24 тамыз, 2019 жыл №96 (15416)

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

24 тамыз, сенбі

2019 жыл

№96 (15416)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

Ұстаз көштен қалмаса,

ұрпақ озады

Нақпа-нақ

Еліміздің

көмір өнеркәсібі

саласында

35 000

адам еңбек

етеді

ПАРТИЯ

Халыққа

жақын

болыңыздар!

Әкімдер мен министрлер

орын алған проблемаларға

қатысты халық алдына шығып,

жауап беруден қорықпауы

керек. «Nur Otan» партиясы

Саяси кеңесінің кеңейтілген

отырысында ҚР Тұңғыш

Президенті – Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаев осылай деді.

«Мектепке жол»:

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

Кеше Естай атындағы мәдениет сарайында «BİLİM JÁNE ǴYLYM»

деген тақырыпта павлодарлық мұғалімдердің дәстүрлі тамыз

кеңесі өтті. Оған облыс әкімі Болат Бақауов, ҚР Білім және ғылым

министрлігінің комитет төрайымы Анар Әбілқасова және өңірдегі

жоғары оқу орындарының ректорлары, ардагер ұстаздар, білім

беру мекемелерінің басшылары мен педагогтардан тұратын

800-ге жуық адам қатысты.

Жалғасы 2-бетте

Бір аптадан кейін мектептерде оқу басталып, алғашқы қоңырау соғылады. Қуантарлығы, павлодарлық

оқушылар жаңа оқу жылын қарсы алуға сақадай сай. Бұл ретте республикалық «Мектепке жол»

акциясы аясында әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларының оқушыларына үлкен қолдау

көрсетілгенін атап өткен жөн. Аталмыш акция әлі де жалғасуда. Осы бағытта аудан-қалаларда

нақты қандай жұмыстар жүргізілді? Қайырымдылық шарасының шапағатын кімдер көрді?

Газет тілшілері өңірлерге хабарласып көрді.

Толығырақ 9-бетте

Елбасының сөзінше, әлдебір туындаған

мәселе жайында үндемей қалу – жұмыстың

ең нашар нұсқасы. Адамдардан тығылмай,

мән-жайды анықтап, жауапкершілікті

мойынға алу керек.

- Бізде халыққа шығып, бұл сұрақтарға

жауап беруден қорықпайтын, проблемаларды

шешетін әкімдер де, министрлер

де бар. Бердібек Мәшбекұлы (ҚР Үкімет

басшысының орынбасары Сапарбаев),

вице-премьер болып тағайындалуыңмен

құттықтаймын. Баяғыдан бері осы жер

сенің орның еді. Төрт облыста әкім

болдың. Соның бәрін көрдің. Бастаған

кезде халықтың арасында жүрдік

сол уақытта. Елмен сөйлесіп жүрдік.

Айтқанымызды ел түсініп жүрді, - деді

Тұңғыш Президент.

Елбасы шағын проблемаларды жедел

шешу қажеттігіне назар аударды. «Адамдарды

өміріндегі ең кішкентай мәселелер

толғандырады. Мәселен, су жоқ. Бұл

әкім үшін деңгей емес қой, иә? Сумен

айналысудың қажеті қанша? Ал адамдар

үшін – бұл өмірінің мәні. Ауылда жол

жоқ. Бұл ол үшін – өмірі, ал біз үшін –

болмашы нәрсе. Біз жаһандық мәселелерге

құлаш сермейміз. Сондықтан адамдарға

жақын болу керек. Партияның қоғамдық

қабылдаулары жұмыс істеуі тиіс», - деді

Н.Назарбаев.

Бұған қоса, Елбасы әкімдер мен министрлер

партияға қатысы барын паш етуі

тиіс екендігін айтты. Кейбір мемлекеттік

органдардың басшылары, министрлер,

әкімдер өзін партиямен бірге екендігін

көрсеткісі келмейді. «Nur Otan»-ның

барлық мүшесі жария түрде партияға

қатысы барын паш етуі тиіс. Партия

төсбелгісін бүгінгі отырысқа ғана тағып

келмеу қажет», - деді партия Төрағасы.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 24 тамыз, сенбі, 2019 жыл

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Бөле-жараБ

Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір аптаның

аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер балапанды

апта сайын санайды. Осы жеті күнде жер бетіндегі

тіршіліктен көңілге оғаш, көзге ерекше көрінгені

жетерлік. Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде,

дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә болған,

бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?

Сібір жарасы

қайдан келді?

Ақмола облысына қарасты Ольгинка ауылында

сібір жарасына байланысты жарияланған карантин

әлі де күшінде. Денсаулық сақтау министрлігі

Нұр-Сұлтаннан 80 шақырымда орналасқан ауылға

ешбір жан кіргізілмейтінін және шығарылмайтынын

хабарлады.

Ведомство ауылда сібір жарасын кем дегенде

бес адам жұқтырғанын мәлімдеп отыр. Құзырлы

органдардың хабарлауынша, қауіпті індет тұрғындардың

жеке меншігіндегі сиырды ветеринарлардың куәлігінсіз

сойғаннан тараған. «Ольгинка ауылына қораларды

тексеру үшін үш медициналық қызметкер жіберілді.

Медициналық мекеме толықтай дәрі-дәрмектермен

қамтамасыз етілді», делінген министрліктің ресми

мәлімдемесінде. Ал мал иесінің сөзінше, ірі қараны

бес адам сойған. Кейін оның барлығы ауруханаға

түскен.

Ауыл шаруашылығы министрлігі сібір жарасы

Ольгинка ауылында жаппай тарамағанын, бірақ

талдау қорытындылары сібір жарасының вирусы

топырақта барын анықтағанын мәлімдеді. Министр

Сапархан Омаров биылғы сәуір айында әлгі ауылдағы

түліктерге вакцинация толығымен жүргізілгенін, мал

иелерінің оған қатысты құжаттары барын мәлімдеп

отыр. Яғни, сібір жарасы малдан емес, топырақтан

жұққан. 1948 жылы бұл дерт бойынша осы жерде

эпидемия орын алған. Вирус содан қалған қалдық

болуы мүмкін.

Шың басында

қалған үшеу

Тянь-Шаньда жоғалған қазақстандық альпинистер

табылмай жатыр. Елімізге белгілі тау спортының

майталмандары Мұрат Өтепбаев, Александр Чечулин

және Андрей Корнеев жуықта қырғыз жақтағы биіктігі

7 мың метрден асатын Жеңіс шыңын бағындыруға

аттанған. Алайда, кері жолда боран соғып, қар

көшкіні жүріпті. Оқыс оқиғада альпинистердің бірі

қаза тапқан. Десе де, екеуі тірі деген болжам бар.

Жоғалғандарды іздеумен Эвересті бағындырған

тұңғыш қазақ Мақсұт Жұмаев бастаған альпинистер

тобы мен Қорғаныс министрлігінің арнайы жасағы

айналысып жатыр. Қырғызстанның бас айналдырар

биіктігін бағындыруға кеткен жерлестеріміз соңғы

мәрте 14 тамыз күні байланысқа шығыпты. Қар

көшкіні астында қалып қойған альпинистер сүйектен

өткен суықта жолдастары Александр Чечулиннің

қайтыс болғанын хабарлаған. Одан соң өздері де

із-түссіз жоғалды. Ізім-қайым кеткен жерлестерімізді

бірінші боп қырғыз жақ іздеп таппақ болған. Алайда

қар құрсауындағы жоталардан бірде-бір тіршілік

белгісі білінбепті.

Жеңіс шыңы әлемдегі ең қауіпті шыңдардың

бірі саналады. Биіктігі 7439 метр тау алыбын

бағындырғысы келетіндер көбіне ондағы құбылмалы

ауа райынан батпайды. Бірақ біздің альпинистер де

осал емес. Мәселен, жоғалғандардың бірі Мұрат

Өтепбаев осыдан үш жыл бұрын Эверестегі қар

көшкінінен аман-есен шыққан.

Дональд неге өкпеледі?

АҚШ президенті Гренландияны сатпай қойғаны

үшін Данияға жоспарланған сапарынан бас тартты.

Американың көшбасшысы өз твиттерінде Данияның

ерекше ел екенін айта келіп, аталған мемлекеттің

премьер-министрінің шешімі бұл сапардан аяқ

тартқызғанын жеткізді. Айта кетейік, осыған дейін

Данияның үкімет басшысы Метте Фредериксен

Гренландияның сатылмайтынын мәлімдеген. Әрі

Дональд Трамптың аралға ауыз салмақ мәлімдемесін

сандыраққа балаған еді.

Гренландияны сатып алу идеясы ең алғаш рет

1860-шы жылдары АҚШ-та президент Эндрю Джонсонның

кезінде талқыланды. 1867 жылы АҚШ Мемлекеттік

департаментінің баяндамасында Гренландияның

стратегиялық аумақта орналасуы және ресурстарға

бай болуы оны сатып алу шарасын мінсіз етеді деп

көрсетілді. 1946 жылы АҚШ-тың 33-ші президенті

Гарри Трумэн Данияға осы аумақ үшін 100 миллион

доллар ұсынған екен.

Апта оқиғаларын бөле-жара сөз сөз еткен - -

Мұрат АЯҒАНОВ.

НАРЫҚ

Баға қалай бақыланады?

Әлеумет үшін маңызды мәселенің бірі – азық-түліктің бағасы. Күнделікті тұтыну

тауарларының құны шарықтап барады. Нақты айтсақ, жыл басынан бері әлеуметтік

маңызы бар тауарлар 9 пайызға қымбаттаған. Осы орайда, ел Үкіметі он негізгі азықтүліктің

бағасын қатаң бақылауға алып отыр. Сондай-ақ, баға саясатын оңтайландыруға

бағытталған онлайн-платформа құрылмақ. Осылайша, сауда саласындағы салғырттықты

тұрғындардың көмегімен реттеу көзделуде.

ҚР Премьер-Министрі Асқар

Мамин аймақ әкімдерін азық-түлік

бағасының тым жоғарылап кеткені үшін

сынға алды. Үкімет отырысында осы

мәселеге қатысты түсініктеме берген

Ұлттық экономика министрі Руслан

Дәленов еліміздің барлық облыстарында

баға бақылаудан шығып бара

жатқанын жеткізді. Әлеуметтік маңызы

бар азық-түлік тауарларының бағасы

9 процентке өскен.

Ведомство басшысы тауарлардың

бағасы барлық облыстарда қымбаттағанын

айтты.

- Тауар бағасын белгілеу бойынша

сараптама жүргізілді. Түпкілікті тұтыну

бағасы өндіруші немесе импорт бағасынан

айтарлықтай қымбат. Мысалы, өндірушінің

бағасы сәбізге 67 теңге болса, базардағы

бағасы 151 теңгені құрайды. Үстеме баға –

84 теңге. Біз биыл инфляцияны

белгіленген межеде ұстап қалу үшін

10 түрлі тауарды анықтадық. Олар –

пияз, сәбіз, картоп, қызылша, күріш,

ұн, жылқы еті, қой еті, сиыр еті және

нан. Тауарлардың осы түріне күшейтілген

бақылау енгізу, сондай-ақ олардың

бағасын төмендету бойынша

шаралар қабылдауды ұсынамыз, –

деді Р.Дәленов.

Ал ҚР Сауда және интеграция министрі

Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарды азықтүлік

бағасын бақылауға тартуды ұсынды.

Ол тауар бағасының өсуіне уақытылы

шектеу қою үшін өзекті ақпараттар

жедел алынуы қажет екенін айтты.

- Дамыған елдерде бағаны мониторингілеуге

халық жұмылдырылады. Яғни,

кез-келген азамат тауардың бағасын

суретке түсіріп, әлеуметтік маңызы

бар азық-түлік бағасының статистикасы

жинақталатын арнайы порталға

жібере алады. Бұл жүйе арқылы

дүкендердегі тауарлардың құнын

онлайн режимде бақылауға болады, -

деді Б.Сұлтанов. Егер Үкімет бұл ұсынысты

қолдаса, министрлік өзге де құзырлы

органдармен бірлесіп, жүйені қысқа

Ұстаз көштен қалмаса,

ұрпақ озады

Басы 1-бетте

Нұржайна ШОДЫР

Алқалы жиынның шымылдығы

аймақтың білім беру саласындағы

жетістіктерінен сыр шертетін арнайы

бейнекөрсетіліммен ашылды. Бұдан

соң облыс әкімі ұстаздар қауымын

жаңа оқу жылымен құттықтап, білім

беру саласын дамыту үшін жұмыла

жұмыс істеуге шақырды.

- Қазіргі таңда білім мен ғылымның

маңыздылығы арта түсуде. Сондықтан

да жас буынға жаңаша білім беру

жолында көптеген өзгерістер еніп жатыр.

Павлодар облысының білім беру саласы

сапалы білім мен саналы тәрбие беруге

бағытталып, еліміздің дамуына ықпал

етуде. Аймақтың білім беру жүйесін

дамытудың стратегиялық бағыттарын іске

асырудағы мақсаттар мен міндеттер әр

педагогикалық ұжымда лайықты түрде

орындалатынына сенемін, - деді Болат

Жұмабекұлы. Аймақ басшысы, сондай-ақ,

кеңеске жиналғандарға облыстың білім

беру саласының алға басуына бағытталған

негізгі үш міндетті ұсынды.

- Біріншіден, жастардың дұрыс

мамандық таңдай білуіне бағыт-бағдар

беру керек. Бұл жолда қателескен адам

өз өміріне көңілі толмайды, тіпті, өзін

бақытсыз сезінуі мүмкін. Біздегі білім беру

мекемелерінде осы бағытта жұмыстар

жүргізілгенімен, өз деңгейінде емес.

Сондықтан түлектеріміздің мамандық

таңдауда шалыс баспауы үшін түсіндіру

жұмыстары қолға алынуы тиіс. Екіншіден,

сынып жетекшілерінің рөлін күшейту

керек. Өйткені, олардың өз оқушыларына

әсер ететіні сөзсіз. Сол үшін мектеп

оқушыларын оқытудың сәтті тәжірибесімен

бөлісетін үлгілі сынып жетекшілерінің

пулын қалыптастыру қажет. Сондай-ақ,

ай сайын оқушылар сынып жетекшілеріне

не істегенін, не істей алмағанын және

қолынан келмеген істі қалай түзетуге

болатыны туралы үш түрлі тақырыпта эссе

жазып отыруы жайлы ұсыныс айтамын.

Үшіншіден, әр мектеп өзінің үлгілі

түлектеріне арнап бұрыш ұйымдастырып,

кездесулер өткізуі керек. Бұл - өзге

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

оқушыларға үлгі болары анық, - деді

облыс әкімі.

Ал елордалық мейман Анар Әбілқасова

отандық білім беру жүйесінде орын

алып жатқан өзгерістермен және

жаңалықтармен бөлісті. Оның айтуынша,

болашақта мектепке дейінгі білім беру

мәселесіне ерекше маңыз берілмек.

2020 жылдан бастап балабақшаларда

қызмет істейтін педагогтардың жалақысы

жыл сайын 10 пайызға өсетін болады.

Р е с п у б л и к а б о й ы н ш а ә р ж ы л с а й ы н

12 мың тәрбиешінің біліктілігін арттырып

отыру жоспарлануда. Сондай-ақ, алдағы

о қ у ж ы л ы н д а о р т а м е к т е п т е р д е г і

4, 9, 10-сынып оқушылары жаңартылған

бағдарлама бойынша білім алады. Ал

2021 жылдан бастап 12 жылдық білім

беруге жүйелеп көшу науқаны басталмақ.

Тамыз кеңесінде облыстық білім

беру басқармасының басшысы Дінислам

Болатханұлы да баяндама жасап, аймақ

шәкірттерінің жетістіктерін тізбектеп,

мерзімде енгізуге дайын екенін де

атап өтті.

Үкімет басшысы А.Мамин министрдің

бастамасын қолдады.

- Бағалар бойынша жедел ақпарат

алмасу ерекше маңызды екенін ескеріп,

Сауда және интеграция министрлігінің

бірыңғай онлайн-платформасын құру

туралы ұсынысын қолдаймын. Деректерге

сүйенсек, кейбір азық-түліктердің

бағасы өсуде. Бұл жергілікті әкімдіктер

тарапынан іске асырылатын тиісті

шаралардың тапшылығын айқындайды, -

деді Премьер-Министр.

Осылайша алдағы уақытта кез келген

тұрғын азық-түлік бағасын реттеуге өз

үлесін қоса алады. Жоғарыда аталған

онлайн-платформа тауар бағасының

шұғыл статистикасын жүргізіп, болашақта

оны төмендетуге бағытталған жұмыс

жүргізуге таптырмас мүмкіндік болмақ.

Әзірлеген – Д.АЙТПАЙ.

салада алдағы уақытта атқарылуы тиіс

жоспарларын сөз етті.

- 2018 жылдың қорытындысы бойынша

республикада біздің облыс бірінші орынды

иеленді. Мектепке дейінгі тәрбиемен

және оқытумен қамту көрсеткіші жағынан

да республикада көш басында келеміз.

Бүгінде облыста 403 мектепке дейінгі

ұ й ы м ж ұ м ы с і с т е й д і , о н ы ң і ш і н д е

159 балабақша бар. Қазіргі таңда

мектепке дейінгі білім беруде әлемдік

тренд ретінде 4К моделін дамытуға баса

назар аударылуда. Осы модельді іске

асырудың нәтижесі мектепке дейінгі білім

берудің жоғары сапасына қол жеткізу,

бала үшін қолайлы және қауіпсіз дамыту

ортасын құру болуы тиіс. Балаларды

оқытудағы тәсілдерді өзгерту, зияткерлік

және шығармашылық қабілеттерін дамытуға

баса назар аудару, STEM-оқыту, робототехника,

заманауи технологияларын

жаппай енгізу – уақыт талабы. Бұл бағытта

аймағымызда нәтижелі жұмыстар жүріп

жатқанын атап өткен жөн.

