30.07.2019 Views

30 шілде, 2019 жыл№85 (15405)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

30 шілде, сейсенбі

2019 жыл

№85 (15405)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

#TAZAQAZAQSTAN

Тазалық марафоны

Нақпа-нақ

Аймақтағы

шағын және

орта бизнесті

қолдауға

4 млрд.

теңгеден астам

қаржы бөлінді

НАРЫҚ

Отандыққа

отырады

Бұдан былай мемлекеттік

қызметшілер тек Қазақстанда

құрастылған көліктермен

жүретін болады. Үкімет басшысы

Асқар Мамин алдағы

2 жылда мемлекеттік сатып

алулар арқылы импорттық

көліктер алуға тыйым салатын

Қаулыға қол қойды.

Өндіріс

СТАНЦИЯ ИЕСІ БІРЕУ БОЛАДЫ

Суретті түсірген – Әлібек Жиеналинов.

Елімізде «Бірге-Таза Қазақстан» экомарафоны бастау алды. Соның аясында

барлық қаладағы мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындардың қызметкерлері

мен тұрғындар шаһарды қоқыстан тазартуға кірісті. Игі іске Павлодар

қаласының белсенді азаматтары да қатысты. Зауыт жұмысшылары,

медициналық мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері

мен жастар жұма, сенбі күндері қолға қап алып, қалдықтарды жинады.

Экологиялық акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Жалғасы 2-бетте

Екібастұз ГРЭС-2 станциясы тұтастай Қазақстан елінің меншігіне өтеді. Бұған дейін

станцияның жартысы Ресейдің «Интер РАО ЕЭС» ААҚ-на тиесілі болып келген. Қазір

шетелдік акцияларды нарықтық бағамен сатып алу туралы шешім қабылданды. Осыған

дейін станцияны қазақстандық «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорынан және ресейлік «Интет

РАО» АҚ-ның атынан ұсынылған басшылар кезектесіп басқарып келді.

Толығырақ 3-бетте

Мұндай қадам отандық нарықтың

мүддесін қорғау үшін жасалып отыр.

Былтыр отандық автомобиль зауыттары

шығарған көліктің 11 пайызға

жуығын мемлекеттік құрылымдар сатып

алған. Енді бұл көрсеткішті одан әрі

арттыру көзделген.

«CT-KZ» нысанындағы тауардың

шығу тегі туралы сертификаты бар

Қазақстан Республикасының заңды

тұлғасы өндірген тауарлар мемлекеттік

сатып алуға қатысуға жіберілсін, -

делінген Қаулыда.

Автоөндірушілер одағының стратегиялық

жоспарлау жөніндегі директоры

Артур Мискарянның айтуынша,

бұл отандық өнімді қолдау бағытындағы

ауқымды іс болмақ.

- Конкурсқа қатысу үшін «СТ-КZ»

сертификатының басты талап ретінде

қойылуы мемлекеттік сатып алу рәсімін

неғұрлым ашық етеді. Оған қоса, тек

отандық өндірушілерден мемлекеттік

сатып алуды және жалға алуды жүзеге

асыру ұйғарылды. Тиісті қаулы күшіне

енді және екі жыл бойы әрекет етеді.

Осы уақыт аралығында отандық зауыттар

мен мемлекеттік органдар арасындағы

өзара байланыс оң жолға қойылады

деген сенім мол, - дейді А.Мискарян.

Есесіне мемлекеттік сатып алуды

жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден

шығарылатын тауарларды ұлттық

режимнен алып қою талабы қойылды.

Қазақстан Республикасының аумағында

өндірілмейтін тауарларды ғана өзге

елден әкелуге рұқсат етілді. Оылайша,

таяу арада мемлекеттік мекемелердің

барлығы отандық қызметтік көлікке

ауысуы тиіс.

Әзірлеген – Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

2 30 шілде, сейсенбі, 2019 жыл

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

КӘСІПКЕРЛІК

Бизнестің биігі -

жастарда

Қазақстанда «Жас кәсіпкер» жобасы бастау

алды. Бұл жобаны дамыту, кеңінен насихаттау

мақсатында елімізге танымал қоғам, спорт және

өнер, бизнес қайраткерлерін тарту тәжірибесі

енгізіліп отыр.

Павлодар облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының

баспасөз қызметі хабарлағандай, белгілі спортшы және қоғам

қайраткері Ардақ Назаров «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

аясында «Атамекен» ҰКП жүзеге асырып отырған «Жас Кәсіпкер»

жобасының бренд өкілдерінің бірі болды.

22 шілдеден бастап еліміздің барлық қалалары мен аудандарындағы

200 мектепте бизнес негіздері бойынша оқытудан өтуге

ниет білдірушілер кәсіпкерлікпен айналысуға деген ынтаны анықтау

мақсатында тестілеуден өтіп жатыр.

Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2019 жылы

мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлерді оқытудың жалпы

саны екі есеге артты. Екі оқу бағдарламасында 75000 өзін-өзі

жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және көпбалалы отбасылардың

мүшелері оқытылады, олардың жартысы – 18-29 жас аралығындағы

жастар болады.

«Балалармен жаттығу кезінде және біздің мектебімізде 500-ден

астам спортшы бар, сондай-ақ жастармен кездесулерде мен әрқашан

адамгершілік тәрбиесінің қажеттілігі туралы айтамын. Бұл - еңбекке

баулу, ата-ананы құрметтеу сияқты өзгермейтін ақиқаттар. Әлеуметтік

желілерден «Жас кәсіпкер», «Бастау» оқу жобалары туралы ақпаратты

оқып, оны жастар қолдайтынын көргенде, мен де өз үлесімді қосуды

жөн санадым», – деді танымал күрескер.

Танымал спортшы кездесулерде жетістіктің сыры жеке іспен

шұғылдануда, кәсіби білім алып, табысты еңбек ете білуде екенін

насихаттайды.

«Кәсіп, жеке бизнес жүргізу, бай болу жақсы, бірақ ол еңбекқорлық

арқылы келеді. Менің достарым, таныстарым және бизнесмендер

менен де ертерек тұрып, түн ортасында ғана ұйықтайды. Неліктен?

Себебі, олар тек өздері үшін ғана емес, жұмыс үшін де, өз

командасы үшін де, айналадағылар үшін де жауап береді. Бұл -

бизнес пен спорттың арасындағы ортақ нәрсе», – деп атап өтті

Ардақ Назаров.

Білім беру жобаларының ерекшелігі – оқыту, қаржыландыру

және сүйемелдеу сынды үш негізгі элементті біріктіру. 22 шілдеден

бастап 200 мың жас және көпбалалы отбасылардың мүшелері

бүкіл Қазақстан бойынша 200 сыныпта кәсіпкерлік негіздерін оқи

бастады. Бір қызығы, 60 сынып елордада және Алматы, Шымкент

қалаларында орналасқан. Дәл осы қалаларда тұрақты табысы

жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жастардың көп

бөлігі шоғырланған.

Спортшы жастарды мемлекеттік қолдаушараларын қолдануға

шақырған бейнероликке түсті. Ұйымдастырушылар атақты тұлғалармен

вирустық бейнелер сериясын дайындауды жоспарлап отыр.

Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар немесе

көпбалалы отбасылардың мүшелері «Жас кәсіпкер» жобасында

қатыса алады. Ол үшін өтінімді qoldau.atameken.kz сайтына жіберу

керек. Палата филиалдары немесе «Атамекен» ҰКП байланыс

орталығына – 1432 нөміріне қоңырау шала аласыз (қоңырау

шалу тегін).

Әзірлеген – Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

Салық заңнамасына енгізілген өзгерістер

Патент негізіндегі

арнайы салық режимі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент негізіндегі арнаулы

салық режимін келесі іс-әрекет түрлерін: сылақ жұмыстарын; ағаш

ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын; такси қызметін; автомобиль

көлігімен жүк тасымалдауды; көлік құралдарын мүліктік жалдауға

(жалға) беруді; ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа

және мүліктік жалдауға (жалға) беруді; бейнежазбалар мен дискілерді

прокатқа беруді; шаштараз қызметтерін; маникюрді және педикюрді;

жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді; базарларда,

вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді; үй жануарларын

бағуды және басқа қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара

кәсiпкерлер қолдана алады.

Толық тізім Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер

Департаментінің сайтында және әлеуметтік желілерінің беттерінде

орналастырылған.

Сауда саласында патент негізінде АСР қолдану бойынша қызмет

түрлерінің тізіміне кірмейтіндігін атап өту қажет.

Тізімге енгізілмеген қызмет түрлерімен айналысатын дара кәсіпкерлер

келесі салық салу режимдерінің бірін таңдауы қажет екендігіне назар

аударамыз:

• оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі;

• тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;

• жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе

оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану

үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режимі

туралы хабарламаны тапсыру қажет.

Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режимі

туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға

бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.

Одан басқа, бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге

асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылаукасса

машиналарын қолданудан босатылу күшін жояды.

Павлодар облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті.

(20152).

ЭКОЛОГИЯ

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Кәсіпорынның баспасөз қызметі

хабарлағандай, өндірістің

экологиялық қауіпсіздігін арттыру

үшін Ақсу ферроқорытпа зауытының

бірінші және төртінші балқыту

цехтарының алты пешінде түтік

сүзгілер ауыстырылды. Газ тазалау

жүйесінің осы маңызды элементтерін

үнемі жаңарту кәсіпорынға өзінің

ауа шығарындыларын 99%-ға дейін

ұстауға және кәдеге жаратуға

мүмкіндік береді.

Қазіргі газ тазарту жабдығын

қайта құру бүгінгі күні «Қазхром

«ТҰК» АҚ (ERG) Ақсу ферроқорытпа

зауытының табиғатты қорғау

бағдарламасының негізгі бағыты

болып табылады, бұл өнеркәсіптік

алыптың қоршаған ортаға әсерін

азайтады.

- Соңғы 18 жылда зауытта

ферроқорытпа пештерінің тоғыз

жаңа газ тазарту қондырғылары

салынды, соның есебінен кәсіпорын

атмосфераға шаң шығарындыларын

екі еседен астам төмендетті, -

деп атап өтті кәсіпорынның бас

экологы Инна Давыдова. - Біз

осы бағытта үнемі алға басып

келеміз, бүгін тағы да екі пешке

ұқсас құрылыстар салынуда.

Қолданыстағы шаң ұстайтын

жүйелер тиімділігінің жоғары

дәрежесі – 99%, бұл нәтижені Ақсу

металлургтері сүзгілерді уақтылы

ауыстыру арқылы қамтамасыз

етеді. Жыл сайын сүзгілер 20 мың

тоннадан астам шаң ұстайды.

Сүзгілерді ауыстыру олар істен

шыққанға дейін алдын ала орындалады.

Әдетте, олардың қызмет

ету мерзімі екі жылды құрайды.

