19.11.2021 Views

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Екпе алу - елдің амандығы

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

20 қараша, сенбі

2021 жыл

№134 (15752)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

СПОРТ

Жанкүйерлер

сенімі – «Ақсуда»

БАСПАСӨЗ - 2022

Газетке жазылуды ұмытпаңыз!

Жалғасы 12-бетте

Құрметті оқырмандар! 2022 жылға арналған «Saryarqa samaly» газетіне жазылу жалғасуда!

Жазылу мерзімі

«Қазпошта» АҚ–ның бөлімшесі

арқылы жазылу

«Alash Press» ЖШС–нің

бөлімшелері арқылы жазылу

Редакцияда ресімделу

және алу мен жазылу

Индексі 55441 Павлодар қ. Павлодар қ.

қала

ауыл

6 ай (аптасына үш нөмір) 6 924,20 теңге 7 242,40 теңге 6 915 теңге 5 940 теңге

12 ай (аптасына үш нөмір) 13 848,40 теңге 14 484,80 теңге 13 830 теңге 11 880 теңге

Зейнеткерлерге, мүгедектерге және ҰОС қатысушыларына арналған жеңілдікпен жазылу

Индексі 55442

қала

ауыл

12 ай (бейсенбілік нөмір) 4 035,60 теңге 4 259,20 теңге 4 025 теңге

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

Биыл «Ақсу» футбол командасы Қазақстанның Бірінші лигасында

чемпион атанып, келер жылы Премьер-лига додаларында бақ

сынау мүмкіндігіне ие болғаны мәлім. Осы аптада Естай атындағы

мәдениет сарайында команда ойыншылары мен жаттықтырушыларын

алтын медальмен марапаттау рәсімі өтті.

3 084 теңге

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға 50 данадан кем емес жазылған жағдайда кәсіпорынға

дейін жеткізумен ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз, тел.: 8 (718 2) 66-15-41.

СЫРТҚЫ САЯСАТ

Ұлттық мүдде

қорғалмай

отыр

Кәсіпкерлеріміздің көрші елдер

нарығындағы мүддесі

ойдағыдай қорғалмай отыр.

Мемлекеттік аппарат ішіндегі

байланыс, өзара ықпалдастықтың

әлсіздігі осындай

келеңсіздікке ұшыратуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің

кеңейтілген отырысында сыртқы саясатта

біртұтас мемлекеттік стратегияның

жоқтығынан ұлттық мүдде тиісті деңгейде

қорғалмай отырғанын мәлімдеді.

Президенттің пікірінше, сыртқы

саясаттағы түйткілдің бәрін мұқият

талдап, ақылдасып шешу керек.

- Сыртқы саясатты «Халық үніне құлақ

асатын мемлекет» тұжырымдамасына

сай жүргізіп, оның тиімділігін барынша

арттыру керек. Қазір Қазақстанның сыртқа

бағытталған жұмысында біртұтас, жалпы

мемлекеттік стратегия жоқ деуге болады.

Бұл – жүйелі сипаттағы мәселе, – деді

Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сыртқы істер министрі Үкіметтен

ерекше мәртебеге ие болып, Премьерминистрдің

орынбасары деңгейіне

көтерілгенін жеткізді. Сондай-ақ Президент

Сыртқы істер министрлігі тығыз

мемлекетаралық үйлестіру жұмысын

тиімді атқаруы керектігін атап өтті.

«Мемлекеттік аппарат ішіндегі байланыс,

өзара ықпалдастық әлсіз. Жекелеген

мекелемелердің мүддесіне басымдық

беріліп жатады. Бұл - біраздан бері жалғасып

келе жатқан теріс үрдіс. Соның кесірінен

елеулі кемшіліктер болып жатады.

Оған қоса, ұлттық мүддені қорғайтын кезде

тиімді жұмыс атқарылмайды. Мысалы,

қазір Жайық өзені тартылып барады.

Қазақстанға жолданған жүк Қытай шекарасында

тұрып қалды. Кәсіпкерлеріміздің

көрші елдер нарығындағы мүддесі

ойдағыдай қорғалмай отыр. Осындай

келеңсіздіктер халықтың тұрмыс сапасына

және көңіл-күйіне кері әсер етеді», –

деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Өз тілшіміз.


2 20 қараша, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ЭНЕРГЕТИКА

Сынақтан

сәтті өтті

Екібастұз ГРЭС-1 станциясында мезгілге сай жөндеу

жұмыстары аяқталды. Мұндағы №7 энергия блогы

желіге қосу және тағы да басқа кешенді сынақтардан

сәтті өтті.

Жылдың төрт мезгілінде тыным таппай тер төгетін ауыл

шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Ел

қамбасының астыққа, халықтың ақ дастарханының асқа

толуы осы жанкешті еңбек өкілдерінің арқасы.

Толайым

табыстар жылы

Мұрат АЯҒАНОВ

Қазіргі уақытта Қазақстандағы ең

ірі жылу-электр станциясы 7 блоктық

режимде жұмыс істеуде. Айтып

өтейік, кәсіпорынның белгіленген

қуаты 3 500 МВт-ты құрайды.

Екібастұз ГРЭС-1 тәулік сайын

3 400-3 450 МВт мөлшеріндегі

орташа жүктемені көтеріп келеді.

Станция электр энергиясын

өндіру көлемі бойынша

жылдық жоспарды орындады.

Электр қуатының қараша айының

ортасына дейінгі жоспарланған

мөлшері 19,2 млрд кВт/сағ. болса,

қазір ГРЭС-1 19,4 млрд кВт/сағ.

өндіріп отыр. Өндірістің болжамды

көлемі жыл қорытындысы бойынша

шамамен 22 млрд кВт/сағатты

құрауы мүмкін.

Қазіргі уақыттағы ақпарат

бойынша өндірілген электр

энергиясының көлемі 5,7 млрд

кВт/с немесе 2021 жылға

ТАҒАЙЫНДАУ

Басшы болып

бекіді

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың өкімімен

Дәуір Ерғабұлов Павлодар облысының туризмді

және спортты дамыту жөніндегі басқармасының

басшысы болып тағайындалды.

Дәуір Ерғабұлов осы жылдың

сәуір айынан бастап

облыстық туризмді және спортты

дамыту жөніндегі басқармасы

басшысының орынбасары лауазымына

тағайындалып, ведомство

басшысының міндетін атқарған еді.

Дәуір Қуатұлы 1990 жылы

туған. 2012 жылы С.Торайғыров

атындағы Павлодар мемлекеттік

университетін «Заңгер», 2015 жылы

«Экономика», ал 2018 жылы «Нархоз»

университетін «Менеджмент»

мамандығы бойынша аяқтады.

2012-2014 жылдары Павлодар

ауданы әкімдігінің аппаратында

еңбек етті. 2016-2017 жылдары

облыстық дене шынықтыру

және спорт басқармасына

қарасты «Астана» мұз сарайы

директорының орынбасары қызметін

атқарды. 2019 жылы

Жүзу бойынша олимпиадалық

резервтің мамандандырылған

балалар-жасөспірімдер мектебінің

басшысы болды. 2019-2021

жылдары Павлодар қаласының

арналған жоспардағы мөлшердің

98%-ын құраған.

Естеріңізге сала кетейік,

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстандағы

ірі электр энергетикалық холдинг

ретінде ел энергетикасындағы

маңызды инвестициялық жобаларды

іске асыруда. Олардың қатарында

Екібастұз ГРЭС-1 нысанындағы

номиналды қуаты 540 МВт болатын

№1 энергия блогын қалпына келтіру

және Екібастұз ГРЭС-2-де қуаты

636 МВт-ты құрайтын жаңа, үшінші

энергия блогын салу жұмыстары

бар. Самұрық-Энерго жобалары

Екібастұз ГРЭС станцияларының

қуатын 1176 МВт-қа арттырмақ.

Компания сарапшыларының

бағалауы бойынша Қазақстан

бойынша электр энергиясын тұтыну

өсімі байқалуда. Жоғарыдағы

жобаларды табысты іске асыру

электр қуатының резервтерін құру

есебінен тұтынушыларды энергиямен

жабдықтау сенімділігін едәуір

арттыратын болады.

дене шынықтыру және спорт

бөліміне жетекшілік етті. Сондай-ақ,

Дәуір Қуатұлы – ҚР муайтай

бойынша халықаралық санаттағы

спорт шебері, 2011 жылғы Әлем

чемпионатының қола жүлдегері,

Қазақстан Республикасының

бірнеше дүркін чемпионы.

Облыс әкімінің баспасөз

қызметі.

Кеше Естай атындағы мәдениет

сарайында ауыл шаруашылығы,

тамақ және қайта өңдеу

өнеркәсібі қызметкерлерінің

кәсіби мерекесіне арналған

салтанатты жиын өтті. Облыс

әкімі Әбілқайыр Сқақов сала

қызметкерлерін кәсіби мерекемен

құттықтап, қол жеткен

толайым табыстарға тоқталды.

- Биыл алғаш рет павлодарлық

аграршылар рекордтық мөлшерде

бір миллион тоннадан астам

астық жинады. Жергілікті тауар

өндірушілердің өнімдері жоғары

сапаға ие. Мал шаруашылығында

оң динамика байқалады. Биыл

өңірде ірі қара мал басының

шетелдік селекциясының

3600-ге артуы - сапаның да

жақсарғанының белгісі. Ауыл

шаруашылығы техникасы да

айтарлықтай жаңарып келеді.

Құрметті жерлестер, сіздердің

еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз

және жан-жақты қолдау көрсетуге

әрқашан дайынбыз деп сендіргім

келеді. Сіздерге шын жүректен

зор денсаулық, отбасыларыңызға

амандық, жаңа жетістіктер және

қажырлы еңбектеріңізге табыс

тілеймін, – деді Ә.Сқақов.

Кәсіби мерекеге орай Май ауданы

ауыл шаруашылығы саласының

ардагері Мақсұтхан Есмиқанов,

Успен ауданы әкімінің орынбасары

Қабиболла Абушахманов, Ақтоғай

ауданы «Қайрат» ШҚ-ның басшысы

Рымбек Мұқанов, Тереңкөл ауданы

«Вильгельм» ШҚ-ның басшысы

Александр Вильгельм «Облыс

Павлодар ауданында

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына

және

Тұңғыш Президент

күніне орай бірнеше

отбасыға пәтер кілттері

табысталды. Жаңа

баспаналар «Нұрлы

жер» бағдарламасы

бойынша салынды.

алдында сіңірген еңбегі үшін»

төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ Екібастұз қаласы «Табыс»

ШҚ-ның басшысы Манат Алғамбаров,

Тереңкөл ауданы «Құндыз» ШҚ

басшысы Игорь Щербак, Ертіс

ауданы «Санжар» ШҚ-ның басшысы

Ерболат Сейдахмет, Ақтоғай ауданы

«Весна» ШҚ-ның басшысы Анатолий

Филипишин ҚР Ауыл шаруашылығы

министрлігінің «Еңбек ардагері»

медалімен марапатталды. Ауыл

шаруашылығы саласының тағы бір

Пәтерлер берілді

Павлодар ауданында тұратын

төрт отбасы қоныс тойын тойлады.

Пәтер кезегінде тұрған азаматтарға

Кемеңгер ауылындағы жаңа үйлер

берілді. Баспаналы болғандардың

бірі – жергілікті балабақша тәрбиешісі

Күлжиян Сәдуақасова.

- Мен 10 жылдан астам уақыт

бойы тұрғын үй кезегінде тұрдым.

Биыл айтулы мереке – Тәуелсіздіктің

30 жылдығы қарсаңында пәтер

кілті бұйырғанына қуаныштымын.

«Нұрлы жер» бағдарламасының

сәтті жүзеге асуының нәтижесінде

жайлы баспанаға қол жеткіздім, -

дейді К.Сәдуақасова.

Павлодар ауданының әкімі Ержан

Иманслям екі пәтерлі үйлердің

кілттерін табыстап, қоныс иелеріне

құт-береке тіледі.

топ өкілі облыс әкімінің Құрмет

грамоталары мен Алғыс хаттарына

ие болды.

Марапатталушылар қатарында

ҚР Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің

салалық кәсіподағының I,

III дәрежелі «Еңбек даңқы» алтын

және қола белгілеріне ие болған

«Победа» ЖШС-нің директоры

Владимир Поляков пен «Галицкое»

ЖШС-нің механизаторы Александр

Гофман да бар. Агроөнеркәсіп

кешенінің дамуына елеулі үлес

қосқаны және жоғары көрсеткіштерге

жеткені үшін Успен ауданы -

I, Железин ауданы - II, Шарбақты

ауданы III дәрежелі дипломдармен

марапатталды.

Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған

облыстың агроөнеркәсіптік

кешенінің жетістіктері

көрмесінде өңірдің 84 ауыл

шаруашылығы құрылымының өнімдері

ұсынылды. Сондай-ақ Инвесторлар

үйінде ауыл шаруашылығы

құрылымдарының өкілдеріне арналған

«ҚР Ауыл шаруашылығы

өнімдерін өңдеуді дамытудағы

мемлекеттік қолдау шаралары»

атты оқыту тренингі өткізілді.

Салтанатты кеш Иса

Байзақов атындағы облыстық

филармониясының мерекелік концертіне

ұласты. Кеш қонағы –

танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген

қайраткері Меруерт Түсіпбаева

әсем әннен шашу шашты.

Т.ӘБІЛДА.

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев,

Есенжол Исабек.