Өткен оқу жылында облыс

мектептерінде 101 мыңнан астам

шәкірт білім алды. Оқушыларымыздың

сапалы білім алуы үшін жаңартылған

мазмұнды енгізу ісі жалғасуда. Білім

беруді цифрландыру бойынша бірқатар

жоба жүзеге асуда. Бастысы, ол үшін

өңірде қажетті инфрақұрылым бар.

Барлық білім беру ұйымы компьютерлік

техникамен, ақпараттық жүйелермен,

кең жолақты интернетпен, WI-Fi

нүктелерімен жабдықталған. Барлық

мектепте электрондық журналдар мен

күнделіктер енгізілген, - деді аймақтың

бас ұстазы.

Салтанатты шара барысында жоғары

жетістікке жеткен ұстаздар мен ұжымдар

бірқатар марапатқа ие болды. Атап айтар

болсақ, Ақсу қаласындағы №7 мектеп,

Екібастұз қаласындағы №26 мектеп,

Павлодар қаласындағы №6 сәбилер

бақшасы және дарынды балаларға

арналған Ы.Алтынсарин атындағы

облыстық гимназия интернаты ұжымына

50 млн. теңге көлемінде гранттар табысталды.

Облыс әкімі бұл қомақты сыйлық

білім беру ұйымдарының материалдықтехникалық

базасын жаңартуға мүмкіндік

беретінін атап өтті. Сондай-ақ, «Ең үздік

орта білім беру мекемесі» байқауында

жеңімпаз атанған Павлодар қаласындағы

№16 мектеп ұжымына 34 млн. теңге

тарту етілді. Сонымен қатар, облыстың

білім беру саласына зор үлес қосқан

30-дан астам педагог түрлі деңгейдегі

наградалармен марапатталды.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ФОРУМ

«Қоғамдық ұйымдарға

қолдау қажет»

Облыс орталығында үкіметтік емес ұйымдар-бизнес-мемлекет серіктестігінің «ASAR»

IIІ республикалық форумы мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған

құрметті қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Ауқымды жиынға

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, облыс әкімі Болат

Бақауов және «SERPIN» білім және инновация ұлттық палатасының төрағасы Мұрат

Әбенов қатысты.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Үш жа қ т ы

келісімнің

берері мол

«ASAR» IIІ республикалық

форумы «Әлеуметтік инновация:

өңірлік дамудың табысты формуласы»

тақырыбындағы пленарлық

отырысқа ұласты. Қатысушылар

үкіметтік емес ұйымдардың бүгінгі

тыныс-тіршілігіне, елдегі ішкі және

сырты бизнестің даму жолдары мен

ондағы қордаланған мәселелерді

шешуде мемлекеттік серіктестіктің

Жәнібек Оспанов

маңызын атап көрсетті. Осы ретте

форумға қатысқан облыс басшысы

Болат Бақауов қазіргі таңда ҮЕҰ

мемлекеттің, бизнес пен халықаралық

ұйымдардың назарын ерекше аударып

отырғанын айтты.

- Бүгінде ҮЕҰ мен бизнес үшін

мемлекет әлеуметтік жобалардың

басты серіктесі екені даусыз. Мәселен,

биыл біз өңірдегі ҮЕҰ-мен бірлесіп,

әлеуметтік маңызы бар мәселелерді

шешуге бағытталған миллиард теңгенің

жобаларын жүзеге асырудамыз.

Былтыр аймақта Азаматтық альянс

үйі мен Еріктілер үйі ашылып, қазіргі

таңда үздіксіз жұмыс істеп келеді.

Өңірде 700-ден астам ҮЕҰ тіркелген.

Тіпті, кейбір ҮЕҰ әлеуметтік жобаларды

мемлекеттің қолдауынсыз-ақ

тиімді жүзеге асыруда. Солардың

бірі – «Павлодар Мейірімділер клубы»

ұйымы. Біздің міндетіміз - қоғамға

сенім атмосферасын ұялату. Ол

үшін бізге барлық қоғамдық, саяси

күштердің, бизнестің, сарапшылар

мен азаматтардың интеграциясы

қажет. Осы ретте қиын жағдайдағы

адамдарға, мүгедек және жетім

балаларға, жалғыз басты зейнеткерлерге

көмектесетін ҮЕҰ-ға назар

аудару керек, - деді Б.Жұмабекұлы.

Бұдан кейін «Қазақстанның

азаматтық альянсы» заңды

тұлғалар бірлестігінің президенті

Асылбек Қожахметов бизнестің

кейбір саласын ынталандыру үшін

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын

қосуды ұсынды. Бұл қатарда бақылау

кеңесіне қажетті кәсіби біліктілігі

бар азаматтық секторды, «Самұрық-

Қазына», «Бәйтерек» және «Агрохолдинг»

өкілдерін тарту, сондай-ақ,

бизнестегі қоғамдық ұйымдарды

қолдау керектігін жеткізді.

Пленарлық отырыстан кейін,

форум аясында ұйымдастырылған

әлеуметтік байқауда үздік деп

танылған 100 жобаның таныстырылымы

өтті. 144 жұмыстың ішінен

дараланған жобалардың қатарында

әртүрлі әлеуметтік саланы дамытуға

арналған жобалар бар.

Сондай үздік жобаның бірі «IQanat

білім беру қоры». Қордың атқарушы

директоры Айжан Садықованың айтуынша,

IQanat ауыл мектептеріндегі

оқушыларға Қазақстан және шетел

ЖОО-ларына түсуге қолдау көрсету

үшін қазақстандық демеушілермен

бірлесіп, тың білім беру жобасын

қолға алған.

- Біздің қор қазақстандық

кәсіпкерлердің жобасы болып

саналады. Мұндағы басты

мақсат - ауыл мектептерінде білім

алып жүрген балаларға қолдау

көрсету және оларды терең білім

алуға ынталандыру. Әр оқу жылында

2 кезең бойынша оқу олимпиадаларын

өткіземіз. Былтырғы оқу

жылында біз ауыл мектептерінде

9-сыныпта оқитын 30 мыңға жуық

оқушыны қабылдап, солардың ішінен

700 баланы іріктеп алдық. Олар

өткен шілде айында Нұр-Сұлтан

қаласында, Назарбаев университетінің

негізінде 5 күндік слетке қатысып,

олимпиаданың финалына қатысты.

Осы оқу жылынан бастап біз

10-11-сынып оқушыларын ең үздік

шетелдік университеттерге түсуге

дайындаймыз. Атап өтерлігі, осы

балалардың ішінде 50-ден астам

павлодарлық оқушы бар. Оларға

қолдау көрсетіп отырған - «ERG

Service» АҚ, - деді А.Садықова.

Күннің екінші жартысында

форумға қатысушылар үшжақты

меморандумға қол қойды. Сонымен

қатар, биыл алғаш рет «ASAR activity»

жобасы аясында меймандар «Бірге –

таза Қазақстан» республикалық

акциясына қосылды.

«Нөмірі

жетінші спикер»

Форум аясында іске асқан ерекше

жобаның бірі дәл осылай аталды.

Мұнда қоғамдық істерде белсенділік

танытып жүргендер, әлеуметтік

салада көшбасшы болғандар мен

қиын тағдырын жеңген жандар өз

өмірлері жайында баяндады.

Азаматтық қоғам істері комитетінің

басқарма басшысы Жанар Әлжанова

7 спикерді таңдап алу оңайға

түспегенін, бұл қатарға Ертіс-Баян

өңірінің азаматтарын көбірек қамтуға

тырысқанын айтады.

АЙНА 24 тамыз, сенбі, 2019 жыл 3

- Бұл алаң «ASAR» форумының

ажырамас бөлігіне айналды. Жоба

осымен үшінші рет ұйымдастырылып

отыр. Мұндағы басты мақсатымыз -

бүгінде біршама жетістікке жеткен

адамдардың өмір жолдарын

көрсету. Ұйымдастыру барысында

Павлодар өңірінің тұрғындарын

көптеп тартуға тырыстық. Бұл

қатарда Ертіс-Баян өңіріне кеңінен

танымал блогер Зура Жүсіпбаева бар.

Ол - Баянауыл ауданының тұрғыны.

Қарапайым әйел шағын ауылда тұрса

да, өзінің белсенділігінің арқасында

көпке белгілі. Ол - ауылда тұрып-ақ,

мол табысқа кенелуге болатынын

дәлелдеп жүрген көп қазақстандықтың

бірі, - дейді Жанар Әлжанова.

Аталмыш жоба аясында көпшілікті

елең еткізген жанның бірі -

Жәнібек Оспанов. Ол – елімізде

және Орта Азияда алғашқы болып

жүрегін ауыстырған қазақстандық.

Жәнібектің айтуынша, дәрігерлер

бастапқыда небары жарты жыл ғана

өмірің қалды деген екен.

- Маған осыдан 7 жыл бұрын

донорлық жүрек орнатылған. Ақ

желеңділер жедел түрде жүрек

ауыстыру керектігін айтқанда бірден

келістім. Өйткені басқа таңдау болған

жоқ. Қазір, өздеріңіз көріп тұрғандай,

мен тірімін! Кейде жалғыз қалғанда

шынымен де өлуге жақын болғанымды,

өлім аузынан қайтқанымды сезінемін.

Қазіргі таңда елімізде мен тәрізді

15 адам бар. Солардың барлығының

басын қосып, біз бәріміз «Өмір

тынысы» қоғамдық бірлестігін аштық.

Мен 2016 жылы Финляндияда өткен

өзім тәрізді адамдар арасындағы

әлем чемпионаты аясында отадан

кейінгі спорттық белсенділік жөнінде

көп естідім.

Қазақстанға келгеннен кейін мен

осы ақпаратты біздің бірлестіктегілерге

жеткізуім керек деп шештім. 2017 жылы

Ассамблеяның жиынында Президент

алдында осы мәселені қозғау мүмкіндігі

түсті. Президенттің тапсырмасымен

Испаниядағы дүниежүзілік ойынға

бардық. Бұл біз үшін мереке болды.

3 мың адам жиналды. Біздің бір

қызымыз боулингтен алтын медаль

алды. Сонда біз жарысқа қатысып

қана қоймай, жеңімпаз бола

алтынымызға көз жеткіздік. Осы

уақытқа дейін 3 сайысқа қатысып,

11 медаль жеңіп алдық. Содан

кейін Қазақстанда да жүрегіне

донорлық ота жасатқан адамдар

арасындағы спорттық жарыстар

ұйымдастыру қолға алына бастады, -

деді ол.

Осылайша, әр спикер өз

өмірлерінен сыр шертіп, жетістікке

жету жолындағы құпиясымен бөлісті.

С

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

«Атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады». Бірнеше

күн бұрын әлеуметтік желілерде осындай ақпарат

таратылып, көпбалалы аналарды даурықтырған

болатын. Бұл шындыққа жанаса ма?

Жәрдемақы

тоқтатыла ма?

Нұржайна ШОДЫР

Атаулы көмектен айырылып

қалатынын естіген аналар

қауымынан маза кеткені шындық.

Себебі, бірі баласына мектепке

қажетті киім-кешегін сатып алу

үшін мемлекеттік жәрдемақыны

асыға күтіп отырса, енді бірі

жалға алатын пәтерінің ақысын

уақытылы төлей алмайтынын

айтып, шыр-пыр болуда.

- Менің бес балам бар.

Балаларыма жәрдемақы

алғаннан бері жағдайымыз

жақсарып қалды. Бірақ осы

айда қалтамызға ауыр салмақ

түсіп тұр. Себебі, төрт баланы

мектепке дайындау керек.

Оларға мектеп формасын, спорт

киімін және кеңсе тауарларын

сатып алуымыз қажет. Әрине,

мектеп тарапынан да қолдау

көрсетіліп жатыр. Бірақ бұл

көмек балалардың қажеттілігін

толық өтей алмайды ғой.

Сондықтан, атаулы әлеуметтік

көмекке сеніп, үміт артып

отырмыз. Ал бұл жәрдемақының

тоқтатылатынын естігенде, қатты

қиналып кеттік, - дейді өзін

Майгүл деп таныстырған ана.

Мұндай жағдайды көпбалалы

аналардың бәрі басынан

кешіргені сөзсіз. Себебі,

бүгінгідей қымбатшылық

Қарыз өндіріледі

Еңбекақыны уақытылы төлемеу ісімен мемлекеттік

еңбек инспекторлары айналысатыны

белгілі. Жыл басынан бері Павлодар облысында

141 кәсіпорында тексеріс жүргізіліп, жалпы

сомасы 175,8 млн. теңге көлеміндегі жалақы

бойынша қарыз өтелген.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

заманда оқушыны мектепке

дайындау оңайға соқпайтыны

ақиқат.

Көптің көңілін түсірген

мәселенің мән-жайын анықтау

үшін осы салаға тікелей жауапты

облыстық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламаларды

үйлестіру басқармасына

хабарласып көрген едік.

- Жәрдемақының тоқтатылатыны

туралы ақпарат -

жалған. Аналардың алаңдамағаны

жөн. Атаулы әлеуметтік

көмек тоқтатылған жағдайда

алдымен заң шығып, күшіне

енуі тиіс. Жергілікті құзырлы

мекемелердің мұндай маңызды

шешімді өз еркімен

қабылдауға еш құқығы жоқ.

Сондықтан 21 мың теңгелік

жәрдемақы тағайындалған

аймақтағы барлық тұрғын әр

айдың соңына дейін, ары

кетсе келер айдың 10-ыншы

жұлдызына дейін ақшалай

көмектерін алатын болады, -

дейді аталмыш басқарманың

бас маман Айнұр

Мұқашбекова.

Айта кетерлігі, кейбір аудан

тұрғындары тамыз айына тиесілі

атаулы әлеуметтік көмектерін

алған. Ал Павлодар қаласындағы

көп балалы және аз қамтылған

отбасыларына жәрдемақы бүгінертең

түседі деп күтілуде.

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте

облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов

барлық шаралардың нәтижесінде 1388 жұмысшының құқығы

қорғалғанын айтты. Кәсіпорын басшыларына қатысты 19 ұйғарым

шығарылып, 4,9 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған.

- Қазіргі уақытта екі кәсіпорында жалақы бойынша берешек

бар. Олардың қатарында «Қазақстан вагон құрылысы компаниясы»

ЖШС 508 қызметкерге 117,6 млн. теңге қарыз. Олардың

ішінде жұмыстан шыққандар да бар. Қазіргі уақытта кәсіпорында

300-ден астам қызметкер тіркелген. Кәсіпорында күзет, кезекшілік

бөлімі жұмыс істеуде. Қалғандары үйде отыр. Оларға ай сайын

50 пайыз көле-мінде жалақы аударылуда. Бұдан бөлек, «ЭК

Алпар» ЖШС 7 жұмысшыға 1,3 млн. теңге берешек. Аталмыш

кәсіпорын басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған, -

дейді А.Қапанов.

Банкрот болған және оңалту кезеңінде жүрген 5 ұйым бар.

Олар 146 жұмысшыға жалпы сомасы 52,4 млн. теңге қарыз.

Жалақы бойынша қарызы бар, бірақ қызметін тоқтатқан

кәсіпорындардың қатарында «Муса Импекс», «Нұр-Павлодар»,

«Унистрой-ПВ», «Green House-Павлодар», «Food Center Astana»

сынды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бар.

Төленбеген жалақы бойынша мәселе әлеуметтік

серіктестік, еңбек қарым-қатынасын реттеу жөніндегі

аймақтық комиссия мен дағдарысқа қарсы штаб жөніндегі

жұмыс тобының отырыстарында қаралады. Жыл басынан

бері аудандарда 14 отырыс өткен. Шара барысында

24 жұмыс беруші шақырылып, мән-жайды түсіндірді.

Атап өтерлігі, ҚР Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіру

бағытында 36 семинар ұйымдастырылды. Шараға жалпы

саны 1178 адам қатысқан.


4 24 тамыз, сенбі, 2019 жыл

ДӘУЛЕТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІС

Жаңғыртудан кейінгі жағдай

Естеріңізде болар, елімізде мұнай өңдейтін зауыттар ұзақ мерзімге күрделі жөндеуге тоқтағанда ішкі

нарықта жанар-жағармай тапшылығы сезіліп, халық әбігерге түсетін. Бұдан былай мұндай келеңсіздік

орын алмайды. Өйткені, өткен жылы Павлодар мұнай-химия зауыты жаңғырту жұмыстарын толық

аяқтап, енді жыл сайын емес, үш жылда бір рет қана күрделі жөндеуге кідірмек.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Көпке

кідірмейді

Жалпы, жан-жақты жаңғыртудан

кейінгі жағдаймен таныстыру үшін

аталмыш кәсіпорын басшылығы

журналистерге арнайы пресс-тур

ұйымдастырды. Мамандар орнатылған

яки жаңғыртылған әр қондырғының

кәсіпорынға не бергенін кеңінен

айтып берді. 2014 жылдан басталған

жаңғырту жұмыстарына барлығы

855,5 млн. АҚШ доллары жұмсалыпты.

Бастысы, зауыт белгіленген

көлемде әрі жоғары сапада өнім

шығаруға қауқарлы болып отыр.

