07.09.2019 Views

7 қыркүйек, 2019 жыл №102 (15422)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6 7 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Көмекке ғана қарап

қалған жоқ

Екібастұздық Әлбековтер отбасы – көпбалалы.

Бес бала өсіріп отыр. Тұңғышы Лейлә

16 жаста болса, ең кішісі Омар әлі қырқынан

да шыққан жоқ. Отбасы әрбір балаға 20700

теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек

алады. Бірақ отбасы мұнымен шектеліп

отырған жоқ.

Балалардың анасы Майра Әлбекова биыл нәтижелі жұмыспен

қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының

арқасында бизнес жүргізудің қыр-сырын үйренді. Одан

кейін 505 мың теңге көлемінде грант жеңіп алды. Бұл

қаражатқа көпбалалы отбасы сүтті тұқымды 4 ешкі және

9 лақ сатып алған.

- Екі жыл бұрын қызымыз дүниеге келіп, ана сүті

жетпеді. Сонда ана сүтіне ешкінің сүті құрамы жағынан

жақын келетінін білдік. Жолдасым ешкі сатып алды. Міне,

осыдан кейін ешкі өсіру идеясы туындады. Қазір біз сүтін

сатамыз. Литрі – 500 теңге. Одан құрт, айран, ірімшік және

коктейль жасаймын, - дейді Майра Әлбекова.

Бес жастағы Әлия - отбасының қолғанаты. Ешкілеріне

жем-шөбін қолдан бергенді жақсы көреді. Қорадағы тауық,

күркетауық пен үйректердің де ешбірінен қорықпайды.

Отағасы Қазақстан теміржолында жүргізуші болып жұмыс

істейді. Үйдегі шаруашылыққа да уақыт табады. Оған балалары

мен үлкен ағасы көмектеседі. Төлеухан Шаханұлы

жары екеуі үйде барлығы табиғи болғанына көңіл бөлетінін

айтады. Сол үшін қияр, қызанақ пен сәбіз, аскөк өсіреді.

Жалпы, қалалық жұмыспен қамту орталығының ақпараты

бойынша Екібастұзда атаулы әлеуметтік көмек алатын және

грант жеңіп алған 5 отбасы бар. Олардың үшеуі ұсақ мал

өсірмекші, тағы бірі тігін цехын ашпақ.

Өз тілшіміз.

МАЙ АУДАНЫ

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Еңбектің тынысы

Ақсу қаласының әкімі Балғабай

Ыбыраев Мәмәйіт Омаров ауылдық

округіне қарасты Еңбек ауылының

тұрғындарымен кездесті. Елді мекендегі

күрмеулі мәселелер мен алда болатын

өзгерістер талқыланды.

Еңбек ауылында тұрғындар саны да, кәсіпкерлік

нысандар қатары да артып келеді. Еліміздің алты

облысынан 10-ға жуық отбасы көшіп келіп, жұмысқа

орналасты. «Еңбек» бағдарламасы аясында Мәкен

Мұса 4 млн. теңге, көп балалы отбасы ретінде

Күміс Өмей 2 млн. теңге, «Бастау» жобасы аясында

оқудан өткен Гүлмайра Нұрғабыл 2 млн. теңге алып,

мал шаруашылығын дамытуға үлестерін қосуда.

Тағы бес тұрғын қайтарымсыз қаржы алып, өз

ісін бастады.

Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларға

жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр. Бүгінгі таңда

Мәмәйіт Омаров ауылдық округі бойныша 37 адам

атаулы әлеуметтік көмек алады.

Тұрғындармен тілдескен шаһар басшысы Балғабай

Жұмағұлұлы ауылды көріктендірудің көңіл көншітпейтінін

тілге тиек етті. Бұл ретте әлеуметтік нысандардың

тазалығына қатысты ескерту жасады.

Тұрғындар тарапынан да сауалдар қойылды.

Олардың қатарында жайылымдық жерлерді белгілеу,

бұрынғы су құбырларын ұрлау, мал қорымдары,

малдардан қан алу, көзге тегін ота жасау, су

құбырларын тарту мәселелері бар. Барлық сауалға

тиісті жауап беріліп, назарға алынды. Сонымен

қатар, жергілікті билік өкілдері азаматтарды жеке

мәселелері бойынша қабылдады.

