2 шілде, 2019 жыл №74 (15394)

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

2 шілде, сейсенбі

2019 жыл

№74 (15394)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

ДУАТЛОН

Елорда күніне -

ерекше сыйлық

Нақпа-нақ

Отандық

кәсіпкерлердің

42 пайызы

салықтық

амнистияны

пайдаланған

ҚАМҚОРЛЫҚ

Қарыз 2 айда

өтеледі

Қазақстандықтардың несиелер

бойынша борышын

мемлекет пен банктер есебінен

жабу жұмыстары шілде

айының ортасында басталады.

Бұл жөнінде ҚР Премьер-

Министрінің орынбасары -

Қаржы министрі Әлихан

Смайылов хабарлады.

Елордамыз - Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай дуатлоннан

Павлодар облысының ашық чемпионаты өтті. Оған облыс әкімі

Болат Бақауов, спорт ардагерлері, қала тұрғындары мен қонақтары

қатысты. Жарыста бақ сынаған 300-ге жуық спортшы алдымен

5 шақырымдық қашықтықты жаяу жүгіріп, одан соң 16 шақырымды

велосипедпен жүріп өтті.

«Рухани жаңғыру»:

ДАРА ТҰЛҒА

Суретті түсірген – Дархан Өмірзақов.

Жалғасы 3-бетте

Қылышынан қан тамған орыс патшалығының тұсында қазақ жеріне рухани үстемдік құрған

тұлғалар болған. Иә, олар патшаның пәрменінен гөрі, Жаратушының парызын биік қойып,

елді тура жолға бастады. Сондай әулие бабаларымыздың бірі - Сейділдә қажы Түйтебекұлы.

Заманның қиын тұсында екі рет қажылыққа барған және мешіт-медресе салып, 500-дей

шәкірт тәрбиелеген екен.

Толығырақ 5-бетте

Үкімет мүшелері бұл жұмысты қазірдің

өзінде бастап кетті. Банктердегі тізімді

айқындау, әлеуметтік қамсыздандыру

органдарының тізімімен салыстыру шаралары

жүргізілуде. «Барлық санаттағы

азаматтардың тізімін банк мекемелерінің

мәліметтерімен салыстырып жатырмыз.

Себебі, нақты санаттағы азаматтардың

қарызын өтейтінімізді білуіміз керек», -

деді Әлихан Смайылов.

Министрдің айтуынша, алдағы

бір-екі күнде қарызды өтеуге байланысты

қаражатты пысықтау жұмысы

Парламентте қаралады. Қазіргі уақытта

республикалық бюджеттен бөлінетін 88

млрд. теңгеге қосымша 17 млрд. теңге

қосу үшін проблемалық кредиттер қорының

облигациялары шығарылмақшы. Құжат

Парламенттен өткеннен кейін айқындау,

пысықтау жұмыстары 10 шілдеде аяқталып,

бірден несиені жабу бойынша жұмыстар

басталып кетеді деп жоспарланып отыр.

Жалпы, жұмысты алдағы 2 айда бітіру

көзделген.

Бүгінде еліміздегі әлеуметтік тұрмысы

төмен топтағы азаматтар - көпбалалы,

мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз

асыраушысынан айрылған отбасылар,

атаулы әлеуметтік көмек алатындар және

жетім балалар түрлі себептермен қиын

жағдайға тап болып, өз аттарына алған

несиелік міндеттемелерін орындай алмай

отыр. Осыған байланысты ҚР Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы

азаматтарының қарыз жүктемесін

азайту туралы» Жарлыққа қол қойғаны

мәлім. Тікелей және атаулы қаржылай

көмек ретінде жоғарыда аталған санаттағы

азаматтар үшін мемлекет екінші деңгейлі

банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан

алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге

дейін негізгі несиені және оған есептелген

сыйақыны өтейді.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 2 шілде, сейсенбі, 2019 жыл

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Бұған дейін хабарлағанымыздай,

Арыс қаласындағы үйлер 17

секторға бөлініп, оларды еліміздің

әр өңірінен келетін 160 құрылыс

бригадасы қайта қалпына келтірмек.

Олардың қатарында павлодарлық

мамандар да бар.

- Бүгін Арыс қаласына ұшып

келдім. Біз мұндағы ағайынның

жағдайына бейжай қарай

алмаймыз. Мен алда атқарылатын

жұмыстардың көлемін айқындап,

қандай үйлерді бірінші кезекте

жөндеу қажет екенін анықтау үшін

қала тұрғындарымен кездестім.

Павлодар облысы Елбасының

және Президенттің тапсырмасы

бойынша Арыс қаласында барлығы

450 үйді қалпына келтіреді. Біздің

мамандар бірнеше күн бұрын Арысқа

келіп, жөндеу жұмыстарын бастап

кетті. Тиісті шараларды аз уақытта

сапалы атқаруға тырысамыз, -

деді әлеуметтік желідегі аккаунтында

аймақ басшысы Б.Бақауов.

Алдын ала мәлімет бойынша,

Арыстағы жарылыс салдарынан 104

көпқабатты баспана, 7200 жеке үй,

14 мектеп, 28 балабақша, 2 аурухана

және мемлекеттік органдардың

аумақтық бөлімдерінің ғимараттары

зардап шекті. Мұндағы жағдаймен

танысқан ҚР Премьер-министрі

Асқар Мамин шаһарды қалпына

келтіру және оның әрі қарайғы

МЕРЕЙ

Мереке қарсаңында Павлодар

қаласы әкімінің гранты газеттің

жауапты хатшысы Сая Молдайыпқа,

Ақсу қаласы әкімінің гранты

басылымның шолушысы Құндыз

Қабылденоваға табысталды. Ал

өңірлік коммуникациялар қызметінің

Алғыс хаты бас редактордың орынбасары

Мұрат Аяғановқа берілді.

Газеттің әлеуметтік мәселелер

жөніндегі бөлім басшысы Нұржайна

Шодыр облыстық білім беру

басқармасының Алғыс хатына, ал

экономикалық мәселелер жөніндегі

бөлім басшысы Гүлжайна

Түгелбай Павлодар облысы

бойынша мемлекеттік кірістер

департаментінің, Баянауыл ауданы

әкімінің Алғыс хаттарына ие болды.

10 кешенді шара

Сый-құрметке бөленді

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне

орай облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің ұжымы

бірқатар марапатқа ие болды. Әріптестерімізді қалааудан

әкімдері мен облыстық басқарма басшылары

және басқа да мекемелер арнайы құттықтады.

#АРЫСБІЗБІРГЕМІЗ

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Түркістан облысындағы Арыс қаласына

арнайы барып, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Оңтүстіктегі ағайынның

үйлерін жөндеп, қалпына келтіру үшін жүргізілетін жұмыстарды пысықтады.

әлеуметтік-экономикалық дамуын

қамтамасыз ету үшін 10 кешенді

шара жүргізуді тапсырды. Олардың

қатарында осы жылдың 1 тамызына

дейін барлық тұрғын үйді жөндеу, әр

тұрғынға бірреттік көмек – 100 мың

т е ң г е т ө л е у , ж е р г і л і к т і к ә с і п к е р л е р г е

1 шілдеден бастап 5 млн. теңге

көлемінде жеңілдетілген несие

Басылымның шолушысы Данияр

Жұмаділов сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының

облыстық департаментінің грамотасын,

Ақтоғай ауданы әкімінің Алғыс

хатын иеленді. Бұдан бөлек, газеттің

шолушысы Айдана Қуанышева

облыстық төтенше жағдайлар

департаментінің және облыстық

полиция департаментінің Алғыс

хатына, газеттің тілшісі Алпысбай

Хонж облыстық денсаулық сақтау

басқармасы мен облыстық дін істері

жөніндегі басқармасының Алғыс

хатына, газеттің тілшісі Тілеуберді

Сахаба облыстық дін істері жөніндегі

басқармасы мен Мәшһүр Жүсіп

атындағы орталық мешіттің бас

имамы Жолдас қажы Қоспақұлының,

«Big picnik»

Өткен сенбі күні облыс орталығындағы «Зеленая роща»

шаңғы базасында «Big picnik» шарасы өтті. Ашық аспан

астында өткен пикникте өңір жастары түрлі шараларға

куә болды.

беру және осы жылдың соңына

дейін оларды салықтан босату,

аурухана мен екі емхана салу,

екі апта аралығында оқ-дәрілерді

шығару сынды жұмыстар бар.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Сурет Б.Бақауовтың

әлеуметтік желідегі

парақшасынан алынды.

газеттің тілшісі Қарлығаш Хашым

облыстық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы мен облыстық

мәдениет, архивтер және құжаттама

басқармасының Алғыс хатына, газеттің

тілшісі Мереке Амантай облыстық

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары мен облыстық жер

қойнауын пайдалану, қоршаған орта

және су ресурстары басқармасының

Алғыс хатына ие болды.

Атаулы мерекеде газет ұжымын ҚР

Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы

генерал-лейтенант Р.Жақсылықов,

сондай-ақ, Ақтоғай ауданының

әкімдігі құттықтады. Бұдан бөлек,

облыстық білім беру басқармасы,

облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасы, облыстық тілдерді

дамыту жөніндегі басқармасы,

Павлодар облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті,

«Атамекен» облыстық кәсіпкерлер

палатасы арнайы құттықтап, Алғыс

хаттар мен сый-сыяпат табыс етті.

Өз тілшіміз.

Көмек қолын созуда

Арыс қаласында болған төтенше жағдайдан зардап

шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатындағы

республикалық науқан аясында Павлодар облысына

қарасты мешіттерде «Кереку көмегі!» атты

қайырымдылық шаралары жүргізілуде.

Шара барысында қала, аудан мешіттері «Қайырымдылық

жәрмеңкесін» ұйымдастыруда. Жәрмеңкеден түскен қаражат

Арыстағы ағайындарға көмек ретінде жіберілетін болады.

Сонымен қатар, Мәшһүр Жүсіп мешітінің ұйымдастыруымен

қаржылай көмек көрсетем деушілерге «Каспий голд» арқылы

ашылған «Кереку көмегі!» есепшоты да жұмыс істеп тұр.

Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы Арыстағы

апаттан зардап шеккендерге қол ұшын беріп, көмек көрсету, сауапты

амалдар қатарына жататындығын айтты. Қадірменді оқырман,

сіз де қиын жағдайда қалған оңтүстіктегі ағайындарымызға қол

ұшын беріп, мол сауапқа кенеліңіз. Алла береке-бірлігімізден,

ынтымақ-тірлігімізден айырмасын.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ,

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

Зиянкестерді

улауда

Павлодар облысында өсімдіктер мен ауыл шаруашылығы

өнімдеріне залал келтіргіш зиянкестерді

у л а у ж ұ м ы с ы ж ү р г і з і л уд е . А ғ ы м д а ғ ы ж ы л д ы ң

26 маусымына дейін 51 мың тонна дәрі-дәрмекпен

84 мыңнан астам гектар алқап өңделді.

