10 қыркүйек, 2019 жыл №103 (15423)

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

10 қыркүйек, сейсенбі

2019 жыл

103 (15423)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Жылу беруге дайын

Нақпа-нақ

Өңірдегі

қоғамдық

тамақтану

орындарындағы

баға жыл

басынан

3,7

пайызға өскен

СЕНІМ КЕҢЕСІ

Жер ешкімге

берілмейді!

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында

Президент жанындағы

Ұлттық қоғамдық сенім

кеңесінің тұңғыш отырысы

өтті.

«Рухани жаңғыру»:

ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

Облыстағы жылу-электр станциялары 15 қыркүйектен бастап жылу

беруге әзір. Павлодар қаласындағы 400 көпқабатты үйге ыстық

су да осы уақытта қайта қосылады. Сонымен қатар, жаз бойы

қала көшелеріндегі жолдарды қазып, құбырларды ауыстырған

компаниялар бір апта дересінде асфальт жабындысын қалпына

келтіруге тиіс. Сенбі күні облыс әкімі Болат Бақауов жылу-электр

станцияларының жылу маусымына дайындығын тексерді.

Жалғасы 2-бетте

Тілеуқабыл батырда он ұл болған: Ақша, Түгелбай, Құндақбай, Қабанбай, Елемес, Егізек,

Табылды, Серкебай, Жайнақ, Еділ. 1821 жылғы құжат бойынша батырдың балалары

Қабанбай мен Табылды старшина тізімінде көрсетілген. Тілеуқабылдың ағасы Тілеуберді

имандарды басқарған атақты би болған. Тілеуберді баласы Боқсары 1819 жылғы Омбы

мұрағаттарындағы құжаттарында Иман елі биі ретінде жазылған.

Толығырақ 6-бетте

Жиынға қатысқан Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде елімізді

дамытуға және жаңғыртуға бағытталған

бастамалар мен ұсыныстарды пысықтау

ісіндегі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің

рөлін атап өтті. Ол Қазақстанның саяси

реформалары асыға-аптығусыз, ретсіз

алға оза шабусыз, әбден ақылға салынып

және біртіндеп жүзеге асырылатынын,

олар өркендеуге және жемісті жұмысқа

бағытталатынын қадап айтты.

– Кейде бәзбір ұрандар мен үндеулер

өте тартымды көрінеді. Дегенмен олардың

авторлары ел алдында ешқандай

жауапкершілік арқаламайды. Реформа

үшін реформа дағдарысқа бастайтын жол

әрі мемлекетті басқарудан айырылуға

әкеліп соғады. Ешқайсымыздың мұны

қаламайтынымызға сенімдімін, – деді

Қазақстан Президенті. – Соңғы уақытта

жер шетелдіктерге сатылады немесе

көрші елдің 55 ескі зауыты бізге көшіріліп,

мыңдаған шетелдік жұмысшы тартылады

екен деген сияқты түрлі қауесет әңгімелер

тарап жүр. Халқымыз мұндай даңғаза

әңгімелерге ермеуі қажет. Осындай алыпқашпа

әңгімелерді көздеген мақсаттарына

жету үшін жұрттың патриоттық сезімдерін

қарау мүдделеріне епті пайдалана білетін

адамдар шығарады. Биліктің міндеті –

қоғаммен диалог жүргізу арқылы мемлекеттік

саясаттың мақсатын түсіндіру. Сауатты

пікірлер мен ұсыныстарға құлақ асып,

назарға алу. Мен тағы да қайталап

айтамын: Жерді ешкімге де бермейміз! –

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Отырыста кеңес мүшелері халықтың

көкейінде жүрген көкейтесті мәселелерін

ашық айтты. Нәтижесінде, халықты

мазалаған түйткілдердің кең ауқымы

айқындалды. Биліктің аталған кеңесті

көзбояу үшін құра салмағаны, ондағы

талқылаулар бағытын өзіне қажетті әрі

қолайлы арнаға түсіруге тырыспайтыны,

өзіне керекті басымдықтарды таңдайтыны

байқалды.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 10 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ҚҰРЫЛЫС

Жақында Павлодар қаласында түрлі түсті,

бағасы қолжетімді, жеңіл кірпіштер шығарыла

бастайды. Өндірістегі жұмыстардың дені автоматты

түрде жүргізілетіндіктен, ірі зауытта

небары алты адам жұмыс істейтін болады.

Түрлі түсті

кірпіш шығарады

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

«Hagi-Павлодар»

жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі қазірдің өзінде

қызыл кірпіштер дайындап,

оларды тұрғын үй құрылысында

пайдаланады.

Ал келесі жылдан бастап

кірпіштің өзге түрлерін

шығаруды да қолға алмақ.

Компанияның директоры

Георгий Шпейзердің айтуынша,

елімізде заманауи

үлгідегі мұндай кәсіпорын

жоқ.

- Қазіргі кезде кірпіштердің

біреуінің салмағы -

шамамен 6 келі. Сондықтан

жұмыс барысында қиындықтар туындап жатады. Ал біздің

кірпіштің салмағы небары 3,5 келі болмақ. Оған қоса, оны

тапсырыс берушінің қалаған түсіне бояу мүмкіндігі қарастырылады.

Осылайша, облыс нарығына бағасы небары 40-45 теңге

болатын арзан әрі сапалы өнім ұсынамыз. Айына 3 млн. дана

кірпіш шығару жоспарланып отыр. Одан бөлек, кеспетас,

тротуарлық плита, жиектес дайындаймыз, - дейді Г.Шпейзер.

Бүгінгі күні тиісті құралдардың басым бөлігі Германиядан

жеткізілді. Алдағы 20 күн аралығында қажет жабдықтың

барлығы әкелінеді. Айта кетерлігі, кәсіпорындағы жұмыстың

денін роботтар автоматтандырылған түрде атқармақ. Сондықтан

көп жұмыс орнын ашудың қажеті болмайды. Зауыт басшылығы

бар-жоғы алты адамды қызметке қабылдамақ.

Облыс әкімі Болат Бақауов жергілікті компанияға қолдау

білдіріп, құрылыс барысында павлодарлық кірпішке басымдық

беру қажеттігін айтты.

- Алдағы уақытта Екібастұз қаласында 50, Ақсуда 50 және

Павлодарда 100 үй салынбақ. Сондықтан кірпішке сұраныстың

арта түсері анық, - деді аймақ басшысы.

Айта кетелік, «Hagi-Павлодар» серіктестігі тұрғын үй

құрылысында қолданылатын материалдардың 95 пайызы –

жергілікті өнім. Таяуда аталмыш кәсіпорын цемент зауытын

салмақ. Сол кезде павлодарлық үлес 100 пайызға жетеді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы «Спорт сити» жобасы

аясында салынып жатқан спорттық нысандардың құрылыс

барысын аралап, тексеріп шықты. Мұнда олимпиадалық резерв

дайындау орталығы, мұз айдыны және жабық манеж бой

көтермек. Құрылысшылардың айтуынша, жұмыстар кестеге

сәйкес, еш қиындықсыз жүргізілуде. Енді жергілікті билік футбол

клубына автобус сатып алу және спортшыларға жатақхана

салу мәселесін қарастырмақ.

Басы 1-бетте

Жылу беруге дайын

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Аймақ басшысы алдымен Ақсу

ферроқорытпа зауыты, «Еуроазиаттық

энергетикалық корпорациясы» АҚ

қазандықтарының жұмысын тексерді.

Мұндағы мамандар әлеуметтік

нысандар мен көпқабатты үйлердің

жылуға уақытылы қосылуы үшін бел

жазбай еңбек етуде. Тіпті, олардың

қатарында нәзік жандылар бар.

Мәселен, үшінші дәрежелі электр

слесары Гүлнар Шүленова Ақсу электр

станциясында ширек ғасырға жуық

жұмыс істейді.

- Менің жолдасым Ақсу ферроқорытпа

зауытында, қызым осы

кәсіпорында қызмет атқарады.

Сондықтан зауыттың жұмысы

отбасымызға таңсық емес. Ерлермен

қанаттаса еңбек етудің еш қиындығы

жоқ. Біздің цехта 10-ға жуық нәзік

жандының болуы – соның дәлелі. Ал

менің міндетім – электр желілерінің

үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз

ету. Сол арқылы құралдардағы

температураны бақылаймын. Жылу

станциясының жұмысы температураға

тікелей байланысты болғандықтан,

жауапкершілік жүгі де ауыр. Соған

қарамастан мен өз ісімді жақсы

көремін, - дейді Г.Шүленова.

Бұдан соң Б.Бақауов Павлодар

қаласындағы үш жылу-электр

орталығының жұмысын пысықтады.

Айталық, «Қазақстан алюминийі» АҚ-на

қарасты №1 ЖЭО қыста қиындық

туындамас үшін бірнеше агрегатты

жөндеді.

- Биыл үш қазандық агрегатын

жөндеу жоспарланған. Қуаттылығы

сағатына 420 тонна бу болатын екеуі

жөнделді. Ал қуаттылығы сағатына

320 тонна бу өндіретін тағы бір

қазандық агрегатында жұмыстар әлі

аяқталған жоқ. Жөндеу жоспарланған

екі турбоагрегаттың біреуі қолданысқа

берілді, екіншісі жөнделуде. Жоспарға

сәйкес, тиісті жұмыстар қараша айында

аяқталады. Жалпы, біздің станцияда

350 МВт электр энергиясы мен

1 мың гигакалорийден астам жылу

өндіріледі, - дейді №1 ЖЭО бас

инженері Дмитрий Захаров.

Аймақ басшысы екі қаладағы

орталықтардың дайындығына оң

баға берді.

- Жылу-электр станцияларының

биылғы дайындығы былтырғыдан

жақсы. Павлодар мен Ақсу қалаларындағы

орталықтар 15 қыркүйектен

бастап жылу беруге дайын.

Ешқайсысында күрделі мәселе жоқ,

жұмыстың барлығы белгіленген кестеге

сәйкес жүргізілуде. Ал Павлодар

қаласында шамамен 400 үй ыстық

сусыз отыр. Бұл мәселе алдағы

10 күн ішінде шешіліп, келесі

аптадан бастап барлығы ыстық

суға қосылады, - деді Б.Бақауов.

Сонымен қатар, №3 жылу-электр

орталығында жылу маусымына жауапты

кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен

жиын өтті. «Павлодар жылу желілері»

ЖШС директоры Марат Иманаевтың

Резервке алынғандардың асуы биік

айтуынша, биыл 9,2 шақырым желіні

күрделі жөндеу жоспарланған. Осы

уақытқа дейін оның 8 шақырымы

жөнделді. Сынақтар кезінде

150 ақау анықталды.

- Ақаудың көп болуы салдарынан

күрделі жөндеу жұмыстары

мерзімінен сәл кешігуде. Оған қоса,

асфальт төсейтін мердігерлік компаниялар

жұмысына салғырт қарайды.

Сондықтан өзімізге тиісті техникаларды

сатып алып, асфальтті

төсеуге тура келіп отыр, - дейді

М.Иманаев.

Бұл ретте Болат Жұмабекұлы

«Павлодар-Водоканал» ЖШС жөндеу

жүргізген соң жол жабындысын қайта

қалпына келтірмейтінін сынға алып,

тиісті жұмысты 15 қыркүйекке дейін

аяқтауды тапсырды.

