14 қыркүйек, 2019 жыл №105 (15425)

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

14 қыркүйек, сенбі

2019 жыл

№105 (15425)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

Мерейлі маусым

ТЕАТР

Нақпа-нақ

Соңғы

18 жылда

отандық

машина жасау

өндірісі

24 есе

өскен

РАҚЫМШЫЛЫҚ

Жеңілдікті

пайдалан!

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік

кірістер комитеті жыл

басынан бері 2,9 млрд. теңге

көлеміндегі қарыздың негізгі

сомасын төлеген 114 849 жеке

тұлғаға қатысты 688,3 млн.

теңге өсімпұлды есептен

шығарды.

Облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры 30-шы

маусымның шымылдығын балалар әдебиетінің классигі Бердібек

Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» қойылымымен ашты.

30 жыл елмен бірге жаңарып, жасарып келе жатқан театр труппасы

жаңа маусымға тың серпіліспен келген. Өнер ұжымы осы кезеңде

жоспарлы жаңа 6 қойылымды ел назарына ұсынуды, сондай-ақ,

көрерменнің көзайымына айналған бірқатар спектакльдерді қайта

жаңғыртуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, ұжым ел аумағындағы

театр фестивальдерінде өнер көрсетеді.

Түйткіл:

МАЙҚОҢЫРДЫҢ МҰҢЫ

Суретті түсірген – Владимир Бугаев.

Жалғасы 12-бетте

Шалғай жатқан кей ауылдарда күрмеулі мәселелердің бары жасырын емес. Солардың бірі – Ертіс

ауданындағы Майқоңыр ауылы. Ешқандай ауылдық округтің құрамына кірмейтін бұл елді мекенде

350 адам тұрады. Жуықта бір топ тұрғын су мен жолға қатысты өзекті жайттардың барын айтып,

редакциямызға хабарласты. Мәселенің мән-жайын білмек болып шекараның түбіндегі ауылға жол

тарттық.

Толығырақ 4-бетте

Gismeteo.kz сайтының болжамына сүйенсек, алдағы аптаның басы жаңбырлы болғанымен, сейсенбіден күн

ашылып, температура жоғарылайды. Облыс бойынша күндіз ауа температурасы +24+26, түнгі мезгілде +12+14

градус жылы болады деп күтілуде.

Комитеттің хабарлауынша, 1,4 миллионға

жуық адам рақымшылыққа ілігіп,

13,9 млрд. теңге көлемінде қарыздың негізгі

сомасын төлеген жағдайда, 6,3 млрд.

теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылуға

тиіс.

2019 жылғы 13-14 тамыз күндері барлық

аумақтық департаменттер өсімпұлдарды

есептен шығару бойынша комиссия құру

туралы бұйрық шығарған болатын. Салық

қарызын Мемлекеттік кірістер комитетінің

www.kgd.gov.kz ресми сайтында «Салық

қарызының болуы/болмауы туралы

ақпарат» бөлімінде тексеруге болатынын

айта кетейік.

Биыл 3 шілдеде Қазақстан Республикасының

«Салық және бюджетке төленетін

басқа да міндетті төлемдер туралы»

кодексіне жеке тұлғаларға салықтық

рақымшылық жасауға мүмкіндік беретін

өзгертулер енгізілгені белгілі. Бұл

түзетулер 2019 жылдың 16 шілдесінде

күшіне енді. Сондай-ақ биылдан бастап

Қаржы министрінің тиісті бұйрығы

бойынша Өсімпұл сомаларын есептен

шығару ережелері жарияланды. Премьер-

Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы

министрі 2019 жылғы 9 шілдеде бекіткен

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

жасау бойынша Жол картасы жасалып,

Мемлекеттік кірістер комитетіне оны

жүзеге асыру міндеті жүктелді.

Айтып өтейік, қағида бойынша

өсімпұлдарды кешірудің жалғыз шарты –

жеке тұлғаның салық бойынша негізгі

қарызының төленуі. Мемлекеттік кіріс

органдарының өздері жеке тұлғалардың

жеке шоттарының жай-күйін күн сайын

бақылап отырады. Олар негізгі борышты

төлеген кезде үш жұмыс күнінен кешіктірмей,

өсімпұлды кешіру туралы тиісті шешім

қабылданады.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 14 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Бөле-жараБ

Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір аптаның

аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер балапанды

апта сайын санайды. Осы жеті күнде жер бетіндегі

тіршіліктен көңілге оғаш, көзге ерекше көрінгені

жетерлік. Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде,

дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә болған,

бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?

Жалақы теңсіздігін

кім тыяды?

Қазақстандық және шетелдік жұмысшылар арасындағы

жалақы теңсіздігі 2 есеге жуықтайды екен.

Шеттен келіп жұмыс істейтіндер өздері әкелген

қызметкерлеріне еңбекақыны жергілікті мамандарға

қарағанда үстемелеп беріп келеді. Компанияларда

арнайы тексеру жүргізген Бас прокуратура мен

еңбек инспекциясы осыған айқын көз жеткізіпті.

Бұл туралы осы аптада Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов

айтты.

- Бас прокуратура мен еңбек инспекциясы

63 мекемеде тексеру жүргізіп жатыр. Оның 38-інде

тексеру аяқталды. Өкінішке қарай, соның 19-ында

қазақстандық және шетелдік азаматтар арасындағы

жалақы айырмашылығы бойынша 161 факті

айқындалып отыр, - деп мәлімдеді министр мырза.

Жалпы, екі есе деген ресми мәлімет қана. Іс

жүзінде сырттан келгендерден 4-5 есе кем алып

жүргенін қазақстандық жұмысшылар талайдан бері

айтып та, тиісті орындарға жазып та жүр. Ал заң

бойынша қызметкерлерге жұмысқа кіргенде ұлты мен

азаматтығына қарамастан теңдей жағдай жасалуы

тиіс. Айта кетсек, жуырда Маңғыстауда «М-Техсервис»

компаниясының жұмысшылары жалақыларын

65 пайызға көтеру туралы талап қойған еді. Компания

басшылығы келісіп, хаттамаға қол қойғанымен, іс

жүзінде орындамаған. Қазір бұл мәселемен тиісті

министрлік және облыс басшылығы айналысып жатыр.

Тіл үшін жан пида...

Ресей билігінен удмурт этносы мен тілін қорғауға

көбірек көңіл бөлуді талап еткен удмурт ғалымы Альберт

Разин Ижевск қаласындағы Удмуртия мемлекеттік

кеңесі ғимараты алдында өзін өртеп жіберді. Оқымысты

қолына авар ақыны Расул Ғамзатовтың «Егер тілім

ертең болса құрымақ, мен дайынмын өлуге де

бүгін-ақ!» деген өлең жолдары жазылған плакат

ұстап шыққан екен.

Биыл жасы 79-ға толған Альберт Разин – философия

ғылымдарының кандидаты, доцент, Удмуртияның

ғылыми қайраткері. «Удмурт Кенеш» ұлттық қозғалысы

мен «Тодосчи» ғалымдар клубының белсенді мүшесі

болатын. Өткен жылы жазда Ресей мемлекеттік

думасы ұсынған, орта мектептерде Ресейдің байырғы

халықтары тілдерін міндетті пәндер қатарынан алып

тастау туралы заң жобасын қолдамауды талап етіп,

Удмуртия мемлекеттік кеңесінің төрағасы Алексей

Прасолов пен депутаттарға ашық хат жазған

ғалымдардың бірі еді.

Ресей президенті Владимир Путиннің «оқушыларды

орыс тілінен бөлек, Ресейдегі басқа халықтар тілін

үйренуге мәжбүрлеу дұрыс емес» деген мәлімдемесінен

кейін бұл елде байырғы халықтардың ана тіліндегі

пән мектептегі міндетті оқу бағдарламасынан алып

тасталуда. Еділ өзені бойындағы (Поволжье) бірнеше

республика бұған наразылық білдірді. Мысалы,

татар, башқұрт, чуваш қоғамы жергілікті биліктен

мектептерде ана тілдерінде оқытуды сақтап қалуды

талап етіп, тілі құрыған ұлтқа жойылып кету қаупі

төнеді деп мәлімдеген. 2002 және 2010 жылдары

жүргізілген бүкілресейлік халық санағының қорытындысы

бойынша, 8 жылда удмурт тілінде сөйлейтіндер саны

30 пайызға, яғни 463 мың адамнан 324 мың адамға

дейін қысқарған. Татар тілінде сөйлейтін ресейліктер

осы 8 жыл ішінде 1 миллион адамға азайған.

Тоқыраған келіссөз

Вашингтон «Талибанмен» келіссөз жүргізген ресми

өкілі Залмай Халилзадты Кабулдан кері шақыртып

алды. Осылайша, АҚШ бір жылға созылған Вашингтон

мен тәліптер арасындағы келіссөзді уақытша тоқтатты.

Ал «Талибан» қозғалысының өкілдері «АҚШ келісімге

қол қоймаса, зардабын тартады» деп сес көрсетті.

Д.Трамптың кездесуден бас тартуына 5 қыркүйекте

Кабулда болған жарылыс себеп болған. Ауғанстан

астанасындағы шабуылдан 12 адам қаза тапқан еді.

Олардың арасында америкалық сарбаз да бар. Бұл

шабуылды лаңкестердің аталған ұйымы мойнына

алған. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани келіссөздің

тоқырауына лаңкестерді айыптап отыр.

Апта оқиғаларын бөле-жара сөз еткен -

Апта оқиғаларын бөле-жара сөз еткен -

Мұрат

Мұрат

АЯҒАНОВ.

АЯҒАНОВ.

Тарихи интерактивті

карта құрастырылуда

Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Қазақстан

халқы» тарихи интерактивті картасын әзірлеуде. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында қолға алынған.

Тілеуберді САХАБА

Бұл жөнінде кеше облыс орталығындағы

«Қоғамдық келісім» мемлекеттік

мекемесінде «Ұлы даланың біртуар

тұлғалары және мемлекеттігіміздің

мыңжылдық дәстүрлері» атты дөңгелек

үстел барысында мәлімделді. Онда

аталмыш институт өкілдері карта

жобасын павлодарлықтарға таныстырды.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих

және этнология институты директоры,

тарих ғылымдарының докторы Зиябек

Қабылдиновтің сөзінше, аталған тарихи

карта бірнеше бөлімнен тұрады. Онда

қазақ халқының ең көне тарихи орындары

мен жүзге жуық ұлы тұлғалары туралы

материалдар қазақ, орыс және ағылшын

тілдерінде жарияланады. Тарихи картаны

үш тілде құрастырудың мақсаты – қазақ

тарихы мен мәдениетіне қызығушылық

танытқан шетелдік зерттеушілер

үшін қолжетімді ету. Бұл ҚР Тұңғыш

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың

2017 жылдың сәуір айында Қазақстан

халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында

берілген тапсырмасын іске

асыру аясында жасалуда.

- «Қазақстан халқы» интерактивті

картасы Ш.Уәлиханов атындағы тарих

және этнология институтының ресми

Бар қолдау - балаларға!

Биылғы оқу жылының басында аймақтағы аз қамтылған және

көпбалалы отбасылардан шыққан 14 488 оқушыға түрлі деңгейдегі

қайырымдылық көмектері көрсетілді. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық

білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлім

етті.

Нұржайна ШОДЫР

Бұған дейін хабарлағанымыздай,

республикалық «Мектепке жол»

акциясы осы жылдың 1 шілдесінде

облысымызда «Жүректен - жүрекке!»

ұранымен бастау алған болатын.

Аудандар мен қалаларда аталмыш

акцияны ұйымдастыруға бағытталған

іс-шаралар жоспары бекітіліп, сол

бойынша қайырымдылық концерттері,

әлеуметтік жәрмеңкелер өткізілген. Ал

мектептерде акция өткізу бойынша

ақпараттық-түсіндіру материалдары бар

стендтер орнатылып, облыстық білім

беру басқармасында және қалалық,

аудандық білім беру бөлімдерінде сенім

телефондары жұмыс істеген. Соның

нәтижесінде жағдайын айтып, өтініш

білдірген, көмекке мұқтаж барлық

балаға қолдау көрсетілді. Сондай-ақ,

демеушілер есебінен 6 619 оқушыға

49 миллион 316 мың теңгенің

материалдық көмегі тарту етілген.

Аймақтың бас ұстазы Дінислам

Болатханұлы бұл қайырымдылық

акциясына облыстағы шағын және

орта бизнес өкілдері, кәсіпорындар,

мәслихат депутаттары, мемлекеттік

құрылымдар мен үкіметтік емес

ұйымдардың белсенді қатысқанын

атап өтті.

Айта кетерлігі, балаларды мектепке

дайындауға арналған қайырымдылық

шарасы 30-шы қыркүйекке дейін

жалғасын таппақ.

сайтында орналастырылады. Яғни,

интернет жүйесін қолданатын кез

келген адам ашып қарап, қажетті

тарихи мәліметтерін ала алады.

Жалпы, Ертіс-Баян өңірі - тарихи

тұрғыда ең құнарлы мекен. Мұнда

өз есімдерін алтын әріппен қашап

жазып, руханиятқа үлкен үлес қосқан

тұлғалар баршылық. Міне, осы картаға

павлодарлықтар қандай жерлестерін

ұсынар екен және нендей ұсыныс

айтар екен? Осы мәселені талқылау

үшін келіп отырмыз. Сонымен қатар,

осы күнге дейін зерттелмей жатқан

кейбір тұлғаларды таныту үшін бірігіп

жұмыс істеуді ұсынамыз, - деді Зиябек

Ермұханұлы.

Институт өкілдері қолға алған

жобалардың бірі – Қазақстанның

тарихи энциклопедиясы. Директордың

сөзінше, мұндай құнды кітап біздің

елде бұрын-соңды жарық көрмеген.

Биылғы жылдың сәуір айында

алфавиттің «А» әрпінен «Ж» әрпіне

дейінгі аралықты қамтыған бірінші

томы жарыққа шыққан. Қазір екінші

және үшінші томдары әзірленуде.

Дөңгелек үстел барысында сол

тарихи энциклопедияға Ертіс-Баян

жерінен енгізілуге лайықты тарихи

оқиғалар мен ұлы тұлғалар туралы

ұсыныстар айтылды.

