Views
6 months ago

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №28

Сәрсенбі 11 сәуір 2018 жыл

6 №28

6 №28 (1567) 11 сәуір 2018 жыл Жаршы www.shymkala.kz Жолдау жүгі Үш басымдық — болашаққа кепілдік Медициналық сақтандыру қоры осы Жолдаудағы ең маңызды деген үш міндетке басымдық беріп отыр. Н. НАЗАРБЕКОВА, Шымкент қалалық көз микрохирургиясының директоры Оның біріншісі – ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды дамыту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету. Былтыр қараша айында біз қордың мобильді қосымшасын іске қосқан болатынбыз. "МСҚ: Халықтық бақылау" деп аталатын бұл қосымша еліміздегі ауруханалар мен емханалардың қызметін бағалауға мүмкіндік береді. Қосымшаны ұялы телефонға жүктеп, кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде қызмет көрсететін емханалар мен стационарлардың жұмысына баға беруге болады. Онда дәрігер қабылдауына кіруге кеткен уақыт, көрсетілген қызмет сапасы, дәрігер берген емнің түсініктілігі сынды өлшемдер есепке алынады. Сонымен қатар, қосымшаны пайдаланушылар кез-келген медицина ұйымы жайлы пікірін еркін түрде жазып қалдыра алады. Алдағы уақытта осы пікірлер негізінде клиникалардың рейтингі жасалады. Ал, бұл азаматтарға еліміздегі ең үздік деген емханалар мен клиникаларды таңдауға көмектеседі. "Халықтық бақылау" қосымшасын Android және iOS платформаларымен жұмыс істейтін телефондарға көшіріп алуға болады. Мобильді қосымша үнемі жаңартылып, толықтырылып отырмақ. Алдағы уақытта оған емханаға тіркелу, медициналық қызмет сапасын бағалау, медицина ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, дәрігерге жазылу сынды функцияларды қосу көзделіп отыр. Екіншісі - кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін оңтайландыру. Жалпы, бұл құжат үкімет тарапынан бекітіледі. Біз өз ұсыныстарымызды әзірлеп өкілетті органға береміз. Бір сөзбен айтқанда, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады деуге болады. Біздің міндетіміз - мемлекет үшін тиімділігі төмен әрі шығыны көп диспансерлік жүйеден бас тартып, оның орнына қашықтықтан диагностика жасау және амбулаторлық емдеу тәсілдерін пайдалану арқылы созылмалы сырқаттарды емдеу жүйесіне көшу. Алдағы екі жылда Қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттеріне енетін медициналық қызметтерді іріктеумен айналыспақ. Іріктеу барысында медициналық қызметтерге деген сұраныс пен олардың тиімділігі міндетті түрде ескеріледі. Үшінші мәселе - стационарлық көмектен профилактикаға (аурудың алдын алуға) және өзге де қызмет түрлеріне көшу. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің бағасы қымбат болып келетін стационарлық емге емес, аурудың алдын алуға ден қоюы керектігін қадап айтты. Және бұл өте дұрыс айтылған мәселе. Себебі біздің елімізде науқастардың 70 пайызы дәрігерге ауруы әбден асқынғаннан кейін қаралады. Салдарынан азаматтардың шығыны мен мемлекет қалтасынан шығатын қаражат бірнеше есе артады. Біз болашақта стационарды алмастыратын қызмет түрлерін көбейтуге, соған басымдық беруге күш саламыз. 2018 жылдан бастап кепілдендірілген тегін медициналық көмекке бөлінетін қаражаттың 5 пайызын осы қызмет түрлеріне жұмсалатын болады. Сонымен қатар профилактикалық іс-шаралар ауқымын едәуір арттыру көзделіп отыр. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жайында. Мемлекеттік органдар президенттің өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты экономикаға жұмылдырып, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту туралы тапсырмасына сәйкес бірқатар іс-шараларды әзірледі. Атап айтсақ, заң актілерінде "өзінөзі жұмыспен қамтыған" деген түсінікті нақтылау, өз күнін өзі көріп жүрген азаматтарды мемлекеттік табыс органдарында тіркеу тәртіптемесін жеңілдету, олардан салық өндіру тәртібін айқындау, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз азаматтарды тіркейтін мекемелер қызметін толығымен цифрландыру, жергілікті атқару органдары мен орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін бір-бірімен ықпалдастыру көзделген. Оған қоса, өзінөзі жұмыспен қамтыған азаматтарға аз мөлшерде жарна төлеп, МӘМС пакетін толық пайдалануға мүмкіндік берілетінін де айта кеткеніміз жөн. Рейтинг ғұмырдария Қазақстан жаһандық индекстің қай деңгейінде? Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index) – жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің рейтингі. Д. БОТАН, Еңбекші аудандық әділет басқармасының басшысы «Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі Қазақстан 2012 жылдан бастап рейтингке (Ресей сияқты) экономикасы дамудың екінші кезеңінен (өнімділікке негізделген кезең) үшінші кезеңіне(инновацияларға негізделген кезең) өткен ел ретінде қатысады. 2017 жылғы 27 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2017-2018 жылдардағы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы Сұраңыз, жауап береміз есебін жария етті. Рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан өзінің рейтингтік көрсеткішін 4 позицияға төмендетіп, орташа есеппен 4,35 ұпаймен 57-ші орынға ие болды. ЖБИ 114 көрсеткіш бойынша есептеледі, олардың 34-і статистикалық деректер негізінде есепке алынады, ал қалғандары орта және ірі кәсіпорындар басшыларының бағалауы бойынша жүргізіледі. 114 көрсеткіштің ішінен 12 бәсекеге қабілеттілік факторы шығарылады, бұл экономикалық дамудың әр түрлі деңгейлерінде орналасқан әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайды. Сондай-ақ, Қазақстан мынадай факторлар бойынша оң динамика көрсетті: технологиялық дайындығы (52 орын, 2016ж. - 56 орын) және нарық көлемі (43 орын, 2016ж. - 45), жоғары білім және кәсіптік оқыту (56 орын, 2016ж. - 57 орын). Қазақстандағы әлсіз позициялар «Қаржы нарығын дамыту», «Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі» факторлары болып отыр. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Басым бағыттар бойынша және Елбасының жолдаған жарлығына сәйкес, зияткерлік меншік саласына қатысты жұмыстарды жандандыруымыз қажет. Сонымен қатар, 30 дамыған елдің қатарына кіру мақсатында 2020 жылға қойылған жұмыс жоспарын алға ілгерлерту бойынша, мемлекет жұмысының негізгі бөлігі қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы ДЭФ БЖИ көрсеткіштері бойынша кәсіпкерлер арасында жүргізілетін жұмыстарды тұрақты түрде ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етеді. Хабарландыру ҚР Әділет министрлігіне келетін болсақ: 119 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы болса, 3 индикаторы бойынша қосымша жауапты болып табылады. Атап айтқанда: Жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар: «Әкімшілік дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы «Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы «Меншік құқығы» индикаторы «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы Қосымша жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар: «Мемлекеттік органдармен қабылданатын шешімдерінің айқындығы» индикаторы «Қоғамның саясатка сенімі» индикаторы «Мемлекеттік қызметшілер шешімдеріндегі фаворитизм» индикаторы Егер еңбек қатынасына қатысты сауалыңыз болса... Редакциямызға еңбек қатынастары бойынша түскен бірқатар сұрақтарға ОҚО еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы Қамбар Асылбеков жауап береді - Мен қаладағы кәсіпорындардың бірінде цех бастығы болып жұмыс істеймін. Басшымыз үш жыл сайын еңбекті қорғау бойынша ақылы оқуды өз есебімізден өткізеді. Осы дұрыс па? - Жұмыс беруші өзінің бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес, кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда кемінде үш жылда бір рет басшы жұмыскерлер мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды және олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға міндетті. ҚР Еңбек кодексінің 180 бабы 3-тармағына сәйкес, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жұмыскерлер бұл мақсаттарға арналған шығындарды көтермейді. Қаражат көлемі жұмыс берушінің бұйрығында немесе ұжымдық шартта айқындалады. - Жақында құрылған мекемеміз өндірістік кәсіпорын болып табылады, яғни металл конструкцияларын шығарамыз. Токарь, дәнекерлеу цехтары жұмыс істейді. Өндірістік объектілер еңбек жағдайлары бойынша бес жылда бір рет міндетті аттестаттаудан өтуі тиіс екенінен хабардармыз. Осы мәселе бойынша қандай құқықтық актіден толығырақ білуге болады? - Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестаттаудан