15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Сүз уқар ушбу кунда киши борми?

Демайман сүзим юртга бирда еқар.

Езган сунг ерда қолмас тешик мунчоқ,

Бировдан-биров олиб, элга тарар.

Бир кишимас езганим ялли юрт-ку,

Ғижинмаек чироқлар уқсанг ярар.

―Ит маржонни на қилсин‖ – деган сүз бор,

Дили утли йигитлар бир уйланар [77, 39б.]

Ҿзбек тіліндегі аудармасындағы басты ерекшелік аудармашы ақын

сҿздерін басқа сҿздермен аударғанымен, сҿздердің синонимдерін сҽтті таңдап

алып отырған. Мҽселен, ақынның «Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар»,

деген жолдарын «Ашуланбайық шырақтар, ұқсан жарар» деп ҿзге

аудармалармен салыстырғанда дҽл аудара алған. «Сҽулесі бар жігіттер» деген

образды сҿзді «Жүрегі отты жігіттер» деп сҽтті баламасын берген. Ақынның

осы ҿлеңінің ҿзге туыстас тілдердегі аудармаларын саралай келе, осы соңғы

нұсқаның түпнұсқадағы оймен кҿбірек үндестік тапқанын байқадық.

1986 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба» атақты ҿлеңін жазды.

«Ғалым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып шаттанба, Ойнап

босқа күлуге, – деген ақын «ғылым» деген сҿзді қайталай айта отырып, адам

бойындағы қазынаның үлкені жҽне ҽрбір жігерлі жастың талпынатын арманы –

ғылым болуы керектігін түсіндіреді. Ғылым сҿзі Абай шығармаларында жиі

қолданылатын сҿз. Оның да ғылым табу, ғылым оқу, ғылым бағу, ғылым іздеу

тізбелері Абай шығармаларында ғана кездесетін тіркестер. Абайдың ҿлең

тіліндегі айқын ҿзгешелік – ондағы Абайдың ҿзі жасаған сан алуан мҽнді жаңа

тіркестердің молдығы. «Жаңа сҿздер, эпитеттер, теңеулер, жаңа сҿйлемдер

жасау, қазақтың ҽдеби тілін дамыту, ұстарту жҿнінде Абайдың қазақта ҽлі

теңдесі жоқ. Ҿзі тапқан, ҿзі жасаған сҿздер, сҿз тіркесі, эпитет, теңеулер, жаңа

сҿйлемдер, мақал-мҽтелдер Абай ҿлеңдерін тағы да дҽл, ҿткір кҿрікті етті», –

деген екен ғалым Б. Кенжебаев [92, 133б.].

Ҿзбек тіліне Уйғуннің аудармасы:

Илм топмай махтанма

Урин топмай бопланма

Хуморланиб шодланма,

Уйнаб бекор кулигига! [77,40б.].

Аудармашы «Ілім таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып

шаттанба, Ойнап бекер күлуге!, – деп дҽлме-дҽл аударма жасайды. Ақын ҿлеңі

сҿзбе-сҿз аударылған деуге болады. Тек қана ақын «босқа күлуге» десе,

аудармашы «бекер күлуге» деп мағыналас сҿзімен аударған.

Қырғыз тіліне А.Токомбаевтың аудармасы:

129

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!