Биыл Ақсу ферроқорытпа зауытында

алты балқыту пешінде түтік

сүзгілері ауыстырылды. Олардың

Сүзгілер -

тазалық кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырғанындай, бүгінде барлық

ірі кәсіпорындардың зиянды қалдықтар шығаруды түбегейлі азайту және

жаңа тазарту технологияларын енгізу бойынша нақты жоспарлары болуға

тиіс. «ҚазХром» АҚ филиалы болып табылатын Ақсу ферроқорытпа зауытында

осы бағытта бірқатар істер атқарылуда. Жуырда аталмыш зауытта газ

тазарту қондырғыларында түтік сүзгілері ауыстырылды.

Басы 1-бетте

Аталмыш бастамаға Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

қолдау білдірді.

- Үкімет пен азаматтық

қоғамның бастамасымен бүкіл

ел бойынша жүзеге асырылып

жатқан эко-челлендж қозғалысын

толық қолдаймын. Елді тазалық

аймағына айналдырайық! Бірге -

Таза Қазақстан! Жарайсыңдар,

волонтерлер! - деп жазды Президент

твиттер парақшасында.

Экологиялық марафонға павлодарлықтар

да үн қосты. Павлодар

қаласының әкімі Қайрат Нүкеновтің

бастамасымен тазалық жұмыстары

жұма күні басталды. Акцияның

алғашқы күні «Қазақстан алюминийі»,

«Қазақстан электролиз зауыты»

акционерлік қоғамдары мен

«ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай

бекеті, №3 қалалық аурухана,

«Ардагерлер үйі» қызметкерлері

мен шаһардың тазалығына бейжай

қарамайтын азаматтар Ермаков,

Ломов, Қамзин, Ворушин көшелерінің

Тазалық марафоны

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

аумағы мен Усолка шағын ауданын

тазартты.

«Қазақстан электролиз зауытының»

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі

инженері Әміржан Бекеновтің айтуынша,

алғашқы күні кәсіпорынның

50 жұмысшысы қоқыс жинап, көшелерді

ретке келтіру шараларына

қатысты.

- Біз Павлодар қаласының тұрғыны

болғандықтан, шаһарымыздың

тазалығы маңызды. Сондықтан

экологиялық марафонға қатысу

бастамасын қуана қабылдадық.

Тиісті мамандардың қоқыстың

барлығын тез жинауға мүмкіндігі

бола бермейтінін жақсы түсінеміз.

Сондықтан оларға қолғабыс жасап,

қол ұшын созғанымыз артық

болмайды. Бұдан өзгелер сабақ

алып, қалдықтарды кез келген

жерде қалдырмаса дейміз, - дейді

Ә.Бекенов.

Павлодар қалалық тұрғын үй

инспекциясының басшысы Қанат

Желдібаевтың айтуынша, жұма

саны - 15 300 дана, қамтитын

жалпы ауданы 53 800 шаршы

метрден асады.

- Сүзгілерді ауыстыру пештердің

жоспарлы жөндеуі барысында агрегат

толық тоқтаған кезде жүргізіледі, -

деп атап өтті энергия жөндеу

цехының аспирация учаскесінің

бастығы Мұрат Қабдуллин. -

Мердігер жеңдерді ауыстырған

кезде біздің мамандар қондырғының

металл құрылымдарын, тартқыш

жабдықтарды, импульсті регенерация

және шаңды түсіру жүйелерін және

шаң бункерлерін бірге тексереді

және жөндейді. Содан кейін біз

сүзгілерді тозаңдаумен айналысамыз.

Пешті қыздыру барысында

газ тазалау қондырғысының жабдығы

да біртіндеп қуаттылықты арттырады,

сүзгінің түкті бетінің шаңның

ұсақ қабатымен біркелкі жабылуына

мүмкіндік береді. Осылайша,

келесі екі жылға сенімді жұмыс

істеуге мүмкіндік беретін өзіндік

қорғаныс қабаты қалыптасады.

Жақын арада кәсіпорында

сүзгілер №14 және №45 пештердегі

сүзгілер, сондай-ақ бірден үш пешке

қызмет көрсететін алтыншы цехтың

аспирациялық шығарындыларының

газ тазартқыштарында да ауыстырылады.

Кернеулі пайдалану тәртібі

бар сенімді және тексерілген жабдық

орнатылады, бұл сүзгілерге өз

міндеттерін толық көлемде орындауға

мүмкіндік береді.

Біз алдағы уақытта экологияны,

оның ар жағында халықтың

денсаулығын, әл-ауқатын жақсарту

мақсатында ірі кәсіпорын өз

жұмысында тек үздік заманауи

технологияларға сүйенеді деп

сенеміз.

күні тұрғындардың дені жұмыста

болғандықтан, игілікті іске белсене

араласа алмады. Есесіне сенбілікке

шығып, көпқабатты үйлердің маңын

тазалауға атсалысты.

- Акцияның алғашқы күні

40 пәтер иелері кооперативі

өкілдері қатысып, аула ішіндегі

аумақтардың шамамен 40 пайызы

ретке келтірілді. Таза қаланың

тұрғыны болуымыз өзімізге байланысты.

Сондықтан қалалықтарды

қалыс қалмауға шақырамын.

Жергілікті тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығы бөлімі қоқыстарды

шығаруға қажет техникаларды тегін

беретінін атап өткім келеді. Сонымен

қатар, қала іргесіндегі полигон

қоқыстарды тегін қабылдайды.

Демек, қалдықтарды сыртқа

шығаруда қиындық болмайды, -

дейді Қ.Желдібаев.

Айта кетелік, екі күн аралығында

«Бірге – Таза Қазақстан» акциясына

3 мыңнан астам адам қатысты.

Жергілікті полиция қызметкерлері

көріктендіру талаптарын сақтамайтын

200 тұрғын мен кәсіпкерлік нысандарына

ескерту жасады. 50-ден астам

техника 3,5 мың тонна қоқысты

сыртқа шығарды. 3 тамыз күні

жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастыру

жоспарланып отыр.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА 30 шілде, сейсенбі, 2019 жыл 3

Станция иесі

біреу болады

ӨНДІРІС

Екібастұз ГРЭС-2 станциясы тұтастай Қазақстан елінің меншігіне өтеді. Бұған

дейін станцияның жартысы Ресейдің «Интер РАО ЕЭС» ААҚ-на тиесілі болып

келген. Қазір шетелдік акцияларды нарықтық бағамен сатып алу туралы

шешім қабылданды.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Осыған дейін станцияны

қазақстандық «Самұрық-Қазына»

әл-ауқат қорынан және ресейлік

«Интет РАО» ААҚ-ның атынан

ұсынылған басшылар кезектесіп

басқарып келді. Ендігі жерде бір

ғана басқарушы болады.

Қордың қоғаммен байланыс және

маркетинг қызметі хабарлағандай,

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Интер

РАО» ААҚ-нан «Екібастұз ГРЭС-2

станциясы» АҚ-ның 50% үлесін сатып

алу туралы шешім қабылдады.

Осылайша, Қор Екібастұз ЖЭС

станциясы акцияларының 100%

иесі болады. Жобаның Жол картасына

сәйкес мәмілені 2019 жылдың

аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Айта кеткен жөн, «Интер

РАО» өзінің Екібастұз ГРЭС-2

станциясындағы акцияларын

нарықтық шарттар бойынша

сатуда. Бірақ сауданың қанша

соманы құрайтыны туралы мәлімет

келісім аяқталғанға дейін жария

етілмейді. Мамандар бұған дейін

қазақстандық тарапта станцияның

50% акциясы болғандықтан, бұл

активтерді «Самұрық-Қазынаның»

қайтадан иемденуі қисынды деп

санайды.

Мәміленің аяқталуы белгілі

шарттардың орындалуына, оның

ішінде тараптардың басқару

органдарының бұл мәмілені

мақұлдауына, несие беруші

банктердің ГРЭС-2 станциясының

акционерін ауыстыруға келісімін

алуына және т.б. органдарға

байланысты.

Екібастұз ГРЭС-2 станциясындағы

өзгеріс немен байланысты?

Ресми ақпаратқа сүйенсек,

«Интер РАО» компаниясының

станция акционері құрамынан

шығу туралы шешім қабылдауына

оның негізгі нарығы – Ресейде

жұмыс істеуге шоғырлануға деген

ниеті әсер етіп отыр. Екібастұз

станциясындағы үлесін сату жөніндегі

мәміле аяқталғаннан кейін, «Интер

РАО» ААҚ-ның Қазақстан Республикасында

активтері болмайды.

Жақын арада Ресейде өндіруші

қондырғыларды модернизациялау

іске қосылады, оған «Интер РАО»

белсенді қатысуға ниет білдіріп

отыр.

Әрине, ресейлік акционердің

әрекеті басқа себептерге байланысты

деген пікір де тарауда.

Мәселен, интернет-порталдар

Қазақстанда электр энергиясына

белгіленетін тарифтер мөлшерінің

төмендігі ресейлік компанияның

біздің нарықтан кетуіне себеп

болып отыр дейді.

Бұл орайда, Екібастұз станциясында

3-інші энергоблоктың

құрылысы басталғанын айту

керек. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның

ресми сайтында берілген мәлімет

бойынша, қуаттылығы 636 мегават

болатын №3 энергоблокты салу

арқылы Екібастұз ГРЭС-2 станциясы

өндірісін кеңейту және

реконструкциялау жобасының іске

асу мерзімі - 2010-2021 жылдар.

Жобаның жалпы құны - 437 950

млн. теңге. Құрылыс барысында

1486 адам жұмыс істесе, энергоблок

іске қосылған соң 358 адам

жұмыспен қамтылады. Сөйтіп барлық

модернизациялау жұмыстарынан

кейін Екібастұз ГРЭС-2 станциясы

жылына 4,8 млрд. квт электр энергиясын

өндіруге қауқарлы болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

қатысуымен өткен телекөпір

аясында Қазақстандағы Индустрияландыру

картасына сәйкес,

мұнда алғашқы инфрақұрылымды

жүйелер іске қосылған. Яғни, үлкен

жоба іске асуда. Кейбір сарапшылар

бұған дейін халықаралық

қаржы ұйымдарынан инвестиция

алынғанын, оларды төлеу бойынша

міндеттемелер барын еске салуда.

50 пайыздық акцияларды сатып

алуда осы мәселе ескеріліп,

ресейлік компанияның міндеттемесін

Қазақстан жағы өз мойнына алып,

акцияларды соның есебінен алуға

келісуі мүмкін дейді. Қалай болғанда

да, өзара келісімшарттың қалай

іске асқанын процесс аяқталған

соң ғана білетін боламыз.

Айта кетелік, Екібастұз ГРЭС-2

станциясы» белгіленген қуат мөлшері

1000 МВт. Бірінші энергоблок 1990

жылы, 2-шісі 1993 жылы әрқайсысы

500МВт қуаттылықпен іске қосылды.

Ұжымда 1500-нан астам адам

еңбек етеді. Қазіргі кезде 3-інші

энергоблоктың салынуына да

біздің мемлекет мүдделі. Себебі,

Қазақстанның оңтүстік өңірлері

электр қуатын әлі күнге дейін шет

мемлекеттерден сатып алып отыр.