Тілеуберді САХАБА

ТАБИҒАТ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік инспекция

комитетінің аумақтық инспекция басшысының орынбасары Арман

Шүйкеновтің сөзінше, саяқ шегірткелер дернәсілдері облыс аумағында

112 500 гектар алқапқа және үйірлі шегірткелер 48 мың гектар

аумаққа түскені анықталды. Бүгінде саяқ шегірткелер түскен жердің

13 мың гектардан астамы және үйірлі шегірткелер анықталған жердің

7,5 мың гектарына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

- 1999 жылы бекітілген «Өсімдіктер карантині туралы» заңының

18-бабы, 1-тармағы, 18-тармақшасына сәйкес жеке және заңды

тұлғалардың меншігіндегі жер учаскелерін зиянкестерден улауды

сол жер иелері жүргізуі керек. Мемлекеттік бақылау және қадағалау

органдарының нұсқауларын орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке

тартылады. Ағымдағы жылы облыстың шекара аумақтарында

5 фитосанитарлық бақылау бекеттерін құру шаралары жүргізілуде.

Бекеттерді материалдық-техникалық жабдықтау үшін 5 бірлік автокөлік,

5 жылжымалы вагондар сатып алынды, - деді Арман Бағдатұлы.

Спикердің сөзінше, жыл басынан бері карантиндік зертханаға

630 өнім түрі жіберіліп, зерттеу жасалған. Жалпы саны 742

зертханалық анализ жасалып, фитосанитарлық сараптама қорытындысы

жасалды. Жыл басынан бері фитосанитарлық талаптарды бұзған

59 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып,

1616,0 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Асхат

Оралов қатысты. Диалогtime алаңында өңіріміздегі

жастар мәселесіне қатысты тақырыптарға тоқталып,

жиналған жастармен емін-еркін әңгіме құрды.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының

ұйымдастыруымен өткен шараға өңіріміздің әр

аудан-қалалары мен ауылдарынан жастар жиналды.

Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері

де қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Big

picnik» жастар арасында саламатты өмір салтын

қалыптастыруға, өзара достықты нығайтуға,

сонымен қатар, олардың бос уақытын тиімді

өткізуге бағытталған.

Пикник аясында арнайы тренингтер өткізілді.

Онда жастар арасындағы әлеуметтік-психологиялық

жұмыс жүргізудің бағыттары, білім беру, командада

жұмыс істеу сынды тақырыптар туралы кеңінен

айтылды. Мәселен, «Әлеуметтік-волонтерлік орталық»

ЖҚБ төрайымы Аяжан Құрманова өңіріміздегі

еріктілердің атқарған ауқымды жұмыстары туралы

айтып, олардың орталық ішіндегі өзара қарымқатынастарына

тоқталды. Бұдан бөлек, спорттық

ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

Жиналғандар өзара командаларға бөлініп, тартысты

ойын өткізді.

Өз тілшіміз.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА

2 шілде, сейсенбі, 2019 жыл 3

Жүк көлігіне - жіті назар

ЖОЛ

Биыл Павлодардағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жоғарғы санаттағы

жолаушылар тасымалы және жүк көліктері әкелінеді. Соның нәтижесінде жүргізуші куәлігінің

«С» санатын алушылар да мұнда емтихан тапсыра алады.

Тілеуберді САХАБА

Жақында Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы

бойынша департаменті қаламыздағы

мамандандырылған халыққа қызмет көрсету

орталығының қызметін тексерді. Департамент

басшысы Әділбек Мұқашев орталық

қызметкерлеріне тұрғындар тарапынан түсетін

барлық арыз-шағымдарға назар аудару

керектігін тапсырды. Жалпы, бұл тексеріс

не себепті жүргізілді дегенге келер болсақ,

бұған дейін кейбір тұрғындар халыққа

қызмет көрсету орталығының қызметіне

көңілдері толмайтынын білдірген. Яғни, біраз

уақыт бұрын тұрғындар көлікті есептен

шығару үшін екі күн күттік деп әлеуметтік

желіде дабыл қаққан еді. Сонымен қатар,

практикалық сынақ тапсыруға арналған

автодромның жұмысы да талапқа сай

емес көрінеді. Мәселен, мұнда емтихан

тапсырушылар тек жеңіл көліктерді ғана

жүргізіп үйренеді. Ал үлкен жүк көліктері

қарастырылмаған. Дегенмен, бұл мәселе

жақын арада өз шешімін табатынын айтты

орталық өкілдері.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы облыстық филиалының

директоры Фархат Әлімовтің сөзінше,

ағымдағы жылы шілде айының басында

бір автобус және бір «КамАЗ» автокөлігі

жеткізіледі екен.

- Біздің орталықта күніне 13-15 адам

жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырады.

Тұтынушылардың талабына сай қызмет көрсету

үшін барлық жағдайды жасаудамыз. Иә,

бұған дейінгі түскен шағымдар орынды. Енді

оны реттеп жатырмыз. Орталыққа жоғарғы

санаттағы жолаушылар тасымалы және

жүк көліктері әкелінеді. Соның нәтижесінде

жүргізуші куәлігінің «С» санатын алушылар

да мұнда емтихан тапсыра алады. Жалпы,

тұрғындар «Азаматтарға арналған үкіметтің»

қызметі бойынша кез-келген уақытта тікелей

маған хабарласып, шағымдана алады

және өтініш-тілектерін білдіруге мүмкіндік

бар. Менің телефон нөмірім біздің сайтта

көрсетілген. Сонымен қатар, 1414 коллорталығы

арқылы да хабарласуға болады, -

деді Ф.Әлімов.

Мамандандырылған халыққа қызмет

көрсету орталығына жүргізуші куәлігін

жаңадан алатындардан бөлек ауыстыратын

адамдар да жиі келеді. Ал олар

кезек күтіп уақыттарын бос жоғалтпас үшін

құжаттарын электрондық үкімет порталы

арқылы рәсімдеуге болады. Бұған бар

С

болғаны 30 минут уақытыңыз ғана кетеді.

Мұнда жылдың соңына дейін бірқатар

өзгеріс енгізілмек. Мысалы, шілдеден

бастап, полиция қызметкерлері емтиханға

бақылаушы ретінде қатыспайды. Бұл -

азаматтар мен полицейлердің қарымқатынасты

азайту мақсатында енгізетін

жаңалық. Бұдан бөлек, қыркүйек айында

ХҚКО-ның ғимараты облыс балансына

өткізіледі.

Халыққа қызмет көрсету орталығының

аға инспекторы, полиция майоры Берік

Естаевтың сөзінше, азаматтар алдымен

теориялық емтиханын тапсырады. Бірінші

кезеңнен өткендер ғана екінші кезеңге,

яғни тәжірибелік сынаққа жіберіледі.

Тәжірибелік емтихан жүргізілетін орын мен

ондағы барлық көліктер бейнекамераның

бақылауында. Естеріңізге сала кетейік,

біздің облыста мамандандырылған ХҚКО

2014 жылдың желтоқсан айында ашылған

болатын.

Басы 1-бетте

Алпысбай ХОНЖ

Елорда күніне -

ерекше сыйлық

Жарыс облыс орталығындағы

Нұрсұлтан

Назарбаев даңғылы мен

Торайғыров көшесінің

қиылысында бастау алды.

Қатысушылар Нұрсұлтан

Назарбаев даңғылы

бойымен әуежайға дейін

б а р ы п , к е р і қ а й т т ы . С а й ы с -

керлер Мемлекеттік рәміздер

алаңындағы мәре сызығына

дейін жаяу жүгіріп жарысты.

- Биыл Елордамыздың

21 жылдығына орай

21 шақырымдық дуатлон

ұйымдастырдық. Бұл -

«Жастар жылы» қолға

алынған игі шараның бірі

деп ойлаймын. Баршаңызды

келе жатқан Нұр-Сұлтан қаласының туған

күнімен құттықтаймын! - деді аймақ басшысы

Б.Бақауов.

21 шақырымдық жарыста сынға түскен

300 спортшының арасынан Павлодар бизнесколледжінің

I курс студенті Қысса Түсіпбаев

44 минут, 21 секундта мәре сызығын кесіп өтіп,

чемпион атанды. Ал 46:43 уақыт көрсеткішімен

жарысты аяқтаған Павлодар қаласының тұрғыны

Денис Забияка екінші орынды жеңіп алды.

Сайысты 47:22 уақыт ішінде аяқтаған Руслан

Шакратов қола медальді мойнына тақты.

Әйелдер (қыздар) арасында Ирина Быкованың

бағы жанды. Ол бұл қашықтықты жүріп өтуге

52:56 уақыт жұмсады. Күміс жүлдені Татьяна

Мирогородская (53:19) еншіледі. Ал үшінші

орын Хадишат Цечоеваға бұйырды. Жарыс

жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыс әкімі

Болат Жұмабекұлы құттықтап, медальдармен,

Алғыс хаттармен марапаттады.

Дуатлон сайысына кәмелеттік жасқа

енді ғана толған жастар да, спортты

жанына серік еткен егде жастағы азаматтар

да қатысты. Соның бірі Ақсу қалалық

ардагерлер кеңесінің төрағасы Зәлмұқан

Арынов:

- Менің бүгін туған күнім. 75-ке

толдым. Адам жасы егделеген сайын

дене жаттығуларын көбірек жасағаны

дұрыс. Спорт – денсаулық кепілі. Осындай

көпшілік қатысатын жарыстарға жиі

қатысамын. Барлық облыс тұрғындарын

спортпен айналысуға шақырамын, -

деді З.Арынов.

Дуатлонға қатысқан барлық спортшы

естелік сыйлықтармен марапатталды.

САУАЛНАМА

С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапхана ірі аймақтық

ақпарат, білім беру және мәдениет орталығы ретінде өзінің

пайдаланушылары арасында тоқсан сайын әлеуметтік зерттеулер

жүргізіп келеді. Осы арқылы оқырмандарымыздың

рухани орынға деген бағасын біліп, қызмет сапасын арттырамыз.

Сізге қандай

кітапхана керек?

