06.01.2021 Views

Е. Ділмұхамедов - Қазақтардың Кенесары Қасымовтың басшылығымен 1837-1847 жылдары болған көтерілісі

1946 жылдың 17 желтоқсаны күні Ташкент қаласында «Қазақтардың Кенесары Қасымовтың басшылығымен 1837-1847 жылдары болған көтерілісі» тақырыбымен кандидаттық диссертация табысты қорғалған еді. Диссертация қорғаушы - Ділмұхамедов Елтоқ, оппоненті – Ермұхан Бекмаханов.

1946 жылдың 17 желтоқсаны күні Ташкент қаласында «Қазақтардың Кенесары Қасымовтың басшылығымен 1837-1847 жылдары болған көтерілісі» тақырыбымен кандидаттық диссертация табысты қорғалған еді.
Диссертация қорғаушы - Ділмұхамедов Елтоқ, оппоненті – Ермұхан Бекмаханов.

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

17 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚТАР ҮШІН ЕРЕКШЕ КҮН

Дәл осы күні 1986 жылы қазақтар көп жылдардан бері алғаш рет өз ұлттық қадір-қасиетін

қорғап, алаңға шықты. Бірақ, осы оқиғадан тура 40 жыл бұрын, дәл осы күні, тағы да бір

айтулы оқиға орын алды – 1946 жылдың 17 желтоқсаны күні Ташкент қаласында

«Қазақтардың Кенесары Қасымовтың басшылығымен 1837-1847 жылдары болған

көтерілісі» тақырыбымен кандидаттық диссертация табысты қорғалған еді. Диссертация

қорғаушы - Ділмұхамедов Елтоқ, оппоненті – Ермұхан Бекмаханов. Біздің тарих ғылымы

бойынша жарқын өкілдеріміз сол күні ұлт-азаттық қозғалылыс идеясын ғылыми түрде

қорғап шықты. Ол кездері осы тақырыпқа байланысты диссертация жазып және қорғау

нағыз ерлікке пара-пар болғанын да мойындауымыз қажет.

Кейін осы диссертацияның қорғалғаны жоққа шығарылып, оның даналары барлық

қоймалардан алынып тасталды. Ділмұхамедовтар отбасында жалғыз данасы ғажап

жағдайда сақталып қалыпты. Осыған байланысты Болатхан Тайжан Қоры, Елтоқ

Ділмұхамедовтың «Қазақтардың Кенесары Қасымовтың басшылығымен 1837-1847

жылдары болған көтерілісі» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қайта

шығарып, болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуға шешім қабылдады.

* * *

Енді Отелло мен Эльза Ділмұхамедовтар туралы бірер лебіз айтсам деймін. 1975 жылдан

1990 жылға дейін, 15 жыл бойы бұл кісілер өз еріктерімен, қоғамдық негізде, өздері

құрған (тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау Қоғамының ықпал етуімен) «Жас

археолог» балалар тарихи клубы арқылы, балаларды тарихқа баулиды. Осы жазбалардың

авторы, 80 жылдары осы клубтың мүшесі болғанына қуанады.

Әр жексенбі сайын біздерге танымал ғалымдар: Исмағұлов, Аманжолов, Ақышев,

Самашев, Шуховцов және басқалары әңгімелер айтып беретін еді. Сөйтіп, Отелло мен

Эльза әкелерінен алған тәрбиелерін балаларға беріп отырды. Ал Эльза Ділмұхамедова

Қазақстан тарихына байланысты бірқатар зерттеу құжаттық фильмдер түсірді. Олардың

қатарында: «Дала сюитасы», «Тау мен дала елінің өткені», «Құрбандық шалу» және

басқалары.

Жазғы демалыстары кезінде мектеп оқушылары археологиялық экспедицияларға да

қатысты. Көптеген жылдар бойы «Жас археолог» археолог-ғалымдармен бірге

Қазақстанның барлық жерлерін дерлік аралап шықты. Ал бірде, 1988 жылы,

Ділмұхамедовтардың жақсылап тырысулары арқасында, біздер сонау Санкт-Петербургке

(ол кезде Ленинград) дейін барып, сол жердегі Мемлекеттік Эрмитажда Лев Николаевич

Гумилевтың өзімен кездестік.

Есімде, сол кезде, жасөспірім ғана баламыз, атақты ғалыммен халқымыздың тарихы

туралы қызу таласқа түскеніміз, толып жатқан сұрақтардың ішінде мынадай да сұрақ

қойылды: соңғы дәурдегі қайсы қазақты Лев Николаевич ұлттың сондай жарқын

пассионариі деп есептейді екен? Бұл сұраққа Гумилев: «Әрине, Кенесары, сіздердің Кене

хандарыңыз!», - деп жауап берді.

Сол сәттегі Отелло Елтоқұлы мен Эльза Елтоққызының ішкі сезімі қандай болғанын

айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені олардың әкесі Ділмұхамедов Елтоқ пен Ермұхан

Бекмаханов ұрпаққа өз халқының ұлы тұлғасы - Кенесары Қасымов туралы ғылыми

білімді жеткізген еді.

1


Ал сол есте қаларлық диссертация қорғалған күннен тура қырық жыл өткеннен соң, 1986

жылдың 17 желтоқсанында, елінің басты алаңына шыға отырып, халық та өз ерлігін

көрсетті!

Мен, қазіргі уақытта да халқымыздың дені сау тамырларын, оның жадын сақтау өте

маңызды деп есептеймін. Бұл оның алдағы уақыттағы өркендеуінің іргетасы бола алады.

Мұхтар Болатханұлы Тайжан

Болатхан Тайжан Қорының президенті, экономика ғылымдарының кандидаты.

АЛҒЫ СӨЗ

Еліміз жиырма жылдай егемен жағдайда дамуы барысында тарих ғылымы

айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Оның дамуының қазіргі дәуірдегі негізгі

ерекшелегі - ғылыми ізденістің әдептік-кәсіби принциптеріне, пікірлердің

әркелкілігіне, ашықтықты, ақиқатқа жетуге тырысып бағу мен өткен тарих

жайлы толыққанды және терең білім алудың жолымен жүру болып

табылады.

Бүгінгі таңда зор қоғамдық қызығушылықа ие болып отырған, революцияға

дейінгі Қазақстан тарихының ең бір көкейкесті тақырыбы - XVIII ғасыр

мен XIX ғасырдың ортасындағы қазақстардың халық-азаттық

қозғалыстарының мәселелері болып табылады. Ең бірінші кезекте, Кенесары

Қасымовтың басқаруымен болған ірі ауқымды қозғалыс мәселесі тұр.

Кенесарының тұлғасы - кәсіби тарихшылардың назарын өз уақытындағы ең

беделді саяси қайраткер ғана емес, Қазақ даласы көшпенділерінің «алтын»

ғасырларынан келе жатқан еркіндік сүйгіш рухын айқын көрсете білген

халық батыры да. Бірнеше ұрпақтың жадында Кенесары ақыл мен ерік иесі

болып табылатын басшы-батыр ретінде қалып, қазақ халқының қоғамдық

санасы мен қазақ ән-жырларында оның бейнесі эпикалық күйде көрініс

тапты. Сондықтан да Кенесары Қасымовтың өмірі мен қоғамдық-саяси

қызметі, әлі де ұзақ уақыт ғылыми таным арқылы қайта қарастыруға

жататын мәселе ретінде, Қазақстан тарихының жаңа заманының «мәңгі»

тақыбыптарының қатарына жатады.

Тарихи білім - танылуға тиіс тұлғаның зерттеліп отырған кезеңнен алыстай

түсетін хронологиялық қашықтық ұлғайған сайын, өзінің келбетін өзгертіп

отыратын қабілеттілікке ие; зерттеудің сапасына қарай, тарихи шолуды

қарастырудың тұрпатына қарай, ақиқатқа жақындаған сайын осы өткен

кезеңдерде із қалдырған тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметінің жаңа

қырларын аша түседі. Тарихшылардың әрбір ұрпағы отандық және әлемдік

тарихта орын алған бір оқиғаға байланысты жаңадан ой қорытып және

басқаша қабылдап, өз алдарына жаңа қерттеушілік міндеттер қояды. Тарих

ғылымы дамып отыруы үшін тарихи білімнің дамуының толқынды сипаты

туралы, өткен замандардағы айтулы тұлғалар мен оқиғалар туралы айқын

ұғым болуы өте маңызды, сондықтан да қазақстандық зерттеушілердің

жарыққа шықпаған тарихи еңбектерін, автордың баса көрсеткен

2


тұжырымдарын сақтай отырып, ешқандай бұрмаламастан басып

шығаруымыз қажет. Бұл жерде олардың идеялық көзқарастарына

түсіністікпен қарап, бірақ оларға тиісті ғылыми пікірлер келтіре отырып, осы

еңбектерге ақпараттық-анықтамалық материалдарды қосымша беріп отыру

қажет.

Елтоқ Ділімбетұлы Ділмұхамедовтың 1946 жылы жазған «Қазақтардың

Кенесары Қасымов басшылығымен 1837–1847 жылдары болған көтерілісі»

диссертациялық жұмысы сыртқы құрылысына, мәтінінің архитектоникасына,

стилистикасына, әдістемелік қалпына байланысты өз заманындағы

ұстанымға сәйкес келеді. Бұл еңбектің ХХ ғасырдың ортасындағы тарихи

ойдың ғылыми құндылығының ескерткіші болып табылатынын түсініп және

мойындау қажет. Сонымен қатар бұл еңбек сол кездегі қазақ зиялыларының

этнопсихологиялық «өзін-өзі сезінудің» басқалармен қатар көрнекі үлгісі де

болып табыла алады.

Бұл диссертация Е.Бекмахановтың «Қазақстан XIX ғасырдың 20–40-шы

жылдарында...» (Алматы, 1947) монографиясының қолжасбасы аяқталған

уақытта жазылып болып, Ташкент қаласындағы Ортаазиялық Мемлекеттік

университеттің тарих факультетінің Ғылыми кеңесіне тарих ғылымдарының

кандидаты ғылыми атағын алу үшін қорғауға берілді. Е.Д. Ділмұхамедовтың

ресми оппоненттері - тарих ғылымдарының докторлары И.К. Додонов пен

Е. Бекмаханов және т.ғ.к. К.Е. Житов болды. Диссертация 1946 жылдың 17

желтоқсанында ОАМУ Ғылыми кеңесінің отырысында қорғалды, бір жылдан

соң ғалым Қазақстанға қайтып келді. Оның кейінгі ғылыми-зерттеу

жұмыстары тарихшылар Е. Бекмахановты, Б. Сүлейменовты және

революциядан бұрынғы Қазақстанның тарихына арналған ғылыми

еңбектердің авторларына «әлемдік империализмнің агенттеріне» көмектесіп

жатыр деген жаппай айыптаулар тағылып жатқан кезінде өтті.

Е.Бекмахановқа, одан Кенесары Қасымовтың патшалық Ресейге қарсы

күресін халық-азаттық қозғалыс деп есептеген ұстанымынан ресми түрде

өкініш білдіріп және бас тартқызу мақсатында партия-кеңес органдары

тарапынан қатаң идеологиялық қысым жасалып жатқан кезде,

Е.Д.Ділмұхамедов 1948 жылы «ҚазКСР ҒА Хабарламасында» (№1) оның

зерттеу жұмысына оң рецензия жариялап, осы еңбекке бірқатар

идеологиялық сарындағы қазақстандық тарихшылардың арнайы

еңбектерінде «әділетсіз», «жойымпаздық» негізде берілген бағаларды дәлелді

түрде сынға алды. Сталин режиміның қылышынан қан тамып тұрған кезде

осындай қадамға бару, ғалымнан белгілі бір азаматтық ерлікті талап етті,

осы қалыптасқан жағдайда Е.Д.Ділмұхамедов әріптестеріне өзінің объективті

ғылыми білімге деген ұстанымын көрсетіп, абыройын сақтап қала білді.

Кейінірек Қазақстан тарихшыларының ең бір сауатты да кәсіби өкілдеріне

сталинизмнің қатаң идеологиялық қысым көрсетуі мен саяси қуғын-сүргіннің

нәтижесінде, «Қазақтардың Кенесары Қасымов басшылығымен 1837–1847

жылдары болған көтерілісі» диссертациясының авторы өзінің зерттеп жүрген

мәселесінің тақырыбын өзгертіп, Қазақстанның өнеркәсібі мен жұмысшылар

3


табының тарихын зерттеуді бастады, бірақ, абыройына орай ол, XIX

ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың патшалық Ресейге қарсы

қоғамдық-саяси күресінің халық-азаттық сипатта болғаны туралы өзінің

тұжырымын, қайта қарауға ұшыратқан жоқ. Жаңа тақырыпты егжейтегжейлі

зерттей отырып, Е.Д. Ділмұхамедов көптеген жылдар бойы өзін

мұрағаттардағы алғашқы дерек көздеріне көп көңіл аударған терең де талмас

зерттеуші ретінде көрсете білді, ал бұл еңбегі ХХ ғасырдың 60–70-ші

жылдары жарық көрген қазақстан аймағындағы әлеуметтік-экономикалық

даму мәселелріне арналған көлемді ғылыми мақалалары мен

монографияларында көрініс тапты. Бірақ тарихшының Кенесары Қасымов

пен оның патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы күресіне арналған

кандидаттық диссертациясы кеңес уақытында мүлдем жарық көрмей, осы

уақытқа дейін біздің еліміздің қоғамтанушыларының арасында белгісіз

болып қалып жатыр.

Дегенмен осы еңбегінің өзінде Е.Д.Ділмұхамедовтың жазбаша тарихи

деректер мен қазақтың ауызша сөз өнерін түпкілікті білетіні, алуан түрлі

және сырттай қарағанда қарама-қайшы тарихи фактілерді нақты таба біле

алуы, табылған бар материалды нақты қолдана білу мен ғылыми тұрғыда

сыпайы қортындылар жасау мен бағалай алуы сияқты шығармашылық

қолтаңбасы көрініс тапты. Қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және

саяси тарихының әркелкі мәселелерін кең көлемде қарастыратын Е.

Бекмахановтың монографиясынан айырмашылығы, Е.Д. Ділмұхамедовтың

диссертациясы тек қана Кенесары Қасымовтың қозғалысына арналған.

Кенесары мен аймақтағы патшалық отарлау әкімшілігі арасындағы әскери

қарсы тұруының негізгі алғы шарттары мен ерекшеліктерін анықтау үшін

осы еңбектің авторы Қазақстанның зертеушілері үшін осы уақытқа дейін қол

жетімсіз болып қалып отырған ауқымды фольклорлық материалдарды

пайдаланған. Қазақ халқының тарихи аңыздарын егжей-тегжейлі зерттей

отырып және оларда көрсетілген нақты мәліметтерді соларға ұқсас жазба

деректерімен салыстыра отырып, Е.Ділмұхамедов Даланың әртүрлі

аумақтарындағы үш жүздің қазақтарының бостандық үшін күресі барысын

нақты жазып, көтерісшілердің әскери тактикасы жайлы қызықты ой толғап,

ең бастысы – олардың қалың бұқара халықтың мұң-мұқтажын қорғаудағы

рөлін ашып берді.

Бұл еңбек қазіргі оқырмандар үшін онда қазақ халқының басшысы туралы

көптеген құнды деректердің барлығымен ғана емес, Кенесары ханның етене

жақын қосшылары туралы да деректерімен қызығушылық тудырады. Мұның

өзі қазақ халқының жадында сақталып қалған XIX ортасындағы даланы азат

етуге ат салысқан негізгі батырлар туралы да біздің танымымызды тереңдете

түседі. Айтуға тұрарлық нақты материалдармен қатар, істелген еңбектің

лайықты бағасы болып диссертацияның мәтініне Кенесары сарбаздарының

тарихи жүріп өткен жолдары көрсетілген қолдан сызылған теңдесі жоқ үш

карта табылады, ал бұл өз кезегінде қазақ жасақтарының географиялық

кеңістіктегі күрестерін бөліп көрсетіп және олардың Қазақ даласының

4


әркелкі жерлерінде жүргізген әскери тактикаларының ерекшеліктерін

бажайлауға мүмкіндік береді. Сталин дәуірінде жазылған қазақ халқының

тарихын зерттеулер сияқты, осы жарыққа шыққалы отырған диссертация да

тарихи оқиғаларды зерттеу барысында тікелей таптық көзқарастан және сол

кездің идеологиялық таңбасынан кенде емес, дегенмен мұның өзі отандық

тарихшылардың қазіргі ұрпағы үшін кең танымдық маңызға ие екендігін

жоққа шығармайды. Бұл еңбек тарих ғылымына адал, әділ және мүлтіксіз

қызмет етудің ерен үлгісі болып табылады, сондықтан да біздің

республикамыздың кең ауқымды ғылыми қоғамдастығының игілігіне

айналуына лайықты.

И.В. Ерофеева

Көшпенділердің мәдени мұралары мәселелері бойынша Қазақ ғылымизерттеу

институтының директоры, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты.

АЛҒЫ СӨЗ

Патшалық Ресей халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы егжей-тегжейлі

зеріттеліп және жариялануы керек. Бұл міндет КСРО тарихшыларының

алдына қойылған. «КСРО тарихы» оқулығы бойынша конспектіге жасаған

ескертулерінде Сталин, Киров және Жданов жолдастар: конспектіде орыс

патшалығының орыс буржуазиясы мен помещиктерімен бірлесе отырып

жүргізген тартып алушылық-отаршылық саясаты бөліп көрсетілмеген деп

атап өтті («патшалық – халықтар түрмесі»)1.

Сондықтан да осы диссертациялық жұмысқа кірісе отырып автор - Сталин,

Киров және Жданов жолдастардың кеңестік тарих ғылымының алдына өз

ескертпелерінде көрсеткен міндеттердің күрделілігі мен жауапкершілігін

сезіне отырып, осы міндеттерді орындауға тырысып бақты.

Қазақтардың Кенесары Қасымовтың басшылығымен 1837-1847 жылдары

болған көтерілісі, өзінің кең ауқымдылығы мен маңыздылығы бойынша

күштілігімен және тегеурінділігімен ерекшелінген, халықтың көпшілік

бөлігін ұзақ уақыт бойы қамтыған, қазақ халқының ХIХ ғасырдың бірінші

жартысындағы ең маңызды көтерілісі болды. Сондықтан да бұл көтеріліс

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың ішіндегі ең айшықты

кезеңдерінің бірі болып саналады.

Патшалық самодержавиенің езгісін біркелкі тартып келген революцияға

дейінгі Ресейдің барлық халықтарында да, ортақ жауларына қарсы күш

біріктіру қажеттілігі пайда болды. Бұл күрес жолында бастапқы рөл Ұлы

орыс халқының қолында болды. Қазақтар мен орыстар бір-бірінің тағдырына

алаңдаушылық танытып отырды. Бұған дәлел, орыстардың да Кенесары

Қасымовтың көтерілісіне қатысуы. Бұл көтеріліске орыстар ғана емес,

татарлар да, өзбектер де, башқұрттар да және басқа ұлт өкілдері де қатысқан.

Мұның өзі Кенесары Қасымовтың көтерілісінің интернациональдық сипатта

болғанын көрсетеді.

5


1

«Правда» газеті, № 23, 22.VIII-1937 жыл.

Біздің Ұлы Отанымыздың кең байтақ жерін мекендеп отырған барлық ұлттар

мен халықтардың қанаушылар мен қанауға ұшыратушыларға қарсы сан

ғасырлық бірлескен күресі, олардың терең де мызғымас достығын туғызды.

Социалистік құрылыстың және көпұлтты кеңестік мемлекеттің

халықтарының мызғымас достығының күші мен басымдылығы танылған

Кеңес халқының неміс-фашист басқыншыларына қарсы жүргізген Отан

соғысының жеңіспен аяқталуының негізі де, осында.

Бұл Кеңес халқының Ұлы Отан соғысында айқын көрініс тапқан халықтар

достығының, тарихи алғышарттарының болғандығының көрінісі емес пе.

Ұлттық шеткі аймақтардағы жаншылған халықтардың мүдделерін

қоғаушылар - орыс халқы, оның алдыңғы қатарлы өкілдері болып табылды.

Сондықтан да Кенесары қозғалысы бұқараны саяси тәрбиелеу мектебі

ретінде прогрессивтік маңызға ие болды.

Кенесарының көтерілісі қиын сыртқы саяси жағдайда жүрді - қазақ даласын

жаулап алу арқылы өз иеліктерін кеңейтіп алуды аңсаған самодержавиелік

Ресейдің, Қоқан мен Хиуа және қытай феодалдары тарапынан шапқыншылық

болып жатты. Сондықтан да Кенесары өз халқының барлық жауларына

қарсы, өз тәуелсіздігі үшін күресті.

Патшалықтың оларды жаулап алардың алдында ғана немесе Кенесары

көтерілісінің алдында болған, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық

жағдайы, қоғамдық құрылымы, отарлаудың әсерінен болған қазақ

шаруашылығындағы өзгерістер, жаңа әлеуметтік топтардың пайда болуы

мәселелері – мұның бәрі автор тарапынан қысқаша шолу ретінде жанамалай

ғана аталып өтілген.

Автор, үлкен қызығушылыққа ие болып табылатын жоғарыда көрсетілген

барлық мәселелер, арнайы және түпкілікті зерттеуді және талдауды талап

етеді деп есептейді.

Кенесарының көтерілісі Қазақстанның тарихын зерттеуде үлкен маңызға ие,

өйткені осы көтеріліске байланысты сол кездегі Қазақстанның экономикалық

қатынасына негізделген әлеуметтік топтарды, таптық қарама-қайшылықты

айшықтайтын өте қызықты және өте маңызды материалдар пайда болды.

Ұсынылып отырған еңбектің революцияға дейінгі де, кеңес дәуіріндегі де

басқа авторлардан ерекшелігі мен өзгешелігі неде? Кенесары Қасымов,

ерекше тұлға ретінде біраз ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерді

қызықтырады және қызықтырып отыр. Мәселе, бірнеше зерттеушілердің өз

зерттеулерін жеткілікті жүргізгендерінде. Автор көтеріліс болар алдындағы

уақытқа шолу жасаған. Кенесарының атасы Абылайдың, әкесі Қасымның

және ағасы Саржанның бостандық жолындағы қызметтері қарастырылған.

Олардың істерінің жалғастырушысы - Кенесары болды. Сонымен қатар,

Кенесары қайтыс болғаннан соңғы уақыт та қарастырылған, оның ісін Садық

Кенесарин (Кенесарының ұлы) жалғастырған еді. Еңбекті жазу кезінде,

6


көтерілістің барысын, қозғалыстың өршуін негізге ала отырып, кезеңдерге

бөліп көрсеткен.

Сонымен қатар, бұрын зеріттеушілер тарапынан, көтеріліс жүріп жатқан

кезде оның қозғаушы күші ретінде қай жүздің қандай рулары қатысқаны

туралы нақты көрсетілмеген. Бұл жетіспеушілік те автор тарапынан

толықтырылған.

Еңбекке қосымша ретінде бірнеше карта, фото түсірілімдер және көрнекі

материалдар тіркелген.

Осы еңбекті жинақтау Ташкент қаласында жүргізілді, кітап қорларында осы

мәселеге байланысты арнайы әдебиеттер болмады, бұл автордың мүмкіндігін

барынша шектеді, сондықтан да автор өзінің библиографиялық

материалдарының жеткіліксіз екендігін түсінеді. Дегенмен, автордың негізгі

тақырыбын құрайтын еңбектің осы бөлігінде негізгі деректер мен әдебиеттер

жеткілікті қолданылған деп есептеуге болады.

Мұрағат материалдарын беріп, оларды талдауға көрсеткен көмегі, сонымен

қатар жұмыс істеуге ыңғайлы жағдай қалыптастырғаны үшін автор, КСРО

Орталық Әскери-тарихи мұрағатының директоры Николай Яковлевич

Шляпниковқа ықыласы мен құрметін көрсету қажет деп есептейді.

Осы еңбекті бітіру мен жинақтауда жан-жақты жолдастық көмек көрсеткені

үшін Молотов атындағы ТашМИ-дің оқу-ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша

директорының орынбасары профессор Алексей Никифорович Крыжанковқа

алғыс айтуды автор өзінің абыройлы міндеті деп есептейді.

Сонымен қатар автор, осы еңбекті талқылауға және тексеруге, оны

дайындап және редакциялауға тікелей ат салысқан ТашМИ-дің тілдер

кафедрасының аға оқытушысы Косивцев Петр Романовичке де алғысын

білдіреді.

Автор көрсеткен тұжырымдарды тексеру мақсатында Молотов атындағы

Ташкент Медициналық Институтының Марксизм-Ленинизм кафедрасының

кеңейтілген отырысында баяндамалар оқылды. Жекелеген тарауларды

талқылау барысында осы институттың кафедра мүшелері тарапынан құнды

түзетулер мен тілектер ұсынылды.

БІРІНШІ ТАРАУ

Тарихнамалық кіріспе (деректер мен әдебиеттерге қысқаша шолу)

Осы еңбек мына Мұрағаттардың құжаттық материалдары негізінде құрылған:

1. Орталық Мемлекеттік көне актілер Мұрағаты (О.М.К.А.М. - Мәскеу).

2. Орталық Әскери-Тарихи Мұрағаты (Мәскеу).

3. ӨзКСР Орталық Мемлекеттік Тарихи Мұрағаты (Ташкент).

4. ҚазКСР Тарихи Мұрағаты (Алматы).

Революцияға дейінгі де, Кеңес кезіндегі де әдебиеттер пайдаланылған.

Сонымен қатар, фольклорлық материалдар – орыс және қазақ тілдеріндегі

7


Кенесары және оның көтерілісі туралы көптеген әндер, әңгімелер, аңыздар

мен поэмалар да егежей-тегжейлі зерттелген.

Мұрағаттық материалдарда көтерілістің болуы себептерін, оның барысын,

күресуші жақтардың арасалмағын, сол кездегі қазақтардың экономикалық

жағдайы мен әлеуметтік-қоғамдық құрылымы туралы құжатталған деректер

де бар.

Орталық Мемлекеттік көне актілер Мұрағатынан автор Кенесарының атасы

Абылайдың азаттық жолындағы қызметін көрсететін материалды қолданған:

ол қабылдаудан бас тартуы арқылы патша шенеуініктері мен офицерлеріне

дөрекілік көрсетті, - деп жазылған.

Патша үкіметі Орынбор генерал-губернаторына, Абылайға ханға лайық

белгілер мен грамоталарды бермеуге және ол жыл сайын алып келген 300

рубль ақшасынан айыру туралы ұсыныс жасап, губернаторға: «Абылай хан

өркөкірек болып кеткені соншалық, мұнан әріге шыдау мүмкін емес...», - деп

ескертеді.

Әрине, бұл мұрағатта Абылай ханның тұлғасын сипаттайтын материал

жеткілікті, бірақ автор оған тереңдеп бара қоймады, өйткені бұл осы еңбектің

көлемін ұлғайтып жіберер еді.

Аблайдың қызметін сипаттап және көрсететін материалдардан басқа бұл

мұрағатта Кенесары Қасымовтың көтерілісі туралы «Бүлікшіл қырғыз

сұлтаны Кенесары Қасымовтың іс-әрекеттері туралы жазбалар» деп аталатын

тағы бір іс бар3.

Бұл «Жазбалардың» авторы белгісіз, бірақ бұл жазбаның авторы болып

Батыс Сібір генерал-губернаторы князь П.Л. Горчаков табылады деген

болжам бар.

1

О.М.К.А.М. Орта Орданың Қырғыз-Қайсақ істері қоры, іс. № 1, 61 бет.

2

О.М.К.А.М. Орта Орданың Қырғыз-Қайсақ істері қоры, іс. № 1, 61-68 беттер.

3

О.М.К.А.М. Мемлкеттік Мұрағат қоры, ХI бөлім, іс 1217, 1845 ж .12 бет.

«Жазбаның» авторы Орта жүздің қазақтарының арасындағы толқулардың

себебі Абылай ұрпақтарынан басқаруды тартып алған «Сібір қырғыздары

туралы жаңа жарғының» шығуы деп есептейді.

«Жазбада» тарихи құндылыққа ие көптеген мәліметтер бар, бірақ соған

қарамастан, автордың пайымдауынша, Ақмола, Қарқаралы округтарының

сұлтандарының барлығы дерлік көтерілісті жақтап шықты деген қорытынды

жасалған, біраз кемшіліктер бар. Бұл, әрине, дұрыс емес, өйткені көптеген

сұлтандар алғашында Кенесарыны қолдағандарымен, патшаның басыпжаныштауынан

қорқып, одан іргелерін алыстатты. Мысалға, Ақмола

Округінің аға сұлтаны Қоңырқожа Құдаймендин және басқа да көптеген

сұлтандар.

8


Көне Актілер Мұрағатынан басқа Кенесары Қасымовтың көтерілісіне

байланысты мол материалдар КСРО Орталық Әскери-Тирихи Мұрағатының

ӘҒМ (Әскери-Ғылыми Мұрағаты) қорындағы мына істерде де бар:

іс. №1 - 161

іс. № - 1191

іс. №1 - 201

іс. № - 1117

іс. № - 18900

іс. № - 18544

іс. № - 18544

және Басштаб департаментінің қорында, іс. № 37.

Бұл жерде 1838, 1840, 1841, 1843 жылдарындағы көтерілістің барысын

сипаттаған толыққанды материалдар табылды, басқа жылдар бойынша

материалдар табылмады. Кенесарының көтерілісіне байланысты материалдан

басқа Кенесарының ағасы Саржан Қасымовтың көтерілісіне (1824-36

жылдар) байланысты аздаған материалдар да бар екен. Саржан Қасымов,

Көкшетау және Ақмола округтері қазақтарының көтерілістерін

ұйымдастырып және басқара жүріп, патшалықтың әскери бекіністеріне

шабуылдар жасау барысында бірнеше рет сәтсіздіктерге ұшырады. Сонан соң

ол өзінің інісі Есенгелдімен бірге Ташкентке барып, Қазақ даласы арқылы

Орта Азияға қарай жылжып келе жатқан патшаның қарулы күштеріне қарсы

күресу үшін ташкенттің басшыларымен келісімге келеді.

Мұрағаттық материалдар қоқан феодалдарының Қазақ даласын жаулап алып,

ол жерге отарлау режимін орнатқылары келген басқыншыларға қарсы

қазақтардың толқуларын пайдаланғылары келгендіктерін дәлелдеп отыр.

Сондықтан да қоқандық ақсүйектер мұсылмандардың «кәпірлерге» деген жек

көрушілігін туғызып, қазақтарды дұрыс дінді ұстанған Қоқан ханына

бағындыруға тырысты1.

1

Орталық Әскери-Тарихи Мұрағатының ӘҒМ (Әскери-Ғылыми Мұрағаты)

қоры, Іс. № 1117.

Мұрағатта Саржан мен Кенесары Қасымовтардың көтерілістері туралы

материалдармен қатар, 1830 жылдың аяғында Бөкей Ордасындағы

шаруашылық жағдайы мен халқының орналасуы туралы статистикалық

деректерді сипаттайтын бөлек материалдар да бар1.

1

Орталық Әскери-Тарихи Мұрағатының ӘҒМ (Әскери-Ғылыми Мұрағаты)

қоры, Іс. № 18544.

Мұрағаттық деректер бойынша, Кенесары Қасымовтың көтерілісі туралы

материалмен бұрынырақ тарих ғылымдарының докторы Михаил

Порфирьевич Вяткин қолданыпты, ал Саржан Қасымовтың көтерілісі

туралы материалдарды Ермұхан Бекмаханов пайдаланыпты. Қалған

9


материалдарды маған дейін ешкім пайдаланбапты. Кенесары Қасымовтың

көтерілісі XIX ғасырдағы Қазақстан тарихының өте маңызды оқиғасы болып

табылады, ол кең көлемді мұрағат деректерін егжей-тергжейлі және жанжақты

зерттеп барып қана көрсетілуі тиіс.

Орталық Мұрағат қорларында осы көтеріліске байланысты өте көп

материалдар сақталған.

ӨзКСР Орталық Мемлекеттік Мұрағатында, Түркістан Өлкесін жаулап алу

тарихының Материалдары деп аталатын, полковник А.Г. Серебренниковтың

қоры бар. Серебренников патшалық Ресейдің Орталық, Облыстық және

басқа да Мұрағаттарынан Түркістан өлкесін жаулап алуға байланысты

материалдарды жинаған. Бұл материалдардың бір бөлігі көрсетілген

тақырыппен Революцияға дейін баспасөзде жарық көрген. Бұл жинақ Орта

Азияның кез келген тарихшысына белгілі. Бірақ, мұрағат материалдарын

құраушы адамға Кенесары көтерілісі туралы барлық құжаттарды жинап алуға

мүмкіндік болмаған сияқты, өйткені Орталық Әскери-Тарихи Мұрағатта

1839 жылға ғана жататын Кенесары туралы 75-ке таман құжаттар бар. Ал дәл

осы жылға арналған Серебренников жинағының бірінші томында 43 құжат

қана бар.

Сонымен қатар, ӨзКСР Орталық Мемлекеттік Мұрағатында Кенесары

Қасымовтың ұлдары: Садық, Жапар және Ахметтің іс-әрекеттері туралы

құнды материалдар бар. Түркістан генерал-губернаторының кеңсесінде

Садық Кенесаринның Қашқариядан қайтып келгендігі туралы жазылған қор.

№ 1, жазба 19, іс 790; 1887 жылдың 17 сәуірі әскери аға зауру Сұлтан Ахмед

Кенесаринге өмірбақилық зейнетақы тағайындау туралы жазылған қор. № 1,

жазба 2, іс № 56. Бұл құжатта: «осы ғасырдың қырықыншы жылдары

біздердің қырғыз даласын бағындыру тарихымызда атақты шабарман Сұлтан

Кенесары Қасымов айшықты рөл атқарды», - деп көрсетілген. Қор 1, жазба 1,

іс 2565, бет 1 - Кенесарының қызы Намила Кенесаринаға оның күйеуі

подполковник Елекей Қасымовтың қайтыс болған соң 1883 жылдың

желтоқсан айында патша үкіметі тарапынан зейнетақы тағайындау туралы да

жазылған. Қор 1, жазба 29, іс 7 – Садық Кенесаринның Қызылқұмдағы

көтерілісі туралы материалдар бар. Қор 1, жазба 29, іс 276 – Садық

Кенесаринның отбасының Бұхарадан қайтып келгені туралы айтылса, қор №

6, іс 238 – Кенесарының үлкен ұлы Жаппар Кенесаринның азат ету

күресіндегі әрекеттері мен қаза табуы және басқалар көрсетілген.

1

Орталық Әскери-Тарихи Мұрағатының ӘҒМ (Әскери-Ғылыми Мұрағаты)

қоры, Іс. № 18544

Мұндай материалдар басқа мұрағаттарда жоқ және оларды әлі ешкім

пайдаланбаған.

Автор Қазақ Тарихи мұрағатының материалдарын да пайдаланды. Бұл жерде

тек Кенесарының көтерісіне байланысты ғана емес, Саржан Қасымовтың

10


(Кенесарының ағасы) да көтерілісіне байланысты материалдар жеткілікті

екен.

Орынбор шекара комиссиясының материалдары:

қор 84, іс № 3096

іс № 2833

іс № 2900

және ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың шаруашылық

жағдайын сипаттайтын, ішкі Бөкей Ордасы хан кеңесінің материалдары.

Орынбор генерал-губернаторы тарапынан келіссөздер жүргізу үшін

жіберілген елшілер Долгов пен Герннің де материалдары қызықты (іс №

2622, 1845 жыл).

Кенесарының сырт келбеті туралы хабарлама да қызық: «Оның бойы орташа,

арықша және мұрыны қоңқақтау болатын» (қор 64, жазба 1, іс № 182, 1838

жыл, бет 102).

Хиуа мен Бұхара Кенесарыға өз елшілерін жіберген (құжат № 2621, 1845 г .,

б. 931).

Қазақстан тарихын, әсіресе ХІХ ғасырдағы тарихты К. Маркстің, Ф.

Энгельстің, В.И. Лениннің және И.В. Сталиннің патшалық Ресейдің

«халықтар түрмесі» болғандығы туралы, патшалық тарапынан және

патшалықпен одақтастықта болған жергілікті қанаушы таптың қос езгісінде

болғандығы туралы ескертпелерін қаперге ала отырып зерттемесе болмайды.

В.И. Лениннің патшалықтың қоныстандыру саясатының реакциялық сипатта

болғанын және де бірқатар басқа да көрсетпелері Кенесары Қасымовтың

көтерілісін түсініп және оның сипатын, қозғаушы күштерін және маңызын

бағалауда дұрыс бағыт-бағдар береді. Жолдас Сталиннің «Марксизм және

ұлт мәселесі» деген еңбегінде қазақтардың Қазан Революциясына дейінгі

қоғамдық қатынастары патриархальдық-феодальдық және басқадай болды

деп көрсетілген.

Кенесары Қасымовтың көтерілісі туралы әдеби деректерден, осы еңбекте

сынға алынбаған, бірнеше басты авторларды көрсетуге болады: «Қырғыз

сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» деп аталатын Н.И. Середаның

мақаласы1 және Добросмысловтың «Тарихи очеркі»2. Бұл еңбектер - осы

мәселеге байланысты революцияға дейінгі кезеңдегі маңызы бар деп

есептеуге тұрарлық еңбектер.

1

«Еуропа жаршысы», тамыз, 1870 жыл, 8, 9 кітаптар

2

Орынбор Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы Хабарламасы, 17

шығарылым, 1902 ж.

Дегенмен, екі автор да болған оқиғаның нақты жақтарын ғана сипаттайды:

көтерілістің барысы, қозғаушы күші жақсы көрсетілгенімен, қозғалыстың

өзінің сипаттамасын мүлдем қозғамайды және көтерілістің себептерін ашып

көрсетпейді. Н.И. Середа Кенесарының көтерілісін басып-жаншу үшін Сібір

11


және Орынбор генерал-губернаторлықтары және қазақтың басшы

сұлтандары тарапынан жіберілген көптеген жорықтар мен экспедициялар

туралы егжей-тегжейлі жазады.

Кенесары Қасымовтың көтерілісі бойынша Середадан кейінгі жазылған

толыққанды еңбек – Кенесары көтерілісінің алғышарттарын жазған, ХІХ

ғасырдың басынан бастап қазақтар арасындағы толқуларға нақты тоқталып

кеткен, А.И. Добросмысловтың еңбегі болып табылады. Әсіресе, ол 1839

жылы Перовскийдің Хиуаға жасаған әскери жорығы барысында Кіші жүз

қазақтарының экономикалық жоқшылыққа тап болғанын көрсетеді.

Добросмысловтың материалдары бойынша жорық үшін 2 мыңнан астам түйе

күштеп тартып алынған екен. Тартып алынған түйелер үшін патша үкіметі

қазақтарға ештеңе де бермеген.

Жорықтан қайтып оралғаннан кейін де түйелер қожайындарына қайтарып

берілмеген, олардың көбісі өліп те қалыпты. Мысалға, Жем мен

Шошқакөлдің арасында жүру кезінде 1500 түйе өліп, 2500-ге жуық түйе

ештеңеге жарамсыз болғандықтан тастап кетілген. «Циалковскийдің

колоннасында ұрып-соғу адам төзбестік жағдайда болған. Ондағы

солдаттарды «мал» деп атаған1.

Қазақтар лагердегі жыртқыштық режимге қарсы көтеріліп отыруға мәжбүр

болды. Тіпті олар көтеріліс жасауға дейін барды. Барлықтарының көзінше 7

қазақ дарға асылдырылып, шұңғырға лақтырылды. Мұнымен толқу

толастаған жоқ, қайта қазақтардың үстінен жүргізілген аюандыққа қарсы бас

көтеру ұлғая түсті.

Сонымен қатар, Добросмыслов өз еңбегінде Кенесары көтерілісінің барысы

туралы көптеген тарихи фактілерді келтіреді, бірақ оның сипатын ашпайды,

дегенмен де бұл авторлардың еңбектерінің маңыздылығы, Кенесарыға көп

көңіл бөле отырып, Орынбор шекара комиссиясы мен Торғай облыстық

мұрағатының мұрағаттық құжаттары негізінде ғылыми сипаттағы үлкен

еңбек жазып шыққандығында.

Середа мен Добросмысловтың еңбектерінен басқа Кенесары көтерілісі

туралы үлкен маңызға ие Макшеевтің, Потто және Терентьевтің еңбектері

бар, бірақ олар өз еңбектерін оған арнайы арнамаған, тек патшалықтың Орта

Азия мен Қазақ даласын жаулау барысын сипаттай отырып, жанамалай

көрсетіп кетеді. Бұлар әр кездердегі Орта Азияны жаулап алу барысындағы

жорықтарға қатысқан және басшылық еткен патша шенеуініктері, әскерилер,

ғалымдар еді.

Олар Кенесарыны батыр, жаужүрек ер және басқа да деп айта отырып,

негізінен Кенесарының тұлғасына байланысты шынайы және дұрыс

сипаттама беріп кеткенін айтып кетуіміз де керек. Бірақ олар да патша

үкіметінің бағалағанындай, Кенесарының көтерілісін «бүрік» деп атады.

Сондықтан да бұл авторлардың Кенесары Қасымовтың көтерілісіне

байланысты көзқарастары біркелкі.

1

12


Орынбор Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы Хабарламасы, 17

шығарылым, 1902 жыл, 32 бет.

Кенесарының көтерілісі қазақтардың табан тірескен күресі болды деген

тұжырым да бар; бұл күрес патшалық отарлаушылық әскерлердің Орта

Азияға дендеп кіруін ұзақ уақытқа кідіртті.

В. Потто өзі 1872 жылы Орынбор юнкерлік училищесінде оқыған «Далаға

жорық туралы» лекцияларында: «Бұл мәселені тактикалық тұрғыдан

қарастыра отырып, біздер қырғыздардың әр кез көп қолмен шабуылдап,

біздің әскерлерге қорғаныс ұрыстырын жүргізуге, доғал болып тұрып алып

шабуылдарды мылтықтың және зеңбіріктің күшімен қайтаруға

мәжбүрлейтінін көреміз», - деп айтқан1. Н. Павлов2 Абылайдың,

Кенесарының және Садық Кенесариннің азат ету жолындағы қызметін

сипаттай отырып, сонымен қатар орыс және қазақ халқының достық қатынас

орнатуда Абылайдың прогрессивті қызметін атап өтеді. Павлов: «Абылай

біздің шекаралас ауылдарды тонағаннан басқа, біздермен айырбас сауданың

пайдасы көп екенін көрді; 1752 жылы ол екі жақтың сауда мүддесі үшін

Троицкіде айырбас сарайын салу туралы Неплюевке хат жазған. Абылайдың

бұл тілегі бірден орындалды»3, ал басқа бір жерде ол: «1764 жылы хан

Абылай орыс билігінен қырғыздарды жер игеруге үйрету үшін оған 10

диханды жіберуді сұраған», - деп жазды4.

Бұл факт Абылайдың орыс мәдениеті мен ғылымын қазақ өміріне пайдалану

мен қолдануда және орыс және қазақ халқының достық байланыста

араласуына септігін тигізгенін дәлелдейді. Абылайдың тарихта оң рөл

ойнағаны да осыдан көрініс табады.

Абылайдың (Кенесарының атасының) жеке тұлғасы туралы Павлов:

«Қырғыз ордаларында хан билігінің күштілігі сол ханның тұлғасына тікелей

байланыста болады; Орта Ордадағы Абылай сияқты батыл, ақылды, ерікжігері

мықты хан, ешқандай шектеусіз билікке ие болды»5, - деп жазды.

Кенесарының 1837 жылы Көкшетауда бастаған көтерілісінің барысын айта

келе Н. Павлов, Кенесарының ұлы Садық Кенесаринның патшалықтың Орта

Азияны жаулап алуына қарсы істеген әрекеттерін Орта Азия халықтарының

партизаны және жергілікті тұрғындардың барлық күшін ұйымдыстыра

білген, Қоқан, Хиуа хандықтары мен Бұқар әмірлігін қорғауды

ұйымдастырушы ретінде сипаттайды.

1 В. Потто, «Далаға жорық туралы», Әскери жинақ № 7, 33 бет, 1873 жыл.

2 Н. Павлов. Түркістан тарихы, Ташкент, 1910 жылғы басылым.

3 Н. Павлов. Түркістан тарихы, 33 бет.

4 Бұл да сонда, 34 бет.

5 Бұл да сонда, 79 бет.

Сонымен қатар, Кенесары туралы революцияға дейінгі әдебиеттерде тағы да

бірнеше құнды еңбектер бар. Ол авторлардың бірі барон Услар, орыс

офицері, Кенесарының көтерілісін басып-жаншуға аттандырылған

жорықтардың біріне қатысушы, өзінің жасаған жорығы, тұтқынға түскені,

13


Кенесары жасақтарымен болған шайқаста жарақат алғандығы туралы және

өзінің ауылда тұтқын ретінде жүргені, сонымен қатар төрт айға созылған

тұтқыннан кейінгі ауылдын қашқаны туралы көркем түрде баяндап берген.

Өзінің естеліктерінде барон Услар Абылайханнын немересі ретінде

Кенесары туралы тарихи деректерді көптеп келтіреді, Кенесарының ағасы

Саржанды 1836 жылы Ташкентте Қоқан ханының қалай өлтіргені туралы

жазады. Сонымен қатар, барон Услар Кенесарының сыртқы келбетін де

қызықты етіп сипаттайды: «Кенесарының бойы онша ұзын емес және арықша

болатын, бет-әлпеті қалмақтарға тартқан еді». (оның анасы қалмақтың қызы

болатын); «қысықтау келген көздері ақыл мен айлакерлікті көрсетіп тұратын,

жүзінен қаталдық сезілмейтін»1.

Басқа мәліметтерде, Кенесары ұзын бойлы, қысқа ғана сақалды, күміс

белбеумен тартылған ақ халатта,..., биік ақ қалпақпен, ұсақ күміс тиындармен

көмкерілген ешкі түбітінен тоқылған жұмсақ шапанмен, алшаң басып бұлақ

басына бара жатқан деп сипатталады.

Сонымен қатар, Я. Палферов өзінің әңгімелерінде Кенесарының өзге

мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастары туралы жазады.

Мысалға: Кенесары, Хиуа мемлекеті атақты Кенесары батырмен «дінсіз

кәпірлерге» қарсы күресу үшін одақ жасасатындығы туралы хабар әкелген

хиуалық елшілікті қабылдады, олар ас та төк сыйлықтар жеткізді: «15 ең

таңдаулы арғымақтар, алтынмен апталған екі аттың ері, екі пушка және

бірнеше түйелер, олардың екеуі оқдәрі арқалаған»2.

III тарауда пайдаланылған негізгі материалдардың бірі Наливкиннің «Қоқан

хандығының қысқаша тарихы» деген кітабы3.

Наливкин Қоқан хандығының жаулап алушылыққа деген құмарлығын

сипаттайды. Әлімхан Ташкентті жаулап алған соң, оның інісі Омардың

басшылығымен Түркістан бағытында Қазақ даласына жорық жасау

ұйымдастырылады. Наливкин қазақтардың қалың қолының қоқан

басқыншыларына көрсеткен табанды қарсылығы туралы әңгімелейді.

ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың әлеуметтік құрылымы

жайлы «Қырғыз даласындағы еріксіздер, құлдар және төлеңгіттер жайлы

мәселе туралы» деп аталатын Ф. Зобнинның мақаласы қызықты дерек болып

табылады4.

Өзінің мақаласында Ф. Зобнин қазақ қоғамында құлдар мен төлеңгіттердің

пайда болуының тарихи негіздерін көрсетіп береді. Ол, құлдар мен

төлеңгіттер қазақ хандары әскерлерінің өзге хандармен (тайпалармен) болған

көптеген шайқастар кезінде тұтқынға алынған адамдер деп жазады. Зобнин,

1746 жылы қазақ хандары қалмақтарға тұтқиылдан шабуыл жасап, 700-дей

адамды тұтқындады деген мысал келтіреді.

1

Я. Палферов. Алатау тауларында (1843-1847 жылдардағы Кенесары

Қасымовтың бұзақылығы тарихынан). Тарихи жаршы, № 8, 489 бет.

2

14


Түркістандық жинақ. 621 т., 216 бет.

3

1886 жылы шығарылған, Қазан.

4

Семей облысының 1902 жылға арналған естелік кітапшасы, VI

шығарылымы.

Зобнин мақаласының тарихи құндылығы, оның көптеген мұрағаттық

материалдарды пайдаланғандығында. Осы мақала сияқты материал

Қазақстан тарихы бойынша тарихи әдебиетте өте сирек кездеседі. Қазақтың

әдет-ғұрыптары негізінде құрастырылған сібір бұратаналарының қарапайым

құқықтары Жинағы да өзіндік сипатқа ие1.

Заң түрінде ұсынылатын осы әдет-ғұрыптарды жинап және жүйеге келтіру

үшін патша үкіметі 1823 жылы арнайы комитет ұйымдастырады (хандықты

жойған соң). 1824 жылдың 8 ақпанында болған осы комитеттің отырысында

соттың құқығы анықталады, «Егер сот дұрыс шешім шығармаса, онда келесі

өмірде құдай алдында жауап береді» деп көрсетілген2.

Халықтың әдет-ғұрыптары жинағының саяси мазмұны сол кездердегі таптық

айырмашылықтың болғанымен сипатталады.

Л. Мейер өзінің «Орынбор ведомствосына қарайтын Қырғыз даласы» деп

аталатын еңбегінде3 Кенесары көтерілісінің барысына көп көңіл бөліп,

Орынбор Өлкесіндегі қазақтардың шаруашылық жағдайын келтіріп өтеді.

Ол Орынбор Мұрағатының толып жатқан материалдарын пайдалана алған,

дегенмен Кенесарының көтерілісінің сипатын дұрыс түсінбеген.

Абылайдың азат ету әрекеттері туралы мұрағаттық құжаттардан басқа, ол

туралы патша үкіметінің заңдары мен нұсқаулары пайдаланылған4, сонымен

қатар И.И. Крафттың «Қырғыздық далалық облыстары туралы заңнамалар

жинағы» деп аталатын кітабы да пайдаланылды5.

Крафт қазақтың Әбілқайыр, Әбілмәмбет және Абылай сияқты хандарының

патша бодандығын қабылдау тарихын жаза келіп, орыс патшалығының қазақ

даласын жаулап алу саясаты тарихының олардың заңдары мен

нұсқауларының негізінде қалай ықпал еткендігін көрсетеді.

Қазақстан тарихы бойынша теңдесі жоқ материал болып, А. Левшиннің үш

бөлімнен тұратын «Қырғыз-Қайсақ Ордаларын және далаларын сипаттау»

деген еңбегі табылады6.

Бұл еңбектің бірінші бөлімі ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Орынбор

Өлкесі қазақтарының шаруашылық жағдайын сипаттайды; екінші бөлімі -

тарихи, ал үшіншісі - этнографиялық мәліметтерді келтіреді.

1

Д.Я. Самоквасов шығарған, Варшава, 1876 жыл.

2

15 бап, 248 бет.

3

15


1865 жылы шығарылған, Петербург.

4

1770-1782 жылдардағы заңдардың толық жинағы және бұйрықтар жинағы.

5

Орынбор, 1898 жылы шыққан.

6

1832 жыл, Петербург.

А. Левшин патша үкіметінің Сыртқы істер Министерстрлігінің Азияттық

департаменттің комитетінде жұмыс істеген шенеуінік болды. Ол өз дәуірінің

ірі оқымыстысы болды, Ғылым Академиясының мүшелігінде тұрды. Оның

жазған еңбектері негізінде, ол қазақ халқының өмірін жақсы білген деп

айтуға болады.

ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы сауда мен шаруашылық туралы сандық

көрсеткіштер соның еңбектерінен алынған.

Кенесарының Қырғыз Алатауына жорық жасауының себептерін анықтау

бойынша бірден-бір маңызды материал, Н. Коншиннің «Дала өлкесі тарихы

үшін материалдар» деп аталатын мақаласы болып табылады.

Н. Коншиннің материалдарынан орыс патшалығының Қазақ Өлкесін

тездетіп отарлап алуы үшін Кенесарының көзін жылдамырақ құртуға

тырысқанын бағамдауға болады. Осы мақсатты көздеген патшалық қырғыз

манаптары мен Ұлы жүздің қазақ феодалдарын өз жағына тартып шығара

алып, Кенесарыға қарсы жалпы жорықты ұйымдастырды, нәтижесінде

Кенесары қаза тауып, көтеріліс басып-жаншылды. Бұл болған оқиғаны

дәлелдеу үшін Н. Коншин Омбы және Аягөз мұрағаттарынан бірнеше

қызықты құжаттарды келтірген.

Кенесарының соңғы күндері туралы қырғыз Қалиғұл Әлібековтың естелігі

қызықты болып табылады. Қалиғұл Әлібековтың өзі Орман Ниязбеков

басқарған қырғыздардың 1847 жылы Кенесарыға қарсы шайқасына

қатысқан. Әңгімені Қ. Әлібекевтің өз ауызынан 1923 жылы К. Степняк

жазып алған, ол кезде Әлібеков 85 жаста еді. Оның қысқаша ғана айтқан

әңгімесі бойынша К. Степняк «Сұлтан Кенесары Қасымов тарихына

материалдар» деген атпен кішкене ғана брошюра шығарған. Бар-жоғы 12-ақ

бет, Ташкент, 1923 жыл.

Автор Қ. Әлібекевтің әңгімесі дұрыс, өйткені Кенесарының қазасы туралы

нақты мәліметтерді Сібір генерал-губернаторы Горчаковқа өзі айтқан.

Кенесарының басын Горчаковтың өзі қараған кезде Әлібековтың сөзі

расталды, мұның өзі Кенесарыны жеңуде ең бастысы манап Қарабеков

болғанын дәлелдеп тұр. Қ. Әлібекев оның өкілі болып табылады, сөйтіп ол

генерал-губернаторға үкіметтік марапатты алу үшін жіберілген. Ол

Горчаковтан патшалықтың ең басты жауы Кенесары Қасымовқа қарсы

күресте ержүректік танытып және белсенді бола білгені үшін марапат алды.

Әлібековтың әңгімесінің мазмұнын мен «Кенесарының Қырғыздарға

жорығы» деген тарауда пайдаландым.

16


Сонымен қатар, осы еңбек үшін ең бір маңызды дерек көзі, Навои атындағы

Өзбекстан Мемлекеттік Көпшілік кітапханасының қорында сақтаулы

«Түркістандық жинақ» болып табылды. Ол 690 томды құрайтын ерекше

баспа материалдарының жинағы болып табылады.

Орыс патшалығының дендеп енуі, ортазаиялық хандықтарды жаулап алуы,

аймақтың құрылымы мен отарлануы, оның экономикасы, өндіргіш күштерін

зерттеу, Орта Азия халықтарының тарихы мен этнографиясы келтірілген.

Өз уақытында баспадан шыққандардың барлығы Түркістандық жинақта

жинақталған. Бұл жинақта Қазақстанға қатысты 50%-ға жуық шығармалар

мен мақалалар бар. Сондықтан да бұл жинақ жоғарыда көрсетілген

мәселелерге қызығатындар үшін жеткілікті дерек көзі болып табылады. 2, 25,

41, 621 томдарда келтірілген қазақтардың тарихы мен этнографиясына

байланысты құнды деректер, Кенесары мен Садық Кенесарин көтерілістері

туралы шығармалар мен мақалалар пайдаланылды.

КСРО ғылым Академиясының Тарих Институтының Ленинград бөлімінде

Қазақ КСР тарихы бойынша мұрағат құжаттарының бірнеше томы баспаға

даярланған. Бұл серия бойынша 1940 жылы проф. Михаил Порфирьевич

Вяткиннің басшылығымен баспаға дайындалынған ХVIII ғасырдың 80-ші

жылдары мен ХIХ ғасырдың 28-ші жылдары кезеңін қамтитын IV томы

жарық көрді. Олар осы зерттеудің III, IV и V тараулары үшін маңызы бар

материалдар болып табылды.

