11.04.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №28

Сәрсенбі 11 сәуір 2018 жыл

Сәрсенбі 11 сәуір 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4

№28 (1567)

11 сәуір 2018 жыл

Ой. Ұсыныс

www.shymkala.kz

4

сәуір – бокстан

қазақтан

шыққан тұңғыш

Олимпиада

чемпионы

Бекзат Саттархановтың туған

күні еді. Ол жиырмасыншы

ғасырда дүниеге келді.

Жиырма жыл күткен жеңісті

жиырма жасында бағындырған

бозым ұл. Жаңа ғасырға

жиырма минут қалғанда

көз жұмды...

Тағабай ҚАСЫМ

tkasym@shymkala.kz

Ел іші алтын қазына. Қазақтың

асыл аналары батыр ұлдарды

дүниеге әкеле берер. Бәріміз

де соған тілекшіміз.

Рас, бұған дейін батырдың

ерлігі жайында көптеген мақалалар

жазылды. Деректі фильмдер

де көрсетілді ғой. Жақсы дәстүр

жалғасын таба берсе дейміз. Батыр

ұлдың жұлдызды ғұмырын

ұрпақ ұмытпауы тиіс.

Осы күні батыр ұлдың әр туған

күні келген сайын ойға батамын.

Біз батырдың ерлігін дәріптей

алдық па? Насихаты қаншалықты?

Ойланып көрейікші.

Тәуелсіз Қазақ елінің тарихында

тұңғыш Олимпиада чемпионы

атанған қаракөздің ерлігі

елге мұра. Бүгінде шаршы алаңды

жағалап жүрген балғындардың

бәрі де Бекзатты үлгі тұтады.

Бекзаттай болғысы келеді.

Бәрінің де арман-үміті болса, ол

– ағасы сияқты Олимпиада чемпионы

болу.

Бекзат мәңгі туған елімен бірге

жасай береді. Біртуар батырдың

ерлігін дәріптеу, ұрпаққа ұстын

ету – ол ел азаматтарына сын. Батырдың

атында мектеп те, көше

де бар. Жақсы бастамалар әрдайым

таусылмауын тілейміз.

Қазақтан шыққан бокстан тұңғыш

Олимпиада чемпионының бақиға

аттанғанына биыл он сегіз

жыл болыпты. Осы уақыт аралығында

қаншама қазақ жігіттері

Олимп төрінде ерлік көрсетті.

Шүкір, Бекзаттың жеңісті жолы

жалғасып келеді.

Б.Саттархановты еске алуға арналған

халықаралық турнирді тамашалап

қайтуға аңсарым ауады

да тұрады. Жылда осылай. Түркістан

топырағынан тағы да таланттар

шыға ма деген ойдың құшағында

боламын. Әр турнир сайын

осындай ой маза бермейді.

Биыл 2000-2001 жылы туған

жастар арасындағы бәсеке XVII

рет ұйымдастырылды. Ұлдар 11

салмақта, ал бойжеткендер 4 салмақта

(51, 57, 60 және 75 келі) күш

сынасты. Алыс-жақын шетелден,

Қазақстанның барлық өңірлерінен

спортшылар келген. Жарыстың

ашылу салтанатына ұлттық

құраманы Сиднейге бастап барған

маман Тұрсынғали Еділов,

белгілі боксшылар Ермахан Ибраимов,

Олжас Оразалиев, Бақтияр

Тілегенов, Нұржан Кәрімжанов,

облыс спортының басшысы Әлібек

Нұртаев, әлем чемпионы Біржан

Жақыпов сонымен қатар бокстан

ҚР жастар құрамасының аға бапкері

Ғалым Кенжебаев та қатысып,

ізгі тілектерін жеткізген.

Жыл сайын турнир наурыздың

соңында басталып, 4-сәуірде

ЖҰЛДЫЗ

ҒҰМЫР

– батырдың туған күнінде финалдық

сындар өтеді. Түркістан қаласының

әкімдігі, қалалық мәслихат

та қолдау көрсетеді. Бәрі

жақсы-ақ.