«Тарақтыға» техника алынды

Май ауданында «Сыбаға» бағдарламасы арқылы

мемлекеттен несие алып шаруасын дөңгелетіп

отырған кәсіпкерлер бар. Солардың бірі -

жергілікті «Тарақты» шаруашылығы.

А.ЕРМАНАТ.

Ағымдағы жылдың маусым айында «Тарақты» шаруа қожалығының

басшысы Нұргелді Айтқазин «Ауыл шаруашылығын қаржылай

қолдау қоры» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалынан «Сыбаға»

бағдарламасы аясында асыл тұқымды 100 бас ірі қара мал

сатып алуға несие рәсімдеді.

Нәтижесінде, ол мол мүмкіндікке ие болды. Бүгінде Чех

Республикасынан әкелінген «Симментал» тұқымды сиырларды

шаруа жергілікті табиғатқа бейімдеу үстінде.

Бағдарламада көрсетілген шартқа сәйкес, шаруаға 24 ай

бойы несиесін жеңілдетілген мөлшерде төлей алады. Сонымен

қатар мемлекеттік бағдарлама негізінде аталған қожалық «МТЗ

82.1/2» тракторы мен «ПРФ 145» техникалық құралына қол

жеткізді. Атап өтерлігі, осы бағдарлама бойынша мал мен техниканы сатып алуда субсидиялау қарастырылған.

«Сыбаға» арқылы несие алған шаруалардың қаржылық жүктемесі айтарлықтай төмендейді.

Өз тілшіміз.

Жаңа оқу жылына тарту

Биыл 50 жылдан астам тарихы бар Башмашын

орта мектебінің біраз бөлігінде күрделі жөндеу

жұмыстары жүргізілді. 5 оқу кабинеті қалыпқа

келтіріліп, пайдалануға берілді.

Енді бастауыш сынып оқушылары заманауи үлгідегі жаңа

сыныптарда білім алатын болады. Білім күніндегі мерекелік

шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Қанат Кашкиров ата-аналар

мен оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, мектеп

ұстаздары С.Мұсалимова, Б.Даниярова және Д.Жүлекенованы

көпжылғы еңбегі білім беру жүйесін дамытуға, өскелең ұрпақты

тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін марапаттады.

2019-2020 оқу жылында мектепте 85 оқушы білім алады.

Биыл мектеп табалдырығын 11 оқушы аттады. Қазіргі уақытта

білім ордасында 29 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде

мұғалімдер қатары тарих пәнінен сабақ беретін жас маманмен

толыққанын атап өткен жөн. Жалпы, 1 қыркүйекте аудан

бойынша 266 оқушы 1-сыныпқа барды. Сонымен қатар,

№3 Железин орта мектебі, Алакөл, Башмашын, Приертіс,

Есқара, Аққайың және Береговой ауылдық округтеріндегі

білім ошақтарында «Ұлттық домбыра» кабинеттері ашылды. Ал

Жаңа жұлдыз мектебінде демеушілердің көмегімен ІТ-сынып

пайдалануға берілді.

А.СЕРҒАЗИН.

ЕРТІС АУДАНЫ

Тәжірибелерін

шыңдауда

Бүгінде аймағымызда аграрлықтехникалық

колледждердің жұмысына

жоғары мән беріліп отырғаны белгілі.

Кәсіптік білім саласы реформаға

ұшырауда.

Бұл ретте, облыс бойынша жүктемесі аз бірқатар

орта кәсіптік білім мекемелері біріктірілуде. Ал кейбірі

өңірлердегі ірі кәсіпкерлерге сенімді басқаруға берілген.

Солардың бірі – Ертіс ауданындағы аграрлық-техникалық

колледж. Бұл аймағымыздағы табысты жұмыс істеп

жатқан оқу ордаларының бірі болып саналады. Оның

жұмысымен аудан әкімі Аян Бейсекин танысып қайтты.

Колледжді жергілікті «Оразбаев» шаруа қожалығының

басшысы Сайлау Оразбаев жауапкершілігіне алғалы

бері студенттерді жұмыспен қамту мәселесі оң шешілді.

