ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ-18-19
Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл
Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл
- No tags were found...
Create successful ePaper yourself
Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.
№18-19

(1557-1558)

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Өлеңімнен

ұсынамын гүлдесте

...Наурыз келсе, жауқазындар жар сала,

Көктем келіп, көктен жаңбыр жауса да,

Бәйшешек боп, қызғалдақ боп бой түзеп,

Келеді өсіп қыздарымыз қаншама!

Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл

Келеміз біз бір керуен, бір көште,

Әйел жайлы таусылмас жыр мың кеште.

Барлығында құттықтаймын мен бүгін,

Өлеңімнен тоқып тұрып гүлдесте.

Бауыржан Жақып

Елбасы үндеуі

Әлеуметтік бес бастама — баянды болашақ

Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен

отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан

Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»

атты халыққа үндеуін жария етті.

Көктемнің алғашқы айын

халыққа жағымды тың бастамамен

бастаған Елбасы

Наурыз айының еліміздің

Тәуелсіздік күнтізбесінде

ерекше орны бар екенін,

яғни көктемнің алғашқы

күнінде Алғыс айту күнін

атап өтетінімізді, сонымен

бірге, бұл – Қазақстан халқы

Ассамблеясы құрылған

күні екенін, Ұлыстың ұлы

күні – Наурыз мейрамы мен

әйелдер мерекесі де шуақты

көктем айының еншісінде

екенін атап өтті. Осы ізгі

оқиғалардың бәрі Қазақстан

халқын біріктіре түсетінін,

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

да осыған бағытталғанын

тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев бұдан

соң қоғамның әлеуметтік

бірлігін нығайту ауқымды

әлеуметтік жобалар

арқылы жүзеге асатынына

тоқталып, қазақстандықтардың

әл-ауқатын әрі қарай

жақсарта түсуге бағытталған

жаңа бес әлеуметтік бастамасын

ұсынды.

Бірінші бастама: «Әрбір

отбасына баспана алудың

жаңа мүмкіндіктерін беру».

«Біз соңғы жылдары қазақстандықтардың

баспана

алу мүмкіндіктерін кеңейту

үшін көп нәрсе жасадық.

2017 жылы 11,2 миллион

шаршы метр тұрғынүй

пайдалануға берілді.

Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Дегенмен, оның өзі

жеткіліксіз, әлі күнге дейін

көптеген отбасы баспанасыз

жүр. Бұл – айрықша

әлеуметтік маңызы бар мәселе.

Оның шешімін тұрғын-үй

ипотекасының қалың

көпшілікке жаппай

қолжетімділігін арттыру

арқылы табуға барлық жағдай

жасау керек. Сондықтан,

мен «7 – 20 – 25» бағдарламасын

ұсынамын. Несие

өсімінің мөлшерлемесі

қазіргідей 14-16 емес, жылына

7 проценттен аспайтын

болады.

u

Жалғасы 3-БЕТТЕ

құттықтау

Әйел –

өмір

шырағы

Нұрлан САУРАНБАЕВ,

Шымкент қаласының әкімі

Әлемге көктемнің шуағындай – жылылық

пен мейірім нұрын төккен, Күндей

шуақты, Айдай ажарлы, Гүлдей нәрлі де

көркем асыл аналарды, аяулы аруларды –

шұғылалы мереке 8 наурыз – Халықаралық

әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының

шырағы, тәрбиенің шырайы! Сіздердің

бойларыңыздағы қайрат пен қажыр,

шапағат пен шарапат, қайсарлық

пен құлшыныс күллі әлемнің тамырына

нәр беріп жатқандай.

Бүгінде қыз-келіншектер қоғамның

қай саласында да белсенді, беделді.

Еліміздің экономикасы, білімі мен денсаулық

сақтау саласында, мәдениеті мен

бизнес көкжиегінде Сіздердің, қымбатты

арулар, іздеріңіз бар. Сол тамаша талпыныстарыңызбен

төл қаламыз Шымкенттің

дамуына сүбелі үлес қосып келесіздер.

Сіздер қоғамдық өмірдің қозғаушы

күші бола білумен қатар ұрпағымыздың

өрісін кеңейтіп, еліміздің еңсесін биіктетіп

келе жатқан жігерлі жандарсыздар!

Сіздердің ақыл мен парасат, махаббат

пен шапағат, төзім мен сезім тұнған

жүректеріңіз бізге әркез сенім пен жігер

береді.

Қымбатты аналар, сүйікті әпке-қарындастар,

аяулы қыздар!

Мерекелеріңізбен! Әрбіріңізге және отбасыларыңызға

бақыт пен шаттық, денсаулық

мен байлық, береке мен ынтымақ

тілейміз!

Нұрлан БЕКНАЗАРОВ,

қалалық мәслихат хатшысы
2

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

Апта

www.shymkala.kz

Мегаполис

Әкім

кәсіпкерлермен

пікірлесті

Шымкентте

жергілікті билік

өкілдері кәсіпкерлермен

кездесті.

Ашық диалогпен өткен

кездесуге қатысушылардың

әрқайсысы

түйткілді мәселелерін,

жұмыс барысында кездесетін

әкімшілік кедергілер

жөнінде айтты.

ОҚО кәсіпкерлер палатасының

басшысы Асқар Әбубәкіров

қазіргі таңда әкімшілік кедергілерді

азайту мақсатында біршама

жұмыстар жасалып жатқанын

айтып өтті. Дегенмен,

кәсіпкерлердің әлі де шешімін

таппаған сұрақтары бар. Мәселен,

белгілі бір аумақта коммуникация

бар екенін іскер азаматтардың

барлығы бірдей біле

бермейді.

Жаңа технология

Шымкенттегі жастар

ресурстық

орталығында

білім беру мекемелері

арасында алғаш рет

«Цифрлық Қазақстан»

зияткерлік сайысы өтті.

Цифрлық

Қазақстан

Конкурс қалалық әкімдік ҚР

мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл

агенттігінің ОҚО бойынша

департаментінің бастамасымен

ұйымдастырылған.

Ж а ң а т е х н о л о г и я н ы ң

қыр-сырын меңгергендердің

біріншілігіне Шымкент қаласының

әкімі Нұрлан Сауранбаев

қатысты.

Бұл сайыс «Цифрлық

Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын

жүзеге асыру барысында

халыққа электронды қызмет

көрсетуді жеделдету мен жеңілдету

мақсатында ұйымдастырылып

отыр.

Сайыста үздік 5 мектептің

топтары өзара бақ сынады.

Ол топта екі-екіден ұстаз, оқушы

мен ата-ана болды. Солардың

арасынан оза шапқан №65

мектеп-гимназиясының «Сандық

әлем.kz» командасы жеңіске

жетті.

Сайысқа қатысушылар e-gov.

kz электронды үкімет порталындағы

халыққа қызмет көрсету

түрлеріне қатысты білімдерін

жан-жақты көрсете білді.

Сайыс барысында қажетті барлық

анықтамаларды электронды

түрде алудың тиімділігі көрсетілді.

Азамат ЖАППАР

Кездесуде билік пен кәсіпкерлердің

өзара жұмыс жасауы

егжей-тегжей талқыланды.

Атап айтқанда, Шымкент

қаласының әкімі кәсіпкерлікті

дамыту барысында әкімшілік

рәсімдерді заңға сәйкес жеңілдету

үшін арнайы комиссия құруды

ұсынды. Шаһар басшысы,

бұған қоса, инвестиция жұмылдыруға

баса мән берді.

– Шымкент – бай қала, бірақ,

біз инвесторларға жағдай

жасауымыз керек, – дейді

Нұрлан Сауранбаев. – Бізде жүзеге

асыруға болатын қызықты

жобалар жетерлік. Қаржы болса

- кедергі жоқ. Мемлекеттік жекеменшік

әріптестіктің қағидаттарын

белсенді түрде пайдаланыңыздар.

Бұл, әсіресе, балабақшалардың

құрылысына

Білім

Шымкентте мектеп

директорларын

ашық конкурс

арқылы тағайындау

жалғасуда.

Бұл жолы қала әкімі Нұрлан

Сауранбаевтың жетекшілігімен

арнайы комиссиялық топ шаһардағы

№72 жалпы орта мектебінің

басшылығына үміткерлерді

сынақтан өткізді.

Жалпы №72 жалпы орта

мектептің басшылық лауазымы

үшін 3 үміткер комиссия қабылдауына

қатысты. Солардың ішінен

мектеп директорлығы лауазымына

Ахметбаев Аманбек Молдабекұлы

лайық деп танылды.

Қала әкімдігі

қатысты. Ал биылдан бастап

мемлекеттік-жекеменшік әріптестік

негізінде мектеп те салынатын

болады.

Мегаполистің сәулеттік

көрінісі де әкімнің назарынан

тыс қалған жоқ.

– Шымкенттің өзіндік стилі

мен келбеті болуы керек, – дейді

Нұрлан Ермекұлы. – Бұл шаһарымыздың

туризм орталығына

айналуы үшін маңызды. Оған

қоса Шымкент 2020 жылы ТМДның

мәдени астанасы атанғалы

отыр. Ал қаламыздағы көптеген

нысандар «қызыл» сызықта

салынған, біраз көшелердің

жарықшамдары нашар.

Екі тараптың талқылауында

қоғамдық көліктер, жаңа автобустарды

әкелу мәселесі де

сөз болды.

Конкурспен тағайындалды

Әдеп жөніндегі

уәкіл қабылдайды

Шымкент қаласы әкімдігі

аппаратының персоналды басқару

қызметі бөлімінің басшысы

- әдеп жөніндегі уәкіл

Мұратжан Омарбекұлы Акишев

мемлекеттік қызметшілердің

қызметтік әдеп нормаларының

сақталуын және

мемлекеттік қызмет, сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

туралы заң және мемлекеттік

қызметшілердің әдеп кодексін

бұзудың алдын алуды қамтамасыз

ету қызметін жүзеге

асырады, сондай-ақ өз функциялары

шегінде мемлекеттік

қызметшілер мен азаматтарға

консультация береді.

Аманбек Молдабекұлы 37

жылдық еңбек өтілі бар педагог.

Бұған дейін №1 кешкі жалпы

орта мектеп директоры болып

қызмет атқарған.

Шымкент қаласы

әкімдігі аппаратының

әдеп жөніндегі уәкілінің

мемлекеттік қызметшілерді

және басқа да азаматтарды

қабылдау кестесі:

Әр айдың екінші және

төртінші сәрсенбі күндері

сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекенжайы: Шымкент

қаласы, Тәуке хан даңғылы

№6, Шымкент қаласы

әкімдігі ғимараты, 2-қабат,

№207 бөлме. Тел: 8 (7252) 53-

00-07, 53-00-04.

Кәсіпкерлік

20 жоба – 70 миллиард теңге

әлеуметтіккәсіпкерлік

«Шымкент»

корпорациясы биыл

еншілес ұйымдарымен

бірге жалпы құны 70,82

млрд теңгені құрайтын

20 жобаны жүзеге асырғалы

отыр. Нәтижесінде

2600-ге жуық адам жұмыспен

қамтылатын болады.

«Шымкент» ӘКК

ҰК» басқарма төрағасы

Айтмұхаммед Алдажаров

осылай деп мәлімдеді.

Басқарма төрағасының

айтуынша, аталған жобалар

«Оңтүстік» индустриалды аймағы

және «Оңтүстік» арнайы

экономикалық аймағында

жүргізіледі.

– Биыл қолға алынатын

20 жобаның 12-ін «Шымкент»

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

жүзеге асырады.

Олардың құны 23,5 млрд

теңгені құрап отыр. Ал «Оңтүстік»

арнайы экономикалық

аймағында жалпы құны

Қала шаруашылығы

Заңсыз

құрылысқа

жол жоқ

Шымкент қаласының

әкімдігі

қала аумағында

жер телімдерін өз бетінше

иелену және ауыл

шаруашылығы жерлерінде

заңсыз құрылыстарға

тосқауыл қою

мақсатында қала тұрғындарына

түсіндіру

жұмыстарын жүргізуде.

Солардың бірі Еңбекші аудандық

әкімдігі мен учаскелік

полицейлер Қаратөбе, Бадам-1

шағынаудандарының тұрғындарымен

кездесті.

Кездесуде Қазақстан Республикасының

жер кодексіне

өзгертулер мен толық-

хабарландыру

3,5 млрд теңге болатын 5 жобаны

іске асыру жоспарлануда.

Бұдан бөлек «Оңтүстік»

индустриалды аймағында 40

млрд теңге көлеміндегі 5 жобаны

іске қосу көзделуде, – деді

Айтмұхаммед Тұрарбекұлы.

Жалпы 2017 жылы «Шымкент»

ӘКК трансформациялау

кезеңінен өткен. Нәтижесінде

жаңа жұмыс әдісі әзірленіп,

инвестициялық жобаларды

тиімді басқаруға және іске

асыруға бағытталған басқару

жүйесі енгізілген. Соның нәтижесінде

бірқатар ауқымды жобаларды

іске асыру жеңілдей

түсті. Мысалы, «Астана» тұрғын

үй кешенін салуға отандық

инвесторлар 1 млрд 507

млн теңге қаржы құйған болатын.

Бүгінде кешеннің 2 блогы

ел игілігіне тапсырылды.

тырулар енгізіліп жатқаны,

заңға сәйкес қолданыстағы

жер телімдері нақты

мақсатта пайдаланылмаса,

мемлекет меншігіне қайтарып

алу да қарастырылғаны

түсіндірілді. Құжаты жоқ,

белгісіз жерлерге қоныстанғандарға

алдымен ескерту

жасалады. Егер оған көнбесе,

айыппұл салынып, соңында

заңсыз құрылыс бұзылады.

Заңсыз үй салған және

негізсіз жер берген азаматтар

да жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, жер телімін өз

бетінше иемденгені үшін ҚР

ӘҚБтК 136-бабына сәйкес 75

айлық көрсеткіш мөлшерінде

айыппұл салынатыны да ескертілді.

Әкімдіктің жұмысшы

тобы Еңбекші ауданына

Төле би және Сайрам аудандарынан

енген Қазығұрт, Қаратөбе

және Жұлдыз аумақтарын

тексеру кезінде 222

жер теліміне заңсыз құрылыс

жүргізілгені анықталды.

Айта кетейік, мұндай іс-шара

әкімдік тарапынан аптасына

бір рет тұрақты түрде

өткізілуде.

Прокурор қабылдайды

Құрметті Абай ауданының тұрғындары! Құқық қорғау қызметтері

орталығында құқық қорғау және мемлекеттік орган

басшылары 13 наурыз күні азаматтарды жеке қабылдайды.

