07.09.2017 Views

7 қыркүйек, бейсенбі 2017 жыл №97 (15124)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Мемлекеттік қызмет

қызықтырмай ма?

Сейсенбі күні облыс әкімі Болат Бақауовтың төрағалығымен

аппараттық жиын өтті. Онда Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты

қадам» Ұлт жоспары бағдарламасының жүзеге асырылуы

сөз болды. Бұл ретте мемлекеттік қызмет, құқық қорғау,

туризм саласына қатысты мәселелер талқыланды.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Болат Жұмабекұлы алдымен

бірқатар кадрлық ауыс-түйістерді

жария етіп, жаңа басшыларды

таныстырды. Облыстық ішкі саясат

басқармасының басшысы болып

Ернұр Дәуенов тағайындалды. Ол

бұған дейін облыстық білім беру

басқармасы басшысының орынбасары

қызметін атқарған. Бұған дейін

облыс әкімі аппараты басшысының

орынбасары болған Ардақ Райымбеков

облыстық мәдениет, архивтер

және құжаттама басқармасы

басшысының міндетін атқаратын

болды. Құрылыс, жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары басқармасы

2 құрылымға бөлініп, оған жеке

басшылар тағайындалды. Мәселен,

бұған дейін қос саланың тізгінін

ұстап отырған Рүстем Раисов

құрылыс саласына жауаптанды.

Ал жолаушылар көлігі мен автомобиль

жолдарына облыс бойынша

мемлекеттік-сәулет құрылысын

бақылау басқармасының бұрынғы

басшысы Қанат Қашқыров жауапты

деп танылды. Болат Жұмабекұлы

жоғарыдағы жаңа басшылардың

қызметіне сәттілік тілеп, салалары

бойынша жеке тапсырма жүктеді.

Мемлекет басшысы «100 нақты

қадам» Ұлт Жоспарының алғашқы

15 қадамын кәсіби мемлекеттік

аппарат құру мәселесіне арнаған

болатын. Облыс әкімдігі аппаратының

басшысы Расул Оразғұлов мемлекеттік

қызмет саласындағы атқарылып

жатқан жоспарлармен таныстырып,

бірқатар олқылықтарды ортаға салды.

Оның айтуынша, жыл басынан

бері өңірде мемлекеттік қызметке

ҰЛТ САУЛЫҒЫ

Жүрегіңіз ауырмасын!

Облыстық кардиология

орталығының жүрек

ауруларына шалдыққан

науқастарды сауықтыру

және оңалту бөлімшесі

ашылды. Бір мезетте

40 науқастың жатып

ем алуына болатын

медициналық мекеме

республика аумағында

тұңғыш рет іске қосылып

отыр.

Алпысбай ХОНЖ

Облыс әкімі Болат Бақауов

бөлімшеге арнайы барып, жаңа

нысанның жай-күйімен танысты.

Облыстық кардиологиялық

орталықтың басшысы Ораз

Мұқашевтің айтуынша, жыл сайын

өңір тұрғындарының 6 мыңға жуығы

кардиолог мамандардың қызметіне

жүгінуге мәжбүр. Жаңадан ашылып

отырған оңалту және сауықтыру орны

жылына 1500 науқасқа емшара жасай

алады. Сырқаттарға Литвадан, Белоруссиядан

білім алып келген білікті

дәрігерлер қызмет көрсететін болады.

- Науқас үшін отадан кейінгі

екінші кезең өте маңызды. Себебі

сырқаттардың көбі бұл кезеңде

өздерін жақсы сезінеді де, еңбекке

араласуға асығады. Бірақ жүрек

ауруына шалдыққан жандардың

186 адам жұмысқа қабылданған.

Дегенмен кейбір аудан басшылары

жоғары оқу орнын тәмамдаған жастарды

жұмысқа алуға құлықсыз. Мәселен,

биыл Ертіс ауданында бірде-бір жас

маман мемлекеттік қызмет саласына

орналаспаған. Шарбақты ауданында

18 түлек тәжірибелік сынақтан өтіп, 12-сі

қызметке тұрған. Мұндай жағымсыз

көрсеткіш Ақсу қаласы және Май

ауданында да бар. Биылғы 8 айда

мемлекеттік қызмет қатарында жұмыс

істеуге ниет білдірген 1369 үміткер

тестілеуге қатысқан. Оның 701-і шектік

деңгейден өтсе, 49 пайызы сынақтан

сүрінген. Барлығы 302 ішкі байқау

жарияланып, 178 азамат қатарға

алынған. Бұл - өте аз көрсеткіш.

Сондықтан жергілікті билік өкілдері

бұл мәселеге назар аударуы тиіс. Бұл

ретте Баянауыл ауданы мен Екібастұз

қаласындағы жұмыстар ақсап тұр.

Кеншілер шаһарында 19 ішкі байқау

ұйымдастырылып, барлығы 6 адам ғана

қызметке қабылданған. Бұл бағытта

Качир ауданы көпке үлгі бола алады.

Бос тұрған 5 жоғары лауазымға жаңа

басшылар тағайындалған.