Кәсіпорынның өндірістік-техникалық

бөлімінің басшысы Ренат Салықовтың

а й т у ы н ш а , з а у ы т б и ы л м ұ н а й ө ң д е п ,

5 млн. 400 мың тонна түпкі өнім

алады. Бұл соңғы жиырма жылдағы

рекордтық көрсеткіш деуге болады.

Себебі, 2000-шы жылдарға дейін

ең көп дегенде 4 млн. тоннаға

дейін тауар өндірсе, соңғы он

жылда 5 млн. тонна шамасында

шығарған. Биыл жалпы алынатын

өнімнің 1,5 млн. тоннасын К-4,

К-5 класты бензин болса, 1,6 млн.

тоннасы дизельді отын, 200 тонна

авиациялық отын және қалғаны

өзге де мұнай өнімдері. Яғни,

битум, кокс, мазут, сұйылтылған

көмірсутегі газы және тағы басқасы.

Дегенмен, кәсіпорын жаңғыртудан

кейін К-4 экологиялық класты бензин

өндірісіне басымдық береді.

Сонымен жаңғырту деп отырғанымыз

не? Зауыттың бас

технологының сөзіне сүйенсек,

шикізатты терең өндеу құрылғылары

толығымен жаңартылған. Жаңадан

изомерлеу, күкірт өндіретін қондырғылар

орнатылып, іске қосылды.

Одан бөлек, қолданыста болған

бірқатар қондырғылар заманға

сай жаңғыртылған. Дизельді

отын, авиациялық отын өндіретін

жабдықтары да жаңғыртылыпты.

Сонымен қатар, жалпы шаруашылық

ғимараттары, коммуникациясы да

күрделі жөндеу көріп, қайта түлеген.

Бірнеше жылға созылған жаңғырту

жұмысы не берді? Зауыттың

өндірістік активтерінің сенімділігін

және механикалық тұтастығын

қамтамасыз ету департаментінің

директоры Саятай Әліпбаевтың

мәлімдеуінше, бастысы зауытты

тұтастай жыл сайын ұзақ мерзімге

тоқтату үрдісі енді орын алмайды.

Айта кету керек, үш жылда бір

рет күрделі жөндеуге тоқтағанда

бұл жұмыстарды атқаруға сырттан

мердігер компаниялардың екі мыңға

жуық қызметкері тартылатын көрінеді.

Ал ағымдық жөндеуге зауыт екі апта

шамасына кідіреді. Мәселен, биыл

мамыр айының соңынан маусым

айының басына дейін құбырлар

мен аппараттарды техникалық

тұрғыдан куәландыру үшін 10-20

күнге ғана тоқтаған. Оның өзінде

жоспарланған өнім ай сайын тиісті

көлемде тұтынушыға жөнелтілуде.

Алдағы 30 кыркүйек - 23 қазан

аралығында катализаторлық крекинг

кешенінің бірнеше қондырғысын

ғана тоқтатып, ретке келтірмек.

Өзіміздікін

неге өңдемейді?

Павлодар зауыты шикізатты

Ресейдің Батыс Сібір аймағынан алып,

өңдейді. Қара отынды «Қазтрансойл»

АҚ құбырлары арқылы жеткізіледі.

«Елімізде өз шикізатымыз бола

тұра, өзгенікін неге тұтынамыз?»

деген орынды сұрақ тууы әбден

мүмкін. Оның себебін зауыт мамандары

түсіндірді.

- Біздің кәсіпорын әу бастан Батыс

Сібір аймағындағы кен орнының

мұнайын өңдеуге негізделген. Яғни,

зауыттың технологиялық құрылымы

соған лайықталған. Ал Ақтөбенің

мұнайына келетін болсақ, оның

құрамында парафин мен күкірт

мөлшері тым көп. Оны толық өңдеп,

түпкі тауарымыз қалағанымыздай

шығуы үшін технологиялық тізбекті

түбегейлі өзгертіп, қайта салу

қажет болады. Бірде отандық

шикізатты өңдеп көрдік. Бірақ,

қажетті көрсеткіштерге қол жеткізу

мүмкін болмады. Өңделген өнімнің

сапасы бұзылды, - дейді зауыттың

орталық зертханасы басшысының

орынбасары Даная Соляная.

Айта кету керек, павлодарлық

зауыт өңдеумен ғана айналысады.

Яғни, Ресейден алған шикізатты

өңдеп, өзіне қайтарады. Бұл - ғылыми

тілмен айтқанда, давальдық тауар.

Демек, павлодарлық кәсіпорынға

өңдегені үшін ғана кіріс кіреді.

Зауыт мұнайды өңдеп, өндіретін

өнім түрлерін әлі де көбейтуге ниетті.

Мәселен, бүгінде мұнда РТ маркалы

авиациялық отын өндірілсе, алдағы

уақытта Jet А-1 маркасын шығармақ.

Соңғысы кейін шыққан заманауи

ұшақтарда кеңінен қолданылады

екен. Айта кетерлігі, еліміздегі үш

мұнай өңдеу зауыты 900 тонна

авиациялық отын шығарса, ішкі

сұраныс - 660 тонна. Яғни, асқаны

шетелге шығарылуда. Бүгінде базалық

жобасы әзірленуде.

Қысқы отын

өндірмек

Тағы тың жаңалығы, павлодарлық

зауыт солтүстік өңірлер үшін

Конвейер кідірмес үшін...

Сіз бен біздің үйімізге жылудың үздіксіз келуіне жағдай жасайтын даңқты

мамандық иелері бар. Олар – шахтерлар. Әлемде ең қиын әрі қауіпті саналатын

бұл кәсіпке тек табандылар ғана тұрақтайды. Міне, осындай қажырлық

танытып, 25 жыл осы саланың сүрлеуінде жүрген даңқты жандардың бірі –

Қайыргелді Қабдықайырұлы.

сұранысы жоғары қысқы дизельді

отын шығаруға кіріспек. Мұны «Ertis»

деп аталған жоба аясында қолға

алмақ. Ренат Құмарханұлының айтуынша,

бүгінде жобасы әзірленуде.

Айтуынша, қысқы дизельді отын

өндіру кезінде сутегіне деген

қажеттілікті жабу мүмкін болады.

Бұл дегеніңіз зауыттағы өндіріс

бір-бірімен ұштасып жатыр. Бірін

өндірсе, оның құрамынан екіншісін

алып шығуға болады. Сондай-ақ,

парафинсіздендіру қондырғысын

орнату жоспарланыпты.

Сондай-ақ, кәсіпорынның өзі

тұтынатын отын, электр қуаты

көлемін барынша кемітуге күш

салынбақ. Ол үшін арнайы зерттеулер

жүргізілуде. Мәселен, пештер

блогы алмастырылып, көрсеткішті

жақсартпақ. Бұл жұмысты биылдан

бастап, 2024-2025 жылға қарай

өз қажеттілігіне жұмсалатын отын

мөлшерін 9 пайыздан 7 пайызға

түсіруді көздеп отыр. Сонымен

қатар, дайын өнімді құю кезінде

мұнай өнімдерінің ауаға тарауын

төмендету де - басты назарда. Ол

үшін құю, өнімді барынша нақты

өлшеу процесін автоматтандыру

қолға алынбақ.

С

Автоматтандыру

демекші,

жаңғырту барысында зауыттың

технологиялық қызметін басқаратын

орталық құрылған. Мұнда отыратын

аға операторлар процестің барлық

көрсеткіштерін қашықтықтан бақылайды.

Қажет болса, температурасына,

бағытына өзгерістер

енгізіп, шұғыл араласа алады. Бұрын

мұндай мүмкіндік болмай, әркім

өзіне сеніп тапсырылған аумақтағы

жағдайды ғана бақылауда ұстаған.

Жалпы, зауыттағы автоматтандыру

нәтижесінде жабдықтардың

кідірісі 20 пайызға төмендеп,

жылына өндірілетін өнім көлемі

300 мың тоннаға артқан. Техникалық

қызмет көрсетуге кететін шығын

15 пайызға кеміген. Кадрлық

ресурстың тиімділігі артып, еңбек

өнімділігі артқан.

Әр балаға –

100 мың!

Кәсіпорын басшылығы қызметкерлеріне

қамқорлық танытудан

талмайтындарын айтты. Зауыттың

персоналды басқару бөлімінің

басшысы Оксана Орешконың айтуынша,

мұнда 1522 адам еңбек етеді.

Қызметкерлерді қабылдауда қатаң

іріктеу жүргізілетінін де жасырмады.

Үш сатылы қабылдаудан өткен

азамат қана қатарға алынады.

Жас мамандарды тарту үшін

дуалды білім жүйесіне көшкен.

С.Торайғыров атындағы ПМУ мен

Павлодар химия-механикалық

колледжімен етене жұмыс жасаймыз,

дейді зауыт өкілі. Бұл жүйемен

221 студент білім алуда. Бүгінде

олардың 157-сі түлеп, 80 пайызы

кәсіпорынға қабылданыпты.

Зауыт үздік мамандарын

анықтап, оларға үстемеақы қосу

үрдісін үзбейді. Мектеп жасында

баласы бар қызметкерлеріне оқу

жылы қарсаңында қолдау көрсету де

дәстүрге айналыпты. Мәселен, биыл

400 қызметкердің 535 баласына

әрбіріне 100 мың теңгеден берген.

Яғни, бұл мақсатқа кәсіпорын

53 млн. теңге жұмсапты. Сондай-ақ,

қызметкерлердің ас-суына да

дотация қарастырылған. Жалпы,

зауыттағы әлеуметтік тұрақтылық

арнайы зерттеу кезінде жоғары

бағаланыпты.

ЕРТЕҢ – ШАХТЕР КҮНІ

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

ERG құрамына енетін Еуразиялық

энерге-тикалық корпорациясының

Екібастұздағы «Шығыс» кенішіне

кейіпкеріміз сонау 1995 жылы

жұмысқа орналасыпты. Содан бері

кеніштің кең қанат жаюына өзіндік

үлесін қосып жүр.

- 1989 жылы Семейдің тері өндірісі

колледжін тауартанушы мамандығы

бойынша тәмамдадым. Біраз уақыт

туған өлкем Ақтоғайда шикізат дайындаушы,

яғни мамандығыма сай

жұмыс істедім. Одан кейін Екібастұз

қаласына қоныс аударып, «Шығыс»

кенішіне электр слесарь болып орналастым,

- дейді Қайыргелді аға.

Содан бері кәсіпорынның белді

қызметкеріне айналды. Кейіпкеріміз

еңбек ететін конвейерлік лентаны

жөндеу учаскесінде жұмыс әрдайым

қызу. Кешен конвейерлік жүйемен

жұмыс істейтіні белгілі. Бұл дегеніңіз,

қазылған қара отын конвейерлермен

көтеріліп, вагондарға тиеледі. Мұндай

конвейерлердің жүздеген шақырымы

бар. Міне, осы технологиялық

үдерістің үздіксіз жұмыс жасауына

жауапты азаматтардың бірі – біздің

кейіпкеріміз.

- Кенішіміз конвейермен жұмыс

жасауға негізделген. Олардың

көмірді кідіріссіз діттеген жеріне

жеткізуіне жауаптымыз. Сондықтан,

ауысым бастасылысымен берілген

тапсырмамен көмегіміз қажет тұсқа

жетеміз. Конвейердің таспасы үзілген

жері болса жалғап, жөндеп, ретке

келтіреміз. Негізінен, қысы-жазы

кеніштің түкпір-түкпірін шарлап,

далада жүреміз. Кейде конвейердің

бөлшектерін цехқа әкеліп, жөндейміз

де, тиісті орнына жалғаймыз, -

дейді жұмысының барысымен

бөліскен Қайыргелді Қабылденов.

Осыдан біраз жыл бұрын кеніште

циклдық-ағынды аршу кешені іске

қосылғаны белгілі. Бұл да кейіпкеріміз

еңбек ететін цех жұмысын еселей

түскені белгілі. Өйткені мұнда да

конвейерлік жүйе қолданылады. Жер

қойнауын аршыған соң қопарылған

жыныстар кешен арқылы жоғарыға

шығарылады.

- Бір ауысымда шеберіміз Жанат

Сұлтанов бастаған алты азамат жұмыс

істейміз. Олар – Серік Нұртазин,

Солтын Сәйімхан, Валерий Новоселов,

Марат Дәулетов. Ауысым

сайын жаңа тапсырма түседі. Соны

уақытылы жүзеге асырып, кешеннің

жұмысына кедергі келтірмеуді басты

назарға аламыз, - дейді ол.

Кәсіпорынның көркеюіне күш

салған кейіпкеріміздің еңбегі де

елеусіз қалмаған. 2-ші және 3-ші

дәрежелі «Даңқ» орденін иеленген.

Суреті Құрмет тақтасында ілініп,

атқарған ісіне қошемет көрсетілген.

Бұдан бөлек, бірқатар грамоталар

табысталған. Адал еңбегі үшін арнайы

сыйақыға да қол жеткізген. Мұның

бәрі ұйымшыл ұжымның ортақ еңбегі

деп біледі даңқты маман.

Қайыргелді Қабдықайырұлы

жұмыста іскерлігімен сыйлы. Ал

үйде үш ұлына үлгілі әке. Жары

Гүлжайнатпен бірге Мадияр, Мақсат

және Ризат есімді үш бала тәрбиелеп

отыр. Үлкені ГРЭС-1 станциясында

электрик болып еңбек етсе, екінші

ұлы Л.Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университетте автоматтандыру

және басқару мамандығын

меңгеруде. Кіші ұлы 6-сыныпта

оқиды.


Жас times

САРЫАРҚА САМАЛЫ

«Сарыарқа самалы» газетінің

жастарға арналған қосымшасы

ЖАРҚ ЕТКЕНДЕР

Қазба жұмысында -

жастар

ТАРИХ

Оразалы

ДОСБОСЫНОВ

Айтыс сахнасына

«Құлмамбеттің

құлынымын» деп

құлдыраңдап шыққан оғлан

Оразалы Досбосыновтың да

арамыздан кеткеніне

14 жылдың жүзі болыпты.

Қарсыластарына қара сөзден

шапан жауып, бір күнде

5 ақынмен айтысып,

талайды мойындата білген

Ораз орда бұзар отызына

жетпей мәңгілік мекеніне

кетті.

Оразалы Жарылқасынұлы 1975 жылы

15 қарашада Алматы облысы Райымбек

(Нарынқол) ауданы, Тегістік ауылында

дүниеге келген. 1983 жылы М.Мақатаев

атындағы орта мектепке барып, оны 1993

жылы тәмамдайды. Мектеп бітіргеннен

кейін Абай атындағы ұлттық педагогикалық

институына түсіп, одан филолог дипломын

алып шығады.

Оразалы мектеп қабырғасында жүріп-ақ,

еркін шығармашылықпен айналысып,

әртүрлі деңгейдегі айтыстардан көрініп,

түрлі мәдени шараларға қатысып, айрықша

талантымен ерте көзге түседі. Еңбек жолын

1993 Тегістік ауылдық Мәдениет үйінің

меңгерушісі болып бастаған ол кейіннен

Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында

«Айтыс» үйірмесінің жектекшісі және

көркемдік жетекші қызметтерін атқарған.

Үлкен өнер ордасында жүріп, Оразалы

республикалық халықаралық айтыстарға

қатысып, айтыссүйер қауымның ыстық

ықыласына бөленді. Біраз жыл Қазақ ұлттық

университетінде мәдени-ағартушылық саласында

еңбек ете жүріп, бірқатар ізбасар

шәкірттерін тәрбиеледі. Ешқандай ресми

атақсыз-ақ аз уақыт ішінде Оразалы

халықтың ақынына айналды. Ірі айтыстарда

талай рет топ жарған айтыскер

көршілес Ресей, Қытай, Қырғызстан,

Өзбектсан мемлекеттерінде өткен додаларда

да орақ тілімен кесімді сөз айтып,

қазақтың атын асқақтатты.

Көзі тірісінде ешбір жинағын жарыққа

шығарып үлгермеген ақынның арманын

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология

факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының

түлегі Әйгерім Әлімжанова іске асырады.

2010 жылы танымал айтыскердің «Айтыстың

көркемдік әлемі (О.Досбосынов шығармалары

негізінде)» атты зерттеу кітабы жарық көрді.

Өкініштісі, ақын 2005 жылдың 30 қазанында

жол апатынан көз жұмды. Марқұмның

денесі Алматы маңындағы Тұздыбастау

қорымында жерленген. Артында өшпес

мол мұрасы қалды. Нұрсұлтан, Нұрайша

есімді ұлы мен қызы бар.

Қазіргі таңда жастар қоғамдық істерде асқан белсенділікпен төбе көрсетіп жүр. Тіпті,

әлеуметтік, экономикалық саламен қатар бизнесте, оқу мен білімде қатарластарына

үлгі болатындар да аз емес. Оған дәлел, Баянауыл ауданында қазба жұмысын жүргізіп

жатқан ғалымдарға көмектесу мақсатында бір топ жас барған. Олардың қатарында

студенттер мен мектеп оқушылары бар. Сөйтіп, белсенді жастар Баянауыл өлкесінде

ашық аспан астындағы мұражайдың ашылуына атсалыспақ.

ЖАСЫЛ ЕЛ

Санаулы күндерден кейін

«Жасыл ел» сарбаздары

ХV жұмыс маусымының үшінші

семестрін қорытындылайтын

болады. Жазғы маусымға

тартылған 2000 сарбаз бүгінгі

күнге дейін қалалар мен ауылаймақтарды

көгалдандырып, түрлі

қазба жұмыстарына қатысып,

құрылыс нысандарында еңбек етті.

