Views
1 year ago

Philips SalonDry Control Sèche-cheveux - Mode d’emploi - LAV

Philips SalonDry Control Sèche-cheveux - Mode d’emploi - LAV

52 Қазақша -

52 Қазақша - Көлем диффузоры жұмсақ ауа ағымын шығарып, сіздің шаш үлгіңізге көлем және серпімділік береді (Cурет 4). 1 Көлем диффузорын құралға байланыстыру үшін, оны сырт еткізіп орнатып, диффузордағы жебелерді цилиндірмен бірдей етіңіз. (Cурет 5) Көлем диффузорын ажырату үшін, оны құралдан тартып суырыңыз. 2 Шашыңыздың түбіне көлем қосу үшін, шашыңызға шаш қыстырғыштарды басыңыздың терісіне тигізіп тұрып қыстырыңыз (Cурет 6). 3 Құралмен айналдырмалы қосзғалыстар жасап, жылы ауаны шашыңызға бірдей етіп таратыңыз (Cурет 7). Бұйра немесе толқынды шаш 1 Егер сіз бұйра немесе толқынды шашқа үлгі жасап жатқан болсаңыз, онда диффузорды басыңыздан 10-15 см. қашықтықта ұстаңыз, сонда шашыңыз келе келе кебеді (Cурет 8). - Сонымен қатар, сіз шашыңызға үлгіні бос қолыңызбен немесе тарақпен жасап отыруыңызға болады. - Сіз, сонымен бірге, кептіріп жатқанда, шаш бұрымдарын қолыңызбен қысып, бұйра немесе толқынды етіп оған форма беруіңізге болады. Бұл сіздің шашыңыздың шатасуынан және ұйқа болуынан сақтайды. Ұзын шаш 1 Ұзын шашты кептіру үшін, сіз шаш бұрымдарын диффузордың төбесіне шашып тастауыңызға болады (Cурет 9). 2 Немесе кептіріп жатқанда, сіз шашыңызды төмен қарай диффузордың шанышқыларымен тарауыңызға болады (Cурет 10). Үлгілейтін тарақ (тек HP4984 түрінде ғана) Үлгілеу тарағы Африкандық бұйра шаштарды кептіру барысында көтеру, тік етіу және жұмсарту үшін арнайы жасалған.

1 Үлгілеу тарағын құралға сырт еткізіп орнатыңыз (Cурет 11). Үлгілеу тарағын құралдан шығару үшін, оны тартыңыз. Тазалау Құралды тазалар алдында міндетті түрде тоқтан ажырату керек.. Құралды ешқашан суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз және оны ағын су астында шәймаңыз. 1 Тазалар алдында қосымша бөлшектерді құралдан алыңыз. 2 Қосымша бөлшектерді сулы шүберекпен немесе ағын су астында тазалауға болады. Есте сақтаңыз: Қосымша бөлшекті қолданар немесе сақтап қояр алдында оның кепкен екендігін тексеріңіз. 3 Құралды құрғақ шүберекпен тазалаңыз. 4 Ауа кіретін грильді құралдан алып, шаш және шаңды алып тастаңыз. (Cурет 12) - Ауа кіретін грильді құралдан алу үшін, ауа кіретін грильдің сол және оң жағындағы бармақ қоятын жерін бірден басып, ауа кіретін грильді құралдан тартып алыңыз. - Ауа кіретін грильді құралға қайтадан орнату үшін, ауа кіретін грильдің сол және оң жағындағы бармақ қоятын жерін бірден басып, ауа кіретін грильді құралға қайтадан итеріп кіргізіңіз. Сақтау Құралды қолданып болғаннан соң өшіріп отырыңыз. Тоқ сымымен құралды айналдырып орамаңыз. 1 Құралды қауіпсіз жерге қойып, суытыңыз. Сіз құралды ілмегінен іліп қойсаңыз да болады. Қазақша 53