15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Қартайдық, қайғы ойладық; ұйқы сергек,

Ашуың — ашыған у, ойын, — кҿрмек,

Мұңдасарға кісі жоқ сҿзді ұғарлық,

Кім кҿңілді кҿтеріп болады ермек? –

деген бастапқы шумақпен түп-түгел үйлесіп отырады. 12 шумақтағы үйлестің

саны 36. Сондай-ақ Абай аралас буынды ҿлеңді ҿркендете түскенін кҿреміз.

Аралас буынды ҿлеңнің, жол саны мен буын саны Абайға дейін еркіндеу,

ұйқасы, үйлесі анда-санда ой түйіндеуге қажетті болған кезде кездессе, Абай

оны да белгілі жүйеге салып, белгілі бір шартқа бағындырған.

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек...» 48 тармақ. Бұрынғы қазақ

ҿлеңдерінің тармақ ұйқастары кҿбінесе не жалаң «шу деді», «жҿнеді»,

«барады», «келеді» деген сияқты етістік сҿздермен, не «таға қылдым», «жаға

қылдым», «саба қылдым» деген сияқты етістік жалғанған сҿздермен келуші еді.

Абай ҿз ҿлеңдерінде тармақ ұйқастарын, бір жағынан, кҿбінесе зат есімдермен

келтіреді, екінші жағынан, ҽр қилы етіп, түрлендіріп келтіреді. Кейде тіпті «ақ»,

«да», «де», «ау» деген сияқты демеушілермен де ұйқастырады, орынды,

жарасымды етіп ұйқастырады. Абай ҿлеңдерінің бірсыпырасын 3-4-5-6-7

буынмен, аттамалы, егіз, аралас ұйқастармен келтіріп, бірсыпырасын ҿзінше

шумақтап, ҿзінше ұйқастырып, кейде ҿлеңді сҿз ұйқасына емес, ой ұйқасына

құрып, ол қазақ ҿлеңіндегі силлабикалық ҿлең нысаналарын айқындай түсті.

Абай қазақтың қиыннан қиыстырылған, тілге жеңіл, жүрекке жылы, айналасы

теп-тегіс, жұмыр ҿлеңін, іші алтын, сырты күміс сҿз патшасын жасады [67,

56б.].

Ҿзбек тіліне Уйғунның аудармасы:

Қаридик, ғамга ботдик, уйқу сергак,

Аччиғинғ худди захар, уйинг кулмак.

Дардлашишга киши йуқ суз уқарлик,

Ким кунгилни кутариб булар эрмак [77,31б.].

Абай «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ашуың – ашыған у, ойың

– кермек» деу арқылы кҽрілікке сипаттама беріп, адам баласының қартайған

шағындағы ашуын «ашыған уға», ойын «кермекке» балап, метафора түзеді.

Кермек – қышқылтым дҽм, ащы иіс. Осы қолданыстағы кҿп мағына арқалап

тұрған «кермек» сҿзі аудармада берілмеген. «Ашуың құдды заһар,ойың

күлмек» деп ашуға сипаттама бергенімен, ойдың айқындауыш сҿзі назардан

тыс қалған. «Мұңдасарға кісі жоқ сҿзді ұғарлық, Кім кҿңілді кҿтеріп болады

ермек?, – деген ҿлеңнің келесі жолдарын «Дерттесуге қайғы бҿлу кісі жоқ сҿз

ұғарлық, Кім кҿңліңді кҿтеріп, болар ермек?», – деп ақын ойын дұрыс

аңғартқан.

111

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!