Views
2 months ago

Sony VPCEC4S1E - VPCEC4S1E Documenti garanzia Ucraino

Sony VPCEC4S1E - VPCEC4S1E Documenti garanzia Ucraino

Ескі электр

Ескі электр немесе электрондық жабдықты тастау (бөлек қоқыс жинау жүйелері бар Еуропа Одағында жəне Еуропа елдерінде қолданылады) Өнімдегі немесе оның орамындағы таңба өнімді тұрмыс қоқысы ретінде қарастырмау керектігін білдіреді. Оның орнына оны электр жəне электрондық жабдықты қайта пайдалануға арналған тиісті қоқыс жинау орнына апару керек. Бұл өнімді дұрыс тастау арқылы сіз қоршаған ортаға жəне адам денсаулығына ықтимал теріс əсерлерді болдырмауға көмектесесіз. Бұл əсерлер осы өнімнің қоқысын тиісті пайдаланбағанда тууы мүмкін. Материалдарды қайта пайдалану табиғи ресурстарды сақтауға көмектеседі. Осы өнімді қайта пайдалану туралы толық мəлімет ақпарат алу үшін жергілікті əкімшілікке, жергілікті қоқыс тастау қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз. Қоқыс батареяларды тастау (бөлек қоқыс жинау жүйелері бар Еуропа Одағында жəне Еуропа елдерінде қолданылады) немесе таңбалары жазылады. Батарея немесе орамда келесі көрсетілген таңбалардың кез келгені бұл өніммен бірге берілген батареяны тұрмыс қоқысы ретінде қарастырмау керектігін білдіреді. Белгілі батареяларда бұл таңба химиялық таңбамен бірге пайдаланылады. Батареяда 0,0005%-дан жоғары сынап немесе 0,004%-дан жоғары қорғасын болса, сынаптың (Hg) немесе қорғасынның (Pb) химиялық Бұл батареяларды дұрыс тастау арқылы сіз қоршаған ортаға жəне адам денсаулығына ықтимал теріс əсерлерді болдырмауға көмектесесіз. Бұл əсерлер осы батареяны тиісті пайдаланбағанда тууы мүмкін. Материалдарды қайта пайдалану табиғи ресурстарды сақтауға көмектеседі. Өнімдер қауіпсіздік, өнімділік немесе деректер тұтастығы себептерін қажет еткен жағдайда біріктірілген батареямен тұрақты қосылуды қажет етеді жəне бұл батареяны білікті қызмет көрсету мамандары ғана ауыстыруы керек. Батареяның тиісті түрде өңделуін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету мерзімі біткенде өнімді электр жəне электрондық жабдықты қайта пайдалануға арналғна тиісті жинау орнына апарыңыз. Барлық басқа батареялар үшін батареяны өнімнен қауіпсіз алу туралы бөлімін қараңыз. Қоқыс батареяларды қайта пайдалану үшін батареяны тиісті жинау орнына беріңіз. Осы өнімді немесе батареяны қайта пайдалану туралы толық мəлімет алу үшін жергілікті əкімшілікке, жергілікті қоқыс тастау қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз. 52

Қауіпсіздік / ережелер нұсқаулығы VAIO компьютерімен бірге берілген батареяның өндірілген күні батареяда көрсетілген. Алғышқы екі сан өндірілген жылдың (2010) соңғы екі санын жəне соңғы сан немесе əріп өндірілген айды көрсетеді (қаңтар-қыркүйек арасындағы айлар 1-9 аралығындағы сандармен көрсетілген, ал қазан-желтоқсан аралығындағы айлар X - Z аралығындағы алфавит əріптерімен көрсетілген.). KZ VAIO ноутбуктері Қытайда жəне Жапонияда шығарылады. Ноутбуктердің шыққан елі ноутбуктің өзінде жəне оның орамында көрсетіледі. Бұл құрылғыны шығарушы Сони Корпорейшн, 1-7-1 Конан, Минато-ку, Токио 108-0075, Жапония. EMC жəне өнім қауіпсіздігі үшін рұқсат етілген өкіл – Sony Deutschland GmbH, Hedelfinger Strasse 61, 70327 Stuttgart, Germany. Кез келген қызмет көрсету немесе кепілдік мəселелері бойынша бөлек қызмет көрсету немесе кепілдік құжаттарында берілген мекенжайларға хабарласыңыз. Бұл жабдық Қытайда немесе Жапонияда жасалған. Жасалған елі құрылғыда немесе оның орамында көрсетілген. 53