Айта кетейік, Павлодар ауданында

жыл соңына дейін тұрғын үй

кезегінде тұрған тағы 20-дан астам

отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы

бойынша баспана алады.

Жалпы, жыл басынан бері облыс

аумағында «Нұрлы жер» бойынша

8 және «Жұмыспен қамтудың жол

картасы» бағдарламасы аясында

2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жаңа жылға дейін 7 баспана ел

игілігіне тапсырылады.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 20 қараша, сенбі, 2021 жыл 3

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

Халықаралық

«Қазақ тілі» қоғамы

облыстық филиалы

мен Павлодар

облысының

кәсіпкерлер палатасы

бірлесіп,

мемлекеттік тіл

мәселелері бойынша

кәсіпкерлерді қолдау

мақсатында арнайы

фронт-кеңсе ашты.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Алдағы уақытта бизнес

нысандарының қызметкерлерін

мемлекеттік тілге қысқа мерзімде

оқыту мәселесі үйлестірілетін

болады. Павлодар облысының

мәдениет, тілдерді дамыту және

архив ісі басқармасы басшысының

орынбасары Медет Тауасқан

шараның «Қазақ тілі» қоғамы

мен кәсіпкерлер палатасының

меморандумының аясында жүзеге

асып жатқандығын айтты. Қазақ

тілінің бизнес саласында қолданыста

ескерілуі бойынша жіберілген

олқылықтарды бірлесе шешу үшін

де маңызды болатындығын атап

өтті.

- Бизнес құрылымдары көбіне

көрнекі ақпараттарды, құжаттардың

үлгілерін мемлекеттік тілде

ұсынуда кемшілікке бой алдырады.

Сонымен қатар, мемлекеттік

тілде ұсынылатын ақпараттар мен

құжаттардың сапасы да талапқа

сай бола бермейді. Бұл ретте

кәсіпкерлер жәрдемге аса зәру,

әдістемелік көмекті қажет етеді, -

деді М.Тауасқан.

Фронт-кеңсе

ашылды

Ал «Қазақ тілі» қоғамы облыстық

филиалының төрағасы Асыл

Әбіштің айтуынша, қаламыздағы

ойын–сауық орталықтарындағы

мемлекеттік тілдегі ақпараттардың

талапқа сай жазылуы бақыланады.

Алдағы уақытта «Batyr Mall» ойынсауық

орталығымен бірлесе жұмыс

атқаратындығын жеткізді.

Фронт-кеңседе арнайы мамандар

мемлекеттік тілге қатысты кез келген

мәселе бойынша кеңес береді.

Кәсіпкерлік қызметіне байланысты

құжаттар үлгілерінің мемлекеттік

тілдегі нұсқаларын талапқа сай

етуге жәрдемдесіп, мәтіндерді орыс

тілінен мемлекетік тілге аудару

қызметін көрсетеді. Қызмет көрсету

әр аптаның дүйсенбісінен жұмаға

дейін жүргізіледі.

Фронт-кеңсеге 8 (7182) 65-44-15

немесе 8 702 270 7021 телефон

нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы

мағлұмат алуға мүмкіндік бар.

МЕДИЦИНА

Құрметті әріптестер,

ауыл шаруашылығы

және өнеркәсіп кешенінің

қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы, тамақ

және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен

құттықтаймыз!

Бұл мереке жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын,

азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің

және өңіріміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге

талмай үлес қосып жүрген жандардың басын қосады.

Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына

тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі.

Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында

бүгінде отандық аграрлық сектор нық дамып келеді. Әрине, біз

одан әрі еңбектеніп, еліміздің игілігі үшін әлеуетімізді арттыра

беретін боламыз.

Бар өмірін туған жерге арнап жүрген сіздерге табысты еңбек

тілейміз және төккен тердің жемісін көруге тілектеспіз. Қажырлықпен

атқарған жұмыстарыңыз жақсы нәтиже беріп, табиғаттың дүлей

күші айналып өтіп, еккен дәндеріңіз көл-көсір өніммен қуантсын!

Сіздерге Отанымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

жолындағы табанды еңбектеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз,

туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Осы мерейлі мереке күні сіздерге зор денсаулық, қажымас

қайрат, шаңырақтарыңызға бақ-береке, әр бастамаларыңызға

сәттілік тілейміз!

ДІН-ДІҢГЕК

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы

басқармасының ұжымы мен

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің

салалық кәсіптік одағының филиалы.

Орталық мешіттің

оң жобалары

Облыстық Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде дәстүрлі

дінімізді насихаттау, мұқтаж жандарға қайырымдылық

жасау бағытында жаңа жобалар қолға алынып,

көптеген игі жұмыстар атқарылуда.

Емханалардың

филиалдары құрылады

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы «Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ өңірлік филиалымен бірге медициналық ұйымдарды

ірілендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен баспасөз мәслихатында

алдағы жылы Павлодар, Екібастұз,

Ақсу қалаларындағы жүктемесі

30 мың адамнан асатын емханалардың

қосымша бөлімшелері

ашылатыны мәлім болды. Елімізде

маусымдық емханаларға тіркелу

науқаны аяқталды. «Әлеуметтік

медициналық сақтандыру қоры»

Павлодар облысы бойынша

филиалының директоры Нұрлан

Қасымовтың айтуынша, жыл сайын

өтетін науқан кезінде азаматтар

қалаған емханасына ауыса алады.

Жыл басынан бері емханаға

787 613 адам тіркелген.

Биылғы науқан барысында

3071 павлодарлық емханасын ауыстырса,

өткен жылы бұл мүмкіндікті

8047 адам пайдаланыпты. Спикердің

сөзіне сүйенсек, медициналық қызмет

көрсету мекемесін ауыстырған адам

жыл соңына дейін бұрынғы емханасында

қаралып, келесі жылдан

бастап жаңа мекеменің қызметіне

жүгіне алады.

- Тұрғылықты жерін ауыстырған

немесе емханадағы қызметке көңілі

толмайтындарға басқа медициналық

ұйымға ауысуға мүмкіндік бар.

Биыл өзге емханаға тіркелушілер

санының азаюы бұрынғы тіркелген

емханалары азаматтардың көңілінен

шыққанын білдіреді. Алғашқы көмекті

30 медициналық мекеме көрсетуде.

Көш басында - «МиТ-ФАРМ» ЖШС,

«Данель» ЖШС, теміржол ауруханасы

және «№1 емхана» ЖШС.

Ауыл тұрғындары арасында Май

ауданы мен Тереңкөл ауданының

тұрғындары белсенділік танытты, -

дейді Нұрлан Кәукенұлы.

Басқа емханаға тіркелуді

қалаған адам таңдаған емханасына

барып немесе egov.kz электронды

үкімет және ХҚКО қызметтері

арқылы тіркеле алады. Нұрлан

Қасымовтың айтуынша, емханаға

тіркелетін халық санына шектеу жоқ.

Алайда емделуші тұрғындар саны

бір учаскенің жүктемесінен асып

кетпеуін ескеруі керек. Кері жағдайда

тұрғындарға емханадағы басқа

дәрігердің көмегіне жүгінуге тура

келеді. Себебі жалпы тәжірибедегі

дәрігер талап бойынша 1700 адамға

қызмет көрсетуі тиіс. Келер жылы

Павлодар облысы емханаларының

филиалдары ашылса, бұл мәселе

оң шешімін таппақ.

Жаңа филиалдарын ашатын

емханалар қызмет көрсетуге

қолайлы үй-жайларды тауып,

оларды жөндеуден өткізіп, лицензия

алуы керек. Қосымша алғашқы

медициналық-санитарлық көмек

орталықтары немесе дәрігерлік

амбулаториялар келесі жылдың

ортасына дейін іске қосылмақ.

Сөйтіп жалпы тәжірибедегі дәрігерлер

мен медбикелер өз учаскесіндегі

тұрғындарға жақын жерден қызмет

көрсететін болады.

- Емханалар учаскелерін толық

қамтамасыз етуге міндетті. Халық

саны көп болса, тағы бір учаске

ұйымдастыруы тиіс. Келесі жылдан

бастап 30 мыңнан астам тұрғын

тіркелген емханаларда филиалдар

ашқаны үшін қосымша

ақы төлей бастаймыз. Себебі

пандемия жағдайында тұрғындарға

медициналық көмек орталығының

жақын болуы маңызды. Дәрігерлер

15 минуттық жаяу қолжетімділік

принципі бойынша жұмыс істеуі

керек. Павлодардың №1, 2, 3, 4, 5 емханаларында,

Ақсу қаласындағы

ауруханада, Екібастұздағы үш

медициналық мекемесінде осындай

бөлімшелер ашылады, - деді

Нұрлан Қасымов.

Аймақта дәрігерлер жетіспеушілігі

мәселесі әлі де өзекті. Облыстық

денсаулық сақтау басқармасы

басшысының орынбасары Гүлнар

Буратаеваның айтуынша, өңірде

тек дәрігерлер ғана емес, орта

медициналық қызметкерлерге де

тапшылық бар. Басқарма жыл сайын

медицина саласы мамандарын даярлайтын

ЖОО-ға Павлодар облысы

медициналық мекемелеріндегі бос

жұмыс орындары бойынша өтінім

беріп отырады.

Т.ОРАЗАЛЫ.

Суретті түсірген - Есенжол Исабек.

Осы аптада аймағымызға

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти

Наурызбай қажы Тағанұлы келіп,

орталық мешіттің ішінде іске

қосылған студияның және әлеуметтік

дүкеннің ашылуына қатысты.

Бас мүфти алдымен 200 мұқтаж

отбасыға көмек көрсету

қайырымдылық акциясына қатысып,

осынау игі істің басында жүрген

дін қызметкерлеріне және үлес

қосқан барша жамағатқа алғысын

білдірді.

- Қазақстан Мұсылмандары діни

басқармасы жеті бағыт бойынша

жұмыс жүргізуде. Соның бірі –

қайырымдылық, яғни, мұқтаж

жандарға қол ұшын беру. Бүгін

Мәшһүр Жүсіп мешітінде дін

қызметкерлерінің ұйымдастыруымен

және кәсіпкерлердің қолдауымен

сауапты істер атқарылуда. Яғни,

200 отбасыға азық-түлік жиынтығы

салынған қорапшаларды таратып

бердік. Сауапты іс әлі де жалғасын

таба береріне сенімдімін, - деді

Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мәшһүр Жүсіп мешітінің

ішінде ашылған «Mazhab.kz» дінитанымдық

студиясында белгілі

дін танушылармен және қоғам

қайраткерлерімен сұхбаттар ұйымдастырылып,

халыққа тікелей

эфирде көрсетілетін болады.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы

бойынша өкіл имамы Жолдас

қажы Қоспақұлының сөзінше,

студия қажетті техникалармен

толық жабдықталған.

- Instagram және YouTube

әлеуметтік желілерінде жеке

парақшаларымыз бар. Осы студияда

түсірілген сұхбаттардың

барлығы сол желілерде жарияланады.

Алдымен өзіміздің білікті де

білімді дін мамандарын шақырып,

ислам дініне қатысты үгіт насихаттарды

жүргізуді бастаймыз.

Сонымен қатар, осы студия

түсіріліп, монтаждалған сұхбаттарды

Қазақстан Мұсылмандар

діни басқармасына қарасты діни

арналарда да көрсетіледі, - дейді

Жолдас имам.

Бас мүфти Наурызбай қажы

Тағанұлы орталық мешіт ішінде

ашылған қайырымдылық дүкенімен

танысып, оң бағасын берді.

Қайырымдылық дүкеніне қойылған

заттар мешітте бұрыннан бері

тізімде тұрған мұқтаж адамдарға

ғана беріледі.

Тілеуберді САХАБА.


4 20 қараша, сенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Сабақтар қандай

жағдайда тоқтайды?

- Сабақтар қандай қолайсыз

ауа райы жағдайында

тоқтатылады?

- Белгіленген ережелерге сәйкес

оқу орындарында (оқушылар мен

колледждің 1-курс студенттері

үшін) сабақтар келесі қолайсыз

ауа райы жағдайында тоқтатылады:

Сынап бағанасы -25 градустан

және одан төмен температураны

көрсетсе, 2 м/с және одан

жоғары жылдамдықпен жел соқса

4 сыныптарға дейін оқымайды.

Ал күннің суықтығы -30 градусқа

жетсе және желдің жылдамдығы

секундына 2 метрге дейін болса

9-сыныптарға дейін сабақтар

тоқтатылады. Егер аяз одан

әрі күшейсе, яғни температура

-33 градустан төмендесе және

2 м/с жел болса, 11-сыныптарға

дейін сабақ оқымайды. Оған қоса,

температура -29 градус болып,

жылдамдығы секундына 5 метр

жел соқса 9-сыныпқа дейін, ал

аяз 30 градустан асып, желдің

жылдамдығы жаңағыдай сақталса

Қыс мезгілінде ауа райын болжап айту қиын. Аязды

және екпінді жел тұрған күндері орта мектептер

мен колледждерде сабақ жиі тоқтатылады. Мезгіл

мәселесіне орай қандай жағдайда сабақтар болмайды?

Мұндай кезде қашықтан оқыту қарастырылған

ба? Осы сауалдар бойынша облыстық білім

беру басқармасы мектепке дейінгі және жалпы

ор т а бі л і м б еру б ө л і м і н і ң б ас м а м а н ы А й н а г үл

Абаевамен әңгімелескен едік.