Кітапханаға келген оқырмандарымыз

арасында жиі жүргізілетін сауалнамалардың

ішіне «Сізге қалай қызмет көрсетілді?»,

«Кітапханаға оқырмандардың бағасы»,

«Арнайы қажеттіліктері бар адамдарға

қызмет көрсету», «Кітапханашы

балалардың көзімен», «Әйелдер не

оқиды?» тәрізді сұрақтар кіреді. Қызмет

көрсету сапасы бойынша сауалнамаға

20 жасқа дейінгі және 60 жастан жоғары

30 адам қатысты, оның ішінде 62%-ы -

әйел, 38%-ы - ер адамдар.

Ең үлкен топ - 20-30 жас аралығындағы

студенттер 47,6% немесе жалпы санның

42,9 пайызы. Бұл негізінен жоғары

немесе арнайы орта білімі бар жастар

28,6%. Оқырмандардың 81%-ы біздің

кітапханамызды, ал қалған 23,8%-ы

басқа кітапхананың қызметіне жүгінетіні

белгілі болды.

Біздің кітапхананың ерекшелігі -

ақпараттың көптігі, Wi-Fi арқылы

INTERNET-ресурстарына қолжетімді

болуы, кітапхананың қала орталығында

орналасуы және оның дизайны үлкен рөл

атқарады. Осының барлығы келушілерге

жайлы ортада жұмыс істеуге мүмкіндік

беріп отыр.

Сонымен, сауалнаманың нәтижесінде

оқырмандардың жартысынан көбі, яғни

62%-ы кітапханаға айына бірнеше рет келсе,

аптасына мұнда ат басын бұратындар -

14,3%-ды, жылына бірнеше рет келетіндер -

14,3%-ды, күнделікті оқырмандар саны

4,8%-ды құрайтыны анықталды. Сонымен

қатар, жерлестеріміздің арасында «көркем

әдебиет және өнер» тақырыбындағы

кітапты оқитындар 85,7%, «әлеуметтік

және экономикалық ғылымдар» бойынша

33,3%, ал «жаратылыстану ғылымдары»

негізінде 28,6%, «техника» саласында

19%, «медицина» әдебиеттерін іздейтіндер

14,3%-ды құрайды екен.

Жерлестеріміз алдағы уақытта

қордағы «әдеби жаңалықтарды», «шетел

әдебиетін», «бестселлерлердің» мол

болғанын қалайды. Бұдан бөлек, көптеген

қатысушылар кітапханада кафе немесе

буфет болса деген ниетте.

Бізді қуантатын жайттың бірі - қазіргі

уақытта облыстық кітапхананың жастар

арасында үлкен сұранысқа ие болуы.

Бізді жастардың 79%-ы электрондық

басылымдарға қарағанда дәстүрлі

кітапты ұнататындығы таң қалдырады.

Зерттеу көрсеткендей, кітапханада бос

уақытты өткізу үшін жастарда таңдау

еркіндігі бар.

Айнагүл ЖЫЛҚЫБЕКОВА,

С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапхананың

кітапханаларды дамыту бөлімінің

басшысы,

Айнель МЫРЗАҒАЛИЕВА,

кітапханашы.


4 2 шілде, сейсенбі, 2019 жыл ҰЛТ САУЛЫҒЫ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ҚАРАШЫҚ

Жанарыңды жастайыңнан күт

Емханадағы

окулист, офтальмолог

дәрігерлердің

қабылдауына мектеп

жасындағы оқушылар мен

жастар жиі жазылады.

Дәрігерлер жас ұрпақтың

көру қабілеті нашарлап

бара жатқанын айтады.

Оған қазіргі заманда

бәріміздің «айырылмас

серігімізге» айналған

гаджеттер кінәлі болып

отыр.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Статистикалық деректерге сүйенетін

болсақ, елімізде соңғы екі жылдың ішінде

көз ауруы белең алып отыр. Оның ішінде

оқушылардың 30 пайызға жуығының

көру қабілеті нашар. Әсіресе, 15-17

жас аралығындағы жасөспірімдердің

30 пайыздан астамы осындай дертке

шалдыққан. ЮНИСЕФ халықаралық

ұйымының зерттеу нәтижелеріне сүйенсек,

8-12 жас аралығындағы балалардың 40

пайызы интернеттен бас алмаса, 14-16

жастағыларда бұл көрсеткіш 60 пайызды

құрайды.

Дәрігерлердің айтуынша, әлдебір затқа

тым жақыннан үңілу арқылы көзіміздің

бұлшық етін қатайтып алады екенбіз.

Салдарынан қос жанарымыз ұлғая түседі.

Тіпті, бұлшық ет жиырылып кетуі мүмкін.

Сорақысы сол, көзді қанша емдегенмен

қалыпты сау қалпына келтіру мүмкін емес

екен. Бұл дерттің жастар арасында белең

алуына таңнан кешке дейін телміріп

отыратын ұялы телефон, планшет себеп

болып отыр.

Медицина мамандарының айтуынша,

сау адам күніне көзін 30 мың рет ашыпжабады

екен. Әр жыпылықтан кейін ылғал

бөлінетін көрінеді. Егер экраннан бас алмай,

ойын не киноны үңіліп көретін болсақ рефлекстен

айырыламыз. Жыпылықтатпаудың

әсерінен көз құрғай бастайды. Мұның

соңы оның қызарып, жанарымыздың

ашуына әкеледі. Көз ауруларының

ішінде сығырлық (миопия), алыстан

көрмеушілік (близорукость) дерті көп

кездеседі. Тіпті, жасы 10-ға толмаған

балалардың арасында көру қабілеті

-10, -15-ті құрайтындар да бар екен.

Сондықтан балаларды гаджеттерден тыйып,

қолдану уақытын күніне 20 минутқа

дейін шектеу қажет. Ал қызметі компьютермен

байланысты ересек адамдар

әр 40 минут сайын үзіліс жасап, көзін

демалдыруы қажет.

Көз ауруларының ішінде катарактаны

дер уақытында емдесе, жазылуға мүмкіндік

бар екен. Ал глаукома дерті кезінде көздің

көру қабілеті тек нашарлай түседі. Глаукомамен

ауыратындардың көз жанары

жасаурап, бұлдырай береді. Сонымен

қатар, бас ауырады. Көбінесе осы дертке

шалдыққандардың сырқаты диабеттен

пайда болады екен. Егер жастардың қан

қысымы жиі көтерілетін болса, көздің

көру қабілетін бұзады.

Тереңкөл аудандық орталық ауруханасының

тәжірибелі окулисі Евгений

Рукин де жастар арасында бұл дерттің

белең алуына компьютер мен ұялы

телефонның себеп екенін айтады.

- Қабылдауыма ересектер мен жастар

да жиі келеді. Жасы келген адамдар

арасында катаракта ауруы жиі кездеседі.

Ал жастар дер кезінде емделуге келмей,

асқындырып алып жатады. Көздің көру

қабілетін қалыпқа келтіру үшін жаттығу

жасаудың маңызы зор. Қос жанардың

бұлшық еттерін күшейтудің де пайдасы

бар, - дейді дәрігер.

Мамандардың сөзінше, түрлі жарнамаға

сеніп, өздігінен дәрумендерді пайдаланудың

пайдасынан зияны басым екен. Дәруменді

алты ай сайын қолдану керек. Ұйықтар

алдында көзімізді 2 сағатқа жуық уақыт

демалдырған дұрыс екен. Сондықтан

теледидар көру арқылы ұйқыға кету

әдетін шектеген жөн. Жаз мезгілінде

ультракүлгін сәуледен қорғану үшін күнге

қарсы көзілдірік киіп жүрудің де пайдасы

зор, - дейді мамандар.

Ерте замандарда қазіргідей диагностика

болған жоқ. Көз ауруларын тексеретін түрлі

құрылғылар бар. Сондықтан дертімізді

асқындырмай, жанарымызды соқыр болып

қалудан сақтайық!

ТЕМІРҚАЗЫҚ

Айдана

ҚУАНЫШЕВА

Аллергияның

әлегі көп

Жаз мезгілінде адамдар арасында аллергия

өрши түседі. Өйткені көк шыға бастағанда

жұртшылықтың тыныс алуы әлсіреп, мұрын

қуысы бітеліп, көзі жасаурап әуреге түседі.

Тіпті, аллергиясы бар адамдардың терісі

де бөртіп, беймаза халді кешеді.

Қазіргі уақытта көшені ағаштан ұшатын ақ

мамық жаулағанын білеміз. Денеміздің ашық

жерлерін жыбырлатып, мазамызды қашыруда.

Аллергиядан жапа шегетіндердің дерті

ақ ұлпадан кейін тіпті өрши түседі екен.

Мамандар мұндай ауруға шалдыққандар

алдымен дәрігер қабылдауына келіп, тексеруден

өту керектігін айтады.

Өсімдік тозаңы салдарынан туындайтын

маусымдық ауру кезінде аллергологтардың

көмегіне жүгініп, мына қағидаларды естен

шығармағаны жөн. Мамандар желді күндері

терезені ашпау керектігін айтады. Өйткені

мұндай уақытта өсімдік тозаңы ауа арқылы

ж ы л д а м т а р а й д ы . Т о ғ а й м е н о р м а н ғ а

серуенге шықпаған жөн. Керісінше,

өсімдігі аз, сулы өзен жағасына жақын

жерде демалған дұрыс. Өсімдіктен тозаң

таңғы сағат 5-7-де бөлінсе, кешке сағат

17-19 аралығында бөлінеді екен. Міне,

осы уақыттарда далаға шықпаған абзал.

Аллергиядан жапа шегетін адам бөлме

ішін үнемі ылғалды шүберекпен сүртіп,

таза ұстауы қажет. Бұл ретте бөлме ішінде

шаң жинайтын жиһаздардың болмағаны

дұрыс. Әсіресе, сыртқы киімді ауыстырып

ҚАУІПСІЗДІК

Ата-ана нені білуі тиіс?

Жаз – балалардың ойынға қанығып, алаңсыз демалатын уақыты. Сондықтан ата-аналар

перзенттерінің жазғы демалысын дұрыс жоспарлап, оны қызықты өткізуін қамтамасыз

етулері тиіс.

Қазіргі уақытта негізгі қауіпсіз көлік -

теміржол көлігі. 6 жастан 18 жасқа дейінгі

аралықтағы балалар медициналық қобдишамен

қамтамасыз етілген дәрігермен

жолға жөнелтіледі. Бұл - ата-аналар балаларын

алаңсыз демалысқа жіберуі үшін

жасалатын шара. Жолға шығарда таза

ауызсумен қамтамасыз етіледі.

Тамақтан уланудың алдын алу мақсатында

ата-аналар балаларға тез бұзылатын өнімдерді

бермегені абзал. Мысалы, жұмыртқа,

тауық, сиыр еттері, сүт өнімдері, қуырылмаған

котлет, паштет, шұжық, майонез

қосылған салаттар, бәліш және крем

қосылған торттарды тұтынбауы керек.

