19.11.2021 Views

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4 20 қараша, сенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Сабақтар қандай

жағдайда тоқтайды?

- Сабақтар қандай қолайсыз

ауа райы жағдайында

тоқтатылады?

- Белгіленген ережелерге сәйкес

оқу орындарында (оқушылар мен

колледждің 1-курс студенттері

үшін) сабақтар келесі қолайсыз

ауа райы жағдайында тоқтатылады:

Сынап бағанасы -25 градустан

және одан төмен температураны

көрсетсе, 2 м/с және одан

жоғары жылдамдықпен жел соқса

4 сыныптарға дейін оқымайды.

Ал күннің суықтығы -30 градусқа

жетсе және желдің жылдамдығы

секундына 2 метрге дейін болса

9-сыныптарға дейін сабақтар

тоқтатылады. Егер аяз одан

әрі күшейсе, яғни температура

-33 градустан төмендесе және

2 м/с жел болса, 11-сыныптарға

дейін сабақ оқымайды. Оған қоса,

температура -29 градус болып,

жылдамдығы секундына 5 метр

жел соқса 9-сыныпқа дейін, ал

аяз 30 градустан асып, желдің

жылдамдығы жаңағыдай сақталса

Қыс мезгілінде ауа райын болжап айту қиын. Аязды

және екпінді жел тұрған күндері орта мектептер

мен колледждерде сабақ жиі тоқтатылады. Мезгіл

мәселесіне орай қандай жағдайда сабақтар болмайды?

Мұндай кезде қашықтан оқыту қарастырылған

ба? Осы сауалдар бойынша облыстық білім

беру басқармасы мектепке дейінгі және жалпы

ор т а бі л і м б еру б ө л і м і н і ң б ас м а м а н ы А й н а г үл

Абаевамен әңгімелескен едік.

11-сыныптарға дейін мектепке

жіберілмейді. Қыста екпінді жел

соққанда да шектеулер бар.

Желдің жылдамдығы секундына

20 метр болғанда 1-4-сыныптарда,

секундына 25 метр болғанда

11-сыныптарға дейін сабақтар

тоқтатылатын болады.

- Мұндай жағдайда қашықтан

оқыту қарастырылған ба?

- Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің

2016 жылғы 18 қаңтардағы «Қолайсыз

ауа райы метеожағдайларында орта

білім беру ұйымдарында, сондай-ақ

техникалық және кәсіптік білімнің

білім беру бағдарламаларын іске

асыратын білім беру ұйымдарында

сабақтарды тоқтату қағидаларын

бекіту туралы» №42 бұйрығына

сәйкес ауа райының қолайсыз

жағдайында сабақтар қашықтан

оқыту режиміне ауыстырылады.

- Қала және ауыл мектептерінде

осыған байланысты

қандай айырмашылықтар

бар?

- Білім беру ұйымдарындағы

қолайсыз ауа райы жағдайында

ұсынылатын көрсеткіштер жыл сайын

мүдделі қызметтермен келісіледі.

Яғни, «Қазгидромет» мекемесімен

және Павлодар облысы бойынша

төтенше жағдайлар департаментімен

тікелей байланыстамыз. Қалалық

және ауылдық жерлер үшін

бірдей ұсынылған температура

параметрлері бар. Бұл ұсынылған

параметрлер мүдделі жергілікті

қызметтермен келісу мақсатында

қалалар мен аудандардың білім

беру бөлімдеріне жіберіледі.

- Ата-аналар мен мектеп

оқушылары сабақтың тоқтатылғандығын

немесе қашықтан

өтетінін қалай біледі?

- Сабақтарды қашықтан оқыту

форматына көшіру туралы ақпарат

бірінші ауысымда таңертеңгі сағат

07.15-ке дейін, екінші ауысымда

күндізгі сағат 12.15-ке дейін

қалалар мен аудандардың білім

беру бөлімдерінің сайттары мен

әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Сонымен қатар, Павлодар

облысы білім беру басқармасының

t.me/uopvl Telegram-каналында

орналастырылады. Сондай-ақ

Павлодар облысы бойынша Төтенше

жағдайлар департаментінің SMS-112

хабарламасы арқылы хабарланатын

болады.

- Ақпаратыңызға рахмет!