Профессор М.П. Вяткин Қазақстан тарихы бойынша ірі маман болып

табылады. Ол 1941 жылы қазақ халқының ежелгі дүниеден бергі 1870 жылға

дейінгі тарихының негізгі кезеңдерін қамтыған «Қазақ КСР тарихы бойынша

очерктер» деп аталатын арнайы ғылыми еңбек шығарды.

Профессор М.П. Вяткиннің бұл еңбегінде «Кенесары Қасымовтың

көтерілісі» деп аталатын арнайы тарау бар, ол жерде көтерілістің

алғышарттары, жүру барысы мен маңызы айқын сипатталған.

Қазақтардың Кенесары басшылығымен болған халық-азаттық күресі туралы

қысқаша шолуы 1889 жылы Ташкент қаласында Смирновтың редакциялауы

мен өңдеуімен баспадан шыққан Ахмет Кенесаринның «Кенесары және

Садық сұлтандар» деген еңбегінде көрініс табады. Профессор Александр

Александрович Семеновтың айтуы бойынша, Ахмет Кенесаринның осы

еңбегінің қолжазбасы соңғы уақытқа дейін Навои атындағы Өзбек КСР-і

Мемлекеттік Көпшілік Кітапханасының шығыс қолжазба бөлімінде

сақталған.

Өзінің ғылыми еңбегінде Ахмет Кенесарин, Кенесары көтерілісінің

Көкшетауда басталған алғашқы кезеңіне, көтерілістің орталығын

Қазақстанның Орталық ауданынан Кіші жүзге аударылуына және

Кенесарының қырғыз манаптарымен болған ұрыста қаза табуына қысқаша

шолу жасаған.

А. Рязановтың «Кенесары Қасымовтың көтерілісі» еңбегінен оның

зерттеулерінің кейбір жерлері ғана пайдаланылды. Бұл еңбек А. Рязановтың

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты баспадан шықпай қалды. Оның дерек

17


көздері болып, өзі Мұрағат директоры болып жұмыс істеген жергілікті

Мұрағаттар қоры, яғни Орынбор Облыстық Мұрағаты табылды. Қазір

Рязановтың бұл еңбегі үш том болып КСРО Тарихы Ленинградтық

Институтында сақтаулы.

Ұсақ үзінділері «Қазақстанның өткенінің деректері мен материалдары»

кітабында басылған.

Рязанов өз еңбегінде Кенесары Қасымовтың көтерілісін отаршылық режимге

күресу бағытында ғана қарап, сол кездегі қазақ қоғамындағы тап күресінің

дамуының ішкі жағдайын ашып көрсетпеді.

Оның еңбегінің құндылығы көтерілістің өту барысын мұрағаттық құжаттар

негізінде жазып шыққандығы.

М.И. Стеблин-Каменская «Сұлтан Кенесары Қасымов көтерілісінің

тарихына»1 деген мақаласында: «Кенесарының қозғалысы революциядан

соң да зерттеушілердің назарын жеткілікті дәрежеде аудара алмады», - деп

жазады2.

Ол көтерілістің алғышарттарын, қозғаушы күштерін, жеңіліп қалуының

себептерін және маңызын қасқаша түрде баяндап шығады. Сонымен қатар

қателіктері А. Якуниннің мақаласында көрсетілген3.

М.И. Стеблин-Каменскаяның өзінде де Кенесары көтерілісінің сипатын

түсінуде біраз қателіктері бар (бұл туралы Әдебиеттерге сыни шолу

тарауында көрсетіледі). М.И. Стеблин-Каменская еңбегінің Москвалық-

Ленинградтық және Алматылық Мұрағаттардағы жеткілікті материалдардың

негізінде жазылуы оң нәтиже болып табылады.

Кенесары көтерілісінің сипаты мен себептері туралы теориялық көзқарас

бойынша дұрыс талдауды Н. Тимофеев пен Е. Федоров жолдастар өздерінің

«Қазақтардың өз тәуелсіздігі үшін 1837-1847 жылдардағы күресі»

мақаласында берген4.

Бұл авторлар Якуниннің өрескел қателігін, диалектикалық және тарихи

материализм заңдарына сүйене отырып, егжей-тегжейлі сын тезіне алды.

Бұл авторлардың теориялық және нақты жағдайлары Якуниннің Кенесары

көтерілісі туралы қателіктерін талдау барысында қолданылды.

1

КСРО Ғылым Академиясының тарихи жазбалары, № 13, 1942 жыл.

2

Бұл да сонда, 235 бет.

3

Якуниннің қателіктерін автор осы зерттеудің екінші тарауында сынайды.

4

Көрсетілген авторларды пайдаланған әдебиеттер тізімінен қараңыз.

Әдеби деректерге шолу жасауды аяқтап, енді ауыз әдебиетіне шолу жасауға

көшемін.

18


Кенесары қазақ халқының сүйспеншілігіне бөленіп, мақтан тұтар тұлғасы

болды. Өзі жақсы көретін Кенесарыға халық қаншама еркелетіп, елжіреткен

ат қойды да - «Кенекем», «Кене-хан», «Хан-Кене» және тағы басқадай.

Кенесары осы уақытқа дейін халық әңгімелерінде, аңыздарында,

жырларында жырланды және жырланып келе жатыр. Оларды тізбектеп

шығуға көп орын керек болар еді. Ең қызықтыларының ішінде Нысанбайдың

«Кенесары-Наурызбай» деп аталатын атақты поэмасын, белгісіз автордың

«Ханшайым-Наурызбай» поэмасын, Кенесарының Көкшетаудан көшер

алдындағы айтқан Досқожа бидің жыры, өз руының Кенесарының

көтерілісіне қосылуына байланысты, ауылының Қарқаралы тауынан кетуі

қарсаңында Қарқаралы тауына арналған Күдері қожаның қоштасу өлеңін

айтса да болады1.

Кенесары қазақтың ән өнерінде де зор мәнге ие. Осы уақытқа дейін бұрынғы

Ақмола облысының тұрғын қазағы 1925 жылы айтып берген «Кенесары

ханның маршы» сақталған2.

Кеңес дәуірінің халық ақындарының, біздің жазушылар мен

ақындарымыздың көбісі өз шығармаларын Кенесарыға арнады. Мысалға,

өнер қайраткері, халық ақыны Доскей Әлімбаевтың «Кенесары» атты үлкен

поэмасы, Кенесары мен Наурызбайға арналған ақын Саяділ Кәрімбековтың

жыры, жазушылар Малдыбаев Біләлдің «Кенесары дәуірінен» (халықтық

аңыз); Жақан Сыздықовтың «Кенесары туралы» және басқалары өз

шығармаларында Кенесары батырды шама-шарықтарынша жырлады3.

Бірқатар кеңестік тарихшылар, Қазақстанның саяси басшылары мен ғылыми

қызметкерлері де Кенесары туралы зор құрметпен жазып және айтып жүр.

Қазақ әдебиетін дамытуда Кенесары мен оның көтерілісі туралы ауызша

және жазбаша шығармалар Қазақстанның азаттық жолындағы күрестің басқа

да басшылары туралы халық шығармаларынан шоқтығы айтарлықтай биікте

тұр. Бұл шығармалар ақындардың өлеңдері мен поэмаларында халықтың

нағыз сезімін көрсете алды.

Қазақтың жазбаша әдебиетінің негізін қалаушы ұлы Абай Құнанбаев халық

ақыны, өзінің досы Көкбайға «қазақ халқының батырлары болып

табылатындықтан, Абылай мен Кенесары туралы жыр жазуға» кеңес айтып

және тапсырма берді4. Осы берген тапсырмасын орындатуы үшін Абайдың

өзі Абылай мен Кенесары туралы тарихты Көкбайға айтып берді. Көкбай:

күн демей, түн демей жырды жаза отырып, алты күннен соң «Абылай мен

Кенесары» жырын жазып шықтым, - дейді5.

1

Көрсетілген авторларды пайдаланған әдебиеттер тізімінен қараңыз.

2

А. Затаевич «Қырғыз халқының 1000 әні», 64 бет, Орынбор, 1925 жыл.

3

Көрсетілген авторларды пайдаланған әдебиеттер тізімінен қараңыз.

4

19


Абай Құнанбаев, шығармалары, II том, 273 бет, Алматы, 1940 жыл.

5

Бұл да сонда.

Қазақ халқы осы кезге дейін өзінің Кене ханын халықтың батыры ретінде

естеріне алып, оның есімін Рүстем мен Манаспен қатар қояды.

«Тарихты болжап шолысам -

Жеңілмей өткен бірі жоқ.

Ескендірді мақтаман,

Рүстемді де даттаман,

Манас шыққан қырғыздан,

Кенесары, Наурызбай...

Алатауға оқ атқан

Өз хандығын қорғаған...»1.

Қазақстанның халық жырауы өмірден өткен Жамбыл Жабаев осылай

жырлаған.

Енді осы еңбекке қосымша ретінде енгізілген карталардың мазмұны мен

құрастырылуы туралы бірер сөз. Карталар осы еңбектің мазмұнын ашып

көрсететін материалдардан тұрады. Олар баяндалып отырған көтерілісті

зерттеп жіне түсініп отыру үшін қажет. Карталарда белгіленген:

а) Көтеріліс болған аудандар мен ошақтары.

б) Көтерілісті басып-жаншу үшін патша үкіметі жіберген жазалаушы

экспедициялардың бағыттары.

в) Кенесары жасақтары тарапынан шабуыл жасалып және қиратылған орыс

патшалығының, Хиуа және Қоқан хандықтарының әскери бекіністерінің

бекініс линиялары.

г) 1845 жылы (наурыз-мамыр айлары) онымен бейбіт келісімге келу үшін

Кенесарының штабына келген Долгов пен Герн үкіметтік комиссиясының

жүрген жолдары. (№№ 1, 2, 3, 4, 5 және 6 карталардың көшірмелері КСРО

Мәскеу Орталық әскери-тарихи Мұрағатынан алынды).

Бұл карталарда (№ 4 карта) қызыл жалаушалармен Кенесарының 1843 жылы

көшіп жүрген жерлері және Кенесарының көтерілісіне келіп қосылған

қазақтың Орта жүз рулары белгіленген; әрбір картада «Кенесары Қасымовқа

қарсы» деген түсініктеме жазылған, өйткені шындығында да бұл көптеген

әскерлер Орынбор және Сібір генерал-губернаторлықтары тарапынан

Кенесарыға қарсы жіберілген еді.

Карталар түпнұсқалардың көшірмелері болып табылады және оларды

Ташкент Мемлекеттік № 5 Карта фабрикасының аға технигі Малыгина Вера

Михайловна жолдас түсіріп алған. Мұрағат деректері бойынша бұл

карталарды маған дейін ешкім пайдаланбаған.

Карталардан басқа, көрнекі құралдар ретінде әртүрлі суреттер, портреттер

және басқалар пайдаланылды.

20


Пайдаланылған мұрағаттық деректер мен негізгі әдебиеттерге қысқаша

шолудың нәтижесі осындай.

1

Жамбыл «Клим батыр».

ЕКІНШІ ТАРАУ

Кенесары және оның көтерілісі туралы әдебиеттерге қысқаша сыни шолу.

Ленин-Сталин партиясы еңбекшілерді барлық халықтардың ең үздік ұлттық дәстүрлерін

терең сыйлау рухында тәрбиелейді, оларды кең түрде насихаттайды, өткен заманның

мәдени мұраларын мұқият сақтайды және пайдаланады.

«...Өткен өмірге қаншалықты терең кеткендігіне қарамай-ақ, халықтардың мәдениеттегі

нақты жетістіктері социалистік мемлекетте жоғары бағаланады және өзінің қайта өрлеген

нағыз идеялық көрінісімен өз халқы мен барлық Кеңес Одағының халықтарының алдында

көрініс табады» (Молотов).

Сонымен қатар маркстік-лениндік ғылым халықтардың революцияға дейінгі тарихын,

оның прогрессивті және реакциялық жақтарын араластыра отырып дәріптейтіндерге

батыл түрде қарсы шығып отыр және қарсы шыға береді де.

К.К. Абаза және Илья Казанцев сияқты революцияға дейінгі зерттеуші-авторлар

Кенесарының азаттық үшін қозғалысы мен оның өзін - Орта Азияны жаулап алушылар –

Шыңғысханмен, Әмір Темірмен және Батумен тең деп көрсетуге тырысты.

«Кенесары анасының жатырынан шыққан кезде, оның басы мен мойынында арыстанның

жалы сияқты ерекше шаш болған екен, сондықтан да осы «Кенесары» деген ат батыл

дегенді білдіріп, оның алдағы уақытта бұрынғы жаулап алушылар Оғыз бен Шыңғыс

сияқты барлық Азияны жаулап алып, барлық қырғыз ордаларын басқаратын болады деген

ниетпен қойылған екен»1.

Тағы бір жерінде: «...қырғыздар ордада Кенесарының жорығы Бату мен Әмір Темірдің бір

жерді жаулап алуда ешқандай кедергіні білмейтін жеңіппаз да жойқын жорықтарынан

аумайды деген қауесет таратып жіберіпті...», - деп жазыпты2.

Басқа бір автор: «Кенесарының әскерінде тәртіптің жөнге келтірілгені соншалық,

Шыңғысхан сияқты қолбасшының уақытын еске түсіреді», - деп жазады3.

Мұндай теңеу мүлдем дұрыс емес, өйткені Кенесарының мақсаты және оның күресінің

сипаты - Шыңғысханның, Батудың моңғол-татар басқыншыларының немесе өзіне

бағынышты болған халықты аяусыз басып-жаншыған Темірдің, оның ішінде моңғол

басқыншыларынан мәдениет жағынан айтарлықтай жоғары тұрған орыс халқы да бар,

жорықтарынан басқаша сипатта болды.

1

Илья Казанцев, Қырғыз-Қайсақ ордасын сипаттау, 1867 жылы шыққан, Петербург, 10

бет.

2

21


Илья Казанцев, Қырғыз-Қайсақ ордасын сипаттау, 1867 жылы шыққан, Петербург, 79

бет.

3

К.К. Абаза. Түркістанды жаулап алу. Петербург , 1900 жыл, 45-46 беттер.

Маркс «ХVIII ғасырдағы құпия дипломатия» еңбегінде, «моңғол-татар басқыншылары

тонаушылық пен жаппай қырып-жою жолымен жүйелі түрде қорқытып-үркіту режимін

құрды» деп айтады1.

Жоғарыда көрсестілген авторлардың Кенесарының көтерілісін Темірдің шапқыншылық

саясатымен теңеуі шындыққа жанаспайды.

Темірдің билік құруы аса қаталдыққа және тұрғындарды қырып-жоюға құрылған көрші

елдерге жорықтарымен толы болды.

«Темірдің саясаты, - деп жазда Маркс, - әйелдерді, балаларды, еркектерді, жастарды мыңмыңдап

қырып, жойып, өлтіріп, сөйтіп барып барлық жерде де үрей туғызуға құрылған»2.

Оның билігінің негізі болған - Темір армиясы - Темірдің қолбасшылары тұтқынға

алғандардан құралған жалдамалы әскерлер болды. Шыңғысхан армиясының негізінде

тайпалық бірлік жатты, ал Кенесарының 20 мың жігіті - өз отанын сыртқы жаулардан

саналы түрде қорғап және өз халқының еркіндігі иен бақыты үшін күресуге дайын қазақ

халқының апталдай жігіттері еді.

Недзвецкий, Кенесары Хиуамен бірігу туралы ойлады: «...Ол барлық қазақ руларынан

бүтін бір мемлекет құрып, оны діні бір Хиуамен қосуды армандады», - деп жазады3.

Кенесары «Қайсақтық еркіндікті қырғыз ордаларының Хиуамен бірігумен ғана сақтап

қалуды» көрді деп жазған Середа да шындықтан алшақтау кеткен4.

Білетініміздей, Кенесары Хиуаға қарсы жорық ұйымдастырған. Ол 5000 жасағымен

Хиуаның Майлыбас бекінісіне шабуыл жасады, кескілескен шайқастан соң оны 1842

жылы басып алды. Кенесарының хандардан қару-жарақ, оқ-дәрі және басқа нәрселер ала

отырып, олардың қызметтерін пайдаланғаны да рас. Бірақ еш уақытта Кенесары оларды

өзінің досы ретінде есептемеген. Кенесарының жалғыз ғана ойы – орыс патшасы болсын

немесе қандай да бір хан болсын, сыртқы басқыншылардан туған жерін тазартып шығу

болды.

1

2

Лондон, 1899 жыл.

Маркс және Энгельс мұрағаты, VI т., 185 бет.

3

4

Недзвецкий, Ұзынағаш ісі, стр. 17, 1910 жыл.

Н. Середа, «Еуропа Жаршысы», 1870, 1Х, 558 бет.

22


Революцияға дейінгі кейбір буржуазиялық-помещиктік зерттеушілер Кенесарының

көтерілісін жиі-жиі бір жақты бағалаумен болды.

Мысалға, Мейер Кенесарыны өз қарабасын ойлайтын дала бұзақысы деп сипаттайды1.

Мұндай пікірмен келісуге бола ма? Әрине, жоқ. Сонымен қатар ол, Кенесарының

көтерілісін талдай келе, барлығын да оның жеке басына әкеліп тірейді, ол: «Егер

Кенесарының өзі жеңілтек және дөрекі болмағанда және тонай берсем деген түйсіктің

соңында кетпегенде, ол өзінің айналасына үш жүзді де біріктіріп, даланың даңқты ханы

болып, сол кездегі Орта Азия мемлекеттері: Қоқан, Бұқара және Хиуа үшін қауіп тудырар

еді. Бірақ онда әскери тұрғыдан талант бола тұра билеуші таланты болмады, осының өзі

Орта Азияны саяси құрамы бойынша ірі өзгерістерден сақтап қалды», - деп жазады2.

Мейердің бұл тұжырымы мүлдем дұрыс емес, бұл тұжырым мәселені түсіндірудің

орнына, оны шиленістіре түседі – Қазақстанның сол кездегі саяси-экономикалық

жағдайында және оны қоршап тұрған күшті мемлекеттердің бар болып тұрған кезінде,

Кенесары болсын, басқа да бір феодал болсын немесе еңбеккер болсын еш нәрсе істей

алмас еді, өйткені Қоқан, Бұқара және Хиуа саяси-мемлекеттік қатынасында да,

экономикалық жағдайымен де көшпелі қазақтармен салыстырғанда жоғарырақ тұр еді.

Жүсіпбек Басығарин, басқа да орыс патшалығының жансыздары болып табылатын ру

басылары тап-таза буржуазиялық-ұлтшылдық рухта пікірлерін айтқан. Мысалға, Жүсіпбек

Басығарин былай деп жазады:

«Азғанымыз емес пе?»

«Қойшыдан сынды-ау сағымыз!»...3.

Бұл екі жол көп нәрсені сипаттап тұр. Бұл жерде жартылай феодал Алтыбайдың

жылаңқылығы, оны қойшының ренжіткенімен көрсетіледі!!!

Мұндай «бет жырту» түсінікті де, өйткені 1846 жылы Кенесарының жігіттері патшалық

пен қоқан ханын қолдап, зауряд-хорунжий атағын алған жаппас руының биі Алтыбай

Көбековтың ауылына шабуыл жасап, астан-кесеңін шығарған. Жүсіпбек Басығарин осы

өлтірілген Алтыбайдың немересі болып табылады.

1

2

Л. Мейер. Қырғыз даласы, Орынбор жаршысы, СПБ, 1865 жыл, 57-63 беттер.

Ахмет Кенесаринның «Кенесары және Садық сұлтандар» деген кітабы бойынша

келтірілген дәйек, «Қосымшалар», 6 бет.

3

Нысанбай Жырау «Кенесары мен Наурызбай», Жүсіпбек Басығаринның

редакциялауымен, Москва, 1926 жыл, 75 бет.

Жазушы Сәбит Мұқановта да, уақыт өте келе Кенесарыда феодалдық басып алушылық

үрдіс болған деген, дұрыс емес ой болған: «Сондықтан, 1846 жылы Кенесарыға ерген ел

бытырап, күші сарқылған Кенесары аз ғана қолмен амалсыз Жетысуға ауды. Кейбір

мәліметтерде Жетісуға арқадан Кенесарыға еріп мың шақты ғана адам барған делінеді»1.

23


Мұқанов: Жетісуға бет бұрған кезінде Кенесарыда бұқараны жаныштау үрдісі байқалып,

қатқылдыққа бой алдырды, сондықтан да онымен бірге мың-ақ адам қалды, - дейді. Бұл

пікір шаруалар көтерілісінің, көтерілістің аумағының сипатын жеткіліксіз білудің

нәтижесі болып табылады. Е. Пугачев, С. Разин, Булавин және басқалардың шаруалар

көтерілістері бірдей болып аяқталды. Әскерлері жорық жасау барысында құрамы өзгеріп

отырды. Өз ауылдарынан алыстап бара жатқандар отрядтан шығып қалып, олардың

орындарын басқалар толықтырып отырды және т.б. Сонымен қатар, мұрағаттардағы

мәліметтерге сүйенетін болсақ, Кіші жүз бен Орта жүзден Ұлы жүзге қарай Кенесарыға

20 000-нан астам адам еріп келген. Күрес тұрақты түрде жылжып отыруды талап етті.

Ауа райы мен табиғаттың жағдайлары бұған теріс әсер етті. Киім-кеншек жетіспеді, жемшөптің

жоқ болуынан және аяз қысқаннан малдар қырыла берді, қару-жарақ пен оқ-дәрі

болмады және т.б. Бұл көшпенділерді жаңа жерлерге көшуге мәжбүрледі. Мысалға,

Қаратауда, Қоңырат ауданында Кенесары жасағынан екі болыстың тұрғындары қалып

қойды.

С. Мұқанов Кенесарының қаталдығын айыптайды. Бірақ бұл түсінікті де еді. Кенесары

жауларына қатал болды, ол опасыздар мен сатқындардан кек алды.

Халық ақыны Саяділ Кәрімбекте, 1845 жылы Кенесары (Ұлы жүзге кетер алдында)

Батыс Қазақстан облысындағы халық-азаттық күресінің басшысы Исатаймен кездескен

деп айтылады.

Ал Исатай Таймановтың 1839 жылы Ақбұлақ маңында патша әскерлерімен ұрыс

барысында қаза тапқаны мәлім. Бұл фактілерді білмегендіктің нәтижесі, өйткені, егер

Исатай тірі болғанында, міндетті түрде Кенесарыға қосылар еді.

Сонымен қатар М.И.Стеблин-Каменскаяның, көтерілістің жеңіліс табуының басты

себептерінің бірі оның феодалдық сипатта болғаны деп есептеуімен де келісуге болмайды.

Ол: «Кенесары көтерілісінің жеңіліс табуының үшінші себебі, оның феодалдык сипатта

болғаны», - деп жазады.

Әрі қарай: «Патшалық билікті құлатып, жаңа көшу жолдарын сыйлыққа беремін деген

уәдесіне сенген қазақ халқы Кенесарының бір ұранына бола оның артынан еруге дайын

тұрды, бірақ кейін олардың көсемдерінің де билігі өздеріне еркіндік бермейтінін түсінді:

өздерінің бишікештері тарапынан қанаушылық бұрынғыдай болып қала берді...»2.

1

Сәбит Мұқанов. ХVIII-ХIХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихынан очерктер. Алматы, 1

бөлім, 102 бет.

2

М.И. Стеблин-Каменская. Сұлтан Кенесары Қасымовтың көтерілісі тарихына, «Тарихи

жазбалар» № 13, 248 бет, 1942 жыл.

Қазақтардың күресінің мәні және оның бағыты патшалықтың жаулап алу саясатына

қарсы, қазақ халқының тәуелсіздігін қорғауға бағытталды.

Өздерінің феодалдарының қанауынан құтылу мәселесін қазақтар ол кезде қоймаған және

қоя да алмайтын еді, сондықтан да Кенесарыны «өз бишікештері тарапынан» қанаудан

қазақтарды құтқара алмады деп айыптаған М.И. Каменская, дұрыс айтып отырған жоқ.

Шаруаларды феодалдық қанаудан құтқару буржуазиялық-демократиялық революцияның

ісі. Өткен ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы қазақ халқының күресіне буржуазиялық

24


демократияның еркіндіктерінің талаптарын қоюға болмайды, өйткені ол күрес маркстіклениндік

ғылыммен мүлдем жанаспайды. Бұл жерде әңгіме, сол уақыттағы Қазақстанның

ішкі саяси және экономикалық жағдайында Кенесарының болсын, басқа біреудің болсын

әлеуметтік құрылымды өзгертуге шамасы келмес те еді, өйткені мұндай өзгерістер

біреудің еркімен емес, әртүрлі таптардың мүдделерінің қарама-қайшылықтарының жеткен

деңгейіне, сонымен қатар таптық қарама-қайшылықтардың негізінде жататын

материалдық жағдайдың даму дәрежесіне тікелей байланысты.

Жолдас Сталин: «Барлығы да жағдайға, оқиға болған орын мен уақытқа байланысты.

Қоғамдық құбылыстарға осындай тарихи тұрғыдан қарамасақ, тарих туралы

ғылымдардың болуы және дамуы мүмкін еместігі де түсінікті, өйткені тек осындай

тұрғыдан қарау ғана тарих ғылымын кездейсоқтық пен өрескел қателіктердің қоқысына

айналып кетуден сақтап қалады», - деп жазды1.

Сондықтан да көтерілістің жеңіліс табуының ең басты себептерінің бірі болып, оның

феодалдық сипатта болғаны табылмайды, өйткені қазақтардың ең басты міндеті өз

бишікештерімен күресу емес, сыртқы жауларға қарсы күресуі еді.

1939 жылы «Большевик Казахстана» журналының 8-ші санында Якунин жолдастың

«Кенесары Қасымовтың көтерілісі» атты мақаласы жарық көрді. Бұл журналдың

редакциясы өз ескертпесінде, Якуниннің бұл мақаласы пікірталас жасау үшін жарияланып

отыр деп жазды. Сонан соң редакция тарапынан тағы да, «Большевик Казахстана»

журналының 1939 жылғы 8-ші санында Якуниннің «Кенесары Қасымовтың көтерілісі»

атты мақаласы, талас тудыратын бірқатар тұжырымдары болуына байланысты, пікірталас

жасау үшін жарияланып отыр деп хабарланды. Талас тудыратын, пікірталасқа алып

келетін тұжырымдармен қатар, мақалада қателіктер де жіберілген, оны «Большевик

Казахстана» журналының редакциясы кезекті санында талқылайды2.

1

2

И. Сталин. Ленинизм мәселелері. 11-ші басылым, 540 бет.

«Большевик Казахстана», № 3, 1940 жыл, 62 бет.

1940 жылы осы журналдың 4-ші санында Тимофеев мен Федоров жолдастардың

«Қазақтардың 1837-1847 жылдардағы өзінің тәуелсіздігі үшін күресі» атты мақаласы

жарық көрді. Бұл авторлар Якуниннің мақаласын егжей-текжейлі сын тезіне алған, бірақ

Тимофеев и Федоров жолдастар өз мақаласында көрсетілген автордың қателіктерінің

негізгі жерлерін ғана атап өткен, сондықтан да Якуниннің мақаласын тағы да бір рет сын

тезіне алуға тура келеді.

Якунин жолдастың тарихи факт ретінде келтіріп отырған: «1840 жылдың жазында

Кенесары Ұлытауға Орта және Кіші жүздің сұлтандары мен байларын шақырып алған,

сол жерде сұлтандар мен байлар оны «ақ киізге көтеріп» хан етіп сайлаған», - деген

сөздері қаншалықты шындыққа жанасады1.

Бұл оқиға туралы басқа да құжаттар бар, онда Кенесарының өзіне хан атағын алыпалуының

уақытына байланысты басқаша көрсетілген. Патша үкіметінің әскери

министрінің баянжазбасында: «1842 жылдың қыркүйек айында Кенесары өзіне хан атағын

иемденіп алып, өз атынан Қырғыз еліне, Сібір ведомствосының болыстарына бұйрықтар

жібере бастады», - деп көрсетілген»2.

25


Автор соңғы тұжырым дұрыс деп есептейді, өйткені халық Кенесарыны оның әкесі

Қасым 1840 жылы қайтыс болған соң ғана хан деп атай бастады. Оған хан атағын беру, ол

әкесіне ас берген кезде болды. Қазақтардың әдет-ғұрпы бойынша ас адамның өлгеніне 1-2

жыл болғанда беріледі.

Якуниннің мақаласында басқа да дұрыс емес тұжырымдар бар, бұқара қазақтың хан

билігін қайта орнатуға мүдделі болмады деп дәлелдеуге тырысуы мүлдем қисынсыз. Ол:

«Олар (қазақтар - Д.Е.) ханның билігі қайта орнауына мүдделі болмады», - деп жазды3.

Бұл тұжырым мүлдем дұрыс емес, шырғалаң және біржақты. Қазақ қоғамы өздерінің

мемлекеттілігіне ешқашанда қарсы шығып көрген жоқ. Олар шынымен де Нұралы, Есім

және Ералы сияқты хандардың сатқындықтарына қарсы шықты.

Тарихтан белгілі, бұл хандар халықтың хандар тарапынан болып отырған қанауына және

отаршылдық езгіге қарсы басталған қозғалыстардан қатты сескеніп, патшалықпен тығыз

қарым-қатынас орнатып, қазақ халқын одан да зор кіріптарлықта және қанауда

ұстағылары келді.

1

2

3

«Қазақстан большевигі», 1939 жыл, № 8, 48 бет.

Өзбек КСР-нің Орталық Мемлекеттік Тарих Мұрағаты, Серебренников қоры.

«Қазақстан большевигі», 1939 жыл, № 8, 80 бет.

Атақты халық ақыны Махамбет Өтемісұлы халықтың ашу-ызасын былай келтіреді:

«Қашаннан сенің қорлығың

Қазақтан, сірә, қалмаған, ханым

Атаң Әбілхайыр, Нұралы,

Айшуақ, Есім, Ералы

Қазақты қатын қылам дегенде

Өзінің басын жалмаған, ханым!»1.

Есім мен Ералы хандардың ордаларын халықпен бірге ойрандаған Сырым Датов батыр

сонымен қатар патшаға бодан болудан бас тартқан Қайып ханды Кіші жүзде хандық

билікке әкелуді талап етті.

«Олардың көмегіне зәру болған Сырым, ханның абыройына жек көрініштікпен қарауды

халыққа уағыздаудан бас тартты...»2.

«...Қайып Сырымның тобынан хан болуға ұсынылды... Мәселе хандық билікті жойып

жіберуде емес, оны шектеуде ғана болды»3.

Халықтың табанды талап етуімен (Сырым тобымен) Орынбор әскери губернаторы Барон

Игельстром Ресей императрицасы Екатерине II-ге Қайып ханды Кіші жүздің ханы қылып

26


бекітуді сұрап ұсыныс жасауға мәжбүр болды. Екатерина ІІ-ші 1786 жылдың 18

қарашасында бұл ұсынысқа екі себеппен теріс жауап берді:

1. Қайып хан Хиуадан қуылған.

2. Ол бірнеше рет Ресейге деген өзінің жек көрініштілігін көрсетті.

Осының бәрі, Қазақтар өздерінің ұлттық мемлекеттілігінің көрсеткіші болып табылатын

хан билігін қалпына келтіруге мүдделі болғанын дәлелдеп тұр.

Кейбір тарихи фактілерді білмеуінің негізінде Якунин, Кенесары тәуелсіз қазақ хандығын

құру туралы міндет қойған жоқ, ол тек қана Абылай хан тұсында, Қазақстан Ресейге

вассалды тәуелділікте болған кездегі жағдайды қалпына келтіру туралы айтты деп қате

мәлімдейді4.

Осылай тұжырым жасай отырып ол, біріншіден, Кенесары күресінің мақсатын

бұрмалайды - өз елінің тәуелсіздігі үшін күресін; екіншіден, ол Абылайдың өз халқының

нағыз патриоты болғанын ұмыт қалдырады; үшіншіден, Абылай ханның тұсында

Қазақстанның барлық аумағы да самодержавиелік Ресейдің вассалдық тәуелділігінде

болған жоқ, оның үстіне Абылай хан біреуге кіріптар да болып көрген жоқ.

1

2

3

4

Қазақтардың ХIХ ғасырдағы жаугершілік өлеңдері, 13 бет.

А. Левшин. Қырғыз-қайсақ даласы мен ордаларын сипаттау. II бөлім, 311 бет.

Профессор М.П. Вяткин. Қазақ КСР тарихы бойынша материалдар, IV том, 16 бет.

«Қазақстан большевигі», 1939 жыл, № 8, 55 бет.

1777 жылдың 23 қарашасындағы патша үкіметінің Жарлығында Орынбор губернаторына:

«Қазіргі кезде Абылайға соншалықты ілтипат көрсете берудің қажеті жоқ, өйткені Орта

Орданың Қытайдың қол астына өтіп кетуі қаупі сейілді...., ал Ресейге қатысына келер

болсақ, сырттай болса да бодандықта деп есептеліп отыр», - деп хабарланған1.

1779 жылдың 4 қазанындағы патша үкіметінің басқа бір Жарлығында Орынбор

губернаторына Абылайдың достық қатынастан қашқақтап жүргендігі бойынша мынадай

нұсқау берілген: «Ант қабылдаудан сытылып кетіп, Абылай орыстарға әртүрлі

келеңсіздіктер тудыру үшін әрекет етуді өз еркінде қалдырды. Сондықтан да Абылайға

мақтау қағаздары мен хандық абыройын көрсететін басқа да белгілер бермеңдер, осы

«жабайы» өзінің әрекеттері кесірінен ашу шақырып жүретін болсын, оған жалақы төлеуді

тоқтатыңдар, сонымен қатар, Ордада Абылайдың беделін түсіру үшін оған үкімет

тарапынан қолдауға ие «қарсылас» қоюға тырысыңдар»2.

Осыдан-ақ патшалықтың Абылайды қаншалықты жек көргені, оның белсенділігін түсіруге

талпынғаны, оған қарсылас қою арқылы оның абыройына нұсқан келтіруді және оған

қарсы қуғын-сүргінді күшейтуді қалағанын айдан анық көруге болады.

27


Қазақтың өмірін жазған А. Левшин Абылайға қатысты патшалықтың істегендері туралы:

«...оны тұтқынға алып, Ресейдің ішкі жағына жер аударып жіберуді де ойлады...», - деп

жазды3.

Абылай бұқара халықтың көңіл-күйін бақылап отыра алды, оған ықпал жасай отырып,

мемлекеттік тәуелсіздік үшін күрес жүргізуге деген ынтасы зор болды.

Сөйтіп, Абылай ешқашанда орыс патшалығының вассалы болып көрген жоқ.

Якунин жолдас қазақ қоғамының тарихи шындығын мүлдем бұрмалап жіберген, ол

Кенесарының хандық билікті орнатып және өзінің хан болғысы келуін реакциялық

талпыныс деп есептейді.

Маркстік-лениндік ілім тарихи жағдайды өмір шындығынан ала отырып нақты талдауды

талап етеді.

Сондықтан да, егер біз қандай да болмасын тарихи оқиғаны қазіргі күнгі көзқараспен

емес, сол оқиғаларды тудырған, оны болмайтындай қылған жағдайлардың көзқарасымен

қарастырғанымызда ғана дұрыс болар еді.

1

2

3

Жарлықтар жинағы 1777 және 1778 жылдар, 126-127 беттер.

Жарлықтар жинағы 1779 жыл, 61-63 беттер.

А. Левшин. Қырғыз-қайсақ даласы мен ордаларын сипаттау. II бөлім, 268 бет.

Сол уақытта қазақтар хан басқарған патриархальдық-феодальдық негіздегі мемлекеттік

құрылымнан басқа мемлекеттік құрылым құра алмайтын еді, - деп Тимофеев пен Федоров

жолдастар өте дұрыс жазды1.

Якунин жолдастың түсінгеніндей, Кенесары хан билігін өзінің қара басы үшін аңсаған

жоқ, патшалықтың мүддесіне қарсы қойды. Кенесарының ісі жалпыхалықтық іс еді,

өйткені қазақтар өздерінің ұлттық мемлекеттілігінің болуына ұмтылды, оның үстіне,

халықтың алдында өз тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күресу мәселесі тұрды, ал ол үшін бір

оралықтағы басшылық құру керек еді, яғни патшалықтың басқыншылығына қарсы күресті

табысты жүргізу үшін хан басқарған мемлекеттік құрылым керек еді.

Якунин Кенесары Қасымовтың күресі реакциялық болғанына оның қырғыздарға

шабуылын мысалға келтіре отырып дәлелдеп, тағы бір тарихи қателік жібереді.

Қазақстандық тарихшылар Тимофеев пен Федоров жолдастар Кенесарыны қырғыз

манаптарының ұстап алып және өлтіруін дұрыс сипаттаған. Олар: «Қоқан үкіметі және

қырғыз манаптары осы жағдайда Кенесарыға қарсы патша үкіметімен бірлесіп

қимылдады. Кенесарыны қырғыз манаптарының ұстап алып және өлтіруі негізінде патша

үкіметі тарапынан ойластырылған», - деп жазды2.

Кенесары «бұқара тарапынан немқұрайлылыққа немесе жек көрушілікке ұшырады» деп

жазған Якунин тағы да қателескен еді3.

28


Өзінің мақаласында: «Орта орданың сұлтаны Кенесары Қасымов, қоқан хандығының бегі

тарапынан өлтірілген өзінің туысқанының кегін алу үшін 1837 жылы қоқан хандығына

қарсы күресін бастайды», - деп жазған А.В. Симоновтың пікірімен де келісуге болмайды4.

Біріншіден, А.В. Симонов қоқандық бек Кенесарының қандай туысқанын, не үшін және

қашан өлтіргендігін көрсетпейді; екіншіден, оның ойынша, Кенесары Қоқан хандығына

қарсы күресті өзінің туысқанын өлтіргендері үшін ғана бастаған болып шығады, ал

мұндай ой қорыту мүлдем қате, өйткені мұндай пікір Кенесарының азаттық күресінің рөлі

мен мәнін төмендетіп тастайды.

1

2

3

«Қазақстан большевигі», 1940 жыл, № 4, 77 бет.

Бұл да сонда, 80 бет.

Бұл да сонда, 54 бет.

4

«Жетісуды әскери отарлау». ӨзКСР-і ХV жылдығына арналған жинақ, 131 бет. ӨзМУ

басылымы, Самарқан, 1939 жыл.

Кенесарының қоқан хандығына қарсы күресінің тарихи тамырын оның туысқандарын

өлтіргеннен емес, ал қоқан феодалдарының қазақ халқын жаулап алып және қанауға

ұшыратқанынан іздеу керек. Кенесарының туған ағалары Саржан мен Есенгелді 1836

жылы Ташкентте қоқандық қанаушыларға қарсы ұлт-азаттық соғыс барысында қоқандық

Бектің бегі тарапынан өлтірілді.

А.В. Симоновтың дұрыс түсінбеуінің себебі, ол Кенесарының екі халықтың да ортақ

жауы ретінде қоқан хандығына қарсы қазақ-қырыз халқының бірлескен майданын құру

туралы міндетін мүлдем бұрмалап жібереді. А.В. Симонов: «Қазақтар мен қырғыздарды

бір мемелекетке біріктіру міндетін орындауға Кенесарының күші келмейтін еді», - деп

жазады1.

Симонов жолдас Кенесары қырғыздарды қандай жолмен біріктіргісі келгендігі туралы

және осыны жүзеге асыруға Кенесарының күші неліктен жетпегені туралы бір ауыз сөз

жазбайды.

Біздің пікірімізше, Кенесары қазақ-қырғыздарды қоқан хандығына қарсы олардың

қанаушылары ретінде біріктіруге ұмтылды, оған дәлел ретінде Кенесарының өзінің

қырғыз манаптарына жазған хатын келтіруге болады: «Менің осында келген мақсатым

жауласу немесе қан төгу емес, қырғыздар мен қара қырғыздардың күштерін біріктіріп,

оларды Қоқаннан бөліп алу, қоқандықтардың қыспағынан құтқарып қалу»2.

Ол осы мақсатын іске асыра алмай қалған себебі, ірі манап Орман Ниязбеков басқарған

қырғыз манаптары қоқан хандарымен тығыз байланыста болғандығында.

Кенесары және оның көтерілісі туралы әдебиеттерге қысқаша сыни шолудың нәтижелері

осындай.

1

29


«Жетісуды әскери отарлау». ӨзКСР-і ХV жылдығына арналған жинақ, 131 бет. ӨзМУ

басылымы, Самарқан, 1939 жыл.

2

Ахмет Кенесарин «Кенесары және Садық сұлтандар», 17 бет.

ҮШІНШІ ТАРАУ

Кенесары Касымовтың көтерілісі қарсаңындағы Казақстанның

халықаралық жағдайы

Қазақ халқының тағдыры сондай ауыр болды, оның көпғасырлық тарихында

қанның ізі бір өшпей-ақ қойды.

Екі әлемнің тоғысында - Батыс пен Шығыстың, ұлы тарихи жолдардың

қиылысында орналасқан қазақ жері – үздіксіз қанды жорықтардың, әртүрлі

басқыншылардың көз алартқан мекені еді. Бұл жер қай уақытта да тоқтауы

жоқ соғыс даласы болды. Сыртқы жаулар өздерімен бірге қайыршылықты,

жоқшылықты, ұлттық езгіні алып келді - олар қазақ халқын құлдыққа салып,

Қазақстанның жерін, байлығын, өзендерін тартып алғылары келді...

Бірақ қазақ халқы еш уақытта да сыртқы жауларының алдында бастарын иіп

көрген жоқ. Оның тарихы, өз отанының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін

көрсетілген ерен ерліктерді жырлайтын, жарқын беттерге толы.

Орыс жылнамаларында алғаш рет қазақтар туралы мәліметтерді біздер ХVI

ғасырда кездетіреміз. Бізге дейінгі жеткен құжаттар Ресейдің сауда

қатынастары Қазақстан халықтарымен сонау Иван Васильевич Грозный

патша дәуірінде болғандығын баяндайды. Иван Грозный патша өз елшілерін

қазақ хандарымен ауыз жаласу үшін жіберіп отырған, оның бір елшісі

(Даниил Губин) пашаға мынаны жеткізген: «Патшам, қазақтар күшті деп

айтады, Ташкентте соғысқан екен, ташкенттік патшайымдар айтып жүр,

қазақтармен екі рет шайқасып, екеуінде де қазақтар оларды ұрып тастапты»1.

Қазақстанды жаулап алуға алғашқы қадам жасаған Петр I-ші. Ол: «бұл орда

бодандыққа кіргісі келмесе, шығынның көп болатынына, миллионға дейін

шығын болатынына қарамастан, Ресей империясының қарамағына бір

қағазбен-ақ өтетіндей қылу керек», - деген.

Парсыларға қарсы жасаған жорығы кезінде, 1722 жылы Астраханда

болғанда Петр, Тәуекелдің айтуы бойынша, былай деген екен: «осы орда

туралы көптеген адамдардан естіп-білдім... барлық азиялық елдерге бұл орда

кілт пен қақпа болып табылады...»2.

Петр уақытында Қазақстанның солтүстік-шығысында бірқатар бекіністер

салынған: 1717 жылы Ом өзені жағасынан Омбы бекінісі және 1720 жылы

Өскемен бекінісі салынып, қазақ даласына ену үздіксіз жалғаса берді. Қазақ

даласын жартылай шеңбер түрінде қоршап алған әскери бекеттер пайда

болды.

1

30


А. Левшин. Қырғыз-қайсақ даласы мен ордаларын сипаттау. Т. 1, 47 бет,

1832 жыл.

2

«Қызыл мұрағат», 1936 жыл, № 5, 188бет.

ХVIII ғасырдың ортасынан бастап қазақ халқының Жоңғар, Қытай, Қалмақ

және де басқа басқыншыларға қарсы табан тірескен күресі жалғасын табады.

Осы басқыншыларға қарсы кескілескен шайқастар жүргізе отырып, көрегенді

Әбілқайыр хан, кейінірек Абылай хан Ресейге қосылуымыз тиіс деп есептеді.

«Патшалық Ресей де Қазақстанды өзіне бағындырып алуға тырысып бақты.

Дегенмен, қалыптасқан тарихи жағдайда Қазақстанның Ресейге қосылуы,

азиялық мемлекеттерге қарағанда өркениеті дамыған елге қосылу болып

табылатын. Сондықтан да Кіші жүздің көрегенді ханы Әбілқайыр ең

ықпалды билер мен халықтың қолдауымен патшайым Анна Иоанновнаға

орыстың бодандығына алу туралы өтініш жасады. Кіші жүздің Ресейге

қосылғанынан кейін Қазақстанның бұл бөлігіне шабуылдар жасалуы

тыйылды».

Қазақстанның Ресейге қосылуының бірінші кезеңі осындай1.

Патшалықтың сыртқы саясатын зерттеуші М.А. Терентьев: «Сонымен,

біздер әлем үшін шарқ ұрудамыз, бірақ әлем қол қусырып отырғанмен

келмейді, оны жаулап алу керек», - деп жазды2.

Патшалық үкімет Қазақстанды фабрика және зауыт өнімдерін шығаратын

нарық ретінде бағалай білетін де еді.

Патшалықтың Орта Азия мен Қазақстандағы саяси белсенділігі Үнді елі

жағынан ағылшындардың басқыншылығы күшейе бастаған кезде,

Ауғанстанда, Бұқарада және Хиуада және ортаазиялық нарықта Англия

тарапынан белсенді қарсыласуға тап болған кезде арта түсті.

Орта Азиядағы орыс отрядының жорығы

№ 1 сурет. Ахмет Кенесариннің «Кенесары мен Садық сұлтандар» кітабынан

1

«Большевик», № 6, 1945 жыл, 78 бет.

2

М.А. Терентьев. Орта Азиядағы Ресей мен Англия, Петербург , 1875 жыл.

ХIХ ғасырдың бас жағында патша үкіметінің Орта Азия, жекелей алғанда,

Қазақстанның нарығына деген көзқарасы біртіндеп өзгереді. Егер осының

алдындағы кезеңдерде патша үкіметі қазақ хандары тарапынан Ресейден

егемендігін жалпы танумен ғана қанағаттанса, енді 1820 жылдары ол бұл

хандардың өзіне саяси тәуелді болуына қол жеткізуді табанды түрде талап

ете бастады, өйткені Ресейде капиталистік қатынастардың, сонымен қатар

31


өнеркәсіптің дамуы ресей буржуазиясының сыртқы саясат мәселелерінде

айтарлықтай белсенділік танытуына алып келді.

Капиталистік өнеркәсіптің дамуына байланысты сауданың да артқаны

байқалды. Күміс ақшаға шаққанда жыл сайын орта есеппен 396.000 рубльге

жуық ақшаға мал айырбасталынылып отырды.

Сондықтан да ХIХ ғасырдың 30-шы жылдары жас буржуазия мен

көпестердің өкілдері үкіметке өз таптары атынан әлі де бағынғысы келмеген

халықтарды, оның ішінде қазақ даласын да жаулап алуды күшейтуді

сипаттайтын саяси іс-шаралардың нақты бағдарламаларын қоя бастады.

Орыс көпестерінің үкіметке көрсететін көмегі Қазақстан мен Орта Азияға

орыс ықпалын тарату жолымен ықпал етіп, сонымен қатар бірнеше әскерисаяси

міндеттерді орындаумен көрініс тапты. Оның ішінде ең маңыздысы

ретінде мына жағдайды қою керек - хандықтардағы, даладағы қалыптасқан

жағдайлар туралы мәліметтер жинау және Ресеймен жақындасу үшін үгіт

жұмыстарын жүргізу.

Жоғарыда келтірілген мәліметтердің барлығы Ресейде өнеркәсіптің және

сауданың қарқынды дамығаны туралы көрсетіп тұр, сонымен «Ортаазиялық

шекараларда сауда жасауда шешуші рөлді Қазақ даласы атқарды»1.

Ал осы уақыттарда қазақ даласы далалық қала-бекіністермен құрсауланып,

олар қазақ жеріне ентелей енудің тірек пунктары есебінде пайдаланылды.

«Шығыстағы жерлерді басып алуға деген құлшыныс орыс патшалығының

дәстірлі саясаты болып табылатын еді», - дейді Маркс. Қазақстан мен

ортаазиялық хандықтарды жаулап алу феодалдық қанаудың базасын кеңейту

үшін қажет болды. Патшалық осында помещиктер үшін жаңа жерлер тапты,

қазына үшін жаңа табыс көзі мен қымбат бағамен тауарларын өткізетін

нарық тапты.

«Ресей, - деп жазды Маркс, - ол жақта (Маркс Орталық Азияны айтып отыр

- Е.Д.) тек қана өз өнімдерін тарату үшін қызығушылық танытып отыр»2.

1

Е.В. Бунаков. Ресейдің ХIХ ғасырда ортаазиялық хандықтармен араласуы

тарихы. «Кенестік шығыстану», т. II, 21 бет, 1941 жыл.

2

Маркс-Энгельс. т. IХ, 396 бет.

Белсенді шабуыл жасау саясатын жүргізе асыра отырып, патшалық

әрқашанда экономикалық және стратегиялық тиімділігі мықты аудандарды

жаулап алуға тырысты. Құнарлы жерлерге бай Қазақстан да осындай жер

еді.

Сөйтіп, ХIХ ғасырдың бірінші жартысы патшалық Ресейдің Қазақстанды

түпкілікті жаулап алу кезеңі болды.

Декабристерді талқандап тастап, Николай І-нің үкіметі елде қатаң жазалау

режимін, шаруаларды басыбайлы қанау режимін орнатты. Ресейдің ішінде

32


болсын, оның шет жақтағы аймақтарында болсын қандай да болмасын еркін

ойлар қатаң жазаланып отырды.

Патшалық Ресей Еуропадағы басып-жаншулардың тірегі болды, Еуропаның

жандармы болды. Ф.Энгельс: «Наполеон соғыстарынан кейін Ресей...

Еуропаның төрешісі ретінде ашық қимылдады; бұл рөлді ол үздіксіз 1853

жылға дейін атқарды, - деп айтты. ...Еуропада, - деп жалғастырды Энгельс, -

Ресейдің басымдығы орнаумен қатар басып-жаншулардың да басымдығы

орнады»1.

Осы басқыншылармен қатар ХIХ ғасыр басталысымен Хиуа хандары да

қанды қырғын сала отырып, Қазақ даласын бағындырғысы келді. Мұхамед

Рахым хандық құрған уақытта (1806-1825 жылдар) Қазақстанның оңтүстікбатыс

бөлігін Каспий теңізінен бастап, Ақтөбе, Қазалыға дейін басып алды.

«Мұхамед Рахым билік құрып тұрған уақытта Хиуа... өзінің территориясын

кеңейтіп, түркімендер мен қазақтардың бір бөлігін өзіне бағындырды»2.

Осыдан-ақ осы басқыншылардың арқасында Қазақстан территориясын

жаулап алу үшін қашанда күрес жүріп отырғанын көруге болады. Бұл факт

туралы ірі шығыстанушы ғалым, академик В.В. Бартольд:

«Қоқандықтардың қырғыз даласына деген өзімшілдігі орыстармен

қақтығысуға алып келді, мұнан бұрын Сырдарияның төменгі ағысын өз

мемлекетінің шекарасы деп есептейтін хиуалықтармен де соғысқан еді», -

деп жазды3.

1

К. Маркс и Ф. Энгельс. Шығармалары, т. 15, 221 бет.

2

КСРО тарихы, т. 2, 272 бет.

3

В.В. Бартольд. Түркістанның мәдени өмірінің тарихы, 114-115 беттер.

Ресей мен Хиуа арасындағы қазақ жерін иемденуге байланысты даулы

мәселені шешу үшін 1839 жылдың тамыз айында Хиуада кеңес өтеді, ол

басталмай жатып Аллақұл хан қазақтардың территориясын белгілеу

мәселесіне тоқталып, өзінің Жем, Ырғыз және Торғай өзендеріне иелік еткісі

келетіндігін жеткізді.

Ханның осы айтқандарына жауап ретінде Никифоров былай деген: «...Егер

мемлекетті басқарушы император Сырдың оң жағасын жайлауымыз керек

деп шешетін болса, онда ол жерді ханның келісімінсіз-ақ иелене алады»1.

Бұл кеңесте қазақтар жағынан: Жоламан Тіленшин, сұлтан Жаңғазы,

Рахманқұл және Жүсіп Сырымовтар қатысып отырған. Олар қазақтардың

ешкімге де бағыбайтынын және бағынғылары келмейтінін де дәлелдегілері

келіп бақты. Сол кезде Никифоров қазақтардың Ресей боданы боламыз деген

антынан үзінділер келтірді.

Сөйтіп, бұл кеңесте ешқандай келісім жасалмады, өйткені Никифоров қазақ

жерінің Сырдарияға дейінгі аумағын алғысы келді, ал Аллақұл өздерінің

33


Жем-Торғайға дейінгі жерлерге билігін жүргізгісі келді, ал қазақ халқының

өкілдері болса өз жерлерінің бір телімін де өзгелерге бергілері келмеді.

Хиуа ханы өз агенттерін қазақтардан алым-салық жинап әкелу үшін үнемі

жіберіп отырды. Оның агенттері қазақ даласына молда кейпінде ене отырып,

діни фанатизмді қоздырып, қазақ рулары арасында алауыздық туғызып,

оларды орыстардың бекіністеріне шабуыл жасауға шақырып отырды.

Хиуалықтар үнемі қазақ ауылдарына жойқын шапқыншылықтар жасап

отырды. Қазақтардың хиуа әскерлеріне қарсы тұрарлықтай күштері

болмады. Сол кездердегі өлшеммен Хиуа мықты және жақсы қаруланған

әскерге ие болды.

1819 жылы хиуалық зекет жинаушылар Сырдарияға келген. Арынғазы

оларды ұстап алуға бұйрық беріп, патша үкіметіне тапсырып, Орынборға

жіберді. Осыған жауап ретінде Мұхамед Рахым хан қанды кек алуды ойлап,

1820 жылдың ақпан айында он мың әскерімен Арынғазы ауылына

тұтқиылдан шабуыл жасап, оны жермен-жексен етті. Арынғазының өзі

қашып құтылды, ал оның екі інісі мен шешесі тұтқынға түсті. 350-ден астам

қазақ өлтірілді, 1000-нан астам әйел күңдікке кетті, 4173 түйе, 7085 жылқы,

1138 сиыр, 45 645 қой айдап әкетілініп, сонымен қатар салық ретінде 17 573

қой мен 2364 түйе жиналып алынды2.

Тауар-ақша қатынасының дамуына байланысты, сыртқы саудамен тікелей

байланысты сауда-несиелік капитал да дами бастады. Осы жағдайға

байланысты Қоқан хандарының да өздерін қоршап жатқан қазақ халқына

деген қатынасы өзгеріп, көшпелілірдің шет аймақтары есебінен өз

территорияларын одан әрі кеңейту үрдісі белең алды.

1

М.А. Терентьев. Орта Азияны жаулап алу тарихы, т. 1, ХI тарау, 186 бет.

2

А.И. Добросмыслов. Торғай облысы. Тарихи очерк, Орынбор

Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы. 17 шығарылым, 1902 г

басылған, 263 бет.

