Сарыарқа самалы, 12 қазан, сейсенбі

PavlodarNews

Екпе алу - елдің амандығы

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

12 қазан, сейсенбі

2021 жыл

№117 (15735)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

МҮМКІНДІК

Цифрлық сауат

жас талғамайды

БИЛІК

Баға

бақылауда

Азық-түлік бағасының өсуіне

жол бермеу мақсатында ел Үкіметі

қосымша шаралар қабылдауда.

Жылдың соңына дейін

өңірлік тұрақтандыру қорларынан

интервенциялар жүзеге

асырылмақ.

Инновациялық Еуразия университеті зейнет жасындағы азаматтардың

цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында тегін 2 айлық

курс ұйымдастыруда. Аталмыш курс республика деңгейінде алғаш

рет өткізіліп отыр. Тіпті, қала тұрғындары арасында сұранысқа

ие болуда. Қазіргі кезде төртінші лекке өтініштер қабылдау

басталды.

Мәдениет:

МУЗЕЙ МАЙТАЛМАНЫ

Суретті түсірген – Тілеуберді Сахаба.

Жалғасы 3-бетте

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейі – өңірдің әдеби-мәдени өмірінен сыр

шертіп тұрған бірегей мәдениет ошағы. Ертістің Павлодар өңірінен шыққан біртуар ғалымдар,

өнер қайраткерлері және ақын-жазушылардың мол мұрасын жинақтап, жан-жақты зерттеп,

елдің игілігіне жаратып отырған қазына аралы.

Толығырақ 5-бетте

«Айналым схемасы» шеңберінде өңірлерде

167,7 мың тонна әлеуметтік маңызы

бар тауарлар сатып алынды. Ең көп

қамтылғаны нан (41 мың тонна), картоп,

ұн және қант (71,6 мың тонна) қоры болды.

Күнбағыс майын, қарақұмық, сиыр еті мен

қырыққабатты сатып алуға қаржыландыру

ұлғайтылатын болады.

Нан бағасының өсуіне жол бермеу

мақсатында биылғы жылдың соңына дейін

өңірлік тұрақтандыру қорларынан интервенциялар

бөлінеді. Кейіннен «Азық-түлік келісім

шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-дан арзандатылған

бидай сатып алу арқылы жүзеге асады.

Ішкі нарықты дизель отынымен

қамтамасыз ету үшін автомобиль көлігімен

мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салынғаны

мәлім. Атырау МӨЗ-інде жоспарлы

жөндеу жұмыстары 2022 жылға ауыстырылды.

1 қыркүйектен 5 қазанға дейін

РФ-нан 55,9 мың тонна дизель отыны

импортталды және басқа да шаралар

қабылданды. Павлодар мұнай-химия

зауытының мұнайды бастапқы өңдеу

кешенін жөндеу мерзімін 1 қазаннан

9 қазанға ауыстыру қосымша 30 мың тонна

дизель отынын өндіруге мүмкіндік берді.

Жөндеу жұмыстарын аяқтау ағымдағы

жылдың 4 қарашасына жоспарланған.

Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау

және дамыту агенттігі Шымкент қаласында,

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы,

Павлодар, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында

87 тауар позициясы бойынша сауда

үстемесін көтерудің 16 фактісін анықтады.

Үкімет басшысы Асқар Мамин арнайы

кеңес өткізіп, өңірлердің әкімдеріне тұрақтандыру

қорларын азық-түлікпен толықтыру

және «айналым» схемасына қаражат бөлу

жөніндегі жұмысты жандандыруды, сауда

субъектілерінің сауда үстемесін бұзуы фактілері

бойынша дереу шаралар қабылдауды,

халықтың және коммуналдық-тұрмыстық

сектордың қажеттіліктері үшін үздіксіз

көмір жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Әзірлеген - Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 12 қазан, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ЭКОЛОГИЯ

80 түп

ағаш егілді

Аймағымызда экология мәселесіне атүсті

қарамайтын қоғамдық бірлестіктер аз емес.

Әрдайым маңызды шаралардың басы-қасынан

табылып, белсенділік танытуда.

ЖӘРМЕҢКЕ

Нұр-Сұлтан қаласында павлодарлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің

қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылды. Екі күнге созылған шарада

елордалықтарға 520 тонна өнім ұсынылды.

Павлодарлық

өнімге сұраныс мол

Оралхан ҚОЖАНОВ

Өткен сенбіде облыс орталығында

«Майдан жолы»

іздестіру жасағы, «Подари

Земле сад» қоры және Назарбаев

зияткерлік мектебінің

мұрындық болуымен «Даңқ

аллеясы» экологиялық акциясы

ұйымдастырылды. Шара ел

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

және 314-ші атқыштар дивизиясының

құрылғанына 80 жыл

толуына орай қолға алынды.

«Майдан жолы» іздестіру

жасағының командирі Александр

Шитовтың айтуынша,

шара соғыста қаза болған

Ұлы Отан соғысы және тыл

ардагерлерін бір минут еске

алумен басталған.

- Акцияға қатысушылар

80 түп ағаш отырғызды.

Суаруға қалалық тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімі көп

ТАРТУ

көмек көрсетті. Ткачев көшесі,

16/2 мекенжайы аумағында

ұйымдастырылған шараға

белсенді атсалысқандардың

қатарында Чернобыль ардагерлері,

«Қарулы күштер ардагерлері»

республикалық қоғамдық

бірлестігінің жергілікті

филиалы мүшелері, Қабанбай

батыр атындағы мамандандырылған

әскери мектепинтернатының

шәкірт-тері,

этно-мәдени бірлестік өілдері,

«VITA» ерікті іздестіру тобы,

география үйі, «Вертикаль»

туристік клубы және тағы басқа

ұйымдар бар. Тіпті, көршілес

орналасқан үйдің тұрғындары

да қол ұшын созды, - дейді

А.Шитов.

Бұл бағыттағы шаралар

алдағы уақытта да жалғасын

таппақ.

О.АХМАДИЯ.

Қайта жаңғырған

балабақша

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының ұсынған мәліметіне

сүйенсек, жергілікті тұрғындар көбіне

картоп, көкөніс және ет өнімдеріне

қызығушылық танытқан. Мұнда сиыр

етінің бір келісі 2000 теңгеден, тауық

еті 1000 теңгеден сатылған. Картоп,

пияз, орамжапырақ, қызылша,

сәбіз – барлығы 120 теңгеден

(1 кг) босатылыпты. Жұмыртқаның

10 данасы 380 теңгеге бағаланған.

Жалпы, елордаға апарылған

520 тонна өнімнің құны 200 млн

теңге тұрады екен.

Картоп, қырыққабат, сәбізді

«Ақтоғай Агро» ЖШС, «Тимур»,

«Андас», «Маяк», «Заря» ШҚ, етті

«Галицкое» ЖШС, «Победа» ЖШС,

«Табыс» ШҚ, «Луганск» ӨК, «Ақжар -

Өндіріс» ЖШС ұсынған. Бұдан бөлек

«Жас өмір» қоғамдық қоры бірауыздан

қолдаған. Бұл күні 400 бөлке нан

үлестірілді.

Сондай-ақ қала тұрғындары

павлодарлық өнерпаздардың концертін

тамашалады. Бұдан бөлек, жұрт

назарына тарихи көрме ұсынылды.

Атап айтсақ, Г.Потанин атындағы

облыстық тарихи-өлкетану музейі

ұжымы 19-20-ғасырларда қолданылған

самаурынды, өзге де сырға

толы құнды заттарды паш етті.

Екібастұз қаласында ұзақ жыл бойы қаңырап

бос тұрған балабақшаның бұрынғы ғимараты

толығымен қайта жаңғыртылмақ.

Жаңарған білім беру мекемесін

ел Тәуелсіздігінің

30 жылдығы қарсаңында

пайдалануға беру жоспарланып

отыр. Соның нәтижесінде

кеншілер шаһарындағы

балабақша кезегі айтарлықтай

азаюы тиіс. Биыл қараусыз

қалған нысанды қайта жаңғырту

туралы шешім қабылданып,

облыстық құрылыс басқармасы

тиісті мемлекеттік конкурс

жариялаған болатын. Соның

нәтижесінде жөндеу жұмыстары

«Гидропром» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігіне жүктелді.

Мердігер компания жаңғырту

ісін осы жылдың көктемінде

бастады. Екі қабатты

ғимараттың есік-терезелерін,

еденін толығымен алып, тек

қабырғаларын қалдырды.

Құрылыс алаңындағы 50-ден

астам жұмысшы бірнеше айдың

дересінде жаңа терезелер

қойып, есіктер орнатып,

төбе мен еденін ауыстырып

үлгерді. Жалпы, мұнда

инженерлік-коммуникациялық

желілер жаңартылып, ішкі

әрлеу жұмыстары заманауи

талаптарға сай жасалмақ.

Сондай-ақ, бассейн мен

гимнастика залдары қалпына

келтіріп, ауласы қоршалып,

абаттандырылады.

Екібастұз қаласы әкімдігі

баспасөз қызметінің хабарлауынша,

«Гидропром» ЖШС

тиісті жұмыстарды желтоқсан

айына дейін аяқтап, Тәуелсіздік

күні жаңарған балабақшаны

ел игіліне беруді жоспарлап

отыр.

260 бүлдіршінге арналған

екі қабатты ғимаратта барлығы

10 топ болады. Мектепке

дейінгі мекемеде зияткерлік

бағытта білім беріп, робототехника,

лего, математикалық

даму, мультистудия, шығармашылық

және тағы да басқа

кабинеттер ашылады.

- Бүгінде Екібастұз қаласында

6901 бала балабақшаға

барады. Оған қоса, 1540 бүлдіршін

кезегін күтіп отыр. Жыл

басынан бері екібастұздықтар

қатарын 1058 сәби толықтырды.