Бұл тәуелділікті жою мәселесін

Үкімет Индустрияландыру картасы

аясында шешуді белгілеп қойған.

Осы орайда Екібастұз ГРЭС-2

станциясының бір қолға өтуі,

яғни оның бірден-бір қожайыны -

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның болуы

іргелі жобаның сәтті іске асуына

септігін тигізеді деп сенеміз.

ЖАСТАР АЛАҢЫ

Қолдан келсе, қолдау бар

Сенбі күні облыс орталығындағы жаңа жағалауда «АрбатJasFest» жазғы жастар

алаңы ұйымдастырылып, жас кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлері өз туындыларын

көрмеге қойды.

Бұл шара облыстық жастар

саясаты мәселелері басқармасы

жанындағы «Жастар бастамаларын

дамыту орталығының»

ұйымдастыруымен өтуде.

Мақсаты - жастардың жазғы

демалысының қызықты әрі пайдалы

өтуіне ұйытқы болу, шығармашылық

әлеуетін арттыру және қолдау

көрсету. Сонымен қатар, жас

кәсіпкерлердің бизнес жобалары мен

қолөнер шеберлерінің туындыларын

көпшілікке насихаттау. Жастарға

арналған ерекше шараның ашылу

салтанаты маусым айының аяғында

«Ертіс Promenade» сахнасында өткен

болатын. Содан бері екі аптада

бір рет ұйымдастырылып, өңірдегі

белсенді жастардың басын қосуда.

Мұнда өнерпаз жастармен қатар

қолөнер шеберлері мен кәсіпкерлер

де өз жұмыстарын көрсетіп, сатуға

мүмкіндік бар. Яғни, шағын бизнеске

оңай жолмен жарнама жасап, одан

ары ұлғайтуға жол ашылуда.

Облыстық «Жастар бастамаларын

дамыту орталығының»

бөлім басшысының міндетін

атқарушы Аида Байтемірованың

сөзінше, осы жолғы жастар алаңы

екі блог бойынша өткен. Бірінші

блогта ұлттық нақышта жасалған

тұрмыстық заттар қойылса, екінші

блог заманауи әшекей бұйымдарына

арналды. Сондай-ақ, қолдан

жасалған ойыншықтар жиынтығы да

ұсынылды. Бұдан бөлек, жағалауға

жиналған жұрт өңірімізге танымал

жас өнерпаздардың әндерін тыңдап,

билерін тамашалады.

- «АрбатJasFest» жазғы жастар

алаңы бұған дейін «Ертіс Promenadе»

сахнасында және қалалық саябақта

ұйымдастырылған болатын. Келесі

жиын тамыз айының 17-сі күні

болады. Өтетін орнын қосымша

хабарлайтын боламыз, - дейді Аида

Байтемірова.

Әзірлеген - Т.САХАБА.

«ДИПЛОММЕН - АУЫЛҒА!»

Ауылдық жерлерде дәрігер тапшы. Осы мәселені

шешу үшін медициналық білімі бар жас мамандар

алыстағы елді мекендерге жолдама алуда. Бұл –

мемлекеттік «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасының

жемісі.

Жас келсе - іске!

Нұржайна ШОДЫР

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасының мәліметінше,

тек биылғы жылы аймағымызға

264 медицина саласының маманы

келеді деп жоспарлануда.

Олардың көпшілігі «Дипломмен -

ауылға!» бағдарламасы бойынша

ауылдық тұрғындарға қызмет

көрсететін болады. Бүгінде бұл

жас дәрігерлерді тұрғын үймен

қамтамасыз ету, бір реттік

көтермеақы төлеу мәселесі

дұрыс жолға қойылған.

Атап өтерлігі, аймағымыздағы

кейбір шалғай елді мекен

тұрғындары аталмыш бағдарламаның

игілігін көптен бері

көріп келеді. Мәселен, Ертіс

ауданында осыдан 4-5 жыл бұрын дәрігер тапшылығы мәселесі

өткір тұрған еді. Ал бүгінде «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы

бойынша өңірге барған жалынды жастар аталған олқылықтың

орнын толтыруда. Сондай жас мамандардың бірі – Сыздықова

Нұрлаш Қинаятқызы.

Ол - осыдан екі жыл бұрын «Дипломмен - ауылға!» барған

жоғары білімді маман. Алғашқы еңбек жолын Ертіс ауданына

қарасты Панфилов ауылындағы емдеу мекемесінің меңгерушісі

болудан бастайды.

- Әкем Қинаят Сәбитұлы үнемі: «Менің қызым ақ халат киіп,

адамдарды емдейді», - деп айтып, армандап отыратын. Әкемнің

осы бір ауыз сөзі мені қанаттандырып, болашақта медицина

саласын таңдауыма ықпал етті. Сөйтіп, 2009 жылы туған ауылым

Қожамжардағы Тіленшінин атындағы орта мектепті ойдағыдай аяқтап,

ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып, Семей мемлекеттік

медицина университетінің «Жалпы медицина» факультетіне оқуға

түстім. Аталмыш оқу орнын 2014 жылы (бакалавр) тәмамдап,

2016 жылы университеттің Павлодар қаласындағы филиалынан

интернатураны оқыдым. Оны аяқтаған соң мемлекеттік «Дипломмен -

ауылға!» бағдарламасы бойынша Ертіс өңіріне жол тарттым.

Шалғайдағы ауыл адамдарымен танысып, бірден жұмысқа кірістім.

Сол кезде ғана дәрігер мамандығының қыр-сырын терең түсініп,

мойныма үлкен міндет жүктелгенін сезіндім. Себебі, алдыма

дертіне ем іздей келген жандардың өмірі үшін жауапты екенімді

білдім. «Өз мамандығымды адал атқарамын, ауылдағы ағайынның

денсаулығын жақсартуға үлес қосамын» деп өз-өзіме серт бердім, -

дейді жас маман.

Осылайша, өз ісіне тянақты, мамандығына адал, еңбекқор жастың

болашағынан үлкен үміт күткен Ертіс аудандық ауруханасының

бас дәрігері Риза Құсайынова оны бір жылдан соң, яғни, 2018

жылдың қараша айында орталықтағы емдеу ұйымында жұмыс

істеуге шақырады. Бұл ұсынысты қуана қабыл алған Нұрлаш

Қинаятқызы бүгінде елеулі еңбегі мен әріптестерінің зор сенімінің

арқасында Ертіс аудандық ауруханасы бас дәрігері орынбасарының

міндетін атқаруда.

Нұрлаш Қинаятқызы білікті маман болу үшін аянбай еңбек етумен

қатар, көп ізденіп, әрдайым білімін жетілдіріп отырудың маңызы

зор екенін айтады. Осы мақсатта ол үнемі тәжірибелі мамандардан

дәріс алып, медицина тақырыбында ұйымдастырылған түрлі

іс-шараларға белсене қатысып, біліктілігін арттыруда. Мәселен, осы

жылдың көктемінде «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы

бойынша қайта даярлаудан өткен. Бұдан басқа, «Жедел инсульт

кезіндегі оңалту», «Жүкті әйелдердің экстрагениталдық патологиясы»,

«Отбасылық медицина дәрігері», «Педиатрия» және басқа

да тақырыптарда өткен арнайы оқуларға барып, куәліктер алған.

Сондай-ақ, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде

ұйымдастырылған көптеген іс-шараларға қатысып, сертификаттарын

иеленген. Небары 2-3 жылдың ішінде қол жеткізген марапаттары

да аз емес. Аз уақыттың ішінде мұндай жетістікке жету

кез келгеннің қолынан келе бермейтіні ақиқат.

- Әкем бізге: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол!»

деп жиі айтып, халыққа қалтқысыз қызмет ете білуге тәрбиелейтін.

Осы сөзді санама тоқып өстім. Болашақта білікті дәрігер атанып,

еліме көмегім тиіп жатса, менің арманымның орындалғаны деп

білемін. Осы мақсатқа жету үшін аянбай тер төгемін, - дейді

жас маман.

Қазіргі уақытта жергілікті әкімдіктің қолдауымен баспаналы

болып, көтермеақыға қол жеткізіп, еш алаңсыз жемісті жұмыс

істеп жатқан Нұрлаш Сыздықова өзі қатарлас өзге замандастарын

да ауылдық ағайынға қолдау көрсетуге, халық денсаулығын

жақсартуға үлес қосуға шақырады.

Атап өтерлігі, «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы бойынша

аймағымызға алыс-жақыннан келген жас мамандардың арқасында

соңғы үш жылдың ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын

алуға мол мүмкіндік туды. Әсіресе, облысымызда қан айналымы

жүйесі аурулары, онкология, туберкулез және басқа да қауіпті

сырқат түрлерінен болатын өлім-жітім көрсеткіші едәуір азайды.

Қуантарлығы, нәрестелер өлімі 29 пайызға төмендеді.

Бұл – өңірлік медицина саласының дамығанының көрсеткіші.

4 30 шілде, сейсенбі, 2019 жыл

ӘЛЕУМЕТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Ғаламдық эстафета - біздің аймақта

«Бейбітшілік жүгірісі» ғаламдық эстафетасының алауы Павлодар

облысына жетті. Өткен аптада Ресей, Беларусь және Латвия елінің

оннан астам марафоншысы Қазақстан шекарасынан өтті. Отыз

жылдық тарихы бар алау эстафетасы биыл Железин, Тереңкөл,

Аққулы аудандары мен облыс орталығын қамтыды. Спортшылар

бір айдың көлемінде Қазақстан мен Ресейдің аумағында

3,5 мың шақырым жолды жүгіріп өтпек.

Данияр ЖҰМАДІЛ

Салауатты өмір салтын насихаттау

мақсатында қолға алынған дәстүрлі ғаламдық

алау эстафетасының қатысушылары Железин

ауданының Ресеймен түйіскен шекарасынан

өтті. Құрамында солтүстік көршілерімізден

бөлек Беларусь, Латвия елінің марафоншылары

бар топқа аймағымыздың спортшылары

да қосылды. «Бейбітшілік жүгірісінің» алауы

Тереңкөл ауданын басып өтіп, Павлодар

қаласына жетті. Облыс орталығында

«Қазқонақ» табиғи ескерткішінде, Мемлекеттік

рәміздер, Жеңіс саябағындағы мәңгілік

алау алаңында аялдады. Кейіннен Аққулы

ауданына ат басын бұрды. Жол - жөнекей

эстафеташылар жергілікті тұрғындармен,

жастармен жүздесіп, отыз жылдық тарихы

бар ғаламдық эстафетаның мақсатын,

маңыздылығын айтып берді.

