15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Адамзат бүгін – адам, ертең – топырақ,

Ҿмір һаман жарқылдап алдар бірақ.

Ҽтликкҽ ҿзің қайда, сен білемісің

Ҿлмек үшін туылдың, ойла ҽр уақ!

Ұйғыр тіліндегі аудармасында да негізгі ой сақталған, алайда, мұнда да

«шырақ» сҿзі қолданылмайды. Ұлттық ойлаудан туған, қазақы бояуы қанық

«шырақтың» аудармаларда кездеспеуі бір жағынан табиғи жайт. Қазақтың бай

сҿздік қорында ешбір тілге аударылмайтын қалқам, қарағым, қарғам,

қарғашым, жарығым, сҽулем, жарқыным, айналайын сияқты сҿздер мен сҿз

тіркестері кҿптеп кездеседі. Соның бірі осы «шырақ» сҿзі болса керек.

Ҿлеңдерінде «Ҿткен ҿмір, кҿрген түс», «Ҿткен ҿмір, ҿлген жан», – деп

ҿткен ҿміріне ой жіберген ақын келесі бір ҿлеңінде:

Ҿткен ҿмір — қу соқпақ,

Қыдырады талайды.

Кім алдады, кім тоқпақ

Салды, соны санайды [2, 51б.]

Ақын адам баласының ҿткен ҿмірін «қу соқпаққа» балайды. Яғни, ҿмір

жолын қаншама адам жүріп ҿтетін жалғыз аяқ жол, алғашқы із, сүрлеуге ұқсату

арқылы ҿмірдің баянсызын байқатады.

Татар тіліне М.Максудтің аудармасы:

Үткен гомер – бер сукмак,

Кемнҽр анда йҿрмҽде.

Кем алдады, кем тукмак

Булды, шҽфкать белмҽде [8,163б.]

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Ҿткен ҿмір – бір соқпақ,

Кімдер онда жүрмеді.

Кім алдады, кім тоқпақ

Болды, аяушылық білмеді

Аудармашы Абайдың «Ҿткен ҿмір – қу соқпақ» метафорасын дҽл

аударған, сондай-ақ, ҿлеңінің бірінші жҽне үшінші жолын сҿзбе-сҿз аударған.

Ҿлеңнің екінші жолында ақын ҿмірді қу соқпаққа балай отырып, онда талай

адамның жүріп ҿтетіндігін аңғартса, аудармашы да «кімдер онда жүрмеді» деп

ҿлеңдегі негізгі ойдан алыстамайды. Абайдың аталған ҿлеңі 7 буынмен, абаб

шалыс ұйқаспен жазылған. Татар тіліне аударғанда ҿлеңнің алғашқы үш жолы

7 буынды, ал соңғы жолының буын саны 8 буынды болып, буын санының

артық болып кеткендігін байқадық.

88

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!