өткізу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, яғни ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айқындайды. Аталған министрліктің 28.12.2015 жылғы №1057 бұйрығымен «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттаудан өткізу ережелері» бекітілген. Осы бұйрықта өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізудің тәртібі толық қарастырылған. Айта кетейін, аттестаттау аяқталғаннан кейін өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйым оның нәтижелері туралы мәліметті еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ол белгілеген тәртіппен он күнтізбелік күн ішінде жібереді. - Мен жеке кәсіпкермін, құрылыс саласында жұмыс істеймін. Қарамағымда оншақты адам бар. Егер бригадамда жазатайым оқиға бола қалса, менің әрекеттерім қандай болмақ? - ҚР Еңбек кодексінің 187 бабында еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері баяндалған. Атап айтқанда, жазатайым оқиға туралы бір тәулік ішінде жергілікті еңбек инспекциясына белгіленген нысан бойынша хабарлайды. Сондайақ, ол зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуге және қажет болған жағдайда оны емдеу мекемесіне жеткізуге, жазатайым оқиға орнындағы жағдайды оқиға болған күйде сақтауға (егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе) және ол жерді фотосуретке түсіруге, зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге, арнайы тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін жазатайым оқиға орнына жіберуге міндетті. Мекенжайы ауысты Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары! «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і мен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі жаңа мекенжайға - Нұрсәт-3 шағынауданы, С.Бәйтереков көшесі, №89 үйге қоныс аударғанын хабарлаймыз. Аялдама «Перзентхана», №92 автобус Тел: 39-51- 31, srm2020@mail.ru Еңбегімен елге танымал Манап Өтебаев басқарған колледж республикада ғана емес, сондай-ақ ТМДдағы үздік оқу орны болатын. Елі мақтан еткен тұлға еді Ә. Манапова, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің архивисі Білім, тәрбие берумен қатар, азамат М.Өтебаев өз ұжымымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетіп, облыстағы 5 балалар үйін тұрақты қамқорлыққа алған. Жетім балаларға жасалған қайырымдылық іс-шаралары халқына өнеге. 2000 жылдары Қазақстанда мейірімділік іс-шаралары үшін ЮНЕСКО-ның Алтын медаліне ие болған екі-ақ адам болды. Алғашқысы-республикадағы бірінші ханым Сара Алпысқызы Назарбаева болса, екіншісі - 15 миллионнан астам қазақстандықтардың арасынан шыққан Манап Өтебаев еді. Шымкент, Түркістан, Арыс қалалары мен Ордабасы, Отырар, Сарыағаш аудандарының «Құрметті азаматы» және Санк - Петербургтағы Психология, кәсіпкерлік және менеджмент академиясының атақтарын иеленген. Халық шаруашылығы үшін маман дайындаудағы ерен еңбегі және білім саласындағы жетістіктері мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Манап Өтебаев «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген халыққа білім беру қызметкері» атағын иеленіп, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен, «Тың жерлерді игергені үшін», «Астана» медальдарымен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Өз тірлігіне аянбай берілген, шынайы адамгершілік пен мейірімділікті бойына сіңірген, сөзі мен ісі жанасқан азаматтың басқан ізі - тарих. Оған оның бар болмысы мен еңбегі дәлел. 1997 жылы «Оңтүстік Қазақстандағы суармалы жерлерді қолданудың экономикалық тиімділігі» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, экономика ғылымының кандидаты атағын алды. Облыстық мәслихаттың депутаттығына сайлау науқанында бәйгеге түскен үміткерлер ішінде М.Өтебаевтың халық арасында беделінің беріктігі, абыройының биіктігі айқын көрініп тұратын. Облыстық мәслихатқа 2 рет депутаттыққа сайланып, облыс тұрғындары мен сайлаушыларының әлеуметтік мәселелерін шешуде бар күш-жігерін жұмсаған. Оқу процесімен қатар жастардың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар беріп, әр істің көзін таба білген іскер басшы ұжымына қамқоршы, әрі шебер ұйымдастырушы бола білді. Колледж ұжымы халық майталмандарын дәріптей отырып, студенттерін өнерге, спортқа баулыды, адалдыққа тәрбиеледі. М.