толық емес мәліметтерді

көрсетуге байланысты сұрақтар

туындағанын ескере отырып, құжаттарды

тапсыру кезінде ұсынылған мәліметтер

мен құжаттардың толықтығына назар

аудару қажет.

Өз кезегінде конкурстық ұсыныста

мыналар болуы керек:

- бизнес-жоспар (инвестициялардың

болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы

дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл

шаруашылығы жануарларының мал

басы, қолданылатын агротехнологиялар,

ауыл шаруашылығы техникасы

мен технологиялық жабдықтың, ауыл

шаруашылығы саласындағы білікті

мамандардың болуы, құрылатын

жұмыс орындарының саны);

- шаруашылықішілік жерге орналастыру

жобасын жасау және игеру,

ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын

дамыту жөніндегі іс-шараларды

орындау бойынша міндеттемелер;

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы

жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын

қоса алғанда, Қазақстан Республикасы

Жер заңнамасының талаптарын

орындау, өңірдің мамандануына сәйкес

ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс

алаңдары құрылымын әртараптандыру

бойынша индикативтік көрсеткіштерді

орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды,

фитосанитариялық

және карантиндік талаптарды сақтау

жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныс, оны «электрондық

үкімет» веб-порталы арқылы беру

жағдайларын қоспағанда, беттері

нөмірленіп, тігілген түрде жабық

конвертте ұсынылады.

Конкурс жеңімпазы бизнес-жоспар

бойынша, оның ішінде конкурстық

ұсыныста көрсетілген инвестициялардың

болжамды көлемі бойынша балл беру

жолымен бағаланады.

Барлық сұрақтар бойынша жер

қатынастары саласындағы уәкілетті

органдарға жүгіну керек.

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-ның жазылу бөлімі: 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны:

32-35-35.

Бас прокуратурасының құқықтық

статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитетінің соттылық жоқ

туралы анықтамасы.

Конкурс қатысушысы оның білімі

туралы, жұмыс өтілі, кәсіби

дайындығының деңгейіне (біліктілікті

арттыру, ғылыми дәрежелерді және

білімдерді тағайындау туралы

құжаттардың, ғылыми мақалалардың,

сондай-ақ соңғы жұмыс орны

басшылығынан ұсыным туралы

құжаттар көшірмелерін) қатысты

қосымша құжаттарды ұсына алады.

Конкурсқа қатысу туралы

өтінішті ұсыну мерзімі:

Конкурсқа қатысатын тұлғалардан

құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында

конкурсты өткізу туралы

хабарландыру шыққан күннен бастап

он бес күн ішінде қабылданады.

Құжаттарды қабылдау күнінің

басталуы:

Конкурсқа қатысатын тұлғалардан

құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында

конкурсты өткізу туралы

хабарландыру шыққан күннен басталады.

Құжаттар мына мекенжай

бойынша қабылданады:

бұқаралық ақпарат құралдарында

конкурсты өткізу туралы хабарландыру

шыққан күннен бастап он бес

күн ішінде Павлодар қаласы, Естай

көшесі, 79-үй, телефоны 8 (7182)

32-49-16, қызметкерлерді басқару

қызметі, №211 кабинет.

(20177)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8235 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1762

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 9 қазан, сенбі, 2021 жыл БАСПАСӨЗ-2022

SARYARQA SAMALY

More magazines by this user
Similar magazines