Шара барысында С.Торайғыров

Баспасөз мәслихатында, сондай-ақ

павлодарлық оқушылардың жазғы демалысын

ұйымдастыру шараларының

қорытындысы да сөз болды. Биыл

облыс бойынша 96 мыңнан астам

бала сауықтыру шараларымен және

жұмыспен қамтылған. Бұл мақсатқа

қазынадан 557,8 млн. теңге қаржы

қарастырылған. Сонымен қатар,

атындағы ПМУ профессоры, филология

ғылымдарының докторы Айман

Зейнуллина сөз сөйлеп, Ертіс-Баян

өңірінің тарихын аталмыш тарихи

институтпен бірігіп кешенді түрде

зерттеу қажет деген ұсыныс айтты.

- Бүгін тамаша жаңалықтың куәсі

болып отырмыз. Яғни, «Қазақстан

халқы» интерактивті картасын құрастыру

және тарихи энциклопедия

әзірлеу – ұлт тарихы үшін үлкен

жетістік. Енді осы энциклопедиялық

жинаққа біздің өңірден Қазанғап би,

Сәбит Дөнентаев сынды қазір көп

аталмай жүрген тұлғалар есімін енгізу

қажет. Дайындалатын материалдар

сол тұлғалардың өздерінің қолымен

жазылған тарихи мәлімет негізінде

әзірленуі керек. Бұдан бөлек, кезінде

біздің өңірге басқа елдерден жер аударылып

келген азаматтардың қазақтар

туралы естеліктері де енгізілсе, нұр

үстіне нұр, - деді ол.

Сонымен қатар, жергілікті ғалымдар

Ш.Уәлиханов атындағы тарих және

этнология институтымен бірлесіп

жұмыс жасауға ниетті екендіктерін

жеткізді. Яғни, енді әзірленетін маңызды

тарихи еңбектердің авторлық ұжымына

біздің өңірдің де ғалымдарын енгізу

және жергілікті жас тарихшыларға

сол институттан магистрлік грант

бөлу мәселелері ұсынылды.

оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру

барысында жалпы оқу қорының

қаражаты есебінен әлеуметтік тұрғыда

аз қамтылған отбасыларынан шыққан

14 980 бала, жетім және ата-ана

қамқорлығынсыз қалған 1 272 бала

және 2 431 мүмкіндігі шектеулі оқушы

демалыспен қамтылған.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА 14 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл 3

БАС ТАҚЫРЫП

Менингит -

төтеннен жабысатын дерт

- Гүлфайруз Төреханқызы, дәл

қазір облыс тұрғындары үшін

жұқпалы менингит ауруынан

қауіп бар ма?

- «Сақтансаң, сақтайды» демекші,

әркім алдымен ауырмайтын жол іздеу

керек. Сондықтан ата-аналар өздерінің

және балаларының денсаулықтарына

үлкен жауапкершілікпен қарағаны

дұрыс. Себебі, адам менингит

дертіне аяқ астынан шалдығуы

мүмкін. Ал асқындырып алған

жағдайда мұның соңы қайғылы

оқиғаға әкелуі ықтимал. Сол себепті

аурудан қауіп бар немесе жоқ деп

кесіп айту қиын. Биыл өңірімізде

балалардың вирусты менингитке

шалдығу оқиғасы тіркелді. Яғни,

жыл басынан бері облыс бойынша

21 баланың аталған ауруды

жұқтырғаны анықталды. Абырой

болғанда барлығына тиісті ем-дом

жасалып, сырқатынан құлан-таза

айықты.

- Менингиттің алғашқы

белгілері қандай және оның

алдын алу үшін не істеу керек?

- Менингит көп жағдайда

кенеттен басталады. Оған шалдыққан

науқастың басы қатты ауырады,

құсады, 5-6 сағаттан кейін денелерінде

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Облысымызға жыл басынан бері шетелден 3314 қара мал әкелінген. Биыл

тағы 7 мың бас жеткізу жоспарланған. Аймағымызға сау малдың әкелінуі

әбден тексеріледі. Жайсыз жағдайлардың алдын алуға бағытталған сан түрлі

шаралар қарастырылған. Соның бірі енді іске кіріспек арнайы бекеттер болмақ.

Мұндай шаралардың маңызы

алда тек арта түспек. Себебі, еліміз

2018-2027 жылдар аралығында

«Сыбаға» бағдарламасы аясында

шетелден 7-15 млн. бас қара мал

әкелуді жоспарлап отыр.

Аймағымызға әкелінетін азықтүліктің,

малдың сапасына қатысты

ескерту, бақылау қызметін атқаратын

бекеттің алғашқысы ағымдағы

жылдың маусымында Успен ауданында

ашылған. Ресеймен шекарада

орналасқан бекетте бүгінге

дейін бақылануы тиіс 225 тонна

тауар тексерілген. Нәтижесінде 80

бас мал тиелген екі көлік кері

қайтарылыпты. Бұл жөнінде облыстық

аумақтық ветеринарлық инспекция

басшысы Рашид Нұрбеков өңірлік

коммуникациялар қызметінде өткен

брифингте мәлім етті.

Спикердің сөзінше, жалпы

облыста полиция қызметкерлерімен

бірлесе жүргізген рейдтік шаралар

кезінде өнімдерді тасымалдаудағы

Жеті мыңы жеткізіледі

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Соңғы уақытта менингит қаупі қазақстандықтардың

алаңдаушылығын туғызып отырған жайы бар. Осыдан

бірнеше күн бұрын ғана Елордада балалардың

вирустық менингитке шалдығу оқиғасы тағы да

орын алды. Бұл жағымсыз жаңалықты естіген

тұрғындардан маза қашты. Мамандардың айтуынша,

энтеровирустық инфекция маусымдық

сипатқа ие аурулардың қатарына жатады және

оның таралу қаупі қараша айына дейін жалғасады

екен. Дерттің алдын алу үшін не істеу керек? Аймақ

тұрғындарының алаңдауына негіз бар ма? Бұл

сұрақтарға жауап алу үшін облыстық балалар

ауруханасы жұқпалы аурулар стационарының

қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гүлфайруз Нұрсейітті

әңгімеге тарттық.

бөртпелер пайда бола бастайды.

Сондай-ақ, адамның дене қызуы

39-40 0 С-қа дейін көтеріліп, қалтырап,

мазасызданады, терісі бозарады.

Дел-сал күй кешіп, әлсіздікті сезінеді.

Міне, осындай белгілер байқалған

жағдайда, бірден дәрігердің көмегіне

жүгінген жөн.

Айта кетерлігі, ауру жеңіл түрде

де, ауыр түрде де өтуі мүмкін.

Сонымен қатар, менингит тұмау,

баспа, суық тию, тонзиллит және

басқа да аурулар сияқты белгілермен

білінбей өтіп, асқынып кетуі ықтимал.

Мұның соңы бактериалды менингококк

инфекциясына ұласуы мүмкін. Ал

менингококк – өте қауіпті вирустық

ауру. Сол үшін әсіресе қазіргідегідей

ауа райы құбылып, салқын түсе

бастаған кезде денсаулыққа өте

мұқият болған абзал.

- Тұрғындарға менингитке

қарсы вакцина салына ма?

- Өкінішке қарай, елімізде тұрғындарға

менингитке және менингокк

инфекциясына қарсы жаппай егу

жұмыстары жүргізілмейді. Яғни,

бұл аурулардан сақтануға ешкім

кепілдендірілмеген. Сондықтан

әркім өз денсаулығын сақтай

білгені жөн.

заң бұзушылықтарға байланысты

107 әкімшілік іс қозғалған. Иелеріне

3 млн. теңгеден астам айыппұл

салыныпты. Көбінде құжаттарға

қатысты кемшілік жиі тіркеледі екен.

Айта кету керек, облысымызда

бес сыртқы және 3 ішкі

бекет жұмысын бастайды. Ішкілері

Қарағанды және Шығыс облыстарымен

шектесетін Май, Аққулы,

Баянауыл аудандарында қойылады.

Ал сыртқы бекеттер Ресеймен шекарада

ашылмақ. Бекеттер ашылса,

- Жыл сайын 1 қазанда елімізде

тұмауға қарсы екпе егу шаралары

басталады. Бұл науқан

менингиттің алдын алуға

қаншалықты әсерін тигізеді?

- Иә, санаулы күндерден кейін

елдегі емханаларда жаппай тұмауға

қарсы екпе егу жұмыстары басталады.

Вакцинаның денсаулыққа

тигізер пайдасы зор. Кез келген

жұқпалы вирусты алдымен иммунитеті

әлсіз, денсаулығында ақауы

бар адамдар жұқтырады. Ал екпе

бұл қауіптің алдын алуға көмектеседі.

Сол үшін де тұрғындарға тұмауға

қарсы екпе егілгені дұрыс. Оның

менингит ауруынан сақтануға да

оң әсері тиері сөзсіз.

Атап өтерлігі, қазіргі таңда

елімізде медицина қызметкерлері,

жүкті әйелдер (жүктіліктің 20-36 аптасында),

зейнеткерлер, диспансерлік

есепте тұрған науқастар мен жиі

сырқаттанатын балаларға мемлекет

тарапынан тегін екпе салынады.

Бұл да - үлкен көмек. Сондықтан

ауырып ем іздегенше, ауырмайтын

жол іздеуге ұмтылайық!

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Нұржайна ШОДЫР.

бұрындары жергілікті атқарушы

биліктің құзырында болған міндеттер

ветеринарлық органға өтеді. Әр

бекетте ветеринарлық маманмен

қатар, полиция, мемлекеттік кіріс,

ауыл шаруашылығы органдарынан

бір өкілден тәулік бойы қызмет

етпек.

Еуразиялық экономикалық

одақ елдерінен мал әкелу

кезінде шаруалар малды сататын

шаруашылықтың міндетті түрде

Кедендік одақ тізілімінде болғанын

назарға алуы тиіс, дейді Р.Нұрбеков.

Бұл - басты талаптардың бірі. Одан

кейін карантиндік шаралардың

сақталуы да қадағаланады. Яғни,

келісім жасалғаннан кейін сататын

шаруа да, кейін бізде қабылдап

алған шаруашылық та малды карантинге

қояды. Облысқа биыл 33

шаруа қожалығына мал жеткізілсе,

соның 30-ында карантиндік шаралар

аяқталған. Үшеуінде жалғасып

жатыр. Ірі қара малдың 1935 басы

Ресейден әкелінсе, 1289-ы Чехиядан

жеткізілген. 80 бас Эстониядан

алынған.

Мұралар -

«Музейлер

шеруінде»

Сәрсенбінің кешінде облыстық Бұқар жырау

атындағы әдебиет және өнер музейіне құнды

жәдігерлерді тамашалауға келгендердің қарасы

көп болды. Себебі, сол күні музей қызметкерлері

алғаш рет «Музейлер шеруі» акциясын бастап,

кешкі 21.00-ден 03.00-ге дейін жұмыс істеді.

Тілеуберді САХАБА

Шара барысында өңірдің

мәдени-рухани дамуына айрықша

үлес қосып келе жатқан жастар

залының екінші маусымы

ашылды. Музей басшысы

Жеңіс Молдабековтің сөзінше,

«Музейлер шеруі» акциясын

Нұр-Сұлтан қаласындағы

ҚР Ұлттық музейі бастап, эстафетаны

павлодарлық әріптестеріне

жолдаған. Енді Бұқар

жырау музейінің қызметкерлері

«Музейлер шеруін» одан

ары жалғастыруды Баянауыл

ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы

мемориалдық мұража-йына

бағыттамақ.

- Мақсатымыз - халқымызды

рухани тұрғыда сусындатып кеткен

тұлғалар есімін дәріптеу, олардың

қолданған заттары мен киген

киімдерін көрсету. Сонымен қатар,

енді өсіп келе жатқан өнерлі және білімді жастарды қолдау. «Музейлер

шеруін» түнгі уақытта белгілеу себебіміз күндіз жұмыстан босай

алмайтын азаматтарға мүмкіндік беру. Яғни, жұмыстан кейінгі бос

уақытты пайдаланып, асықпай музей аралау әрбір адам үшін қызықты.

Бұл шара осымен тоқтап қалмайды. Аудандардағы әріптестеріміз

қолдап, бұдан да қызықты әрі өзге де іс-шаралар ұйымдастырады

деп жоспарлануда, - деді Жеңіс Нұртасұлы.

Осы кеште музейге жиналғандар көрме залына көп қойыла

бермейтін құнды экспонаттардың 50-ге жуық түрін тамашалады.

Мысалы, кітаптар көрмесінің төрінде Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа»

романының 1926 жылы шыққан түпнұсқасы тұр. Сонымен қатар, басқа

да Ертіс-Баян жазушыларының құнды еңбектері топтастырылған.

Үлкен залға Қазақстанның Халық жазушысы, жерлесіміз Қалмұқан

Исабаевтың плащы, ақын, әнші Иса Байзақов пен көрнекті балалар

ақыны Мұзафар Әлімбаевтың шапаны, белгілі әнші Х.Әбуғалиеваның

концерттік көйлегі мен академик Н.Сағындықованың қамзолы қойылған.

Одан кейін ғалым Әлкей Марғұлан, ақын Мұзафар Әлімбаев, әншікомпозитор

Қали Байжановтардың тақияларын, Қалмұқан Исабаев,

Рамазан Тоқтаров сынды жазушылардың бас киімдерін, актер

Жанас Сқақовтың қалпағын және Шәкен Аймановтың «Алдар көсе»,

«Найзатас бөктерінде» киноларында ойнаған кезде киген бөркін

тамашалауға болады.

- Жалпы, «Түнгі музей» жобасы осыдан бірнеше жыл бұрын біздің

өңірде басталған болатын. Бүгінде ол республика деңгейіне шығып,

басқа облыстар ұйымдастыруда. Ал ҚР Ұлттық музейінде басталған

«Музейлер шеруі» акциясының бізде жалғасын тауып жатқанына

қуаныштымыз. Осындай жоба арқылы музейде атқарылып жатқан

игі істерді халыққа кеңінен насихаттай аламыз және көрермендерін

көбейте түспек. Сонымен қатар, өнерлі әрі білімді жастарға қолдау

көрсетіп, шабыттарына қанат бітіру мақсатында арнайы зал ашып

отырмыз, - деді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив

ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов.