Олардың барлығын мектепке

дейінгі біліммен қамту

керек. Сондықтан Сәтбаев

көшесіндегі бұрынғы балабақша

ғимаратының қалыпқа

келтірілуі тұрғындар мен жергілікті

әкімдік үшін зор мүмкіндік

болмақ, - дейді баспасөз

қызметінің өкілдері.

Қазіргі уақытта №9 шағын

ауданда екі мектепке дейінгі

мекеме бар. Оның бірі - арнайы

балабақша. №19 және 20 шағын

аудандардағы орналасқан тағы

екі балабақшада орын толық.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ,

Екібастұз қаласы.

«Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС,

«Сүт» АҚ, «МолКом Павлодар» ЖШС,

«Крендель» ЖШС сияқты кәсіпорындар

да брендке айналған тауарларын

саудалаған.

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік

және индустриалды-инновациялық

даму басқармасының басшысы

Руслан Идрисов павлодарлықтар

сапалы картобымен танымал екенін

айтады.

- Елордалықтардың әр облыстың

тауар өндірушілері келген уақытта

іздеп жүріп сатып алатын өнімдері

бар. Мәселен, павлодарлықтардың

картобы, көкөнісі зор сұранысқа

ие, - дейді маман.

Айтпақшы, жәрмеңкеде нан тегін

таратылғанын да атап өткен жөн.

Мұндай игі акцияны «Buka films»

жобалық тобы қолға алып, олардың

идеясын «Ертіс нан» кәсіпорны мен

Суреттерді түсірген - Ольга Бугаева.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 12 қазан, сейсенбі, 2021 жыл 3

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Бизнес академия

ашылды

Павлодар облысында АҚШ елшілігінің тікелей қатысуымен

екі бірдей ауқымды жоба қолға алынды. Соның бірі -

Инновациялық Еуразия университетінде ашылған әйелдерге

арналған бизнес академия.

Облыс әкімдігі мен АҚШ елшілігі

тығыз байланыста жұмыс істейді.

Соның бір дәлелі - аймақта алғаш

рет «Academy of Women Entrepreneurs»

бизнес академиясы жобасының іске асуы.

Бұл жобаның аясында аймақтың 18-40

жас аралығындағы қыз-келіншектері бір

жыл бойы бизнес жүргізудің қыр-сырын

үйренеді. Онлайн-сабақтарды АҚШ-тың

халықаралық деңгейдегі алдыңғы қатарлы

сарапшылары жүргізеді. Сонымен қатар,

мұхиттың арғы жағындағы елдің табысты

кәсіпкерлері өз тәжірибесімен бөліспек.

Академияның ашылу салтанатына

қатысқан облыс әкімінің орынбасары

Сәкен Шаяхметов бұл академия өңірде

шағын және орта бизнес нысандарының

көбейіп, олардың тұрақты дамуына оң

ықпал етеріне сенім білдірді.

- Жеке кәсібін бастауды қалайтын

30 қыз-келіншектің шетелдік білімді

тәлімгерлерден сабақ алуы - бизнес

«әлеміне» жасалатын алғашқы әрі нақты

қадам. Академиядағы оқу барысында

қатысушылар бизнес-жобаға деген

сұранысты саралап, құзіреттілігін арттырып,

дұрыс стратегия жасай алуы тиіс. Бұл

өз кезегінде өңір экономикасының

ілгерілеуіне әсер етеді. Сонымен қатар,

кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар,

жеңілдетілген несие алу жолдары

жан-жақты түсіндіріліп, қолдау көрсетіледі,

- деді С.Шаяхметов.

Академияның салтанатты ашылу

рәсіміне Олд Доминион университетінің

инновация және кәсіпкерлік институты

директоры Марти Казубовски,

«Стром», кәсіпкерлік орталығының

бағдарламалық менеджері Шәрен

Сканнел және АҚШ елшілігі жанындағы

мәдениет пен білім атташесі Эмбер

Аура қатысты.

- Бизнес академияның Инновациялық

Еуразия университеті қабырғасында

ашылуы - қуанышты жайт. Себебі бұған

дейін аталмыш жоғары оқу орнымен

бірге ағылшын тілі мұғалімдерін оқыту

бағытында бірлескен жобаны іске

асырған едік. Сондықтан әйелдер

кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған

оқудың да нәтижелі боларына сенім

мол, - деді Э.Аура.

Жастарға - жаңа мүмкіндік

Басы 1-бетте

Цифрлық

сауат жас

талғамайды

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

40-80 жас аралығындағы тұрғындарға оқу

ордасының студенттері Анастасия Кравчук және

Егор Прохоров бастаған еріктілер ұжымы сабақ

өткізеді.

- Цифрлық сауаттылықты насихаттауымыздың

себебі – егде жастағы азаматтарымызға жаңа

технологияларды қолдануды үйрету. Инновациялық

Еуразия университеті қабырғасында қарттар күні

қарсаңында «Күміс университет» қайырымдылық

шарасы өткен еді. Осының негізінде жоғары

оқу орны студенттерінің бастамасымен тегін

компьютерлік және мобильді сауаттылық арттыру

курсы ұйымдастырылды, - дейді Инновациялық

Еуразия университетінің студенті, ерікті Аяулым

Төлегенова.

Оқытушы маман Анастасия Кравчуктың айтуынша,

екі айлық курс барысында компьютермен

жұмыс, халыққа қызмет көрсету орталығы, яғни

egov сайтының онлайн қызметіне жүгіну, мобильді

қосымшаның көмегімен коммуналдық қызметтерді

төлеу (Halyk Bank, kaspi.kz, BCC.kz), әлеуметтік

желілер арқылы қарым-қатынас орнату сынды

заманауи технологияны тиімді қолдану үйретіледі.

Жалпы курсқа 50-ден астам адамнан өтініш

түскен. Оларды 3 топқа бөліп оқытады. Алғашқы

сабақ техникалық қауіпсіздік, компьютермен танысу,

пайдалану жолдары, ғаламтор браузерлеріне

арналды. Оған қоса, өңірлік «Жас Отан» жастар

қанатының бір топ белсенділері халыққа қызмет

көрсету орталығының қызметтерін онлайн пайдалануды

үйретті.

Курсқа қатысушы Людмила Кузнецова аталмыш

шараның берер пайдасы зор екендігін алға тартты.

- Цифрлық жүйенің бізге сыйлаған мүмкіндігі -

үйде отырып бір ғана смартфон көмегімен жұмыс

бітіре аласың. Ал біз сияқты жасы келген қарттар

үшін мұны меңгеру уақытты талап етеді. Үйдегі

ұл-қыздарымыз онлайн қызметтерге жүгінеді.

Енді осы курстан соң, керекті құжат немесе

ақпаратты ұялы телефон арқылы алуға мүмкіндігім

болатындығына қуаныштымын, - дейді Л.Кузнецова.

Аталмыш курс екі ай бойы әр сенбі, жексенбі

күндері аталған университеттің кітапханасында өтеді.

Павлодарда креативті өнертапқыш жастардың идеялары мен инновациялық жобаларын

жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі пайда болды. С.Торайғыров атындағы облыстық

кітапханада ашылған Maker Space шығармашылық зертханасына кез-келген оқушы мен

студенттерге өздерінің жаңа жобаларын дамыту бойынша келіп жұмыс істеуіне болады.

Тілеуберді САХАБА

Ерекше жоба ел Тәуелсіздігінің

30 жылдығы, Қазақстан мен АҚШ арасындағы

дипломатиялық қарым-қатынастың

30 жылдығы және С.Торайғыров

атындағы облыстық кітапхананың

125 жылдығы мерейтойлары аясында

жүзеге асырылды.

Орталықтың ашылу салтанатына

облыс әкімінің орынбасары Сәкен

Шаяхметов, АҚШ-тың Қазақстандағы

елшілігі миссиясы басшысының орынбасары

Джуди Куо қатысты. Жаңа жоба

аталған елшілік пен «Chevron» компаниясы

арасындағы меморандум аясында

іске асып отыр.

- Бұл аймағымыздағы білімге, ғылымға

құштар жастарды дамыту бағытындағы

ең маңызды қадамдардың бірі.

Жобаның мақсаты - өңірімізде креативті

экономиканы дамыту. Осы бағытта барлық

мүмкіндіктерді қолданып жатырмыз. Бұл

орталық креативті экономикадағы жаңа

бағыттың жолға қойылуына мүмкіндік

береді. Мұндай орталық елімізде алғаш

ашылып отырған жоқ, басқа өңірлерде де

бар. Бұл АҚШ елшілігімен бірге атқарған

істердің басы ғана, әлі талай жобаны

бірлесіп атқарамыз деген ойдамын, -

Сәкен Шаяхметов.

Елшілік өкілі Джуди Куоның айтуынша,

елімізде осындай 10 орталық

ашу жоспарланған. Бұл – бесіншісі.

- Біз павлодарлық жастарға жаңа

Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.

технологиямен жұмыс жасауға мүмкіндік

беріп отырғанымызға қуаныштымыз.

Жастар – елдің болашағы. Осы салаға

қызығушылығы бар жастар дамитын

болады. Оның ішінде қыз балалар мен

әйелдер де осы саланың дамуына өз

үлестерін қосса деймін, - деді ол.

Облыстық кітапхана директоры

Шолпан Шахметованың айтуынша,

орталық тегін қызмет көрсетеді. Мұнда

студенттер робот құрастыру, 3D модельдеу,

ағаш және темір өңдеу жұмыстарымен

айналыса алады. Кабинетте

қажетті құралдың барлығы бар. Алдағы

уақытта мектеп оқушылары мен

колледж және жоғары оқу орны студенттеріне

экскурсия ұйымдастырмақ.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Жақсылық

жасаудан

жарыс!