Осыған байланысты қабылдауға алдын ала жазылу үшін Абай

ауданының прокуратурасына (Шымкент қаласы, Республика

даңғылы, 6 үй) немесе 33-97-60, 33-87-14 сымтетіктері арқылы

хабарласуға болады.

Абай ауданының прокуратурасы
Қоғам

www.shymkala.kz

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

3

Қазір банктер бастапқы жарнаға

баспана құнының 30 пайызға

дейін, кейде тіпті 50 пайызын

салуды талап етсе, бұл

бағдарлама бойынша ол 20 проценттен

аспауға тиіс. Несие алушының

ай сайынғы төлемін

азайту үшін оның мерзімі 10-15

емес, 25 жылға дейін болады»,

– деді Мемлекет басшысы

Екінші бастама: «Жалақысы

төмен жұмысшылардың еңбекақысын

көбейту үшін олардың

салық жүктемесін азайту».

Елбасы жалақысы төмен қазақстандықтарды

қолдау үшін

2019 жылдың 1 қаңтарынан

бастап олардың салық жүктемесін

10 есеге азайтып, 1 процент

қана салық салуды ұсынды.

Ай сайын ең төменгі есептік

көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен

аз жалақы алатындарға

салынатын жеке табыс

салығын азайту арқылы олардың

салық жүктемесін жеңілдету

керектігін, осылайша салықты

азайтудан шығатын қаржы

есебінен олардың жалақысын

көбейтуге көзделді.

Үшінші бастама: «Жоғары

білім алудың қолжетімділігі

мен сапасын арттырып, стуu

Басы 1-БЕТТЕ

Әлеуметтік бес бастама –

баянды болашақ

дент жастардың жатақханадағы

жағдайын жақсарту».

Бұл орайда Елбасы «Қазір

еліміздің жоғары оқу орындарында

530 мыңнан астам жас

оқып жатыр, олардың 30 пайызға

жуығы мемлекет бөлген

грантпен білім алуда. Жыл сайын

бөлінетін 54 мың грантқа

қосымша 2018-2019 оқу жылында

тағы 20 мың грант бөлу

керек. Оның 11 мыңы техникалық

мамандықтар бойынша

бакалаврлық білім беруге

тиесілі болады. Бұл төртінші

өнеркәсіптік революция жағдайындағы

жаңа экономикада

зор сұранысқа ие болатын

сан мың жаңа маманды даярлауға

мүмкіндік береді», – дей

келе қазір жоғары оқу орындары

мен колледждердің студенттерін

жатақханамен қамтамасыз

ету мәселесі өте өзекті

екеніне де тоқталды.

«Бұл міндетті шешу үшін

жоғары оқу орындары, колледждер

мен девелоперлік компаниялар

мемлекет пен жеке

меншіктің серіктестігі қағидасымен

жатақхана салуды бастауы

керек. Мемлекет өз тарапынан

Білім және ғылым министрлігі

арқылы жатақхана

құрылысына жұмсалған инвестициялардың

белгілі бір

бөлігі біртіндеп қайтарылуына

кепілдік береді. 2022 жылдың

соңына дейін студенттерге

арнап кемінде 75 мың орындық

жаңа жатақхана салуды тапсырамын.

Бұл алдағы жылдарда

өсе түсетін сұранысты ескергеннің

өзінде жатақхана тапшылығын

біржола шешеді» –

деді Президент.

Төртінші бастама: «Шағын

несие беруді көбейту».

2017 жылы жалпы сомасы 32

миллиард теңге болатын 7200

шағын несие беріліпті. Алайда,

Мемлекет басшысы атап өткендей,

«Бастау Бизнес» жобасы

бойынша білім алған тағы

5 мың адам өз ісін бастауға қажетті

шағын несиелерді ала алмаған.

«Сондықтан, 2018 жылы

қосымша 20 миллиард теңге

бөліп, шағын несиелердің жалпы

сомасын 62 миллиард теңгеге

жеткізуді тапсырамын. Нәтижесінде

шағын несие алатындардың

саны 2017 жылмен салыстырғанда

2 есеге артып, 14

мың адамға жететін болады.

Бұл жұмысты одан кейінгі жылдарда

да белсенді жалғастыру

керек» – деді Н. Назарбаев.

Бесінші бастама: «Елді

газбен қамтамасыз етуді жалғастыру».

«Елімізде газ өндіру

Тәуелсіздік кезеңінде жылына

8-ден 52 миллиард текшеметрге

дейін артты, әрі қарай да өсе

түседі. Қазір еліміздегі тұрғындардың

50 пайызға жуығы газбен

қамтамасыз етілген. 9 облысқа

газ тартылған. Дегенмен,

орталық және солтүстік

өңірлер әлі де газсыз отыр. Біз

Қараөзек (Қызылорда облысы)

- Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана

бағытында магистральді

газ құбырын салу жобасын

жүзеге асыруымыз керек.

Оған тиісінше қаражат тарту

қажет болады, соның ішінде

халықаралық қаржы институттарынан

да. Бұл 2,7 миллион

адамды газбен қамтамасыз

етумен қатар, шағын және

орта бизнестің жаңа өндірістерін

ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, экология жақсарады.

Газға көшу тек Астананың

өзінде зиянды қалдықтардың

ауаға таралуын 6 есеге

немесе жылына 35 мың тоннаға

азайтады. Бұл жобаны жүзеге

асыру әрі қарай өзге өңірлерді

де газбен қамтамасыз етуге

мүмкіндік береді».

Президенттің бес бастамасы

– осы. Оларды іске асыру

жаңа жұмыс орындарын құруға,

сол арқылы ел экономикасының

әрі қарай дами түсуіне

жол ашады.

Н. Назарбаев Үкімет пен

Ұлттық Банкке бастамаларды

іске асырудың егжей-тегжейлі

тетіктерін жасауды тапсырды.

Сондай-ақ Парламент депутаттарынан

заңнамаға қажет

өзгерістерді уақтылы енгізуді

өтініп, бағдарламаны заңдық

тұрғыдан бекіту қажет екенін

айтты.

Мереке

Дерек пен дәйек

Ана мен бала – егіз ұғым

2017 жылдың қаңтар-ақпан

айларында туған бала саны

Ал 2018

жылы

4929 4995

Көп балалы аналар

марапатталды

ОҚО

әкімі

Ж.Түймебаев

қыз-келіншектер

мен

аяулы аналарды

8 наурыз –

халықаралық

әйелдер күнімен

құттықтады.

Мейрам қарсаңында

нәзік жандыларға арнайы

ақ дастархан жайылып,

«Әйел-ана – өмірдің өзегі»

атты концерттік бағдарлама

ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шараға ардагерлер

мен зиялы қауым

өкілдері, облыс әкімінің

жанындағы әйелдер істері

және отбасылық-демографиялық

саясат жөніндегі

комиссия мүшелері, түрлі

салада қызмет ететін қызкеліншектер

қатысты.

– Құрметті, ардақты аналар

мен аяулы арулар! Сіздерді

төл мерекелереңізбен

шын жүректен құттықтаймын!

Біздің қоғамымызда

әйел тек отбасының береке-бірлігін

ойлайтын тұлға

ғана емес, ол мемлекеттік

қызмет пен қоғамдық істе

де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте

де тамаша табыстарға

қол жеткізе отырып,

саяси мәселелерге белсене

араласатын қоғам мүшесі.

Елімізде көп балалы аналар

саны бойынша біздің

өңіріміз көш бастап тұр.

Бүгінде облыста көп балалы

аналарымыз 98 600-ден

асты. Олардың 3998-і «Батыр

аналар», 16361-і «Алтын

алқа», 42 724-і «Күміс

алқа» иегері. Ал, 6906 ана І

және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы»

орденімен марапатталған.

Елдің өсіп, өркендеуіне

ерекше үлес қосып отырған

жандар қашанда аман

болсын, – деді Жансейіт

Қансейітұлы.

Мерекелік жиында аймақ

басшысы қоғамда айрықша

белсенділігімен көзге

түсіп жүрген 33 әйел азаматын

марапаттады. Бесеуіне

«Облысқа сіңірген еңбегі

үшін» белгісі табысталса,

14-і облыс әкімінің грамотасын,

9-ы облыс әкімінің алғыс

хатын алды. Ал 5 ананың

кеудесіне «Алтын алқа»

төсбелгісі тағылды. Сондайақ,

әкім салтанатты шараға

келген басқа да әйелдерге

сый-сияпат жасады.

1

«Алтына

алқа»

иегері

2018

жылы

ОҚО-да

76 353

сәби

дүниеге

келсе,

Шымкент қаласында

100 жастағы және

100-ден асқан қарт аналардың

қатарында:

3

«Күміс

алқа»

иегері

оның

32 307-сі

Шымкент

қаласында

туған.

2

Батыр

ана

10

Ұлы Отан

соғысының

жұбайы

бар.

12

Тыл

ардагері

Шымкент қаласында жалпы

542 – Батыр ана

3421 – «Алтын алқалы» ана

4472 – «Күміс алқалы» ана

838 – І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы»

орденінің иегері бар.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

тарапынан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мәслихат

депутаттарының шешімімен «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған

немесе «Ардақты ана» атағын, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы»

орденін алған көп балалы аналарға 5АЕК көлеміндегі, яғни 12025 теңге

мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалды.
4

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

Мейірім

www.shymkala.kz

63

Анимациялық

фильмнің

тұсауы кесілді

Шымкентте «Сақ» киностудиясы түсірген

«Отырарды қорғау» мультфильмі

көрерменге жол тартты.

Айгүл КЕРІМҚұлова

aigul-kerim@mail.ru

Қазақ халқының тарихынан

сыр шертетін анимациялық

фильмнің тұсаукесер

рәсіміне облыс әкімі

Жансейіт Түймебаев,

Шымкент қаласының әкімі

Нұрлан Сауранбаев, зиялы

қауым өкілдері мен қала

тұрғындары қатысты.

Елбасы Н. Назарбаевтың

«Болашаққа бағдар:

Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында аймақ басшысының

идеясымен бұған

дейін «Күш атасы Қажымұқан»,

«Киелі Қазығұрт» атты

мультфильмдер жарыққа

шыққан болатын.

Фильмде көне Отырар

қаласының тұрмыс-тіршілігі

мен мәдениеті елін сүйетін

екі баланың бастан кештен

хикаялары суреттеледі. Олар

Отырар кітапханасы мен Әбу

Насыр Әл Фараби туралы толық

мағлұматтарға қанығады.

Сондай-ақ, жауды күшпен

ғана емес, ақылмен де

жеңуге болатынын түсінген

балалардың ерлігі баяндалған.

Өңіріміздің туризм саласын

дамыту, Отырар төбесінің

мәртебесін көтеру

арқылы шетел азаматтарының

қызығушылығын арттыруға

және көрерменді патриотизмге

баулуға бағытталған

дүние 2D, 3D форматында

жасалған.

Анимациялық фильмнің

режиссері әрі бас суретшісі

– Азамат Ерназаров, сценарий

авторы – Бақытжан

Құлжабай, музыкасын жазған

– Руслан Шынықұлов,

ал фильм директоры –

Нуриддин Паттеев.

Облыстық мәдениет басқармасы

басшысының міндетін

атқарушы

Темірхан Асылхан алдағы

күндері Оңтүстікте түсірілген

анимациялық фильмдерді

жұртшылық тегін тамашалайтынын

атап өтті.

Мамыр айына дейін

Шымкентте Жастар ресурстық

орталығы, облыстық сатира

және әзіл-сықақ театры,

Қоғамдық келісім ғимараты,

мектеп пен балабақшаларда

апталықтар басталады.

Т.Асылхан ұлттың ерлігі

мен рухын көтеруге бағыттылған

анимациялық

фильмдер өңіріміздің барлық

аудан-қалаларында,

еліміздің өзге аймақтарында

және ТМД елдерінде көрсету

жоспарланып отырғанын

жеткізді.

Атап өтсек, «Оңтүстікфильм»

мекемесі жыл соңына

дейін «Төле би» атты

10 сериялы тарихи көркем

фильм, «Ордабасы –

бірліктің туы»,

«Түркістан», «Оқсыз» атты

анимациялық фильмдер

түсіруді жоспарлап отыр.

баланың

анасы

Сапарғали Қанат

sqanat@shymkala.kz

Жетімін жылатпаған жұрт едік... Десе де,

арамызда ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған бүлдіршіндер баршылық. 8

наурыз – әйелдер мен ару қыздардың

мерекесіне орай Шымкент қаласындағы №3 балалар

үйінің директоры, 63 балаға ана болып жүрген

Қырмызы Қожамжаровамен сұхбаттасқан едік.

Қырмызы Тілеубекқызы

балалар үйне алғаш рет 1992

жылы аға тәрбиеші болып

келген. Оған дейін балабақшада

тазалықшы, күтуші болып

жұмыс істеді. Кейіннен

тәрбиеші қызметін атқарды.

Еліміз тәуелсіздік алған соң

балалар үйінде қазақ тілді

мамандарға сұраныс артып,

осында келеді. Бастапқы кезде

шаштары тақырлап алынған,

бірдей форма киген жетім

балаларды көріп, жүрегі елжіреп,

жұмыстан кетуге талай

рет өтініш жасаған кездерін

ерекше сезіммен еске алады.

– 2000 жылдарға дейін

«Баламды асырауға жағдайым

жетпейді» деген кездер

болды. Алайда, қазір ондайға

сенбеймін. Қазіргі заманда

екі қолға бір күрек табылады.

Еден жуса да, көше сыпырса

да бір баланы асырауға болады.

Бұдан да қиын-қыстау заманда

қазақ аналары балаларын

көшеде тентіретіп қойған

жоқ. Күйеуінен де айырылды.

Әкесіз қалған 10 баланы да

аналар тырысып, еңбектеніп,

асырап бақты. Ал бүгінгі таңдағы

қыз-келіншектердің бірқатары

өз мүддесін бала мүддесінен

жоғары қойып жатады,

– дейді Қырмызы Қожамжарова.

Айтуынша балалар үйіндегі

әр жеткіншектің өз тарихы

бар. Бірінің анасы темір

торға қамалса, енді бірінің

ата-анасы тастап, ізім-қайым

жоқ болып кеткен. Енді біреулері

«Шетелде жұмыс істеп

келгенше осында қалдырып

кеткім келеді» деп жатады

екен.

Жүрек жылытатын жайт,

бала асырап алушылар да баршылық.

Көп ата-аналар тәрбиелі,

көрікті, сымбатты балаларды

алғысы келеді. Алайда

бұл процесстің де өзіндік талаптары

бар. Екі жақтың талаптары

ескеріліп, түрлі зерттеу,

анықтау нәтижелерінен

соң ғана жүзеге асырылады.