Павлодар өңірінің өнерпаз жастарына арналған залға облысқа

және республикаға танылып жүрген ақындардан Нұрғанат Қайрат,

Абзал Қабдраш, Серікболсын Дүйсенбай, Ерболат Әміренов, Қазбек

Сағидолла, дәстүрлі әнші Жанболат Байсолтан, күйші Ерасыл Әділбеков,

суретші Анар Әубәкір, Гүлназ Дайырованың және республикалық

«Қазақ аруы - 2019» байқауының жеңімпазы Сәния Темірханованың

суреттері мен өмірбаяндары орналастырылған.

- Облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі

соңғы уақытта өзгеше креативті жобаларымен көзге түсуде. Бүгінгі

басқосу - соның бір дәлелі. Ел арасында жүрген талантты жастарды

қолдап, қолпаштап, көпшілікке танытуда үлкен істер атқарылуда.

Тізімнен өзімді көргеніме қуаныштымын. Музей қызметкерлеріне,

барша ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарым жоқ, - дейді

айтыскер ақын Абзал Қабдраш.

Кеш соңы ән мен күйге және ақындардың өлеңіне ұласты.

Құрметті облыс тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік

инспекторы Мақсұт Пернебайұлы Исахов 2019 жылғы 18 қыркүйекте

сағат 16.00-да Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі,

49-үй мекенжайы бойынша облыстық әкімдіктің ғимаратында

азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді.

Қабылдауға алдын ала жазылу 2019 жылғы 17 қыркүйекке

дейін жүргізіледі.

Анықтама телефондары: (Сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін)

8 (7182) 66-39-96.


4 14 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл ТҮЙТКІЛ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Майқоңырдың мұңы

Шалғай жатқан кей ауылдарда күрмеулі мәселелердің бары жасырын

емес. Солардың бірі – Ертіс ауданындағы Майқоңыр ауылы. Ешбір ауылдық

округтің құрамына кірмейтін бұл елді мекенде 350 адам тұрады. Жуықта

бір топ тұрғын су мен жолға қатысты өзекті жайттардың барын айтып,

редакциямызға хабарласты. Мәселенің мән-жайын білмек болып шекараның

түбіндегі ауылға жол тарттық.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Бірде көл,

бірде шөл...

Майқоңыр ауылында 1976 жылы

жалпы ұзындығы 6,8 шақырым

болатын жерасты су құбыры

салыныпты. Орталықтандырылған

жүйеден берілетін бұл су техникалық

мақсатта қолданылады. Яғни, үй

мен мал шаруашылығын дөңгелетіп,

бау-бақша суаруда пайдаланылады.

Бірақ 40 жылдан астам

уақытта құбырлар тозып, 10-ға

жуық жерден жарылған. Соның

салдарынан ауылдың бір бөлігінде

су көп, енді бір бөлігінде керісінше

қысымы төмен. Зейнеткер Қайыртай

Жұмбақов бұл мал ұстап, көкөніс,

жеміс-жидек салуға кедергі келтіріп

отырғанын алға тартады.

- Таза ауызсуды кешенді блокмодульден

аламын. Малды ауылдың

шетіндегі қолдан қазылған көлшікке

апарып суарамын. Ал бау-бақша

салып, күтіп, баптауға мүмкіндік

Тұрғындар суды

колонкадан алады

жоқ. Тіпті, орталықтандырылған

құбырдың суы менің үйіме дейін

жетпейді. Кейде тамшылап

қана ағады. Ауылдық әкімдік

қызметкерлеріне айтар назым

жоқ. Олар мүмкіндігінше әрекет

етіп жатыр. Ал аудандық әкімдік

өкілдері жыл сайын «құбырды

жөндейміз, жаңасын саламыз» дейді.

Сөйтіп, «құрғақ» уәдемен «семіртіп»

келеді, - дейді Қ.Жұмбақов.

Тағы бір тұрғын – Бағдат Кәрімов

құбырдың жарықтарынан аққан

су көктемде жерқойманы басып,

жазда лай көлшік пайда болып,

қыста қатып қалатынын айтты.

Мұның барлығы қолайсыздық

тудыратын көрінеді.

- Жер астындағы құбыр дәл

менің үйімнің қасынан жарылды.

Сондықтан судың барлығы аулаға

қарай ағады. Соның салдарынан

көктемде жертөлемді су басып,

қыс бойы сақтаған картоп, тосап –

барлығы су астында қалды.

Жерқойманың өзі құлауға шақ

тұр, - дейді Б.Кәрімов.

Белгілі болғандай, орталықтандырылған

су жүйесі 73 үйдің

тек жартысын қамтиды. Мәселен,

Қанат Жүсіпбаев есімді азаматтың

үйіне орталықтандырылған құбыр

Дәрігер Н.Сейсенбаева

әу баста тартылмаған. Сондықтан

суды ауылдағы 10 колонканың

бірінен тасиды.

- Таза ауызсуды кешенді блокмодульден,

ал кір, ыдыс жууға,

басқа да үй шаруашылығына қажет

суды жақын орналасқан колонкадан

аламын, - дейді Қ.Жүсіпбаев.

Ал тұрғындардың енді

бірі құбырдағы жарықтардың

шаруашылықты жүргізуге қолбайлау

еместігін алға тартты.

- Менің үйіме құбырдан келетін

судың қысымы жақсы. Жаз бойы

өсірген қызанақ, қияр, қырыққабат

басқа да көкөністерді керегімізге

жаратып, қалғанын сатамыз.

Қысқасы, суға қатысты еш қиындық

көріп отырған жоқпын, - дейді

ауыл тұрғыны Әмина Егімбаева.

Майқоңыр ауылдық әкімдігінің

бас маманы Бақыт Шегенованың

айтуынша, таяу уақытта құбырдың

екі жарығы дәнекерленеді. Сонымен

қатар, биыл орталықтандырылған су

жүйесін салуға қатысты жобалықсметалық

құжат әзірленді. Келесі

жылы құрылыс басталады. Ал

әзірге ауыл тұрғындары таза ауыз

суды кешенді блок-модульден,

техникалық суды орталық құбырдан,

колонкалар мен аулалардағы

құдықтардан алып отыр.

Жол жайы

Тұрғындар Иса Байзақов пен

Майқоңыр ауылдары арасындағы

жолдың сапасы көңіл көншітпейтінін

айтқан еді. 44 шақырым жолдың

бір бөлігіне қиыршық тас төселсе,

қалғаны – топырақты жол. Әсіресе,

көктем мен күз кезінде қатынас

қиындайды.

- Мен шағын автобуспен аудан

орталығына тұрғындарды тасумен

Құбыр жарығынан пайда болған көлшік

айналысамын. Қыстың күндері қар

басқан кезде мердігерлер уақытылы

тазалайды. Бірақ көктем, күзде

кей күндері жұмыссыз отыруға

мәжбүрмін. Жаңбырдан соң жол

үсті балшыққа айналып, жолға

шыға алмай қаламыз. Тіпті, кейде

жүк көліктерінің өзі батып қалады.

Ал жазда көлік дөңгелектерін жиі

ауыстыруға тура келеді. Себебі

қиыршық тас дөңгелектердің

жарылуына әкеп соғады, - дейді

ауыл тұрғыны, «Татанов» жеке

кәсіпкерлігінің басшысы Серік

Татанов.

Маңғыстау облысынан көшіп

келген тарих пәнінің мұғалімі

Махамбет Башаров жолға қатысты

өз пайымын білдірді.

- Мен – Шымкент қаласының

тумасымын. Осы уақытқа дейін

Алматы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау

облыстарында тұрдым. Өткен

жылы мемлекеттік бағдарлама

бойынша Павлодар облысына

қоныс аудардым. Ертіс ауданына

келгенімде жергілікті тұрғындар «екі

қиындыққа – қыстың суығы мен

жолдың сапасыздығына шыдасаң

болғаны» деген еді. Солтүстіктің

аязына етіміз үйренді. Ал жол

мәселесіне келер болсақ, мен

бұған дейін тұрған аймақтардағы

ауданаралық жолмен салыстырғанда

жағдай жақсы дер едім. Осы уақытқа

дейін жолда батып, тұрып қалған

емеспін. Әрине, оның сапасы

жақсарып, жөнделгенін, қазіргіден

жақсара түскенін қалаймыз. Менің

ұсынысыммен Ертіс ауданына өзге

өңірлерден 4 отбасы көшіп келді.

Олардың ешқайсысы кері кетіп

қалған жоқ. Демек, аудандағы

Жолдың жайы осындай

Осылайша, Майқоңыр ауылы тұрғындарын толғандырған түйткілдерді біліп

қайттық. Күрмеулі жайттардың түйіні көп ұзамай тарқайтынына сенгіміз-ақ келеді.

Жұртшылықты талай жылдан бері әуре-сарсаңға салған су мен жол мәселесі

ретке келтірілсе, шағын ғана ауылдың жағдайы жақсара түсер еді...

Суреттерді түсірген - Серік Қапаров.

жағдайлар өмір сүруге қолайлы, -

дейді М.Башаров.

Жергілікті әкімдік ұсынған

мәліметке сүйенсек, биыл Иса

Байзақов – Майқоңыр жолын күтіп

ұстау және грейдермен тегістеу

жоспарланған. Ал келесі жылы

сараптама мен жобалық-сметалық

құжат әзірленіп, топырақты жолға

қиыршық тас төселеді.

Тұрғындар

алаңдаулы

Редакциямызға хабарласқан

азаматтар жергілікті медициналық

пункттің жұмысына да алаңдаушылық

білдірді. 2016 жылы мұндағы

фельдшерлік-акушерлік пунктке жаңа

жедел жәрдем көлігі беріліп, күрделі

жөндеуге 11 млн. теңге жұмсалған

еді. Өткен жылы ғимаратта өрт

шығып, толығымен жанып кеткен.

Қазіргі уақытта медициналық пункт

әкімдіктің қарамағындағы жеке

үйде орналасқан. Мұнда жалғыз

фельдшер тұрғындарға ем-дом

жасайды.

- Надежда Сейсенбаева Майқоңыр

ауылында 40 жылға жуық

уақыт жұмыс істейді. Биыл

желтоқсанда зейнеткерлікке шығады.

Құрметті демалысына кеткен соң

біз дәрігерсіз қаламыз ба деп

алаңдаймыз. Өйткені шалғай ауылға

жас маманның келуі екіталай, -

дейді Қайыртай Жұмбақов.

Сонымен қатар, ол ауылда мал

дәрігерінің жоқтығы қиындық тудыратынын

айтты. Аудан орталығының

ветеринар мамандары ара-тұра

келіп, малдан қан алып, тиісті

шараларды атқаратын көрінеді.

Ал ауылға бекітіліп, осы елді

мекенде тұратын қызметкер жоқ.

Қорадағы төрт түлік ауырып

қалса, ауданнан мамандардың

келуін күтуге тура келеді. Уақытылы

көмек көрсетілмегендіктен жазда

5-6 мал шығын болды, - дейді

Қ.Жұмбақов.

Жоғарыда аталған соңғы екі

мәселе уақыт оздырмай шешімін

табуы мүмкін. Майқоңыр ауылының

әкімі Қайролла Нұрғажинов Түркістан

облысының Жетісай қаласына жол

тартыпты. Жергілікті тұрғындармен

жүздесіп, Ертіс ауданына қоныс

аударуға ниетті дәрігер мен мал

дәрігерін көшіріп әкелмек. Сөйтіп,

жақын арада жанға да, малға да

ем жасайтын мамандар Майқоңыр

ауылы тұрғындарының қатарын

толықтырмақ.

Майқоңыр ауылы,

Ертіс ауданы.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша

Көңіліңе тоқып ал!

Ұлылардан -

ұлағат

Ешқашанда үлкен қиыншылықтарсыз

үлкен істер болмайды.

Ф.Вольтер.

* * *

Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ.

У.Шекспир.

* * *

Сіздің істеріңіздің нәтижелерін басқалар

бағалайды, тек қана өз жүрегіңіздің

таза да әділ болуына тырысыңыз.

Д.Дескин.

* * *

Рақаттың ең зоры – басқалардың сіз

істей алмайды дегенін істей алуыңыз.

У.Бэджот.

* * *

Күте білгендерге бәрі өз уақытында

келеді.

О.Бальзак.

* * *

Бақыт әрдайым батыл адам жағында.

П.Багратион.

* * *

Асықпай ойланып алып, бірақ батыл

әрекет жасаңыздар, кең пейілділікпен илігіп,

бірақ табанды қарсылық көрсетіңіздер.

К.Калтон.

* * *

Шын дананы тануға болатын нағыз

белгі – шыдамдылық.

Г.Ибсен.

* * *

Кім болам десе, сол болу – ұлы адамның

ісі де, қолынан келгені болу – әр адамның ісі.

Жақсыдан үйрен!

Жарайсың,

жас шахматшы!

Аймағымызда дарынды балалар көп. Солардың

бірі – талантты шахматшы Малыгин Владислав.

Ол бүгінде Қазақстанның 14 жасқа дейінгі жас

шахматшыларының алғашқы ондығына енді.

Малыгин Владислав Павлодар

қаласындағы №9 гимназия-мектебінің

6-сынып оқушысы. Небары

4 жасынан бастап шахмат ойнаумен

айналысқан ол бұған дейін қалалық,

облыстық деңгейде өткен шахмат

турнирінің бірнеше дүркін чемпионы

атанды. Биыл Павлодар қаласында

ұйымдастырылған Қазақстанның

14 жасқа дейінгі классикалық чемпионатында

І орын, Чехияда өткен

халықаралық шахмат турнирінде тағы

да І орынды қанжығасына байлады.

Сондай-ақ, осыдан екі жыл бұрын

ҚР Білім және ғылым министрлігінің

кубогы үшін ұйымдастырылған

республикалық шахмат турнирінде

ІІ орынға ие болған.

Владиславтың бұл жетістігі - оның

зор талабының, еңбек сүйгіштігінің,

өзіне деген нық сенімнің нәтижесі, дейді ұстаздары.

Талантты жастың шахматқа әуестенуіне отбасы себепкер болған.

Оның айтуынша, бұл спорттық ойын түрімен атасы, анасы және

ағасы кәсіби түрде айналысады екен.

Қатарластарынан қабілеті жоғары, оқуда озат Владиславтың

математика, информатика пәндерінен де жетістіктері көп екенін

атап өткен жөн. Ол математика пәні бойынша өткен мектепішілік,

қалалық олимпиадаларда жүлделі орындарды еншілеп жүр.