- Ғаламдық алау эстафетасының ауқымы

жылдан-жылға артып келеді. Көршілес

мемлекеттер арасында зор қызығушылыққа

ие болуда. Тіпті, әлемнің өзге елдерінің

спортшылары да осы марафонға қатысуға

ниет білдіріп отыр. Мысалы, келесі жылы

біздің қатарымызға Жаңа Зеландия елінің

өкілдері қосылады. Осы шара арқылы

тек спорттың маңыздылығын түсіндіріп

қана қоймай, халық арасында бірлік пен

ынтымақты насихаттаймыз. Себебі қай

елдің тұрғындары болмасын бейбіт қоғамда

өмір сүргілері келетіні сөзсіз, - дейді

ғаламдық алау эстафетасының үйлестірушісі

Александр Арнст.

«Бейбітшілік жүгірісі» 22 шілде күні

Ресейдің Омбы қаласында бастау алған

болатын. Ол алдағы тамыз айының 20-сына

дейін жалғасады. Осы аралықта эстафета

қатысушылары Омбы, Новосібір, Алтай

өңірі, Павлодар және Шығыс Қазақстан

облыстарының аумағынан жүгіріп өтпек.

Ғаламдық алау эстафетасы жалпы

3,5 мың шақырымды қамтиды. Спортшылар

жолда бір-бірін алмастырып отырады.

Әр марафоншы күніне орта есеппен

15-40 шақырымды бағындырады.

- Мен ғаламдық алау эстафетасына

қатарынан алтыншы жыл қатысудамын.

Бұл - жаныма жылулық сыйлайтын ерекше

шара. Себебі ниеттес спортшылармен

С

бірге бірнеше елдің аумағынан жүгіріп

өтіп, жүздеген тұрғындармен жүздесеміз.

Олардың бізді достық ниетпен құшақ жая

қарсы алғанын көріп, ерекше шабыттанамын,

күш жинаймын. Өзім де адамдарға

қуаныш сыйлауға тырысамын, - дейді эстафета

қатысушысы, латвиялық спортшы

Гундега Гаиле.

Бір ерекшелігі, биыл аталған алау

эстафетасы бір уақытта бірнеше бағыт

бойынша жүруде. Соның ішінде, «Бейбітшілік

жүгірісінің» өкілдері жердің оңтүстік жартышарын

айналып өтетінін атап өткен жөн.

Халықаралық марафоншылар Тынық және

Атлант мұхитында орын тепкен шағын

аралдардағы мемлекеттердің, Австралия,

Оңтүстік Америка, Африка елдерінің аумағынан

жүгіріп өтпек.

ЛАГЕРЬ-2019

Шеттегі қазақ балалары - Павлодарда!

Өткен сенбі күні Павлодар облысына Моңғолия мемлекетінен 14 оқушы демалуға келді. Оларды

облыс әкімдігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар

облыстық филиалы және білім беру басқармасының өкілдері салтанатты түрде құшақ жая қарсы

алды. Сондай-ақ, республикалық «Батаменен ел көгерер» байқауының жеңімпазы Балтабай Сыздықов

балаларға ақ батасын беріп, демалыстарын сәтті өткізуге тілектес екенін білдірді.

Нұржайна ШОДЫР

Шетелден атажұртына саяхат жасаған

қазақ балалары Баянауыл баурайындағы «Жас

дәурен» облыстық сауықтыру орталығына

аттанды. Мұнда оқушылар екі апта бойы

демалып, ауданның киелі әрі көрікті жерлерін

аралайтын болады.

- Елбасы елімізде ұйымдастырылған

Дүниежүзі қазақтарының барлық құрылтайында

сөйлеген сөзінде төрткіл дүниеге тарыдай

шашылған қазақ балаларын қолдауға

Қазақстан тарапынан жан-жақты мүмкіндік

жасалатынын, олар ешқашан елеусіз,

ескерусіз қалмайтынын айтқан еді. Тұңғыш

Президентіміздің Дүниежүзі қазақтарының

V-ші құрылтайындағы тапсырмасына сәйкес,

2018 жылы «Шетелдегі этникалық қазақтарды

қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған

іс-шаралар жоспары» бекітіліп, елімізде

«Отандастар» қоры құрылды.

Біздің қауымдастық пен аталмыш қор

тарапынан елге оралған және шет мемлекетте

тұратын қазақтарды қолдау мақсатында

көптеген республикалық және халықаралық

іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның

дәлеліндей, осы жылдың ақпан айында Павлодар

облысы әкімдігі мен «Отандастар» қоры

екі жақты меморандум жасасқан болатын.

Міне, нәтижесінде, облыстық білім беру

басқармасының арнайы квотасы бойынша

14 бала келді. Жалпы, осы жолы Моңғолия

мемлекетінің астанасы Ұланбатырдан және

Қобда, Баян-Өлгей аймақтарынан атажұртқа

алғаш рет 80 бала мен 4 мұғалім жазғы

демалысын өткізу үшін келіп отыр. Олардың

қатарында 5-9-сыныптарда оқитын оқу

озаттары, республикалық олимпиада

жүлдегерлері, талантты спортшылар, өнер

иелері және көпбалалы отбасыларының

балалары бар. Атамекенін алыстан аңсап

келген қандастарымыздың әр күнін көңілді

өткізуі үшін барлық жағдай жасалуда, -

дейді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар

облыстық филиалының басшысы Болат

Заутұлы. Оның айтуынша, 62 оқушы мен

3 мұғалім Көкшетау қаласының Бурабайындағы

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру

орталығына жіберілген. Ал аймағымызға

келген моңғолиялық жеткіншектер көңілді

демалумен қатар, «Дүниежүзі қазақтары

қауымдастығы» РҚБ-нің облыстық филиалы

ұйымдастырған қызықты іс-шараларға

қатысады деп жоспарлануда.

- Бұл балалар еліміздің жеткен жетістіктерін

көзбен көріп, Павлодар қаласындағы

мұражайларға, жоғары оқу орындарына,

Назарбаев зияткерлік мектебіне барады

және өзге де тарихи орындарды тамашалайды.

Сондай-ақ, шетелдік оқушылар үшін

облыс орталығындағы Достық үйінде зиялы

қауым өкілдерімен, Қытай мен Моңғолиядан

келіп оқып жатқан студент жастармен түрлі

кездесулер ұйымдастырылады. Осындай

қызықты да мазмұнды іс-шаралардың куәсі

болған балалар еліне барған соң атамекеннен

алған әсерлерімен бөлісері сөзсіз.

Сөйтіп, шеттегі қандастарымыздың Қазақ

еліне деген құрметі артып, соның ішінде

киелі Кереку өңіріне көңілдері ауып жатса,

біздің мақсатымыздың орындалғаны, - дейді

Болат Заутұлы.

Балалар келісімен бірден қызықты

шаралар басталып кетті. Олар алдымен

аймағымыздағы «Ана тілі» орталығына

саяхат жасады. Мұнда киіз үйде арнайы

ақ дастарқан жайылып, қазақ тілі сабағы

өтті. Оқушылар ән шырқап, ұлы Абайдың

өлеңдерін оқыды. «Ана тілі» орталығының

басшысы Шолпан Кинжикова жеткіншектерге

авторлық кітабын сыйға тартты.

Облыстық білім беру басқармасының

бөлім басшысы Гүлнәр Ыбыраеваның айтуынша,

шетелдік балалар демалыс барысында

күн сайын тәжірибелі мұғалімдерден

дәріс алып, мәдени-спорттық жарыстарға,

ойын-сауық бағдарламаларына қатысатын

болады.

Айта кетерлігі, бұған дейін аймағымызға

Якутиядан 34 бала келіп кеткен. Алдағы

уақытта Тереңкөлге Ресейден 50 оқушы

келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, болашақта

павлодарлық шәкірттердің де шет мемлекеттерде

демалуларына мүмкіндік жасау

мәселесі қарастырылуда екен.

Аллаберген ҚҰРМЕТХАНҰЛЫ,

Баян-Өлгей аймағындағы №1 мектептің

оқушысы, талантты спортшы:

- Ата-бабамыздың кіндік қаны тамған

киелі қазақ еліне келгеніме, тарихи

Отанымды көргеніме шексіз ризамын.

Осындай қуанышты сәттің куәсі болғаным

үшін Павлодар облысының әкімдігі,

облыстық білім беру басқармасы және

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының

Павлодар облыстық филиалының басшыларына

үлкен алғыс айтамын.

Шетте жүрсек те, ата-анамыз

Қазақстан жайлы үнемі жақсы пікірлер

айтып отырады. Сондықтан да болар,

атажұртты көру мен үшін арман

болатын. Міне, бүгін сол арманымның

орындалғанына қуаныштымын.

Балжан МАХМҰТҚЫЗЫ,

Баян-Өлгей аймағындағы «Зайд» жеке меншік мектебінің оқушысы, халықаралық

байқаулардың жүлдегері:

- Жазғы демалысымызды Қазақ елінде өткізе отырып, қандастарымыздың салтдәстүрімен,

әдеп-ғұрпымен танысамыз. Сонымен қатар, егемен елдің мәдениетін

көріп, көз тоймас көрікті жерлерін аралап рухани байлығымызды молайтамыз

деп сенемін! Ал елге барған соң міндетті түрде достарыма, туыс-туғаныма

Қазақстаннан алған әдемі әсерлерімді әңгімелеп беретін боламын. Осындай керемет

демалыс сыйлағаны үшін атажұрттағы ағайынға айтар алғысымыз шексіз.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

RÝHANI JAŃǴYRÝ 30 шілде, сейсенбі, 2019 жыл 5

Маралды болысының

соңғы басқарушысы

Батталдың ұлы атасы Көбдік Жабықұлы Баянауыл сыртқы

округіндегі дәулетті адамдардың бірі болған, белгілі би, старшын

(Бәсентиін-Қойсары руынан). 1830 жылғы мал-жан санағы бойынша

Көбдік өз аға-інілері – Жақсылық, Тілепалды, Божат, Жанғазы,

Айғазылармен бірге 2300 жылқы ұстаған.

Ата-тегі

Аталмыш құжатта (ведомость) қыстау

орындары Ертістің оң жағалауында, Егорьевск

редутына қарсы, 100 верстан артықтау

жердегі тоғай деп көрсетілген.

Жабықовтардың Ертістің оң жағалауына

өтуі 1805 жылы жасалған құжатта көрсетіледі.

Бұл кезең сұлтандар Шаншар Сұлтанбетов

пен Тәтен Ұрысовтардың қамқорлығымен

бәсентиін руларының оң жағалауды қоныстану

уақытымен тұспа-тұс келеді.

1848 жылы жасалған құжатта Көбдіктің

баласы Бейсен де аталады. Бұл құжатта

Жабықовтар әулетінің қоныстары егжейтегжейлі

көрсетілген: «Қысқы, жазғы

қоныстары Барнаул округіне қарасты Тұз,

Барпаяқ, Мұздықамыс, Керей жерлері» .

Бұл құжаттан кешіректеу, 1872 жасалған

ресми хроникада Бейсен Көбдіковтің

Сәмек-Бәсентиін болысындағы Қойсары

ауылдарының биі болып бекітілгенін

көреміз. Кейін, 1875 және 1878 жылдары

Сәмек-Бәсентиін болысы Маралды болысы

болып өзгергеннен кейін де Бейсен өз

ауылының биі болып тағайындалады. Осы

жылдарда бұл ауылдар Алтай таулы округінің

аумағында болса да, әкімшілік жағынан

Павлодар уезіне бағынған. Мұрағатты

осы қыстаулардың атаулары сақталған:

Қоржынқамыс, Баскөл, Барпаяқ, Керей,

Шүкіртұзы, Мұздықамыс, Қойсары тұзы,

Петухов көлі.

