15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

дауыссыз дыбыстар құрамында да ұқсастықтар бар. Егер қазақ тілінде 25

дауыссыз болса ( б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ш,һ,ф,х,ц,ч), қырғыз тілінде

22 (б,в,г,д,ж,з, й, к, л, м, н,ң,п,р,с,т,ф,х,м,ч, ш, щ), ҿзбек тілінде 23

(б,в,г,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,қ,ғ,х), ұйғыр тілінде 24(б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,

л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,ц,ч,м,х).

Түркі тілдерінде дыбыстардың үндесуінде белгілі заңдылықтар

(прогрессивтік, регрессивтік, ассимиляциялар) бар. Бұл заңдылықтар бір тілді

екінші тілден ажыратып, оның ҿзгешелігін кҿрсетеді. Түркі халықтары ана

тілінің негізгі сҿздік қорын сақтап қалғандығын жалпы туыстық тектестігін

білдіретін лексикасынан кҿруге болады.

Түркі тілдеріндегі жер-су, табиғат, жан-жануарлар, адамның дене

мүшелерінің аттары да жалпы түркі халықтарында, салыстырып отырған түркі

тілдерінде жақындығы сақталған. Мысалы, Абай ҿлеңдеріндегі жайлау

(ҿзбекше - яйлов, ұйғырша - яйлақ, татарша - жҽйлҽү), теңіз (түрікше-denuz,

татарша-диңгез, ұйғырша-деңиз, ҿзбекше-денгиз) кҿл (ұйғырша-кҿл, татарша

күл), топырақ (татарша-туфрак, ұйғырша-топрақ), тҿл (татарша-түл, ұйғырша

тҿл), құс (ҿзбекше-куш, ұйғырша-куш), қозы (ұйғырша-қоза), күшік (ұйғырша

кучук), түлкі (ұйғырша-түлкҽ, қырғызша-түлкү), жүрек (түрікше-yürek,

татарша-йҿрҽк,ұйғырша-жүрҽк, ҿзбекше-юрак), қол (ҿзбекше-қул, ұйғырша

қол), тіл (ұйғырша-тил, ҿзбекше-тил), құлақ (қырғызша-кулак, татарша- колак,

ұйғырша - қулақ).

Қазақ, ұйғыр, қырғыз, ҿзбек тілдері негізінен түркі тілдік, бір-бірімен

тектестік қасиетін сақтап қалған. Салыстырған сҿздердің мазмұны дҽл

келгенмен, айтылуында бірсыпыра фонетикалық ҿзгерістер пайда болған. Ҽрбір

тіл ұлт тілі болып қалыптасуда ҿзіндік ҿзгешеліктер пайда болады. Ол

ҿзгешеліктер бір тілді екінші тілден ажыратудағы ұлт тілінің белгісінің бірі. Кез

келген ұлт тілі ҿзінің қалыптасу дҽуірлеріне жеткенше ҿте кҿп бұрылыстарды,

тарихи кезеңдерді басынан кешірген, ол ҽрбір тілдің сҿздік құрамында із

қалдырғанын кҿреміз. Осының нҽтижесінде бір тектес сҿздердің ҿзі де

фонетикалық ҿзгерістерге түскен, дамыған, сҿздердің синонимі кҿбейген.

Ұйғыр, ҿзбек,қырғыз тілдері ескі түркі тектестігін сақтап қалғандығы

байқалады [59, 91б].

Ҿзбек тілі ұйғыр тіліне жақын, дегенмен ұйғыр тілінен гҿрі парсы, тҽжік

тілдерінің ҽсері ҿзбек тілінде күшті сақталған. Бұл жағдай ең алдымен

дыбыстар құрамынан да сезіледі. Ұйғыр халқының тарихы да ҿзбек халқымен

ҿте тығыз байланысты.

Барлық түркі тілдерінде мынадай ортақ типологиялық ерекшеліктер бар: а)

Фонетика саласында дауыстылардың жіңішке жҽне еріндік сингармонизмдері

мен дауыссыздардың үндесуінің бірдей ережеге бағынуы бұл тілдерде дауысты

жҽне дауыссыз фонемалардың құрылымын анықтауға ықпал етеді; ҽ)

Морфология саласында сҿздің түбіріне жалғамалы қосымшаларды жалғау

сияқты сҿз жасау формаларының ерекшеліктері, грамматикалық род

категориясының болмауы тҽн; б) Синтаксис саласында сҿйлем, сҿз

75

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!