Алда - күзгі маусым. Мұнда қандай

жастар еңбекке тартылады? Осы

маусымда жастар не атқара алды?

Жалғасы 7-бетте

Жалғасы 6-бетте

Күзгі маусымға дайынбыз!

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ


6 Жас times

24 тамыз, сенбі, 2019 жыл САРЫАРҚА САМАЛЫ

Қазба жұмысында -

жастар

Жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, шығармашылық шабыт

сыйлауға және өнерлі жастарды ел ішінде кеңінен насихаттауға

арналған жобалар жетерлік. Соның бірі - маусым айынан бері

ұйымдастырылып келе жатқан «АрбатJasFest» жазғы жастар фестивалі

жұмысын аяқтауға жақын.

Басы 5-бетте

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университеті бұған дейін

«Margulan Centre» орталығымен

бірлесіп «Margulan stady» жобасын

қолға алған болатын. Осы жобаны

іске асыруда қазба жұмыстарын

жүргізіп жатқан ғалымдарға мектеп

оқушылары мен студенттерді

тартқан.

Баянауыл ауданының Торайғыр

көлі маңында жүргізіліп жатқан қазба

жұмыстарының негізгі мақсаты -

Қазақ хандығынан кейінгі кезеңде

өмір сүрген ата-бабаларымыздың

қыстақтарын зерттеп, зерделеу.

Атап өтерлігі, мұндай қазба

жұмыстары біздің өңірде алғаш

рет жүргізілуде.

Ғалымдар мен жастардың

басын бір арнаға тоғыстырған

қазба жұмысына қатысып, үйреніп

жүрген жастардың бірі - Баянауыл

ауданындағы №2 мектептің оқушысы

Диас Нарханов. Диас - мұндай

шараға алғаш рет қатысып

отырғанын, тарихи мағұлматтарға

молынан қаныққанын айтады.

- Қасиетті Баянауыл өңірі талай

ғалым мен жазушыны, ақын-әншіні

өңірге әкелген киелі мекен екені

ежелден белгілі. Бірақ, көліне түсіп,

топырағын күнде басып жүрген

Торайғыр ауылының іргесінде дәл

осындай құндылық бар дегенді

біреу айтса сенбес едім. Осы жолы

қазба жұмыстарына қатысқаныма

ерекше қуанып жүрмін. Себебі,

осы жерде тарихқа толы қорғандар

бар екенін көрдім. Археологиялық

жұмыстар өте қызықты әрі жауапты

екенін түсіндім, - дейді Диас

Нарханов.

«Margulan Centre» орталығының қызметкері

Гүлзина Жандаксинованың

сөзіне сүйенсек, археологиялық

маусым ашылғаннан бері жас

зерттеушілер ондаған қыстақтың

орнын тапқан. Солардың бірі -

Әбетбұлақ қыстағы.

- Торайғыр ауылының маңында

жүргізілген зерттеу нәтижесінде ұлт

мақтанышы болған Сұлтанмахмұт

Торайғыровтың атасы Әбет атаның

қыстағының орны табылды. Бұл -

нақты тарихи факт. Тарихи

құжаттармен расталады. Өз

кезінде Щербин зерттеушісінің

статистикалық мәліметінде бұл жер

Дүржанәбет деп аталған. Осында

ағаш және тас үйлер мен киіз үйлер

орналасқан. Қыстақ Ақбет тауының

солтүстік батысында орналасқан.

Кешенді қазба жұмыстары бір

жарым ай бұрын басталды.

Алғашқы олжалар табылғаннан

кейін, алдағы уақытта атқарылатын

жұмыстарымыз нақтыланды. Осы

ретте біздің ғалымдарға көмекке

келген жастардың еңбегін ерекше

атап өту керек. Олар өздерінің

танымдарын тереңдетумен қатар,

қазба жұмысының қиындығы

мен қызығына да қанық, - деді

Г.Жандаксинова.

Киелі жерлерді зерттеуге

кіріскен жастардың қатарында

«Жасыл ел» еңбек жасағының

сарбаздары да бар. Олар

жыл сайын «Margulan Centre»

орталығының зерттеушілеріне

көмекке келуде. «Margulan

stady» жобасының мақсаты -

жастарды ата-баба тарихы мен

мұрасын зерттеуге баулу.

- XVIII-XIX ғасырларда өмір

сүрген қазақтардың тұрмыстіршілігімен

танысуға мүмкіндік

туды. Осы жерден біз 30-ға жуық

қыстақтың орнын таптық. Шағын

үйлердің диаметрі 5-6 метр болса,

үлкендері 30-40 метрге дейін

жетеді. Қорғандар да баршылық.

Біз үшін бұл аса қызықты, - дейді

«Жасыл ел» жасағының мүшесі

Денис Махалин.

Асқан белсенділікпен жұмысқа

кіріскен жастар осылайша

Баянауыл өлкесінде ашылатын

аспан астындағы мұражайдың ісін

ілгерілетуге атсалыспақ.

«Margulan» орталығы қызметкерлерінің

айтуынша, зерттеуші

ғалымдар алдағы уақытта

Торайғыр-Сақ қорғандары мен

қыстақтарының орнында ашық аспан

астындағы мұражай ашпақ. Жаңа

мәдени нысанды құру шеңберінде

Баянауыл өңірінен шыққан дара

тұлғалардың өнегелі өмірін таныту

да басты мақсаттардың бірі

екен. Бұл істің де басы-қасынан

табылғысы келетін жастар болса,

қуана қарсы алуға әзір.

Өткенді бағалап, оған құрмет

көрсету - әрбіріміздің басты

міндетіміз. Осыдан бірнеше ғасыр

бұрынғы құпияны көпке көрсетіп,

Қазақ тарихын тың деректермен

толтыруға көмек көрсетіп жүрген

жастардың ісіне береке тіледік!

«Арбат»

аяқталуға жақын

Қазақстан халқы Ассамблеясы

саябағында ашылған

арбат спорттық, IT-технологиялар

және отбасылық тәрбие беру

бағыттарында 3 айға жуық жұмыс

істеп келді. Өңірдегі Жастар бастамаларын

дамыту орталығының

жылдағы дәстүрі бойынша іске

асқан Арбат биыл да бірқатар

істі атқарған және жастар бұл

жерден әлеуметтік сала бойынша

өздерін толғандырған сауалдарына

жауап та ала білді.

Жастар бастамаларын

дамыту орталығының арт бөлімі

жетекшісінің міндетін атқарушы

Аида Байтемірова аптаның

әр сенбісі сайын өткізілетін

шараның қамтитын тақырыптары

мен ұйымдастырылатын ойын

түрлерінің өзгеше болатынын

айтады.

- «АрбатJasFest»-тің өзіндік

мақсаты мен міндеті бар. Біздің

негізгі мақсат - ойын-сауық

ұйымдастыра отырып, осының

негізінде өнерлі жастардың

шығармашылығын дәріптеу,

оларды таныту. Қазір әлеуметтік

желілердің дүркіреп тұрған

шағы. Көбіміз телефонға жіпсіз

байланып, бос уақытымыздың

қалай өтіп кеткенін байқамай

қаламыз. Ал арбат фестиваліне

қатысу арқылы олар қоғамда

болып жатқан құбылыстарды

көре алады. Бұған дейін біз

шығармашыл жастарға қолдау

көрсету мақсатында «Handiwork»

көрмесін ұйымдастырдық. Ал

өткен сенбі күні өңірдегі қолөнер

шеберлерінің көрмесін ел назарына

ұсындық. Соның ішінде

ұлттық нақыштағы қолөнер де

бар. Келесі көрмелерде жаңа

бағдарлама болады, - деді ол.

Арбаттың қамтыған тақырыбы

сан алуан. Мәселен, отбасылық

тәрбиеге арналған 5 алаңқайдың

бірі жас отбасыларға арналған.

Мұндағы 3 шебер балаларға

аквагрим жасаса, ата-аналар

балаларға аранлған тауарларының

жәрмеңкесіне және hand-made

көрмесін тамашалай алады.

Сонымен қатар, IT-технологиялар

әуесқойлары үшін робототехника

клубы мен IT-клубын таныстыру

алаңы да бар.

- Бұл шара қатысушыларға

конструктивті демалыс алаңын

құруға мүмкіндік береді. Бұдан

бөлек, спорттық іс-шаралар

«болашақ миллионерлер»

шахмат академиясымен бірге

мини-футбол, баскетбол, шахмат

түрлері бойынша да сайыстар

өткізіліп келеді, - дейді Аида

Байтемірова.

Әр сенбіні көңілді етіп

ұйымдастыруды әдетке айналдырған

Жастар бастамаларын

дамыту орталығының қыз-жігіттері

осы сенбіні, яғни бүгінгі күнді

ерекше етіп өткізбек. Мәселен,

Қазақстан халқы Ассамблеясы

саябағында өткен жылы жастар

арасында қарбыз жеуден жарыс

ұйымдастырса, биыл жидектерді

жылдам тауысудан сайыс өткізбек.

Бұдан өзге де тосын сыйларын

әзірлеп отырған арбаттықтар

келесі сенбі күні өз жұмыстарын

қорытындыламақ.

Ольга СЮРСИНА, қолөнер шебері:

- Мен бала күнімнен ойыншықтарды ерекше жақсы көретінмін.

Кейіннен өзімнің сүйікті ойыншықтарымды неге өзім жасап

көрмеске деген ой келді. Сөйтіп, интернеттен олардың жасалу

жолдарын қарап, зерттей бастадым. Әуелгі де жеңіл көрінген

дүнием, қолға алғанда қиын екенін түсіндім. Бірақ, ол қиындықты

ойыншықтарға деген махаббатым жеңді.

Міне, бір жылдан бері түрлі бейнедегі ойыншықтарды тоқып,

тігуді бастадым. Өзіме ақшыл жіптерден тоқыған ұнайды. Барлық

жұмыстарым оңай жуылады әрі балаларға да қауіпсіз. Бүгін

«АрбатJasFest» көрмесіне шақырту алғаныма ерекше қуанып

тұрмын.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.


Жас times

САРЫАРҚА САМАЛЫ 24 тамыз, сенбі, 2019 жыл 7

Басы 5-бетте

Жаз бойы қалалар мен аудандарды

көгалдандыруға, өңірде бой

көтеріп жатқан ғимараттардың құрылыс

жұмысына, әлеуметтік салада, оқу

мен білімде, археологиялық қазба

істеріне белсене атсалысқан «Жасыл

елдіктердің» еңбегі ерен. Осы маусымда

бұған дейін сарбаздар аяқ баспаған

өңірлерде де штаб ашылып, ондағы

жастар жұмысқа асқан белсенділікпен

қатысқан. Облыстық «Жасыл ел» штабы

аппаратының басшысы Абай Уахиттің

мәліметінше, небары 2 айдың ішінде

700 сарбаз еңбекке қатысып үлгерген.

- Өкінішке қарай, «Жасыл ел» десе

көбіміздің түсінігімізде жасыл форманы

киіп алып, арам шөп жұлып жүрген,

қоқыс жинаған жастар ғана елестейді.

Осы бір қате түсініктің жойылатын кезі

келді. Себебі, бізде жұмыс істейтін

жастар өз елінің нағыз патриоттары.

Биылғы жазғы маусымда біздің

саламыз кеңейіп, жаңа бөлімдер пайда

болды. Атап айтар болсақ, осы маусымнан

бастап Медиа жасағы іске кіріскен

болатын. Мұндағы сарбаздар «Жасыл

елдің» атқарған жұмысын күнделікті

БАҚ өкілдеріне хабарлап, әлеуметтік

желілерде кең көлемде насихаттап

келді. Сонымен қатар, Майқайың

кентінде алғаш рет штаб құрылды.

Оның құрамында 16 жасқа толған

10 сарбаз жұмыс істеді, - дейді Абай.

А.Уахиттің сөзіне сүйенсек, жуырда

еліміз бойынша бірінші болып «Жасыл

елдің» «Ханшасы» мен «Ханзадасын»

анықтапты. Яғни, жұмыс істеп

жүрген жастардың көңілін бір мезгіл

көтеріп қою да артық етпейді дейді

ұйымдастырушылар.

- Биыл біз спортқа көп көңіл бөлдік.

Жылдың басында волейболдан «Жасыл

ел» кубогын сарапқа салсақ, жуырда

жасақтар арасынан құрылған 12 команда

Күзгі маусымға

дайынбыз!

арасында футболдан турнир өткіздік.

Сонымен қатар, ерекше атап өтетін

жобамыздың бірі - ашық аспан астында

өтетін «Грим-фитнес». Біз бастаған

іске олимпиада чемпионы Елена

Хрусталева арнайы келіп қатысты.

Тағы бір атап өтерлігі, осы жылы

Екібастұз қаласының әкімдігі «Жасыл

елдің» жұмысына ерекше мән берді.

Онда жұмыс істеген 220 сарбаздың

7 командирі бар. Осы командирлерге

велосипед, сарбаздардың барлығына

жаз бойы қоғамдық көліктерде тегін

жүруге мүмкіндік берілді. Осы бастама

өңірімізде кеңінен қолдау тапса игі, -

дейді А.Уахит.

Осындайда халық даналығы

«Еңбегіне қарай өнбегі» дейді. Жазғы

уақытын бос қыдырыспен өткізбей,

ата-анасына көмектесуге талпынған

жастар да жақсы жалақы алған.

Штабтан тұрақты түрде 31 700 теңге

жалақы алып отырса, оған қоса

мердігер компанияның да төлейтін

төлемі бар. Мәселен, құрылыста

жұмыс істеген сарбаздар айына

100 мың теңгеге дейін еңбекақы алып

келген.

Бірнеше жыл бұрын жыл бойы

жұмыс істеуді қолға алған өңірлік

«Жасылелдіктер» алдағы уақытта күзгі

жұмысқа шығады. Оған тартылатын

сарбаздар қазірден бастап іріктелу

үстінде екен. Мамандардың айтуынша,

күзде тек бір ғана жасақ, яғни

«Еріктілер» жұмыс істейтін болады. Олар

аймақтағы егістіктер мен шөп-шалаңды

жинап алуға шаруа қожалықтарына

көмекке барады. Бұдан бөлек, ауылдар

мен қалаларда тұратын жалғызбасты

қариялардың үйлеріне барып қысқы

дайындықтарына көмектеседі. Қысқасы,

«Жасылелдіктер» күзгі жұмысқа шығуға

сақадай саймыз дейді.

Ұлы далаға саяхат

БІЛІП ЖҮР

Деген екен...

Басты қасқаламай тартуға қатысты

қазақтың қаһарманы Бауыржан

Момышұлының келіні Зейнеп

Ахметованың «Бабалар аманаты»

кітабынан үзінді.

«Әдеттегідей, қонақтар кеткен соң жаңалап шай

жасап, енді өзіміз дастарқан басына отырдық. Байқаймын,

атаның (Бауыржан Момышұлы) қабағы салыңқы, үнсіз

темекі шегіп отыр. Бір кезде:

- Дастарқаның толымды, астарың дәмді болды.

Әсіресе, «ұмытылған тамақ қой мыналар» деп, әсіп

пен сүт құйған өкпе оларға өте ұнады. Бірақ соның

бәрін сен жіберген төрт қателік жуып кетті. Қонақтар

оны байқады-байқамады дей алмаймын. Ал мен анық

көрдім, — дегенде дымым ішіме түсіп, көзім қарауытып

кетті. Бүріскенім соншалық, құрттай тесікке сыйып-ақ

кетер едім.

- Ол не, папа? — деп Бәкең әкесіне қарады. Бірақ

ата маған қарап, маған арнап сөйледі:

- Біріншіден, есі дұрыс қазақтың әйелі қонаққа бас

көтеріп кірмейді. Жаман-жақсы болсын басың аман.

Екінші қателігің - басты шүйде жағымен әкелгенің. Қой

шүйдесі емес, тұмсығын алға беріп жүреді. Үшінші

қателігің - қойдың тісін қақпай әкелгенің. Бұл - ең

алдымен, тазалық. Қой тісінің түбінде не жатқанын

қайдан білесің?! Шөп жейтін, жем жейтін мал ғой. Содан

кейін мұның екінші мағынасы бар. Қазір ұмытылған,

көнекөздер болмаса, көпшілік біле бермейтін жағын

да айтайын. Қазақтар - талай нәрсені ым, тұспал,

ишара арқылы білдірген текті халық. Соның бірі осы

қағылмаған тіске байланысты. Сыйласып жүрген екі

адамның біреуі әлденеге ренжіп, бірақ соны «сөз

көбейер» деп айта алмай жүрсе, өзі ренжіп жүрген

адамы үйіне келгенде етпен бірге алдына тісі қағылмаған

басты қояды. Сонда бас ұстаған адам: «Ә-ә, мынаның

ішінде маған деген бір қыжылы бар екен, тісін басып

жүріпті-ау», - деп ұға қояды. Ары қарай реніштің түйінін

шешіп, түсінісуге бет түзейді. Ал төртінші қателігің -

басты қасқаламай әкелгенің. Талайлар мұның мәнін

ұқпайды. Ол - «төрт құбылаң тең болсын, маңдайың

ашық болсын» деген ізгі тілек...» деді.

Павлодардың белсенді жастары өзгеге үлгі боларлық ерекше

жобаны жүзеге асырды. Бір топ ұл-қыздар «Ұлы далаға саяхат»

атты экспедиция аясында Қазақстанның киелі жерлерін аралап

қайтты. Олар жалпы ұзындығы 4 мың шақырым жолды жүрген.

