02.07.2019 Views

2 шілде, 2019 жыл №74 (15394)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

8 2 шілде, сейсенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ERTIS PROMENADE

Дубцова - Ертіс жағасында!

Өткен сенбі күні төменгі жағалаудағы «Ertis Promenade» сахнасында

Ресейдің танымал әншісі Ирина Дубцова өнер көрсетті.

Халықаралық аренада ерекше беделге ие өнер иесінің әндерін

тыңдауға жиналған көрерменнің қарасы көп болды.

Алпысбай ХОНЖ

Қаумалаған тыңдармандарды

өнерімен тәнті еткен ерекше

дауыс иесі бұл күні өзінің хитқа

айналған әндерін шырқады.

«Москва-Нева», «Бойфренд»,

«Факт», «О нем», «Люба»,

«Вспоминать», «Долго», «До

луны» секілді эстрадалық

туындылар жағалауға жиналған

жұртшылықтың көңілін көтерді.

Әнші репертуарында ерекше

маңызға ие шығармаларының

бірі - «Кому? Зачем?» әні. 2008

жылы Ирина Дубцова белгілі әнші

Полина Гагаринамен бірлесіп,

аталған әнге бейнебаян түсірген

еді. Бұл ән «Муз-ТВ - 2010»

байқауында «Жыл дуэті» аталымына

ие болды.

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ

- Құрметті павлодарлықтар!

Осынау үлкен сахна аумағына

тегіс жиналған сіздерді көріп

қуанып тұрмын. Қолдауларыңыз

үшін шын жүректен алғыс

айтамын! Тыңдарманы бар

әнші қашан да бақытты, -

деді И.Дубцова.

Ресейлік әнші бірқатар

ірі музыкалық байқауларға

қатысып, ауыз толтырып

айтарлықтай жетістіктерге

жетті. Оның жұлдызын жаққан

«Фабрика-4» жобасы еді. Ол

осы байқауда жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ әнші «Золотой граммофон»

жүлдесінің иегері

атанды. И.Дубцова алғашқы

ән жинағын 2005 жылы жарыққа

Тілеуберді САХАБА

Шара еліміздің 1 шілде - Ұлттық

домбыра күніне орай ұйымдастырылды.

Музей меңгерушісі Ерлан Рахымовтың

сөзінше, қорда ұлттық аспаптардың

бірнеше түрі сақталған. Әсіресе, ондағы

домбыралардың тарихы әрқилы. Елімізге

белгілі ақындар мен әншілер ұстаған домбыралар

және ұлт аспаптарының қыр-сырын

терең меңгерген шеберлердің туындылары

тұр. Солардың қатарынан әйгілі

жерлесіміз, ақын, импровизатор Құдайберген

Әлсейітовтің, әншілер - Темірболат

Арғынбаев, Байғабыл Жылқыбаевтардың

домбыраларын көруге болады. Сонымен

қатар, қазақ қобызының атасы атанған

қазақ музыкалық аспаптарының хас шебері

Қамар Қасымовтың, Шәкен Рақышевтың

және Мәуия Әбікеевтің қолынан шыққан

туындылар өткеннен сыр шертеді. Бұдан

бөлек, Қылышбек Құрмантегі, Нұрлан

шығарды. «О нем» деген атпен

жарияланған ән жинаққа әншінің

12 туындысы топтастырылған.

Осы кезде «Муз-ТВ» арнасында

әншінің «Медали» және «Ветра»

әндерінің бейнебаяны көрсетіліп,

тыңдарман арасына тез тарап

кетті.

Сондай-ақ осы күні облыстық

Иса Байзақов атындағы филармонияның

әншілері мен жергілікті

«Шаңырақ» орталығының өнерпаздары

әннен шашу шашты.

Шілденің 6-сы күні Нұр-Сұлтан

қаласының туған күніне орай «Ertis

Promenade» сахнасында республикалық

және шетелдік белгілі әншілер өнер

көрсетеді деп күтілуде. Бұл күні қазақ

эстрадасының жарық жұлдызы, әнші

Ерке Есмахан, Жүгінісовтер әулеті, Артур

мен Райм дуэті ән шырқайтын болады.

Сондай-ақ ресейлік «Пицца» тобының

өнерін тамашалауға да мүмкіндік бар.

Сал домбыра, ән домбыра...

«Домбыра, мұнша шешен болдың неге?» деп дауылпаз ақын

Қасым Аманжолов жырлағандай, қазақта домбырадан асқан

абыз аспап жоқ. Жақында Майра Шамсутдинова атындағы

ән-өнер шығармашылығы музейінде «Сал-домбыра» атты

домбыралар көрмесі ашылды. Музей қызметкерлері көрмені

тамашалаушыларға сонда сақталған құнды аспаптар тарихымен

таныстырды.

Суреттерді түсірген - Дархан Өмірзақов.

Апушев, Нұрлан Рақышев сынды кейінгі

шеберлердің туындылары көрме төрінен

орын алған.

