15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

аудармалар түпнұсқамен шамамен 80-100 пайыздай

деуге болады.

дҽлдікпен аударылған

Ызалы жүрек, долы қол,

Улы сия, ащы тіл

Не жазып кетсе, жайы сол,

Жек кҿрсеңдер, ҿзің біл [21,7б.].

Бұл – Абайдың ұстанымы. Осы ҿлеңді А.Пушкиннің «Поэт», «Поэту»

деген ҿлеңдерімен үндестігін алғаш М.Ҽуезов атап кҿрсетсе, З.Ахметов

М.Лермонтовтың «Журналист, читатель и писатель» шығармасымен сарындас,

кей тұстары ҽбден сҽйкес келетінін дҽлелдеген болатын. Абайтанушы -

ғалымдар дҽл осы ҿлеңнің тек орыс ақындары ғана емес, Дулат шығармасынан

да алыс жатпағандығын айтады. Кҿтеріліп отырған тақырып, ҿлеңдегі ақын ойы

ғана емес, сҿз қолданыстардың сҽйкес келіп жататындығына тоқталады.

«Дулаттағы «Кеудеме қайғы толған соң, тұнық жырмен жуынамы»

Абайда «Кірлеген жүрек ҿз ішін, тұра алмас ҽсте жуынбай» немесе, «Дүние

кірін жуынып, кҿрініп ойға сҿз салар». Дулаттағы кеудеге толған қайғы,

Абайдағы жүректі кірлетер дүниенің кірі ол – адам бойын құрсаулап алған мың

сан адамсыздық. Осы дертті кҿргенде Дулаттың шабыты «тоят тҿс, салпы

ерінді, топтан торай бермейтін тұлпар аттай» дүбірлесе, Абайдың ақындық

қуат-күші қырымға қараған қырағы қыранша түлейді. Ҿлеңдегі «Ызалы жүрек,

долы қол, Улы сия, ащы тіл» эпитеті Абай ҿлеңдеріндегі жаңа эпитеттердің

бірі. «Қан жүрек», «долы қол», «алқыны күшті асау», «ҿрбіген жүрек», «желкек

шал», «ұлыған ой», т.б. алсақ, бұл тҽрізді сҿз қолданыс Абайға дейінгі ҽдеби

нұсқалардың ешқайсысында жоқ. «Қ. Жұмалиевтің айтуынша, эпитет Абайдың

кҿп қолданған сҿз айшығының бірі. Оның аттың сыны, қыз сипаты, жылдың

тҿрт мезгілі туралы ҿлеңдерінің негізгі тҽсілі эпитет. Мҽселен, «Шоқпардай

кекілі бар қамыс құлақ» ҿлеңі 28 жолдан тұрса, «шоқпардайдан» басқа сҿз

айшығының барлығы түп-түгел эпитет екен» [85, 232б.].

Бұл – Абайдың 1886 ж. жазған ҿлеңі, ҽрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан

турады. Абайдың сҿз ҿнері, ҿлең, ҽн туралы ең таңдаулы лирикалық

туындыларының бірі. Абай поэзиясы, ҿлеңді аса маңызды ҿнер ретінде

бағалай отырып, ақындық шабыттың сыры, қуат-күші жайында тебірене ой

толғайды. Ақын не туралы жазу керек, қай тұрғыдан келіп, қалай айтуға керек

деген мҽселені қозғайды. Ҿлең 7-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.

Алғашқы рет 1909 ж. С.Петербургте жарық кҿрген «Қазақ ақыны Ибраһим

Құнанбайұғылының ҿлеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды

басылымдарында аздаған текстологиялық ҿзгерістер кездеседі. 1910 жылғы

Мүрсейіттің қолжазбасында 1-шумақтың 2 - жолы «Кҿңілден алаң басылса»

делінсе, кейінгі басылымдарда 1909 жылғы жинақ негізінде бұл жол «Кҿңілде

алаң басылса» болып берілген. 1909, 1939 жылғы жинақтарда 3-шумақтың 3-

жолы «Қуаттан ойдан бас құрап» болса, қалған басылымдарда Мүрсейіттің

113

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!