Сенбі күні ұлттық қайырымдылық

күніне орай, игі істер марафоны аясында

өңірімізде «Жақсылық күні» акциясы

өткізілді. Манақбай сауда үйі жанында

өткен игі шараға еріктілермен қатар

№ 36 экологиялық бағыттағы жалпы

орта білім беру бейіндік мектебінің

оқушылары қатысты.

- Бұл акция әлемде кез келген адамдарды

ұлтына, дініне және жасына қарамастан біріктіріп,

қайырымды істер жасауды көздейді. Мейірімділік –

әлемді жақсы жаққа өзгертетін адамдық қасиет,-

деді шараға қатысушы оқушалар.

Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен

еріктілер жасағы жергілікті тұрғындарға

сый-сыяпат жасады. Кез келген қала тұрғындары

мен қонақтары акция шеңберінде тәтті шоколадтар

мен қолдан жасалған бұйымдарға ие болды.

- Өмірде адамдарға мейірімділік аса қажет.

Акцияның мақсаты - жақсылық жасау, көмекке

мұқтаж адамдарға көмектесу, қол ұшын беру.

Өскелең жас ұрпақты осы бағытта тәрбиелеу

керек. Әлемді тек махаббат емес, мейірімділік те

құтқарып қалады, - деді «Вита» еріктілер жасағының

жетекшісі Еркебұлан Күнтуған.

Аталмыш акция еліміздің әр аймағында өткізілуде.

Риясыз игі істер жасауға, акцияға қосылуға ұмтылған

барлық тұрғындарды еріктілер қатарына шақырамыз.

Қайырымды істерді мереке күндері ғана емес,

күнделікті өмірімізде жасайық. Жақсылық жасаудан

жарысайық!

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


4 12 қазан, сейсенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Қандастардың өнерін

тамашалаймыз

- Болат Зауытұлы, алдымен

«Қасиетті қазақ елі» өнер

фестивалінің маңызы жайында

айтып өтсеңіз...

- Бұл - біздің елде жыл сайын

ұйымдастырылатын дәстүрлі мәдени

шара. Яғни, еліміздің әртүрлі

қаласында өтіп келген. Ал Павлодар

облысында тұңғыш рет өткізілгелі

отыр. Ең басты ерекшелігі – ел

Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына

арналып ұйымдастырылуда.

Аталған фестиваль ҚР Ақпарат

және қоғамдық даму министрлігінің

тікелей қолдауымен, «Отандастар»

қоры мен «Дүниежүзі қазақтары

қауымдастығының» ұйымдастыруымен

өтіп келеді. Біздің өңірде болатын

халықаралық фестивальге облыс

әкімі тікелей қолдау көрсетуде.

Яғни, ұйымдастыру шараларына

облыстық мәдениет, тілдерді дамыту

және архив ісі басқармасы, қалалық

мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімі атсалысуда.

- Бұл шараға қатысушылар

қандай елдерден келеді?

Аудан орталығындағы «Ет

бастау» ЖШС соңғы 10 жыл

дересінде ет өнімдерін әзірлеумен

айналысып келеді. Дайын өнім

облыстың және өзге өңірлердің

нарығына жеткізіледі. Ендігі ретте

ауылдағы өңдеу орны кәсіп аясын

кеңейтіп, етті вакуумдық қаптамаға

салуды ойластырып отыр. Кәсіпорын

өкілдері облыстық кәсіпкерлік

және индустриялық-инновациялық

даму басқармасының басшысы

Ернұр Жәутікбаевпен өткен кездесу

барысында жаңа цех 30-ға жуық

тұрғынды тұрақты жұмыс орнымен

қамтитынын айтты.

- Бүгінде тұтынушылардың сұранысы

бір орында тоқтап тұрмайды.

Сатып алушылар өнімнің ыңғайлы,

қолайлы әрі қолжетімді болғанын

қалайды. Осы бағыттағы сұранысты

ескере отырып, етті вакуумдық

қаптамаларға салуды жөн деп

шештік. Мұндай жағдайда өнімді

сақтау да тиімді. Тәулігіне шамамен

екі тонна етті осындай қаптамаға

салу ойда бар. Кесек ет, сүйек,

тартылған ет - барлығы жеке-жеке

қапталады, - дейді «Ет Бастау»

ЖШС өкілдері.

Облыс орталығында 14-15 қазан күндері «Қасиетті

қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі ұйымдастырылмақ.

Фестивальде өңір тұрғындары шетелде

тұратын этникалық қазақтардың жыр-термесі

мен ән-күйін тыңдайды. Сонымен қатар, қолөнер

туындыларын тамашалайтын болады. Аталған

іс-шара туралы толығырақ «Дүниежүзі қазақтары

қауымдастығының» Павлодар облыстық филиалының

төрағасы, «Отандастар қорының» қандастарды

ақпараттық қолдау орталығының меңгерушісі

Болат Зауытұлынан сұрап білдік.

- Өнер фестиваліне Түркия,

Моңғолия, Ресей, Қытай, Өзбекстан,

Қарақалпақстан сияқты мемлекеттерден

40-тан астам қандасымыз

келеді. Сонымен қатар, еліміздің әр

өңірінен ұлттық өнерді насихаттап

жүрген өнерпаздар шақырылды.

- Шетелдегі бауырларымыз

Атамекенге қандай кәдемен

келе жатыр?

- Қандастарымыз қазақ халқының

ғасырдан-ғасырға жалғасып

келе жатқан ұлттық мұраларын,

дәстүрлі құндылықтарын алып

келетін болады. Құрметті меймандар

ұлтымыздың көне мәдениеті

мен өнерін алдымызға

тосады. Атап айтқанда шетелдегі

қандастар арасында жиі айтылатын

жыр-термелер, ән-күйлер

орындалады. Сонымен қатар,

ұсталар мен шеберлердің қолөнер

туындылары көрмеге қойылады.

Бұл көрмеден нағыз көшпенді

қазақтың тұтынған заттарын,

киген киімдерін тамашалауға

болады. Негізгі мақсатымыз -

шетелдегі дарынды қазақ жастарына

рухани және материалдық

тұрғыдан қолдау көрсету. Сонымен

қатар, қандастарымыздың әр алуан

елде тұрса да, біртұтастығы мен

Ет өнімдері -

жаңа қаптамада

Е.Жәутікбаев Тереңкөл ауданына

сапары барысында өткен жылы

«Жұмыспен қамтудың жол картасы»

бағдарламасы аясында суармалы

алқап көлемін арттырған «Береговое-Агро»

ауыл шаруашылығы

кооперативіне де барды. Мұндағы

7 шаруашылық электр энергиясы

желілерін тартып, сорғы станциясын

орнатып, су магистралін іске қосты.

«Бейсембаева» шаруа қожалығы

да суару құрылғыларын сатып

отансүйгіштігін кеңінен насихаттау

көзделген.

- Көрмеге қойылған заттарды

сатып алуға да мүмкіндік

бола ма?

- Иә бұл шараның тағы

бір мақсаты шетелде тұратын

дарынды жастарды материалдық

тұрғыдан қолдау болғандықтан,

олардың қолынан шыққан туындыларды,

кәдесыйларды сатып

алуға болады. Шараның тағы бір

ерекшелігі, құрметті меймандарымыз

жергілікті тұрғындарға

қамшы өру, тігін тігу, ою пішу,

киіз басу өнері бойынша шеберлік

сабағын өткізеді. Шара соңында

«Қасиетті қазақ елі» халықаралық

өнер фестивалінің Гран-при иегері

мен жүлдегерлері анықталады.

Жеңімпаздарға арнайы төсбелгілер

мен дипломдар және бағалы

сыйлықтар табысталады. Фестиваль

лауреаттарын марапаттауға

арналған гала-концертке елімізге

белгілі өнер майталмандары

қатысады.

- Ақпаратыңызға рахмет!

Әңгімелескен –

Тілеуберді САХАБА.

Тереңкөл ауданында жыл соңына дейін етті вакуумдық

қаптамаға салып, дүкен сөрелеріне жөнелтетін жаңа цех

іске қосылмақ. Өнімнің мұндай түрі тұтынушыларға

ыңғайлы болуы тиіс.

алып, жеке ісін дөңгелетіп отыр.

Бұл ретте Тереңкөл ауданының

кәсіпкерлері қандай да бір туындаған

мәселелер «Business Ertis» өңірлік

бағдарламасы аясында тез арада

оң шешімін табатынын атап өтті.

Аталмыш бағдарламаның ауылдағы

шағын және орта бизнесті дамытуды

көздейтін бағыты бойынша

көрсетіліп жатқан қолдау да аз

емес.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерде кең

ауқымды білім беру бағдарламасын қолға алды.

Бұл ретте Павлодар өңірі де қамтылады.

Ізденіске

қолдау

көрсетеді

Жобаның негізгі

міндеттері ҚР Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың

биылғы Жолдауындағы

тапсырмалармен үндес.

Мемлекет басшысы оқыту

бағдарламасын жетілдіру,

қашықтан білім

беруге арналған ақпараттық

жүйелердің сапасын

арттыру, педагогтардың

біліктілігін арттыру

мен әлеуметтік әлжуаз

отбасылардың балаларын

қолдауды тапсырған

болатын.

Мәлімдемеге сәйкес,

Eurasian Resources Group

Ақтөбе, Қостанай мен

Павлодар облыстарында

«ERG mektepke» бастамасын

жүзеге асырады.

Жоба мектептердегі педагогтар

мен жетекшілердің үздіксіз кәсіби

дамуына септесу арқылы осы

аймақтардағы орта білім беру ісін

ілгерілетіп, инженер-техникалық

және цифрлық технология мамандықтарына

балалардың қызығушылығын

арттыруға бағытталған.

