25 шілде, 2019 жыл №83 (15403)

PavlodarNews

20 25 шілде, бейсенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Ұлттық дәстүр

дәріптелді

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласында

қазіргі кезеңдегі әлемдік жаһандану

жағдайында заман ағымына икемделудің,

жаңа дәуірдің озық үлгілерін

бойымызға сіңірудің және ұлттық

кодымызды сақтаудың маңыздылығын

түсіндірген болатын. Сондықтан біз де

ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп,

жоғалт-қанымызды қайта жаңғыртуға

міндеттіміз. Осы мақсатта Ақсу қаласының

тұрғыны, кәсіпкер Дәлелхан Әбдіхалықұлы

немересі Рахманның сүндет тойы

мен кішкентай Іңкәрдің тұсау кесу

рәсімін өткізіп, салт-дәстүрімізді қайта

жаңғыртты.

Ат жалын тартып мінді немереміз,

Бақытқа Алла берген кенелеміз.

Тәй-тәй басып Іңкәрім келе жатыр,

Осылай немеремен көбейеміз.

Рухы қазақтың бойымызда,

Ата-салтын ұлықтау ойымызда.

Тұсау кесу, сүндет-тойы немерелер,

Келіңіз салт-жоралғы тойымызға, –

деген өлең жолдарымен той басталды.

Ортаға той иелері Дәлелхан мен

Махпуза шығып, өздерінің алғы сөздерін

айтты.

- Ерте кезеңнен-ақ ата-бабаларымыз

бала, ұрпақ тәрбиесіне көп

көңіл бөліп, оларды үлкенге тағзым,

кішіге ізет етуге, бауырмалдыққа,

EРТІС PROMENADЕ

Ақсу қалалық әкімдігі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

қолдауымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

шаһардағы орталық саябақта «Сүндет той» және «Тұсау кесу» салтдәстүрлеріне

арналған мазмұнды шара өтті.

мейірімділікке баулыған. «Тәрбие тал

бесіктен басталады», «Ұяда не көрсең,

ұшқанда соны ілесің» деген ұлағатты

сөзді жадына әбден тоқыған. Сондықтан

да баланың қайырымды азамат болып

ержетуі, алдымен, ата-ананың тәрбиесіне,

қоршаған ортаның үлгі-өнегесіне

байланысты. Сол үшін бүгін біз

немерелеріміздің сүндет тойы мен

тұсау кесу рәсімін халықпен бірге

өткізуді жөн санадық, - деді Дәлелхан

Әбдіхалықұлы.

Ди-джейлер келеді

Алдағы сенбі, яғни, 27 шілде күні Павлодар қаласының Орталық

жағажайында орналасқан «Ертіс Promenade» сахнасында облыс

жастары үшін «PVL Energy» атты DJ-лердің фестивалі өтеді.

Яғни, танымал ди-джейлер павлодарлықтар үшін би кешін

ұйымдастырып, бар өнерін көрсететін болады.

Облыстық мәдениет, архивтер және

құжаттама басқармасы басшысының орынбасары

Асылбек Мейірмановтың айтуынша,

қалалық тұрғындар бұған дейін «Ертіс

Promenade» сахнасында есімі елге танымал

отандық және шетелдік өнер жұлдыздарының

ән-шашуын тамашалап келген. Олардың көбі

80-90-ыншы жылдардағы әндерді шырқаған.

Ал жақында павлодарлық жастар тарапынан

заманауи концерттер немесе би кешін

ұйымдастыру туралы ұсыныс түскен екен.

Сол үшін осы сенбі күні орталық жағажайға

жиналған көпшілік үшін «PVL Energy» атты

DJ-лердің фестивалі ұйымдастырылмақ.

- 27 шілде күні кешкі сағат 19.00-де қала

жастарына қазақстандық және ресейлік

Baur, Nejtrino, PUZA, FARA және leonid

Rudenko сынды белгілі ди-джейлер өнер

көрсетеді. Жастар үшін керемет би кеші

ұйымдастырылады. Ал 28–інші шілде күні

кешке «Aruzhan Production» студиясының

концерті болады. Қалалықтарды демалыс

күндерінде «Ертіс Promenade» сахнасында

өтетін қызықты іс-шараның қонағы болуға

шақырамыз, - дейді А.Мейірманов.

Н.АҚЫТЕГІ.

Cуреттерді түсірген - Е.Жұмаділов.

Рахман жиенінің сүндет тойына Өскемен

қаласынан келген нағашы атасы мен апасы

оны «Ашамай» дәстүріне сай тайдың үстіне

отырғызып, игі тілектерін білдірді.

- Сүндет той құтты болсын! Жиеніміз бүгін

ашамайлы атқа, мұсылмандық таққа мінді. Еліне,

халқына адал қызмет ететін, ата-анасына қайырлы,

ел-жұртына сыйлы, абыройлы, абзал азамат

болсын деп тілейміз. Осы отырған баршаңызға

той жұғысты болсын!, - деді нағашы атасы.

Бұдан соң Іңкәрдің тұсау кесу рәсімі өткізілді.