Облыстық энергетика және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасы басшысының міндетін

атқарушы Мұрат Әбілқалықов қатты

отынмен қамту шаралары туралы

баяндама жасады. Аймақтың

бюджеттік ұйымдарына 135,6 мың

тонна көмір керек екен. Бүгінгі

күнге дейін оның 27,5 мыңы тиісті

жерлерге жеткізілді. Тек Баянауыл

ауданында бұл бағыттағы жұмыс

әлі күнге дейін қолға алынған жоқ.

Сондай-ақ, Павлодар, Екібастұз және

Ақсу қалаларындағы бюджеттік

мекемелердің жылу үшін қомақты

қарызы бары белгілі болды. Аймақ

басшысы аталған мәселелерді жылу

маусымы басталғанға дейін шешуді

қатаң тапсырды.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

Елі үшін еңбек етуге әзір, креативті ойы бар, жасы 35-тен

аспаған, жоғары білімді Қазақстан азаматтары биліктегі биік

орындардан үміттенуіне әбден болады. Ол үшін Президенттік

жастар кадрлық резервіне іріктеуден өтуге ұмтылу қажет. Айта

кетейік, іріктеу елімізде ағымдағы аптада басталды.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы

мемлекеттік басқару академиясының облыстық

филиалы директоры Гүлнәр Исенова өңірлік

коммуникациялар қызметінде өткен брифингте

мәлім етті. Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауының

негізгі бағыттарына арналған жиында жастар

резервіне қабылдау талаптары айтылды.

- Президент сайлауалды бағдарламасында

президенттік жастардың кадрлық резервін

құру айтылған еді, міне, енді іріктеу басталып

кетті. Қазіргі таңда еліміз бойынша 2370

азамат тіркеліп, оның 132-сі бірінші кезеңнен

өткен. Бұл резерв еңбек етуге ынталы

жастарға мол мүмкіндік береді. Өткендер

резервте бес жыл тұрады. Олар шетінен

жоғары лауазымдарға ұсынылатын болады, -

дейді спикер.

Жалпы, бұған дейін жүзеге асқан

А корпусына іріктеу жұмыстарынан жастардың

кадрлық резервіне қабылдаудың өзгешелігі

көп көрінеді. Резервте тұрып, басқарушы

орынға жайғаса алмаса да, кем дегенде

академиядан оқудан өтіп, біліктілігін арттыруға

мүмкіндік алады. Үміткердің жоғары білімі,

кем дегенде бес жылдық еңбек өтілі болуы

тиіс. Ол туралы бір немесе үшке дейін

оң мінездеме берілуі тиіс. Мұны саяси

қызметшілерден бөлек, жас азамат еңбек

ететін мекеменің басшысы да жазып беруге

болады. Резервке енгендер басқарушылық

деңгейдегі лауазымдардан дәмете алады.

Орталық мемлекеттік органдарда да, салалық

деңгейде де, яғни, министрлер, вице-министрлер,

комитет төрағалары, квазимемлекеттік

секторда басшылық қызметтерге орналаса

алады.

Жас азаматтар PKRezerv.kz онлайн-платформасына

кіріп, аты-жөнін, ЖСН енгізгеннен

соң жеке кабинет ашылады. Міне, осы жерге

өзі туралы қажетті ақпараттарды толтырады.

Бұл – бірінші кезең. Мұның бәрін

кандидат үйінде отырып-ақ тындыра алады. Ал

екінші кезеңде тестілеуден өтеді. Бұл ретте,

үміткерлердің білімінен гөрі, креативті ойлау,

талдай білу қабілетіне мән беріледі. Яғни,

күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен

жұмыс істей алу қабілеті тексеріледі. Мұнда

да үйдегі веб-камерасы, жылдамдығы

5 мегабайттан асатын интернеті бар компьютерден

жауап беріледі. Үшінші кезеңде

кандидаттар эссе жазып, ойын жетік әрі

жүйелі жеткізу қабілетін көрсетеді. Сонымен

қатар, 5 минут ішінде онлайн арқылы жоба

қорғайды. Ол идеясы алдағы уақытта белгілі

бір аудан-қаланың, еліміздің қандай бір

мәселесін оңалтуға бағытталуы тиіс. Онлайнплатформа

толық цифрландырылған.

Сондықтан, нақты кандидаттың өзі

екенін тексеруге мүмкіндік бар көрінеді.

Осы кезеңдерден сүрінбеген жас азамат

төртінші кезеңде эксперттік комиссияның

алдына барады. Комиссия әрбірімен сөйлесіп,

іріктеп, ары қарай Президент әкімшілігі

жанындағы кадрлық резерв жөніндегі Ұлттық

комиссияға жолдайды. Міне, осында жоғары

балл алғандарды Президенттік жастар

кадрлық резервіне қабылдау турасында

шешім қабылданады.

Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

облыс бойынша департаментінің

басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов Президенттің

Жолдауындағы өз саласына қатысты негізгі

тұстарға тоқталды. Яғни, келесі жылдан бастап

бес жыл ішінде мемлекеттік қызметшілер

мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің

25 пайызға қысқаратынын сөз етті. Бұл

бағытта жұмыстар жүргізілуде. Айтуынша,

облысымызда бүгінде 3 мыңнан астам азамат

жергілікті атқарушы қызметте еңбек етеді.

Бұл салада 10 пайыз жұмыс орны бос тұр.

Тіпті, кейбірінде одан да жоғары. Мәселен,

Успенде мемлекеттік қызметшілер орнының

28 пайызы, Шарбақтыда 18 пайызы бос

көрінеді. Қысқарту кезінде бос орындарға

мән беріледі, деді Т.Жұмағұлов. Сондай-ақ,

үнемделген қаржы қызметшілердің еңбегін өсіріп,

ынталандыруға, мекемелердің материалдықтехникалық

базасын жақсартуға жұмсалатынын

айтты. Жергілікті атқарушы органдардың

жұмысын халық бағалайтын жүйе қолға

алынатыны белгілі. Бұл ретте, спикер пилоттық

жоба ретінде бірнеше өңір таңдалып, содан

кейін нәтижелі болса, жаппай енгізілетінін

атап өтті. Сыбайлас жемқорлық қылмыс

жасалған мекеменің бірінші басшысының

жауапкершілігі заңнамалық негізде бекітілетінін

де тілге тиек етті.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА 10 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл 3

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ

Қолтықтан демеу -

жанға медеу

Айдос Құрманқалиұлының бүгінде қос қуанышы қойнына

сыймай жүр. Жақсы жаңалықты баршамен бөлісуге асық.

Павлодар қаласының іргесіндегі Кенжекөлде үй жалдап тұратын

жалғызбасты әке жуырда үш баласымен облыс орталығынан

пәтерлі болмақ. Оған қоса, мойнындағы несиесі өтеліп, жеңілдеп

қалған жайы бар.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Кейіпкеріміз - үш баланың әкесі. Осыдан

он жыл бұрын жары мезгілсіз өмірден озып,

кішкентай балалармен жалғыз қалды. Ол

кезде кенжесі Қайсар небары екі айлық

еді. Әйтеуір, ата-анасының, іні-қарындастың

қолдауымен Айдос Құрманқалиұлы ұл-қызын

өсірді. Өзі Кенжекөлдің мәдениет үйінде

ұйымдастырушы болып еңбек етеді.

- Өзім Ақтоғай ауданының Жаңабет

ауылында туып-өскем. Қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Оқу бітірген

соң Лебяжі ауданының Шарбақты ауылына

жолдамамен кеттім. Әйелім де мұғалімдік

еңбек етті. Жарым мезгілсіз өмірден өткен

соң ата-анамның қолына қаланың іргесіндегі

ауылға қоныс аудардым. Кейін баспана

жалдап, жеке үй болуды жөн көрдім. Павлодар

қаласына толық емес отбасы ретінде пәтер

кезегіне тұрғаныма он жылдан асты. Осы

аралықта кезек шамалы ғана жылжыды. Жыл

сайын құжатты жаңартып отырдым. Содан

жуырда «Бақытты отбасы» бағдарламасы

жарияланып, менің де үміттенуге болатынымды

естіп, құжаттарымды тапсырдым, -

дейді Айдос аға.

Құжаттарын тапсырып, біраз уақыт

күтуге тура келеді деп жүрген сабырлы

жан екі аптадан кейін оң жауап алғанда,

қатты таң қалыпты.

- «Сізге банк «Бақытты отбасы»

бағдарламасы бойынша 10 млн. теңгені

мақұлдады» дегенді естігенде қуанышымда

шек болмады. Шыны керек, ерекше күйде

жүрмін. Банкке барып, менеджермен

сөйлестім, ұш ай уақыт берілді. Осы

аралықта қаланың кез келген жерінен

пәтер таңдап, банкке барамын. Бастысы,

үйдің «жасы» 40 жылдан аспауы қажет, -

дейді Айдос Құрманқалиұлы.

Осылай менеджермен сөйлесіп, тұра

бергенде тағы бір қуанышты хабар жеткен

көрінеді. Ұялы телефонына «ҚР Президентінің

Жарлығына сәйкес несиеңіз төленді» деген

хабарлама келеді.

- Осылай бір күнде екі қуанышқа кенеліп,

керемет күй кештім. Балаларымның қажеттілігіне

алған несиемнің 209 мың теңгесі қалған

еді, оны мемлекет толық жауып берді.

Жуырда жаңа пәтерлі боламыз. Ұл-қызым

Ернарым мен Жанарым, Қайсарым қатты

қуанып отыр. Міне, біздей жанға бұл - өте

үлкен демеу, жанымызға медеу. Мемлекетке

алғыстан басқа айтар жоқ, - дейді

Айдос аға.

Айдос Құрманқалиұлындай елімізде

500 мыңға жуық азамат несиелік жүктемесін

жеңілдетіп, бүгінде мәз-мейрам. Бұл санатқа

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес көп

балалы отбасылар, мүгедек балалары

бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан

айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік

көмек алатындар, жетім балалар жатады.

Өткен аптада алғашқыларына SMSхабарламалар

келіп, көпшілік сүйінші сұрай

бастады. Әлеуметтік желіде алғыс айтушылар

қатары артты. Тіпті, несиелік қарызы

300 мың теңгеден төменгілердің қарызы

толық жабылып, артылған ақшасы карточкасына

аударылды. Айта кету керек, ерлізайыптылардың

екеуінде де тұтынушылық

кепілсіз несие болса, екеуіне де 300 мың

теңгеден банкке несиесін жабуға аударылды.

Тағы айта кетерлігі, көпшілік мұндай

жеңілдетуден кейін бұдан былай несие

рәсімдеу қиынға соғады деп үркіп отыр.

Бірақ, Ұлттық банк өкілдері мұндай қауіптің

жоқтығын, ешкім қара тізімге енбейтінін

мәлім етті.

Қазіргі таңда Президенттің Жарлығы бойынша қарыз жүктемесінің

төмендеуі мен несиенің бір бөлігін жабу жүріп жатыр. Бұл

хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық

арасында бұл жеңілдікті кімдер пайдалана алады, қарызы

кешірілетіндердің тізімінде болмаса, не істеу керек деген

сұрақтар туындауда.