11-сыныптарға дейін мектепке

жіберілмейді. Қыста екпінді жел

соққанда да шектеулер бар.

Желдің жылдамдығы секундына

20 метр болғанда 1-4-сыныптарда,

секундына 25 метр болғанда

11-сыныптарға дейін сабақтар

тоқтатылатын болады.

- Мұндай жағдайда қашықтан

оқыту қарастырылған ба?

- Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің

2016 жылғы 18 қаңтардағы «Қолайсыз

ауа райы метеожағдайларында орта

білім беру ұйымдарында, сондай-ақ

техникалық және кәсіптік білімнің

білім беру бағдарламаларын іске

асыратын білім беру ұйымдарында

сабақтарды тоқтату қағидаларын

бекіту туралы» №42 бұйрығына

сәйкес ауа райының қолайсыз

жағдайында сабақтар қашықтан

оқыту режиміне ауыстырылады.

- Қала және ауыл мектептерінде

осыған байланысты

қандай айырмашылықтар

бар?

- Білім беру ұйымдарындағы

қолайсыз ауа райы жағдайында

ұсынылатын көрсеткіштер жыл сайын

мүдделі қызметтермен келісіледі.

Яғни, «Қазгидромет» мекемесімен

және Павлодар облысы бойынша

төтенше жағдайлар департаментімен

тікелей байланыстамыз. Қалалық

және ауылдық жерлер үшін

бірдей ұсынылған температура

параметрлері бар. Бұл ұсынылған

параметрлер мүдделі жергілікті

қызметтермен келісу мақсатында

қалалар мен аудандардың білім

беру бөлімдеріне жіберіледі.

- Ата-аналар мен мектеп

оқушылары сабақтың тоқтатылғандығын

немесе қашықтан

өтетінін қалай біледі?

- Сабақтарды қашықтан оқыту

форматына көшіру туралы ақпарат

бірінші ауысымда таңертеңгі сағат

07.15-ке дейін, екінші ауысымда

күндізгі сағат 12.15-ке дейін

қалалар мен аудандардың білім

беру бөлімдерінің сайттары мен

әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Сонымен қатар, Павлодар

облысы білім беру басқармасының

t.me/uopvl Telegram-каналында

орналастырылады. Сондай-ақ

Павлодар облысы бойынша Төтенше

жағдайлар департаментінің SMS-112

хабарламасы арқылы хабарланатын

болады.

- Ақпаратыңызға рахмет!

Әңгімелескен –

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Өңір жобаға қосылды

Ағымдағы жылы еліміздің барлық өңірлерінде

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық даму институтының

бастауымен «Акселератор – 2021» республикалық

жобасы басталған еді. Бүгінде облыстық

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімі

осы жобаға қосылды.

ЕРТЕҢ - АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ,

ТАМАҚ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

Әлеуметтік маңызға ие саланың бірі – ауыл

шаруашылығы. Әсіресе, қоймадағы тұқымды

сұрыптап, техникасын түгендеп, соқасын сайлап,

үнемі тыңғылықты дайындықты талап ететін

агроном мамандығының маңызы зор. Сондай білікті

маманның бірі – Нұрсұлтан Қожаев.

Жердің жайын

еккен білер

Қазіргі таңда ол Павлодар

ауданындағы «Маяк» шаруа қожалығында

бас агроном қызметіне

жауапты. 2011 жылы аталмыш

шаруашылыққа агрохимик маманы

болып жұмысқа орналасқан.

Өзіне міндеттелген жүкті тиянақты

әрі жауаптылықпен атқарып

жүрді. Кейіннен Нұрсұлтан Сұңғатұлының

білікті маман екендігіне

көзі жеткен басшылық бас агроном

қызметіне лайық деп таныды.

- Агрономның негізгі қызметі –

егілетін өсімдіктің биологиялық

ерекшеліктерін, аймақтағы

жер және климат жағдайларын, тыңайтқыштардың тиімді пайдалану

тәсілдерін зерттеу, өсімдік шаруашылық өндірісінің технологиясын

қамтамасыз ету. Қазіргі күндегі заманауи агроном ауыл

шаруашылығында жан-жақты маман иесі болуы тиіс, - дейді

Н.Қожаев.

Маманның айтуынша, бұл саланың өзіне тән қиындықтары бар.

Себебі, оқу орнында өткен теориядан бөлек тәжірибе маңызды

рөлді атқарады. Биологияға тұрақты қызығушылық, жинақылық,

байланысқа бейімділік, қажырлық пен көшбасшылық сынды жеке

қасиеттер агрономға тән болуы тиіс екенін атап өтті.

Агрономның мақсаты – жер мелиорациясы жұмыстарын жүргізу,

суармалы және құрғатылмалы егістіктерден биік егінге қол жеткізіп,

орман мен ауылшаруашылық алқаптарын тиімді пайдалану, - дейді

ол. Сонымен қатар, іріктелген тұқымдардың сапасын, олардың дұрыс

сақталуын қадағалау жағынан білікті маман болуы қажеттігін айтты.

Болашақ жас мамандарға кез келген ауа райының жағдайында

уақытын таза ауада өткізіп, көп қозғалыс пен ауыр дене еңбегін

атқаруға дайын болуы жөнінде кеңесін айтты.

Нұрсұлтан Қожаев өсімдік физиологиясы, агрономия, биология,

агротехника және тұқым шаруашылығы салалары бойынша терең

білім қажет деп санайды. Заманауи маман мәдени өсімдіктерді

қорғаудың ең тиімді және ең қауіпсіз құралдарын таңдай алуы керек.

Оған қоса, төзімді сұрыптарды іріктеп, уақытылы жер қопсыту және

суару, химикаттарды пайдалана білуі міндетті екендігін атап өтті.

Облыстағы маңызды деп саналатын шаруашылықтардың біріне

айналған «Маяк» шаруа қожалығында табысты еңбек етіп жатқан

маман Нұрсұлтан Қожаевқа алдағы уақытта сәттілік тілейміз.

Өз тілшіміз.

«Бастау» берген

мүмкіндік

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Қазіргі таңда акселераторға

әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін

сарапшылар тобы құрылды. Біздің

аймақтың кураторы, республикалық

сарапшы Сергей Гуляев акселератор

идеясын дамытуға көмек

көрсетуде.

Әлеуметтік жобалар акселераторы

азаматтық қоғамды ілгерілетуге

және жергілікті қоғамдастықтардың

орнықты дамуына жәрдемдесуге

бағыттаған бастамаларды

тартуды көздеп отыр.

Бүгінде өңіріміздегі жобаның

алғашқы қадамы ретінде ZOOM

платформасы арқылы сарапшылармен

кездесу өтті. Қатысушылар

«Рухани жаңғыру» орталығының

«Талдау және әдістемелік қамтамасыз

ету» бөлімінің менеджері

Жақсыбек Жиеналиев пен «Рухани

жаңғыру» әлеуметтік жобаларының

республикалық акселераторының

сарапшысы Сергей Гуляевтан

түсініктеме алды.

Облысымыздан тоғыз жобаның

нәтижелері инклюзивті қоғамды,

бейресми білім беру, өлкетану,

туризм шеңберіндегі өзекті құзыреттерді,

сондай-ақ мәдениет,

өнер және халық шығармашылығы,

спорт саласындағы жобаларды

біріктіретін алаңдарды дамыту

мәселелерін шешуге бағытталып

отыр.

Қазіргі таңда инклюзивті

қоғамды дамыту бойынша Әсем

Нұрғалиеваның кинотерапия

элементтері бар «Нұрсәуле» жобасы,

Асыл Әміровтің «Қазақстанның

әр қаласындағы инклюзивті

жағажай», Серік Сыздықовтың

MuzLife + SEN (музыкалық өмір

+ specialeducationalneeds–ағылшын

тілінен аударғанда ерекше білім беру

қажеттіліктері), Жанна Баженованың

«Жақсы көңіл күй» немесе «Бақыт

қаласы» жобалар бар. Сонымен

қатар, бейресми білім беру

шеңберінде өзекті құзыреттерді

дамыту бойынша «Рухани жаңғыру»

идеясы, мектепке дейінгі балаларға

арналған көпфункционалды үздік

әдістемелік құралға байқау-конкурсына

Оксана Петрович және

«Рухани жаңғыру» кабинеттері»

атты Нүрия Көбенованың өз жобалары

ұсынылды.

Ал ауылшаруашылық, өңірлік,

білім туризмін дамыту бағытында

Еркеғали Жанғазының «Қызылтұз

көлі. Курорттық аймақты дамыту»,

оған қоса мәдениет, өнер және

халық шығармашылығы және

спорт саласындағы жобаларды

біріктіретін алаңдарды дамыту

бағытына «Ойнайтын ұлт – дені сау

ұлт» атты Динара Нұрғалиеваның

жұмысы, Болат Мұқышев, Серік

Темірғалиев және Данияр Нұрсейітовтің

«QAZ-HOK» деп аталатын

жобасы республикалық кезеңге

ұсынылды.

Алдағы уақытта аталмыш

жобалар республикалық жәрмеңкеге

қатысады деп сенім білдіреміз.

Тереңкөл ауданында мемлекет тарапынан

берілетін қайтарымсыз грант ұтып алып, жеке

кәсіп ашып отырған жас көп. «Бастау» бағдарламасы

жеке іс бастауға ниет еткен қыз-жігіттердің

тілегін орындауда.

Осындай мүмкіндікті Жаңабет ауылының тұрғыны Динара Шәріпова

да қолданып, жеке шаруашылық ашып отыр. Динара 2016 жылы

«Еңбек» бағдарламасының «Бастау» жобасында бақ сынаған.

Ауылда тұрғандықтан мал өсірумен айналысқан. Мемлекет тарапынан

алған несиеге МТЗ тракторын сатып алған. Сонымен қатар,

10 жылға 250 гектар жерді жалға алған. Бір адамды жұмыспен

қамтыған. Аталмыш бағдарлама шеңберінде 6 пайызбен 1 млн

100 мың теңгеге 6 ірі қара сатып алған. Бүгінде етті және сүтті

бағытағы ірі қара өсірумен айналысуда. Динара - жолдасымен екі

бала тәрбиелеп отырған ардақты ана, бақытты жар.

- Мемлекеттік бағдарламаның игілігін молынан пайдаланған

кәсіпкердің бірімін. Бастысы қорықпай, тәуекелге бара білу керек.

Қазір қорада 20-дан астам ірі қара өсуде. Болашақта қора ішін

кеңейтуді жоспарлаудамын.

«Бастау» курсына қатысу арқылы бизнес жоспар құруды, жеке

кәсіп ашуды, ақша үнемдеуді үйрендім. Өз ісімді ашуға мүмкіндік

берген бағдарламаға айтар алғысым шексіз. Аудандық кәсіпкерлер

палатасының мамандарына ризашылығымды білдіремін, - дейді

кәсіпкер.

Әйел болса да, ата кәсіппен айналысып отырған кәсіпкердің

еңбегіне табыс тілейміз.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Жас times

SARYARQA SAMALY

«Saryarqa samaly» газетінің

жастарға арналған қосымшасы

«Болашақ» бағдарламасы білім беру жүйесінің локомотивіне айналды. Бір

жағынан, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік кеңістігіне әлемдік

технологиялар трансфертінің магистралі тартылды. Екінші жағынан,

әлем біздің стипендиаттар арқылы Қазақстан, оның халқы, мәдениеті мен

дәстүрлері, еліміздің мүмкіндіктері мен әлеуеті туралы көбірек біле түсті.

«Болашақ» бағдарламасының арқасында біз жаhандық элита даярлаудың

әлемдік жүйесіне қосылдық».

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Ақберен Елгезек – Қазақстан Жазушылар

Одағы төрағасының орынбасары,

Қазақстан «Серпер» жастар

сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы

және Мемлекеттік «Дарын» жастар

сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық

сыйлығының иегері, «Қазақ әдебиетін

қолдау» қоғамдық қорының

жетекшісі. «Кентавр» ұлттық әдеби

апталығының негізін қалаушы Ақберен

Елгезектің туындысын назарларыңызға

ұсынамыз.

Заңдылық

Бар әлемге сәуле шашса ғажап Күн,

Жаңа тыныс алып келер таң күліп.

Олай болса, алтын жүрек Қазақтың

Таңбасынан Күн шығуы - заңдылық!

Жарып шығып тас түнегін азаптың,

Шаңырақтан нұр сауласа, таң болып.

Әз-дүниеге ғашық болған Қазақтың

Киіз үйді сүюі де - заңдылық!

Арасынан соғыс пенен таластың,

Жеңімпаз боп шығатұғын паң болып.

Тұлпар мінез, сұңқар болмыс, Алаштың

Пырақтарын пір тұтуы - заңдылық!

Ой найзасын жарқылдатса жасын қып,

Бір түйір сөз жарқырайтын шам болып.

Үйлесімді табиғатқа ғашық ұлт

Гүлді өрнекті сүюі де - заңдылық!

Киесіндей бақыт пенен азаттың,

Төбесінде жайнап тұрса сам тұнып.

Тәңірісін сүйетұғын қазақтың

Зеңгір көкті сүюі де - заңдылық!

Күнді күткен мекен етіп таң астын,

Көкейінде «дербес!» сөзі жаңғырып.

Періштеге ғашық болған Алаштың

Қыран құсты сүюі де - заңдылық!

Шаһарларын абат қылып, жасыл қып,

Келешекке көш түзеген мәңгілік.