Осы мақсатпен Ташкенттің билеушісі Жүніс қожа әскер жинап, 1798 жылы

Қазақстанның Ұлы жүзіне басып кірді. Қазақтар өз тәуелсіздіктері үшін

ташкенттік басқыншыға қарсы табанды күрес жүргізді. Дегенмен олардың

қалалық, жақсы қаруланған күштерге қарсы соғысты ұзақ жүргізулеріне

мүмкіндіктері болмай, Ұлы жүздің бір бөлігі Жүніс қожаға бағынып,

басқалары Ертіс өзеніне қарай кетіп, Ақтау тауы мен басқа да жерлерге қарай

көшіп кетті. Өзінің жасаған шапқыншылығының алғашқы кезеңінде Жүніс

қожа өзінің билігін Ұлы жүздің территориясын басып алып, Шымкент,

Сайрам және Түркістан аудандарымен шектеді. Осы кезден бастап қазақтар

Қоқан феодалдарының боданы болды.

Тонаушылық соғыстарды жүргізе отырып, ірі жер иеленуші Қоқан ханы Әлім

ХIХ ғасырдың басында өзінің күшін бір билікке біріктіруге тырысты және

34


өзінің иеліктерін Қоқанның солтүстік аймағында орналасқан бөлек-бөлек

қалаларда өздерінің еркіндіктерін сақтап қалған ірі феодалдардың есебінен

кеңейтіп алғысы келді. Әлім хан ең бірінші өзінің назарын Ташкентке

аударды. 1810 жылы Ташкенттің билеушісі Жүніс қожаның қайтыс

болғанын пайдаланып қалуға тырысып, Әлім хан өзінің інісі Омардың

басқарумен ол жаққа өзінің әскерін жібереді. Омар алдымен Шыршықты

шабады.

Шыршық үшін шайқаста Ташкенттің жаңа билеушісі Сұлтан қожа жеңіліске

ұшырап, тұтқынға түсіп қалады; содан соң Ташкент билеушісі өзінің Қоқан

ханына тәуелді екенін мойындады.

Әлім хан өлген соң (1816 жыл) Омар Қоқан ханы болды, ол Ташкент

арқылы үнемі қазақ даласына жорықтар жасап тұрды.

1816 жылы Омар хан өз әскерлерімен, жергілікті тұрғындардың

қарсылығына қарамастан, Түркістанға кірді. Сонан соң Омар ханның отряды

шайқаса отырып Созақты алды да, Шымкент пен Сайрамға қарай ілгері

жылжыды.

Тентек төренің басқаруымен 12 000 қазақтар Омар ханның қарулы

әскерлеріне қарсы Шымкент пен Сайрам үшін табанды күрес жүргізді, бірақ

қарулары жоқ боғандықтан және ұйымдастырудың дұрыс болмағандығынан

берілуге мәжбүр болды.

«Ұзаққа созылған қоршаудан кейін келіссөздер жүргізілді, соның

нәтижесінде Тентек төре ханның билігін мойындап, Қоқанға өзінің ұлын

айғақтарымен жіберді»1.

Өздерінің іс-қимыл орталығы ретінде Шымкент пен Сайрамды таңдап алып,

қоқандық әскерлерін Ақмешіт, Әулие Ата, Мерке, Алматы және Аягөз

даласына дейінгі бағыттар бойынша отрядтарға бөліп, 1810 жылдан бастап

1820 жылдың ішінде Қазақстанның қазіргі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,

Жамбыл, Алматы және Семей облыстарына дейінгі жерлерді жаулап алды.

1

В. Наливкин. Қоқан хандығының қысқа тарихы, 119 бет, 1886 жыл, Қазан.

Қазақтардың үстінен өз биліктерін орнатып алған соң, Қоқан хандары,

феодалдары қазақ еңбекшілерін аяусыз жұмысқа салды, олардың өздері

«Бектердің бегі» деген атағы бар Ташкент басшысының бағынышында

болды.

Мұсылман діндарларының ықпалын кеңінен пайдалануға ұмтыла отырып,

олар далада мүридизмді таратып, айдай анық құран-исламды насихаттауды

қолға алып, мешіттер мен медреселер салды.

Шикізатты сатып алу мен қалалық қолөнер өнеркісібінің өнімдерін өткізу

үшін қоқандық көпестер Қазақ даласының әр жерлерінде базарлар мен

жәрмеңкелер ұйымдастырды, оларға көшпелі халықты да тартқылары келді.

Қазақ даласының базары бар жерлеріне өзбектер, татарлар және т.б.,

негізінен сауданы көздегендер ене бастады. Олар айырбас сауданы несиеге

35


жасай отырып, барлық базарларды иемденіп алғылары келді. Көпестер

қазақтарды тауарлардың ең төменгі сорттарын жоғары бағамен қамтамасыз

ете отырып, олардан шикізатты ең төмен бағаға алып отырды.

Сонымен қатар, өздерінің қазынасының табысын көбейту мақсатында Қоқан

хандары қазақ ауылдарына үнемі жасауылдарын, шенеуініктерін жіберіп

отырды. Олар ауыл-ауылды аралап, салықтар мен зекеттер жинап алып

жүрді. Бұл әрекеттер әкімшілік орталықтар тарапынан ешқандай бақылауға

алынбағандықтан, көп жағдайларда жаппай бопсалау мен тонау сипатында

болды.

Жоғарыда келтірілген фактілердің барлығы, өзінің шаруашылық және саяси

артта қалуының кесірінен қазақ халқы күшті көршілері: Ресей, Хиуа, Қоқан

және Қытай тарапынан қорлық көріп отырғандығын көрсетеді.

Еңбеккер қазақтардың Қоқан хандары тарапынан езгіге ұшырағаны

Сырдария қазақтарының үстінен қоқандықтар билеп-төстеген кезінде

шығарған өлеңдерінде айқын көрініс тапқан. Онда қоқандық зекет

жинаушылардың өз ойларына келгендерін істегені баяндалады:

Ассалаумағаликум, хан ием,

Бақытсыздығымның бастауы,

Басыбайлың алдыңда,

Оның да зарын тыңдағын,

Бір сөзім болса өтірік -

Шабуға бердім басымды!

Жіберген біздің қоғамға,

Жүзбай деген зекетшің,

Аюандық танытып,

Халықты қан қақсатты,

Оның да жүрді қасында,

Қаратамыр Даданы,

Шашбауын оның көтеріп

Қырық шақты адам жүр,

Шоңмұрын аты жазғыштың,

Төлеген деген сумақай,

Алты жолақ дорбадан,

Аттарын тегін жемдейді,

Келсаптан да құн сұрап,

Кеусенменен алады.

Ертеңмен зекет тағы да,

Әр төмпешіктен ерекше,

Даладан келген сорлы наймандар

Қарайды да таңданады.

Айтсаң болды, ұрады,

Өлтіріп те тастайды.

Шарасыздықтан Наймандар,

36


Бағынғанды ғана біледі,

Зекетшілерің жауыздық танытады,

Сөз айтып көрші, байлайды,

Басшысыз қырғыз не істемек,

Басында жоқ билігі,

Ала берсе - тоймайды!

Біз жыласақ, күледі...

Әдемі қыз-келіншектері,

Қалағандарынша зорлайды.

Ал көрсеткен қорлықтары,

Басқа да істеген зорлықтары,

Айтар едім әлі де,

Айтуға мен қорқамын»1.

Қоқан хандарының, шенеуініктерінің осындай басып-жаншулары мен

қанауларына қарсы қазақ халқының арасында бірнеше айтарлықтай толқулар

болды, кей кездері қарулы күштер қолданылды. Мысалға, Ұлы жүздің

басшы сұлтаны Сүйек Абылайханов 1832 жылдың 1 тамызында Аягөз

приказының бастығына: «Рүстем сұлтан, Жүніс болысында болған кезде, сол

жердің қырғыздарымен бірлесе отырып, дуанбекті онымен бірге келген 76

адамымен қоса өлтірген», - деп хабарлайды»2.

1

Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Орынбор бөлімінің

жазбалары, III шығарылым, 280-284 беттер.

2

Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Семей бөлімінің

жазбалары, 1 шығарылым, 97 бет, 1903 жыл.

Көтерілістерді басып-жаншу үшін, сауда керуендерінің қауіпсіздігін

қамтамасыз ету үшін және зекет жинаушыларға көмек беруі үшін қоқан

басқыншылары қазақ даласының әркелкі жерлеріне бекіністер тұрғызды. Бұл

бекіністерде тұрақты түрде дуанбек бастаған 100-ден 300-ге дейін

қаруланған нөкерлер мен жасауылдар болды.

Патша отарлаушыларының да, Қоқан хандығынаң да салған қамалдары

көшпелі даланы шабындықтар мен жайлаулардан бөліп тастап отырды,

сөйтіп қазақтардың шаруашылығының негізіне балта шауып, оларды

экономикалық кіріптарлыққа соқтырды.

Қазақ халқының осындай қиын жағдайы оларды өздерінің қанаушыларына

деген жек көрініштілігін тудырды. Сондықтан да қазақ даласында қоқандық

хандарға, бектерге қарсы халық көтерілістері болып отырды, бұл

көтерілістерді ықпалды қазақ батырлары: Кенесары, Есет, Жанқожа

Нұрмұхамедов, Бұхарбай және басқалары басқарды.

37


Қоқан ханы мен Бұқар әмірі арасында соғыс өрті тұтанған кезде, Кенесары

Ұлы жүздің қазақтарын Қоқан ханының билігінен құтқару мақсатында Бұхар

әмірін жақтап шықты.

«Сұлтан Кенесары Қасымов, көптеген өлеңдер мен аңыздарда жырланған

қырғыз батыры, 1837 жылы ішкі қырғыздарды Ресей мен Қоқаннан тәуелсіз

қылу үшін халықтық соғыс бастады»1.

Өткен ғасырдың 30-шы 40-шы жылдары Қазақстан қуаты күшті мемлекеттер

- Ресей, Хиуа және Қоқан тарапынан барлық жағынан қоршалынып,

қыспаққа осылай алынылды. Осы мемлекеттердің ешқайсы да қазақтардың

өз алдына мемлекет болуын қалаған жоқ және оған жол бермеді де. Сол

кездегі Қазақстанның жағдайын Сталин жолдастың айтқан мына сөздері

сипаттап беріп тұр: «қыспаққа түскен ұлттар өз бетінше өмір сүруге оянған

кезде, тәуелсіз ұлттық мемлекет бола алмай қалады: олар өз жолдарында

мемлекеттің басына баяғыда шығып алған бұйрық беруші ұлттың басшы

топтары тарапынан қатты қарсылыққа тап болады»2.

Жоғарыда келтірілген фактілердің барлығы, зеріттеліп отырған мерзімде

Қазақстанның халықаралық жағдайы сыртқы басқыншылардың шабуылға

шығып, сөйтіп қазақтардың өздерінің тәуелсіздігі үшін күресуіне моральдық

алғышарттар жасалғанын дәлелдеп тұр. Сондықтан да Кенесарының халық

азаттық қозғалысын жалпы халықаралық жағдайдан бөліп қарауға болмайды,

өйткені халықаралық жағдай оның көтеріліске шығуының маңызды факторы

болып табылды.

1

«Ресей», т. ХVIII, Қырғыз Өлкесі, 355 бет.

2

И. Сталин. «Марксизм және ұлттық-отарлау мәселесі». 11 бет, 1934 жылғы

басылым.

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Кенесары Қасымовтың көтерілісі қарсаңындағы қазақтардың

әлеуметтік-шаруашылық және саяси жағдайы

«Күн нұрына бөленген,

Қазағыма қарашы.

Тянь-Шаньнан басталып

Орал тауына барады,

Қазақтың бар өз елі,

Мәңгілікке өз жері»...*

(Жамбыл)

(*Ескерту. Жамбылдың қай шағармасынан алынғаны көрсетілмегендіктен,

осы жолдардың түпнұсқасын анықтау мүмкін болмады. Сондықтан жолмажол

аударған мен – Н.Е.)

38


Қазақ КСР-ің байтақ жері 2,7 миллион шаршы шақырымды алып жатыр.

Көлемі жағынан Қазақстан Германияны, Францияны, Италияны, Англияны

және Жапонияны қоса есептегенде болатын территорияны алып жатыр.

Қазақстан өзінің жер-климаттық жағдайы мен өсімдік өсу әркелкілігімен

ерекшеленеді.

Оңтістіктен солтүстікке дейін 1700 шақырым және батыстан шығысқа дейін

3000 шақырым жерге дейін дархан дала төскейі жайылып жатыр. Бұл даланы

қазақтың үш «жүзі» жайлады. Алексей Левшиннің айтуы бойынша, ХIХ

ғасырдың 30-шы жылдары бұл далада жарты миллионға жуық үй болған.

Ұлы жүз 100 000 үйден тұрды, орта - 210 000, ал кіші - 190 000. Егер орта

есеппен әр үйде 6 адамнан тұрды десек, онда шамамен екі жынысты қосып

есептегенде 3 000 000 адам болады. Негізгі кәсібі – мал бағу. Ол байлық көзі

және сүйіп істейтін ісі болды. Мал бағу үнемі жақсы жем-шөп іздеуге

мәжбүрледі, сөйтіп қазақтарды көшпелі өмір сүруге итермеледі. Негізінен

қой, ешкі, жылқы және түйе малданын өсірді. Ірі қара малды аздап қана Жем

өзенінің солтүстік жағындағы қазақтар ғана ұстады, оның өзі оларда да ХVIII

ғасырда ғана пайда болды. Шаруашылығындағы малдың саны қожайынның

байлығын көрсетті.

Орта жүздің қазақтарының малы өте көп болды және сапасы да жоғары еді,

осының өзі оларға бірқатар үстемдік берді.

Мұрағат деректері бойынша Кіші жүздің Бөкей ордасының байлығы мұнша

болған екен:

1825 жыл 1830 жыл

Түйе 51 850 45 000

Жылқы 491 100 250 000

Ірі қара 105 000 150 000

Қой 1 924 000 1 500 000

БАРЛЫҒЫ 2 572 050 1 945 000

Келтірілген мәліметтен қазақтардың кедейленіп кеткені көрініп тұр. 1826

жылы әрбір үйге 245 бас мал келсе, 1830 жылы - 190 бастан, ал 1839 жылы

- 155 бастан келіп тұр1.

40-шы жылдары мал басы одан сайын азаяды. Үй басына салынатын салық

бойынша мынаны көруге болады. Батыс бөлігінде 65 000 үй - 325 000 адам,

Орта бөлігінде 55 000 үй - 275 000 адам және Шығыс бөлігінде 25 000 үй -

125 000 адам. Сонымен қатар Сырдария ауданында 15 000 үй - 75 000 адам.

Сөйтіп 800 000 адамы бар 160 000 үй болып шығады. Малдың саны

шамамен:

Қой 5 000 000

Жылқы 400 000

Түйе 340 000

Ірі қара 100 000

БАРЛЫҒЫ 5 840 000

39


Бұл санды оп-оңай 6 000 000 деп алуға болады, өйткені малдың басын санау

өте қиын болды, иелерінен олардың санын білу мүмкін болмады.

Егер 6 000 000 малды 800 000 адамға шағар болсақ, адам басына 7,5 бас мал

шыға келеді.

Малдың көбісінің және ауылдың қауымдық жерінің қожайындары болып

жартылай феодалдар мен байлар табылды. Кедей және әлсіз қазақтың

шаруашылығы іс жүзінде ірі мал шаруашылығының қосымшасы ғана болды.

Қазақтардың әлеуметтік-шаруашылық өмірін зерттеуші Алексей Левшин

«...ең бай қырғызда олардың жиырма мыңы бар. Қой ол үшін заттың бағасын

анықтауда ақшаның орнына жүреді... Байлардың рабайда біреуі ғана

отарында қанша қой бар екенін біледі. Байлар өздерінің 400, 500 және одан

да көп түйелеріне ие. Табындарында 8, 9 және тіптен 10 000 жылқысы бар

қырғыздар да бар», - дейді2.

Алексей Левшин, 8000-нан астам жылқысы бар бір бай қырғыздан өзінің

жылқыларының біразын неге сатып жіберіп, ақша қылмайсың деп сұраған

кезімде, ол: «Мен өзімнің көріп отырған қызығымды неге сатуым керек?

Ақшаны мен сандықта сақтауым керек, ал оны кім көріп жатыр? Менің

табын-табын жылқым далада жайылып жүрсе, менің бай екенімді барлығы да

айтып жүреді ғой» деген жауап алдым деп жазады3.

1

Орталық әскери-тарихи Мұрағат, ӘҒМ қоры, № 18544 Іс. Романовтың

жазбалары, 18-19 беттер.

2

А. Левшин. Қырғыз-қайсақ ордалары мен даланы сипаттау, II бөлім, 1832

жылғы шығарылым.

3

А. Левшин. Қырғыз-қайсақ ордалары мен даланы сипаттау, II бөлім, 1832

жылғы шығарылым, 83-84 беттер.

Барлық қазақ шаруашылығының жартысына жуығы тегін жұмыс күшінің көзі

болып табылып және ірі байлардың қолына қарап отырған кіріптарлық

қанауда болды. Кейбіреулері байлар мен жартылай феодалдардың

қанауларына шыдай алмады. Осының кесірінен бірнеше мыңдаған отбасы өз

далаларын тастап, Ресейге қарай көшіп кетуге мәжбүр болды. Кедейлердің

көпшілігі немесе байғұстар деп аталатындар шекара асып кетті. Қазақ

даласында мыңғырлаған қой, ешкі, жылқы, ірі қара мен түйелер қаптап

жүрді. Оларды қақаған қыстан қорғап қала алатын ештеңе де жоқ еді.

10 000-15 000 қой, 5000-6000 жылқы үшін қора-қопсы салу, өте қиын

болатын.

Сондықтан да көшпенді елдің малдары жыл бойы ашық аспан астында

болды. Қыстап шығу үшін қазақтар адырларға, құмдарға, қамыстарға және

басқа жерлерге көшіп барып жүрді. Жем-шөп жинап қойылмады, болса да

40


олар тиімді пайдаланылмады. Сондықтан да ыңғайлы жайылымдар мен

қыстаулар байлар тарапынан басып алынып отырылды. Өз аяқтарымен шөп

тауып жеуге мәжбүр мал, бір жерден екінші бір жерге айдап апарылуы тиіс

болды. Көктем келген соң қазақтар «жайлауға» көшіп баратын. Күзде, қысқа

салым осы жол тағы да қайталанылатын. Мал жейтін шөптің тапшы болуы

малды шөбі шүйгін алыс аймақтарға айдауға мәжбүрледі. Жиі-жиі бұл көшу

малдың көптеп қырылуларына алып келді, 1816 жылғы көшу кезінде де

осындай жағдай орын алды.

Мұрағаттағы деректерден ұлы жұт туралы мәліметтерді табуға болады:

«...Жем, Сағыз өзендері, Каспий теңізінің аралдарында Шам құдығының

және қырғыздардың басқа да далалық өзендері бойында әртүрлі малдар

қырылып қалды, сөйтіп кейбіреулерінде жылқы да, қой да, түйе де қалмады,

ал 9 000-нан астам қойлары мен жылқылары болған байларда 100 жылқы,

60-70 шақты қойлары ғана қалды, ал жарлылардың соңғы малына дейін өліп

қалды»1.

Ғұбайдулла Фатқұллинның хабарлауы бойынша, бұл жұт Кіші жүзде ғана

емес, барлық жерлерде де болған. Қырғыз-қайсақ ордасы жоқ болып кетудің

аз-ақ алдында болды2.

Осындай адам айтқысыз жұттар ХIХ ғасырдың бірінші жартысында,

Кенесары Қасымовтың көтерілісі қарсаңында (1808, 1810, 1816, 1823 және

1833 жылдары) жиі-жиі қайталанып отырды. Осының кесірінен қазақтардың

шаруашылығы орасан шығынға батып, жарлылар мен орташалар аштыққа

ұшырап, балалардың шетінеп кетуі жиіледі. Ұрлық жасау мен барымталау

белең алды.

1

Профессор М.П. Вяткин. Қазақ КСР тарихы бойынша материалдар, т. IV,

186 бет, 1940 жылғы басылым,

2

Профессор М.П. Вяткин. Қазақ КСР тарихы бойынша материалдар, т. IV,

188 бет, 1940 жылғы басылым.

Патшалықтың отарлау саясаты да жағдайдың қиындап кетуіне септігін

тигізді. Осыны қарастырайық. Ең алдымен біз қанаушылықтың белең алып

кеткеніне назар аударуымыз керек. Отарлау мақсатында жерлерді басып алу,

феодальдық-кулактық жаншу мал өсіруге ықпал етпей, керісінше – мал

басының қысқаруына алып келді.

1804 жылы князь Волконский былай деп жазды: «Мемлекеттің пайдасына

байланысты жасалып жатқан кесірлердің ішіндегі ең маңыздысы барлық дала

бойынша мал өсірудің айтардықтай азайып келе жатқаны; біздің өнеркәсіптің

осы саласы қазір қолдан әлсіздендіріліп отыр, егер осы жағдайды дұрыстауға

тездетіп шаралар қолданбайтын болсақ, онда бұл сала одан әрі құлдырап,

мүлдем пайдаға аспай қалуы мүмкін...»1.

41


Жер қазақтарға мал бағу үшін ғана емес, егін егу үшін де қажет еді, бірақ ол

кездері бұл шаруашылықпен қазақтардың аз ғана бөлігі айнасқан болатын.

Далаға орыс казактары көптеп ене бастады. Қазақтар жер игеруді үйрене

бастады. Сондықтан да өзендер, көлдер жағалауларында аздаған егістіктер

пайда бола бастады. Алдымен бұл кәсіппен көшіп-қонып жүруге шамалары

жоқ жарлы-жақыбайлар айналысты. Байлар «жайлауға» көшіп кеткен кезде,

олар «қыстауда» қала берді. Жер игеруге оларды жер аударып келген

орыстар мен ташкенттік өзбектер үйретті. Олардың шаруашылығы да

отырықшы болмады: олар өздері еккен егіндердің жанында және оны айнала

көшіп жүрді. Шыққан егінді орып алып және кептіріп, олар басқа жерлерге

қарай көшіп кетіп жүрді. Негізгі еккендері қара бидай, бидай, арпа және ең

көп тараған дақыл – тары болды. Қазақтар тарыдан «сөк» жасайтын еді, ал

одан қазақтардың сүйсініп жейтін тағамдары жасалды. Оның үстіне тары

көп өнім беретін, аса күтіп-баптауды қажет етпейтін, шыдамды дақыл еді.

ХIХ ғасырдың 40-шы жылдарына таман Сырдария қазақтары мен қала

маңдарындағы қазақтар қауын, қарбыз және басқа да бақша дақылдарын еге

бастады. Егін егу жағалауы жатықтау келетін өзендердің жанына көшіп

баруға мәжбүрледі, өйткені ол жерлерде егінді қолдан суаруға болатын еді.

Дегенмен де шаруашылықтың бұл түрі баяу дамыды. Казактар шұрайлы да

ыңғайлы жерлерді басып ала берді. Олар жері құнарлы, суы мол жерлерге

орналасып алды.

1

Профессор М.П. Вяткин. Қазақ КСР тарихы бойынша материалдар, т. IV,

28 бет, 1940 жылғы басылым.

А.К. Гейнс: «Орналасып алған жерлерінде казактардың колониялары өсіпөркендеп,

байып шыға келді, казактарға оған қажетті нәрселерді табиғаттың

орындауы үшін... көп терлеп-тепшудің де қажеті жоқ еді. Казактардың

мекендері өте жақсы және құнарлы жерлерге, орманмен көмкерілген және

суы мол, жеткілікте дәрежеде шабындық, орман және егістік егетін жерлер

кесіліп берілген, биік емес төбелер бар жерлерде орналасқан»1, - деп жазды.

Осындай ыңғайлы ормандар, Гейнстің айтуы бойынша, Көкшетау, Атбасар,

Қарқаралы және Баянауыл округтерінде болған екен.

Бұл округтердің барлығы Абылайдың иелігіндегі Орта жүз аумағында еді,

осының бәрін осы жерде өскен кішкентай ғана Кенесары Қасымов көзімен

көріп өсті.

ХIХ ғасырдың 40-шы жылдарындағы қазақтардың саудасы туралы бірер сөз.

Жоғарыда келтірілгендерден көрініп тұрғанындай, қазақтардың

шаруашылығы негізінен мал бағу және ішінара жер игеру болды. Қазақтар

қажетті нәрселердің барлығын өздерінің мұқтаждары үшін өндіріп отырды.

Тауар шаруашылығы болған жоқ. Бай-феодальдық шаруашылықтар өз

өнімдерінің артылғандарын сатуға шығарып отырды, оның өзінде аздап қана,

азық-түлік алу үшін ғана, басқа сауда болмады.

42


Қазақтар орыстармен, өзбектермен, қытайлармен, татарлармен сауда

жасасты. Саудаға шығарылған нәрселер: мануфактура, киімдер және

әртүрлі өнімдер болды. Қазақтардан арзан бағаға мал сатып алынды, мұның

өзі зор пайда түсіріп, шекара маңындағы тұрғындарды байытты. Сауда

нысаны тауар айырбастау болды. Айырбас жасаудың негізгі жерлері:

Орынбор, Омбы, Троицк, Петропавловск бекінісі, Пресногорьковск,

Семей, Өскемен, Орал болды. Сонымен қатар сауда ұсақ бекіністер мен

тұрғылықты жерлерде, тіптен форпосттарда жасалынып отырды. Барлық

сауда нүктелерінің ішіндегі маңыздысы Орынбор болды. Сауда жасау

уақыты - шілде, қазан, қараша айлары. Сатылатындар: мал, жүн, терілер,

сонымен қатар тері шикізаты: қасқырлардың, түлкілердің, қояндардың және

тағы басқалардың терілері. Орынборда 1800 жыл мен 1821 жылдың

аралығында айырбасталынып алынған малдың саны туралы ведомостте:

«Мәлім болғанындай олар барлық жақпен жыл сайын 2 миллионға дейін қой

және 100 000-ға жуық жылқы айырбастап алаты, басқа тауарларды

есептемегенде, - деп жазылған2.

Сауданы қыздыра түсу үшін өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары

жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Бұл жәрмеңкелерде қазақтар, Левшиннің

айтуы бойынша, Орынбор және Саратов губерниялары бойынша жыл сайын

30 000 жылқы және 70 000 қойға жуық мал сататын, ол үшін қазақтар 1827

жылдың орташа бағасы бойынша әрқайсынан 6 сом 50 тиын ақша алды.

Ақша мен тауарларды 2 600 000 мың сомға және 3000 жылқы үшін - 100

мың сом ақша алған.

1

А.К. Гейнстің әдеби еңбектерінің жинағы, т. 1, 276-277 беттер.

2

А. Левшин. Көрсетілген шығармасы, III бөлім, 226 бет.

Шығыстанушы профессор Е.В. Бунаков орыстардың қазақтармен

арасындағы тауар-айырбас сауданы былай сипаттайды. 1801 жылы Ресейге

әкелінгені - 3392 сом, ал алып шыққаны 83 000 сом шамасында. Ресейге

әкелінгеннің ішінде 99%-ы тірі малға тиесілі. Ресейден шығарылған

заттардың ішінде 90%-дан астамы текстил мен теріге тиесілі.

Профессор Бунаков, екі жақтың пайдасын салыстыра отырып, былай деп

жазады: «Олардың (қазақтардың- Е.Д.) орыс көпестерінен 63 000 сомға

алған тауарларының «шынайы бағасы» бағасымен олар 333 000 сом

құрайтын тауар беріп қойды». Сөйтіп, орыс көпестерінің пайдасы 250 000

сомды құрады1.

ХIХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласына әкелінген заттардың

ішінде ең бастысы ұн, темекі, металл бұйымдары, маталар, позументтер,

галантерея және басқалары болды.

Ресейдегі капиталистік өндірістің дамуына байланысты орыс-татар көпестері

далаға дендеп ене бастады, айырбас сауда кең етек ала бастады. Сондықтан

43


да ХIХ ғасырдың орта тұсында ортаазиялық шекарадағы орыстардың

саудасында маңызды рөлді Қазақстан атқарды.

ХIХ ғасырдың ортасында барлық азиялық шекара бойындағы өзге

мемлекеттермен Ресейдің саудасының қаншалықты болғанын мына

көрсеткіштерден білуге болады (жалпының пайызына шаққанда).

Ел Ресейден шығарылатын Ресейге әкелінетін

1. Қытай 60.0 43.0

2. Қырғыз даласы 16.8 13.0

3. Иран (Парсы) 8,1 23.6

4. Азиялық Түркия 7,2 5,2

5. Бұқара 3,2 4,3

6. Хиуа 0,8 1,5

7. Қоқан 0,2 0,2

8. Басқа елдер 3,7 8,4

Бұл мәліметтер ХIХ ғасырдың 40-шы жылдарында Қазақстанның Ресеймен

арасындағы айырбас сауданың азиялық хандықтармен салыстырғанда

Қытайдан соң екінші орынында болғанын көрсетеді.

Ресеймен және азиялық хандықтар арасындағы арадағы бұл айырбас

сауданы феодалдар ғана, оның ішінде хандар мен сұлтандардың өздері

жүргізді. Феодалдардың кейбір топтары сауда әлемінде рөл атқара бастады.

1

Профессор Е.В. Бунаков. Ресейдің ХIХ ғасырдағы Ортаазиялық

хандықтармен араласуы тарихы. «Кеңестік шығыстану», т. II, 10-11 беттер,

1941 жылғы басылым.

Макарьевтік жәрмеңке, Орынбор маңындағы айырбас ауласы, Бұқара, Хиуа,

Ташкент, Қоқан - байлар мен қазақ хандарының шабармандары мал

шаруашылығы өнімдерін фабрикаттарға ауыстыруға баратын жерлері болды.

Отырықшылық облыстармен қарым-қатынас күшейе берді. Ұсақ малдар мен

олардың шикізаттарымен сауда жасау зор маңызға ие бола бастады. Ірі қара

малға қарағанда сауданың осы түрі көп жалынатын еді. Сондықтан да

нарықпен қатынаста болу және оған бейімделу ірі байлардың

шаруашылығында бастау алды.

Феодалдардың, помещиктердің және көпестердің мүдделерін көздеген жаңа

нарықтар мен отарлаушылық тонаулар Ресей өнеркәсібінің дамуына әсер

етті.

Жаңа ғана аяғынан тұрып келе жатқан ресейлік өнеркәсіп өз тауарларын

өткізетін нарық және арзан отарлық шикізат көзі ретінде Орта Азия мен

Қазақстанды басып алуға тырысты.

Сондықтан да ХIХ ғасырдың басынан бастап патша үкіметі Қазақстан мен

Орта Азияны басып алу саясатын жандандыра түсті. ХIХ ғасырдың бірінші

44


жартысы патшалық Ресейдің Қазақстанды түпкілікті жаулап алу кезеңі

болды.

Кенесары көтерілісі қарсаңында қазақтардың әлеуметтік-экономикалық

жағдайлары туралы қысқаша шолу осындай.

Енді Кенесары Қасымов көтерілісі қарсаңында қазақ қоғамының әлеуметтікқоғамдық

құрылымы туралы бірер сөз.

Зерттеліп отырған кезеңдегі қазақтардың өмірінде нақты тарихи фактілердің

негізінде әртүрлі топтардың болғандарын білеміз: хандар, «ақ сүйек»

сұлтандар, мұрагерліктің арқасында артықшылықтарға ие болған

Шыңғысханның ұрпақтары осылай аталды. Бұқара халық осы хансұлтандарға

әртүрлі нысанда салықтар төлеп отырды. Хандық билік олардың

заңдарын бұзғандарды ұрып-соғып жазалап отырды. Қазақ хандығы монголтатар

хандықтарының тарап кетуі негізінде пайда болғаны тарих ғылымымен

дәлелденген.

Хандық институтты жоя отырып, патша үкіметі сұлтандар институттын

жойған жоқ, оны «ақсүйектігі» үшін мұрагерлікпен сақтап қалды.

«Сібір қырғыздары туралы» Жарғының §30-да сұлтандардың атақтары

мұрагерлік болып табылады деп көрсетілген1.

Сол жарғының §52-да: «егер үш мерзім қызмет еткен болса, Ресей

империясының дворянины атағына диплом сұрауға хақысы болса, онда

мерзімінен бұрын алып тасталғанына қарамастан аға сұлтан құрметті

сұлтандардың қатарында қала береді...».

1

«Заңдардың толық жинағы» т. 38, 1822 жыл.

Сонан соң батырлар тобы – хандар мен сұлтандардың әскери жасағы болды.

Әрине, батырлар «ақсүйектерден» де немесе қара халықтан да шыққан еді.

Феодалдардың келесі қуатты тобы қожалар болып табылды. Феодалдық

құрылымның орнығуына байланысты діннің рөлі арта береді. Еңбеккерлерді

қанау ұлғая береді. Орыс патшалығы дінді өзінің жаулап алған жерлерін

бекітуде, көтерілістерді басып-жаншуда және бұқара халықты езгіге салуда

таптырмас құрал ретінде пайдалана білді.

Сондықтан да патша үкіметі өзінің Қаулысында Орынбор генералгубернаторына

діндарларға баса назар аударуды ұсынады. «Ол молдаларға

ақша тағайындап және көп марапаттар берумен үміттендіріп отыру керек»1.

«Сібір бұратаналарының кәдімгі құқықтары» жинағында қазақтарда

бұрыннан келе жатқан заңдар көрсетілген, ондағы §69-та «кімде кім қожаға

немесе сұлтанға тіл тигізсе немесе қолын көтеріп, ұрмай қалса, онда ол

әртүрлі 9 мал төлейді, ал егер ұрып жіберсе, онда 26 мал және түйе төлейді

немесе саусағы шабылады», - деп жазылған.

§70-та «Сұлтан немесе қожа қарапайым қырғызды ренжітіп және ұрып

тастаса, онда олардан құн талап етілмейді», - деп көрсетілген 2.

45


Старшындар немесе ақсақалдар өз руларының өкілдері болып табылып,

әдетте олардың арасынан байлар – ірі табындардың иелері шығып отырды.

Кейіннен патша отарлаушылары старшындарды өздерінің әлеуметтік тірегі

ретінде пайдаланды, олар хандарды жойып, олардың орындарына «болыстық

және ауылдық басқармалармен» ауыстырды (Сібір қырғыздары туралы

Жарғы §25). Ауылдарды басқару үшін старшындар қырғыздардың өздерінің

ішінен сайланып қойылып, округтік Приказбен осы атақта бекітіледі деп

айтылған.

1

«Заңдардың толық жинағы», 1882 жыл, № 162.

2

Сібір бұратаналарының кәдімгі құқықтарының жинағы. Д.Л. Самоквасов

баспасы, Варшава, 1876 жыл.

Билер «хандардың, сұлтандардың, байлардың және барлық билеуші

таптардың негізі тіректері, халықтың дәстүрлерін сақтаушылар, феодалдық

басшылардың идеологтары ретінде көрініс тапты. Халықтың ата-бабадан

келе жатқан әдеттерін сақтаушылар ретінде көріне отырып олар феодалдық

қанаушылардың мүдделеріне қызмет етіп, орыс патшалығының әлеуметтік

тірегіне айнала бастады. Сондықтан да Сперанскийдің Жарғысында билердің

құқықтары да анықталған: «Ауылдар мен болыстардағы сотқа

жүгінушілердің мәселелерін шешу үшін билер деп аталатын қазіргі сыйлы

қырғыздар өздерінің маңыздарын және аттарын сақтап қалады» (§17). Көріп

отырғанымыздай, билер (судьялар) феодалдар тобынан шыққан мемлекеттік

аппараттың өскіндері ретінде көрініс тапты.

Бай – ірі табынның иесі.

Бұл топтардың барлығы да билеуші таптар болып табылды, феодалдық

аристократтар есебінде болды.

2 Сурет. Судья кінәлілерді соттап жатыр

Мак-Гаханның «Өксістегі әскери қимылдыр және Хиуаның құлауы» атты

кітабынан.

«Қара халық» - бұл термин жиі «қара сүйектердің» барлық өкілдерін білдіру

үшін, «ақсүйектерге» қарама-қарсы мағнада қолданылады.

«Қара халықтың» құрамындағы феодалдық кіріптарлықтағы топты ажырата

білу керек, көшпелі – еңбеккер шаруалар – жарлы-жақыбайлар, ауқатты және

басқаларын. Сондықтан «қара халық» - «қара бұқара», «қара сүйек» -

әлеуметтік топ ретінде біркелкі болған жоқ. Бірақ, бұхара халық ауыр

кіріптарлықта болған халықтың көпшілігін құрағанын айта кетуіміз керек.

Таптық сипаттың айқын дәлелі (бқұара халыққа байланысты) билеуші

таптың жасаған заңы болып табылады: төмен адамды өкпелеткені үшін

кінәліге «азусыз - ат, жеңсіз - тон» деп аталатын айып салынады, ал

46


өлтірілген аңшы ит пен бүркіт үшін қожайыны кінәліден құл мен күң талап

ете алатын еді1.

1

А. Левшин. Көрсетілген шығарма, III бөлім, 175 бет

Бұл бұқара халықтың ешқандай да құқықтары болмағанын дәлелдеп тұр.

Отырықшы жерлердің күшейіп және бекуімен жайылым мен қыстау үшін ру

аралық күрес қыза түседі. Нәтижесінде экономикалық тұрғыдан күшті

рулардың әлімжеттігі күшейе түседі. Бұл күресте жеңіліп қалғандары малсыз

кедей ретінде оларға бақташы, керуен айдаушы және т.б. болып

кіріптарлыққа кіруі мүмкін, болмаса отырықшы аудандарға барып

егіншілікпен айналысып, жатақтарға айналып кетеді. Сөйтіп өз руларынан

бөлініп, олардан пана таппайтын кедейлердің тобы пайда бола бастайды.

Әлсіз рулардың жұтқа ұшырып және кедейленуі арзан жұмыс күшін

тудырады, өйткені еңбек ақы әлі де заттай берілетін еді. Мал бағатын

жалшылардың саны арта бастайды.

Сонымен қатар, қазақтарда құлдық та болды, дегенмен ол қазақтар арасында

кең тараған жоқ (құлдардың көпшілігі – жаугершілік кезінде қолға түскен

тұтқындар болды).

«Қырғыз даласындағы еріксіздер, құлдар және төлеңгіттер мәселесіне» деп

аталатын өзінің мақаласында, осы мәселені зерттеуші Ф. Зобнин: «Заңмен

бекітілді: 1822 жылдың 22 шілдесіне дейін қырғыздардың қолында болып

келген еріксіздер өз қожайындарында қала береді. Оларды сатуға, беруге

және мұраға қалдыруға болады. Бірақ осы күннен бастап басқа қырғыздарды

құлдыққа алуға болмайды. Аягөздік округтік приказда 1834 жылдың

құлдарының тізімі табылған, мысалға, Матай болысының сұлтаны Дәуір

Маңырхановтаң қарамағында құлдардың 8 отбасы және 14 жастағы қыз бала

болған, барлығы 12 жан еркек және 7 жан әйел болған. Назар болысының

сұлтаны Есім Үйгінде тізім бойынша 8 отбасыдан тұратын, 24 жан еркек

және 14 әйел бар 39 қызметшісі болған », - деп жазған.

1883 жылы Байжігітова Қаламқас Батыс Сібір генерал-губернаторы

Капцевичтің атына өзінің 28 жастағы Кішкентай деп аталатын ұлын

құлдықтан босатуды сұрап өтініш жазады, өйткені оны 11 жыл бұрын әкесі

Семейлік тоғышар Яков Тороновқа сатып жіберіп, шоқындырған уақытта

Яков Сергеев деген ат алған. 1824 жылдың 3 ақпанындағы Омбы облыстық

бастығының нұсқауы бойынша Кішкентай құлдықтан босатылды.

Сонымен қатар хандар мен сұлтандарда оларға тәуелді адамдар - төлеңгіттер

болды. Төлеңгіттер хандармен, сұлтандармен бірге көшіп жүрді.

Төлеңгіттерде өздерінің шаруашылықтары болды. Сонымен қатар олар

хандарда әскери қызметті атқарды. Мысалға, Кенесарыда 1000-нан аса

төлеңгіттер болды, олар 10 жыл бойы Кенесары Қасымовтың басшылығымен

болған патшалыққа қарсы азаттық үшін күреске қатынасты. Осыған

қарамастан төлеңгіттер толықтай тәуелділікте болып, хандар мен сұлтандар

47


тарапынан жұмысқа жегіліп отырылды. Тезек сұлтанның 100 шаруашылық

төлеңгіттері болды.

1859 жылдың бас жағында патша үкіметі бұйрық шығарды, осыған сәйкес

қазақ даласындағы еріксіз төлеңгіттер босатылды. Осы босатылар 1882

жылға дейін жалғасты. 1862 жылдың желтоқсан айында Фергиопольский

бұйрығы бойынша «атаулы тізім» жарияланып, ол бойынша 488 төлеңгітке

(301 еркек және 187 әйел) сұлтандардан тәуелсіздіктері жарияланды.

Осы төлеңгіттердің барлығы да бас бостандықтарын алардан бұрын

сұлтанның, ханның шаруашылығындағы барлық жұмыстарын істеді,

олардың малын бақты, оларды жаулардан қорғады, ал сұлтандар болса

оларды сатып, достарына, қыздарына және тағы басқаларға сыйлыққа тартты.

«Көне қауымдық тұрмыс сақталып қалған жерлерде, - деп жазды Энгельс

«Анти-Дюринг» деген еңбегінде, - ол барлық жерде де Үнді елінен бастап

Ресейге дейін, мыңжылдықтар бойы шығыстық деспотизмнің ең дөрекі

мемлекеттік формаларының негізі болып табылды»1.

Барлық келтірілген фактілер қазақтардың арасында таптар мен тап күресінің

болғанын және таптық қатынас басым қатынасқа ие болғанын дәлелдейді.

«Таптар пайда болған кезде, - деп жазды В.И. Ленин, - барлық жерде және

барлығында осы бөлінушіліктің көбейуі мен бекуімен бірге ерекше институт

мемлекет те пайда болады. Мемлекеттің формасы әркелкі болып отырды»2.

Мемлекеттің әркелкі формаларының бірі болып Қазақ хандығы табылды -

«ақсүйек» қазақ феодалдарының билігі үстемдік құрды.

Сөйтіп, қазақтардың оларды патшалықтың жаулап алуы қарсыңындағы

қоғамдық-экономикалық формациясы феодализм болды. Қазақтардың

феодализмі көшпенді болды, ол феодальдық таппен қалыптастырылған ірі

мал өсіру мен жайылымдық жерлерге ие болу негізінде дамыды.

1

Маркс-Энгельс, шығармалары т. ХХI, 493 бет

2

В.И. Ленин, шығармалары т. ХХIV, 36 бет

Қазақтардың феодализмі туралы айта келе, оның өз дамуының ең алғашқы

сатысында болғанын атап өту керек, сондықтан да ол дамыған қоғамдық

формация болған жоқ. Көшпелі феодализмнің ерекшелігі болып рулық

қалдықтардың ұзақ уақыт сақталатыны белгілі. Бірақ феодалдар рулық

қалдықтарды өз мүдделеріне тиімді пайдалана біліп, өздерінің феодалдық

үстемдігін рубасы билігі деп көрсете алды. Кейіннен, Қазан Революциясынан

кейін, буржуазиялық ұлтшылдар, феодалдардың билігін сақтап қалуға

тырыса отырып, революцияға дейін қазақтардың арасында рулық қатынастар

үстемдік құрды деген көзқарасты белсенді түрде таратып бақты.

Партияның Х Съезінде Сталин жолдас өзінің баяндамасында көптеген мал

өсіруші халықтардың, оныі ішінде қазақтардың да артта қалып қойғандығын

атап өтті. Ол: «Сонан соң, 8-10 миллион адамды қамтитын үшінші топ бар, -

48


бұлар көбінесе рулық тұрмыс әлі де өмір сүріп жатқан және әлі де жер өңдеу

шаруашылығына өтпеген мал өсірумен айналысатын тайпалар.

Бұлар негізінен қырғыздар, Түркістанның солтүстік бөлігі, башқұрттар,

шешендер, осетиндер, ингуштер», - деп айтты1.

Сталин жолдастың бұл көрсетуі революцияға дейін қазақтар өзге

отырықшылық пен жер игеруге көшкен халықтарға қарағанда рулық

тұмыстың қалдықтары сақтала отырып, артта қалғандығын сипаттап отыр.

Кенесары Қасымовтың көтерілісі алдындағы қазақ көшпелі қоғамының

әлеуметтік-қоғамдық құрылымының мазмұны осындай болды.

Енді Кенесары көтерілісі қарсаңындағы қазақтардың қоғамдық-саяси

жағдайлары туралы бірер сөз.

Орыс патшалығы Казақстанды жаулап алу барысында, қазақ халқын

құлдыққа оңай түсіру үшін ең қатаң әдістерді қолданды. Еңбекші бұқара

өздерінің тәуелсіздіктері үшін табан тірескен күрес жүргізді, бірақ осы

күрестің барысында хандық топтардың арасында екі ағым пайда болды.

Хандардың бір тобы, халық бұқарасының азаттық қозғалысынан зәредей

қорқып, патшалықпен одақтасып және олардың қарулы күштерін пайдалану

арқылы халықтық қозғалыстың дамуын басып тастағылары келді. Хандардың

бұл тобына: Нұралы, Ералы, Есім, Айшуақ, Уәли хандар жатты.

Хандардың басқа бір тобы халық бұқарасының күшіне сүйене отырып,

патшалықтың жаулап алуларына қарсы шықты. Олар өз тәуелсіздіктері үшін

күресті, халық-азаттық күрес жағында болды, оны қолдап және оны басқарып

отырды. Хандардың мұндай тобына: Абылай, Қайып, Арынғазы, Қасым және

Кенесары хандар жатты.

Хандардың бірінші тобына қарсы халық бұқарасы көтерілді. Мысалға,

патшалықтың қолдағанына қарамастан Нұралы хан 27.11.1785 жылы Уфа

қаласына жер аударылып, сол жерде қайтыс болды. Ералы хан мен Есім хан

азаттық күресінің көсемі Сырым батырдың қолынан қаза тапты.

1

Сталин. Марксизм және ұлттық-отарлау мәселесі. 1934 жылғы басылым, 80

бет.

Қазақ хандарының екінші тобына орыс патшалығы қарсы шықты. Мысалға,

Абылай, патшалықтың қуғын-сүргініне шыдай алмай Орта жүзді тастап

шығуға мәжбүр болып, 1780 жылы Түркістанға көшіп кетті, сол жерде бір

жылдан соң қайтыс болды.

Қайыптың айналасына шоғырланған сұлтандар мен халық бұқарасы патша

билігін мойындамады десе де болады. 1816 жылы Орынбор түбінде патша

командасы қолдау көрсеткен Қырғазы хан мен Арынғазы арасындағы қарулы

қақтығыс орын алды. Осыдан соң Арынғазы қуғынға ұшырап, ұсталып,

Ресейдің ішкі жағына жер аударылды. 1833 жылдың 22 наурызында ол

Калуга қаласында қайтыс болды.

49


Осы қарама қарсы бағыттарда екі жақтан қанауға қарсы таптық күрестің

дамуы жалғаса берді. Абылайдың, Қайыптың және Арынғазының күресі

қазақтың еңбекші халқының мүддесіне жүргізілгені мәлім. Олар тәуелсіздің

үшін күрескерлер болды, сондықтан да еңбеккерлер тарапынан қолдау тауып

отырды.

Сөйтіп, 1830 жылы қазақтың халық бұқарасы екі жақты қанаудың астында

болды, «өздерінің» қанаушыларының да, отарлаушылардың

қанаушыларының да. Бұқара халық ол кезде хандардың билігін құлатып,

хандық түрден басқа мемлекеттік билікті қалыптастыру керек деген санаға

жете қоймаған еді. Сондықтан да барлық қанаушылардың ауыр қанауларына

қарсы бұл халық бұқарасының қозғалыстары бір хандар мен сұлтандарды

қуып шығып, олардың орындарына басқаларын әкелумен ғана шектеліп

отырды.

Патшалықтың Қазақстанда жаулап алу саясатының одан әрі күшейе түсуіне

және көрші елдермен өзара қатынастың дамуына байланысты, қазақтың

феодальдық-патриархальдық қоғамында таптық күрес нысанында қарамақайшылықтар

күрделене түсті.

Патша үкіметінің Қазақстандағы саясаты - басқарушы жоғарғы таптар

феодалдар - хандар-сұлтандарды өздеріне қызмет еткізіп, біртіндеп

қолдарына алып, далада бекініп, жерледі басып алғаннан кейін жергілікті

саяси қайраткерлер – феодалдарды тікелей басқарудан шеттетіп, жерлерді

отарлай бастауға кірісу еді. Сондықтан да патшалық хандық институтты

мұрагерлігімен санаспай-ақ, сайланбалы екеніне қарамай-ақ, жергілікті

халықтың дәстүрі мен әдет-ғұрпына қарамай-ақ жоюға дайындалды. Бұл

патшалыққа қазақтардың саяси тәуелсіздігін әлсіретіп, бөліп, сонан соң

жойып жіберіп, олардың қарсыласуға деген қабілетін құртып, қазақтардың

ұлттық бірігуін қиындататын жағдайларды жасау үшін қажет болды.

«Ол генерал кіші ордада тыныштық пен тәртіпті орнату үшін хан билігін

әлсіздендіру пайдалы деп шешті, олардың санын үшке дейін жеткізіп және

олардың ықпал аймағын шектеп, олар тек Орынборлық басшылардың еркін

орындаушылар ғана етіп, мүмкін болған жағдайда хандықты мүлдем жойып

жіберуге тырысты»1.

Сондықтан ХIХ ғасырдың 20-шы жылдарына таман патшалық Қазақстанның

біраз бөлігін жаулап алып және саяси бағындырып алған еді. «Сібір

қырғыздары туралы» (1822) Сперанскийдің Жарғысы қазақ даласын

отарлаудағы алғашқы нық қадам болды.

Осы жарғыға байланысты Орта жүз, сонан соң барлық Қазақстан Округтерге

бөлініп тасталынды. Округтер болыстарға бөлініп, болыстар ауылдардан

тұратын болды. Болыстыққа 10 - 20 аул кірді, әрбір ауыл 50-70 үйден тұрды.

3 сурет. Далада болыстық билерді сайлау үшін шақырылған съезд.

«Ресей» кітабынан, т. ХVIII, Қырғыз өлкесі.

50


«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы патшалықтың әскери-басқыншылық

саясатының белсенділігін ресми түрде рәсімдеп берді. Жарғының қорытынды

бөлігі патша үкіметінің алдына қойған негізі мақсатын былайша анықтап

берді: «Сібір бекіністері, күзету мағнасында, барлық уақытқа арналған

мекемелер емес, бірақ қырғыз даласына дендеп ене бастаған кезде бұл

бекіністер алдыға қарай жылжи отырып, соңында, нақты мемлекеттік

қызметтегі тұрақты мекеме екендігін көрсетулері керек»2.

1

ҚазКСР тарихы бойынша материалдар, 349 бет.

2

«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы, 316. Заңдардың толық жиынтығы, т. 38.

Осы Жарғы жарық көрген соң приказдарда күзетшілер ұстап отыру үшін,

бекіністерден казактарды жіберіп отырды, сонан соң оларды тұрақты түрде

тұруға жіберіп, сөйтіп станицаларды қалыптастыра бастады. 1826-дан 1832

жылға дейін даладағы - Баянаул, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы, Аягөз және

Көкпекті округтеріндегі приказдарда станицалар пайда болды.

Осы жарлықпен хан билігі жойылды: хан ордаларын басқару құрамында

приказдың төрағасының міндетін орындаушы және майор шенін алған

сұлтан-басқармашы, сонымен қатар қазақтың екі байы мен екі патша

шенеуінігінен тұратын төрт алқасы бар округтік приказдарға берілді.

1824 жылдан бастап, соңғы хан Шерғазы қызметінен кеткен соң, Кіші

жүздің аумағы Батыс, Орта және Шығыс бөліктерге бөлініп, кейін Оңтүстік

бөлігі де құрылды. Көрсетілген бөліктер сұлтан-басқармалар деп аталатын

сұлтандар басқарылды.

Аға сұлтан-басқармалар Орынбор әскери генерал-губернаторымен

бекітіледі. Бекітілген соң олар өз атақаты үшін мақтау қағаздарын алды,

оларға биліктің белгісі ретінде алтын қылыш сыйланды, сонымен қатар аты

жазылған мөр жасалып беріліп, қазынадан айына 100 күміс рубль төленіп

және жылына 60 ширек бидай ұнымен қамтамасыз етіліп отырды.

Әрбір сұлтан-басқармаға басқармада сақталып тұратын бір-бірден байрақ

берілетін де еді.

Әрбір басқарма өз қарамағында казак әскери жасағынан тұратын 200 адам,

бір офицер және бір хатшы ұстайтын еді. Округтық приказдар Қазақстанды

жаулап алу үшін патша үкіметінің алдыңғы қатардағы іріктелген

пункттарынан басқа ештеңе де емес еді.

Сөйтіп, қазақ хандығын жоя отырып, қазақ хандарын басқарудан алып

тастап, патша үкіметі қазақтардың мемлекеттік тәуелсіздігінің көрінісін де

жойып жіберіп, сол кездегі Қазақстанды Ресей империясының қатардағы

провинциясына айналдырып жіберді.

Патшалықтың Қазақстанды осы жаулап алуы Абылай ұрпақтарының

билігінің түбіне жетті, яғни, басқарудың жаңа жүйесін енгізу мен округтерді

құру, оларды округтер мен болыстарды басқарудан тыс қалдырды. Сонымен

51


қатар, патша үкіметі орыс кеденшілерінен басқалардың бәріне қазақ даласы

арқылы өтетін сауда керуендерінен салық алуға тыйым салды.

Қазақтарды тонау жүйесі, Қазақстанды түпкілікті жаулап алу үшін

патшалыққа көрсететін көмегін аямаған сұлтан-басқармалардың қылықтары,

осылардың бәрі бұқара қазақтың кең көлемде қарсылық танытуын тудырмай

қоймай, оларды өз тәуелсіздіктері үшін күреске көтерілуге мәжбүрледі. Бұл

күреске еңбекшілердің көп бөлігі қатысып қана қоймай, қазақ халқының

атқамінерлерінің кейбір бөліктерінің қатысқандарын да айта кету керек. Бұл

сұлтандар мен билер – ең бірінші кезекте, Қасым Абылайұлы, оның ұлдары

Саржан, Кенесары, Наурызбай және басқалары еді. Өз жерлері мен саяси

мәнін жоғалтумен келісе алмаған Абылай ұрпақтары қазақтардың күресін

басқарды.

Кенесары Қасымовтың көтерілісі қарсаңында Қазақстанның саяси жағдайы

осындай болған еді.

БЕСІНШІ ТАРАУ

Кенесары Қасымов көтерілісінің тарихи алғышарттары

Осы тарау үшін маңызға ие кейбір жағдайлары жоғарыдағы екі тарауда

баяндалды: көтеріліс басталар алдындағы Қазақстанның халықаралық

жағдайы туралы тарау мен Кенесары Қасымов көтерілісінің қарсаңындағы

қазақтардың әлеуметтік-шаруашылық және саяси жағдайы туралы тарауда.

Осы тарауда жоғарыда көрсетілген тарауларды біріктіріп, еңбекші бұқараны

екі жақтап қанаудың сипаты мен ХVIII ғасырдың аяғындағы ХIХ ғасырдың

37-ші жылдарына дейінгі отарлауға қарсы қозғалыстың күшейуі көрсетілген.

Көшіп келіп жатқан орыс қоныстанушылары егіндік үшін ең алдымен

қазақтарың ұрпақтан-ұрпаққа жүргізіп келе жатқан шаруашылығына, үйлері,

қыстаулары, суғару жүйелері және т.б. орналасқан құнарлы жерлерге

орналасты.

«Көшіру қоры, - деп жазды Ленин, - патшалықтың көшіру саясатын

сипаттайды, - жергілікті тұрғындардың жерге деген құқықтарын өрескел

бұза отырып қалыптасады, ал Ресейден көшіру - шет аймақтарды

орыстандырудың ұлтшылдық принциптері үшін жүргізіледі»1.

ХIХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін негізінен көшпелі қазақтардан

тартып алынған сібір казактары әскерлерінің жері 5 000 000 десятинаны

құрады. Оралдық казак әскерилері миллиондаған десятина жерге ие болды.

Жетісу казактары әскерлерінің жер иеліктері 610 000 десятины құрады. «1839

жылдың өзінде-ақ орыс казактарына Өскеменнен Омбыға дейінгі Ертіс

өзенінің жағалауынан көлемі 15 000 шаршы шақырым болатын жер

берілді»2.

Сонымен қатар, патшалық еңбекші қазақтардың мойынына әртүрлі

салықтарды іліп қойды, түтін салығы болды, қыстауға бара жатқан кезде

линиядан өткен мал басына төлем тағайындалды: жылқы басынан бір

52


тиыннан, сиыр мен бұқадан – бір теңге, ал қойдан айына бір жартыдан алып

отырды. Қазақтарға шекара бойындағы тұғындарға билет бойынша

жұмысшы болып жалдануға рұқсат етілді және осындай жерлерде билеттер

үшін төлем орнатылды. Бұл төлем «1817 - 1827 жылдар аралығында билеттер

бойынша 537 032 рубль 94 коп. ақшаны құрады»3.

1

В.И. Ленин, Шығармалары, т. ХV, 528 бет.

2

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 4 қор, жазба, 2810 Іс, 45-47 беттер.

3

ҚазОМБ, Орынбор шекара комиссиясының ісі, 28-33 іс, 3-5 беттер.

Орынбор өлкесінің қазақтарына түтін салығы 1837 жылы салынды және сол

жылы 15506 түтіннен 23239 рубльге дейін ақша жиналды, ал Сібір

ведомствосының қазақтары әр түтінге шаққанда 2 рубльден 2 р. 70 тиынға

дейін құрайтын мал үшін төленетін тұяқ жылуын жинады, ал линиялық және

ішкі тұғындарда жұмысшылар ретінде тұра беруді жалғастыруға берілетін

билеттер үшін күміс ақшамен 15 тиын болатын жылу 13 130 рубль болды,

билеттің мерзімін асырып жібергені үшін төленетін айыппұл ақша әр айға

күміс ақшамен 30 тиынды құрады 1.

Ішкі орданың қырғыздары жайлап отырған жерлердегі жайылымдардың аз

болғандығынан, олар ішінара Орал казак әскерлерінің жерлерін пайдаланып,

әрбір түйе үшін 80 тиыннан төлеп отырған2.

Сөйтіп, көптеген салықтар мен жиналатын жылулар қазақтардың өмірінде

күнделікті қалыптасқан жағдай болды. Иә, біздер феодалдық қатынастарға

тән экономикалық емес мәжбүрлеудің нысаны мен дәрежесі В.И. Ленин

жазғандай, «шаруаның кіріптарлық жағдайынан бастап, сословиялық

теңқұқықтығы жоқтығына дейін әртүрлі болуы мүмкін» екендігін естен

шығармауымыз керек3.

Толық емес мәліметтерге байланысты салықтардың санын бүтін санға

айналдырып жіберуге болады: «Жинау мен алудың осы кездегі реформасына

дейін, жинақталған мәліметтер бойынша, әрбір түтінге жылына 10-12

рубльден келген»4.

Феодалдық-отарлық қанаудың өсіп бара жатқанының көрсеткіші болып,

көрсетілген мерзімде қазақтардың шаруашылығы ықшамдалған негізде

көрсетілгенін атауға болады.

ХVIII ғасырдың аяғынан бастап, Қырым соғысына дейін Ресей жаңа жерлерді

жаулап алуда зор жетістіктерге жетті. 1853 жылы Маркс: «Соңғы 60

жылдағы Ресейдің барлық жаулап алушылықтары – көлемі мен

маңыздылығы жағынан – осы уақытқа дейін Ресейдің Еуропада иелік еткен

жерлерімен тең», - деп жазды»5.

Жаулап алынған жерлерге Қазақстан да жататын еді.

53


Өте ыңғайлы жерлерде тұрақты түрдегі әскери қарауылдар мен белгі беру

орындары құрылды. Көрсетілген округтың шекарасынан ары көшуге

қазақтарға тыйым салынды.

1

Орталық Әскери-Тарихи Мұрағат, іс 18900, 111-112 беттер.

2

Бұл да сонда, 24 бет.

3

В.И. Ленин, шығармалары, т. III, 140 бет.

4

Түркістандық жинақ, т. 25, 285 бет.

5

Маркс-Энгельс, шығармалары, т. IХ, 402 бет.

Патша үкіметі жергілікті тұрғындарға шабындық пен шөп шабуға жарамды

жерлерді тегін пайдалануға тыйым салып қана қоймай, тұзды көлдерден тұз

алуға, қамыс оруға, орманды пайдалануға және т.б. істеуге рұқсат етпейтін

болды.

Жерлер қазыналық ауылдардан 40 шағырым жақын емес, ал линиялардан 30

шақырым алыс емес қашықтықтан берілді.

«Тұзды көлдер мен оларға апаратын жолдарды, сонымен қатар зауыт

орналасқан ауылдың шекарасына дейін күзетке алынуы керек; жерді

түпкілікті бөліп бермей тұрып, қырғыздарды линияның ішкі жағына көшіп

жүруге кіргізілмесін және өткізген кезде тиісті салығын төлетіп барып

кіргізілсін...»1.

Қазақ еңбеккерлерінен жерлерді казак әскерлері үшін және Орталық

Ресейден көшіп келушілер үшін тартып ала бастаумен қатар, қазақтың

феодалдары да қыстау мен жайлау үшін ыңғайлы жерлерді басып ала бастап,

оларды өз меншіктеріне бекіте бастады.

Феодаль шонжарлар алым-салық пен айыппұлдан босатылған еді. Бір

құжатта былай деп жазылған: «Туғанынан ақсүйектерге жататын сұлтандар

зекет пен соғым жарнасынан, басқа да алымдардан босатылады. Олардан

кейін қожалар мен билер келеді, сонан кейін хан молдаларды да діни

қызметкерлер ретінде салық төлеуден босатты, сонан соң, кейінірек, 1845

жылы тархандар (помещиктер) сословиесі құрылып, оларды да және

бөлімшелерді аға басқарушыларды да осындай салықтардан босатты2.

ХIХ ғасырдың басына қарай қазақ қоғамын феодализациялау процесі ХVIII

ғасырмен салыстырғанда анағұрлым алдыға жылжыды. Жоғарғы

артықшылыққа ие сословие ретінде сұлтандық атақтар ғана емес,

батырлардың, би-старшындардың атақтары да руды басқару құқығына ие

бола бастауымен мұрагерлікке өтіп, осы құқықты мұрагердікке айналдырып

алды.

1

Заңдардың толық жинағы, т. ХХХVII, №28645, 1821 жыл, 13 маусым.

54


2

ҚАЗ ОМБ, 78 қор, 49 іс, 37 бет.

Сол кездегі қазақ қоғамының таптық бөлшектенуіне қаншалықты жеткендігін

Орта жүздегі қырғыз заңдары бойынша комитетінің 1824 жылы жазылған

қарапайым құқық нормасы көрсетіп бере алады. Осы нормаларға сәйкес –

қожаны өлтіргені үшін барлық болыс, яғни, өлтірген адам тұратын қауым

жеті қарапайым адамды өлтіргенде төлейтіндей құн төлеуге мәжбүр болды,

яғни, 700 ірілі-ұсақты жылқы, 14 қызметші немесе 245 ірілі-ұсақты бие, 14

түйе, 14 панцырей, ал егер панцырлар жоқ болса, онда 260 бие төлеуге тиіс

болатын. Сонымен қатар, өлтірілген адамның туыстарына қауым өлген

адамның денесіне еріп жүру үшін қаралы киім киген 7 қызды беруі тиіс

болатын»1.

Осыдан барып, ХIХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы ішіндегі күрестің

негізгі мазмұны әлі де болса мұқтаждыққа түспеген еңбекшілердің күресінен,

қауымдастықты өзіне бағындырып алуға тырысқан және қазақ еңбеккерлерін

түпкілікті кіріптарлыққа душар етуге тырысқан феодалдарға қарсы қазақ

қауымдастығының күресі болғаны айқын көрініп тұр.

Күрестің осы негізгі бағытынан басқа, сұлтандар және билердің арасында

қауымдастыққа билік құруы үшін күресі болды, еңбекшілерді феодалдық

қанауда ұстау құқығы үшін, феодалдық қанаудың аумағын кеңейту үшін

сұлтандардың өздерінің арасында күрес жүріп жатты. Қазақтар, тұрмыстық

құқықтар бойынша жерді қоғамдық меншік деп есептегендерімен, олар

барлық жерлерді өздерінің білгендерінше иеленді. Кіші жүздің ханы

Жәңгірдің өз жеке меншігінде 400 000 десятина жері болды. Кейбір

сұлтандардың отбасыларының 700 000 десятина жерлері болды және т.б.

Бөкей ордасының ең шұрайлы жерлерінің 4,5 миллион десятинасы

феодалдардың иелігіне өтті.

Феодалдар мен хан шенеуініктерінің алатын салықтары мен салымдарынан

халық белін жаза алмады. Осы салықтар мен салымдар өте көп еді: киіз

салығы, жүн салығы, шөп салығы, молда, қожа сияқты діндарларды

қамтамасыз етіп отыру және т.б. Ең ауыр салықтар хан ордасын қамтамасыз

етіп отыру үшін жиналатын зекет пен соғым еді.

«Тек қана «соғымның» өзі жыл сайын 4000 жылқы мен 24 000 қой жеткізу

болып табылатын»2.

Халықты осылай аяусыз екі жақтап қанаудың кесірінен кедейленіп қалған

адамдардың саны арта берді.

Осындай қиын жағдайдың үстіне қайталанып тұратын жұт та қосымша

ауыртпашылық тудырды, сондықтан да қасірет пен қырылып қалу болып

тұрды, мысалға, 1806-1807 жылдары, 1812-1816 жылдары, 1823 және 1834

жылдары. Ең ауыр жұт-жоқшылық 1806-1807 жылдары болды.

1

55


Сібірлік бұратанардың тұрмыстық құқығының жинағы. Д.Я. Самоквасовтың

басылымы. Варшава, 1976 жыл. §67 және 23.

2

А.Л. Попов. Орта Азиялық плацдарм үшін күрес. Тарихи жазбалар, № 7, 218

бет, 1940 жыл.

Осы жұттың салдарынан қазақтар аштан өліп қалмау үшін өздерінің

балалары мен әйелдерін сатуға мәжбүр болды. Бала сату кең етек жайды.

Бұған алаңдаушылық білдірген патша үкіметі 1808 жылдың 23 мамырында

нұсқаулық жариялады: «Орынбор әскери губернаторының хабарлауы

бойынша және бізге жеткен мәліметтерге сәйкес, Орынбор линиясына жақын

жерлердегі және Каспий теңізі мен Сібірге дейінгі шекара бойымен көшіп

жүрген қырғыздардың қасіретке ұшырағандары соншалық, ішерге ас таба

алмай жүр екен. Олардың көбісі өздерінің балаларын хиуалықтарға

құлдыққа сатуға мәжбүр. Осындай балалардың тағдырын жеңілдету

тұрғысында ерікті түрдегі барлық орыс бодандарына линия бойында

қырғыздардың балаларын сатып және алмастырып алуға рұқсат етіледі, ал

олар 25 жасқа толған соң еркіндікке шығулары, болмаса кіріптар қыздарға

үйленулері керек. Сатып алынған балаларға деген құқықты басқаларға да

беруге мүмкіндік бар. Бұл ережелер Сібір линиясына да қатысты»1.

«Гурьевте бір айдың ішінде 100 бала сатылған. Бағалары: ұл бала үшін 4-5

келі бидай ұны, қыз бала үшін 3-4 келі бидай ұны»2.

Петропавл мен Қостанайда бала сату кең етек жайды.

Орынбордың маңында қазақ балаларын сатып алу үшін көпестік қоғам да

ұйымдастырылды. 1818 жылдың 22 желтоқсанында И. Кропотов

департаментке «Қазір Сарептск қоғамында қасиетті шоқындыруды қабыл

алған төрт қырғыздың қыздары бар», - деп хабарлайды3.

Ресей империясының жыртқыштық саясаты – халықтардың түрмесі ең

алдымен күштеп шоқындыруда көрініс тапты. 1817 жылғы Орал әскери

кеңсесінің толық емес мәліметтері бойынша, шоқынған қазақтардың саны 71

адамға дейін жетіпті.

Қарастырып отырған кезеңдегі патшалықтың отарлау саясатының көрінісі –

бұл қазақтарды тонап отырған, далаға әскери экспедициялар жіберіп отыру

еді. Бұл «іздеулер» ХIХ ғасырдың басынан бастап кең етек жая бастады.

Олардың ең бастылары: 1807 жыл – Герценберг экспедициясы, 1809 жыл -

Бородиннің, 1814 - Епанешниковтың, 1823 - Бергтің, 1824 – Назаровтың

экспедициялары.

1

И.И. Крафт. Дала облыстарындағы қырғыздар туралы Жарлықтар жинағы,

146 бет.

2

А. Левшин. Көрсетілген шығарма, III бөлім, 90 бет.

3

56


Профессор М.П. Вяткин. ҚазКСР тарихы бойынша материалдар, т. IV, 251

бет, КСРО Ғылым Академиясының басылымы, 1940 жыл.

Далаға әртүрлі себептермен жібелілген бұл әскери жасақтар ең алдымен

бағынғылары келмеген ауылдарды тонап, оларды жоқшылыққа ұшыратып

кетіп отырды. Осындау ауылдардың бірі Кенесарының ауылы еді. Ол өзінің

Орынбор шекара комиссиясының төрағасына жазған хатында көп

материалдық шығындар келтірген, өлтірумен және т.б. айналысқан әскери

жасақтардың көптеген шабуылдарын тізіп көрсетіп шығады. Ол көптеген

деректер келтіреді - мысалға: 1825 жылы Карначев командасы Саржан

Қасымовтың ауылын шауып, 64 адамды өлтірген; 1827 жылы 200 адамнан

тұратын команда, майор Мингряевтың басшылығымен Көкшетаудан шығып,

Әліке және Шұбыртпалы руларының кейбір ауылдарын шауып кеткен, 58

адамды өлтіріп, тұрмыста қолданылатын әртүрлі мүліктердің көпшілігін

тонап кеткен.

Түрне-Аққанда не болды. «Далаға үнемі шығып тұрған сібірліктер», деп

жазды Кенесары, «адамдарды тонап және өлтіріп отырды..., сондықтан да

мен, Кенесары Қасымов Сібір линиясына қарсы қаруландым деген сыбыстар

тарап кетті»1.

Бұл шапқындар қазақтарға көп материалдық шығындар алып келіп, олардың

ауылдарын әлсіретіп кетіп отырды. Бұл әлсіретулер патшалық отарлау

саясатының мақсатына сәйкес келетіні де түсінікті.

Феодалдық-крепостнойлық кіріптарлықтың, қазақтарды әскери-феодалдық

тонаудың көбейе беруіне байланысты орыс патшалығына қарсы, сонымен

қатар олармен сыбайластықта болған өздерінің қанаушыларына, хандарына

қарсы халықтық қозғалыстар туындап отырды.

Патша үкіметінің қазақтың хандарымен, сұлтандарымен және байларымен

ынтымақ орнатуы еңбекші бұқараны қанаудың тереңдей түсуі негізінде

пайда болып жатқан қазақтардың арасындағы таптық ерекшеліну

жағдайында қалыптасты.

Сталин сыйлығының лауреаты, үш орденді Қазақстанның халық ақыны,

қазіргі кезде қайтыс болып кеткен Жамбыл Жабаев:

«Көмектесті патшаға, құтырынған хандар да,

Парақор би мен алаяқ мүләйісміген молда да,

Керуені кернеген жарылардай мес көпес,

Қанға тоймас түз тағысына ұқсас бай да.

Қапас заман болды бір, -

Күңіренді жер-ана», - деп жазды*.

(*Ескерту. Жамбылдың қай шағармасынан алынғаны көрсетілмегендіктен,

осы жолдардың түпнұсқасын анықтау мүмкін болмады. Сондықтан жолмажол

аударған мен – Н.Е.)

57


Қазақ қоғамындағы таптық қарама-қайшылықтардың ұлғайуы Сырым батыр,

Арынғазы, Жоламан Тіленшин, Саржан Қасымов және Исатай Тайманов

пен Махамбет Өтемісов аттарымен байланысты отарлауға қарсы және

феодалдарға қарсы үздіксіз қозғалыстардың болғанымен дәлелденеді.

Еңбекші қазақтардың таптық күресінің күшейуіне Ресейдегі таптық күрестің

өршуі аса көп ықпал етті.

«Патшалық, құлдыққа түсірген халықтарды қанады және бөлшектеп тастады.

Орыс халқының үздік өкілдері самодержавиенің отарлық саясатымен келісе

алмай, өздерінің айналасына Ресейді мекен етіп отырған барлық

халықтардың еңбекшілерін топтастырып, оларды патшалыққа қарсы күреске

көтеріп отырды»2.

1

ӨзКСР Орталық Мемлекеттік Тарихи Мұрағаты, Серебренников қоры, № 38

құжат, 1841 жыл.

2

«Большевик», № 6, 78 бет, 1945 жыл.

Екі жақтан қанауға қарсы қазақтардың ұзаққа созылған күресі басталған

кезде Е. Пугачев басшылығымен орыс шаруаларының көтерілісі де ешқандай

ұйымдасусыз басталып жатты. Бұл көтеріліске Еділ бойы халықтарының

бәрі де, сонымен қатар қазақтар да белсенді түрде қатысты. Пугачевке

қосылған қазақ жасақтарын Досалы Ералиев батыр мен оның ұлы Сейдалы

басқарды.

4 сурет. Далада көшпелі-қазақтардың дарға асу арқылы өлтіру әрекеттері.

Димитриев-Мамоновтың «Жайықтың сырты мен Сібірдегі Пугачев бүлігі»

кітабынан.

Пугачев башқұрттық жүзбасы Опақ арқылы Абылайға хат жазып жібереді.

Бұл хатында ол патша әскерлеріне қарсы әскери көмек көрсетуін сұрады.

Абылай келіскенімен, алдын-ала кездесуді сұрады. Дегенмен Пугачевпен

бұл кездесу болмай қалды, өйткені 1774 жылдың 21 мамырында Пугачев

Троицк бекінісінің маңында жеңіліс тауып, бекітілген шекара линиясынан

кетуі керек болды.

Қазақ жүздерінің қозғалысын көтеруде пугачевтің адамдарының жүргізген

үгіттері зор рөл атқарды. Бұл үгіт жұмыстары қазақтардың қозғалысының

қанат жаюына ықпал етіп, оны орыс шаруалар қозғалысы аясына қосты.

Басқаша айтсақ, Пугачев қазақтардың қозғалысын Ресейдің қанауға түскен

халықтарының, оның ішінде орыстың еңбекші халқын да барлығына ортақ

жау – патша самодержавиесіне қарсы бірікке күреске біріктіруге ұмтылды.

Әлсіздігіне және жеткілікті деңгейде ұйымдастырылғанына қарамастан

қазақтардың орыс шаруаларының қозғалысына қатысуы принциптік және

58


практикалық жағынан оң рөл атқарды. Осы бірлескен және ұзақ күрестің

барысында екі халықтың тарихи тағдырының ортақтастығы қалыптасты.

Орыс шаруалары тек қана қазақ халқымен қоян-қолтық күресіп қана қойған

жоқ, сонымен қатар мордва, татар және башқұрттармен бірлесе отырып

патша жасақтарына қарсы шығып отырды.

Пугачев көтерілісі маңызды салдарға ие болды, өйткені ол қазақ бұқарасын

өздерінің бишікештеріне - қанаушыларына және патшалықтың отарлау

саясатына қарсы күреске көтерілуін даярлады.

«Тап күресімен араласып кеткен ұлттық-азаттық қозғалыс, зор прогрессивті

маңызға ие болды»1.

Көтеріліс жеңіліс тапқан соң патша үкіметі Нұралы ханның көрсетуімен

Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ ауылдарына қарсы жазалау

экспедициясын жіберді. Жазалау отрядтары қазақтарды бірнеше рет жеңе

отырып, бейбіт жатқан ауылдарды жоқшылыққа ұшыратты, оларды тонады,

әйелдер мен балаларды тұтқынға алып кетті. Дегенмен еңбекші қазақтар

осындай патшалық тонаушылыпға қарсы күрестерін жалғастыра берді.

Пугачев көтерілісін басып-жаншу патшалықтың жағдайын күшейтіп жіберді.

Патшалық күшін көбейте түсіп, қазақ даласына одан әрі дендеп ене берді.

Бұл кезең патшалық пен оны қолдаған хандар мен сұлтандарға қарсы

бұқараның жаңа қозғалыстарымен жалғасты. Бұл жолы қозғалысты Сырым

Датұлы батыр басқарады.

1784-1797 жылдардағы Сырым көтерген көтеріліс, кең ауқымды бұқаралық

қозғалыс болды.

1792 жылдың қыркүйегінде Сырым батыр патшалық Ресейге соғыс

жариялап, өзінің әскери іс-қимылын 1792 жылдың 29 қыркүйекте бастады.

Жасақтың басында Сырым - мыңдаған қазақтар – Елек қорғанысы бекінісіне

шабуыл жасап, оған жан-жағынан өрт қойды. Дегенмен бұл қорғанды алу

мүмкін болмады.

Бұқараның халық-азаттық қозғалысы басып-жаншылды, соның салдарынан,

феодалдық-рулық басшылыр өз жағдайларын сақтап қалып және күшейту

мақсатында патша билігімен ымыраға барды.

Осы толқулар болып жатқан кезде 1794 жылдың 10 маусымында Ералы хан

қайтыс болды.

Сырыма Датовтың көтерілісі жеңіліс тапқан соң да қазақтардың арасындағы

азаттық қозғалыс тоқтап қалған жоқ, керісінше, тәуелсіздік үшін күрес

аясында жаңа қозғалыстар пайда бола берді. Мысалға, Шекті руының көшіп

жүретін жерлерінде... Сырдария мен Қуаңдария аралығында көшіп жірген

Кіші жүздің Әлім ұлы тармағында қозғалыс өрши бастады.

1

«Большевик», № 6, 80 бет, 1945 жыл.

Арынғазы сұлтанның ықпалы. Ол 1815 жылы, өзінің әкесі Әбділғазы

Қайыпов қайтыс болған соң көзге көріне бастады. Арынғазы негізінен саяси

59


тұрақтылыққа қауіп төндірген, сонымен қатар Хиуа хандығының иелігіндегі

Кіші жүздің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі қазақтарды экономикалық жағынан

жоқшылыққа ұшыратқан Хиуа хандығына қарсы күресті. Мұрағат құжаттары

1816 жылдың қысында хиуалықтар онмыңдаған жасақтарымен Арынғазының

ауылына 11 күнге созылған шабуыл жасағанын дәлелдейді. 1000-нан астам

ауыл тоналған, 1000-ға жуық қазақ өлтірілген, жараланған және тұтқынға

алынған. Осы шабуылдан соң Арынғазының ауылдары қайыршылық күйге

түсіп, оның отбасы кәдімгідей жоқшылыққа ұшырады.

Дегенмен Арынғазы рухын жоғалтқан жоқ. Ол партша әкімшілігінің отарлау

жүйесін көзінен таса қылмай отырып, хиуа ханымен күресті жалғастыра

берді.

Арынғазыға даланың барлық түкпірінен қаруланған жігіттер ағылып келе

бастады. Солардың көмегімен Арынғазы хиуа ханын жақтайтындардың

ауылдырын шауып кетіп отырды.

1819 жылы Сырдарияға хиуалық зекет жинағыштыр келді. Арынғазы оларды

ұстап алуға бұйрық беріп, патша үкіметіне тапсыру үшін Орынборға

айдатты. Сонымен қатыр Арынғазы патшалықтың отарлау саясатына

каспиймаңы даласында қарсылық көрсетуін жалғастыра берді. Хиуа

хандығының шапқыншылығы мен орыс патшалығына қарсы күресе отырып,

Арынғазы Кіші жүз бен Орта жүзді дербестіктерін сақтай отырып,

федеральды негізде мемлекетті біріктіре отырып, хандықта өзінің билігін

орталықтандырып, күшейтіп алуға тырысты. Кіші жүздің әртүрлі руларын

құрайтын 388 адамнан астам сұлтандар, старшындар мен билер 7.VIII-1819

жылы Орынбор генерал-губернаторлығы арқылы Арынғазыны хан қылып

бекітуін сұрап патша үкіметіне өтініш берді. «Өтініш берушілер бұл қадамға

барған себебі», - деп жазды өзінің император Александрге жазған

рапортында Орынбор генерал-губернаторы Эссен, - «бір жағынан Арынғазы

сұлтанның әділеттілікті қатаң ұстайтыны және өзінің жеке қасиеттері мен

шыққан тегінің мықтылығымен далада жаппай құрметке ие болуымен, екінші

жағынан руластары арасында қадірін жоғалтқан және өзі иеленіп отырған

маңызды қасиетті жойып отырған негізсіз хан Серғазы Айшуақовтың

басқарудағы әлсіздігінен болып отыр»1.

1

Профессор М.П. Вяткин. ҚазКСР тарихы бойынша материалдар, т. IV, 327

бет, КСРО Ғылым Академиясы шығырған, 1940 жыл.

Қазақтардың арасында Арынғазының беделі өте зор болды. Арынғазының

беделінің өсуі мен азаттық жолындағы іс-әрекеттері Хиуа ханын да, патша

үкіметін де қатты алаңдатты. Сондықтан да хиуа ханы Арынғазының

ықпалын әлсірету мақсатында 1820 жылдың 25 ақпанында оның ауылына ірі

шабуыл ұйымдастырды, есебі – Арынғазыны тас-талқан ету еді1.

Азиялық департаментке ұсынған өзінің ескертпелерінде, осы департаменттің

стол бастығы А.И. Левшин: «Арынғазы сұлтанды хан қылу оған даңқ алып

60


келуі және мәңгілік те алып келуі мүмкін, бірақ Ресейге айтарлықтай пайда

әкелмейді», - деп жазды2.

Патша үкіметі Арынғазыны қазақ ауылынан аластату керек деп шешті. Ол

алдау жолымен Петербургке шақырылып алынды. Оған, император оны

көргісі келеді екен, өз қолымен сый-сиапат беріп, оны хиуа ханымен

татуластырмақшы екен деген және басқа да сылтаулар айтқан.

Арынғазы Петербургке 1821 жылдың 6 шілдесінде кетті. Алдымен оны

Петербургте ұстап отырды, сонан соң оны сол кездегі жердің түкпірі

Калугаға жер аударды.

Бірақ патша үкіметі, Арынғазыны тұтқындауға байланысты қазақтардың

толқуларынан жасқанып, Орынбор дербес корпусының штаб бастығы

генерал-майор Г.П.Веселитскийге нұсқау жіберуге асығып, Петербугте

Арынғазы сұлтанның ұсталғанына байланысты Кіші жүзде тыныштықты

сақтау үшін қандай шаралар істеу керек екендігін көрсетті3.

Бас старшын Жоламан Тіленшиевтің басшылығымен Кіші жүз

қазазақтарының халық-азаттық қозғалысы басталды. 1822 жылы –

Арынғазыны, Жүсіп Сырымұлын және патша отаршыларының тартып алған

жерлерін азат ету үшін Жаңа Елек линиясына үлкен шабуыл жасалды.

Орынбор кеденінің сыртқы сауда департаментіне жіберген хабарламасында

Жоламанның көтерілісі туралы: «...батыр, би Жоламанның басқаруымен 500

адамнан тұратын жеке-жеке қырғыздардың топтары, Електе малдарды айдап

кетіп және шөптерді өртеуде, орыстардан Елек өзені бойындағы қырғыздарға

тиесілі жерлерді және Ресейде тұтқындалған Арынғазы сұлтанды қайтарып

беруін талап етеді, егер оны босатпаса, онда осы топ Ресей жеріне көп адам

болып шабуыл жасаймыз деп қорқытуда», - деген жазуларды оқуға болады4.

1

Бұл оқиға туралы 1 тараудан қараңыз, Добросмыслов еңбегін талдау.

2

Профессор М.П. Вяткин. ҚазКСР тарихы бойынша материалдар, т. IV, 438

бет, КСРО Ғылым Академиясының басылымы, 1940 жыл.

3

ҚазКСР тарихы бойынша материалдар, том IV, 381 бет, КСРО Ғылым

Академиясының басылымы, 1940 жыл.

4

ҚазКСР тарихы бойынша материалдар, том IV, 412 бет, КСРО Ғылым

Академиясының басылымы, 1940 жыл.

Арынғазыны далаға қайтаруға жасалынған барлық осы талпыныстар

нәтижесіз аяқталды, өйткені Арынғазы 1833 жылдың 22 наурызында Калуга

қаласында қайтыс болған еді. Бірақ Жоламанның азаттық күресі үздіксіз

жалғаса берді. Өзінің қозғалысын кеңейте отырып, ол Кенесарының үлкен

ағасы Саржан Қасымовтың (1824-1836 жылдардағы) басқаруымен болған

Орта жүздің қазақтарының көтерілісіне қосылды.

61


Саржан және оның әкесі Қасым Абылаев 1824 жылы патша үкіметіне қарсы

қарулы көтерілісті бастады. 1824 жылдың қыркүйегінде Қасым Абылаев

Батыс Сібір генерал-губернаторы Капцевичтен приказдарды жойып және

қазақ даласынан патша жасақтарын алысқа алып кетуді талап етті. Сонымен

қатар ол патшалық Ресейдің өзінің үстінен билігін мойындамай, орыс

көпестеріне шабуылдар жасай отырып, бекіністер салуларына қарсы шықты.

Қасым мен Саржан өз айналасына батырларды жинап алып, патшалық

Ресейге бағынуға қарсы үгіт жұмыстарын жіргізді. Патша шенеуініктеріне

бағынғандардың, сонымен қатар приказдарға қарайтын қазақтардың

малдарын барымталап, керуендеріне шабуылдар жасаған.

1824 жылы Саржан Ұлытау, Торғай және Нұраға көшіп-қонып жүрген

руларды үкіметтің енгізген жаңа талаптарына бағынбауға шақырды. 1830

жылы Орта жүзде патша жасақтарының Саржанға жасаған соққысынан кейін

ол Қоқан ханы жағына кетіп қалды. Патша үкіметіне қарсы күресті тек қана

бір қазақтардың күшімен жүргізудің мүмкін еместігін есепке ала отырып, ол

көрші мемлекеттерден өзіне одақтастар іздеді.

1831 жылы ол Ташкенте барып, Ташкенттік Құсбегі Ләшқармен тығыз

байланыс орнатады. Олар патшалықтың басып алуларына қарсы өзара

біріккен майдан құру туралы келісім жасайды.

1932 жылы Ләшқар мен Саржан қазақ ауылдарына патша үкіметіне қарсы

күреске шақырған хаттарды таратады. Олар қазақтарды қоқан иеліктеріне

көшіп кетуге шақырып және патша үкіметіне приказдарды жою мен жасақ

салығын жинауды тоғаруды талап етті.

Көп өтпей олар Орта жүздің аумағына 6000 қаруланған жасақтарымен келіп,

1832-1834 жылдары Сарысу өзені бойында және Қаратау мен Ұлытау

етектерінде әскери бекіністер салды. Сібір приказының генералы

Вельяминов казак жасақтарын жіберіп, олар Сарысу өзені бойындағы екі

бекіністі басып алды, бірнеше ташкенттікті тұтқынға алып, кейін оларды

үйлеріне қоя берді.

1934 жылы Ташкент Құсбегі мен Саржан Қасымов Орта жүздің аумағына

екінші рет кіруге талпыныс жасаған еді, бірақ генерал-майора Броневскийдің

жасақтары оларды кейін қайтарып тастап, Ұлытау бекінісін қару-жарағымен

және тұтқындарымен қоса басып алды. Броневскийдің Ұлытау тауларына

қарай жорыққа шыққанын білген Құсбек қорғанысқа солдаттарының бір

бөлігін тастап, өзі кетіп қалды. Броневский, шауылға шығып, толықтай басып

алып, қалған ташкенттіктердің тас-талқанын шығарып, «екі пушка, 99

мылтық, бірнеше пұт оқдәрі және бытыра алып, бірнеше жылқы мен малды

айдап алып кетті»1.

Ұлытаудағы қоқандықтардың басқа бір бекінісін жаулап алған кезде

Броневский жасақтары «жүз жылқы, 2 пушка, 99 мылтық, 54 қылыш, 41

қанжар, 12 пұт 18 фунт оқдәрі, 17 пұт 30 фунт бытыра, 2 кішкентай

литаврлар, 290 ширек бидай ұны, 130 ширек дақыл, жоғарыда көрсетілген

жылқылардан бөлек тағы да 28 жылқы, 46 ірі қара мал мен 636 қойды»

тәркілеп алып кетті»2.

62


Патша үкіметінің де, Қоқан хандығының да салған бекіністері көшпелі

даланы жайлаулар мен жайылымдардан ажыратып, қазақтардың

шаруашылығының негізіне балта шауып, оларды одан әрі экономикалық

тәуелділікке душар етті.

1836 жылы Ташкенттің басшысы Ләшқар Ұлы және Орта жүзге жаулап алу

мақсатында тағы да бір рет жорық жасады, бірақ бұл жолы қазақтар

ташкенттіктерге қатты қарсылық көрсетті. Сөйтіп, Ләшқардың жорығы сәтсіз

аяқталды. Ләшқар осы сапарда өзіне еріп жүрген Саржан сатқындық жасады

деп түйді.

1836 жылдың наурыз айында Ләшқар мен Саржан Ташкентке қайтып келді.

Бірнеше күн өткен соң Ләшқар өзіне Саржан мен оның інісі Есенгелдіні

қонаққа шақырып, жорық туралы достық тұрғыда әңгіме бастады. Әңгіме

қызып келе жатқан кезде қанышерлер кіріп келіп, Саржан мен оның інісі

Есенгелдіні шауып тастады. Кенесары Түркістан маңындағы Қармақ

ауылында қолға түсті. Оны Ташкентке алып келіп, түрмеге тастады. Ұзамай

Саржан мен Есенгелдінің өлімі туралы және қараңғы қапаста отырған

Кенесары туралы әңгіме елге тарап кетті. Барлық қазақ ауылдарында, әсіресе

Ташкент маңында толқулар мен тебіреністер басталып, қазақтар Ташкент

аумағынан көшіп кете бастады.

1

Орталық Әскери-Тарихи Мұрағат. ӘҒМ қоры, № 1117 іс, 29 бет.

2

Орталық Әскери-Тарихи Мұрағат. ӘҒМ қоры, № 1117 іс, 31 бет.

Қазақтардың күш алып, кек қайтаруынан қорыққан Қоқан ханы Мұхамед

Әлім Ләшқарды қызметінен алып тастап, оның орнына Юлдаш молданы

тағайындады, ал ол өз кезегінде Касым Абылаевпен достасуға тырысып,

оның ұлы Кенесарыны түрмеден босатып, оны әкесі Қасымға жіберді, одан

Қоқан хандығына бағынып, зекет салығын төлеп отырамын деген уәдесін

алды. Ташкенттен шығар кезінде Юлдаш молда Кенесарыға Жүзбасы

Әбдішүкір бастаған 100 адам нөкерден тұратын күзетшілер қосып жіберді.

Олар Қасыммен Шу өзені бойында жолықты.

Ұлдары Саржан мен Есенгелдінің қаза тапқандары туралы хабарды естіген

кезде Қасым сондай қайғырған еді, оны Кенесарының аман-есен келгені

жұбатты.

Шу өзені жағасындағы кездесуде Қасым ташкенттіктерге Ташкенттің жаңа

басшысымен достық қатынаста болуға дайын екендігін, ол өзінің ұлдарының

қаза табуына Ләшқар ғана кінәлі екендігін айтты. Әңгіме түн ортасы ауғанша

жалғасты. Жолдан шаршап-шалдығып келген ташкенттік қонақтар қалың

ұйқыға кеткен кезінде, қамыс арасынан қарулы төлеңгіттердің бір тобы

шығып, барлық ташкенттік нөкерлерді жайратып салды, біреуін ғана тірі

қалдырды.

63


Тірі қалған ташкенттікті Кенесары сұлтан Ташкентке қайтарып жіберді.

Оған, ағаларының өлімін Кенесарының өзі ешқашан да ұмытпақ емес және

қоқандық бектер мен хандардан кек алуды қоймауымен қатар, олардың

ұрпақтарынан да кек алып отыратын боламын деп өз басқарушыңа айта бар

деді. Ол, Қоқан үкіметі мен біздің арамызда ортақ ештеңе де жоқ деп

мәлімдеді. Ол, Қоқан ханы қазақ халқының тәуелсіздігі идеясымен келісе

алмайтындығына өздерінің көздерінің жеткендігін, ал өз кезегінде біздер

өзіміздің халқымыздың қоқан ханының қарамағына өткеніне келісе

алмаймыз деп айтты. Біздер басқа жолды таңдадық, яғни біздің еркіндігімізді

ортақ күш арқылы ғана жаулап алуға болады.

Осыдан кейін Қасым мен оның ұлы Кенесары өздерінің ауылдарымен Орта

жүздің аумағына көшіп кетті. Қасым мен Кенесары Қоқан ханының саясаты

қазақтарды Ресейден бөліп ала отырып, біртіндеп қазақтардың барлық жерін

жаулап алу екендігін жақсы түсінді. Сонан соң қоқандық феодалдарды

қанаушылар, ал қазақтарды бағынышты етіп, қазақ халқын басқыншылықта

ұстап отырулары жеңіл болу үшін, қазақтардың мемлекеттігін орнатуға деген

талпыныстарын және олардың тәуелсіздік үшін күресін жойып жіберуге

тырысты. Кенесары Қасымов көтеріліс басталмай тұрып зор өмірлік

тәжірибеге ие еді. Ол бір жылға таяу ташкент түрмесінде де отырған

болатын. Оның екі ағасы қоқан басшысының қолынан қаза тапқан.

Кенесары мен оның әкесі Қасым, барлығымызға мәлім, Абылай ханның

баласы және немересі – қазақ халқының ең үздік өкілдері еді, Арынғазы мен

Жоламан оларға туған жерлерінің азат етілгендері жайлы хат жазып тұрды;

қазақтардың үздік жігіттері мен батырлары Кенесарының ауылына үнемі

келіп тұрды; оған қазақ халқының ауыр жағдайы туралы айтып отырды.

Бұл Кенесарының саяси көзқарасына қатты әсер етті. Ол осы уақытқа дейін

күрестің қатаң мектебінен өткен, көтерілістің қалыптасқан басшысы бола

білген еді. Ол бар болғаны 35 жаста еді. Ол 1802 жылы Көкшетау ауданында

туды, қазіргі Ақмола облысы.

Екі жақтап қанаудың сипаты туралы, шаруашылық тоқырауға ұшырау

туралы, саяси дағдарыс пен зерттеліп отырған кезеңдегі Қазақстандағы

отарлауға қарсы қозғалыстың күшейуі туралы шолудың нәтижелері осындай.

Жоғарыда көрсетілген барлық факторлар Кенесары Қасымовтың

басшылығымен болған қазақтардың көтерілісінің тарихи алғышарттары

болып табылды.

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

Кенесары Қасымов көтерілісінің қозғаушы күштері

1837 жылдың мамыр айының өзінде Орта жүздің барлық аймағында қарулы көтеріліс

сипатындағы бұқаралық толқулар басталды. Еңбеккер қазақтар өздерінің істеп жүрген

кәсіптерін, ауылдарын тастап, қалың бұқара жиналып жатқан жерге қарай көшіп кете

бастады.

Дала қозғалысқа келді. Біртіндеп көтерілістің жалыны Орта жүздің барлық жерін шарпи

бастады. Көтеріліс оты тек қана Ақмола округінде ғана емес, Баянауыл, Қарқаралы және

64


Көкшетау округтерінде де кең жайылды, сонан соң басқа да губерниялар мен округтердің

ояздарына тарай бастады.

Қысқа ғана уақыттың ішінде Кенесарыға әртүрді ояздар мен болыстардан 10 000 қазақ

келіп қосылды.

Патшалық қанаушыларға қарсы көтерілумен көрінген Кенесарының батылдығы мен

қайыспас қайраты, қазақтардың арасында оның беделін аса көтеріп, оған деген зор

құрметті тудырды: «Барлық дала: атың сенің Кенекем! – деп жаңғырып тұрды»1.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші және әлеуметтік тірегі болып, Кенесарыны азат етуші

ретінде санап, соның жағына қуана-қуана шыққан езгіге ұшыраған бұқара халық болды.

«Қандай да болмасын ұлттық езгі, - деп жазды Ленин, - халықтың қалың бұқарасы

тарапынан қарсылыққа тап болады, ал ұлттық езгіге түскен тұрғындардың қарсылық

көрсету үрдісі – ұлттық көтеріліс болып табылады»2.

Владимир Ильич Ленин бұл жерде халықтың қалың бұқарасы қатысқан көтерілістің ғана

ұлттық көтеріліс болатынын көрсетіп отыр. Лениннің бұл анықтамасына 10 жыл бойы үш

жүзден де қырыққа жуық қазақтың рулары қатысқан Кенесары көтерілісі де әбден сәйкес

келіп тұр.

1

Досқожа би «Дала әуендері» Л. Соболевтің редакциялауымен, 1940 жылғы басылым, 229

бет.

2

В.И. Ленин, шығармалары, том ХIХ, 222 бет.

Кенесары көтерілісінің тарихын революциядан бұрынғы зерттеушілерінің бірі Н.И.

Середа Кенесарының жеке тұлғасын сипаттай келе: «Жолындағының бәрін де жапырып

өтетін дала құйыны сияқты жүйткітіп тұрып шауып өтетін ол, ешқандай да кедергілерге

қарамайтын. Кенесарының бойындағы осындай қасиеттері біздің көшпенділер тарапынан

жоғары бағаланып және олардың жүректері өздерінің қолбасшыларына деген

сүйіспеншілікпен соғатын еді. Оны қолдаушылардың саны күн санап арта берді. Кенесары

өзінің жасақтарына лайықты түрде басшы бола білді. Оның жігіттерінің Рухына,

еуропалық әскерлердің кез келген қолбасшысы қызғанышпен қарар еді, Кенесары

осындай болды», - деп жазады1.

Кенесары көтерілісінің негізгі күшін: біріншіден, оның жақын туысқандары – өжет кіші

інісі Наурызбай бастаған Қасымовтардың тентек отбасы; екіншіден, күрес барысында

Кенесары үшін өзінің өмірін де қиюға дайын ержүрек жігіттер мен батырлар құрады.

Атақтары шыққан батырлардың ішінде Кенесарының қарындасы – патша үкіметіне қарсы

халық көтерілісін бастап шыққан, бірінші қазақ қызы Бопай да болған еді. Бопай өзінің

тағдыры мен 17 жастағы ұлының тағдырын көтеріліске шыққан халықтың тағдырымен

әрдайым байланыстырып отырды. Бопай 500 адамнан тұратын ерекше жасақты басқарды,

ал олар зекет жинаумен және көтеріліске қосылудан бас тартқан сұлтандардың мүліктері

мен азық-түліктерін тәркілеумен айналысты.

Сонымен қатар Бопай Кенесарының барлық ірі шайқастарына белсенді түрде араласып,

жау тылына жекелеген партизандық жорықтар жасап тұрды.

65


Үшіншіден, бас штабтың поручигі Герннің айтуы бойынша, «Кенесары Қасымов

сұлтанның жиыны оған Абылай ханнан мұрагерлікке қалған өзінің 1000 түтін

төлеңгіттерінен және әртүрлі рулардан жиналған қаңғыбастардан тұратын 1000 шақты

түтіннен, сонымен қатар 200 шақты түтін Тама-Табындардан тұрған»2.

Төртіншіден, Кенесары жасақтарында аздау да болса, башқұрттар, татарлар, орыстар және

өзбектер де болды.

Көрсетілген құрам көтерілістің негізгі өзегінің үнемі іс-әрекеттегі күші болып табылды.

Осы көтеріліске орыстардың, башқұрттардың, өзбектердің және татарлардың қатысуына

таң қалуға болмас еді, өйткені ол кездері қазақтардың жағдайы, патшалық Ресейдің

барлық қаналушы адамдарының сияқты, ауыр болды. Патшалық Ресейдің қанауға

ұшыраған халықтары тарихи деректер бойынша әрдайым қанаушылырға қарсы

көтеріліске шығу үшін бірігіп отырған. Осының өзі, партшалық Ресей халықтары

еңбеккерлерінің әлеуметтік-саяси қатынастарының жалпы негізі бір мүддеге тоғысып

отырғанын, - еркіндік үшін күресу мүддесі және бір сезіммен – патшалық режимге деген

жек көрушылікпен тоғысып жатқанын көрсетеді.

1

Н. Середа «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі», «Еуропа жаршысы», 1970, 8

кітап, 550 бет.

2

А.Г. Серебренников. Түркістан өлкесін жаулап алу тарихы материалдарының жинағы,

1845 жыл, 139 бет.

«Еңбек ету нысанының әр түрлі болғанына қарамастан (мал бағу мен жер өңдеу),

әлеуметтік қатынастардағы жалпы негіздер идеялар мен сезімдердің ұқсаттықтарын

тудырды, әркелкі ұлттық нысанда көрініс табатын, әркелкі тарихи тағдырларына,

тілдеріне және тұрмыстарына сәйкес, біркелкі армандардың болуына алып келді»1.

Кенесарының ауылында болған поручик Герн, көтеріліс штабындағы басқа ұлттың

адамдары не істеп жатқандарын мұқият бақылай отырып:«Башқұрттар мен татарлар, оның

(Кенесарының – Е.Д.) жақын қызметкерлері бола отырып, біреуі Қоқаннан қашып келген

адаммен сұлтанның қаруын көмкерумен айналысып отырса, басқа бір башқұрт – қаружарақ

жасаушы, мылтықтың ұңғысын құюда», - деп жазады2.

Осыдан-ақ, өзбектердің, орыстардың, татарлар мен башқұрттардың көтеріліс кезінде

оларға қару-жарақ пен оқдәрі жасаумен айналысып, арнайы шеберханалар

ұйымдастырғандарын көруге болады. Кенесары осы шеберлердің арқасында өзінің

пушкасын да құйуды жолға қойған.

Сөйтіп, Герн онда 5000-ға дейін сайдың тасындай жігіттері болды деп, Кенесары

көтерілісінің қозғаушы күштері туралы толық мағлұмат берді. Оның қаруланған әскерінің

саны көтерілістің әр кезеңдерінде 6-дан 10 мың адамға дейін болып отырды.

Мұрағаттық деректерден Кенесарының азаттық көтерілісіне Қарқаралы мен Аягөз

қазақтары көптеп қосылғанын көреміз.

«1841 жылы Орта жүздің Аягөз округінен Ташкентке 2 442 үй көшіп кетті»3.

1

«Правда» газеті, Қазан, 1940 жыл.

66


2

А.Г. Серебренников. Түркістан өлкесін жаулап алу тарихы материалдарының жинағы,

1845 жыл, 139 бет.

3

О.М.М.Ә.С.К. және З.Қ. Министрлер Коммиссариаты, Л. 1503, 1848 жыл, 276 бет.

Қарқаралы округтік приказының анықтамасы бойынша ол жақтан 1841 жылы 17 болыстан

4 602 үй, 20 000-дай адам көшіп кеткен.

Мысалға:

№№ р/р Болыстың атаулары Отбасылардың саны

1. Карсон-Кырнеевск 528

2. Қоянды-Тагай 196

3. Әлтеке-Сарым 657

4. Қарауыл-Қамбар 176

5. Қара Әйтімтет 314

6. Жалықбас 3

7. Керей 106

8. Төлеңгіт 331

9. Надан тобықты 478

10. Тарақты 34

11. Байбұрым 273

12. Күшік 5

13. Майбетей тобықты 3

14. Күшік тобықты 14

15. Қырғыз 625

16. Әйімбет 360

17. Дүйсембай шөкшек 508

БАРЛЫҒЫ 4602 отбасы2.

Петр Дмитриевич Горчаков өзінің «Бүлікшіл қызғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың

әрекеттері туралы» деп аталатын жазбасында: «1837 жылдың тамыз айында Ақмола

округінің алты болысы оларды орыс билігінен құтқаруға уәде берген Абылайхановтар

отбасына қосылулары үшін кіші орданың аумағына көшіп кетті», - деп жазған1.

Осыдан-ақ Ақмола округінен көтеріліске қатысқан адамдардың жалпы саны қанша

болғандығы түсінікті, өйткені әр болыста 12 ауыл болған, ал әр ауылдың құрамында 70

67


отбасы болатынын есепке алар болсақ, ал әр отбасыда үш адамнан болғанның өзінде,

барлығы 15 100 адамды құраған.

«Кенесары Қасымов өзінің табанды күресін жалғастыра берді; қазақтың 33 руы оның

билігін мойындады...»2.

Тарихи әдебиеттерде кейбір авторлар, мысалға КСРО Тарихы ІІ томының авторлары,

Кенесары көтерілісіне қатысқан рулардың жалпы сандарын ғана көрсетеді. Дегенмен олар

қай жүздерден қандай рулар көтерілістің қаншалықты жақтастары болғандығын

көрсетпейді. Қазақ халқының көшпелі өмір салты көтерілісшілерді де ауыл-ауыл болып

көшіп-қонып жүруге мәжбүрледі. Бұл ауылдар танымал сұлтандар мен Кенесарының

туысқандарының аттарымен аталды: Әлжан ауылы, Көшек ауылы, Ғабдолла Уәлиев

ауылы, Қасым ауылы, Кенесары ауылы және басқадай. Бұл ауылдар халық көтерілісіне

шын берілген әртүрлі қазақ руларынан тұрды. Өздерінің ру басыларының атымен аталған

ауылдар да болды. Олар Кенесары ауылымен бірге көшіп-қонып, көтерілісшілер ретінде

әрекеттер жасады.

1

Ежелгі Актілер Мемлекеттік Мұрағаты, Мемлекеттік Мұрағат қоры, 11 бөлім, № 1217 іс,

3 бет, 1845 жыл.

2

КСРО тарихы, том II, 271 бет.

Кенесары Қасымовтың өзі Орынбор генерал-губернаторы Перовскийге 1841 жылдың

22 ақпанында жазған хатында: «патшаға қызмет етуге жіберуге тиісті түтіннен, әр түрлі

рулардан 6666-сы қалды»,- деп жазады1.

Бұл хатты Кенесары генерал Перовскийге оның әкесі Қасымды Ташкентте (1840 жылы)

Қоқан ханы өлтірген соң қалыптасқан қиын-қыстау жағдайдан дипломатиялық түрде

шығып кету үшін жазған болатын.

1843 жылдың 31 тамызында Орынбор корпусының командирі әскери министрге,

«Саналының айтуы бойынша, Кенесарымен бірге қырғыздардың әртүрлі руларынан

барлығы 1000-ға тарта ауыл көшіп жүр», - деп жазған болатын2.

Саналы Мырзағалиев Кенесарының сенімді өкілі болды, оны Кенесары хат жазып беріп

Орынборға жіберген және сол жақтан Саналы арқылы Орынбор генерал-губернаторының

жауабын алды. Сондықтан да ол Кенесарының ауылдарының жалпы санын білуі мүмкін.

Бұл жерде Кенесары көрсеткен деректер мен Кенесарымен бірге көшіп жүр деп Саналы

Мырзағалиев көрсеткен қазақтардың саны шамамен сәйкес келеді. Егер Кенесары «менде

6666-сы бар» деп айтса, ал Саналы: Кенесарымен бірге 1000-ға тарта ауыл көшіп жүр» деп

жазады. Әрбір ауылда ең кем дегенде 10-нан 15-ке дейін шаруашылық немесе түтін

болады. Егер әр түтіннен 2 көтерілісші шығатын болса, онда Кенесарының тұрақты түрде

әрекет ететін күшінің өзі шамамен 20 000 жігітті құрайтын болады.

Мұрағат деректері бойынша және басқа да әдебиеттерде Кенесары көтерілісінің негізгі

қатысушылары Орта жүздің Арғын мен Қыпшақ рулары екендігі көрсетілген. Арғын

руынан бөлек: ағатайлықтар, уақтықтар, тоқайлықтар, керейліктер және

қанжығалылықтар қозғалыстың соңына дейін Кенесарымен бірге көшіп-қонып жүрді.

Поручик Герн де: «Кенесары лагерінде қазақтардың Арғын руынан адамдары көп», - деп

атап өтті»3.

68


Осы рулардың барлығы да бір тұтас болып көтеріліске қатысты деп бекем айтуға

болмайды, өйткені ол кездерде рулардың күресі рулар арасында ған емес, бір рудың

немесе соның бір бөлімшесінің ішінде де бірлік болмады. Сондықтан да бір руға немесе

ауылға жататын әртүрлі бөлімшелер, белгілі бір басшылыраның айтқандарымен

көтеріліске қосылғандарымен, кейбір рулар, бөлімшелер және ауылдар Округтік

Приказдардың сұлтан-басқармаларының билігі астында қалып қойып отырды.

1

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағаты, Серебренников қоры, № 16 құжат, 1841

жыл.

2

3

Орталық мемлекеттік әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 128-130 беттер.

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 4 қор, 1 жазба, 2621 іс, 926-931 беттер, 1845 жыл.

Халық мүддесін қорғаған арғын тайпасынан Орта жүзден Қыпшақ тайпасы да болды.

Қыпшақтардың өздеріне тән ерекшеліктері жаужүрек және батылдығына еді. Сондықтан

да қыпшақтықтар Кенесары көтерілісінде алғашқы орындарда болды.

Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков Орынбор генерал-губернаторына, «1838

жылдың 10 қыркүйегінде маған капитан Спиридонов, Ақмола Приказының аға

сұлтанынан қуып алып кеткен Кенесары жасақтары, басқалармен бірге Қыпшақ тайпасы:

Алтыбас, Қадел және Қарабалық руларынан тұрды. Қыпшақтықтар Кенесарының

тығылатын жалғыз ортасы болды айтты», - деп хабарлайды1.

Қазақ халқының аңызға айналған батыры Қобыланды батыр, Иман батыр және оның

немересі Амангелді батыр Қыпшақ тайпасынан еді.

Бегімбет руы Кенесары көтерілісінде ерліктің үлгісін көрсетті. Бегімбет руын Кенесары

көтерілісіне алғашқылардың бірі болып қосылған Иман батыр басқарып, көтеріліс басыпжаншылғанға

дейін оның алдыңғы қатарында болды.

Кенесарының көтерілісіне Иманның барлық төрт ұлы да қатысты - Бердалы, Ержан, Балық

және Үдербай (соңғысы Амангелдінің әкесі болды).

Бердалы мен Ержан әкесі Иман батырмен бірге 1847 жылы ауыр шайқаста қаза тапты.

«Иман батыр басқарған Бегімбет руының қаншалықты аянбай және батыл шайқасқанын,

осы рудың 90% адамы көтеріліс барысында қаза тапқанынан-ақ көруге болады, тек 200

отбасы (түтін) ғана Алатаудың етегінен өз туған жеріне оралған»2.

1

2

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағаты, Серебренников қоры, № 177 құжат.

Қаныш Сәтпаев. «Батырдың ерлік дәстүрлері», Казахстанская правда, 18.IV.1944 жыл.

