15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

айтқан ойды негізгі, басты ой дҽрежесінде береді. Түпнұсқадағы жалпы

сипаттағы ұғымдарды аудармада жалқы немесе, керісінше, жалқы ұғымдарды

жалпы сипаттағы ұғымдар арқылы жҽне бүтінді бҿлшекпен, бҿлшекті бүтінмен

аударып түпнұсқаның кҿркемдік-эстетикалық деңгейін ҽлсіретіп жіберген.

Абайдың ҿлеңдеріндегі кҿркемдік бейнелеу құралдар да аудармада ҿзгеріске

түскен. Метафораның теңеуге, теңеудің метафораға алмастырылуы, эпитет,

метонимия сияқты бейнелеу құралдарының да бір-бірімен алмастырылуы жиі

ұшырасады. Түпнұсқадағы қарапайым сҿздермен берілген ойлар бұзылып,

тілдік бірліктер күрделендіріліп, оқуға, түсінуге қиындық туғызған. Абайдың

стилі, шығармашылық даралығы, ҽдеби мҽнері жойылған. Аудармада

жіберілген қателіктердің себебі, Абай тілінің күрделілігінен, тіпті қазақ

оқырмандарының ҿздерінің Абайдың сҿздерінің мағынасын тануға дҽрежелері

жете бермейді. Бұл туралы Г.Бельгер Абайдың шығармаларын аударудың

тҿмендегідей қиындықтары болатынын айтады: «Абай поэзиясының

қанықтығы, ойдың тығыздығы, метафоралылығы, нақыл сҿздерге байлығы,

асқан ұлттық менталдық, Абайдың ҽр сҿзінің кҿп тұрғылылығы, тарихитұрмыстық

реалийлердің кҿптігі, ғибратты, кҿтеріңкі үндестілік,

тыңдаушысына жылы жүрегімен тіл қатуы, жұмбақтылығы, ҿзін түсінбеген

жалғыздың трагизмі» [98, 180б.].

Абай шығармаларын аударуға бел буған аудармашы ақынмен деңгейлес

тұруы керек, ол түсінгенді түсініп, сезінгенді сезінуі қажет. Абай

шығармаларындағы қателіктер орысша ойлап отырып аударғаннан, елді

білмеуден, фондық білімінің болмауынан туындаған. Бұл туралы Н.Гарбовский:

«түпнұсқа тілін толық түсінбеуден, когнитивті, яки танымдық тҽжірибенің

жетіспеуінен, түпмҽтіндегі мағыналық жүйеге ықтиятты қарамаудан, автордың

дара стиль ерекшелігі кҿрінбей жатады», – дейді [99, 226б.]. Расында да

аудармашының когнитивті тҽжірибесінің жетіспеуінен ағылшын тіліне

аударған аудармашылар ақын шығармаларындағы маңызды ұғымдарды тастап

кетіп, орнын басқа ұғымдармен толықтырып жатады. Жалпы, ағылшын

тіліндегі аудармада толықтыру кҿптеп кездеседі. Себебі, аудармашы

түпнұсқадағы мағыналық мазмұнды тҽржіме тілінде дҽл жеткізе алмағандықтан

толықтыру жасаған.

Аудармашы шығарманы аударудан бұрын алдымен оның қашан, қалай,

қаңдай жағдайда жазылғанын біліп алуы керек. Абайдың қолына қалам алып

қаншама ҿлеңдерінің дүниеге келуіне басынан ҿткен жағдайлар себепші болған.

Ал ол жағдайлар ақын ҿмірінің ҽртүрлі кезеңінде орын алған. Гете аударманың

екі түрі бар: біріншісі шетелдік авторды біздің ҿзіміздің отандасымыз болып

кететіндей етіп жақындатып жіберу, екіншісі, керісінше, жатжұрттық

қаламгердің еліне аттанып, соның елінің ҿмір салтына, соның тілінің

ерекшелігіне, басқа да даралықтарына бейімделу деген. «Ұққың келсе ақынды.

Сапар шек оның еліне» дегенінен Гете аударманың екінші түрін ұстанған

тҽрізді [95,11б.]. Бізде Гетенің айтқанына қосыла отырып, Абайды аударамын

деген аудармашыға алдымен Абайдың еліне аттанып, соның елінің ҿмір

139

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!