Көктегенді көксеп жүрген асыл ұлт

Аспан түсін таңдағаны - заңдылық!

Құрсауында мың бұлқынып тозақтың,

Бас алаңды желтоқсанда қан қылып.

Жамандыққа жаны бөтен қазақтың

Аман қалып өсуі де - заңдылық!

Алты құрлық, сан көршіммен жарастым,

Бәрі маған бас шайқайды таң қалып.

Жеңімпаздық тарихы да Алаштың

Қайталанып келуі де - заңдылық!

Тәуелсіздік жылдары

жастардың сапалы білім

алып, таным көкжиегін

кеңейту мақсатында іргелі

істер атқарылуда. Соның бір

жарқын үлгісі –

«Болашақ» стипендиясы.

ҚР Тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Назарбаевтың

бастамасымен 1993 жылы

қабылданған бағдарлама

аясында осы уақытқа

дейін 11 мыңнан астам

қазақстандық әлемнің

озық оқу орындарында

білім алды. Солардың бірі –

белгілі журналист Ламбриан

Топузидис. Бүгінде

республикалық телеарнада

қызмет атқаратын

жерлесіміз редакциямызға

хат жолдап, қоғамдағы

өзекті мәселелерге қатысты

ой-пайымын білдірген екен.

Өзің өзгерсең,

елің де өзгереді

Жалғасы 6-бетте

ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ ОРАЙ

«Елбасымен кездесу

өмірімді күрт өзгертті...»

Домбырамен дәстүрлі қазақ

әндерін нақышына келтіріп

орындап, қазақ тілінде емін-еркін

сөйлейтін жерлесіміз Алексей

Лодочников бүгінде көпшілікті

тәнті етіп жүр. Ол қазіргі кезде

Нұр-Сұлтан қаласына қоныс

аударған. Мемлекеттік тілді

білуінің нәтижесінде ашылған

мүмкіндіктер мен алдағы

жоспарлары жөнінде

әңгімеге тартық.

Жалғасы 7-бетте


6 20 қараша, сенбі, 2021 жыл

Жас times

SARYARQA SAMALY

СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

Сіз үшін Тәуелсіздіктің

құндылығы неде?

Биыл еркіндікті аңсаған, басынан небір қиын кезеңдерді өткерген,

қыран құстай қалықтаған Қазақ елінің Тәуелсіз мемлекет ретінде

қалыптасқанына 30 жыл толып отыр. «Тәуелсіздік – Тәңірден келген

тәтті сый» деп түсіндірілетін бұл ұғымның маңызы қашанда жоғары

екені белгілі. Осы тұста белсенді жастардың ойын білу мақсатында сіз

үшін Тәуелсіздіктің құндылығы неде? деген сауал қойып, пікірлерін

сұрап білген едік.

Элина ПАУЛИ,

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының

орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

- Тәуелсіздіктің құндылығы халықтың өз өмірін жақсарту

мүмкіндіктерінде деп ойлаймын. Себебі, берілген мүмкіндік пен

жасалған жағдайларды қолдана білсең, елдің бәсекеге қабілетті

болып, отбасыңа да, қоғамға да пайдалы боласың. Бүгінгі күні

жастардың білім алуына, жұмыс істеуіне, бос уақытын өткізуге

шектеулер жоқ.

Басты құндылықтарымыздың бірі – жалпыұлттық бірегейлік.

Ата-бабаларымыздан қалған мирас-мұра. Қиын-қыстау заманда

қазақ елі жүздеген ұлт өкілдерін бауырына басып құшақ жая

қарсы алған. Сондықтан татулық пен ынтымақтастықты

сақтап дамыту – жаңа буынның борышы болуы тиіс.

Заманауи қазақстандықтар қауымдастығы – Тәуелсіздіктің

басты құндылығы.

Русана СӘМЕКОВА,

облыстық «Жасыл ел» штабының басшысы:

- Тәуелсіздіктің басты құндылығы – тұлға ретінде еркін

өмір сүру. Ол іс-әрекет пен сөз бостандығы, таңдау еркіндігінде

жатыр деп ойлаймын. Мысалы, біз жоғары оқу орнын, оқыту

тілін, ұнаған саламен айналысу сынды жағдайларда шешім

қабылдап, таңдау еркіндігіміз бар. Міне, мұның өзі - бақытты

ұрпақ екендігіміздің дәлелі.

Тәуелсіздік таңы – ата-баба аңсауы, бүгінгі ұрпақтың киелі

дәуірі десек, артық емес. Өткенге көз тастасақ, тәуелсіз елдегі

бейбіт күн оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан, біз жарқын

әрі кемел болашақ үшін қызмет етіп, ата-бабамыз қалдырған

бостандықтың қадірін түсініп, оларды ұлықтауды ұмыт

қалдырмауымыз қажет. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Еркебұлан КҮНТУҒАН,

Павлодар өңірлік «Birge»

волонтерлар фронт-кеңсесінің

басшысы:

- Ұлан-ғайыр атырап, байтақ

жерімізде Африканың сахарасын

да, Индияның Гималайын

да, Еуропаның Швейцариясын

да, Американың каньонын да,

Канаданың табиғатын да, бүкіл

әлемнің сұлулығын қойнауына

сыйдырып отырған қасиетті

жеріміз – Тәуелсіздігіміздің басты

байлығы. Ал ынтымақтастық

пен береке-бірлік – еркіндігіміз

бен егемендігіміздің құндылығы.

Мен еріктілер ұйымының

жетекшісі ретінде қазіргі жаңа әрі жас буынның бойынан

Тәуелсіздікке деген құндылықтың жоғары екендігін байқаймын.

Себебі, еріктілер тобына қабылдау барысында арнайы тренингтер,

тәрбие, отансүйгіштік мәселелеріне қатысты басқосуларда

жастардың белсенділігі ерекше. Бейбіт күннің ұландары қашанда

көмек қолын созуға даяр. Міне, мұның өзі – Тәуелсіздігіміздің

баға жетпес құндылығы мен сарқылмас байлығы.

Пікірлерді үйлестірген – Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Басы 5-бетте

Өзің өзгерсең, елің де өзгереді

Аз уақыттан соң Қазақстан

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайды.

Бұл - қазақ халқының

тарихы, біздің тарих. Ата-бабамыз

бізге аманат еткен ұлан-ғайыр

жерімізде үш онжылдықта біз

қандай жетістіктерге қол жеткіздік,

не бітірдік? Осы ширек ғасырдан

астам уақытта елімізде әлеуметтік,

экономикалық, саяси, спорттық

бағыттарда қандай жобалар

жүзеге асырылды? Сөз жоқ, көп

іс қолға алынды. Алайда олардың

қатарында нәтиже бергені де,

сапасыз орындалып жатқаны да

барын жасыра алмаспыз. Саралап

қарасаң, соңғысы көп сияқты.

Неге? Себебі бүгінгі қоғамда қара

басының қамын ойлайтын адамдардың

қарасы көбейді. Жұмыста

жұмысты емес, жеке шаруасын

алдымен ойлайтындар тағы бар.

Айтпағым, бүгінгі уақытта жұмыстың

сапасына жауапкершілікпен

қарау қажет. Бұл – бір.

Екіншіден, соңғы уақытта еліміздің

жағдайына көңілі толмай,

мұхиттың арғы жағындағы Америкаға

кетуді қалайтындардың саны артты.

Бұл жерде мына бір мәселеге

мән беру керек: АҚШ әлемдегі

озық мемлекетке айналуы үшін

200-ден астам жылды сарп етті.

Екі индустриализацияны бастан

өткерді. Капитализм бағытымен

ғана дамыды. Біздің еліміздің

тарихын алып қарасақ, халқымыз не

көрмеді десеңізші?! Ұжымдастыру,

ашаршылық, отарлау саясаты,

қуғын-сүргін, қудалау - осының

барлығын көрді. Сондықтан

«елімізде бәрі жаман» деп кесіп

сөйлеу бекер. Қаладағы дүкендерге

барсаңыз, азық-түліктің түр-түрі

бар. Балаңызға киім-кешек аламын

десеңіз де мархабат. Қысқасы, бір

орында тұралап қалған жоқпыз.

Алға ілгерілеушілік, даму бар.

Десе де, бізді «құртатын» жаулар

да жоқ емес. Олар - енжарлық,

ашкөздік, жалқаулық, қызғаншақтық

пен көре алмаушылық.

Өзім жуырда ғана АҚШ-тағы

оқуды тәмамдап, жиған-терген

біліммен елге оралдым. Шетелде

көрген-оқығанымды қызметте

қолданып, жастармен бөлісіп

жүрмін. Жалпы, Тәуелсіздік жылдарында

«Болашақ» бағдарламасымен

білім алған азаматтар елімізге

жақсы тәжірибелерді енгізіп

жатыр. Олар бір күнде, тіпті бір

жылда жемісін бере қоймайды.

Жаңашылдықтар түгелімен «сіңуі»

үшін қоғам соған дайын болуы

тиіс. Мысалы, қаладағы аялдамалар,

жолдардың бойындағы бақылау

камералары әлі де қиратылып

жатыр. Неге? Мемлекет қоғам үшін

жасап жатқан игілікті қоғамның

өзі дұрыс қабылдай алмай жатыр

немесе қабылдауға дайын емес.

Мен бұқаралық ақпарат

саласында қызмет атқарамын.

Шетелге оқуға барардың алдында

жаңалықтар жүргізушісі болдым.

Диктор болудың өзі - бір өнер.

Дауысқа, дене мен беттің қимылқозғалысына,

салмаққа дейін мән

беру керек. Дикторлар өздерін

кәдімгі қатал тәртіпке салып отыруы

тиіс. Сөйтіп, шыңдалады. Эфирге

шықпағаныма бес-алты жылдай

болыпты. Оқудан жұмысыма қайтып

оралғанда дикторлық қызметті

бірден тілшілік қызметке ауыстыруды

жөн санадым. Неге? Бұған бір

ғана жауабым бар. Ол - білім. Білім

қуған адамның тұла бойы өзгереді.

Бұл жерде шетелдік білімнің

орны бөлек дер едім. Себебі,

тіл оқисың. Профессорлардың не

айтып жатқанын ұғып отырасың.

Студенттермен араласасың.

Ағылшын тілі – ол алға жетелейтін

технологиялардың тілі. Ол тілде

сөйлейтін мықты инженерлер,

журналистер, ғалымдар, өнер

адамдарымен кездесіп, бірнеше

тақырыптың жілігін шағып, майын

ішесің. Олардың арасында бір

емес, бірнеше елде мол тәжірибе

жиған білікті мамандар баршылық.

Мұндай әңгімелесулер арқылы өзің

де қалай тез өзгеріп шығатыныңды

байқамай қаласың. Осылайша,

адамның ішкі рухы бекиді, білім

діңгегі пайда болады.

Әрине, әркім өзінше шыңдалады,

өседі, ой-өрісін дамытып,

шығармашылықпен айналысады.

Өмірдің мәні де, бақыты да сонда

дер едім. «Өзің өзгерсең, елің де

өзгереді» демекші, Қазақстанға

оқудан, ізденістен шаршамайтын,

білімге ұмтылатын салиқалы ұрпақ

керек. Елдегі жақсы өзгерістердің

бастауы да - білімді ұрпақ.

Сондықтан өз-өзін дамытуға, таным

көкжиегін кеңейтуге баса мән

берген жөн. Бұл ретте «Болашақ»

бағдарламасының берері мол.

Орайы келсе, бұл мүмкіндікті қалт

жібермеу керек. Біздің мемлекетті

одан әрі дамыту үшін шетелдік

білім мен тәжірибе, шекараның

ар жағында қалыптасқан көзқарас

қажет-ақ.

Ламбриан ТОПУЗИДИС,

«Qazaqstan» Ұлттық

телеарнасының тілшісі.


SARYARQA SAMALY

Жас times

20 қараша, сенбі, 2021 жыл 7

«Елбасымен кездесу

өмірімді күрт өзгертті...»

Басы 5-бетте

- Сәлеметсіз бе, Алексей!

Ертіс-Баян өңірінің сәлемін

қабыл алғайсыз! Қазақша еркін

сөйлейсіз. Тілді қайдан және

қалай меңгердіңіз?

- Алдымен жерлестеріме

жалынды сәлем! Жалпы, өзім

5 жасымнан бастап қазақ тілін

меңгере бастадым. Туған жерім -

Ақсу қаласы. Бірақ, балалық

шағым Тереңкөл ауданындағы

балалар үйінде өтті. Міне, бұл

жердегі мен өмір сүрген орта,

достарым, тіпті қазақ тілді мектепте

білім алуымның барлығы қазақша

үйренуде көп көмегін тигізді.

Дегенмен, қазақша сөйлеу маған

еш қиындық туғызбады. Қазақ тілі –

мемлекеттік тіліміз, әр азамат

оны білуі міндетті деп есептеймін.

- Бүгінде дәстүрлі әндерді

жиі орындап жүрсіз. Сізді ән

өнеріне баулыған кім?

- Домбыра шертіп, ән айтуға

деген құмарлығым балалар үйінен

басталды. Балалар үйінде домбыра

үйірмесі жұмыс істеді. Тәрбиеші

апайларымыз бір топ баланы сол

үйірмеге жетеледі. Бұл қатарда мен

де болдым. Алғаш рет домбыра

ұстауды, оның қылын шертуді

ұстазым Асқар Еркебұланов үйретті.