- Бос уақытымда кітап оқимын, өлең жазамын, спорттық жаттығулармен

айналысамын. Ал мектепте сабақ оқумен қатар, қоғамдық жұмыстарға

белсене қатысамын. Түрлі үйірмелерге барамын. Құр босқа қарап

отыру – маған жат қылық. Адам көп оқып, еңбектенуі керек. Өмір

сонысымен мәнді, - дейді Малыгин Владислав.

Жас болса да жақсы нәтижелерге қол жеткізіп үлгерген еңбекқор

әрі талантты баланың бұл сөзі өзгелерге үлгі боларлықтай.

Н.АҚЫТЕГІ.

Балауса жыр

Анама хат

Анашым, айналайын, жаным анам!

Арнап хат жазайын деп алдым қалам.

Жүрегімнің түбінде бойлап жатқан,

Тарқатайын сырларымды бар жанымнан.

Күндей нұрлы анашым, саябағым,

Тоғыз ай құрсағыңда аяладың.

Шыбын жаның шыққанша сәбиім деп,

Мен үшін ешқашанда аянбадың.

Анашым, айналайын, жаным анам,

Сыйладың күндей жарық өмір маған.

Кетпесінші бақытың жанарыңнан,

Сол бақытың менмін ғой оттай жанған.

Айдай сұлу анашым – жан шуағым,

Әлпештеген, жеткізген сен ғанасың.

Өзгелерден ерексің, дарасың сен,

Басымды ием алдыңда, жан анашым!

Әйгерім СЕРІКБОЛ, оқушы,

Ақсу қаласы, Үштерек ауылы.

Сөзжұмбақ

А

л

т

ы

н

к

ү

з

1. Ас ..... – нан.

2. ..... алма, алғыс ал.

3. ..... тарыға тоймайды.

4. .... алды ынтымақ.

5. ... тәуекел – ер ісі.

В.Гюго.

6. ..... – білім бұлағы.

7. ....... құрмет, кішіге ізет.

8. ....... түлкі болса, тазы

болып шал.

Құрастырған: Арайлым АТШЫБАЙ,

Кенжекөл орта мектебінің 7-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Фотоэтюд

Қарбыз толы алабым -

Жаңылтпаш

Жаңылмай жаттай

жүрейік!

Үш кіші ішік

піштім,

Бес кіші ішік

піштім,

Неше кіші ішік

піштім?

* * *

Ян-ян-ян

Жүгіріп жүр қоян.

Ян-ян-ян

Бұл қоян емес, шаян!

* * *

Екеуінің жасы шамалас,

Бірінің шашы - қарашаш,

Бірінің шашы -

ақ шаш аралас.

Тартуы кең даланың.

Үлкейгенде айтулы,

Агроном боламын!

* * *

Класта ақ бор бар,

Көк бор бар,

Көп бор бар.

* * *

Ғарышкер ұшты ғарышқа.

Ғарышқа ұшты ғарышкер.

Айтшы, ғарыш алыс па?

Жазып алған:

Айкөркем СЕРІКОВА,

2-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.


6 14 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ

«Айналайын» - ақпарат

Көңілді эстафета

Денсаулық - зор байлық. Ал салауатты өмір салтын насихаттау

үшін спортпен айналысудың маңызы зор. «Денсаулық

күні» акциясы аясында Павлодар ауданына қарасты Сычев

негізгі мектебінде спорттық іс-шаралар өтті.

Аталмыш шараның басты мақсаты – балаларға көңілді демалыс ұйымдастырып,

салауатты өмір салтын насихаттау. Сол арқылы спортқа жаны жақын оқушыларды

анықтап, оларға қолдау көрсету. Осы бағытта ұйымдастырылған жарыс

бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды. Балалар қағаз парақты жеткізу,

секіру, шеңбер арқылы өту және басқа да спорттық ойын түрлері бойынша

бақ сынады. Акция өте көңілді өтті. Эстафетаға қатысқан педагогтар мен

оқушылар өздерін бір отбасындай сезініп, үлкен әсер алғандарын айтты.

Шара соңында балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Адалдық сағаты

Валентина КИРШИНА,

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Сычев негізгі мектебі,

Павлодар ауданы.

Жаңа оқу жылы басталысымен барлық оқу орнында кез келген

теріс әрекеттің алдын алу және оны жастарға түсіндіру үшін

8-11-сынып оқушыларына арналған адалдық сағаты өтті.

Мұндай игі шара Железин ауданындағы №3 мектепте де

ұйымдастырылды.

Жаппай бірыңғай сабақтың негізгі мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында

адалдық пен парасаттылық қасиеттерін қалыптастыру, оларды адал жолға

шақыру.

№3 мектептегі тәрбие сағатына Железин аудандық қаржы бөлімінің басшысы

З.Үсембаева қатысып, оқушыларға өнегелі өмірдің адал жолдарын түсіндіріп,

әділ болуға шақырды. Өмір кезеңдерімен байланыстырып айтқан әңгімесінде

оқушылардың бойына рухани адамгершіліктің асыл қасиеттерін ұялата отырып,

жаман қылықтар мен істерден аулақ болуға, өздігінен ізденуге, өзін-өзі басқаруға

бағыт-бағдар берді. Адалдық сағаты барысында бейнефильмдер көрсетіліп,

сұрақ-жауап арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы адалдыққа тәрбиелеу шаралары жыл

бойы өз жалғасын табады деп жоспарлануда.

А.ХАНЕНКО,

№3 мектептің аға тәлімгері, Железин ауданы.

ФОТОЭТЮД

Өтірік

өлең

Осы жылы алғаш рет

Егін салдым ғарышқа.

Өнім өте көп шықты,

Кенелдім мол табысқа.

Жинап алдым тонналап,

Ағыл-тегіл жемісті.

Аласыздар ма, сатамын,

Бағасы да келісті.

Ерасыл БАТЫР,

оқушы, Павлодар

қаласы.

Қыз қылығымен

тәтті.

Айзере Ерсайынқызы, 4 жаста.

Бала тілі – бал

Несі жаман?!

- Балам, ертең өскенде кім

боласың? - деді бір қария немересіне.

- Аяз ата!

- Неге, құлыным-ау?

- Бір апта жұмыс істеп, жыл

бойы демалғанның несі жаман? -

деді немересі.

Іздеп жатқан

шығар...

Орталық стадионда футбол

өтіп жатыр.

- Балам, - дейді жанкүйерлердің

бірі жанындағы 5-6 жасар балаға.

- Мұндай қымбат билетке ақшаны

қайдан таптың?

- Әкем сатып алды.

- Ал оның өзі қайда?

- Үйде. Осы билетті іздеп жатқан

шығар, - деді әлгі бала.

Басым жалғыз

Әкесі баласына ренжіп:

- Ұлым-ай, әлі күнге дейін есепті

саусағыңмен есептейсің, баспен

есептеу керек қой, - деді.

Сонда ұлы:

- Ой, әке, басымнан саусақтарым

көп қой, - деді.

Кім тапқыр?

Ұйқастарын

табыңдар!

Үйіңде сенің бар ма

Бала таситын ....?

* * *

Төрге оны төсеп,

Қабырғаға ілем.

Оның аты - .....

* * *

Ағып жатыр бұлақ,

Жағасында .....

Кітаптан саған таныс,

Бұл аңның аты - .....

* * *

Аққуды жұрт мақтайды,

Оны ешкім .......

* * *

Қолымда тұр жүген,

Қораға оны ....

* * *

Атқа мынау күрең,

Секіріп мен .....

* * *

Әкем жүйрік қара атты,

Жаздай баптап .......

«Балдырған»

журналынан.

Үш жігіт

Ертеде Алдияр деген байдың Қасым,

Алмас, Мығым есімді үш ұлы болыпты. Үшеуі

де өнерпаз екен. Қасым садақ тарту жағынан

мықты болса, Алмас қылыштасудан алдына

жан салмапты. Ал Мығым атақты палуан

болып, елге танылыпты. Сөйтіп, күндердің

күнінде ол үшеуі ер жетіп, Айсұлу атты айдай

сұлу аруға ғашық болыпты. Ол ару Алдияр

байдың жан досының қызы болса керек.

Бір күні Алдияр қатты ауырып, ұлдарын

шақырып алып, барлығына жинаған

мал-мүлкін бөліп беретінін және дүниедегі

адам таңқаларлық ең әдемі затты кім тауып

әкелсе, сол ұлына досының сұлу қызын

айттырып, үйлендіретінін айтады. Мұны естіген

ұлдар үш жаққа бөлініп, дүниедегі ең әдемі

затты іздеуге кіріседі. Мығым шығыстағы

патшаның сарайына барады. Оның көзі

сол жердегі сиқырлы дүрбіге түседі. Әлгі

дүрбінің кереметтігі сондай, жердің қиыр

шетіндегі барлық көріністерді көрсете алады.

Мығым патшаның айтқан шартын орындап,

әлгі дүрбіні алып, кері қайтады. Ал Қасым

батыстағы ханның сарайына барып, ондағы

дүниелерді тамашалайды. Бірде оның көзі

сарайдың сыртында жайылып жүрген бір

қасиетті қойға түседі. Тұрғындардың айтуынша,

бұл қой өте киелі әрі оның етін жеген

адам жасарып, мәңгі жасайтын көрінеді.

Ханның қаһарынан қорыққан жұрт қойдың

маңынан өтуге де жүрексінеді екен. Осыны

білген Қасым ханға келіп, қасиетті қойды

сатуын сұрайды. Хан оған өз шартын қояды:

«Көзіңді байлап қойып, бір баланың басына

алма қойып, садағыңмен дәл көздеп ат.

Егер жазым кетсең, жазаңды аласың,

ал мергендігіңді дәлелдесің мына қойды

аласың», - дейді. Қасым ары-бері ойланып,

жазықсыз сәбиді қорқытып, қорлағанша,

қойды алмай-ақ қояйын деген шешімге

Ертегілер елінде

келгенін айтады. Оның мұндай адалдығына,

адамгершілігіне тәнті болған хан қасиетті

қойды сыйға тартады. Сөйтіп, мерген Қасым

қойды көтеріп алып, үйіне қайтады. Солтүстікке

аттанып кеткен Алмас сол жақтағы қалың

базарды аралап жүріп, бір жүйрік тұлпарға

таң қалады. Ол жануар бір секундта бір

шақырым жерді шауып келеді екен. Алмас

ауыл тұрғындарына қалағанын беріп, әлгі

тұлпарды мініп, үйіне қарай зулайды.

Үйге барар жолда үш ағайынды жігіт

кездесіп, бір-біріне олжаларын көрсетеді.

Қасым сиқырлы дүрбісін алып, әкесін көреді.

Сөйтсе, ол хал үстінде көз жұмғалы жатыр

екен. Олар Алмастың жүйрік тұлпарына отыра

салып, бір-екі минутта үйіне шауып келеді.

Дереу Қасым қасиетті қойын сойып, етін

пісіріп, әкесіне жегізеді. Ауру әкесі қасиетті

қойдың етін жегеннен кейін науқасынан айығып,

жасарып, бойына қайтадан күш-қайраты

оралады. Балалары тапқан дүниелерін көрсетіп,

болған оқиғаны баяндайды. Оларға Алдияр

Тоғайбай КЕНТАЙ.

қатты риза болып, алғысын айтады. Бұдан

соң Айсұлу кімге жар болады деген сұрақ

туады. Үш ұлының да бірінен-бірі өткен

алғыр әрі еңбекқор екеніне көз жеткізген

әкесі оларға: «Сендер өте ақылдысыңдар

әрі батырсыңдар. Сол үшін үшеуің бір сұлу

қызға көз салғанша, өздеріңе лайық ақылды

да парасатты, тәрбиелі қыз тауып, соған

үйленіңдер. Өмірде сұлулықтан да қымбат

нәрсе бар. Ол - адамгершілік. Сендердің

алған жарларың мені әкесіндей сыйлайтын

көргенді қыз болса, мен үшін одан асқан

бақыт жоқ», - дейді. Әке ақылын екі етпеген

үш ұл ел аралап жүріп, бір үйдің ақылына

көркі сай үш аруымен танысып, үйленеді.

Осылайша, ағайынды үш жігіт пен үш қыз

бір отбасының мүшелері болып, бақытты

да тату өмір сүреді.

Айбарыс ШАЙМҰРАТ,

Аққулы ауданы.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

14 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл 7

Еркін БЕЙСЕНБАЕВ

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

БІЛГЕНГЕ - МАРЖАН!

Дойбы

Асықтан жасалған

алуан құрал

Қазақ халқы үшін төрт түліктің алар орны ерекше. Еті

мен сүтінен түрлі тамақ әзірлесе, жүні мен терісінен

киім-кешектер тігіп, тұрмыстық заттар жасалады. Ал

малдың асығынан да сан алуан ойын құралдарын жасап

шығаруға болатынын көпшілік біле бермейді.

Балалар, Ақсу қаласына қарасты Жамбыл орта мектебінің ұстазы Жиенхан

Қаманай асықтан жасалған бірнеше ойын құралдары жайлы арнайы материал

жазып жіберген екен. Соны назарларыңа ұсынғанды жөн көрдік. Сендер де осындай

қызықты дүниелер жасап көріңдер.

Білемін...

Бір баланы білемін...

Өзі ақылды, талапты.

Өнерге құштар талантты.

Мектептен қалып көрмеген,

Оқиды жақсы сабақты.

Бір баланы білемін...

Спортшы болған атақты,

Медальдар талай алыпты,

Шахмат ойнап, би билеп,

Таэквондоға барыпты.

Бір баланы білемін...

Домбыра ойнап, күй шерткен.

Өлең айтып әндеткен,

Ата-анасын қуантып,

Өнеріне тәнті еткен.

Бір баланы білемін,

Өлең жазған ақын боп,

Шығарған кітап дарын боп.

Он жасында таң қалдырып,

Танылған нағыз ақын боп.

Бір баланы білемін...

Өскенде ғалым болам деп,

Оқиды кітап өте көп.

Мұғалім, заңгер, инженер

Болуды арман еткен көп.

СӨЗ МӘЙЕГІ

Күз мезгілі туралы мақал-мәтелдер

Қой-ешкінің сирағында өгіз деген

асыққа ұқсас сүйек болады. Жіліншігі

мен бақайын жалғап тұратын

сүйек. Өте қатты, дәл ортасында

екіге бөлінген ойық болады. Сол

ойық арқылы екіге бөліп, арнайы

әртүрлі бұйымдар жасауға болады.

Аталмыш дойбының тастары да

осы сүйектен жасалып, боялады.