Өтебаевтың тікелей ұйымдастыруымен 1976 жылы техникум жанынан құрылған «Мелиоратор» футбол командасы КСРОның лигасында ойнап, еліміздің намысын қорғаған. Манап Өтебаев салауатты өмірдің насихатшысы ретінде жастар арасында спорт және қоғамдық дене тәрбиесі жүйесін қалыптастырып, көптеген іс-шаралардың ұйытқысы болды. Осы қызметтері бағаланып, оған «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудағы еңбегі үшін» Құрмет белгісі берілді. Колледждің «Мейрам» би ансамблі Табрис Қарабекұлының жетекшілігімен көптің көңілінен шығып, талай жетістіктерге жетті. Түрлі сәнді киімдерін киген биші қыздар тіпті сонау Ұлыбритания жұртшылығын өз өнерімен ерекше таңқалдырған. «Бұлақ көрсең-көзін аш» дегендей М.Өтебаев басқарған ұжым бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара жұмыла кірісіп, қасиетті Қошқар-ата өзенін тазалаумен болды. Осы еңбексүйгіш жандардың арқасында 70-ке жуық бұлақ көздері ашылды. Кезінде қабырғаңды қайыстырар аянышты жағдайда қалған Орталық стадионды, аты дүркіреген «Біркөлік» сауықтыру шипажайын халық игілігі үшін аман сақтап құтқарушы да Манап Өтебаев және оның бірлікте тірлік істеп үйренген ынтымақты ұжымы. Колледждің зейнеткер әріптестеріне жасаған қамқорлығы да ұжымдарға үлгі болатын бір сабақ. 1995 жылы 14 сәуірде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев облысқа іссапармен келгенде колледжде болып, ұжымның жұмысына жоғары бағасын берген болатын. Колледждің атқарған қыруар еңбектерін естіп тәнті болғандар арнайы ат басын бұрып, өз көздерімен бір көруге асығатын. Жаны жайсаң қаламгер Қалтай Мұхамеджанов, ұлтымыздың жанашыры, ақын Мұхтар Шаханов, халык әншісі Роза Бағланова, айтыскер ақын Асел Қалыбекова, білім, спорт, басқа да саладағы азаматтар келіп жылы лебіздерін білдіріп жатты. Бүгінгі таңда, Манап Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің ұжымы өз бағытынан таймай жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындауда аянбай еңбек етіп ұстаздық, тәлімгерлік жұмыстарымен еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

Әлеумет www.shymkala.kz №28 (1567) 11 сәуір 2018 жыл 7 цифрлы технология «E-gov» - Қазақстанның электронды үкіметі Демократиялық қоғамға ұмтылған Қазақстан билігі мен қоғам арасында байланыс орнатудың жаңа замандық үлгісі өмірге батыл еніп келеді. Оның нәтижесі биліктің халыққа жақындай түсуі, әр азаматтың көкейіндегі мұң-мұқтажын айқындау мүддесінен туындаса, ал, халық барынша қоғамның қажетті бөлігі ретінде өзін бір табан билікке жақындай түсуін сезіне алады. А. Әжіханова, Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің менеджері Ақпараттық дамудың нәтижесі ретінде «электронды үкімет» жүйесінің құрылуын атауға болады. Бүгінде «egov» қалыптасуы тиімді де кешенді шаралар болып табылады. Әдетте оқшауландырылған мәліметтер базасының арнала- Қ. Базарбеков, Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Сыбайлас жемқорлықтың белең алуы, мемлекет және қоғам дамуының тежеуіші. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп көрсетті. Мемлекет сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді қауіпсіздік М.Тұрнияз, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы ры бар қолжетімді инфрақұрылым қандай да бір ауқымды территорияда жаңа типті мемлекеттік құрылым моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда «электронды үкіметті» енгізу бағдарламасының негізгі идеясы мемлекеттік ақпараттық технологияларды басқару болып саналады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Бағдарлама барысында елде 3Dпринтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту көзделуде Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру, әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Бұл бағдарлама Стратегия-2050, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және «Нұрлы жол» секілді маңызды құжаттарда көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға екпін беретін қосымша күш болары анық. Сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ Кез келген қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселе болып табылады. Сыбайластық – қоғамға қастық басты мақсат етіп отыр. Біздің еліміз ең алғашқы болып ТМД елдері арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын (1998 жылы) әзірлеп, қабылдады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесiн баяулатады, демократиялық мемлекеттiң саяси және қоғамдық институттарына керi әсер етеді және елдiң даму болашағына айтарлықтай қауiп төндiредi. Елбасымыз атап айтқандай, «сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, бұл – мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені» болып табылады. Сол себепті әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті. М.