11.04.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №28

Сәрсенбі 11 сәуір 2018 жыл

Сәрсенбі 11 сәуір 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8

№28 (1567)

11 сәуір 2018 жыл

Соңғы бет

www.shymkala.kz

Шы м к е н т т е г і

«Қыран» футбол

командасының

жанкүйерлері

көбейіп келеді. 2015

жылы футболдан

Қазақстан премьер-лигасында

өнер көрсету

үшін «Тараз» клубымен

өткізген тартысты ойыны

әлі де көпшіліктің

көз алдында.

Сапарғали

Қанат

Өнер

сайысы

Мұқағали

топ жарды

Шы мкенттік

ақын Мұқағали

Кенжетайұлы

облыстық «Кәнеки

тілім, сөйлеші!» байқауында

топ жарды.

Өнер сайысы облыстық

мәдениет және тілдерді

дамыту басқармасының

ұйымдастыруымен

Елбасының «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру»

бағдарламалық мақаласы

аясында өтті.

Азамат ЖАППАР

azamat.zhappar@mail.ru

Биыл оныншы рет ұйымдастырылған

байқауда аудан, қалалар

мен жоғары оқу орындарында

іріктеуден өткен 15 үміткер

бақ сынады. Дәстүрлі шешендік

өнер сайысы «Сәлемдесу

– салтымыз», «Таза, мінсіз

асыл сөз ой түбінде жатады»

және «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы»

атты үш кезеңді қамтыды.

Екі сағатқа созылған сайыста

қазылар алқасының шешімімен

бас жүлдеге облыстық әдетғұрып

және салт-дәстүр орталығының

қызметкері Мұқағали

Кенжетайұлы лайық деп танылды.

Бірінші орынды Кентау

қаласындағы А.С.Пушкин атындағы

№6 жалпы орта мектептің

«Қыран»

қайта түлеуде

Сол сәттен бастап өзіндік

ойын үлгісін қалыптастырып үлгерген

«Қыран» клубы 2011 жылы

«Ордабасы» командасына резерв

дайындау, жергілікті футболшылардың

шеберлігін арттыру

мақсатында құрылған еді. Бастапқыда

«Тарлан» деп аталып,

кейіннен атауы «Қыран» болып

өзгерді. Клуб 2014 жылы күміс

медаль иеленіп, «Ордабасы» командасына

бір топ жас ойыншыларын

аттандырды. Олардың

қатарында қазіргі таңда Қазақстан

ұлттық құрамасында

өнер көрсетіп

жүрген Еркебұлан

Тұңғышбаев та

бар.

мұғалімі Мәдина Қарамендеева

қанжығасына байлады. Екінші

орынды Түркістан қаласындағы

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық

қазақ-түрік университетінің

студенті Ерасыл Сұлтанбек және

Ордабасы ауданы Шұбар жалпы

орта мектебінің мұғалімі Назгүл

Буксикбаева бөлісті. Үшінші

орынмен ОҚМПУ студенті Мөлдір

Әбдіғали және Сарыағаш ауданындағы

Ж.Аймауытов атындағы

№6 жалпы орта мектептің мұғалімі

Арайлым Жолдасова, Шардара

ауданындағы Б.Соқпақбаев

жалпы орта мектептің мұғалімі

Нұрболат Ділдабек марапатталды.

Сайыста сонымен қатар арнайы

марапаттар да болды. Мысалы,

«Қазақтың төбе биі - Төле би»

атындағы номинация Созақ ауданындағы

Ж.Қаламбаев атындағы

жалпы орта мектептің тәлімгері

Думан Нәлібекұлына бұйырса,

«Қаз дауысты Қазыбек би» номинациясы

Отырар ауданы Балтакөл

ауылдық клуб меңгерушісі

Сейітқұл Төлешовке, «Әз Әйтеке

би» номинациясы Арыс қаласындағы

Аққала жалпы орта мектебінің

мұғалімі Буралхан Байтеміровке

берілді. «Үздік заманауи

киім үлгісі» арнайы жүлдесіне

Төлеби ауданындағы «Мағжан»

бөбекжайының тәрбиешісі

Жансая Сапаралықызы лайық

деп табылды. Байқауға қатысушылардың

барлығы дипломдар

және бағалы сый-сияпаттармен

марапатталды.