Бұл жерлердің атаулары Алтай өлкесінің

қазіргі заманғы картасында да сақталған,

бірақ сәл өзгеріске түскен, мысалы: Парпаяк,

Междукамыш, Кирей, Шукыртуз, Толубай

(Құлындыдан оңтүстік шығысқа қарай

көрсетіледі).

1880 жылы патша әкімшілігі «қазақтардың

Алтай таулы округінің аумағында көшіпқонуын

реттеу ережесін» бекіту туралы

жарлық шығарады. Осыдан кейін Қойсары

ауылдары өздерінің ата қыстауларын

тастап, тек жаз айларында ғана Құлынды

даласындағы егіс пен құрылыстардан әзірше

бос тұрған жерлерге шығатын болған.

Бұл жөнінде 1903 жылғы Щербина

экспедициясының жазбаларында былай

дейді: «Қойсары руы бұрындары шығысқа

қарай, Алтай таулы округінің жерлерін жайлап

жүрген. Бірақ осыдан 20-25 жыл уақыт

бұрын, бұл жақта орыс поселкелері салына

бастағасын, қойсарылар сол жерлердегі өз

қыстауларын тастап, облыстық жерлерге

ығыстырылып, патша әкімшілігінің пәрменімен

осы жақтың байырғы тұрғындары Бөрі

руының арасына қоныстандырылды».

Сөйтіп, Бейсен Көбдіков өз ағайындарымен

Бәсентиін-Бөрі руының арасына келіп, жаңа

жерлерге қоныстанады. 1886 жылға дейін

Бейсен бұрынғыша Қойсары ауылдарының

биі болып көрсетіледі.

1886 жылы Бейсеннің орнына ауыл

биі болып өзінің туысы Әлиғожа Мусин

сайланады (Бұл Бейсеннің қайтыс болуына

байланысты ма деп ойлаймыз). 1889 жылы

ауылдарда қосымша билер сайланып,

Бейсеннің баласы Батыр Қойсары ауылына

би болады.

Патша

қызметінде

1893 жылы әкімшіліктің бұйрығы бойынша,

Бейсеннің екінші ұлы Баттал өзінің немере

туысы Әлиғожа Мусинмен бірге тағы да үш

жыл мерзімге би болып сайланады. Осы

жылы Қойсары руында тағы да бір ауыл

пайда болып, ол ауылға Батталдың немере

туысы Нұрғожа Мусин мен Құл Бейсенбин

сайланады. Бұл кезде Қойсары руы сол

болыстың ішінде өзінің байлығымен және

адам санының молдығымен үлкен беделге

ие болған еді. Сол аймақтағы Бауыртал,

Құлат, Шоқша, Жаңғызкөл, Асберген, Сор,

Қосқайың, Айбас, Сүгірдің Қызылшілігі деген

жерлер бұлардың тұрақты қоныстарына

айналады.

1895 жылы Қанапия Мусин Маралды

болысының басқарушысы, ал оның ағасы

Әлиғожа Мусин орынбасары болып сайланады.

Баттал бұрынғыша би болып қала

береді.

Осы жылдар ішінде ел ішіндегі беделі

зорлар партияға бөлініп, Қойсары, Сәмек

рулары мен төре тұқымдарының және

Жақия ахун Рамазановтың ұрпақтарының

(Бұқа Күбір) ықпалындағы көптеген ауылдар

арасында алауыздық туып, бұл әбден

шегіне жетеді. Осы даудың ақыры уездік

әкімшіліктің араласуымен шешіліп, Маралды

болысы – Маралды және Басқұдық болысы

болып екіге бөлінеді.

Енді Қойсары ауылдары екі болыстың да

құрамында болады. 1898 жылдан 1908 жылға

дейін Бәстеми және Мағауия Тәтеновтер

болыс басқарушысы болған. 1904 жылы

болыстың орынбасары Батталдың ағасы

Әйтікен Жанғозин. Әйтікен (75 жастағы

ақсақал) 1908 жылы болыс басқарушысы

болып сайланып, осы қызметті сырқатқа

шалдыққанша екі жыл атқарады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек,

Баттал Бейсенов 1910 жылы Маралды

болысының Құлат деген жеріндегі алтыншы

ауылдың құрамында. Батталдың ауылында

8 шаруашылық болған, олардың екеуі

жалдамалы жұмыскерлерден тұрады.

Шаруашалықта 14 үй және жазғы 14 киіз

үй, 11 шаруашалыққа арналған қора-қопсы

болған. 6 шаруашылық өзінің жақын туыстуғандарынан

тұрады (аға-інілері, олардың

отбасылары).

Барлық 8 шаруашылықта – 28 ер

адам, олардың 16-сы - ересек адамдар,

3 жасөспірім, екі адам 60-тан асқан,

7 бала. Олардың 5-еуі қазақша сауатты.

5 оқушының біреуі орысша білім алуда.

Мұрағаттық фотосурет. Баттал Бейсеновтің қолы мен мөрі. 1915 ж.

23 әйел болған. Олардың 11-і - ересек

әйел, 1 бойжеткен қыз, бір үлкен жастағы

әйел, 10 қыз бала. Бір қыз бала қазақша

сауатты және 3 оқушы. Шаруашылықта

675 жылқы, 339 ірі қара, 298 қой бар.

1913 жылы Баттал Бейсенов сайлауда

басым дауыс алып, болыс басқарушысы

болып сайланады.

...Бұл құжаттан кешіректеу, 1872 жасалған ресми

хроникада Бейсен Көбдіковтың Сәмек-Бәсентиін

болысындағы Қойсары ауылдарының биі болып

бекітілгенін көреміз. Кейін, 1875 және 1878 жылдары

Сәмек-Бәсентиін болысы Маралды болысы болып

өзгергеннен кейін де Бейсен өз ауылының биі болып

тағайындалады...

1913 жылы Қойсары ауылдарының

билері болып Батталдың руластары

Мұқа Құлов пен Бәтен Әжібаев сайланады.

1916 жылы 59 жастағы Баттал Бейсенов

тағы да болыс басқарушысы болып сайланады.

Кеңес билігі орнағасын, Баттал Бейсенов

өз малының жартысын кедей-кепшіктер

мен қызыләскерлерге таратып берген

деген ауызша дерек бар. Дегенмен, оның

баласы Абыралы 1928 жылы тәркіленіп,

жер аударуға жататындардың бірінші

тізіміне ілігеді.

Баттал Бейсенов 1925 жылы 68 жасында

қайтыс болып, бүгінгі Құлат фермасынан

2 шақырым шығысқа қарай, бір биіктің

басына жерленген. Батталдың өмір сүрген

Суретте: Абыралы Батталов. 1963 ж.

жылдары – 1857-1925.

Баттал мен оның ұрпақтарының ата-тек

кестесі:

Арғын – Қарасопы – Бәсентиін – Көкшекөз –

Бәйімбет – Жаманай – Қойсары – Жанұзақ –

Жабық – Көбдік би – Бейсен би.

Бейсеннен екі ұл – Батыр, Баттал

Батталдан екі ұл – Абыралы, Нәбиқожа

Абыралыдан – Керей

Керейден – Аспандияр және екі қыз –

Қорлан, Рауза

Аспандиярдан екі ұл – Данияр, Бахтияр.

1916 жылы Нәбиқожа Батталов Орынбор

губерниясындағы Троицк медресесін

бітіріп, 25 жасында болыс молласы болып

тағайындалады. Бұл кісінің кеңес өкіметі

орнағаннан кейінгі тағдыры белгісіз.

Мұрағаттық құжаттарға сүйенсек, 1928

жылы Абыралы Батталовтың мал-мүлкін

тәркілеп, өзі отбасымен Сібірге жер аударылады.

Бүгінге жеткен деректерге сенсек,

Абыралының қызылдардан көрген лаңы

тек жер аударылумен ғана бітпей, оның

өмірінің көп жылдары Уссурийск лагерьлерін

адақтаумен өтіпті. Кейін, 1941 жылы Ұлы

Отан соғысына қатысып, Волохов майданында

болады. 1943 жылы жарақат алып,

өзі әскерге алынған Новосібір облысына

қайтып оралады.

Тоқсан екі жастағы Мәлгаждар

Мұқадиұлының (Мұқади Құловтың баласы)

әңгімесі бойынша, 1959 жылы Абыралы

Новосібір облысындағы Татарка деген

станциядан Шарбақты ауданының Саттар,

Соржұман, Қаражұман деген үш адамын

өзі тұратын Мортық ауылына мейман

етуге ат-арбамен алып келеді. Дастархан

басында Абыралы олардан: «Неге бұрындары

келіп, менімен араласпадыңдар?» – деп

сұрапты. Сонда олар: «Бұрынғы байдың,

болыстың баласымен қатынасып жүргенімізді

үкімет білсе, түрмеге жауып тастай ма

деп қорықтық», – деп шындарын айтады.

1970 жылы Абыралы өз отбасымен

әйелі Қапураның туысы, Социалистік

Еңбек ері Мәмәйіт Омаровтың жанынан

бір жола қоныс аударып, Ертістің сол

жақ жағалауындағы Грязновка ауылына

келіп тұрады.

Абыралының жалғыз ұлы Керей, әкесі

қайтқан соң, 1979 жылы Павлодар қаласына

көшіп барады. Керей Батталов 1998 жылы

70 жасында өмірден озған. Оның жалғыз

ұлы Аспандияр бүгінде зейнеткер, көп

жылдар трактор зауытында, «Кастинг»

кәсіпорнында инженер болып еңбек еткен.

Ол кісінің Данияр және Бахтияр деген

екі ұлы бар.

Дәурен АЯШИНОВ,

тарихшы, өлкетанушы.

6 30 шілде, сейсенбі, 2019 жыл ЖАҢҒЫРЫҚ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

РУХАНИЯТ

Түгел түркіге керегі –

«Томирис» пен «Күлтегін»

«Көп түрік енші алып тарасқанда» (М.Жұмабаев) қасиетті

қарашаңырақты ұстап қалған біздің ел түбі бір туысқан

халықтардың рухын оятатын ортақ құндылықтарды насихаттау

ісінде де бірегей қадамдар жасап отыр. Қазақстандық режиссер

Ақан Сатаев түсірген «Томирис» фильмінің алғашқы ресми

трейлерінің түркі дүниесінде зор қызығушылық тудырғаны

соның айғағы деуге болады.

Трейлер түрік тіліндегі субтитрімен

жарияланған соң, бір күннің ішінде

интернет қолданушылары миллион рет

көріп үлгеріпті. Шамасы бауырлас жұрт

түбі бір халықтардың көне тарихынан сыр

шертетін көркем туындыға сусап жүрсе

керек. Біздің де шөліміз қанбады. Бірақ

біз көне тарихымыз жайлы көркем туындылар

жасау ісін бастадық.