Әңгімелескен –

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Өңір жобаға қосылды

Ағымдағы жылы еліміздің барлық өңірлерінде

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық даму институтының

бастауымен «Акселератор – 2021» республикалық

жобасы басталған еді. Бүгінде облыстық

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімі

осы жобаға қосылды.

ЕРТЕҢ - АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ,

ТАМАҚ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

Әлеуметтік маңызға ие саланың бірі – ауыл

шаруашылығы. Әсіресе, қоймадағы тұқымды

сұрыптап, техникасын түгендеп, соқасын сайлап,

үнемі тыңғылықты дайындықты талап ететін

агроном мамандығының маңызы зор. Сондай білікті

маманның бірі – Нұрсұлтан Қожаев.

Жердің жайын

еккен білер

Қазіргі таңда ол Павлодар

ауданындағы «Маяк» шаруа қожалығында

бас агроном қызметіне

жауапты. 2011 жылы аталмыш

шаруашылыққа агрохимик маманы

болып жұмысқа орналасқан.

Өзіне міндеттелген жүкті тиянақты

әрі жауаптылықпен атқарып

жүрді. Кейіннен Нұрсұлтан Сұңғатұлының

білікті маман екендігіне

көзі жеткен басшылық бас агроном

қызметіне лайық деп таныды.

- Агрономның негізгі қызметі –

егілетін өсімдіктің биологиялық

ерекшеліктерін, аймақтағы

жер және климат жағдайларын, тыңайтқыштардың тиімді пайдалану

тәсілдерін зерттеу, өсімдік шаруашылық өндірісінің технологиясын

қамтамасыз ету. Қазіргі күндегі заманауи агроном ауыл

шаруашылығында жан-жақты маман иесі болуы тиіс, - дейді

Н.Қожаев.

Маманның айтуынша, бұл саланың өзіне тән қиындықтары бар.

Себебі, оқу орнында өткен теориядан бөлек тәжірибе маңызды

рөлді атқарады. Биологияға тұрақты қызығушылық, жинақылық,

байланысқа бейімділік, қажырлық пен көшбасшылық сынды жеке

қасиеттер агрономға тән болуы тиіс екенін атап өтті.

Агрономның мақсаты – жер мелиорациясы жұмыстарын жүргізу,

суармалы және құрғатылмалы егістіктерден биік егінге қол жеткізіп,

орман мен ауылшаруашылық алқаптарын тиімді пайдалану, - дейді

ол. Сонымен қатар, іріктелген тұқымдардың сапасын, олардың дұрыс

сақталуын қадағалау жағынан білікті маман болуы қажеттігін айтты.

Болашақ жас мамандарға кез келген ауа райының жағдайында

уақытын таза ауада өткізіп, көп қозғалыс пен ауыр дене еңбегін

атқаруға дайын болуы жөнінде кеңесін айтты.

Нұрсұлтан Қожаев өсімдік физиологиясы, агрономия, биология,

агротехника және тұқым шаруашылығы салалары бойынша терең

білім қажет деп санайды. Заманауи маман мәдени өсімдіктерді

қорғаудың ең тиімді және ең қауіпсіз құралдарын таңдай алуы керек.

Оған қоса, төзімді сұрыптарды іріктеп, уақытылы жер қопсыту және

суару, химикаттарды пайдалана білуі міндетті екендігін атап өтті.

Облыстағы маңызды деп саналатын шаруашылықтардың біріне

айналған «Маяк» шаруа қожалығында табысты еңбек етіп жатқан

маман Нұрсұлтан Қожаевқа алдағы уақытта сәттілік тілейміз.

Өз тілшіміз.

«Бастау» берген

мүмкіндік

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Қазіргі таңда акселераторға

әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін

сарапшылар тобы құрылды. Біздің

аймақтың кураторы, республикалық

сарапшы Сергей Гуляев акселератор

идеясын дамытуға көмек

көрсетуде.

Әлеуметтік жобалар акселераторы

азаматтық қоғамды ілгерілетуге

және жергілікті қоғамдастықтардың

орнықты дамуына жәрдемдесуге

бағыттаған бастамаларды

тартуды көздеп отыр.

Бүгінде өңіріміздегі жобаның

алғашқы қадамы ретінде ZOOM

платформасы арқылы сарапшылармен

кездесу өтті. Қатысушылар

«Рухани жаңғыру» орталығының

«Талдау және әдістемелік қамтамасыз

ету» бөлімінің менеджері

Жақсыбек Жиеналиев пен «Рухани

жаңғыру» әлеуметтік жобаларының

республикалық акселераторының

сарапшысы Сергей Гуляевтан

түсініктеме алды.