«ERG mektepke» жобасы

Ақтөбе, Қостанай және Павлодар

облыстарындағы жалпы саны

280 мектепті қамтиды. Ол оқу

бағдарламасы, оқушылар, педагогтар

мен мектеп жетекшілерін

оқыту, жаһандық конференцияларға

қатысу мен интерактивті

цифрлық тұғырнамаға жол ашпақ.

– Әлеуметтік жауапты компания

ретінде ERG өз кәсіпорындары

орналасқан өңірлер мен ондағы

тұрғындардың дамуына септесер

көптеген әлеуметтік жобаларды

жүзеге асырып жатыр, - деді

ERG-дің адам ресурстарын басқару

жөніндегі Бас директоры Инна

Губарева. – Біздің кәсіпорындар –

бұл қалалардағы ең ірі жұмыс

берушілердің бірі. Сондықтан

біз білім беру ісіне септесуіміз

керек. «ERG mektepke» жобасының

мақсаты - кәсіпорындарымызға

болашақ кадрларды әзірлеу. Біз

мектептердің цифрлық ресурстар

мен ең озық педагогикалық

тәжірибелерді меңгергенін қалаймыз.

Оның үстіне, бұл бастама теріс

еңбек миграциясының қарқынын

төмендетуге сеп болады деген

сенімдеміз.

Жоба оқушылар мен мұғалімдерді

жаңа білім беру ресурстарымен

қамтамасыз етеді. Олар

математика, география, ағылшын

тілі, физика, химия, биология

пәндері бойынша ERG Digital Mektep

цифрлық тұрғырнамасындағы

интерактивті контентті пайдалана

алады. Бұдан бөлек, STEM және

функционалды сауатты дамытуға сеп

болар симуляторлар бар. Ондағы

барлық контент қазақ және орыс

тілдерінде. Интерактивті тапсырмаларды

қоса алғанда, тіпті білім

беру ісін нақты оқушыға сай персоналды

етіп икемдеуге болады.

Жоба операторлары – EdCrunch

Academy қазіргі заманғы білім

беруді дамыту институты мен BTS

Education. Ұстаздарға жоғарыда

аталған аймақтарда пән бойынша

білім беруді дамытуға қатысты

интенсивті 120 курс, функционалды

сауатты арттыруға қатысты

10 курс және цифрлық сауатты

арттыру жөнінде тура осындай

курс ұсынылады.

Аймақтарда мастер-кластарды

EdCrunch Academy, BTS Education,

Назарбаев зияткерлік мектептері,

Абай атындағы ҚазҰПУ, Жоғары

экономика мектебі сынды педагогика

саласындағы сараптама

орталықтарының жетекші

оқытушылары өткізетін болады.

Мектеп басшылығын қайта

даярлау бағдарламасы олардың

басқару біліктілігі мен құзіретін

арттыруды көздейді. Оқыту барысында

интерактивті презентациялар,

топтық жұмыс, тюторлардың

сүйемелдеу әдістерін қолданып,

Қазақстан мен ТМД елдеріндегі

ең танымал көшбасшы мектептердің

жетекшілері келіп, қонақ

дәрістерін оқиды.

Бағдарламаның үздік әрі белсенді

тыңдаушылары Алматыда

желтоқсанның 7-8-і күндері өтетін

білім берудің EdCrunch жаһандық

тың технологиялары конференциясына

жолдама алады. Оған

білім беру саласының ең белді

сарапшылары мен жетекшілері,

инвесторлар мен кәсіпкерлер, әлемнің

озық ұстаздары шақырылған.

– Қашықтан білім беру кезеңі

оқушылар мен педагогтарға

айтарлықтай салмақ салды, -

деді Павлодар қаласындағы

«Дарынды балаларға арналған

№3 гимназияның» директоры

Қорлан Құспекова. – Әсіресе, қолдау

жүйелері мен ресурстарға қол

жеткізе алмайтын шалғайдағы

аудандардың тұрғындарына ауыр

тиді. «ERG mektepke» жобасы

көптеген оқушылардың қазіргі

виртуалды оқу ортасына бейімделіп,

қатардан қалмауына септеседі

деген үміттемін.

Білім беру бағдарламасы

мектептердегі барлық педагогтарға

ашық.

«ERG mektepke» қыркүйекте

басталып, жыл бойы тұрақты

өткізілетін дәстүрге айналмақ.

Бағдарламаның сапасын бақылау

үшін Сарапшылар кеңесі құрылған.

Оның құрамында Қазақстанның

жетекші білім беру ұйымдарының

әдіскерлері мен жетекшілері

бар. Жоба ҚР Білім және

ғылым минстрлігінің қолдауымен,

Ақтөбе, Қостанай және Павлодар

облыстарының білім басқармалары,

«НЗМ» ДББҰ, EdCrunch

Academy, BTS Education, «Парыз»

және «Ертіс Көмек» пен «Densaulyq

Qostanai» қорларымен серіктесе

отырып, жүзеге асырылып жатыр.

Өз тілшіміз.


SARYARQA SAMALY

МӘДЕНИЕТ 12 қазан, сейсенбі, 2021 жыл 5

Музей

майталманы

Бұқар жырау атындағы

облыстық әдебиет және өнер

музейі – өңірдің әдеби-мәдени

өмірінен сыр шертіп тұрған

бірегей мәдениет ошағы.

Ертістің Павлодар өңірінен

шыққан біртуар ғалымдар,

өнер қайраткерлері және

ақын-жазушылардың

мол мұрасын жинақтап,

жан-жақты зерттеп, елдің

игілігіне жаратып отырған

қазына аралы. Бастапқыда

музей қорындағы құнды

жәдігерлер саны төрт мыңға

жуық болса, қазір елу бес

мыңның үстінде.

Торғын ОРАЗАЛЫ

Осындай қыруар қазынаны жүйелеп,

көздің қарашығындай сақтап отырған музей

қызметкерлерінің еңбегі орасан. Бүгінгі сөз

бар ғұмырын музей ісіне арнаған майталман

маман Мағзия Әбенова туралы болмақ.

Музей саласына еңбегі сіңген қайраткер,

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет

және өнер музейі директорының орынбасары

Мағзия Қайырбекқызы экскурсия

жүргізуші ретінде 36 жылдан бері табысты

қызмет етіп келеді. Музей саласына көп

жылдар бойы қажымай-талмай еңбек сіңірген

жанның ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тұлғалары»

облыстық жобасында жеңімпаз атануы –

заңды.

- Музей – жанды организм, біздің тарихымыз,

бүгініміз бен ертеңіміз. Туған жердің

тарихы мен мәдениетін танып-білмеген адам

елдің патриоты бола алмайды. Экскурсия

жүргізуші туған жерін шексіз сүйіп, оның

тарихын жақсы білуі керек, - дейді Мағзия

Қайырбекқызы.

1990 жылдың 1 ақпанында облыстық

әдебиет және өнер музейінің негізі қаланып,

оған Бикеш Дүрманова жетекшілік етті.

Жаңа музей XVIII ғасырдың ойшылы, аты

аңызға айналған Абылай ханның кеңесшісі

әрі көмекшісі Бұқар жырау есімімен аталды.

1992 жылдың 22 наурызында салтанатты

түрде ашылған музейге кейін Роза Игібаева

26 жыл бойы басшылық етіп, рухани орданың

қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты.

Музейге өлкетанушы, өнертанушы, журналист

Айтжан Бәделхан, Қуандық Қалиев,

Ербол Қайыровтар көп еңбек сіңірді. Ербол

Мәтіұлы бүгінде музей директоры ретінде осы

бағыттағы жемісті қызметін жалғастыруда.

Еңбек жолын Г.Потанин атындағы тарихиөлкетану

музейінде бастаған Мағзия Әбенова

кейін осында қызметке ауысқан.

Мағзия Қайырбекқызы – музейдің жәдігерлерінің

ғана емес, ғимаратының тарихына

дейін жетік білетін білікті маман.

Музей ғимараты – Қазақстандағы ағаш

сәулет өнерінің ең әдемі ескерткіші.

- 1897 жылы ескі сәулет үлгісімен салынған

көз тартарлық ағаш үй кезінде мұсылман

мешіті ретінде тұрғызылған көрінеді. Фаттах

Рамазанов деген татар байы салдырған

ғимарат талапқа сай болмай шыққан соң сатып

жіберген. Айшықты оюлармен көмкерілген

көрікті ғимараттың түрлі себептермен қолданқолға

өтіп, бір ғасырдан соң рухани ордаға

айналуында тылсым сыр бар», - дейді Мағзия

Қайырбекқызы.

Ресейдің Алтай өлкесінде туып-өсіп, орыс

мектебінде тәлім алған Мағзия Әбенова ана

тілін өте жақсы меңгерген.

- Қазақ тілін меңгеруімізге әжем тікелей

әсер етті. Себебі ол кісі бізбен тек қазақша

сөйлесетін. Әжем орысша білмейді екен деп

жүрсек, ана тілімізді ұмытып қалмауымыз

үшін бізбен тек қазақша сөйлесіпті. Мен

мектеп бітірген соң «біржола орыс болып

кетпей тұрғанда елге көшейік» деп, отбасымызбен

атамекенге көшіріп әкелді. «Отанды

сүю – отбасынан басталады» деген сөз бекер

айтылмаған, тілді үйренуде де отбасының

маңызы зор. Ата-анасы қай тілде сөйлесе,

бала да сол тілді меңгеріп, дүниетанымы

қалыптасады.

Мұражайда бір тұлғаға қатысты жәдігерлер

жинақталады. Ал музейдің ауқымы кең.

Салада тәжірибесі мол маманның ақыл-кеңесіне

жүгінушілер де баршылық. Ескелдідегі атақты

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мемориалдық

мұражайында Мағзия Қайырбекқызының

қолтаңбасы бар.

