15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Күшік ұлымайды, қыңсылайтындығы белгілі. Бірақ ақынның күшікті ұлытып

отырғаны бекер емес. Ақын образының ар жағында ұлуға қатысты басқаша

түсінік бар. Ҽдетте, бҿрі ұлиды. Демек, аудармашы осы «ұлиды» сҿзіне ерекше

назар аударғаны жҿн еді.

Ю.Нейманның аудармасы:

И,как заброшенный щенок,

Душа моя скулит [3, с.144].

Ю.Нейманның аудармасын қазақ тіліне кері аударатын болсақ мынадай

мағына шығады: «Иесіз қалған (қаңғырған) күшік секілді, менің кҿңілім

мазасызданады(қыңсылайды)». Ҿлеңнің мазмұны бұрмаланған. Түпнұсқадағы

басты ұғым «ой» аудармада жоқ. Аудармада ҿлеңнің мағынасы «жұртқа

қайтқан ой» туралы емес, «ақынның мазасызданған кҿңілі» туралы болып

шыққан. Түпнұсқада жоқ ұғымды («кҿңіл») аудармашы ҿз жанынан қосып,

түпнұсқадағы образды сҿздерді («жұрт», «ой») аудармада қалдырып кетіп,

түпнұсқаның идеясын жойып жіберген.

Ақын «Лай суға май бітпес қой ҿткенге» деген ҿлеңінде адам ҿмірінің

кҿрінісін тҿмендегідей етіп сипаттайды:

Ҿмір жолы - тар соқпақ, бір иген жақ,

Иілтіп екі басын ұстаған хақ.

Имек жолда тыянақ, тегістік жоқ,

Құлап кетпе, тура шық, кҿзіңе бақ [2,160б.].

Ҽ.Қодардың аудармасы:

Путь жизни – тропа, что не знает конца.

Конец и начало ее – у Творца.

Тропа все петляет, так будь осторожен,

Пройди, не теряя пути и лица [6, с.45].

Түпнұсқадағы «тар соқпақ» деген метафораны аудармашы «тропа» деген

сҿзбен береді. Ақын мұнда соқпақ жол деп отырған жоқ, ҿмір жолын тар соқпақ

деп бейнелеген. Бұл жерде ҿмір туралы негізгі ұғым «тар соқпақ» сҿзі беретін

ұғыммен сипатталады. Аудармашының беретін ұғымы басқа. Бір ұғымды

білдіретін образды сҿздің мағынасына қатысты ақын сҿзі мен аударма арасында

осындай үлкен айырмашылық бары байқалады. Ақын ҿмір жолын иген жақ

секілді кҿреді. Бірінші тармақтың аудармасы «ҿмір жолы - соқпақ, ол соңын

білмейді (соңы жоқ)» деген мағынаны береді. Түпнұсқадағы «иген жақ»

ҿмірдің маңызды белгісін білдіретін ұғым еді, бірақ аудармашы оны

аудармаған. «Иген жақ» жҽне «тар соқпақ» екі ұғымның орнына аудармашы

«тропа» деген бір ұғымды пайдаланады. Бірақ «тропа» иілмейді. Жақтың

иілуінде үлкен мҽн бар. Ақын ҿмірдің кҿрінісін бейнесін «иілген жақ» түрінде

53

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!