Көкшетау ауданында тұрғындарының саны бойынша ең көп ру – Арғын тайпасының

Қарауыл руы болды. Қарауылдықтар Ресейдің бодандығын қабылдағылары келмеді. Олар

69


Кенесарының көтерілісіне қосылып, көтерілісшілермен бірге далаға қарай ене, Қоңырат

болысына қарайтын Қаратау ауданына, әрі қарай Сарысу бағытына көшіп жүрген.

Олардың басшылары атақты батырлар Бөгенбай, Амалдық, Кенжебай, Ерлан, Шамай

Шауыпкелов, Молда Баубек, Елубай және Көбе батыр, Жақсылық Серкеш би және

басқалары болды. Қожым ауылы Балтабек, Жолақ руларынан да қауылдықтармен бірге

көшіп жүрді. Қарауыл мен ағытай рулары қиындықтар көрген: малдары қырылып, ішерге

ас таппаған.

Сондықтан да олар мынадай өлең айтқан:

«Қол үзіп сағынамын өскен жерім,

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Аман бол көремін бе, көрмеймін бе,

Атығай, Қарауыл мен Қайран Елім»1.

Қарауыл руының Кенесары көтерілісіне қатысқандығы туралы мұрағат материалдарында

да көрсетілген: Орта жүздің қазағы Шорман Асақовтың көрсетпесі бойынша, олар «Орта

және Кіші жүздің әртүрлі руларынан» 300-ден артық түтін болған, олардың ішінде

«қарауылдықтар, ағытайлықтар, уақтар және керейліктер» болды 2.

Сонымен қатар, мұрағат материалдарынан көретініміздей, Орта жүздің әртүрлі тайпалары

мен руларынан Кенесары көтерілісінен өздерінше белсенді түрде қатысқан

ұзындықтарды, төреліктерді, жанайдарлықтарды, қуағандықтарды, әлекейліктерді,

қалқамандықтарды, тұрдығұлдықтарды, қуандықтықтарды, сүйіндіктіктерді және тағы да

басқа рулар мен бөлімшелерді көреміз. Бағаналы руы да халық көтерілісіне белсенді түрде

қатысады. Материалдарда, 1840 жылдың 25 шілдесінде Ашщы және Тұшщы өзендері

маңында Ребровтың жасағы Кенесарының ізімен Сырдария бағытында көшіп бара жатқан

12 ауыл бағаналылықтарды қуып жеткені көрсетілген.

Ребров оларға берілулерін ұсынып өз өкілдерін жібереді, бірақ бағаналылықтар бұл

ұсыныстан бас тартып, оның жасағының алдыңғы шептегі бөлімшелеріне оқ ата

бастайды3.

1

2

3

Малдыбаев Баялы. «Кенесары уақытынан», «Жаңа Әдебиет», № 9, 44 бет, 1928 жыл.

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 64 қор, 1 жазба, 140 іс, 129-132 беттер.

Орталық мемлекеттік әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 229-232 беттер.

Кенесарының майдандас серіктері және көтеріліске қосылған, жоғарыда көрсетілген Орта

жүз руларының басшылары мына батырлар болған: Арғын тайпасы Шұбыртпалы руынан

Ағыбай батыр (Қарқаралы), Кенесары жасақтарының басты қолбасшыларының бірі Маса

батыр - қаза тапты, бірнеше адам жараланған. Сүйіндік руынан Жанайдар батыр

(Баянаул), Шапрашты руынан Бұғыбай батыр, Арғын руынан - Шәкір, Жәйке, Толыбай

және Таңасты, Базар, Көбек, Байғара, Біржан, Балқай, Бижан, Жолдыаяқ және

70


басқалары. Қыпшақ тайпасы Бегімбет руынан Иман Дулатов батыр (Амангелдінің атасы)

(Ұлытау, Торғай), Атығай руынан Аңғал батыр (Көкшетау), Қыпшақ тайпасынан

Басығара батыр (Ақмола), Түнғатар болысынан атышулы шабарман Айдарбек пен Жұбай

батырлар1.

Әскерлердің топтарын басқарған, көмекшілері болып табылған Кенесарының

туысқандары ішінен: Әлжан сұлтан, Ержан және Құдайменді Саржановтар, сұлтан қыз –

Кенесарының қарындасы Бопай және оның кіші інісі, өжет Наурызбай батырды атап өтуге

болады. 1840 жылға дейін көтерілістің басшыларының бірі Кенесарының әкесі Қасым

Алылайханов сұлтан (1840 жылы Қасымды Ташкентте Қоқан ханы өлтірді),

Кенесарының нағашысы Ғабдолла Уәлиев сұлтан, оның үлкен ағасы Көшек Қасымов және

басқалары да болды.

Орта жүздің еңбеккер бұқара қазағы көтерілістің қозғаушы күшінің бел ортасы болды.

Әрине, Орта жүздің де, Кіші жүздің де бұқара халқы қозғалысқа бір мезгілде және бірден

қосылған жоқ. Олар бұл қозғалысқа көтерілістің өршуіне қарай еніп отырды. Атақты

батыр Жоламан Тіленшиев басқарған Кіші жүз қазақтарының көп бөлігі 1838 жылдың

соңына қарай Кенесары көтерілісіне келіп қосылды.

Орынбор әскери генерал-губернаторы Перовский 1839 жылдың 9 қаңтарында әскери

министрге: «...Мен жақын арада Кенесарыны жақтайтындардың жақсы дайындыққа

кірісіп жатқандары туралы мәліметтер алдым: оған қазірдің өзінде орынборлық

қайсақтардың ішіндегі аты шыққан жыртқыш Жоламан барып қосылған және олар

қосылып алып, 8000 адамдай жинап, көктем келе тонауға кіріспекші...», - деп жазды2.

Кіші жүзден Кенесарының негізгі тірегі Тама, Табын, Алшын және Төртқара рулары

болды.

«Табын және Алшындық қырғыздар, - деп жазды Батыс Сібір губернаторы 1842 жылдың

28 қарашасында вице-канцлерге, - үш жыл бойы Кенесарыға қорған болып, оның

болыстар мен жасақтарға жасаған шабуылдарына айтарлықтай көмектесіп отырды»3.

1

Орынбор генерал-губернаторының 1843 жылдың 21 қыркүйегінде әскери министрге

жазған мәлімдемесі, № 145. Орынбор, ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағаты,

Серебренников қоры, № 53 құжат.

2

3

Орталық мемлекеттік әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, № 1519 іс, 154 бет.

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағаты, Серебренников қоры, № 50 құжат.

Орынбор өлкесі қазақтарының көтеріліске қатысу кезеңі, осы өлке қазақтарының күрделі

жағдайда тұрған кезімен сәйкес келді. Еңбекші бұқараны қанауға байланысты толқулар

тез өрши бастады, Перовскийдің Хиуаға жорығын ұйымдастыру үшін 3000-ға жуық түйе

күштеп тартып алынды. Брокгауз и Ефронның энциклопедиялық сөздігінде:

«Перовскийдің Хиуаға жасаған сәтсіз жорығы (1839 жыл), далада орыс атының ықпалын

азайтып, көтеріліске шығуға жақсы жағдай жасап берді...», - деп жазылған1.

Патша билігі әкімшілігі үшін қауіптің күшейіп кеткендігі туралы Орынбор генералгубернаторы

1843 жылдың 12 маусымында сыртқы істер министріне: «Осы жылдың жаз

71


айларында Кенесарыға әртүрлі бөлімшелер барып қосылды, негізінен Алшын руынан,

сондықтан да ол бұл жерде күшін нығайтып алды...», - деп жазған2.

Осы халықтың мүддесіне берілген Алшын руының көптеген қазақтары көтеріліске

қатысушылармен бірге Сырдария мен Шу өзендері арасында көшіп-қонып жүріп,

көтеріліске қатысушыларды нанмен қамтамасыз етті. Мұрағаттық деректер бойынша:

«Алшындықтар, хиуалықтар, орынборлықтар Кенесарымен қатынаста болып, оны хан

деп танып, оны нанмен және 100 қойдан бір қой бере отырып, малмен қамтамасыз етіп

отыратындығы» дәлелденеді3.

Алшын руынан кейінгі Кенесарының тірегі Төртқара руы болды. «Ержан Саржанов

басқарған Төртқара руы қырғыздарынан тұратын 300 адамдық Кенесары жасағы

шенеуінік Григорьевті тұтқынға түсірген»4.

Сонымен қатар, көтеріліске Кіші жүздің Шөмекей, Шекті және басқа да рулары белсене

қатысты. Бұл рулар тек патшалық самодержавие қанаушыларына қарсы соғысып қана

қойған жоқ, сонымен қатар Кіші жүз қазақтарын қанаушылыққа ұшыратқан Қоқан және

Хиуа хандықтарына да қарсы белсене күресті. Олар көтеріліске қолдарына қару алып

қатысқандарымен қатар, Кенесары әскерлерін азық-түлікпен де қамтамасыз еткен: «1840

жылдан Кіші жүз қазақтары Кенесарыға көп мөлшерде ұн жеткізіп беріп отырды»5.

Кенесары кей кездері осы рулардың билерін, старшындарын және батырларын кеңеске

шақырып отырды. «1845 жылы Кенесары өзіне мұнан бұрын ешқандай жауласып

көрмеген Алшын, Кете, Төртқара, Шөмекей руларын шақырды»6.

1

2

3

4

Брокгауз және Ефронның энциклопедиялық сөздігі, т. ХХVIII, 938 бет.

Орталық мемлекеттік әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 67-71 беттер.

Орталық мемлекеттік әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 229-232 беттер.

Орталық мемлекеттік әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 62-66 беттер, Орынбор

генерал-губернаторының 1843 жылдың 12 шілдесінде әскери министрге жазған

мәлімдемесі, № 60.

5

А. Серебренников – Түркістан өлкесін жаулап алу тарихы материалдарының жинағы, т.

II, 345 бет.

6

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 64 қор, 1 жазба, 140 іс, 553 бет.

Кенесары әскерінің құрамына өз жасақтарымен Кіші жүздің атақты халық батырлары:

Табын руынан Бұхарбай батыр (Сырдария), Шекты руынан Жанқожа батыр (Сырдария),

Табын руынан батыр Жоламан Тіленшин (Ырғыз-Ақтөбе), Тама руынан Құрман батыр

(Жем) және басқалары болды.

72


Зарттеу жүргізу барысында Кенесары қозғалысына Кіші жүзден Қаракесек, Кете және

Керейт руларының, сонымен қатар Орта жүзден Найман, Жағалбайлы және басқа

рулардың онша беленді араласпағаны белгілі болды.

Кенесары мен оның көтерілісіне онымен көптен бері рулық тартыста жүрген кейбір рулар,

старшындар мен билер қарсы болды. Мысалға алар болсақ, Тілеуқабақ руының биі Есет

Көтібаров өз руын көтеріліске қосудан бас тартты.

Сұлтан-басқарма Баймағамбет Айшуақовқа жазған хатында Есет Көтібаров: «Сіздің

құдаңыз болып табылатын маған келетін болсақ, менің денсаулығым жақсы...

кенесарылықтар бұл жақта көрінбейді. Оның ауылы туралы бұл жерде Қарақұмда,

Қиынды мен Шатырлы шатқалдарында орналасқан деген әңгіме бар – бізге зекет беріңдер

деп Кенесарының Райымбай деген жасауылы келген... Біздер оған, ең жоғарғы үкіметке

бодан болып алғанбыз, ақшаны қазынаға құйып жатырмыз деп жауап бердік», - деп

хабарлаған1.

Кенесарының өзі, Орынбор шекара комиссиясының төрағасына 1841 жылдың 7 маусымы

күні, «біздер қазір назарлықтармен, шүрендіктермен және тілеуқабақтықтармен аразбыз,

сондықтан да олар бастықтарыңа біздер туралы жалған ақпарат беру арқылы бізді

жамандауға тырысатын болады», - деп жазды2.

1

ҚазКСР тарихи мұрағаты, Орынбор әскери губерниясының қоры, 329 іс, 125 бет, 1844

жыл.

2

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағаты, Серебренников қоры, № 38 құжат, 1841

жыл.

Кенесары сонымен қатар Жаппас руының биі Алтыбай Көбековпен де араз еді, сондықтан

да 1843 жылдың 20 шілдесі күні Алтыбайдың ауылын шауып, оны өлтіріп тастады.

Сөйтіп, Кіші жүздің кейбір рулары негізінен көтерісшілерге көмектескілері келмеді.

Сонымен қатар, көтеріліс ошағынан алыстау жерлерде көшіп жүрген Адай, Байұлы, Таз

және басқа да рулар көтеріліс барысына қамтылмады.

Енді Ұлы жүзге көшелік. 1846 жылдың басына қарай Кенесары бастаған 20 000-нан астам

көтерілісшілер Қаратау арқлы өтіп, өз орталарына Ұлы жүз қазақтарын тарту үшін Шу

мен Іле өзендеріне жақындап келеді. Кенесары Жалайыр мен Дулат руларына жақын келіп

орналасты. Сол жерден ол Дулат, Жалайыр, Үйсін руларының басшылары мен билеріне,

сонымен қатар қырғыз манаптарына хат жазып жіберді.

Қырғыз манаптары Кенесарыға қосылудан бас тартты, өйткені олар 1840 жылдың басынан

бастап Қоқан хандығының істерінде зор рөл атқара бастаған еді: қырғыз манапы Орман

Ниязбеков олардың қойған адамы еді. Ұлы жүздің қазақтарынан Кенесарыға Шымыр

руынан Байзақ датқа, Белқожа би және Медеу батыр, Сиқым тармағынан Құдайберген

батыр, Ботпай тармағынан Әндес батыр, Дулат руының Шапрашты тармағынан Саурық

батыр, Сұраншы батыр және басқалары қосылды. Олар Кенесарыға өздерінің қаружарақтары

және жасақтарымен келіп, жауды жеңбейінше оның басшылығымен күресеміз

деп сөз берді.

Халық ақыны Саяділ Кәрімбеков Ұлы жүз қазақтарының Кенесары көтерілісіне қатысуы

және ниеттері туралы былай деп жырлайды:

73


«Кенеге нөкер болуға,

Қол үстіне қол созды,

Оң мың қол мен Сұраншы,

Саурық батыр бұл келді.

Сонда Кене ойланды,

Бұған қырғыз қосылса,

Алпыс мың қолмен кемінде,

Жаудың алды тосылса.

Орман ханға хат жазды,

Елсұлы бір қосымша.

Бір жазбады, үш жазды,

Өтіндік леб осынша...»1.

Түркістан қазақтарынан Кенесарыға Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаевтың

аталары, ағайынды ержүрек Алыбай мен Толыбай да қосылып, олар қоқан әскерлерінің

қарулы тонаушыларына қарсы тең емес күреске кірісті. Қарсыбайдың атасы Болапай

Кенесары көтерілісінде қоқандық езгілікке қарсы күресіп, оның жақын досы да болды.

1

Саядил Кәрімбеков. Кенесары, Наурызбай туралы жыр. «Әдебиет және өнер», № 4, 1941

жыл, 64-68 беттер.

Жоғарыда келтірілген фактілердің барлығы, Кенесарының азаттық күресінің әлеуметтік

негізі болып шындығына келгенде көшпелі бұқара қазақ еңбекшілері болғандығын

дәлелдеп тұр. Сондықтан да Сталин жолдастың айтқан сөздерін Кенесары көтерілісіне

байланысты келтіруге де болады: «...Ұлттық мәселенің негізін, оның ішкі мәнін бәрібір

шаруалар мәселесі құрайды. Ұлттық қозғалыстың негізгі әскерін шаруалар құрайтыны да

осы себептен болады, шаруалар әскерінсіз күшті ұлттық қозғалыстың да болуы мүмкін

емес»1.

Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштерін сипаттайтын нәтижелер, міне осындай.

1

И.В. Сталин, Ленинизм мәселелері, 9-шы басылым, 104 бет.

6 сурет. Кенесары Қасымов. «Қазақ КСР-ы тарихы» кітабынан

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Кенесары көтерілісінің сипаты мен ұйымдастырушылық негіздері

74


7 тараудың мәтінен автор 6 бетін алып тастаған.

«Кенесары мен оның қолдаушылары қазақтардың жақсы қыстауларын

тартып алуға алып келген жаңа линиялардың салынулары ашындырды»1.

Кенесарының барлық ой-арманы - барлық әскери бекіністерді қазақ

даласынан жоқ қылып жіберіп, барлық приказдарды жойып, патшалық және

қоқан әскерлерін қазақ жерінен қуып шығуға бағытталды. Бұл қазақ

халқының да аңсаған арманы болатын.

Осы тұжырымға байланысты біздер қазақтардың көтерілісінің сыртқы

басқыншыларға қарсы жалпыхалықтық азаттық күресі болды деп айта

аламыз.

Кенесары генерал Генске: «Тағы бір өтініш: өткен мемлекет

басқарушыларының кезінде жер де кең еді және су да мол еді; біздің жеріміз

бен суымызды тартып алған жоқ еді. Енді келіп, біздің сізбен бірге өмір сүріп

жатқан уақытымызда, жеріміз де қуырылып, суымыз да сарқылып, орыстар

келіп қырғыздардан жерін тартып алып жатыр», - деп жазды2.

Кенесары Орынбор генерал-губернаторынан «патшалардың патшасы

императордан 35 жылға дейін Сібір линиясынан Ұлытау мен Кішітауға әскер

жібермеуін» сұрауын өтініп сұрады3.

1845 жылы Ладыженскийге жазған басқа бір хатында Кенесары патша

империясына қарсы осыншама жыл неліктен күрес жүргізіп келе жатқанына

байланысты қызықты да түсінікті жауап жазады. Ол: «Атамыз Абылай хан

қайтыс болған соң оның мұрагері болып оның ұлу Уәли сұлтан

тағайындалды. Осы хан тұсында және Ұлы Государь императордың әкесінің

тұсында халық ұзақ уақыт тыныш өмірдің рахатын көрді. Сол кезде ешкім де

қырғыз даласына күш көрсетіп, тартып алуға талпынбаған еді; көшіпқонатын

жерлерді өлшемейтін және ол жерлерге бекіністер де салмаған еді.

Қазіргі ұлы государь кезінде және біздің кезімізде Абылай атамыздан мұраға

қалған: Жолдыөзек, Көкшетау, Қылшықты, Атбасар, Есіл-Нұра, Ақтау,

Ортау, Қарқаралы, Қараңылық, Жарқайың, Өбеген, Тобыл, Құсмұрын

жерлері, Қаят пен Тоғызақтан бастап Оралға дейінгі жерлер қаптаған

бекіністерге толы. «Бұрынғы государларда осы жерлерді өлшейтін арқандары

болмаған ба. Бекіністер салуға ағаш жетпей қалған ба, қорлауға күштері

жетпей қалғаны ма?», - деп жазды4.

1

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 4 қор, 1 жазба, 2442 іс, 23-33 беттер.

2

Орталық мемлекеттік әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 224-228 беттер

3

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұражайы, Серебренников қоры, 16

құжат, 1841 жыл.

4

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 4 қор, 2621 іс, 890-891 беттер

75


Қазақ халқының алдында, Кенесарының алдында орыс патшалығының

басқыншылық саясатына қарсы табысты күрес жүргізу үшін тәуелсіз хандық

билікті сақтау мен қайта қалпына келтіру міндеті тұрды.

«1842 жылдың қыркүйегінде Кенесары өзіне хандық атақты тағып алып, өз

атынан Сібір ведомствосына қарайтын қырғыз болыстарына бағынуларын

сұраған хабарлар жібере бастады»1.

Кенесары бұл хандық атақты самодержавиялық Ресейге қарсы халық-азаттық

күрес барысында бұқара халықтың қолдауы арқасында алды. Ол бұрыннан

келе жатқан дәстүр бойынша хан болып сайланды. Оның киіз үйіне үлкен ақ

киіз әкеліп, жерге жайып қойды; төрт адам текеметтің төрт құлағынан ұстап,

жаңа басшылары ханды көтерді.

ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы қалыптасқан тарихи жағдайға

байланысты қазақтар хандық биліктен басқа мемлекеттік құрылымның басқа

формасын білмейтін де еді. Сондықтан да хан басқарып отыратын феодалдық

мемлекетті ұйымдастыру сол кездегі қазақтарда қалыптасқан -

патриархальдық-феодальдық шашыраңқылыққа негізделген қоғамдық

құрылым үшін заңды құбылыс еді.

Кенесарының ұлы Ахмет Кенесарин: «Саржан сұлтанға ас беріліп жатқан

кезде Орта және Кіші жүз қазақтары Кенесарыны өздерінің ханы қылып

сайлап алды, сол жерде екі жүздің де ержүрек батырлары қозғалысқа ашық

түрде қосылды, ал қалған қазақтар оған құпия түрде зекет бере отырып,

Ресейдің күшті, ал көшпелі Қоқан аз болғандықтан Кенесары «күшейіп

алғанша», уақытша Ресейдің боданында қала отырып, патша жасақтарының

әрекеттері туралы мәліметтер беріп отыратын болып шешеті»2.

Сөйтіп, Кенесары Қасымов халықтың, негізінен көтеріліске қосылғандардың

қолдауымен, хандық билікті қалпына келтіріп, өзін ханмын деп жариялады.

Ол, қарудың күшімен құрылған мемлекеттік билікті сақтап қалуға тырысты.

Сондықтан да оған үш майданға бөлуге болатын, қиын-қыстау күрес

жүргізуіне тура келді:

а) патшалықтың басқыншылық саясатына қарсы;

б) қоқан ханына қарсы;

в) патша үкіметіне оларға сүйене отырып күрес жүргізіп және басып алуға

мүмкіндік беріп отырған сұлтан-басшыларға-феодалдарға қарсы.

1

А.Г. Серебренников, Түркістан өлкесін жаулап алу тарихы

материалдарының жинағы, 1842 жыл, 97 бет.

2

Ахмет Кенесарин «Кенесары мен Садық сұлтандар», 7-8 беттер.

Осы үшін де сыртқы және ішкі жаулармен күресу үшін қарулы жасақтар

құруға тура келді. Кенесары Бұқар мен Хиуадан көмек пен қолдау іздеп,

олармен байланысқа түсуге де мәжбүр болды.

76


Күрес көп қаражат жұмсауды қажет етті, сондықтан да ол салық жүйесін

енгізді. Кенесарының хандық құруы 5 жылға созылды. Осы уақыттың

ішінде қазақ халқы үлкен халықаралық маңызға ие болды.

Кенесарының ықпалы Бұқара, Қоқан, Хиуа және басқа да жерлердегі қазақ

көштеріне тарады.

Сол кезден бастап Кенесары Ырғыз, Сырдария, Ұлытау және Кішітау

аудандарын өзінің іс-әрекетінің орталығы етіп таңдады. Кенесары жасақтары

өтіп жатқан барлық керуендерден өтем ала отырып, Ташкентті үнемі қауіптің

астында ұстап отырды.

Орта Азиядағы сауда барысын зерттеген Павел Небольсин: «Керуен басы

Ақмешітте жағдайдың қалай екенін білу үшін және Кенесарыдан еркін өтуге

рұқсат сұрау үшін алдыға қарай кетуіне тура келді, сол үшін де ол керуеннен

350 төк бұқардың матасын ұсынды. Жауапты күтіп керуен бір жерде қырық

екі күн тұруға мәжбүр болды»1.

1

П. Небольсин. Ресейдің Орта Азия елдерімен саудасы очерктері, 53 бет, 1856

жылғы басылым.

Кенесары кезінде қазақ жүздері өз беттерінше саяси рөлді ойнады деуге де

болады. Бұл табыстарға ол – өзінің туған жерінде өз құқықтарын бекітіп алу

арқылы қол жеткізді. Халықтың ауызындағы әңгіме Кенесарыны ерекше

даңққа бөледі. Шындығына келгенде, Кенесары өзінің билігін барлық қазақ

даласына жүргізді.

Сөйтіп, Кенесарының хандық үкіметі қазақтардың орыс патшалығы мен

қоқан хандығына қарсы халық-азаттық күресінің басшысы және

ұйымдастырушысы болып табылды.

Кенесары қатаң тәртіп пен толықтай бағынушылық сақталған тамаша әскери

лагерь құра білді. Қандай да болмасын қылмыс өлім жазасына кесіліп

отырды. Жазалау кезінде шыққан тегі емес, тек қана көтеріліске сіңірген

еңбегі есепке алдынды. Ол ең алдымен сатқындарға қатаң болды. 1839

жылдың күзінде Кенесары мен оның туған қарындасы Бопай өз

жасақтарымен өздерінің қайтыс болып кеткен атасы Уәли ханның ауылына

шабуыл жасап, мүліктерінің бәрін қиратып, Уәли хан үшін патша үкіметі

салып берген үйлері мен сарайларын бұзып тастады, өйткені Уәли хан мен

оның балалары патша үкіметіне мүлтіксіз қызмет еткен еді.

Кенесарыда тұтқында болған орыс офицері барон Услар: «Мен кескіленіп

тасталған, адам көргісіз өлікті көрдім, өліп қалған адамның не себептен

өлтірілгенін біреуден сұрауға да рухым жетпеді, бірақ менің бір жолдасым,

сұрақ қоюымды күтпей-ақ, маған, бұл қырғыз қауылда тұрған, Кенесары

ауылға қайтып келе жатып оның ұйықтап жатқан жерінде үсінен түскен,

сөйтіп өзгелерге сабақ болуы үшін өлтіруді бұйырған деп айтты», - деп

жазды1.

77


1843 жылдың жазында Кенесары өзінің белсенді түрдегі қарсыласы, заурядхорунжий

атағын алған Алтыбай Көбековты өлтірді. 1844 жылдың 20

шілдесінде Кенесары өз жігіттерімен Тобыл өзенінің жоғарғы ағысында

подполковник Дуниковскийдің лагеріне шабуыл жасап, ол жерде 39

сұлтанды шауып тастап және 23 байды ауыр жаралады.

Осының бәрі Кенесарының ешкімнің бет-жүзіне, шыққын тегіне, туысқын

болғанына және т.б. жағдайларға қарамастан әділ әркететтер жасағанын

көруге болады, негізінен ол кімде-кім болмасын көтеріліске пайда келтіріп

жүр ме, әлде кесірін тигізіп жүр ме – сол жағынан бағалады.

«Кенесары атқа қонып бір ауыз сөз айтуы мұң екен, жігіттері көз ілеспес

жылдамдықпен аттарына қарғып мініп, шайқасуға сақадай сай дайын

тұрды»2.

Кенесары ешқандай шектеусіз әрекет жасады, бірақ маңызды мәселелерді

шешу барысында Көтерлістің Кеңес Штабын шақырып ақылдасып отырды.

Барлық әскери құралдар, ат әбзелдері, жылқылар, азық-түліктер мен штабтың

басқа да дүниелері қазыналық болып есептелініп, Кенесарының өзі ғана

бақылауында ұстап отырды. Қазыналық мүліктер мен көтерілістің штабын

қарулы ең үздік жастар қорғап жүрді. Күзетшілер көтерісшілер отырған

жерді, табындар мен тағы да басқа нәрселерді бақылап, жаудың

шабуылының алдын алып жүрді.

Соғыста көзге түскендерді марапаттап отырды, оларға кеуде мен иығы тігіп

қойылатын, жапсырма маталар мен бархат қиындыларынан тұратын әртүрлі

белгілер беріп, оларды қарумен, жылқымен, қойлармен, әртүрлі мүліктермен

және ақшалай сыйлықтармен көтермеледі... «құрметті адамдарда

қанжарлары, қылыштары және қынаптары қызыл матадан болды»3.

1

Түркістандық жинақ, 621 том, 209 бет.

2

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 4 қор, 1 жазба, 2757 іс, 442 бет.

3

А.Г. Серебренников, Түркістан өлкесін жаулап алу тарихы

материалдарының жинағы, 1845 жыл, 141 бет.

Поручик Герннің бағалауы бойынша, Кенесарының жігіттері күшті

ұйымдастырылған, үнемі атудан және атта отырудан жаттығулар жасап

отырады екен.

Кенесары жасақтары барлық ауылдарда болды. Әрбір топтың басында оларға

жауапты бастықтары тұрды (бесжүздік, жүздік, ондық). Осы барлық

бастықтар Кенесарымен бірге әскери мәселелерді талқылады. Кенесарының

ауылының бір жаққа баруы мен көшіп шығуы күрделі дәстүрді сақтаумен

іске асып отырды: «Ол көшуге ынта білдірген кезде, таңмен бірге тұрып

алып атына отырады да жылқы табынының ортасына қарай басы ауған жаққа

кетеді; оның соңынан сол мезетте ауылы, сонан соң басқалары да көтеріледі;

78


оның өзі шұрайлы жерге барып табынның ортасында, үйі тігілгенше тұра

беретін»1.

40-50 шақты қаруланған салт атты жігіттер Кенесарының үйінен шыққынын

күтіп тұрып, онымен бірге қорғаушылары ретінде еріп кететін.

Бөлімшелер мен топтардың бастықтары, батырлар мен сұлтандар қиналып

қалған кездерінде Кенесарыдан кеңес пен ақыл сұрап келетін.

Көтерілісшілердің жорықтары негізінен әскери олжалардан, айыппұлдардан

және алым-салықтан тұратын.

Соғыс жағдайын болғанына қарамастан, Кенесары сауданы барынша қолдап

отырды. Ол өзінің ордасында тұрақты түрде қазан татарынан екі көпесті

ұстап отырды, оған Хиуа, Бұқар, Қоқаннан көпестер келіп тұратын.

Көтерілісшілердің саудалайтын нәрселері шыт, фабрикалық маталар мен

басқа да тауарлар болатын.

«Кенесары қонысында өздерінің саудагерлері болып қана қойған жоқ, Ор

бекінісінен шыққан Хұсейн және Мұса Бұрназаевтар деген қазан татарлары

болып табылатын екі көпес де болды. Олар Кенесарының қолдауымен

асықпай дұрыс саудаларын жасап, тауарларын айырбастап отырды. Кенесары

қазынасы Орынбордан келе жатқан және Орынборға бара жатқан бұқар, хиуа

және орыс керуендерінен де салық алу арқасында ақшаға толығып отырды»2.

1

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 64 қор, 1 жазба, 2621 іс, 1841 жыл.

2

Н. Середа. Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі, Еуропа

жаршысын қараңыз, т. V, 9 кітап, 1870 жыл, 86 бет.

Көтерілістің орталық штабында Кенесарының кеңесшісі және дипломаты

болып – татар діндары Ягудин және басқалары жұмыс істеді.

Кенесары жауынгерлерінің, тұрғындардың денсаулығына өте қатты назар

аударды, сондықтан да оның ордасында сол уақыттағы дәрігерлік білім алған

бірнеше дәрігерлері болды. Дәрігерлер жараланған жауынгерлерді емдеумен

айналысты. Дәрігер Әбділхайыр шабуыл кезінде Кенесарыға тұтқынға түскен

орыс офицері барон Усларды емдеп шықты. Офицер барон Услар: «...Ол

(дәрігер Әбділхайыр, - Д.Е.) менімен достық пейілде әңгімелесті, оқығаны

бар мұсылмандарда сирек кездеседі... бірақ мен ташкенттік дәрігердің

қабілетіне онша сенбедім. Әбділхайыр менің алған жарақатымды мұқият

қарап шығып, менің шағымдарымды тыңдап алды да, қажетті дәрілерді

даярлап алып келемін деп, кетіп қалды... дәрінің орнына ол қадалған оқты

пышапен суырып алып, жасаған емі осымен аяқталды», - деп жазады1.

Н. Середа Кенесарының азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне деген

қатынасын: «Кенесарының жасақтары жиналған зекетке, ұнға, майға, қойға

және де Қасымовқа берілген рулардың малдарымен, сонымен қатар оны хан

есебінде мойындамайтын ордалықтардан барымталап алған малдарымен

толық қамтамасыз етілген болды», - деп көрсетеді2.

79


Кенесары орыс самодержавиесі мен Қоқан хандығына қарсы күресте Бұқар

әмірі мен Хиуа ханымен сенімді одақ жасауға ұмтылды, сондықтан да ол

уақыт өте келе Бұқара мен Хиуаға Орта Азия халықтарының ортақ жауы

болып табылатын орыс патшалығына қарсы табысты күресу үшін көмек

көрсетуін, әсіресе қару-жарақ сұраған елшілерін жіберіп отырды. Ол бұл

одақтастарына тұрақты түрде тұтқынға түскендерден және басқалай да

сыйлықтар беріп жіберіп отырды.

Одақтастарынан ол көп қару-жарақ, жылқы және басқа да көмектер алып

тұрды. Кенесары 1842-1843 жылдары басталған өзбек хандары Бұқар әмірі

мен Қоқан ханының арасындағы соғысты пайдаланып қалғысы келді. Сол

кезде ол Бұқар әмірін қолдап шығып, өзара одақтастығын бекітіп алуға қол

жеткізді.

«Олар Кенесарыны хан ретінде мойындауға асықты. Бұқар әмірі Кенесарыға

60 мылтық, 15 тауда ататын пушкалар және әскери снарядтар жіберді. Хиуа

ханы 15 таңдаулы арғымақтар, 2 алтынмен көмкерілген ер, 2 пушка мен

бірнеше түйе беріп жіберді»3.

Сөйтіп, олардың екеуі де Кенесарыны хан есебінде мойындап, онымен

одақтасудың жолын іздеді. Хиуа ханы Кенесарыға қару-жарақ, соғыс

құралдарын сатып алуға және көшіп-қону үшін Хиуа хандығы аймағынан

кез-келген жерді таңдап алуға рұқсат берді.

Орынбор әскери генерал-губернаторы Обручев Кенесары Қасымовқа жазған

хатында: «Мен генерал Генске Сіздің көшіп-қонатын жеріңізді көрсетуге,

Сіздің өтініштеріңізді білуге, Сіздің қанағаттануыңыз үшін не керек екенін

білуге тапсырма бердім... Государь өзіне сенімді түрде бодан болып отырған

орыстарды да, басқа діндегілерді де жақсы көреді және марапаттайды...», -

деп жазған4.

Кенесары бұл хатқа жауап бергісі де келмеді, ол губернатордың көшіпқонуға

жер беремін, марапаттаймын, басқа да сый-сияпат істеймін дегеніне

қарамастан, өзінің табан тірескен күресін жалғастыра берді. Осының өзі

Кенесарының өзінің жеке басының мүддесі үшін емес, барлық халықтың

мүддесі үшін күрескенін көрсетеді.

1

Түркістандық жинақ, т. 621, 204-205 беттер.

2

Н. Середа. Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі, Еуропа

жаршысын қараңыз, т. V, 9 кітап, 1870 жыл, 86 бет.

3

Бұл да сонда, 58 бет.

4

Орталық мемлекеттік әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1 – 201 іс, 39-40

беттер.

80


1837-1847 жылдардағы қазақтардың көтерілісінің негізгі мәні мен мұраты -

қазақ халқының тәуелсіздігін қорғап қалу жолдында орыс патшалығының

басқыншылық саясатына қарсы күрес қана болып табылады.

Ұлттық-азаттық қозғалысын қазақ халқының нағыз ұлдары - Кенесары,

Наурызбай басқарды. Олардың ержүректік ерліктері қазақ халқының ұлттықазаттық

күресінің даңқты тарихына жазылып қалды.

«40-шы жылдары Орта жүздің сұлтандарының бірі - Кенесары осы орданың

көптеген руларын өз төңірегіне топтастыра білді, ол қырғыздардың батыры

болды және барлық қырғыздарды біріккен тәуелсіз халық қылып біріктіруге

үміттенді; Кенесарының армандары көптеген қырғыздардың қолдауына ие

болып, оның қызметі Батыс Сібір мен Орынбор өлкесінің тарихында терең

іздер қалдырды»1.

Қазақтардың көтерілісі қазақ халқының патшалықтың әскери-отаршылдық

саясатына қарсы күресі болды, сондықтан да бұл күрес азат етуші,

революциялық-прогрессивті күрес болып табылады.

1

Азиаттық Ресей, т. 1, 33-34 беттер.

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

Кенесары Қасымов көтерілісінің барысы

а) Кенесарының 1837-1838 жылдардағы қарулы іс-әрекеттерінің дамуы.

1838 жылдың көктемінен бастап отарлауға қарсы қозғалыстың басшылығын

сол жылы Қоқаннан көшіп келген Кенесары Қасымов өз қолына алады.

Кенесары өзінің үлкен ағасы Саржан бастаған қозғалысты жалғастырып, оны

керемет күшті қылып және кеңейтті.

Кенесары дала тынымсыз бір күй кешіп жатқан кезде атой салып шықты.

Жақында ғана Саржанның қозғалысы жойылып, Исатай Таймановтың

қозғалысы етек ала бастаған (1837-1838 жылдары Кіші жүздің Батыс

жағында), жалпы бір тынымсыз жағдай күшейе бастаған.

Кенесары Қасымовтың зор ықпалы мен тегеуріні жайлы Красовский: «Өзінің

атасына ақылы жағынан жол беріп, бірақ өзінің әкесі Қасымды өжеттілігімен

басып озып, Кенесары барлық Сібір даласына 1836 жылдан танымал бола

бастайды...», - деп жазады1.

Қазақтардың жаппай көретілуі казактардың станицалары мен ауылдарына,

Ақмола, Көкшетау бекіністеріне, Петропавлға дейін шабуыл жасаумен

басталады. Қозғалыс кең қанат жайып, өркендей берді. Сол жылдың наурыз

айында көтерілгендер Ақмола-Ақтау бекіністеріне шабуыл жасап, көшіп

келген казактардан аттарын тартып алып, жол-жөнекей кетіп бара жатқан

көліктер мен керуендерді талқандайды.

81


Сұлтандар Қасымовтардың адамдары ауыл-ауылды аралап, Кенесарының

жақтастарын жинады: «1837 жылдың жазында Ақмола округінің

болыстарында Қасымовтың адамдары пайда болып, ашу-ыза шақыратын

әңгімелер таратқан...»2.

«... тамыз айында Ақмола округінің 6 болысы оларды орыстардың билігінен

құтқарамыз деп уәде берген Абылайхановтар отбасына қосылу үшін Кіші

ордасының аумағына көшіп кетті»3.

Болыстардың көшіп кеткендігі туралы әңгіме шығысымен оларға Округтік

Приказдан жасақтарымен бірнеше тілмаштар жіберіліп, округке қайтып

келуге олардың көздерін жеткізулері тиіс болатын, «бірақ бұл қысқа ғана

шара сәтсіз болды...» 4.

1

Красовский, Сібір қырғыздарының облысы, 1 бөлім, 180 бет.

2

Көне актілер орталық мемлекеттік мұрағаты, мемлекеттік мұрағат қоры, ХІ

тарау, 1217 іс, 4 бет.

3

Бұл да сонда.

4

Бұл да сонда, 3 бет.

«Өйткені Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқожа Құдаймендиннің өзі

Кенесарымен тығыз байланыс орнатып, тыныштық орнату үшін ешқандай

шара қолданбады... сол уақыттың өзінде ол Қасымов отбасымен өзінің

достығын бекітіп алды...»1.

Сол кездегі жағдайды есепке ала отырып, патша генералдары Құдаймендинге

қарсы қатаң шаралар қолдана алмады. Осы жайлы Сібір корпусының

штабына өзінің баянжазбасында: «Құдаймендинге қарсы қатаң жаза

қолдануға немесе оны алмастыруға сол кездегі қалыптасқан жағдайларға

байланысты мүмкіншілік болмады...», - деп жазады2.

Кенесары патшалық Ресейден бөлініп шыққан болыстардың қазақтарына

«оларды Ресей үкіметінен еркін қылуға» уәдесін берді3.

Ол жасақ салығын жоюды, «Жайық бойындағы жайылымдарды қайтарып

беруді және станицалардан қазақтарды шығаруды» талап етті4.

Кенесары «жаңа линияларды жойып және өртеп жіберемін, өйткені олар

қазақтарға тиесілі жерлерге орналасқан» деп сес көрсетті.

1837 жылдың қазан айында Кенесары жасақтары бірнеше керуенді тонап

және көтеріліске шыққандарға қосылғылары келмеген болыстарды қаңсытып

барып Ақмола округі аймағынан кетіп қалды.

Наурызбай батыр басқарған Кенесары жігіттері Ақтау бекінісінен алыс емес

жерде Петропавлдан Ташкентке бара жатқан сауда керуенін қамқорына

алған казак хорунжиі Рыбинге шабуыл жасады. Ұзаққа созылған қарулы

қақтығыстың нәтижесінде хорунжий Рыбин және 3 урядник өліп, 21 казак

82


ауыр жарақаттар алды. 1837 жылдың қараша айында Орта жүздің бір топ

қазақтары ұсталып, хорунжий Рыбинді өлтірген деген және «бүлікшіл

сұлтан Кенесарының тобына» қатысқансыңдар деген айыппен әскери сотқа

тартылды. Соңғы айыптау дәлелденбей қалды5.

Осы іске байланысты Орта жүздің 9 сұлтаны шаталды, олар Кенесары

көтерілісіне қатысқан деген күдікпен әскери сотпен сотталды.

«Желтоқсан айының алғашқы күндері Кенесары жасағы Бетпақ далада

керуенді күзетіп бара жатқан казак жасағына шабуыл жасаған, офицер мен

жасақтың жартысы қаза тауып, қалғандары жарақат алды»6.

1

Көне актілер орталық мемлекеттік мұрағаты, мемлекеттік мұрағат қоры, ХІ

тарау, 1217 бет. 5 бет.

2

Бұл да сонда, 6 бет.

3

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 64 қор, 1 жазба, 13 іс, 491 бет, 1837 жыл.

4

ҚазКСР орталық мұрағаты, 4 қор, 1 жазба, 2621 іс, 757-778 беттер.

5

О.М.Ә.Ә.М., Аудит қоры. 4 қосымша, отд., 1 іс, 1-8 бөлімдер.

6

Көне актілер орталық мемлекеттік мұрағаты, мемлекеттік мұрағат қоры, ХІ

тарау, 1217 іс. 5 бет.

Осыған дейін стихиялы түрде күресті бастаған Орта жүз қазақтары Кенесары

туының астына көптеп жинала бастады.

1838 жылдың басына қарай көтеріліске Ақмола, Көкшетау, Баянаул,

Қарқаралы округтарының қазақтарының көп бөлігі өздерінің Ағыбай,

Бұғыбай, Жанайдар, Аңғал батыр және Басығара батырларының

басқаруымен келіп қосылды.

Қарулы көтерілісшілер Ақмола қаласын қоршауға алып, басып кіру үшін

шабуылға шығуға бел байлайды. Кенесары, оның ең кіші інісі, жас батыр

Наурызбай, әскербасылары Ағыбай мен Бұғыбай батырлар Ақмола әскери

бекінісін басып алудың жоспарын жасайды. Кенесары кіші інісі Наурызбайға

шешуші шабуылды бастауға бұйрық береді: 12 мың көтерілісшілер

Наурызбайдың шабуылды бастауға беретін белгісін күтіп тұрған. Ақмола

жақсы бекітілген қала болатын. Қаланың айналдыра терең ор қазылған

болатын. Қаланы аға сұлтан Қоңырқожа Құдаймендиннің әскері мен әскери

старшина Карбышев басқарған бекініс гарнизоны қорғап тұрған еді.

Кенесарының шабуылы 1838 жылдың 26 мамыры күні таңертең басталды.

Бекіністің көптеген жерлерінде өрт басталды. Оның ішінде нағыз қарулы

көше соғысы басталды. Түннің ішінде әскери старшина Карбышев пен

83


Қоңырқожа аздаған жасақтарымен қашып құтылды. Келесі күні таңертең

қирандыға айналған бекініс әлі де өрттің құшағында жатты.

Бұл шайқаста атақты Басығара батыр қаза тауып, оның денесі жау қолында

қалды. Кенесары қалай болғанда да жау қолынан Басығара батырдың денесін

алуға көтерілісшілерге бұйрық берді. Кескілескен шайқастан соң олар

батырдың денесін тартып алып, қаладан шығарып, қаладан алыс емес

жердегі Көкбел жотасына жерледі.

Қаланы басып алуға байланысты көтеріліс жоспарын Омбы генералгубернаторына

патшаның жансызы және сатқын Мұсаның беріп қоюына

байланысты, Кенесары жасақтарының шегінулеріне тура келді. Оның

үстіне, Ақмолаға Петербургтан жаңа ғана келген корпус командирі басқарған

патша әскері келгендігі туралы да мәліметтер келіп түсті. Ақмоладан шегініп

шыққан соң Ақтау мен Ақмоланың арасында Кенесары әскери старшина

Симоновтың жасағына қатты соққы берді, ал Симонов болса

көтерілісшілердің екпініне шыдай алмай, қару-жарақтарын тастай қашты.

Кенесарыға жаудың біраз қару-жарағы бұйырды, оның ішінде тоғыз

пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мылтықтың оғы және 490

пистолеттің оқтары және басқалар да болды.

Ақмола приказының аға сұлтаны подполковник Қоңырқожа

Құдаймендиннің және оның туысқандарының ауылдарына шабуыл жасау

барысында 12 000 жылқы айдап әкетілді; Ақмоланың маңайынан жергілікті

шенеуініктер мен байларға тиесілі 2594 бас мал тәркіленді.

Көтеріліске шыққан көпшіліктің ықпалымен, осы шабуылдар барысында

генерал-губернатордың сенміндегі сұлтан-басқарушылар көптеп қатыса

бастайды. Мысалға, өзінің берген мәліметінде полковник Галызин 1838

жылдың 12 маусымында: «Ақмолаға шабуыл барысында үкіметтің

сеніміндегі адамдар да қатысты: Баянауылдың аға сұлтаны Маман Абылаев,

заседатель Тайхан Азнабаев, сонымен қатар Қарқаралы және Көкшетау

округтерінің аға сұлтандарының ұлдары да болды», - деп көрсеткен1.

1838 жылдың жазында Кенесары мен Наурызбайдың басшылығымен 300

ержүрек жігіттер мен батырлар 12 000 жасағымен Ақтау әскери бекінісіне

шабуыл жасайды.

Кенесарының ниетін білген Ақтаудың әскери коменданты азық-түлік пен

басқа да заттардың қорларын жасап ала отырып, қорғанысқа алдын ала

дайындалды. «Барлық жерлерде дүкендер бір жылдық қормен қамтамасыз

етілген...»2.

Наурызбай батыр өзінің тоғыз батырымен бекіністі батыс жағынан

шабуылдады. Шабуыл тапа-тал түсте басталды. Ақтау бекінісі жерменжексен

болып, барлық үйлері өртелінді, сонан соң Ақтау бекінісі қайта

қалпына келтірілген жоқ.

Ақмола мен Ақтау бекінісіне жасалған шабуылдардан соң Кенесары

оңтүстікке Ұлытау мен Сарысуға қарай кетіп қалды. Сол жақтан ол корпус

командиріне патша үкіметі қазақ даласын әскери бекіністерден тазартып, -

84


«барлық Приказдар жойылып, орыс жасақтары даладан шығарылсын» деген

талабымен келісім ұсынған хат жіберді3.

Кенесарының бұл талабына патша үкіметінің әскери министрі корпус

командиріне Кенесары көтерілісін басып-жаншу және оны бекіністерге

жолатпау үшін шешімді шаралар қолдануын ұсынды.

Сондықтан да 1838 жылдан бастап Сібір қазақ даласына жаяу әскерлерді

жібере бастады, Ұлытау және Жарғанағаш бекіністері салынды. Сібір

генерал-губернаторы 1838 жылдың жазында далаға Ұлытау бағытына әскери

старшина Симонов басқарған екі қарулы әскери жасақтар жіберді. Дегенмен,

Кенесарының көшінің алыс болуына байланысты, жасақтар құр қол қайтты,

өйткені Кенесары күніне бірнеше рет өзінің отырған жерін өзгертіп отырды.

Бұл туралы К.К. Абаза: «10 мың атты әскердің басшысы бола отырып, ол

күніне бірнеше рет отырған жерін ауыстырып отырды: жатуға қонған

жерінен аяқ астынан түннің ортасында қосынды көтеріп, 10 шақырымдай

алдыға немесе артқа кетіп қалатын. Біздің ең сенімді деген

тыңшыларымыздың өздері Кенесарының қайда түнеп жатқандығын білмей

қойды», - деп жазады4.

1

Көне актілер орталық мемлекеттік мұрағаты, мемлекеттік мұрағат қоры, ХІ

тарау, 1217 іс.

2

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұражайы, Серебренников қоры, 2

құжат, 1938 жыл.

3

Көне актілер орталық мемлекеттік мұрағаты, мемлекеттік мұрағат қоры, ХІ

тарау, 1217 іс, 6 бет.

4

К.К. Абаза. Түркістанды жаулап алу, 45-46 беттер.

1838 жылдың 10 қыркүйегінде Кенесары өзінің жігіттерімен көтеріліске

қарсы шыққан Сұлтан Бөкейхановтың ауылдарына шабуыл жасады, оның

көп жылқысын айдап алып кетті. Айлар өте Кенесары күшіне күш қосып,

оның жақтастарының саны арта берді, партизандық күресті жолға қояды –

жарып жіберіп, әскери бекіністерді, ауылдар мен қалаларды қиратып

тастайды: Кенесары жігіттері сауда керуендерінен салық ала бастады.

«...1838 жылдың желтоқсан айына қарай Кенесары Сібір линиясынан да,

Троицк жақтан да Ташкентке қарай бара жатқан сауда керуендерінен өз

пайдасына салықтар ала бастады»1.

Сөйтіп, 1838 жылдың соңына қарай сұлтан Кенесары Орта Азияға қарай

бара жатқан керуен жолдарында тұрақты түрде қауіп туғызды.

«Сібір басқармасы, - деп жазады генерал-губернатор князь Горчаков, -

шешілмес мәселеге тап болды...»2.

85


Осы мәселені шешу үшін далаға екі жасақ жіберілді: бірінші жасақ - гвардия

штабс-капитаны Спиридоновтың және полковник Гакестің жасағы, оларға

Кенесарының жақтастарын түбірімен жойып жіберу тапсырмасы берілді.

Спиридонов Бағаналы мен Қыпшақ руларын «бағындырып», оларды Есіл

өзеніне қарай көшуге мәжбүрледі, яғни шекаралық приказ линиясына, ал

полковник Гакес жасағы 6 ауылды жайратып салды, олардан: 526 - түйе, 229

- жылқы, 52 - ірі қара, 3955 – қой тартып алды, 105 адам өлтірілді, сонымен

қатар патша үкіметі басқа да бірқатар шаралар қолданды. Генералгубернатор

Горчаков Кенесары Қасымов көтерілісіне қатысқан деп

танылған 1838 жылғы көшіп кеткен болыстардың қазақтарына контрибуция

салу үшін 6 пункттан тұратын нұсқаулық іспетті бұйрық шығарады.

Бұл нұсқаулықтың 3 пунктінде: «Қарсылық көрсеткен округтерге тең түрде

кірген немесе далаға дендей еніп, ол жақтан қарумен келген қырғыздардан -

олардың малдарының барлығының бестен бір бөлігін айыппұл ретінде ұстап

қалынсын, яғни 10 тайдан - 2, 10 биеден - 2, 10 бұқадан - 2, 10 сиырдан -

2», - деп көрсетілген3.

1

Рязанов. «Кенесары Қасымов көтерілісі», Қазақстанның өткені деректер мен

материалдарда, 207 бет.

2

Бұл да сонда, 206 бет.

3

Н. Коншин. Дала өлкесі Тарихы үшін материалдар, Императорлық орыс

географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбалары, 1 шығарылым, 5-6

беттер, 1903 жыл.

Генерал-губернатордың осы бұйрығын орындау үшін ауылдарға 150 адам

казактардан тұратын жазалау жасақтары бір атты-артиллериялық қаруымен

жіберілді. Жасақта Приказдың бір мүшесі екі тілмашымен болды.

Сөйтіп, екі жақтан күреске дайындалу айтарлықтай дамып, белсенді бола

түсті. Көтеріліске шыққан патриот қазақтар, атақты Наурызбай батыр, Имам

батыр (Амангелдінің атасы) және басқалары басқарған жасақтар мен

кішігірім бөлек топтарға бөлініп алып, патша жасақтарына шабуылдар жасап

отыру үшін адам күтпеген жақтан шыға келіп, сонан соң із-түзсіз жоғалып

кетіп отырды. Олар сатқындар мен қанаушылар үшін ұстатпайтын еді. Олар

жазалаушыларға соққының үстіне соққылар бере берді. Кенесары оларға өз

беттерінше әскери қимылдар жасауды тапсырды.

Ақмола мен Ақтау әскери бекіністері қиратылған соң патша әскерлері

Кенесарыға қосылған қазақтарды қатаң жазалады. Олардың ауылдары

тоналды, өртелді, малдары айдалып әкетілді. Кенесары Көкшетаудан

оңтүстікке Ұлытауға, Кішітауға, Сарысуға және Торғай өзеніне қарай кетуге

мәжбүр болды.

86


Кенесарыға қарсы 1838 жылы жүргізілген әскери жорықтардың нәтижелері

туралы Сібір корпусының командирі әскери министрге: «Өткен жылы біздің

әскердің қатарынан 21 адам жараланды, 26 адам қаза тапты және 4 адам

хабарсыз кетті немесе тұтқынға алынды, казактар 423 жылқысынан

айырылып, азық-түлік таситын 472 жылқы тартып алынды...», - деп

хабарлады1.

б) Кенесарының қарулы әрекеттерінің 1839-1840 жылдарда дамуы.

1839 жылдың басынан бастап Кенесарының азаттық күресі жаңа кезеңге аяқ

басты, бұл кезең Жоламан Тіленшин батыр бастаған Кіші жүз қазақтарының

көп бөлігінің қосылуымен сипатталады.

1

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұражайы, Серебренников қоры, 2

құжат, 1939 жыл.

Жорықта дәрігерлік көмек көрсететін Оралдық делдалдар

7 сурет. К.К. Абазаның «Түркістанды жаулап алу» кітабынан

Орынбор әскери генерал-губернаторы Перовский 9.01.1839 жылы әскери

министрге: «Мен жақын арада Кенесарыны жақтайтындардың жақсы дайындыққа

кірісіп жатқандары туралы мәліметтер алдым: оған қазірдің өзінде орынборлық

қайсақтардың ішіндегі аты шыққан «жыртқыш» Жоламан барып қосылған және олар

қосылып алып, 8000 адамдай жинап, көктем келе орданың Шығыс бөлігіндегі сұлтанбасқарманың

ауылына шабуыл жасауға кіріспекші...» деп жазды1.

1

Орталық мемлекеттік әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1 – 161 іс, 154 бет.

Кенесарының Кіші жүздің аймағына жақындауы және оның патша әскерлері

мен жергілікті сұлтан-правительдердің тұрақтарына шабуылдар жасауы

Орынбор генерал-губернаторы Перовскийді оған қарсы әскери старшина

Лебедевтің басшылығымен күшті әскер жіберуге мәжбүрледі. Оның

құрамында екі зеңбірігі бар 1000 казак, 800 башқұрт болатын. Бұл әскер

Николаевск бекінісінен 1839 жылдың 6 наурызында шықты.

24 наурызда жасақ Торғай өзеніне, Тансын жерінде отырған Абдулла

Абылайханов сұлтанның ауылына келіп жетті. Абдулла сұлтанның

шақыруымен жастар да, кәрілер де қолдарына қару алып, жауға оқ жаудыра

бастады. Ауыл жазық жерде орналасқан еді. Лебедев өз әскерлеріне шабуыл

жасауды бұйырады. Көтерілісшілер не болса да өз тұрған жерлерін сақтап

қалуға бел буды.

Шайқас күні бойы жүрді. Патша жасақтарының екпінді шабуылының

нәтижесінде, қазақтар шегінуге мәжбүр болды, ұрыс даласында 50 адамы

87


қаза тауып, 13 адам тұтқынға түсті. Тұтқынға түскендердің арасында

Абдулла Абылайханов сұлтанның өзі немересі Батыршиновпен бірге бар еді.

Баянаул маңайы. Жембай көлінің жағасы.