Жолға шығарда өнеркәсіпте өндірілген

мынадай құрғақ тамақ өнімдері рұқсат

етіледі:

1) бұқтырылған ет консервілері (жарма,

макарон бұйымдары мен еті бар көкөніс),

еті бар консервідегі түскі тағам;

2) көкөніс және өз сөлінде дайындалған

балық консервілері;

3) тез дайындалатын тамақ өнімдері

(лапша, картоп езбесі);

4) печенье, тоқаш, жұмсақ кәмпит;

5) жеке қаптамадағы өлшеп құйылған

жеміс-жидек шырындары мен ауызсуды

енгізуге рұқсат етіледі.

Жарақаттану мен күйік шалудың алдын

алу үшін балаларға келесі мәселелерді

түсіндіру қажет:

Поездан түскенде жүгіруге болмайды.

Көліктегі терезені ашып, басын шығаруға

рұқсат бермеген жөн. Баланың жалғыз

жолдың арғы бетіне жүгіріп өтуіне тыйым

салу керек. Жасөспірімдерді тасымалдауға

арналған вагон қауіпсіздік белдіктерімен

жабдықталады.

Егер балаларды жолаушы вагонына

отырғызу кезінде ішек инфекциясына

қатысты күдік байқалса, яғни температура,

құсу белгілері болса, жолға жіберілмейді.

Ал жол бойында ауырып қалса, жеке купеге

жатқызылады. Оған медициналық көмек

көрсетіледі.

Өткен жылы Павлодар облысы бойынша

темір жол көлігімен 167 бала қатынасы

ұйымдастырылды. Қандай да бір заңбұзушылық

орын алған жоқ.

отырудың маңызы зор. Аллергиямен жылда

күресетіндер табиғи тамақты тұтынуы керек

екен. Себебі қазіргі фаст-фуд сынды дайын

тағам ауруды өршіте түседі. Кеспе, ет

қосылған тағамдарды тұтынған жөн.

Жалпы, аллергияның алғашқы кезеңі

сәуір-мамыр айлары аралығында жүреді.

Бұл уақытта емен, терек сынды ағаштар

тозаңданады. Ал маусым-шілде айы

аралығындағы екінші кезеңде шабындық

шөптер гүлдейді екен. Мамандардың сөзінше,

адамдардың көпшілігіне жусан иісі жақпай

жатады. Бұдан бөлек, қыс айында да аллергия

өрши түседі екен. Ауа температурасы күрт

төмендегенде тері мен тыныс жолдары

тітіркенеді. Бұл кезде созылмалы ауруға

шалдығатын суыққа сезімтал жандар жапа

шегеді.

Жиі түшкіріп, денеде қандай да бір

бөртпелерді анықтаған адам алдымен дәрігердің

қабылдауына барғаны дұрыс. Мамандардың

нұсқауынсыз өздігінен емделетіндер дертті

асқындырып алады. Салдары демікпеге

ұласуы ықтимал. Сондықтан жоғарыдағы

кеңестерге құлақ асып, дертімізді асқындырып

алмайық!

Т.АЯЗБАЕВ,

Павлодар бөлімшелік көліктегі

қ о ғ а м д ы қ д е н с а у л ы қ с а қ т а у

басқармасының басшысы.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

RÝHANI JAŃǴYRÝ 2 шілде, сейсенбі, 2019 жыл 5

Тілеуберді САХАБА

Жақында Ертіс-Баян өңірінің ақынжазушылары

мен журналистері Тереңкөл

жаққа арнайы барып, Сейділдә Түйтебекұлы

жерленген зиратты көріп қайттық.

Сапарға шығушыларды Бұқар жырау

атындағы әдебиет және өнер музейінің

бөлім меңгерушісі, өлкетанушы Ербол

Қайыров бастап барды. Иен даладағы

жалғыз төмпешік бір көрген адамға

ерекше әсер қалдырады, ойландырады.

Кезінде ұлттың қамы үшін бастарын

тауға да, тасқа да соққан батырлардың

ат тұяғының дүбірі естіледі. Халықты

Алланың ақ жолына шақырған көсемдер

мен шешендердің шарапаты сезіледі.

Талай тарихи оқиға дүбірлеп өткен

Тереңкөл-Тегістік төңірегінде әлі күнге

дейін ашылмаған сыр, айтылмаған сөз

көп. Осы сапарымызда соған көз

жеткізгендей болдық. Ауылдың

ақсақалдарымен кездестік, тарихимәдени

орындарын зерттеп жүрген

өлкетанушылармен сұхбаттастық. Түсінген

адамға түйіп алар дүние көп екенін

аңғардық.

Сейділдә қажы Түйтебекұлы шамамен

1874 жылдары қазіргі Тереңкөл аумағында

дүниеге келген. Руы – Уақ, оның ішінде

Момын. Түйтебек шалдың төрт ұлы

болған. Убайдолда, Сейділдә, Абайілдә

және Бәйілдә. Сейділдә жастайынан

дінге жақын, білімге құштар болып

өседі. Бала жастан ауыл қарияларынан

«дәріс» алып, аңыз-әңгімелер мен

қисса-дастандарды жаттапты. Кейін сол

кездегі көптеген қазақ жастары білім

алған Уфадағы «Ғалия» медресесіне

түсіп, шығыс және шағатай тілдерін

меңгерді. Сейділдә қажы Уфадағы «Ғалия»

медресесінен білім алып келгеннен

кейін діни ағартушылық қызметке

біржолата кіріседі. Ел арасынан шәкірт

жинап, медресе ашқан. Одан кейін

айналасына иманды әрі дән-дәулетті

адамдарды тартып, мешіт салды.

Ол бастапқы кезде «Ақ мешіт», одан

кейін «Сейділдә мешіті» деп аталған.

Сейділдә Түйтебекұлы өмірінде екі рет

қажылыққа барған. Қасиетті орынға

алғашында 1906 жылы сапар шексе,

одан кейін 1908 жылы ат басын бұрған.

- Сейділдә қажы салған мешіттің

орналасқан жері де өте қолайлы болған

деседі. Яғни, мешіттен шақырылған

азанның үні айналасындағы алыс-жақын

ауылдардың көбіне анық естіледі екен. Ол

кезде қазіргідей мол дәулетті адамдар

өте аз болғаны белгілі. Дегенмен,

Құдайдың құдіретімен Алла үйінің

алғашқы іргетасы қалана бастаған

кезден-ақ материалдық тұрғыда көмек

берушілер көп табылған. Біреулер ақшалай

қолдау білдірсе, енді біреулер алтын

білезігін, алқасын, сақинасын берген

екен. Мешіт ғимаратын салу жұмысына

Омбы және Уфа қалаларынан мықты

Дара тұлға

Қылышынан қан тамған орыс патшалығының тұсында қазақ

жеріне рухани үстемдік құрған тұлғалар болған. Иә, олар

патшаның пәрменінен гөрі, Жаратушының парызын биік қойып,

елді тура жолға бастады. Сондай әулие бабаларымыздың бірі -

Сейділдә қажы Түйтебекұлы. Заманның қиын тұсында екі

рет қажылыққа барған және мешіт-медресе салып, 500-дей

шәкірт тәрбиелеген екен.

шеберлер мен ұсталар алдырған, -

дейді Ербол Қайыров.

Бір өкініштісі, қазір мынау Сейділдә

қажының ұрпағы деп білер адам жоқ.

Яғни, артында ата-тегін жалғап,

шаңырағының шырағын жағар ер бала

қалмапты. Құдайдан тілеп алған жалғыз

ұлы Мешітбай кішірек кезінде қайтыс

болыпты. Қыздарының арасынан тірі

қалғаны – Құратылғайын. Міне, қазір

сол қыздан тараған жиендері мен жиеншарлары

атын атап, еңбегін насихаттап

жүр. Солардың бір – қажының

жиеншары Арман Төлегенов. Облыс

орталығынан барған меймандарды

қарсы алып, нағашы атасы туралы

білгендерін айтып, үлкендерден естіген

естеліктерімен бөлісті.

- Нағашы атамыздың үш әйелі

болыпты. Оның бірі татардың қызы.

Менің әжемді көбінесе сол татар әйеліне

қаратып, соның алдына көп отырғызған

деседі. Себебі, татар халқы діндар,

тақуа болады ғой. Ондағы мақсаты – сол

кісі секілді діндар болып өссін дегені

болса керек. Оны бізге әжеміз айтып

отыратын. Нағашы атамыз көзі тірісінде

халыққа зор қызмет қылды, дін уағыздап,

тура жолға шақырды. Тіпті, бойына жын

кірген адамдардың жынын шығаратын

үлкен әулиелігі, керемет қасиеті де

болған. Атамыздың қасиетіне сенген

адамдар қажының зиратының басына

арнайы барып, марқұмның аруағына

Құран бағыштайды. Мысалы, баласы

болмаған ерлі-зайыпты адамдар осы

жерге келіп қонып, Құдайдан бала

тілейтін көрінеді. Кейде менің әжемді де

ертіп кететін. Қажының шарапатының

кереметтігі шығар, көбінің дұғасы қабыл

болып, кейін ұрпақ сүйіп жатады. Ал,

кейбір дертіне дауа таппай жүрген

адамдар осы зираттың басына келіп,

бір қонғаннан кейін бірден сырқатынан

айығып шыға келгенін өз көзіммен

көрдім. Көзі көрмейтін адамдардың

жанары ашылады. Кеңес үкіметі тұсында

мұнда үлкен-үлкен егін шаруашылықтары

болды ғой. Көктемде жер жыртып,

тұқым салу жұмысына кіріседі емес

пе? Сол кезде тракторлар осы зиратқа

жақындаған кезде жүрмей қалады

дейді. Содан кейін совхоз басшылары

жүргізуші ретінде қазақтарды

алған. Ал олар осы маңайға келген

кезде марқұмның аруағына бағыштап

бір Құран оқиды екен де, жұмыстарын

жалғастырып істей береді екен. Қазіргі

күннің өзінде осы аумақтан өткен

жолаушылар ата басына тоқтап, қол

жаймаса, сәтсіздіктер болады екен, -

дейді Арман Сейітқалиұлы.

Сейділдә Түйтебекұлы 1925 жылы

қайтыс болған деген дерек бар. Зираты

Тереңкөл ауданының шығыс жағында,

Жаңақұрылыс ауылының аумағындағы

Қоржынкөлдің маңайында, қайтыс

болғанда осында жерленген. 1963

жылы шәкірттері Қанапия, Әусақ есімді

азаматтардың және артында қалған

жалғыз қызы Құратылғайынның бастамасымен

ескерткіш тақта орнатылған.

