28 қыркүйек, 2019 жыл №111 (15431)

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

28 қыркүйек, сенбі

2019 жыл

№111 (15431)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

ГАСТРОЛЬДІК САПАР

«Әкемтеатр» -

Ертіс өңірінде

Нақпа-нақ

Павлодар

облысындағы

орташа жалақы

мөлшері

151 423

теңгені құрады

ТАСЫМАЛ

Әуежай

әкімдікке

берілді

Осыдан 16 жыл бұрын «Самұрық-

Қазына» компаниясының басқаруына

берілген Павлодар қаласындағы

әуежай облыстың

коммуналдық меншігіне қайтарылды.

Ендігі ретте жергілікті

билік тасымалдаушылармен

байланысты нығайтып, жаңа

бағыттарға жол ашпақ.

Нарық:

ҚАНТПЕН ҚАМТУҒА ҚАУҚАРЛЫМЫЗ

Суретті түсірген – Серік Қапаров.

Араға 13 жыл салып Ертіс-Баян өлкесіне табан тіреген М.Әуезов атындағы

Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын жергілікті көрермен

зор құрметпен қарсы алды. Гастрольдік сапарын жерлес қаламгер,

академик Ғарифолла Есімнің «Таңсұлу» драмасымен бастаған өнер

ұжымының тартуы көп болды. Павлодарлық балғындарға арнап ақын

Бақыт Беделханның «Мұқағалимен сырласу» поэтикалық драмасын

қ о с а ұ с ы н д ы . Ө ң і р д е ө т к і з г е н 4 к ү н д е « ә к е мт е а т р д ы ң » ә р т і с т е р і

5 спектакльді сахналады.

Жалғасы 12-бетте

Күнделікті өмірімізді тәттісіз елестету қиын. Оны қазақстандықтардың жылына 500 мың

тонна қантты тұтынуы айғақтай алады. Ал сұранысқа ие өнімнің бұл түрі небары екі облыста

өндіріледі. Мұндағы зауыттар қажеттілікті толығымен қамтуға қауқарсыз. Сондықтан сырттан

сатып алудан басқа амал қалмай отыр. Десе де, импортты ығыстырып, өнімді өз өңірімізде

өндіретін күн алыс емес.

Толығырақ 9-бетте

Өткен жылы «Самұрық-Қазына» акционерлік

қоғамы Павлодар, Атырау және

Ақтөбе қалаларындағы әуежайларды

сатылымға шығарып, жекенің басқаруына

бермек болған еді. Әйтсе де, конкурсқа

қатысуға ниетті компаниялар болмай,

жергілікті билікке тегін беру туралы шешім

шығарылды. Себебі әуежай – облыс үшін

маңызы зор стратегиялық нысан. Сөйтіп,

5 қыркүйек күні Павлодар облысының

әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» компаниясы

өзара келісімшарт жасап, әуежай

қайтарымсыз негізде жергілікті биліктің

басқаруына берілді. Бұдан былай біздің

аймақ пен өзге өңірлер арасындағы әуе

қатынасын облыстық жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары басқармасы

реттейтін болады.

- Павлодар әуежайы активтерінің

100 пайызы облыстық әкімдікке тегін

тапсырылды. Қазіргі уақытта ішкі құжаттар

тексеріліп, тасымалдаушы компаниялармен

келіссөздер жүргізілуде. 28 қазан күні

Павлодар-Новосібір, кейін Павлодар-

Шымкент бағыттарындағы әуе қатынасы

қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар,

еліміздің батыс өңірлерімен байланыс

орнату мәселесі қарастырылуда. Ал

бұған дейінгі бағыттар, яғни Нұр-Сұлтан,

Алматы, Мәскеу (Ресей), Анталия (Түркия)

қалаларына қатынас өзгеріссіз қалады, -

дейді облыстық жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары басқармасы басшысының

орынбасары Динара Мұқанова.

Белгілі болғандай, павлодарлық

әуежайдың ешқандай мекемеге қарызы

жоқ. Жылдық таза табысы 349 млн.

теңгені құрайды.

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.


2 28 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Бөле-жараБ

Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір аптаның

аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер балапанды

апта сайын санайды. Осы жеті күнде

жер бетіндегі тіршіліктен көңілге оғаш, көзге

ерекше көрінгені жетерлік. Есірікке де, естіге

де сөз ерттік. Ел ішінде, дөңгеленген он сегіз

мың ғаламда біз куә болған, бөле-жара айтар

оқиғалар қайсы?

АҚШ-тағы

алғашқы кездесу

БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы барысында

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

25 қыркүйекте Нью-Йоркте АҚШ президенті Дональд

Трамппен кездесті. Бұл - екі ел басшыларының

алғашқы кездесуі. Ақорданың хабарлауынша,

кездесу ұзаққа созылмаған.

Әңгімелесу барысында екі ел көшбасшылары

Қазақстан мен Американың кеңейтілген стратегиялық

серіктестігінің өзекті мәселелері мен перспективаларын

талқылады. «Қасым-Жомарт Тоқаев

АҚШ-пен саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық,

сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті

қамтамасыз ету салаларындағы жан-жақты қарымқатынастарды

одан әрі нығайтуды жалғастыра

беретінін атап өтті» деп жазды Ақорда сайты.

Кей сарапшылардың айтуынша, Орталық

Азияда АҚШ ықпалы Қытай мен Ресей сияқты

аса күшті емес. Бірақ соған қарамастан АҚШ

Орталық Азия елдерімен аймақ қауіпсіздігі,

терроризм мен экстремизм, есірткіге қарсы

күрес және өзге салаларда әріптестік орнатып

келеді. АҚШ пен Қазақстан арасындағы тауар

айналымы 2018 жылы 37 пайызға ұлғайып,

2,24 миллиард долларға жеткен.

Қазақтың мұнайы

бәріне жетпейді

Сауд Арабиясында жуықта орын алған оқыс

оқиғаға байланысты әлемдік нарықта туындаған

мұнай сұранысын Қазақстан толтыра алмайды.

Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев

осылай деп отыр. Оның пікірінше, Қазақстан

Сауд Арабиясындағы жағдайды пайдаланып, сыртқа

көп мұнай сатады деу этикаға қайшы келеді.

- Қазақстан күніне небары 1,8 миллион

баррель мұнай өндіреді. Қанша тырыссақ та,

Сауд Арабиясы мұнайының нарықтағы орнын

толтыра алмаймыз. Оның үстіне, Қазақстан ОПЕК

алдындағы міндеттемесін орындауы тиіс, яғни

маусым аяқталғанға дейін (2020 жылдың наурыз

айы) қазіргі межеден артық мұнай өндіруге

болмайды,- деді Қанат Бозымбаев.

Естеріңізде болса, 14 қыркүйекте Сауд

Арабиясындағы ірі мұнай кенішіне дронмен шабуыл

жасалған. Осыдан кейін ондағы мұнай өндірісі

5,7 миллион баррельге күрт азайды. Артынша

әлемдік нарықта мұнай бағасы қымбаттап, сұраныс

көбейген. 16 қыркүйекте ашық саудада Brent

маркалы мұнай бағасы 19 пайызға қымбаттап,

барреліне 71,95 долларға жетті.

Байкалға бара

алмай отыр

Ресей Жапонияға жапон әскерилерінің сүйектері

жатуы мүмкін Байкал аумағында жаңадан

қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат бермеді.

Жапонияның ақпарат құралдарының хабарлауынша,

зерттеу тобы Ресейге қыркүйек айының

соңында аттануы тиіс болған. Алайда Мәскеу

Жапонияның сыртқы істер министрлігіне «бірқатар

мәселелерге» байланысты қазба жұмыстарын

жүргізу мүмкін емес деп айтқан. Мәскеудің нені

меңзегені әзірге белгісіз.

Ал Токио қазба жұмыстарын жалғастыру

бойынша Мәскеумен қайта келіссөз өткізуге

құлықты. Ресейлік ведомство қазба жұмыстарына

рұқсат бермеуінің себебін түсіндірген жоқ.

Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы қыркүйектің

2-сінде Жапонияның капитуляция актісіне қол

қоюымен аяқталғаны мәлім. Сахалин мен Курил

аралдарында шамамен 600 мың жапон сарбазы

Моңғолия және Совет Одағы аумағындағы лагерьлерге

жіберілді. Жапония тарабының дерегінше,

лагерьде шамамен 55 мың адам өлген, 33 мың

тұтқынның сүйегі бұрынғы КСРО мен Моңғолияда

деп айтылады.

Апта оқиғаларын бөле-жара сөз еткен -

Апта оқиғаларын бөле-жара сөз еткен -

Мұрат

Мұрат

АЯҒАНОВ.

АЯҒАНОВ.

Қайырымдылық шарасына Павлодар

облысының әкімі Болат Бақауов, облыстық

жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының өкілдері,

демеушілер мен ата-аналар қатысты.

Болат Жұмабекұлы өңірде мүмкіндігі

шектеулі жандардың мәселесі назарда

екенін атап өтті.

- Үкімет тарапынан, облыстық бюджет

есебінен ерекше күтімді қажет ететін

балаларға жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Келесі жылы да қайырымдылық іспен

айналысатын компаниялармен бірлесіп,

денсаулығында кемістігі бар жандарға

қол ұшын созатын боламыз. Осы орайда,

балаларға мейірім сыйлап жүрген «NFC

KAZAKHSTAN» серіктестігіне алғысымды

білдіремін, - деді Б.Бақауов.

«NFC KAZAKHSTAN» компаниясының

бөлім басшысы Жарқын Тұрышевтің айтуынша,

кәсіпорын жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасымен тығыз байланыс орнатқан.

Қайырымдылық шарасында жалпы сомасы

2 млн. теңгені құрайтын 7 арнайы арба

табыс етілді. Кәсіпорын ағымдағы жылдың

9 айы ішінде Қазақстан бойынша 20 млн.