Облысымыздан тоғыз жобаның

нәтижелері инклюзивті қоғамды,

бейресми білім беру, өлкетану,

туризм шеңберіндегі өзекті құзыреттерді,

сондай-ақ мәдениет,

өнер және халық шығармашылығы,

спорт саласындағы жобаларды

біріктіретін алаңдарды дамыту

мәселелерін шешуге бағытталып

отыр.

Қазіргі таңда инклюзивті

қоғамды дамыту бойынша Әсем

Нұрғалиеваның кинотерапия

элементтері бар «Нұрсәуле» жобасы,

Асыл Әміровтің «Қазақстанның

әр қаласындағы инклюзивті

жағажай», Серік Сыздықовтың

MuzLife + SEN (музыкалық өмір

+ specialeducationalneeds–ағылшын

тілінен аударғанда ерекше білім беру

қажеттіліктері), Жанна Баженованың

«Жақсы көңіл күй» немесе «Бақыт

қаласы» жобалар бар. Сонымен

қатар, бейресми білім беру

шеңберінде өзекті құзыреттерді

дамыту бойынша «Рухани жаңғыру»

идеясы, мектепке дейінгі балаларға

арналған көпфункционалды үздік

әдістемелік құралға байқау-конкурсына

Оксана Петрович және

«Рухани жаңғыру» кабинеттері»

атты Нүрия Көбенованың өз жобалары

ұсынылды.

Ал ауылшаруашылық, өңірлік,

білім туризмін дамыту бағытында

Еркеғали Жанғазының «Қызылтұз

көлі. Курорттық аймақты дамыту»,

оған қоса мәдениет, өнер және

халық шығармашылығы және

спорт саласындағы жобаларды

біріктіретін алаңдарды дамыту

бағытына «Ойнайтын ұлт – дені сау

ұлт» атты Динара Нұрғалиеваның

жұмысы, Болат Мұқышев, Серік

Темірғалиев және Данияр Нұрсейітовтің

«QAZ-HOK» деп аталатын

жобасы республикалық кезеңге

ұсынылды.

Алдағы уақытта аталмыш

жобалар республикалық жәрмеңкеге

қатысады деп сенім білдіреміз.

Тереңкөл ауданында мемлекет тарапынан

берілетін қайтарымсыз грант ұтып алып, жеке

кәсіп ашып отырған жас көп. «Бастау» бағдарламасы

жеке іс бастауға ниет еткен қыз-жігіттердің

тілегін орындауда.

Осындай мүмкіндікті Жаңабет ауылының тұрғыны Динара Шәріпова

да қолданып, жеке шаруашылық ашып отыр. Динара 2016 жылы

«Еңбек» бағдарламасының «Бастау» жобасында бақ сынаған.

Ауылда тұрғандықтан мал өсірумен айналысқан. Мемлекет тарапынан

алған несиеге МТЗ тракторын сатып алған. Сонымен қатар,

10 жылға 250 гектар жерді жалға алған. Бір адамды жұмыспен

қамтыған. Аталмыш бағдарлама шеңберінде 6 пайызбен 1 млн

100 мың теңгеге 6 ірі қара сатып алған. Бүгінде етті және сүтті

бағытағы ірі қара өсірумен айналысуда. Динара - жолдасымен екі

бала тәрбиелеп отырған ардақты ана, бақытты жар.

- Мемлекеттік бағдарламаның игілігін молынан пайдаланған

кәсіпкердің бірімін. Бастысы қорықпай, тәуекелге бара білу керек.

Қазір қорада 20-дан астам ірі қара өсуде. Болашақта қора ішін

кеңейтуді жоспарлаудамын.

«Бастау» курсына қатысу арқылы бизнес жоспар құруды, жеке

кәсіп ашуды, ақша үнемдеуді үйрендім. Өз ісімді ашуға мүмкіндік

берген бағдарламаға айтар алғысым шексіз. Аудандық кәсіпкерлер

палатасының мамандарына ризашылығымды білдіремін, - дейді

кәсіпкер.

Әйел болса да, ата кәсіппен айналысып отырған кәсіпкердің

еңбегіне табыс тілейміз.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!