8 сурет. Қарулы көтерілістің болған жері. «Ресей» кітабынан, т. ХVIII,

«Қырғыз өлкесі».

Патша жасақтарын азық-түлікпен қамтамасыз ету өте нашар болды, жем-шөп

мүлдем болмады. Жау ретінде санаған тұрғындар тарапынан жасақты

тамақтандырамын деген үміттің жоқ болғандығынан, Лебедев жасағы кейін

шегінуге мәжбүр болып, 16 сәуірде Николаевскге қайтып келіп, сол жақтан

Ор бекінісіне келіп жетті. Генерал Перовский, Кенесарының атасы Абдулла

Абылаев тұтқынға түскендіктен бұл бірінші жорық зор табысқа жетті деп

есептеп, Лебедев пен бес солдатқа алғыс жариялады.

Орынбор әскерімен қатар Кенесарыға қарсы полковник Горский

басшылығымен сібір әскерлері де Жарқайың ағаштан Торғай мен Ұлытау

бағытына қарай шықты. Горский әскерлері сәуір айының аяқ жағында

Кенесары мен Саржан сұлтандарға тиесілі табын-табын жылқыларды

жолықтырды.

«Таң қылаң бере төбелердің басынан бүлікшілердің күшті топтары көрінді,

кейін белгілі болғанындай, олардың саны 3000 адамға дейін болған екен»1.

Горский жасақтары көрінген бойда – ауылдарда қарбалас басталды: қазақтар

тездетіп атқа қонып, топтарға қосыла бастады, Горский олардың

қосылуларына жол бермей, зеңбіріктен оқ жаудыра отырып, ауылдардың

үстімен жүріп өтіп, көтерілісшілерді жылдам қимылымен жайпап тастады.

Көтерілісшілер бұл жолы ашық айқасқа шыға қойған жоқ, өйткені ауылда

көтерілістің басшысы - Кенесары Қасымов болған жоқ еді. Дегенмен, олар

үш мың жігіттерімен екі жақтан ұрысқа кірісе отырып, жаудың жолын

бөгемек болды, бірақ жақсы қаруланған Горский әскерлері көтерілісшілерден

басым болғандықтан, олар шегінуге мәжбүр болды.

Горский жасақтары көтерілісшілерді 45 шақырымға Ұлытау тауларына және

Талды мен Қашты тоғай өзендеріне дейін қуып барды - «Қырғыздар жағынан

қанша адам қаза тапқанын нақты білу мүмкін емес, ондайлардың саны аз

болмауы тиіс; бізде бір казак қана ауыр жараланған; хорунжий Бутаков пен

үш казак қатты контузия алды»2.

27 сәуірде Горский жасақтары аттарының басын Жарқайың ағашқа қарай

кері бұрып, ол жерге 1 мамыр күні жеткен. Олар өздерімен бірге 67 еркек, 99

әйелді тұтқындап, көптеген қару-жарақты, сонымен қатар 2300 жылқы, 200

түйе, 10 000 қой және 470 бас ірі қара мал алып келді. Қазақтың ауылдары

осылай тоналды.

9 мамыр күні генерал Горчаков Петербургке, әскери министрге полковник

Горскийдің Кенесары көтерілісіне қарсы жорығының нәтижелері туралы

мәлметтер жіберді. Әскери министр Чернышев Горчаковке осы жорық

88


барысында көзге түскен жауынгерлерді марапаттау үшін үш әскери орден

беріп жіберді.

1

А.Г. Серебренников, Түркістан өлкесін жаулап алу тарихы

материалдарының жинағы, том 1, 58-60 беттер.

2

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұражайы, Серебренников қоры, 31

құжат, Сібір корпусы командирінің әскери министрге 1839 жылдың 16

мамырындағы жазған № 227 қатынасы.

Жүргізген күрестері барысында көтерілісшілер Ұлытау мен Кішітаудың

барлық табиғи артықшылықтарын пайдалана отырып, жау жасақтарына

қорғаныста болсын, шабуыл жасағанда болсын, шатқалдарға тас ату

тәсілдерін пайдаланды.

Жау жасақтары оларды төмеңгі жақтан шабуыл жасап ығыстыруға мәжбүр

болды. Бұл жағдай олар үшін мүлдем тиімсіз еді. Патша әскерлерінің әскери

күштері тауларда, Торғай еңістерінде шайқасуға әлсіз және орашалақ болды.

Қазақ көтерілісшілерінің күші жергілікті жағдайды жақсы білумен және

таудан жазыққа шығып кетіп отыруымен, жау тұрған жерге күтпеген жерден

шабуыл жасаумен, жау тылына дендеп еніп, тұтқиылдан тап берумен, келе

жатқан колоннаның жолына тосқауыл қоюмен ерекшеленді.

Осы артықшылықтарды пайдалана отырып, Кенесары Ұлытау мен Кішітауда

басқыншы билікке қарсы көтерілістің Орталығы ретінде тұрақтап қалғысы

келді. Сондықтан да ол өзінің өтінішінде орынбор губернаторынан, оның

патшалардың патшасы императордан сібір линиясынан 36 жылға дейін

Ұлытау мен Кішітауға әскер жібермеуін сұрауын өтінді; егер Ұлытауға әскер

жіберілетін болса, онда әйелдеріміз беп балаларымыз қорқатын болады,

сөйтіп государьға қызмет ететін жағдайда болмай қалады», - деп жазды1.

Патша үкіметі Кенесарыға тыным бермеу керек деп шешеті, оның Ұлытауда

бекініп қалуына кедергілер келтіре отырып, оны қалайда көтерілістің

орталығынан қуып шығуға тырысты, сол үшін де олар Ұлытауда мықты

бекініс салып, оны Кенесарыға қарсы әскери әрекеттер жасаудың базасы

ретінде пайдаланды. Бұл бекініс тиімді стратегиялық жағдай туғызып,

көтерілісшілерге қарсы бірнеше экспедициялар ұйымдастыруға мүмкіндік

берді. 1839 жылдың мамыр айынан қараша айына дейін Кенесарыға қарсы

Ұлытау бағытына Сібір линиясынан да, Орынбор линиясынан да есаул

Панковтың, полковник Ладыженскийдің, жүзбасы Волковтың және

полковник Горскийдің (екінші рет) жасақтары жөнелтіліп отырды.

Барлық жағынан да патша әскерлерінің шабытты шабуылдарына қарамастан

Кенесары табанды қарсылығын көрсетуді жалғастыра берді. Сәуір айының

соңында кенесарылықтар сұлтан-басқармашы Шотай Бахтыгереев ауылына

шабуыл жасайды: «...соған қарамастан, сібір жақта жүре отырып,

89


кенесарылықтар орынбор ведомствосы қырғыздарына тұтқиылдан шабуыл

жасап, 80 ауылды тонап кетті; Кенесары орданың Шығыс бөлігінің

басқармасының өзі сұлтан Шотай Бахтыгереевті қолға түсіруді ойлады...»2.

1

А.Г. Серебренников. Көрсетілген жинақ, т. III, 32-33 беттер.

2

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-161 іс, 15-16 беттер.

13 мамырда Тасты Торғай өзені маңында Кенесары басқарған жігіттер

полковник Горскийдің жасағына тап беріп, оны екіге бөліп тастағылары

келді: «Бір зеңбірігі бар казактар олардың арынын ержүректікпен баса

отырып, беттерін қайтарды. Осы уақытта қырғыздардың бір тобы жүк бар

арбаға бас салды; бірақ олар үш бұрыш болып тұрып алып, зеңбірек пен

пушкадан оқ атып қарсы алып, олардың шабуылдарының бетін бірнеше рет

қайтарды»1.

Бұл шайқаста Кенесары тарапынан болған шығын белгісіз, ал Горский

тарапынан бір казак қаза тауып, екеуі контузия алды.

Горский көтеріліске шыққан қазақтарды 45 шақырымға дейін өкшелей

отырып, жолда олар тастап кеткен мүліктер мен малдарды теріп алып

отырды. Кенесары болса, барлық күшін жиып алып, Горский жасағының

соңына түсіп, оны Жерқайың шатқалы маңынан қуып жетіп, жасағын қоршап

алды. Кескілескен шайқас барысында 4 казак өліп, 4 адам тұтқынға түсті

және 800-ге тарта жылқы қайтарылып алынды. Горскийдің өзі тұтқынға

түсіп қала жаздады.

18 мамырда Ұлытау мағында Кенесары бастаған 500 адам көтерілісшілер

655 казактардан, 2 атты-артиллериялық зеңбіріктен және бір рота жаяу

әскерден тұратын полковник Горскийдің жасағына шабуыл жасады.

Кескілескен шайқас күнімен де, түнімен де жалғасты, бірақ артиллерияның

арқасында кенесарылықтардың шабуылдары тойтарылды.

Генерал-лейтенант Горчаков 21 шілдеде әскери министрге Баянаул округінің

заседателі Азнабаевтың тұтқындалып, әскери сотқа берілгені туралы

хабарлайды. Ол: «Азнабаевтың сотталғаны туралы Ақмоладан хабар алдым...

сотталушыны өз бетінше тастап кеткен деп кінәлады..., бүлікшіл Кенесары

Қасымовқа қосылғансың деген де айып тағылды... маған жоғарғымәртебелі

император берген құзыретпен сотқа беріп, ал оны атып тастауға үкім

шықты...», - деп жазды2.

Патша үкіметі басқаларға үлгі болу үшін сұлтан Азнабаевты барлық сұлтанбасқармалардың

және сібір қазақтарының көзінше атып тастау керек деп

шешті. Сонымен қатар, генерал Горчаков барлық округтерге Кенесарыға

қосылғандардың бәрі де Азнабаев сияқты атып тасталынады деген доқ

көрсеткен мәлімдеме таратты.

17 маусымда әрқайсысы 200 адамнан тұратын Наурызбай батыр мен

Кенесарының қарындасы басқарған екі топ көтерілісшілер Көкшетау

90


приказына шешуші шабуыл жасайды. Әскери шайқас бір жағынан

Наурызбай мен Бопай жасақтары мен, екінші жағынан полковник

Ладыженский жасақтары арасында болды.

Ұзаққа созылған шайқастан соң көтерілісшілер он адамынан өлідей

айырылып, бір адамы тұтқынға түсіп, шегінуге мәжбүр болды, Ладыженский

тарапынан кеңсе тілмашы Чанышев төрт рет ауыр жарақат алды.

1

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-161 іс, 46 бет.

2

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-161 іс, 84-85 беттер.

Көтерілісшілер Көкшетау приказының аға сұлтаны подполковник

Ғұбайдулла Уәлихановты ұстап алып, күштеп алып кете алды.

Кенесары, құпия үгіт жұмыстарын жүргізе отырып, Көкшетау округінің

кейбір болыстарын дайындап, 17 шілде күні Есілдің оң жағасына тұтқиылдан

шабуыл жасап, басқыншыларды линиядан ары қарай қуып жіберуге уәде

берді. Бұл жерде ол Карауыл болысының көп бөлігін ертіп кете алды, ал оған

қосылғысы келмеген Бабасан-Бағыс болысын ізіне түсіп жүріп, тонап кетті.

Мұрағат материалдары, «Тіленішата бекетінен Қарқаралыға бара жатқан

жолда түнеген бірінші түні Волков Кенесарының 1500 адамға дейін жасағы

тарапынан шабуылға ұшырады..., бірақ қызу шайқастан соң қырғыздар

көптеген шығынға ұшырап және мүліктерін тастап кетуге мәжбүр болды...», -

деп көрсетеді1.

Көбіккөл көлінде Кенесары 1500 адамы бар жасағымен қазанның 1-нен 2-не

қараған түні жүзбасы Волковтың жасағына тұтқиылдан шабуыл жасайды.

Көтерілісшілердің бірінші шабуылында-ақ казактар зеңбіріктен оқ атады:

«Қырғыздан жан-жағымыздан қыспаққа ала бастаған, лагерден үлгеріп

келген қосымша күш ұрысты теңестіріп, бүлікшілерді тарқатып жіберді.

Тұтқынға түсіп қалған үш қырғыздан жүзбасы Волков бұл «шайканың»

Кенесарының өзінің басқаруымен болғанын білді...»2.

15 қазанда капитан Мучульскийдің жасақтары сұлтан Батырбай басқарған

Кенесары төлеңгіттерінің жасағына тап болды. Осы қақтығыста Мучульский

Кенесарының 23 төлеңгітін тұтқынға алды.

1839 жылдың 1 желтоқсанында генерал-губернатор Горчаков өзінің әскери

министр Чернышовқа жазған баянжазбасында 1839 жылы Кенесары

көтерілісін басып-жаншуға бағытталған сібір линиясы жасақтарының ісәрекеттерінің

нәтижесін хабарлайды: «Осы жылы жасаған барлық

әрекеттеріміздің барысында біздің тарапымыздан болған шығындар: 9 адам

қаза тапты, 13 адам жараланды және 3 адамымыз із-түзсіз жоғалып кетті»3.

Кенесары, ақыр аяғында, патша үкіметімен жалғыз өзі күрес жүргізуге

мүмкіндігі жоқ екендігіне көзі жетіп, өзіне оңтүстік-шығыстағы Бұқара мен

91


Хиуадан одақтастар тауып алуға шешім қабылдайды, оның үстіне саяси

жағдай ол үшін тиімді болып тұрған: «Сұлтан Кенесары мен оның әкесі

Қасымды жақтаған ауылдарды 1840 жылдың жаз айларында сібір генералгубернаторының

ұйымдастыруымен орын алған жүйелі түрде болған әскери

тонаулар, Кенесары мен Қасым сұлтандарды сібір және торғай далаларынан

Қоқан хандығы иелігіне қарай көшіп кетуге мәжбүрледі. Кенесары

ташкенттік бекпен келіссөздер жүргізіп, өз кезегінде ол Ресейге қарсы

күресте көмек беруге уәдесін берді...»4.

1

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-161 іс, 166-176 беттер.

2

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-161 іс, 130-132 беттер.

3

Бұл да сонда, 166-176 беттер.

4

Рязановтың «Кенесары Қасымовтың көтерілісі» қолжазбасы, Қазақстанның

өткенінен материалдар мен деректер, 205 бет.

Сол кездері Кіші жүздегі қазақтардың жағдайлары өте мүшкіл болды, өйткені

бір жағынан Орта Азияға қарай ентелеген патша әскерлері ауылдарды аяусыз

тонаса, екінші жағынан оларды Хиуа ханы қан қақсатты.

1840 жылдың басынан бастап көтерілістің тұрақты түрде жұмыс істеп тұрған

орталығы болып, сыртқы жаулардан, патшалықтан да, еңбекші халықты

толықтай қайыршылануына алып келген Хиуа және Қоқан хандықтарының

езгілерінен ең көп зардап шеккен Кіші жүздің орта бөлігі табылды.

«1840 жылдан орынбор ведомствосы даласында Кенесары мен оның әкесі

Қасым Абылаев сұлтанның пайда болуына байланысты толқулар анықталған,

қауіпті және тұрақты түрдегі сипат ала бастады»1.

Орынбор губернаторы Перовский Кенесары Касымовтың әрекеттерін

мұқият қадағалап отырды, оның ниетін тап басуға тырысты. Ақылды

саясаткер және жақсы тактик, сұлтан Кенесары, жағдайды есепке ала

отырып, орынборлық әкімдікке оған әртүрлі уақытта хат жаза отырып:

«...Мен Кенесары Қасымов, Сібірде ешқандай әділдік таба алмай, сібір

линиясына қарсы қаруландым, ал орынбор линиясына өзіме ұлы государь

тарапынан қамқорлық, ықылас, пана іздеуге келіп және орынборлық

басшыларға менің барлық көрген құқайларым туралы айтқым келді», - деп

хабарлайды2.

1

Н. Середа. «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі», «Еуропа

жаршысы», 9 кітап, 1870 жыл, 551 бет.

2

92


Н. Середа. «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі», «Еуропа

жаршысы», 9 кітап, 1870 жыл, 557 бет.

Көтерілісшілердің бір тобын басқара отырып, сұлтан Қасым (Кенесарының

әкесі) Шу өзені мен Қаратау баурайында көшіп жүрді. Кенесары Қасымовтың

күшінің бөлінгенін естіген ташкенттік басшы қазақтардан кек алу үшін

Қасым Абылайхановпен қатынас құрып алғысы келді. Сол үшін де ол 1840

жылдың мамыр айында Қасымның қызы Бопайға хат жазып, оны және оның

әкесі Қасымды қонақ болып кетуге шақырып, көне жауластықты ұмытып

қалдым деп мәлімдей келе, оларға жалпы жауымыз патшалыққа қарсы

күресте көмек көрсетемін деп уәде берді. Ташкенттік басшының сөздеріне

онша сене қоймаса да, Касым сұлтан, қару-жараққа мұқтаж болғандықтан,

оған оқдәрі, қорғасын және жүз мылтық сұратып өзінің ұлы Көшек пен

бірнеше төлеңгіттерді жіберді.

Көпес Сапарғали Ысқақовтың хабарламасы негізінде Н.А. Середа: «Сұлтан

Абылаев ташкенттік бектен орыс солдаттарына қарсылық көрсету үшін

оқдәрі, қорғасын және жүз мылтық сұратты... Ташкенттік бек, мүмкін, баяғы

есебін ұмытпай, Қасымға деген өшпенділігін сақтай отырып, өзінің жауын

қулықтың арқасында жойып жіберудің оңтайлы сәтін пайдаланып қалғысы

келді.

Ол қуана-қуана Қасымға бір түйеде оқдәрі, екіншісінде қорғасын, үш

зеңбірек және 200 халат салып жіберді..., кімге не таратып беру екенін де

жазуды ұмытпады, бірақ олардың артынан құпия түрде 6000 адам нөкерлер

жіберіліп, оларға тұтқиылдан шабуыл жасап Абылаевтың жасақтарын жойып

жіберу тапсырылды», - деп жазады1.

Ташкенттің басшының алты мың нөкері Қасымның ауылдарына күтпеген

жерден шабуыл жасап, оны тұтқынға алып, Ташкентке әкеліп өлтіріп

тастады. Кенесары өз әкесі Қасымнан бөлек жерде көшіп жүрген еді,

сондықтан да аман қалып, Хиуаға қашып кетті.

Мұрағат деректерінен мыналарды білуге болады: «...Кенесарының әкесі

сұлтан Қасым Әзірет қаласынан шыққан жасақ тарапынан тұтқындалып,

әйелі, үлкен ұлы Көшек және қызы Бопай ханыммен Ташкентке алып кетілді.

Олар сол жерде қамауда жатыр, ал Кенесарының өзін ұстау үшін Ташкент

басшысы 200 адамды аздаған жасақтарға бөліп-бөліп жіберді»2.

Осы жағдайдан кейін Кенесары еріксізден бұрынғы шабуыл жасау

тактикасын өзгертуге мәжбүр болды, өйткені екі жауға қарсы шешуші күрес

жүргізу мүмкін емес деп есептеді. Сондықтан да Хиуа хандығынан

айтарлықтай қолдау болатынын көрмеген ол Перовскийге бейбіт қана көшіп

жүруге уәде беруге, оларды жау көруді доғарып, патшалықпен бейбіт

келісімге келуге келісетінін көрсетуге тырысты. Сонымен қатар Кенесары

әскери старшина Лебедевке бейбіт келісімге келу туралы хат та жазып

жіберді. Генерал Перовский және Лебедев Кенесарының шын жүректен

айтып отырғанына сенді. Сұлтан-правитель Ахмет Жантөрин оларды

Кенесарының сөзіне сенбеңдер деп бақты, ол Кенесарының бұл әрекетінен

93


уақытты ұтуға тырысып отырған қулығын көріп, өз күштерін қайта жинақтап

алған соң әскерлерінің санын арттырып, тағы да соғысты бастайды деп

құлақтарына құюмен болды. Батыс Сібір генерал-губернаторы да

Перовскийге жазған хаттарында Кенесарының сөздеріне сенбеуді, өйткені ол

өзін тым қатыгез етіп көрсеткен деген кеңес берді.

Сібір әкімдігінің тілегіне қарамастан, Орынборда Кенесары Қасымовты өз

қамқорлықтарына алып, мемлекеттік вице-канцлерден Кенесарының

тұтқында отырған барлық туысқандарын босатуды сұрап, князь Горчаковке

оның жасақтарының орынбор ведомствосына қарайтын далаға кіріп

келмеуін, оның өзіне сеніп тапсырылмаған өлкені басқаруға араласпауын

сұрап ұсыныс жасап талап-арыз жазды.

1.

Н. Середа. «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі», «Еуропа

жаршысы», 9 кітап, 1870 жыл, 552 бет.

2

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-161 іс, 194 бет.

Екі губернаторлар арасындағы тай-талас пен араздық күшейе түсті.

Перовский қатқыл жауап бере отырып, князь Горчаковке тіл тигізді. Князь

Горчаковтың жауабы ұзаққа созылған пікірталастың басы болды, олар бірінбірі

жиі мемлекеттік сатқын деген де айыптауларға барды.

«Олардың айтыстары Кенесарының жақтастарының көбеюіне алып келді, ол

осы айқай-шуды пайдаланып, лай судан балық аулай алды, сонымен қатар ол

Орынборға өзінің бағынышты екендігі туралы да хат жазып қоюды

ұмытпады»1.

Император I-ші Николай, екі губернаторлар арасындағы тартыстың ұзаққа

созылатынын, ал бұл самодержавие үшін пайдасыз және қауіпті екенін, ал

Кенесары Қасымов үшін пайдалы екенін түсіне отырып, әскери министр

арқылы осындай тартыстар мен қақтығыстарды екі ведомстволардың

бірлескен келісімдері арқылы сол жерде шешіп отырулары туралы нұсқау

берді.

Әскери министр князь Чернышовтың сұлтан Кенесарыны кешіру туралы

нұсқауына байланысты, екі губернатор да Кенесарының барлық

туысқандарын босатып жіберді, олардың ішінде сұлтан Күнжан Көшеков те

бар еді. Осы аралықта қазақтар мен ортаазиялық хандықтардың арасында

Кенесары Қасымовтың беделі мен ықпалы күшейе түсіп, ол Хиуа және Бұқар

хандықтарымен одақтасып, олардан ортақ жаулары патшалық пен Қоқан

хандығына қарсы күресті жалғастыру үшін қару-жарақ алады.

«...Кенесары, өзінің әкесін опасыздықпен өлтірген ташкенттік бектен кегін

алуды ойластырып, Бұқар әмірімен одақтастықта, Қоқанға соғыс жариялап,

әскери әрекетін Созақ пен Ташкентті бір мезгілде қоршауға алудан

бастайды»2.

94


Кенесары патша үкіметіне қарсы әрекеттерін 1840 жылдың екінші

жартысынан қайта бастады: «Көктем келісімен ол (Кенесары - Д.Е.) 500

адамнан тұратын қарулы жасақтарды жинап алып, оларды өзінің немере інісі

Әлжан Саржановқа басқартып, оларды патшалыққа бодан болыстардан

жылқы барымталап және біздің жасақтарды бақылап қайтуға жіберді»3.

Әлжан Саржанов, Есіл өзенінің жағасына келіп, өз жасақтарын үш бөлікке

бөлді: өзі 300 адамымен Есіл өзенінің жағасында қалды, 100 адамды

Көкшетау округіне жіберді, ал 100 адам - Баянаул Приказына қарай кетті.

Кенесарының өзі Ұлытау тауының оңтүстік жағында қалды.

1

Н. Середа. «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі», «Еуропа

жаршысы», 9 кітап, 1870 жыл, 568 бет.

2

Н. Середа. «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі», «Еуропа

жаршысы», VIII кітап, 1870 жыл, 569 бет.

3

А.Г. Серебренников, Түркістан өлкесін жаулап алу тарихы

материалдарының жинағы, т. II, 157 бет.

Әлжан Саржановтың жасағы 10 маусымда Баянауыл округінің аға сұлтаны

Боштай Тұрсынбаев бидің ауылы мен Айдабол болысына шабуыл жасап,

олардан 3000 жылқы айдап алып кетті. Боштай би, өз жасақтарын жинап,

оларды қууға кірісті. Кескілескен шайқас болып, Саржан жасағынан екі адам

қаза тауып, біреуі тұтқынға түсті.

Көтерілісшілердің жаңадан басталған әрекеттеріне қарсы 5 мамыр күні 250

казактан, атты артиллерияның екі зеңбірігімен Спиридоновтың жасағы

Атбасардан шықты. Есіл өзенінен өткен жасақ Торғайға қарай бет алды1.

Губернатор Горчаков 1840 жылдың 1 шілдесінде әскери министр

Чернышевке кенесарылықтардың тұрған жері туралы хабарлайды: «Мәлім

болғанындай, Кенесарының жақтастары мен туысқандары біраз адам болып

әлі де Ұлытау тауының оңтүсік-батысында, Кішітаудың жанында, Бұланты

мен Билеуті шатқалдарында тұрақты түрде тұруда, олардың ізіне түсу үшін

Ақтау мен Жарқайыңнан жасақтар жіберілді, олардың жетістіктері туралы

хабарлайтын боламын»2.

5 маусым күні Ақмола приказынан Кенесары Қасымовқа қарсы 200 казак

және атты-артиллериялық зеңбірігімен Волковтың жасағы шықты3.

28 мамыр күні Ақтау бекінісінен Кенесарыға қарсы капитан Лебедев

шықты, 16 шілде күні Қаражар маңында Кенесары Қасымовқа қарайтын

ауылдарға шабуыл жасады. Ол Байдалы-Бағаналы және Көксал

болыстарынан 200 жылқы, 320 түйе және 6800 қой тартып алды4.

Лебедев жасақтарын Кенесары жігіттері күтіп алды. Күні бойы да, түні бойы

да бір тынбастан шайқас жүріп жатты, осы кезде Кенесарының ауылдары

95


Сырдарияға қарай көшіп кетті. Кенесары ауылдарын 19 шілдеде жүзбасы

Волковтың жасақтары қуып жетті: «Осы жақтан шабуыл болатынын

күтпеген Кенесары, тойтарыс беруге өзінің жақтастарын жинап алуға

мүмкіншілігі болмай, сондықтан да қашып кетуге мәжбүр болды»5.

Жүзбасы Волковтың жасағы ауылдарды өкешелей отырып, бір күннің ішінде

4000 қой, 31 түйе және тағы басқа малды тартып алды. Сонымен қатар,

Атбасар приказынан шыққан, 150 казактарымен және екі зеңбірігі бар майор

Гайюс басқарған жасақтар 9 шілде күні Кенесарыға жақтас қыпшақтықтарды

Сары торғай өзенінде қуып жетіп, олардан 527 түйе, 229 жылқы, 3955 қой

тартып алып, осыдан кейін Атбасарға қайтып оралды.

1

№ 1 картаны қараңыз.

2

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, 102

құжат.

3

№ 1 картаны қараңыз.

4

Бұл да сонда.

5

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-161 іс, 204-206 беттер.

6

№ 1 картаны қараңыз.

Капитан Лебедев 4 шілдеде Ұлытау тауына қарай Кенесарының Ұлытау

маңындағы қозғалысын басып-жаншу үшін 50 казактары мен қырғыздары

бар хорунжий Рытовты жіберді1.

«Хорунжий Рытов сол күні-ақ Кенесары жасағы тарапынан жасалған

шабуылға тап болды, бірақ барлық шабуылға тойтарыс бере отырып, оларды

қашып кетуге мәжбүрледі»2.

Осы қақтығыс барысында Кенесары оңбай жеңіліс тапты: «Көптеген қаза

тапқандар мен жараланғандармен қатар тұтқынға түскендер: Кенесарының

жиені (туған қарындасы Бопайдың ұлы), сұлтан Түркен Сәмекин, алдындағы

барлық текетірестер мен ұрыстарда қатысқан, ат құлағында ойнайтын

Айдарбек пен Кенесарының төлеңгіті Сәрсенбай ауыр жарақат алды»3.

Қарсыластар жағынан 10 адам ауыр жарақаттар алған екен.

25 шілдеде Ашщы су мен Тұшщы су өзендері бойында 200 адам казактары

мен бір атты-артиллериялық зеңбірегі бар Ребров жасақтары Кенесарының

соңынан Сырдарияға кетіп бара жатқан Бағаналы руының 12 ауылын қуып

жетті4.

Ребров оларға берілулері туралы ұсыныспен шықты, бірақ казактар

қарсыластарының алдыңғы қатардағыларына оқ ата бастады - «Табан

96


тірескен қақтығыстан соң 10 ауылды барлық малымен және мүлкімен

тұтқынға алды...»5.

30 маусым күні Ребров жасақтары Саржан Қасымовтың ауылына шабуыл

жасап, оның табын-табын жылқыларын айдап кетті. Ержан мен Құдайменді

Саржановтар барлық күштерін жинап, жауға тегеурінді тойтарыс берді. Бірақ

нашар қаруланған қазақтар мұздай болып қаруланған жаудың екпініне ұзақ

уақыт шыдай алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды.

1

Бұл да сонда.

2

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-161 іс, 207-208 беттер.

3

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-161 іс, 207-208 беттер.

4

№ 1 картаны қараңыз.

5

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-161 іс, 209-212 беттер.

Қазақ даласына Сібір линиясы тарапынан да, Орынбор линиясы тарапынан

да жіберілген жасақтар көтерілісшілерге қарсы әрекеттер жасап қана қойған

жоқ, олар сонымен қатар бейбіт жатқан ауылдарды да тонаумен айналысты.

Бұған Кіші жүздің шығыс бөлігінің аға сұлтаны Шотай Бақтыгереевтің 1840

жылдың 11 тамызындағы орынбор шекара комиссиясының төрағасына

жазған арызы дәлел бола алады. Ол: «Қыпшақ руынан тарайтын Қатыби

тармағының биі Тәуке Қазыбаев былай деп хабарлады. Өткен айда, олар

Қоңыраулы шатқалында көшіп жүрген кездерінде, сібір жасақтары олардың

503 түтіннен тұратын ауылдарын қиратып кеткен, еркегі бар, әйелі бар 105

адам өлтіріліп, 20515 қой, 611 түйе, 854 жылқы және 149 сиыр мал айдап

кетіліп; мүліктен 3521 текемет, 200 кілем, 1625 халат, 90 түлкі терісі, 23

алтын паршалы тон, 16 қызыл бархытты тон, 26 алтын жалатқан әйелдердің

бас киімі, 305 әйелдердің бас киімі, бірақ алғашқысынан арзанырақ

(наз.сәукеле) және 630 көрпе тоналды», - деп жазды1.

Осындай тонаушылық әрекеттермен майор Гайюс жасақтары айналысты,

бірақ генерал-губернаторлар да, патша үкіметі де бейбіт тұрғындарды

тонаушылықпен айналысқан майор Гайюсті қылмыстық жауапкершілікке

тарту керек деп шешкен жоқ.

Азаттық жолындағы күресте жаппай қозғалысты дамыту Кенесары

Қасымовтың негізі міндеттерінің бірі болды, сондықтан да патша

самодержавиесімен табысты күресті қамтамасыз ету үшін бұқара халықтың

әл-ауқатын арттырып, көтерілісшілердің өмір сүру жағдайын арттырып,

өзінің сыр берген денсаулығын түзеп және көтеріліске шыққандардың әскери

рухын көтеру қажет болды.

97


Кенесары Қасымов дем алып алу қажет деп шешті. Ол тұтқыннан Әсет

Атымбеков пен Лобановты босатып жіберді: 1840 жылдың 1 қазанында

орынбор генерал-губернаторы арқылы ол I-ші Николайға хат жазып, орыс

жасақтары басып алған Іле мен Нұра өзендерін, Ұлытау және Кішітау

тауларын және үш Кеңгір өзендерін қайтарып беруді сұрады, әйтпесе ол

Хиуаға қарай кетіп қалатынын жазды.

«Сіздің құзыретіңізге казак Лобанов пен Әсет Атымбековты елші ретінде

жібере отырып, біздер өтініп сұраймыз – мейірімділік танытып, жаугершілік

кезінде қолға түсіп қалған жігіттер Шұбақ пен Шорманды, Құлжан, Көшек

және Нұрхан сұлтандарды, қырғыз Байтөстің әйелі Айсараны балаларымен

және жеті приказда қамауда отырған барлық адамдарды босатып жіберсеңіз,

олардың азат етілгендері үшін не сұрсаңыз да, бәрін де берер едік» 2.

Сөйтіп, 1840 жылдың көктемінен бастап күз болғанға дейін сібір линиясынан

да, орынбор линиясынан да еңбекші қазақтардың халық-азаттық күресін

басып-жаншу үшін жасақтың артынан жасақтардың жіберілгенін көреміз.

Күзде Атбасар бекінісінен 500-ден астам адамымен, екі зеңбірігімен граф

Томскийдің жасағы Сарыкөл көлінен бағаналы, төмен шекті және

арғындардың ауылдары арқылы Сары торғай өзені бағытында жорыққа

шығады3.

1

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, 130

құжат, 1840 жыл.

2

Серебренников, Көрсетілген шығарма, т. III, 1841 жыл, 32-33 беттер.

3

№ 1 картаны қараңыз.

Сібір линиясының Кенесары Қасымовқа қарсы 1840 жылы жасаған әскери

қимылдарының нәтижелері туралы әскери министрге жасаған баяндамасында

генерал Горчаков: «Осы жылы жасаған қимылдарымыз барысында біздің

шығындарымыз мынадай болды: қаза тапқандар - 1 урядник, 1 казак, 2

қырғыз; жараланғандар: 1 казак және 27 қырғыздар; із-түзсіз жоғалғандар - 2

казак. Осы жылы тартып алынған малдар: 1636 түйе, 1726 жылқы, 21706 қой

мен ешкі, 374 ірі қара», - деп хабарлайды1.

Генерал-губернатор Перовскийдің ұсынысымен 1840 жылы Кенесары

Қасымовқа қарсы орынбор линиясынан белсенділік көрсеткен жасақтардан,

патша үкіметі тарапынан ордендер мен медальдармен 144 орыс казактары

мен 18 адам қазақтар марапатталған.

в) Кенесарының 1841-1842 жылдардағы қарулы әрекеттерінің дамуы.

98


1841 жыл Кенесары Қасымовтың тактикалық және дипломатиялық жеңіске

жеткен жылы болып есептеледі. 1840 жылы ташкенттік Бектің бегі

тарапынан әкесі өлтіріліп және оның ауылдарының тас-талқаны шыққаннан

кейін Кенесары Қоқан ханымен соғысқа дайындала бастады.

Күштері өзінен артықтау қарсыластарымен екі майданда күрес жүргізуге

шамасының жоғын түсінген Кенесары, самодержавиелік Ресеймен қалыпты

қатынасты уақытша қалпына келтіреді.

Қалыпты қатынасты сақтай отырып, ол 1841 жылы да орынбор генералгубернаторы

мен шекара комиссиясының төрағасы Генске хат жазуын

жалғастыра береді - «Сізден, губернатордан, патшалардың патшасы

императордан 35 жылға дейін Сібір линиясынан Ұлытау мен Кішітауға әскер

жібермеуін сұрауды өтінеміз. Егер Ұлытауға әскер жіберілетін болса, онда

әйелдеріміз бен балаларымыз қорқып, государьға қызмет ете алмай қалатын

болады», - деп жазды 2.

1

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-161 іс, 245 бет.

2

Орталық мемлекеттік әскери-тарихи мұрағат, Серебренников қоры, № 16

құжат, 1841 жыл.

Генске жазған тағы бір хатында ол, патша жасақтарының әр кезеңде ұстап

алған туысқандарын қайтарып беруін сұрайды, орынбор ведомствосын

қазақтарға деген жәйбірақат және татулықпен қарайтынын да мақтап кетуді

ұмытпайды. Патша үкіметімен дипломатиялық келіссөздер жүргізу

барысында Кенесары өзін талантты дипломат ретінде көрсете білді. Ол өзінің

қарсыластары жағынан да жақтастары мен қолдаушыларын таба алды:

әскери старшина Лебедев, орынбор шекара комиссиясының төрағасы Генс,

орынбор генерал-губернаторы Перовский, вице-канцлер Нессельроде, әскери

министр Чернышев және басқалары I-ші Николайды Кенесарының өтінішін

қанағаттандыруды қажет екендігіне сендіре бастады, өйткені ол біздің

үкіметтен шын жүректен кешірім сұрап жүр деп айтты. Сондықтан да патша

үкіметі I-ші Николай император атынан Кенесарының өтінішін

қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, одан кінәлары алынып

тасталынады деп жариялады. Әскери министр князь Чернышев Петербуртен

от 1841 жылдың 1 мамыры күні Батыс сібір генерал-губернаторына

төмендегідей нұсқау берді: «Кенесарының мойынсұнуына байланысты

далада тыныштықтың қалпына келуіне басты кедергінің жойылатынын

есепке ала отырып, асажоғары нұсқаумен оған кешірім жасалынды,

көрсетілген қырғыздарды босатып және Сіздің тағайындаған жазалаушы

жасақтардың сібір корпусының Кенесарыға қарсы жорық жасауына тыйым

салынады»1.

99


Өз тарапынан генерал Перовский Горчаковке, «көп жылдан бергі тәжірибе

бүлікшіл Кенесарыға қарсы қырғыз даласында сібір корпусын күшейте

берудің пайдасы жоқ екенін дәлелдеді, өйткені оның жасақтары жыл сайын

қайта түлеп, кей уақыттарда бұрынғыдан да күшті болып шығып, алдағы

уақыттарда бұл тәртіпсіздіктерді жоюға деген үміттің үзілуіне де алып келді.

Кенесары қарсы ұйымдастырылған экспедициялар оған онша шығын кетіре

алмай, қайсақ руларын тектен-тек жазалауға алып келіп, бұл халықтың

Ресейге деген жеккөрушілігін арттыруға ғана алып келді», - деп жазды2.

Дипломатиялық тәсілдер арқылы табыстарға жеткен Кенесары, Қоқан, Хиуа

хандықтарымен және патшаға қарсы күреске құрия түрде дайындала

бастады. Ол әскери күшін жинақтаумен қатар, патша үкіметімен

дипломатиялық келіссөздер жүргізуді жалғастыра берді.

Күрес тарихын зерттеуші, марқұм А.Ф. Рязанов Кенесары дипломатиясының

жеңісі жайлы: «...жақын арада болған оқиға бізге Кенесарының үкімет

алдында бас иуге деген ойының да болмағанын және мойынсұнамын деген

уәде өзінің ойларын жүзеге асыру үшін жаңа күресті бастауға апаратын

бұлаң дипломатиялық әрекет болғандығын көрсетіп береді», - деп жазды3.

1

Серебренников, Түркістан өлкесін жаулап алу тарихы материалдарының

жинағы, т. III, 1841 жыл, 32-33 беттер.

2

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, 69

құжат, 1841 жыл.

3

А.Ф. Рязанов, Кенесары Қасымовтың көтерілісі, Қазақстанның өткенінен

материалдар мен деректер, 211 бет.

Мұрағат материалдарында «Бүлікшіл сұлтан Кенесары Қасымовтың

әрекеттері туралы жазбалар» деп аталатын беймәлім автордың еңбегі бар.

Автор: «Дегенмен, салдары күткендегідей болып шыққан жоқ: Кенесары

өзіне сыйлаған кешірімді үкіметтің оның кінәсіздігін мойындағаны, өзінің

жаулары болып есептелінетін барлық сібір бастықтарын үстінен жеткен

жеңіс деп есептеп, осылармен хан атағын алып алу арқылы халыққа деген

ықпалын арттыруға және айдауда жүрген немесе қамауда отырған барлық

қырғыз қылмыскерлеріне кепіл болуға пайдаланды», - деп жазады1.

Сөйтіп, дипломатиялық табыстардың нәтижесінде Кенесары мыналарға қол

жеткізді:

1) Көтерілісшілерге қарсы қазақ даласына сібір және орынбор корпустарынан

жазалаушы әскерлердің жіберілмеуіне.

2) Туысқандары: Ғабдулла Уәлихановты, Қанжан Көшековты, немере інісі

Нұрханды және қазақ Бейсенбай Дөненбаевты қамаудан және айдаудан

босатып алды.

100


3) Үзілісті сыртқы қанаушыларға қарсы шабуыл жасайтын соғыс үшін әскери

күшін жинақтауға пайдаланды.

4) Өзінің жауларының арасында қарама-қарсылық туғыза алды - (екі генералгубернаторлар

– Перовский мен Горчаковтың арасында болған ұзаққа

созылған таластар мен айтыстар).

5) Өзінің беделін арттырды, қазақ халқы мен көрші ортаазиялық хандықтарға

ықпалын күшейтті.

Жеткен табыстары оған 1842 жылы хандық атаққа сайланып алуға

моральдық алғышарттар жасады.

Губернатор Горчаков Кенесарының әскери әрекеттерді тоқтатамын,

патшалық Ресеймен бейбітшілік орнатамын деген мәлімдемесінің шын

жүректен шықпағандығын дәлелдеп бақты. Ол 1842 жылдың 13 наурызында

Орынборға, - «Елек Байдалы қырғыздары – Қасымовтың немере інісі –

Ержан Саржанов пен оның төлеңгіті Жеке батыр басқарған, сұлтан

Кенесарының төлеңгіттерінен тұратын қырғыздардың 300-400 адамнан

тұратын жасағы Амантау тауы маңында көшіп жүрген Темеш болысының

көп малын қуып алып кетті, сонан соң Шат шатқалына қарай кетті, Саржан

бізге берілген болыстардың бәрін қорқытқанымен тұрмай, біздің пикеттерге

де қауіп төндіруде; Осыдан көктем келе қауіптену керек, өйткені малдың

ауызы көкке тие Кенесарының мұнан да көп жасақтар жинап алуына

мүмкіндігі мол болады», - деп жазды2.

1

Көне дүние актілерінің орталық мемлекеттік мұрағаты, мемлекеттік

мұрағаттар қоры, ХI тарау, 1217 іс, 1845 жыл, 7 бет.

2

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, № 12

құжат, 1842 жыл.

Кенесары жігіттері күндіз де, түнде де орыс казактарынан тұратын

тұрақтарға жиі шабуылдар жасай бастады, оларды Ұлытау тауында ұстап

алып, өлтіру фактілері де тіркелген.

Өзінің барлаушылары арқылы жау жасақтарының келе жатқанын біліп алған

Кенесары Қасымов, өзінің ауылдарына шөптерді жылдам өртеп, ары қарай

көшуге бұйрық берген. Ыңғайы келген жерлерде оның қарулы жасақтары

қарсыластарының әскерлерін қоршап алып отырды. Мынадай да оқиға

болған. Сол жылдың қазан айында көтеріліске шыққандарды іздеуді қайта

бастаған есаул Рыбин, Кішітау баурайында, Дүйсембай өзені маңында

Кенесары Қасымовтың ауылына тап болып, қазақтардың қоршауында

қалады. Рыбин Кенесарыға өзінің келгендегі мақсаты тұтқынға түскен

қазақтар мен жылқыларды қайтару екенін жариялап, оқ атпауын сұрады, сол

кезде Кенесары онымен келіссөздерге барғысы келмейтінін айтып, оның

жасақтарын бір күн қоршауда ұстап, табысқа жете қоймайтынын сезіп,

Кенесары түн ішінде шегініп кетеді.

101


1842 жылдың күзінде Қоқан ханы мен Бұқар әмірінің арасында болған

соғысқа байланысты өзбек хандықтарындағы саяси жағдай өзгеріп кетеді.

Кенесары Қасымов осы ыңғайлы сәтті, өз халқының негізгі жаулары деп

есептейтін Қоқан мен Хиуа хандықтары езгісінен қазақтардың оңтүстікшығыс

жағын азат етуге пайдаланды. Кенесары Қасымов 1842 жылдың

екінші жартысында Бұқар әмірімен достық қатынасты ұстай отырып, Қоқан

және Хиуа хандықтарына қарсы күрес жүргізді.

1842 жылдың 21 қарашасында подполковник Данилевский орынборлық

губернаторға, «Кенесары Сырдария жағасында тұрған хиуалық Майлыбас

бекінісін алды, қашып үлермеген хиуалықтардың барлығының жолдарын

қиып тастады», - деп хабарлайды1.

Хиуа ханы Аллақұл ұзаққа созылмаған науқастан соң, 1942 жылдың 23

қарашасында қайтыс болады. Оның ұлы Инақ Рахымқұл хандықты басқаруға

кіріседі. Осыны естіген Кенесары, қалыптасқан жағдайды пайдаланып қалуға

тырысып, Хиуа хандығына қарсы өзінің белсенділігін арттыра түсті.

Ол Төртқара руының қазақтарымен бірге Сырдария өзенінің сол жағасында

орналасқан тағы да бір хиуалық бекініске тап берді.

Кенесары Қасымовпен келісе отырып және одан басшылық нұсқаулар ала

отырып, Қазақстанның оңтүстік-шығысы бөлігінің батырлары Жанқожа

Нұрмұхамедов пен Бұхарбай батырлар көп қазақпен Бабаджанның

Сырдариядағы бекінісіне шабуыл жасады, оны басып алып, Бабаджанның

өзін 200 адамымен қосып тұрып өлтіріп тастады. Сонымен қатар, әртүрлі

рулардың қазақтары көп болып Үргеніш қаласы бағытына қарай кетті.

1

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, № 53

құжат, 1842 жыл.

Бұл факт туралы Орынбор корпусының командирі әскери министрге былай:

«Қырғыз даласындағы істер туралы мәліметтер сұлтан Кенесары

Қасымовтың Сырдария бойындағы Майлыбас және Бесқала деп аталатын екі

Хиуа бекіністерін алғандығы және ондағы гарнизонды талқандап

тастағандығы туралы хабарды бекітуден тұрады» - деп жазды 1.

Оңтүстік-шығыс облысы қазақтарының осы халық-азаттық көтерілісін

басып-жаншу үшін хиуалық хан Сырдарияға халықтық қозғалыстың

басшылары Кенесары Қасымов пен Жанқожа Нұрмұхамедовті ұстап алуға

бұйрық беріп, 400 адамнан тұратын қарулы солдаттарын жіберді.

Сырдарияға қаруланған хиуалық әскердің келуімен Сырдарияда ұзақ уақытқа

созылған кескілескен шайқас болды.

Кенесары Қасымовтың қазақ халқы арасындағы беделі оның хиуалық

қанаушыларды қуып шығуда жеткен жетістіктеріне байланысты өсе түсті.

Сырдария мен Түркістан аудандарында көшіп жүрген қазақтар Кенесарыдан

оларды қоқандықтардың шабуылынан қорғауды сұрады.

102


Үзілісті және Орынбор губернаторлығының қамқор болуын пайдаланып,

1842 жылы Кенесары Қоқан хандығына соғыс жариялады.

Кенесары Қоқанға қарсы Бұқардың одақтасы ретінде күреске шықты.

Кенесары жасағы 4 000 адам болатын өзінің батырлары мен төлеңгіттерінен

тұрды. Сонымен қатар оның әскерлерінің құрамына атақты халық батыры

Жанқожа Нұрмұхамедов та кірді. Бұл туралы И.В. Аничков:

«Қоқандықтарды жазалауға тырысқан Кенесары оған кіші жүзден көмек

жинап келші деген өтініш хат жазғандықтан, өзінің көптеген батырлары

және жігіттерімен Жанқожа, әлімдер мен шөмекейлерден 100 батырдар мен

жігіттер жинап алып, солармен бірге Созаққа барды; оны алған соң Жанқожа

өзінің батырларымен Сауран бекінісін де алып, сонан соң Әзірет Түркістанға

бет алды», - деп жазады2.

1

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-201 іс, 8-9 беттер, 1843 жыл.

2

И.В.Аничков «Қырғыз батыры Жанқожа Нұрмұхамедов», 22 бет, Қазан,

1894 жыл.

Жолда келе жатқанда оларға қоқан әскерлерінің қарулы тонаушыларымен

тең емес күшпен талай рет шайқасқа түскен ержүрек ағайындылар Әлібай

мен Толыбай басқарған Түркістан және Шымкент маңының қазақтары да

келіп қосылды.

Кенесары әскери іс-қимылды Созақ пен Сауран бекінісін бір уақытта

қоршаудан бастады. Негізгі күш жақсы бекітілген бекініс болып табылатын,

5000 солдат қорғап тұрған Созақты қоршауға жұмсалды. Созақ үшін

кескілескен шайқас 12 күнге созылды. Бұл шайқасты Кеңес Одағының

Батыры Қарсыбайдың атасы, қоқан езгісіне қарсы көтерілістерге бірнеше рет

қатысқан және Кенесарының жақын досы болып табылатын Балапан да

белсенді түрде қатысты. Балапан Созақты алу үшін шайқасқа белсенді түрде

қатысқан өз руының басында тұрды. Балапан 1842 жылы Созақ бекінісін алу

барысында қаза тапты. Созақтықтарға Балапанның өлімі өте қымбатқа түсті.

Созақ оның өлімінен соң екінші күні алынды. Сонан соң Сауран бекінісі

алынды. Созақ пен Сауранның алынуы бұқара қазақ халқының көз алдында

өзінің беделін асқақтата түскен Кенесарының ірі жеңісі болды.

Өзінің жетістіктерін пайдалана отырып, Кенесары Қасымов, 1842 жылдың

қыркүйек айында, Шу өзені бойына үш жүздің сұлтандарын, байлары мен

батырларын жиып алып, халықтың жиналысында өзіне хандық атақты алып

алып, Сібір және Орынбор ведомстволары болыстарындағы барлық

қазақтарға шет елдік басқыншыларға қарсы, еркіндік пен тәуелсіздік үшін

күреске шақырған нұсқаулар жібере бастады.

Бұл факт Кенесарының қазақ халқының алдында ерекше бедел мен танымал

болғандығын көрсетеді.

103


Қазақ хандығының басшысы бола отырып, Кенесары өзінің талантты

мемлекет қайраткері екендігін көрсете білді. Оның хандық билігі сыртқы

жауларға қарсы, қазақтың атадан қалған жерлері үшін бұқара халықтың

күшін жыйнастырып және ұйымдастыратын орган бола алды.

Кенесары өтіп бара жатқан сауда керуендерінен салық алуды және зекет

жинауды ретке келтірді. Олардан түскен қаражат енді жалпымемлекеттік

мұқтаждық үшін қазынаға құйылатын болды. Кенесары қарулы көтерілістің

дамуына қандай болса да жолмен кедергі келтіргендерді қатал жазалап

отырды.

Кенесарының әскери қайратының күшейуінен қорыққан, оның Қоқанға жаңа

жорық дайындап жатқанын біліп отырған патша шенеуініктері, Орынборда

отырып-ақ, өздеріне де қауіпті Кенесарының әрбір қадамын қырағылықпен

аңдып отырды. Қоқанның жіберген адамынан Бұқар әмірі мен Кенесары

арасындағы келісімнің болғанын білген Горчаков, сол сәтте Орынбор

өлкесінің жаңа әскери генерал-губернаторы Обручевке хат жазды. «Қасымов

пен Бұқараның одақтасқаны туралы және Кенесары бұзақыларының сібір

даласында жасаған жорықтары туралы нақты мәліметтер қолында бар князь

Горчаков, жаңа ұсыныстармен генерал Обручевке барды және одан қауіпті

бүлікшілдің ойлағандарына қарсы бірлескен және қарымды шаралар жасауды

талап етті»1.

1

Н.А. Середа «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі», «Еуропа

жаршысы», 9 кітап, 67 бет, 1870 жыл.

г) Кенесарының 1843-1844 жылдардағы қарулы әрекеттерінің дамуы.

Кенесары Қасымов көтерілісінің алтыншы жылында ғана орынбор және

сібір генерал-губернаторлықтары арасында, аяғында, Кенесары Қасымовқа

қарсы бірлескен күресте толық байланыс орнады. Сондықтан да 1843 жыл

патшалықтың көтерілісшілерге қарсы жалпылай ұйымдасқан түрде шабуылға

шыққан жылы болып табылады.

Әскери министр Чернышев өзінің 1848 жылдың 4 қаңтарында жасаған

баяндамасында император І-ші Николайға - «Былтырғы, 1842 жылы

Кенесары, бізге қарсы қырғыз даласында жасаған қастандық әрекеттері үшін

өкініш білдіріп, орынбор корпусының бұрынғы командирінің ұсынысы

бойынша кешімге ұшыраған болатын. Дегенмен, осыдан кейін біраз уақыт

өтпей жатып-ақ, батыс Сібір генерал-губернаторы Кенесарының мінезі тағы

да күмәнділау болып бара жатқандығы және оның бүлікшіл әрекеттерінен

қырғыз даласының мұнан әрі тыныш болатынына жауап бере алмаймын деп

жеткізді», - деп жазды1.

Кенесарының көшіп-қонып жүрген жері және жалпы оның 1843 жылғы

қозғалысы Ұлытау және Кішітау тауларының баурайлары мен Қабырға мен

Торғай өзендері бойында болды. Ал мұны генерал Горчаков патшалықтың

104


қазақ даласындағы қауіпсіздігіне байланысты аса зиянды деп есептеді.

Әскери министр Чернышев, «Оның сол жерде (Ұлытау - Е.Д.) пайда болуы

1837 жылы сияқты қырғыздар арасындағы жалпы бүлікке бастайтын

алғашқы қадам болуы мүмкін», - деп жазды2.

Сөйтіп, Петербург, Орынбор және Батыс Сібір арасындағы келісімдер

бойынша көтерілісті түпкілікті басып-жаншу үшін қазақ даласына ірі әскери

күш жіберуге шешім қабылданды, мүмкін болған жағдайда Кенесарының

өзін де ұстап алуды, Арғыната мен Ұлытауда әскерді сақтап, ол жерлерде

казактардың тұрақтарымен және жаңа бекіністер салу арқылы бекініп

қалуды көздеді.

Бұл шара әскери қоныстар департаментінің 1843 жылдың 17 ақпанында

жасалған баяндамасында былай деп сипатталады: «Бөлек сібір корпусының

командирі, Ұлытау және Арғыната тауларындағы тұрақты бекеттерді солар

арқылы сыртқы: Ақмола, Оспан-Қарағай және Көкшетау округтарының

тұрғындарын қорғау үшін, өйткені соңғы уақыттарда бұл жерлер Кенесары

сұлтан мен оның жақтастарының жүретін жерлеріне айналып кеткендіктен

де, сібір линиялық казак әскерінің екінші полкын қазіргі тұрған жерінен

көшіру туралы ұсыныс жасаған...»3.

Бесінші маусым күні әскери старшина Лебедев қарамағында 20 офицерлер,

232 адам қатардағы жауынгер, 40 сапқа тұрмайтын, 294 жылқы және 150

түйемен, бір зеібірік сүйреп, қазақ даласына Ор бекінісінен мынадай

бағытпен шықты4.

1

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-201 іс, 8-9 беттер, 1843 жыл.

2

Бұл да сонда.

3

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, № 10

құжат, 17 ақпандағы әскери қоныстар департаментінің баяндамасы, 1843

жыл, № 525

4

№ 2 картаны қара.

«Құмақ, Ұлқияқ өзендері бойымен, Кімшалған шатқалы, Тайпақ өткелімен,

Үлкен Жыланшық және Қарғалы өзендері бойымен Шұбартеңіз көліне

дейін, қосымша берілген картада қызыл түспен осындай жол көрсетілген»1.

Дәл осындай жасақтар батыс-сібір ведомствасынан шенеуінік Григорьевтің

басшылығымен және Ұлытаудан подполковник Кривоноговтың жасақтары

шықты, олардың мақсаты көтерілістің басшысы Кенесары Қасымовты ұстап

алу еді.

«Обручевтың Кенесарыны ұстап алу үшін қолданған тәсілі мынаған сайды:

өткен қылмыстары үшін кешірім жасауға уәде беріп және бір мыңнан үш

105


мыңға дейін күміс ақша ұрсыну арқылы, Кенесары Қасымовтың жанындағы

қырғыздардың кейбіреуін өз жағына шығарып алу еді»2.