Бір таңқаларлығы, бала уақыт

өте келе өзін асырап алған отбасына

ұқсап кетеді. Реңі ұқсамаса

да мінезі мен қылықтары

не әкесіне, не анасына

тартады екен.

– Кейде тәрбиеленуші балаларды

асырап алғысы келетін

отбасына тапсыратын

кезде бұрынғы ата-анасы аяқ

астынан шыға келеді. Сондайда

осылар сыртынан аңдып

жүреді ме екен деп те ойлаймын.

Түрлі аналар бар. Кейбіреулері

ішкілікке салынады.

Нашақорлыққа барады. Кейіннен

түзелгенде қайта алғысы

келеді. Бала тәрбиесінде ананың

рөлі өте үлкен. Ұл балаға

да, қыз балаға да мейірімді

ананың құшағында болғанға

не жетсін, – дейді Қырмызы

Тілеубекқызы.

Қазіргі таңда елімізде патронаттық

тәрбие де жүзеге асырылуда.

Бұл – шетелдік тәжірибе

негізінде жасалған жоба.

Яғни, балалар үйінің тәрбиеленушісі

уақытша асырап алуға

ерікті отбасында жүріп-тұрады.

Мәселен, түрмеге түскен

анасы бостандыққа шыққанға

дейін өзге отбасында болады.

Алайда, кейін бала туған

шешесінің қолына өткенімен,

асырап алған отбасына бауыр

басып қалып, екі жаққа да қимастық

сезімі туындайды.

– Балалар өзге отбасына

кеткен соң немесе балалар үйінен

шыққаннан кейін де осында

қайта келгісі келіп тұрады.

Ата-аналар да «Баламыз осында

келгісі келіп жатыр» деп айтып

жатады. Мен оларға өткен

шаққа қайтудың қажеті жоқ.

Бұл жаққа келе беретін болса,

жаңа үйіне үйренбейтін болады

деп айтамын, – дейді көп

баланың анасы.

Мемлекет жетім балаларды

23 жасқа дейін жетектейді.

Қазіргі таңда тәрбиеленушілерге

барлық жағдай жасалған.

Қырмызы Қожамжарова

Сара Алпысқызының осындай

үйлерде тәрбиеленетін жеткіншектерге

шот ашып қоятынын

айтты. Балалар есейген сайын

ол ақша көбейіп, біліміне жұмсалады

екен. Егер грантқа түссе,

ол ақшаны өз қажетіне қолдана

алады. Мемлекет тарапынан

пәтер де беріледі. Осы бастан

үй кезегіне тұрады. Әкімдер

де білім алу үшін гранттар

бөледі. 23 жасқа дейін жастар

үйінде тұрады. Одан кейін

жеке отбасын құрып, жеке

өмірге аяқ басады.

– Қазіргі таңда жаман жолға

немесе теріс ағымға түсіп

жатқан балалар үйінің тәрбиеленушілері

жоқ. Барлығы

ақылды, еті тірі, өз-өздерін

алып жүретін балалар. Оларға

әрқашан, ата-әжемізден көрген

қазақы тәрбиені айтып

жүреміз, – деп аяқтады сөзін

Қырмызы Тілеубекқызы.
Асыл жандар

www.shymkala.kz

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

5

Жұ м а з и я

Кішкентайқызы –

жүрегі қазақ деп соғатын,

намысы жоғары,

өз ұлтын жантәнімен

сүйетін, жаны

таза, пейілі кең, қызкеліншектердің

әдемі

киініп, жарасымды

жүруіне ықпал еткен,

үлкен әріптермен

жазылатын Адам.

Жеңісбек МӘУЛЕНҚҰЛОВ,

облыстық ардагерлер

кеңесінің төрағасы

Қайсар

мінезді

қазақ

қызы

Қазақтың қызына тән сыпайы,

сүйкімді болуды үйреткен,

қадір-құрметке бөленген, әйелге

тән асыл қасиеттерді бойына

жинаған Жұмазия Жанғабылова

қазақтың аяулы аналары

мен сүйкімді қыз-келіншектері

үшін көп еңбек сіңірді.

Істің көзін табатын, тіршілікте

қалай жасау керегін, адамдармен

сөйлескенде тіл табыса

білетін психолог. Алға қойған

мақсатына жету жолында

тынбай еңбектенді. Қай кезде

болса да күрделі мәселені шешуге

келгенде нақты, тиянақты

пікір айта алатын, тығырықтан

шығу жолын іздейтін, бастаған

ісін сапалы әрі жақсы орындайтын

қайраткер әйел.

Еліміз тәуелсіздік алған

жылдары қиын-қыстау уақытқа

қарамай, маңдай терін төкті. Өзі

бастаған «Қыз Жібек» фирмасының

өнімдері Шымкент қаласы

ғана емес, облыс, республика,

тіпті, шетелдерге танылды.

Облыстық әкімшілікте қызмет

атқарып жүргенде келген

қонақтарға сый-сияпат жасау

үшін осы фирмаға тапсырысты

көп беретінбіз. Өте әдемі

тігілген киімдер, ұлттық камзол,

шапандар көңілден шығатын.

Осы тұста бір оқиға есіме

түсіп отыр.

Пәкістанның премьер-министрі

Бухутто Оңтүстікке келетін

болды. Сыйлыққа не берсек

екен деп ойладық. Ол кезде

облыс әкімі Зауытбек Тұрысбеков

болатын. Содан Жұмазия

Кішкентайқызымен ақылдастым.

Өйткені, киім тіктіретін

болсақ, қонақтың өлшемі қандай

екенін білмейміз. Сонда бұл

кісі тапқырлық көрсетті. Қонақтар

әуежайда ұшақтан түсіп

келе жатқан сәтін теледидардан

көріп, киім өлшемін біліп

алған! Содан ұжымын жұмылдырып,

қонаққа таза барқыттан

свингер-пальто тігіп берді.

Пәкістандық әйел балалары басына

орамал, шарф тартатындықтан,

әппақ жібектен әдемі

шәлі тігіп берді. Тартуымыз

қонақтардың көңілінен шықты.

«Менде бәрі бар, бірақ қазақтың

ұлттық нақыштағы дәл

осы киімі мен шарфы жоқ еді»

деді қонақ қуанғаннан. Қасындағы

жұбайына көрсетіп, мақтанып

та алды.

Айтайын дегенім, сол жолғы

Жұмазия Кішкентайқызының

тапқырлығы, осы екі киімді ойлап

тапқан шешімі еді. Бұл бір

ғана қонақтың емес, бүкіл республиканың

мәртебесін көтергендей

әсер қалдырды маған.

Жалпы, бұл өз ісін жетік білетін

шебердің өз кәсібін жақсы

көргенінің айқын айғағы

болса керек. Оған қоса киімді

тек тігіп қана қоймай, кімге

қандай ою-өрнек кестелеу керек,

қай киім кімге жарасады

деп талпыну екінің бірінің қолынан

келе бермейді. Ал Жұмазия

Кішкентайқызы ұлттық

киімдерді түрлендіріп жіберетін.

Осы бағытта елге танылды,

еңбегі жанды.

Көңілі кең, жүрегі жомарт.

Ішкі жан-дүниесі бай, нағыз

қазақтың қызы. Соңғы кезде

аздап ауырып жүр, бірақ қайсар

жан еш мойымайды. Қарап

отырмай балалар үйіндегі

жеткіншектерге өз қолымен

киім-кешек тоқып, апарып

беріп жүр. Бұл ғажап қой. Өйткені,

ол – Ана.

Лебіз

Сіз –

үлгісіз

Гүлнұр Әскербекқызы!

Сізді 8 Наурыз – Халықаралық

әйелдер күнімен

шын жүректен

құттықтаймын. Мектебімізде

талай жылдардан

бері директордың

орынбасары қызметін

атқарып келесіз.

Осы уақыт аралығында

білмегенімізді үйретіп,

білгеніңізбен бөлістіңіз.

Сондай-ақ, бала тәрбиелеуде,

білім беруде қосып

келе жатқан үлесіңіз де

өте зор.

Сізге денсаулық, сұлулық,

отбасы бақытын

тілеймін! Көктемнің

шуақты күніндей, жарқырап

жүре беріңіз!

Сандуғаш Анарқұлова,

№68 жалпы орта

мектептің әлеуметтік

педагогы

Сапарғали Қанат

sqanat@shymkala.kz

Жуырда «БИІК-Қазығұрт»

командасы Түркиядағы оқужаттығу

жиындарынан оралды.

Қазір жаңа маусымға дайындық

қыза түскен. Ал 12

наурыз күні шетелге оқу-жаттығу

жиындарына қайта аттанып

кетеді. Осы сәтті пайдаланып,

көк майса «кілемде»

допты ұршықша үйіріп жүрген

Ұлбосын Жолшиевамен

әңгімелесудің сәті түсті.

Ұлбосын Жолшиева –

«БИІК-Қазығұрт» қыздар футбол

клубының капитаны.

Алаңда қорғаныс шебінде

Былтыр Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт»

қыздар футбол клубы

әйелдер арасында бесінші рет

қатарынан Қазақстан чемпионы

атанды. Одан бөлек алғаш рет чемпиондар

лигасының 1/8 финалына шығып,

Шотландияның «Глазго Сити»,

Португалияның «Спортинг» және Ирландияның

«Уэксфорд Ютс» командаларынан

басым түсті. Осылайша аруларымыз

футболдан жігіттеріміз жіберген

еселерді қайтарып келеді.

өнер көрсетеді. Оңтүстік Қазақстан

облысы, Төлеби ауданының

тумасы. Доп тебуге

кішкентай кезінен әуестенгенімен,

футбол үйірмесіне

тек 7 сыныптан бара бастағанын

айтады. Кейін Астанадағы

спорт интернатына қабылданып,

футболмен кәсіби деңгейде

айналысуға бел буады.

Уақыт өте жақсы жетістіктерге

жетіп, 2009 жылы Шымкентке

қайта оралған.

– Елімізде футбол ойнағысы

келетін қыздар жетерлік.

Бірақ, көп жерлерде бұған

тиісті деңгейде жағдай жасалмайды.

Барлық мәселе демеушілерге

келіп тіреледі.

Осы тұрғыда қыздар футболына

көңіл бөліп жүрген

«БИІК» командасының президенті

Бауыржан Абдубаитовқа

ерекше алғыс айтқым келеді.

Егер осындай азаматтар әр

өңірде болса, қыздар футболы

дамитын еді, – дейді

Ұлбосын Жолшиева.

Футбол - командалық

ойын. «Команда болған соң

жеңіс те, жеңіліс те барлығына

бірдей. Осылайша бір-біріңе

деген сенім, достық пен

ұйымшылдық секілді қасиеттер

арта түседі» дейді кейіпкеріміз.

Жасыратыны жоқ, халық

арасында «Футбол қыздарға

арналмаған» деген пікірлер

жоқ емес. Және бұл тек футболшыларға

ғана емес, бокс,

күрес секілді спортпен шұғылданатын

қыздарға да қатысты

айтылады. Ал бұған

спортшы қыздардың өз айтары

бар.

- Иә, «Үйде отырып, бауырсақ

пісіріп, бесбармақ жасап

жүрмейсің бе?» деген секілді

пікір айтатын адамдар кездесіп

жатады. Алайда, менің

ойымша, әркімнің өз өмір

жолы, таңдауы бар. Ал мен

өзіме ұнайтын футболды таңдадым.

Және маған өз кәсібім

ұнайды. Футболшы қыздарымыз

да жаттығудан бөлек уақыттарда

көйлек киіп, шаштарын

сәндеп, макияжын жасап

жүреді. Біз де қызбыз. Бізге

де сәнденіп жүрген ұнайды.

Дегенмен, футбол – біздің

жұмысымыз. Осы арқылы

ақша табамыз, – дейді Ұлбосын

Жолшиева.

Футболшы аруымыздан «8

наурызды қалай атап өтесіңдер?»

деген сұрағымызға таңқаларлық

жауап естідік. Айтуынша,

ол күні жаттығу алаңында

болады. «Егер кешке

қарай бо-сап жатсақ қана

киноға барып, серуендейміз»

дейді бойжеткен. Сондай-ақ,

командаластарының арасында

тұрмысқа шыққан, балалы

болған футболшы келіншектер

де бар екенін білдік. Олар

жүктілік кезінде және босанған

соң жеңіл жаттығуларын

жасап, өз-өзіне тисті деңгейде

қарай алса, қайта қалыпқа

келуі қайта жеңілдеу болады

екен. Бұл қыздардың өз

кәсібіне деген қызығушылығын

көрсетсе керек.

Былғары допты дегеніне

көндірген, айтқанына жүргізген

шебер қыз болашақта

жаттықтырушы болуды қалайды.

Алдағы өмірін тек

спортпен байланыстырады.

Арманы Испания, Франция,

Италия алаңдарында өнер

көрсету.

- Мен анамды және әпкелерімді,

барлық қыз-келіншектерді

8 наурыз мерекесімен

құттықтаймын! Әрқашан

әдемі де сымбатты болып

жүріңіздер! Мүмкіндігінше

спортпен шұғылдансаңыздар,

сұлулықтарыңызға сөз жетпес

еді, - деп тілейді футболшы

қыз. Біздің де бұл тілекке

алып-қосарымыз жоқ.
6

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

Тәрбие

www.shymkala.kz

Ха лқымызда

«Отан отбасынан

басталады»

деген ұғым қай

дәуірде болсын

өзгерген емес, өзгермек те

емес. Елбасы «Отбасы Қазақстан

қоғамының діңгегі,

экономикалық, мәдениеттегі,

әлеуметтік

саясаттағы барлық жаңа

жетістіктердің негізі» деп

бұл мәселенің біздің қоғам

үшін өте маңызды екенін

айқындап берді.

Медеубек Тәңірбергенов,

педагогика ғылымының

докторы, профессор

Қайран

біздің

аналар –

кендерімізге өсиет еткен.

Одан бергi дәуiрдегi белгiлi

кинорежиссер Дариға Тыналина

Өзбекстан студия директорының

«Дариға ханум» болуын

қалаған кезінде әпкеміз

жанын жаралайтын, намысына

тиетін сөзге қатты абдарып:

«Жеке өмірімнің шаттығы

үшін, қара басымынң қамына

бола, қазақтығымды талақ

етіп өзбек болуыма келіспеймін,

бұл сөз менің намысымды

қорлау деп санаймын»,

деп қоштаспай кетіп қалған.