Өз мәртебеңізді

қалай тексеруге

болады:

- «enbek. gov. kz сайтына кіріңіз;

- «Борыштық жүктемені төмендету

бағдарламасына қатысу үшін

мәртебені тексеру» тетігін таңдау;

- өз ЖСН-іңізді жазып, мәртебеңізді

білу.

немесе:

- 111 бірыңғай нөмеріне хабарласу.

Тағы да:

- egov.kz электронды порталында

көруге болады.

Ең соңында басқа амалыңыз

қалмаған жағдайда ғана:

- ХҚО-ға барыңыз.

Алайда, егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса

және сіз сонымен келіспесеңіз, онда сізге 111,

8 (7172) 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмірлеріне

хабарласу керек.

Егер сізді тізімнен алып тастау себебімен

келіспесеңіз, онда Сізге банкке немесе несие

берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет.

Уақытыңызды әртүрлі жұмсауға болады,

бірақ біз әрқашан сіз үшін оңтайлы шешім

табуға тырысамыз және бос уақыттарыңызды

жақындарыңызға көбірек жұмсағандарыңызды

қалаймыз.

АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ

Тереңкөл ауданында «Ауыл - ел бесігі»

республикалық пилоттық жобасы

жүзеге асырылуда. Әлеуметтік саланы

дамытуға бағытталған бастама аясында

ауыл ішіндегі жолдар жөндеуден өтіп,

көшелер жарықтандырылуда.

Көшелер жөнделуде

Қазіргі уақытта Тереңкөл ауылындағы Аймауытов,

Байтұрсынов, Тәліпов және Елгин көшелерінде

жөндеу жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар,

Тәуелсіздік, Сұрағанов, Тәліпов және Базар

шағын көшесі жарықтандырылды. Бұдан бөлек,

Тәуелсіздік, Елгин және Панфилов көшелерінің

жолдарына тротуар төселді. Аталған орындарда

мектеп, балабақша, жағажай, мәдениет

үйі орналасқан. Мұндай игі істерге аудан

тұрғындары да ризашылықтарын білдіруде.

Мәселен, Тереңкөл ауылының тұрғыны, еңбек

ардагері Қонысбай Тағамбаев жаңа тротуар

балалар мен қарттарға өте ыңғайлы екенін

айтады.

- Ауыл көшелеріне жарық орнатылып, асфальт

төселуде. Әсіресе, білім ошағы, балабақша сынды

әлеуметтік нысандар орналасқан көшенің жолдарына

ерекше мән берілуде. Мұндай ауқымды

жұмыстар жергілікті жұртшылықтың жағдайын

жақсарта түспек. Осы орайда, басшылыққа

алғысымды білдіремін, - дейді зейнеткер.

Еңбек ардагері Лидия Ивченко Байтұрсынов

көшесіндегі тозығы жеткен жолдың жөндеуден

өткеніне риза. Аталмыш көше жаңбырлы күндері

тұрғындарды әбігерге салған. Енді тұрғындар

жаңа тротуармен жүретін болады.

Осылайша, «Ауыл - ел бесігі» жобасы жарқын

істерге жетелеп келеді.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕР

Ақпараттық топтар – аудан-қалада

Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның

тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты халыққа Жолдауын түсіндіру жөніндегі облыстық

ақпараттық топ мүшелері өңіріміздің аудан-қалаларын аралады. Олар жер-жерде тұрғындармен

кездесіп, Жолдауда айтылған ойларды ортаға салды.

Мәселен, облыстық сәулет және қала

құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан

Қақамбетов бастаған ақпараттық топ

Екібастұз қаласына қарасты Шідерті

кентінде тұрғындармен кездесті. Топ

мүшелері халыққа Президенттің Жолдауының

басты тұстарына тоқталды. Қалалық

ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйенсек,

ақпараттық топ өкілдері Жолдауда ел

экономикасына қатысты айтылған ойларға

тоқталды. Бұл ретте, облысымыздағы

индустриялық аймақтардың маңызын

сөз етті. Шағын және орта бизнеске

жасалатын қолдау тетіктерін атап өтті.

Жалпы, маңызды құжаттағы барлық

бағытты жан-жақты түсіндірді.

Тұрғындар да өз пікірлерін, сұрақтарын

ортаға салды. Шідерті тұрғындары алдағы

уақытта кентте баспана құрылысы жүргізілсе

деген ниеттерін білдірді. Мамандардың

мәлімдеуінше, қазіргі таңда үш жеке

тұрғын үй салынуда. Мәселе зерделеніп,

қажеттіліктің бары нақтыланса, жоба

қарастырылатыны айтылды. Сонымен

қатар, тұрғындар жылу желілерінің тозығы

жеткенін, оларды жөндеу қажеттігін алға

тартты. Кент әкімі Марат Какожановтың

айтуынша, бұл мәселе өте өзекті. Бүгінде

желілерді жөндеуге жобалар дайын. Яғни,

13 учаскеге арналған 184 млн. теңгенің,

7 учаскенің 50 млн. теңгелік жобасы

әзір. Алдағы жылы «Ауыл - ел бесігі»

бағдарламасы арқылы республикалық

бюджеттен алғашқы жобаға қаржы беріле

ме деген үміт бар. Бірақ тұрғындар әбден

ескірген құбырлар оған дейін шыдас

бермейді-ау деп қауіптенеді.

Ақпараттық топ Екібастұз қаласындағы

Достық үйінде де кездесу өткізіп, Жолдаудың

басым бағыттарын тарқата айтты.

* * *

Ертіс ауданына Мемлекет басшысының

Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру

мақсатында аймағымыздағы мемлекеттік

сатып алулар басқармасының басшысы

Аслан Урманов бастаған облыстық

ақпараттық тобы барды. Олар аудан

орталығындағы №4 орта мектебінде

ұстаздар қауымымен жүздесті. Топ

құрамындағы облыстық білім беру

басқармасы басшысының орынбасары

Жомарт Қарамбаев маңызды құжатта

айқындалған мақсат-міндеттерді түсіндіріп

айтып берді. Әсіресе білім саласына

қатысты жаңашылдықтар жайы сөз болды.

Ұстаздар жалақы көтеру, мұғалімдердің

жүктемесін азайту, жас мамандарды

қолдау мәселесін көтерді. Бұдан кейін

облыстық ақпараттық топ Панфилов

ауылына ат басын тіреді. Жергілікті

мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен

жүздесті. Жұртшылықты көбіне ауылда

шағын бизнесті дамыту мақсатында

несие алу талаптары қызықтырды.

Кәсіп ашып, нәсібін көруге ниетті

ағайынның сауалдарына ақпараттық топ

мүшесі,«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер

палатасының директоры Ербол Арынов

жауап берді. Жолдауда отандық бизнесті

қолдау бағытында көтерілген бастамаларды

түсіндірді.

* * *

Облыстық ақпараттық топ мүшелері

ақсулықтармен де жүздесті. Облыстық

мәдениет, тілдерді дамыту және архив

ісі басқармасының басшысы Ернұр

Дәуенов бастаған топ Мәмәйіт Омаров

және Евгеньевка ауылдық округтерінің

тұрғындарымен кездесті.

Топ өкілдері ел Президенті Қасым-

Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған

келелі мәселелерді жан-жақты түсіндіріп,

тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша

қолға алынатын шараларға тоқталды. Бұл

ретте мәдениет саласы қызметкерлерінің

жалақысы еселеніп, оларға әлеуметтік

жеңілдіктер қарастырылатынына айрықша

мән берілді. Сонымен қатар, елді мекендерге

«Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы

бойынша баратын жас мамандарға

қолдау көрсетілетіні, келесі жылдан бастап

енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандырудың тиімді тұстары айтылды.

Кездесу соңында тұрғындар Жолдауда

өзекті мәселелердің қамтылғанын атап

өтіп, жергілікті билік өкілдері белгілеген

міндеттерді іске асыру аясында ауқымды

іс атқаратынына сенім білдірді.

Г.ТҮГЕЛБАЙ,

Д.ЖҰМАДІЛ,

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.


4

10 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл ДӘУЛЕТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Бас тақырып

Сапа бойынша үштіктеміз

- Ринат Ерқаұлы, жол сапасы

қашанда маңызға ие. Бүгінде

облысымыздағы жолдардың

жағдайы қандай?

- Павлодар облысында жалпы

5 мың шақырымнан астам жол бар.

Оның 3814 шақырымы облыстық

маңызы бар жол болса, қалған

1600 шақырымы республикалық

маңызға ие. Айта кетейік,

облыстық маңызға ие жолдың 1600

шақырымына асфальт төселген,

1570-і - қиыршық тасты, ал 610

шақырымы - асфальтсіз жолдар. Жыл

сайын жол жөндеу жұмыстарының

сапасы мен бөлінген қаржының

мақсатты жұмсалуына баса мән

береміз. Соның нәтижесінде қазіргі

таңда аймағымыздағы жолдардың

қанағаттанарлық қалыптағы үлесі 82

Мінбер

Облыс аумағындағы жолдарды қалыпқа келтіру жыл сайын қарқын алып,

автокөліктердің тақтайдай тегіс жолмен зырлауына жағдай жасалуда. Биыл түрлі

қаржы көзінен жол жөндеу жұмыстарына және оны күтіп ұстау мақсатына

15,9 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл қаржыға 366 шақырым жолдың

жайын жақсарту көзделген еді. Салынып жатқан жолдардың сапасы мен бөлінген

қаражаттың тиімді жұмсалуы назарда ма? деген сауал туындайды. Тақырыпқа

орай облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының

басшысы Ринат Қойсоймасовпен аз-кем сұхбаттасқан едік.

пайызды құрап отыр. Жол сапасы

бойынша республика көлемінде

үшінші орындамыз.

- Жол жөндеу жұмыстары

қалай жүзеге асырылады?

Салынған жолдардың сапасы

қалай бақылануда?

- 2018 жылдан бастап облыста

жол жөндеу жұмыстары ресайклинг

әдісімен жүргізіліп келеді. Осылайша,

ескі асфальтті кәдеге жаратуға

мүмкіндік бар. Яғни, ескі асфальтты

шлам және цемент араластырып,

қайта өңдеп, қолданамыз. Суық

ресайклинг технологиясы арқылы

ескі төсемді қыздыру қажет емес.

Бұл қуатты үнемдеу жағынан да,

қоршаған ортаны қорғау жағынан

да маңызды. Оның үстіне жұмысқа

кететін шығын да азаяды. Ресайклинг

әдісінде жөндеудің сапасы

күрделі жөндеуден еш кем емес.

Алдағы уақытта осы әдіс арқылы

жұмыс істеуге көшпекпіз. Өйткені,

күрделі жөндеу жұмыстары қыруар

қаржы қажет етеді. Мәселен,

бір шақырымдық жолға күрделі

жөндеу жұмыстарын жүргізу

үшін 100 миллион теңге, қайта

қалпына келтірсе 150 миллион

теңге көлемінде қаражат кетеді. Ал

ресайклинг әдісімен бір шақырымға

орташа жол жөндеу жұмыстарын

жүргізуге 30-38 миллион теңге

аралығында қаржы жұмсалады.