Былтырдан бастап команда

тізгінін Ғалым Төлегенов өз қолына

алған. Білікті бапкер бұған

дейін №7 спорт мектебінде

талай футболшыларды тәрбиелеп,

бірінші және екінші лигаға

командалар дайындады. Өзі де

ілгеріректе «Монтажник», «Яссы-Рахат»

командаларында өнер

көрсеткен.

– Командадағы футболшылардың

ең ересегі - 27-де. Сондайақ,

98 пайызы - Оңтүстіктің жігіттері.

Өйткені, балалар жергілікті

спорт мектептерінен, жергілікті

командалардан тәрбиеленіп шығады.

Тіпті, қаржы да жергілікті

бюджеттен бөлінеді. Енднше,

неге өзіміздің жастарымыздың

еркін ойнауына жол ашпасқа?

Тек екі легионеріміз бар. Олар

Өзбекстанның «Бунедкор» клубында

өнер көрсеткен өте тәжірибелі

ойыншылар,

– дейді

бас бапкер.

Былғары

допты дегеніне

көндірген,

айтқанына

жүргізген

шеберлердің

бірі –

Абылайхан

Махамбетов. 27 жастағы жігіт

«Қыранға» келмей тұрып «Мақтаарал»,

«БИІК» клубтарында

шеберлігін шыңдаған. Қазір

команда сұрмергені. Айтуынша,

«Қыран» премьер-лигадағы

«Астана», «Қайрат», «Ордабасы»

секілді командалармен иін тіресіп

ойнауға әбден лайық.

«Қыранның» футболшылары

жуырда Түркиядағы, Өзбекстандағы

оқу-жаттығу жиынынан

оралды. Команданың

белді ойыншысы Шакудаев

Рахматулла бұл жаттығулардан

мол тәжірибе жинағанын айтады.

Футболшылар Өзбекстанда

физикалық тұрғыдан, ал Түркияда

техникалық, тактикалық

шеберліктерін арттырған. Арасында

бірнеше жолдастық кездесулер

де өткізіпті.

–Дәл қазір елімізде футболдың

дамуына барлық жағдай жасалған

деп ойлаймын. Тек шебер

ойнасаң болды. Осы сәтті пайдаланып,

ОҚО әкімдігіне, спорт

басқармасына, «Қыран» клубының

басшыларына алғысымды

білдіргім келеді, – дейді 24 жастағы

жігіт.

Ендеше, футболға

келіңіздер! Жерлестерімізге

жанкүйер

болыңыздар!

Жас ұрпақ

Өзіңе өмір

сыйла!

Шымкенттегі жастар ресурстық

орталығының мамандары жастар

мен жасөспірімдер арасындағы

суицидтің, девиантты мінез-құлықтың

алдын алуға шақырады.

Азамат ЖАППАР

azamat.zhappar@mail.ru

Осы орайда облыстық жастар орталығында жоғарғы

сынып оқушыларын басын қосып, ОҚО әзіл-сықақ

және сатира театрының жанынан құрылған «Драм

арт» театырының актерлері жастарға арнап қойылым

көрсетті.

«Өзіңе өмір сыйла!» деп аталатын екі сағаттық қойылым

көрермен қауымның көңілін бір серпіп алды.

Әртістердің шеберлігі мен сахна декорациясына жоғары

баға берген көрермен қойылымның шарықтау шегіне

жеткенде орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

«Драма арт» театры жеті жылдан бері жастар мен

балалар арасындағы өзекті мәселелерді дер кезінде

сахналап, жаңаша бағытта жеткізіп жүр. Бұл жолғы

қойылымға 600-ге жуық жас қатысты.