- Біздің қорда сақталған аспаптардың

арасындағы ең ерекшесі – Құдайберген

Әлсейітовтің тұмар домбырасы. Үш

бұрышты аспап қоржынға салып алып

жүруге ыңғайланып жасалған. Яғни, жиналмалы

домбыра. Музейге қызы әкеліп

тапсырды. Мұндай домбыра Байғабыл

Жылқыбаевта да болған. Бірақ, ол бізге

жетпеді. Сонымен қатар, бүгінгі өнерпаздар

көп ұстай бермейтін қалақ домбыра да

бізде сақталған. Оның сыртқы пішіні

қалаққа ұқсас болған соң осылай аталып

кеткен. Бұл домбырамен кезінде біздің

Арқаның сал-серілері ән салған, - дейді

Ерлан Рахымов.

Шара барысында Жанғабыл Сәбиев,

Тұлыбек Армиянов сынды дәстүрлі әншілер

әуелетіп ән салса, жас домбырашы Фаиз

Назмутдинов құйқылжыта күй тартып,

кештің сәнін келтірді.

СПОРТ ТЫНЫСЫ

«Ақтөбе»

айласын асырды

Алпысбай ХОНЖ

Қазақстан Премьер-лигасының

16-туры аясында «Ертіс» сырт

алаңда «Ақтөбемен» ойнап,

1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионында

өткен кездесуде жерлестеріміз негізінен

шабуылға иек артты. Бұл жолы «Ертістің»

сапында қорғаушы Милош Стаменкович

кездесудің алғашқы минуттарынан бастап

ойынға араласты. Жас шабуылшы Тимур

Мульдинов та жасыл алаңнан көрінді.

Ойынды ерекше қарқынмен бастаған «Ертіс»

бірден алға ұмтылды. Кездесудің 10-шы

минутында команда капитаны Карлос

Фонсеканың берген добын Тимур Мульдинов

голға айналдырды.

Ойынның соңғы 5 минутында ақтөбеліктер

жиі шабуылға шыққанымен қақпаға тура

соққы бағыттай алған жоқ. Кездесудің

40-шы минутында тағы да Т.Мульдинов

қарсыластар қақпасының кілтін табуға

тырысқан. Алайда, оның гол соғуына

ақтөбелік қорғаушылар мүмкіндік берген жоқ.

Ойынның екінші жартысында Ақтөбе

футболшылары допқа көбірек иелік етуге

тырысты. Кездесудің 68-минутында

«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Асланбек

Кәкімов «Ертіс» қақпасына саңылау тапты.

Ойынның 81-минутында Милош Стаменкович

ойын тәртібін бұзып, төреші айып

соққысын белгіледі. «Ақтөбенің» капитаны

Виталий Волковтың тепкен добын тосып

алуға қақпашы Антон Цирин дайын болмай

шықты. Өкінішке қарай, жерлестеріміз ойын

басындағы басымдықты кездесудің соңына

дейін ұстап тұра алмады.

Дәл осы күні Павлодардың орталық

стадионында елордалық «Астана» футбол

командасы Алматының «Қайратымен»

кездесті. Қос мықты арасында өрбіген

ойын тартысқа толы өтті. «Қайрат» кездесу

бастала салысымен жиі шабуылға шықса,

«Астана» көбінесе қорғанысқа ден қойды.

Кездесудің екінші жартысында «Қайрат»

шабуылды үдете түсті. Ойынның 68-минутында

«Қайраттың» қорғаушысы Раде

Дугалич гол соқты. Араға 3 минут салып

Айбол Әбікен есепті еселеді. Алматылықтар

кездесудің соңына дейін басымдықты

сақтап қалды.

Ерекше фестиваль

Жуырда облыс орталығындағы

«Ertis Promenade» сахнасында

Павлодар облысының

жауынгерлік өнер қауымдастығының

фестивалі өтті.

Спорттық шараға Бейжің

Олимпиадасының күміс жүлдегері

Асхат Жіткеев құрметті

қонақ ретінде қатысты.

Шараға жауынгерлік өнер бойынша

облыстағы аккредитациядан өткен барлық

федерациялардың өкілдері қатысты. Атап

айтқанда, Айкидо және джиу-джитсу федерациясы,

Павлодар облысы бойынша

«Тигр» қоян-қолтық ұрыс федерациясы,

Бүкілқазақстандық Кекушинкай каратэ

ұйымының филиалы өкілдері өнер көрсетті.

Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша

каратэ шинкиокушинкай, ҚР ITF Таеквондо

федерациясының филиалы өкілдері қатысты.

Бұл кеште спорттық және жауынгерлік

самбо, кикбоксинг федерациясы, белбеу

күресі, Муай-Тай, ММА аралас жауынгерлік

жекпе-жек федерациясының спортшылары

да шеберліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар панкратион және грэпплинг

федерациясының спортшылары

да осы шараға қатысты. Бұл күні «Ertis

Promenade» сахнасында 100-ден астам

спортшы өздерінің ең жақсы тәсілдерін

ел назарына ұсынды.

Фестивальдің құрметті қонағы -

Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері,

дзюдодан еңбек сіңірген спорт шебері,

ҚР дзюдо федерациясының бас хатшысы

Асхат Жіткеев көпшілікті айтулы шарамен

құттықтап, жұртшылықты спортпен

айналысуға шақырды.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!