Кейіннен Медғат Манапов, Амангелді

Қожанов сынды дәстүрлі ән өнерінің

майталмандарынан дәріс алдым.

Қос ішекті қазағымның домбырасы

- бүгінде сенімді серігім.

Домбыраны шертетін уақытта

бойым ерекше күйге енеді. «Нағыз

қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ –

домбыра» демекші, ұлттық аспапты

игеруімнің нәтижесінде қазақтың

«сары баласы» біршама жетістікке

жетіп келеді және әлі де жете

бермек ниетте.

- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың

алдында өнер көрсеткен

СПОРТ

едіңіз. Сізді жалпақ елге

танымал қылған сол сәт

туралы айтсаңыз...

- Елбасымен кездесу екінің

біріне бұйыра бермейтін бақыт

екені жасырын емес. Тұңғыш

Президенттің жастарға деген

мақсат-міндеті тым бөлек.

Кез келген шарада келешек

ұрпаққа мол сенім білдіретін

Н.Ә.Назарбаевпен жолыққан

сәт әлі жадымда. Бұл күн

менің өмірімді жаңа бағытқа

күрт өзгертті десем болады.

Кездесу күні бойымды бір

ерекше қуанышпен қатар,

қобалжу сезімі биледі.

«Жақсыменен өткізген бір

күн, жаманның өтіп кеткен

ғұмырындай» дейді ғой?! Бұл

уақыт көзді ашып-жұмғанша

тез өтті. Бірақ, барлығы мен

ойлағаннан да керемет өткен

болатын. Елбасының алдында ән

салдым. Ал бүгінде, Елбасының

қолдауы мен ықыласының

нәтижесінде біршама іс-шараларға

шақырту алып, әлемдік деңгейдегі

әртістермен бір сахнада өнер

көрсетіп келемін. «Қазақстанның

100 жаңа есімі» атты жобасының

жеңімпазы атанған болатынмын.

Айта берсем, өмірімде өзгерістер

көп орын алды. Қазіргі таңда

Елбасы Академиясында жұмыс

істеймін. Жеткен жетістіктерім

мен бағындырар шыңдарыма

Нұрсұлтан Әбішұлы атамыздың

қосқан үлесі зор.

- Қазақ тілін еркін меңгергеннің

нәтижесінде біраз есіктер

айқара ашылғаны жасырын

емес. «Қазақстанның 100 жаңа

есімі» жеңімпазы атандыңыз.

Осы тұста Елбасының жастарға

деген қамқорлығы мен ұсынған

мүмкіндіктері туралы не айтасыз?

- Еңбек жолын қарапайым

жұмысшы ретінде бастаған Елбасы

жастарға үнемі қолдау білдіріп

келеді. Әсіресе, Елбасымен кездесу

бұйырған жастардың көпшілігі

еліміздің әр саласында қызмет

атқарып, тәуелсіз мемлекетіміздің

дамуына үлестерін қосуда. Осы

жастардың қатарында мен де

бармын. Н.Назарбаев қашанда

болашақтың кілті - жастардың

қолында екенін айтып, озық

ойлы жастардың өсуіне жағдай

жасап келеді. Әрқашан ел игілігіне

арналған бастамаларды қолдап, іске

асыру үшін еңбек ету, армандау,

алға қойған мақсатқа жету сынды

қасиеттерді қалыптастыра білу

керектігін айтып келеді. Мүмкін емес

нәрсе жоқ екендігін Елбасымен

кездесуден кейін ұғынғандаймын.

Мысалы, бас шаhарымыз Нұр-Сұлтан

қаласы көз алдымызда өркендеп

қана қоймай, жастардың ордасы,

мүмкіндіктер мекеніне айналды.

Мүмкіндікті сәтті пайдаланып, өз

бағытыңнан жаңылмай, жолды

таба білу үлкен маңызға ие екенін

ескеріп, қызмет жолымды бастадым.

Мұның өзі – бізге үлкен жігер.

- Әлеуметтік желіде Қайықбаев

деген атпен танымалсыз. Өзіңізді

вайнер, блогерлік бағытта жиі

байқап та жүрміз. Қазір немен

шұғылданып жатырсыз?

- Қазіргі заманның талабына сай

әлеуметтік желіні тиімді пайдалануды

жөн деп санаймын. Сол себепті,

қоғамда болып жатқан мәселелерді

әзіл аралас шындықты бейнероликпен

жеткізуге тырысып жүрмін.

Әлеуметтік желідегі парақшамды

жүргізу сүйікті хоббиіме айналды.

Десе де, өзімді блогер деп санамаймын.

Желі қолданушылары мені

Қайықбаев есімі арқылы тануда.

- Сіз үшін Тәуелсіздік деген

не? Бұл ұғымды қалай түсінесіз?

- Менің жасым 22-де. Ал

биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл

толып отыр. Тәуелсіз әрі бейбіт

күннің ұрпағы ретінде бұл ұғым

бізге көп нәрсені ұғындырады.

Тәуелсіздік – әр адамның, ұлттың,

халық пен елдің еркіндігі. Әуелі,

менің түсінігімдегі тәуелсіздік -

сіз және мен тыныстап отырған

бақытты күн деп санаймын. Қайта

жаңғырған ұлтымыздың рухы мен

еркіндігіміз құнды.

- Еліміздің астанасымен

болашақты байланыстырасыз

ба? Алдағы мақсат қандай?

- Иә, әзірше Нұр-Сұлтан

қаласындамын. Болашақта Алматы

қаласына қоныс аудару ойда

бар. «Адамның емес, Алланың

дегені болады» дейді емес пе?!

Дегенмен де жоспар көп. Дәл

қазіргі сәтте еліме пайдалы үлес

қосатын іспен айналысып, айналаға

жақсылығымды шашып жүргеннен

артық мақсат жоқ.

- Отбасы құру ойда бар ма?

- Әрине, ойда бар. Қазіргі

таңда мансап жолында жұмыс

істеуді көздеймін. Үйлену оңай,

үй болу қиын екенін ескеріп, әлі

де бұл маңызды қадамға дайын

емес екенімді сеземін. Мүмкін

алдағы 5-6 жылдан кейін деп

ойлаймын.

- Жерлестеріңізге айтар

тілегіңіз қандай?

- Барша қазақстандықтарды

және жерлестерімді алдағы

ұлық мерекемен шын жүректен

құттықтаймын. Білімді, заманауи,

белсенді қазақ тілді жастарымыз

көбейе берсін. Ең бастысы, ел

еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз мәңгілік

болсын!

- Сұхбат бергеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан –

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Чемпиондар ауылдан шығады

Белдессең, бекем бол, дейді дана халқымыз. Нағыз спортшы

тәрбиелеуші тұлға тәрбиелеуші – бапкер. Бүгінде боз кілем алаңында

белдесудің қыр-сырын үйретіп, грек-рим күресінің болашақ чемпиондарын

тәрбиелеуші Арыстан Сейітов өз саласының үздігі атанып

келеді. Ауыл жастарын спортқа баулып, өз туған жерінде табысты

еңбек жолын жалғастыруда.

Арыстан Мұхтарұлы – Май ауданы

Көктөбе ауылының тумасы. Оның айтуынша,

жастайынан күреспен айналысқан

көрінеді. Бала күнінен бастап рухы мықты

спортшы мақсатқа жету үшін аянбай тер төгу

керектігін түсіне білді. Жас та болса, туған

ауылының даңқын асыратын спортшыларды

тәрбиелеуді мақсат етіп келеді. Бүгінде

бала арманының нәтижесінде грек-рим

күресінен балаларды жаттықтырады.

- Қазіргі таңда Май ауданында жас

өрендерді грек-рим күресіне баулып жүрмін.

Жас буынның қанатын қатайтуға атсалысып,

еліміздің көк туын биікке желбірететін

чемпиондардың қатарын толықтырсам

деген ниетім бар, - деді А.Сейітов.

Жалпы саны қырықтан астам шәкірті

бар.

- Спорттық мансаптың алғашқы

қадамдарын ауданымыздың балалары

бізден өтеді десем болады. Бұл тұста

біздің ұстаз-бапкерлерге қойылатын

талап та жоғары екені сөзсіз. Себебі,

баламен тіл табысып, спортқа деген

құлшынысын дамытып, сүйікті бағытына

жол нұсқай білетін болсақ, нұр үстіне нұр.

Жас спортшылардың бойындағы қабілетін

оятып, шыңдай білсек, бапкерге бұдан

артық бақыт жоқ, - дейді А.Мұхтарұлы.

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада

чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің мынадай

бір сөзі бар: «15 жыл күрестім, 20 жыл

кәсіпкермін, 35 жыл тек сабыр мен шыдамды

серік еттім». Міне, осы бір сөзді үнемі

шәкірттеріме айтамын деген бапкердің тұла

бойына мықтылық, сабырлық, жігерлілік,

еңбекқорлық қасиеттерді де қалыптастыруға

тырысатындығын аңғартты.

Қазіргі таңда шәкірттері бірталай додаларда

жеңіске жетіп келеді. Болашағынан

үміті зор бірнеше жас өреннің есімін

де атап өтті. Олардың

қатарында Аңсат Амангелді,

Расул Тиматов, Олжас

Аталыков, Мәди Сейітхан,

Алдияр Ермұрат, Махамбет

Хамзин, Берік Шекенов,

Арғын Қаскен, Тамерлан

Серік, Нұрдәулет Серік,

Санат Сейітхан, Нұрәлі

Мұрат сынды балалар

бар. Аталған шәкірттері

республикалық, облыстық

деңгейде өткен турнирлерде

жеңіске жеткен екен.

Бапкердің айтуынша, алдағы

жоспары көп. Дегенмен,

қазіргі кезде республикалық

турнирға дайындық жүргізіп

жатқандығын айтты.

- Балалық шақта арман

мен қиялға ерік беріп, спорттық мансап

туралы жиі ойлайтынмын. Ауылдық жерде

мұндай балалар әлі де жетерлік. Спорттың

қай түрін алып қарар болсақ та, барлығы

ауыл спортынан басталады. Сондықтан

«Болам деген баланың бетін қақпа, белін

бу» демекші, спорттың дамуына қал-қадірім

жеткенше үлес қосуға тырысамын. Бала

күнімдегі арманымның орындалуы үшін ауыл

балаларының жолын ашып, мақсаттарына

жету үшін қол созғым келеді, - дейді

А.Мұхтарұлы.

Олай болса, Арыстан Мұхтарұлы мен

шәкірттеріне әлемдік деңгейдегі додаларда

бақ сынап, көк туымыздың мәртебесін

биіктете берсін деп тілек білдіреміз. Алар

асуы, шығар биіктері көп болсын!

М.БАЯНБЕКҚЫЗЫ


8 20 қараша, сенбі, 2021 жыл

Жас times

SARYARQA SAMALY

ҚАЗАҚСТАН АРУЫ - 2021

«Адам жанымен сұлу...»

«Қазақстан аруы» сұлулық байқауы дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді. 25-інші

мәрте ұйымдастырылған биылғы байқауда жерлесіміз Данагүл Қарабай «Қазақстан вицеаруы

2021» және «Спорт аруы» атанып, топ жарды. Ақылына көркі сай аруларымыздың

шығармашылық қыры мен білімі сыналды. Байқау тарихында алғаш рет үш жеңімпаз

анықталып, арнайы тәжді иеленді.

8 жасынан жүзумен шұғылданатын

Данагүл - үйінің кенжесі.

Арнайы мамандандырылған балалар

мен жасөспірімдер спорт мектебіне

үлкен әпкесінің бағыттауымен

түскен ол, жүзуден бөлек,

тоғызқұмалақты, үстел теннисін,

зияткерлік ойындарды ұнатады.

Тәтті тағамдар әзірлегенді жақсы

көреді.

- Спорт – денсаулық кепілі.

Бастапқы кезде оқумен қатар жүзуді

алып жүру қиындық тудырғаны

жасырын емес. Дегенмен, жүзу

ауыр спорттың қатарына жатпайды.

Тек қана жаттықтырушының ақыл-

ТӘРБИЕ

кеңесіне құлақ түріп,

рет-ретімен орындайтын

болсаң, жетістікке

жетесің, - дейді

Д.Қарабай.

Республикалық сұлулық

байқауының

«Спорт аруы» номинациясы

voting.missqazakhstan.kz

сайтында

дауыс беру бойынша

жүзеге асқан болатын.

Данагүлдің айтуынша,

сарапшылар үш күн бойы

берілген дауыстардың шынайылығын

тексерген көрінеді.

- «Спорт аруы» маған бұйырады

деп күтпедім. Себебі, номинация

бойынша ірі қалалардың қатысушылары

болды. Осы атаққа лайықты

деп таныған барша көрерменге

алғысымды білдіремін, - дейді

ол. Қазіргі күні Павлодар облыстық

туризм және спортты дамыту

басқармасында жұмыс істейтіндігін

атап өтті.

Ең көрікті 28 бойжеткенің арасынан

жұлдызы жанған Данагүл -

бүгінде республикалық, облыстық

деңгейдегі спорт додаларының

жеңімпазы.

- Ата-анамның үкілеген үмітін

ақтап, тұлға ретінде қалыптасуды

армандайтын едім. Бүгінде осы

арманға қол жеткізіп келемін. Ең

бастысы, қамқорлығы мен жылулығын

аямаған отбасымның маған

артқан сенімдері жүрекке от, көңілге

серт береді. Сондықтан даму

жолында өзімді шыңдаймын, -

дейді Д.Қарабай.