Сондықтан осы әдіске көшсек,

сапа да ақсамайды, қаржы көзін

де үнемдеуге мүмкіндік аламыз.

Жалпы, жолдарды күтіп ұстау

бойынша жүйелі жұмыстар қолға

алынған. Жол құрылысы мен

жөндеуіне жұмсалған қаржының

желге ұшпауының алдын алу

мақсатында 2017 жылы облыс

әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасымен

көлік инспекциясына

үш жылжымалы бақылау бекеті

сатып алынды. Осылайша жүкті

шамадан артық тиеп жүйткитін

ауыр жүк көліктерімен күрес

күшейді. Бұдан бөлек, 2018 жылы

Павлодар облысының жолдарын

сақтау бойынша жол қозғалысының

алгоритмі құрылды. Оның құрамында

біздің басқармадан бөлек,

көлік инспекциясы мен жергілікті

полиция қызметі бар. Яғни,

барлық жолда бақылау құзырлы

органдардың көмегімен жүргізіледі.

- Биыл қандай жұмыстар

жүзеге асырылды? Нәтижесі

қандай?

- Ағымдағы жылы ауқымды

жұмыстар атқарылды. Жыл соңына

дейін жалпы 27 жоба жүзеге асырылады

деп жоспарлап отырмыз.

Қазіргі уақытта жолдардағы жөндеу

жұмыстары 80 пайызға аяқталды.

Жалпы, биыл Тереңкөл–Михайловка

бағытындағы жолдың 108

шақырымы жөнделді. Орташа

жөндеудің нәтижесінде 100

шақырымға асфальт төселді. Чернорецк-Ольгино-Успен

бағытындағы

жолдың 149 шақырымы жөнделуде.

Сонымен қатар, Ертіс ауданындағы

Панфилов-Бестөбе бағытындағы

жолда жұмыс қызу. Шақат–Шалдай

арасындағы 122 шақырым жол

жөнделіп, тақтайдай тегіс қалыпта.

Шегірен-Есілбай арасындағы 6,7

шақырым жол да асфальтталды.

Осы жылдың ең ауқымды жобасы

ретінде Екібастұздан бастап

Баянауылдағы Мәшһүр Жүсіп

кесенесіне дейінгі аралықтағы

жол жөндеу жұмыстарын айта

аламыз. Мұндағы жұмыстар жыл

соңына дейін толықтай аяқталады

д е п к ү т і л у д е . Қ а з і р г і у а қ ы т т а

60 шақырымына асфальт төселді.

Айта кетерлігі, биыл «Ауыл – ел

б е с і г і » б а ғ д а р л а м а с ы а я с ы н д а

900 миллион теңге қаржы бөлініп,

Баянауыл, Ертіс, Железин, Тереңкөл

аудандарындағы 60 шақырымға

жуық ауылішілік жолдар жөндеуден

өткізілді.

- Келер жылға қандай

жоспарларыңыз бар?

- 2020 жылы да жол жөндеу

жұмыстары бұдан әрі күшейе

түспек. Республикалық бюджеттен

қаржы бөлінсе, Екібастұз-Майқайың

бағытындағы жолдың 23-29 шақырым

аралығын жөндеу жоспарда

бар. Аққулы-Қазы-Майқарағай

бағытындағы 30, Шарбақты-Галкин-

Мақпал бағытындағы 30 шақырым

жолды жөндеп, аяқтау жоспарда

бар. Тағы бір айта кетерлігі, Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы

халыққа Жолдауында облыстық

және жергілікті маңызы бар

автожолдардың сапасын арттыруды

тапсырған болатын. Осы

ретте, облысымызда мақсатты

индикаторға қол жеткізу үшін

2025 жылға арналған кешенді

жоспар әзірленген. Бұл құжатқа

сәйкес 2022 жылға қарай жайлы

жолдардың үлесін 90 пайызға,

2025 жылы 95 пайызға жеткізуді

көздеп отырмыз.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан –

Мереке АМАНТАЙ.

«Заң талаптарын нақтылау қажет»

«Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – ұстаздікі». Мұғалімнің

қадірі туралы Мағжан Жұмабаев осылай айтқан еді. Соңғы жылдары

педагогтардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға ерекше мән беріле

бастады. Ұстаздардың жалақысын көтеріп, жүктемесін азайту қолға

алынды. Алайда, басынан реформа арылмайтын білім беру саласының

мәселелері мұнымен шектелмейді. Саладағы жаңашылдықтар және оның

нәтижесі жөнінде Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Екібастұз

қаласындағы дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған лицеймектебінің

директоры Гүлжан Әбішевамен сұхбаттастық.

- Гүлжан Есімбайқызы, ҚР

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан халқына Жолдауында

білім саласына қатысты бірқатар

өзекті мәселелерді сөз етті. Маңызды

құжатта айқындалған мақсатміндеттерден

не түйдіңіз?

- Мемлекет басшысы өз

Жолдауында білім беру саласына

қатысты көптеген түйткілдерді ашық

айтты. Соның ішінде, түрлі салаға

қажетті мамандарды даярлаудың

отандық жүйесі нақты еңбек

нарығынан тыс қалғанын тілге

тиек етті. Сондықтан оқушылардың

қабілетін айқындап, кәсіби бағытбағдар

беру саясатына көшуіміз

қажет. Құжатта «Дипломмен -

ауылға» бағдарламасының аясын

кеңейту жайы да қозғалды. Бұл қала

мен ауыл мектептері арасындағы

орта білім сапасының алшақтығы,

ауылдық жерлердегі білікті педагог

кадрлардың тапшылығы мәселелерін

оң шешуге септігін тигізері анық.

Білім берудің барлық деңгейінде

дербес қаржыландыру тәртібі

енгізілмек. Мұғалімдер мен

оқытушылардың әлеуметтік жағдайын

жақсарту бағытында маңызды

жұмыстар қолға алынбақ. Бұл

бағытта Мемлекет басшысы алдағы

төрт жыл ішінде педагогтардың

еңбекақысын екі есе арттыруды

тапсырды.

- Бүгінде білім беру сапасын модернизациялау

бағытында бірқатар

шаралар атқарылуда. Облыстық

мәслихат депутаты әрі лицеймектебінің

директоры ретінде

қандай мәселелерге мән берудесіз?

- Бүгінгі таңда білім саласын

модернизациялау аясында көптілділікке

мән беріліп отыр. Лицеймектебімізде

физика, химия,

информатика пәндерін ағылшынша

үйретуге бағытталған арнайы

курстар енгізілді. Ағылшын тілі

мамандарымен іскерлік байланыс

орнатылды. IT-сынып ашылды. Робот

жасау бойынша сабақтар жүргізіледі.

Сондай-ақ, оқу үрдісіне STEMбілім

беру және 3D модельдеу

сабақтарын енгіздік. Ол заманауи

технологияларға қатысты

теориялық білімдерін тәжірибе

жүзінде шыңдап, физика заңдарын,

бағдарламалау жүйесін, инженерия

саласының қыр-сырын ойын түрінде

меңгеруге мүмкіндік береді.

Мектеп пен ата-аналар

арасындағы байланыс нығая түсті.

Олар білім ордасының оқыту, тәрбие

беру жұмыстарына белсенді түрде

араласады. Осылайша, мектеп

қызметін басқаруда ата-аналар

кеңесінің рөлі артуда. Демеушілердің

көмегімен материалдық-техникалық

базамыз жақсарып келеді.

Оқушыларға тек білім беруге

ғана емес, ұлтжандылыққа

тәрбиелеуге мән беріп келеміз.

Әсіресе, рухани тәрбиеге сусындауда.

Ұстаздар, ата-аналар

қауымымен бірлесіп, еліміздің,

облысымыздың киелі жерлеріне

саяхат ұйымдастырылып тұрады.

Осындай жұмыстар арқылы білім

беру жұмысын әртараптандыруға

тырысудамыз.

- Соңғы уақытта білім беру саласында

жыл сайын түрлі реформалар

қолға алынуда. Толассыз өзгерістер

саланың тұрақты дамуына, білім

сапасын арттыруға кедергі болып

отырған жоқ па?

- Өмір бір орында тұрмайды,

заман тез өзгеруде. Білім беру

саласы сол заман ағымынан

қалыспауы тиіс. Оқушыларымыз,

түлектеріміз өздерін үлкен өмірде

күтіп тұрған жаңашылдықтарға,

қиындықтарға дайын болуы

қажет. Сондықтан саланың

реформаларға ұшырауы - заңдылық.

Жаңашылдықтарды көріп,

білген сайын білім беру жүйесінің

сапасын арттыруға мүмкіндік алып

отырмыз.

- Қазіргі кезде мектептерге

«Әліппені » қайтару, ағылшын тілін

4-5 сыныптардан бастап оқыту

туралы ұсыныстар айтылуда. Осыған

маман ретіндегі көзқарасыңыз қандай?

- Бұған қатысты нақты пікір

айту қиын. Кейбір мамандар

ағылшын тілін балабақшадан

немесе 1-сыныптан бастап оқыту

тиімді деп есептейді. Бұл пікірді

жоққа шығаратындар да бар. Ал

дарынды балаларға арналған білім

ордаларының оқу тәжірибесіне

сүйенсек, мектеп табалдырығын

аттай сала ағылшын тілін үйрене

бастаған балғындарымыз жақсы

нәтижелерге қол жеткізуде.

Ал «Әліппе» мәселесіне келер

болсақ, балалар 1-сыныпқа әртүрлі

білім деңгейімен келеді. Бірі әріп

таныса, екіншісі жазып та, оқып

та білмеуі мүмкін. Сондықтан

әліппе міндетті түрде болуы тиіс.

Бірақ балабақшада ма, мектепте

ме, соны айқындап алған жөн.

Егер мектепке дейінгі білім беру

мекемелері мен орта білім беру

ордалары арасында сабақтастық

сапалы деңгейге көтерілсе, онда

Әліппе негіздері балабақшаға

енгізілуі қажет деп есептеймін.

- Мемлекет басшылығы тарапынан

оқушы мен мұғалімнің оқу

жүктемесін азайту мәселесі айтылуда.

Осыған тоқталып өтсеңіз. Бұл

бастама қалай жүзеге асырылуда?

- Бұл тақырып Мемлекет

басшысының Жолдауында қамтылғанын

білесіздер. Мәселе өзекті

тұрғаны рас. Жақында Үкімет

отырысында «Педагог мәртебесі»

туралы заң жобасы таныстырылды.

Шыны керек, оның біраз талаптарын

нақтылау қажет. Мысалы,

ұлттық білім беру деректер қорының

(ҰБДҚ), Электронды күнделіктің

енгізілуімен және жаңартылған

білім беру жүйесіне көшуімізге

байланысты ұстаздардың жұмыс

жүктемесі арта түсті. Олар сабаққа

сапалы дайындалу, аталған ҰБДҚ

мен Күнделікті толтыруға көп

уақыт жұмсайды. Оқушылардың

да жүктемесі бұрынғы деңгейінде

қалды. Тек бес күндік оқуға

көшкеннен бері балалар атааналарымен

көбірек уақыт өткізіп,

жеке қызығушылықтарын дамытуға

мүмкіндік алды. Сондықтан ұстаздар

мен оқушылардың жүктемесін

азайту мәселесі күн тәртібінен

түскен жоқ.