Осы әрекетімен-ақ қазақ қызының

материалдық байлық,

жарқ-жұрқ еткен дүние, көкке

көтерілген атақ-даңқтан гөрі,

өз ұлтына деген ішкі дүние тазалығын,

кісілік келбетін, іштегі

рухани әлемінің биіктігін

танытқан.

Қазақ қыз-келіншектер поэзиясының

шыңы ақын Фариза

Оңғарсынова халқының салтдәстүрін,

әдет-ғұрпын қадірлеп

өткен дегдар тұлға. Бір

кездері Берлиннің «Фолк унд

вельт» баспасы әпкеміздің кітабын

неміс тіліне аударып

шығаруды жоспарлайды. Қонақ

болып келген талантты

аудармашы Ильза Черттнер

деген қыз Фариза апамыздың

шаңырағында бірнеше әріптестермен

дастарқанда бас қосады.

Қонақжайлық көрсетіп

алыстан келген сыйлы қонаққа

қойдың басы ұсынылады.

Мұны көрген мейман дәстүрді

түсінбей күліп жібереді.

Үй иесі бұрқан-талқан болып,

білмейтінді біліп алудың орнына,

таңырқау мен күлудің

әдепсіздік екенін айтып, дастарқан

басынан кетіп қалады.

Қанша кешірім сұрағанымен

илікпеді. Сондағы ақын әпкеміздің

айтқан уәжі: «Елімнің

салт-дәстүрінен сонша тосырқап

отырған адам, өлеңімді аубарды

ойламай,

арды ойлаған

мыз Бегман Ысқақтың «Қызым

саған айтам..» атты кітабының

алғы сөзінде: «Қыз –

ұлтты ұрпақпен ұластыратын

ұлы күш. Демек, қыз тәрбиесі

– болашақ тәрбиесі. Дүниенің

қызығы мен құндылығын ұрпақ

тәрбиесінен тапқан бабамыздың:

«Қыздың үш қасиеті

бар. Ол – өміріңнің қызығы,

төріңнің Қызыры, бетіңнің

қызылы. Қызың жақсы болса

– қызығың молаяды, төріңнен

Қызыр кетпейді, жүзіңді жерге

қаратпайды. Ал қызың жаман

болса, өмірің тозаққа айналады,

төріңнен Қызыр кетеді,

ұяттан бетің өртенеді»

деген нақыл сөздермен басталып,

«бір қолымен үкілі бесікті,

екінші қолымен әлемді тербететін»

болашақ ана-қыз баланың

отбасынан алар тәлімі,

дос, жар таңдауы, отбасын құрудағы

алғышарттар жайында,

ұлт болып ұйысу, ел болып ертеңге

нық қадам басу жөнінде

өз ойларымен бөліседі.

ХI ғасырда жазылып, тәлiмтәрбиелiк

маңызы жағынан аса

құнды шығармалар қатарынан

саналған өсиетнамасы жайында

Кейқауыстың «Менiң дүниедегi

жиып-терген ең қымбат

асыл заттарым – саған арнап

жазған осы үгiт-насихат кiтабым»

деген екен. Сондай-ақ, қазақ

жазушысы Немат Келiмбетовтiң

«Ұлыма хат» эссесi жазушының

ұлына ғана емес, тұтас

қазақ жастарына арнап жазған

хаты деуге болады. Туынды

«дүниеге не үшiн келдiң,

ұлтыңның келешегi үшiн не

iстедiң?» деген мәселенi бала

тәрбиесiнде арқау етiп қоюымен

құнды саналды. Сондықтан

да Бегман ағамыздың да

немересi Айданаға сөз арнай

отырып, ақыл-кеңесiн тұтас

қазақ бойжеткендерiне бағыштаған

құнды дүниесінде

қазақ арулары әрдайым абырой

биiгiнен көрiнiп, жаман

әдет, өрескел мiнез, жөнсiз iс

пен жат пиғылдан абай болса

екен дейдi.

Қазына боп қартаюды ойлаған

ұстаздың өмiрлiк ұстанымына

тәнтi бола отырып,

қазақтың әрбiр қариясы ұрпақ

тәрбиесiне осылай алаңдайтын

болса, ұл-қыздарымыз

«ұят» деген қасиетті сөзді

өміріне арқау етіп, жағымсыз

қылықтарға бармауға шақырады.

Сонымен қатар, автор

өсиетнамасын халқымыздың

ғибраты мол «Күн батқан соң

қызды су әкелуге жұмсама»,

«Қызға құрық ұстатсаң да, малыңның

түнгi күзетiне қойма»,

т.б. деген тыйым сөздерімен

тұздықтап, «Қыз – қазақтың

бетiндегi ұяты, көңiлiндегi

мияты». Бойжеткен намысы

– ұлт намысы. Ел келешегi

тектi қызға тәуелдi. Тектi қыздан

тектi ұрпақ өрбидi» деген

мақал-мәтелдермен келісті тұжырымдаған.

Кітаптағы туындының

әрбiр бөлiгiнiң көтерген жүгi

салмақты ой толғаныстармен

баяндалған. Әсіресе қазақ аруларына

«Жатқа неге қор болдың,

қарашығым?» атты тақырыпта

автор соңғы жылдары

жат елдiкке тұрмысқа шыққан

қазақ аруларының қате қадамына

наразылық білдіреді.

Ұлттық салт-дәстүрiмiзде қазақ

қызын жат елдiкке тұрмысқа

беру қорлық саналғанын,

«Жеңiлiске ұшыраған елдiң

қызын күңдiкке әкетiп, ұлтты

қорлау үрдiсi екенін, қызды

бұзу – ұлтты бұзу, қызды

қорлау – ұлтты қорлау» деп біледі.

Қазақ аруларының «жат

жұрттыққа» жаралғанымен,

«жат елдікке» келін болып

түсуіне мүлде қарсы екенін

білдіреді.

Ұлтымыздың небір кесiр-кесепаттарға

қарсы тұрып, халқымызды

қорғап қалатын жалғыз

нәрсе – ұлттың салт-дәстүрi

екенiн сөз етеді. Қазақ халқы:

«Дастарқан басы – адамдардың

бiр-бiрiне пейiлi, мейiршапағаты

түсетiн киелi орын.

Мұндай салт-дәстүрдi бiлмеген

жанды қазақ қоғамында «тәрбиесiз,

көргенi жоқ, көргенсiз»

деп санаған. Халқымызды қалыптастырған

– дәстүр өрнектерi,

кәде-ғұрыптары, тұрмыс

тiршiлiгiндегi ырым-тыйымдары,

әдет-ишаралары, ортақ мұралары»

дей келе қоғамдағы

тәртiпті заң мен ғана емес дәс-

Әлімсақтан бастау алатын,

өзінің тарихи тәжірибесінен,

салт-дәстүрінен қол үзген қоғамда

жаңғыру немесе жаңару

мүмкін емес. Халқымыздың алтын

тамыры терең кеткен, тарихынан

бірге жасасып келе

жатқан рухани байлығымыздың

бірі отбасы құндылықтары.

Тіпті қазақтың рухани құндылықтарының

негізі де осы отбасылық

дәстүрімізде жатыр десек

қателеспеген болар едік.

Өкінішке орай, қазіргі қазақ

қоғамында отбасы құндылықтары

құлдырауға ұшырап бара

жатқаны ащы да болса шындық.

Бұған дәлел ретінде неке

құрған жас отбасылардың арасындағы

ажырасудың кейінгі

жылдары аса қауіпті деңгейге

жеткенін айтсақ та жеткілікті.

Ресми дерекке сүйенсек. «АХАЖ

Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің

мәліметінше, 2013 жылы

167 411 неке қиылып, 51 305 жұптың

заңды некесі бұзылған екен.

Аталған көрсеткіштер жыл сайын

нашарлап, 2017 жылы 141

785 жаңа шаңырақ пайда болып,

54 948 неке сәтсіз аяқталыпты.

Бар болғаны төрт жыл

ішінде некелесу саны 26 мыңға

кемісе, ажырасудың пайыздық

көрсеткіші 31%-дан 39%-

қа артқан.

Ажырасулардың кесірінен

республика бойынша толық

емес отбасыларда тәрбиеленіп

жатқан балалар саны жылына

40 000-нан асып отыр. Бұл

жай ғана жалаң цифрлар емес,

қазіргі қоғамдық дерттің көрсеткіші.

Қаншама жас сәбидің

көз жасы, көңіл наласы бар.

Әкесіз тәрбиеленген ұл мен

қздың жарымжан тағдырына

жалпы қоғам болып жауапты

екенімізді ұмыта бастаған

сыңайлымыз. Әке мен шеше

тым балажан болып алды.

«Ішіме сыйған бала сыртыма

да сыйады» деген сөз бүгінгі

ата-ананың басты уәжіне айналған.

Қазақтың келешегіне

балта шабатын қасиетсіз бұл

сөзді қай көргенсіз шығарды

екен? Кім?...

Ұлттық құндылықтан ажырай

бастаған жас буын ұлт,

ел мен жер келешегінен гөрі,

өз басының қамын ойлауға

бейімделеді, оның патриоттық

сезіміне, қасиетіне сызат

түседі. Бұл аса қауіпті әрі

аса қорқынышты құбылыс. Ал

оның алдын алу, оны болдырмау

күрделі қоғамдық, отбасылық,

әрі білім беру саласының

басты проблемасы болып

табылады.

Осындай өзекті мәселелерге

арналған ардагер ұстаз ағатүрмен

реттеуді ұсынады. Дәстүрдi

заңнан да жоғары тұратын

ұғым деп тану керек» деп

дұрыс тұжырымдайды.

Қазақ қызы кiмге қарап

бой түзегенi жөн? Бұл орайда

автор намысы тұғырлы, рухы

биiк арулардың өз мүддесiнен

ел мүддесiн, өз бақытынан

халқының бақытын жоғары

санаған сақ дәуiрiндегi

Тұмар (Томирис) патшайымның

ерлігін үлгі етеді. Парсы

елінің патшасы Кир елші жіберіп:

«Маған тұрмысқа шық.

Екеуміз екі елдің басын қосып,

бірігіп билейік» деген зымыстан

ұсынысына Тұмар ханым:

Мен елімнің патшасымын.

Менің илегенім – елімнің

илегені. Сенің түпкі мақсатың

мен емес, менің елімді тізе

бүктіру. Билеу. Бүкіл байлығын

иелену. Ұлын – құл, қызын

– күң ету. Сондықтан мен

қасиетті жерімді жаудың табанына

бастырмаймын! Атабаба

әруағы мен зүриятымды

ешкімге қорлатпаймын. Кімде

кім менің еліме қан сұрап келсе,

өз қанына өзін тұншықтұрамын.

Кир соны есінен шығармасын!»

деп зіл сала жауап берген.

Патшайым сөзінде тұрды.

Қасиетті даласын қаскөй жауға

таптатпады, зұлым Кирді өз

қанына тұншықтырды.

«Қайран, біздің аналар, барды

ойламай, арды ойлаған»

Тойқара, Сүзге сынды аруларының

ерлігі мен пәктігі біріншіден,

өз халқын ажал тырнағынан

құтқарды. Екіншіден,

тілі бөлек, діні бөлек, салтдәстүрі

бөлек жат жұрттыққа,

ата жауына иілмей, көшпенділер

рухының биіктігін, тау бұлағындай

таза махабатының

мөлдірлігін сақтап өтті бұл

жалғаннан. Міне, Бегман ағамыз

тәлім алар, мақтан етер

тұлғалардың өмірін бойжет-
Ғұмырдария

www.shymkala.kz

Сіздерсіздер

тіршіліктің тірегі

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

7

дарып қайдан қарқ қылсын»

деп жауап берген екен.

Автор «Қазақтар! Кіріптарлық

пен қорлықта өмір сүргеніміз

жетеді! Біз еліміздің

тәуелсіздігін толық жеңіп алған

кезде ғана азат елге айналамыз!

Тәуелсіздік жасасын!

ЕГЕМЕНДІ ЕЛ жасасын!» деген

ұранмен Алматы қаласының

алаңындағы ереуілшілер

қатарында болған желтоқсаншы

Ләззат Асанованың ерлiк

iстерiн баяндайды, қазақ аруларымызға

үлгі етеді.

Тұмар, Зарина, Тойқара,

Фариза, Ләззат т.б.сияқты мақтануға

тұрарлық тұлғалар ұлттың

рухани келбеті, намысының

алқызыл қаны мен жаны,

санадағы өшпес идеясы. Осынау

үлгі-өнеге боларлық ұлы

әпекелері бар халық рухының

тұғыр-тиянағы да іргелі

болмақ.

«Міне, қызым, сенің үлгі

алар, тәлім көрсетер Таңшолпандай

жарқыраған тұлғалар

осылар» деген немересіне

айтқан өсиеті автордың

бүкіл қазақ қыз-келіншектеріне

арналған ғибраты деп түсіну

лазым.

«Қыз мiнезiмен көрiктi» тақырыбында

қолдағы бақытты

ұзағынан ұстап тұру да, не болмаса

бақытсыздыққа ұшырау

да мiнезге байланысты екенiн

айта келiп, жақсы мiнез ғұмыр

бойы таусылмайтын жан азығы

екенiн жеткiзедi.

Бегман Ысқақтың өсиетнамасында

дос таңдау, кiтапты

өмiрлiк серiк ету, жар таңдау,

қызғаныш, есеппен тұрмыс

құру, әлеуметтiк желi арқылы

танысу, ұрпақ жалғастыру,

кәрi қыздар, қарттар

үйiндегi бейбақтар мәселесi

де кеңiнен қамтылған. Әрбiр

қазақ қызы жүрiп өтуi тиiс

ақылды бойжеткен, келiстi

келiн, парасатты ана, кемеңгер

кейуана секiлдi уақыт кезеңдерiнiң

қыр-сырына жанжақты

тоқталып, мәндi де

нәрлi мысалдармен өрнектеп,

дұрыс бағыт-бағдар сiлтеуге

ұмтылады.

Автор «Көп бiлген кiсi кемеңгер

емес, бiлгенi елге көп

пайда келтiретiн кiсi кемеңгер»

деген Эсхил ғұламаның

өсиетiн сүйене отырып «Қызым,

алған бiлiмiңдi отаныңның,

халқыңның, кiндiк қаның

тамған туған жерiңнiң,

қазағыңның көсегесiн көгерту

үшiн жұмсасаң, өмiрiң ажарлы

да базарлы болмақ. Ұлттық

мүдде үшiн еш нәрседен

тайсалмай қорғап, қолдап

отырсаң, халқыңның

сүйiспеншiлiгiне бөленесiң.

Одан артық сый-сияпаттың

қажетi шамалы» деп өсиетін

айтады.