«Армансыз адам – қанатсыз құс»

демекші, армандарыма анық әрі

нық қадам басып келемін» деген

Данагүл әлемде бейбіт заман мен

тыныштықтың мәңгілік болғанын

қалайды. Кемел келешек – білімді

ұрпақтың қолында, сондықтан Абай

данамыздың «Өзіңе сен, өзіңді

алып шығар, Еңбегің мен ақылың

екі жақтап» деп замандастарына

кеңесін айтты.

Олай болса, Данагүл Қарабайды

сұлулық байқауындағы кезекті

жеңісімен құттықтаймыз. Үлкен

мүмкіндіктер есігі айқара ашылған

шығармашылық жолда толағай

табыстар тілейміз!

Облыстық М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында қыз балалар тәрбиесіне арналған «Аққу» жобасы ағымдағы

жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеп келеді. Оның аясында ауыл, аудан, қала мектептерінің 12-17 жас аралығындағы

жасөспірім қыз балалармен жұмыстар атқарылуда.

Қыз тәрбиесі -

ұлт тәрбиесі

Қыз баланың сұлулығы - иманында,

Бойында жақсы қасиет жиғанында.

Анасының атына кір келтірмей,

Тәрбиемен ортаға сыйғанында.

Самал Таңбайұлы.

Жобада әр клуб арнайы құрылған

жылдық жоспарларымен жұмыстарды

іске асырып, аптасына бір мәрте

ZOOM платформасы арқылы облыстық

іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бекітілген жоспар бойынша аудандардағы

клуб жұмыстары жасөспірім

қыз балалардың қатысуымен

түрлі форматта жиын өткізеді.

Қазан айында облыс бойынша

клуб қыздарының бастамасымен

Павлодар қаласындағы №15 мектебінің

психолог маманы А.Хамитованың

қатысуымен «Қыз бала - ұлттың

ұяты, халықтың шырайы» сағаты

өтті. Ол «Қыз бала», «Бойжеткен»,

«Әйел» атты үш бөлімнен тұрды.

Аталған бөлім тақырыптары аясында

«қызға қырық үйден тыйым», тәрбие,

сұлулық, сыпайылық, т.б. көптеген

мағлұматтар айтылды. Кештің соңы

тренинг ойынымен аяқталды.

Одан өзге «Нұр-Ана әлемі»

қоғамдық бірлестігі аналар кеңесінің

төрайымы, Құрмет орденінің иегері

Б.Максиловамен «Әйелдік пен сұлулық

өнері» тақырыбында онлайн сағаты

өтті. Мұнда «Шаш қасиеті. Шашқа

шолпы, шашбау тағудың мағынасы»

туралы сөз қозғалды. Бұл онлайнсағатқа

қала, аудан әдіскерлері

мен клуб жетекшілері және клубтың

мүшелері қатысты. Сонымен қатар,

Павлодар қаласындағы қызмет көрсету

саласы колледжінің арнайы

пәндер оқытушылары А.Соболева

және А.Клименко қыз балаларға

бүгінгі күн талабына сай шаш күтімі

және шашты түрлі сәндеу өнері

туралы кеңестерімен бөлісті.

Май аудандық ауруханасының

гинеколог маманы Г.Аңсабаева «Қыз

бойжеткен кезде» тақырыбы бойынша

қыз баланың денсаулығы жөнінде,

оның ішінде жеке гигиенаға

ерекше тоқталды. Маманға бет

күтімі, тері күтімі сынды сауалдар

қойылды.

Отбасы тәрбиесінен бөлек

қоғамдық ортада қыздарымызды

жарқын әрі жарқын болашаққа

жетелей білсек, нұр үстіне нұр болар

еді. Аталмыш іс-шараларды жиі

ұйымдастырып, қыз балалардың

бойына нәзіктік, ұяңдық, ұлттық

тәрбиені қалыптастыра білсек, «Қыз

тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі»

болары сөзсіз.

З.АЙТЫБАЕВА,

М.Катаев атындағы оқушылар

сарайының облыстық

«Аққу» жобасын үйлестірушісі.

«Жас times» қосымшасын үйлестірген - Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ 20 қараша, сенбі, 2021 жыл 9

АҚСУ ҚАЛАСЫ

-

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Орталық ашылды

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ақсу қаласының 60 жылдығына

орай құзіретті дамыту орталығы ашылды.

-

МАЙ АУДАНЫ

Тағзымтақта орнатылды

Биыл Қазақ КСР еңбек сіңірген зоотехнигі, «Құрмет белгісі»

орденінің иегері, еңбек ардагері Алданов Айман Алданұлының

туғанына 85 жыл толды. Жақында ауданның бұрынғы ауыл

шаруашылығы мекемесі орналасқан Сəтбаев көшесі, 49-үйдің

ғимаратында А.Алдановқа мемориалдық тақта орнатылды.

Ол Октябрдің 40 жылдығы атындағы

совхозды ондаған жылдар бойы басқарған

директор, ауданның мал шаруашылығын

дамытуға және мал санын көбейтуге айтарлықтай

үлес қосқан зоотехник. Жиын

Баянауыл ауданының Құрметті азаматы,

Мәдениет саласының үздігі, белгілі ақын

Жұмкен Сейітовтың «Арнауымен» ашылды.

Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

Руслан Мұқашев құттықтау сөз сөйлеп,

Павлодар облысы Ертіс ауданы және

Баянауыл ауданының Құрметті азаматы

Қорабай Шәкіров және Жаңатілек ауылдық

бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы

«Жас маман» жобасы аясында «Электромонтаждау

жұмыстары» мамандығы

бойынша білім алатын студенттер үшін

мол мүмкіндік жасалды. Жастар электр

құрылғылармен жұмыс істеудің қыр-сырын

тәжірибе жүзінде кеңінен түсіну үшін арнайы

құралдармен қамтылды. Мұндағы кабинеттерге

заманауи өндірістік жабдықтар

қойылды. Соның нәтижесінде электр

қондырғыларды сабақ барысында да

пайдалана алатын болды.

Айта кетейік, Тұңғыш Президент

Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына

сәйкес, өңірлерде сұранысқа ие

100 индустриялық және сервистік мамандық

айқындалған болатын. Бұл мамандықтар

оқытылатын колледждерде «Жас маман»

жобасы жүзеге асырылып, оқу орындарын

құрал-жабдықтармен қамтамасыз

етуге ден қойылды. Облысымыздың

10 колледжі заманға сай жабдықталады.

Олардың қатарына Жаяу Мұса жоғары

көпсалалы колледжі еніп отыр.

Заңсыздықпен күресуде

А.ТІЛЕЙ.

Май аудандық полиция қызметкерлері мал ұрлығы, заң

бұзушылық әрекеттердің алдын алу, иесіз малды анықтау

және оны айып тұрағына орналастыру бойынша рейдтік

іс-шаралар өткізуді жолға қойған.

Ағымдағы жылы тәртіп сақшылары

ветеринария саласындағы 9 заң

бұзушылықты анықтады. «Мал ұрлығы»

жедел алдын алу шарасы аясында полиция

қызметкерлері Ленин-Курчатов автожолында

Баскөл ауылының 46 жастағы

тұрғынының басқаруымен ГАЗ-53 жүк

көлігін тоқтатты. Ол тиісті құжаттарсыз,

оның ішінде ветеринарлық инспекцияның

анықтамасы мен жануарлардың құжатынсыз

8 бас жылқы тасымалдаған. Тиісті хаттама

толтырылып, ветеринарлық инспекция

комитетіне жіберілді.

Осындай жағдайлардың орын алуына

байланысты қазіргі кезде заң өкілдері

жеке, заңды тұлғаларға тиесілі ауыл

шаруашылығы жануарларының есепке

алынуын, сонымен қатар тіркеуден өту

қажеттігін ескертуде.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Мұхамед-Қайыр Шәріпов Айман Алданұлы

жайында естеліктерімен бөлісті. Еңбек

ардагерінің құрметіне арнап қойылған

мемориалдық тақтаны ұлы Ерлан Алданов

және жиен інісі Айткен Орашов ашты. Айман

Алданов ҚазақКСР-нің қой шаруашылығы

жөніндегі ғылыми-зерттеу институтымен

бірлесіп, жаңа арқар-меринос тұқымды

қойларды өсіру жөніндегі үлкен ғылыми

жұмыстар жүргізген. Сол еңбегі үшін

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген зоотехнигі

атағын иеленген.

Бекмырза ЛЕКЕР.

-

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Қысқы кезеңге дайын

Екібастұз қаласындағы коммуналдық кәсіпорындардың

техникалары қыс кезінде қызмет көрсетуге дайын.

Шаһар басшысы Ардақ Қаңтарбаев пен

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бас

инспекторы Ғабит Бегалин республикалық

«Қыс-2021» командалық–штабтық

оқу-жаттығу аясында қысқы кезеңде

төтенше жағдайларды жоюға арналған

техниканың дайындығын пысықтады.

Бұл шараға қаланың 12 кәсіпорнының

106 түрлі техникасы қойылды.

Мәселен, «Горводоканал» су құбыры

желілерінде жөндеу-қалпына келтіру

жұмыстарын қамтамасыз етуге арналған

5 техниканы, «Теплоэнергоцентр» ЖШС

негізгі жылу желілерінің қатып қалуына

жол бермеу мақсатында және апаттарды

жедел жою үшін қолданылатын 8 техниканы

көрсетті. «Горэлектросеть» ЖШС

электр беру желілерінде апатты қалпына

келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған

6 бірліктің дайын екенін хабарлады.

Сондай-ақ, қаланың көше жолдары

мен аудандық маңызы бар жолдарды

қардан уақытылы тазалауға жауапты

үш мердігер ұйым анықталған. Оларда

барлығы 77 бірлік техника бар.

Қала әкімі Ардақ Қаңтарбаев

-

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

барлық қызметтер үйлесімді жұмыс

жүргізу қажеттігін және негізгі күш пен

ресурс адамдарды іздеуге, құтқаруға,

төтенше жағдай қаупі төнгенде алғашқы

медициналық көмек көрсетуге жұмсалуы

қажет екенін атап өтті.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Келер жылға тұқым мол

Бүгінгі күнге дейін ауданның ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілері 194,57 мың га алқаптан ауыл шаруашылығы

дақылдарын жинаған. Дәнді дақылдар ауданы - 165,47 мың,

майлы дақылдар 27,2 мың гектарды құрады.

Өңірде дәнді дақылдар толығымен

жиналып, бастырылған. Қазірде келер

жылдың егінін салуға топырақ дайындау

бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл

ретте біраз алқаптарға пармен

өңдеу жүргізіліп, 61,5 мың га сүдігер

жыртылды. Жалпы сүдігер жырту

143%-ға орындалған. Келер жылға

21,3 мың тонна тұқым (оның ішінде

3 мың тонна картоп) дайындалып

қойды.

Өңірде техниканы жаңарту бойынша

жұмыстар жүргізілуде. Биыл 3 млн 395,6 млн

теңге сомасына 194 бірлік сатып алынған.

Оның ішінде 18 астық жинайтын комбайн,

6 астық шабатын орақ және басқа да

техника бар.

УСПЕН АУДАНЫ

Тереңкөлде суармалы алқаптар да

ұлғайып келеді. Осы жылы 4844 га

алқапта суармалы дақылдар өсірілген.

Жем-шөп дайындау бойынша жұмыстар

артығымен аяқталды.

Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.

Кәсіпкердің жетістігі

Успен ауданында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және

жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы

аясында өңірдегі кәсіпкерлерге көмек көрсетілуде.

Мемелекет тарапынан осындай қолдауға

ие болған жас кәсіпкерлердің бірі –

Кеңес Кенжеев. Ол 2018 жылы оңтүстік

өңірлерден қоныс аудару бағдарламасы

бойынша Түркістан облысы, Сайрам ауданы,

Қарабұлақ ауылынан Успен ауданының

Константинов ауылына көшіп келген.

«Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы

бойынша жоғары білім алып, «Бизнес-

Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік

негізде оқыту курстарынан өткен ол 2019

жылы «Телеу» шаруа қожалығын ашты.

- Ауданның экономикасында мал шаруашылығы

маңызды рөл атқарады. 2018

жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту

және жаппай кәсіпкерлікті несиелендіру

бойынша 2017-2021 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасына қатысып,

12 бас ірі қара мал сатып алдым. Сондай-ақ,

2019 жылы «Қарапайым заттар экономикасы»

бағдарламасы арқылы несие

алып, шаруашылық 60 бас ірі қара

малмен толықты. 2021 жылы «Сыбаға»

мемлекеттік бағдарламасына қатысып,

тағы да 35 бас асыл тұқымды ірі қара

мал сатып алдым. «Мал шаруашылығын

дамыту» бағдарламасы аясында ағымдағы

жылы шаруашылығымыз 105 бас қара

малмен толықты. «ҚазАгроҚаржы» АҚ

арқылы МТЗ тракторын және шөп шапқыш

сатып алдым, - дейді фермер, «Телеу»

қожалығының басшысы Кеңес Кенжеев.

Кеңес Жалғасұлы ауылдың қоғамдық

өміріне белсене қатысып, іс-шараларға

көмек көрсетеді. Жыл сайын тұқымдық

түрлендіру бағдарламасына қатысады.