Бүгінде Бұқар жырау атындағы әдебиет

және өнер музейінде қажының

бірқатар құнды заттары сақталған.

Ал өзі ұстаған Құран кітабын жиеншары

Арман Сейітқалиұлы осы сапар

барысында музей қорына тапсырды.

Тереңкөлдіктердің ендігі арманы –

басына бір кесене орнатып, зират

маңын қоршауға алу. Себебі, бүгінгі

үлкендердің көзі кеткенде кейінгі жастар

мұнда қандай ірі тұлғаның жатқанын

естен шығара ма деп қорқады. Бірақ,

кесене салу оңай шаруа емес, оның

материалын сатып алу, жеткізу және

жинау жұмыстары қыруар қаржыны талап

етеді. Сонымен қатар, марқұмның басына

зиярат ете келушілер паналайтын үй

тұрғызуды да ойластыруда. Иә, айтуға

оңай болғанымен, іске асыру оңай

шаруа емес. Бұл бастама негізі былтыр

көтеріліп, халыққа жарияланған. Содан

бері әртүрлі деңгейде материалдық

көмек беріп жатқандар бар. Бірақ,

қолға алған шаруаның басын қайыруға

жеткілікті қаражат жинала қойған жоқ.

Міне, сондықтан ел болып, жұрт болып

осыған атсалысу сауап болмақ.

Шолпан БАЙҒАЛЫ, ақын, Тереңкөл ауданының Құрметті азаматы:

- Тереңкөл ауданы - талай тарихи тұлғалар шыққан мекен. Біз бұл өлкені

әлі терең зерттеп, тарихи құпиясын толық аша алмай келеміз. Біз басына

барған Сейділдә қажының зираты үлкен жұмыстарды күтіп тұрғандай

сезілді. Әсіресе, басына кесене орнатып, зиярат етіп келушілерге жағдай

жасау керек. Егер осы бастама жүзеге асар болса, бұл жер бірден-бір тарихимәдени

орынға айналары анық.

Тереңкөл ауданы.

Сапалы жобалар

іске асады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

бағдарламасын жүзеге асыру аясында

өңірде бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Жуықта облыс орталығында

жүзеге асырылған істерді сараптау,

алға қойылған жоспарларды пысықтау

мақсатында арнайы жиын өтті.

Алпысбай ХОНЖ

Басқосуға өңірдегі қалалар мен аудандардағы

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің

қызметкерлері және мәдениет орталықтарының

өкілдері жиналды.

Шараға өңірдегі «Рухани жаңғыру» жобалық

кеңсесінің жетекшісі, «Нұр Отан» партиясының

облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Николай Дычко, облыстық ішкі саясат

басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов қатысып,

бірқатар мәселелерді қозғады.

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде

атқарылып жатқан жұмыстар талапқа сай болуы

керек. Елбасы атап көрсеткен 6 бағыт бойынша

нақты жұмыс жасауға тиіспіз. Бізге халыққа қажетті,

әлеуметтің руханиятын көтеруге үн қосатын ірі

жобалар жетіспейді. Маусым айының соңына дейін

шілденің алғашқы онкүндігіне жоспар әзірлейміз.

Әрбір он күн сайын мақсат-міндеттерімізді нақтылап

отыруымыз керек, - деді облыстық ішкі саясат

басқармасының басшысы Е.Дәуенов.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланған

2 жылдың ішінде өңірімізде 2 мыңнан астам

іс-шара мен жобалар атқарылған. Ал жаңартылған

жоспар бойынша 2019 жылы 150 жоба тіркелген.

Аймағымызда іске қосылған бастамалар арасында

нәтижесі көңіл көншітерлік жобалар жетерлік.

Мысалы, көршілер арасындағы татулық пен бірлікті

арттыруға негізделген «Көрші» жобасы бұқара

арасында ерекше қызығушылыққа ие болды. Ұлттық

мәдениеттің жаңа үлгісін насихаттауға арналған

«Қазақ әлемі» жобасы да маңыздылығымен ерекшеленуде.

Жоба негізінде отбасыларда болатын

әрбір ірі мерекелерде домбыра сыйлау дәстүрі

қарастырылып, әрбір азаматтың ұлттық киімі болуын

қадағалау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ жастарды

музыкалық аспапта ойнауға үйрету, жастардың

тым болмағанда 1 әуенді аспапты еркін үйренуіне

жағдай жасау әрбір адамның руханиятқа қосқан

үлесі болмақ. Жиын барысында қалалар мен

аудандар тарапынан ұсынылатын жобалар іріктеуден

өтіп сұрыпталатындығы туралы айтылды.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

Жасыбайға

табан тіреді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне

қарасты туризм индустриясы комитетінің

бастамасы бойынша құрылған «Киелі

Қазақстан» экспедициясы өткен сенбі

күні Жасыбай көліне келіп жетті.

Нұржайна ШОДЫР

Аталмыш шараны «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы

мен «QazaqGeography» республикалық қоғамдық

бірлестігі ұйымдастырды. Бірлестік мамандарының

айтуынша, бұған дейін «Киелі Қазақстан» экспедициясы

еліміздің бірқатар өңірлерін аралаған екен.

- 21 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан

салт аттылар тәулігіне 50-60 шақырымды еңсеріп,

жақын маңдағы ауылдарда лагерь құрып келеді.

Экспедицияның мақсаты - атқа міну мәдениетін

насихаттап, Қазақстанда атты туризмді дамыту.

Қатысушылар он күн ішінде Ақмола, Павлодар

облыстарымен Бұйратау, Баянауыл ұлттық парктерін

жүріп өтті. Экспедиция нәтижесінде атты туризмді

белсенді дамыту үшін қолдануға болатын бағыттар

анықталады. Ол жерлер нақты координаталармен,

сапалы фото және бейнематериалдармен қамтылып,

толық ақпарат жиналады. Әрі қарай бұл ақпараттың

барлығы отандық туркомпанияларға берілетін

болады, - дейді «QazaqGeography» республикалық

қоғамдық бірлестігінің баспасөз хатшысы Айжан

Жұматаева.

Сапарының 10-ыншы күнінде киелі Баянауыл

топырағына табан тіреген экспедиция мұндағы

Теңдік, Жаңатілек, Егіндібұлақ және басқа да ауылдарды

жүріп өткен.


6 2 шілде, сейсенбі, 2019 жыл Латын ӘЛІПБИІ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

«Шеттілдік сөздер

ұлттық сипатта жазылады»

Тіл – әрбір халықтың ұлттық болмысы. Тіл бұзылмас үшін сөз жүйелі болуы

шарт. Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің басты мақсты да – осы.

Елімізде бұл бағыттағы іс-шаралар өте қарқынды жүргізілуде. Қазақ тіл білімінің

мамандары латын әліпбиіне негізделген қазақ тілінің төл емле ережелерін

әзірледі. Бұның бұрынғы қағидадан қандай айырмашылығы бар? Осы және

өзге де мәселелер жөнінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Ш.Шаяхметов атындағы

«Тіл - қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының

басшысы Сейітбекова Айнұр Аташбекқызымен сұхбаттасқан едік.

- Айнұр Аташбекқызы, Елбасы 2025

жылға дейін қазақ жазуын латын әліпбиіне

кезең-кезеңмен көшіру қажет деген міндет

жүктегені белгілі. Қазір қандай деңгейде

тұрмыз?

- Латын графикасына көшу реформасы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан

басталғаны белгілі. Осы бағдарлама негізінде

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен жаңа

әліпбиге 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен

көшірудің іс жоспары бекітілді. Бұл жоспардың

өзі үш кезеңнен тұрады. Яғни, біріншісі –

2018-2020 жылдары, екіншісі – 2020-2023

жылдары және соңғысы – 2023-2025 жылдар

аралығында атқарылатын іс-шаралар. Алғашқы

кезеңде көрсетілген іс-шаралардың бірі –

латын әліпбиін және оның емле ережелерін

оқытатын мамандар даярлау. Қазіргі таңда

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне

қарасты Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл -

қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

республикалық көлемде әр облыстың тіл

мамандарына жаңа емлені оқытуға арналған

курстар өткізуде. Курстың өзі екі бағытта

ұйымдастырылып жатыр. Оның бірі – 72

сағатқа негізделген оқыту курсын Нұр-Сұлтан

қаласында, яғни өзіміздің орталықта өткізіп

жатырмыз. Екіншісі еліміздің барлық облыс

орталықтарында көшпелі дәріс-семинар

ретінде жүргізілуде. Мысалы, осы жолы

Павлодарда өткіздік. Облыс орталығында

әрбір ауданнан жиналған 150 адамға латын

әліпбиіне көшудің алғышарттарымен, қазақ

тілінің емле-ережелерінің жаңалықтарымен

таныстырдық. Сондай-ақ, жаңадан құрылған

ІТ жобаларының жұмысын көрсеттік.

- Жоғарыда аталған курстарда республика

бойынша қанша адамды оқыту

көзделген?

- Біз әрбір облыстардың тілдерді

дамыту жөніндегі басқармаларымен тығыз

байланыста жұмыс істейміз. Себебі курсқа

барлық өңірдің тіл мамандарын қамтуымыз

керек. Наурыз айында басталған оқуымыз

қарашаға дейін жалғаспақ. Жыл бойы

72 сағаттық курс бойынша 15 топ оқытатын

боламыз. Әр топқа әр облыстан жиналған

28 тыңдаушы қабылдаймыз. Сонда жыл

соңына дейін 72 сағаттық курс бойынша

ересектерді оқыта алатын 360 тренер

оқытып шығуымыз қажет. Содан кейін

олар өздері тұратын аудан және ауыл

тұрғындарына латын әліпбиі курстарын

жүргізеді. Тағы бір айта кетерлігі, бұл оқыту

курстары 2025 жылға дейін жалғасады.

- Жоғарыда латын графикасын насихаттап,

түсіндіруге бағытталған ІТ

жобалары іске қосылып жатыр дедіңіз...

- Иә, қазіргі дамыған ақпараттық

технологияның мүмкіндігін пайдалану-

ымыз керек. Сондықтан қандай да бір

жобаны ІТ технологиялар арқылы іске

асыруға мүмкіндік бар. Осы мақсатта

біздің Орталықтың Мөлдір Бақытқызы,

Сұлтанбек Қабылов, Нұржан Қапалбеков

сынды жас білікті ІТ программистері жаңа

әліпбиді меңгертуге арналған жобалар

әзірлеуде. Қазіргі күні бес түрлі жоба

дайын тұр. Олардың екеуі ересектерге,

үшеуі балаларға арналған мобильді

қосымшалар. Бұл да - үлкен жетістік.

Программистер мен лингвистердің

бірлескен жұмысының нәтижесі.