Тақтайшасы ұлттық ою-өрнектермен

безендіріліп, көргенде көз тартады.

Дойбы - адамның логикалық ойлау

қабілетін жетілдіретін ойын түрі.

Әсіресе, өскелең жас буын үшін

өте қажет.

Санамақ

Бұл санамақ кішкентай бағланның

асығынан жасалды. Ойында асықтың

ең кішкентайын «кеней» деп атайды.

Бұл - балабақша балаларына

арналған құрал. Он кенейден

жасалған. Әртүрлі ойын және

бұйымдарды сүйектен жасамас

бұрын сүйекті, асықты суға тұз салып,

қатты қайнату қажет. Осылайша,

сүйек сіңір мен майлардан тазаланады.

Бұл - балалар оларды

ауыздарына салса да, зиян болмау

үшін жасалатын шара. Таза табиғи

өнім әрі баланың өсіп, жетілуіне,

ой-өрісінің, қабілетінің артуына

пайдасы мол.

Санамақ және

түс ажыратқыш

алдын ала қайнатылып, тазартылды.

Аталмыш құрал арқылы

миллионға дейінгі сандарды алып,

қосуға болады. Сегіз қатардағы 80

асық ең негізгі 8 түске боялады.

Сондықтан, түстерді ажыратуға

да көп көмегі бар. Арнайы ұлттық

нақышта ою-өрнекпен безендірілді.

Құралдың бала дүниетанымына

көмегі мол. Табиғи ағаш пен

сүйектен жасалған.

Көздеуіш

Көздеуіш асықты атуға арналған.

Сол қолмен қозғалтпай ұстап тұрады.

Астыңғы жағында арнайы тұтқасы

бар. Оң қолдың сұқ саусағымен

дәл көздеп, шертіп атады. Ойыншылар

жас ерекшелігіне сай 2-3

қадамнан 10 қадамға дейін болуы

мүмкін. Әр ойыншыға ер кезегі

деп, үш оқ беріледі.

Көздеуіш оғы қой-ешкінің

бақайындағы бітеу сүйектен

жасалады. Ол да ережеге сай

қайнатылып, тазартылады. Құрал

ұлттық нақышта безендірілген.

Атқыш

болатын арнайы құрылғы. Сол

қолмен ұстап тұрып, оң қолмен

шақпағын қатты тартып тұрып,

жіберіп қалады. Оғын дәл ортаңғы

сызыққа қойып, дәлдейді. Құрылғы

өте қарапайым. Арнайы дайындалған

бес оғы болады. Оқтар қой-ешкінің

бақайындағы жұмыр сүйектен жасалады.

Сүйектің ататын жағы тегіс

болып өңделуі қажет. Оқ талапқа

сай тазаланады. Оны әртүрлі түске

бояуға да болады.

Массаж

жасайтын құрал

Бұл - күнделікті тұрмыста қолданылатын,

сұранысқа ие құрал. Арнайы

таңдалып, 120 үлкен асықтан жасалды.

Кілемшеге қаз-қатар етіп тізіліп,

ыстық желіммен мықтап орнатылды.

Асықтар әртүрлі түске боялды.

Құрылғы адам денсаулығына аса

қажет болып табылады. Негізінде

асық сүйегінің құрамында кальций

секілді химиялық элементтер бар.

Аталмыш құрал әр балабақша,

мектепте болса, нұр үстіне нұр болар

еді. Жасалу жолы да қарапайым әрі

алып жүруге де өте ыңғайлы, тез

жиналады. Сумен жуып тазартуға

да болады.

Көктемде жерге түскен бір дән

күздікүні мың дән болады.

* * *

Тоқты күз болмай,

қойға қосылмайды.

* * *

Күз әуені жаздан белгілі.

* * *

Малдың төлін күзде сана.

* * *

Көктемгі әрекет - күзгі берекет.

* * *

Күзгі мұздың айнадайынан қашпа,

Көктемгі мұздың айнадайын да баспа.

* * *

Егіндікті күз суар,

Күз суарсаң, жүз суар.

* * *

Жаз – береген,

Күз - алаған.

Аталмыш санамақ та кенейден

жасалды. Мұнда тізбектеліп

80 асық қойылды. Асықтар

Серпіп атқыш - бұл асық

атуға арналған ойыншының жас

ерекшелігіне байланысты 2-3

қадамнан 7-8 қадамға дейін атуға

Жинаған -

Алмас АХМЕТ,

3-сынып оқушысы,

Екібастұз қаласы.


8 14 қыркүйек сенбі, 2019 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ

БІЛГЕНГЕ – МАРЖАН!

Үш тілде сөйлеп үйренейік!

Тиін

Squirrel

Белка

ТОЛҒАНЫС

Мысық

Cat

Кошка

Бақа

Frog

Лягушка

Аю

Bear

Медведь

Құрметті балалар, егемен елдің жарқын болашағы –

сендердің қолдарыңда! Сондықтан мемлекетіміздің

гүлденіп, дамуы үшін жас ұрпақтың жан-жақты білім

алып, шет тілдерін жетік меңгеруінің маңызы зор.

Осы мақсатта арнайы «Айналайын» қосымшасының

оқырмандары үшін Павлодар қаласындағы

№39 инновациялық үлгідегі жалпы білім беру мектебінің

ағылшын тілі маманы, тәжірибелі ұстаз Бақыт

Елемесова үш тілде сөйлеуді үйрететін болады.

Сонымен, бүгін біз жануарларға қатысты атауларды

айтып үйренеміз. Ендеше, іске сәт!

Ит

Dog

Cобака

Үйрек

Goose

Гусь

Маймыл

Monkey

Обезьяна

* Егер сендер бұл сөздерді білетін болсаңдар, өте

қуаныштымыз. Ал білмейтін болсаңдар, мұқият жаттап,

саналарыңа тоқып алыңдар!

Нұр-Сұлтан - арман қала

Күн сайын өсіп-өркендеп жатқан арман қала

- Нұр-Сұлтанға сегіз жылдан соң келіп тұрмыз.

Саяхатымызды алдымен Елбасының арқасында

қол жеткізген Тәуелсіздік сарайынан бастадық.

Бірінші қабаттан кіре берісте Тұңғыш Президентіміз

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биік тұғырда

тұрған көз тартарлық үлкен суретін тамашаладық.

Үш қабаттан тұратын зәулім сарайдың ішін

6 сағаттан астам уақыт бойы араладық. Одан алған

әсерімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұдан

соң жанымда жүрген немере–жиендеріммен бірге

Хазірет Сұлтан мешітіне кіріп, ел жұртымыздың,

халқымыздың және отбасымның атынан аруақтарға

құран бағыштаттық. Имандылық парызымызды

өтеген соң Қазақстанның ұлттық музейіне барып,

Алтын адамнан бастап алуан түрлі мәдениетіміз

бен әдебиетіміздің түрлі саласындағы сан алуан

жетістіктерімізді көріп, таң-тамаша болдық. Қазақ

елінің 27 жылда қол жеткен табыстарына қарап

сүйсіндік. Немерелерім Алтын адам, ер қанаты

атанған жылқы жануарының қасында суретке түсіп,

мәз-мәйрам болып қалды.

Нұр-Сұлтан – жастар қаласы. Осында тұрып жатқан

1 миллионнан астам халықтың тең жартысынан астамы

ж а с т а р е к е н . М ұ н д а ғ ы ж о ғ а р ы ж ә н е о р т а о қ у о р ы н д а р ы н д а

Қоян

Hare

Заяц

Құс

Bird

Птица

Түлкі

Fox

Заяц

Қасқыр

Wolf

Волк

Піл

Elephant

Слон

Керік

Giraffe

Жираф

50 мыңнан астам студент оқиды. Солардың бірі Ақбота

Сәдуақасова:

- Мен биыл Павлодар қаласындағы Назарбаев

зияткерлік мектебін бітіріп, Л.Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университетіне оқуға түстім. Бір бөлмеде төрт

қызбыз. Үй жалдап тұрамыз. Шәкіртақы аламыз. Қала

өте ұнайды. Әсіресе, түнгі қаланың көрінісі таңғажайып

әсемдігімен көз сүріндіреді, - дейді. Ал нұрсұлтандық

студент Меруерт Мақсұтқызы:

- Мен былтыр дизайнерлер дайындайтын төрт жылдық

мектепке оқуға түстім. Қазір екінші курс студентімін.

Осы қалада ата-анаммен бірге 15 жыл тұрып келемін.

Біздің отбасымыз Нұр-Сұлтан қаласына әбден бауыр

басып кетті. Қала жыл өткен сайын құлашын кеңейтіп,

керемет дамып барады. Біз осындай жас қалада тұрып

жатқанымызға мақтанамыз, - дейді.

Иә, сөз жоқ, Нұр-Сұлтан қаласы жылдан-жылға

өркендеп барады. Қаладағы салынып жатқан көп

қабатты үйлерге қарап таңданасыз, тамсанасыз. Нұр-

Сұлтан - арман қалаға, ару қалаға айналды. Қазақ

еліне арнап осындай керемет астана салуға мұрындық

болып, алты құрлыққа қазақты танытқан Елбасына

мың алғыс айтамыз.

Осылайша, үш күн бойы қаланы аралап, ең соңғы

күні ЭКСПО көрмесінен қалған қалашықты қызықтадық.

ХАТТАР СӨЙЛЕЙДІ

Әжемді үлгі тұтам

Мен биыл екінші сыныпқа

бардым. Қазір оқуды, жазуды әбден

үйреніп алдым. Ендігі мақсатым –

сабақты жақсы оқып, ата-әжем мен

әке-шешемді қуанту. Ал арманым

өте көп. Алдымен туған өлкемнің

Сүйікті қалам

Менің отбасым

Менің отбасымда 7 адам бар.

Ата-анам, екі әпкем, екі інім және

мен. Ал атам, әжем және тәтем

үшеуі қалада тұрады. Бірақ, біз

мейрамдарда үнемі бір-бірімізге

қонаққа барып, хал-жағдайымызды

сұрасып, жиі араласып тұрамыз.

Біздің әулеттің адамдары өте

тату-тәтті өмір сүреді. Мұның бәрі

ата-әжемнің саналы тәрбиесінің

жемісі деп білемін. Анам да, әкем

де бізді еркелетеді, ақыл-кеңестерін

береді, керек кезде қабақтарын

түйіп те қарайды. Бұны біз адам

болсын деген оймен жасайтынын

түсінеміз.

гүлденуіне өз үлесімді қосып,

өскенде еліме адал еңбек ететін

азамат болғым келеді.

Мені кішкентай кезімде әжем

тәрбиеледі. Өйткені, ата-анам

жұмыста болды. Олардың маған

қарауға уақыттары болмады. Әжем

үнемі маңдайымнан иіскеп, еркелетумен

қатар, көп жақсы тәрбие

берді. Атап айтар болсам, біреуге

жамандық жасамау, өтірік айтпау,

үлкенді сыйлау керектігін үйретті.

Мен әжемнің айтқан осы ақылдарын

ешқашан есімнен шығармаймын.

Әжемді үлгі тұтамын.

Айсұлтан АМАНГЕЛДІ,

2-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Менің туған жерім -

Павлодар қаласы. Бұл қала

маған өте қатты ұнайды.

Өйткені, жыл сайын қаламыз

үлкейіп, көркейіп, дамып келеді.

Соңғы жылдары салынып

жатқан биік үйлер мен көздің

жауын алатын әсем ғимараттар

шаһарға керемет көрік беріп

тұрғандай... Айта берсек,

қаламызда жақсы жерлер көп.

Мәселен, орталық жағажайдағы

«Ертіс Променад» сахнасы,

саябақтар, бәрі-бәрі керемет.

Әсіресе, қаланың түнгі келбеті өте тамаша. Кешқұрым далаға шығып,

қызылды-жасылды жалт-жұлт еткен шамдарды көріп, өзімді ертегілер

елінде жүргендей сезінемін. Осындай ғажайып қалада туғаным үшін

мақтанамын.

Айзере ҚҰСМАНОВА,

4-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.

Ал ата-әжем немерелерін өте

қатты жақсы көреді. Олардың бізге

деген қамқорлығы, мейірімділігі

шексіз. Оны сөзбен айтып жеткізу

мүмкін емес. Сол үшін де мен

өзімді бақытты бала санаймын. Әр

бала үшін отбасындағы жылулықтан,

тыныштықтан асқан ешқандай

қымбат нәрсе жоқ деп ойлаймын.

Мен өскенде ата-әжемнің және

әке-шешемнің үмітін ақтаймын.

Алсу СӘДУАҚАСОВА,

№4 мектептің

2-сынып оқушысы,

Ертіс ауданы.

Бәрінен де ойлаған ойымызды жүзеге асырып, жаңа оқу жылының

алдында немерелерімізді қуантқаныма мен де ризамын. Жасай бер,

жайнай бер, арман қала!

Тұрсынбай ИБАДУЛЛИН,

Қазақстанның Құрметті журналисі,

Павлодар қаласы.

«Айналайын» қосымшасының үйлестірушісі - Нұржайна ШОДЫР.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

АУЫЛ-АЙМАҚ

14 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл 9

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Әр бала мектепке лайық!

-

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Жеделдетуді тапсырды

Биылғы оқу жылында қаладағы №10 орта білім беру

мектебі «Әр бала мектепке лайық» республикалық

жобасына қатысуды жөн көрді. «Болашақ» корпоративтік

қорының қолдауымен аталмыш білім ордасы инклюзивті

білімді қолдау кабинетін ашпақ.

Мектепте арнайы кабинет толық

жабдықталыпты. Жоба ерекше

білім беру қажеттіліктері, нақтысы,

менталды өзгерістері бар балаларды

демеуге бағытталған. «Болашақ» қоры

мен психологиялық, медициналықпедагогикалық

кеңес бірлесіп, аутистік

спектрінде өзгеріс бар 8 баланы

іріктеп алған. Кеншілер қаласында

мұндай диагнозға шалдыққан

153 бала тұратын көрінеді. Өкінішке

қарай, олардың қатары көбейіп келеді.

Мамандар мұндай балалар мектеп

жағдайында білім алса, қоғамға тезірек

бейімделетінін айтып отыр. Мұнда

балалар оқу пәндері бойынша ғана

білім алмайды, сондай-ақ, ұжымда

араласуды үйренеді. Инклюзивтік

қолдау кабинеті толық жұмыс істеуі

үшін әрбір баланы ертіп жүретін

тьютерлер (тәлімгерлер) қажет.