теңгеге көмек көрсеткен. Оның ішінде

атқарылған жұмыстардың басым бөілігі

Павлодар қаласына тиесілі. Бұл ретте

серіктестік облыс орталығындағы бірнеше

мектеппен 4-5 жыл көлемінде жұмыс

істеп келеді.

Шара барысында облыс әкімі

ата-аналарға арнайы арбаларды табыс

Кеше «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының кеңсесіне

ағылған азаматтар санында шек болмады. Филиал мен «Ertis»

арнасы бірлесіп, телеарнадан тікелей эфирде партияның

Фракция күнін өткізетінін естіген тұрғындар мәселелерін

арқалап, құзырлы органдардан тұшымды жауап алуға асықты.

Мәжіліс залында айналдыра қойылған үстел басында аймақ

басшысы, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының

төрағасы Болат Бақауов бастаған облысымыздың барлық

сала өкілдері, депутаттар азаматтарды қабылдап, өтініштілектерін

тыңдады. Айта кету керек, мұндай шара еліміз

бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Мәселен, Павлодар қаласының Зеленстрой

шағын ауданының тұрғыны Галина

Шторм барша көршілерінің өтінішін айтуға

келіпті. Облыс әкімінің алдында ол мұндағы

инженерлік-коммуникациялық желілерін

тарту жайын көтерді.

- Бізде тұрғындарды ауызсумен

қамту мәселесі өзекті. Кейбір азаматтарда

бұрыннан тартылған құбыр арқылы

үйіне су жетіп тұр. Бірақ, ол құбыр иесіз,

сондықтан, ескірген құбыр жарылғанда

оған қызмет ететін мекеме таппаймыз.

Енді, осы мәселе оңынан шешілмек.

Сондай-ақ, шағын аудан халқын толық

сумен қамту үшін жұмыстар жүргізіліп

жатқанын білдім. Бұл ауданда 13 жыл

тұрамын. Бұрын жерасты суы көтеріліп

көрмеп еді. Соңғы төрт жылда тұрғындардың

мазасын алып бітті. Аймақ басшысы бұл

түйткіл де біртіндеп шешілетінін, тиісті

жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Ал

жылумен және кәріз жүйесімен қамту жағы

болашақтың еншісінде екенін түсіндім.

Дегенмен, барлық атқарылып жатқан және

жоспарланған жұмыстар жайында жазбаша

жауап күтетінімді де айтып кеттім, - деді

Г.Шторм қабылдаудан шыққаннан кейін.

Г.Шторм біраз азаматтың басындағы

мәселені қозғаса, Жанар Қаржасбаева есімді

Павлодар ауданына қарасты Луганск елді

мекенінің тұрғыны екі баласын асыраудың

әлегімен жүр. Нақтысы, балаларының әкесі

Қуандық Мұқановтан екі жыл бойы алимент

өндіре алмай жүргенін, осы мәселені

Арба сыйлады

Кеше «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалында «Қамқорлық» акциясы

аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы арба табыс етілді.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

етіп, балаларға зор денсаулық тіледі.

Екібастұз қаласынан арнайы келген Гүлнұр

Нұрқаева ұйымдастырушыларға аналық

жүрегімен алғыс білдірді.

- Ұлым церебралды сал ауруына

шалдыққан. Жасы 7-де. Бізде үй ішінде

жүретін арба бар. Ал серуендеуге арналған

Фракция күні

шешуге биліктің араласуын қалайды.

- Негізі, бұған дейін әлеуметтік желі

арқылы мәселемді облыс басшысына

жолдаған едім. Болат Жұмабекұлы

бірден жауапты азаматтарға тапсырма

берді. Алимент төлеуден қашып жүрген

балаларымның әкесімен бетпе-бет

жүздестіріп, медиаторлардың көмегімен

қолхат алдым. Ол 30 мың теңгеден төлеп

тұруға уәде етіп еді. Бірақ, іс жүзінде

орындалмады. Балаларым мектепке барар

алдында 5 мың теңге берді. Одан кейін

тағы таппай қалдым. Павлодар қаласында

тұрады. Телефон нөмірін де өзгертіп

жіберіпті. Екі жылда 700 мың теңге

көлемінде алименттік қарызы жиналды.

Атында еш мүлік, ресми жұмысы жоқ.

Ал мен декреттемін, екінші балам екіден

енді асты. Сондықтан, баланы асырауға

әкесінің де араласуына қол жеткізгім

келеді, - дейді Ж.Қаржасбаева.

Айтуынша, облыс билігі араласып, екі

баланың анасы бүгінде атаулы әлеуметтік

көмек алып отыр. Осы ретте, Болат Бақауов

алимент төлеуден жалтарып жүргендермен

күрес жалғасып жатқанын атап өтті. Яғни,

бұл бір реттік емес, жүйелі жұмыс екенін

ескертті. Сондықтан, құзырлы органдар

заң аясында әрекетті әлі де күшейте

түседі, деді. Аймақ басшысының айтуынша,

бұл бағыттағы жұмыстар басталғаннан

бері алимент төлеуі тиіс азаматтардың

40 пайызы міндеттерін мойындап, балаларына

қарайласуға бет бұрған.

Ал екінші Павлодар тұрғыны Жангүл

Нұрлан өзі тұратын Мүткенов көшесі,

54 мекенжайындағы үйдің ауласын

ҚАМҚОРЛЫҚ

Суретті түсірген - Ольга Бугаева.

құрылғы болмады. Ондай арбаны өз

қаражатымызға сатып алуға мүмкіндігіміз

жоқ. Себебі өте қымбат тұрады. Осындай

бағалы құрылғы үшін аймақ басшысына,

демеушілерге зор алғысымды білдіремін.

Елімізде ешбір бала ауырмасын деп

тілеймін, - деді ана.

жарықтандыруды сұрай келіпті. Айтуынша,

көрші 52-ші үйде бұл жұмыстар жүргізіліп

жатқанын көрген ол өз ауласының да

шет қалмауын фракция күні құзырлы

органға өтініш етуге арнайы келген.

Себебі, тас қараңғыда тұрғындар өздерінің

қауіпсіздігіне алаңдайды. Бұл мәселені

қала билігі қазан айының 20-сына дейін

шешетіндерін уәде етіпті.

- Елбасымыз партияның жұмысын қайта

жандандыруды тапсырған болатын. Біз

«Ertis» арнасымен бірлесіп, Фракция күнін

қолға алып отырмыз. Президент Қасым-

Жомарт Кемелұлы да мемлекетіміздің

көпшіліктің мұң-мұқтажына құлақ аса

білуі тиіс екенін айтты. Мұндай кездесулер

өткізу арқылы азаматтардың талаптілегін

тыңдаймыз. Сондай-ақ, бұл шара

үш жылдық бюджетті қалыптастыру

қарсаңында жүзеге асырылуда. Жалпы,

бюджетті қалыптастыруда қоғам бізбен

бірге болуы тиіс. Әрбір азаматтың пікірі

ескеріледі. Бүгінде партия жұмысы қайта

жандануда. Біз әр мәселені білуіміз әрі

оны шешу жолдарын көпшілікке жеткізуіміз

керек, - деді облыс әкімі Болат Бақауов.

Аймақ басшысының алдына барғандар

алимент, абаттандыру, балаларды

тамақтандыру, ыстық сумен қамту, жолаушылар

тасымалы, облыс орталығының шеткі

шағын аудандарының мәселелері сынды

талап-тілектерін білдірген. Облыс әкімі

шеткі шағын аудандарды дамыту бойынша

тұрғындармен кездесулер өткізіліп, нақты

қай жылы қандай жұмыс атқарылатыны

айқындалатынын айтты. Бұдан бөлек,

полиция, денсаулық сақтау, әлеуметтік

қорғау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығы органдарының басшыларына

да алуан сұрақ қойылды.

Жалпы, Фракция күнінде 157 адам

өтініш білдірген. Бір сағаттық тікелей

эфир барысына үлгермегендерді құзырлы

органдар эфирден тыс тағы бір сағат

қабылдауды жалғастырды.

Бұл шара алдағы уақытта әр жұма

күні әртүрлі форматта, тақырыпта жүйелі

жүзеге асырылады.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ОНОМАСТИКА

Жоспарды асыра орындады

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Аймақ басшысы Болат Бақауовтың

қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың

кезекті сессиясында «Еңбек» бағдарламасының

жүзеге асу барысы талқыланды. Бұл

бағдарлама жұмыссыздарды оқытып, кәсіп

ашуға ниеттілерге қайтарымсыз қаржы

мен жеңілдетілген несие беруді және

қандастарымыз бен қоныстанушыларды

көшіріп, оларға жағдай жасауды көздейді.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында

1397 адам қысқамерзімді кәсіптік оқытуға

жіберіліп, оның 1066-сы оқуын тәмамдады.

Облыстық мәслихаттың сессиясы барысында

мәдениет, тілдерді дамыту және

архив ісі басқармасының басшысы Ернұр

Дәуенов депутаттар назарына қаулы мен

шешім жобаларын ұсынды. Соған сәйкес,

Ақсу қаласының Путь Ильича ауылын Еңбек,

Бүгінде шағын және орта бизнесті дамыту

үшін мемлекет тарапынан жан-жақты

қолдау қарастырылуда. Соның бірі – «Еңбек»

бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама аясында

шағын несие алу және қаржыны игеру көрсеткіші

бойынша біздің облыс елімізде көш бастап

тұр. Оған қоса, 2021 жылға белгіленген меже

биылдың өзінде-ақ орындалды.

Қайта оқудан өткендердің қатарында 464

адам жұмысқа орналасса, 46 адам өз ісін

ашуға мемлекеттік грант алыпты. Жалпы,

қайтарымсыз қаржы 252 500 теңге көлемінде

қарастырылады. Жыл басынан бері дәл

осындай сома 623 павлодарлыққа берілді.