- 2018 жылы Мәшһүр Жүсіптің 160 жылдық

мерейтойы өткен соң бір айдан кейін ғұламаның

немересі Қажымұқан Пазылов Мәшһүр Жүсіптің

мұражайы жаңа ғимаратқа көшірілетінін

...Музей қорында ел тарихында есімдері алтын әріптермен жазылған Ертістің Павлодар

өңірінен шыққан тұлғалардың 15 мыңнан астам түпнұсқа жәдігері бар. Алтын қорда

сақталған бағалы жәдігерлер қазақ ақындары, сазгерлері, ХХ ғасырдағы ойшылдардың

жеке заттары, қолжазбалары, өздерінің қолынан шыққан бұйымдар, сазды аспаптар,

құжаттар мен фотоматериалдар – музейдің баға жетпес құнды

,,

қазыналары...

айтып, онда қойылатын жәдігерлердің құндылығы,

мазмұнына қарай лайықты орналастырып

беруді сұрады. Көп ұзамай барлық

жәдігерлер экспозияция құру заңдылықтарына

сай орналастырылды. Өзіме артылған сенімді

ақтап шықтым деп ойлаймын. 2019 жылы

құнды жәдігерлерге толы Мәшһүр Жүсіп

мемориалдық мұражайы ашылды.

Музей қорында ел тарихында есімдері

алтын әріптермен жазылған Ертістің Павлодар

өңірінен шыққан тұлғалардың 15 мыңнан

астам түпнұсқа жәдігері бар. Алтын қорда

сақталған бағалы жәдігерлер қазақ ақындары,

сазгерлері, ХХ ғасырдағы ойшылдардың жеке

заттары, қолжазбалары, өздерінің қолынан

шыққан бұйымдар, сазды аспаптар, құжаттар

мен фотоматериалдар – музейдің баға жетпес

құнды қазыналары.

Музей қызметкерлерінің ыждаһатты зерттеу

жұмыстарының нәтижесінде Қошке

Кемеңгеров, Қадыр Тайшықов, Жүсіпбек

Аймауытов сияқты қуғын-сүргінге ұшыраған

ақын-жазушылардың өмірлерінен тың деректер,

құнды құжаттар табылған. Ал осы

жәдігерлердің музейден лайықты орын

тауып, келушілердің көзайымына айналуында

Мағзия Қайырбекқызының еңбегі зор.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және

өнер музейі еліміздегі үздік музейлер

қатарында. Биыл Бұқар жырау атындағы

әдебиет пен өнер музейі мәдениет ұйымдары

мен қызметкерлері арасында өтетін «Рухани

қазына-2021» байқауында «Ең үздік әдеби

музей» аталымына ие болды. Музейде халық

ауыз әдебиеті, көне түркі жазбалары, музейге

есімі берілген Бұқар жырау туралы баян

ететін XVII-XVIII ғасыр әдебиеті, әдебиеттер

достастығы залы, XX ғасыр әдебиеті, қазіргі

заман әдебиеті залы, өнер залы бар.

Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жазушыдраматург

Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа»

шығармасының түпнұсқасы сақталған. Дауылпаз

ақын Иса Байзақовтың шапаны, жеке ыдысы

және былғары әмиянын ақынның қызы

Мақпуза Байзақова табыстаған. Шәкен

Айманов кино өнеріндегі Алдар көсе рөлін

сомдағанда киген бөрікті кейінірек Шәкен

Аймановтың туыстары музейге тапсырған.

Шәкен Айманов өмірінің соңына дейін киген

тоны да сақтаулы. Иса Байзақовтың ауруханада

жатқанда ұстаған шәйнегі, Жүсіпбек

Аймауытовтың өз қолымен жасаған қағаз

кесетін ағаш пышағы, т.б. заттары, Қамар

Қасымовтың Нұтфолла Шәкеновке жасап

берген домбырасы, белгілі аспапшы Тоқбай

Жұмағұловтың балалайкасы - музейге

келушілердің көзіне ыстық көрінетін, жүрекке

ерекше әсер ететін құнды жәдігерлер. Музейде

ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ташпиғы,

бойтұмары, Қабдыкәрім Ыдырысовтың 1948

жылы жазылған «Ана», «Абай», «Әртіс» секілді

алғашқы өлеңдерінің қолжазбалары, жеке

күнделігі, домбырасы сақтаулы. 1926 жылы

Қызылорда театрында Қошкенің «Алтын

сақина» пьесасын сахналап, кәсіби театрдың

негізін қалаған Ж.Шаниннің, сатирик Сәбит

Дөнентаев, ақын Дихан Әбілев, Қалижан

Бекқожин, Ахат Жақсыбаев, т.б. белгілі

әдебиет-өнер қайраткерлерінің мұралары

сақталған. Павлодар облысында тұратын

Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерінің

туындылары музей төріне қойылған.

Жақында музейде ашылған «Өнер»

залы өңірдің өнер қайраткерлерінің өмірі

мен шығармашылығынан сыр шертіп тұр.

Қазақ өнерінің жиырмаға жуық жарқын

өкілінің музей қорында сақталған құнды

жәдігерлер тұрақты экспозициядан орын

тапты. Атап айтқанда, Жаяу Мұса Байжанов,

Естай Беркімбаев, Құдайберген Әлсейітов,

Тоқбай Жұмағұлов, Жабай Тоғандықов, Майра

Шамсутдинова, Қамар Қасымов, Шахан

Мусин, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев,

Садық Кәрімбаев, Фаина Миронова, Иван

Чистяков, Қуат Әбусейітов, Суат Әбусейітов,

Байтен Омаров, Айтжан Бәделханов, Жанас

Ысқақовтардың жеке заттары музей төрінде

тұр. Бірегей мәдениет ордасын тамашалаған

меценат Исламбек Салжанов атқарылған

қыруар еңбекті бағалап, ұжымға деген

ризашылықпен «Газель» автокөлігін сыйға

тартыпты. Ұлт руханиятына жанашыр жандар

көп болса, халқымыздың асыл мұрасы

ғасырдан ғасырға жетері сөзсіз.

- Мағзия Қайырбекқызы әңгіменің майын

тамызып айтқанда тыңдаған да арманда,

тыңдамаған да арманда. Кез келген

тақырыпта көсіліп сөйлей алады. Біз ол

кісіні «энциклопедия» дейміз. Ұшан-теңіз

біліміне, адамгершілік қасиеттеріне басымызды

иеміз, - дейді Мағзия Әбенованың

шәкірттерінің бірі, музей қызметкері

Маржан Шайхимова.

Музей ісінің майталманы Мағзия

Қайырбекқызының еңбегі лайықты бағаланып

келеді. ҚР Мәдениет және спорт министрінің

Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің

Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен

марапатталған. 2006 жылы Бурабайда

өткен республикалық туризм сайысында

«Ең үздік экскурсия жүргізушісі»,

2018 жылы облыстық сайыста «Жылдың ең

үздік жетекшісі», 2019 жылы өткен ұлттық

сайыста «Қазақстан Республикасының

үздік гид-экскурсоводы» аталымдарының

жеңімпазы атанды. Мағзия Қайырбекқызы –

ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің

иегері, Қазақстан туристік қауымдастығының

мүшесі, I санатты экскурсия жүргізушісі.

Мағзия Қайырбекқызының айтуынша,

экскурсия жүргізуші алдындағы аудиториясына

қарай бейімделуі тиіс. Мәселен,

тақырыпты терең білетін ғалымдар, әдебиеттанушылармен

тең дәрежеде әңгімелесіп,

балалар мен студенттер аудиториясына сол

деңгейде әңгімелеу қажет. Музей маманы

жан-жақты білімді болуы үшін кітапты көп

оқып, кез келген сұраққа мүдірмей жауап

беруі керек. Экскурсия жүргізуші тақырып

бойынша білгенінің оннан бір бөлігін ғана

айтып, экскурсияға қатысушыны барынша

қызықтырып, туған жері, біртауар тұлғалар

туралы ізденуге ынталандыру қажет.

Түйін:

«Тәуелсіздік тұлғасы» - өмірден орнын тапқан, сүйікті жұмысы,

мамандығы бар қалыптасқан адам болуы керек. Сүйікті ісіне деген

адалдық адамды жетістіктерге жетелейді. Қазіргі таңда жұмысты

жан-жақты жетілдіре түсуге мүмкіндік мол. Тек қана осы жолда

аянбай тер төгу қажет. Мәдениет саласында көп жылдар бойы

қызмет етіп, осындай жетістікке жету мен үшін зор қуаныш, -

дейді майталман маман Мағзия Әбенова.


6 12 қазан, сейсенбі, 2021 жыл ХАТҚОРЖЫН

SARYARQA SAMALY

Исабек ишанға

құрмет

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының

қолдауымен «Darhan Dala» жобасы жүзеге асырылуда.

Жақында облыс имамдары осы жоба аясында

Ертіс-Баян өңіріндегі Ислам руханиятының қайнар

көзі болған Ақкөл-Жайылмадағы Исабек ишан

хазіреттің кесенесіне зиярат жасады.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық кітапхана онлайн

түрде мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды. Аталмыш байқау жастар

арасында өткізілді.

Жүрегімсің сен, Отан!

Байқаудың шарты бойынша

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың

карантин кезінде оқуға ұсынған

кітаптары мен дәстүрлі «Бір

ел – бір кітап» әдеби акциясы

бойынша таңдалған кітаптардан

алынған өлең жырлары оқылуы

тиіс. Биылғы жылы бұл акция

«30 жыл – 30 кітап» айдарымен

өткізілуде.

Шараның негізгі мақсаты –

жастар арасында кітап оқуды насихаттау,

оқырмандық көзқарасты

кеңейту. Жастардың ел болашағына

деген патриоттық сезімі

мен азаматтық жауапкершілігін,

әлеуметтік белсенділігі мен

рухын арттыру.

