Eurasian education №5 2018
«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers
«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers
You also want an ePaper? Increase the reach of your titles
YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.
¹5 (25) 2018 Ñàÿñàòòàíó

Мемлекет пен халық арасында қандай да бір

түсініспеушілік орнаған жағдайда шеруге шығасыз ба

деген сұраққа көпшілік адамдар жоқ, бұл ел тыныштығын

бұзады деген пікірде. Бірақ тұрғындардың арасында

шеруге шығамыз дегендер де бар, бұл алаңдатарлық

жағдай және сауалнама барысында "иә шығамын" деген

жауап берген тұрғындар көпшілігі орта жастағы адамдар,

көп сандысы мән жайдың анық қанығын айырмай елмен

бірге әрекет етуге тырысады. Ал оқыған білімді жастар

ондай іс - әрекеттерге бармайды.

Мемлекеттің ел тыныштығын сақтау үшін атқарып

жатқан қызметіне көңіліңіз тола ма деген сұраққа

жастардан бастап үлкендерге қарай "ия қанағаттандырады"

деген жауап деңгейі көтерілгенін байқаймыз.

Сонымен қатар біз жастардың үлкендерге қарағанда

көңілі соншалықты толмайтындықтарын байқаймыз,

себебі жастар жауабында "қанағаттанбаймын" деген

ойларда көрінеді. Себебі жастар үлкендер көрген ел

арасындағы тынышсыздықтың көп сандысын

көрмегендіктен қазіргі тыныштықтың деңгейі төмен деп

ойлайды. Қазіргі жастар тек дайынға үйреніп бара

жатқандықтан, яғни ғылым мен техника дамыған заманда

өздеріне емес робот жасаған нәрсеге сенетін деңгейге

жетуде, олар жоқшылық заманды, соғыс болған заманды

көрмегендіктен қазіргі жағдайға көңілдері толмайды. Біз

жастар қиын заманды көрмегендіктен қазіргі жағдайдан

да жақсы болса деген қанағатсыздық ой танытудамыз.

Дін, салт-дәстүр туралы, тілге байланысты ақпарат

алу үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жиі

жүгінесіз бе деген сұраққа "иә" жауап деңгейі

жастардан үлкендерге қарай кемиді де, ал "жоқ" деген

жауап деңгейі жастардан үлкендерге қарай өседі.

Бұдан біз үлкен жастағы адамдардың дін, салтдәстүр,

тілге байланысты өздері-ақ жеткілікті

дәрежеде білетіндіктерін, ал жастардың оны білу

мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына

жүгінетіндіктерін көреміз. Себебі осы аталғандар

мемлекет үшін маңызды құндылықтар болып

табылатындығын жақсы түсінеді.

Бұл диаграммадан тұрғындардың Мемлекеттілік сақталу үшін: тіл, дін, діл, ұлттар татулығы сонымен қатар ел

тыныштығы сақталу керек деген пікірге 100 % келісетіндіктерін көріп отырмыз, яғни бұл құнылықтардың мемлекет үшін

маңызды екендігін халық жақсы түсінеді. Сонымен қатар дінді, тілді, ділді және бірге бір шаңырақ астында тұрып

жатқан ұлттар татулығына үлкен көңіл бөліп, одан ары жақсаруына, дамуына өз үлестерін қосады деген ойдамыз.

Лилиан Байдын пікірінше, ескі құндылықтар мен жаңа құндылықтарды толық сараптамадан өткен ғылыми негізде

қатар дамытпасақ, болашақта қоғамда күнделікті өмірде көптеген шиеленістер туындауы мүмкін. Мемлекетіміздің

ерекшелігін ескере отырып, мынандай қорытындыға келеміз. Әуелі, мемлекеттілік, яғни, тәуелсіздік. Екінші, мемлекеттің

территориялық тұтастығы. Жердің, туған елдің мемлекетті мекендейтін барлық ұлттарға қасиетті топырақ болып саналуы.

Осы киелі топырақтың қорғалуы. Үшінші, мәдениет тұтастығы, яғни тіл мен дін, тарих пен білім бірлігі. Төртінші құндылық

- демократия. Яғни, елдің саяси-экономикалық дамуы. Осы құндылықтарды мемлекеттік саясат аясында дамытқанымыз

жөн. Мемлекеттің ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы маңызы зор екендігін әсте естен шығармағанымыз жөн.

ӘДЕБИЕТТЕР.

1. Т. Лоусон, Дж. Гэррод. Социология А-Я. Словарь-справочник. М, "ГРАНД" - 2000 г.

2. Д. Джери. Большой толковый социологический словарь. М, "Вече АСТ" - 1999 г.

3. Lilian Bye. Social Values and Social Work Education. International Social Work 1969 12: 48, 47-63.

12