Түркиялық ғалым, сарапшы Күршад

Зорлы «Томирис» фильмнің трейлері

жарияланған кезде twitter-де «Томирис

фильмі. SATAI Film оны көрерменге ұсынуға

даяр... Бұл жерде алғаш рет жариялап

отырмын. Б.з.д VI ғасырда сақтар Ұлы

даланы басып алғысы келген парсы

патшасы ІІ Кирдің әскерін тас-талқан етті.

Ол қолбасшы – Томирис хатун-дүр. Түрік

кинематографтары мұны елімізге алып

келмей не қарап жүр?» деп жазған-ды.

Сөйтіп түріктер фильм трейлеріне айрықша

қызықты. Әзербайжандықтар да ерекше

назар аударды. Былтыр қараша айында

«Күлтегін» анимациясы жарыққа шыққанда

да түркиялықтар елең ете қалғаны бар.

Сол кезде TRT AVAZ арнасының twitter-дегі

аккаунты «Күлтегін» анимациясы Қазақстан

астанасында көрсетіле бастады. Фильм

екінші Түркі қағанатының қолбасшысы

Күлтегіннің өмірін сипаттайды» деп жазып,

оны түркиялықтар мен әзербайжандықтар

көп бөліскен. Сол кезде де бауырлас

халықтардың түп тарихқа құмар екенін

байқағанбыз. Шамасы, әркім «жеке

батыр» болып өмір сүру қиын екенін, көне

замандағыдай жұмылған жұдырық болсақ

қана ұшпаққа шығатынымызды сезетін болса

керек. Әлде, В.Ленин айтқандай, «Кино –

өнердің ішіндегі ең маңыздысы» болып

қала беретінін аңғарта ма, кім білсін?!

Біз тек көне тарих заманауи мәденигуманитарлық

интеграцияға тамаша қызмет

жасайтынын сезіндік. Ал Қазақстан түркі

тарихының тереңіне үңілген туындылар

әзірлеу арқылы туыс халықтар үшін іс

жүзінде қарашаңырақ бола алатынын

байқатып келеді.

Өнер де интеграцияны

тереңдетуге

қызмет етеді

Жалпы, түркі халықтарының бір-бірімен

қайта табысуы, интеграциялық процес-

тер саяси қадамдардан гөрі, мәденигуманитарлық

бағытқа қарай бұрыла

бастағанын байқаймыз. Біз сөз етіп отырған

фильмге бауырлас халықтардың қызыға

қарауы - соның айғағы. Өйткені, жаһандық

супердержавалар аймақтық интеграциялардың

тереңдеуіне тек өз мүдделеріне сәйкес

келгенде ғана мүмкіндік беретінін байқап

жүрміз. Кезінде «Орталық Азия одағы

құрылады» деген әңгіме шыққан, бірақ

кейін сол одақтың бел ортасында жүруі

тиіс бірқатар мемлекеттер оңаша болғанды

қалайтынын байқатқан. Түркі интеграциясы

мәселесінде де сондай үрдіс бар. Бірақ

мәдени-гуманитарлық интеграцияның сипаты

бөлек. Халықаралық Түркі академиясы

әзірлеген «Ортақ Түркі тарихы», «Ортақ

Түркі әдебиеті» оқулықтарын Түркі кеңесіне

мүше елдердің мақұлдауы, кейін «Ортақ

Түркі географиясы» оқулығын әзірлеуге

білікті мамандарын жіберуі бауырлас

халықтар арасындағы байланыстардың

ғылыми, мәдени-гуманитарлық бағытта

өрбігені тиімді екенін көрсетеді. Яғни, бүгін

бір-бірінің туыс екенін біліп өскен ұрпақ

ертең саяси-экономикалық интеграцияның

тереңдеуіне қызмет етері сөзсіз. Түркілер

бір одақ құрмағанның өзінде бір-біріне

кедергі жасамай, тілеулес болып отырады.

Интеграциялық процесте бұл да маңызды.

Ал тарихты тереңнен бастау, бауырлас

халықтардың отау болып бөліне бастаған

тұсын емес, іргесі ажырамаған кезін

халықтың санасына сіңіру үшін маңызды.

Туыс халықтардың «Томирис» фильміне

қызығуынан туындының сол қызметті

атқарып тұрғанын аңғардық.

Қазақстанда түсірілген «Томирис» фильмі

мен «Күлтегін» мультфильмі түркінің тарихи

танымын жаңғыртуда өзгеше сипаттағы

туындыға айналды. Өйткені арғы тарих

жайлы туынды жасаған түркі мемлекеті

жоқ. Түркияның өзі сақтар мен ғұн заманы,

Түркі қағандығы түгілі, берідегі Селжұқ

империясы туралы фильм түсірмепті.

«Түркие» газетінің колумнисі Мерием Айбике

Синан «Томирис» фильмін кім әкеледі?»

деп аталатын мақаласында Томиристі Алып

Ер Тұңғаның тікелей ұрпағы дейді. Түркі

тарихындағы ең алғашқы билеуші-бибі

деп сипаттайды да, «Тарихи фильмдер

мәселесінде біраз олқы тұстарымыз бар.

Осман империясынан әріге бара алмай

жүрміз. Әлі күнге Селжұқ заманы туралы

бірде-бір фильм түсірмедік. Өзге түркі

мемлекеттері жайлы фильмдеріміз көбіне

утопияға ұқсап кетеді... Жас кезімізде

Хусейін Нихал Атсыздың «Бозқұрттар»

дейтін романын оқығанда бұл кітаптағы

оқиғалар желісімен фильм түсірілсе ғой

дейтінбіз. Өкінішке қарай, Көктүріктерді,

Күршад пен қырық сарбазын жырлайтын

бұл романды фильмге айналдыратын

режиссер өсіріп шығара алмадық» деп

жазды. Содан соң «Ертұғрыл» сериалын

түсірген Мехмет Боздағ пен TRT арнасының

бас директоры Ибрахим Ереннен «Томиристі»

Түркияда көрсетуге мұрындық болуды

сұрапты. Қысқасы, түркиялықтар қазақ

жасаған фильмді есте жоқ ескі замандағы

бабалар рухын сезіндіретін туынды ретінде

бағалайтын болса керек. Әрі сақ заманына

түркиялықтардың назар аудара бастағанын

аңғартады. Бұрын түрік оқымыстыларының

көбі сақтарды түркі тарихына қатысы жоқ

қауым ретінде бағалайтын. Соңғы жылдары

бұл көзқарас өзгеріп келеді. «Томирис»

фильмі де осы өзгерістерге үлес қосуы

бек мүмкін.

Іргеміз ажырамаған

кездерге бара алмай

жүрміз

Тарихи оқиғаларды көркем туынды

етіп жасаған жақсы әрине. Себебі фильм

де, анимация да белгілі бір мөлшерде

халықтың таным-түсінігіне әсер етеді.

Бұқараның кітап оқуы азайып, академиялық

еңбектердің тілі тым күрделеніп кеткен

заманда тарихи сананы фильмдер арқылы да

қалыптастыруға болады. Мәселен, режиссер

Ридли Скотт түсірген «Гладиатор» деген

фильм бар. Сол фильмдегі Рим императоры

Марк Аврелий - өмірде болған адам,

ал Максимус Децим Меридийдің есімсойы

ешбір тарихи құжатта кездеспейді.

Бірақ фильмді Рим дәуірінің шындығы

ретінде бағалайтындар да кездеседі.

Сол сияқты «Адмирал» фильмінен кейін

отандастарымыздың бірқатары адмирал

Колчакқа сүйсінгені есте қалыпты. Оның

қазаққа жасаған қысастығын ұмытып кете

жаздағанбыз. Қысқасы, біраз жұрт фильмдер

арқылы тарихи таным қалыптастырып

жатыр. Тура біздің Ілияс Есенберлиннің

еңбектері арқылы Алтын Орда мен Қазақ

хандығы дәуірін елестететініміз сияқты

дүние.

Қазақстанда Түркияның TRT телеарнасы

түсірген «Тірілу. Ертұғрыл» сериалы

танымал болған-ды. Әйгілі Осман империясын

құрған тұлға Осман ғазының әкесі

Ертұғрыл туралы айтылады. Түріктер сериалды

әлі де жалғастырып жатыр, алайда

оның соңғы бөлімдері біздің арналарға

жеткен жоқ. Дегенмен оқиға желісі ХІІІ

ғасырдың орта тұсына сәйкес келетін

сериал қазақстандықтарды ғана емес, түркі

жұртының барлығын, тіпті арабтарды да

қатты қызықтырған. Одан бөлек, түріктер

Fetih-1453 деген фильм түсірді, бірақ оны

біздің көрермен естіген де жоқ. Біз тек

заманауи сериалдар мен Кануни сұлтан

Сүлейман жайлы сериалды ғана білеміз.

Қырғыздың тарихи фильмдерінен қазаққа

ең танымалы «Құрманжан датқа» ғана.

Өзбектер әйгілі Жалал ад-дин Мәңгіберді

жайлы фильм түсіріп жатыр екен. Бірақ ол

әзірге жарыққа шыққан жоқ. Хорезмшах

Мұхаммедтің баласы, Шыңғыс қағанға

ұзақ уақыт бойы қарсылық көрсеткен,

қаған да іштей құрмет тұтқан тұлға деседі

білетіндер. Әмір Темір жайлы фильмнің

де сценарийі даяр деседі. Бірақ түсіру

жұмыстары басталмапты. Орыстардың

«Ордасы» да, «Моңғолы» да, қытайлар

түсірген «Шыңғыс хан» мен «Құбылай хан»

сериалдары да, қысқасы түркі тарихына

азды-көпті қатысы бар туындылардың

барлығы дерлік бауырлас жұрттардың

іргелері ажырап, қарашаңырақтан бөлініп,

жеке-жеке этнос ретінде қалыптасуының

басталған кезіндегі оқиғаларды сипаттайды.

Арғы тарих емес. Бәлкім, содан да шығар,

Жәлел ад-дин Мәңгіберді немесе Ертұғрыл

жайлы туындыларда Шыңғыс пен оның

ұрпақтары – ата жау. Шыңғыс қаған жайлы

фильмдер мен сериалдарда Орталық Азия

мемлекеттерінің әміршілері хас дұшпан

ретінде сипатталады. Теріскейдегі жұрт

түсірген фильмдерде, айталық «Ордада»

біздің бабалар қаныпезер, қатыгез, тіпті

даланың тағылары сияқты суреттеледі.