Ұлы даламыздың қойны-қонышында тарихынан

талай сырды шертетін киелі жерлер,

құпиясы көп қасиетті мекендер көп-ақ.

Алайда, сол ерекше орындардың нендей

қасиеті мен маңызы бар екенін сырттан

келген туристер түгілі, өзіміздің замандастарымыз

да толыққанды біле бермейді, дейді

«Рухани Тour» жобасының бастамашылары.

Сондықтан туған жеріміздің тариxын танып,

табиғатын және ел аумағындағы тариxимәдени

ескерткіштер мен нысандардың

ерекшелігін насихаттау мақсатында Павлодар

қаласындағы Жастар шығармашылығын

дамыту орталығының өкілдері «Ұлы далаға

саяхат» жобасын қолға алған.

- Бұған дейін павлодарлық жастар

облысымыздың киелі орындарын аралап,

тарихымызды тереңірек танып, ұлыларымыздың

рухына тағзым етіп қайтқан болатын. Енді

сол жастардың ұсынысы бойынша рухани

сапарымыздың географиясын кеңейтуді

шештік, - дейді жастар бастамаларын

дамыту орталығының ресми өкілдері.

Экспедицияға спорт, мәдениет, білім

беру, журналистика сияқты өзге де салаларда

жетістіктері бар, қатарларынан оза

шауып келе жатқан жастар қатысты. Ұзақ

сапарға жеңіл көліктермен шыққан. Табиғатқа

етене жақындай түсу және туған жердің

сұлулығын, қасиетін ерекше түсіну үшін

жол-жөнекей ашық аспан астында, таудың

бөктерінде қонған.

- Бұл – біз үшін ұмытылмас шара болды.

Қазақ даласының кеңдігіне, сұлулығына куә

болып қайттық. Осынау байлықты мұраға

қалдырып кеткен ата-бабамыздың қайтпас

қайсарлығына, даналығына, батырлығына

басымызды иеміз. Тек ұлан-ғайыр жерге

ғана емес, тарихи, рухани мол мұраға

да ие екенімізді шынайы сезіндім. Өз

халқымызды айтпағанда, әлем елдерінен

туристер ағылып іздеп келетіндей киелі

мекендер бар. Соны бағалай, дәріптей

білсек екен, - дейді экспедиция қатысушысы

Еркебұлан Күнтуған.

Жастар «Рухани Тour» аясында маңызы

жоғары, халық тарапынан ерекше құрметке

ие табиғи немесе мәдени мұра және сәулеті

айрықша діни мәнге ие ескерткіштер мен

кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының

жадында өшпес із қалдырған тарихи және

саяси оқиғалармен байланысты орындарды

аралады. Павлодар қаласынан аттанған

олар жол-жөнекей Баянауыл ауданындағы

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесіне ат басын

бұрды. Кейін Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев

сияқты қалаларды басып өтті. Жошы хан,

Алаша хан, Домбауыл кесенелерінде, Хан

Орда қалашығында болды. Ұлытау тауында

болып, оның ең биік шыңы - Ақмешітті

көзбен көріп қайтты. Сапар барысында

жалпы ұзындығы 4 мың шақырымдық сапар

шегіп қайтты.

Д.АЙТПАЙ.


8 Жас times

24 тамыз, сенбі, 2019 жыл САРЫАРҚА САМАЛЫ

Тамұқ жыры

немесе ақиқатты іздеу

О, мүмкін сәл ілгері жыл санаудан,

Аппақ тәні кебінмен тұмшаланған.

Маңайынан таппай бір мұң шағар жан;

Маңдайынан тұнық тер тамшылатып,

Байыздамай басына тамшы бақыт,

Зұлымдықтың жүрегін қансыратып,

Елесім кезген шығар ен даланы...

Ғасыр сонда құсадан қанжілік боп,

Әңгелек басым кетті ақыр әңгүдік боп,

Ал кім келді өмірге мәңгілік боп?

Тағдырымның жазуы одан бөлек,

Тумай қалсам ғаламға обал демек!!!

Осыны жаратсам ба, жоқ әлде... - деп,

Тәңір мүмкін сан ойға шомған шығар...

Содан бері жер шары сан айналып,

Құлқынының құзырын шарайна ғып,

Құмға сіңіп жоқ болды талай халық.

Көштен қалмай кеткенмін мен де жоқ боп;

Тасқа айналған ғаламда пенде көп деп,

Тас мүсінім көнді ақыр көрге де ептеп,

Аян берер бұл жайлы бейіштен кім?...

Ғайып болдым мен солай тамұқты аңсап,

Жарығынан әлемнің жалыққан сәт,

Алмау үшін жарық үй, көлік, мансап:

-Ең жайлы орын - жер асты деп естідім

Сездім тағы бұл сөзге сенбес бұрын,

Өлімнің де ақиқат еместігін.

Паруадігер бұл неткен сорлы уайым?

Енді қайдан табылар соңғы тұрақ,

Ең бір ұлы әуенді жел жұтып ап,

Мен шығарып салғанмен, ол күтіп ап,

Тағдыр дейтін ажалсыз бойжеткенді,

Кебінсіздер лыпасыз көмбек болды.

Қараңғылық басады жер-көкті енді.

Деген ұран келмейді, ә, аспан жақтан?

Соңғы есікті ашпадым, ашпаймын мен,

Жанға жылу табам деп тастай гүлден,

Ажалды да мен едім жасқай білген.

Құдайға құл болмасаң, басқа мән көп,

Маңдайыңнан сүйгенше жас балаң кеп...

Ақиқат ол - соңғы есік, ашпадым мен,

Ең бір ұлы қасірет басталар деп.

Сауабыңды көп

алғаным - зор күнәм

Кейде жұрттың ең дарақы күлкісі,

Менің тәтті мұңдарымды сорлайды.

Сенің ғана жанарыңда кілкісін,

Мен шарапқа қосып ішкен шер-қайғы.

Қара аспаным пысқырмайды қайғыға еш,

Сауабыңды көп алғаным - зор күнәм…

Екеумізді адастырған айлы кеш

Және бізді табыстырған жол бұраң.

Көз жасыңа ғашық едім мен сенің,

Күпір ойды сен де өлерше сүйіп пе ең?

Мен сүюді сағынышпен өлшедім,

Ал сағыныш бар сәтімнен биіктеу.

Тағдыр маған көне қоймас, көнсе егер,

Мен өлеңнен бақыт жасап алар-ем.

Сұлулықтың жоқтығынан өлсе өлер,

Жанарыңа тоғытылған бар әлем.

Пенделіктің құзырымен қонған бақ,

Ібілістің шаттығынан несі кем?

Сенде мендей мұңая алсаң, мен бейбақ

Тәңір кешпес күнәңді де кешірем.

Нұрбек Кеңесбайұлы 1991 жылы 17 наурыз күні Қытайдың Іле

аймағында туған. 2014 жылдан 2018 жылға дейін Түркістандағы

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университетінде журналистика мамандығы бойынша білім

алған. Қазақ-қытай тілі бойынша аудармашы. Қазір Павлодар

облысы, Успен ауданы «Аймақ ажары» газетінің шығарушы

редакторы, журналист.

Бақытты болып көріну

үшін жүрмін мен

Бір күнім ащы мәнісі қашқан бір күннен,

Жайқалып барып қуарған сен де

бір гүл ме ең?

Жұрт "жалғыз екен" демеуі үшін екеу боп,

Бақытты болып көріну үшін жүрмін мен.

Гүл ең ғой әттең, қара тас болдың,

шер кеудең,

Жаныңда жүрсем жаныңды мүмкін

емдер ме ем.

Өзектің отын өртердей мұңға батырсаң,

Мен соны барлық шаттығымменен

тең көрмен.

Махаббат маған, саған да бәлкім жұмбақтау,

Сағыну, сүю, жолықпау мүмкін тіл қатпау.

Отірік күліп ойқастап жүрген бұл күннен,

Сен үшін азап арқалағаным қымбаттау.

Беймаза күйге беріліп бір сәт кешкенде ой ,

Қажытқан тағдыр, күніңді күйбең

жек көрмей ...

Мән іздеп жүріп мәз қылам сені дегенше ,

Сендегі мұңды бөлісіп алып, шексем ғой.

Онсыз да талай бокалдар толы мұң ішкем,

Тәрк етсе шаттық, мүжілмейді екен

кім іштен?

Қап-қара түнек басса да мынау әлемді,

Сен ғана күліп, күндей болуға тиісті ең,

Бақытты болып көрінуге енді тырыс сен...

ЖАСТАР ЖЫРЛАЙДЫ

Мен сүюді

сағынышпен

өлшедім

Ұлыма хат

Іңгәлап бір күн дара бөтен үн,

Белгілі болды балам екенің.

Балалығыммен қоштастырдыңдар,

Жабылып жүріп анаң екеуің.

Анаң да сенің тым балауса еді,

Менде бір тынбай

жұлмалаушы едім...

Қызғалдақ күнін көп аңсағанмен,

Тағдырға мойып, тыңдады, ә, сені?

Тәп-тәтті үніңе құлақ түргенбіз,

Тек қуаныштан жылап-күлгенбіз...

Өмірге сен кеп, ата-ана болып,

Есейіп кеттік бір-ақ күнде біз.

Болмаса дейміз көрмегің бұрыс,

Қона берсе екен

жөргегіңде ырыс!

Әжең аузынан түстің дегенге,

Ержеткеніңше сенгенің дұрыс.

Соныңа жүрсін күліп анашың,

Әкеңнің талай жыры боласың.

Аһ..дегенде ауыздан түспегеніңді,

Мендей болғанда біліп аласың.

Онсыз да бөтен бөктері жаттың,

Өзекке бүгін тепкені қатты...

Тілерім атаң бірі болмасын,

Немересіне өкпелі қарттың.

Молайған шақ бұл дана күмәні,

(Ол үшін мүмкін бала кінәлі...).

Түн жұтқан талай

сұмдықтың бәрін,

Үйретеді өзі-ақ заманың әлі.

Ал сені Құдай бергесін маған,

Шүкір етем де көл-көсір болам.

Әкеңнің кейбір кешпес күнәсін,

Құдайдан кейін сен кешір, балам...

ТЕМІРҚАЗЫҚ

«Жас times»-тың

жауапты

шығарушысы -

Қарлығаш

ХАШЫМҚЫЗЫ

Тел: 8(7182)-66-15-32

Басы

таудай еді...

Биыл «Жастар жылы» деп

жарияланған түста бөркін

аспанға атып қуанбаған жан

қалмаған шығар. «Ел ертеңі -

жастардың қолында», «Оларға

жағдай жасау керек», «Баспанасыз

талай жастың өз отауы

болатын болды-ау» деген

тәрізді неше түрлі болжаулар

мен пікірлерден құлақтың

құрышы қанды. Міне, содан

бері зулап 8 ай өтті. Кім неге

жетті? «Жастар жылы» не

берді? Саралап көрелікші...

Жуырда ел ағаларының басы қосылған

үлкен жиынға тап болдым. Өзара ұлттық

мәселелерді сөз етіп, емен-жарқын тұрған

ағалардың ойын «Достық үйіне» кіріп

келген, шашы көк пен қызылға боялған

бір топ қыз-жігіт бұзды. Түрлеріне қарасаң,

қазақтың қаракөздері. Бірақ «қазақ баласы»

деген сөзді оларға қимайсың. Кенет бір

ағамыз жұлып алғандай:

- Көрдіңдер ме, «Жастар жылында»

қазақ жастарының жеткен жетістігі, ұлттық

мәдениетіміздің шарықтау шегіне жеткен

жері осы. «Ел болам десең, бесігіңді

түзе» деген еді. Бұлар бесіктің не екенін

біле ме? - деп кейіді.

Ел сыйлаған ағамыздың сөзін қасындағылар

да құптап ала жөнелді. Сол

кезде еріксіз ойыма «Жастар жылы» кімге

не берді? Неге қол жеткізіп жатырмыз?

деген сауалдар орала берді.

Неше жылдан бері өңірдегі жастар

тақырыбын қаламыма арқау етіп жүргеннен

кейін, бұл салада атқарылып жатқан

істерге қанықпын. Ондағы мамандардың

мәдениетіне де! Біздің өңірден жалынды

жастар көптеп шықты. Олар оқу мен

білімде, спорт пен мәдениетте, ғылым

саласында жетеді. Бірақ солардың ерен

еңбегін, үлкендердің есінен шығарып,

өздеріне назар аудартып жүрген «қызыл,

жасыл, көк бастылардың» арзан тірлігінің

жеңіп кетіп жүргені өкінішті.

Енді ағамызды күрсіндіріп, ойға жетелеген

дүниелерге жауап іздеп көрелікші.

«Жастар жылында кім неге жетті?». Ешкім

ештеңеге жетпеді десек, түк көрмес

болармыз. Бірақ баяғы жартастың сол

жартас екені бәрімізге аян. Аймақта

облыстың атын ғана емес, әлемге Қазақ

елін танытып жүрген жерлес жастарымыз

бар. Бірақ олар елде тұрақтап қалуды

жөн санамайды. Неге? Мүмкіндіктің

жоқтығынан, әлеуметтік әлсіздіктен. Оны

қойып, ауылға түрлі бағдарламалармен

кеткен жастар кері қалаға қашып жатыр.

Ал бұны назарға алып, жастардың

мәселесін мінберден көтеріп жүрген

облыстық жастар ісіне жауапты басқарма

басшысын немесе жастар бастамаларын

дамыту орталығының жетекшісін көрмедік.

Қашан көрсең, флешмоб билегендердің

суреті мен түрлі жиындардың сметасын

көтеріп жүргендері.

Жыл басында осы салаға жауапты

басқарма басшысы аты дардай «тамаша»

жобаларды атқаратынын айтып мақтанған-ды.

Қайдам, әзірге мақтаған қыздың тойдағы

қылығын көріп отырмыз. Себебі «баспаналы

болдым» деп қуанған жастар аз,

екі қолға бір күрек таппай жүргендер әлі

де жетерлік, табақтай дипломын сандық

түбіне сақтап қойып, түрлі жерлерде

қара жұмыс істеп жүргендер тіптен

көп. Не керек, аты дардай болғанымен,

игілігін көре алмаған «Жастар жылының»

аяқталуына да 4 ай ғана ғалды. 8 айда

түйіні шешілмеген дүниеден енді бірдеңе

күтудің өзі күлкілі тәрізді.

Сіз не күтіп едіңіз бұл жылдан? Ой

қосыңыз, оқырман!


САРЫАРҚА САМАЛЫ

АУЫЛ-АЙМАҚ 24 тамыз, сенбі, 2019 жыл 9

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Абзал жандар аз емес

Кеншілер қаласы да «Мектепке жол» акциясынан

шет қалған жоқ. Қазіргі таңда 432 балаға жалпы

сомасы 1 млн. 400 мың теңгенің көмегі көрсетіліпті.

Бұл ретте, балаларға қол ұшын созудан тартынбаған кәсіпорындар

мен мекемелерді де атап өткен жөн болар. Олардың арасында ірісі

де, шағыны да бар. Мәселен, бүгінге дейін «Богатырь Көмір» ЖШС,

«Шығыс» кеніші, Екібастұздың ГРЭС-1 және ГРЭС-2 станциялары,

«Майкубенвест» ЖШС, «Ангренсорэнерго» ЖШС, «КЕГОК» АҚ, «Горэлектросеть»

кәсіпорны, қалалық әкімдіктің бөлімдері, қалалық сот, «Әлем»

үйлестіру орталығы, «TAILOR-S» фабрикасы, Жоламан–ЭК, «Екібастұз»

ҚҚ, «Капанова» ЖК, Фортебанк, Халық банкі, Заман Банк, Қазпочта

компанияларының жергілікті ұйымдары, «Болашақ плюс» сауда үйі,

Эверест, Гүлдер, Сириус, Эконом дүкендері мен мектеп ұжымдары

үн қосқан.

Жұмыстар әлі де жалғасуда. Жергілікті білім беру бөлімі акцияға атсалысу

үшін әр кәсіпорынға хат жолдауда. Акцияға қатысуды қалайтындар

білім беру бөліміне хабарласып, көмекке зәру балалардың тізімін ала

алады. Сондай-ақ, 24 және 31 тамызда «Халық базары» аумағында

мектеп жәрмеңкесі өткізілмек. Онда ата-аналар тиімді бағамен кеңсе

тауарларын сатып ала алады. Сондай-ақ, «Қайнар» білім беру және

бос уақытты қамту кешенінде әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларды

дайындауға көмектесуге тілек білдірушілерден заттар мен кеңсе тауарларын

жинау жүргізіледі. Қайнар кешенінде қайырымдылық концертін

өткізу жоспарлануда.

Өз тілшіміз.

АҚСУ ҚАЛАСЫ

2 мың бала қамтылады

Ақсу қаласы мен оған қарасты ауылдық

аймақтардағы мектептерде білім алатын 2 мың

оқушыға «Мектепке жол» акциясы аясында

жан-жақты көмек көрсетілмек. Бұл ретте

шаһардағы ірі өндіріс орындары, ауылдардағы

шаруашылықтар қолдау білдіруде.

Ақсу қалалық білім беру бөлімінің басшысы

Қайрат Смағұловтың айтуынша, акция басталар

тұста арнайы тізім түзіліп, 2 мың оқушыға

мектепке қажет киім-кешек пен оқу құралдары

сатып алынатын болды. Олардың 806-сы –

ауылдық елді мекендердің балалары. Ақсу

ферроқорытпа зауытының өкілдері ауылдағы

16 мектепте білім алатын 522 шәкіртке жалпы

сомасы 4,5 млн. теңге болатын тарту жасамақ.