Бегман Ысқақ ағамыздың

«Қызым, саған айтамын...»

атты туындысы – жалпы қазақ

қыздарына арналған шынайы

өсиетнама. Автор қазақ

қыздарын бала жасынан ұлттың

ұлы мұрасын, құндылықтарымызды

әспеттеуге, салтдәстүр

мен әдет-ғұрыпты сақтауға,

ұлтжанды болуға тәрбиелеудi

алдына мақсат қойып

«Кiмде-кiм барған жерiнде

судай сiңiп, тастай батамын

десе осы кiтапты оқығаны

дұрыс» пайдалы дүние

болатынына сенеді.

Қазақтың инабатты да

ибалы қыздары! Қарақтарым!

Біле білсеңдер жоғарыда

айтылған бұл кеңестер –

өн бойыда көрегенділік пен

тектіліктің ірге тасын қалайтын

қасиеттер. Отбасында

бақытты болудың алғы

шарттары.

Мен сендерді рухты да намысты

тұлға болса екен деп

армандаймын. Киелі ата-баба

рухы мен салт-дәстүрін, әдетғұрпы

мен тілі-дінін сақтауға

бар күш жігерін салатын,

Отанымыздың тәуелсіздігі

үшін ерлік жасауға әзір болатын,

білімді де намысты

тұлға болып өссеңдер, атымызға

кір келтірмейтін ұрпақ

өсірдік деп мақтан тұтар

және үлгі-өнеге етер едік. Қазақ:

«Тегіңді сақтаймын десең

– ұлыңды тәрбиеле, ұлтыңды

сақтаймын десең – қызыңды

тәрбиеле» деген. Қызы – таза

елдің келешегі кемел екенін

ұмытпаңдар!

«Әлемді нұрға бөлеп тұрған

құдретті Күн жалғыз, жұлдызды

түнде ғашықтардың

сезіміне куә болған Ай жалқы.

Көк туы көкте желбірген

Отаның, ҚАЗАҚ ЕЛІ біреу

ғана, дара. Бізде одан

басқа Отан жоқ. Әр уақытта

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ мәртебесін көтеруге,

МӘҢГІЛІК ЕЛ болуына

барлық күш-жігерлеріңді,

бүкіл қазақ халқының тағдыры

тұрғанын ұмытпаңдар, қарақтарым!

Ғұмырын бастағалы тағдыр

заман,

Тылсымды сынақтарға

салдың заман.

Қай ғасыр, қай заманда

қазақ қызы

Ұятқа елін, жерін қалдырмаған»,

– деп жырлаған ақын

Фариза апамыз Оңғарсынованың

сөзімен Бегман ағамыз

өсиетнамасын аяқтаған.

Қане, қазақ арулары, «Қызым,

саған айтам...» деген кiтап

қолыңыздан түспейтiн

өсиетнамаңызға айналсын!

Қадірлі аналар! Құрметті әпке-қарындастар! Аяулы қыздар!

Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесі – халықаралық әйелдер

күнімен құттықтаймын! 8 наурыз – барша ер-азаматтар үшін

қадірлі күн. Көктемнің белгісіндей, жыл құсындай болып келетін

осынау мереке біз үшін аса қадірлі.

«Өмір Анадан басталады» дейді дана қазақ. Әйел – ана, әйел

жар. Асыл аналарымыздың бұл өмірдегі орнын бағалау тіпті

мүмкін емес. Біз қайда жүрсек те, қандай лауазымда болсақ та,

ең алдымен Ана алдында қарыздармыз.

Осынау мүмкіндікті пайдаланып Еңбекші ауданында тұратын сайлаушыларды, қадірлі

қыз-келіншектерді, аяулы аналарды, ұжымдастарымды, халық қалаулылары арасындағы

нәзік жанды аруларды төл мерекесімен құттықтаймын! Бар тіршіліктің тұтқасын

ұстап тұрған ақ жаулықты аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілеймін. Әрқашан да осылай

жайнап, біздің өмірімізге шуақ шашып жүрулеріңізге тілектеспін!

Жүз жасаған

әженің арманы

Шымкентте ғасырдан ұзақ жасаған кейуана

тұрады. Назым әже биыл 109 жасқа

келіп отыр. Отырар ауданы Шәуілдір

ауылының тумасы екі ғасырда талай тарихи оқиғалардың

куәсі болған. Бүгінде үш қыз, бір ұлдан тараған

31 немере, 19 шөбере сүйіп отыр. Әженің айтуынша,

дәл қай күні туғанын өзі де анық білмейді.

Бибайша

НҰРЖАНҚЫЗЫ

– «Қауын піскенде Назым

қызым туылған еді» деп айтып

отырушы еді әкем жарықтық, –

деп кейуана әңгімесін бастады.

– Біздің заманымыздағы балалар

қазіргідей әкеге еркелеп,

мойнына асылмаушы еді. Отбасымда

3 ұлдың ішінде жалғыз

қыз болдым. Ол уақытта

қазіргідей мектеп дегенің көп

емес еді. Екі ауылға бір мектеп,

сол мектепте 6 класқа дейін

білім алдым. Содан сұм соғыс

басталып, әкем майданға аттанды.

Ізінше 2 ағам мен інім

де майданға кетіп, әкем мен 2

ағамнан қара хат алдық. Інім

ғана ортамызға оралды, – деп

әжей мұңын шақты.

Тағдыр тауқыметін тартқан

Назым әжей өткен өмірін

еске алғанда тек еңбек еткені

ғана есіне түсетінін айтты.

Ұзақ өмір сүрудің сыры

да содан болар. Ғасырдан астам

өмір сүрсе де әжейдің әлі

де есте сақтау қабілеті жақсы.

Алдына келген адаммен

еркін әңгімелесіп, өсиетін айтып

отырады.

– Қазіргі егемен еліміздің

балалары қандай бақытты.

Алдыма келгеннің барлығына

сендер бақытты заманда

ғұмыр кешіп жатырсыңдар,

қарындарың тоқ. Осындай

бейбітшілікке шүкір деп

айтыңдар деймін. Ал біздің

кезімізде күннің ыстық – суығына

қарамастан колхоз бригадирі

жұмысқа алып кететін.

Көктем келісімен білекті сыбанып,

колхоздың жұмысына

кірісеміз. Шілденің ми қайнайтын

аптабында далада

кетпен шаптық. Күзде желтоқсан

келіп, жерді қар басқанша

мақта тердік. Сондықтан

барынша тәуелсіз елімізге

қызмет етіңдер деп айтып

отырамын, – дейді Назым

әже.

Соғыстың зардабы

Соғыс жылдары тылда

жүргендер де майданмен үндесіп,

еңбек еткені белгілі.

Назым әже де жүннен жылы

киімдер тоқып, майданға жөнелтіп

отырды. Соғыста шейіт

болған әкесі мен екі бауырын

бүгінгі күні де сағынатынын

Ермек Дәрменов,

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты

«Нұр Отан» фракциясының мүшесі

жасырмады. Әсіресе, бауырларының

бейбіт күндерді көрмей,

қыршынынан қиылғаны

жанына бататынын айтты.

– Бауырларым көз ашқаннан

таршылықтан басқа

не көрді? Есейгенде майданға

аттанды. Олардың мынадай

тәуелсіз заманды көрмегеніне

мен өмір бойы арманда

қалдым, – деп Назым әже

ағынан жарылды.

Соғыс біткен соң қыз

Назым тұрмысқа шығып,

Өзбекстанға көшіп барады.

Өкініштісі сол, ана болып 6

баланы дүниеге әкелгенімен,

барлығы шетінеп кеткен екен.

Мұны еске алған кезде әже терең

ойға батты.

– Сәбилерден айрыла бергесін

қоныс аударсақ, мүмкін,

балаларымыз аман өсер деген

ырымды алға тартып, туған

жерге қоныс аудардық. Осында

келгесін туылған қыздың

атын ырымдап, Қойсынай деп

қойдық.

Содан кейін Назым апа үш

қыз, бір ұлды дүниеге әкеліп,

тәрбиелеп, қызды қияға, ұлды

ұяға қондырды.

Өнегелі келін

Бүгінде Назым әжеге немере

келіні Ұлбосын күтім жасап

отыр. Ұлбосынның айтуынша,

әжей әлі де болса үй тірлігіне

араласқысы келеді.

– Әжем барлық тірлікті өзі

істеп тастағысы келіп тұрады.

Тысқа қолтығынан сүйеп

алып шығайын десем, менің

көмегімсіз өзі жүргісі келеді.

Әлі де сол жас күндегідей қамыр

жайып, тамақ істегісі

келіп тұрады. Нан илеп, далаға

таба нан жапқысы, қойып

берсең, барлық шаруаны

ешкімнің көмегісіз тындырсам

дейді, – деді немере

келіні.

Ғасырдан ұзақ жасаған

әжейдің ендігі арманы – ұрпақтарының

амандығы. «Өскелең

ұрпақты шуақты көктем

мезгіліне ұқсатамын. Олар да

нәзік, енді бүр жарған өскінге

ұқсайды. Ал енді осы көктеммен

қатар келетін 8 наурыз –

аналар мерекесі, ұлыстың ұлы

күні – әз Наурыз мейрамы да

бар. Еліміздегі барлық аналарды,

қыздарымды осы көктемгі

мерекелермен құттықтай отырып,

еліміз аман, жұртымыз

тыныш болсын!» деп, бетін

сипады қарт ана...
8

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

Қолөнер

www.shymkala.kz

Сапаркүл ӘДІЛБЕКОВА:

«Құрақ көрпешені

мың «Махаббат көрпесі» де

алмастыра алмайды»

– Есейген соң өзіңіз де

тігіс тігуді кәсіп еткен шығарсыз?

– Жолдасым Шабденбекке

18 жасымда тұрмысқа шықтым.

Тігіс тігуге тапсырыс жоқтың

қасы. Орта жасқа келгенде жол-

з жасауына

қажет

«Қы еді» деп

құрақ көрпе

іздесеңіз, базардан

дап-дайын дүниені тез

табасыз. Қолдан тіктіремін

деушілерге де

әлеуметтік желілерден

тапсырыс алатындарды

табу оп-оңай. «Құрақ

көрпе», «қыз жасауы»

деп жазсаңыз болғаны.

Алайда, бүгінгі қыз жасауынан

қазақтың бұрынғы

төл өнерінің болмысын

сезіне алмайтынымыз

анық. Көздің

жауын алатын керемет

оюмен өрнектелген көрпешелерден

қолөнердің,

«ай», «шаршы», «тұмарша»,

«ботакөз», «сегіз

жапырақ», «тырна»

атты құрақ түрлерінің

ізі өшіп бара жатқандай.

Десек те, техникаға

дес бермей, қидаланған

матаны бір-біріне жалықпай

жалғап, құрақ

құрайтын еңбексүйгіш

нәзікжандыларымыз аз

емес.

Біз бұл тақырыпты

74 жастағы

Сапаркүл апа

Әділбековамен жалғастырғанды

жөн көрдік.

– Сапаркүл апа, әңгімені

әріден бастайықшы. Тігіс

тігуді қанша жасыңызда

және кімнен үйрендіңіз?

– Тігін машинасымен жұмыс

істеуді 6 жаста меңгердім.

– 6 жаста?! Апа-ау, бұл

біздің ойын баласының

жасы ғой. Бірдеңені бүлдіріп

алмадыңыз ба?

– «Ойын баласы» деген

бүгінгі бақытты балалардың

жасы, бізде балалық шақ болмады

ғой, қызым. Мен туғанда

әкем бір аяғын сұрапыл соғыс

майданында қалдырып келген

кез екен. Тамақ та, киім де тапшы.

Ол кезде ел-жұрт күн-түн

демей, масаққа баратын, мақта

шиттейтін. Қойдан қырқып

алған жүнді жуып, бояп, тарап,

жіп иіріп отыратын. Әкем

жарықтық жалғыз аяғымен мәшинеге

отырып, тігіс тігетін.

Көзімді ашқаннан көргенім –

әкем мен әжемнің күпәйке, мақталы

шалбар, киім-кешек, көрпе-төсек

тіккені. Әжем «бұзып

қоясың» деп, тігін машинасына

жолатпайтын. Түнде құлыптап,

кілтін өрілген шашының

шолпысына қоса тағып ұйықтайды.

Бір жолы әжем ұйықтаған

соң кілтті жемелегінен қырқып

алдым да, көптен ықыласым

ауған тігіс машинасын әпсәтте

игеріп алдым. Сол 6 жасымнан

бастап тігіншілікті қолға

алып, әжем мен әкемнің қолқанаты

болдым.

– Ол кезде мектеп жоқ

шығар, әріпті қалай таныдыңыз?

– Бізге қара танытқан кісі де

аты өшкір соғыстан мүгедек болып

оралған ағай еді. Ал бізде,

мектеп тұрмақ, далаға киетін

аяқ киім болмаған ол заманда.

Қиын-қыстау күннің әсері

шығар, үлкендер жағы «балалардың

көзі ашық болсын» деп

тілейтін. Әкем жарықтық батпақты

кешіп, мектепке арқалап

алып баратын. Құрқылтайдың

ұясындай тар бөлмеде сабанның

үстінде отырып қаріп таныдық.

Қалам-қағаздың орнына жазуға

болатын заттың бәрін қолдандық.

Есепті «Сыдықтың он

қойы бар еді, түнде екеуін қасқыр

жеп кетті. Таңертең қорасында

қанша қой қалды» деп

үйрететін (күлді).

дасым 12 жыл ауырып, 5 баланы

қатарға қосу жалғыз өзіме жүк

болды. Сонда Шымкенттің текстилінде

Юлдаш деген кісі болатын.

Күндіз слесарь, қараушы,

оператор болып жүріп, түнде

үйде де қарап отырмадым. Таңға

дейін 4-6 көрпеше тігіп, Юлдашқа

беремін. Ол 200-400 сом

ақша төлейді. Балаларға тапқан

қосымша табысым сол болды. Бірақ,

кәсіп ретінде қолға алуға

қаражат жетпеді. Жақсы мата

алып, қолөнерге бет бұру үшін

де қор керек.

– Кәсіп етпесеңіз, бүгінге

дейін қалай ұмыт қалдырмай

алып жүрсіз?

– Әбден жұмысбасты болып

қалған соң зейнетке шыққанымен

де қол қусырып отыра алмадым,

жаным. Содан тігіс тігуді,

тоқыма тоқуды ермек еттім. Туған-туыс,

таныс, көршілер қыз

ұзатып жатса, жасауын тігіп

бер деп қолқа салады. Қарап

отырмайын деп мен де келісемін.