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығы

КММ-нің директоры Абзалбек Убелтаевтың айтуынша,

өткен жылы 370 іс-шара ұйымдастырылған. Оның ішінде

суицидке қарсы 87 түрлі іс-шара болса, жеке кеңес

беру бойынша 100-ге жуық жиын өткен. Осы бағыттағы

жұмыстар биыл да жоспарға сәйкес өткізілуде.

Рухани жаңғыру

Дәстүрге берік ұландар

Қ.ОМАР

Жамал Омарова

атындағы №1 балалар

саз мектебі

директорының

орынбасары,

Қазақстан журналистер

одағының мүшесі

Қазақтың дәстүрлі ән өнері

дегенде көз алдымызға қайталанбас

сұлу сазды жауһарларымен

ұлтымызды ұйытқан

Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Біржан

Сал, Әсет, Мәди, Балуан шолақ,

Естай, Мұхит, Иманжүсіп,

Жарылғапберді, Шашубай және

тағы да басқа дүлділдер елестейді.

Бір бастарына ақындық,

композиторлық, әншілік қасиеттер

тоқайласқан қайран біздің бабалар.

Бекзат болмысты бойларына

дарытқан Ұлы даланың шын

мәніндегі өнерпаздары еді.

Асылдарымыз салған сара

жолды кейінгі ұрпақтың дәстүр

сабақтастығын үзбей жалғастырып

келе жатқаны көңіл қуантады.

Бүгінгі таңда ықылым заманнан

бері жеткен киелі өнер

саз колледждері мен консерватория,

өнер университетінің арнайы

факультетінде оқытылады.

Мұнан бөлек мектептен тыс

мекемелердің үйірмелерінде де

қаншама қарадомалақтарымыз

бабадан қалған асыл мұрамызды

меңгеріп жүр.

Сондай өнер-білім ошағының

бірі – Шымкент қаласындағы оқушылар

сарайы. Жеткіншектерді

дәстүрлі ән өнерімен қауыштырып,

бойларына дарытуда осындағы

Перизат Әшірбекова жетекшілік

ететін "Ән-Домбыра"

үйірмесінің атқарып жатқан жұмысы

айтарлықтай. Бұған үйірменің

жуырда «Анасы бар адамдар

ешқашан қартаймайды» деген

атаумен өткен есеп беру концертінде

көз жеткіздік. Өмірінде

домбыра ұстап көрмеген ұланға

дұрыс бағыт-бағдар беріп, қабілет-қарымын

ұштау, әрине, тәлімгер

үшін оңай шаруа емес.

Қыркүйекте үйірмеге жазылып,

бар-жоғы 5-6 ай машықтанған

кіші топ мүшелерінің орындауындағы

М.Мақатаевтың «Құттықтаймын,

мама!», А.Қоразбаевтың

«Кеш жарық» және халық әндерінен

тұратын поппури өнерге

талпынған қаракөздеріміздің

біршама төселгенін көрсетті.

Бұл топ, сондай-ақ, Б.Тәжібаевтың

«Туған жер», А.Леубаеваның

«Қуанышым-қазынам», ақын-сазгер

Мұхтар Құраловтың «Балапан

балғыным», «Келші-ау жаным»

әндерін нақышына келтіре

орындап, жұртшылықты бір

серпілтіп тастады.

Үйірмеде ұзын-саны 60-тан

астам жеткіншек кейінгі ұрпаққа

аманат болып қалған бабалар

мұрасына ден қойып үйренуде.

Олардың барлығы дерлік бүгінгі

қойылымда өз өнерлерін тыңдарманға

паш етті. Араларында күні

бүгінге дейін бірқатар байқауларға

қатысып, жүлдегер атанып та

үлгергендері де жетерлік.