Аудан басшысы оқу ордасының материалдық-техникалық

жағдайымен танысып, асхана, жатақхананы аралады.

Студенттермен тілдесті. Олар аудандағы күзгі жиынтерім

науқанына белсене атсалысуда. Теориялық

білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап жатыр. Жалақы

да қарастырылған.

Н.РАЙХАН.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Тігін цехын ашты

Баянауыл ауданы бойынша 2019

жылы жағдайы және табысы төмен

отбасыларға атаулы әлеуметтік

көмек көрсетіліп жатыр. Биылғы

жыл бойынша жалпы 529 өтініш

келіп түскен.

Осындай өтініштердің бірі Баянауыл ауданына

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай

кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға

арналған бағдарламасы бойынша оңтүстік аймақтан

қоныс аударып келген аудан тұрғыны – Тұрдыгүл

Бөкейден де түскен болатын.

Өтініші қанағаттандырылып, көмектің арқасында

бұл отбасы өзінің тұрмыс жағдайының жақсарта

алды. Яғни, жұмыссыздарға бағытталған қысқа

мерзімді оқу курсына тіркеліп, өзінің жеке кәсібін

ашу мақсатында тігінші мамандығының сертификатына

ие болды. Сөйтіп, жаппай кәсіпкерлікті

дамытуға берілетін грантқа ие болды. Қазіргі

таңда Тұрдыгүл Баянауылда шағын тігін цехын

ашып, ұлттық нақыштағы бұйымдар тігіп сатуда.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Ә.ТІЛЕУБАЕВА,

аудандық жұмыспен қамту

орталығының кеңесшісі.

«Сыбағаның»

сыйы

Аудандағы шаруа қожалық иелері

мемлекеттік бағдарлама арқылы

мал санын арттыруда.

Октябрь ауылдық округіндегі «Таисия» шаруа

қожалығы өткен жылдың соңында құрылған

болатын. Шаруашылық иесі Анатолий Тыщенко

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»

АҚ арқылы «Сыбаға» бағдарламасына қатысып,

30 ірі қара мал әкелді. Алдағы уақытта мал саны

тағы 20 баспен толықпақ. Етті-сүтті бағыттағы

симментал тұқымды ірі қара Ресейден жеткізілген.

- Қазір ауылда мал өсіремін деген адамға

мемлекет тарапынан қолдау бар. «Сыбаға»

бағдарламасы арқылы мал санын көбейтудеміз.

Жуырда жеткізілген асыл тұқымдылардың ішінде

2 ірі қара төлдеп үлгерді. Мұны жақсы ырымға

бастап отырмыз. Алдағы уақытта еңбегіміз өз

жемісін беріп, мал саны артады деген ойдамыз, -

дейді қожалық иесі.

А.АМАН.

УСПЕН АУДАНЫ

Белсенді жастар

жиналды

Жақында Успен ауданының Галицкое

ауылында «Бірлік.Жастар.KZ» жастар

форумы өтті. Шара «Жастар жылының»

құрметіне ұйымдастырылды.

Форумға Успен ауданы әкімінің орынбасары

Алмира Дүйсіпова, «Галицкое-Агро» ЖШС директоры

Сергей Саламацкий қатысты. Сонымен

қатар, ауданға белгілі жас кәсіпкерлер мен

мемлекеттік қызметкерлер «Дипломмен –

ауылға!» және «Жас кәсіпкер» мемлекеттік

бағдарламаларының қатысушылары шақырылды.

Форумның бірінші бөлімінде «Павлодар облысының

Қазақстан жастар конгресі» ҚҚ жобаларының

үйлестірушісі Д.Корепанов «Ауыл жастарының

елдің дамуындағы рөлі» тақырыбында және

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының

бизнес-тренері» Қ.Досмағұлов «Ауылдық жерлерде

бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау

шаралары» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, осы аталған мәселелер бойынша

ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.

Форумның екінші бөлімінде барлық қонақтар

үшін «Галицкое-Агро» ЖШС бойынша экскурсия

ұйымдастырылды. Шара соңында қатысушыларға

сертификат берілді.

Өз тілшіміз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!