- Депутаттық қызметіңіз

аясында атқарған жұмыстарға

тоқталып өтсеңіз. Сайлаушыларыңызбен

қаншалықты жиі

жүздесесіз?

- Сайлаушыларыммен жиі

кездесемін. Оларды толғандырған

жекелей мәселелерін біліп,

шешуге барынша көмектесемін.

Өзім әлеуметтік салада еңбек

ететіндіктен, көбіне осы бағыттағы

жұмыстарға мән беремін. Мысалы,

жақында «Nur Otan» партиясының

жергілікті филиалының өкілдерімен

бірлесіп білім беру мекемелерінің

асханаларына тексеру өткіздік.

Қайырымдылық шараларына ерекше

мән беруге тырысамын. Көпбалалы

ата-аналармен жиі жүздесемін.

«Nurly Ertis» бағдарламасы арқылы

Екібастұз қаласына қоныс аударған

азаматтардың әлеуметтік жағдайын

назардан тыс қалдырмауға тырысамын.

Олардың санатынан бір

кісіні лицей-мектебімізге жұмысқа

қабылдадық. Тұрмысы төмен

отбасыларға түрлі көмек көрсетуге

тырысамын. Жергілікті балалар

үйімен тығыз байланыстамыз.

Ана әрі ұстаз ретінде көмекке

зәру азаматтардың мәселелеріне

ерекше назар аударуға тырысамын.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбатты жүргізген –

Данияр ЖҰМАДІЛ.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ИГІЛІК 10 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл 5

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» - 2019

Байқау мәресіне жетті

Осымен алтыншы рет өтіп отырған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының республикалық

кезеңі өз мәресіне жетті. Облыстық кезеңнен сүрінбей өткен 17 отбасы республикалық

кезеңде бақ сынады.

Үздіктер

анықталды

ОТБАСЫ

Жексенбі күні еліміз «Отбасы күнін»

атап өтті. Атаулы күнге орай өңірімізде

түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

«Мерейлі отбасы - 2019» байқауына

Павлодар облысының атынан Төлеубаевтар

отбасы барған болатын. Аймақтық кезеңде

дараланған екібастұздық жанұя Нұр-Сұлтан

қаласында өткен байқаудың қорытынды

кезеңіне қатысты. Жүлделілер қатарынан

көрінбесе де, жанұядағы береке-бірлігі,

кейінгі ұрпаққа көрсетер үлгі-өнегесі бар

отбасы үшін байқаудың республикалық

кезеңіне жолдама алудың өзі жеңіс.

Ұлттық байқаудың шарты бойынша тек

бір ғана отбасы жеңімпаз атануы керек.

Биылғы жылдың бас жүлдесі атыраулық

Тілекқабыловтар отбасына бұйырған.

Жеңімпаз отбасыға бағалы сыйлықтарды

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері

және отбасылық-демографиялық саясат

жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы

Гүлшара Әбдіқалықова табыстады. Ал

Қ а р а ғ а н д ы о б л ы с ы н ы ң а т ы н а н қ а т ы с қ а н

Салхауовтар әулеті көптің көзайымына

айналды.

Cурет ғаламтордан алынды.

Айта кету керек, аталмыш жоба

басталғалы конкурсқа республиканың барлық

аймағынан 15 мың 197 отбасы қатысса,

олардың 9 мың 407-сі - ауыл тұрғындары,

5 мың 562-сі - көпбалалы отбасылар,

2 мың 735-і жас отбасылар болса,

2 мың 584-і - еңбек әулеттері. Мерекелік

шара соңы елімізге танымал эстрада

жұлдыздары мен өнерпаздарының

концертіне ұласты.

Қ.МҮСӘЙІП.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының

ұйымдастыруымен облыстық «Ең үздік жас отбасы»

байқауы өтті. Отбасы күнін мерекелеу аясында

өткізілген байқауға 12 жас отбасы қатысты. Екі

кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар әуелі өздерінің

танысу тарихын яғни «Love story» көрсетуімен

баяндаса, екінші бөлімде өз өнерлерін көрсетті.

Байқауға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары

Асхат Оралов жас отбасылардың өмір

жолына сәттілік тілеп, замандастарына үлгі боларлық

жанұя болуларын тіледі. Жобаның ұйымдастырушысы

«Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің

үйлестірушісі Жұлдыз Малдыбаеваның айтуынша,

сайысқа қатысуға ниет білдірген жас отбасылар

саны 17 болған.

- Бүгінгі байқауға мықтылардың мықтысын таңдап

алдық. Байқауға дейін жас отбасылар арасында

іріктеу кезеңі өткен болатын. Қатысып отырған

12 отбасының ішінде жуырда ғана отау құрғандар

мен жас болса да көпбалалы ата-ана атанған

замандастарымыз бар. Осындай байқаулар арқылы

көрермен ретінде келген колледж студенттері мен

өңір жастарына отбасылық құндылықты кеңінен

насихаттауымыз керек, - деді Ж.Малдыбаева.

Байқау нәтижесінде танысуын ерекше етіп

көрсетіп, өнерімен дараланған 5 отбасы үздік деп

танылып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Олар -

Павлодар қаласынан «Сапар» отбасы, ақтоғайлық

«Құсайындар», баянауылдық «Құдайберген», Ертіс

ауданынан «Дариға» және Май ауданынан «Жұлдыз»

отбасылары.

Корпорация қолдау

ауқымын ұлғайтуда

Аграрлық қаржыландыру нарығындағы ең белсенді ойыншылардың бірі -

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ. Компания 2001 жылы құрылған

және бүгінгі күні агро өнеркәсіп кешенін дамыту саласында өз қызметін

жүзеге асыратын ірі қаржы институты болып табылады. АНК Қазақстан

Республикасының агро өнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде айқындалған ауыл

шаруашылығы өндірісін дамытудың басым бағыттары бойынша кредит

беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Корпорацияның миссиясы жеке қаржы

институттарын тарту және АӨК субъектілерінің

құзыретін арттыру арқылы қаржыландырудың

қолжетімді және тиімді жүйесін қалыптастыру

жолымен елдің агроөнеркәсіптік кешенін

тұрақты дамытуға көмек көрсету болып

айқындалған.

Ең басты мәселе - осы миссияны

орындауға Корпорацияның қаншалықты

шамасы келетінінде. Егер Холдинг өзінің

еншілес компанияларын қаржыландыру

бойынша талдау жүргізсе, онда соңғы

жылдары Аграрлық кредиттік корпорацияда

қаржыландыру өскенін көруге болады.

2016 жылы «ҚазАгро» еншілес компанияларын

қаржыландырудың жалпы көлемі

224,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде

АНК – 122,2 млрд. теңге немесе 55%. 2017

жылы қаржыландырудың жалпы сомасы 245,7

млрд. теңгеге дейін өсті, оның 153,49 млрд.

теңгесі немесе 63%-ы АНК үлесіне тиді.

2018 жылы холдинг өзінің еншілес компанияларын

385,2 млрд. теңгеге қаржыландырды,

оның ішінде 258,7 млрд. теңгесі (68%)

АНК-ға жіберілді.

Осы салымдардың нәтижесі қандай?

Бүгінде Аграрлық несие корпорациясында

Қазақстанның барлық облыстары бойынша

16 филиал және 1 өкілдік жұмыс істейді.

Жалпы, 2001 жылдан бастап Корпорацияның

қолдауымен елде 20 мыңнан астам ауыл

шаруашылығы өнімін 157 ауылдық ауданда

біріктірген 203 несие серіктестігі құрылды.

17 жыл ішінде несие серіктестіктері арқылы

фермерлерге 381, 7 млрд. теңге сомасына

51,5 мың несие берілді.

Қазіргі таңда АНК тиісті лицензия негізінде

банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру;

кредит беру жолымен ауыл шаруашылығы

секторын қолдау жөніндегі бағдарламаларды

іске асыруға қатысу; отандық және шетелдік

инвестицияларды тарту; агроөнеркәсіптік

кешендегі инвестициялық жобаларды әзірлеуге

және іске асыруға қатысу; қаржы институттарын

қорландыру сияқты бағыттар

бойынша жұмыс істейді.

Осы бағыттардың әрқайсысы - еліміздің

агроөнеркәсіп кешенінің әр түрлі сегменттерінде

жұмыс істейтін нақты кәсіпорындар мен

өндірушілер. Егер «ҚазАгро» холдингіне

кіретін компаниялар жұмысының нәтижелеріне

қарасақ, көрініс осындай. Мысалы, 12 жыл

ішінде Холдингтің еншілес компаниялары

142 га жылыжайды қаржыландырды. Тек 2

жыл ішінде АҚҚ арқылы 40 га өнеркәсіптік

жылыжайлар қаржыландырылды, тағы

да 6 жоба қаралу үстінде. Бұдан басқа,

соңғы екі жылда, яғни корпорацияның өзін

қаржыландыруы айтарлықтай артқан кезеңде,

АНК мың гектардан астам өнімді бақтарды

құруға қаражат салды.

Корпорация мал шаруашылығын дамыту

бағдарламасын іске асыру бойынша негізгі

операторлардың бірі болғандықтан, АӨК осы

секторындағы жобаларды қаржыландыруға

үлкен көңіл бөлінеді. Осылайша, соңғы

екі жылда Корпорация бөлген қаражатқа

жалпы қуаты 9,5 мың бас тауарлы сүт

фермалары, қуаттылығы 48,1 мың тонна

құс фабрикалары, жалпы қуаты 104,1 мың

тонна құрама жем зауыттары құрылды.

«ҚазАгро» Холдингінің есептеріне сәйкес,

бұл көрсеткіштер Холдингтің барлық еншілес

компаниялары 12 жыл ішінде қаржыландырған

жобалардың жартысына тең.

Бүгінгі күні АНК қаржылық көрсеткіштері -

меншікті капиталы 153 млрд. теңгеге, активтері

438 млрд. теңгеге, қарыздық портфелі 372

млрд. теңгеге бағаланады.

2018 жылдан бастап Корпорация 2026

жылға дейін бекітілген жаңа Даму стратегиясы

бойынша жұмыс істейді. АӨК

дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған

жаңа мемлекеттік бағдарламасы негізінде

құрылған стратегия жедел қызметті жетілдірумен

қатар қаржы институттарымен әріптестікті

дамытуды және тікелей емес қаржыландыру

үлесін арттыруды көздейді. Мұндай тәсіл

шағын және орта бизнес секторын әртүрлі

кредиттік өнімдермен барынша қамту үшін

нарықтық саралаудың нақты саясатын

жүргізуге мүмкіндік беруге тиіс.

Стратегия қаржы институттарын қорландыру,

қарыздарды біріктіру, халықаралық қаржы

ұйымдарынан қаражат тарту үшін корпорацияға

ішінара кепілдік беру сияқты инвестициялық

бастамаларды қаржыландырудың түрлі

құралдарын енгізу жолымен АӨК субъектілерін

қолдауды ұсынады. Сонымен қатар корпорация

стартап-жобаларды несиелеу құралын

пайдалану мүмкіндігін бағалау бойынша

жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

Жаңа стратегияны енгізу нәтижелерін

бағалауға болады. АНК қызметін талдауға

сәйкес, 2018 жылы корпорация жалпы

259 млрд. теңгеге 7 390 қарыз алушыны

қаржыландырды, оның ішінде қаржы институттары

арқылы 6 685 қарыз алушыны жалпы

сомасы 132,3 млрд. теңгеге қаржыландырды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді

несиелендірудің ең үлкен көлемі кредиттік

серіктестіктер арқылы өтеді (75 млрд. теңге

сомасына 5 786 қарыз алушы). Жалпы,

НС саны жыл сайын артып келеді, бұл

институционалдық дамуды білдіреді. Сонымен

қатар, екінші деңгейлі банктер арқылы (36

млрд. теңге сомасына 69 қарыз алушы).