Онлайн форматта өткізілген

байқауға он бір адам қатысты.

Ереже бойынша бейнеролик

жасау міндетті. Мұнда

оқушының сөйлеу мәнері мен

нақтылығы, мәтіннің бейнелі

жүйесі, шығарма тақырыбы

мен музыкалық сүйемелдеуі,

декорация бағаланады.

Аудандық кітапхананың

@koktobe.biblioteka әлеуметтік

парақшасында өткізілген байқаудың

жеңімпаздарын қазылар

мүшесі анықтады.

Бас жүлдені Майтүбек

ауылынан қатысқан ағылшын

тілі мұғалімі Айдана Көшербаева

иеленді. Ол замандас ақын,

жазушы С.Досжанның «Тәуелсіздік»

өлеңімен бақ сынады. Бірінші

дәрежелі диплом Көктөбе орта

мектебінің 10-сынып оқушысы әрі

кітапхананың оқырманы Әйнегүл

Серікке бұйырды. Таңдаған

шығармасы - С.Досжанның

«Тәуелсіздік туы» өлеңі. Ал Баскөл

ауылынан қатысқан мектеп оқушысы

Назерке Қайыргелдинова

І.Жансүгіровтің «Замандасқа»

өлеңімен екінші орынға лайықты

деп танылды. Ақсу қаласындағы

Жаяу Мұса атындағы колледж

студенті Нұрсұлтан Кәріпбай

М.Мақатаевтың «Шекара»

туындысымен көзге түсіп, үшінші

орынды алды.

Барша жеңімпаздарды құттықтай

отыра, байқауға қатысқан

қатысушыларға алғыс білдіреміз.

Т.ШОМАНОВА,

Аудандық кітапхананың

к і т а п х а н а ш ы с ы ,

Май ауданы.

Сапарға ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы

Жолдас қажы Қоспақұлы бастаған қала, аудан имамдары түгелдей

қатысты. Исабек ишан (1792-1871) хазірет аса көрнекті дін қызметкері,

Ихсан ілмін алғаш таратушылардың ұрпағы, философ, ағартушы

және ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұстазы болған. Қазіргі

Екібастұз ауылдық аймағына қарасты Ақкөл-Жайылма өңірін мекен

етіп, медресе ашып, мешіт салған. Ол туралы Мәшһүр Жүсіп Көпеев:

«Исабектей ишан жоқ бұл Арқада» деп бағалап, Исабек ишан

қайтқанда 85 шумақ, 340 жолдан тұратын жоқтау өлең жазған.

Ақкөл-Жайылмадағы Исабек ишан хазірет кесенесі – ақ тастан

тұрғызылған екі кесене, мешіт және зиярат етуге келушілерге

арналған үйден тұратын үлкен кешен. Оның кейінгі ұрпақтарынан

тараған Жандарбек қожа, Солтан қожа, Әшім қожа және Әпсағит

қожа деген кісілер де елге есімдері мәлім, абыройлы адамдар

болды.

Бас имам Жолдас Қоспақұлы бүгінде ҚМДБ бастамасымен Ихсан

іліміне ерекше көңіл бөлініп жатқанын, оның жаңадан басталған

дүние емес, ата-бабамыздың ғасырлар бойы осы ұстанып келген

рухани тәрбие жолы екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, ҚМДБ

тарапынан биыл қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және

зиярат мәдениеті» құжаттарының маңызына тоқталып, халық

арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету

мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды

үйрету имамдардың міндеті екендігін тілге тиек етті.

Кесене басында имамдар Исабек ишанның өмірбаянымен,

Ислам жолында атқарған еңбегімен жете танысып, Құран бағыштап,

дұға жасады.

«Сауап» тобының

сауапты ісі

Қасиетті Құранның «Хаж» сүресінің 77-аятында

Алла Тағала: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз

жетістікке жетесіңдер» деп әмір еткен. Сол үшін

мұсылман баласының бір-біріне көмек-жәрдем

жасауының сауабы мол.

Садақа беруден мал-мүлік азаймайды, қайта Алла сол жақсылық

жасаушы пенденің нығметін көбейтіп, беделін арттырады. Осы

сауапты мақсат еткен Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің «Сауап»

тобы қыркүйек айының соңғы аптасында 80 мұқтаж отбасына

қайырымдылық көмегін жасады. Атап айтқанда әрбір отбасына

10 келі картоп, 3 келі сарымсақ, 5 келі сәбізден үлестірді. Көмек

алған отбасы мүшелері де мешіт ұжымына ризашылықтарын

білдіріп, алғыстарын айтты.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.

Дәрігерлерге -

мың алғыс!

Зейнеткерлік «ауылының» тұрғыны болғандықтан,

денсаулығымыз жиі сыр беретіні рас. Осыдан

алты жыл бұрын сол көзіме ота жасалған еді.

Өткен жолы оң көзім мүлдем көрмей қалып, дәрігерлердің

арқасында жанарым қайтадан ашылды. Баянауыл аудандық

ауруханасының дәрігерлері Зәурен Дандан мен Гүлсара Асқарова екеуі

демалыс күндері де көмек көрсетіп, қиын кезде жанымнан табылды.

Антына адал екендерін іспен дәлелдеді. Павлодар қаласындағы

Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жіберіп, ота сәтті аяқталды.

Ондағы дәрігер Айжан Айтқазы мамандығының майталманы екені

екен. Есімдері аталған абзал жандардың арқасында өмірге жаңа

келгендей болдым. Көз жанарым нұрлана түсті. Дәрігерлерге ерекше

алғысымды білдіріп, отбасыларына амандық тілеймін!

Дүйсен МАТАЕВ,

Бірлік ауылы, Баянауыл ауданы.

Тәуелсіздік жетістіктері

№19 орта мектептің 2Б-сыныбында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие

сағаты өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған шараға

«Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің

төрағасы Байғабыл Майкотов қатысты.

Мұндай кездесулердің жас жеткіншектер

үшін пайдасы зор. Себебі, олар үлкендердің

әңгімесі арқылы жүріп өткен жолдарына көз

жүгіртеді. Сол арқылы ел Тәуелсіздігінің қалай

қалыптасқанына көз жеткізе алады. Аталған

Сергейге ризамыз!

Ауыл – азаматымен көрікті. Қолындағы барын

өзінің ауылдастарымен бөлісуді әдетке айналдырған

азаматтар әлі де баршылық. Әсіресе, орталықтан

шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарының

күні осындай қайырымды жандарға

қарап тұр деуге әбден болады. Кейінгі уақытта

ондай азаматтардың қатары көбейіп келеді.

Мен бүгін Ақсу қаласына

қарасты Достық ауылдық округінің

тұрғыны Сергей Беляков есімді

азаматтың қайырымшыл қасиетін,

ауылға деген жанашырлығын

және өзгеден ерекше азаматтығы

жайлы сөз еткім келеді. Ол осыдан

екі жыл бұрын Достық ауылында

өзінің жеке шаруашлығын

бастап, «PavlodarNaturProduct»

серіктестігін құрған еді.

Бүгінде кәсібі кеңейіп, егін

егумен және мал өсірумен айналысуда.

Содан бері үлкен-үлкен

жобаларды табысты жүзеге асырып

жатқанын байқап отырмыз.

Мысалы, ауыл маңында 4 мың

гектар жерді игеріп, картоп, сәбіз,

жүгері өсірумен шұғылданады.

Міне, соның арқасында Достық

және Береке ауылдарының

50-ге тарта азаматын тұрақты

жұмыспен қамтып отыр. Олар

орташа есеппен 100 мың теңге

көлемінде айлық алады. Ал

көктемгі егіс науқаны мен күзгі

жиын-терім науқанында ауыл

жастары қосымша жұмысқа

шығып, табыс тауып, бір серпіліп

қалады. Қазір серіктестік

жанында қосымша көкөніс

қоймалары салынып жатыр.

Себебі, ол тұрғындарға да жақсы

қарайласып, үлкендердің алғысбаталарын

алып келеді. Мысалы,

қыс болып, қар үйілген кезде

ауылдың жолдары бітеліп, көлік

жүру мүмкін болмай қалады.

Сондай кезде осы Сергейден

көмек сұраймыз. Бір ауыз сөзге

келместен, техникасын шығарып,

жолды ашып береді. Жақында

ауылымызда жаңа мешіт бой

көтеріп, тұрғындардың игілігіне

берілді. Сергей ауылдасымыз

осы ғибадат үйінің құрылысына

да айтарлықтай көмектесті.

Өтінішімізді жерге қалдырған

«Хатқоржынды» ақтарған - Тілеуберді САХАБА.

кездесудің мақсаты да сол. Яғни, еліміздің

басынан өткен қиын кезеңдер туралы ақпарат

бере отырып, оқушылардың туған елімізге деген

патриоттық сезімін ояту.

Кездесу барысында қонағымыз «Тәуелсіздіктен

кейіні Қазақстанның жеткен жетістіктері»

тақырыбында әңгіме айтып, оқушылармен пікір

алмасты. Сонымен қатар, оқушылардың көкейінде

жүрген сауалдарына жауап берді.

Жалпы, мұндай тәрбие сағаттары әр мектепте,

әр сыныпта өткі керек, оған мемлекетіміздің

дамуына өз үлесін қосқан еңбек адамдарын,

аузында ақылы бар өнегелі ел ағаларын шақыру

керек деген ойдамын. Бұл жас ұрпақтың

бойындағы патриоттық сезімді оятып, елге

деген сүйіспеншілігін арттыра түспек.

Ажар ЖАКУПОВА,

№19 орта мектептің бастауыш

сынып мұғалімі,

гуманитарлық ғылым магистрі.