Ал 29 жасқа дейінгі тұрғындарға арналған

грант 505 мың теңгені құрайды. Биыл

250 жас осы мүмкіндікті пайдаланып, жеке

кәсібін ашты.

Бұл ретте Павлодар облысы шағын

несиелерді беру және қаржыны игеру

көрсеткіші бойынша елімізде үздік екенін

атап өтпеске болмас. Тіпті, жұмыс істеп

тұрған кәсіпорындар санын көбейтуге

қатысты жоспар уақытынан бұрын орындалды.

2021 жылы аймақтағы шағын бизнес

Ауыл атаулары ауысты

Бұған дейін Қызыл Октябрь аталып келген Май ауданындағы

ауылға ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімі берілетін болды.

Облыстағы басқа да бірқатар елді мекеннің атауы ауысады.

АЙНА 28 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл 3

санын 45 442-ге жеткізу жоспарланған-ды.

Десе де, қазірдің өзінде облысымызда

46 044 кәсіпкерлік нысаны бар. Көрсеткіштің

артуына «Еңбек» бағдарламасы оң әсер

етті. Оның аясында жалпы сомасы 446,2

млн. теңге болатын 47 жоба жүзеге асты.

Ауылдықтардың да бағдарламаға белсенді

қатысатыны байқалады. Жыл басынан бері

елді мекен тұрғындарына 408 жобаны іске

асыруға 1 млрд. 743 млн. теңге несие

берілді. Соның нәтижесінде 479 жаңа жұмыс

орны ашылды.

Осы орайда облыстық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының басшысы Қайрат

Нұрмағамбетов еңбек ресурсын арттыру

мақсатында облысымызға қандастарымыз

бен өзге өңірлер тұрғындарын көшіру ісінің

жүйелі жүріп жатқанын айтты. Облыс тұрғыны

атанған 167 қандасымыз тұрақты жұмысқа

орналастырылыпты. Тағы 4 адамға лайықты

қызмет қарастырылуда. Ал қоныстанушылардың

қатарында 579 адам екі қолға бір күрек

тапты. Сонымен қатар, 36 адамға жұмыс

іздестірілуде.

Атқарылған істермен танысқан облыстық

мәслихат депутаттары жыл соңына дейін әр

бағыт бойынша белгіленген жоспарлардың

орындалуы тиіс екеніне назар аударды.

«Жомарт жүрек» - елге тірек!

Осы аптаның бейсенбісінде

аймағымызда қайырымдылық

ісімен танылған бірқатар

азамат «Жомарт жүрек»

сыйлығымен марапатталды.

Аталған жоба Елбасының «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық

мақаласы негізінде қолға алынған «Атамекен»

кіші бағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда.

Марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары

Асхат Оралов, сондай-ақ жергілікті

кәсіпкерлер мен аймағымыздың дамуына

елеулі үлес қосқан азаматтар жиналды.

- Аймақ бойынша өңірдің алға басуына,

туған ауылының әлеуметтік жағдайын көтеруге

айтарлықтай үлес қосып жүрген азаматтар

ортамызда баршылық. Алайда, олардың көбі

ел игілігі үшін жасаған істерін көпшілікке

Май ауданының Қызыл Октябрь ауылын

Абай, Павлодар ауданының Красноармейка

ауылын Кемеңгер деп ауыстыру

мәселесі көтерілді. Сонымен қатар, Ақтоғай

ауданындағы балалар өнер мектебіне Естай

Беркімбаевтың, Павлодар қаласындағы

насихаттауды қаламайды. Сондықтан

да олардың ізгілікке толы жұмыстарын

айналасына үлгі ретінде көрсету үшін

«Жомарт жүрек» секілді жобалар қажет, -

деді облыс әкімінің орынбасары Асхат

Оралов.

Мерейі үстем болғандар арасында

өңіріміздегі 11 аудан мен 3 қаланың жомарт

жандары бар. Солардың бірі - Ертіс ауданына

қарасты Қызылағаш ауылының азаматы,

«Сағымбай» шаруа қожалығының басшысы

Сағымбай Уабов.

- Әр адам туған жерінің дамуына шамашарқынша

үлесін қосуы керек. Бұл бағытта

ауылдың гүлденуіне аздап үн қосудамыз.

Мәселен, Қызылағаш ауылында еркін

күрес үйірмесі бар. Жас спортшыларды

қолдау мақсатында оларға боз кілем

тарту еттік. Сондай-ақ 1,5 млн. теңгеге

дене шынықтырумен айналысуға арналған

№25 мектепке Халық ағарту ісінің үздігі,

облыс орталығындағы Абай атындағы

№10 лицей-мектебінде 40 жыл ұстаздық

еткен бастауыш сынып мұғалімі Рауза

Молдабекованың есімін беру орынды

деген ой айтылды. Облыстық мәслихат

депутаттары жоғарыдағы ұсыныстардың

барлығын қолдап, оң шешім шығарды.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

МЕРЕЙ

Суретті түсірген - Ольга Бугаева.

құралдар алуға мүмкіндік жасадық. Ауылдағы

мәдениет үйіне музыкалық аппаратура

сатып алдық. Осы бағыттағы жұмыстарды

алдағы уақытта да қолға алатын боламыз, -

дейді С.Уабов.

Ал жергілікті зиялы қауым өкілдері, соның

ішінде ақын-жазушылардың кітаптарын

шығаруға демеушілік жасап, өнер иелерінің

шығармашылық кештерінің өтуіне қолдау

көрсетіп жүрген жанның бірі - павлодарлық

кәсіпкер, қоғам белсендісі Асылбек Туғанбай.

Ол қоғамның дамуына қосқан азды-көпті

үлесін елеп-ескерген ұйымдастырушыларға

алғыс айтты. Сондай-ақ «Жомарт жүрек»

сыйлығы атқарған жұмысының өтеуі үшін

емес, алда ел игілігі үшін атқарылатын

шаруаларға ынталандыру ретінде берілгендігін

тілге тиек етті.

Алпысбай ХОНЖ.

БЮДЖЕТ

Су құбыры

салынады

Павлодар қаласындағы Зеленстрой

шағын ауданы мен облыс

орталығына қарасты Теміржолшылар

кентінің тұрғындары

орталықтандырылған су

жүйесін тарту мәселесін көптен

бері көтеріп келеді. Тұрғындарды

титықтатқан бұл түйткілдің

түйіні жақын уақытта тарқамақ.

Аталмыш елді мекендерде су

құбырының құрылысын бастау

үшін мемлекеттік қазынадан

қаржы қарастырылды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Кеше облыстық мәслихаттың XXXIV

кезекті сессиясы өтті. Жиынға аймақ

басшысы Болат Бақауов, депутаттар мен

басқарма басшылары қатысты. Облыстық

экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев

қазынадағы қаржыны қандай бағыттарға

жұмсау жоспарланғанын баяндады.

Мәселен, облыс орталығындағы Зеленстрой

шағын ауданы мен Теміржолшылар

кентінде су жүйесін жүргізуге 207,3 млн.

теңге қарастырылып отыр. Ал Павлодар

ауданындағы Мичурин, Госплемстанция

ауылдарындағы алқаптарға инженерліккоммуникациялық

желілерді тартуға

102,3 млн. теңге, Баянауыл ауданындағы

Майқайың кентіндегі жылу жүйесін

күрделі жөндеуге 15 млн. теңге бөлінбек.

Мемлекеттік қолдау шағын және орта

бизнеске де көрсетіледі. Айталық, «Parassat»

қонақ үй кешеніне инфрақұрылымды

тартуға 75,4 млн. теңге, Ақсу қаласындағы

қонақ үйге инженерлік желілерді жүргізуге

34,4 млн. теңге беріледі.

Әлеуметтік мәселелер де назардан

тыс қалмайды. Атаулы әлеуметтік көмекті

төлеуге қосымша 499,8 млн. теңге,

мүмкіндігі шектеулі жандарға арбалар алуға

50 млн. теңге қарастыру жоспарланған.

Бұл ретте Павлодар облысы әскери

қоймадағы жарылыс салдарынан зардап

шеккен Түркістан облысы Арыс қаласына

әлі де көмек көрсететінін атап өткен

жөн. Бұл мақсатта тағы 83 млн. теңге

бағытталмақ.

- Мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде

890,3 млн. теңге үнемделді. Сонымен

қатар, әлеуметтік, табыс салықтары,

басқа да көздерден қосымша қаржы

түсті. Нәтижесінде облыстық бюджеттің

жалпы көлемі 213,9 млрд. теңгені құрап

отыр, - деді М.Тұрлыбаев.

Мәслихат депутаттары жоспарлы істердің

дені әлеуметтік бағытты қамтитынын алға

тартып, енгізілген өзгерістерді бірауыздан

қолдады.

Құрметті Павлодар

облысы кәсіпкерлері!

Сіздерді «Кәсіпкерлікті, жол

бойындағы сервисті және

экспортты дамыту» тақырыбына

арналған іскерлік

таңғы асқа қатысуға шақырамыз.

Кездесудің мақсаты – кәсіпкерлікті,

жол бойындағы сервисті және экспортты

дамыту мәселелерін талқылау. Сондай-ақ,

индустриялық-инновациялық даму

мемлекеттік бағдарламасының үшінші

бесжылдығын презентациялау, «Қарапайым

заттар экономикасы» жеңілдікпен кредит

беру тетігі, «Бизнестің жол картасы-

2020» арқылы қолдаудың мемлекеттік

шараларын талқылау жоспарлануда.

Өткізетін орны – Павлодар қ., Луговая

көш., 16, «Инвестор үйі», 2-қабат,

конференц-зал.

Өткізетін күні – 2019 жылғы 4 қазан

сағат 10.00-де.