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы»

АҚ Еңбек, Үштерек, Жамбыл, Дөнентаев

және Гагарин мектептерінің 366 оқушысын

2 млн. теңгеге қажеттіліктермен қамтиды.

Ал қалалық мектептерде оқитын 280 балаға

жергілікті мемлекеттік мекемелер, «Nur Otan»

партиясының филиалы қол ұшын созады.

- Тұрғындар «Мектепке жол» акциясы

туралы көбірек мәлімет алуы үшін бұқаралық

ақпарат құралдары мен сайттарда мақалалар

жарияланып, барлық білім беру мекемесінде

ақпараттық стендтер орнатылды. 14-15 тамыз

күндері кәсіпкерлер ауылдарда мектеп

жәрмеңкесін ұйымдастырып, оқу қажеттіліктерін

арзан бағаға сатты. Мұндай жұмыстар

алдағы уақытта да жалғасын табады, -

дейді Қ.Смағұлов.

Бүгінгі күнге дейін көпбалалы және аз

қамтылған отбасылардан шыққан 1041 балаға

14 млн. 700 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Оның 13 млн. теңгесі – бюджеттік қаржы,

1 млн. 700 мың теңгесі – демеушілер бөлген

қаражат.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ,

Ақсу қаласы.

МАЙ АУДАНЫ

Б ү г і н д е М а й а у д а н ы н д а

13 мектеп ел игілігіне

қызмет етуде. Әр мектеп

бойынша көмекке мұқтаж,

аз қамтылған, көпбалалы отбасы, жетім

және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

оқушылар туралы мәлімет жинақталды. Әр

балаға қажетті мектеп құралдары анықталып,

балаларды әр мемлекеттік мекемеге бекіту

жұмыстары жүргізілді, үндеу хаттар жіберілді.

Ауданда көпбалалы және аз қамтылған

отбасыларынан шыққан 487 бала бар.

Акция жүзеге асуда

Май ауданында «Мектепке жол» акциясын жүзеге

асыру жүйелі түрде жолға қойылды. Акция барысында

аудандық газетте, білім бөлімінің және мектеп сайттарында,

әлеуметтік желілерде акцияның басталуы

жөнінде ақпарат жарияланды.

Мектеп формалары мен қажетті құралжабдықтарды

сатып алу үшін олардың

әрқайсысына 17 мың теңге көлемінде

қаражат қарастырылған. Акцияны іске

а с ы р у н е г і з і н д е ж е р г і л і к т і б ю д ж е т т е н 8 м л н .

279 мың теңге бөлінді. Ал аудандағы кәсіпкерлер

мен мемлекеттік және өзге де мекемелер

мен ұйымдар тарапынан 1379,0 мың теңге

қаржы жиналды. Нәтижесінде 137 оқушы

демеушілер қамқорлығын сезінді. Акция

29 тамызға дейін жалғасады.

А.ӘБДІЛҰЛЫ.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

«Жүректен - жүрекке»

Аудандағы дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы «Жүректен -

жүрекке» ұранымен өтуде. Бұл ретте жеке кәсіпкерлер

көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсетуде.

Бұдан бөлек, қамқоршылық кеңес өкілдері сабақты жиі босататын

балалардың үйлерін аралап, оқушыларға қажетті құрал-жабдықтардың

тізімін анықтады. Атап өтерлігі, аудандық мешіттің бас имамы Т.Құсайынов,

«Абылқасова», «Макаренко», «Ермоленко» жеке кәсіпкерліктері, «Балалар

әлемі» дүкені, аудандық «Жас Отан» жастар орталығының өкілдері

көмекке мұқтаж оқушыларға киім-кешек пен кеңсе тауарларын сыйлады.

Сонымен қатар, қала сыртындағы лагерьлерге жолдама берді.

Баласын қорғай білген ел – болашағын сақтай білген ел. Жақсылық

жасаудан кеш қалмайық!

С.СЕЙІЛХАНОВА,

Железин аудандық №3 жалпы орта білім беру

мектебі директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары.

УСПЕН АУДАНЫ

Назардан тыс

қалмайды

Акцияның игілігін успендік

оқушылар да көруде.

Аудандық білім беру

бөлімінің мәліметінше,

бүгінгі таңда Успенде көп

балалы және аз қамтылған

565 отбасы бар.

Акция аясында олардың барлығына

мектепке қажетті кеңсе тауарлары мен

киім-кешектер беріледі деп күтілуде.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы

Есен Өмірбайұлының айтуынша, алдымен

әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларынан

шыққан оқушылардың тізімі

жасалған. Сол бойынша 239 балаға

демеушілер есебінен көмек көрсетілген.

Сондай-ақ, жалпы білім беру қорының

қаржысына 300 балаға киім-кешек сатып

алу жоспарлануда. Бұл мақсатқа 8 млн.

теңге көлемінде қаржы бөлінбек.

- «Мектепке жол» акциясы қыркүйек

айының соңына дейін жалғасатын болады.

Сол уақытқа дейін біз аудандағы көпбалалы

және аз қамтылған отбасыларының

мектеп жасындағы барлық баласына

көмек көрсететін боламыз. Ешбір бала

назардан тыс қалмайды, - дейді Есен

Өмірбайұлы.

Н.АҚЫТЕГІ.

ЕРТІС АУДАНЫ

Кәсіпкерлер көмек көрсетуде

Ертіс ауданы бойынша «Мектепке жол» республикалық

акциясы аясында барлығы 941 балаға көмек көрсету

жоспарланған.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Қамқорлық жалғасуда

Ауданда «Мектепке жол» акциясы өз деңгейінде жүргізілуде.

Білім беру бөлімі аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан

шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтап,

тізім жасады.

Барлығы 363 балаға көмек қажет.

Қазіргі уақытта 174 оқушы 2236,5 мың

теңге көлемінде материалдық көмек

алды. Жалпы білім беру қоры есебінен

40 балаға 600 мың теңге сомасында

және демеушілік көмек есебінен

134 балаға 2176,5 мың теңге көлемінде

көмек көрсетілді. Акция аяқталғанға дейін

Соның ішінде, бүгінгі күнге

дейін 655 оқушыға мектепке керекжарақтары

сатып алынды. Бұл мақсатқа

аудандық бюджеттен 6120,8 мың теңге

көлемінде қаражат бөлінді. Сондай-ақ,

демеушілердің қолдауымен 1301,3 мың

теңге жиналып, мұқтаж отбасыларға

тиісті көмек көрсетілді.

Балалар оқуға қажетті дәптер,

қалам сияқты өзге де кеңсе керекжарақтарымен,

киіммен қамтылды.

Жалпы, Ертіс өңірінің кәсіпкерлері

жыл сайын «Мектепке жол» акциясына

белсенді қатысып келеді.

Аталмыш акция үстіміздегі жылдың

30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Алдағы

уақытта қалған 300-ге жуық балаға

тиісті көмек көрсетіледі.

Өз тілшіміз.

тізімдегі барлық балаға қажетті киімкешек

пен кеңсе тауарлары берілмек.

Қазіргі уақытта бұл бағыттағы

жұмыстар жалғасуда. Ауқымды шараға

жергілікті кәсіпкерлер, жомарт жандар,

демеушілер де атсалысуда.

Өз тілшіміз.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Қолдау бар

Баянауылдықтар балаларды

мектепке даярлауға көп болып

атсалысуда. Жалпы білім қоры

есебінен 295 балаға қажетті киімкешек

алып беру жоспарланған.

Аудандық білім беру бөлімінің тәрбие

жұмысы жөніндегі бас маманы Рахат

Әйтімованың айтуынша, жалпы білім

қорынан бұл мақсатқа 2 млн. 598,3 мың

теңге қарастырылған. Көмекті қажет ететін

балалар тізімі жазда жасалыпты. Яғни,

қай балаға қандай киім аса қажет екені

анықталған. Конкурс жарияланған.

Маманның мәлімдеуінше, аудандағы

26 мектептің бесеуінде жеке бухгалтериясы бар.

Яғни, олар жалпы білім қорынан үлестірілетін

к и і м - к е ш е к к е к о н к у р с т ы ө з д е р і ж а р и я -

лайды. Ал қалғаны орталықтандырылған

бухгалтерияға қарайтындықтан, мұнда ортақ

түрде жасалады. Бес мектептің біреуі

Ш.Айманов атындағы мектеп конкурсты

өткізіп, бүгінде 106 балаға 808 мың теңгенің

киімін алып берген.

Одан бөлек, демеушілер көмек қолын

созуда. Бөлімнен жіберілген хатқа жауап

қатып, жәрдем жасауда. Көмекке зәру

161 бала тұр. Оның 113-іне қазіргі таңда

демеушілер есебінен киім-кешек алып

берілген. Яғни, 1 млн. 73 мыңның көмегі

көрсетілді.

Г.МАҒЖАН.


10 24 тамыз, сенбі, 2019 жыл МЕЗГІЛ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

АДАМ - ЕҢБЕГІМЕН АСҚАҚ

Алғашқы киномеханик

Сонау 1950-жылдардың орта кезінде ол мектеп оқушысы еді, жолдастарымен

бірге Май кенішінің клубына кино көруге баратын. Өзге балалар

орындықтарға жайғасқанда Жасұлан залдың артқы жағында орнатылған

киноаппаратураны төңіректеп жүретін. Киномеханик Клоховқа қолбала сияқты

көмектесіп, одан бірдеңе үйренуге тырысып бақты.

Ақыры ауылдағы ағайындарға

мүлде таңсық жаңа мамандықты

игеруді көздеген жасөспірім Жұмыскер

орта мектебін бітіре сала Қарағанды

қаласына барып, кинотехникумға

түсті. Оқудан кейін әскери борышын

өтеп, ел ішіне оралған Жасұлан

Оспанов Май ауданының мәдениет

бөліміне киномеханик болып жұмысқа

орналасты. Бұл 1958 жыл еді.

Қыс түскенде өзіне пайдалануға

берілген жүрдек торы атты үлкен

шанаға жегіп, үстіне киноаппаратура

мен шағын электр станция

қондырғысын тиеп алып, аудан

орталығынан алыста орналасқан

малшылар ауылына аттанатын.

Қақаған аязда қалың тұлыпқа

оранып қар басқан жол үстінде

алға қасқая қарап бара жатқан

киномеханик жігіттің шытырман

киноға ұқсайтын шақтары аз емес.

Соңынан үйірлі қасқыр ілескенінде

қосауыз мылтығының ұңғысын

аспанға қарата оқ атқан. Өздерін

иен даланың қожайындары сезінетін

түз тағылары гүрс еткен мылтық

дауысынан шошынып шарасыз тұрып

қалған, сосын жол шетінде шоқиып

отыра қалып, жалынышты үнмен

көкке қарап ұлыған еді.

Сөйтіп жүріп, «Қазақфильм»

киностудиясының «Амангелді»,

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Өмір

жолы», тағы басқа фильмдерін Май

ауданының малшыларына жеткізген

алғашқы киномеханик осы Жасұлан

Оспанов болатын!

Ол кезде ауылда клуб

салынбағандықтан көркем фильмдерді

мектеп ғимаратында көрсететін.

Сондай шақтарда балалар мен

үлкендердің жүздерінен қуаныш

пен ризашылық сезімдерін байқап,

өзінің ауылдық елдімекендерге

мәдениет таратушысы болып жүргенін

түйсіну қандай ғанибет! Телевизия

торабы жете қоймаған аймақта

кинотеатрларға барып мәдени

демалуды қала тұрғындарының да

көңілі қалап тұратын. Ал шалғайдағы

малшылар өздеріне ат-шанамен

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы

кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар

халықты облыстың әрбір қаласында және аудан

орталықтарында кәсіпкерлікке қолдау көрсету

орталықтарының (КҚО) қызмет ететіні туралы

хабарлайды.

КҚО-ның кеңесшілері мынадай кешенді қызметтер

ұсынады:

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік

бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік

қолдау құралдары туралы хабардар ету;

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «бір

терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар

мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген

рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттарын

сақтай отырып, мемлекеттік қаржылай емес қолдау шараларын

көрсету;

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен

кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай

емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру;

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік

бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын

алуға өтінімдер жинау;

- кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша

консультациялық қызметтер ұсыну;

- қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.

Аудан орталықтарындағы және шағын қалалардағы

КҚО мекенжайлары және байланыс телефондары:

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 118,

тел. 87184121944;

Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Гагарин көшесі,

62, тел. 87184091176;

Железин ауданы, Железин ауылы, Квитков көшесі, 13,

тел. 87183122425;

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Гагарин көшесі, 85, тел.

87183221074;

Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі,

85, тел. 87183321671;

Аққулы ауданы, Аққу ауылы, Баймолдин көшесі, 13,

тел. 87183879001;

Май ауданы, Көктөбе ауылы, Қазыбек би көшесі, 29,

тел.87183921258;

Павлодар ауданы, Павлодар қ., Ломов көшесі, 21,

тел. 87182660311;

Успен ауданы, Успен ауылы, Семенченко көшесі, 29,

тел. 87183492440;

Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Әлімбаев көшесі,

65, тел. 87183621210;

Ақсу қ., К.Маркс көшесі, 1, тел. 87183733166;

Екібастұз қ., Строительная көшесі, 45, тел. 87187347661.

келген киномеханикті ғажайыптар

дүниесінің өкіліндей көретін!

Дегенмен Жасұлан күндердің

күнінде ат пен шананы моторлы

көлікке ауыстыратынын болжап

білгендей жүргізушілер курсын

бітіріп алды. Шынында, 1961 жылы

Май ауданының мәдениет бөліміне

су жаңа автоклуб берілді! Киноаппаратура,

шағын электр станция

қондырғысы, жайылмалы экран, магнитофон,

дыбыс күшейткіш, палатка,

басқа да қажетті құралдармен

жабдықталған, будкасының сыртына

түрлі-түсті бояумен тұңғыш ғарышкер

Ю.Гагариннің портреті салынған

автоклуб аса қымбат көлік саналатын.

Сондықтан, аудандық партия

ұйымының хатшысы Ермұхамбет

Айдарғалиевтің нұсқауымен әлгі

көлік бірден милиция бөлімінің

ауласына әкеліп қойылды.

Сол темір тұлпардың тізгінін

ұстау абыройлы іс болса, оны

баптап міну, құрал-саймандарды

күтіп пайдалану оңай шаруа емес

(20178)

еді. Бір жақсысы, техника тілін қысқа

мерзім ішінде меңгерген Жасұлан

Бердіқабылұлы аудандағы алғашқы

жылжымалы автоклубтың кәсіби

киномеханик-жүргізушісі ретінде әрі

жеті өнерді бойына жинақтаған

бесаспап маман ретінде де

жұртшылыққа танылды. «Ел мақтаған

жігітті қыз жақтаған» демекші,

Құрамысова Үрпия Қалиқызымен

көңілі жарасып отау құрды да, екеуі

үш қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді.

Осылайша, үзіліссіз 34 жыл бойы

мәдениет саласының ыстығына

күйіп, суығына тоңып жүріп еңбек

еткен Жасұлан Оспанов қашанда

мәдени бағдарламаларды жүзеге

асыру жоспарын асыра орындады.

Оның аудан көлемінде бармаған

ауылы, баспаған тауы жоқ шығар.

Кейін немерелері мен жиендері

дүниеге келіп, ата атанған шағында

үйреншікті қызметін жастарға

тапсырды да, құрметті демалысқа

шықты.

Мәдениет саласының ардагері

«Еңбектегі ерлігі үшін» (1976 жыл),

«Еңбек ардагері» (1985 жыл), «Тыл

еңбеккері» (2009 жыл) медальдарымен,

бірталай Құрмет грамоталарымен

марапатталған. Облыс

мәдениет басқармасы басшылығының

қолдауымен «Жигули» автокөлігіне

кезексіз ие болды (1985 жыл),

аудандық мәслихаттың шешімімен

Май ауданының Құрметті азаматы

атанды (2014 жыл).

Сонау кеңестік кезеңде қақаған

қыс ішінде ат-шанамен шалғай

ауылдардағы малшыларға барып

мәдени қызмет көрсеткен алғашқы

киномеханик Оспанов Жасұлан

Бердіқабылұлы бұл күндері абыз

қарттардың қатарына қосылып,

батагөй ақсақалға айналды.

Енді 83 жастағы Жәкең өзінің

өткен шақтарынан сыр шертсе,

Май ауданының мәдени өмірі

мән-мағынасы терең кинофильмдердей

көз алдыңыздан тізбектеліп

өтіп жатады...

Арман ҚАНИ.

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау

мен дамыту мемлекеттік бағдарламасының

«Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары»

атты төртінші бағыты аясында жұмыс

істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге

сервистік қолдау көрсету туралы хабарлайды.

Қызметтер www.services.atameken.kz мекенжайы

бойынша онлайн режимінде келесі түрлер бойынша

көрсетіледі:

• Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен,

сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты

көрсетілетін қызметтер;

• Кедендік рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер;

• Заңгерлік қызметтер көрсету;

• Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін

қызметтер;

• Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету

саласындағы кеңестер;

• Мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар

мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу

мәселелеріне байланысты көрсетілетін қызметтер;

• Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы

кеңес беру.

Қызметтер КҚКО-да офлайн режимінде келесі

түрлер бойынша көрсетіледі:

• Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен,

сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты

көрсетілетін қызметтер;

• Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар

тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу;

• Заңгерлік қызметтер көрсету;

• Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін

қызметтер.

