21.09.2017 Views

21 қыркүйек, 2017 жыл №103 (15130)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА 21 қыркүйек, бейсенбі, 2017 жыл 3

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

ЖИЫН-ТЕРІМ

Картоп пен көкөніс көлемі

қажеттілікті жеті орап кетеді

Аймағымызда диқандар жаз

бойғы маңдай тердің жемісін

көруде. Еккендерін жиыптеріп,

қоймаға құюда. Көкөніс

өсіретін шаруаларда да қазіргі

кезде тыным жоқ. Картобы мен

сәбізін, қызанағы мен қиярын,

пиязы мен қырыққабатын

қаптап, бір бөлігін тұтынушыға

жөнелтіп, енді бірін қысқа

сақтау қамына кірісіп кеткен.

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының ауыл шаруашылығы

өнімдерін дайындау және қайта өңдеу

бөлімінің мәліметінше, алдағы қараша

айында Павлодарда көкөністерді арзан

бағамен сату басталады. Яғни көкөністер

әлеуметтік дүкендерге биыл 1 қарашадан

2018 жылдың мамыр айына дейін арзан

бағамен босатылады.

Жалпы биыл облыста қыс-көктем айларына

белгіленген бағамен 10 мың тонна

картоп, 1 мың тонна сәбіз, 200 тонна

қызылша, 500 тонна және 200 тонна

пияз сақтауға салу жоспарланып отыр.

Бағаларына келетін болсақ, келесі жылдың

1 ақпанына дейін көкөніс қоймаларынан

картоп пен сәбіз, қызылшаның келісі

50 теңгемен босатылады. Ал одан кейін

дүкендерге мамыр айына дейін 60 теңгеден

жөнелтіледі. Демек, әлеуметтік дүкендердің

қосатын үстемелерін ескерсек, жоғарыда

С

аталған көкөніс бағасы сәйкесінше

65-75 теңге шамасында болады.

Ал қырыққабаттың келісі 1 ақпанға

дейін 60 теңгеден, пияз 55 теңгеден

босатылып отырады. Ары қарай мамырға

дейін олардың бағасына 10 теңге қосылып

әлеуметтік дүкендерге сатылады.

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының ауыл шаруашылығы

өнімдерін дайындау және қайта өңдеу

бөлімінің бұған дейін жергілікті атқарушы

билік аймағымыздың 40-тан астам ауыл

шаруашылығы өндірушілерімен меморандум

жасады. Екі жақты келісімдердің негізінде

қыс-көктем мезгілдерінде тұрғындарға

делдалсыз арзан өнімнің жетуін қамтамасыз

ету көзделіп отыр.

Жалпы, биыл өңірімізде 17, 2 мың

гектарға «екінші нан» егілсе, 6,9 мың

гектарға көкөніс тұқымы себілген болатын.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының

өсімдік шаруашылығы және механизация

бөлімінің басшысы Есентай

Мүрсәлімовтің мәлімдеуінше, қазіргі

таңда өңірімізде егілген картоптың

82 пайызы жиналды. Ал көкөніс өсірушілер

алқаптан өнімнің 75 пайызын теріп үлгерген.

Мамандар ауа райы қолайлы болса, картоп

пен көкөніс жинауды қыркүйектің аяғына

дейін толық аяқтауды межелеп отыр.

Басқарма мәліметі бойынша картоп пен

көкөніс көлемі облыс қажеттілігінен жеті

есеге асып түседі. Яғни, аймақ тұрғындары

бұл өнімдерден таршылық көрмеуі тиіс.

Жұртшылық қазір арзан бағалы картоп

пен көкөніске жарып отыр. Бірақ қыста

қай-қайсысының да бағасы шарықтайтыны

жасырын емес. Енді билік қолға алып

жатқан бұл шаралар бағаны тежеуде

тиімділігін көрсетсе игі.

ҚАУІПСІЗДІК

Ұшатын аппарат ұтымды болмақ

Еуразиялық топқа кіретін «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы»

АҚ-ның «Шығыс» кеніші квадрокоптер сатып алды.

Кәсіпорын мамандарының айтуынша, бұл заманауи ұшатын шағын

ғана аппарат қауіпсіз әрі тиімді.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Қыстың

қамына

кірісті

Облыс орталығында алдағы

қыста күнделікті қар тазалауға

248 техника жұмылдырылмақ.

Бұл туралы Павлодар қалалық

мәслихаттың тұрақты комиссиясының

отырысында сөз болды.

Павлодар қалалық мәслихатының

тұрақты комиссиясында қалалық тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

басшысының орынбасары Николай Казанин

қыс мезгілінде қар жинау жөнінде айтып

берді.

- Қаланың орталық көшелері ғана емес,

шеткі көшелер де қардан тазартылатын

болады. Атқарылатын жұмыс көлеміне

көшелерді күтіп ұстау, айына 14 рет

жинау және көктайғаққа қарсы материал

төсеу енеді. Түскен қар күндізгі нормадан

асып кеткен жағдайда жол қауіпсіздігін

қамтамасыз ету мақсатында ақ ұлпа тәулік

бойы жинастырылады, - дейді тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары

бөлімі басшысының орынбасары Николай

Казанин.

Қала шартты түрде төртке бөлініп, үш

мердігер ұйым қар тазалаумен айналысады.