Кездесуге қатысу үшін 8 ( 718 2)

78-78-21, 78-78-19 телефон нөмірлері

бойынша тіркеуден өту қажет.


4 28 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Жұмыссыз

қалдырмайды

Биыл жыл басынан бері 29 жасқа толмаған

815 азамат жұмыс іздеп, құзырлы органдарға

хабарласқан. Оның 12-сі ауылдық округтерде

тұрады. Жастарды жұмыспен қамтуға баса

назар аударылуда. Яғни, әр жасты жұмыссыз

қалдырмаудың әрекеті қолға алыныпты.

Мәселен, өтініш білдіргендердің 735-і жұмысқа орналастырылыпты.

Тарқ атаайтс ақ,101а д амәлеу мет тікж ұ мысорын д арына

тартылса, 90 жас жастар практикасы бойынша еңбекке араласқан.

Ал 25 жас тұрғын қоғамдық жұмыстарға тартылыпты.

Сонымен қатар, 221 азамат «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды

және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қатысушылары

қатарына алынған. Нақтысы, олардың 41-і қысқа мерзімді курстарға

жолданса, 28 азамат оқуын аяқтапты. Олардың алтауы бүгінде

жұмысқа орналасқан. Ал 28 жас азамат «Бастау бизнес» жобасы

аясында кәсіпкерлік негіздерін меңгерген. 4 тұрғын микронесие

алған. Сондай-ақ, 29 жасқа дейінгі 138 екібастұздық «Жас кәсіпкер»

жобасы бойынша кәсіпкерліктің қыр-сырын оқыған. Олардың басым

бөлігі оқуын аяқтап, қолдарына сертификат алған.

Құзырлы органның мәліметі бойынша, қазіргі таңда Екібастұздың

ауылдық аймағында 138 бос орын бар, оның 17-сі - білім саласында.

Демек, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасымен еңбекке араласуға

мүмкіндік бар. Бұл ретте, жас мамандарға әлеуметтік қолдау

шаралары қарастырылған. Келісімшартқа отырған азаматтар кем

дегенде 3 жыл ауылда еңбек етуі тиіс. Айта кету керек, 2009 жылдан

бері 100 АЕК көлемінде (биыл – 252 500 теңге) көтерме жәрдемақы

беріледі. Ауылдық мекенде 0,01 пайыздық мөлшерлемемен тұрғын

үй сатып алуға 15 жылға 1500 АЕК-ке дейін несие қарастырылған.

Биыл кеншілер шаһары аумағында 11 бюджеттік несие және

10 көтерме жәрдемақы беру қарастырылыпты.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Г.МАҒЖАН.

Аппаратура тарту етілді

Аудандық Мұса мырза мешіті халықты имандылыққа

шақыруда елеулі еңбек етуде. Жас

шәкірттерге имандылық әліппесін үйретуден

бастап, түрлі діни рәсімдерді өткеруде мешіттің

ұстанған бағыты Қазақстан Мұсылмандары діни

басқармасының негізгі талаптары мен шарттары

шеңберінде жасалады.

Ал халыққа жан азығын,

рухани күш, имани байлық

сыйлап тұратын мешіттің өзі

қолдауға, демеуге мұқтаж

екенін кейде естен шығарып

аламыз. Мемлекет тарапынан

қаржылай қолдау көрсетілмейтін

қасиетті мекенге

жанашыр азаматтар, демеуші

жандар әрдайым қол ұшын

созып тұрады. Сондай отбасылардың

бірі – баянауылдық

Әбиевтер әулеті. Жақында

Мемлекеттік қызмет саласының

және Ұлы Отан соғысының

ардагері Қаныкен Әбиевтің

ұрпақтары аудандық Мұса мырза

мешітіне толық жиынтығымен

дауыс ұлғайтқыш аппаратура

сыйлады.

- Ата-анамыздың рухтарына

құран бағыштап, ас берген

болатынбыз. Анамыздың өмірден

өткеніне 40 күн толды. Ал

әкеміз ортамызда болса, 100

жасқа толар еді. Қазақ «Өлі

разы болмай, тірі байымайды»

деген екен. Марқұмдарға ана

д ү ни е д е те к бі з д ің д ұ ғ а мы з ғ а н а

көмек болады екен. Сол себепті,

жақын жандарды еске алып,

ас берген кезде аудандық

мешітке сый-сыяпат жасадық.

Мешіт ел үшін қызмет етеді.

Жақында бір жиында мешіттің

дауыс ұлғайтқыш құрылғысының

ескіргенін байқадық.

Сол себепті мешітке барлық

жабдығымен микрофон сыйладық,

- дейді қайырымды ісімен

танылған Бекболат Әбиев.

Осы орайда, аудандық

мешітке жанашырлық танытып

жүрген азаматтарға аз-кем

тоқталып өткенді жөн санадық.

Мұса мырза мешітінің бас

имамы Саян қажы Қожиннің

айтуынша, аудандық мешіт екі

жыл қатарынан имамдардың

жалақысын демеушілер

есебінен өтеп келеді.

- 2017 жылдың қыркүйек

айынан бастап аудан әкімі

Оразгелді Әліғазыұлының қолдауымен

имамдарға тұрақты

жалақы тағайындалды. 2018

жылы Қарлығаш Әубәкірова

5 млн. теңге қаражатты аудандық

мешіт есепшотына аударған

болатын. Ал биыл Сымбат

Микаелян 5 млн. теңге қаражат

берді. Бұл сома толықтай

мешіт имамдарының айлық

жалақысына жұмсалды, - дейді

Саян қажы.

Қазіргі уақытта аудан

бойынша 10 мешіт бар болса,

оларда он имам халықты

имандылыққа шақырып, мұсылмандыққа

тәрбиелеп отыр екен.

Имам-молдалардың жалақы

алуына Баянауыл ауданының

Құрметті азаматы Мұрат

Рахметов жеке отбасымен

қол ұшын беруде. Сондайақ

«Майқайың алтын» АҚ,

«Ақ жол» ЖШС, «ИшимСтрой

Инвест» және «ҚазСтрой

Сервис-7» ЖШС, «Алтай

Полиметал» ЖШС секілді мекемелерді

басқарып отырған

ел азаматтарын, «Камашев»

жеке кәсіпкерлігін атап өтуге

болады.

Ж.ҚАТАЙ.

-

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Ауылға ауызсу келді

Бүгінде ауылдарды көркейту,

тұрғындардың тұрмысын жақсарту

мақсатында бірқатар іс

атқарылуда. Елді мекендерге

таза ауызсу тартылып, жолдар

жөнделіп, қайта қалпына келтіріліп

жатыр.

Осындай игі істер қолға алынған ауылдардың

бірі - Мәмәйіт Омаров атындағы елді

мекен. 2018 жылғы шілде айында бұл ауылда

су құбырын салу жұмыстары басталды. Аталмыш

жұмысты «Агропромремстрой» ЖШС

мердігер компаниясы жүргізді. Жобаның құны -

-

ПАВЛОДАР АУДАНЫ

Жаяу жүргіншілер

жолы жасалуда

Атауы өзгерген Кемеңгер ауылының

келбеті де өзгеріп келеді.

Мәселен, орталық көшеде жаяу

жүргіншілер жолы салынып жатыр.

389,5 млн. теңге. Су құбыры жүйесінің

жалпы ұзындығы 9,339 шақырымды құрады.

2019 жылғы тамыз айында құрылыс

жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта

нысанды тапсыру-қабылдау жұмыстары

жүргізіліп жатыр.

Аталмыш жұмыстардың жүргізілуі барысында

үнемделген қаражат есебінен Мәмәйіт

Омаров атындағы ауылдың ауыл ішіндегі

жолдары жөнделіп, Ақжол, М.Омаров, Естай

көшелерінің қиылысына асфальт төселді.

Алдағы уақытта М.Омаров және Абай

көшелеріне асфальт төсеу жоспарланып

отыр.

А.ТІЛЕЙ.

Бұған дейін кемеңгерліктер ойлы-қырлы

орталық көше жолының көктемде батпаққа

айналатынын айтып, талай рет шағымданған еді.

Міне, енді мәдениет үйі, балабақша, мектеп, мешіт

сын ды маңыз ды әлеу мет тік нысан д ар орна ласқ ан

көшеде мердігер компания – «Дорстрой» ЖШС

жүргіншілерге арналған жол салуда. Аудан

әкімі Жанат Шұғаев құрылыс барысын бақылап

қ а й т т ы . Б ұ л м а қ с а т қ а а у д а н д ы қ б ю д ж е т т е н

5 млн. 500 мың теңге бөлінген болатын.

өзін-өзі басқарудан түскен қаражаттың бір

Тағы бір игі жаңалық – «60 лет октября» деп

бөлігіне, атап айтқанда, 1 млн. теңгеден

ата лып келген көше бір ай дересінде «Тәуелсіз дік»

астам сомаға балабақшаға тоңазытқыш,

деп өзгермек. Аудан басшысы округ әкімі

компьютер, музыкалық аппаратура сатып

Асылбек Вақпаевқа бірнеше үйге көшенің

алынып, терезенің торлары ауыстырылатынын

жаңа атауы жазылған тақтайшалар орнатуды

айтты.

тапсырды. Сонымен қатар, ауыл әкімі жергілікті

С.САПАР.

-

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Сенбілік өтті

Аудан жұртшылығы

«Бірге – таза Қазақстан»

экологиялық акциясына

белсене қатысуда.

Осы орайда, кәсіпорындар, шаруа

қожалықтары мен мекеме қызметкерлері,

еріктілер мен жергілікті тұрғындар

сенбілікке шықты. Тазалық шарасына

жалпы саны 2787 адам қатысып,

15 бірлік техника жұмылдырылды. Акция

кезінде саябақтар мен көшелер, елді

мекендердің шеткі аймақтары, демалыс

орындарының аумақтары тазартылды.