Сервистік қолдау экономиканың барлық секторларында

жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік

субъектілеріне өтеусіз негізде көрсетіледі.

Толығырақ ақпаратты 8 (7182)66-03-11 (ішкі 5520)

телефоны арқылы немесе Павлодар қаласы, Ломов

көшесі, 21, 2-қабат мекенжайы бойынша орналасқан

КҚКО-да алуға болады.

(20177)

Жемқорлық - індет...

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу

департаменті мемлекет басшылығы көлеңкелі

экономиканың деңгейін төмендетуге қатысты белгілеген

міндеттерді жүзеге асыру аясында салық төлеуден

жалтару мақсатында жалған тіркелген заңды тұлғалар

атынан бухгалтерлік құжаттарды берген тұрақты,

ұйымдасқан қылмыстық топтың (әрі қарай – ҰҚТ)

жолын кесті.

Осылайша, 27.06.2019 жылы сағат 12.00 шамасында жалған жұмыс

істеген ЖШС есепшотынан екінші деңгейлі банк филиалында қаржы

шешу кезінде «А» есімді азамат 7,5 млн. теңге ақшамен ұсталды.

Сол күні іске қатысы бар адамдардың тұрғылықты орны мен кеңсе

ғимараттарында тергеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 9200 АҚШ

доллары, 20 млн. теңгеден астам қаржы, 11 мөр, заңды тұлғалардың

14 электронды-цифрлық қолтаңбасы, бухгалтерлік құжаттар мен

кеңсе техникалары тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде ҰҚТ 2015 жылдан бастап жұмыс

істегені, осы уақыт аралығында олардың 23 жауапкершілігі шектеулі

серіктестікті жалған түрде құрғаны, бүгінгі күні ҰҚТ жұмысына

32 адамның қатысы бары анықталды. Олардың бесеуі сот санкциясы

бойынша қамауға алынды.

ҰҚТ жұмысы арқылы жалған түрде құрылған фирмалардың

контрагенттері жалпы сомасы 5,1 млрд. теңге болатын салықтан

жалтарды.

Банктердегі есепшоттардан қолма-қол ақшаға айналдырған жалпы

сома 4,1 млрд. теңгені құрады.

Қазіргі кезде қылмыстық жолмен алынған мүліктерді анықтау, оның

ішінде шетелдегі мүліктерді анықтау бойынша шаралар жүргізілуде.

Істің мән-жайын жан-жақты, толыққанды және объективті зерттеуге

бағытталған тергеу жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, Павлодар облысы бойынша экономикалық

тергеу департаменті азаматтарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің

нақты атқарылмаған жұмысқа қатысты шот-фактура жазуы, қызмет

көрсетуі, мүліктік пайда табу мақсатында тауарларды түсіруі, соның

нәтижесінде азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі шығын келтіруі

ҚК 216-бабына сәйкес мүліктің тәркіленуімен жеті жылға дейін бас

бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын

еске салады.

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу

департаменті өзінің құзіреттілігі аясында Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық

және әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу,

анықтау, жолын кесу, қылмысты ашу және тергеу

функцияларын атқаратын Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі жөніндегі

комитетінің аумақтық органы болып саналады.

Басым бағыты - «көлеңкелі экономикамен», яғни салық төлеуден жалтару,

жалған шот-фактураларды жазу, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру,

жалған ақша шығару және тағы басқа құқық бұзушылықтармен күрес.

2019 жылы төмендегі қылмыстық істерге қатысты сот шешімдері

шықты:

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті сотқа

дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде №185500121000100 нөмірімен

тіркелген, «Global technology OSP» ЖШС мен «ORIONAVTO» ЖШС атынан

алдын ала келісім бойынша бір топ адамның нақты атқарылмаған

жұмыс, қызмет түрі және тауарды түсіру бойынша жалған есепшотфактураларды

жазуға қатысты (03.07.2014 жылы редакцияланған ҚР

ҚК 216-бабы, 2-бөлімі, 2-тармағы) сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

22.06.2018 жылы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде

«ORIONAVTO» ЖШС, «Global technology OSP» ЖШС атынан үшінші

кәсіпорынға қатысты 255 931 917 теңге болатын келісімнің жалпы

сомасынан 6 % (15 356 000 теңге) көлемінде тауарсыз есепшотфактураларды

жазған Мухаматрахимов В.Г. пен Жунусов Р.С. қылмыс

үстінде ұсталды.

Маманның 22.06.2018 жылғы №267 және №270 қорытындыларына

сәйкес, есепке алынуы тиіс салықтың жалпы сомасы мен бюджет

төлемдері 73 123 405 теңгені құрайды.

Е к і б а с т ұ з қ а л а л ы қ с о т ы н ы ң 1 3 . 0 5 . 2 0 1 9 ж ы л ғ ы ү к і м і б о й ы н ш а

Мухаматрахимов В.Г. пен Жунусов Р.С. 1 жыл 6 айға бас бостандығынан

шектетілді, сондай-ақ әрқайсысы жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа

тартылды.

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті

Суров А.В. мен Самойленко А.В. қатысты бірнеше рет бір топ

адамның алдын ала келісімі бойынша жеке кәсіпкерлік субъектісінің

атқарылмаған жұмыс, қызмет түрі және тауарды түсіру бойынша

жалған есепшот-фактураларды жазуы, сонымен қатар аса ірі көлемде

салықпен бюджетке төленуі тиіс міндетті төлемдерден жалтаруға

қатысты (03.07.2014 жылы редакцияланған ҚР ҚК 216-бабы, 3-бөлімі,

245-бабы 3-бөлімі) сотқа дейінгі тергеу өндірісін аяқтады.

С о т қ а д е й і н г і т е р г е у к е з і н д е 2 0 1 8 ж ы л ғ ы 2 1 қ ы р к ү й е к т е

16 сағат 25 минутта Екібастұз қаласындағы «Болашақ+» сауда ойынсауық

орталығының тұрағы аумағында Самойленко А.В. «Цеснабанк»

АҚ Екібастұз филиалының бөлімінде «Трейд Компани СТ» ЖШС

БИН 170240000901 ағымдағы шотынан 1 000 000 теңге алған соң

ұсталды.

Одан бөлек, сотқа дейінгі тергеу барысында Суров А.В. мен

Самойленко А.В. 20-дан астам кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық

ісіне қатысы бар екені анықталды.

Сарапшының 19.12.2018 жылғы №57-18/9.4 қорытындысына

сәйкес, бюджеттік төлемдер мен аударымдардың жалпы сомасы

364 712 190 теңгені құрайды.

П а в л о д а р қ а л а л ы қ № 2 с о т ы н ы ң ү к і м і м е н С у р о в А . В . п е н

Самойленко А.В. 5 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 747 046

теңге қаржы тәркіленді. 3 жылға қаржылық және коммерциялық

ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

Павлодар облысы бойынша

экономикалық тергеу департаменті.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЖАРНАМА 24 тамыз, сенбі, 2019 жыл 11

«Павлодар-Солтүстік Су арнасы» ЖШС 2019

жылғы 17 қыркүйек сағ 16.00-де. ВК47-ден ВК53-ке

(Ø 1400 мм) дейінгі құбырды ауыстырумен сол

жақ су таратқыштың магистральдік желісінің

бөлігіне жөндеу жүргізу бойынша қызметтерді

сатып алу бойынша ашық тендер өткізетіні туралы

хабарлайды. (2 кезең)

Сатып алынатын тауарды жеткізу орны: Павлодар

қаласы.

Тауарды жеткізудің (қызмет көрсетудің) талап

етілетін мерзімі - 2019 жж.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

20.01.2015 ж. №18 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар

субъектілерінің шығындары реттеліп көрсетілетін

қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын)

немесе олардың шекті деңгейлерін және

тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін

тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу

Ережесінің 7-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына

жауап беретін барлық әлеуетті жеткізушілер

тендерге қатысуға жіберіледі.

Тендерлік құжаттама пакетін 2019 жылғы

16 қыркүйек күні сағат 16.00-ге дейін мына мекенжай

бойынша: Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіп аймағы,

«Каустик» АҚ Әкімшілік ғимараты, 48-кабинетінен

08.00-ден 17.00-ге дейін алуға болады.

Тендерлік құжаттама пакеті тегін беріледі.

Ықтимал өнім берушілер тендерге қатысу үшін

конвертке желімделген тендерлік өтінімдерді «Павлодар-

Солтүстік Су арнасы» ЖШС мына мекенжай бойынша:

140000, ҚР, Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік

аймақ, «Каустик» АҚ Әкімшілік ғимараты, 48-каб. ұсынады.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2019

жылғы 17 қыркүйек сағат 14.00-ге дейін.

Тендерлік өтінімдер салынған конверттер тендерлік

комиссиямен 2019 жылғы 17 қыркүйек күні сағат

16.00-де Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіп аймағы,

«Каустик» АҚ Әкімшілік ғимараты, 48 кабинет мекенжайы

бойынша ашылады. Әлеуетті өтінім берушілер

мен олардың өкілдері (бірінші басшының қолымен және

мөрімен расталған сенімхатты ұсынумен) тендерлік

өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса

алады. Табиғи монополия субъектісінің қызметтерін

(тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылар «Павлодар-

Солтүстік Су арнасы» ЖШС өткізетін ВК47-ден ВК53-ке

дейін (Ø 1400 мм) құбырды ауыстыра отырып, сол жақ

сутартқыштың магистральдік желісінің бөлігіне жөндеу

жүргізу бойынша қызметтерді сатып алу бойынша

ашық тендерге (2 кезең) бақылаушы ретінде қатысуға

құқылы.)

«Павлодар-Солтүстік Су арнасы» ЖШС 140000,

ҚР, Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ,

«Каустик» АҚ Әкімшілік ғимараты, 48-кабинет. Сатып

алуға бөлінген сома - ҚҚС-сыз 34 171 424 теңге.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7182) 730-745

телефоны арқылы алуға болады.

(20175)

Кім? Қашан? Қанша төлейді?

Қалай МӘМС қатысушысы болуға

болады? Егер Сіз үшін жарналар мен

аударымдар түсетін болса, МӘМС

жүйесінің автоматты қатысушысы

боласыз. Жүйедегі Сіздің мәртебеңіз

туралы ақпарат Сіздің ЖСН бойынша

медициналық ұйымдарға қолжетімді

болады.

Ағымдағы жылы жарнаның сомасы

қандай?

2019 жылы жұмыс берушілер

қызметкердің табысынан 1,5% көлемінде

өз қаражаты есебінен медсақтандыру

жарналарын төлейтін болады.

Жұмыс берушілер мен басқа

азаматтар 2020 жылдан бастап қанша

төлейтін болады?

Жұмыс берушілер өзінің қызметкерлері

үшін аударымдар төлеуді

жалғастырады және қызметкерлер

үшін жарналар жасай бастайды: жұмыс

берушінің есебінен табыстарынан

2%, сондай-ақ, қызметкердің қаражаты

есебінен табыстарынан 1%.

Жеке кәсіпкерлер өздері үшін

тиісті қаржы жылына ең төменгі

жалақының 1,4 есе мөлшерінен 5%

төлейтін болады.

Мемлекет 2020 жылдан бастап

13 жеңілдік санатына жататын азаматтар

үшін жарналар төлейтін болады. Бұл –

балалар; жұмыссыздар ретінде

тіркелген тұлғалар; жұмыс істемейтін

жүкті әйелдер; бала(лар) үш жасқа

толғанға дейін оны(ларды) тәрбиелейтін

жұмыс істемейтін тұлға (баланың

заңды өкілдерінің біреуі); жүктілігі

мен босануына, баланың(лардың)

тууына, жаңа туған баланы(ларды)

асырап алуына байланысты, бала(лар)

үш жасқа толғанға дейін оны күту

бойынша демалыстағы тұлғалар;

Қазақстанда міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыруды енгізу

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықтың, мемлекеттің, жұмыс

берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру (МӘМС) енгізілетін болады.

18 жасқа дейінгі мүгедек баланың күтуін

жүзеге асыратын жұмыс істемейтін

тұлғалар; зейнетақы төлемдерін алушы,

соның ішінде, Ұлы Отан соғысының

мүгедектері мен қатысушылары;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық)

жүйесінің мекемелерінде (ең төменгі

қауіпсіздік мекемелерінен басқа) сот

үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген

тұлғалар; тергеу изоляторларындағы

тұлғалар; жұмыс істемейтін оралмандар;

«Алтын алқа», «Күміс алқа»

алқаларымен марапатталған немесе одан

бұрын «Батыр ана» атағын алғандар,

сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі «Ана

даңқы» ордендерімен наградталған

көпбалалы аналар; мүгедектер; күндізгі

оқу нысаны бойынша оқитын тұлғалар.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы

келісімшарттар бойынша жұмыс істейтін

жеке тұлғалар 2020 жылдан бастап

медициналық сақтандыру қорына табыстан

1% төлеп отырады.

Медициналық сақтандыру қорына

өз бетінше жарналарды төлейтін яғни,

ресми тіркеуі жоқ тұлғалар, 2020 жылдан

бастап айына ЕТЖ-ден 5% төлейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар

үшін Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ)

қарастырылған.

БЖТ төлеушісі жалдамалы қызметкерлерді

пайдаланбай тек жеке тұлғаларға

ғана жеке қосалқы шаруашылықтың

қызметтерін немесе тауарларын сататын

жеке тұлға бола алады.

БЖТ мөлшері – 1АЕК – айына

2525 теңге қала үшін, 0,5 АЕК – 1263

теңге ауыл үшін.

БЖТ-ге не кіреді:

1) жеке табыс салығын төлеу -

252 тг. (қала) / 165 тг. (ауыл)

2) міндетті зейнетақы жарнасын

төлеу – 758 тг. (қала)/379 тг. (ауыл)

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің

әкімшілігі мен ұжымы тыл еңбеккері, еңбек ардагері, энергетика

факультеті деканының орынбасары, Павлодар индустриалды институты

жоғары математика кафедрасының меңгерушісі

Владимир Сергеевич Кимнің

қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туғантуысқандарының

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы

19 тамызда №6506 болып тіркелді

Павлодар қалалық мәслихаты 6-сайланған 56-кезектен тыс сессия

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы

Бюджет Кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және

өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6–бабы 1–тармағының

1) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы

25 желтоқсандағы «2019–2021 жылдарға арналған Павлодар

қалалық бюджеті туралы» №330/45 шешіміне (Нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6198

болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан

Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық

бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

1) тармақшада:

«71 740 640» сандары «78 406 414» сандарымен

ауыстырылсын;

«19 350 165» сандары «26 015 939» сандарымен

ауыстырылсын;

2) тармақшада «75 958 779» сандары «82 709 987»

сандарымен ауыстырылсын;

4) тармақшада «665 000» сандары «579 566» сандарымен

ауыстырылсын;

7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7. 2019 жылға арналған қалалық бюджетте кенттің,

ауылдық округтің және кейбір ауылдардың бюджеттеріне

жоғары тұрған бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы

трансферттердің көлемі мынадай көлемдерде

қарастырылғаны ескерілсін:

азаматтық қызметшілердің мемлекеттік бюджет

қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің,

қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жекелеген

санаттарының жалақысын арттыруға – 77 180 мың теңге;

бейнебақылау камераларын орнату бойынша

қызметтерге – 2 320 мың теңге;

көп балалы отбасылардан шыққан мектепке дейінгі

ұйымдардың тәрбиеленушілеріне тамақтануға әлеуметтік

көмекке – 4 367 мың теңге;

мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген

санаттарының жалақысын арттыруға – 6 444 мың теңге»;

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. 2019 жылға арналған қалалық бюджетте қалалық

бюджеттен кенттің, ауылдық округтің және кейбір

ауылдардың бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы

трансферттердің келесі көлемдерде қарастырылғаны

ескерілсін:

кентішілік жолдарды орташа және ағымдағы жөндеуге –

162 655 мың теңге;

балаларды тасымалдау үшін автобустарды сатып

алуға және ұстауға – 14 054 мың теңге;

SARYARQA

2019 жылғы 15 тамыздағы №403/56

SAMALY

ШЕШІМ

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

Ленин кентінің жер телімдерін ресімдеуге –

«Saryarqa samaly»

1 148 мың теңге;

облыстық газеті

Ленин кенті, Космонавтар көшесі, 22-үй Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуни-

мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйді күрделі

жөндеуге жұмыс жобасын әзірлеуге және ведомстводан

тыс сараптама жүргізуге – 7 214 мың теңге; комитетінің мерзімді басылымкациялар

министрлігі Ақпарат

электр жабдықтарын ағымдағы жөндеуге, орнатуға ды, ақпарат агенттігін және

және бөлшектеуге – 13 000 мың теңге;

желілік басылымды есепке

мұсылман және христиан зираттарының қоршауын қою, қайта есепке қою туралы

дайындауға және монтаждауға – 5 129 мың теңге; 19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

Павлодар ауылына бейнебақылау сатып алуға берілген.