Несиелердің ең аз сомасы микроқаржы

ұйымдары арқылы берілді - 5 млрд. теңге

808 қарыз алушыға.

Тұтастай алғанда, Корпорация қаражаты

есебінен ауыл шаруашылығы өндірушілері

кредиттеудің жеті мамандандырылған

бағдарламасы бойынша қаржыландырылады:

«Сыбаға» етті мал шаруашылығын дамыту,

«Кең дала» көктемгі егіс және егін жинау

жұмыстарын жүргізу; «Іскер» жаппай кәсіпкерлікті

дамыту; «Агроэкспорт» экспорттық әлеуеті

бар жобаларды дамыту; «Агротехника» ауыл

шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын

сатып алу; Ұлттық қор қаражаты есебінен

инвестициялық бағыттарды Кредиттеу; «Агротехника»

ауыл шаруашылығы техникасын сатып

алу; «Агротехник»; негізгі құралдарды сатып

алуға, құрылыс-монтаждау жұмыстарына,

оның ішінде жаңғыртуды/қайта жаңартуды,

айналым қаражатын толықтыруды көздейтін

«Агробизнес» әмбебап кредиттік өнімі.

Аграрлық несие корпорациясының

қызметі жыл сайын жаңа қарқын алып,

ел экономикасының қайнар көзі - ауыл

шаруашылығы саласын дамытуға елеулі үлесін

қосуда. Барлық кредиттік бағдарламалардың

сандық көрсеткіштері орындалып, алға

қойған мақсаттар орындалып отыр. Оның

куәсі ретінде жоғарыда сөйлеген сандарды

айтуға болады.

А.ЖАКУПОВА.

(20194)


6 10 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл ЖАҢҒЫРЫҚ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

«Тілеуқабыл аты қалып, батыр

атанып кеткен»

Мәшһүр Жүсіп КӨПЕЕВ.

Ұрпаққа ұлағат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» атты мақаласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең

басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай біл» - делінген.

Рухани жаңғыру елдің ұлттық-рухани

тамырынан нәр алмаса, тарихқа сүйенбесе

дұрыс болмайтыны айдан анық. Ұлттық код,

ұлттық мәдениетіміз сақталып, ұрпақтанұрпаққа

дәстүрлі тәрбие, дәстүрлі әдетғұрпымыз

жалғаса беруі тиіс.

«Иман десе иман екен; ат - арыстан, нұр -

пейіштен хақ сөз». «Тілеуқабыл аты қалып,

батыр атанып кеткен» - деген аталы сөздер

дана философ, ақын, шежіреші, зерттеуші,

ғұлама тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің аузынан

шыққан. Әр ұлттың өз мақтаныштары бар.

Қазақ халқының мақтанышы - үш жүздің

басын қосып, елді біріктірген Абылай хан.

Абылай хан дәуірінде белгілі батырлардың

бірі болған Арғын-Бәсентиін-Иман руынан

шыққан Тілеуқабыл Дәулетбайұлы еді. 1830-

1850 жылдардың санау мәліметіне орай

Тілеуқабыл батыр 1740-1810 жылдары қазіргі

Жаңатілек ауылында (Май ауданы) өмір сүрген.

«Шаңдыжорық» - қазақ-қалмақ соғысының

соңғы шайқастарының бірі. Тілеуқабыл батыр

Солтанмәмет сұлтанның Батыс Қазақстан

жақтағы жорығына қатысқанын болжауға

болады. Өйткені Тілеуқабыл батырдың кенже

ұлының аты осы Батыс Қазақстанның Еділ

өзеніне берілген.

Тілеуқабыл батырда он ұл болған: Ақша,

Түгелбай, Құндақбай, Қабанбай, Елемес,

Егізек, Табылды, Серкебай, Жайнақ, Еділ.

1821 жылғы құжат бойынша Тілеуқабылдың

балалары Қабанбай мен Табылды старшина

тізімінде көрсетілген. Тілеуқабылдың ағасы

Тілеуберді имандарды басқарған атақты

би болған. Тілеуберді баласы Боқсары

1819 жылғы Омбы мұрағаттарындағы құжаттарында

Иман елі биі ретінде жазылған.

Сартай-Тілеуқабыл батырдың немересі

1820-1880 жылдары өмір сүрген. Палуан

болған, Көкшетауда аюмен күрескен.

1878 жылы Павлодар уезі Ақсу болысы

Иман ауылының биі болып Тілеуқабылдың

шөбересі Қазыбек Өмірзақов сайланды.

Қазыбек би 1905 жылы губернатордың

бұйрығын алып, 4 айға Мекке-Мәдинаға

қажылыққа аттанып, сол қасиетті жерде

орын тапқан.

Тілеуқабылдың шөбересі Тұрсынхан

Сәрсеновтің шақыруымен 1924 жылы Қазыбек

қажының ауылына дана бабамыз Мәшһүр

Жүсіп Көпеев ат басын бұрады. Мәшһүр

Жүсіп Көпеев осы кездесуде Иман руының

шығу тарихы мен Тілеуқабыл батыр туралы

ақпарат жазады.

Иман атамыздың тарихын зерттесек,

әлі де талай құнды деректер табамыз. Бір

мақалада тарихи тұлғаларымызды айтып

беру мүмкін емес. Дегенмен Сейітбаттал

Мұсабайұлы (1860-1925), Фазыл Сейітбатталұлы

(1890-1931), Хамит Молдағалиұлы (1874-1976)

сынды иманжүзді бабаларымыз болған.

Ыдырыс қажы Бүркітбайұлы (1856

ж.т.), Әбілғазы Ыдырысұлы (1880 ж.т.),

Әріп Баймырзаұлы (1880 ж.т.), Баймырзақ

Тоқтағұлұлы (1860ж.т.), Шәріп Тоқтағұлұлы

(1872 ж.т.), Баймақа (1860 ж.т.), Шайғазы, т.б.

ауқатты да беделді Иман руынан шыққан

жақсы жайсаңдар ұлағатты өмір кешкен.

Елге революция келіп, осынау халық қамын

ойлаған бай-болыстар, молда-имамдар

Керекудің «Ақ түрмесіне» жабылып, ұштыкүйлі

жоқ болды. Кәмпескеге ілігіп, бас

сауғалап басқа жақтарға ауып кетті.

Ұрпақтың міндеті – елін, шыққан тегін білу.

Маған түскен мәліметтер негізінде Иманнан

тараған соғыс, тыл, еңбек ардагерлерін

айта кетуді жөн санадым. Ел басына күн

туғанда Ұлы Отан соғысына қатысқан, елге

аман-есен оралған ардақты майдангер

батырларымыз: Жүнісов Айтен, Балкенов

Қорабай, Сенбин Қайролла, Ешмұратов

Қайыргелді, Сыздықов Мұқан, Смағұлов

Сағидолла, Ауғалиев Рамазан, Смағұлов

Жанайдар, Сағадат, Зияда Дүйсенбаевтар,

Махмет Молдағалиев, Мұстафин Қайыр,

Бақасов Әбдіғалым, Әлімбаев Сынықбай.

Осынау қан майданнан оралмаған немесе

хабарсыз кеткен бабаларымыз да бар.

Олар: Жүнісов Нұрахмет, Ерғазин Құжан,

Ауғалиев Шәріп, Әзенов Әбутәліп, Әділов

Жаппар, Хабиб Молдағалиев, Сүлейменов

Солтанәлі.

Иман руынан шыққан Тілеуқабыл батыр

бабаларымыздың ұрпақтары ішінде ұлағатты

ұстаздар болған. Олар үлкен аға-аналарымыз

Жарылғап Ықыласов, Бибәтимә (Бәтен)

Иманғалиқызы, Орман Жумкин, Шәбәй

Жанжақсықызы, Шаймардан Хайруллин,

Сағидолла Саттаров, Сламбек Алпысбаев,

Қабиден Алпысбаевтар еді.

Туысқан ағалар, інілер, апа-қарындастар

осы үлкен шараға атсалысып, қаражаттарын

берді. Құрметті ағайындар, Тілеуқабыл батыр

бабамыздың аруағы сіздерді қолдасын.

Алла тағала баршаңызға зор денсаулық,

ұзақ ғұмыр берсін!

Қыркүйек айының 14-і күні Май

ауданы Жаңатілек ауылында Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру»

бағдарламасы аясында Абылай хан дәуірінің

белгілі батырларының бірі Тілеуқабыл

батырға Арғын, Бәсентиін, Иман ұрпақтары

ескерткіш ашады.

Қанат ШАЙҒАЗИН,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

«Сыбаға» - ауылда мал өсіріп, оның санын көбейтуге

ниетті ағайынға берері көп бағдарлама. Бүгінде

оның игілігін көріп, агроөнеркәсіптік кешеннің

дамуына үлес қосып отырған ақсулықтар қатары

артып келеді.

Тәуекелге

бел байлап...

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Сақадай сай

Ақсу қаласы мен ауылдық аймағындағы көпқабатты үйлер, әлеуметтік нысандар

алдағы жылу маусымына дайын. Жоспарлы дайындық жұмыстары аяқталып,

елді мекендерге көмір жеткізу басталып кетті. Қақаған қыста қиындық тумас

үшін жылу, су жүйелері де жөндеуден өткізілді.

Сарышығанақ ауылындағы

«Бауыржан» шаруа қожалығының

басшысы Азамат Салқымбаев 2012

жылдан бері мал шаруашылығымен

айналысуда. Соның ішінде сиыр

мен жылқы бағытына ден қойған.

Бұған дейін 500 ірі қара мал

болса, «Сыбаға» мемлекеттік

бағдарламасы түлік санын одан

әрі көбейтуге мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, кәсіпкер Татарстан

Республикасының Набережные

Челны қаласынан «Швицкий»

тұқымды 100 бас ірі қара малды

62,5 млн. теңгеге сатып алды.

Сиырдың бұл түрі әрі етті, әрі

сүтті болып келеді екен. Сөйтіп, «Бауыржандағы» мал саны

600 сиыр мен 120 жылқыға жетті.

Шаруа қожалығында мал санының көбеюі жергілікті тұрғындарға

да тиімді. Себебі мұнда жаңадан 8 жұмыс орны ашылды. Олардың

қатарында бақташылар, тракторшылар бар.

Қожалық иесі осылайша мемлекеттік бағдарлама тек шаруашылыққа

емес, тұтас ауылдың дамуына оң серпін береді деп пайымдайды.

- Қазақ халқы бағзы заманнан ата кәсіппен айналысып келеді.