Ертіс өзенінің жағалауы да таза кейіпке

енді. Аудан көлемінде өткен сенбілік

кезінде 19 тонна қоқыс сыртқа

шығарылды. Осылайша, «Бірге – таза

Қазақстан» акциясы одан әрі жалғасатын

болады.

Р.МАДИН.

-

МАЙ АУДАНЫ

Шара «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылды.

Форумның басты мақсаты -

табысты әрі бәсекеге қабілетті жас

азаматтарды қалыптастыруға жол ашу. Жиынға

қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мәдина

-

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Жұмыс қызу

Железин ауданында күзгі жиын-терім

жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде.

Шаруалар биыл да мол өнімнен үмітті.

Бүгінде железиндік диқандар егіс алқабының

80,6 мың гектарынан астық жинап, 63,5 мың тонна

бидай бастырылды. Жергілікті шаруалар гектарынан

орташа есеппен алғанда 8,5 центнер өнім жинауда.

Бүгінде 18,9 мың гектар жерден арпа, 8,85 мың

гектардан сұлы орылған. Бұдан бөлек, 102 мың

гектар жерден шөп шабылып, 69 мың тонна мал

азығы дайындалды. Бұл белгіленген жоспардан 35

пайызға артық. Қазір шаруалар майлы дақылдарды

жинауға кіріскен. Бұл бағыттағы жұмыстарды

жүргізуде техника саны жеткілікті. Биыл жалпы

сомасы 938,35 млн. теңгеге 84 бірлік жаңа техника

сатып алған. Ауданда жалпы сыйымдылығы 173 мың

тонна астық сақтайтын 87 қойма, сыйымдылығы

38 мың тоннаны құрайтын Мыңкөл элеваторы бар.

Шаруалар жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде қамба

мол астыққа толады деген сенімде.

Өз тілшіміз.

Жастар форумы

Жуырда Май аудандық ішкі

саясат бөлімі және «Армандастар»

жастар орталығының ұйымдастыруымен

аудандық жастар форумы

өтті.

Құсайынова форумға ауылдық округтерден

келген кейбір жастардың белсенділігіне тоқталып,

алғысын білдірді. Сондай-ақ, «Атамекен»

кәсіпкерлер палатасының «BASTAU БИЗНЕС»

жобасы бойынша 40 жас азаматтың 1 айлық

тегін курстан өткенін хабарлады.

Биыл аудан бойынша 29 жасқа дейінгі

жастарға барлығы 25 грант (505 000 теңгеден)

бөлінді. Нәтижесінде ауданда бизнеске бет

бұрған жастардың саны артты. Форум соңында

«Мега Денс» шарасы ұйымдастырылып, қатысушылар

бой сергітті.

Өз тілшіміз.


28 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл

Жас times

САРЫАРҚА САМАЛЫ

«Сарыарқа самалы» газетінің

жастарға арналған қосымшасы

РЕДАКЦИЯДАҒЫ «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ»

ЖАРҚ ЕТКЕНДЕР

Келінді «келсап»

қылатын ене ме?

Артығали Ыбыраев

Намыстың жебесі

Өлеңінің әрбір шумағы

шебердің өрген қамшысындай

жұп-жұмыр, теп-тегіс, жырларынан

қазақылық иісі мен

намыстың оты сезіліп тұратын

ақын Артығали Ыбыраев небары

21 жыл ғұмыр кешті. Желкілдеп

өскен құрақтай балаң шағында

қыршын қиылған ақынның өлеңі

әдебиет әлемінен мәңгілікке

орын алды.

Ғұмыры жұмбаққа толы ақын 1953 жылы

Жамбыл облысы Сарысу ауданының Саудакент

ауылында дүниеге келді. Мектеп қабырғасында

оқып жүргенде-ақ оның тырнақалды туындылары

бастапқыда аудандық, облыстық, келе-келе

республикалық «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті»

газеттерінде, «Жұлдыз» журналында жарияланып

үлгерді. Жасын жырларымен көпшіліктің көңіліндегі

ойды дөп басып, көңілдің қыл пернесін дәл

басатын ақынның түйдек-түйдек жырлары оқырман

қауым арасында ауыздан-ауызға бірден тарап

кетті. Ақынға алғаш болып қолдау білдірген

талантты сыншы Сағат Әшімбаев еді. «...Адамдар

сыяр табытқа, ақындар бірақ сыймайды» деп

жырлаған ақынның ноқта-жүген тимеген асау

басы талай мәрте тау-тасқа соғылды. Артығали

ақын кешегі кеңестік кезеңнің үстемдігіне қарсы

тұрып, ұлтымыздың намысын жыртамын деп

жүріп, қоғамда «артық» адам болып, ішқұсалықтан

өмірден өткен еді.

Артығалимен Қазақ университетінде бірге

оқыған белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар

одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет былай

дейді: «...Көздері бір нүктеде тұрмайтын еді.

Бойында бөріге тән қасиет басым болатын.

Жойқын қуаттың иесі еді» деп еске алады.

Тағы бір естелігінде Ұ.Есдәулет: «Біз мектептің

тоғызыншы сыныбында оқып жүргенде қазіргі

«Жас Алаш» («Лениншіл жас») газетіне өлеңдеріміз

шықты. Жоғары сынып оқушыларының «Өркен» атты

бетінде әуелі Артығали Ыбыраевтың бір топ өлеңі

жарық көрді. Сол «Өркен» бетін ұйымдастырған –

қазіргі кезде үлкен жазушы Қадырбек Сегізбаев

ағамыз екенін кейін білдік. Өзімнің де өлең

жазып жүрген кезімде Артығалидің жырлары

маған үлкен әсер етті. Өлеңдерімді Артығали

сияқты «Лениншіл жасқа» жарияласам деген

арман оянды.

Университетке түсіп, оқып жүрген кезімізде

Артығалидың істі болып, оқудан шығып кеткені

туралы естідік. Ол - ұлтын сүйген жүректен

шыққан намыс пен бұлқыныстың көрінісі екен.

Біз екінші курста оқып жүргенде ол қайтадан

оқуға қабылданған еді. Сыншы Сағат Әшімбаев

Артығалидің өлеңдерін жинатып, жас ақындардың

жыр жинағына шығартты. Ақын талантын таныған

Сағат ағамыз Артығалидің «Қаршыға» атты өлеңін

ақындар бас қосқан жерде оқып беріп: «Міне,

өлеңді осылай жазу керек!» дейтін, - деп еске

алады.

Қысқа ғана ғұмырында артына өшпестей із

қалдырған Артығали 1974 жылы кісі қолынан

қаза тапты. Дей тұрғанмен, қара сөздің зергері

болған ақынның артында ұрпағы мәңгі айтып

жүрер жырлары қалды.

Жас келіннің аяғына тұсау, аузына қақпақ қоятын, ақыр соңында жас

отаудың шайқалуына себепкер болатын «адуынды» енелер қайдан шығады?

Ал жастар неге ата-енемен тұрудан қашады? Дәл осы сауалдарға газет

редакциясында өткен «дөңгелек үстелде» жауап іздеп көрдік.

МӘСЕЛЕ

Жалғасы 6-7-беттерде

«Дипломдық жұмыс -

150 мың теңге»...

Жаңа оқу жылы басталысымен 4-курс студенттеріне «тықыр таянатыны» анық.

Мұнда мемлекеттік емтихандардың жөні бір бөлек, ал диплом жазу мәселесі

жастардың қалтасына біраз салмақ салатыны бар. Ол дегеніміз «Дипломдық

жұмысты» жазуға құлқы жоқтар ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүріп-ақ

маман атанады. Яғни көз майын тауысып, күндіз-түні кітапхана жағалап, интернет

қопармай-ақ негізгі құжатқа қол жеткізу еді. Тек, сұраған «көк қағазын» төлесе

болғаны. Сонымен «Дипломдық жұмыстың» құны қанша? Еңбектенбей-ақ маман

болған жастан өнімді жұмыс күтуге бола ма?

Жалғасы 7-бетте


6 Жас times

28 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл САРЫАРҚА САМАЛЫ

Қоғамда екі ұдай пікір қалыптастырған

тақырыпты талқылауға облыстық

билер кеңесінің мүшесі Әбжат Шахматалинов,

«Нұр-Ана әлемі» қоғамдық

бірлестігінің төрайымы Бақытжамал

Максилова, Жастар бастамаларын

дамыту орталығының жанынан

құрылған «Бастау» отбасылық тәрбие

орталығының жетекшісі Жұлдыз

Малдыбаева, «Нұр-Ана әлемі»

қоғамдық бірлестігінің мүшелері

Қайырлы Жақсыбаева, Сәуле Белялова,

Айман Жанкәрімова және жас келін

Айымгүл Кәкімовалар арнайы қатысты.

Әбжат Шахматалинов Бақытжамал Максилова Қайырлы Жақсыбаева Жұлдыз Малдыбаева

Келінді «келсап» қылатын

Басы 5-бетте

Тілші:

- Құрметті «дөңгелек үстелге» қатысушылар, сіздерге сауал

қоймас бұрын редакциямызға келіп түскен Ажар есімді жас

келіншектің хатымен танысып алсақ...

«Сәлеметсіздер ме! Сіздерге хат жазуыма отбасылық мәселелер себеп

болуда. Басынан баяндасам. Мен осыдан 4 жыл бұрын таңдаған жігітіме

тұрмысқа шыққан едім. Ата-енеммен бірге тұрамыз. Үйленгеннен кейінгі

жарты жыл біз үшін бақытты сәттерге толы болды. Кейін енемнің

түртпегі басталды. Тіпті, жолдасыма мені жамандап, қарсы қоятын

күндері де болды. Осылайша, отырсам опақ, тұрсам сопақ болып шыға

келдім. Екі балам бар. Хат жазудағы мақсатым – енемді жамандау емес,

маған тек ақыл айтсаңыздар екен. Яғни енемнің маған, менің отбасыма

жасап жүргені жаныма батып жүр. Әлі күнге менімен жағаласып,

қазан-ошақтың басында өзі жүреді. Үйге қонақ келсе, қыздарына мені

жамандап отырады. Тіпті, тұрмысқа шығып кеткен екі қайын апама

«үй жинамайды, тамағы дәмді емес, менің бетімнен алып жатыр» деп

шағыстырып, сабатқан күндері де болған. Бірақ, осы күнге дейін қарсы

шығып көрген емеспін. Не істесем де енеме жақпадым.Маған ақыл

айтсаңыздар екен. Қазір жолдасым жеке шығып кетейік деп жүр...»