Мұндай қызметті дефектолог

мамандығы бар педагогтар атқаруы

тиіс. «Болашақ» қорымен бірлесіп,

мамандарға онлайн түрде сауалнама

жүргізілуде. Содан кейін мектеп

пен қор ниетті адамның мұндай

жұмысқа қаншалықты жарайтынын

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Кәсіптің тауып тетігін...

Аудан тұрғыны Ботагөз

Боздаева – «Еңбек»

бағдарламасының

«Бастау – Бизнес»

бағыты бойынша білім

алып, жеке ісін бастаған

жас кәсіпкер.

шешеді. Тәлімгерлері баламен бірге

сабақта да отырады. Оқу материалын

меңгеруге қолғабыс жасайды.

Баланың асханада тамақтануына,

дәретханаға баруына да жәрдемдеседі.

Егер баланың шаршағанын аңғарса,

тәлімгері оны ертіп инклюзивті қолдау

кабинетіне барады. Қор кабинетті

толық жабдықтауға, дидактикалық

және әдістемелік құралдармен қамтуға

көмектескен. Сонымен қатар, түрлі

семинарлар өткізіп, мұғалімдерге

де бағыт беруде.

«Болашақ» қоры кабинетті

жабдықтауға 1 млн. теңге жұмсаған.

Кабинет үш аймаққа бөлінген. Бірінде

бала батутта немесе жұмсақ жабындыда

секіріп, үрлемелі креслода

отырып, сергіп алса, келесі аймақта

жеке сабаққа арналған орындар

қарастырылған. Үшінші аймақ психологпедагогпен

өткізілетін ұжымдық

сабақтарға лайықталған. Қордан

бөлек, игі іске «Константинова» жеке

кәсіпкерлігі, «Nur Otan» партиясының

өкілдері қол ұшын берген.

Г.МАҒЖАН.

Арнайы курстан өткен Ботагөз Әмірханқызы үйінің ауласында кішігірім

сұлулық салонын ашқан. Жеке кәсіпкер бұл іспен 7 жыл айналысқанын

айтады. Бұған дейін үйінде қызмет етіп, тұтынушыларын көбейткен.

Кейін мемлекетттік бағдарламада бақ сынап, грант ұтып алған.

- Шаш үлгілерін жасау, тырнақ әрлеу ісімен айналысқаныма біраз

уақыт болды. Жеке кәсіп ашу мен жаңа жиһазға қомақты қаражат

қажет екенін білеміз. Бағымды сынап, мемлекет тарапынан 240 мың

теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болдым. Екі қолға бір күрек таба

алмай отырғандарға «Бастау Бизнес» курстарына қатысуға кеңес беремін.

Тәжірибелі мамандардан білім алып, кәсібилігімді шыңдадым. Алдағы уақытта

салонымды кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырмын, -

дейді Ботагөз Әмірханқызы.

Бүгінде жас кәсіпкер - 4 баланы өмірге әкелген бақытты әйел.

Осылайша, көпбалалы ана аудан жұртшылығына сапалы қызмет

көрсетіп, алғысқа бөленуде.

Г.ЖАЯБАЕВА

ӨҢІР

Ақсу қаласының

әкімі Балғабай

Ыбыраев Мәмәйіт

Омаров ауылдық

округіне қарасты

Еңбек ауылының

тұрғындарымен

кездесті. Елді

мекендегі күрмеулі

мәселелер мен

алда болатын

өзгерістер

талқыланды.

Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінде

талай жылдан бері қаңырап бос тұрған

көпқабатты үйлер жөнделуде. Қайта қалпына

келтіру жұмыстары қыркүйек-қазан айларында

аяқталады деп жоспарлануда.

Шаһар басшысы Балғабай Ыбыраев

жұмыс сапарымен Қалқаман ауылдық

округіне барды. Алдымен Степная көшесі,

2, 4 мекенжайындағы тұрғын үйлерді қалпына

келтіру барысымен танысты. Мұндағы жұмыстарға

мердігерлер «Эк-Монтаж-Сервис» және

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Полиция қатарына

шақырды

Ақтоғай ауданына Павлодар

облыстық полиция департаментінің

басшылығы барып, жоғарғы

сыныптың оқушыларымен, жергілікті

жастармен жүздесті.

Мақсат – құқық қорғау саласына жұмысқа

қабылдаудың негізгі талаптарын түсіндіру.

Шараға, сондай-ақ, ауыл әкімдері, учаскелік

полиция инспекторлары, жастар бастамаларын

дамыту орталығының өкілдері қатысты.

Облыстық полиция департаментінің кадрлық

саясат басқармасының басшысы, полиция

подполковнигі Ринат Шайков жиналғандарға

сала мамандарына белгіленген әлеуметтік

кепілдіктер, материалдық тұрғыдан көрсетілетін

жеңілдіктер, тұрақты зейнетақы салымдары

жайында айтып берді. Ведомстволық оқу

орындарына қабылдану талаптарына тоқталды.

Мемлекет басшылығымен құқық қорғау

қызметін реформалау бағытында маңызды

жұмыстар қолға алынғанын, сала мамандарына

көрсетілетін қолдау шаралары артып

келе жатқанын жеткізді.

Өз тілшіміз.

«КазСтройМонтаж– PV» жауапкершілігі шектеулі

серіктестіктері жауапты. Қазіргі таңда Степная

көшесі, 4-үйдің терезелері толығымен салынды.

Енді абаттандыруға қатысты жұмыстар қалды.

Десе де, бұл уақытқа дейін атқарылған істер

қала әкімінің көңілін көншітпеді. Жұмысшыларға

жоспарлы істі жылдам әрі сапалы жүргізуді,

қазан айының соңына дейін пайдалануға

беруді тапсырды.

А.ТІЛЕЙ.

Суретті түсірген - Е.Жұмаділов.

МАЙ АУДАНЫ

Сылбыр

жүруде

Жуырда Май аудандық мәслихаты

тұрақты комиссиясының отырысы

өтті.

Жиында аудандағы ауызсу мәселесі

көтерілді. Комиссия отырысына аудан әкімі

Марат Ақтаев, облыстық мәслихаттың депутаты

Қарлығаш Түсіпбекова және аудандық

мәслихат депутаттары қатысты. Сондай-ақ,

аудан көлемінде ауызсу құбырларын тартуға

жауапты мердігер компаниялардың өкілдері

де осы жиыннан табылды.

Бүгінде Май ауданындағы ауылдардың

барлығында дерлік ауызсу құбыры жүйесі

тартылып жатқандығы белгілі. Өкініштісі,

кейбір ауылдардағы жұмыстың қарқыны

төмен. Аудан әкімі М.Ақтаев жұмыс баяу

жүріп жатқан Май, Қызыл-Еңбек, Кеңтүбек,

Баскөл ауылдарының мердігерлеріне жұмыс

қарқынын жеделдетіп, көзделген жоспарды

белгіленген мерзім ішінде аяқтауды қадап

тапсырды. Сонымен қатар, ауыл әкімдеріне

аудандық депутаттармен бірге ауызсу

құрылысы жұмыстарының барысын күнделікті

жіті назарда ұстау туралы тапсырма берді.

Өз тілшіміз.

УСПЕН АУДАНЫ

Тапсырма берілді

Успен ауданы орталығында аудан әкімінің орынбасары

Альмира Дүйсіпованың төрағалығымен кәмелетке

толмағандардың істері және олардың құқықтарын

қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Шара барысында балаларды сауықтыру және тәрбиелеу, балалардың

қызығушылықтарын қанағаттандыру және ой-өрісін кеңейту бойынша

атқарылатын жұмыстар талқыланды. Білім бөлімінің әдіскері Ирина

Ви жазғы демалысты ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдерді

жұмысқа орналастыру және оңалту туралы баяндама жасап, биыл

жазғы маусымда атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді. Бұдан бөлек

ауылдық округ әкімдері де осы бағытта жұмыс жүргізуде. Мысалы,

Қоңырөзек ауылының әкімі Е.Баймолдинов, Равнополь ауылдық округінің

әкімі Е.Сқақов өздерінің қарамағындағы әлеуметтік аз қамтылған және

қиын жағдайда тіркелген балалары бар отбасыларды анықтап, оларға

әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған жұмыстар бойынша есеп берді.

Сонымен қатар, Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің

өкілдері ата-аналық міндетін дұрыс орындамаған азаматтарға қандай

шара қолданылатыны жөнінде ескертті. Барлық талқыланған мәселелер

бойынша жергілікті атқарушы органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар

берілді.

Өз тілшіміз.

ЕРТІС АУДАНЫ

Кәсіп ашты

Биылғы жыл елімізде

«Жастар жылы» деп

жарияланғаны белгілі.

Оның аясында жастар

қауымына зор қолдау

көрсетілуде.

Әсіресе, кәсіп ашып, нәсібімді

көремін деушілерге мол мүмкіндік

туып отыр. Бұл ретте, Ертіс ауданының

жастары белсенді түрде бизнеске

бет бұрып жатқанын атап өткен

жөн. Мысалы, аудан орталығының

тұрғыны Альмира Сағитова мен Иса

Байзақов ауылының тумасы Ердан

Олжабаев мал шаруашылығын дамытуды

қолға алған.

Жастары жиырмадан енді асқан

олар «Бастау бизнес» бағдарламасы

бойынша бір айлық арнайы курстан

өтіп, кәсіп ашудың қыр-сырын

меңгеріпті. Екеуі де сүтті мал шаруашылығын дамытуды

көздеп отыр.

Бизнес жоспар ларын сәтті тәмамдап, мемлекет

тарапынан 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде

қайтарымсыз грантқа ие болған. Бұл қаражатқа бірнеше

сиырдан сатып алыпты. Мұнымен тоқтап қалмақ емес.

Жас кәсіпкерлер бизнесті қолдау бағытындағы өзге де

мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, игілігін көрмек.

А.Сағитова дайын сүт өнімдерін әзірлеуді жоспарлауда.

Н.БАСТАУБАЙ.


14 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл

Көңiлашар

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Көңілашарды үйлестірген - Алпысбай ХОНЖ

ҚИСЫҚ АЙНА

Атағы алты атанға жүк болатын ғалым, профессор Көрген Білгеновті жалпақ ел

жақсы таниды. Медицинаңыздың жілігін шағып, майын ішемін дейтін ақ желеңді

ғалым жоғары оқу орнында білім беріп, талай студентті иненің көзінен өткізген еді.

Асқанға -

тосқан...

Өтірік соңғы модамен киінеді,

оның жеке ательесі бар.

* * *

Ата-ананы піскен алма десек,

кейбір бала, сол алмаға түскен құрт.

* * *

Тышқан да, түлкі де, сауысқан да ұрлайды.

Адамдар солардың дарынды әріптесі ғана.

* * *

Өзіңізді отырғызып кеткен алаяққа ғана емес,

өзгелерді алдап кеткен жылпостарға да сенуге

болмайды.

* * *

Көңілі қалсын десең - қарыз,

ырза болсын десеңіз - ақыл сұра.

Ж

ұрт дырдуға еріп, дабыраға

қосыла береді ғой. «Ой, бәленше деген

профессор сұмдық білімді екен. Талай

ашық ауыз, ақпа құлақ балаларды

кәсіби маман етіп шығарыпты», - деп

даурығысатын. Ал қолдан кәсіби маман

жасап жүрген профессордың бұл ерлігі

өзіне ғана аян еді.

Қисықтың қыңыр өскен ерке ұлы

Тәпөш те бүгінде осы профессордың

тәлімін алып жүр. Мектеп қабырғасында

үштің өзін күшпен алатын Тәпөшті адам

болады десе, ұстаздары мұрнын кесіп

беруге дайын еді. ҰБТ-дан етбетінен

құлай жаздап әрең өткен Тәпөшті қай

құдірет қолдағаны белгісіз, бірақ атағы

дардай оқу орнының студенті болып шыға

келді. Қайшы түгілі қалам ұстай білмейтін

сабазың болашақ хирург мамандығын

таңдағанда әкесі ат шаптырып, балуан

күрестіріп ел-жұрты езуін жимай елу

жыл айтып жүретіндей той жасады.

Ол ол ма, Тәпөшің оқуда озат атанып,

аты-жөні мен суреті «Университет

үздіктерінің» тақтасынан бір-ақ шықты.

Ауылдың әйелдері балаларына жекірсе:

«Әне, өзіңдей Қисықтың ұлын қара.

Тұздалған балықтай қап-қара болып

күнге қақталып малдың соңында жүрген

жоқ. Аппақ халатпен адам жанының

жаршысы болып төрде отыр!» деп

налитын. Тәпөш бүкіл ауылдың баласы

үшін феномен болып үлгерді.

Шапқан аттай, атқан оқтай зулаған

студенттік кезең де өте шықты. Жеті

жылды артқа тастаған Тәпөш қолына

табақтай диплом алды. Анау-мынау

емес, онысы - кәдімгі қып-қызыл

құжат. Қуанғаннан Қисықтың көкке

лақтырған бас киімі жерге түспей

жалаңбас қалды. Тағы да той жасады.

Ит арқасы қиянға Алматыда жарқырап

жүрген өнерпаздардың талайын алғызып,

Кафенің ішінде отырған әйелі күйеуіне:

– Әй, Момынбай! Момынбай деймін.

– Ау, жаным? – деді күйеуі ойланып

кетіп.

– Не ойлап кеттің?

– Жер домалақ дейді. Неге төртбұрышты

емес деп ойланып кетіппін.

– Біз кафеде құрметті қонақты күтіп

алғалы отырмыз! Сені қала әкімі ететін

адам келе жатыр! Менің Астанадағы

беделді әкемнің арқасында! Сол үшін

бетімнен бір сүйіп қойшы?

жердегі жұлдыздардың барлығын күнін

әрең көріп отырған ауылға тегіс жинады.

Әнші атаулыны тірідей көрген ауыл

әйелдерінің аузының суы құрып, тілі

таңдайына жабысып қалды. Дүбірге

толы тойдың қызған шағында төрде

төредей болып отырған Көрген Білгеновтің

иығына Қисықтың бәйбішесі шапан

жауып, астына Қисекең ат мінгізді.