кезі болған емес. Сонымен қатар,

ол ауылдың жоқ-жітік адамдарына

да тұрақты қарайласып

келеді. Биыл оқу жылы басталар

кезде «Мектепке жол» акциясы

аясында қаншама балаға киімкешек

пен оқу құралдарын сыйға

тартты. Міне, ауыл тұрғындары

үшін бұдан басқа қандай көмек

керек? Сондықтан, Сергейдің

жұмысына табыс тілей отырып,

барша ауылдастар атынан алғыс

айтамын.

Аңсар САНСЫЗБАЙҰЛЫ,

Береке ауылының тұрғыны,

Ақсу қаласы.


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 12 қазан, сейсенбі, 2021 жыл 7

БІР СУРЕТТІҢ СЫРЫ

Авторы белгісіз

картина

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің

қорынан еш жерде жарияланбаған, 1930 жылы

майлы бояумен салынған картина табылды. Авторы

белгісіз туындыда Алжирда тұтқында болған қазақ

әйелдері арасынан шыққан тұңғыш актриса әрі қазақ

театрының әртісі, Жұмат Шаниннің әйелі – Жанбике

Шанина бейнеленген.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

- Бұл картина мұрағаттан

кездейсоқ табылды. Қордағы

құжаттар бойынша туындыны

музейге Жанбике Шанинаның сіңлісі

Мәрзия әкелгені анықталды. Ал

қазіргі кезде Жанбике Шанина

туралы деректер мүлде жоқ

деуге болады. Сол себепті, соңғы

деректерді іздеуге тура келді, -

дейді музей басшысы Е.Қайыров.

Оның айтуынша, музей қызметкерлері

Жанбике Шанинаның

көзін көрген әріптесі, атақты

әнші Жүсіпбек Елебековтің жары,

98 жастағы Хабиба Елебековамен

тілдескен. Оған қоса, Жұмат

Шаниннің немере інісі Атығай

Шаниннің қыздары – Райхан және

Раушан Шанинадан мәліметтер

жинастырған.

Бұқар жырау атындағы әдебиет

және өнер музейінің суретшісі

Рыспек Стыбаевтың сөзінше,

суретте Жанбике Шанинаның «Қыз

Жібек» спектаклінде бас кейіпкердің

анасы рөлін сомдаған бейнесімен

кескінделген. Алдағы жылы сурет

ХАБАРЛАНДЫРУ

реставрациялауға беріліп, өңсіз

бояулар жаңартылатындығын

атап өтті.

Сонымен қатар, музей

қызметкерлері зембілдерді алып

тастағаннан соң автор қолы

табылып қалар деген үміттің

барын жасырмады.

«Павлодар қаласы құрылыс бөлімі» ММ ҚР Экологиялық кодексіне

сәйкес 2021 жылғы 12 қарашада сағат 16.00-де «Қоршаған ортаға

әсерді бағалау» жұмыс жобасының «Павлодар қаласындағы «Сарыарқа»

шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын

дамыту және жайластыру (құрылыстары мен ізденістері бар Электрмен

жабдықтаудың магистральдік желілері (110кВ ӘЖ және 110/10кВ

қосалқы станциясы). Түзету» жобасы бойынша ашық жиналыс

түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында,

сондай-ақ «https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar

tabigat/activities/directions?lang=ru» сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық

порталында, сондай-ақ «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ, Павлодар

қаласы, Жеңіс алаңы 5Б, каб. 307, эл.мекенжайы temirgalina.aliya@

pavlodar.gov.kz, тел. 32-93-79, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге

дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде

карантин енгізілген жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік

сипаттағы төтенше жағдайлар, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде

өткізіледі. Белсенді сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда және

«https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar tabigat/activities/

directions?lang=ru» сайтында ұсынылады.

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады

Кривенко көшесі, 25, 6-қабат, 611-кабинет және 8 707 866 36 57

телефоны бойынша алуға болады.

(20174)

Ұстаздың есімі

берілді

Газетіміздің тұрақты оқырманы,

басылым жанашыры Жиенхан

Қаманайдың ұлттық құндылықтарды

ұлықтауда еткен еңбегі ерен.

Жамбыл орта мектебінің мұғалімі

елімізде алғашқылардың бірі

болып білім ордасының жанынан

«Рухани жаңғыру» кабинетін

ашты. Бағдарлама жарияланған

сәттен бастап ел рухын жаңғырту

мақсатында тер төкті. Асықтың

3 мыңнан астам түрін жинап, бояп,

балабақша мен бастауыш сынып

оқушыларына арналған сылдырмақ,

санамақ, дойбы сынды заттарды

жасап, ұлттық ойынымыздың сан

қырлы сырын ашты. Қамшының жұрт

біле бірмейтін 20-дан астам түрін

дайындап, олардың әрқайсысының

ерекшелігін өскелең ұрпаққа үйретті.

Облысымызға, тіпті күллі республикаға

осы өнерімен танылды. Бірнеше рет

арнайы жобаларымыздың кейіпкері

болып, газет бетінде бар білгентүйгенімен

де бөліскен еді.

Өкінішке қарай, осы жылдың

мамыр айында Жиенхан Қаманай

ағамыз өмірден өтті. Бірақ артында

ТАҒЗЫМ

Ақсу қаласына қарасты Мәмәйіт Омаров ауылы

Жамбыл орта мектебіндегі «Рухани жаңғыру» кабинетіне

осы арнайы залдың ашылуына ұйытқы болған,

асық жинау мен қамшы түрлерін зерттеуге ден қойған

ұлағатты ұстаз Жиенхан Қаманайдың есімі берілді.

көзі тірі болғанда 5 қазанда

62 жасқа толар еді. Саналы ғұмырын

ел рухын жаңғырту, ұмыт болған

құндылықтарымызды дәріптеу, ана

тілінің аясын кеңейтуге арнаған

азаматтың есімі жұрттың жадында

сақталары хақ, - деді С.Қондыкерова.

Жиенхан ағаның ұлы - Алтайхан

асық, қамшыны зерттеуге ынталы

оқушыларға ой салар деген ниетпен

әкесі дайындаған бір топ дүниені

«Рухани жаңғыру» кабинетіне

тапсырды.

- Әкеміздің қолынан шыққан әр

заты біз үшін ыстық. Сондықтан, өзі

жасаған ұлттық дүниелерін келешек

ұрпақ көрсін, зердесіне түйсін деген

мақсатпен осы кабинетке қоюды

жөн көрдік. Шәкірттерінің кәдесіне

жарар деп аманаттадық. Әкеміздің

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8235 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1767

«Ертіс Медиа» ЖШС-і 1997 жылы шыққан Audi А6 автокөлік

құралын (аукцион хабарландыру нөмірі №223595), 2012 жылы

шыққан Нива Шевроле автокөлік құралын (аукцион хабарландыру

нөмірі №223594) сату бойынша аукционды www.gosreestr.kz

электрондық сауда алаңында бағаны төмендету әдісімен өткізеді.

Өтінімдер 2021 жылғы қазанның 22-і сағат 08.00-ге дейін

www.gosreestr.kz электрондық сауда алаңында қабылданады.

Сауданың басталу уақыты: 2021 жылғы 22 қазан сағат 10.00-де.

Байланыс телефоны: 87182661580

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондар арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-ның жазылу бөлімі: 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны:

32-35-35.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Басқа қалаға көшуімізге байланысты Павлодар қаласындағы

орталықта орналасқан кірпіштен салынған 3 қабатты үйдің 2-ші

қабатындағы 80 ш/м 3 бөлмелі пәтер сатылады. Ас бөлмесі -

15 ш/м. 2 балконы бар. Еврожөндеу. Облыстық әкімдік, орталық

саябақ пен Диагностикалық орталыққа және Ертіс жағалауына

жақын орналасқан. Байланыс телефондар: 32-95-29, 87014324204.

өшпес із қалдырды. Өзі іргетасын

қалаған «Рухани жаңғыру» кабинеті -

соның жарқын үлгісі. Ендігі ретте

бұл кабинет қолөнер шеберінің

есімімен аталатын болады.

Ақсу қаласының Құрметті

азаматы, «Ақсақалдар тағылымы»

қоғамдық бірлестігінің мүшесі Светлана

Қондыкерова мұндай игі істің

ұрпақ тәрбиесіне берері мол екенін

атап өтті.

- Шебер әдіскер, қоғам қайраткері,

ұлағатты ұстаз Жиенхан Қаманай

есімін кабинетке беру ісінің басықасында

болып, атсалысқан барша

жанға алғыс білдіреміз, - деді

А.Жиенханұлы.

Қазақта «Жақсының аты өлмейді»

деген жақсы сөз бар. Жиенхан ағаның

еткен еңбегі, көркем мінезі, ұлтқа,

Отанға деген сүйіспеншілігі, елді

дамыту жолында қосқан сүбелі үлесі

әрқашан ұрпақ есінде сақталары

анық.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 12 қазан, сейсенбі, 2021 жыл СПОРТ

SARYARQA SAMALY

ХОККЕЙ

Мұз сарайы

жанкүйерлерді күтеді!

Шайбалы хоккейден

ел чемпионатының

кезекті турында

павлодарлық «Ertis»

«Теміртаумен»

кездесті. Матчтың

басты жаңалығы –

көрермендердің

аренаға кіруіне

рұқсат беріліп, екі

жыл үзілістен кейін

жанкүйерлер сүйікті

командасын мұз

сарайында отырып

қолдауға мүмкіндік

алды.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Рұқсаттың берілгені (көрермендер

30 проценттен аспауы

тиіс) кездесу басталуға 1-2 сағат

қалғанда ғана белгілі болды. Бұл

жаңалықты «Ertis» командасының

баспасөз қызметі шама-шарқынша

әлеуметтік желілер арқылы жедел

таратуға тырысты. Павлодарлықтар

қуанышты хабарды кеш естісе де,

жаппай мұз сарайына ағылды.