Абдинуров, Шымкент қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі Қазақстанда ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан он жыл бұрын сәтті басталғанын айта кету керек. Оған бір ғана мысал келтіруге болады, ол – "egov" жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Дәл осы жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізе аласыз. Құжат рәсімдеу, коммуналды қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге кез-келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Шымкент қаласының жастарын электронды цифрлық сауаттылығын аттыру мақсатында жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне ақпараттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізізіліп келеді. Іс-шаралар барысында жастарға құжат айналымы туралы мол мағлұматтар беріліп, өз елін, тарихын, жерін сүйетін жастарды заман талабына сай бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеуде. Қорыта айтқанда , мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар. Күрес жалғасын табуда Өрт – тілсіз жау! Табиғат апаты секілді, жүздеген тіпті бірнеше мыңдаған гектар жерді алатын ландшафты өрттің бір түрі – ормандағы жəне егістіктегі өрттер болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Елбасымыздың 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған жолдауының 9-тарауында жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі жалғасын табатындығы жөнінде айтылған. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өрттің шығу себептері көп жағдайда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан, сөндірмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан жəне тағы да басқа себептер болуы мүмкін. Бүкіл аумақты қамтитын және табиғатқа көп кері әсерін тигізетін өрт – орман жəне дала (егістіктегі) өрті болып табылады. Қаратау ауданында дала және егістік алқаптар бірнеше гектар аумақты алып жатыр. Биылғы жылы өңірімізде жауын-шашынның көп мөлшерде жауғандығына байланысты, шөп қаулап өсіп, ауа-райының күрт ыстығында шөп қурап, өрт шығу қаупін туындатуы мүмкін. Осыған орай, Шымкент қаласы әкімі аппараты арнайы өртке қарсы іс-шара бекітіп, Шымкент қаласы әкімдігінің барлық құрылымдық бөлімдері мен аудан әкімдіктеріне тиісті жұмыстар атқару бойынша тапсырмалар берілген. Қаратау ауданы әкімі аппарты тарапынан қазіргі таңда дала өртінен туындайтын өрттің алдын-алу шаралары бойынша аудан аумағындағы басты көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларының шөбін ору бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, жыл сайын облыстық маңызы бар жолдар мен орман, дала және егістік алқаптарының айналасына өртке қарсы жер жырту жұмыстары атқарылуда. Алайда, тілсіз жаудан қорғану және алдын алу бойынша жұмыстар атқару қоғамның, оның ішінде қаламыздың әрбір тұрғынның маңызды міндеттері мен азаматтық борышы болып табылатындықтан, қураған шөп салдарынан туындауы мүмкін өртті болдырмау үшін өз ауласындағы шөптерді ору жұмыстарын атқаруға шақырамыз. «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Әдістемелік ұсынымдар жергілікті атқарушы органдардың өңірлік деңгейде «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді. Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында әзірленді. 1.Іс-шараны ұйымдастырушы 1. Іс-шараны республикалық деңгейде ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі–өңірлік деңгейде облыстар, Алматы қаласы әкімдіктерінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары және Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы болып табылады. 