Атап өтерлігі, өңірде мемлекеттік

қызмет саласында 250 жұмыс

орны бос тұр. Бұл - өткен жылмен

салыстырғанда 43 пайызға көп.

Павлодар қаласында - 33, Май ауданында

– 24 және Шарбақты ауданында

22 бос жұмыс орны бар. Осы ретте

Болат Жұмабекұлы кадр мәселесін

оңтайлы шешуді тапсырды.

- Мемлекеттік қызмет саласында

250 жұмыс орнының бос тұрғаны

үлкен мәселе. Бұл аз сан емес.

Салыстырмалы түрде алатын болсақ,

тұтастай Екібастұз қаласы мемлекеттік

органдарсыз жұмыс істеп жатқандай.

Себебі бұл қаладағы қызметшілердің

саны 242-ні құрайды. Сондықтан бос

ұзақ уақыт күтілуі мен ем-шараларын

толық қабылдауы олардың болашақта

сырқатынан толық айығуына жол

ашады. Сондықтан науқастардың

оңалту орталығына келіп, ем алғаны

өте дұрыс. Бұл бөлімше мұқтаж

жандарға медициналық, физикалық

және психологиялық тұрғыдан көмектесе

алады, - дейді бөлімше меңгерушісі,

кардиолог дәрігер Салтанат Сәтбаева.

Орталық бұрынғы «Денсаулық»

шипажайының ғимаратында орналасқан.

Аталған шипажай қызметкерлерінің

барлығы дерлік жаңа ғимаратта

жұмыспен қамтылған. Емделушілер

мұнда 10 күндік оңалту курсынан

АЙНА 7 қыркүйек, бейсенбі, 2017 жыл 3

вакансиялардың орнын толтыруды

жүктеймін, - деді аймақ басшысы.

Ұлт Жоспарында жергілікті полиция

қызметінің міндеттері нақты аталған

болатын.

Өңірде қоғамдық құқықбұзушылық

пен тәртіпсіздік оқиғалары 20 пайызға

азайып отыр. Жол-көлік оқиғасы

4 пайызға төмендеген. Десе де,

жергілікті полиция қызметінің басшысы

Юрий Колесников бірқатар мәселені

ортаға салды. Аймағымызда ішімдікке

тәуелді азаматтарды сауықтыру

орталығында орын саны жыл сайын

қысқартылып келеді. Мысалы,

2015 жылы 120 орын болса, бүгінде

екі есеге азайып отыр. Денсаулық

сақтау басқармасының өкілдері мұны

орталыққа келіп түсетін адамдар санының

азаюымен түсіндіріп отыр. Алайда

Юрий Колесниковтің ұсынған дерегі

басқаша. Ол аталған мекемедегі орын

тапшы дейді. Аймақ басшысы бұл

мәселе бойынша арнайы жиын өткізіп,

анық-қанығын білуді тапсырды. Бұдан

бөлек, облыс аумағында 182 учаскелік

полиция бөлімшесі бар. Бірақ олардың

көпшілігі күрделі жөндеу жұмыстарына

зәру. Болат Жұмабекұлы аудан-қала

әкімдеріне бұл бағыттағы жұмысты

қолға алуды жүктеді. Сонымен қатар,

өңір басшысы мал ұрлығы мәселесіне

көңіл аудару қажеттігін айтты.

Облыста жол-көлік оқиғасының

саны азайғанымен, жол үстінде қаза

тапқандардың саны артқан. Мұндай

көрсеткіш Баянауыл, Ертіс және

Шарбақты аудандарында көп орын

алған. Аталмыш аудандар басшылары

қайғылы жағдайларды жүргізушілердің

жылдамдықты шектен тыс асыруымен

байланыстырады. Сонымен қатар,

Қалқаман ауылының маңындағы

тас жолдың біраз бөлігінде жөндеу

жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда

көлік қозғалысына шектеу қойылмас

үшін айналма жол салынған болатын.

Бүгінде тұрғындар тарапынан аталмыш

айналма жолдың сапасына қатысты

көп сын айтылуда. Көлік қозғалысына

қауіпті болып саналады. Облыс әкімі

айналма жолдың жағдайын түзетіп,

тиісті жол белгілерін орнатуды ескертті.

С

өтеді. Массаж және физио кабинеттері

жұмыс жасайды. Мамандар науқастарға

дұрыс тамақтану, дене тәрбиесімен

айналысу, психологиялық кеңестер

беру секілді қызметтер көрсетеді.

Медицина қызметкерлері Болат

Бақауовқа аталған нысанды күрделі

жөндеуден өткізіп, науқастарға судағы

емдік процедураларды жүргізу үшін

орталыққа бассейн керек екендігін

айтты. Аймақ басшысы жауапты орган

өкілдеріне алдағы уақытта модульді

бассейн орналастыру мүмкіндігін

қарастыруды, медициналық оңалту

бөлімшесін жылдың соңына дейін

ретке келтіруді тапсырды.