Ата-бабамыз жазда жайлауда, күзде күзеуде, көктемде көктеуде,

қыста қыстауда көшіп-қонып, төрт түлігін өсірді. Біз де қанымызға

сіңген, жанымызға жақын кәсіптен қалай шет қаламыз?! Мен жеті

жылдан бері сиыр мен жылқы өсіремін. «Сыбаға» бағдарламасының

нәтижесінде мал санын көбейтудің мүмкіндігі туды. Мұнымен

шектеліп қалмай, алдағы уақытта да мемлекеттік бағдарламаларды

тиімді пайдаланып, шаруашылықты одан әрі ілгерілетуді көздеп

отырмын. Балаларымды да осы кәсіпке баулығым келеді, - дейді

Азамат Салқымбаев.

Байқағанымыздай, тәуекелге бел байлап, еңбек еткендердің

жоспары да нық әрі сенімді болады. Мақсаттарына қол жеткізу

үшін тынбай еңбек етеді. Өйткені, сонда ғана кәсіптерінің нәсібін

көретінін біледі.

Ақмарал ЕРМАНАТ.

Ақсу қаласындағы нысандар

«ЕЭК» және «Қазхром» ТҰК» АҚ

қазандықтары арқылы жылытылады.

Биыл «ЕЭК» компаниясының Ақсу

жылу-электр станциясында №3

энергоблок жөнделді. Белгіленген

кестеге сәйкес, №8 блокты жөндеу

жұмыстары қарашада, №6 блокты

жөндеу келер жылдың ақпан айында

аяқталмақ. «Қазхром» ТҰК» АҚ

қарасты Ақсу ферроқорытпа зауыты

да қазандықтарды дайындауды қолға

алды. Бүгінгі күні жоспарланған

төрт қазандықтың біреуі жөнделді.

Қалған үшеуін қыркүйек-қазан

айларының соңында қолданысқа

беру жоспарланып отыр.

Жылу желілері де алдағы

маусымға дайындалды. «Теплосервис-

Ақсу» кәсіпорны өз қаржысы есебінен

250 метр желіні ағымдық,

1327 метр желіні күрделі жөндеуден

өткізді. Инвестициялық бағдарлама

аясында жалпы ұзындығы 1344

метр болатын желі де жөнделді.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң

сынақтар жүргізіліп, атқарылған

істің сапалылығын көрсетті.

Ал «Ақсу су арнасы» кәсіпорны

1290 метр су жеткізу құбыры мен

287 метр су тарату құбырын жөндеді.

Одан бөлек, «Дала» мердігерлік

ұйымы 14 шақырым магистральдік

желіні қалпына келтірді.

Жалпы, шаһарда 255 көпқабатты

үй бар. Олардың барлығы жылу

маусымына дайындық актілерін

алды. Сонымен қатар, кейбір

үйлердің подъездері, төбелері

жөнделіп, терезелері ауыстырылды.

Бұл мақсатқа 22 млн.

теңге жұмсалды.

- Биыл әлеуметтік нысандарды

жылыту үшін 9972 тонна көмір

қажет. Бұл көлем толығымен сатып

алынды. 1 тамыздан бастап мектеп,

ауруханалар, мәдениет, спорт

нысандарына 8370 тонна көмір

жеткізілді. Жолқұдық ауылындағы

орта мектептің қазандығы,

Шүлембаев атындағы және №1

орта мектептердің жылыту жүйелері

жөнделді. Ал «Балдәурен» сәбилер

бақшасына электр қазандық орнатылды,

- дейді Ақсу қалалық тұрғын

ү й – к о м м у н а л д ы қ ш а р у а ш ы л ы қ , ж о л а у -

шылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімінің басшысы Нұрбек

Конротбаев.

Ауылдық аймақ тұрғындарын

көмірмен қамту мәселесі де

назардан тыс қалған жоқ.

Мамандардың есептеуінше, ақсулықтардың

қыста бүрсең қақпасы

үшін 76,5 тонна көмір керек. Атап

айтқанда, шаһардағы 1541 жеке

үйге 16,5 тонна, елді мекендердегі

5821 аулаға 60 мың тонна қатты

отын қажет.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ХАБАРЛАМА 10 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл 7

ОТАНДЫҚ ӨНІМ

Ж.Аймауытов атындағы SARYARQA

SAMALY

облыстық қазақ музыка-драма

Жаңа өндіріс

МЕНШІК ИЕСІ:

театрының қыркүйек айының

«Павлодар облысы әкімінің

Р Е П Е Р Т У А Р Ы

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуни-

30-шы театр маусымының

кациялар министрлігі Ақпарат

11 қыркүйек

ашылуы!

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

сәрсенбі

19:00

Б.Соқпақбаев

«Балалық шаққа саяхат»

желілік басылымды есепке

/драма/

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

12 қыркүйек

бейсенбі

11:00

«Қаңбақ шал» ертегісі

/іссапар/

Газет 1979

жылы

«Құрмет

Алпысбай ХОНЖ

14 қыркүйек

Т.Нұрмағанбетов

белгісі»

cенбі

18:00 «Табалдырығыңа табын»

/драма/

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

19 қыркүйек

Б.Соқпақбаев

жұлдыз»

бейсенбі

19:00 «Балалық шаққа саяхат» жалпыұлттық

/драма/

сыйлығымен

марапатталды.

20 қыркүйек

Қ.Жүнісов

жұма

19:00 «Ғашықтар хикаясы»

ЖШС директоры

/лирикалық комедия/

Асқар ШӨМШЕКОВ

Театр труппасы Семей

Бас редактор

қаласында өтетін

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Қазақстанның халық

Телефоны: 66-15-30

20-25 қыркүйек

артисі Ә.Өмірзақованың

аралығында

100 жылдығына арналған

ЖШС-нің мекенжайы:

Қазақстан драма театрларының Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

ХХVII Республикалық

Редакцияның мекенжайы:

фестивальде

140000, Павлодар қаласы,

ЖОБА

Астана көшесі, 143-үй.

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

М.Әуезов атындағы Қазақ

Теле/факс 66-15-30

25-28 қыркүйек

Мемлекеттік Академиялық

драма театрының гастрольдік

Газеттің электронды

поштасы:

сапары

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Театр басшысы А.ТЕМІРБЕК Жауапты хатшы - 65-12-74.

Театрдың көркемдік жетекшісі Е.ЖУАСБЕК Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

Бас режиссер Ә.АҚАНОВ 66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09, 87753682271,

«Айналайын» - 66-14-63.

teatrpavlodar.kz онлайн билет - Тicketon Events «Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

Қайғылы жайттар

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

Павлодар облысының әкімі Б.БАҚАУОВ.

samaly»-ның компьютер

жиілеген

oрталығында теріліп, беттелді.

Сессия төрағасы

Е.АРЫНОВ.

Газет аптасына үш рет шығады,

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.БЕКСЕЙІТОВА.

апталық таралымы 12504 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

Биыл Павлодар облысында шомылу маусымы

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

кезінде 33 адам тілсіз жаудың құрбаны болды.

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Өкінішке қарай, бұл - соңғы он жылдың ішіндегі Газеттің сапалы басылуына

рекордты көрсеткіш.

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Айдана ҚУАНЫШЕВА - Биыл орын алған 10 оқиға Тапсырыс - 1793

(20192)

Павлодар қаласында, 7-еуі Ақсуда

тіркелді. Суда жүзу ережесін Хаттар, қолжазбалар,

Жоғарыдағы 33 адамның ішінде түсіндіру жұмыстары шомылу фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

10 бала бар. Олардың жетеуі маусымынан бұрын басталған

ата-ананың қарауынсыз жүрген.

қайтарылмайды.

еді. Құтқарушылар биыл өткен

Көлемі А4 (14 кегль)

Баланың біреуі бауырын құтқару жылмен салыстырғанда рейдтік форматындағы

кезінде суға батып кеткен. Бұл шараларды 3 есе көп жүргізіп, 2 беттен асатын материалдар

қайғылы оқиғалардың қатары тағы жадынамалар таратты, билбордтарды

орнатты. Рұқсат етілмеген Редакция оқырмандардан

қабылданбайды.

10 фактіге артуы әбден мүмкін еді.

Құтқарушылар жедел әрекет ету орындардың тізімі де көрсетілді. түскен барлық хаттарды тегіс

нәтижесінде суға батып бара жатқан Соған қарамастан мұндай орында жариялауды және оларға жауап

10 адамды ажалдан аман алып

беруді міндетіне алмайды.

жүзген 111 бала анықталып, атааналарымен

кездесу өткізілді. Жарнамалық

қалды. Оның ішінде бір жасөспірім

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

бар. Енді өткен жылғы статистикаға Қайғылы жағдайға тап болғандар материалдардың

көз жүгіртейік. Былтыр суға түсу ескертпелерге құлақ аспаудың мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

маусымы кезінде 24 адам суға салдарынан бақилық болып отыр.

кетті, оның 9-ы бала. Осылайша, Мәселен, Шарбақты ауданының Нөмірді әзірлеу барысында

әрбір шомылу маусымы кезінде

интернет ресурстарынан

4 тұрғыны Павлодар қаласындағы

алынған фотосуреттер де

аймағымызда 30-ға жуық қайғылы орталық жағалауда демалған. пайдаланылды.

жағдай орын алуда. Қайғылы 2 курстың студенттері өзара жүзуден

жағдайға ұшырағандардың басым жарысқа түседі. Өкінішке қарай,

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

көпшілігі ішімдік салдарынан суға 20 жастан асқан жігіт суға кетіп, денесі келмеуі де мүмкін.

кетсе, басқалары рұқсат етілмеген 4 күннен кейін табылды. Кейін

«Saryarqa samaly»-нда

орындарда шомылған. Облыстық олардың жүзе білмейтіні анықталды.

ЖАРНАМА 66-15-40 жарияланған материалдарды

төтенше жағдайлар департаменті Адам өміріне қауіп төндіретін істе көшіріп немесе өңдеп басу

бастығының орынбасары Самат

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

Асайынов қайғылы жағдайдың алдын

басты қатерге тігуге болмайды, -

66-15-42

дейді Самат Талғатұлы.

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

Баянауыл ауданына

қарасты

Майқайың кентіндегі

«Майқайыңалтын»

акционерлік

қоғамының жанынан

кірпіш өндіретін

кәсіпорын алдағы

уақытта іске

қосылады.

«Майқайыңалтын» АҚ-ның бас

директоры Қуаныш Ботиннің айтуынша,

бүгінде жаңа өндіріс орны

жұмысын бастауға дайын тұр.

Рұқсат құжаттары дайындалу үстінде. Арнайы сертификаттаудан

өткен соң кәсіпорын ел игілігіне қызмет етпек. Жаңа кәсіпорынды

салуға 92 миллион теңге жұмсалған. Өнім өндіріс қалдықтарынан

жасалатын болады.

«Майқайыңалтыннан» шығатын күл қалдықтарына цемент қосу

арқылы жаңа өнім пайда болмақ. Кәсіпорынның айына 30 мың дана

кірпіш өндіруге мүмкіндігі бар. Бір кірпіштің құны 179 теңге көлемінде

болмақ. Қ.Ботин кірпішті сату жағынан мәселе туындамайтынын

айтты. Себебі, қазірдің өзінде отандық өнімді сатып алуға ниетті

адамдар бар. Кірпішті үй салуға, басқа да құрылыс жұмыстарына

алаңсыз пайдалануға болады.