Ор бекінісінен шығып, Ырғыз өзенінің жоғарғы ағысына қарай бірнеше

жолдардан өтіп келе жатқан Лебедевтің жасағы күтпеген жерден Кенесары

Қасымовпен және оның 1500 адамнан тұратын көтерілісшілерімен бетпе-бет

келіп қалды. Кенесары Лебедевке патша үкіметімен жасалған келісім

бойынша орынбор ведомствосының шекарасы бойында көшіп жүрген оған

орыс жасақтарының келу мақсатын түсіндіріп беруін талап етіп хат жазып

жіберді. Ол: «...государь императорға қарсы жаулығым жоқ, өз

үкіметтеріңіздің еркін орындаңыз. Алдыңғы жақта үлкен ағамның (немесе

нағашысы) сұлтан Көшек пен басқалардың көштері бара жатыр, оларды

қорқытып алмаңыздар. Куәландыру үшін Кенесары хан мөрін басты, 1843

жыл», - деп жазды3.

Әскери старшина Лебедев, қуанып кетіп, бұл туралы генерал Обручевке

жеткізеді, ол өз кезегінде: Кенесарымен қақтығысқа бармай-ақ, далада қала

отырып, оның іс-қимылдарын қадағалап отырыңдар, - деп нұсқау берді.

1

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-201 іс, 25-26 беттер, 1843

жыл.

2

Н. Середа. «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі», «Еуропа

жаршысы», т. V, 9 кітап, 1870 жыл, 86 бет.

3

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-201 іс, 38 бет, 1843 жыл.

Кенесарының жасақтарының санына қарағанда өз жасағының санының аз

екенін есепке алған және сібір жағынан қандай әрекеттердің жасалынып

жатқанын білмеген Лебедев қару қолданбай-ақ кейін қарай, линияға қайтып

оралды.

Обручев Кенесарыға өткен жылдың 2 қыркүйегінде және 6 қазанында

жазған екі хатына жауап алмағандығы туралы тағы да хат жазды. Ол

Кенесарыға: «Егер сіз патшаға беріліп қызмет еткіңіз келсе, онда өзіңіздің

ресей үкіметіне берілгендігіңізді дәлелдеңіз», - деп жазды.

Генерал Обручев Кенесарыдан жауап алмақ тұрмақ, Ор бекінісінің

комендатынан, Кенесарының өз күштерін қайта жасақтап, 8 мыңға жуық

жақсы қаруланған жігіттерден тұратын жасақтары да бар екенін білді.

Өзін ханмын деп атап, қазақтардан алым-салық талап етті; ол Батыс

ордасының сұлтан басшылары Баймұхамед Айшуақов пен орданың Орта

бөлігінің сұлтан-басшысы Арыстан Жантөринді патшалықтың сенімді

одақтастары ретінде шауып алды. Басқарушы Арыстан Жантөрин шекара

комиссиясының төрағасына, Кенесары Қасымов, өзінің туысқан

сұлтандарымен бірге «әртүрлі рулардан 3500 адамға дейін жасақтар жинап

алып, Ойыл өзенінің бойында отырған ауылына шабуыл жасағанын,

106


тілеуліктерден 17 адам өлгенін және 15 қыздар мен әйелдерді тұтқынға

алғанын, 5500 жылқы, 3500 түйе, 970 сиыр және 7000 қойды айдап кеткенін.

Жантөриннің өзі болса, өзінің 500 адамна тұратын жасағымен

кенесарылықтардың ізіне түскенін, бірақ жеңіліс табамын ба деген қауіппен

оларды ұзақ өкшелемендігі», - туралы хабарлайды1.

Осы хабарламадан соң орынбор шекара комиссиясы Жантөринде тұрған

әскери күшті, әсіресе артиллерияны күшейту қажет екендігін мойындады.

Линия бойындағы кейбір жерлерге Кенесарының көтеріліске шыққан

жасақтарынан қорғану үшін күшті командалар мен жасақтар орнату керек

деген шешім қабылданды. «Егер Кенесары линия бойында көшіп жүруге

және бастықтардың айтқандарын орындауға дайын екендігін көрсеткен

болса, онда ол жалған және қулық болған болар еді...»2.

1

Серебренников, Көрсетілген материалдар жинағы, т. IV, 146 бет.

2

Серебренников, Көрсетілген материалдар жинағы, т. IV, 147 бет.

1843 жылдың жазы бойы Кенесарыға көптеген әртүрлі рулар келіп қосыла

бастады, әсіресе Алшын, Тама-Табын, Байбақты, Шекті, Шөмекей және

басқалары, осыған байланысты Кенесарының күші арта түсті. Көбісі оны хан

деп таныды. Кенесары біреуге көнетін адам емес еді.

Ұзамай, Кенесарының Орынбор линиясына қатысты жаулық әрекеттерінің

белсенді бола түскені туралы мәлім болды, сондықтан да Обручев канцлер

Нессельродқа Кенесары көтерілісін басып-жаншу үшін әскери көмек көрсету

туралы өтініш жазды - оған көмекке әскер жіберіп және әскери шығындар

үшін 14 000 рубль бөлуді, одан бөлек Кенесарының басы үшін 3000 рубль

ақшаны бөлек беруді сұрады.

Обручев тез арада полковник Бизьяновтың басшылығымен 1800 адам

казактардан тұратын 4 атты зеңбірегімен орал казак әскері экспедициясын,

орданың Батыс және Орта бөліктерінің сұлтан-басшыларымен олардың қол

астындағы адамдарымен қоса жасақтау қажет деп шешті.

Баймұхамет Айшуақов пен Ахмет Жантөринге 1000 адамнан тұратын,

Арыстан Жантөринге шамасы келгенше жасақтар құрап, полковник

Бизьяновтың жасақтарына қарай, оған көмек көрсету үшін жылжулары

ұсынылды.

«Полковник Бизьяновтың басшылығымен 700 оралдық казактардан тұратын

жасақ 8 тамызда Сахарная станицасынан Ойыл мен Жем өзендерінің жоғарғы

ағысы бойымен Мұғалжар жотасындағы Айырық тауына қарай барады;

әскери старшина Лебедевтің ауырып қалуына байланысты, жасағы

полковник Дуниковскийге тапсырылған, 500 орынбор казак әскерлерінен,

600 башқұрт, 4 атты артиллериялы зеңбірікпен орынбор казак әскерлерінің

басқа бір командасы1, Ор бекінісінен 13 тамызда шығып, Ор өзені бойымен

107


жоғарыға, сол тауға қарай жылжи отырып, сол жерде екі жасақ 25 тамызға

таман жолығып, бірлесе қимыл жасауы тиіс еді»2.

Полковник Бизьянов пен полковник Дуниковскийдің жасақтары 29 тамызда

Талдық өзені маңында қосылды. Патша үкіметінің шешімімен екі жасақ та

Кенесары Қасымов көшіп жүрген Қабырға өзеніне қарай жылдам

аттандырылды. Бұл туралы мұрағаттағы материалдарда былай деп

жазылған: «...линиядан шыққан екі жасақ та 29 тамызда Талдық өзені

бойында бірікті, сол жерде әскердің үстінен жалпы басшылықты қолына

алған полковник Бизьянов, сұлтан Кенесарының Қабырға өзені бойында

жүргенін есепке ала отырып, мынадай әс-әрекет жасауды ұсынды: өзінің

басшылығындағы бір жасақ...3 жеңіл-желпі күйінде Ырғыз өзені бойын

жағалап, оның құятын жеріне 60 шақырымдай қалғанда Торғай өзеніне қарай

бұрылып, осы өзеннің бойымен жоқары қарай жүре отырып, оған Ұлқалқа

өзені құятын жеріне жетуін. Полковник Дуниковский басқаратын басқа бір

жасақ, ...Талдық өзенінен Ырғыз өзені арқылы Аралтөбе шатқалына тікелей

тартып, Кенесары сұлтан көшіп жүрген жерге қарай жүреді...»4.

1

№ 3 картаны қараңыз.

2

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, № 42

құжат, 1843 жыл.

3

№ 4 картаны қараңыз.

4

Орталық әскери-тарихи мұрағат, ВУА қоры, 1-201 іс, 152-153 беттер, 1843

жыл.

«Кенесары сұлтан, осы жасалып жатқан әрекеттердің дәл ортасында

болғандықтан, ішкі жедел қимылға ыңғайлы линиялар бойынша әрекеттер

жасады, ол бұл жерлер барлық жақтан да жақсы бақыланылып отыратын,

сөйтіп дала тұрғындарының өзіне тілектес жасақтарының іс-қимылдарын

біле отырып, ізіне түскен жаулардан оп-оңай сытылып кетіп отырды».

Жолшыбай полковник Бизьянов Кенесарының Торғайда екендігін естиді. Ол

қыркүйектің 6-нан 7-не қараған күні ол жаққа қарай 25 казактар мен 200

қазақтардан тұратын барлаушылар жіберді; жетінші қыркүйек күні

Қаршақбасы шатқалы маңынан Кенесарының ауылдары көрінеді.

Кенесары өз жауынгерлеріне жау әскерлерінің бетін қайтарып, олардың

жылжуын тоқтатуды бұйырды. Кенесары берген белгі бойынша

көтерілісшілер «Абылай-Кенесары» деп ұрандатып, шабуылға шықты.

Көтерілісшілер мен Бизьянов жасақтары арасында кескілескен шайқас

басталды. Кенесарының өзі басқарған 500 адамнан тұратын жасақ екі рет

орал казактары әскерлеріне тойтарыс беруге талпынды. Кенесарының

108


шабуылға шыққан әскерлерінің соққысынан жау шебі бытырап қаша

бастады.

Шайқас барысында екі жақтан да көп шығын болды. Жәй жауынгерлермен

қатар Кенесарының бірнеше батырлары қаза тапты, бұл туралы мұрағат

құжаттарында: «...Дегенмен, бүлікшілердің негізгі қолбасшыларының бірі

Маса батыр қаза тапты, бірнеше адам жараланды – олардың арасында

Наурызбай сұлтан өлімші болып, ал Кенесарының жақын кеңесшісі және

хатшысы молда Әбілғазыхан тұтқынға түсті», - деп көрсетілген.

Ары қарай генерал Обручев осы оқиғаның барысын: «Соның арасында

Талдық өзені жағасына жіберліген жасақ жерді қазып алып жатқан

Кенесарының аз ғана жасағымен шайқасқа түсіп, сол жерде 25 адам өліп,

бүлікші қырғыздардың 9 адамы тұтқынға түсті», - деп сипаттайды1.

1

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, № 53

құжат, орынбор губернаторының әскери министрге жазған қатынасы,

21.IХ.1843 жыл, № 145.

Полковник Бизьянов шайқасқа 2000-нан астам әскер және 4 аттыартиллериялық

зеңбіріктерді пайдаланғындықтан, қарсыласының соққысына

шыдамай, Кенесары шегінуге мәжбүр болды. Бизьяновтың Кенесары

ауылдарына жасаған шабуылы аяқ астынан орын алды. Қалған орыс

жасақтарының Кенесарымен шайқасқа түсуге мүмкіндіктері болмады,

өйткені ол кең далада орғыта жүріп, оларды адастырып кетіп отырды.

Қыркүйек айының аяғына таман Кенесары басқарған көтерілісшілер

Ұлытаудың, Торғай мен Қабырға өзендерінің бойынан Қарақұмға қарай кетіп

қалды.

Отаршылдар жасақтары да өздерінің күштерін сарқып, сонымен қатар суық

та жаңбырлы күздің ерте келуіне байланысты, соғыс қимылдарын жүргізуді

тоқтатуға мәжбүр болды. Орынбор ведомствосының жасақтары кейін

қайтып, 14 қазан күні Бизьянов жасағы Орынборға келді.

Полковник Бизьянов өзінің есеп беру баяндамасында: «Көрсетілген

шендерден басқа, жорық барысында: орал әскерлері казактарына - 3,

орынборлықтардан - 3 және башқұрттықтардан -2 адам қаза тапты», - деп

жазды1.

Патша үкіметі тарапынан Кенесарыға қарсы әскери жорықты 1844 жыл

басталған бойда жалғастыру туралы шешім қабылданды. Осы уақытқа қарай

Кенесары көтерілісі Қазақстанның қалған барлық аймақтарын қамтып,

Орталық, Батыс және Оңтүстік Қазақстан аумықтарына жайылды.

Ол 20 000 жігіттерден тұратын тамаша әскер құра білді. Ол қорғаныстар мен

бекіністер жасай алды.

Ұлытау тауына алдында орналасып алған патша әскерлері мықтап бекініп

алып, көтерілісшілердің Ұлытау мен Кішітауға шабуыл жасауына мүмкіндік

109


бермеді, сондықтан да Кенесары бұрын қолданып келген әдістерін пайдалана

алмады.

1844 жылдың қыс айларында Кенесары ауылдары Сібір далаларында Жазды

Кеңгіз өзені бойында қыстап шықты, оларды ол жерден 1844 жылдың ақпан

айында есаул Рыбинның жасағы ығыстырып шығарды.

1

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, № 64

құжат, орынбор губернаторының әскери министрге 1843 жылдың 20

қазанындағы № 145 жазған қатынасы.

Кенесарымен көп жылдардан бері жүргізілген күрес барысында патша

билігінің мына нәрсеге, Кенесарымен күресу үшін ең шапшаң қимылдауға

болатын бірден-бір ыңғайлы уықыт, ерте көктем екендігіне көзі жетті. Осы

уақытта Кенесарының барлық жылқылары мінуге онша жарамай, малдардың

төлдеп жататындықтарынан да қазақтар бір жерден екінші бір жерге тез

көшіп кете алмайды. Осы жағдайлардың барлығын есепке ала отырып,

генерал Горчаков керек-жарақты тағайындап, жасақтарды төмендегідей

жерлерде тұрақты түрде орналастыру керек деп шешті:

1. Ырғыз беп Торғай өзендерінің құйылысына,

2. Ырғыз өзеніне құятын Талдық өзенінің жағасына,

3. Мұғалжар жотасының батыс беткейіне.

Горчаков осы жерлердің әрқайсысына 400 солдат пен екі зеңбіріктен ұстап

отыру керек деп есептеді.

Патша шенеуініктері осылай істегенде ғана Кенесары ауылдарын сусыз және

нәрсіз жерде қалуға мәжбүрлеп, сөйтіп олар жаз бойы біраз малдарынан

айырылып, ал Кенесары болса, өз жақтастарының көп бөлігін жоғалтады деп

пайымдады.

Горчаков бұл туралы: «Мен, осы шара дұрыс орындалса, бүлікшілерді аз ғана

уақыттың ішінде азып-тозуға және қайыршылануына алып келетініне

сенімдімін. Оларға тек қана: «бұқар, хиуа немесе қоқан хандарынан пана

сұрап, болмаса үлкен ордаға қарай қашудан басқа жол қалмайды...», - деп

жазды1.

Сәуір айының аяғында патша үкіметі қазақ даласына Кенесары көтерілісін

басып-жаншу үшін: Ор бекінісі, Ұлытау тауы мен Тобыл өзені жағынан

генерал-майор Жемчужниковтың жалпы басқаруымен үш жасақ жібермекші

болды.

«Орынбор жасақтары мен сібір жасақтарының жаз бойғы әрекеттерін

бірлестіру үшін, олардың үстінен негізгі бастық болып генерал-майор

Жемчужников тағайындалды...»2.

Генерал Горчаков әскери министрге: Кенесары жасақтары қыс бойы тағы да

Торғай мен Ұлытау маңына жақындап келді, сондықтан да екі құрам даярлап

қою керек - «біреуі құрамында 150 казактар мен 50 адам жаяу әскер және бір

зеңбірікпен Дүйсеғаты шатқалына, екіншісі 100 казактармен бір зеңбірік

110


алып Атбасар тұрағына жіберілуі керек. Олардың негізгі мақсаты даланың

сібір жақ бөлігін көтерілісшілердің шабуылынан қорғау болып табылады...»,

- деп жазды3.

1

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, № 12

құжат, 1844 жыл.

2

Көне актілер орталық мемлекеттік мұрағаты, мемлекеттік мұрағат қоры, 11

бөлім, № 1217 іс, 11 бет.

3

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, № 11

құжат, 1844 жыл.

1844 жылдың мамыр айында аға сұлтан-басқарушы Арыстан Жантөрин,

сұлтан Баймағамбет Айшуақов және әскери старшина Лебедев басқарған,

құрамында 2000-нан астам адамы бар жасақтар оңтүстікке қарай Қарақұм

жаққа бет алады.

Бұл жасақтардың негізгі міндеті көтерілісшілерді қыспаққа алып, олардың

Торғай жақтан Қарақұмға қарай шегініп бара жатқан жолын кесіп тастау

болып табылатын. Дегенмен, патша әскерлері бұл жоспарды орындай

алмады. Жүре соғыса отырып, көтерілісшілер Қарақұмға шегініп кетті, олар

Лебедевтің жасағын басқа бағытқа салып жібере алды, ал ол қателесіп,

жолында отырған Табын руының биі және Батыры Байқадам Бекайдаровтың

ауылын шауып тастады.

Байқадамның өзі жасырынып үлгерді, ал 1844 жылдың 12 шілдесінде

Ұрғашы көлі маңында отарлаушы жасақ оның ауылының астаң-кестеңін

шығарды. Жасақ ауылдың бүткіл мүлкін басып алды, көптеген еркектер мен

әйелдерді тұтқынға алып, малдарын айдап кетті.

Кінәсі жоқ ауылдың тоз-тозын шығарғаны және ұрлық жасағаны үшін

Лебедев Орынборға шақырылып алынып, ұзамай сотталды. Лебедевтің

орыны полковник Дуниковскийге берілді. Ол Лебедевтің 1600 адам

казактардан және үш атты-артиллериялық зеңбіріктен тұратын жасағын

қабылдап алып, кенесарылықтардың соңына түсті. Осы уақытта Кенесары

көтерілісін басып-жаншу үшін генерал Жемчужников басқарған сібір

жасақтары да жіберілген еді.

Кенесары жау тылына алдын-ала жіберілген тыңшылардан орынборлық және

сібірлік жасақтар туралы мәліметтерді алып отырды. Орыстарға қарсы

аздаған жасақтарын жібере отырып, жаудың, көтерілісшілер толайым Ұлытау

жаққа қарай шегініп бара жатыр екен деген шешім жасауына ықпал етті.

Сөйтіп, Кенесары жақындап келе жатқан орынбор және сібір жасақтарының

қоршауынан сытылып кете алды. Кенесары өзінің негізгі күштерімен 23

маусым күні Константин бекінісіне шабуыл жасады.

111


1844 жылдың 17 маусымында Кенесарының кішігірім жасағы сұлтанбасқарушы

Жантөрин мен полковник Дуниковскийдің әскерлеріне, олармен

тікелей қақтығысқа бармай-ақ ұрыс жүргізіп отырды. Бұл жасақ

қарсыластарының титығына жетулері керек еді.

Шілденің 20-нан 21-не қараған түні жасақтың бәрі ұйықтап жатқан кезде,

Кенесары Жантөриннің жасағын қоршап алып, негізгі күштерімен жаудың

тылынан соққы берді. Кескілескен түңгі шайқастын барысында Жантөриннің

жасағы толықтай талқандалды. Ұрыс барысында 44 сұлтан мен би өлтіріліп,

қалған 20 адам жарақаттанды. Сұлтандар өз ауылдарына оралды. Қаза

тапқан сұлтандардың отбасыларына патша үкіметі өмір бойна жәрдемақы

бермекші болды.

9 сурет. Орынбор әскерлерінің казактары бір мезгілде жамылғы да бас киім

де болып табылатын башлыктар мен попондар киіп тұр. (К.К. Абазаның

«Түркістанды жаулап алу» атты кітабынан)

Дуниковскийдің жасағы, шайқас болып жатқан жерден алыс тұрмағанына

қарамай, сұлтандарға көмек көрсетуге дәттері бармады, қоршауға түсіп

қалып, өліп кетеміз бе деп қорықты.

Осы шайқастарда Кенесарының інісі Наурызбай батыр өзінің ержүректігімен

көзге түсті. Ерен күштің иесі болғандықтан, оның өзі де бірнеше рет жарақат

алғанына қарамастан, ол бір ғана қолма-қол шайқаста 10-нан астам солдатты

жайратып салды.

23 шілдеде таң алдында, күтпеген жерден, Кенесары өзінің 700-ге тарта

жігіттерімен Константин бекінісінің қарсы бетінде Аят өзені бойында,

Қарауба шатқалы маңында көшіп жүрген Қыпшақ және Жаппас руларының,

оның ішінде Алтыбай бөлімшесінің биі Жаңбыршиннің, Қарагөз және

Сумұрын бөлімшелерінің дистанциялық бастығы Мырзабай Тышқанбаевтың

ауылдарына бас салды. Олардан, «2998 жылқы, 854 түйе, 102 ірі қара, 1050

қой, 152 320 рубль құрайтын мүлік пен мал тартып алынып, бір қазақ өліп,

бірнешеуі жараланып және үшеуі тұтқынға алынып кетті»1.

1844 жылдың 14 тамызы күні күн шығар-шықпастан Кенесарының жалпы

басшылығымен, Наурызбай мен Ағыбай батырлар басқарған 1000-нан астам

көтерілісшілер Екатерининское бекінісіне барлық жағынан бірдей лап қойды.

Шабуылдаушылар Екатерининское бекінісіне басып кіріп, оны толықтай

алды. Станица маңындағы шөптер өртене бастады. 100-ге жуық солдат, 41

адам тұрғындар, оның ішінде 8 әйел тұтқынға алынды, 5 адам жарақат алып,

өлтірілді. Шабуылдаушылар орасан көп дүниелерге ие болды, оның ішінде:

18 мылтық, 2 пистолет, 18 қылыш, 27 қанжар, 1847 пұт нан, сонымен қатар

көп мал айдалып әкетілді - «200 000 рубль сомаға дейін және шекараға дейін

жетіп жатты...»2.

Екатериненская станицасына Кенесарының шабуыл жасағанын естіген

Дуниковский, оны Жем маңында қуып жетпекші болды. Бұл жерде ол

Кенесары мен Наурызбай басқарған көтерілісшілердің Арал теңізі жаққа

112


кеткені туралы мәлімет алды. Өзінің күшіне сенбеген Дуниковский, өзінің

жасағын кері бұрып, Ор бекінісіне қарай кетті. 1844 жылдың 23 қыркүйегінде

Дуниковскийдің жасағы таратылып жіберілді.

Кенесары Қасымов көтерілісін зерттеуші Н. Середа: «Орыс жасақтарының

көзінше сұлтандардың Кенесарының қолынан қаза табуы, бейбіт

ордалықтардың алдында орыстың беделіне мықты қаяу түсіріп, олардың

Кенесарыға деген қорқынышпен қарауы мен құрметін арттыра түсті», - деп

жазады3.

1

Н. Середа. «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі», «Еуропа

жаршысы», 8 кітап, 1841 жылдың тамызы, 680 бет.

2

Я. Мейер. «Орынбор ведомствосының қырғыз даласы», 53-54 беттер.

3

Н. Середа. «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі», «Еуропа

жаршысы», 8 кітап, 1841 жылдың тамызы.

Кенесары көтерілісінің барысын және 1844 жылы оған қарсы жіберілген

жасақтардың әрекеттерінің нәтижесіздігін сипаттай отырып, басқа бір автор:

«1844 жылғы жазғы науқан Кенесарының материальдық жеңісімен

аяқталды... жаз бойы оған қарсы жіберілген жасақтардың барлығы да:

Лебедевтің, Жемчужниковтың, Дуниковскийдің, аяғында, сұлтанбасқарушылардың

жасақтары да линияға Кенесарыны жойып жіберуге

алынған тапсырмаларын орындамағандарымен тұрмай, линияны да қорғап

қала алмай, Ресейді қолдайтын сұлтандарды да қорғай алмады», -деп жазды1.

Сондықтан да патшалық далада бекіністерді салуды тездетіп қолға алып,

онда, қауіпті жерлерінде, жыл сайын 1 мамырдан 1 қарашаға дейін жасақтар

ұстап отыру қарастырылды.

Әрбір жасақ екі бөлікке бөлінді. Бір бөлігі кез келген уақытта іздеу салуға

дайын болуы керек те, екіншісі дүниелерін қорғауға орынында қалады.

Әскердің бірінші құрамы 380 адам, ал екіншісі - 277 адам.

д) Кенесарының қарулы әрекеттерінің 1845 жылы дамуы.

1845 жыл - Кенесарының мемлекеттік қайраткер, дипломат және ірі

қолбасшы ретіндегі зор, даңқты және танымал болған жылы еді. Орынбор

шекара комиссиясының төрағасы Ладыженский өзі, Кенесарының

маңыздылығының арта түсуі туралы: «Ол жемтігінің соңынан жүгіріп,

біреуді тонаумен ғана күнін көріп жүрген қарапайым қарақшыдан биік тұр,

ол далада пайда болып, үкімет тарапынан аздаған қысым болған кезде ізін

суытып үлгеретіндердің де қатарынан емес, ол сондай келімсектерден,

шыққан тегімен де, алдына қойған мақсатымен де, қабілетімен де биік болып

табылады, сондықтан да, оған менсінбей қарауға болмайды», - деп айтты2.

113


Кенесарының танымдылығы мен даңқының арта түскені, 1845 жылы оған

ортаазия хандықтары – Бұқара мен Хиуадан ғана елшілер келіп қоймай,

сыйлықтарын арқалаған патша үкіметі жағынан елшінің келгенімен де

расталады.

Кенесары мәлімдегеніндей, «орынборлық қырғыздардың 32 руы» оған

бағыныштылығын білдіру үшін «сыйлы адамдарын» жіберіп, «қырықтың

қарапайым жүзінен бір құн» төлеп тұрамыз деп уәделерін берген3.

Сол жылы Кенесары кеңеске жиналуға шақырып әртүрлі руларға өзінің

жасауылдарын жіберген кезде, - әртүрлі рулардың өкілдері «оның алдына

жетіп келген»4.

1

Рязанов, «Кенесары Қасымовтың көтерілісі», Қазақстанның өткені деректер

мен материалдарда, 215 бет.

2

А. Рязанов. Аталған шығарма, ХV тарау, 163 бет.

3

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 4 қор, 1 жазба, 2745 іс, 1845 жыл, 215-216 беттер.

4

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 4 қор, 1 жазба, 2692 іс, 1845 жыл, 26-29 беттер.

Даланың түкпіріне ығыстырылған, патшалық Ресеймен күресудің

қиындығын түсінген Кенесары, өзінің елшілерін Хиуаға, Бұқараға және Алай

руының қазақтарына, оған «көшіп-қонуға ыңғайлы жерлер» беруін сұрап

жібереді1.

«...оны пушкалар мен оқдәрілермен жабдықтап және олардың аумағында

көшіп-қонуға рұқсат сұрап»2.

Хиуа ханы Кенесарыға толық әбзелдерімен қамтамасыз етілген 15 арғымақ

және «оған 5 мылтық және зеңбірек пен оқдәрілер тиелген 2 түйе жіберіп,

Үшаудан шатқалы мен Маңғышылақ бекінісі арасында, Қопа орынша (Көне

Хиуа) маңында көшіп жүруіне болады деп айтып жіберген»3.

Бұқар әмірі Кенесарыға 60 мылтық, 15 зеңбірек пен соғыс снарядтарын

жіберді.

1845 жылға қарай патша үкіметі, көп жылдардан бергі күрестен сабақ ала

отырып, Кенесары көтерілісін қарудың күшімен ғана басып-жаншудың қиын

екенін біліп, бұрынғылардан да тиімді шатқалдарда жаңа әскери бекіністер

тұрғызуды ұйғарды: Кіші және Орта жүздердің аумағында, Ор бекінісінен

Ұлытауға, Кішітауға, Мұғалжар тауларына және Қарақұмға қарай, ал әрбір

бекініс бір-бірінен - 150-200 шақырымнан қашық болмауы тиіс еді.

Осындай әскери бекіністерде жаяу әскерді артиллериясымен бірге көптеп

ұстап, қару-жарақ пен азық-түліктің бір жылдық қоры жинақталуы керек

болды. Сөйтіп, патшалық отарлаушылар Кенесары жасақтарын тездетіп

жойып жіберу және отарлық режимді орнату үшін қазақ даласын

бекіністерге толтырып тасту керек деп есептеді.

114


Қалыптасқан жағдайды бағалай отырып, Кенесары орыс патшалығымен

жаңадан жақындасушылыққа барып, тұтқынға түсіп қалған жігіттерін, оның

ішінде туысқандары мен әйелі Күнімжан да бар, босатып алуды ойлады. Осы

мақсатта ол Екатериненская станицасына шабуыл жасау барысында қолға

түскен бір башқұртты босатып жіберіп, оған өлкенің бастығы Генстің атына

хат жазып беріп жіберді: «Мен мынаны жеткізгім келеді және менің

шыдамсыздығымды кешіріңіз, мені дым қалдырмай тонап кетті, 1844

жылдың 1 қаңтарында ... майор Закочек менің ауылдарымды шауып, менің

адамдарымды сабап тастаған, көбісін тұтқынға алған, оның ішінде менің

әйелім Күнімжан ханым да бар... сізден өтініп сұрайтыным, тұтқынға

түскендерді қайтаруға болмай ма, оның ішінде менің әйелімді де, мен де

өзімде бар тұтқындарды жіберер едім. Ар алдындағы антым. Сұлтан

Кенесары Қасымов»4.

1

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 4 қор, 1 жазба, 2692 іс, 1845 жыл, 90-93 беттер.

2

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, № 20

құжат, 1845 жыл.

3

Бұл да сонда.

4

А.Ф.Рязанов, Кенесары Қасымовтың көтерілісі, Көрсетілген дерек, 214 бет.

Сөйтіп, Кенесары ол әр кездері ұстап алған 31 адам орыс тұтқындарын

босатып жіберді.

1845 жылдың қаңтар айында Орынборда жүрген келіссөздер нәтижесінде

Сыртқы істер министрлігінен Кенесарыға оның барлық туыстарын, оның

ішінде әйелі Күнімжанды да қайтарып беруге рұқсат алынды.

Бұл туралы Сыртқы істер министрі граф Нессельроде әскери министрге

былай деп жазды: «...Кенесарының айтқан сөздері мен берген уәделеріне әлі

де толықтай сенуге болмайтын болса да, дегенмен оның бізге көрсеткен,

тұтқында отырған біздің адамдарымызды босатып жіберуі арқылы

бағынышты екенін таныту арқылы құрметін есепке ала отырып, Сіз оның

біздің қамауымызда отырған туысқандары мен басқа да қырғыздарды... оның

әйелін... Қарабай сұлтанды... Абдулла сұлтанды босатып жіберуге, оларды

Ор бекінісінен шығарып жіберіп, қажет болған адамдарды бірнеше казакпен,

бас штабтың офицерін және шекара комиссиясы шенеуінігін қосып,

Кенесарының ауылына жіберу керек...»1.

Орынбор генерал-губернаторы Обручев вице-канцлерге Кенесарының

ұсталған туысқандары мен жақтастарының тізімін хабарлады - барлығы 41

адам.

115


Әскери министрлік шекара комиссиясы төрағасына өз тарапынан Кенесары

Қасымовқа жауып хат жазған дұрыс екенін айтты: «...үкіметке еш шартсыз

және шын жүректен бағыну оған бұрынғы жасаған істері үшін кешірім

алудың ең дұрыс жолы болып табылатынын Кенесарыға түсіндіру қажет»2.

Патша үкіметі Кенесарыға Долгов бастаған өз өкілдігін жіберу керек деп

шешті, оған Кенесары сұлтанға ант қабылдатқызу тапсырылды. Осы мақсат

үшін өкілдік құрамына молда мен көшпелі қазақтардың этнографиясы мен

олардағы аурулардың түрлерін зерттеу үшін деген сылтаумен доктор

Майдель енгізілді.

«...Оның құлағына құйыңдар, - деп жазған Ладыженский Долговқа, - егер ол

бодан болуға ант беретін болса, онда оған бұрынғы кінәләрінің барлығы да

кешіріліп қоймай, оған деген құрмет, билік, марапаттар күтіп тұр деп

айтыңдар»3.

1

А.Г. Серебренников, Түркістан өлкесін жаулап алу тарихы

материалдарының жинағы, т. V, 1845 жыл, 55 бет.

2

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, № 3

құжат, 1845 жыл.

3

А.Ф. Рязанов, Кенесары Қасымовтың көтерілісі, Көрсетілген деректер мен

материалдар, 216 бет.

35 түйе мен 4 жылқыдан тұратын Долгов миссиясының керуені 1845 жылдың

19 ақпанында Ор бекінісінен далаға қарай шықты. 45 күндік жолды жүріп

отырып, Долгов миссиясы Қарақұмдағы Үшөзек шатқалында отырған

Кенесарының ауылын тауып алды. Кенесары Долговты қабылдаудан бас

тартты, өйткені Долгов әкелген хатты оқи отырып, ол самодержавиелік

биліктің оның талаптарын шын жүректерінен орныдағылары келмей

отырғанына тағы да бір рет көзі жетті, өкілдікті жіберудің уақытша ғана

шара екенін түсінді. Кенесары өкілдікті бір ай бойы көшінің соңынан

салпақтатып қойды. Кенесарының ставкасында бір айдан астам уақыт болған

Долгов, Кенесарымен келісімге келе алмайтынын білген соң, кейін қайтуға

мәжбүр болды. Долгов жолға жиналып жатқан кезде Кенесары оған орынбор

генерал-губернаторының атына жазылған хатын берді, бұл хатында ол,

ықылым заманнан қазақтың жері болған жерлерге салынған бекіністердің

барлығы да жермен-жексен болмай, ол жерлер қазаққа қайтарылып берілмей,

ол патшалық Ресеймен ынтымақтастықта бола алмайтынын жазды. Ол:

«былай деп айта аламыз: міне 9 жылдан бері бізді тықсырғаннан басқа

сіздердің тарапыңыздан ешқандай да қайыр болмады. ...бізге деген

өшпенділіктеріңізді тыйыңыздар, государь императордан бізге Есіл, Нұра,

116


Ақтаудың бергі жақтарын және Обаған тобылға қарайтын: Торғай, Ұлытау

және Сарысуды қалдыруға рұқсат сұраңыздар», - деп жазды1.

1845 жылдың 27 наурызында Орынбор қаласына сонау Тобылдағы

Кенесарының әйелі Күнімжан жеткізілді. Оны орынбор шекара

комиссиясының төрағасы алдыртты. Шекаралық бастықтар оны арбап алып,

сол арқылы Кенесары сұлтанға ықпал етпекші болды.

Орынборда сұлтанның әйелі құрметіне әскери генерал-губернатор

Обручевтің тарапынан да, шекаралық комиссия төрағасы Ладыжинский

тарапынан да мол дастархан жайылды. Олар Күнімжанға және оның

балаларына мол сыйлықтар берді.

Күнімжан Ладыжинскийден Сібір жасақтары өзімен бірге тұтқынға алған 17

әйелдер мен қыздарды босатып беруін өтінді. Ладыженский оның өтінішін

жерде қалдырмауға уәде берді.

Генерал Обручев Күнімжан ханымды Кенесарының ставкасына жеткізіп

салу үшін жаңа өкілдіктің басшысы ретінде бас штабтың офицері поручик

Гернді тағайындау туралы шешім қабылдады. Ладыженский Күнімжан

барған бойда Кенесары тарапынан болатын қандай да бір шешімді асыға

күтті. Герннің керуені Ор бекінісінен 1845 жылдың 26 сәуірінде жолға

шықты.

1

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Серебренников қоры, № 36

құжат, 1845 жыл.

Қажетті әскери мәліметтер мен Кенасарының қазақтар арасындағы ықпалы

туралы мәліметтерді алу үшін, Обручев Гернге мыналарды тапсырды:

1. Кенесарының жасақтары көбінесе қандай рулардан тұрады;

2. Кенесарының оларға ықпалы қаншалықты;

3. Оның жақтастарының қару-жарақтары мен мүліктері;

4. Кенесарымен бірге көшіп жүрген ауылдардың саны мен ондағы

түтіндердің сандарын шамалап болса да біліп алу;

5. Кенесарының ауылдарында бұқарлықтар, хиуалықтар және қоқандықтар

бар ма екен. Бар болса, қандай мақсатпен жүргендерін;

6. Кенесары ауылдарында қашып жүрген орыс бодандары бар ма екен, бар

болса, өзіміздің жағымызға тартуды;

7. Әскери тұрғыда қызығушылық тудыртатын жағдайдың бәрін бақылауында

ұстап отыруды.

Обручев Гернге, жолда бара жатқан кезде Кенесарының әйеліне назарды көп

аударып, оған жайлылық пен тыныштық жағдайын жасап қоюға тырысып

отыру туралы ерекше ескертті.

Герннің өкілдігі Кенесары ставкасына 16 мамыр күні келді. Ол келген күннің

ертеңіне Кенесарының атынан оған Наурызбай мен Құдайменді сұлтандар

келіп, Күнімжанға жақсы жағдай жасағаны үшін ризашылығын жеткізді.

117


25 мамырда Наурызбай батыр Гернге Кенесарының ауырып қалғандығын,

оны Кенесарының қабылдай алмайтындығын хабарлайды. Кенесары

ауылында болған екі аптаның ішінде Герн өз мақсатына жете алмады. Мамыр

айының аяғында поручик Герн Ресейге қайтып кетті.

Герн жолға шығардың алдында Кенесары оған генерал Обручевтің атына

жазылған хатты бере тұрып, ондағы талаптарды жеткізді: «даланы өлшеуді

тоқтатсын, ол жерлерде бекіністер үшін орындарды алмасын және әскери

жасақтарын жібермесін»1.

Сөйтіп, екі өкілдік те Кенесарыдан ештеңе өндіре алмай, Ресейлеріне құр

алақан оралды.

Осылай істей отырып Кенесары Қасымов тағы да өзінің тек бұқара халықтың

ұйымдастырушысы және көсемі ғана емес, содай-ақ талантты дипломат

екендігін де көрсетті.

Әскери бекіністер мен өкшелеп қуудан басқа, патша үкіметі, «қыс айлары

мен ерте көктемде ғана жем-шөптің тапшы болуынан малдары арық

болғандықтан қырғыз ауылдары оларды жаз бен күз айларында біздің

соққыдан сақтап қалатын жылдам қозғалуға мүмкіндіктері болмай қалады», -

деп пайымдады2.

1

А.Г. Серебренников, Материалдар жинағы, т. V, 1845 жыл, 139 бет.

2

А.Г. Серебренников, Материалдар жинағы, Түркістан өлкесін жаулап алу

тарихы, 1845 жыл, 76 бет.

Сондықтан да, император І-ші Николайдың өзінің нұсқауымен Торғай,

Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларында жаңа әскери бекіністер салына

бастады.

«Бұл үш бекініс жақын жатқан жерлеріне ықпалын жүргізе отырып, барлық

сібір даласына бұйрығын өткізіп отыратын болады»1.

Ырғыз бен Торғай өзендерінде бекіністер сала бастаумен, патшалық

Кенесарыны оңтүстікке, Қарақұм құмдарына қарай ығыстыруға шешім

қабылдады, осыған байланысты Кенесары көшетін жерді Сырдарияның орта

ағысындағы жерлерден, яғни Қоқан хандығының аумағынан іздеуге мәжбүр

болды.

Қоқан хандығының аумағына кіре отырып және сонымен қатар халықтың

қолдауына сүйене отырып, Кенесары басқа бір жауы – қоқандық

қанаушыларға қарсы өзінің азаттық қозғалысын одан бетер кеңге жайды.

Сөйтіп ол өзінің отанының жалынды патриоты ретінде, туған жерін сыртқы

жаулардың бәрінен де тазартып шығудағы күрестің ауыртпалығын, өз

мойынына алды.

Алғашқы табанды шайқастың барысында ол Жөлек пен Қармақшыны тартып

алды, Ақмешітті (Қызылорда) алуға шамасы келмей қалды. «...қыркүйек

118


айында Кенесары қоқандықтармен соғыса отырып, олардан екі бекіністі

тартып алған екен, Ақмешіт бекінісіне таяп келіп қалыпты»2.

1

А.Г. Серебренников. Материалдар жинағы, т. V. 1845 жыл, 83 бет.

2

А.Г. Серебренников, Материалдар жинағы, Түркістан өлкесін жаулап алу

тарихы, т. V, 1845 жыл, 169 бет.

10 сурет. Орынбор линиялық батальоны жаяу әскерлері қысқы жорық

киімінде.

Абазаның «Түркістанды жаулап алу» кітабынан

Басқа бір мұрағаттық құжатта, «Кенесары, орыстардың Ырғыз бен Торғай

өзендерінде бекініс тұрғызбақшы болған ниеттерін естіген соң, сол бойда

Сарысу өзеніне қарай кетіп, сол жақта қоқандықтардың езгісіндегі

қырғыздардың сұрауы бойынша қоқандықтарға қарсы 4000 адаммен барып...

қоқандықтардан: Жүлек, Жаңақорған, Бошайқорған және Тұрсынбайқорған

бекіністерін тартып алып, ол жақтан төрт күннен соң Сарысуға қарай кетуге

мәжбүр болды, өйткені бұл бекіністерде жұқпалы ауыру бар екенін естіген

және Кенесарының ауылдарында сондай ауырудан бірнеше адам қайтыс

болып та кеткен екен», - деп көрсетілген1.

1

А.Г. Серебренников. Көрсетілген материалдар жинағы, т. V, 185 бет, 1846

жыл, қаңтар.

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

Кенесарының Қоқан хандығымен және қырғыз манаптарымен соғысы

және оның жеңіліске ұшырауы

Автор 9 тараудың мәтінінің 14 бетін алып тастаған.

«Қоғамы күшті ер еді

Киімді бала тудырған,

Алтынды қылыш будырған!

Абылайлап ат қойып,

Дұшпанды көрсе қудырған!

Көп сарғайтып келместей,

Кене хан саған не болды?

Кенекем менің кеткен соң,

119


Заманым қалды тарылып,

Халық иесі хандардан

Жетім қалдық айырылып!

Екі бірдей қанатым

Топшыдан сынды қайырылып!

Балдағы алтын ақ берен

Тасқа тиді майырылып!

Кемшілік түсті басыма,

Көрінгеннен қаймығып»1.

Кенесарыда екі-ақ жол бар еді: патша үкіметіне бағыну немесе шығысқа Қытай

шекарасына қарай жол салу немесе Кіші жүз – Қызылқұмға кетіп қалу Бірінші жолдан

Кенесары үзілді-кесілді бас тартты: «Мен ешқашанда батырлығымды қоймаймын,

таңқаларлық ержүректік танытып барып қана өлемін», - деп ант берген еді2.

Екінші жолды іске асыру мүмкін болмады, өйткені қытай үкіметі оны қабылдаудан бас

тартты. Қызылқұмға қарай жылжитын жолды патшаның жасақтары бөгеп тастады.

Сондықтан да оған Ұлы жүзде қалуға тура келді.

1

2

Нысанбай «Кенесары, Наурызбай», Дала әуендері, 226-227 беттер.

А.Ф. Рязанов. Кенесары Қасымов көтерілісі, Көрсетілген дерек материалдары, 224 бет.

ОНЫНШЫ ТАРАУ

Кенесары Қасымов көтерілісінің жеңілуінің себептері

Кенесары Қасымов көтерілісінің жеңіліс табуының бірінші және негізгі себебі, ең

алдымен, шаруалар соғысының жеңілулерінің жалпы жағдайларына байланысты еді.

Қазақтардың осы азаттық үшін күресінің сипаты, отарлық тонау мен басқыншылар

жағына шығып кеткен жергілікті феодал шонжарларға қарсы шаруалар көтерілісінің

стихиялық сипатында болды.

«Шаруалар көтерілісі тек жұмысшылар көтерілісімен үйлесетін болғанда және егер

жұмысшылар шаруалар көтерілісін басқарғанда ғана табысқа жете алады. Жұмысшы

табы басқарған бірлескен көтеріліс қана мақсатқа жеткізе алады»1.

Көшпелі қазақ шаруаларының көтерілісінің жаншылғандығының тағы бір себебі, ауылдық

кедейлердің қалалық пролетариатпен одағы болмады, қазақтардың шаруалардан тұратын

бұқарасы біріге алмады, олар қараңғы еді, бірақ әлдері келгенше күресіп бақты.

120


Біздер қарастырып отырған көтеріліс кәдімгідей шаруалар қозғалысы болды: оның бір

ғана аймақта болуы, шашыраңқылығы, күштерін біріктіре алмауы және жоспар бойынша

соққы беруді жинақтай алмады. Ең үздік және көтеріліске берілген Маса батыр, Жеке

батыр, Басықара батырлар қаза тапты; Наурызбай батыр ауыр жарақат алып, көптеген

батырлар тұтқынға түсіп қалды.

Өзінің шарпыған аумағы бойынша Кенесары көтерілісі басқа көтерілістерден оқ бойы

алда тұрғанымен, стихиялы түрдегі шаруалар көтерілісі болып қала берді.

Кенесарының жеңіліске ұшырауының екінші бір себебі - Қазақстанның патшалық

Ресеймен салыстырғанда саяси, экономикалық және мәдени жағынан мешеулігі болып

табылады.

Патша үкіметі Кенесарыны құр «бүлікшіл», «бүлдіргіш» деп жариялады, дегенмен,

Кенесары Қасымов басқарған көтерілісшілер ұзақ уақыт орыс патшалығының

шабуылдарына тойтарыс беріп қана қоймай, өздері де қайта шабуылдарға шығып отырды.

Орыс патшалығы Ұлы жүздің аумағына көп әскери күшін тартып, патша губернаторлары

мен олардың әскерлері шабуыл жасаудан басып алған жерлерін бекітіп алу мақсатында

әскери бекіністер жүйесін салып тастады.

Патшалық тарапынан қазақтарды құнарлы егістік және жайылымды жерлерден

ығыстырып шығару саясаты жүргізілді, сондағы мақсаты – ол жерлерді «қазақ

даласындағы патшалықтың сенімді тірегіне айналдыру үшін орыс шаруаларының

кулактары мен казактарға» бөліп беру еді.

Кенесарының жеңілуінің үшінші себебі – қазақ халқында ауызбіршілік жоқ еді.

Тайпааралық рулық талас-тартыс Кенесарының қарулы көтерілісінің дамуына кедергі

келтірді.

1

И.В. Сталин. Неміс жазушысы Эмиль Людвигпен әңгіме, 13 желтоқсан 1931 жыл.

Кенесарының ауылында 4 ай тұтқында болып, қашып шыққан орыс офицері барон Услар

өзінің «Қырғыз даласындағы төрт ай» деген мақаласында: «Далада бір-бірімен дос рулар

жоқ – олардың көбісі ғасырлар бойғы өшпенділікте өмір сүруде», - деп жазады1.

Кенесарының да қазақтарды біріктіруге деген талпынысы табысқа жетпеді. Өзінің

«Кенесары мен Наурызбай» поэмасында көтеріліске қатысқан Нысанбай жырау:

«Қазақтар «ауыздары ала болған соң», яғни, келісімнің, келісе алмаушылықтың, белгілі

бір рулық топтардың мүдделерінің барлық халықтық мүддеден басым болып

кеткендігінен де жеңіліп қалды. «Қазақтың баласында ауызбіршілік болғанда, Кенеге

тізгінді ұстатып, оған қолдау көрсеткенде бізді кім жеңе алар еді», - деп толғайды2.

Жай ғана руаралық күрестен басқа, Қыпшақ пен Жаппас руларының маңында көшіпқонып

жүрген Кіші жүздің Орта бөлігіндегі қазақтардың Шөмекей мен Төртқара рулары

арасындағы бұрыннан келе жатқан тартыс та белгілі. Бұл тартыстың себебі сол баяғы

жайылым жерлер: «Кенесары қозғалысынан шет қалған бірде-бір ру болған жоқ, олар осы

күресте азды-көпті үлестерін қосты, бірақ көтерілістің бастан-аяғына дейін Кенесарыға

кейбір рулар ғана адал қызмет етті».

Белгілі бір рулық мүдделердің барлық халықтың мүддесінен басым болып кетуі де

заңдылық болып табылады, өйткені белгілі бір рулардың шектелген көшпелі

шаруашылығы біркелкі экономикалық өмірдің құрылуына кедергі жасады, ал бұл, өз

кезегінде, қазақтарды өз тәуелсіздігі үшін күресте бірігуге апармады.

121


Халықтық қозғалысқа кейбір би-старшындар да сатқындық жасады, оларға Кенесары

басқарған қазақ халқының бірігуі тиімсіз еді. Олар орталықтанған мемлекет құрылса, өз

рулары алдындағы беделдері мен биліктерінен айырылып қаламыз ба деп қорықты.

Кенесарының қарулы әрекеттерінің дамуының өз ерекшеліктері де болды. Бұқара халыққа

қарсылық көрсетуші зор күшті жеңіп шығуға тура келді – күрес өздерінің феодалдық

бишікештеріне де қарсы жүріп отырды, әсіресе: патша үкіметінің негізгі одақтастары

ретінде - Баймұхамед Айшуақов, Арыстан Жантөрин, Ахмед Жантөрин, Қоңырқожа

Құдаймендин сияқты сұлтан-басқарушыларға және басқаларға қарсы күрес жүрді.

Көтеріліске үшке бөлініп кеткен байлар3 да қатысты: бір бөлігі (жеке адамдар)

патшалыққа қарсы белсенді әрекеттер жасады; екіншісі – бұқара халықтың қысымымен

қозғалысқа уақытша болса да қатысты; үшіншілері – патша әкмшілігінің қанатының

астына тығылып, көтерілісті басып-жаншу үшін патша әскерлері жағында белсене

қатысты. Мысалға, сұлтан-басшылар өтуі қиын тау-тастарда немесе сусыз ай далаларда

барлаушылар мен жолсерік ретінде қаруланып алып, алдыңғы қатардағы бөлімшелердің

рөлін атқарып, көтерілісті басуға белсене араласты.

1

2

Барон Услар. Отандық жазбалар, № 10, 145 бет, 1848 жыл.

М.И. Стеблин-Каменская. «Сұлтан Кенесары Қасымов көтерілісінің тарихына». Тарихи

жазбалар № 13, 1942 жыл, 242 бет.

3

Феодалдық бишікештердің жалпы атауы

Көтерілісшілерге қарсы шабуылдарын үдете отырып, патшалық өз жағына қаратып алу

үшін көрнекті тұлғалармен келіссөздер жүргізе бастады, бұған олар ақшаны да,

наградаларды да аямады. Осындай адамдардың қатарында Есет Көтібаров, Әли Әділов,

Барақ Сұлтанбаев, Бөлен Шанхаев және басқалары болды.

Көтеріліске шыққан қазақтардың тасы өрге домалай бастаған кезде, Кенесарының маңына

қоғамдағы әртүрлі деңгейдегі адамдар көптеп жинала бастаған. Жекелеген адамдар

патшалықтың пайдасына тыңшылық жасай отырып, Кенесарыға қарсы құпия түрде

зұлымдықтар жасаудан бір тынбады. Кенесары, мал бағушылардың қалың бұқарасына

сүйене отырып, ішкі жауларымен де аянбай күресті, оларды қуып жіберіп, кейде өлтіріп

тастап та отырды.

Кенесары қозғалысының жайылған қанаты ол Ұлы жүзге келгеннен кейін мүлдем әлсіреп

қалды. Көтеріліске қосылған Ұлы жүз рулары қазақтарының көбісі және олардың

ақсақалдары, билері, старшындары және сұлтандары Кенесарыдан кетіп қалды. Өздерінің

риза еместігін атақты ақсақалдар мынадай сылтаумен түсіндіреді: Кенесарының маңында

«Аннан қашқан, мұннан қашқан, жамандықпен көзін ашқан» қарақшылар мен

қаңғыбастар екен, - дейді.

Сонымен қатар, қазақ ауылдарында алауыздыққа апаратын үгіт жүргізген және көтерілісті

басып-жаншуға мұсылмандардың батыс сібірлік басшысы - Ахун Абдірахмановтың

басқаруымен діншілдер де белсене араласты.

122


Жеңіліске ұшыраудың төртінші себебі – Кенесары қозғалысын ішіндегі қиындықтар мен

алауыздықтар болды. Қозғалыс күннен-күнге өше берді.

Көтеріліске қатысқан бұқара халық ұзаққа созылған әскери жорықтардан әбден

титықтады, жоқшылыққа душар болды. Көтерілісшілердің бір бөлігі бітпейтін әскери

қақтығыстарда қаза тапты, олардың құнаралы жерлері тартып алынды. Жыл өткен сайын

жоқшылық күшейе түсіп, соған байланысты моральдық қалыпқа да қаяу түсе бастады.

Герннің бағалауы бойынша, 1845 жылы Кенесары жасақтарындағы көптеген

көтерілісшілер қайыршылықтың күнін кешкен екен. «Оның жақтастарының халдері өте

мүшкіл, баспаналары мен киімдері шекара маңындағы байғұстардыкінен де нашар», - деп

жазды поручик Герн1.

1

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 64 қор, 1 жазба, 2621 іс, 926-931 беттер, 1845 жыл.

Оның үстіне Кенесарының өзі де жылу жинауды азайта қойған жоқ. Даулеткелді Бозбаев,

1846 жылы Кенесары қырғыз манаптарына тұтқынға түсіп қалған өзінің жақтастарын

сатып алу үшін ауылдардың барлық мүліктерін жинап ала бастады деп хабарлайды.

«Екі адамды босатып алу үшін ғана жабайы тастағы қырғыздарға: біріншісі үшін - 64

баран ат, екіншісі үшін – 10 түлкі терісі, 10 өрнектеп тоқылған халат, 10 кәмшат, 10 құла

ат және 10 түйе» аталды1.

Соңғы кездерде Кенесарының адамдары аштықтан өліп жатқандықтарын мұрағаттық

деректер де көрсетеді – «Осы қыста оның жақтастарынан 100 адамға дейін аштықтан

өлді»2.

Материальдық және моральдық қиындықтардан басқа, «Кенесары ауылдарында

тырысқақ ауруына ұшырағандардың саны артуда, осы аурудан бір түннің ішінде 60 адамға

дейін қайтыс болып кетті деген де әңгіме бар»3.

Жоқшылыққа ұшыраған көтерілісшілер патша армиясының көптеген әскерлеріне,

патшалықтың күшейтіліп жинақталған шабыулы кезіндегі сияқты, көтерілісшілердің

күштері өз бойларында болған, Кенесары лагерінде ішкі қарама-қайшылықтар өршімеген

1837-1838 жылдар және 1843-1844 жылдардағы сияқты қарсы күрес жүргізе алмады.

Кенесары лагері ішінде болған күрестің өршіп кетуі, түптің түбінде оның қозғалысының

басшыларының арасындағы күрестің өршуіне алып келді. Мысалға, Алатау баурайындағы

соңғы шайқас кезінде Сыпатай би мен Рүстем сұлтандардың өз жасақтарымен бірге

қырғыз манаптарының лагеріне өтіп кетуі осының айғағы. Ал бұл, Кенесары қосынында

ішкі қарама-қайшылықтардың асқынғандығы соншалық, Кенесары басқарған

көтерілісшілердің тағдырын шешу үшін сыртқы әсердің болуы жеткілікті болғанын

көрсетеді.

Кенесарының осы осал тұсына ден қойған патшалық, өз тарапынан көтерілістің күрес

штабының күйреуінің жылдамдауына ықпал жасауға тырысып, қазақ феодалдарының

кейбір жоғарғы топтары мен қырғыз манаптарын сатып алуға дейін барды.

Кенесары Қытайдың аумағына, Қызылқұм ішіне, 1842-1843 жылдары Қоқан хандығынан

тәуелсіз болу үшін күрес жүргізген қырғыз Алатауының шығыс жағына өтіп кетуге

тырысып бақты.