Шапан болғанда да құдалықтан-құдалыққа

барып, тоз-тозы шыққан «дежурный

шапан» емес. Хандар мен билер киюге

ылайықты бөз. Ал он екі мүшесінде бір

мін жоқ, сүзіле қараған тұлпар туралы

жеке бір кітап жазуға болатындай. Сөз

кезегі профессорға келгенде оның

алдында құрдай жорғалайтын халық

сілтідей тынды. Оқудағы әдеті бойынша

Білгенов портфелінен бума қағазды

шығарды да, Тәпөш жайлы баяндаманы

бастап кетті. Ұстазы Тәпөштің тәуір жігіт

екендігін, бойында арғы атасынан қонған

қасиеті барын, тіпті, нағашы атасы да

атты кісі түсіп, жаяу адам орнынан

тұрып сәлем беретіндей айбарлы адам

болғандығын айтып салды. Біреулер

қалғып, біреулер шұлғып отырғанда

оның әңгімеден жасаған ми балауы

да аяқталды-ау.

Қош, не керек, сонымен отыз күн

ойын, қырық күн тойын жасаған сауық

– Бір түрлі ұяламын...

– Осы сенің–ақ бет моншағың төгіледі

де тұрады екен? Он жыл болды ғой?

– Немене, он жыл болды?!

– Үйленгенімізге! Әлі баламыз жоқ!

– Бір түрлі ғой, ұяламын...

– Ұялшағын–ай, мынаның! Жан–жағыңа

қара! Министрлер, әкімдер басшылар

бюджеттен сорғанда ұялмайды! Полицейлер

қарапайым адамға жала жауып

соттатқанға ұялмайды! Соттар ұялмайды,

ақша үшін соттасқан ағайындар ұялмайды!

Ал, мына біздің мәдениетті академигіміз

ұяла қалады!

– Ақырын сөйле, жұрттан ұят...

– Бүгін түнде тағы да менің қасыма

жатпайсың ба?

– Бір түрлі ұяламын...

– Жоқ, мен сенің кіміңмін?

– Айтуға ұяламын...

– Жоқ, мен сенімен ажырасамын!

– Ажыраспайықшы. Ажырасуға ұяламын.

– Әй, албасты!

– Мен албасты емеспін, академикпін...

та тәмам болып, әркім өз тіршілігімен

кетті.

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда

мәңгілік ештеңе жоқ қой. Қалтырап

жүрген қарт профессор бір күні аяқ

астынан ауырды. Ауырғанда да ішінде

ит өліп жатқандай ыңыранып, сөзі

ұғылмай, көзі жұмылмай, тісі ақсиып,

сақалы сапсиып бір түрлі күй кешті.

Екі өмірдің ортасында, қос кеменің

құйрығын ұстап тұрған шалын кемпірі

өз қолымен ауруханаға шығарып салған.

Дәрігерлер тексере салысымен жаны

мұрнының ұшында, қаны жоғары

қысымда, ісіп-кеуіп жатқан науқасқа ота

жасау туралы шешім шығарды. Сол-ақ

екен операция үстелінде жатқан қарт

профессор маскасын шешкен дәрігерге

қарап, әзірейілдің әкесін көргендей

айқайлап жіберді. Қарсы алдында

төбеден түскендей болып Тәпөш тұр.

Дәл сол сәт жеті жыл бойы жеген

Қисықтың семіз жылқылары, қоралы

қойы, ауылдың құрт пен майы қолдан

кәсіби маман жасайтын данышпанның

көз алдына келді. Алдында тұрғаны

дәрігерге емес, пышағын жалаңдатқан

қасапшыға ұқсап кетті...

Бір түрлі ұяламын...

Алпысбай ӘБДІЛҰЛЫ.

– Әкім боласың ба, деймін?

– Бір түрлі ұят қой.

– Сен құрметті қонақ келгенде былай

сөйле: «Аса мәртебелі, Астанадан келген

Билікбай Кланбаев! Сізбен танысқаныма

өте қуаныштымын. Сеніміңізді ақтаймын.

Дәмнен алып отырыңыз!» Қане,

қайталашы?

– Аса мәр... Аса мәртебелі Астанадан

шауып келген Битбай Жыланбаев...

– Билікбай Кланбаев де!

– Кланбаев Билікбай көке! Сізбен

қыздар сияқты танысқаныма

қуаныштымын! Сеніміңізді әктеймін..

– Ақтаймын.

– Кірәскілеймін... Атауыңызды ішіп

отырыңыз...

– Ойбай, не деп кеттің? – Өзің

маған: «Атауыңды іш, атауыңды іш!»

дей бересің... Үйреніп қалыппын...

Әйелі жым болды, қысқасы

осы диалог «зың» болды...

Мұхтар ШЕРІМ.

Тойдаѓы топалањ

«Қара» – деді жанымдағы мұртты ағам,

Той болған соң мүмкін аздап «ұрттаған».

Секектеді сексендегі бір Ата,

Селкіл сақал, шыбыш дерсің құрттаған.

Келе-келе қызған сынды еті ептеп,

Тойхана ішін шыр айналды секектеп.

Әрі-беріден соң шөбередей бір қызын,

Әй, шалың-ай, алып шықты жетектеп.

Той қызығы, былайғы жұрт баққаны,

«Ерсі» деп ем, «күшті ағама» жақпады.

«Тоқсанында он бестегі қызды алған,

Баяғының шалы бұл» деп мақтады.

Бәрі кетті жынды биге қосылып,

Дағдылы әдет, байқалмайды тосыны.

Әуені де құлағыңды жарғандай,

Аспалы шам қалтырайды шошынып.

Алдырыпты асабаны алыстан,

Сөзі-дағы, өзі-дағы - арыстан.

Ауызына аясын ба келгенді,

Аттап өтіп ар мен ұят намыстан.

Қызық үшін барардай бір құрбанға,

Әжелер де салды дерсің ырбаңға.

Семіз әйел бұлтаңдатса жер-жерін,

Не тұрыпты секең қағу сырдаңға.

Құтырғанның құмарлары қанды бар,

Дүңкіл әуен дүрс-дүрс таңға ұрар.

Орынында отырғандар жансыздай,

Би билейді нағыз қызу қандылар.

Той иесі білдірсін бе сәл өкпе,

Тап осылай өзге тойдың бәрі өткен.

Қол сөмкесі толса болды шашуға,

Жеңгей қайтсін түсіп босқа әлекке.

Асабаның жоқ та шығар басқа ойы,

Келемеж қып құдаларға «мат» қойып.

Әжелерді жарыстырды бір кезде,

«Сен Бериван», «Сен Изаура» деп қойып.

Бұлардан соң апайлар кеп таласты,

Біреу жүнжіп, біреулердің бағы асты.

Арзан күлкі, ойын ойнап, билеумен,

Таң сыз бере тағы тойдан тарастық.

Таңатар ДӘРЕЛҰЛЫ.

Екі бала емтихан

тапсырып шығады.

Бірі екіншісіне:

- Абылайханның туған, қайтыс

болған жылын білмейсің бе?

Кабинетте суретінің

астында жазылып тұр ғой.

- А, сол ма?! Мен оны

Абылайханның телефон

нөмірі екен деп

жүрмін ғой, - депті.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

МЕЗГІЛ 14 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл 11

ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ

«Бала Мәшһүрдің» тұсауын кесті

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, қаламгер Сүлеймен

Баязитов 18-ші кітабын жарыққа шығарды. Облыстық С.Торайғыров

атындағы орталық кітапханада «Бала Мәшһүр» деп аталатын жаңа

туындының тұсаукесер рәсімі өтті.

Алпысбай ХОНЖ

Әдеби шараға қаламгердің үзеңгілес достары,

замандастары және басқа да зиялы қауым

өкілдері қатысты. Жергілікті кітапханашылар

мен облыстық мамандандырылған әскери

мектеп-интернатының оқушылары да кештегі

ғибратты әңгімелерге құлақ түрді. Биыл 75 жас

мерейтойын тойлайтын ақын жаңа кітабының

жазылу барысына тоқталып өтті.

- Бұл кітабыма балаларға арналған туындыларым

топтастырылды. Кітап екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімге өлеңдерімді жинақтадым. Ал

екінші бөлім «Көргендерім, көңілге түйгендерім»

деген атаумен жазылды. Осыдан екі жыл бұрын

«Бала Мәшһүр» атты поэмамды аяқтадым. Осы

туындым да кітаптан орын тапты. Сондай-ақ «Ар

соты алдында» атты поэманы да оқырмандарым

аталған кітаптан оқи алады. Бұл екі туынды

бұған дейін облыстық «Сарыарқа самалы»

газетінде жарияланды. Қаламгерлерге үнемі

қолдау білдіріп, ақпараттық демеушілік көрсететін

қара шаңырақ – облыстық басылымға алғыс

айтамын. Осы кітап арқылы өмірден көргенбілгенімді,

тарихи оқиғаларды шамам жеткенше

СУЫТ ХАБАРЛАР ЖЕЛІСІ

Бұқадан болды

ажалы

Апта ортасында Ақсу қаласына қарасты

Ақжол ауылында қайғылы оқиға орын

алды.

Аталмыш елді мекендегі мал иесін бұқа сүзіп

өлтірген. Оқиға желісіне сүйенетін болсақ, бордақылау

алаңында тұрған бұқа босап кетіп, ауыл табынына

қосылады. Мал иесі жануарды үйіне қайтару үшін

соңынан ілеседі. Айдауға көнбеген бұқа 62 жастағы

ер адамды мүйіздеп, мерт қылған. Әкесінің денесін

ұлы тауып алады. Облыстық полиция департаментінің

мәліметінше, аталмыш оқиға бойынша сараптама

тағайындалған.

Ұрлықпен ұсталды

Павлодарлық полицейлер бір күн ішінде

бірнеше ұрлыққа барған ер адамды

ұстады.

23 жастағы азамат таңғы сағат 6.00 шамасында

орталық көшелердің бірінде 30 жастағы

әйелдің сөмкесін қағып кетеді. Оның ішінде қомақты

қаражат пен «Самсунг» маркалы ұялы телефон

болған. Мұндай іске барған қарақшы тез арада

такси тоқтатады. Өзі айтқан мекенжайға жеткен

кезде жол ақысын төлемей, көлік жүргізушісінің де

әмиянін қолды қылады. Бұдан бөлек 1 Май көшесі

бойында тұратын танысының үйіне қонаққа барған.

Оның пәтерінен «Хуавей» маркалы ұялы телефонды

ұрламақ болады. Тәртіп сақшылары жедел басқару

орталығындағы бейнебақылаудың көмегімен әлгі

ұрыны дәмханада отырған жерінен қолға түсірген.

Тергеу барысында 23 жастағы жігіттің бұрын істі

болмағаны анықталған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық

Кодексінің 191-бабы бойынша іс қозғалған.

Облыстық полиция департаментінің

мәліметтері бойынша әзірлеген –

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

«Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы»

діни бірлестігінің Президиумымен 2002 жылы

28 желтоқсанда бекітілген, Қазақстан Мұсылмандар

діни басқармасы Діни бірлестігінің «Ыдырыс

қожа» мешіті филиалы туралы Ережесінің

жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

жас ұрпаққа жеткізсем деймін, - деді ақын

Сүлеймен Баязитов.

Тұсауы енді ғана кесілген кітаппен танысқан

Қазақстан және Моңғолия Жазушылар одағының

мүшесі, қаламгер Ақын Алақанұлы туынды

иесінің шығармашылық қырына былайша баға

берді.

- Сүлеймен Баязитов - әдебиеттің екі жанрында –

проза және поэзия саласында қалам тербеп

жүрген өңірдегі айтулы қаламгер. Оның жаңа

туындылар топтамасын оқи отыра «тілге жеңіл,

жүрекке жылы тиетін» тұстарын жиі байқадым.

Автордың ерекшелігі - шығармаларының негізгі

өзегін өмірден алады. Сондай-ақ жырларында,

әңгімелерінде тарихи оқиғалар жиі кездеседі.

С.Баязитовтың шығармасы шынайылығымен

құнды, сонысымен елдің есінде қалады, -

деді Ақын Алақанұлы.

Расымен де, С.Баязитов шығармашылыққа

келгенде тақырып талғаған емес. Поэзиялық

туындылармен қоса прозалық шығармаларды

да жиі жарыққа шығарумен келеді. Ол балалар

әдебиетіне де біршама үлес қосты. «Бала

Мәшһүр» - автордың жас жеткіншектерге арнаған

төртінші кітабы. Қаламгер жаңа туындыны өз

қаражатына шығарғанын айта кеткен жөн. Ақын

ФЕСТИВАЛЬ

Қарбыз жеуден жарысты

Облыстық Жастар бастамаларын

дамыту орталығында

павлодарлық жастар

арасында «Қарбыз FEST»

облыстық фестивалі өтті.

Айтулы шараға 400-ден астам

адам қатысты.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

«Қарбыз FEST» облыстық фестивалі

аясында бірнеше алаң жұмыс істеді. Бірінші

бөлім «Bon appetite» кезеңінде қатысушылар

қарбыз жеуден жарысса, «HeavyҚАРБЫЗ»

кезеңінде қарбызды көтеруден сынға

түсті. Бұдан бөлек, Павлодар қалалық

№1 көркемсурет мектебінің оқушылары

натюрморттан, сервис және тамақтану

колледжінің студенттері «АРТбуз» алаңында

қарбызды әдемілеп безендіруден шеберлік

сыныбын ұйымдастырды.

Шараның ұйымдастырушысы, Еріктілер

орталығының жетекшісі Саягүл Серікбекқызы

фестивальге қатысуға ниеттілердің саны

жыл санап артып келе жатқанын айтады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Павлодар

облысының Білім саласындағы бақылау департаменті

мемлекеттік қызмет көрсетудің екі түрін көрсетеді.

Білім туралы құжаттарға (тұпнұсқалар) апостиль қою.

Апостиль тек білім туралы құжаттың түпнұсқаларында

қойылады.

Өтініштерді қабылдау Халыққа қызмет көрсету

орталығы және «Электронды үкімет» веб-порталы

арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі -15 жұмыс күні.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және/

немесе оған қосымшаны беру.

Білім беру қызметіне лицензия беру www.elicense.kz

порталы арқылы тек электронды нысанда жүзеге

асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі:

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасын

беру - 30 жұмыс күні.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасын

қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күні.

Мектепке дейінгі барлық ұйымдар «Е-лизенциялау»

порталы арқылы мектепке дейінгі білім беру саласында

қызметті бастағандығы туралы хабарламаны

беруге міндетті.

Білім саласындағы

бақылау департаменті.