2. Өңірлік деңгейде іріктеу турының ұйымдастыру қызметін үйлестіру үшін Басқармалар Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияларды құрады. 3. Әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына «Нұр Отан» партиясы филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының өкілдері, әкімдердің мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын кеңесшілері және басқа да мүдделі адамдар қосыла алады. 2. Іс-шараларды өткізу тәртібі 1. Өңірлік деңгейде әлеуметтік жобаларды іріктеуді ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап шілде айына дейінгі кезеңде Комиссия жүргізеді. 2. Әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталғанқоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар бола алады. 3. Басқармалар ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірлесіп жұмыс берушілер қатарынан Астана қаласына республикалық Көрмеге 1. Әлеуметтік жобаның авторы 2. Әлеуметтік жобаның атауы Жобалардың өңірлерде 3. іске асырылған кезеңі (1 жылдан кем емес) 4. Жобаның әлеуметтік маңыздылығы 5. Қысқаша аннотациясы Жобамен қамтылған адамдар санаты 6. және саны Қаржыландыру көздері 7. (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат және т.б.) Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан 8. өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және т.б. саны) Презентациялық материал (жобаның 9. логотипі, DVD форматтағы роликтер) Қосымша ақпарат (телефон, факс, 10. e-mail және т.б.) алып жүру үшін демеушілерді тарта алады. 4. Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшемшарттарын айқындай алады: 1) жобаны жүзеге асыру мерзімі 1 жылдан кем болмауы тиіс; 2) жобаның конкурс мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондайақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»; 3) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы; 4) жобаның қолжеткізген нәтижелері; 5) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту); 6) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты); 7) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау); 8) өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі; 9) жобаны іске асыруға еріктілерді тарту. 5. Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар: 1) ұсынылғанқұжаттарды, презентация материалдарын рәсімдеудің сапасы; 2) жобалардың роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру; 3) өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды. 6. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша (№ 1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады. 7. Қатысушылардың қолына жобаның толық материалдарының қабылданғаны туралы хабарламалар берілуі мүмкін. 8. Жоғарыда аталған өлшемшарттардың талаптарын сақтамаған жағдайда Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды кері қайтарып беруі мүмкін. 9. Жобаларды іріктеу кезінде даулы сұ рақтар туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі басымды құқыққа ие болуы мүмкін. 10. Комиссия іріктеп алған жобалар материалдары ағымдағы жылғы 1 шілдеге қарай Министрлікке республикалық Көрмеге жолданады. №1 қосымша Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінім

Шымкент келбеті
ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №15
Шымкент келбеті 52
Шымкент келбеті 39
ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №17
Шымкент келбеті 42
Шымкент келбеті 50
Шымкент келбеті 60
Шымкент келбеті 58
ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №20
Шымкент келбеті 54
ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №11
ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №26
ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №16
Шымкент келбеті 48/
Шымкент келбеті 68-69
Шымкент келбеті №24
Шымкент келбеті 66
ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №8
Шымкент келбеті 68-69
Шымкент келбеті 36-37
ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №34
ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ-18-19
Шымкент келбеті 40
ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №32
Шымкент келбеті 46
ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №6 (1545)
Шымкент келбеті 62
Шымкент келбеті 70
Шымкент келбеті #92