«Горкомхоз-Павлодар» ЖШС Ертіс өзенінен

Кутузов көшесіне дейін айналып өтетін

жолды, «Холдинг Транс Павлодар» ЖШС

Кутузов көшесінен Шарбақты ауданына

шығатын жолға, «Шығыс» ЖШС солтүстік

және оңтүстік айналып өтетін жолдарды

тазалайды.

Айта кетейік, ведомствоның қарамағында

130 жүк тасымалдайтын көлік, 18 құм

шашатын және әртүрлі 248 техника бар.

Өз тілшіміз.

ОЙТАЛҚЫ

Жаңа жүйені

қалай

қабылдадыңыз?

Бұл құрылғы қолжетімділік тұрғысынан

аса қиын орындар мен опырылған тұстарға

тексеріс жүргізуді, кен жыныстарының

айтарлықтай габаритті түрлерін тиеуді

жеңілдетеді. Нысандардың құрылысын

айқын бақылауға мүмкіндік береді. Яғни,

қауіпсіздік тұрғысынан едәуір тиімді болмақ.

Еуразиялық энергетикалық корпорациясының

қауіпсіздік және еңбекті қорғау

бөлімінің мамандары өндіріске әкелінген

жаңа аспаптың арқасында кәсіпорындағы

көптеген өндірістік үдерістерді, қызметкерлер

мен мердігерлердің жұмысын қадағалауға

жол ашады. Дәл осы құрылғы «нөлдік

жарақатқа» қол жеткізудің тағы бір

мүмкіндігіне айналады.

- Дронды екібастұздық «Шығыс»

кенішіндегі жұмыстарға арнап алдық.

Оның көмегімен кеніштің маркшейдерлік

түсірілімін жасауға ниеттіміз. Енді қарап

көріңіз, бұрындағыдай әр «нүкте» бойынша

ұзақ жүрудің қажеті болмайды. Оның

орнына жаңа құрылғы арқылы бір сәтте

толық көрінісін көре аламыз. Осылайша

көмір жыныстарын жинауға, үйінділерді

қалыптастыруға, жол салуға едәуір қолайлы

учаскелерді анықтайтын боламыз. Мұндай

жаңашылдық жанармай үнемдеуге де

септігін тигізеді. Сонымен қатар көмір

жынысы ойдағыдай жарылмай қалған

жағдайда, жарылыс заттарын қою орындарын

қарау да оңайға түседі. Яғни

адамдардың жарақат алу ықтималдығын

айтарлықтай азайтады, - дейді «ЕЭК» АҚ

еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

бөлімінің басшысы Сергей Руссу.

Ал акционерлік қоғамның ақпараттық

технологиялар және басқару жүйелері

басқармасының басшысы Жасұлан

Смағұловтың сөзіне сүйенсек, сатып

алынған төртінші буынды квадрокоптер

үлгісі биыл үздік деп танылған.

- Біздің дрон бағыттаудың бес

инфрақызыл датчигімен қамтылған. Бұл

дегеніңіз, кедергіні кез келген жақтан

оңай айналып өте алады әрі жиіліктің

екі әртүрлі диапазонында жұмыс істейді.

Құрылғының мұндай ерекшеліктері жүктеме

жиілігі өте жоғары дәл осы «Шығыс»

кеніші үшін аса қажет. Сонымен бірге

дрон тар әрі күрделі жағдайларда автономды

түрде ұша алады. Аспаптың тағы

бір артықшылығы – нүктелер бойынша

ұшу тәртібінің болуы. Яғни экрандағы

сызықты сыза өтсеңіз болғаны, квадрокоптер

белгілі бір биіктікте бола тұра,

белгіленген траектория бойынша ұшады.

Ұшқыш камераны басқарумен айналыса

алады, ал ұшуды дронның өзі реттейді:

көрініс басқару пультіне онлайн-режимде

беріледі. Аппарат көтеріле алатын ең

жоғарғы нүктесі ұшуға көтерілген нүктеден

бастап жарты шақырымға созылады, -

дейді Ж.Смағұлов.

Кәсіпорын басшылығы осылайша жаңа

аппараттың арқасында өндірісте уақыт

та, өзге де ресурстарды да барынша

үнемдемек ниетте. Ең бастысы заманауи

құрылғының қызметкерлердің

қауіпсіздігін қамтуда орны ерек.

Г.МАҒЖАН,

Екібастұз қаласы.

Ел құлағы бес күндік

білім беру жүйесіне

көшу төңірегіндегі

толассыз тартыстардан

тұнып қалды. Осы тұста

әлеуметтік желілерде

көптеген пікірлер айтылуда.

Соның бірін

оқырман назарына

ұсынуды жөн көрдік.

Жассерік ЖӘЛЕЛҰЛЫ:

- Мектепте бала оқытып отырған

ата-аналармен пікір бөліскім келеді.

Биыл бес күндік оқытуға көштік, осыған

орай балалардың жүктемесі артып,

жетінші, сегізінші сабақ шықты. Осыған

қалай қарайсыздар? Содан соң, эксперимент

түрінде физика, химия сияқты

пәндер үш тілде оқытыла бастады.

Балаларыңыз мұны қалай қабылдады?

Өздеріңіз ше? Пән оқулықтарына

көңіл тола ма? Пікір білдіргенде,

қызбалыққа салынбай, уәжді сөз,

дәйекті пікір айтсаңыздар құба-құп.

Мектеп басшылары, мұғалімдер мен

білім бөлімі қызметкерлерінен де пікір

күтемін. Алдын ала алғыс білдіремін.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!