Тілші:

- Бақытжамал Шаханқызы,

бізге келген хатпен таныстыңыз.

Қазіргі қоғамда Ажар тәрізді

енесінен жәбір көріп жүрген

келіндер жетерлік. Ананың

баласының таңдауына қарсы

шығуына, келінін жақтырмауына

не себеп болады?

Бақытжамал Максилова:

- Ақ босағаңнан аттаған жас

келінді ең бірінші қарсы алатын

енелер ғой. Ененің бірінші аты - ол

ана. Ана деген ұлы махаббаттың

иесі емес пе? Егер осы қадірқасиеттен

аттап, тырнақ астынан

кір іздейтін болсақ, әрине, кез

келген нәрседен кінәрат табуға

болады. Сондықтан біз жаңадан

түскен келіннің екінші отбасына

сіңісіп кетуі үшін оған барынша

қолдау көрсетіп, жақсысын асырып,

кемшілігі болса үйретуге міндеттіміз.

Себебі, келін - бір әулеттің үлбіретіп

өсірген қызы. Өзінің туған үйін,

ата-анасын, туғандарын артына

қалдырып, өзге отбасының түтінін

түтетемін, түскен әулетімді бақытқа

бөлеп, ұрпағын жалғаймын деп

келген адамды қалай жамандыққа

қиясың. Осы күнге дейін «атамнан

қиындық көрдім» деген келінді

көрмедім. Отбасындағы әкелер көп

жағдайда тізгінді аналарға беріп

қойып, тек сырттай ғана бақылап

отыра береді. Өкінішке қарай,

біздің қоғамда Ажар тағдырлас

келіндер өте көп. Бұл - енелердің

қателігі. Бірақ қашанда жас адамды

кінәлі ету бізге жеңіл ғой. Біздің

апаларға да келіп, осындай ақылкеңес

сұрайтын жандар көп. Өз

басым ененің жаңадан құрылған

отбасының тірлігіне араласып,

келінін жауындай көріп, жұлысып

отыруына қарсымын.

Тілші:

- Осы ретте сөзге Әбжат

Шахматалинов мырзаны тартқым

келіп отыр. Сіз құрылғанына көп

болмаса да, нәтижелі жұмыс

істеп жатқан билер кеңесіне

мүше болдыңыз. Облыстық

билердің ақыл-кеңесін тыңдап

жатқандар бар ма?

Әбжат Шахматалинов:

- Бүгінгі көтеріліп отырған

тақырып бүгінгінің ең үлкен

мәселесіне айналып отыр.

Бақытжамал Шаханқызы өте

дұрыс айтып өтті. Қазақ қашанда

ер адамды жоғары санап, сол

кісілердің айтқанына мойынсұнған.

Әкені асқар тау, бала - бауыр етің

десе, жұмақ ананың табанының

астында деп сыйлаған. Ал қазіргі

заманның өзгеруіне байланысты

бала тәрбиесі, отбасының барлық

тірлігі әйелдің қолына өтіп кеткен.

Бұл - шындық. Қыз баланы қазақ

халқы ерекше құрметтеген ғой.

Қызын төріне отырғызып, өмірдің

ащы-тұщысын әдет-ғұрпымызбен

түсіндіре білген ел едік. Қазір қайда

бара жатқанымыз белгісіз. Өсіп

келе жатқан ұл мен қызға ата-ана

үйден тәрбие берсе, қалғанын

оларға мектепте үйрететін еді.

Қазір мектептерде сынып сағаты,

тәрбие сағаты жоқ. Бала тәрбиесі

мектеп үшін тысқары қалды.

Біздің билер кеңесінің

құрылғанына небары 5 ай болды.

Облыс бойынша 700 іс қаралды.

Соның жартысынан көбі - ажырасу.

Олардың 70 пайызы - өзіміздің

қаракөздер. Біздің мақсатымыз -

өтініш берген жастардың ісін

сотқа дейін жібермей, татуластыру.

Жастарды жеке шақырып,

әңгімесін тыңдап отырып түңілесіз.

Ажырасуға себеп болатын көп

жағдайлардың бірі - ене мен келін

арасындағы бітпейтін дау. Қала

берді, материалдық жетіспеушілік,

қызғаныш, қол көтеру, т.б. Міне, біз

алдымызға ажырасамыз деп бел

буып келген әрбір екінші жұпты

қайта жарастырып жіберудеміз.

Сондағы жастардың көбінің айтатыны

«бізге сіздер секілді ақыл

айтып, тура жолды көрсететін

үлкендер болмады» деп жатады.

Шаңырағы ортасына түскелі тұрған

жас отауға ақыл-кеңес айтып,

оны сақтап қалудың жолдарын

қарастырғанның орнына екі жастың

ата-анасы да іске бел шеше кірісіп

кетіп жатады. Қыздың анасы

«ішіме сыйған бала сыртыма да

сыяды» дегенді айтып, қызына

қайтып келуге кеңес береді, ұлдың

шешесі де «әйел табылар» деп

баласын қайрап отырса, бұл

жақсылыққа апармайды. Жастарға

ақыл-кеңесімізді айтқаннан кейін

медиаторларға, психологтарға

баруға кеңес береміз. Қазір сол

медиаторларды мектептерге де

кіргізіп жатыр. Бұл - дұрыс бастама.

Себебі, Павлодар облысы елімізде

ажырасу бойынша 1-орында тұр.

Бұл қасірет емей немене?

Бақытжамал Максилова:

- Қыз бен жігіт отау көтергеннен

кейін соларға бас-көз болып, ақыл

айтып жүретін өкіл әке-шеше

сайлау салтымыз ұмыт болып

қалды ғой. Егер қайта жаңғыртып

қолға алатын болсақ, бұл жақсы

болар еді. Яғни ұзатылған қызға

және күйеу жігітке өз жұртынан

бір-бір өкіл әке-шеше тағайындаса,

олар кез келген істе көмекке келіп,

кеңес берер еді. Жаңағы сіз айтып

отырған медиация деген осы.

Тілші:

- Қазіргідей ұлдан ұят, қыздан

қадір кеткен заманда аналарымыз

көреген болудан қалып бара ма

деп қаламыз. Біздің ортамызда

Қайырлы апамыз отыр. Ол кісі де

ата-ененің қолында ұзақ уақыт

тұрған, 18 жыл келін ұстап

отырған тәжірибелі ене десек

болады.

Қайырлы Жақсыбаева:

- Әңгімені әріден бастағым

келіп отыр. Мен - әке-шешенің

емес, ата-әженің тәрбиесін көріп,

мектебінен өткен адаммын.

Кішкентайымнан атам мен әжемнің

ортасында отырып, сол кісілердің

әңгімесін тыңдап, үлгі-өнегесін

көріп өстім. Атам мен әжем барлық

ұлдарын үйлендіріп, кенже ұлы

қалғанда Тыныштық деген жеңгеме

үйлендірді. Сол кезде көргенім

атам мен әжемнің келінге деген

құрметі мен сүйіспеншілігі ерекше

болатын. Келін демей, еркелетіп,

үнемі сол кісінің ыңғайына қарап,

қас-қабағын бағып отырды. Сол

кездегі ат қою салты бойынша мені

«Шырайлым» деп атады. Сонда

жеңешемнің көңілі бұзылып, жылап

отырса, апам сол кісімен бірге

кейіп, жыларман болатын. Міне,

осы көрген тәрбие кейін маған

үлкен сабақ болды. Ата мен енемнің

қолына түстім. Өкінішке қарай,

енем 1 жылдан кейін өмірден өтті

де, атам қолымда болды. Сол

кезде қайын ағамның отбасы,

екі қайынсіңлім және біз бәріміз

бір шаңырақта тұрдық. Кейіннен

атамыз біздің қолымызға келді.

Қайынағамыз қайтыс болғаннан

кейін атам сал болып қалды.

Қазір жастар дені сау адаммен

бірге тұрудан қашатын болса,

мен атамды өмірінің соңына

дейін күттім. Атамның ақ батасы

д е п о т ы р а м ы н , ү л к е н к е л і н д і

5 жыл қолда ұстап, кенже келін

шаңырағыма келгеннен кейін отау

етіп шығардық. Содан бері 18 жыл

өтіпті. Келіннің қолында отырмын.

Тілші:

- Қайырлы апа, 18 жыл деп

отырмыз ғой. Қазіргі ене мен келін

арасындағы түсініспеушіліктің

көбі қазан-ошаққа қатысты

болып жататыны белгілі. Сіздер

бұл мәселені қалай айналып

өттіңіздер?

Қайырлы Жақсылықова:

- Әрине, алғашқы кезде ондай

жағдай болды. Үйге қонақ келгенде

келінмен бірге қатарласып тұра

жүгіру, атып тұрып шай құю деген

болды. Бірақ кейіннен келінім

олай етпеуімді өтінгеннен соң

қойдым. Сонда да қанға сіңген

әйелдік қасиет қой, қарап отыра

алмайсың, жайлап келіннің ісіне

араласа бастасаң, жай ғана «мама»

деп қалады. Мәселе шешіледі.

Негізі, келін келді ме, онымен

қатарласып ас үйде жүргенше,

өткізіп беріп, сырттай бақылап

отыр. Алыстан ғана айтарыңды

айтып, жөн көрсетіп отырсаң,

үйдегі тыныштықтың бір құпиясы

да осында.