Қысқасы, тарихи фильмдерді әркім

өз ұлтының танымы мен идеологиясы

тұрғысынан түсіріп жатыр. Демек, әр елдің

өзіндік тарихи танымы тұрғысынан баға

беріліп жатыр деген сөз. Біз де «Алмас

қылыш» фильмінде Мұхаммед Шайбаниді

тым ұрда-жық, дөрекі, кеудемсоқ қылып

көрсеткенбіз. Әлеуметтік желі қолданушылары

оның «қыз бейнелі» етіп сипатталғанын

сынаған. Киіміне де мін таққан. Ал біздің

тарихта Қасым ханның бөлесі һәм ең

басты қарсыласы ретінде ғана қалған

Мұхаммед Шайбани азулы шах Исмаилдің

де бәсекелесі еді. Шах Исмаилдың Еуропаны

дірілдеткен Осман империясымен

тірескенін ескерсек, Қасымның бөлесі

де оңай болмағаны. Бәлкім содан да

шығар, шығыста суретшілердің пірі саналатын

Кемаләддин Бекзат та Мұхаммед

Шайбанидың бейнесін салыпты. Ол сурет

бізге де жеткен. Бірақ Қазақ хандығының

құрылуы кезінде ол біздің қарсыласымыз

болды. Сөйтіп, бүгінгі шығармаларда біздің

қолайымызға жағатын деңгейде суреттеліп

жүр. Күллі түркі әлеміндегі жағдай солай.

Әркім көрпені өздеріне тартумен әлек. Ал

«Томирис» фильмі бұл тұрғыдан қарастырсақ,

сипаты мен мазмұны бөлек дүние болғалы

тұр. Кәдімгідей идеологиялық мәнге ие

болған туындыға айналатын түрі бар.

Өйткені Томирис – күллі түркі жұртына

ортақ тұлға.

P.S. Жаһандағы түркілердің өткен

дәуірлердегі бір-бір қаһарманды еншілеп

алғаны байқалады. Өзбек ағайынның Әмір

Темірі мен Жәлел ад-дин Мәңгібердісі

бар, қырғыз ағайынның Манасы бар,

әзербайжан жұрты әйгілі Сефевидтер

мемлекетін мақтан етеді. Түріктер Алпарсылан

мен Ертұғрылды, Осман падишаларын

алға тартады. Бірақ Томирис пен

Мөдені, Бумын мен Білге қағандарды

мадақтап жатқан ешкім жоқ. Ал олардың

дәуірі барша түркінің бір тудың астына

жиналған кездері еді.

Амангелді ҚҰРМЕТ.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

AQYL білім беру депозиттері - бұл

өзіңіздің және балаңыздың болашағына

тиімді салым

Бүгін әрқайсымыздың және балаларымыздың болашағы тікелей білімнің деңгейіне

байланысты. Алайда көптеген қазақстандық ата-ана баласының ЖОО-да оқуын

төлеу мәселесін соңғы сәтке қалдырады, сөйтіп ақыр соңында банктен кредит

не біреуден қарыз алып, оны төлеп болғанша қиналады.

Осы ретте ақшаны жоспарлы

түрде жинақтау – үйде, банктің

ұяшықтарда және әртүрлі депозиттерде

жинау бұл мәселені шешудің

оңтайлы жолдарының бірі болуы

мүмкін.

Депозиттер нарығында

Мемлекеттік білім беру жинақтау

жүйесінің шеңберінде іске асырылатын

«AQYL» білім беру депозиті

мемлекет тарапынан жыл сайынғы

ақшалай көтермеленуінің арқасында

ең тиімді қаржы құралы болып

табылады.

«AQYL» білім беру депозиттері бұл:

1. Мемлекеттен жыл сайын

ақшалай сыйлықақы алу

«AQYL» білім беру депозитіне

банктің сыйақысынан бөлек

жинақталған сомадан 5-7% мөлшерінде

мемлекет сыйлықақысы

есептеледі. Бұл ретте мемлекеттің

сыйлықақысы мен банктің сыйақысы

капиталға айналады, яғни негізгі

салымға қосылады. Нәтижесінде,

«AQYL» депозиттер нарығындағы

табыстылығы ең жоғары депозит,

сондықтан мемлекеттің осындай

қолдауымен оқуға шығындарды едәуір

азайтуға, сәйкесінше отбасылық

Құттықтаймыз!

бюджетке түсетін салмақты біршама

жеңілдетуге болады.

2. Салымдардың кепілдендірілуі

«AQYL» білім беру депозиті

10 млн. теңгеге дейінгі сомаға

Қазақстанның депозиттерге кепілдік

беру қорымен сақтандырылған.

Осылайша, білім беру депозиттері

толықтай қорғалған.

3. Өндіру шараларынан қорғалуы

«AQYL» білім беру депозиті

мемлекет тарапынан әрі үшінші

тұлғалар тарапынан қандай да бір

өндіріп алудан қорғалған. «AQYL»

білім беру депозиттеріне ешқандай

шектеулердің қойылуы және тыйым

салынуы мүмкін емес.

4. Салымдардың мерзімділігін

өз бетінше белгілеу мүмкіндігі

Салымшы ашылған депозитке

жасалатын жарналардың мөлшері

мен олардың жиілігін отбасылық

бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай

өзі белгілейді. «AQYL» білім беру

депозиттерін кассалар, Nur&Pay

интернет-банкинг арқылы, сондай-ақ

картадан жинақтау шотына аудару

арқылы толтыруға болады. Бұл

салымшыға өте ыңғайлы әрі бірталай

уақытты үнемдейді.

Май ауданының қой шаруашылығын өркендетуге елеулі үлес

қосқан Ақшиманның әйгілі шопаны, сол жердің еңбек даңқын

асырған Темірболат ШАЙҒҰРМАНОВТЫ

80 жасқа толуымен құттықтап, мықты

денсаулық, ұзақ өмір тілей отыра,

балаларыңыздың қызығын көре беріңіз

демекпін.

Игі тілекпен, Тұрсынбай - Шәри,

Павлодар қаласы.

«ЖАЗ - 2019»

Тарихи орындарды

аралады

Ертіс ауданы Голубовка ауылындағы Абай орта

мектебінің 7-сынып оқушылары «Жаз-2019»

бағдарламасы аясында мұғалімдерімен бірге

Түркістан қаласына саяхат жасады.

Олар Шымкент қаласын аралап, онда «Қазына» мәдени-тарихи

орны, «Бәйдібек би» кесенесін аралап, өлкетану музейі мен

зообақты, экзотикалық бақтар мен гүлдерді тамашалады. «Адам –

ата, жер–ана», «Арыстан баб» кесенесі, «Көне Отырар» «Қожа Ахмет

Яссауи» музейі, Хазірет Сұлтан кесенесімен танысты.

Түркістан қаласында «Арыстан баб» кесенесі және оның шәкірті

Қожа Ахмет Яссауи және оның қызы Гауһар ана кесенесіне барды.

Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен қызметі,

кесенелердің құрылу тарихымен танысты.

Көне Отырар қаласы да өзінің тарихымен тамсандырды. Бұл

қала сонау X ғасырдан бастап Ұлы Жібек жолы бойындағы Орта

Азияға белгілі сауда орталығы болған. Қала орнында табиғи заттардан

жасалған қару-жарақтар өте жақсы сақталған, көне мектептер

мен ғимараттар да табылған. Бұл сапар өте мазмұнды әрі

қызықты болды.

Ботагөз СҰРАҒАНОВА,

Ертіс ауданы.

ЖАРНАМА 30 шілде, сейсенбі, 2019 жыл 7

5. Депозитті иелік ету мүмкіндігі

Егер депозит иесі немесе оның

баласы грант бойынша ЖОО-ға түскен

болса, ол қаражат жинақтауды білімнің

басқа деңгейлеріне оқудың ақысын

төлеу үшін жинақтауды жалғастыруға

немесе мемлекет сыйлықақысымен

бірге толық көлемде алып алуға

құқылы, сондай-ақ қаражатты үшінші

адамның (бауырлары, қарындастары)

атына ашылған (ашылатын) «AQYL»

білім беру депозитіне аудара алады.

Мысалға, екінші баланың атына

(бауырларына, қарындастарына).

Депозитті мақсатқа сай пайдаланбау

не «AQYL» білім беру

депозитін мерзімінен бұрын бұзу

жағдайында салымшы есепке

жазылған мемлекет сыйлықақысының

сомасын мемлекеттік бюджетке

қайтарады.

6. Білім алу орнын таңдауға

шектеу қойылмайды

Жинақталған қорды Қазақстанның,

сондай-ақ шетелдің ЖОО-ларында

немесе колледждерінде, оның ішінде

білім беру және тілдік курстарда

оқудың ақысын төлеуге болады.

7. Жас ерекшелігі бойынша

шектеу жоқ

«AQYL» білім беру депозитін

жас ерекшелігіне қарамастан

Қазақстанның барлық азаматына

техникалық, жоғары және жоғары

оқу орнынан кейінгі білім алу үшін

ашуға болады.

Айта кету керек, «AQYL»

білім беру депозиті қатардағы

қазақстандықтар үшін ғана емес,

өз қызметкерлеріне корпоративтікәлеуметтік

бағдарламаларды іске

асыратын компаниялар үшін де,

сондай-ақ әлеуметтік жағынан әлсіз

санаттағы балаларға көмектесуге

ниетті меценаттарға да қызықты.

Мысалға, осыдан екі жыл бұрын

әлемге әйгілі спортшылар Илья

Ильин, Серік Сәпиев, Александр

Левит елордалық балалар үйінде

тәрбие алатын балалардың атына

білім беру депозиттерін ашқан

болатын. Осы сияқты басқа да

жағымды мысалдар баршылық.

Білім алуға қаражат жинау

барлығының қолынан келеді.

«AQYL» білім беру депозитін

балаңыздың атына ғана емес,

өз атыңызға да ашуға болады.

Бүгінгі таңда 20 мыңға жуық білім

беру жинақтау депозиті ашық.

Бұл жарқын болашаққа кепілі бар

адамдар десе болады.

Бұл керемет мүмкіндікті

пайдаланыңыз. Өзіңіздің және

балаңыздың біліміне үлес қосыңыз.

Мұны жасауға AQYL көмектеседі.

«Горводоканал» МКК кеңсесінде 2019 жылғы 26 шілде күні Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы, Әлия Молдағұлова көшесі, 78 мекенжайында тұтынушыларға

және басқа да мүдделі тұлғаларға 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы

сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін

қызметтеріне бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың

орындалуы туралы қызметтерді ұсыну бойынша қызметі туралы есептің көпшілік

тыңдауы өтті.

Есеп кәсіпорынның http://www.ekbwater.kz// веб-сайтында орналасқан.

(20153)

Жазаға тартылды

Ағымдағы жылдың басынан бастап павлодарлық

полицейлер мас күйінде көлік жүргізгені үшін

987 жүргізушіні ұстады.

Ағымдағы жылдың шілде айының

алғашқы онкүндігінде облыс жолдарында

11 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,

6 адам қаза болып, 11 адам жарақат

алды. 21 шілдеде сағат 13.20-да

Павлодарда патрульдік полиция

қызметкерлері мас күйінде «BMW»

автокөлігін жүргізген 28 жастағы

павлодарлық жүргізушіні ұстады.

Оның құжаттарын тексеру барысында

2016 жылдың 4 тамызында көлік

жүргізу құқығынан айырылғандығы

анықталды.

