15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

кҿркемдік бейнелеу құралдарын түпнұсқаның деңгейінде аударуға аса зор мҽн

беруге тиісті.

Абайдың шығармашылығы туралы жазылған еңбектерде осылай жоғары

бағаланған тілдік бейнелеу құралының туысқан халықтар тілдеріне

аударылуында бұған дейін сҿз болмаған бірталай мҽселелер бар. Біріншіден,

«Адасқан күшік секілді ұлып жұртқа қайтқан» – «ой» сҿзі білдіретін заттың

анықтауышы. Тілдің бейнелеу құралдарының ісінде осылардың бҽрі тұтаса

келіп, эпитет қызметін атқарады. Ал оның жасалуына, құрамдас бҿліктеріне

назар аударғанда, басқа да жайлар белгілі болады. Осындағы тілдік бірліктерді

мағыналық-құрылымдық сипаттарына қарай жіктейтін болсақ, «адасқан күшік

секілді...», М. Ҽуезов кҿрсеткендей, «ерекше теңеу» болып шығады.

Ұйғыр тіліне М. Максудтің аудармасы:

Адашкан эт шикелле

Улап йортка кайткан уй,

Барыр юлың юк инде,

Юкны эзлҽп йҿрмҽ, куй! [9, 87б.].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Адасқан ит секілді,

Ұлып жұртқа қайтқан ой.

Барар жолың жоқ енді,

Жоқты іздеп жүрме, қой!

Ҿлеңнің ұйғыр тіліндегі аудармасына назар аударсақ, Абай «Адасқан

күшік секілді» десе, аудармашы оны ұйғыр тіліне «Адасқан ит секілді» деп

аударады. Абай ҿз жанының күйзелісін, рухани жалғыздығын, қаумалаған

ойдан шыға алмай қалжыраған сҽттерін «адасқан күшік» хҽлімен теңестірген.

Бҽрімізге мҽлім, күшік адасады, ал иттің адасатыны туралы сҿз қазақ ҽдеби

тілінің қорында кездеспейді. Оның үстіне «адасқан ит секілді» тіркес жағымсыз

эмоционалды мҽнге ие. Абай ҿлеңдерінде адам болмысын астарлаған «кҿп ит»,

«кҿк ит», «кезеген ит», «күшік ит» сияқты қолданыстармен бірге құбылыстың

не қимыл-ҽрекеттің сын-сипатын анықтайтын «ит жүрек», «ит мінез», «ит қор»,

«итше індет тілеу», т.б. сияқты образды оралымдар да орын алған. «Ҿзі шошқа,

ҿзгені ит деп ойлар» тҽрізді афоризмге айналған жол да жолығады [84, 169б.].

Бірақ бұлардың лингвокултурологиялық, лингвопоэтикалық сипаты бір басқа.

Оларда «адасқан күшікке» жақын келердей лексикалық, семантикалық мағына

жоқ. Қай тілде де «ит» пен «күшік» екі бҿлек заттың, нҽрсенің аттарын

білдіретін ҿз алдына дербес, дара мағыналы сҿздер. Ҽрқайсысының лексикалық

мағынасы анық, толық, тура жҽне ҽрқайсысының мағынасының мҽтін ішінде

ашылатын ҿзіне тҽн эмоциялық реңі бар. Аудармашы осының бҽрін ескеріп,

лайықты кҿркемдік шешім жасай алғанда ғана, оның ісі оң болып шықпақ.

106

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!