Views
6 months ago

Sony SVT1122B4E - SVT1122B4E Documenti garanzia Kazako

Sony SVT1122B4E - SVT1122B4E Documenti garanzia Kazako

Лазерге

Лазерге қатысты сақтық жазуы (оптикалық дискенгізгісі бар VAIO компьютерлері үшін) Компьютердің оптикалық дискіенгізгісі CLASS 1 LASER PRODUCT ретінде топталған жəне IEC/EN 60825-1 лазерлік өнімдердің қауіпсіздік стандартына сай келеді. Ескерту – бұл жабдықты жөндеу мен оған техникалық қызмет көрсетуді тек Sony компаниясы рұқсат еткен техникалық мамандар орындауы керек. Дұрыс жөндемеу жəне пайдаланбау қауіп төндіруі мүмкін. Ескерту – мұнда көрсетілгеннен басқа басқару элементтерін, реттеулерді пайдалану немесе процедураларды орындау қауіпті радиация əсеріне əкелуі мүмкін. Біріктірілген оптикалық дискіенгізгісі үшін Ескерту – Class 3B ішінде ашық болғанда көрінетін жəне көрінбейтін лазер радиациясы бар. Сəуленің тікелей түсуін болдырмаңыз. Ең көп қуат: 390μВт ( λ 650 нм), 563μВт ( λ780 нм), 39μВт ( λ 405 нм) Сəуле ауытқуы: 0,6 ( λ650 нм), 0,45 ( λ780 нм), 0,85 ( λ 405 нм) Импульс ені: үздіксіз толқын 44

Пайдалану/қоқысқа тастау туралы сақтық шаралары Алынбалы батарея жинағы бар модельдер үшін Абайлаңыз Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі бар. Тек бірдей немесе өндіруші ұсынған баламалы түрімен ауыстырыңыз. Пайдаланылған батареяларды өндіруші нұсқауларына сай тастаңыз. Бұл құрылғыда пайдаланылған батарея дұрыс пайдаланылмаса, өрт немесе химиялық күю қаупін тудыруы мүмкін. Сындыруға, бөлшектеуге, 60°C-тан жоғары қыздыруға немесе жағуға болмайды. Пайдаланылған батареяларды жылдам жəне тиісті түрде тастаңыз. Балалардан аулақ ұстаңыз. Батареядағы металл клеммаларды қысқа тұйықтамаңыз немесе оларға су, кофе немесе сусын сияқты сұйықтық төгіп алмаңыз. Зақымдалған немесе ағып тұрған литий-ионды батареяларды пайдаланбаңыз. Кейбір аймақтарда литий-ионды батареяларды тұрмыс немесе іскери қоқысқа тастауға тыйым салынуы мүмкін. Тиісті жалпы қоқыс жинау жүйесін пайдаланыңыз. Резервтік жад батареясы бар модельдер үшін Өніміңіз ішкі резервтік жад батареясымен жабдықталған. Оны өнімнің қызмет көрсету мерзімінде ауыстырмау керек. Батареяны ауыстыру қажет болғанда, рұқсат етілген Sony қызмет көрсету/қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз. Құрғақ батареяларды пайдаланатын модельдер үшін Абайлаңыз Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі бар. Тек бірдей немесе өндіруші ұсынған баламалы түрімен ауыстырыңыз. Пайдаланылған батареяларды өндіруші нұсқауларына сай тастаңыз. Модельге байланысты өніміңізбен бірге құрғақ батареялардан қуат алатын кейбір керек-жарақтар берілуі мүмкін. Батареяларды орнату үшін нұсқаулықты қараңыз. Зақымдалған немесе ағып тұрған батареяларды пайдаланбаңыз. Батареялар дұрыс зарядталмаса, отқа салынса, басқа батареялармен бірге пайдаланылса немесе дұрыс салынбаса жарылуы немесе ағыуы мүмкін. Батарея дұрыс пайдаланылмаса, өрт немесе химиялық күю қаупін тудыруы мүмкін. Бөлшектеуге, 60°C-тан жоғары қыздыруға немесе жағуға болмайды. Пайдаланылған батареяларды жылдам жəне тиісті түрде тастаңыз. Балалардан аулақ ұстаңыз. Батареядағы металл клеммаларды қысқа тұйықтамаңыз немесе оларға су, кофе немесе сусын сияқты сұйықтық төгіп алмаңыз. Қызмет көрсету мерзімінің соңында батареяларды тиісті түрде тастаңыз. Кейбір аймақтарда батареяларды тұрмыс немесе іскери қоқысқа тастауға тыйым салынуы мүмкін. Тиісті жалпы қоқыс жинау жүйесін пайдаланыңыз. KZ 45