Жаңа өндіріс орнын ашу негізінде 12 адам жұмыспен қамтылатын

болады.

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің

Талдықамыс ауылын тарату туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан

Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының

11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік

басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының

4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының өкілді және атқарушы

органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің Талдықамыс ауылы

елдi мекен мәртебесiнен айырылуына байланысты есептік деректерден

шығарылсын және оның аумағы Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық

округі Көксиыр ауылының құрамына қосыла отырып, таратылсын.

2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық

мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз

ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

« П а в л о д а р қ а л а с ы э к о н о м и к а ж ә н е б ю д ж е т т і к ж о с п а р л а у б ө л і м і »

ММ-де лауазымдық тұлғаларымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп

Кодексін, Қазақстан Республикасының «ҚР мемлекеттік қызмет туралы»,

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын бұзу

фактілері туралы хабарлау үшін 32-11-08 сенім телефоны орнатылған.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Павлодар

облысы білім саласындағы бақылау департаменті қызметкерлерінің

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), «Қазақстан

Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын бұзу фактілері туралы хабарлау

үшін Департаменттің 61-82-75, 61-82-66 сенім телефондары жұмысын

жалғастыруда.

(20193)

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар

облысы департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде, Қазақстан

Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексін, «ҚР Мемлекеттік

қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қымыл туралы»

Қазақстан Республикасының Заңдарын, департаменттің мемлекеттік

қызметшілерінің бұзу фактілері орын алған жағдайда хабарлау үшін

32-47-43 сенім телефоны жұмыс істейді.

(20191)

алу бағытында ауқымды жұмыс

жүргізілгенімен нәтиже шықпай

отырғанын айтады.

Атап өтерлігі, облыс орталығында

33 жағажай жұмыс істеді. Оның

16-сы жеке меншік иелеріне тиесілі.


8 10 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ТУРИЗМ

«Біздерде мынадай бар...»

Өткен сенбіде Павлодар қаласының орталық

жағажайында облысымыздың әр өңірі мен еліміздің

бірқатар аймақтарының, көршілес Ресейдің туристік

мүмкіндіктері паш етілді. «Туризм PVL-2019» өңірлік

көрмесі аясында ауқымды жәрмеңке ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, бұл күні «Ертіс думаны» экологиялық

жүзу шарасы өз мәресіне жетті.

Данияр ЖҰМАДІЛ

Облыстық туризмді дамыту және спорт

басқармасының басшысы Марат Айдашевтің

айтуынша, дәстүрлі шара аймағымыздың

туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Биыл өңірлік көрмеге облысымыздың

барлық аудандарынан бөлек, Шығыс-

Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай

облысының, Ресейдің Алтай өлкесінің

өкілдері қатысты.

- Әр өңір павлодарлық жұртшылыққа

өздерінің туристік әлеуетін паш етуде.

Салада бәсекелестік күшейсе, сапа да

арта түсетіні белгілі. Сондықтан көрмеде

ресейлік туристік аймақтардың да таныстырылымы

өтуде. Негізінде, еліміз бен

солтүстік көршілеріміздің табиғаты ұқсас.

Біздің облысымызда да көздің жауын алар

әсем жерлер, денсаулыққа пайдалы орындар

баршылық. Тек оны дұрыстап насихаттай

білуіміз қажет. Сондай-ақ, осы шараның

көмегімен Ертіс өзені арқылы да туризмді

дамытуға болатынын көрсеткіміз келді. Осы

мақсатта «Ертіс думаны» экологиялық жүзу

шарасын қолға алдық, - дейді М.Айдашев.

БӘРЕКЕЛДІ!

Шыңғыс - финалда!

Мамыр айының ортасында облыс орталығында

өткен «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының

ІV маусымының аймақтық іріктеуінен дараланған

Шыңғыс Асығатұлы аталмыш доданың финалында

өнер көрсетеді. 25-27 қазан күндері Алматы

қаласында өтетін суперфиналда Шыңғыс Ертіс-

Баян өңірінің намысын қорғамақ.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Туристік көрме аясында облысымызға

қарасты аудандарда жаңадан ашылған

Облыстық іріктеу кезінде жұлдызды тәлімгерлердің жүрек қылын

дөп басқан Шыңғыс қазір Алматыдағы Республика сарайында

өтетін балалар ән байқауына қызу дайындық үстінде. Әкесі Асығат

Тұрғанбектің айтуынша, жас әнші жуық арада Алатаудың бөктеріне,

Алматы қаласына жол жүреді.

- Шыңғыс қазір оқуын оқып, дайындығын пысықтап жүр. Финал

уақыты жақындағанда өнер өлкесіне аттанады. Жұлдызды тәлімгері

Арман Қоңыровпен бірлесіп байқауда орындайтын әндерін, сахналық

киімдерін таңдайтын болады, - деді А.Тұрғанбек.

Байқаудың мақсаты – музыкалық және шығармашылық дарыны

бар балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп, болашақта жас

таланттардың шығармашылығын дамытуға көмектесу.

Шыңғыстың жұлдызды тәлімгері, әнші Арман Қоңырбаев өзінің

жас шәкіртінің республикалық байқауда да жеңіс туын желбірететініне

сенімді.

- Шыңғыс «Бала дауысының» облыстық іріктеуіне үлкен дайындықпен

келген болатын. Әр әнінің орындалуын мұқият қадағалайтын

Шыңғыс үшін бұл - жауапты сәт. Біздің алдымызда үлкен міндет

демалыс орындары таныстырылды.

Мысалы, биыл Аққулы ауданының тұзды

көлдеріне 5000-нан астам турист барған.

«Ертіс орманы» табиғи резерваты «Қарағайлы

алаңымен», ат туризмімен таң қалдыра

алады.

Алтай өлкесінің туристік аймақтары

жайында жергілікті туризмді дамыту

және шипажай қызметі басқармасының

өкілі Елена Линкина айтып берді. Оның

сөзіне сүйенсек, өткен жылы Ресейдің

көршілес аймағында 20 мыңнан астам

қазақстандық демалған.

- Біз Павлодардағы өңірлік көрмеге

екінші мәрте қатысып отырмыз. Алтай

өлкесі бірінші кезекте, Белокуриха шипажайымен

мақтана алады. Бұдан бөлек, ел

арасында танымал тұзды көлдері бар, -

дейді Е.Линкина.

Экологиялық жүзу аясында Ертіс

өзенінің жиегі қоқыстан тазартылды. Оған

қатысушылар 5 қыркүйек күні Аққулы

ауданының аумағынан екі қайықпен жүзіп

шыққан. Олар екі күннің ішінде 100 шақырымнан

астам жолды жүзіп өтіпті.

тұр. Ол - «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының

ІV маусымының жеңімпазы атану, - дейді А.Қоңырбаев.

Шыңғыстың биік белесті бағындыруына, құрметті оқырман,

сіздер де атсалыса аласыздар. Ол үшін Ұлттық ән байқауының

суперфиналында жерлесімізге SMS дауыс берулеріңіз керек.

Байқау, 25-27 қазан күндері КТК арнасында тікелей эфирде

өтеді.

Біз өз кезегімізде Шыңғысқа 2016 жылы «Бала дауысы»

І Ұлттық ән байқауының бас жүлдесін жеңіп алған жерлестеріміз

Мерхат Жылқыбаев пен Мария Затварницкаяның жеңісті

жолын тілейміз!

Суреттерді түсірген – Серік Қапаров.

Нысана

көздеді

СПОРТ ТЫНЫСЫ

Павлодарда биатлоннан балалар

мен жасөспірімдер арасында

Қазақстан Республикасы Федерациясы

Кубогының 3-кезеңі

өтті.

Биатлон бойынша өткен Федерация

кубогы Павлодар қаласында алғаш рет

ұйымдастырылды. Турнирге Қарағанды,

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарынан

2006-2007, 2008 жылы туған және

одан кіші спортшылар қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатына биатлоннан

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы

Мақсат Шаранов қатысты.

Мақсат Шаранов Павлодар облыстық

биатлон федерациясының басшысы

Николай Выдринді Қазақстан биатлон

федерациясының Алғыс хатымен марапаттады.

Биатлоннан өткен сайыс тартысқа

толы өрбіді. Шағын калибрлік қарудан

50 метр қашықтықта нысана көздеуден

2006-2007 жылы туған ұлдар арасында

қарағандылық Александр Вадутов

87 ұпаймен көш бастады. Қыздар арасында

дәл осы қашықтықта павлодарлық Виктория

Емельяноваға тең келер ешкім болмады.

Ол бұл жарыста 87 ұпай жинады. Ал 2008

жылы туған ұлдар арасында солтүстік

Қазақстан облысының спортшысы Данил

Сухарев 79 ұпай жинап, үздік атанды. Осы

сайыста өз тобында павлодарлық Милана

Дымовских топ жарды. Шаңғымен еркін

жүру сайысында (2006-2007 жылы туғандар

арасында) 5 шақырымдық қашықтықта

Қарағанды облысының спортшысы Александр

Вадутов 12 мин 50 секунд көрсеткішімен

топ жарды. Ал 2,5 шақырымға жарысқан

қыздар арасында бас жүлде қарағандылық

Надежда Щедринаға тиесілі болды.

Осылайша Павлодарда алғаш рет

ұйымдастырылған ҚР федерациясы

Кубогының 3–кезеңі өз мәресіне жетті.

Жарыстың ақтық сыны «Ертіс» шаңғы

базасында ұйымдастырылғанын айта

кеткен жөн.

Бүкіләлемдік

фестивальге

барады!

Жуырда Жапонияның Осака

қаласында жапон жауынгерлік

өнерінің ежелгі түрі – баттодзюцу

жекпе-жек түрі бойынша

шеберлік сағаты өтті. Әлемнің

әр мемлекетінен келген

спортшыларға аталған спорт

түрінен 10 дан иегері Мицухиро

Сарута дәріс берді.

Жапонияның көне жекпе-жек өнерінің

шыңына шыққан Мицухиро Сарута

шеберлігінің арқасында Гиннестің рекордтары

кітабына енген бірден-бір спортшы.

Шеберлік сағатына шақырылғандар

қатарында Қазақстан Республикасының

джиу-джитсу бойынша еңбек сіңірген

жаттықтырушылары, павлодарлықтар

Дәулет Әлжанов пен Әлиасқар Әлжановтар

да болды. Барлық сыннан сүрінбей

өткен қос спортшымыз сенімді ақтады.

Нәтижесінде, Дәулет Әлжанов Мицухиро

Сарутаның қолынан 3 дан сертификатын

алса, Әлиасқар Әлжанов 1 дан спорттық

атағын сәтті қорғады. Аталған спортшылар

жекпе-жектің бұл түрінен халықаралық

ірі жаттығу жиынына қатысқан алғашқы

қазақстандықтар екенін айта кеткен жөн.

Біздің спортшылардың өнеріне жоғары

баға берген Сарута Мицухиро Дәулет

Әлжановты 2020 жылдың қыркүйек

айында Жапонияның Осака қаласында

өтетін Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер

фестиваліне қатысуға шақырды.

А.ӘБДІЛҰЛЫ.

More magazines by this user
Similar magazines