Views
8 months ago

Sony SVJ2021V1E - SVJ2021V1E Documenti garanzia Russo

Sony SVJ2021V1E - SVJ2021V1E Documenti garanzia Russo

s Құрғақ

s Құрғақ батареяларды пайдаланатын модельдер үшін Абайлаңыз s Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі бар. Тек бірдей немесе өндіруші ұсынған баламалы түрімен ауыстырыңыз. Пайдаланылған батареяларды өндіруші нұсқауларына сай тастаңыз. s Модельге байланысты өніміңізбен бірге құрғақ батареялардан қуат алатын кейбір керек-жарақтар берілуі мүмкін. Батареяларды орнату үшін нұсқаулықты қараңыз. s Зақымдалған немесе ағып тұрған батареяларды пайдаланбаңыз. s Батареялар дұрыс зарядталмаса, отқа салынса, басқа батареялармен бірге пайдаланылса немесе дұрыс салынбаса жарылуы немесе ағыуы мүмкін. s Батарея дұрыс пайдаланылмаса, өрт немесе химиялық күю қаупін тудыруы мүмкін. s Бұзуға, бөлшектеуге, 60°C-тан (140°F) жоғары қыздыруға немесе жағуға болмайды. s Пайдаланылған батареяларды жылдам жəне тиісті түрде тастаңыз. s Балалардан аулақ ұстаңыз. s Батареядағы металл клеммаларды қысқа тұйықтамаңыз немесе оларға су, кофе немесе сусын сияқты сұйықтық төгіп алмаңыз. s Қызмет көрсету мерзімінің соңында батареяларды тиісті түрде тастаңыз. s Кейбір аймақтарда батареяларды тұрмыс немесе іскери қоқысқа тастауға тыйым салынуы мүмкін. Тиісті жалпы қоқыс жинау жүйесін пайдаланыңыз. 46

Қызмет мерзімі біткен электр жəне электрондық жабдықты залалсыз жою (бағыттама қалдықтарды бөлек жинау жүйелері жұмыс істейтін Еуроодақ жəне басқа еуропа елдерінде қолданылады) Құрылғыдағы немесе оның орамындағы бұл белгі бұл құрылғыны басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге залалсыз жоюға болмайтынын білдіреді. Оның орнына оны электр жəне электрондық жабдықты қайта пайдалануға арналған тиісті қоқыс жинау орнына апару керек. Бұл өнімді дұрыс тастау арқылы сіз қоршаған ортаға жəне адам денсаулығына ықтимал теріс əсерлерді болдырмауға көмектесесіз. Бұл əсерлер осы өнімнің қоқысын тиісті пайдаланбағанда тууы мүмкін. Материалдарды қайта пайдалану табиғи ресурстарды сақтауға көмектеседі. Осы өнімді қайта пайдалану туралы толық мəлімет ақпарат алу үшін жергілікті əкімшілікке, жергілікті қоқыс тастау қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз. KZ Пайдаланылған қоректену элементтерін залалсыз жою (қалдықтарды бөлек жинау жүйелері жұмыс істейтін Еуроодақ елдерінде жəне басқа еуропа елдерінде қолданылады) Бұл белгі құрылғымен бірге жеткізілетін қоректену элементін басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге залалсыз жоюға болмайтынын білдіреді. немесе Белгілі батареяларда бұл таңба химиялық таңбамен бірге пайдаланылады. Батареяда 0,0005%-дан жоғары сынап немесе 0,004%-дан жоғары қорғасын болса, сынаптың (Hg) немесе қорғасынның (Pb) химиялық таңбалары жазылады. Бұл батареяларды дұрыс тастау арқылы сіз қоршаған ортаға жəне адам денсаулығына ықтимал теріс əсерлерді болдырмауға көмектесесіз. Бұл əсерлер осы батареяны тиісті пайдаланбағанда тууы мүмкін. Материалдарды қайта пайдалану табиғи ресурстарды сақтауға көмектеседі. Өнімдер қауіпсіздік, өнімділік немесе деректер тұтастығы себептерін қажет еткен жағдайда біріктірілген батареямен тұрақты қосылуды қажет етеді жəне бұл батареяны білікті қызмет көрсету мамандары ғана ауыстыруы керек. Батареяның тиісті түрде өңделуін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету мерзімі біткенде өнімді электр жəне электрондық жабдықты қайта пайдалануға арналғна тиісті жинау орнына апарыңыз. Барлық басқа батареялар үшін батареяны өнімнен қауіпсіз алу туралы бөлімін қараңыз. Қоқыс батареяларды қайта пайдалану үшін батареяны тиісті жинау орнына беріңіз. Осы өнімді немесе батареяны қайта пайдалану туралы толық мəлімет алу үшін жергілікті əкімшілікке, жергілікті қоқыс тастау қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз. 47