Қолдан тігілген соң бұлардың

сапасы жақсы болады.

Мына үйде төсеулі жатқан құрақ

көрпешелерді 1998 жылы

тіккенмін, содан бері мақтасы

да ыдырамаған.

– Осы, құрақ құраудың

мәні неде? Неге «қыз жасауына»

дәл осы құрақ көрпешені

іздейміз?

– Құрақ – түрлі матаның

қиындысынан құралған көрпе

емес, ананың қызына деген тілеуінің

жиынтығы. Ана – бойжеткен

қызының орын тапқанын,

барған жерде бағы ашылып,

басы құралғанын, байқуатты,

үбірлі-шүбірлі болғанын

және тіл-көзден аман жүргенін

тілейді. Таңды таңға жалғап тілеген

арман-тілегін титтей ғана

шүберекке орап, құрақ құрайды.

Жақсы ниетке балап, қыз

жасауына бір-бір жұп көрпеше

мен бас жастығын қосады.

Ал бақуатты болса, екі жұптан.

Мысалы, жасауда кемі 6 көрпеше

болса, оның екеуі құрақпен

қапталады. Ал 12 көрпеше болса,

оның 4-ін құрақтан қосады.

Қызға қанша жасау берсең де аз

емес. Бастысы, жұп болуы керек.

Қазір «Махаббат көрпесі»

деп жаңа үрдіс шығарып жүр.

Қыздың жүгіне оны қоса санаса

тақ болып шығады. Астармен

жапсарлана, ананың ақ тілегін

ішіне орап жатқан құрақ көрпешені

мың «Махаббат көрпесі» де

алмастыра алмайды.

– Демек, құрақтың атаулары

да тегін емес...

– Әрине, қызым. Мына «ботакөз»

көз тиюден сақтайды деген

сенімді білдірсе, «сегіз жапырақ»

ұлды, қызды болып, ұрпағы

жалғассын, өрісі кеңейсін

деген тілекке саяды. «Тырна»

құрақ – «бірінің ізін бірі жалғайтын

бір ізді болсын», «шаршы»

құрақ – «үйелмелі-сүйелмелі

қорасы болсын» «ай» құрақ

– «түні тыныш әрі қайырлы

болсын» деген ниетке саяды.

«Тұмаршаны» бір-біріне жалғап,

құрақ көрпешенің жиегіне жағалай

жол тәрізді түсіреді. Яғни,

қыздың өмірде жолы ашылып,

кедергіге кездеспесін, жамандықтан

қорғайтын бойтұмары

болсын деген тілек.

– Көз майын тауыса құрақ

құраудың артықшылығын

айшықтап, бұл өнерді

насихаттаушылар, іздеушілер

аз емес. Дегенмен, техниканың

дамыған заманында

қолөнердің тұралап

қалғанын да жасырмаймыз.

Тігіс тігудің, әсіресе құрақ

құраудың тағы бір артықшылығы

сабырлылыққа үйретеді

дейді үлкендер...

– Рас. Құрақ – «теңіз тамшыдан

құралатынын» ұқтырады.

Майдалап жинасаң, тозбайтын

құнды дүниеге ие боласың.

Әр алуан матаның қиындысын

кәдеге жаратып, ысырапшылдықтан

тыяды. Әліптің

артын бағуға, еңбегіңнің нәтижесін

көруге деген төзімділікті

қалыптастырады. Жүйкені тынықтырады.

Бойды, ойды сергітеді.

Еңбекке ынта-жігермен ден

қоюға және белгілі бір қиындықтан

өтуге шыдамдылықты

шыңдайды.

– Сапаркүл апа, өзіңіз

тіккен бір «қыз жасауын»

қаншаға бағаладыңыз?

– «Қыз жасауы» үшін ақы

алған емеспін. Бұрын екі рет

инсульт алған едім. Сол сырқатты

осы еңбектің күшімен

жеңдім. Туған-туысқа қызметім

деймін. Ал көрші-қолаң ризашылығы

ретінде бір көйлекорамалын

беріп жатады. Жағдайым

көтерсе, үйренем деген

қыздарға тегін-ақ үйрететін қолөнер

мектебін да ашып алар

едім ғой. Қаражат жағы қолбайлау

болған өнерімді қыздарымның

кенжесі үйренді. Болашақта

сол қызым мен қара шаңырақтағы

келінім алып кетсе

деген тілегім бар.

– Апа, көктемгі мереке

қарсаңында өзіңіздей ақ

жаулықты әжелерімізге,

ардақты аналар мен қызкеліншектерге

айтар тілегіңізді

де тыңдасақ?..

– Бейбіт елімізде ойын ойнайтын

бақытты балалар, алтын-күміс

алқалы, еңбексүйгіш

аналар, мінезі жібектей, инабатты

қыздар, ұрпағына өнегелі,

көрнекті әжелеріміз көп болсын!

Дәстүрді қастерлейтін халқымыз

бір-бірімен сыйластықта,

татулықта ғұмыр кешсін.

– Әумин, апа! Әңгімеңізге

рахмет!

Сұхбаттасқан

Ақмарал Молдиярқызы
Сұлулық

www.shymkala.kz

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

9

Сұлулық индустриясындағы «мейкап»

ұғымы барша қыз-келіншектерге

таныс. Себебі, қазір арулар мерекелік,

салтанатты кешке не тойтомалаққа

мейкапсыз бармайды десек

те болады. Ал мейкап жасаудың шебері –

визажистер дәл қазіргі уақытта қоғамда сұранысқа

ие әрі қалтасы қалың мамандықтар

қатарында. Жастығына қарамай кәсіби шеберлігімен

дараланатын «MAKE UP LAURA»

студиясының визажисті Айгүл Маратқызымен

әңгімеміз де осы кәсіптің төңірегінде өрбіді.

up –

өнер ме,

кәсіп пе?

ең арзаны 15-20 мың теңге тұрады.

Сол себепті, бұл салада

тапқан табыстың бір бөлігін

білімді жетілдіруге жұмсасаң

ғана табысқа жетесің. Ендігі

алға қойған мақсатым – танымал

Гоар Аветисиян, Вадим

Андрев секілді визажистердің

шеберлік сабағына қатысып,

өз кәсібімнің деңгейін көтеру,

білім аясын кеңейту.

Кәсіби визажист Айгүл күн

сайын аруларды әрлеп, бояудың

құдіретімен ғажайып жасайтын

маман. Әрбір жұмысынан ләззат

алады, сұлулық шығармашылығына

шабыт пен күш береді. –

Бояу қыздарды сұлу етіп, қана

қоймайды, сенімділік сыйлайды.

Ең бастысы, оны шебер қолданатын

маманды дұрыс таңдай

білсеңіз болғаны. Ал біз әрдайым

қыздарымыздың көрікті

болып жүру үшін көмегімізді

аямаймыз, – деген ізгі тілегін

білдірді Айгүл Маратқызы.

П сихологиялық

т ест

Қандай макияжды ұнатасыз?

Арулардың бет-әлпетіндегі

бояудың түсі, қанықтығы,

опа-далапты қолдану шеберлігінің

өзі қыздардың

жан-дүниесі, өмірге деген көзқарасының

деңгейін айғақтайды.

Төмендегі психологиялық

тест арқылы өзіңізді сынап

көріңіз.

Айгүл КЕРІМҚұлова

aigul-kerim@mail.ru

Визажистің өз

қолтаңбасы болады

Айгүл М.Әуезов атындағы

ОҚМУ-дің дизайнер мамандығын

үздік дипломмен тәмамдаған.

Суретшілік өнері болған соң

визажист мамандығына қызығушылығы

оянып, осы салада

өзін сынап көрмек болады. Қазақстанға

танымал визажист

Санди Бексырғадан сабақ алып,

шебердің Астана қаласындағы

студиясында бір жылдай жұмыс

істейді. Одан кейін кәсіби

маманнан үйренген білімін

пайдаға жарату үшін туған қаласына

келеді.

– Заманның талабы дейміз

бе, әлде сұлулыққа құштар

жандардың аудиториясының

кеңейгені ме, бұл сала көз

ілеспес жылдамдықпен дамуда.

Бір шеберден сабақ алып

қою жеткіліксіз, өзіңді күн сайын

жетілдіріп отырмасаң,

клиентіңді жоғалтасың және

бәсекелестер де қарап отырмайды,

– дейді кейіпкер. – Сондықтан

халықаралық деңгейде

«MAKE UP STUDIO» сертификатын

алдым, Шымкентте

іскер маман Лаура Нұрланқызының

сұлулық студиясында

біліктілігімді шыңдадым. Қазір

осы кәсіби маманмен бірлесе жұмыс

істеп жатырмын.

Расында визажист мамандығын

кәсіп көзіне айналды-

рып, пайда тапқысы келетіндер

көп. «Бірақ адамды бояндырудың

қыр-сырын меңгергенімен,

бәсекелестер арасында

қолтаңбаң, ерекшелігің және

кәсібилігіңмен өз орныңды табу

оңай емес», – дейді маман. Ол

үшін ізденіс, талпыныс, шыдамдылық,

бояндырудың техникасын

шебер меңгеруі қажет

екені айтпаса да белгілі.

Суретшілік

өнер қажет

– Біздің жұмысымыз бұл

қылқалам мен бояу арқылы суретке

жан бітіретін суретшінің

жұмысымен бірдей дегенім дұрыс

шығар. Сызуға, сурет салуға

бейімділігім мамандығымды

жылдам игеріп кетуіме көмектесті,

– деп жалғады сөзін Айгүл.

– Ал жұмыстың күрделілігі

бір адамға жасаған макияжды

екіншісіне қайталай алмайтындығыңда.

Әр жанның бет-бейнесі

әртүрлі болғандықтан, аз

уақыттың ішінде қандай образ

жасау қажеттігін саралап үлгеруің

қажет. Өйткені, алдын ала

клиенттер макияжға жазылып

қоятындықтан, әр минут қымбат.

Макияж олардың көңілінен

шығу үшін шеберлік, бояндыру

техникасы, ең бастысы, пайдаланатын

косметикалар сапалы

болуы керек. Әйтпесе, еңбегіңнің

еш кеткені. Арзан косметикамен

қанша әрлеп-сәндегеніңмен,

клиенттің қалағанындай

шынайы образ шықпайды,

керісінше сұлулықты өз табиғатынан

алыстатып аласың.

Мұны алдыңа келген клиенттің

өзі де сезеді. Сол себепті, бірінші

кезекте Голландия, АҚШ, Кореяның

танымал компанияларының

сапалы косметикаларын

пайдаланамыз.

Табиғи макияждар

Қыз-келіншектердің барлығы

әдемі болып жүргенді қалайды.

Кез келген мерекелік шарада,

тіпті, күнделікті көрікті болып

жүргісі келетін әйелдер көп.

Күн сайын боянып-сыланбаса да,

шашын сәндеп, әсем киініп, тартымды

болып жүреді. Бұл уақыттың

талабындай болып кеткен.

– Қазіргі клиенттердің талғамы

да өскен. Оларды бояндырғанда

нәзік, табиғи түрінен алшақтатпауды

сұрайды. Бұрынғыдай

қап-қара қас, қанық түсті

көз бояулар мен «оттай көрінетін»

далап жағу сәннен қалды,

дейді визажист. – Қалыңдық,

тойға, салтанатты кештерге

баратын жандарға көп бояуды

қажет етпейтін макияждың голливудтық

және нюд түрін қолданамыз.

Бұл жұмыстарымыз нәтижесін

берді десек, артық емес.

Келушілердің басым бөлігі ризашылықтарын

білдіріп, тұрақты

клиентімізге айналуда.

Жалпы, адам терісіне кері

әсер ететін факторлар баршылық.

Солардың бірі – экологияның

нашарлығы, дұрыс тамақтанбаудан,

ішкі аурулардан бет

терісінің күтімі нашарлайтын

әйелдер кездесіп тұрады.

Айгүлдің бұл өзекті мәселемен

күн сайын бетпе-бет келетіндіктен

айтар өз ойы бар.

«Клиенттің бет-пішіміндегі

кейбір кемшіліктерін бояу астында

жасырып, сұлулығын өз

болмысынан алыстатпай, жаңа

образда көрсетуге күш саламыз.

Бұған заманауи косметикалардың

құдіреті жетеді», – дейді.

Үздіксіз білім –

табыс көзі

Бүгінде визажист мамандығы

көп қаражат табатын

кәсіптің қатарына қосылғаны

жасырын емес. Осыған қарап

қыздар арасында «Бояндыруды

үйреніп, көп қаражат табамын»

дейтіндердің қарасы

көп. Дегенмен кейіпкеріміз визажист

мамандығын бірден табыс

табудың көзіне айналдырамын

деушілердің аяқ алысы

ұзаққа бармайтынын айтады. –

Бұл – сапаға жұмыс істей отырып,

үздіксіз білім жетілдіруді

қажет ететін сала. Мәселен, Қазақстанда

кәсіби мамандардан

шеберлік курсынан өтудің ең төменгі

құны – 100 мың теңге, косметикаға

жұмсалатын қаржы

200-300 мың теңгеден басталады.

Қарапайым ғана, көз бояуға

арналған бір қылқаламның

Қарапайым макияж.

Кірпікке арналған тушь пен

ерінге жылтыр далапты жағуды

ұнататындар – көбіне

өзіне сенімді адамдар. Олар

сыртқы сымбаттылыққа емес,

адамның ішкі әлеміне мән береді.

Күрделі деген мәселелерді

оңай шешіп, кез келген

жанмен оңай тіл табысады.

Көзін бояуға мән беретіндер.

Бұлар – әр дүниенің

астарына терең

үңіліп, өмірге жеңіл-желпі қарауды

ұнатпайтын қыз-келіншектер.

Биік мақсаттарға

жету жолында күресуден қорықпайды.

Жеңілістерді өзін

сыртқа білдірмейді, сөзден

іске бейім болғандықтан, уәдеге

берік адамдарды бағалайды.

Ерін бояуды ұнататындар.

Қызыл, ал қызыл түсті

далаптарды сезімтал, көпшіл,

өзгелердің назарында болғанды

ұнататындар пайдаланады.

Қатты боянуға

бейім

жандар. Өзіне

сенімсіз, қоғамдағы

орны

жоқ арулар

кемшілігін,

қорқынышын

бояудың астында

жасыруға

тырысады.
10

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз

2018 жыл

Сән мен сымбат

www.shymkala.kz

Көктем – қызкеліншектер

үшін гардеробты

жаңартатын

мезгіл. Ендеше,

таңдау жасаудың уақыты

келді. Киімдердің

сәні мен түсінде, аяқ

киімдер мен аксессуарларының

ерекше үлгіде

болғанын қалайтын жандарға

сәнгерлер жаңа

топтамаларын ұсынып

үлгерді. Олай болса, маусымның

ең сәнді дүниелеріне

шолу жасап өтсек.