Аталған мобильді қосымшаларды

кез келген адамның қолдануына

болады. Аталған жобалар «qazlatyn.

kz» ұлттық порталында және «tilalemi.

kz» сайттарында орналастырылған.

Яғни, жаңа әліпби мен емле ережелерді

сөйлем құрау, шеттілдік сөздерді қазақ

тілінің дыбыстық ережесіне сәйкес жазу

сынды тапсырмаларды орындау арқылы

үйренеді. Соның бірі – «Сөз әлемі» деп

аталатын қосымша. Бұл әсіресе орыс тілді

аудиторияға өте қажет. Тапсырмалардың

бәрі жеңілден оңайға қарай үш деңгейде

,,...Ал біз қаншама

сөздерді орыс тілінің

орфографиясымен жазып

келеміз. Бұл - біздің

Тәуелсіздігімізге, тілдік

бостандығымызға сын.

Сондықтан төл

дыбыстық ерекшелігімізді

сақтап қалудың

бірден-бір жолы –

кірме сөздерді ұлттық

сипатта жазу...

құрастырылған. Егер бірінші деңгейін дұрыс

орындасаңыз екінші деңгейге өтесіз, одан

кейін үшінші кезеңге. Үш деңгейді бірдей

орындай отырып, қазақ тілінің жаңа емлесін

үйренесіз. Сондай-ақ, балаларға арналған

«Зерек бала», «Жасырын сөз», «Сөзді тап»

деген мобильді қосымшалар бар.

- Жақында ғалымдар латын әліпбиіне

негізделген қазақ тілінің төл емле

ережелерін әзірлеп, жариялағанын білеміз.

Мұның кирилл негізіндегі қазақ жазуынан

қандай айырмашылығы бар?

- Бұрынғы кирилл графикасында

қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкес

келмейтін сегіз әріп болды. Олар – ц,

щ, ю, я, э, ё, ь, ъ. Бұлар қазақ емле

ережесін оқытуда айтарлықтай қиындық

тудырып жүрді. Профессор Нұргелді Уәли:

«Бұл таңбалар әуелде шетелдік сөздерді

орыс тілінің орфографиясымен жазуға

арналған» деген еді. Расында солай. Содан

қазақ тілінің емле ережесі басқа тілдің

ережесіне кіріптар болды. Яғни, біздің басты

кемшілігіміз – шет тілінен енген сөздерді

орыс тілінің орфографиясына сай жазып

келгеніміз. Ал мына жаңа емле ұлттық

тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарына

сәйкес әзірленді. Бұрынғы олқылықтың орны

толды деуге болады. Енді орыс тіліне деген

тәуелділіктен құтыламыз. Жаңа емлені

Алматы қаласындағы А.Байтұрсынұлы

атындағы Тіл білімі институтының орфограф-фонетист

мамандары әзірледі.

Сондай-ақ, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл -

қазына» орталығының орфография және

әдістеме бөлімі қызметкерлері де көп

еңбек сіңірді. Бұл ереже 9 тараудан және

108 параграфтан тұрады. Міне, бұл – ұлттық

бағытта жасалған алғашқы қазақ тілінің

тәуелсіз емле ережелері деуге болады. Енді

ешқандай тілдің орфографиялық ережесіне

кіріптар болмаймыз.

- Жаңа емле ережелері бойынша қазақ

тілінің сөздік қорындағы шет тілінен

енген кірме сөздер айтарлықтай өзгеріске

ұшырайды екен. Тіпті, біздің кейбір төл

сөздеріміз де өзгеріп кетеді. Осыған бірнеше

мысал келтірсеңіз...

- Латын әліпбиіне негізделген қазақ

жазуының емлесі екі блоктан тұрады. Біріншісі –

төл сөздерге, екіншісі шет тілінен енген

сөздерге қатысты. Мысалы, төл сөзге

қатысты «қоян» сөзіндегі я әрпі ıa әрпі

тіркесімен жазылады. Мысалы, «qoıan»

деген секілді. Ал енді шеттілдік сөздерге

тоқталайық. Біз жоғарыда қолданысымыздағы

кирилл әліпбиінде қазақ тілінің

дыбыстық ерекшелігіне сәйкес келмейтін

сегіз әріп (щ, ц, ю, я, е, э, ь, ъ) барын

айттық. Бұл дыбыстар енді жаңа әліпбидің

құрамында жоқ. Олардың орындарына өз

үндестігімізге сәйкес келетін басқа баламасын

жазатын боламыз. Мысалы, «Э» әрпінің

орнына «Е» әрпі, «Ц» әрпінің орнын «S»

жазылады. Ал орыс тілінен енген жіңішкелік

белгісі «ь» бар «альбом» деген сөзді жаңа

әліпбимен «álbom» деп жазылады. Яғни,

жіңішкелік белгі қай буында тұрса, сол

буындағы жуан дауысты дыбыс жіңішкереді.

Осылайша шет тілінен енген сөздерді

жаңа графикалық тұрпатқа түсірдік. Бұл

өзгерістер уақыт өте келе халық санасына

сіңеді деген ойдамыз және мұны түсіну,

игеру ауыр болмайды. Себебі, бұл жаңа

емле өзіміздің ұлттық ерекшелігімізге сай

әзірленуде. Латын графикасына көшудің

басты жетістігі - осы.

- Жалпы, қазақ сөздігінде шет тілінен

енген қанша сөз барын анықтау мүмкін бе?

- Біздің сөздік қорымызда шет тілінен

енген сөздер өте көп. Жылына 200-ден

астам сөз кіреді деген болжам бар.

Шетелден келіп жатқан техникалардың

немесе өнімдердің атауымен қоса сіңісіп

жатыр. Сөйтіп, тіл тұтынушының санасына

қалыптасып, қолданысқа ие болады. Бұл

ретте орыс тілінің орфограф мамандарынан

үлгі алуға болады. Өйткені, олар шет тілінен

енген сөздерді тұпнұсқа тұрпатында емес,

өздерінің дыбыстық ерекшелігіне сәйкес

игеріп алады. Ал біз қаншама сөздерді

орыс тілінің орфографиясымен жазып

келеміз. Бұл - біздің Тәуелсіздігімізге,

тілдік бостандығымызға сын. Сондықтан төл

дыбыстық ерекшелігімізді сақтап қалудың

бірден-бір жолы – кірме сөздерді ұлттық

сипатта жазу.

- Енді мұны еліміздегі өзге ұлт өкілдері

немесе орыс тілді азаматтар қалай

қабылдар екен?

- Орынды сұрақ. Бұл мәселеде біраз

қиындықтар болып жатыр және бұл -

заңдылық. Яғни, еліміздегі орыстілді

азаматтар шеттілдік сөздерді игеріп

жазуға және айтуға сын көзбен қарайды.

Бірақ, түптің түбінде олар мойындайды,

мойындауға мәжбүр болады. Ол үшін алдымен

олардың санасын өзгертуіміз керек. Ұлттық

құндылықтарымызды қалыптастыруға,

дамытуға бағытталған насихат жұмыстарын

көп жүргізу керек. Басқа бір мүддені көксеп

жүрген отандастарымыздың ойын Кеңестік

идеологияның шырмауынан шығаруымыз

қажет. Қазіргі таңдағы «Рухани жаңғыру»,

«Мәңгілік ел» сынды бағдарламалардың

түпкі мақсаты да – осы.

- Елбасының тапсырмасы бойынша

латын әліпбиі 2020 жылдан бастап

бірінші сыныпқа енгізілуі керек. Осыған

қаншалықты дайынбыз?

- 2020-2021 оқу жылында қазақ мектептерінде

бірінші сыныпқа қабылданған

балалар сабақты латын әліпбиі негізінде оқи

бастайды. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық

Білім академиясының мамандары бастауыш

сыныптарға арналған оқу бағдарламасын

әзірледі. Енді осы бағдарламаның негізінде

1-сыныпқа арналған оқулық жарыққа шығады.

- Біз қазір жаңа әліпбидің баспа

түріндегі нұсқасын ғана білеміз. Ал, оның

каллиграфиясы, яғни, жазбаша түрі әлі

әзірленген жоқ па?

- Дұрыс айтасыз, Елбасының Жарлығымен

бекітілген латын графикасының

баспа түрі ғана жарияланды. Жаңа

емлені меңгерушілер қазіргі таңда тек

баспа түрімен жазып жүр. Себебі, жаңа

әліпбидің каллиграфиялық нұсқасы әлі

дайын емес. Міне, осы мәселе жақында

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ы.Алтынсарин

атындағы Ұлттық Білім академиясында

талқыланды. Осы кездесуде бастауыш

сынып мұғалімдерінің, психологтардың

және тілтанушы мамандардың ұсыныстары

тыңдалды. Соның нәтижесінде сонау түркі

халықтары мен ағылшындардың және

немістердің жазу тәжірибелері ескеріле

отырып, қазақ жазуының каллиграфиялық

нұсқасының жобасы әзірленді. Мамандар

әріпті әріпке байланыстырып жазу, үзбей

жазу талаптарын және басқа да принциптерді

негізге ала отырып даярлады. Қазіргі таңда

бұл жобаға сараптама жасалу үстінде.

Жақында жарияға шығады деген сенімдеміз.

- Әңгімеңізге рақмет! Қолға алған

істеріңізге сәттілік тілеймін!

Сұхбаттасқан – Тілеуберді САХАБА.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЖАРНАМА 2 шілде, сейсенбі, 2019 жыл 7

Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі

Нұр-Сұлтан қаласында академик Қ.И.Сәтбаевқа арналған ескерткіш

салу бойынша үздік эскиздік жобасына конкурс жариялайды.

Конкурстың өткізілетін жері -

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 149

үй мекенжайы бойынша Г.Н.Потанин

атындағы облыстық тарихи-өлкетану

музейі.

Конкурс бір кезеңде өткізіледі.

Конкурсқа материалдарды тапсырудың

соңғы мерзімі: хабарландыру

жарияланған күннен бастап 30 күн

ішінде.

Конкурстың қорытындысы кейінгі

10 күнде шығарылады.

Конкурсқа қатысушылар төмендегі

материалдарды ұсынулары қажет:

1. Ескерткіш сызбалары.

2. Ескерткіштің макеті.

3. Абаттандыру және көгалдандыру

бойынша ұсыныстарымен телім жоспары.

4. Түсіндірме хаты (Автордың ойын

Қазақстанда

кепілдендірілген тегін

көмек және медициналық

сақтандыру пакеттерінің

жаңа нұсқасы бекітілді

Қазақстан Үкіметі келер жылдан

бастап міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген

тегін медициналық көмек (ТМККК

және МӘМС) шеңберінде көрсетілетін

қызметтер тізімін бекітті.