Тілші:

- Сәуле апай, сіз де әңгімеге

араласа отырсаңыз. Білуімізше,

ұзақ жылдар енемен бірге тұрған

жансыз...


САРЫАРҚА САМАЛЫ

Жас times

28 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл

7

«Дипломдық жұмыс -

150 мың теңге»...

Айымгүл Кәкімова

ТҮЙІН:

Сәуле Белялова

ене ме?

Сәуле Белялова:

- Енеммен 18 жыл бірге

тұрдым. Жеті балам бар. Түрлі

қызмет саласында еңбек еттім.

Сол кезде бірде-бір рет бала

тәрбиесіне, олардың жай-күйіне

алаңдамаппын. Себебі, енеме

сенген екенмін ғой. Бір қызығы,

жолдасым үйленгеннен кейін оқуға

түсті. Ол кезде 6 баламыз бар.

Енем екеуіміз ақылдасып, ол

кісіні оқуға жібердік. Сонда 4

жыл бойы апам (енемді апам

дейтінмін) екеуіміз жолдасымның

үйде жоғын білдірмей, тіршілігімізді

дөңгелетіп отырды. Ол кісі өмірден

өткеннен кейін екі жылдай үйге

кіріп, отыра алмай жүрдім. Маған

бала-шағам көзіме көрінбейтін

еді, апамның орны ойсырайып

тұратыны қатты сезіліп жүрді.

Бұл ене мен келінді жіпсіз байлау

деп аталатын шығар.

Ал қазіргі жастардың ажырасуына

тек енелер ғана кінәлі емес.

Келіндерден де кесір шығатынын

ұмытпайық. Қазақта «анасына

қарап, қызын ал, аяғын көріп,

асын іш» деген мақал бар. Ертең

қыздарымыз біреудің үйіне барып,

сорлап жүргенін қаламасақ, ұясында

тәрбиені жақсылап беруіміз керек.

Өйткені, келіндердің ішінде расымен

де қолынан түк келмейтін, салақ,

олақ әйелдер жетіп артылады. Бұл

- шындық. Егер көргенді жердің

қызы болса, енесі қанша қатал

болса да, жылы-жылы сөйлеп-ақ

жібітіп алуға болады. Аналардың

жүрегінің тас болуы мүмкін емес.

Тілші:

- Ойыңыз орынды болды.

Жұлдыз, билер кеңесінің атқарып

жатқан жұмысын естіп отырсыз.

Жастар бастамаларын дамыту

орталығында да қиындыққа тап

болған жастарды дұрыс жолға

жетелейтін орталық бары белгілі.

Нәтижесі бар ма?

Жұлдыз Малдыбаева:

- Әрине, шын қаласаңыз, кез

келген істі оң шешуге болады. Бізге

де дәл осы тақырып төңірегінде

ақыл-кеңес сұрай келетін жас

келіндер өте көп. Жақында ғана

Альбина есімді жас келін келді.

Айтуынша, отбасының тағдыры

қыл үстінде тұр. Оған себепкер -

енесі. Қазір біздің кеңесшілер мен

психологтар ол әйелмен жұмыс

істеп жатыр. Осы сияқты қиындыққа

тап болып, кеңес сұрайтындар өте

көп. Егер мәселесі тым күрделі

болса, қолымыздан шешу келмейтін

болса, билер кеңесіне баруға

кеңес береміз.

Тілші:

- Ал, Айымгүл, апалардың

айтқанын естідің. 18 жыл атаенемен

тұру қазіргі жастарға

мүмкін еместей көрінетін шығар,

енеңмен ара қатынасың қалай?

Айымгүл Кәкімова:

- 2015 жылы тұрмысқа шықтым.

Мичурин ауылында мектепте мұғалім

болып жұмыс істеп, түстен кейін

қалаға оқуға келем. Менің таң

ата үйден кетіп, кеш бата оралып

жүруіме енемнің қабақ шытып,

ренжіген сәтін көрмедім. Керісінше,

оқу мен жұмысты қатар алып

жүруіме, қоғамда өзімді тұлға

ретінде қалыптастыруыма ол

кісінің қосқан үлесі мол. 3 жыл

бірге тұрып, соңғы 1 жылда ғана

қалаға қоныс аудардық. Онда да

жұмыс бабымен. Осы бір жылдың

ішінде мен енемнің қадірін шын

түсіндім десем болады. Білмегенімді

үйретіп, қателігімді тек өзіме ғана

айтып, мақтауымды асырып отырды.

Ол кісіден үйренерім әлі де көп.

Дәл осы сәтті пайдаланып, екінші

анама маған жасаған қамқорлығы

үшін, үйреткен барлық істері үшін

және қателігімді түзеп, жақсы

келін болуыма себепкер болғаны

үшін алғыс айтқым келеді. Қазір

жеке тұрғанымызбен болашақта

ата-енемнің қолына қайта баратыным

анық.

Тілші:

- Құрметті қонақтар,

редакциямызға келіп,

өткір ойларыңызды ортаға

салғандарыңыз үшін мың алғыс.

Жазып алған –

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ,

Суреттерді түсірген –

Алпысбай ХОНЖ.

Дөңгелек үстел басында айтылған пікірлерден тек

ұтымды ойларды ғана ұсынуға тырыстық. Бұл жерде

бір жақты «енелер кінәлі» немесе «жас келін -

кесір» деуден аулақпыз. Біз тек қоғам жарасын сөз

еттік. Ал Ажардың хаты да жауапсыз қалмады. Оған

«Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің апалары

көмекке баратынын жеткізді. Біздің тілек, отбасының

берекесі болатын ене мен келіннің арасынан мысық

кесіп өтпесе болғаны. «Есті келін - енеден» екенін

ұмытпаған абзал.

Басы 5-бетте

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Сұраныс бар

Интернеттегі жарнамалық сайттарға

кіре қалсаңыз «Дипломдық

жұмыс жазамыз» деген сарындағы

мәтіндерден көз сүрінеді.

Пысықайлар жыл өткен сайын

бағасын да қымбаттатқан. Әуелі

сайтта өзін Мариям деп көрсеткен

әйелге хабарласып көрдік. Ақшаға

құныққан «жазғыш» кез келген

тақырыпта дипломдық жұмысты

небары 1-2 айдың ішінде жазып

беретінін айтады.

– Маған студенттер өте көп

хабарласады. Тек Павлодардан ғана

емес, Нұр-Сұлтан, Семей, Қарағанды

қалаларының бітіруші түлектері де

бар. Бір-екі ғана мамандық бойынша

дипломдық жұмыс жазбаймын, ал

қалғандарында жазып шығу қиын

емес. Мұнда маған есептік-аудит

бойынша жолдасым көмектеседі,

басқаларын өзім алып шығам.

Осыдан бірнеше жыл бұрын 50-60

мың теңгенің көлемінде болған болса,

қазір тақырыптың ауқымына қарай

бағасы да әртүрлі. Жеңіл салаларға

ж а з ы л а т ы н « Д и п л о м д ы қ ж ұ м ы с »

50 мың болса, ұзақ зерттеуді, көп

аударманы қажет ететіндері 100-150

мың теңгеге дейін барады. Бір

жылда кемі 10-нан астам дипломдық

жұмысқа тапсырыс аламын. Диплом

жазуға қажетті деректерді интернет

пен әдебиеттерден көшіремін, -

дейді Мариям.

Ал екі жоғары оқу орнын бітірген

Әсет есімді жігіт (сұрауы бойынша

аты өзгертілді) қос дипломын

Мариям тәрізді пысықайлардың

дайындап берген жобасымен қорғап

шыққан. Бір қызығы, оның бір

дипломы - қызыл.

– 2007 жылы ең алғаш мектеп

бітіре сала таңдаған мамандығым

қазіргі тілмен айтқанда ІТ саласы

болды. Алғашқы жылы оқуды бар

ТҮЙІН:

Міне, бұл - бүгінгі күннің ащы да болса шындығы.

«Ел ертеңі – жастар» деп олардың жақсы білім

алуына, шетелдік жоғары оқу орындарында оқуына

барлық жағдай жасалып жатқан тұста «бүйректен

сирақ» шығаратындар да аз емес. Қалай дегенмен

де еңбекпен тапқан нанның дәмі ерекше болатынын

ұмытпасақ игі.

Биіктерге жетелеген

білім ордасы

«Ұстаздық – ұлы қызмет. Себебі ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың

басшысына да, данасына да, ғалымына да, еңбекқор егіншісіне де, кеншісін

де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол

ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» – деген

еді қаһарман Бауыржан Момышұлы.

Бейсен Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық

жоғарғы колледжіне биыл 90 жыл толып

отыр. Қоғамдық маңызы зор мамандар дайындап

келе жатқан оқу ордасы үшін бұл датаның маңызы

зор. Тарих беттерінде талай білімді де саналы

шәкірттер тәрбиелеп шығаруымен танымал білім

ордасы өз биігінен түспек емес.

Педагогикалық колледж сонау 1929 жылдары

елде мұғалімдердің жетіспей жатқан кезеңінде

іргетасын қалағаны белгілі. Сол жылдары Қазақ

Автономиялық Кеңес Социалистік республикасының

Орталық атқару комитетінің шешімімен Өскеменнің

педагогикалық техникумы Павлодар қаласына

көшірілді.

Педагогикалық техникумға Скандинавия елдеріндегі

Кеңес мемлекетінің елшісі, жазушысы,

революционер, қоғам қайраткері В.В.Воровскийдің

есімі берілді. 1929 жылы техникумға алғашқы

120 оқушы қабылданды. Техникумның алғашқы

директоры Клюковский Леонид Юлианович болды.

ықыласымызбен оқыдық. Екінші

курстан бастап, өз бетімше түрлі

жерлерде жұмыс істей бастадым.