ҚҰМСАҒАТ

Мұқтаждық шешілсе игі

«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының

өкілдері «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі

шектеулі азаматтардың әлеуметтік нысандарға деген

қолжетімділігін анықтау мақсатында рейдтік шара

ұйымдастырды. Павлодар қаласында 900 әлеуметтік нысан

бар. Оның бірқатарын аралаған комиссия мүшелері

олқылықтар барын анықтады. Мұндай нысандардың

қатарында «Қазпошта» АҚ бар. Мекемеде мүгедектерге

арналған пандус бекітілген стандартқа сәйкес емес.

Тым тар орналасқан. Ғимарат ішінде де мүмкіндігі

шектеулі азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергілер

кездеседі. Қызметкерлерді көмекке шақырту тетігі де

жұмыс істемейді. Сонымен қатар, «Теміржолшылар»

емханасында орналасқан жылжымалы пандустың

жұмысы да көңілден шықпады.

Туа біткен церебралды сал ауруына шалдыққан

25 жасар Артур Руссман пандустардың талапқа сай

орнатылуын қалайды.

- Денсаулығыма байланысты электронды арбаның

көмегімен ғана қозғала аламын. Кейбір нысандарда

тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарға қолайлы жағдай

жасалмаған. Талапқа сай, пандустың ені - 1 метр, биіктігі

баспалдақпен бірдей болуы тиіс. Қол тұтқалардың ара

қашықтығы да назарға алынуы тиіс. Осы мәселелер

ескерілсе, бізге қолайлы жағдай туады деген ойдамын, -

дейді ол.

Мерейлі шара

Павлодарда тамыз айының бірінен бастау алған

«Мектепке жол» акциясы аясында жалпы сомасы 22

млн. теңге жиналып, 3500 балаға көмек көрсетілді.

Оның ішінде 8 миллион теңге демеушілердің есебінен

түскен. «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!»

ұранымен өткізіліп жатқан шарада 25-28 тамыз күндері

тұрмысы төмен отбасылардың балаларына кеңсе

тауарлары, мектеп формасы, киім-кешек және аяқ

киім берілді. «Динара» сұлулық салонында қалалық

жалпы орта білім беру мектептеріндегі 30-дан астам

оқушының шашы тегін қиылды. Онымен қоса, 10

оқушы бір жыл бойы аталмыш орталықтың қызметін

тегін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. «Халық банкі»

АҚ-ның, Павлодар қалалық еріктілер клубының атсалысуымен

мектеп табалдырығын алғаш аттаған 50 балаға

оқу құралдары салынған сөмкелер сыйға таратылды.

Сонымен қатар, 25-30 тамыз аралығында Ленин кенті,

Жетекші, Павлодар, Кенжекөл ауылдарының балаларына

көмек көрсетілді. Акцияны өткізуге «Квазар»,

«Манақбай» сауда үйлері белсенді қатысты.

Шабындықта жұмыс қызу

Шөп шабу науқанына ерте кіріскен качирлік шаруалар

аталмыш бағыттағы жұмыстарды ойдағыдай

жүргізуде.

Жоспар бойынша 96,7 мың гектар жерден шөп

қоры әзірленуі тиіс. Бүгінде 75,8 мың гектар аумақтан

шөп шабылған. Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі

«Қамиев» шаруа қожалығының шаруалары да қысқы

мал азығын дайындауды тамыз айында қолға алған

болатын. Жалпы аумағы 380 га шабындықта 5 азамат

еңбек етуде. Шаруашылық 250-ге жуық ірі қара өсіреді.

- Қысқы мал азығын дайындауда жылда тынымсыз

еңбектенеміз. Шілдеде жаңбыр көп жауды. Бірақ

қырға ерте шықтық. Техникамыз жаңа, жанар-жағармай

қоры жеткілікті. Бұл жоспарланған жұмыстың нәтижелі

аяқталуына септігін тигізері сөзсіз. Ауа райы қазіргідей

қолайлы болса, жұмысты ерте аяқтаймыз, - дейді

шаруашылық басшысы Б.Қамиев.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Қоғамнан шет қалмайды

Павлодар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі

департаменті АП-162/2 мекемесінде жазасын өтеп

жатқан 114 сотталушыға алғашқы қоңырау соғылды.

ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес, 30 жасқа толмаған

айыпталушылар қылмыстық-атқару жүйесі аумағында

орналасқан мектепте білім алуға міндетті. Департамент

аумағында орналасқан №44 орта білім беру мектебінде

11 мұғалім қызмет атқарады. Мекемеде сабақ өткізу

үшін барлық жағдай жасалған. Сотталғандар орта

білім алған соң, жонушы, слесарь мамандықтарын

игере алады. Бостандыққа шыққан уақытта жұмыс

істеуге мүмкіндік ашылмақ.

Жалпы, істі болған азаматтарды оқыту қиын.

Себебі әрқайсысының өмірге деген көзқарасы өзгеше.

Мамандық игеруге деген құлшынысы төмен. Мұндай

азаматтардың оқуға деген ынтасын жігерлендіруде

ұстаздардың еңбегі орасан. Сондықтан азаматтарға

болашаққа сеніммен қарауды үйретіп, мамандық иесі

атануда қол ұшын созу маңызды.

Павлодар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі

департаментінің тәрбие бөлімі.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!