Қазіргі уақытта мұның өзі

көңілге демеу. Турнирден бөлек

Бекзат шағынауданында көкпар,

ас беріледі. Бекзаттың рухына Құран

бағышталады. Бұл – жылдағы

дәстүр.

Қайбір жылы Түркістандағы

халықаралық турнирді тамашалаудың

сәті түскен. Сейілхан ағаның

жанында отырып, жарысты

бақыладық. Ағаның мұңлы жанарынан

көп жайтты аңғарғандаймыз.

Әр жарыс өткен сайын

түркістандық дарындар топты

жарып шықса деген үміт. Әрі арман.

Сол екі күндік сапарымызда

ағамыз өзі Бекзаттың мұражайын

аралатты.

Облыс спортының тізгінін ұстаған

азаматтарға, Түркістан қаласының

басшыларына алғысын

айтады.

Түркістаннан

тағы бір талант

шықты

жадымызда жаңғырып

тұрсын десек...

Осыдан 4 жыл бұрын «Батырдың

ерлігі өшпесін десек...» деген

шағын дүние жазғанбыз. Жиырма

жасында Олимп шыңын бағындырған

Бекзаттай саңлақ ұлдың

ерлігін әспеттей білуге үндеген

едік. Уақыт жүйрік. Жаратқанның

қалауымен арада

екі жыл өткенде сол топырақтан

тағы бір дарын жарқ етіп

шықты. 2015 жылы Б.Саттарханов

турнирінде түркістандық Бек

Нұрмағанбет жеңімпаз атанған

еді. «Түркістаннан тағы бір талант

шықты» деп елден сүйінші

сұрай жазғанымыз да оқырмандардың

есінде болар. Содан бері

жас боксшының әрбір қадамы

көз алдымызда.

Құдайға шүкір, Түркістан топырағынан

әлі де мықтылар шыға

береді. Түркістандық ұлан батыр

ағасының нағыз ізбасары саналып

жүр. Аз уақыттың ішінде-ақ дарынымен

дараланды. 2017 жылы

ҚР Президентінің кубогы жүлдесінің

жеңімпазы атанды. Бакудегі

«Ұлы Жібек» жолы турнирі,

Польшадағы Феликс Штамм мемориалының

қола жүлдегері. Былтыр

Шымкентте өткен Қазақстан

чемпионатында қола жүлде алды.

Gee Bee халықаралық турнирінің

жеңімпазы атанып қайтты.

– Бұл жігіттің болашағы өте

зор. Тәртіпті. Еңбекқор. Осы боксшыдан

үміт күтіп жүрмін. Бекзат

балам 1998 жылы жастар арасында

әлем біріншілігінде күміс алды

ғой. Бұл жігіт те 1998 жылы дүниеге

келген. Сәйкестікті қарасаңызшы,

– дейді Сейілхан ағаның

өзі.

Буын алмасады. Уақыт сәтімен

жас дарындар да шыға берер.

Ұрпақтар сабақтастығы деген

осы емес пе?

Бекзатты

ұмытпайық

Біз Бекзаттың қадіріне әлі де

болса жете алмай жүргендейміз.

Батырдың есімі туған күнінде

ғана еске алынады. Өзінің кіндік

қаны тамған өңірде жыл сайын

Саттарханов турнирі өтіп жатқанын

мақтанышпен айтуға болар.

Бірақ, осы халықаралық турнир

қоңыр тіршіліктің тасасында қалып

қоя беретінін несіне жасырайық.

Жыл сайын ұйымдастырылатыны

қуаныш, әрине. Дегенмен,

ел көзінен таса, елеусіздеу

өтіп жүргені қынжылтады.

«Қазақтың аналары мұндай

батыр ұлға екі күннің бірінде

толғатып жатқан жоқ. Алдағы

уақытта аталған турнирдің аясын

кеңейтіп, AIBA санатына

дейін көтеретін уақыт жетті.