22 шілде күні сағат 03.10-да

Екібастұз қаласындағы Мәшһүр

Жүсіп көшесі, 48-үйдің жанында

«ВАЗ-2108» автокөлікті мас

күйінде жүргізген 25 жастағы қала

тұрғыны ұсталды. Ол да 2017 жылы

11 шілдеде көлік жүргізу құқығынан

айырылған екен.

25 шілде күні сағат 06.00-де

тағы да Екібастұз қаласының

Кеншілер-Царев көшелерінің қиылысында

патрульдік полиция ротасының

қызметкерлері «Лада-21723»

автокөлігін жүргізген 35 жастағы

жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру

барысында 2019 жылы 27 ақпанда

жүргізуші көлік құралдарын жүргізу

құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Жоғарыда келтірілген барлық

фактілерге орай ҚР ҚК-нің 346-бабы

1-бөлігі бойынша көлік құралдарын

жүргізу құқығынан айырылғандардың

қайтадан заңсыз көлік жүргізуге

байланысты сотқа дейінгі тергеу

жұмыстары жүргізілуде. Жүргізушілерге

қатысты бұлтартпау

шарасы – ешқайда кетпеу туралы

қолхат алынды. Барлық автокөлік

айып тұрағына қойылды.

Әрбір мас адам рульге отырып,

көлік жүргізу құқығынан айырылып

қана қоймай, сонымен қатар

өз жолаушыларының, басқа да

жолдағы адамдардың өмірі мен

денсаулығына қауіп төндіреді.

Өкініштісі, мұндай жағдайда ең

алдымен балалар зардап шегеді.

Жол қозғалысы ережелерінің

талаптарын бұзбайтын көптеген

саналы азаматтар мас жүргізушілердің

құрбаны болады.

ҚҰРМЕТТІ ЖҮРГІЗУШІЛЕР!

Павлодарлық полицейлер жол

қозғалысы ережелерін сақтауға

кеңес береді. Ішімдік ішіп, көлік

жүргізуге болмайды. Айналаңызда

сізден басқа да көліктер, жаяу

жүргіншілер барын ұмытпаңыз.

Павлодар облыстық ІІД

баспасөз қызметі.

Павлодар облысының әкімі, облыс әкімінің аппараты Павлодар

облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары

басқармасының басшысы Қадылжан Сатиевке әкесі

Қайырбек Мұфтанұлы Сәтиевтің

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12312 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1490

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

8 30 шілде, сейсенбі, 2019 жыл ЖАЗ-2019

САРЫАРҚА САМАЛЫ

#АРЫСБІЗБІРГЕМІЗ

ЕРТІС PROMENADE

«Шағаладағы» шаттық

Аймақ басшысы Болат

Бақауовтың шақыруымен

Арыс қаласынан келген

70-тен астам бала бүгінде

Шарбақты ауданындағы

«Шағала» сауықтыру

лагерінде демалуда.

Өткен демалыс күні облыс

әкімінің орынбасары

Асхат Оралов аталмыш

лагерьдегі арыстық

балғындармен жүздесіп,

жағдайларын біліп қайтты.

С

«Шағала» сауықтыру лагерінде балалардың

демалысын қызықты өткізу үшін

барлық мүмкіндік жасалған. Орманды

өлкеде балалар таза ауамен тыныстап,

көңілді демалып қана қоймай, түрлі ойынсауық

шаралары мен спорттық жарыстарға

белсенді қатысуда. Олар облыс әкімінің

орынбасарына мұндағы демалыстарының

қызықты өтіп жатқанын жарыса айтты.

Сондай-ақ, бірі ән шырқап, бірі би билеп,

бар өнерлерін көрсетті.

Айта кетерлігі, бұған дейін хабарлағанымыздай,

аймағымызға апат орын

алған Арыс қаласынан 302 бала келген.

Олардың 129-ы Баянауыл ауданындағы

«Жас дәурен» облыстық оқу-сауықтыру

орталығында демалып қайтқан

болатын. Ал 100 оқушы Ақсу қаласындағы

«Мечта» демалыс орталығында демалуда.

Бастысы, бұл балаларға облыс әкімдігі

тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Электронды музыкаға елітті

Н.АҚЫТЕГІ,

Шарбақты ауданы.

СПОРТ ТЫНЫСЫ

УЕФА-ға

жолдама алды

Ел астанасы – Нұр-Сұлтан

қаласында шағын футболдан

әуесқой командалар арасында

"Қазақстан" Чемпиондар

Лигасы 6х6" турнирі

өтті. Жарысқа Павлодар

облысының құрама командасы

қатысып, екінші орын

еншілеп қайтты.

Жергілікті құрама команданың

бас бапкері Азамат Қарғожиновтың

сөзінше, біздің футболшылар алғашқы

кезеңде төрт ойын өткізіп, топтан

шыққан. Бірінші «Арқалық» командасымен

кездесіп, оларды 5:2 есебімен

тізе бүктірсе, Нұр-Сұлтан қаласының

ішкі істер департаменті командасынан

9:3 есебімен басым түсті. Сонымен

қатар, Қызылорданың «Орион» және

Елорданың «Сайран» командаларымен

тең түсіп қалды. Бірінші кезеңнің

нәтижесі бойынша сегіз команда ойынға

жолдама алды. Мұнда павлодарлықтар

Алматының «ТрансПласт» командасын

жеңіп жартылай финалға, одан кейін

сол қаланың «Энерго колледжін» жеңіп,

финалға жолдама алды. Ал финалдық

ойында Алматының «ҚайсарПлаза»

командасына жол берді. Есеп - 4:1.

Турнир қорытындысы бойынша, Павлодар

облысының құрама командасы екінші

орын еншілеп, қыркүйек айында Словения

елінде өтетін УЕФА-ның әуесқой чемпиондар

лигасына жолдама алды.

Өткен сенбі күні павлодарлықтар заманауи электронды музыканың

әлеміне «саяхаттап» қайтты. «Ертіс Promenade» сахнасында

қазақстандық және ресейлік диджейлердің өнері паш етілді.

Шараға биыл құрылғанына 25 жыл толған «Рубиком» ЖШС

демеушілік еткенін атап өткен жөн.

Елімізде белгілі диджейлердің бірігіп, бір

сахнада өнер көрсетуі жиі бола бермейді.

Сондықтан бұл Павлодар жұртшылығы

үшін ерекше сый болды. Әсіресе, заман

ағымына сай музыкаға әуес жастар қауымы

үшін тамаша тарту. «PVL ENERGY» деген

атауға ие болған диджейлер фестиваліне

Қазақстан және Ресейдің DJ Fara, DJ Baur,

DJ PuZa, DJ Nejtrino, Леонид Руденко

сияқты танымал өнерпаздары қатысты.

Концерт шымылдығын «Black deluxe»

радио шоу бағдарламасының авторы әрі

жүргізушісі DJ Puza ашты. Шара барысында

КӘСІПҚОЙ БОКС

Тілеуберді САХАБА

Он екінші жеңісі

Кәсіпқой бокста аты енді шығып жүрген

спортшылардың бірі – біздің жерлесіміз Мұса

Тұрсынғалиев. Ол - Екібастұз қаласындағы

№3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің

түлегі. Мұса жақында АҚШ-тың Майами қаласында

12-жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

Бұған дейін бірде-бір жеңіліп көрмеген жерлесіміз бұл жолы

кәсіпқой бокста төрт рет әлем чемпионы атанған панамалық

Рикардо Нуньеспен жұдырықтасты. Мұсаның осы жолғы қарсыласы

осал болған жоқ. Ол бұған дейін кәсіби бокстың шаршы

алаңына 38 рет шығып, 29 кездесуін жеңіспен аяқтаған. Оның

23-ін нокаутпен жеңген.

- Бұл жолғы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын.

Бірақ, қарсыласымның алған жарақатына, яғни қабағының

жарылуына байланысты төреші алтыншы раундта тоқтатуға

шешім қабылдады. Осылайша, техникалық нокаутпен жеңіске

жеттім. Бұл жекпе-жек менің спорттық мансабым үшін аса

маңызды. Себебі, қарсыласымның рингте жүрген уақыты және

жеңістері менен әлдеқайда көп, - дейді Мұса.

Жерлесіміз Мұса Тұрсынғалиев өзінің келесі жекпежегінің

ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтетінін айтады.

Қазір боксшымен жұмыс істейтін «The heavyweight factory»

промоутерлік компаниясы келіссөздер жүргізуде. Бірақ нақты

кіммен жұдырықтасатыны әлі белгілі болған жоқ. Айта кету

павлодарлықтар бірлесе өнер көрсеткен

ресейлік DJ Nejtrino мен DJ Baur-дың

туындыларын ерекше қабылдады. DJ Baur

деген лақап аты бар Бауыр Бимурзин -

Қазақстанның тумасы. Көп жылдан бері

Ресейде тұрады. Сондағы үздік диджейлердің

қатарынан саналады.

Бұл жолы да орталық жағажайға жиналған

халықтың қарасы көп болды. Жұртшылық

заманауи электронды музыканың ырғағымен

билеп, диджейлердің әндерін көтеріңкі

көңіл-күймен қабыл алды.

Д.АЙТПАЙ.

керек, Мұса Тұрсынғалиев былтыр WBA NABA тұжырымы бойынша

Солтүстік Американың Чемпионы атанған болатын. Мұсаның

бапкерлері - жерлесіміз Ернұр Жаңабаев пен шетелдік Osmiri

Fernandez. Жерлесіміздің әр жекпе-жегіне жеңіс тілейміз.

Cуретті түсірген - Н.Зинченко.

Сурет ғаламтордан алынды.

Шахматшылар

бақ сынады

Павлодарда Нагорный

Павел Семеновичті еске

алуға арналған классикалық

шахматтан облыстық турнир

аяқталды. Жарысқа екі

команда – мектеп оқушылары

мен ардагерлер қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша

мектеп оқушыларының командасы

жеңіс тұғырынан көрінді.

Жарыстың бас төрешісі Арман

Ғабдышевтің сөзінше, әр команда

құрамында 10 ойыншыдан өнер көрсетті.

- Жас ойыншылар тәжірибелі

шахматшыларға мықты қарсылас бола

білді. Қатысушылар арасында талай

облыстық және республикалық жарыстарда

топ жарған мықты ойыншылар

бар. Мысалы, Елена Анкудинова жақында

ғана халықаралық гроссмейстерлер

арасында өзінің сәтті ойын көрсетіп

келді. Осы ойынның нәтижесі бойынша,

жастар командасы 6:4 есебімен жеңіске

жетті, - деді Арман Ғабдышев.

Ойын соңында үздік өнер көрсеткен

Натан Кертаев, Тимур Балмағамбетов,

Диаз Бексұлтанов, Елена Анкудинова,

Нәжмиден Кәкішев, Григорий Скурыгин

сынды ойыншылар жеке марапаттарға

ие болды.

Әзірлеген - Тілеуберді САХАБА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!