жуырда Ертіс–Баян өңірінен шығып, атағы

Алашқа әйгілі болған Шоң би туралы «Шоң»

атты поэмасына нүкте қойды. Ақынның бұл

шығармасы да тарих пен руханиятымыздан

сыр шертетін сүбелі дүние боларына сенеміз.

(20196)

- Былтыр «Қарбыз FEST» облыстық

фестивалін шаһарымыздың көрікті жерінің

бірі - Batyr mall ойын-сауық орталығының

аумағында өткізген болатынбыз. Өткен

уақыттармен салыстырғанда аталмыш

жобаға қызығушылық танытып, қатысуға

ниет білдіргендердің саны артқанын

байқаймыз. Тіпті, осы фестивальге қатысу

үшін алыс ауылдардан да келіп жатқандар

бар. Шараны ұйымдастырудағы басты

мақсатымыз - жергілікті бақша өнімдерін

өндірушілерді насихаттау және көпшілікке

ұсыну, - дейді Саягүл.

Шараға Аққулы ауданындағы «Сүйрік»

шаруа қожалығы 50-ден астам қарбызды

арнайы әкелген. Шаруа қожалығының

басшысы Арсен Әбдірахманов өнімнің

тұқымын Ресей мен Қытайдан әкелетінін,

жылына 250-300 тонна қарбыз алатынын

айтады.

- Біздің қарбыздарымыздың құрамында

селитра жоқ. Таза табиғи өнім. Қарбыз

өсіру - біздің әкемізден қалған ата кәсіп.

Жыл сайын ауа райына байланысты он бес

шақты түрін егеміз. Елімізде қарбыздың

«Леди», «Фараон», «Холодок» деген сұрыптары

танымал. Өнім сексен күннің ішінде толық

піседі, - деді А.Әбдірахманов.

Фестивальге аймақтың өнерлі жастары

да белсенді қатысып, шара қонақтарына

әннен шашу шашты.

2019 жылғы 27 қыркүйекте

сағат 11.00–де Павлодар қаласы

Торайғыров көшесі, 48 мекенжайында

орналасқан концерттік

залда Павлодар облысы ПД бастығы

А.А.Әубәкіровтің халықпен есептік

кездесуі өтеді.

ЖАРНАМА

66-15-40

66-15-42

(940)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12504 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1836

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 14 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Басы 1-бетте

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Алда театрлар

фестивалі тұр

Рухани қазынаның ошағы саналатын

театрдағы мәдениет киім

ілгіштен басталатыны белгілі. 3 айлық

демалыстан кейін киелі сахна арқылы

көрерменімен қайта қауышқан

өнер ұжымы 30-шы маусымды

ерекше бастауды жөн көріпті. Әуелі

театрдың ардагерлері «Облыстық

мамандандырылған сәбилер үйіне»

барып, бөбектерге сый-сыяпат

жасады. Кейіннен ұжымды қала

тұрғындары қызыл кілемде қарсы

алды.

Ал БАҚ өкілдерімен арнайы

өткен баспасөз жиында театрдың

аға буыны алда атқарылатын істер

жайын баяндады. ҚР Еңбек сіңірген

қайраткері, театр басшысының

орынбасары Дәурен Әділдің айтуынша,

30 жылдық аясында бірқатар

дүниелер қолға алынбақ.

- Біздің театр репертуарға

өте бай. Өкінішке қарай, белгілі

себептермен тоқтап тұрған құнды

дүниелеріміз жетерлік. Өткен

маусымнан бастап ұжым бұрынғы

қойылымдарды қайта жаңғыртуды

қолға алған болатын. Биыл да

осы дәстүр өз жалғасын табады.

Бұл - осы маусымда көрерменге

ұсынылатын жаңа премьералардан

бөлек жасалатын жұмыс. Сонымен

қатар, труппа қыркүйек айының

24-і күні Семейде өтетін Әмина

Өмірзақованың 100 жылдығына

арналған республикалық театрлар

фестиваліне қатысуға жолдама алды.

Оған Бердібек атамыздың «Балалық

шаққа саяхат» қойылымымен баратын

болсақ, қазан айында Ақтауда өтетін

«Әбіш әлемі» атты халықаралық театр

фестивалінде өнер көрсетеміз. Ол

жерде Әбіш Кекілбаевтың аудармасы

- «Король Лир» спектаклімен

қатысамыз. Жалпы, биылғы маусым

біздің ұжым үшін ерекше болмақ.

Осы маусымның соңына дейін тағы

2-3 фестивальге қатысу жоспарымызда

бар, - деді Д.Әділ.

Мерейлі маусым

Ал ҚР Мәдениет қайраткері

Талжібек Атамбек соңғы уақытта

театр актерлерінің кино саласында

жиі бақ сынап жүргенін тілге тиек

етті.

- Театрымыздың актерлері

отандық телехикаяларда басты

рөлдерді сомдауымен көзге түсіп

жүр. Бұл - үлкен қуаныш. «Болам

деген баланың бетін қақпай, белін

бу» деген елдің ұрпағымыз. Дәл

қазіргі таңда жас актеріміздің бірі

әрі бірегейі Бауыржан Манатбекұлы

КТК телеарнасының тапсырысымен

түсіріліп жатқан «Сарбаз» телехикаясына

түсуде. Сонымен қатар,

аға буын өкілдері де жастардың

жолын жалғап, телеөнімдерге

шақырту алуда, - деді Т.Атамбек.

Театрдың бас режиссері Әділет

Аханов алдағы уақытта актерлер

қатарының толығатынын айтты.

Режиссердің сөзіне сүйенсек, Алматы

қаласындағы Өнер академиясының

және колледждің 2 түлегімен келіссөз

жүргізілуде. Ал театр осы маусымда

6 жаңа қойылымның премьерасын

жасамақ.

- Біз қазір қазан айында болатын

қос премьераға дайындықты

бастап кеттік. Оның біріншісіне

келсек, Алматы қаласындағы Ғабит

Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік

Академиялық балалар мен

жасөспірімдер театрының қоюшы

режиссері Данияр Базарқұлов драматург

Асылбек Ихсанның «Соңғы

мамонт» туындысын әзірлеп жатыр.

Ал өзім болсам Әбіш Кекілбаевтың

Уильям Шекспирден аудармасы

«Король Лир» трагедиясын

дайындау үстіндемін. Айта кетерлігі

«Король Лирді» бұрынғы қойылым

деп шатастыруға болмайды. Бұл

қойылымның актерлік ойыны, режиссурасы

бұрынғыдан мүлдем басқаша

болмақ. Жалпы, осы маусымда

6 премьера қойылатын болады.

Мұнда 1 трагедия, 2 комедия,

1 драма, 2 балаларға арналған

ертегі болады деп жоспарлап

отырмыз, - деді Ә.Аханов.

Айта кетерлігі, 29-маусымда театр

басшысы Арман Темірбекұлы осы

кезеңде елге танымал актерлерді

шақырып, жергілікті труппаның

қатарында өнер көрсетуін қолға

аламыз деген еді. Бұл да сөз күйінде

қалмапты. Қазір театр басшылығы

бұқараға «Мың бала» тарихи

фильмі арқылы танылған Асылхан

Төлеповпен келіссөз жүргізуде.

Алдағы уақытта кино және театр

жұлдызы Ж.Аймауытов атындағы

қазақ музыка-драма театрының

сахнасында павлодарлық актерлермен

бірге жаңа қойылымда рөл

сомдауы бек мүмкін.

«Балалық

шаққа саяхат»

30-шы театр маусымының

шымылдығын түрген дәл осы қойылым

өткен маусымды қорытындылағаны

белгілі. Оны қала тұрғындарымен

бірге аймақ басшысы Болат Бақауов

та тамашалаған болатын. Сол

кезде-ақ елдің ыстық ықыласына

бөленген қойылымды тамашалауға

келгендердің қатары арта түскен.

Балалық шақтың тәтті елесінен

құрылған қойылымда қарияның

нанды төбесіне көтеріп, қастерлеуі

бүгінгі ас атасының қадірін білмей

жүргендерге үлкен сабақ болғаны

анық. Бұл - режиссердің тапқырлығы.

«Балалық шаққа саяхатты»

көппен бірге тамашалауға келген

75 жастағы қала тұрғыны Абылай

Көпберсін қойылымға екінші рет

келіп отырғанын, бұл жолы 50 жылдан

астам отасқан жары Нәзипа

Көпберсінді ертіп келгенін айтады.

- Бұл қойылымда менің балалық

шағымның естеліктері бар. Алғаш

көзіме жас алып отырып тамашалаған

едім. Сол әсерден шыға алмай ұзақ

жүрдім. Спектакльдегі кейіпкерлердің

ойын баласы болса да, еңбекке

ерте араласуы, бар мен жоқтың

дәмін тым ерте татуы, оқуға деген

құштарлығы... Бұларды өзі бастан

кешірген адам ғана түсінеді. Ұжымның

осы бастамасын ерекше құптап,

алдағы уақытта осындай ұрпаққа

ой салатын ұлттық дүниелерімізді

көптеп қойса екен деген тілегім

бар, - деді Абылай ата.

Ал қойылымның режиссері

Жангелді Садықов ерекше туындыдан

жаңаша сипаттағы спектакль

жасап шығуды көздепті.

- Бердібек атамыздың балалық

шағы ашаршылық жылдарымен

тұспа-тұс келген. Ол кезде бүгінгідей

қоқыс жәшіктерінің қасында немесе

көп қабатты үйлердің кіре берісінде

шашылып жататын нан болмаған.

Зұлмат жылдары бір үзім нанға

зар болған халық бардың қадірін

білген. Міне, 29-шы маусымның

қорытындысын маған тапсырған

кезде, ойыма бірден осы шығарма

оралды. Себебі, көптен бері тәрбиелік

мәні бар, бүгінгі ұрпаққа бар мен

жоқтың қадірін түсіндіретін дүние

жасауды көздеп жүрген едім, -

дейді Ж.Садықов.

Б.Соқпақбаевтың бұл туындысын

елдегі театрлар ішінде алғашқы

болып сахнаға икемдеп, көрерменге

ұсынып отырған жергілікті қазақ

театры бұл жолы да ерекшелене

білді. Ал қойылымның басты кейіпкері

Бердібекті, яғни Беркенді театрдың

жас актері Ақсұлтан Әнуарбек

сомдады.

- Беркен рөлінің маған бұйыруы -

үлкен бақыт. Себебі, Бердібектей

атамыздың балалық шағын бүгінгі

ұрпаққа жеткізу үлкен жауапкершілік

еді. Қойылымға дайындық кезінде

режиссер бізге «баланы ойнамаңдар.

Тек балалық шақтарыңды еске

түсіріңдер» деп тапсырды. 1 жарым

айдың ішінде әзірленді. Қойылымның

басынан аяғына дейін автор болу және

сол кездегі қызығы мен қиындығын

сахналау, әрине, қиындау болды.

Көрерменнің оң бағасына ие болуымыз

- бұл ұжымның бірлескен

жетістігі, - деді А.Әнуарбек.

Сонымен, көптен күткен театр

маусымы ашылды. Қазақ театры

білек сыбана іске кірісті. Алда

жауапкершілігі мол сәттер күтіп

тұрғаны мәлім. Театр труппасына

сәттілік тілейміз!

Суреттерді түсірген -

Владимир Бугаев.

МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ

Біздің

суретшілер -

Алматыда

Алматы қаласындағы

Ә.Қастеев атындағы

мемлекеттік өнер музейінде

ҚР Суретшілер

одағы Павлодар облыстық

филиалының

«Ертіс-Баян маржандары»

атты көрмесі

ашылды.

Шараны ұйымдастыруға

Павлодар облыстық көркемсурет

музейі және С.Торайғыров

атындағы Павлодар мемлекеттік

университеті мұрындық болған.

Көрмеге графика, кескіндеме

жанрында орындалған елуден

астам шығарма, зергерлік өнер

бұйымдары қойылан.

Қазір алматылықтар Баянауыл

өңірінің тылсым табиғатын арқау

еткен шығармалармен танысуда.

Көрме аясында Қазақстан

өнер академиясы павлодарлық

қылқалам шеберлерін марапаттады.

Ә.Марғұлан атындағы

археологиялық ғылыми-зерттеу

орталығының директоры, археолог

Виктор Мерц үлкен алтын

медальға және дипломға ие болса,

Қазақстан өнерінің дамуына

сүбелі үлес қосқаны үшін үлкен

алтын медальмен және ҚР өнер

академиясының дипломымен

Суретшілер одағының мүшелері,

облыстық көркемсурет музейінің

директоры марапатталды.

Мәресіне жетті

1 наурыз күні басталған

«Ұлы даланың

өнерпаздар керуені»

атты жоба өз мәресіне

жетті. Облыстың түкпір-түкпірін

аралаған

керуен 10 қыркүйек

күні Железин ауданында

болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

«Ұлы даланың 7 қыры»

мақаласы аясында қолға алынған

«Ұлы даланың өнерпаздар

керуені» 7 айға жуық аймақта

қазақтықтың қаймағы сақталған

өңірлерді аралап, ұмыт болған

дәстүрлерімізді жаңғыртуға

атсалысты. Дәл осы жоба

республикалық «Рухани қазына-

2019» байқауында үздік атанып,

авторы Алмагүл Бұзаубаева 500

мың теңгелік сертификатпен

марапатталған болатын.

- Бұл шара өзінің көздеген

мақсатына жетті. Мұндағы біздің

бағытымыз шалғай жатқан ауылаймақтарды

аралап, ондағы қазақ

халқының салт-дәстүрін, ұлттық

ойындары мен тағамдарын қайта

жаңғырту болатын. Осы сапарымыз

барысында қамшы тастар,

бәсіре тәрізді жоралғылардың

мән-маңызын көріп таңдай

қағыстық. Жобаға ерекше белсенділікпен

қатысқан өңірлердің

ішінде Май ауданын атап өтуге

болады. Мұнда ауыл тұрғындары

Бейсенбі Мұқажан атамызға көк

серкеге бата жасатып, оны сойып,

көкпарға салды. Бұдан бөлек,

ат жарыс ұйымдастырылып,

түрлі жоралғылар көрсетілді.

Дәл осылай Баянауыл, Успен,

Тереңкөл аудандарын айрықша

атап айтуға болады, - деді

А.Бұзаубаева.

Жоба авторының айтуынша,

қазан айында «Ұлы даланың

өнерпаздар керуенінің» қорытындысы

шығарылады. Жеңімпаздар

бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

More magazines by this user
Similar magazines