«Кепілдендірілген тегін медициналық

көмек пакеті минималды стандарттардан

тұрады. Оған дәрігерлік көмекті

қажет ететін шұғыл жағдайларда көмек

көрсету, жедел жәрдем, санитарлық

авиация, бірқатар созылмалы ауруларды

динамикалық бақылау, шұғыл

жағдайда стационарда емдеу осы пакет

шеңберінде жүзеге асырылады. Мұны

барлық азаматтар, сақтандырылғансақтандырылмағанына

қарамай пайдалана

алады. Көмектің екінші деңгейі

– міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру пакеті. Бағасы қымбат

болып келетін операциялар, сирек

медициналық қызмет түрлері, салалық

мамандардың қабылдауы сынды

қызметтер кіретін міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру пакетін

сақтандырылғандар пайдалана алады.

Сондай-ақ, МӘМС пакетіне табысы

орташа азаматтардың қалтасы көтере

бермейтін: МРТ, компьютерлік томография,

ПЦР-анализ сынды қызметтер

де енгізілді», - деді «Әлеуметтік

медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалының

директоры Айдар Сейітқазинов.

Пакеттердің жаңа үлгісін дайындау

барысында денсаулық сақтау министрлігі

бір жарым жыл бойы медицина саласы

өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеді.

Кепілдендірілген тегін медициналық

көмек пакетінің жаңа нұсқасын дайындау

барысында тізімге енген барлық қызмет

түрлері жан-жақты сарапталған.

Айдар Сейітқазиновтің айтуынша,

«Еліміздің барлық азаматтары

пайдалана алатын кепілдендірілген

тегін медициналық көмек пакетіне

жедел жәрдем мен санитарлық

авиация, шұғыл стационарлық көмек,

паллиативтік көмек енген. Сонымен

қатар, әлеуметтік маңызы бар аурулар

мен созылмалы аурулардың негізгі

түрлерімен ауыратын тұрғындар осы

пакет шеңберінде консультативтікдиагностикалық

көмекпен, жоспарлы

стационарлық және стационарды

алмастыратын көмекпен қамтамасыз

етіледі. Амбулатория деңгейінде дәрідәрмекпен

қамтамасыз ету, туберкулезге

шалдыққандарды оңалту қызметі

де осы пакетке кіреді».

Ағымдағы жылдың күзінде

Қазақстанның бір өңірінде пилоттық

режимде азаматтарға жаңа пакеттер

аясында медициналық қызмет көрсетіле

бастайды. Бұл 2020 жылы әлеуметтік

медициналық сақтандыру аясында

халыққа толыққанды қызмет көрсету

барысында түйткілді мәселелерді

шешуге септігін тигізері сөзсіз.

2020 жылдан бастап жүйе Қазақстан

бойынша жұмысын бастайды.

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша

филиалы.

толық көлемде ашатын, машинамен

басылған 1 бет көлемінде ұсынылады).

Макет, жоспар және басқа материалдың

масштабы 1:25

Конкурсқа суретшілер, сәулетшілер,

мүсіншілер және басқалар қатыса алады.

Конкурсқа материалдар көлемі 60х80

см жеңіл планшеттерде түрлі-түсті графикада

берілуі қажет. Макеттер автордың

өз ойы бойынша жасалады. Барлық

материалдар, конвертте түсініктеме

хатын қоса алғанда, алты цифрден

тұратын шифрда болуы қажет.

Жобалар төменгі мекенжайға

жіберіледі:

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 149-үй,

(Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихиөлкетану

музейі).

(20141)

«Павлодаржолдары» ЖШС Экологиялық Кодексінің талаптарына

сәйкес «Павлодар облысының Май ауданы Еңбекші

бөлімінің жанындағы асфальт-бетон зауытын ұсақ сұрыптау

және топырақты араластыру қондырғыларын орналастыру

қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ)» жұмыс жобасы

бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарлайды.

Тыңдаулар 2019 жылдың 26 шілдесі сағат 10.00-де ҚР, Павлодар

облысы, Май ауданы, Еңбекші бөлімінің 2-үйде өтеді.

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру үшін жауапты тұлға

«Павлодар облысы жер қойнауы, қоршаған орта және су

ресурстары басқармасы» ММ, тел: 32-93-79, эл. мекенжайы:

alya230490@mail.ru, маман – Темірғалина А.С.

Жоба бойынша құжаттама http://www.tabigatpv.gov.kz сайтында

орналастырылған.

Қоғам өкілдері қағаз түрінде жұмыс жобасының материалдары

және ҚОӘБ-мен «Павлодаржолдары» ЖШС Павлодар

қаласы, Лесопосадочная көшесі, 2, телефон: 8 (7182) 64-46-90

мекенжайы бойынша таныса алады. Материалдарды электрондық

түрде, сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстарды сұрайтын

электрондық пошта мекенжайы eco@pzh.kz.

Жұмыс жобасының тапсырыс берушісі «Павлодаржолдары»

ЖШС болып табылады.

Әзірлеуші - «Павлодаржолдары» ЖШС.

(20140)

Мемлекеттік басқару академиясына

құжаттар қабылдау жалғасуда

Қазіргі таңда Академия

халықаралық білім беру стандарттары

бойынша жұмыс істейді

және іс басындағы мемлекеттік

қызметшілердің кәсіби дамуы

мен білім алуына жауап беретін

Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу

орны болып табылады. Академияның

жұмысы мемлекеттік аппаратқа

стратегиялық және инновациялық

тұрғыда ойлай білетін, және,

сәйкесінше, бүгінгі күннің ғана

емес, ертеңгі күннің де міндеттерін

шеше алатын кадрларды дайындауға

бағытталған.

Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы Мемлекеттік

басқару академиясы еңбек

өтілі 1 жыл мемлекеттік қызметшілерді

магистратураның 11 бағдарламасының

немесе докторантураның

4 бағдарламасының біріне

грантқа түсуге шақырады.

Академиядағы оқу қандай

бағдарламалар бойынша жүзеге

асырылады?

МАГИСТРАТУРА (1 жылдық оқу)

- MPM Мемлекеттік менеджмент

(ыңғайлы оқу кестесі, тек

Нұр-Сұлтан қаласына)

- MDPA Цифрлық мемлекеттік

басқару

- MACP Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы саясат

- MPPL Мемлекеттік саясат

және құқық - MPP Мемлекеттік

саясат (ағылшын тілінде оқытылады)

- MHRM Адами ресурстарды

басқару

- MIR Халықаралық қатынастар

МАГИСТРАТУРА (2 жылдық оқу)

- MPP Мемлекеттік саясат

- MPA Мемлекеттік басқару

- ME Экономика

- MRD Өңірлік даму

ДОКТОРАНТУРА (3 жылдық оқу)

- DPA Мемлекеттік басқару

- DE Экономика

- DIR Халықаралық қатынастар

- EDPM Мемлекеттік менеджмент

Мемлекеттік қызметшілер үшін

Академияда оқудың артықшылықтары:

- Академиядағы оқу уақыты

мемлекеттік қызмет өтіліне есептелінеді.

- Академияда білім алушылар

соңғы жұмыс орны бойынша

лауазымдық жалақы мөлшерінде

стипендия алады.

- Академияда білім алушылар

Maxwell School of Citizenship and

Public Affairs – Сиракуз университеті

(АҚШ), DBB академиясы (Берлин,

Германия), Вена дипломатиялық

академиясы (Австрия), Эстон

дипломатия мектебі, Мохаммед

Бин Рашид атындағы Мемлекеттік

басқару мектебі (БАӘ), Нидерландтық

«Clingendael» Халықаралық қатынастар

институты (Нидерланды), сондай-ақ

Сыртқы істер министрлігінің

шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде

білім алуға және тағылымдамадан

өтуге мүмкіндік алады.

- Білім алушылар Мемлекеттік

басқару академиясы жанындағы

зерттеу орталықтарының жұмысына

қатыса алады, мемлекеттік сектордағы

жобалық менеджмент бойынша

сертификатталған сарапшылардың

жетекшілігімен өз жобаларын құрып,

іске асыра алады.

Академияға түсу үшін қажетті

құжаттар тізімі:

- Өтініш

- Білім туралы құжаттың көшірмесі

(қосымшаларымен бірге)

- IELTS немесе TOEFL тестін

тапсырғаны туралы сертификаттың

көшірмесі немесе APTIS тестін

тапсыруға арналған тіркеу нысаны

- Еңбек қызметін растайтын

құжат (мемлекеттік қызметшілер

үшін қызмет тізімі немесе басқа

тұлғалар үшін еңбек кітапшасының

көшірмесі)

- 086-У нысанындағы медициналық

анықтама

- Мемлекеттік органның жолдамасы

(мемлекеттік қызметшілер үшін)

- Магистратура бағдарламасының

үміткерлері үшін – мотивациялық эссе

және бағдарлама бойынша эссе,

Тиімді жарнама!

докторантура бағдарламасының

үміткерлері үшін – мотивациялық

эссе, зерттеу жұмысының жоспары

(research proposal) және ғылыми

еңбектердің тізімі (бар болған

жағдайда)

Құжаттарды қабылдау 2019

жылдың 12 шілдесіне дейін,

APTIS тестілеуі 2019 жылдың

17–18 шілдесінде жүргізіледі.

APTIS тесті төрт тілдік дағды

бойынша тапсырмаларды қамтиды:

айтылым, жазылым, оқылым

және тыңдалым. APTIS тестін

ұйымдастыру мен өткізуді Британ

кеңесі жүзеге асырады, бұл

процестің объективтілігі мен

ашықтығын қамтамасыз етеді.

Академияның мемлекеттік

қызметшілердің ІТ-құзыреттілігін

дамыту үшін заманауи цифрлық

платформасы, озық материалдықтехникалық

базасы бар, ал оқу

үдерісін ұйымдастырудың өзі

цифрлық және интерактивті оқыту

технологияларын барынша қолдануға

негізделген.

Академияның профессороқытушылар

құрамы штаттағы,

сондай-ақ мемлекеттік органдардан

шақырылған оқытушылар-практиктерден

тұрады, олар министрлер,

министр орынбасарлары, әр түрлі

департаменттердің директорлары,

елшілер және т.б.

Мемлекеттік басқару академиясына

оқуға түсу туралы толығырақ

ақпаратты www.apa.kz сайтынан

және +7 (7172) 75 33 95; +7 (7172)

75 34 43 телефондары немесе

admissions@apa.kz e-mail арқылы

білуге болады.