Айгүл КЕРІМҚұлова

aigul-kerim@mail.ru

Табиғатқа жақын

түстерді таңдаңыз

Түстер. Ит жылы болғандықтан

табиғатқа жақын қоңыр,

сары, көгілдір, қоңырқызыл,

черри қызанағы және

күлгін түстер сәннен орын алады.

Көктем-жаздың басты түсі –

күннің шуағы мен өмірлік энергия

беретін сары және тыныштандыратын

лаванда, күлгін

түстер болмақ.

Лаванда түсі қатал, салқынқанды

жандардың өзінің

бейнесін нәзік етіп көрсетеді.

Матасы шифон, атлас, жазғы

болады. Бұл әшекейлер сәнге

енген черри қызанағы, қоңыр

қызыл, қоңыр түсті киімдермен

жарасым таппақ.

Танамоншақ пен түйреуіш

– нәзіктік сыйлап, әйелдердің

болмысын айқындай түсетін

керемет зергерлік бұйымдар.

Оны енді көктемгі-жазғы жейде,

костюм және былғары күртешеге

жарастыра тағу сәнге

айналады.

Сөмкелер. Классикалық

қара түсті сөмкелер сәннен қалып,

қоңыр, көгілдір, қызғылт

сары түспен алмасады. Жазғы

сөмкелердің киімнің матасымен

сәйкес келетін, шашақпен

безендірілген, ұстағанға ыңғайлы

шағын түрлері дүкен сөрелерінен

көптеп орын алады.

Шашақтар

оралды...

«Поп

– арт»

Әлемге танымал сәнгерлер

биыл өз топтамаларына

50-80 жылдар аралығындағы

сән үлгілерінің элементтерін

енгізген. Атап айтқанда, «Ұлы

Гэтсби» дәуіріндегі шашақты

киімдерге биыл қайта ораламыз.

Белдемше, көйлек, сыртқы

киімдердің етегі немесе

жеңі ұзын шашақтармен безендіріледі.

Аяқ киім, қол сөмкенің

өзінің бір бөлігінде шашақтар

байқалса, бұл биылғы

сән екенін ұмытпаңыз. Тіпті,

жас қыздар үндістер секілді

маңдайын шашақты баулар,

ленталар, шәлілермен орауына

болады.

Дүкендерде геометриялық

кескіндер, адамның, жан-жануарлар

мен көкөністердің бейнесі

айшықталған киімдерді

көрсеңіз, бұл 70-жылдардағы

«поп-арт» стилінің оралғанын

аңғартады. Көктемгі пиджак,

жейде, шалбар, тіпті классикалық

көйлектерді дизайнерлер

«поп-арт» стиліне салып, ерекше

үлгіге айналдырған. «Ашық,

түрлі-түсті реңктегі көйлектер

кез келген ортада әйелдерді айрықша

көрсетіп, өмірге деген

құштарлығын, шығармашылық

тұрғыдағы шабытын шарықтатады»

дейді сәнгерлер. Сән

әлеміндегі кеңесшілер осы бағытты

таңдағанда аксессуарлары

(сөмке, шашқа қажетті әшекейлер)

киімнің матасынан болса,

керемет үйлесім табатынын

айтады.

70-жылдары жүріп-тұруға

ыңғайлы киімдер сәнде болған.

Яғни, көйлек, ұзын белдемше

жейдесімен, жемпір, шалбарды

кең пішімде сәнді етіп ұсынған.

Ол «бохо-стиль» деп аталған.

Стильдің ерекшелігі киімге

үйлестіріп басына қалпақ,

аяғына өрнектермен айшықталған

етікпен киюінде. Бохостиль

жастармен қатар 50-ден

асқан әйелдерді қатты қызықтырған.

Мұның себебін дизайнерлер

табиғи маталарға басымдылық

беруімен және жастың

келуімен басталатын кейбір

кемшіліктерін жасыра алатынымен

түсіндіреді.

2018 жылдың көктем-жазының

топтамасындағы аяқ киімдерге

пластик, мөлдір материалдарды

бір бөлігіне пайдалануда.

Бұл элементтерді қысқа

етік, туфли, жаздық туфли,

сүйретпелердің өзінен көруге

болады.

стилі

қайта

оралды

жеңіл, тіпті, костюмдер тығыз

матадан тігілсе де жарасымды

көрінеді.

Биылғы сәнгерлер айтқан

көктемгі сыртқы киімдердің

ерекшелігі – түсінде. Әсіресе,

плащтар гүлмен айшықталған

және ашық түстермен ұсынылады.

Жастар үшін сулықтардың

матасы джинсымен алмастырылып,

сәнгерлер қара, көк

түсті джинсы плащтың қысқа

көйлек, шолақ шалбар, кроссовкамен

де сәнді көрінетінін

айтады.

Аксессуралар. Кө з д і ң

жауын алатын інжу моншақтарды

ұнататын қыз-келіншектер

үшін жағымды жаңалық

бар. Биыл інжуден моншақ

қана емес, сырға, білезік,

шашқа арналған әшекейлерді

ойланбай сатып алуыңызға

Ұлттық нақыштағы

киімдер сәнде

Көктемнің алғашқы күнінде

Қазақстанның сәнгерлері Шымкентте

бас қосты. «SHYMKENT

POP UP STORE» ұлттық дизайнерлер

көрмесінің VIII маусымы

«Шымкент плаза» ойынсауық

орталығында салтанатты

түрде ашылды. Облыстық

кәсіпкерлік палатасының

ұйымдастыруымен өткен шараның

мақсаты – отандық тауар

өндірушілерге қолдау жасап,

шетелдік мамандармен тәжірибе

алмасуға мүмкіндік жасау.

Көрмеге 30-ға жуық бренд

компаниялармен қатар ТМД

елдерінен Литва, Грузия, Қырғызстан,

Өзбекстанның танымал

дизайнерлері де қатысып,

эксклюзивті киім үлгілері мен

аксессуарларын ұсынды.

Көрмеге қатысушы алматылық

«Akka style» ательесінің

өкілі Ақбала Әбуова мұндай

көрменің шығармашылыққа

шабыт беріп, тұтынушыларға

тауарларын таныстыруға үлкен

мүмкіндік беретінін айтады.

– 35-50 жастан асқан әйелдерге

арналып тігілген киімдер

топтамасын алып келдік.

Сыртқы және күнделікті киетін

киімдердің бір-екі данадан заманауи

үлгіде тігеміз. Алматы,

Астана қалаларында шоурумдарымыз

бар. Осы көрмеде

тұтынушылардан сұраныс болып

жатса, Шымкентте өз дүкенімізді

ашу ниетіміз бар, –

дейді отандық дизайнер.

Грузиялық дизайнер Магда

Твалиашвлидің Шымкентке алғаш

келуі. «MAGDA» бренді нарықта

киім және аяқ киім коллекциясымен

танымал.

– Қазақстандық дизайнерлермен

тығыз қарым-қатынас

орнатып келеміз. Жуырда Алматыдан

өз дүкенімізді ашуды

жоспарлап, қазір осы бағытта

жұмыс істеп жатырмыз. Көрме

аясында Қазақстанның дизайнерлерімен

танысып, олардың

жұмысы біздің қызығушылығымды

арттырды, – дейді грузиялық

дизайнер.

Отандық дизайнерлер ұсынған

топтамалардың ұлттық нақышқа

бет бұрғаны байқалады.

«Aidar Khan», «Kurak-korpe» сән

ательесі елімізде осы бағытты

ұстанған. «Тұрмысқа арналған

киімдерді ұлттық нақышпен,

заманауи үлгіде тігуге тапсырыс

беретіндер саны артып

отыр» дейді ателье өкілдері.

Іс-шараға келушілерге отандық

дизайнерлердің көктемжаз

топтамасы ұсынылды. Бұдан

бөлек шеберлердің қолдан

жасалған әшекей бұйымдары,

былғары сөмкелер, косметикалар

және кәдесыйлар көрмеден

орын тапты. Сондай-ақ, көрмеде

балаларға арналған дефиле,

визажистер және стилистердің

шеберлік-сабақтары өтті. Айта

кетейік, фэшн-фестиваль Шымкентте

осымен 8 рет ұйымдастырылып

отыр.
Жаршы

www.shymkala.kz

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз

2018 жыл

11

Еңбек Қоғамы

Қазақстанға әлеуметтік жаңғыртудың біртұтас

моделін жасау маңызды екенін ескерсек, Президентіміздің

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай

20 қадам — әлеуметтік модернизацияны іске асыру

бойынша 20 тапсырма беруі өте орынды болған.

Модернизациялаудың

20 міндеті

Қанат Сапаров,

Шымкент қаласы

Әл-Фараби аудандық

Әділет басқармасының басшысы,

«Заңгерлер Одағы» РҚБ мүшесі

Жалпы, Үкіметке берілген

жиырма тапсырманың ең басты,

маңызды тапсырмалары –

жұмыспен қамту саласын дамыту.

ҚР Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігіне

Кәсіптік біліктіліктің ұлттық

жүйесі болуы қажет екенін

тапсырды. Еңбек дауларының

алдын алу, ескеру және реттеу,

сонымен қатар өндірістегі

еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз

ету мен бақылау жұмыстарын

күшейту қажеттігі,

«Тұрғын үй жағдайының үлгіқалыптары:

қолжетімділік

пен жайлылық», білім беру

мекемелерін оңтайландыру,

оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту

және білім беру қызметтерінің

тиімділігі мен қолжетімділігін

арттыру туралы Үкіметке тапсырма

берілді. Сонымен қатар,

ҚР Білім және ғылым министрлігіне

оқу үдерісінде білім

берудің интерактивті түрлерін

пайдалануды кеңейтуді және

онлайн-оқытудың арнаулы оқу

дәрігер кеңесі

бағдарламаларын енгізуді тапсырды.

Осы тапсырмада Қазақстан

тарихы оқулығына қатысты

бірқатар сын-ескертпелер

айтып, денсаулық сақтауды

жаңғырту және саламатты

өмір салтына қатысты денсаулық

сақтау саласына көңіл бөлудің

қажеттігін атап көрсеткен

болатын.

Президенттің мұндай мәселеге

тоқталуына бірқатар себептер

негіз болды. Ол кәсіби

білім беретін оқу орындарының

мамандарды тәжірибе жүзінде

қаншалықты қажеттігін ескермей

дайындауынан, білім стандарттарын

әзірлеуде басқару,

экономика, бизнес, өнеркәсіп

пен өндірістің ерекшеліктерін

ескермеуінен, ғылыми-зерттеу

жұмыстары мемлекеттік бағдарламаларда

көзделген маңызды

салаларда жүргізілмеуінен,

ғылыми кадрлар дайындауда

жүйесіздік орын алуынан

туындап отыр.

Елбасының аталған мақаласы

халықтың әлеуметтік жағдайын

көтеруге, қоғамдағы әділетсіздік

пен теңсіздікті жоюға

бағытталған. Ол бүгінгі таңда

қарқынды орындалып келе

жатыр.

Дені сау ана – дені сау бала

Сау ұрпақ тәрбиелегісі

келетін кез келген

ана бірінші кезекте

өз денсаулығына алаңдауы

тиіс. Сау отбасының,

сау баланың кепілі – оны

дұрыс жоспарлау

Руслан Еркінбек,

№9 ШҚЕ акушер-гинекологы

Осыған орай еліміздің әрбір

денсаулық сақтау ұйымында отбасын

жоспарлау кабинеттері жұмыс

жасайды. Бұл кабинетте болашақ

аналар жүктілікті жоспарлау,

түрлі тұқым қуалайтын аурулар,

туа пайда болған ақаулар,

жұқпалы және өзге де дерттер бойынша

кеңестер алуына мүмкіндік

жасалған.

Сондай-ақ ана мен сәби саулы-

Бәрекелді!

Сымбат – жүлдегер

Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты №52 мектеп-лицейінің

6 «А» сынып оқушысы Нағызбек Сымбат «Черноризец

Храбър» халықаралық математикалық пән олимпиадасына қатысып,

жүлделі III орынды жеңіп алды. Жетекшісі – математика

пәнінің мұғалімі Зура Кокушева. Мектепшілік олимпиадаларға

да қатысып, өзінің білімін көрсетіп, жетістіктерден

көрініп жүрген Сымбаттан ұстаздары үлкен үміт күтеді.

Спорт - сенімді серік

Салауатты жас -

салмақты маман

Салауатты өмір салтын

сақтау, Елбасының

«Болашаққа бағдар:

Рухани жаңғыру» мақаласы

аяасында Индустриалдық

техникалық колледждің

спорт залында студенттер

арасында дәстүрге

айналған волейболдан колледж

біріншілігі өтті.

Еркін Аманов,

Индустриалдық техникалық

колледждің дене шынықтыру

және АӘД Циклдік

комиссия жетекшісі

Бұл жарысқа Колледж студенттері

арасынан 12 команда

қатысты.

Ақтық сайысқа шыққан 4-команда

арасында өткен тартысты

ойында командалық есеп бойынша

1-оынды АЭ 17-33 к тобы,

2-орынды АЭ 17-34 к тобы, ал

3-орынды 17-30 к тобының студенттері

иеленді.

ғы үшін қауіпті жиі кездесетін

мәселе – қаназдық дерті. Бұл

жағдай жүктілік кезіндегі болашақ

аналарда жиі кездесіп жатады.

Яғни, анемия – қан құрамындағы

эритроциттерде гемоглобин

деңгейінің төмендеуі. Бұл

дерт дұрыс тамақтанбаудан, түрлі

күйзелістен және иммунитеттің

төмендуінен пайда болады. Болашақ

нәрестенің дамуына бұл

айтарлықтай зиян келтіреді. Сондықтан

бірінші кезекте әйел адам

денсаулығында барлық кінәраттардан

арылуы тиіс.

Сонымен қатар үздік командалардың

топ шеберлері мен топ

жетекшілері өз командаларына

қолдау көрсетіп отырды. АЭ 17-

33 к топ шебері Н. Тасболатов, АЭ

17-34 к топ шебері А.Есқожаев, АЭ

17-30к топ жетекшісі С.Тілеуімбетов

мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Жарыс сонында үздік орын

алған командаларға колледждің

ауыспалы кубогі және колледж

директорының мадақтама қағазы

мен сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар командалардағы

үздік ойыншылар да сыйлықтан

құр қалған жоқ.