Спорт нысанына кіру «Ashyq»

қосымшасы арқылы реттелді.

ТУРНИР

Жекпе-жек жеңімпаздары

Соңғы жылдары жастар арасында

жекпе-жек спорты зор

қызығушылыққа ие. Түн ұйқысын

төрт бөліп, теледидарға телміріп,

әлемдік шеберлердің айқасын

тамашалауды әдетке айналдырған.

Мұндай жігіттердің бойында

намыс, рух деген қасиеттер

қалыптасатыны анық.

Жарысқа оралсақ, спортшылар

жас ерекшелігі және салмақ

дәрежесі бойынша үш топқа

бөлінді. 46 келі салмақтағы

жігіттерді кішкентай оқушы

деп менсінбеуге болмас.

Қимылдарынан болашақта

мықты спортшы шығатынына

бек сендірді. Бұл салмақта

«Өркен» клубының (Павлодар)

тәрбиеленушісі Кәрім Мәденов

чемпион атанды. Аталған клубтың

Сүйікті командасының жейдесін

киген балалар кездесудің көркін

ашты. Аз уақыттың ішінде 100-ден

астам жанкүйер жиналып, матч

бойы жерлестерін қолдап отырды.

Бір жағынан психологиялық

тұрғыдан «Ertis» командасының

жас ойыншыларына салмақ

түскені рас. Енді ғана еңсе тіктеп,

тәжірибе жинақтап келе жатқан

жас командаға жанкүйерлердің

алдында өнер көрсету қиынға

Облыс орталығында жұртты елең еткізген жекпежектен

«Дала көкжалдары-2» турнирі жоғары деңгейде

өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген кіл

мықтылар өзара жеңімпаздарды анықтады.

тағы бір шәкірті Алдияр Набиолла

63 келі салмақта дара

шықты. Ал 35 келі салмақта

өскемендік Исмаил Қобланның

мерейі үстем болды. Чемпиондарға

ақшалай сыйлықтар мен белдік

табысталды. Жүлдегерлер де

қаржылай ынталандыруға ілікті.

Өскемен қаласының атынын

шыққан «ALI-M» клубының

жаттықтырушысы Асхат Абдырашов

турнир өте жоғары деңгейде

ұйымдастырылғанын айтады.

- Жарысқа 2 спортшыны

қостық. Бірі чемпион атанды.

Барлық клубтардың мақсаты ортақ.

Елімізде аталған спорт түрін

дамытып, әлемдік аренада ел

абыройын асқақтату. Жасыратыны

жоқ, жекпе-жек ұлттық спорт түріне

енсе де, қаржыландыру мәселесі

соқты. «Ұтылсақ ұят болады-ау»

деген ойлар сананы жаулап

алады мұндайда. Кездесу

бастала сала теміртаулықтар

есеп ашып, жағдайды қиындатып

жіберді. Белоцкий командасын

алға шығарды. Бірақ

теміртаулықтардың қуанышы

ұзаққа созылған жоқ. Жергілікті

жанкүйерлердің зор қолдауын

сезінген Камбулов есепті

теңестірді. Бұдан кейін қос

команда да сауатты қорғанып,

қауіпті шабуылдарды ұйымдастыра

білді. Сондай сәттердің бірінде

Шафеев шайба соғып, «Теміртау»

1:2 есебімен алға шықты. Алғашқы

кезең осындай есеппен аяқталды.

Екінші кезеңде шайба

соғылмады. Гол тіркелмесе де,

қызықты сәттер аз болған жоқ.

Ойыншылар жиі тәртіп бұзып,

кездесу 5/3, 4/4 форматында

жалғасын тапты. Әрине, мұз

айдынында аз ойыншы болған

сайын шайба соғуға мүмкіндік

арта түсетіні белгілі. Десе де,

қос команда да жеңілдіктерді

мүлт жіберіп жатты.

Үшінші кезеңді асыға күткеніміз

рас. Себебі, соңғы

кездесулерге көз жүгіртсек,

Суреттерді түсірген - Константин Музалевский.

павлодарлықтар алғашқы екі

кезеңде ұтылып жатып, шешуші

кезеңде 2-3 шайба соғып, айды

аспаннан бір-ақ шығаратын

«әдет» шығарыпты. Мүмкін

тактика шығар. Қарсыласы

«жеңдік» деп босаңсыған кезде

жастар шабуылға лап қоятындай.

Соңғы кезең бастала сала

теміртаулықтар есепті еселей

түсті. Жорабек мергендігімен

танылды. Павлодарлықтардың

«тосын сыйын» күтіп отырдық.

Түйсік алдаған жоқ. Репин шайба

соғып, есепті қысқартты (2:3).

Бірақ, жерлестеріміз қанша

шабуылдағанымен, есепті теңестіруге

уақыт жетпеді. Соңғы

минуттарда қақпашының орнына

шабуылшыны шығарғанымен,

өз қақпамызға шайба өткізіп

алдық. Бос тұрған қақпаны

Преснов дәл көздеді. Қорытынды

есеп – 2:4. «Теміртау» командасы

Павлодардағы екі кездесуде

мүмкін болған 4 ұпайды

қанжығасына байласа,

павлодарлықтар 1 ұпай жинады.

Жерлестеріміз келесі кездесуін

20, 21 қазанда сырт айдында

өскемендік «Алтай-Торпеда»

командасына қарсы ойнайды.

Суретті түсірген - Тілеуберді Сахаба.

дұрыс шешілмей келеді. Көп

жағдайда өз қаражатымызбен

амалдауға мәжбүрміз. Алдағы

уақытта бұл мәселе шешімін

тауып, әр облыста ірі турнирлер

ұйымдастырылатынына сенім

мол, - дейді Асхат.

Жарыс жүлдегерлерін марапаттау

салтанатына Павлодар

қаласының әкімі Асайын Байханов

қатысып, батыр халықтың

ұрпағы екенімізді осындай

спорт түрлерінен аңғаруға

болатынын айтты.

О.АХМАДИЯ.

ФУТБОЛ

Футболдан Қазақстан құрамасы

2022 жылғы әлем

чемпионатының іріктеуінде

Босния және Герцеговина

құрамасымен кездесіп, 0:2

есебімен жеңілді.

Босния

бос

қайтпады

Бұл ойын алдында Талғат Байсуфинов

жаттықтыратын ұлттық құрама

жарақаттарына байланысты бірқатар

негізгі ойыншыларға сенім арта

алмады. Олардың қатарында шабуылшылар

Абат Айымбетов пен Артур

Шушеначев, жартылай қорғаушылар

Асхат Тағыберген мен Азат Нұрғалиев,

қорғаушы Александр Марочкин бар.

Сөйтіп, бас бапкеріміз құрамаға

бірнеше өзгеріс енгізуге мәжбүр

болды. Ресейдің ұлттық лигасындағы

«Ротор» командасы сапында ойнайтын

Алексей Щеткин орталық шабуылшы

позициясына жайғасса, қорғаныстың

орта шебіне Юрий Логвиненко шықты.

Айтпақшы, осы кездесуде «Ақтөбе»

ойыншысы біздің құраманы капитан

ретінде алаңға бастап шықты.

Кездесуді Қазақстан құрамасы сәтті

бастады. Тіпті алғашқы бес минутта

қарсыласқа доп бермеді де. Бірақ

сол бес минуттан кейін босниялықтар

басымдықты өз қолдарына ала

бастады. Қонақтардың құрамында қос

қапталдағы қорғаушылар Сеад Колошинац

пен Мирослав Стеванович біздің

қақпаға көп қауіп төндірді. 25-минутта

сол Стевановичтің шығарып берген

пасынан кейін Смаил Превляк допқа

бірінші жетіп, кездесудегі есепті ашты.

Бірінші таймда Эдин Джеко бастаған

Босния құрамасы тағы да гол соғатын

мүмкіндіктерге ие болды. 42-минутта

Элдар Цивич айып добын орындаған.

Абырой болғанда бұл доп біздің қалқан

боп тұрған ойыншыларға тиіп кетті.

Ойынның екінші бөлігін де Қазақстан

құрамасы жақсы бастады. Дегенмен

қанша шабуылдаса да, Ибрахим Шехич

қорғаған қақпаға қарай бірде-бір тура

соққы жасай алмады. 66-минутта

қонақтар екінші голын соқты. Көзге

түскен - тағы да сол Превляк. Бельгиялық

«Эйпен» командасының шабуылшысы

бұл жолы капитан Джеконың

пасын ұтымды пайдаланып, Покатилов

қақпасынан екінші мәрте саңылау тапты.

Арада екі минут өткенде Қазақстан

құрамасы есеп айырмасын қысқартуға

мүмкіндік алды. Исламбек Қуат айып

алаңына кірмей тепкен еді. Дегенмен

оның соққысын Шехич оңай қайтарды.

Бұл біздің құраманың осы ойындағы

қақпаға қарай дәл тепкен бірінші

соққымыз болып тіркелді. Осыдан кейін

біздің ойыншылар допқа қанша иелік

еткенімен, қарсылас қақпасына гол соға

алмады. Негізі кездесудің қосымша

уақытында гол соққан едік. Алайда

бұл жерде төреші қақпашыға шабуыл

болды деп, есепке алмады. Сөйтіп,

кездесу 0:2 есебімен қонақтардың

пайдасына шешілді. Олар маңызды

3 ұпайды еншіледі.

Айта кетейік, D тобына жайғасқан

Қазақстан құрамасында алты ойыннан

кейін 3 ұпай ғана бар. Біздің құрама

топтың соңына жайғасты. Енді Талғат

Маруаұлының тәлімгерлері келесі

кездесуін бүгін «Астана Арена» стадионында

өткізеді. Қарсыласымыз -

Финляндия құрамасы.

О.АХМАДИЯ.

More magazines by this user
Similar magazines