«Халық радиосы» - 100.5 FM толқыны өз жарнамаңызды

«Бизнес FM» бағдарламасында орналастырудың ерекше

мүмкіндігін ұсынады. Дыбыс роликтерін әзірлеу және жалға беру

бағасы 3000 теңгеден бастап, ал хабарландырудың әрбір сөзі үшін

100 теңге, 10 сөзден асса, бағасы 80 теңге болады. Жарнамаңыз күніне

24 рет шығып, тыңдау-шылардың 90%-дан астамын қамтиды. Бұл жарнама беруші

үшін ең тиімді де нәтижелі болатыны сөзсіз! «Халық радиосы» толқынындағы «Бизнес

FM» бағдарламасы Сізді міндетті түрде естиді!

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12312 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1287

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 2 шілде, сейсенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ERTIS PROMENADE

Дубцова - Ертіс жағасында!

Өткен сенбі күні төменгі жағалаудағы «Ertis Promenade» сахнасында

Ресейдің танымал әншісі Ирина Дубцова өнер көрсетті.

Халықаралық аренада ерекше беделге ие өнер иесінің әндерін

тыңдауға жиналған көрерменнің қарасы көп болды.

Алпысбай ХОНЖ

Қаумалаған тыңдармандарды

өнерімен тәнті еткен ерекше

дауыс иесі бұл күні өзінің хитқа

айналған әндерін шырқады.

«Москва-Нева», «Бойфренд»,

«Факт», «О нем», «Люба»,

«Вспоминать», «Долго», «До

луны» секілді эстрадалық

туындылар жағалауға жиналған

жұртшылықтың көңілін көтерді.

Әнші репертуарында ерекше

маңызға ие шығармаларының

бірі - «Кому? Зачем?» әні. 2008

жылы Ирина Дубцова белгілі әнші

Полина Гагаринамен бірлесіп,

аталған әнге бейнебаян түсірген

еді. Бұл ән «Муз-ТВ - 2010»

байқауында «Жыл дуэті» аталымына

ие болды.

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ

- Құрметті павлодарлықтар!

Осынау үлкен сахна аумағына

тегіс жиналған сіздерді көріп

қуанып тұрмын. Қолдауларыңыз

үшін шын жүректен алғыс

айтамын! Тыңдарманы бар

әнші қашан да бақытты, -

деді И.Дубцова.

Ресейлік әнші бірқатар

ірі музыкалық байқауларға

қатысып, ауыз толтырып

айтарлықтай жетістіктерге

жетті. Оның жұлдызын жаққан

«Фабрика-4» жобасы еді. Ол

осы байқауда жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ әнші «Золотой граммофон»

жүлдесінің иегері

атанды. И.Дубцова алғашқы

ән жинағын 2005 жылы жарыққа

Тілеуберді САХАБА

Шара еліміздің 1 шілде - Ұлттық

домбыра күніне орай ұйымдастырылды.

Музей меңгерушісі Ерлан Рахымовтың

сөзінше, қорда ұлттық аспаптардың

бірнеше түрі сақталған. Әсіресе, ондағы

домбыралардың тарихы әрқилы. Елімізге

белгілі ақындар мен әншілер ұстаған домбыралар

және ұлт аспаптарының қыр-сырын

терең меңгерген шеберлердің туындылары

тұр. Солардың қатарынан әйгілі

жерлесіміз, ақын, импровизатор Құдайберген

Әлсейітовтің, әншілер - Темірболат

Арғынбаев, Байғабыл Жылқыбаевтардың

домбыраларын көруге болады. Сонымен

қатар, қазақ қобызының атасы атанған

қазақ музыкалық аспаптарының хас шебері

Қамар Қасымовтың, Шәкен Рақышевтың

және Мәуия Әбікеевтің қолынан шыққан

туындылар өткеннен сыр шертеді. Бұдан

бөлек, Қылышбек Құрмантегі, Нұрлан

шығарды. «О нем» деген атпен

жарияланған ән жинаққа әншінің

12 туындысы топтастырылған.

Осы кезде «Муз-ТВ» арнасында

әншінің «Медали» және «Ветра»

әндерінің бейнебаяны көрсетіліп,

тыңдарман арасына тез тарап

кетті.

Сондай-ақ осы күні облыстық

Иса Байзақов атындағы филармонияның

әншілері мен жергілікті

«Шаңырақ» орталығының өнерпаздары

әннен шашу шашты.

Шілденің 6-сы күні Нұр-Сұлтан

қаласының туған күніне орай «Ertis

Promenade» сахнасында республикалық

және шетелдік белгілі әншілер өнер

көрсетеді деп күтілуде. Бұл күні қазақ

эстрадасының жарық жұлдызы, әнші

Ерке Есмахан, Жүгінісовтер әулеті, Артур

мен Райм дуэті ән шырқайтын болады.

Сондай-ақ ресейлік «Пицца» тобының

өнерін тамашалауға да мүмкіндік бар.

Сал домбыра, ән домбыра...

«Домбыра, мұнша шешен болдың неге?» деп дауылпаз ақын

Қасым Аманжолов жырлағандай, қазақта домбырадан асқан

абыз аспап жоқ. Жақында Майра Шамсутдинова атындағы

ән-өнер шығармашылығы музейінде «Сал-домбыра» атты

домбыралар көрмесі ашылды. Музей қызметкерлері көрмені

тамашалаушыларға сонда сақталған құнды аспаптар тарихымен

таныстырды.

Суреттерді түсірген - Дархан Өмірзақов.

Апушев, Нұрлан Рақышев сынды кейінгі

шеберлердің туындылары көрме төрінен

орын алған.

- Біздің қорда сақталған аспаптардың

арасындағы ең ерекшесі – Құдайберген

Әлсейітовтің тұмар домбырасы. Үш

бұрышты аспап қоржынға салып алып

жүруге ыңғайланып жасалған. Яғни, жиналмалы

домбыра. Музейге қызы әкеліп

тапсырды. Мұндай домбыра Байғабыл

Жылқыбаевта да болған. Бірақ, ол бізге

жетпеді. Сонымен қатар, бүгінгі өнерпаздар

көп ұстай бермейтін қалақ домбыра да

бізде сақталған. Оның сыртқы пішіні

қалаққа ұқсас болған соң осылай аталып

кеткен. Бұл домбырамен кезінде біздің

Арқаның сал-серілері ән салған, - дейді

Ерлан Рахымов.

Шара барысында Жанғабыл Сәбиев,

Тұлыбек Армиянов сынды дәстүрлі әншілер

әуелетіп ән салса, жас домбырашы Фаиз

Назмутдинов құйқылжыта күй тартып,

кештің сәнін келтірді.

СПОРТ ТЫНЫСЫ

«Ақтөбе»

айласын асырды

Алпысбай ХОНЖ

Қазақстан Премьер-лигасының

16-туры аясында «Ертіс» сырт

алаңда «Ақтөбемен» ойнап,

1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионында

өткен кездесуде жерлестеріміз негізінен

шабуылға иек артты. Бұл жолы «Ертістің»

сапында қорғаушы Милош Стаменкович

кездесудің алғашқы минуттарынан бастап

ойынға араласты. Жас шабуылшы Тимур

Мульдинов та жасыл алаңнан көрінді.

Ойынды ерекше қарқынмен бастаған «Ертіс»

бірден алға ұмтылды. Кездесудің 10-шы

минутында команда капитаны Карлос

Фонсеканың берген добын Тимур Мульдинов

голға айналдырды.

Ойынның соңғы 5 минутында ақтөбеліктер

жиі шабуылға шыққанымен қақпаға тура

соққы бағыттай алған жоқ. Кездесудің

40-шы минутында тағы да Т.Мульдинов

қарсыластар қақпасының кілтін табуға

тырысқан. Алайда, оның гол соғуына

ақтөбелік қорғаушылар мүмкіндік берген жоқ.

Ойынның екінші жартысында Ақтөбе

футболшылары допқа көбірек иелік етуге

тырысты. Кездесудің 68-минутында

«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Асланбек

Кәкімов «Ертіс» қақпасына саңылау тапты.

Ойынның 81-минутында Милош Стаменкович

ойын тәртібін бұзып, төреші айып

соққысын белгіледі. «Ақтөбенің» капитаны

Виталий Волковтың тепкен добын тосып

алуға қақпашы Антон Цирин дайын болмай

шықты. Өкінішке қарай, жерлестеріміз ойын

басындағы басымдықты кездесудің соңына

дейін ұстап тұра алмады.

Дәл осы күні Павлодардың орталық

стадионында елордалық «Астана» футбол

командасы Алматының «Қайратымен»

кездесті. Қос мықты арасында өрбіген

ойын тартысқа толы өтті. «Қайрат» кездесу

бастала салысымен жиі шабуылға шықса,

«Астана» көбінесе қорғанысқа ден қойды.

Кездесудің екінші жартысында «Қайрат»

шабуылды үдете түсті. Ойынның 68-минутында

«Қайраттың» қорғаушысы Раде

Дугалич гол соқты. Араға 3 минут салып

Айбол Әбікен есепті еселеді. Алматылықтар

кездесудің соңына дейін басымдықты

сақтап қалды.

Ерекше фестиваль

Жуырда облыс орталығындағы

«Ertis Promenade» сахнасында

Павлодар облысының

жауынгерлік өнер қауымдастығының

фестивалі өтті.

Спорттық шараға Бейжің

Олимпиадасының күміс жүлдегері

Асхат Жіткеев құрметті

қонақ ретінде қатысты.

Шараға жауынгерлік өнер бойынша

облыстағы аккредитациядан өткен барлық

федерациялардың өкілдері қатысты. Атап

айтқанда, Айкидо және джиу-джитсу федерациясы,

Павлодар облысы бойынша

«Тигр» қоян-қолтық ұрыс федерациясы,

Бүкілқазақстандық Кекушинкай каратэ

ұйымының филиалы өкілдері өнер көрсетті.

Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша

каратэ шинкиокушинкай, ҚР ITF Таеквондо

федерациясының филиалы өкілдері қатысты.

Бұл кеште спорттық және жауынгерлік

самбо, кикбоксинг федерациясы, белбеу

күресі, Муай-Тай, ММА аралас жауынгерлік

жекпе-жек федерациясының спортшылары

да шеберліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар панкратион және грэпплинг

федерациясының спортшылары

да осы шараға қатысты. Бұл күні «Ertis

Promenade» сахнасында 100-ден астам

спортшы өздерінің ең жақсы тәсілдерін

ел назарына ұсынды.

Фестивальдің құрметті қонағы -

Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері,

дзюдодан еңбек сіңірген спорт шебері,

ҚР дзюдо федерациясының бас хатшысы

Асхат Жіткеев көпшілікті айтулы шарамен

құттықтап, жұртшылықты спортпен

айналысуға шақырды.

More magazines by this user
Similar magazines