Болашақта ол алма ағаштарын өсіру

бойынша бау-бақша шаруашылығымен

айналысуды, сондай-ақ нан-тоқаш

өнімдерін өндіру бойынша наубайхана

ашуды жоспарлап отыр.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


10 20 қараша, сенбі, 2021 жыл ҚАУЛЫ

SARYARQA SAMALY

Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі №135/2

«Павлодар облысының су объектілері мен су шаруашылығы

құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар

белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жоба

Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі №135/2 «Павлодар облысының

су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және

спорт үшін орындар белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеу тізілімінде 6377 нөмірімен тіркелген) қаулысына төмендегідей өзгерістер

енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда

жазылсын.

1. Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары

басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік

тіркелуін қамтамасыз етсін;

ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернетресурсына

орналастырсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.О.Өтешовке

жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен

соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі

Ертіс бассейндік инспекциясының

Павлодар аумақтық бөлімінің басшысы

______________ Қ.Б.Бекмұрат

2021 жыл «__» ______

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы

______________ Б.Т.Әлиев

2021 жыл «__» ______

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар

министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің

Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы

________________ И.Ш.Құрамысов

2021 жыл «__» _______

Ә.СҚАҚОВ.

2021 жылғы «__» _______ № _____

Павлодар облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

Павлодар облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы

жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар

р/н

Су

нысанының

атауы

Халықтың жаппай демалатын орны

Павлодар қаласы

1. Ертіс өзені азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

орталық коммуналдық жағажай (қалалық жағажай),

жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар)

2. Усолка өзені азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

коммуналдық жағажай, жүзу аймағының қоршауымен

белгіленген шекараларда (буйлар, арқандар)

3. Ертіс өзені Азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

орталық коммуналдық жағажайдың Естай еңісі

(қалалық жағажай) жүзу аймағының қоршауымен

белгіленген шекараларда (буйлар, арқандар)

4. Ертіс өзені азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

азамат Артем Алексеевич Кондаковтың жағажайы

жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқан)

5. Ертіс өзені азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

Ломакин Николай Алексеевичтің жағажайы

жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар)

6. Ертіс өзені азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

Насонов Николай Васильевичтің жағажайы

жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар)

7. Усолка өзені азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

коммуналдық жағажай, жүзу аймағының қоршауымен

белгіленген шекараларда (буйлар, арқандар)

8. Шолақсор

көлі

Екібастұз қаласы

азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

коммуналдық жағажай, жүзу аймағының қоршауымен

белгіленген шекараларда (буйлар, арқандар)

9. Ащыкөл көлі азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

жағажай, жүзу аймағының қоршауымен белгіленген

шекараларда (буйлар, арқандар) «ГИДРОПРОМ» ЖШС

жағажайы

Ақсу қаласы

10. Ертіс өзені азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

коммуналдық жағажай, жүзу аймағының қоршауымен

белгіленген шекараларда (буйлар, арқандар)

11. Ертіс өзені азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

«Ботаханова» ЖК жағажайы жүзу аймағының

қоршауымен белгіленген шекараларда (буйлар, арқан)

Ауылдық округ,

жақын елді мекен,

ауыл, көше

Павлодар облысы, Павлодар

қаласы, Орталық жағалау

ауданы

Павлодар облысы, Павлодар

қаласы, Усолка ауданы

Павлодар облысы, Павлодар

қаласы, Орталық жағалау

ауданы

Павлодар облысы Павлодар

қаласы

Павлодар облысы Павлодар

қаласы, өзеннің сол жағалауы,

құтқару станциясына қарамақарсы,

ескі Ертіс өзенінің

сағасы

Павлодар облысы Павлодар

қаласы, Ертіс өзенінің сол

жағалауы

Павлодар облысы Павлодар

қаласы, Усолка су айдыны,

құтқару станциясының сол

жағындағы жаяу жүргіншілер

көпірінің жанындағы учаске

Павлодар облысы, Екібастұз

қаласының ауылдық аймағы,

Солнечный кенті

Павлодар облысы, Екібастұз

қаласы, Ащыкөл көлі

Павлодар облысы, Ақсу

қаласы, Орталық жағалау

Павлодар облысы, Ақсу

қаласы, Ақсу кенті

Аққулы ауданы

12. Ертіс өзені азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

коммуналдық жағажай, жүзу аймағының қоршауымен

белгіленген шекараларда (буйлар, арқандар)

13. Қалатұз көлі жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың көпшілік демалуы

үшін пайдаланылатын Трибус Дидар Васильевичтің

жағажайы

14. Қалатұз көлі азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

Айдар Серікұлы Чайкиннің жағажайы жүзу

аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқан)

15. Қалатұз көлі азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

Әлия Мағзұмқызы Рахметованың жағажайы

жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқан)

16. Қалатұз көлі жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқан) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын Серік Аңсабайұлы Чайкиннің

жағажайы

17. Қалатұз көлі аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

қолданылады (буйлар, арқан) азаматтардың жаппай

демалуы үшін жүзу азаматша Оразалина Гүлжан

Асылбекқызы жағажайы

Ақтоғай ауданы

18. Ертіс өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай,

19. Ертіс өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай,

20. Сабындыкөл

көлі

21. Сабындыкөл

көлі

Баянауыл ауданы

жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекарадағы

жағалау сызығы бойындағы коммуналдық жағажай

(буйлар, арқан)

жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқан) «Жас дәурен» облыстық

оқу-сауықтыру орталығының коммуналдық жағажайы

22. Жасыбай көлі жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқан) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын «Қарлығаш» демалыс үйінің

жағажайы

23. Жасыбай көлі жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқан) азаматтардың жаппай демалуы үшін

пайдаланылатын «Кристалл» сауықтыру кешенінің

жағажайы

24. Жасыбай көлі жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқан) азаматтардың жаппай демалуы үшін

пайдаланылатын «Самал» демалыс үйінің жағажайы

25. Жасыбай көлі жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын

«Жалын» демалыс үйінің жағажайы (буйлар, арқан)

26. Жасыбай көлі жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай

демалуы үшін пайдаланылатын «Березка» демалыс

үйінің жағажайы

Железин ауданы

27. Ертіс өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай

28. Ертіс өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай

29. Ертіс өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай

30. Ертіс өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай

Ертіс ауданы

31. Ертіс өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай

32. Ұйымшыл

көлі

жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқан) Клевакин М.Н.ЖК азаматтардың

жаппай демалуы үшін пайдаланылатын жағажайы

Тереңкөл ауданы

33. Ертіс өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай

Май ауданы

34. Ертіс өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай

35. Белая өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқан) «Ақ желкен» балалар лагерінің

коммуналдық жағажайы

36. Карасинка

өзені

Павлодар ауданы

жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай

37. Ертіс өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай

38. Ертіс өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай

39. Ертіс өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай

40. Ертіс өзені жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

қолданылады (буйлар, арқан) азаматтардың жаппай

демалуы үшін Корж А.А.ЖК «Майами» жағажайы

41. жасанды

тоған

Шарбақты аданы

жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буйлар, арқандар) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын коммуналдық жағажай

42. Маралды көлі жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекараларда

(буи, арқан) азаматтардың жаппай демалуы

үшін пайдаланылатын «Байжырық» ЖШС жағажайы

Павлодар облысы, Аққулы

ауданы, Аққулы ауылдық

аумағы

Павлодар облысы, Аққулы

ауданы, Ямышев ауылдық

аумағы

Павлодар облысы, Аққулы

ауданы, Ямышев ауылдық

аумағы

Павлодар облысы, Аққулы

ауданы, Ямышев ауылдық

аумағы

Павлодар облысы, Аққулы

ауданы, Ямышев ауылдық

аумағы

Павлодар облысы, Аққулы

ауданы, Ямышев ауылдық

аумағы

Павлодар облысы, Ақтоғай

ауданы, Ақтоғай ауылы,

Ақтоғай ауылдық аймағы

Павлодар облысы, Ақтоғай

ауданы, Қараоба ауылдық

округінің шекарасында

Павлодар облысы, Баянауыл

ауданы, Баянауыл ауылдық

округінің Баянауыл ауылы

Павлодар облысы, Баянауыл

ауданы, Баянауыл ауылдық

округінің Баянауыл ауылы

Баянауыл ауданы, Баянауыл

мемлекеттік ұлттық табиғи

паркінің аумағы, «Жасыбай»

демалыс аймағы

Павлодар облысы, Баянауыл

ауданы, «Жасыбай» демалыс

аймағы

Павлодар облысы, Баянауыл

ауданы, «Жасыбай» демалыс

аймағы

Баянауыл ауданы, Баянауыл

мемлекеттік ұлттық табиғи

паркінің аумағы, Жасыбай көлі

Баянауыл ауданы, Баянауыл

мемлекеттік ұлттық табиғи

паркінің аумағы, Жасыбай көлі

Павлодар облысы, Железин

ауданы, Железин ауылдық

округінің Железин ауылы

Павлодар облысы, Железин

ауданы, Башмачин ауылдық

округінің Башмачное ауылы

Павлодар облысы, Железин

ауданы, Прииртышск ауылдық

округінің Прииртышск ауылы

Павлодар облысы, Железин

ауданы, Железин ауылы,

Амангелді көшесі

Павлодар облысы, Ертіс

ауданы, Ертіс ауылы, Карел

Полк көшесі

Павлодар облысы, Ертіс

ауданы, Панфилов ауылдық

округі, Мүткенов көшесі, 17

(Ұйымшыл)

Павлодар облысы, Тереңкөл

ауданы, Тереңкөл ауылдық

округінің Тереңкөл ауылы

Павлодар облысы, Май

ауданы, Көктөбе ауылдық

округінің Көктөбе ауылы

Павлодар облысы, Май

ауданы, Көктөбе ауылдық

округінің Көктөбе ауылы

Павлодар облысы, Павлодар

ауданы, Черноярка ауылдық

округінің Новочерноярка

ауылы

Павлодар облысы, Павлодар

ауданы, Кеңес ауылдық округі,

Новоямышево ауылы

Павлодар облысы, Павлодар

ауданы, Черноярка ауылдық

округі, Новочерноярка ауылы

Павлодар облысы, Павлодар

ауданы, Заря ауылдық округі,

Заря ауылы

Павлодар облысы, Павлодар

ауданы, Заря ауылдық округі

Павлодар облысы, Шарбақты

ауданы, Шарбақты ауданының

Шарбақты ауылы

Павлодар облысы, Шарбақты

ауданы, Жылыбұлақ ауылдық

округі Маралды көлінің

солтүстік бөлігі


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 20 қараша, сенбі, 2021 жыл 11

БІЛІМ

«IQanat» – үлкен

мүмкіндік

Көктөбе орта мектебінде «IQanat» республикалық

олимпиадасының бірінші кезеңі өтті.

«IQanat» ауыл мектептерінде білім алатын

оқушыларға өзі қалаған жарқын болашаққа

қол жеткізуге көмек беру, әр баланың қиялына

қанат бітіріп, биік белестерді бағындыруға демеу

беруді көздейді.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Олимпиадаға Көктөбе, Жалтыр,

Е.Мұқашов атындағы орта мектептерден

және А.Иманов атындағы

мектеп-лицейден 62 оқушы

қатысты.

«IQanat» олимпиадасы салтанатты

түрде ашылып, жиында

олимпаданың үйлестірушісі

Сандуғаш Матаева, Көктөбе орта

мектебі директорының міндетін

атқарушы Салтанат Изатова мен

олимпиаданың облыстық кезеңінің

жеңімпазы, Көктөбе орта мектебінің

10-сынып оқушысы Марат Аружан

құттықтау сөз сөйледі.

«IQanat» олимпиадасының

оқушыларға берері мол. Білім додасында

топ жарғандарға отандық

және шетелдік жоғары оқу орындарында

тегін оқу мүмкіндігі беріледі.

Олимпиадаға қатысушылар математика,

физика, химия, биология,

және Қазақстан тарихы, география,

дүниежүзі тарихы, ағылшын тілінен

сынақ тапсырды. Оқушыларымыз

келесі кезеңге өтіп, олимпиада

жеңімпаздары болады деген

сенімдеміз.

Гүлмира ҚАЛИЕВА,

Көктөбе орта мектебі

директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары,

Май ауданы.

«Павлодар қаласының №33 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ «Павлодар

қаласы, Ленин кенті, Макаренко көшесі, 14 мекенжайы бойынша орналасқан

Павлодар облысы білім беру басқармасының Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының №33 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимаратын

күрделі жөндеу және аумағын абаттандыру» жобасына ҚОҚ бөлімін жария талқылау

жолымен қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.

kz/ және «Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су

ресурстары басқармасы» ММ сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/

pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru танысуға болады.

Барлық ескертулер мен ұсыныстар күндер аралығында бірыңғай экологиялық

порталда қабылданады. Осы мерзім өткеннен кейін ескертулер мен ұсыныстар

қабылданбайды.

Бастамашы – «Павлодар қаласының №33 жалпы білім беретін орта мектебі»

КММ, БСН: 961040001019, Павлодар қаласы, Ленин кенті, Макаренко көшесі, 14,

тел.: 8(776)1262493.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «КазахЭнергоПром» ЖШС, БСН: 961040001019,

Павлодар қаласы, Бакинская көшесі, 3, тел.: 8(777)4212014.