Колледжіміздің студенттері –

кикбогсинктен ОҚО чемпионатынан

60 кг салмақта жүлделі орын

алған Жанайбек Жандарбек, қысқы

спорт (фристайл) түрінен жастар

арасынан әлемдік жарыстарға

барып жүрген Батырбаев Нұран

және Кунг Фу спортынан Курбанкулов

Азиз, нысана атудан Худяков

Андрей Қазақстан чемпионатынан

жүлделі орындарға ие болып

жүр және басқа спорт түрлерімен

айналысып жүрген студенттеріміз

де бар.

Салауатты өмір салтын ұстау,

спортпен айналысу оқуға деген

талпынысты да арттырады . Денсаулығы

мықты жастар – ертеңгі

салауатты мамандар.

Шымкент қаласы

әкімдігінің аппараты

Шымкент қаласы әкімінің

орынбасары Бейсенбек

Жанбосыновқа анасы

Жанбосынова

Төлбасының

қайтыс болуына байланысты

қайғыларына ортақтасып,

көңіл айтады.

Атаулы күн

өмір сенімді

қорғауда

А. Алтынбеков,

Шымкент қаласындағы

№ 4 өрт сөндіру бөлім бастығы

Қазақстан халқы жыл

сайын 1 Наурызда Дүниежүзілік

азаматтық

қорғау күнін атап өтеді. Бұл

атаулы мереке 1972 жылдан

бастау алады.

Сол жылы Халықаралық азаматтық

қорғаныс ұйымының

Жарғысы күшіне еніп, оны 18

мемлекет мақұлдады. Бұл мейрам

қоғам назарын ұлттық азаматтық

қорғаныс қызметімен атқарылатын

жұмыс, табиғи және

техногендік сипаттағы үрейлердің

алдын – алу және жою

саласына бағытталып келеді.

Халықаралық азаматтық қорғаныс

ұйымына кіретін әлемнің

50 – ден астам мемлекет бар

және ол ұйымның үкіметаралық

мәртебесі бар. Қазақстан

бұл ұйымның толық құқықты

мүшесі ретінде 1996 жылдан бастап

барлық өткізілетін іс – шараларға

қатысады.

Шымкент қалалық мәслихаты

Оңтүстік Қазақстан облыстық

мәслихатының депутаты,

белгілі кәсіпкер Молдасейітов

Қайрат Құсейінұлына ағасы

Молдасейітов Орынбасар

Құсейінұлының

қайтыс болуына байланысты

қайғыларына ортақтасып,

көңіл айтады.
12

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

Кино

www.shymkala.kz

Кумирім – Вонг Карвай,

арманым – «Оскар»

Кино – өнер. Оның құдыреті бір ғана туынды арқылы жүздеген адамды жылатып,

миллиондарды күлдіре алуында. Бұл жоқтан бар жасай білетін режиссердің

шеберлігіне келіп тіреледі. Сондай әйгілі режиссерлар қатарында Лени

Рифеншталь, Андреа Арнольд, Келли Рейхард, Кэтрин Бигелоу, Афина Ракель

Цангари, Линн Рэмси сынды нәзік жандылар да бар. Бұл әйелдердің де кино

түсіру қолынан келетінінің дәлелі. Шымкенттік ару Қарлығаш Есіркеп те әуесқой кинорежиссерлар

байқауларында өзінің ерекше туындыларымен танылып келеді.

Қиялыма қанат

байлаған «Құлагер»

Қарлығаш Есіркеп – өмірге

фильмдегі кадр арқылы қарайтын,

бар тапқанын киноға

арнаған жан. Көшені жаяу

араласа, адамдарды әртіс деп

алып, оларды көз алдына бейнелей

келе қиялымен қысқаметражды

фильм түсіріп тастайды.

21 жастағы бойжеткен

бүгінде өзі қалап түскен мамандығы

бойынша М.Әуезов атындағы

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік

университетінде білім

алып жүр.

– Мен Қазығұрт ауданы Талдыбұлақ

ауылында көп балалы

отбасында дүниеге келдім. Әулетіміз

өнерден алшақ. Тек мен

ғана осы салаға қатты қызығып,

режиссер болуды қаладым.

«Құлагер» фильмін алғаш көрген

кезімде ерекше әсер сыйлады.

Сол сәттен бастап осы менің

өмірім деп, кино саласына келуді

ұйғардым. Бұл шешіміме

ата-анам, туыстарым қолдау

білдіріп, қазірге дейін көмектерін

аямай келді,-дейді Қарлығаш

Есіркеп.

Түсірілім –

ойын алаңы емес

Биік белестерді бағындыруды

көздеген жас маман «105»

деп аталатын фильмімен жуырда

өткен облыстық «КиноАРТ-

2018» әуесқой кинорежиссерлар

фестивалінде жүлделі екінші

орыннан көрінді. Сондай-ақ,

үздік сценарист атанды. Оның

фильміндегі актер Құрал Оразбек

екінші пландағы үздік актер

деп танылды. Кино саласындағы

алғашқы жетістікке қолы

жеткен ару бұл үлкен еңбектің

арқасы екенін айтып қалды.

– Алғаш қысқаметражды

фильм түсіруді бастағанымда

кедергілерге тап болдым. Мені

шығармашылық топ қыз баласы

болғандықтан елей бермейтін.

Түсірілімге уақтылы келмей,

келсе де тыңдамайтын. Кейін

үнемі күліп, көңілді жүруді ұйғардым.

Бәрі дұрыстала бастады,-дейді

жас режиссер.

– Бастапқы түсірген дүниелерім

өзімнің көңілімнен шықпады.

Операторлық жағынан

да, монтажынан да бір кемшілік

болды. Бірақ мен жеңілуді де

қабылдай білетінмін. Сол кезде

өзімді сабырлыққа шақырып,

келесі жолы одан да жақсы

дүние жасаймын деп беки

түсемін. «105» фильмінде де келеңсіз

жағдай орын алды. Таспагерлер

келісілген уақыттан жар-

Елбасының «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру»

бағдарламалық мақаласы

аясында режиссер, драматург

Еркебұлан Жолдасовтың

бастамасымен бұл сайыс

биыл бесінші рет ұйымдастырылып

отыр. Кинофестивальге

облыс аумағынан

16-35 жастағы 75 үміткер

қатысуға өтініш білдірген.

Оның ішінде сәтті шыққан

11 фильм арасынан әуесқой

режиссерлардың үздіктері

анықталды.

Әділқазылар алқасының

шешімімен Қарлығаш Есіркептің

сценариі үздік деп

танылды. Ал әйел образын

үздік сомдаған әртіс ретінде

Ғазиза Таңшолпан атанды.

Жылдың үздік операторы

Шыңғыс Рысқұлов деп

ты сағатқа кешігіп келді. Содан

енені сомдайтын актрисамыз

шыдамай кетіп қалды. Барлық

таныстарыма хабарласып жүріп,

әрең сол рөлге лайықты апайды

таптық. Бағымызға орай, ол кісі

бірден келсіп, тез арада жетті.

Ол туындым жүлделі орындардан

көрінеді деп сендім. Сенімім

мен үміт ақталды. Түсірілімдегі

шығармашылық топқа алғысым

шексіз. Байқауда жұмысымыз

жоғары бағаланды.

Бүгінге дейін жас өнерпаз 2

қысқаметражды фильм мен деректі

фильм түсірген. Көрерменге

ой саларлық бейнероликтері

де бар. Бұлар – бойжеткеннің

осы саладағы алғашқы жұмыстары.

Басқа фильмдерді түсіруге

жиі қатысады. Тәжірибе

жинау үшін осы салада жолы

үлкен ағаларының жасап жатқан

дүниелерінен сабақ алуға

барады.

– Кейде төменгі курстағы

іні-сіңлілерім көмек сұрап келеді.

Менің өзім ұнатпайтын

қасиетім – сол кездерде ақылгөйсіп

кетемін. Оған ренжіп жататыны

бар (күліп). Бірақ үйреткеннен

үйренерім көп, –

дейді жас өнер иесі.

Әуесқой режиссерлар:

үздіктер кім?

танылса, «Үздік музыкалық

көркемдеушісі» номинациясының

жүлдесін Ақниет

Нұржігітұлы иеленді. Үздік

монтажер – Нұрхат Зұлпыхар,

ал үздік ер азамат образы

Құралбек Оразбекке бұйырды.

Сонымен, жүлделі орындарға

оралсақ, үшінші орынды

«Элюзия» фильмінің режиссері

Абзал Төленов иеленді.

Екінші орынды «105»

қысқаметражды фильмнің

режиссері Қарлығаш Есіркеп

жеңіп алды. Бірінші орын

мен бас жүлде «Ғайша»

фильмінің режиссері Сәбит

Әбдіге бұйырып, жылдың

үздік әуесқой кинорежиссері

атанды. Оның туындысы

Мұхтар Шахановтың шығармасы

желісімен түсірілген.

«105» фильмі

немесе отандық

кинодағы олқылық

Қарлығаш өзін де, өзгені де

жігерліндірсем дейді. Ұнататын

дүниелері драма мен шытырман

оқиғалардың желісіне

түсірілген кинокартиналар.

Отандық режиссерлардан Ақан

Сатаевты, ал әлемдік деңгейде

жапон режиссері Вонг Карвайды

үлгі тұтады. Ол жапон режиссерінің

туындыларында музыкалық

көркемдеуі және бірнеше

оқиғаны қамтып, көздеген

Шымкентте өткен «КиноАРТ - 2018» әуесқой

кинорежиссерлар фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды.

Жоба авторы Еркебұлан

Жолдасовтың айтуынша,

бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін

бейнелей келе көрерменге

ой саларлық туындыны

дүниеге әкелген әуесқой

кинорежиссерлар биылғы

фестивальге тыңғылықты

дайындалған. Және жыл

санап қатысушылардың санымен

қатар фильмдердің

сапасы да артып келеді. Ал

алдағы уақытта ұйымдастырушылар

кинофестивальді

халықаралық деңгейде өткізуді

жоспарлап отыр.

мәселесін шытырман жеткізуді

жоғары бағалайды. Өзі де сценарий

жазуда осы ұстанымды

негізге алады екен. Алға қойған

мақсаты мен жоспары да көп.

– Алдағы айларда «Құлагер»

толықметражды фильм

түсіруді жоспарлап отырмын.

Сосын университеттегі бірге

оқитын достарымызбен комедия

жанрында фильм түсірсек

пе деген ой бар. Бізде, өкінішке

қарай, мемлекет тарапынан

қолдау аз. Байқауларда ғана өз

мүмкіндігімді көрсетіп, жүлделі

орын алғанымызға қуанып

жүрміз. Ал отандық фильмдердегі

жасандылық пен жаттандылықтан

әлі күнге дейін арыла

алмай келеміз. «105» фильмі

де осы мақсатта түсірілді. Яғни,

бұл жұмысыммен біздің фильмдер

қалай түсірліп жүргенін

жеткізгім келді. Сапалы дүние

жасасам деймін. Бакалавр дәрежесін

алған соң шетелде ары

қарай кино саласын тереңірек

зерттеп оқысам деймін. Әр режиссердің

арманы болған «Оскар»

жүлдесіне қол жеткізсем

деймін. Бұл, әрине, уақыттың

еншісінде, бірақ, алдыма қойған

мақсатқа жету үшін үнемі

күресіп келемін,-дейді болашақ

режиссер.

Ақылына көркі сай ару

Қарлығаш Есіркеп алдағы мерекемен

барлық әйелдер қауымын

шын жүректен құттықтайды.

– Ең алдымен өзімнің анамды,

әпке-сіңлілерімді көктем

мерекесімен шын жүректен

құттықтаймын! Сіздерге тілерім

– үнемі жадырап жүріңіздер.

Жүздеріңізден төгілген

мейірім әлемді жадыратып

жібереді. Сондықтан әрдайым

күндей күлімдегендеріңізді қалаймын!

– деді бойжеткен жымиып

қана...

Бетті дайындаған

Азамат ЖАППАР

Мерекелік демалыс

күндеріне байланысты

газетіміздің келесі

саны 14 наурыз

күні шығады

¬Ѕрылтайшы –

Шымкент

аласыныє ґкiмдiгi.

Ìåíøiê èåñi

– «Шымкент

апарат орталыµы»

жауапкершiлiгi

шектеулi

серiктестiгi.

Директор–áас редактор

¬АПБАРОВА Айгѕл

Æàðûëàñûíûçû

Бас редактордыє орынбасары

Н½рлан БЕКТАЕВ

Директордыє орынбасары

Таєат ¦ЛIБЕКОВ

Жауапты хатшы

Асхан Майлыбаева

Журналистер:

Таµабай ¬ÀÑÛÌÎÂ

Сапарµалè ¬АНАТ

Àéã¾ë ÊÅÐI̬±ËÎÂÀ

Аìàðàë ¦ØIÐÎÂÀ

Азамат Жаппар

Беттеушi-дизайнер

̽àµàëè Ò¯ÐÅÕÀÍ

¬àñûì ͱðõàí

Жарнама æ´íå

ìàðêåòèíã á¼ëiìi

Àæiáåê ̱ñòàôèíà

Фото-òiëøi

Ñåðiê ÊÎÑÀÉ

Газет ¬азастан Республикасы инвестициялар ж´не даму

министрлiгi Байланыс, апараттандыру ж´не апарат

комитетiнде 2016 жылµы 15 с´уiрде тiркелiп, №15961-Г ку´лiгi

берiлген. Газет аптасына 2 рет, ñ´ðñåíái æ´íå æ½ìà

ê¾íäåði øûµàäû. Таралу аймаµы: ¬азастан Республикасы.

«Шымкент келбетiнде» жарияланµан материалды баса

басылым кјшiрiп басанда, бiзге сiлтеме жасауы тиiс.

Жарнама мґтiнiнен туындайтын мґселелерге жарнама

берушi жауап бередi. ¬олжазба автор келiсiмiмен

редакциялы јєдеу жасалуы мѕмкiн.

- аылы имидждiк маала

Газет редакцияныє компьютер

орталыµында терiлiп, беттелдi.

«ERNUR-print» ЖШС-нiє баспаханасында басылды.

Шымкент аласы, Т.¦лiмЅлов кјшесi, 22 ѕй.

Редакция мекен жайы:

Шымкент аласы, ш/а. «¬àðàñó» øàµûíàóäàíû, 66/6.

Тел.: 464-222, 464-044, 464-202 (факс).

E-mail: shymkent_media@mail.ru Èíäåêñ 65810

Тапсырыс: 693 Таралымы: 8444 дана

Кезекшi редактор – Сапарµалè ¬АНАТ