Айталық, халықаралық «Ұлы

Дала дарыны» байқауының алтын

жүлде иегері Асылбек Әділет

Абайдың «Сегіз аяқ», республикалық

«Көк тудың желбірегені»

байқауының дипломанты

Мырзаходжаева Айша Мұхиттың

«Беу Айдай», Мырзабай Роллан

Ақан Серінің «Маңмаңгерін»

нәшіне келтіре орындағанда зал

толы көрермен ыстық ықыластарын

аямай, жас өнерпаздарға дем

берумен отырды.

Концерттік бағдарламаға жалпы

алғанда түрлі мазмұндағы

халық әндері, термелерімен қатар

қазіргі заман композиторларының

шығармалары молынан

енгізіліпті. Олардың қатарында

орта топтағы өнерпаздар орындаған

А.Қоразбаевтың «Айхай,

25!», Аймет Ақерке шырқаған халық

әні «Ақтолғай», М.Құраловтың

«Терме», Алжанов Бексұлтан

орындаған Қадыр Мырза Әлінің

«Қазақ осы», сондай-ақ, тек қыздардан

тұратын топтың орындауындағы

Е.Хасанғалиевтың

«Келші, келші балашым» туындыларын

айтуға болады.

Қойылымның соңында үйірмеге

қатысушы барлық ұландар

ақ жаулықты аналарына арнап,

композитор Марат Омаровтың

«Анасы бар адамдар ешқашан

қартаймайды» әнін қосыла

шырқады.

¬Ѕрылтайшы –

Шымкент

аласыныє ґкiмдiгi.

Ìåíøiê èåñi

– «Шымкент

апарат орталыµы»

жауапкершiлiгi

шектеулi

серiктестiгi.

Директор–áас редактор

¬АПБАРОВА Айгѕл

Æàðûëàñûíûçû

Бас редактордыє орынбасары

Н½рлан БЕКТАЕВ

Директордыє орынбасары

Таєат ¦ЛIБЕКОВ

Жауапты хатшы

Асхан Майлыбаева

Журналистер:

Таµабай ¬ÀÑÛÌÎÂ

Сапарµалè ¬АНАТ

Àéã¾ë ÊÅÐI̬±ËÎÂÀ

Аìàðàë ¦ØIÐÎÂÀ

Азамат Жаппар

Беттеушi-дизайнер

̽àµàëè Ò¯ÐÅÕÀÍ

¬àñûì ͱðõàí

Жарнама æ´íå

ìàðêåòèíã á¼ëiìi

Àæiáåê ̱ñòàôèíà

Фото-òiëøi

Ñåðiê ÊÎÑÀÉ

Газет ¬азастан Республикасы инвестициялар ж´не даму

министрлiгi Байланыс, апараттандыру ж´не апарат

комитетiнде 2016 жылµы 15 с´уiрде тiркелiп, №15961-Г ку´лiгi

берiлген. Газет аптасына 2 рет, ñ´ðñåíái æ´íå æ½ìà

ê¾íäåði øûµàäû. Таралу аймаµы: ¬азастан Республикасы.

«Шымкент келбетiнде» жарияланµан материалды баса басылым

кјшiрiп басанда, бiзге сiлтеме жасауы тиiс.

Жарнама мґтiнiнен туындайтын мґселелерге жарнама

берушi жауап бередi. ¬олжазба автор келiсiмiмен

редакциялы јєдеу жасалуы мѕмкiн.

- аылы имидждiк маала

Газет редакцияныє компьютер

орталыµында терiлiп, беттелдi.

«ERNUR-print» ЖШС-нiє баспаханасында басылды.

Шымкент аласы, Т.¦лiмЅлов кјшесi, 22 ѕй.

Редакция мекен жайы:

Шымкент аласы, ш/а. «¬àðàñó» øàµûíàóäàíû, 66/6.

Тел.: 464-222, 464-044, 464-202 (факс).

E-mail: shymkent_media@mail.ru Èíäåêñ 65810

Тапсырыс: 1102 Таралымы: 8411 дана

Кезекшi редактор – Сапарµалè ¬АНАТ

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!