Ортаға Ақсу қаласының Құрметті азаматы, «Нұрана

әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Рымкеш Сламбекова шақырылып, ізгі тілегін

айтып, дәстүр бойынша сәбидің тұсауын кесті.

Той иесі Рымкеш Хамитқызының иығына шапан

жауып, құрмет көрсетті. Бұдан соң Ақсу қаласы

әкімінің орынбасары Балтабай Қаппасов той

иелерін қос немересінің қуанышымен құттықтап,

екі балаға сыйлық табыс етті. Басқа да туғантуыстар

балғындарға сыйлық, көрімдік ұсынып

жатты. Ортаға ауылдың құрметті ақсақалы шығып

екі балаға ақ батасын берді.

Той қошқар көтеру, балуандар күресі,

асық ойыны, қол күресі, арқан тарту, бата

берушілер сайысы, әжелер жарысы және әсем

әндермен жалғасын тапты.

Аталмыш шараға жиналған халық ұлттық

құндылықтарымыздан рухани азық алып, жақсы

көңіл-күймен тарқасты.

Шамшат ЖҮНІСҚАЛИ,

Ақсу қаласы.

Жаз

КӨҢІЛДІҢ КӨЗІ

Нұртөре ЖҮСІП,

қаламгер

БІР ӨЛЕҢ

АБАЙ

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда;

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Кұйрығымен шылпылдап,

Арасында кұлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап.

Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап...

Қалта телефон

қызмет ете ала ма?

Белгілі ІТ маманы Тимур Бектұр қазақ

жастарының шетелдік Google сияқты

озық компанияларға кетуін келеңсіздікке

жатқызбайды. «Қазақтың ойлы жастарына

сұраныс туып жатса, бұл еліміздің

потенциалының зор екенін көрсетеді»

дейді ол. Бүгінде озық технология

дегенді көп айтамыз. Әлемде технология

қарыштап дамып бара жатқаны

рас. Күнде қалтамыздан түспейтін телефонымыз

қазақ тілінің мүддесіне қызмет

ете ала ма? Ұялы телефонға немесе

компьютерге бір-екі емес, жүздеген тіл

сан мыңдаған сөздік қорымен сыйып

кететіні белгілі. Қазір осы телефонның

бір тілден екінші тілге жедел аудару

қабілеті дамып келе жатқанын да көріп

отырмыз. Атақты математик, академик

Мұхтар Өтелбай ағамыз «Тіл білу (мысалы,

ағылшын тілін білу) – техникалық шешімі

бар проблема. Жақын болашақта барлық

халықтың адамымен солардың «тілінде»

сөйлесе беретін боламыз. Әлемде осындай

технологиялық төңкеріс жүріп жатқанда, біздің

балабақшадан бастап «ағылшын тілі» деп

жанығуымыз мүлдем теріс болып шығады.

Тіпті, бұл А.Байтұрсынұлының өсиетіне,

неміс, жапон, т.б. елдер тәжірибесіне

қарсы екенін айта-айта жағымыз талған

жоқ па?! Өзіңіз ойлаңызшы, әр нәрсені

тиіп-қашып істеген жұмыс нәтижелі ме,

орнықты жұмыс нәтижелі ме?» деген

ұсыныс жасапты. Академиктің айтуынша,

ана тіліне еш зиян тигізбейтін, қайта

оның қолтығынан демейтін технологияның

Қазақстанға жететін күні де алыс емес.

Қазақша «білетін» ұялы телефон жүйесі

(смартфон) қазақтан басқа ешкімге керек

емес. Қай ұлтты болсын ана тілімізде

«сөйлететін» телефон, әрине, аспаннан

аяғы салбырап түсе қалмайды. Біз сол

үшін күресуіміз керек. Ондай «тілмаштыққа»

орыс тілі де жарайды десек, әлем алдында

күлкіге қаламыз. Сондықтан Қазақстанға

келетін немесе бізде сатылатын телефонның

бәріне қазақша жад салу, қаріп енгізу

(бүгінгі кириллицаны да, бекітілген латиницаны

да) міндетті. Бұл мемлекеттік

жұмыс, бағдарлама болуы тиіс. Қазақша

«білмейтін» телефондар мемлекеттік

тілге қарсы жұмыс істейді, өйткені оның

табиғаты солай. Бүгінде 1-сыныпқа барып

жүрген бүлдіршіндер мектепті бітірген

кезде ұялы телефондар ең мықты аудармашыдан

(тілмаштан) әлдеқайда мықты

аудармашы болады. «Егер жақын арада

«тілмаш телефонды» қазақша үйретпесек

(олар қазір жүз тіл біледі), ол телефондар

қазақ тіліне қарсы жұмыс істей бастайды

және де ана тілімізді мейлінше әлсіретіп,

түбінде егемендігімізге зор қауіп төндірері

сөзсіз. Жаһандану заманында тілмаш

телефондар және интернет жүйесін ұлт

игілігіне пайдалану мемлекеттік міндетті

іс болуы тиіс.

More magazines by this user
Similar magazines