Біле білсек, кезінде Бекзаттың

турнирінен Серік Сәпиев, Данияр

Елеусінов үлкен спорттағы

алғашқы ірі жетістіктеріне

қол жеткізген. Әлі де қазақтың

арқалы азаматтарының бағын

ашар бұл жарыс. Турнирдің аясын

кеңейте берген жөн. Куба,

Ресей, Украина, Италия, АҚШ

сынды елдердің боксшыларын

шақырайық. Олар жоқ демесі

мәлім. AIBA ережесіне сәйкес А

санатындағы халықаралық турнир

өткізу үшін кемінде 20 елден

150-ден аса боксшы келу керек.

Ол оңай емес. Тым болмағанда,

екінші немесе бірінші деңгейлі

санатқа дейін көтере алсақ

шіркін». Осылай деп көпшілікке

ой тастаған едік әлгі мақалада.

Одан бері де қаншама уақыт

өтті. Ешқандай қимыл-қозғалысты

байқамадық.

Әрине, көп мәселе қаржыда.

Қалталы азаматтардың да

мәрттік танытатын кезі де осы

емес пе?! Бастысы, ынта-ықылас

болса.

Даңқты боксшы, ОҚО бокс

мектебінің директоры Мұхтархан

Ділдәбеков «Бәрі де демеушілерге

келіп тіреледі. Бекзатқа қандай

құрмет көрсетсек те жарасады.

Турнирдің беделін көтеруіміз

керек. Ол – билік өкілдерінің

қолында. ҚР бокс федерациясы,

Мәдениет және спорт

министрлігіне хат жазып, демеушілерді

тарту керек» керек

деген пікірін айтқан.

«Неге Бекзат өнер көрсеткен

57 келіде (қазіргі 56 келіде) арнайы

қомақты сыйлық тағайындамасқа?»

деп ұсынысымызды да

білдіріп едік.

Батырларымызды қадірлей

білсек екен. Осы күнгі жақсы ісшараларға

алданып отыра бермей,

ел ардақтаған боксшының

бағасын одан әрі асыруды ойласақ…Өйткені,

Бекзат қазақтың

бағына туған жұлдыз ғой.

Заманауи спорт

сарайы да

салынса...

Батырдың әкесі Сейілхан ағамен

сөйлестік. Ол кісінің де айтары

аз емес. Ұлына деген құрмет

өз деңгейінде еместігіне

ренішін жеткізді. Насихат жаман

емес. Бірақ та ойланатын

жағдайлар бар.

– Турнир үзіліссіз, жыл сайын

өтіп жатыр. Дегенмен, Түркістанмен

шектеліп қалмай, ұлымның

атындағы жарысты Шымкент,

Алматы, Астанада өткізетін уақыт

әлдеқашан жетті. Әлі де болса

насихатталуы кемшін. Мәдениет

және спорт министрлігі қолға

алуы тиіс шаруа бұл.

Ең әуелі халықаралық стандарттарға

сай етіп Шымкентте

өткізуге күш салсақ. Жаңадан салынған

кешендер көп қой. Ұсынысын

айтып жүрген азаматтар

табылып тұр. Мен де келісімімді

беріп отырмын. Бір жылда бітетін

жұмыс емес шығар. Бәлкім, бір

жылда да бітіруге болар, – дейді

Сейілхан аға.

Орынды-ақ. Бұған дейін Бекзат

жайлы бірқатар фильмдер

түсіріліп жатқанын еститінбіз.

Оның жағдайынан да хабардар

болдық. Ағаның айтуынша,

фильмді түсіру әжептеуір басталғанымен,

соңы аяқсыз қалады

екен. Яғни, көрерменге жетпейді.

Ағаның айтқан тағы бір ұсынысы

да әбден қолдауға лайық.

Біртуар ұлдың құрметіне заманауи

спорт кешенін салынса,

дейді. Бұл да әбден жарасымды.

Еске алу кештері, турнирі,

басқа да іс-шаралар өтер еді.

Ұрпақ жадында мәңгі сақталар

еді. Шымкенттен, не Түркістаннан

болса да.

Рас, қазақтың бағына туған

ұлды «Көзден кетсе де көңілден

кетірмеуіміз» керек. Өйткені,

ол – қазақтан шыққан бокстан

тұңғыш Олимпиада чемпионы

ғой...

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!