және орнатуға – 5 803 мың теңге;

балалар ойын алаңын дайындауға және орнатуға –

1 500 мың теңге;

Газет 1979

Кенжекөл ауылдық округінде шөп шабуға – жылы

1 200 мың теңге;

ауылдық қоқыс тастайтын жерлерде қоқысты жинау,

«Құрмет

жалпы пайдаланатын жерлердің аумағын санитарлық белгісі»

тазалау жөніндегі іс-шараларға – 1 700 мың теңге; орденімен,

Жетекші ауылының Молодежная және Энтузиастов

көшелері бойындағы кентішілік жолдардың

2014 жылы

шұңқырларын жөндеуге – 1 300 мың теңге; «Алтын

Жетекші ауылының алқабын топографиялық түсіру жұлдыз»

бойынша жер-кадастрлық жұмыстарын жүргізуге –

4 881 мың теңге;

жалпыұлттық

Жетекші ауылындағы электр беру желілерін сыйлығымен

ағымдағы жөндеуге – 1 059 мың теңге;

марапатталды.

Павлодар ауылында жаңадан салынған дене

шынықтыру – сауықтыру кешенін күтіп ұстауға –

16 219 мың теңге;

ЖШС директоры

«Павлодар ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік

Асқар ШӨМШЕКОВ

мекемесіне компьютерлер сатып алуға – 810 мың теңге;

«Павлодар ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесіне жұмыс жобаларының жобалық-сметалық Бас редактор

құжаттамасын әзірлеуге – 730 мың теңге;

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Кенжекөл ауылдық округінің стритбол алаңдарын

ағымдағы жөндеуге – 332 мың теңге.»;

Телефоны: 66-15-30

9–тармақта «75 507» сандары «80 268» сандарымен

ауыстырылсын;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің ЖШС-нің мекенжайы:

қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Павлодар қаласы,

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты Редакцияның мекенжайы:

комиссиясына жүктелсін.

140000, Павлодар қаласы,

3. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана көшесі, 143-үй.

қолданысқа енгізіледі.

Теле/факс 66-15-30

Сессия төрағасы

С. БОГАТЫРЁВ. Газеттің электронды

Қалалық мәслихаттың хатшысы З. МҰҚАШЕВА

поштасы:

Жалғасы келесі нөмірде.

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

ТМККК-дан тыс; 4) Жоспарлы стационарлық Жарнама бөлімі:

көмек, аурулар кезінде, ТМККК-дан тыс; s_samaIy_reklama@maiI.ru

5) Ересектер мен балаларға арналған

66-15-42, 66-15-40.

медициналық оңалту келесі бейіндер

бойынша: кардиология, кардиохирургия, Маркетинг және тарату

неврология, нейрохирургия, травматология

мен ортопедия.

бөлімі - 66-15-41.

МӘМС жүйенің қатысушыларына Фототілші, корректорлар -

уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық 65-12-74.

және дәрі-дәрмектік көмекті ұсынуды

қамтамасыз етеді.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

Міндетті медициналық сақтандыру samaly»-ның компьютер

шеңберінде көрсетілетін медициналық oрталығында теріліп, беттелді.

көмектің көлемі Медициналық сақтандырудың

қорына жарна сомасына байла-

апталық таралымы 12531 дана,

Газет аптасына үш рет шығады,

нысты болмайтынын атап өту қажет. бүгінгі көлемі 3 б.т.

Осы аударымдар жиі жасалса жеткілікті. «Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

Сарапшылардың болжамдары бойынша

Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

нәтижесінде елде медициналық көмекті Газеттің сапалы басылуына

көрсету деңгейі шамалы жоғарылайды. баспахана жауап береді.

Сонымен бірге, медициналық ұйымдар Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

тұрақты қаржыландыруды, ең жаңа

Басылуға қол қойылған

дәрілік құралдарды, сондай-ақ, жаңа

уақыты 17.00.

медициналық технологияларды енгізу

Тапсырыс - 1680

мүмкіндігін алады.

Міндетті медициналық сақтандыру

адамға тексеруден өтуге және қажет Хаттар, қолжазбалар,

болған жағдайда өзінің бюджетінен фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

осы мақсаттарға ақшалай қаражат

бөлмей, ем алуға, осымен денсаулық қайтарылмайды.

сақтауға бейресми төлемдердің деңгейін Көлемі А4 (14 кегль)

төмендетуге мүмкіндік береді.

форматындағы

Сөйтіп, МӘМС денсаулық сақтау 2 беттен асатын материалдар

аясындағы халықтың барлық қажеттіліктеріне

жауап бере алады, медициналық

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

көмектің қолжетімділігін және көрсетілетін

түскен барлық хаттарды тегіс

медициналық қызметтердің сапасын

жариялауды және оларға жауап

жақсартуға мүмкіндік береді.

беруді міндетіне алмайды.

МӘМС жүйесі туралы толығырақ

ақпаратты сіз Қордың сайтынан – www. Жарнамалық

fms.kz; Facebook, instagram - @fms.kz материалдардың

әлеуметтік желілерінен таба аласыз; мазмұнына жарнама

бірыңғай байланыс орталығы 1414.

берушілер жауап береді.

ШЖҚ «Павлодар облыстық Нөмірді әзірлеу барысында

балалар ауруханасы». интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

(20179) пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

ЖАРНАМА 66-15-40 «Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

66-15-42

сілтеме жасалуы міндетті.

Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы

«2019–2021 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» №330/45 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

(20176)

3) әлеуметтік аударымдарды төлеу –

505 тг. (қала) / 253 тг. (ауыл)

4) МӘМС төлеу – 1010 тг. (қала)/

505 тг. (ауыл) БЖТ қолдану үшін шекті

табыс жылына 1 176 АЕК - 2 969 400

теңгеден аспауы тиіс.

Медициналық сақтандырудың қорына

түскен барлық қаражат өз кезегінде

медициналық ұйымдармен көрсетілетін

медициналық қызметтерге ақы төлеу үшін

пайдаланылатын болады. Медициналық

көмек екі пакет бойынша көрсетілетін

болады:

1. Тегін медициналық көмектің

кепіл берілген көлемі (ТМККК): жедел

медициналық көмек, санитарлық авиация,

медициналық санитарлық алғашқы көмек

(МСАК), жалпы тәжірибелі дәрігермен,

терапевпен, педиатрмен емханаларда

көрсетілетін қызметтер, шұғыл стационар

алмастыратын және стационарлық

м е д и ц и н а л ы қ к ө м е к , п а л л и а т и в т і к ө м е к .

Әлеуметтік маңызды аурулар, негізгі

созылмалы аурулар мен қауіпті аурулар

кезінде: консультациялық-диагностикалық

көмек; амбулаториялық дәрі-дәрмектік

қамтамасыз ету, жоспарлы стационар

алмастыратын және стационарлық көмек,

туберкулез кезіндегі медициналық оңалту.

2. Міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру (МӘМС): 1) консультациялықдиагностикалық

көмек: дені сау ересектердің

алдын профилактикалық тексерулері,

балалардың мамандандырылған

тексерулері, қымбат тұратын зертханалық

қызметтер: гормондар, дәрумендер, онкомаркерлер,

антигендер, ПЦР қымбат

тұратын диагностикалық қызметтер: КТ,

МРТ және т.с.с.; 2) Аурулар кезіндегі

амбулаториялық дәрі-дәрмектік қамтамасыз

ету, ТМККК-дан тыс; 3) Стационар

алмастыратын көмек, аурулар кезінде,

Баспа индексі 65441.


12 24 тамыз, сенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ТУРИЗМ

Көлдің кереметін көрді

Бүгінде суы шипалы, табиғаты әсем Маралдыда демалуды

қалайтын отандық және шетелдік туристердің

қатары артып келеді. Көлдің маңы көріктендіріліп,

инфрақұрылым тартылып, келушілер үшін қолайлы

жағдайлар жасалуда. Ал келер жылдан бастап

мұнда демалыс үйлері қолданысқа берілмек. Сөйтіп,

Маралдының жағасында бір емес, бірнеше күн

қатарынан тынығып, ем алуға мүмкіндік болады.

МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ

Өңірде - «Quest

Pistols Show»

Бүгін «Ертіс Promenade»

сахнасына Украина елінің

өнерпаздары келеді деп

күтілуде. Көгілдір экран

арқылы көпшілікке «Quest

Pistols Show» деген атпен

танылған әнші, биші жігіттер

павлодарлық тыңдармандарымен

қауышады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Жеке инвестор Дамир Камалиев

осыдан екі жыл бұрын Маралды көлінің

жағасындағы жерді бес жылға алып, оны

туристік орталыққа айналдыру бойынша

жұмыстарды мықтап қолға алды. Осы уақыт

аралығында жағалау маңы көріктендіріліп,

пирс салынып, демалушыларға қызмет

көрсететін орындар пайда болды. 2017

ж ы л ы 3 0 м ы ң , б ы л т ы р 5 0 м ы ң , б и ы л

30 мыңнан астам адам Маралды демалыс

аймағында тынығып қайтты. Жұмыс күндері

жағажайға кіру құны – 700 теңге, демалыс

күндері – 1000 теңге. Есесіне жататын,

жуынып-шайынатын, кәуап пісіретін орындар

– барлығы тегін беріледі. Мүмкіндігі шектеулі

жандарға кіру ақысы – 500 теңге, балаларға

– 350 теңге. Егер демалушылар қалтасынан

қаржы шығаруды қаламаса, жақын жатқан

жағажайда тегін демала алады. Бірақ ол

жерде ешқандай қызмет түрі де, демалу

мен тамақтану орындары да жоқ.

СПОРТ

- Маралдыға еліміздің әр аймағы мен

Ресей елінің көршілес өңірлерінің тұрғындары

келеді. Туристердің өтініш-тілектерін назарға

алып, демалыс үйлерін салуды бастадық.

Қазіргі күні 4 үйдің құрылысы аяқталды,

ішкі жұмыстар жалғасуда. Келесі жылы тағы

бірнеше үй салмақ ниетіміз бар. Жалпы,

2017 жылдан бастап Маралды демалыс

аймағын дамытуға 380 млн. теңге жұмсадық,

- дейді Д.Камалиев.

Облыстық туризмді және спортты

дамыту жөніндегі басқарма басшысы Марат

Айдашевтің айтуынша, мемлекет тарапынан

Мықтылар медаль терді

Қалалар мен аудандар арасында ұйымдастырылған

ХХІІ облыстық спартакиада өз

мәресіне жетті. Жеті ай бойы өткен спорт

додасының қорытындысы бойынша қалалар

арасында Павлодар шаһары спортшыларының

бағы басым болса, аудандар арасынан Ақсу

ауылдық аймағы командасы үздік атанды.

Алпысбай ХОНЖ

Жарыс биылғы жылдың ақпан айында бастау алған еді. Спорттың

17 түрінен өткен сайысқа өңірдегі 12 аудан мен 3 қаланың спортшылары

түгелдей қатысты. Командалар алдымен қысқы спорт

түрлерінен (қысқы президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы) сынға

түссе, көктем, жаз айларында волейбол, футбол, тоғызқұмалақ,

қазақ күресі, асық ату, арқан тартысы, армрестлинг, гір тасын

көтеру және тағы да басқа спорт түрлері бойынша бақ сынады.

Биылғы жылдың басты ерекшелігі - шараны ұйымдастырушы

облыстық туризмді және спортты дамыту басқармасы ұлттық

Суреттерді түсірген - Дархан Өмірзақов.

да жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мәселен,

келесі жылы трассадан Маралдыға дейінгі

жол толығымен асфальтталады. Сонымен

қатар, қосымша электр желілері тартылмақ.

- 20 маусымда туристік маусым ашылды.

Сол уақыттан бері басқарма мамандары

мен еріктілер тұрақты түрде сауалнама

жұмыстарын жүргізіп, демалушылардың

пікірлерін біледі. Біз алдағы жұмысты

соған байланысты жоспарлаймыз. Мәселен,

келесі жылы жүзуден жарыстар, «Ertis

Promenade» жобасының аясында отандық

әншілердің, ди-джейлердің қатысуымен

кештер ұйымдастыру жоспарда бар. Ол

үшін инфрақұрылымды одан әрі жақсарту

керек, - дейді М.Айдашев.

Бұл ретте демалушылар да Маралдының

бұрынғыдан әлдеқайда дами түскенін

байқапты.

- Мен осыдан 5 жыл бұрын Маралдыға

келген кезде бұл жерде көлден басқа

ештеңе болмайтын. Ал бүгінде демалысты

оңтайлы өткізу үшін мол мүмкіндік жасалғанын

көріп, қуанып отырмын. Жатар жер таза,

көлдің маңындағы қоқысты үнемі жинайды,

орындықтар, әткеншектер – барлығы бар.

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлерге

жеңілдік қарастырылған. Бұдан

артық не керек?! – дейді павлодарлық

Наталья Моисеева.

Ресми дерекке сүйенсек, осы уақытқа

дейін облыстағы Баянауыл, Маралды және

Тұзқала демалыс аймақтарына сырттан 150

мыңнан астам турист келген. Жергілікті билік

пен инвесторлар келесі жылы бұл көрсеткішті

еселей түспек. Ол үшін қазірден-ақ келер

жылдың қамына кірісіп, жаңа демалыс

орындарын, қызмет көрсету нысандарын

салып, сервисті жақсартуды көздеп отыр.

Шарбақты ауданы.

ойын түрлеріне көбірек басымдық берген. Мәселен, былтырғы

жылы асық ату ойыны ерлер арасында ғана ұйымдастырылған

болса, биыл қыздар да асық атудан шеберліктерін сынға салды.

Сондай-ақ тұңғыш рет облыстық дәстүрлі спартакиада күнделігіне

қазақтың қанына сіңген аударыспақ ойыны қосылды. Спортшылар

былтырғыдай шағын футболдан емес, үлкен футбол алаңында доп

тепті. Сондай-ақ баскетбол ойынының орнына биыл стритболдан

жарыс өтті. Спартакиаданың финалдық кезеңінде командалар спорттың

6 түрі бойынша күш сынасты. Асық ату, арқан тарту, аударыспақ, гір

тасын көтеру, футбол, армрестлинг сайыстары бойынша кім мықтыны

анықтаған командалар ХХІІ облыстық спартакиаданы түйіндеді.

Ауқымды жарыстың қорытындысы бойынша қалалар арасында өткен

сайыста 1298 ұпай жинаған Павлодар қаласының командасына

тең келер ешкім болған жоқ. Екінші орынды еншілеген Екібастұз

шаһарының қоржынында 1098 ұпай бар. Ал Ақсу қаласының спортшылары

1062 ұпай қармап, қола медальді жеңіп алды. Аудандар

арасында өткен сайыста Ақсу ауылдық аймағының спортшылары

856 ұпаймен үздік деп танылды. Ал 748 ұпай жинаған Аққулы

ауданының спортшылары күміс жүлдені қанжығаласа, үздік үштікті

тереңкөлдік спортшылар түйіндеді. Олар 725 ұпай жинады. Осылайша,

7 ай бойы 17 спорт түрінен үздіксіз ұйымдастырылған дәстүрлі

облыстық спартакиада өз мәресіне жетті.

Әр аптаның демалыс күндерін төменгі

жағалауда орналасқан бас сахна үлкен

мерекеге айналдырып келеді. Бұл жолы

ұйымдастырушылардың таңдауы украиналық

музыкалық және биші топ «Quest Pistols

Show»-қа түсіпті.

Аталмыш өнерпаздар ең алғаш 2007

жылы Украинаның «Интер» телеарнасындағы

« Ш а н с » т е л е ж о б а с ы н а қ а т ы с ы п ,

«Я устал» әнімен көзге түседі. Он жылдан

астам уақыт ішінде аталған топ әуезді

әндерімен сахнаның сәнін келтіретін

көркем биімен көпшілік назарын өзіне

аударып үлгерді. Осы күнге дейін топ

3 жеке альбомын жарыққа шығарды.

«Для тебя» (2007), «Superklass» (2009)

және «Любимка» (2016) ән жинақтары

тыңдарманның оң бағасын алған еді.

Сондай-ақ ұжым «MTV Europe Music

Awards» және «Золотой граммофон»

жүлдесінің иегерлері.

«Quest Pistols Show» тобы бүгін

кешкі сағат 20.00-де «Ертіс Promenade»

сахнасында өнер көрсетеді. Әуезді

ән тыңдап қайтамын десеңіз, төменгі

жағалауға асығыңыз!

Айта кетелік, ертең, яғни 25 тамыз

күні дәл осы сахнада Ақтоғай ауданының

өнерпаздарының концерті өтеді деп

жоспарлануда.

Ержан Максим

Сочиге барады

Отандық жас әнші Ержан

Максим 30 тамызда

Сочиде өтетін «Super Дети»

халықаралық балалар

фестиваліне шақырту алды.

Бұл туралы елордада өткен

«Nur Sultan Music Awards» халықаралық

музыка фестивалінде БАҚ өкілдеріне

әншінің анасы Гүлмира Әлібек мәлімдеді.

- Алда көптеген шығармашылық

жоспарларымыз бар. Оның бәрі әзірге

құпия. Дәл қазіргі уақытта біз бар

күшімізді «Junior Eurovision 2019»

байқауына салып жатырмыз, вокал

жағынан дайындықты күшейтудеміз.

Байқауда айтатын әнді күтіп отырмыз,

одан соң оған клип түсіру жұмысы

басталады. Алдағы уақыттағы жоспарға

келсек, Ержан жақында, нақты айтқанда

30 тамызда Сочиде өтетін «Super

Дети» деп аталатын халықаралық

фестивальдің басты қонағы болады, -

деді ол.

Жас әнші елорда төрінде өткен

халықаралық фестивальдан алған

әсерімен бөлісе келе, алдағы уақытта

Димаш Құдайберген, Селин Дион, Лара

Фабиан секілді әлемдік деңгейдегі

әншілермен бірге ән салуды армандайтынын

айтты.

Әзірлеген – Қ.МҮСӘЙІП.

More magazines by this user
Similar magazines