15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Ақын шығармаларының орыс, ағылшын тілдеріне жасалған аудармаларына

қарағанда туыстас халықтардың тілдеріне аударылған шығармаларының

деңгейі жоғары. Тілдердің фонетикалық, ұйқас жақындығы анық сезіледі.

Сонымен қатар ортақ сҿздердің молдығынан аударманы емес, түпнұсқаның ҿзін

оқып отырғандай ҽсер аласыз. Аударманың сапасының жоғары болуы аударма

тікелей қазақ тілінен жасалғандықтан деп білеміз.

Туыстас тілдерден жасалған аудармалардың дҽрежесін салыстырып

сараптау нҽтижесінде қырғыз тіліндегі аударма саймасай, ҿзбек тіліндегі едҽуір

саймасай, ұйғыр, түрік тілдеріне біршама саймасай деңгейде аударылғандығы

анықталды. Дегенмен де туыстас тілдерге аударылған мҽтінде семантикалық

деңгейдегі қателіктер кездеседі, яғни тармақ ішінде ауысулар мен ҿзгертулер

орын алған. Қорыта айтқанда, диссертациялық жұмысымызда:

− Абай ҿлеңдеріндегі бейнелеу құралдардың орыс, ағылшын, туыстас

халықтардың тілдерінде берілу жолдары зерттеліп, зерделенді.

− Ақынның адам, қоғам, ғылым, ҿнер жайлы ҽлеуметтік-этикалық жҽне

эстетикалық кҿзқарастарының аудармалары түпнұсқамен салыстырыла отырып

бағаланды.

− Абай шығармаларындағы кҿркемдік бейнелеу құралдардың,

фразеологизмдердің мҽні, мағынасы ажыратылып олардың басқа тілдегі

аудармалары салыстырылып талданды.

− Аудармашының кҿркемдік бейнелеу құралдарын аударудағы

жетістіктері мен кемшіліктері жүйеленді.

− Ақын мұрасын орыс, ағылшын, туыстас халықтардың тіліне баламалы

түрде аударуға қойылатын талаптар қазіргі таңдағы сұраныстарға орай ғылыми

негізделді.

− Ұлттық бояуы қалың кҿркемдік құралдарды адекватты түрде аударуға

қойылатын талаптар қазіргі таңдағы аударматану тұрғысынан ғылыми

негізделді.

− Тақырыпты зерттеу барысында кҿптеген ғылыми нҽтижелер теориялықпрактикалық

тұрғыдан негізделді.

Зерттеу бойынша нақты тәжірибелік ұсыныстар. Аударма жұмысына

мемлекет тарапынан кҿңіл бҿліну қажет. Қазір аудармамен айналысатын

жекеменшік ұйымдар кҿбейіп кетті. Аударылған, аударылып жатқан

еңбектердің саны жетерлік, бірақ сол аудармалардың сапасын қадағалайтын,

саны бар сапасы жоқ ұйымдардың қызметін ретке келтіретін жұмысқа

мемлекет тарапынан кҿңіл бҿліну қажет. Ғалым С. Абдрахманов біздегі

аударма саласындағы кемшіліктерді тҿмендегідей етіп сипаттап ҿткен

болатын: «Қазақ поэзия аудармасына тҽн елеулі кемшіліктің бірі − барлық

аудармашылардың дерлік осы іспен шығармашылығының негізгі арнасы,

ҿмірлік кҽсібі ретінде айналыспағандығы, аударманы жаңбыр-жаңбырдың

арасында жасау белең алғандығы. Аудармашылық − жалғыз шабытпен шалып

түсетін, тек алымдылықпен алып түсетін шаруа емес. Тҽржіменің машығын

алмайынша, аударма техникасын емін-еркін меңгермейінше, кҿркем сҿзді

142

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!