Порталға сілтеме: https://ecoportal.kz және https://www.gov.kz/memleket/

entities/aqmola-upr?lang=ru

Қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде межеленіп отырған қызмет туралы қосымша

ақпарат алуға, сондай-ақ межеленіп отырған қызметке қатысты құжаттардың

көшірмелерін мына поштаға жіберуге болады: e-mail (galya.w@mail.ru и 8-776-

126-24-93).

ЖАО жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпаратқа қол

жеткізуін қамтамасыз етуге жауапты – «Павлодар облысының жер қойнауын

пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ - бас маманы

Темиргалина Әлия, электрондық мекенжайы: temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz

телефоны: 8(718)2-329379.

ХАБАРЛАНДЫРУ

(20209)

«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы хабарлайды:

2021 жылғы 24 желтоқсан күні 15 сағат 00 минутта «Экибастуз»

МАС рұқсат етілген ағындары нормативтерінің жобасы бойынша ашық жиналыс

түрінде қоғамдық тыңдаулар Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, М.Әуезов

көшесі, 51 үй, «Мечта» тұрмыс үйі, 48-каб. мекен-жайы бойынша өтеді.

2021 жылғы 27 желтоқсан күні сағат 12.00-де «Павлодар» БМАС рұқсат

етілген ағындары нормативтерінің жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде

қоғамдық тыңдаулар Павлодар қ. Жеңіс алаңы 3-үй, Одақтар үйі мәжіліс

залының 4-қабаты мекенжайы бойынша өтеді.

Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ

ЖАО https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/?lang=ru.

сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталында,

сондай-ақ aitmagambetov@kaztransoil.kz электрондық мекенжайына

қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін

мерзімде қабылданады.

Шектеу іс-шаралары енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн

режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда және

ЖАО https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/?lang=ru

сайтында ұсынылады.

Қосымша ақпаратты Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ

Павлодар мұнай құбыры басқармасы мекенжайы және 8 (7182) 733-268

телефоны бойынша алуға болады.

(20207)

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-ның жазылу бөлімі: 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны:

32-35-35.

ЖАРНАМА

66-15-40,

66-15-42

С.Торайғыров атындағы

облыстық әмбебап ғылыми

кітапханасында «Тәуелсіз

Қазақстанның кітаптары.

Павлодар Ертіс өңірі» атты

кітап-иллюстрациялық

көрме ашылды.

«Тәуелсіз

Қазақстанның

кітаптары»

Көрмеде Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті –

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

қызметі, сондай-ақ Тәуелсіздік

жылдарындағы Павлодар-Ертіс

өңірінің кітап өндірісі туралы

мағлұмат алуға болады. «Әлемге

танылған тұлға», «Тарих», «Экономика

және саясат», «Әдебиет және

өнер» бөлімдері бойынша 300-ден

ХАБАРЛАНДЫРУ

астам кітап, альбомдар назарға

ұсынылды.

Шараға «Нұр Отан»

партиясы жанындағы «Жас

Отан» жастар қанаты»

қоғамдық ұйымының облыстық

филиалының басшысы Санира

Жүсіпова, «Баспа үйі» ЖШС-нің

бас директоры Евгения Писаревская

қатысып, жиналған

қауымды мазмұнды көрменің

ашылуымен құттықтады.

- Кітап – ең керемет

сыйлық. Кітап адамның

таным көкжиегін кеңейтіп,

білім нәрімен сусындатады,

ерекше қуат береді.

Тәуелсіздік жылдарында облысымызда

көптеген кітаптар жарық

көрді. Көрмеге сол кітаптардың

үштен бір бөлігі ғана қойылған.

Туған өлке тарихын, өңірден шыққан

тұлғалар туралы осы кітаптар арқылы

кеңінен танып-білуге болады, - деді

Евгения Александровна.

Т.ӘБІЛДА.

«Victory-8» ЖШС «Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Расков көшесі, 9/2

құрылыс мекенжайы бойынша екі көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы» жобасына

ҚОӘБ бөлімін көпшілік талқылау арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталда танысуға

болады https://ecoportal.kz / және «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ сайтында https://

www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru.

Жария талқылау 30.11.2021 ж. бастап 07.11.2021 ж. дейін бірыңғай экологиялық

портал сайтында өтеді.

Барлық ескертулер мен ұсыныстар осы күндері бірыңғай экологиялық порталда

қабылданады. Осы мерзім өткеннен кейін ескертулер мен ұсыныстар қабылданбайды.

Бастамашы - «Victory-8» ЖШС, БСН: 210 140 032 877, Павлодар обл.,

Павлодар қ., Кенжекөл ауылдық округі, Кенжекөл а., Шоң Би к., 63В үй, тел.:

8-701-410-99-66.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «Жолағаш-ПВ» ЖШС, БСН: 040240007893,

Павлодар қ., Луговая к-сі, 16, 415 кеңсе, тел.: 8-776-701-11-00.

Жария тыңдаулар өткізу кезінде көзделіп отырған қызмет туралы

қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ көзделіп отырған қызметке қатысты

құжаттардың көшірмелерін электронды мекенжай бойынша сұратуға болады:

victory-8pvl@list.ru және телефон 8-707-912-46-01, 8-701-758-76-46.

ЖАО жұртшылықтың қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпаратқа қол жеткізуін

қамтамасыз етуге жауапты - «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ - бас маман Темірғалина

Әлия, электрондық мекенжайы: temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz телефоны:

8(718)2-329379.

Құрметті оқырмандар!

«Naızatas» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналына 2022

жылға жазылу жалғасуда!

Жазылу мерзімі

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі арқылы

жазылу

«Alash

Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы

жазылу

(6)

Редакцияда

ресімделу

және алу мен

жазылу

Индексі 67276 Павлодар қ. Павлодар қ.

қала

6 ай 3 501,90

теңге

12

ай

7 003,80

теңге

ауыл

3 514,80

теңге

7 029,60

теңге

3 495 теңге 3 237 теңге

6 990 теңге 6 474 теңге

Үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен «Naızatas» журналына

кез келген пошта бөлімшесінде пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар

қаласы Ак.Сәтбаев көшесі, 50 ( тел. 87182 32-40-37) мекенжайында

орналасқан Қазпошта ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы

бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел. 87182 61-63-18)

жазыла аласыз. Одан басқа, (баламалы) редакция арқылы жазылуды

Астана көшесі, 143-үй мекенжайында ресімдеп, журналды тікелей

редакциядан алуға болады. Тел. 8 (7182) 66-15-41.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8238 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2031

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 20 қараша, сенбі, 2021 жыл СПОРТ

SARYARQA SAMALY

МӘДЕНИЕТ

Басы 1-бетте

Тілеуберді САХАБА

Шараға облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов қатысып, «Ақсу» футбол

клубының барлық өкілдерін

биылғы жетістіктерімен құттықтады.

Сондай-ақ, алдағы маусымға

сәттілік тілеп, облыс

намысын абыроймен қорғайды

деген сенім білдірді.

- Жігіттер, сіздер Павлодар

футболының қиын кезеңінде

бірігіп, қысқа уақыт ішінде

Жанкүйерлер

сенімі – «Ақсуда»

Қазақстан Премьер-лигасына

шықтыңыздар. Осындай жетістіктеріңізбен

шын жүректен

құттықтаймын. Алда одан да

жоғары нәтиже көрсетіп, бүгінгідей

қуанышты кездесулер жиі

болады деген сенімдемін, -

деді Әбілқайыр Бақтыбайұлы.

Аймақ басшысы өз құттықтауынан

кейін аталған футбол

командасының ұжымына 10 млн

теңгенің сертификатын сыйға

тартты.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан

футбол федерациясы президентінің

кеңесшісі Сейілда

Байшақов пен Қазақстан құрамасының

тұңғыш капитаны Ойрат

Сәдуов қатысып, жеңімпаздарды

құттықтады. Сонымен қатар,

команданың бас бапкері Марат

Еслямов та сахнаға көтеріліп,

командаға қолдау көрсеткен

облыс әкіміне және барша

жанкүйерлер қауымына алғысын

білдірді.

- Павлодар облысында екі жыл

бойы үлкен футбол мандымады.

Оған әртүрлі жағдайлар себеп

болды. Осы маусымның басында

Қазақстан ұлттық құрамасының

бас бапкері Талғат Байсуфинов

пен «Ақсу» футбол клубының

спорттық директоры Юрий

Ишутин қысқа мерзім ішінде

облысқа үлкен футболды қайтару

туралы ұсыныс жасады. Әкім бұл

жобаны қолдап, жүзеге асыруға

мүмкіндік берді. Сондықтан,

қолдаған облыс басшысына

және бізге сенім білдірген жанкүйерлерге

команда атынан

алғыс білдіремін, - деді Марат

Еслямов.

Шара барысында Бірінші

лиганың үздік сұрмергені

Мирас Тұрлыбек, команда капитаны

Владислав Чернышов, бас

бапкер Марат Еслямов, клубтың

спорттық директоры Юрий

Ишутин және жартылай қорғаушы

Константин Заречный «Облыс

алдында сіңірген еңбегі үшін»

төсбелгісімен марапатталды.

С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапханада

Ертіс-Баян өңірінің ақыны,

суретші Константин Луниннің

«Пою тебя, мой Казахстан»

атты шығармашылық

кеші өтті. Шараға өңіріміздің

зиялы қауым өкілдері,

ақын-жазушылар қатысып,

жиналған көпшілікке

жырдан шашу шашты.

Жаны -

қазақ

Кіл жүйрікте кім жүйрік?

Оралхан ҚОЖАНОВ

«Турнир өтеді» деген хабарды

естіген еліміздің әр түкпіріндегі

тоғызқұмалақ жаттықтырушылары

бірден ұйымдастырушыларға

хабарласып, міндетті түрде

жарысқа қатысатындарын айтқан.

Карантиндік ережелерге байланысты

қатысушылардың санына

шектеу қойылғанын ескерсек,

командалар ойыншыларын іріктеп,

кіл мықтыларын қатарға қосыпты.

Жарыстың бас төрешісі Шәріп

Қашкеновтің айтуынша, дәстүрлі

Облыс орталығындағы «Шахмат үйінде» «Saryarqa samaly» газетінің

жүлдесі үшін тоғызқұмалақтан XІІI республикалық турнир өтті. Биылғы

дода ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.

XІІI турнирге облысқа қарасты

аудандармен қатар, Нұр-Сұлтан,

Шымкент, Семей қалаларынан,

Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе,

Қостанай облыстарынан келген

120-дан астам бала бақ сынауда.

Олардың ішінде 5 спорт шебері,

25 спорт шеберлігіне үміткер

және 1, 2, 3 спорттық разряды

бар көптеген жеткіншектер бар.

Турнирдің салтанатты ашылуында

«Ертіс Медиа» ЖШС-нің

директоры Аида Хамзина,

облыстық «Saryarqa samaly»

газетінің бас редакторы Нұрбол

Жайықбаев, облыстың туризмді

және спортты дамыту жөніндегі

басқармасының бас маманы

Еламан Махамбетов, құттықтау

сөз сөйлеп, қатысушыларға

сәттілік тіледі.

Бұл жарыстың ерекшелігі сол,

9-орын алған қатысушының өзі

жүлдесіз қайтпады. Үздік шыққандар

спорттық разряд иеленді.

Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.

Турнир жайлы толығырақ

газетіміздің алдағы нөмірлерінен

оқи аласыздар.

Константин Луниннің әдебипублицистикалық

шығармашылығы

Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар

шетелде де қалың оқырман қауымға

таныс. Оның өлеңдері республикалық

және жергілікті газет-журналдарда

жүйелі түрде жарияланып тұрады.

Сондай-ақ, жырларының бір топтамасы

«Жемчужина поэзии Казахстана»

атты антологияға енген. Ресейлік

«Стихи.ру» әдеби сайтының авторы

оннан астам поэзиялық жинақтарын

жарыққа шығарып, жергілікті қазақ

ақындарының өлеңдерін де орыс тіліне

аударуда. Поэзияны жанына жақын

тұтқан Константин Лунин - қылқаламның

да иесі. Ол бірнеше сурет көрмесін

ұйымдастырып, кескіндеме өнерін де

көпшілікке ұсынып үлгерген. Сурет пен

поэзияны үйлестіріп, қос өнерді қатар

ұстаған ақынның шығармашылығында

туған жердің табиғаты мен туған елдің

тарихы төрден орын алады. Оның

айтуынша, қазақ халқының салтдәстүрі,

әдет-ғұрпы мен шежіресі -

тұнып тұрған өлең.

- Менің туған жерім – Қазақстан.

Табиғаты тамсандырып, тарихы таңдай

қақтыратын жер. Сондықтан бұл

елдің тарихын білу, тілін үйрену әр

азаматтың парызы. Шығармаларымда

осыны насихаттауға тырысамын. Атабабалардан

мирас болып қалған

атамекеннің қадір-қасиетін қалың

оқырманға жеткізу ақынға жүктеледі.

Сол себепті әр өлеңдерімнің нүктесі –

туған жердің бір түйір тасы іспетті, -

деді Константин Лунин.

Шара барысында ақын өз өлеңдерін

оқып, олардың жазылу тарихына да

тоқтала кетті. Тәуелсіздік жетістіктерін

жырға қосқан ақынның шығармалары

қазақ тіліне аударылып, жақында

жаңа кітап болып жарыққа шықпақ.

Константин Луниннің туындылары

Туды биік көтеруді насихаттайды.

Патриоттық поэзия авторы өзге ұлт

өкілі болғанымен, жаны - қазақ ақын!

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!