Views
4 months ago

KitchenAid T 16 A2 D S/HA - T 16 A2 D S/HA KK (F093246) Health and safety

KitchenAid T 16 A2 D S/HA - T 16 A2 D S/HA KK (F093246) Health and safety

KitchenAid T 16 A2 D S/HA - T 16 A2 D S/HA KK (F093246) Health and

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз. Бұл нұсқаулар мен құрал барлық уақытта ұстану қажет маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз етеді. Өндіршуі осы қауіпсіздік нұсқауларын ұстанбау, құралды дұрыс пайдаланбау немесе басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаға ақаулық үшін жауапты болмайды. Кішкентай сәбилерді (0-3 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. Үнемі бақылау болмаса, жас балаларды (3-8 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. 8 жас және одан үлкен жастағы балалар мен қозғалу, сезу немесе рухани мүмкіндіктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар осы құралды тек бақылауда болғанда, арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен және олар оны түсінгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамау керек. Балаларға тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бақылаусыз орындауға рұқсат бермеңіз. РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару құралы сияқты алмастыру қондырғысымен пайдаланылуға арналмаған. Бұл құрылғы тұрмыстық және сол сияқты қолданыстарда пайдаланылуға арналған, мысалы: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асхана аумақтары; шаруашылық ғимараттары; қонақ үйлердің, мотельдердің, шағын мейманханалардың және басқа тұрғын жайлардың клиенттерінің пайдалануы. Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз. Құрылғы ішінде пайдаланылған шам тұрмыстық техника үшін арнайы жасақталған және үй ішіндегі жалпы бөлме жарықтандыру үшін жарамсыз болып табылады (ЕҚ реттеуі 244/2009). Құрылғы, техникалық төлқұжатта берілген климат класына сәйкес,сыртқы температура келесі ауқымдарда болатын жерлерде жұмыс істеу үшін құрастырып шығарылған. Құрылғы көрсетілген ауқымнан тыс температурада ұзақ уақытқа қалдырылған кезде, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Қоршаған орта температуралардың климаттық тобы: KK ОҚЫП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ҰСТАНҒАН ЖӨН SN: 10 °C және 32 °C аралығы; N: 16 °C және 32 °C аралығы; ST: 16°C және 38°C аралығы; T: 16°C және 43°C аралығы Бұл құрылғы құрамында фреон жоқ. Салқындатқыш құрамында R600a (HC) бар. Құрамында изобутан (R600a) бар құрылғылар: изобутан - қоршаған орта үшін қауіпсіз болып табылатын, бірақ жанғыш табиғи газ. Сондықтан, хладагент тізбегінің құбырларын зақымдалудан қорғаңыз, әсіресе хладагент тізбегін ағызу уақытта. ЕСКЕРТУ: Құрылғыдағы хладагент тізбегінің құбырларын зақымдап алмаңыз. ЕСКЕРТУ: Құрылғы корпусындағы немесе кірістірілген құрылымдағы желдету саңылауларын кедергісіз ашық қалдырыңыз. ЕСКЕРТУ: Еріту процесін жылдамдату үшін өндіруші ұсынғаннан басқа механикалық, электрлік не химиялық құралдарды пайдаланбаңыз. ЕСКЕРТУ: Электрлік құрылғылар Өндіруші арнайы рұқсат бермеген түрге жатса, оларды пайдаланбаңыз немесе құрылғы бөлімдерінің ішіне орналастырмаңыз. ЕСКЕРТУ: Су көздеріне тікелей қосылмаған мұздатқыштар және/немесе су диспенсерлері тек ауыз сумен толтырылуы керек. Құрылғының ішінде не қасында аэрозоль қауашақтары сияқты жарылғыш заттарды сақтамаңыз бензинді немесе басқа тұтанғыш заттарды қоймаңыз немесе пайдаланбаңыз. Мұз пакеттерінің (кейбір үлгілерде кездеседі) ішіндегісін (уытты емес) жұтпаңыз. Мұз текшелері немесе жеміс мұзы суық күйіктерін тудыра алатындықтан, оларды мұздатқыштан алған соң бірден аузыңызға салмаңыз. Қолжетімді желдеткіш қақпағының ішінде ауа сүзгісін пайдалану үшін жасақталған өнімдер үшін, тоңазытқыш жұмыс істеген кезде сүзгі әрқашан орнында болуы керек. Мұздату бөліміндегі сұйықтықтар жарылып кете алатындықтан, әйнек контейнерлерді бос мұздату бөлімімен сақтаңыз. Тамақты желдеткішке (бар болса) кедергі келтіретіндей етіп қоймаңыз. Тағамды орналастырғаннан кейін, бөлімдердің есігі, әсірсе мұздату бөлімінің есігі дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған аралық тығыздағыш мүмкіндігінше дереу ауыстырылуы керек. Тоңазытқыш бөлімін тек жаңа піскен тағамды сақтау, ал мұздату бөлімін тек