123


Экономикалық және материалдық қиыншылықтарға тап бола отырып, көтерісісшілер

Кенесары басқарған қозғалыстан біртіндеп кете бастайды, бірақ ол көтерілісшілердің

жасақтан кетіп қалмаулары үшін барлық шараларды қолданды, оның ішінде қаталдық та

көрсетті, өзімен бірге келгендерді кейін қарай көшуге кедергілер келтіріп, «тонап және

өлтіріп тастап та отырды» 4.

1

ӨзКСР орталық мемлекеттік тарихи мұражайы, Серебренников қоры, 45

құжат, 1846 жыл.

2

3

4

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 4 қор, 1 жазба, 2621 іс, 926-931 беттер, 1845 жыл.

А.Г. Серебренников, Материалдар жинағы, т. V, 1845 жыл, 178 бет.

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 64 қор, 1 жазба, 23-43 іс, 10-11 беттер.

Кенесарының Жаппас руы қазақтарын шауып алғанын айтсақ та болады «1844 жылы

әртүрлі рулардың қазақтары одан қорыққандарынан ауыл-ауыл болып линияның ішкі

жағына көшіп кетті»1.

Кенесары қосынындағы ішкі қарама-қайшылықтар өз күштерімен шешілмейтін де еді.

Кенесарының өзі ірі феодалдардың қатарына жататын: мыңғырлаған малы болды, оның

жеке меншігінде «6000-ға жуық жылқы мен 2 мыңнан астам қой болды»2.

«Әр уақытта тоналып алынған кілемдерден, терілерден, жібек маталардан және т.б.

тұратын «бағалы заттардың» көбісі соның меншігінде еді»3.

Осы келтірілгендердің барлығы, Кенесары мен оның туысқандары өздерінің жеке

бастарының баюына көңіл бөлгендерін көрсетеді.

Осы көтерілістің басшылығы Қасымовтардың феодалдық билеушілерінің қолында қалып

тұрған кезінде, қазақтардың қозғалысының таптық оңайлықпен көрініс таба қойған жоқ.

Бұл үшін таптық күштердің ішкі ажырасулығы қажет еді, бірақ бұл Кенесары қозғалысы

жылдары Қазақстандағы ішкі күрес барысында онша айшықталмады. Тек қана жекелей

алған оқиғаларға байланысты тап күресі нысаны байқалады – мысалға: қоқандық

бекіністер болып табылатын Созақ пен Сауран бекіністерін басып алған соң, қазақтың

еңбеккер бұқарасының өкілі Жанғожа Нұрмұхамбетов, Кенесарының көтерісшілер

қосынында қалуын өтініп сұрағанына қарамастан, Сырдарияға қайтып кетті. Кетерінің

алдында ол Кенесарыдан: «...қарапайым қырғыздарды ренжітпеуін және оларды қозғай

бермеуін...» сұрады4.

1

ҚазКСР тарихи мұрағаты, 64 қор, 1 жазба, 140 іс, 553 бет.

2

124


ҚазКСР тарихи мұрағаты, 4 қор, 1 жазба, 2621 іс, 757-758 беттер, 1845 жыл.

3

Бұл да сонда, 64 қор, 1 жазба, 140 іс, 304-318 беттер, 1846 жыл.

4

И.В. Аничков. Қырғыз батыры Жанғожа Нұрмұхамедов, 22 бет, Қазан, 1894 жыл.

Жанғожа осылай айта отырып, еңбеккер қазақтардың мүддесін қорғайтынын көрсетеді.

Сонымен қатар, «қарапайым қазақтардың» өздері де өздерінің басшыларының соңынан

фоедалдық биліктегілермен таптық мүдделері сәйкес келгендіктен ерген жоқ, ал олардың

барлық дүниетанымы патриархалдық-рулық тұрмыс нысанына байланысты болғандықтан

ғана ерді. Ал осындай нысандар қазақтарды аға хандардан өз өкілдерін көруді

үйреткендіктен, еңбекшілердің бұқарасын қалыптасып келе жатқан феодалдық

билеушілерге «ақсүйектерге қарсы» күресуге жұмылуына жол бермеді. Бірақ, дегенмен де

ішкі күрес элементтері Кенесарының соңғы жылдардағы әрекеттерінде маңызға ие болды.

Кенесары қозғалысының таптық шаруалық негізінің көрініс таба бастауы ру басыларын

қорқытып, оларды күресті тоқтатуға итермеледі. Олар «тыныштыққа» ұмтылды.

Көтеріліс болған кездердегі Қазақстанның халықаралық жағдайы Кенесарының жеңілуінің

бесінші себебі болып табылады. Қазақтың жүздері қазақтарды өз бетінше өмір сүретін

біртұтастыққа жібергілері келмеген, даланы өз мүдделеріне пайдаланып қалғылары келген

күштері мықты мемлекеттермен қоршалып жатыр еді.

Кіші және Орта жүздің даласынан, Ұлытау мен Кішітаудан, Торғайға, Ырғызға және

Жемге, ол жақтан Ұлы Борсық құмы мен Қарақұмға, әрі қарай Сырдарияға, Түркістанға,

Қаратауға, Сарысуға, Шуға, Ілеге, Балхашқа, ең соңынан қытай иеліктеріне

ығыстырылған Кенесары, патша үкіметі мен ортаазия хандықтарының билеушілерімен

нәзік дипломатиялық ойындар жүргізе отырып, өз күресін жалғастыра берді. Қытай иелігі

аумағына көшіп-қонуға рұқсат етуін сұраған Кенесарының өтінішін Қытай үкіметі

қабылдамай қойды. Сондықтан да бір-бірімен мәңгі қырқысып келе жатқан руларды екі

жақтың – Ресей империясы мен көрші хандықтардың қыспағында қалдыра беру мүмкін

емес еді.

Еңбеккер қазақтардың көтерілісінен патшалық өзінің билігінің негізіне қауіпті көрді.

Сондықтан да патшалық әскерлер көтеріліске шыққандарды аяусыз жазалады: ауылдарды

өртеді, өлтірді және жер аударды – отарлық құлдыққа түсіруге қарсы күрес туын көтерген

қазақ бұқарасына байланысты аяусыз жаншу әрекеттерін жүргізген патшалықтың негізгі

күрес тәсілдері осындай болды.

12 сурет. Тұтқынға түскен қазақты ХIХ ғасырда патша шенеуініктерінің сұрауға алуы.

ҚазКСР тарихи мұражайынан.

ОН БІРІНШІ ТАРАУ

Кенесары Қасымов көтерілісінің тарихи мәні

(Жалпы тұжырым)

125


1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс жай көтеріліс емес, қазақ

халқының төл тәуелсіздігін сақтау үшін Ресей патшалығының жерді күшпен тартып

алуына қарсы соғысы болатын. В.И.Ленин бұл көтерілісті соғыс қатарына жатқыза

отырып: «Соғыс тарихын баяндаушы тарихшылардың көтерілісті соғысқа жатқызуы

әбден орынды» деп жазды1.

Кенесары көтерілісі пәрменділігіне және маңызына қарай Қазақстанда орын алған

патшалық отаршылдық саясатының барлық кезеңіндегі ірі көтеріліс болып табылады.

Көтерілісшілердің әртектілігі және әр жерден жиналғандығы Кенесары басқарған жалпы

қозғалыстың көлемділігі мен тереңдігін білдіреді.

Сондықтан Кенесары көтерілісі алдындағы барлық қозғалыстардың қорытындысы және

тұжырымы болып табылады. Өзінің ұлттық тәуелсіздігінен айырылу оңай соқпаған қазақ

халқының еркіндікке ұмтылысы мен өжет рухы ерекше күшпен жария болды және кеңінен

өріс алды.

Кенесары мен Наурызбайдың есімдері қазақ халқының тарихында қазақтардың азаттық

күресінің туын көтерген күрескерлердің есімі ретінде құрметті орынға ие.

Кенесары Қасымов жалпыхалықтық мүдделерді қозғады және қазақтардың тәуелсіздігінің

сақталуын талап етті, оның осы орайдағы рөлі үдемелі (ілгерішіл) мағынаға ие болды.

Патша үкіметіне қарсы күресте Кенесары өзін тек ержүрек қолбасшы, талантты көсем

және көпшілікті ұйымдастырушы ретінде ғана емес, сонымен қатар шебер мәмілегер

ретінде де көрсетті.

Кенесары күресі патшалыққа да, Қоқан хандығына да қарсы күрес болды және осындай

екіжақты күресу арқылы ғана Кенесары мен оның халқы өздерінің өмірлік мақсаттарына -

тәуелсіз қазақ мемлекетіне қол жеткізуге тырысты.

Кенесары қазақтарды бірегей мемлекетке тұтастыруға ұмтылып, табанды күресін

жалғастыра берді. Осы мақсатта ол 1840 жылы Қоқан хандығының жанына Қоқанға

тәуелді қазақтарды қосып алу мақсатында қайта көшіп барды.

«Кенесары патша үкіметінің қазақ ордаларын империяның отарларына айналдыруына

қарсы, тәуелсіз қазақ хандығын құру, «бірегей берік орда» құру мақсатында 10 жыл

төңірегінде аянбай күресті».

1

В.И. Ленин. Шығармалары, ХIХ т., 223.139 бет.

Көпшілікті жұмылдыра білген Кенесарының бұл ерлік күресі, рулар мен ұрпақтардың

ғасырлар бойғы өшпенділігін белгілі бір дәрежеде жеңе отырып, даланың патша үкіметіне

бағынуын шегіндірді және қазақ бұқарасының алдағы революциялық күреске әскери

дайындығын даярлауға сеп болды1.

Кенесары күресі патшаның әскери-отаршылдық саясатына қарсы күрес және Ұлы жүз

қазақтарының қоқан феодалдары мен хандарына бағынуына, жаншылуына қарсы күрес

жүргізгендіктен, прогресшіл, революциялық күрес болып саналады.

Абылай өлгеннен 40 жыл өткеннен кейін оның кіші ұлы Қасым әкесінің жолын қуып

(1824-1840 ж.ж.), тәуелсіздік үшін күресті жалғастырды, Кенесары өзінің әкесімен қатар

«халық түрмесіне» айналған отрашылдық саясатқа қарсы жан аянбас күресін жүргізді.

126


Қасымның өзі де, оның Саржан, Есенгелді деген ұлдары да азаттық үшін күрес

майданында жаулары Қоқан хандығының қолынан ерлікпен қаза тапты.

Жас Кенесары әкесі мен ағаларының ауыр жағдайын көргеннен кейін, одан тиісті сабақ

ала отырып, өз халқының намысы үшін сыртқы жауларға қарсы күресуге шықты. 1837

жылы Кенесары: «Мен атам Абылайдың ізімен жүргім келеді» деді. Көтеріліс

басылғаннан кейін Кенесарының ісі тоқтаған жоқ, оны ұлдары Жаппар мен Садық

жалғастырды. Садық «Мен өз әкемнің бастаған жолын тастамаймын» деген ұранмен Орта

Азия халықтарының ішінде алғашқы халық партизандарының бірі ретінде, патшаның

Орта Азияны жаулап алуына қарсы белсенді түрде әрекет етті.

Жаппар Кенесариннің берген көрсетімдерінде: «Әкесінен 7 жасында қалып, осылай

қашып жүргенінде орыс жасағы ұстап алады да, Верный бекінісіне апарады; ол кезде ол

13-те болатын. Верныйда 13 жыл тұрып, одан кейін бір алыс жерге жер аударылды, одан

екі жылдан соң қайта Верныйға әкелініп, қамақта төрт жыл отырғаннан кейін 1868 жылы

қашып шығып, Перовскіге шешесіне келеді» 2.

1

М. Стеблин-Каменская. Кенесары Қасымов сұлтан көтерілісінің тарихынан, Тарихи

жазбалар, № 13, 1942, 252 бет.

2

Өзбек КСР Орталық Мемлекеттік Тарихи Мұрағаты, 1/19 қор, № 790 іс.

Бұдан түсінетініміз, дала қазақтарының патша үкіметіне бағынуына тойтарыс беру

Абылайдың өзінен басталып, оның шөбересі Садық Кенесарыұлына дейін созылды. Орта

Азияны жаулап алушылардың бірі А.И. Макшеев: «135 жылға созылған кырғыз-қайсақ

бодандығын нығайту тарихы барынша сабақ аларлық. Хандардың көшпенділерді жазалау

үшін әр кездері башқұрттарды, казактарды және тұрақты әскерлерді шекарадан далаға

жіберу сияқты қатаң шаралар қолданып, күштеп бағындыру жолымен жүз жылдан астам

қырғыздарды өз ырқында ұстап тұруы нәтижесіз өтті», - деп жазды1.

Патша үкіметі 10 жылдан аса (әсіресе Кенесары көтерілісі кезеңінде) Қазақстан мен Орта

Азия халықтарын жаулау үшін жіберілген өз әскерлерінің қимылын тоқтата тұруға немесе

бәсеңдетуге мәжбүр болды.

Азаттық үшін күрес сол уақыттарда кавказ таулары мен қазақ даласында қатар жүріп

жатты, патша генерал-губернаторларының өздері және сол кездегі Кенесары күресін

зерттеушілер Кенесарыны «Қырғыз Шәмілі» деп атады.

Кенесары мен Шәміл күресінің мінездемесі бір болатын, бұл екі күрескердің еркіндік

үшін күресі патша үкіметінің күшін әлсіретті, соның салдарынан патша үкіметі жергілікті

тұрғындар арасында беделін жоғалтты: тонағанды санамағанда, көтеріліске шығушы

халықтан түсетін кіріс азайды. Патша үкіметі бұл соғысушы халықтармен сауданы

тоқтатты, сол уақытта Қазақстанның Орта жүзі аймағына оқ әкелуді және сатуды доғарды.

Патша әскері жазғы жорықтың ыстығынан, қысқы ұзақ жорықтардың аяздарынан қатты

зардап шекті. «Тау халқының табанды да ұзақ күресі ұзақ уақыт жүрген патшалық

крепостнойлық Ресей – Еуропа жандармын әлсіреткенін айта кеткен жөн»2.

Сондықтан Маркс пен Энгельстің Шәміл күресінің барысын ыждаһаттылықпен бақылап

отыруы жайдан-жай емес, Энгельстің бағалауынша осы көтерілістердің аясында «тау

халқы ерекше даңққа бөленді»3.

127


Маркс пен Энгельстің бұл бағасы Кенесары Қасымұлына да толығымен қатысты, Шәміл

сияқты оның күресі де, қазақтарға ерен даңқ алып келді.

Сондықтан қазақ халқы Кенесары күресіне тиісті бағасын берді. Халқы Кенесары туралы

көптеген өлеңдер, әңгімелер, аңыздар жазды әрі өз Кене-ханын халық қаһарманы ретінде,

оның есімін Манаспен және басқалармен қатар қоя отырып, құрметпен күні бүгінге дейін

жадында сақтап келеді.

Кенесары Қасымұлының он жылға созылған күресі патшалық крепостнойлық Ресейді

таратуға, құлдыратуға және әлсіретуге бағытталды.

1

2

3

А.И. Макшеев. Тарих. Түркістанның және оған орыстардың басып кіруіне шолу, 375 бет.

С.К. Бушуев «Тау халқының Шәмілдің басқаруымен тәуелсіздік үшін күресуі», 57 бет.

Маркс-Энгельс, шығ. ХI т., 1 бөлім, 177 бет.

Олай болса, Кенесары күресі оның хандық көзқарасы образына және феодалдың ұрпағына

жатуына қарамастан, шынайы революциялық күрес болып табылады.

«Ұлттық қозғалыстың күші, - дейді жолдас Сталин, - оған ұлттың, пролетариаттың және

шаруалардың басым бөлігінің қатысу дәрежесімен анықталады»1.

Өзіміз көріп отырғандай, қазақтар көтерілісінің негізгі қозғаушы күші патша саясатының,

сондай-ақ Қоқан хандығының отаршылдық езгісінен қатты жәбір көрген көшпенді

кедейлер болып табылды. Патша саясаты қазақ бұқарасының қозғалысынан өз

үстемдігінің негізіне төнген қауіпті көрді, сондықтан патшаның әскерлері отаршылдық

езгіге қарсы күрестің туын көтерушілеріне аса қатал мейірімсіздікпен қарады. Кенесары

көтерілісіне тойтарыс бергеннен кейін патша үкіметі Қазақстандағы басқыншылық

тәртіпті күшейтті және Орта Азияға өздерінің әскерлерін орналастыруды шапшаңдата

түсті. Патша үкіметінің бұл шарасын байқаған Энгельс: «...1840 жылы қолға алынған

Түркістанды жаулап алу шарасы, Қырым соғысынан кейін кезек күттірмес шараға

айналды» деп жазды2.

Абылай ханнан бастау алып Кенесары Қасымұлына дейін жалғасқан, тәуелсіздіктің

жолындағы ұлт-азаттық дәстүрлер Қазақстанның оңтүстігінде Кенесары қозғалысының

бұрынғы қатысушылары – Жанқожа Нұрмұхамедов пен Бұхарбай батыр басқарған, ал

шығыста Саурық пен Сұраншы батырлар бастаған жаңа ұлттық-азаттық қозғалыс

толқынына күшті түрткі болды (1850-1870 жылдар) .

Марксизм-ленинизм халықтардың еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресіне үлкен мән беріп

келеді. Бұл халықтардың ұлттық дәстүрлерін қалыптастырудың маңызды факторларының

бірі болып табылады. Мұндай мәселелердің басын ашу барынша «қажет» дүние3.

1

2

Сталин «Марксизм және ұлттық-отаршылдық мәселе», 12 бет.

Маркс-Энгельс, шығ., VI т., II бөлім, 34 бет.

128


3

«Большевик» журналы, № 6, 75 бет, 1945 жыл.

Кенесары жеңіліске ұшырағаннан кейін оның отбасы мен басқа туыстары патша

әкімшілігімен барынша қудаланды. Олар алдымен Түркістанға, Шымкентке, одан кейін

Қызылқұмға, оншақты жыл өткеннен кейін қазіргі Қызылорда облысына көшіп-қонып

жүрді. Кенесарының отбасы мен туыстары патша әкімшілігінің қудалауына шынымен де

ұшырағанын растайтын мұрағат құжаттары бар. Кенесарының ұлдары Тайшық пен

Ахметтің 1861 жылы Сырдария губерниясының шенеунігі Иосиф Якоповқа жазған

өтініші мынау: «Біз, Орыс Өкіметіне бодан болғымыз келеді, Қоқан жерінен көшіп

келдік, бірақ біздің ата-анамыз және олардың жолын қуушылар Орыс Патшасына қарсы

қолдарына қылыш пен мылтық алып соғысқан үлкен қылмыскерлер болды. Біздің

адамдардың ішінде Ресейден қашқан және ісі сотта жүрген қылмыскерлер, сіздің

әділдігіңізді естігеннен кейін, біздің Ұлы Мәртебелі Тақсыр Императорға қарсы жасаған

қылмыстарымыз үшін барынша қайырымды шешімін беруді сұрап, сізге қырғыз Балтабай

батырды жіберіп отырмыз»1.

Кенесары өлгеннен кейін оның он жасар ұлы Садық әкесі сияқты болуды армандады.

Садық әкесінің істеріне басын иетін және патша отаршыларына деген ымыра көтермейтін

өшпенділікті сезінді.

«...Сонымен қатар, Садықтың жақсы қасиеттеріне - жақсы жауынгер болғанын және өте

ширақ адам болғанын жатқызу керек»2.

1

Өзбек КСР Орталық Мемлекеттік Тарихи Мұрағат, № 259 ф., № 155 іс, 19 бет.

2

Н. Павлов. «Түркістан тарихы», 163 бет.

13 сурет. Садық сұлтан - Кенесары Қасымовтың ұлы.

Ахмет Кенесариннің «Кенесары сұлтан мен Садық сұлтан» кітабынан

Осының бәрі Кенесары күресінің қазақ бұқарасының болашақтағы революциялық

күресінің әскери дайындығы ретінде қызмет етті. «Бұқара көпшіліктің шын күресі, - дейді

В.И.Ленин, - өзіндік саяси, оның ішінде сол бұқара халықтың революциялық күресінен

ешқашан тысқары болуы мүмкін емес. Тек күрес қана езілуші тапты тәрбиелейді, тек

күрес қана оның күш шамасын анықтайды, тек күрес қана оның қабілеттілігін арттырады,

ой-өрісін кеңейтеді, ақыл қосады, ерік күшін шыңдайды»1.

Әлімқұл мен Садық 1864 жылы Ташкент қаласында қорғаныс ұйымдастырып, ортақ

жаулары патша үкіметіне қарсы ерлікпен күресті. Әлімқұл ауыр жараланғаннан кейін

ташкенттік бектің бегі Садыққа Ташкент қаласының әскерін басқаруды тапсырды. Садық

бірден танымал адам болды. Өшіккен қоқандықтар Садықты өлтірмекші болды. Оны

білген Садық ташкенттіктерге – «алдымызда негізгі жауымыз – отаршыл патша өкіметі

тұрғанда атаққұмарлық үшін бір бірімізді бауыздаудың қажеті жоқ», - деді2.

1

2

В.И. Ленин, шығармалары, ХIХ т., 347 бет.

129


Ахмет Кенесарин «Кенесары сұлтан мен Садық сұлтан», 46-49 бет.

Садықтың Қызылқұм шөліндегі Адамқырылған жерінде генерал Бардовскийдің әскеріне

шабуылы.

14 сурет. Ахмет Кенесариннің «Кенесары сұлтан мен Садық сұлтан» кітабынан.

Патша әскерлері Ташкентті жаулап алғаннан кейін 1865 ж. 10 мамырда Садық өзінің

жігіттерімен Жизаққа аттанды, одан Бұхараға көшіп келді.

Садық жетекшілік ететін қазақ отрядтары бұхара халқына көмектесті және патша

үкіметіне қарсы аянбай күресті.

Садық Бұхара жеңілгеннен кейін, бүкілхалықтық жорық ұйымдастырып, Хорезмге көшті,

ол жерде хорезм халқымен бірлесіп, патша әскерінің Хиуаны басып алуына қарсы

белсенді күреседі. Садық Кенесарыұлы ұйымдастырған ең ірі қарулы көтеріліс Қызылқұм

шөліндегі Адамқырылған жеріндегі көтеріліс болып табылады.

Ерлігі мен шексіз қайраты үшін Садық дала қасқыры атанды. Патша әскерлері Хиуаны

басып алғаннан кейін Садық Түркменияға көшті, ол жерден Гератқа, одан кейін Қашқарға

көшті, ол жерде Садықты Жақып бек басшы жақсы қарсы алады. Қытайлықтарға қарсы

ерлікпен күрескен Садық қолынан ауыр жараланды. Әрі қарай күресуден нәтиже

шықпайтынын көрген ол Қашқариядан Қазақстанға қайтуды шешті.

«Бек-Құлы-Бектің қытайлармен күресте толық жеңіліс тапқанын көрген Садық өз

адамдарын жинап, оларға былай деді: «Мен орыс патшасына қарсы неше жылдан бері

соғысып келемін... әр жерде соғыстым, бірақ нәтиже болмады. Енді мен қолымның

жаралануына байланысты әрі қарай күресуге шамам жоқ және қауіпсіз орын таба алмай

отырмын: сондықтан орыс иелігіне кетуге мәжбүрмін. Орыстар – мықты мемлекет»1.

Сонымен, Садық Кенесарин күресті 1877 ж. дейін жалғастырды. Қазақстан патша

отаршылығына айналғаннан кейін қазақ халқының тәуелсіз өмірі аяқталды, ол өмір үшін

тұтас ғасыр бойы күрес жалғасып келген еді.

Барлық жаулаушылар мен қанаушылардың «Бөліп ал да, билей бер» деген ескі қағидаты

бойынша әрекет ете отырып, патша үкіметі Қазақстанға орныққан халықтар арасында,

әсіресе, орыстар мен қазақтардың арасында үлкен алауыздық пен араздық туғызып

отырды.

Патша отаршылдығы кезінде еңбекші қазақтар орыс халқының арасынан патша үкіметі

ортақ жауы болған өз достарын, өздері сияқты еңбекшілерді кездестірді. Патша үкіметі,

байлар мен феодал-сұлтандар Ресей империясы халықтарының арасында араздық

тудыруға тырысқан сайын езілуші халық бір-біріне туыстаса, жақындаса түсті. «Пугачев

көтерілісі кезінде олар өз қанаушыларына қарсы бірнеше рет бірлесе көтерілді. Осыдан

жеті жүз жыл бұрын Чуд көлінің мұзында біздің қыпшақ бабаларымыз орыстарға тевтон

рыцарьлары –– қазіргі фашистердің бабаларын талқандауға көмектесті. Алты ғасыр бұрын

өз жерлерінен жат елдің жаулаушыларын талқандап, қуып шыққан орыс жауынгерлерінің

қатарында болды»2.

1

2

Н. Павлов. Түркістан тарихы, 170 бет, 1970жылғы басылым.

«Правда» 06.II.1943 жыл. № 37.

130


Ішкі және сыртқы ортақ жауларға қарсы осындай интернационалдық сипатты Кенесары

Қасымов көтерілісінен де байқаймыз: Кенесары отрядтарында қашып келген және

олардың жолын қуған орыстар, өзбектер, башқұрттар мен татарлар болды. Дәл осындай

интернационалдық сипат қазақтардың күресінде, әрине, Қазақстан мен Ресейдің саяси,

экономикалық және мәдени байланысының нәтижесінде пайда болды.

ХVIII ғасырда-ақ Қазақстан Ресеймен тығыз экономикалық және мәдени байланыстарға

барынша ене бастады. Сол кезде Ресей мен Қытайдың арасында Қазақстан аймағын

меңгеруге қарсы күрес күшейді, кейіннен бұл күреске Хиуа, артынан Қоқан қосылды.

Бірақ Қазақстанның экономикалық, мәдени және саяси жағынан Ресейден едәуір төмен

тұрған, артта қалған феодалдық Қытайға немесе Қоқанға не Хиуаға қосылғанша, Ресейге

қосылуы қазақтар үшін барынша тиімді болды.

Ресейге қосылғаннан кейін қазақ халқының үш мемлекет арасында – Қытай, Ресей, Қоқан

мемлекеттері арасында бөлінуі жойылды. Қазақстанға капитализмнің енуіне,

шаруашылықтың барынша жоғары нысандарын дамыту үшін, отырықшылыққа, жер

шаруашылығына көшу үшін мүмкіндік пайда болды. Осыған байланысты экономикада

және қазақтардың қоғамдық құрылымында терең өзгерістер пайда болды – даму

шапшаңдады, таптық жіктелу күшейді, және патриархальды оңашалану бұзылды.

«Ресейге қосылғаннан кейін қазақ қоғамының алдыңғы шебі ұлы орыс мәдениетіне

араласа бастады»1.

Бірақ олар помещиктерге, патшалық Ресейдің капиталистеріне қосылған жоқ, керісінше,

әрдайым езгілеуге қарсы, патшаның тонаушылық отаршылдық саясатына қарсы шықты.

«Қазақстанның Ресейге қосылуының тиімділік маңызы қазақтардың державалық

қанаушылық құрылымына қарсы ұлттық-азаттық қозғалысының прогресшілдігін жоққа

шығармайды, керісінше оның негізін құрайды»2.

Энгельс орыс мемлекеті Қара теңіз бен Каспий теңізінің жағасында орналасқан

халықтарға, Шығыс халқына тиімді әсер еткенін атап айтты.

Орыс мемлекеті, - деп жазады Энгельс, - «...Қара теңіз бен Каспий теңізі үшін және

Орталық Азия үшін мәдениеттендіруші болды».

М.И. Калинин өзінің коммунистік тәрбие туралы баяндамасында Ресейдің реакциялық

жағынан үдемелі күшін сипаттай отырып: «Міне осы прогресс, үдемелі күштердің

реакциялық күшпен күресі, осы мәдени күштердің өсуі мен шоғырлануының прогресі, ең

болмағанда, езгі көрген халықтардың мейлінше саналық қауымына басқа Ресейді –

мейірбан, еркіндік сүйетін, езгілеуші емес, мәдениетті, талантты, тұрғындардың кең

бұқарасының білімін дамытуға ықпал етуші Ресейді көруге мүмкіндік берді» деді.

1

2

3

«Большевик», № 6, 79 бет, 1945 жыл.

«Большевик», № 6, 79 бет, 1945 жыл.

«Правда», 30 қазан 1940 жыл, № 302

Орыстардың озық зиялыларымен араласудан көптеген көрнекті адамдар танымал болды,

мысалы: қазақтың ірі ғалымы, саяхатшы және зерттеуші Шоқан Уәлиханов, мінезімен де,

131


шығармашылығымен де Лермонтовқа ұқсады, орыс достары оны «дала Лермонтовы» деп

атады.

Ұлы қазақ ақыны және алғашқы халық ұстазы Ыбырай Алтынсарин да орыс мәдениетін

пайдаланды және революцияға дейінгі көптеген қазақ зиялылары, орыстармен араласып,

қазақ халқының мәдениетін көтерді.

Орыс халқының бұл ұнамды ерекшеліктерін қазақ халқы ешқашан ұмытқан жоқ және

ұмытпайды. Сондықтан Октябрь революциясы кезінде орыстармен қатар қазақтар да

ұрысқа шықты.

«Ресейдегі революция егер орыс пролетариаты бұрынғы Ресей империясының езілген

халқының тарапынан мақұлдау мен қолдау таппағанда жеңбес еді және Колчак пен

Деникин талқандалмас еді»1.

Совет халқының адамзаттың үлкен жауы – герман фашизміне қарсы ерлікпен жүргізген

Ұлы Отан соғысы, біздің Отанымыздың тарихы – кеңестік патриотизмнің ұлы

тәрбиеленушісі болғандықтан тарихшылардың алдына үлкен әрі жауапты мәселелер

қойды. Совет адамдарының, оның ішінде қазақтардың, Ұлы Отан соғысында жаппай

құбылысқа айналған ерлігінің терең тарихи тамыры бар.

Қазақстанның халық ақыны, марқұм Жамбыл Жабаев Ұлы Отан соғысы кезінде жауынгер

қазақтарға былай деді:

Батыр Сауырық, Сұраншы2 жауда өлген,

Халық үшін шейіт болып, жанын берген.

Елді қорғап өлгеннің арманы не,

Қалың қазақ құрметтеп, соңына ерген3.

Басқа бір жерде Жамбыл:

Көсемі бол тегінде,

Амангелді атаңдай,

Жаудан, балам, шегінбе! – деп жырлады4.

1

Сталин. «Ленинизм мәселелері», 51 бет, 11 басылым.

2

Саурық және Сұраншы батырлар, Кенесары Қасымов көтерілісіне қатысушылар.

3

Жамбыл Жабаев «Майдан өлеңдері», 57 бет.

4

132


Ол да сонда, 23 бет.

1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісінің болашақ көсемі Амангелді Иманов Садықтың қызықты

әңгімелерін тыңдап, Кенесары Қасымовқа ұқсаған айбынды жауынгер болуды армандады.

Туған жерлерін жәбірлеушілер мен жаулаушылардан қорғау біздің ата-бабаларымыздың

қанына сіңген ісі болды. Өз тәуелсіздігі үшін күрескен халықты басқарған қайраткерлер

Ұлы отан соғысына қатысушылар үшін жақсы үлгіге айналды. «Советтік патриотизм, -

деді М.И. Калинин, - біздің халқымыздың дамуын алға жылжытқан ата-бабаларымыздың

шығармашылық күшінің тікелей мирасқоры»1.

Қазақтардың әскери бейнесі күнделікті ұрыста өсіп, шыңдалды. Тәуелсіздік үшін күрескен

жылдар қазақ халқының өзіндік абыройы мен жоғары жауынгерлік намысын тәрбиеледі.

Сондықтан Қарсыбай Спатаевтың Кеңес Одағының Батыры болуы тегін емес.

Қарсыбайдың атасы, Балапан, Кенесары көтерілісіне белсенді қатысып, оның жақын досы

болған адам.

Бабаларымыздың «намыс үшін жаным пида» деген ұранын 28 панфиловшылар қатарында

болған, Москваны қорғаған төрт қазақ жауынгері - Әліпбай Қосаев, Нұрсұлтан Есболатов,

Асқар Қожабергенов және Сеңгірбаев та өз ұрандарына айналдырды.

Тұтқынға түскен фашистен жауап алғанда, ол: «Біз шабуылға шықтық. Қарсы

алдымыздан қараторы жауынгерлер шықты. Олар сондай бір қайсарлықпен және

ержүректілікпен шайқасты, біз қарсы тұра алмадық. Біз олардың тегеурінділігіне сонша

таң қалып, артқа шегіндік. Бізбен соғысқан қазақтар екенін артынан білдік. Жер бетінде

осындай қаһарман халық тұратынын естімеппіз» деген екен2.

Қазақ халқының осы Ұлы Отан соғысында көрсеткен тұтас ерлігі қазақ халқының өз

тәуелсіздігі үшін күресіп келе жатқан ғасырлар бойғы дәстүрлі күресінің нәтижесі.

1

2

М.И. Калинин «Правда», 30.Х.1940 жыл.

«Правда», 06.II.1943 жыл, № 37

Мазмұны

стр.

Алғы сөз 8

Бірінші тарау. Тарихнамалық кіріспе (деректер мен әдебиеттерге

қысқаша шолу)

Екінші тарау. Кенесары және оның көтерілісі туралы әдебиеттерге қысқаша сыни шолу.

Үшінші тарау. Кенесары Касымовтың көтерілісі қарсаңындағы Казақстанның

халықаралық жағдайы.

133


Төртінші тарау. Кенесары Қасымовтың көтерілісі қарсаңындағы қазақтардың

әлеуметтік-шаруашылық және саяси жағдайы.

Бесінші тарау. Кенесары Қасымов көтерілісінің тарихи алғышарттары.

Алтыншы тарау. Кенесары Қасымов көтерілісінің қозғаушы күштері.

Жетінші тарау. Кенесары көтерілісінің сипаты мен ұйымдастырушылық

негіздері.

Сегізінші тарау. Кенесары Қасымов көтерілісінің барысы.

а) Кенесарының 1837-1838 жылдардағы қарулы іс-әрекеттерінің дамуы.

б) Кенесарының 1839-1840 жылдардағы қарулы іс-әрекеттерінің дамуы.

в) Кенесарының 1841-1842 жылдардағы қарулы іс-әрекеттерінің дамуы.

г) Кенесарының 1843-1844 жылдардағы қарулы іс-әрекеттерінің дамуы.

д) Кенесарының 1845 жылғы қарулы іс-әрекеттерінің дамуы.

Тоғызыншы тарау. Кенесарының Қоқан хандығымен және қырғыз манаптарымен соғысы

және оның жеңіліске ұшырауы.

Оныншы тарау. Кенесары Қасымов көтерілісінің жеңілуінің негізгі себептері.

Он бірінші тарау. Кенесары Қасымов көтерілісінің тарихи мәні (Жалпы тұжырым).

ҚОСЫМША

1. Кенесары Қасымов көтерілісінің картасы № 5.

2. Орынбор әскери генерал-губернаторы Обручевтің Кенесары Қасымовқа

жазған хаты.

3. Кенесарының әскери старшина Лебедевке жазған хаты (қазақша және

орысша мәтін).

4. «Қазақтардың Кенесары Қасымов басшылығымен 1837–1847 жылдары

болған көтерілісі» тақырыбына диссертациялық материалдарды жинақтау

барысында пайдаланған негізгі әдебиеттердің тізімі. (Мұрағаттық

құжаттардан алынған хаттар мен карталар).

134


«Бүлікшіл қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовқа қарсы әскери әрекеттер

туралы вице-канцлердің 1843 жылғы хат алмасулары».

Қымбатты сұлтан Кенесары Қасымовқа.

Мен сізге өткен жылдың 2 қыркүйегінде маған жеткен қауесеттер бойынша

Ресей үкіметіне беррілуге және бағынуға қарсылардың істеріне байланысты

хат жазып, сіздерге бақынышты қырғыздардың сібір қырғыздарын өз

жақтарына тартпауын сұрағанмын. Сіз мүмін ол хатты алмаған боларсыз,

бірақ 6 қазан күні мен сұлтан Саналы Мырзағалиевтан сіздердің жаңадан

жақсылыққа жатпайтын және заңға қайшы істерің туралы хат жазып жіберіп,

сіздердің Ресей үкіметіне шын берілгендеріңізді дәлелдеу үшін Орынбор

жаққа көшіп келіп, орынбор шекара комиссиясы көрсеткен жерлерде

қалуыңызды сұрадым, сіздердің линия бойында қала берулеріңіз үшін

жағдайдың бәрін жасауға уәде бергенмін, ол үшін біздер сізде қанша

түтіннің, адамдардың және малдардың болатынын білуіміз керек, өйткені

сіздерді қай жерлерге орналастыруымызды шешуіміз қажет.

Мен бұл хатыма да жауап алмасам да, маған шекара комиссиясының

төрағасы генерал-майор Генстің сіздің оған жазған хаттарын

жеткізгендіктен, сол хаттардан сіздің бастықтардың алдына келіп өзіңіздің

кінәсіз екендігіңізді дәлелдеуге дайын екніңізді, бастықтарға бағынып, өз

тілектеріңізді айту үшін генерал Генспен кездескіңіз келгенін білдім. Енді

мен далада жабайы адамдардан қорғану үшін қорғаныс жұмыстарын жүргізіп

жатырған әскери старшина Лебедевтен, сіздің Карашатау тауына көшіп

келіп, линияға жақындағыңыз келетінін білдім.

Сондықтан да мен генерал Генске сіздің көшіп жүретін жерлеріңізді

көрсетіп, сіздің өтініштеріңізді біліп, орындауға мүмкін болатын өтініштерді

орындап, сізідің Орынборға кепілдікке жіберген Қарабай сұлтан мен сібір

бастықтары тарапынан қамалған Ғұбайдулла мен Мұстафа сұлтандарды

босату туралы өтініш жоғары мәртебелі государь императордан сұралатын

болады, тек бейбіт және тыныш қана өмір сүріп, көршілеріңізге тиіспеңіз, ал

егер олар сізге тиісетін болса, онда олармен өзіңіз барып дауласпай,

кикілжіңді дұрыс шешетін шекара комиссиясына көмек сұрап барыңыз,

патшаға адал қызмет етіңіз, біздің бастықтар тарапынан жасалған барлық

бұйрықтарды бұлжытпай орындаңыз, олар айтпайынша көшетін жеріңізді

ауыстырмаңыз, сөйтіп барып сіз шын берілген екендігіңізді дәлелдейсіз.

Государь өзіне берілген орыс болса да, басқа діндегілер болса да өзінің

бодандарын жақсы көріп және оларды марапаттайды, олар оның жүрегіне өте

жақын және ол олардың арасынан ешқандай айырмашылық көрмейді.

Хат Саналы Мырзағалиев сұлтанға беріп жіберіліп отыр – жауабыңызды да

сол сұлтаннан беріп жіберіңіз. Сізге не керектің бәрін де жазыңыз.

Түпнұсқаға Орынбор Әскери губернаторы Генерал-лейтенант – Обручев қол

қойды.

135


Обер-квартирмейстер қызметін қалтықсыз атқарушы подполковник -

Вларамберг.

№ 539.

24 маусым 1843 жыл. ОМӘТМ, ӘҒМ қоры, 1-201 іс, 39-40 беттер.

Аударма (152 бетке)

«Жеңіппаз өжет хан Кенесарыдан әскери бастықтарға бірер сөз. Қаңтар

айында Генерал Генс маған Саналы Мырзағалиев сұлтанды жіберген екен, ал

мен онымен бірге кейін қарай Шөмекей руының биін жіберіп отырмын, өзім

бұрынғы көшіп жүрген жерім Тілеуқабақ жеріне көшіп кеттім. Назарлықтар

мен Шүрендіктер маған жақтасқан қырғыздардың малдарын айдап,

ауылдарын шауып кетіпті, сондықтан да мен оларға қарсы жорық жасадым.

Государь императорға менің ешқандай қастығым жоқ, оған хабарлап

қойыңыздар. Мен сіздердің үкіметтеріңіздің еркін орындауға дайынмын.

Менің алдыңғы жағымда үлкен ағам (немесе нағашысы) Көшек сұлтанның

және басқалардың көші бар, оларды қорқытып алмаңыздар.

Куәлік ретінде Кенесары хан мөрін басты, 1843 жыл»1.

1

Орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, ӘҒМ қоры, 1-201 іс, 38 бет.

«Қазақтардың Кенесары Қасымов басшылығымен 1837–1847 жылдары

болған көтерілісі» тақырыбына диссертациялық материалдарды

жинақтау барысында пайдаланған негізгі әдебиеттердің тізімі.

1. Марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылар.

1. Маркс және Энгельс. Азия және Ресей. Шығармалар жинағы, т. 9, 660 бет.

2. Маркс және Энгельс. Азиядағы әскери қимылдар, Шығармалары, т. IХ,

610-615 беттер.

3. Маркс және Энгельс. Орыс патшалығының сыртқы саясаты,

Шығармалары, т. ХVI, 5-40 беттер.

4. Маркс және Энгельс. Шығармалары, т. IV, 12 бет.

5. Маркс және Энгельс. Шығармалары, т. ХIV, 656 бет.

6. Маркс және Энгельс. Шығармалары, т. ХХVII, 681-694 беттер.

7. Маркс және Энгельс. Хаттары, 48 бет, 1928 жылғы басылым.

8. Энгельс. Германиядағы шаруалар соғысы.

9. Энгельс. Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы.

10. В.И.Ленин. Шығармалары, т. III

11. В.И.Ленин. Шығармалары, т. ХIХ, 228 бет.

12. В.И.Ленин. Шығармалары, т. ХХIV, 369 бет.

13. В.И.Ленин. Шығармалары, т. Х, 312-313 беттер.

14. В.И.Ленин. Шығармалары, том ХVI, 356-357 беттер.

136


15. В.И.Ленин. Шығармалары, том ХVI. 158 беттер.

16. В.И.Ленин. Шығармалары, том ХVI. 159-160 беттер.

17. В.И.Ленин. Украина туралы мақалалары мен сөздері

18. И.В.Сталин. Марксизм және ұлттық-отарлау мәселелері, 1934 жылғы

басылым.

19. И.В.Сталин. Украина туралы мақалалары мен сөздері, 1936 жылғы

басылым.

20. И.В.Сталин. Сталин жолдастың неміс жазушысы Эмиль Людвигпен

әңгімесі. «Большевик», №8, 1932 жыл.

21. И.В.Сталин. Ленинизм мәселелері, 1940 жыл, 11 басылым.

22. И.В.Сталин. Югославиядағы ұлттық мәселеге байланысты. 1925 жылдың

30 наурызындағы КИАК югославиялық комиссиясындағы сөйлеген сөзі.

Ленинизм мәселелерін қараңыз. 9 басылым, 103-107 беттер.

23. И.В.Сталин. Шығыс халықтары университетінің саяси міндеттері туралы.

1825 жылдың 18 мамырындағы К.У.Т.В. студенттерінің жиналысында

сөйлеген сөзі. «Ленинизм мәселелері», 9 басылым, 134-145 беттер.

24. И.В.Сталин. Семич жолдастың мақаласына байланысты тағы да ұлттық

мәселе бойынша. «Ленинизм мәселелері», 9 басылым, 179-185 беттер.

25. И.В.Сталин. Социал-демократия ұлттық мәселені қалай түсінеді. 1945

жылғы басылым.

26. И.В.Сталин. Диалектикалық және тарихи материализм туралы.

27. Ф.Энгельс. Феодализмнің ыдырауы мен буржуазияның дамуы,

«Пролетарлық революция», 1935 жыл, № 6, 152-160 беттер.

28. К.Маркс. ХVIII ғасыр дипломатиясы (Шыңғысхан туралы).

29. Маркс және Энгельс мұрағаты, т. VI, 185 бет.

II. Кітаптар мен мақалалар

30. КСРО азаматтық соғысының тарихы, т. I және II.

31. КСРО тарихы, т. II, 270-271 беттер.

32. Степняк. Кенесары Қасымов сұлтанның тарихына байланысты

материалдар, Ташкент, 1923 жылғы басылым.

33. Ахмед Кенесарин. «Кенесары және Садық сұлтандар».

34. Т. Бардашев. Жабайы тау қырғыздары туралы ескертпелер.

«Ежегодник», 1874 жыл, Петербург.

35. Н.А. Середа. «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі», «Еуропа

жаршысы», 1870 жылдың тамызы, 8 кітап.

«Еуропа жаршысы», т. V, 1870 жыл, 9 кітап.

«Еуропа жаршысы», 1871 жыл, 8 кітап.

36. Торғай облысының естелік кітабы, 1899 жыл, Орынборг қаласы.

37. Макшеев. Түркістан мен оған орыстардың дендеп енуі туралы тарихи

шолу, 1890 жылғы басылым.

38. Красовский. Сібір қырғыздарының облысы, 1 бөлім, 1863 жылғы

басылым.

137


39. Абаза К.К. Түркістанды жаулап алу.

40. Сібір бұратаналарының қарапайым құқықтарының жинағы, Самоквасов

шығарған, Варшава қаласы, 1876 жыл.

41. И.Веселевскийдің рецензиясы. Тарихи жаршы, т. 32, №10, 1889 жыл.

42. Орыс қоғамының батыс-шығыс бөлімі, т. IV, 1-2 шығарылым.

43. Черняев М.Г. Кенесары және Садық сұлтандар. «Орыс жаршысы», т. 203,

1889 жыл, тамыз, Петербург.

44. Серебренников А.Г. Түркістан өлкесін жаулап алу тарихы бойынша

материалдардың жинағы.

45. Серебренников А.Г. 1-ші том, 1839 жыл.

46. Серебренников А.Г. 2-ші том, 1840 жыл.

47. Серебренников А.Г. 3-ші том, 1841 жыл.

48. Серебренников А.Г. 4-ші том, 1842-1843 жылдар.

49. Серебренников А.Г. 5-ші том, 1844-1845-1846 жылдар.

50. Серебренников А.Г. 6-шы том, 1847 жыл.

51. Н. Павлов. Түркістан тарихы, 31, 36, 79, 87, 163, 171 беттер.

52. Л. Мейер. Орынбор ведомствосындағы қырғыз даласы, Петербург, 1845

жыл, «Кенесары туралы», 53-71 беттер.

53. В.Е. Недзевецкий. Естелік кітапша мен 1905 жылға арналған Жетісу

облысының адрес-календары, 5-11 беттер.

54. Н.А. Маев. 1732 жыл мен 1868 жыл аралығындағы қырғыз халқы

тарихының очерктері. Түркістан өлкесінің жылнамасы, 1873 жыл, II-ші

шығарылым, 415 бет.

55. Н.А. Маев. Ташкенттен Верныйға дейінгі мақала және Түркістан

өлкесінің ежегоднигі, 1873 жыл, II-ші шығарылым, 1903 жыл, 1-75 беттер.

56. Н. Коншин. Дала өлкесінің тарихы үшін материалдар. Империялық орыс

географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің жазбаларын қараңыз, 1-ші

шығарылым, 1903 жыл, 1-76 беттер.

57. А.Н. Добросмыслов. Торғай облысы. Тарихи очерк. Империялық орыс

географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жаршысы, 17 шығарылым,

1902 жыл, 258-368 беттер.

58. И.И. Крафт. Қырғыз дала облыстары туралы заңдастырылу жинағы.

Орынбор, 1898 жыл.

59. И.В. Аничков. Қырғыз батыры Жанқожа Нұрмұхамедов, 21-22 беттер,

Қазан, 1894 жылғы басылым.

60. Садық Кенесарин туралы. «Голос», №169, Түркістандық жинақ, т. 2, 43

бет.

61. П.И. Рычков. Орынбор тарихы, 1896 жылғы басылым.

62. А. Левшин. Қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларын сипаттау, II-ші

бөлім, тарихи хабарлама, 1832 жыл. I-III бөлімдер

63. Барон Услар. «Қырғыз даласындағы төрт ай». Отандық жазбалар, 1848

жыл, №10, Түркістандық жинақ, т. 521, 141-224 беттер.

(Кенесары Қасымовтың бұрынғы тұтқыны барон Услардың Кенесары

Қасымовтың ауылындағы өз өмірі туралы).

138


64. Орыс Ойы, 1892 жылы шыққан. 8 кітап, Кенесары туралы, 27 бет.

65. В. Долинский. Қырғыз даласын қоныстандыру туралы Ресейдің

Ортаазиялық иеліктеріне деген қатынасы, Түркістандық жинақ, том 621, 253-

308 беттер.

66. Ипполит Завалишин. «Сібір-Қырғыз даласы», Түркістандық жинақ, т. 25.

67. 1768 жылғы бұйрықтар жинағы. Абылайдың ұлын Петербургке жіберуге

рұқсат беру туралы, 109 бет.

68. 1777-1778 жылдардағы бұйрықтар жинағы. 126-127 беттер.

69. Алевинский. Қайсақ ордаларының Орта Қырғыздарындағы оқиғалар

туралы, 447-460 беттер.

70. Кенесары Қасымов туралы материалдар. Орынбор парағы, 1881 жыл, №

31-33.

71. Кенесары туралы материалдар. Ақмола облысы. Ведомосттар, 1888 жыл,

№ 69.

72. Ф. Зобнин. Қырғыз даласындағы басыбайлылар, құлдар және төлеңгіттер

туралы мәселеге. Естелік кітапша. Семей облысы, 1902 жыл, 6 бет.

73. М.Н. Галкина. Орта Азия мен Орынбор өлкесі бойынша этнографиялық

және тарихи материалдар, 1868 жылғы басылым.

74. Илья Казанцев. Қырғыз-қайсақ ордаларын сипаттау. 1867 жылғы

басылым.

(автор мәтіннің бір бетін алып тастаған)

91. 1873 жыл, № 7, 33-68 беттер.

92. А.К. Гейн. Қырғыз очерктері, Семей қаласы, 1865 жыл.

93. Н. Краснов. Ресейдің Еуропалық және Азиялық бөлігіндегі халықтың

қоныстануы мен қазақтардың аймақтары. «Әскери жинақ», 1878 жыл. № 4.

94. П. Небольсин. Ресейдің Орта Азия елдерімен сауда жасау очерктері, 1856

жыл, Петербург.

95. М.А. Терентьев. Нарық үшін Ресей мен Англияның күресі. 1876 жылғы

басылым, Петербург.

96. М.А. Терентьев. Орта Азияны жаулап алу тарихы. т. 1, 6 тарау, 1908 жыл,

173-212 беттер.

97. М.А. Терентьев. Орта Азиядағы Ресей мен Англия, Петербург, 1875 жыл.

98. В.Е. Недpвецкий. Ұзынағаш ісі, Верный қаласы, 1910 жыл, «Кенесары

туралы», 17-24 беттер.

99. Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының еңбектері, ХХII

шығарылым.

100. Бүкіләлемдік иллюстрация 1870 жыл үшін, № 53, 9 бет.

101. Бүкіләлемдік иллюстрация 1870 жыл үшін, № 54, Қырғыздардың соңғы

көтерілісі, 33 бет.

102. Бүкіләлемдік иллюстрация 1870 жыл үшін, № 56, 76-77 беттер.

103. Бүкіләлемдік иллюстрация 1870 жыл үшін, № 806

104. Я.В.Ханыков. 1841 жылғы қырғыз ордасының ішкі жағдайы очеркі.

139


105. 1768 жылғы бұйрықтар жинағы, 102 бет, Абылайдың ұлына Петербургқа

келуге рұқсат.

106. 1777 - 1778 жылдардағы бұйрықтар жинағы, 126-127 беттер.

107. Қырғыз даласы тарихы үшін материалдар. «Сібір» газетінің жинағы,

1877 жыл, т. 1, 435-446 беттер.

108. А. Лавинский. Орта Қырғыз-Қайсақ ордасындағы оқиғалар туралы,

1826 жыл, 447-460 беттер.

109. Орыс көркем парағы, №31, 1858 жыл.

110. Империялық орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің

жаршысы, 1-25 шығарылым, 1893-1909 жылдар.

111. Балканин. Қырғыздар туралы. Петербург, 1887 жыл. «Саржан туралы»,

92 бет.

112. Н. Середа. Орынбор өлкесіндегі толқулар тарихынан. «Орыс ойы» 1891

жылғы, 10 кітап, 66-90 беттер.

113. «Орыс ойы» 1891 жылғы, кітап,

114. «Орыс ойы» 1892 жылғы, 8 кітап, «Кенесары туралы», 27 бет.

115. Мак-Гахан. Оқсыздағы әскери қимылдар және Хиуаның құлауы. 1875

жыл, Мәскеу.

116. В.В.Бартольд. Түркістанның мәдени өмірінің тарихы.

117. Заңдардың толық жинағы, т. 21, №19669, 1846 жыл, 29 қаңтар.

118. Заңдардың толық жинағы, т. 21, №20545, 1846 жыл, 26 қазан.

119. Заңдардың толық жинағы, т. 21, №20885, 1847 жыл, 4 ақпан.

120. Заңдардың толық жинағы, т. 23, №22699, 1848 жыл, 2 қараша.

121. Заңдардың толық жинағы, т. 20, №19283, 1845 жыл, 15 тамыз.

122. Заңдардың толық жинағы, т. 2, №13746, 1840 жыл, 30 тамыз.

123. Заңдардың толық жинағы, т. 12, 1837 жыл, 5 сәуір.

124. Үлкен энциклопедия, т. 10, «Кенесары туралы», 690 бет.

125. Әскери энциклопедия, т. 12, 1913 жылғы басылым, Мәскеу, «Кенесары

туралы», 504-505 беттер.

126. А.Н. Бернштам. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қырғыздар тарихы

бойынша материалдар, 1 шығарылым, Фрунзе, 1943 жыл.

127. Заңдардың толық жинағы, т. ХХХVII, 1821 жыл. 18 маусым, №28645

(Қырғыз-қайсақ көшпенділері үшін жер бөліп беру туралы)

128. А.В. Симонов. Жетісуды әскери отарлау. ӨзКСР-нің ХV жылдығына

арналған жинақ, ӨзМУ басылымы, Самарқан, 1939 жыл.

III. Журналдар және газеттер

129. А.Ф. Рязанов. Батыр Сырым Датов, Кеңестік Қырғызия, № 10, 1924 жыл.

130. М. Вяткин. Қазақстандық мемлекеттің құрылуы мәселесі бойынша.

«Қазақстан большевигі», № 2, 1941 жыл.

131. А. Якунин. Кенесары Қасымовтың көтерілісі, «Қазақстан большевигі»,

№8, 1939 жыл.

140


132. Тимофеев и Федоров. Қазақтардың 1837-1847 жылдардағы өз

тәуелсіздіктері үшін күресі. «Қазақстан большевигі», № 4, 1940 жыл.

133. Стеблин-Каменская. Кенесары Қасымов сұлтанның көтерілісі тарихына.

КСРО ғылым Академиясының тарихи жазбасы, № 13, 1942 жыл.

134. А. Якунин. Исатай Тайманов, қазақтардың 1836-1838 жылдардағы

ұлттық-азаттақ көтерілісінің көсемі. Тарихи журнал, № 10, 1940 жыл.

135. Якунин-Шахматов. ХIХ ғасырдың 50-ші жылдарындағы Қазақстандағы

көтерілістер. КСРО ҒА қазақстандық филиалының хабарламасы, тарих

сериясы, 1 шығарылым, 1940 жыл.

136. Баймурзин. Патшалықтың Ұлы жүз бен Орта жүзді басып алуы

тарихынан. КСРО ҒА қазақстандық филиалының хабарламасы, тарих

сериясы, 1 шығарылым, 1940 жыл.

137. Тарихи журнал № 11-12, 1943 жыл. «Тарихи журналдың редакциясында

«Қазақ КСР тарихы» кітабын талқылау.

138. Шоқан Уәлиханов. Қазақтың тұңғыш ғалымы және ағартушысы. Тарихи

ж