Оқуға анда-санда барып, бір көрініп

кетіп жүрдім. Сөйтіп, 4-курсқа

да келдік. Ал дипломдық жұмыс

жазу керек болғанда оған мүлдем

қызығушылығым әрі уақытым

болған жоқ. Жұмыс істейтінімді

білетін жетекшім мен үшін диплом

жазуға кірісті, ал мен ол кісінің

еңбегін төлеуім керек болды.

Сөйтіп, ұстазым жазып шыққан

дипломдық жұмысты қорғап,

қызыл диплом алып шыққаным

бар. Екінші мамандығымды да тура

солай алғанмын. Олай жасайтын

мен ғана емес, қазіргі жастардың

50-60 пайызы дипломдық жұмысты

сатып алады, - деді Әсет.

Алдау...

Дипломды өзі жазған әрбір

адам білетін бірнеше ереже бар.

Оның біріншісі диплом жазып

біткен соң оны интернеттегі

антиплагиат бағдарламаларға

салып, тексеру қажет. Егер

сіздің қорғайтын тақырыбыңыз

еш жерден көшірілмеген, шын

зерттеу болатын болса, антиплагиат

сізге оң көрсеткішін

көрсетеді. Диплом жазуда әккіленіп

алғандар қулығын интернеттен

де асырып үлгерген. Бұл ретте

Мариям антиплагиат сайттар мен

бағдарламаларды алдап кетуге

болады дейді.

- Антиплагиат бағдарламаға деп

бір бетті арнайы жазып аламыз.

Сосын тексеруге соны жібереміз.

Ол «80-90 пайыз көшірілмеген»

деп нәтиже шығарып береді. Оны

комиссия алдына апарасыз. Олар

қорғауға қол қояды. Осылайша,

комиссияны да, интернетті де

айналып өтуге болады, - дейді ол.

Жазылған дипломдық жұмысқа

өзінің еш еңбегі сіңбеген түлек

дипломын қолына алғанда қандай

күй кешеді екен? Себебі, күні

ертең өзін асырайтын, отбасына

нәпақа тауып әкелетін

м а м а н д ы ғ ы н ы ң а л ғ а ш қ ы

төлқұжатын алуда өзгеден бұрын

өзін алдады емес пе? Осы ретте

заңгер Құралай Бақтияроваға

хабарласып, «дипломдық жұмысты

тапсырыспен жаздыру заңға қайшы

емес пе?» деген сауалымызды

қойған едік.

- Негізі, Ата заңымызда кез

келген алдау мен арбаудың өзіне

қолданылатын заңдық шаралары

бар. Егер де дипломдық жұмыста

авторы өз жұмысын рұқсатсыз

пайдаланғанын біліп, сол туралы

шағым түсіретін болса, әрине

қылмыстық іс қозғалады, - дейді

заңгер.

Демек, сіз бірінші, өзіңізді

алдадыңыз, екінші, заңға томпақ

келетін әрекетке бардыңыз, үшінші,

өзіңіз толық меңгермеген саланың

маманы атандыңыз. Бұл адам

өміріне қауіпті болуы бек мүмкін.

Сондықтан ойланыңыз!

Бұл ғимаратты 1888 жылы бірінші гильдиялы көпес,

Павлодардың алғашқы ардақты тұрғыны Артений

Иванович Деров салған екен.

Соғыс жылдарында училищені 792 түлек бітірді.

Училищенің 60-қа жуық оқушылары мен оқытушылары

Отан қорғады. Олардың ішінде Кеңес Одағының

Батырлары Серікбай Мүткенов, Құдайберген

Сұрағанов, «Қызыл Жұлдыз» иегерлері - Долобай

Базилов, Владимир Киян, Қабдеш Нұркин де бар.

Училище директорлары А.И.Щербинко, Б.А.Ахметов

Москваны қорғау шайқастарына қатысты. Қазір

колледж ішінде бұл адамдардың есімімен байланысты

кабинеттер де бар.

Білім ордасы бүгінде өзінен үлкен өмірге қанат

қаққан дарынды ұл-қыздарымен мақтанады.

Сәния НЫҒМЕТ,

Б.Ахметов атындағы жоғарғы педколледждің

мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің

2-курс студенті.


8 Жас times

28 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл САРЫАРҚА САМАЛЫ

Әліппе

Әліппе екен – Өмір деген,

(Парақтадым сенімменен!).

Әр бетінен өзің өткен,

Уақыттың жолын көрем.

Жүрегің де жұлым-жұлым,

Ұлы мұңды ұғынды кім?!

А – алма,

Ә – әткеншек,

Б – бастық деп –

Жаттатпадың бұның бірін.

Тәрбиені түйдектедің,

Таяздыққа билетпедің.

А – адамдық,

Ә – әділдік,

Б – батырлық –

Шәкіртіңе үйреткенің.

Өмір бердің көкте Күнше,

Мезгілдердің көктемінше...

Фәниді өттің,

Бақиды өттің –

А-дан Я-ға жеткеніңше.

Еламан ҚАБДІЛӘШІМ,

Баянауыл ауылы.

Мереке АМАНТАЙ

Аталмыш байқаудың іріктеу кезеңіне

өңірімізден 22 IT-жоба ұсынылған. Үздік

деп танылған 12 жоба, яғни тең жартысы

республикалық кезеңге жолдама алады.

Облыстық ақпарат және қоғамдық даму

басқармасы басшысының орынбасары

Руслан Тілеулесовтің айтуынша, өңір

жастарының мұндай салада белсенділігі

жоғары.

- Жастардың өз идеяларын жүзеге

асырып, жетілдіруде мұндай жобалардың

маңызы зор деп білемін. Бүгінде өсемін,

өнемін деген әрбір жасқа қолдау бар.

Жыл сайын жастардың рухани әлемін

байытып, қоғамдағы келбетін аша түсуге

барынша жағдай жасалып келеді. Бұл

ретте біздің өңірдің жастары да барынша

белсенділік танытуда. Олардың арасында

еліміздің әр саласында жүйелі жұмыс

істеп, нәтижеге жеткен табысты жастар

да бар. Бұл жобаға да өңіріміздің жастары

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Ұстаз туралы

қызықты деректер

* «Педагог» сөзі көне грек тілінен

енген. Оның тікелей аудармасы «баланы

жетектеуші» деген ұғымды береді. Көне

Грекияда педагог деп ұстазды емес, баланы

мектепке жетектеп барып, сосын кері

алып қайтатын құлды атаған. Педагог

қызметіне қолынан ауыр іс келмейтін

құлдар таңдап алынған екен.

* АҚШ-тың федералды жалауы ел

құрамына әркез жаңа штат қосылған

сайын өзгеріп отырған. Нақтырақ айтар

болсақ, жалаудағы жұлдыздар саны сатылы

түрде біреуге арта берген.

Соңғы рет 1960 жылы Аляска мен Гавайя

штат ретінде қосылған кезде өзгереді.

АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр

17 жасар мектеп оқушысы Роберт Хафт

жіберген нұсқаны ресми ел жалауының

дизайны ретінде қабылдайды. Ал Роберттің

ұстазы оның сызбасына «- 4» деген баға

берген еді. Ол егер АҚШ президенті бұл

дизайнды қабылдаса, өзі қойған бағаны

да өзгертетінін айтып мысқылдаған

екен. Сосын Роберттің әзілқой ұстазы

үй жұмысына қойған бағасын өзгертуіне

тура келіпті.

* 2007 жылы Вьетнам мектептерінде,

тіпті балабақшада йога ілімін үйрететін

сабақ енгізілген. Арнайы йогамен машық-

Тың идеялар таңдалды

Елімізде алғаш рет жас ІТ-мамандарды қолдайтын Қазақстан

халқы Ассамблеясының «Жастар Синергиясы» жобасы бастау

алды. Қазақстан жастарының конгресі және Қазақстан

халқы Ассамблеясы ұйымдастырып отырған республикалық

жобаның аймақтық іріктеу кезеңі С.Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университетінде өтті.

өздерінің идеяларынан туған тың жобаларын

ұсынып отыр. Байқау нәтижелеріне

қарамастан, ұсынылған барлық жобаға

ерекше назар аударып, ары қарай оның

дамуына мүмкіндік жасайтын боламыз, -

дейді Р.Тілеулесов.

«Жастар Синергиясы ҚХА» жобасының

менеджері Мәулен Молдабековтің айтуынша,

іріктеу кезеңі алдағы үш ай

б о й ы ө т к і з і л е д і . Е л і м і з д і ң ә р ө ң і р і н е н

80 жоба таңдалып, республикалық кезеңге

жіберіледі. Байқаудың қорытындысы

Н ұ р - С ұ л т а н қ а л а с ы н д а ө т е т і н « Ж а с т а р

Синергиясы» форумында шығарылады.

1-орынға - 1 000 000, 2-орынға - 700 000

және 3-орынға 500 000 теңге көлеміндегі

грант беріледі.

- Жобаға 16-29 жас аралығындағы

жастар қатыса алады. Алдымен

қатысушылар тіркеуден өтеді. Екінші

кезеңде 6 бағыт бойынша онлайн жүйеде

оқытылады. Бұл жерде қатысушылар

теориялық білімдерімен қоса, инвесторларды

тарту, прототиптендіру, онлайн

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан»

деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі

мен өнегесі - оқушының болашақ азығы.

Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған

шәкірт өмір майданында мойымай күресіп,

болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.

Назарларыңызға ұстаздар туралы қызықты

деректерді ұсынамыз.

танған ұстаздар балаларға әртүрлі дене

қалпына енуді үйретеді. Сабақтар күніне

бір сағат өткізіледі. Ал қосымша сабақ

алуға ниет еткен оқушыларға дәрістен

кейін қалып, йогамен айналысуына мүмкіндік

жасалған. Содан бері Вьетнамда йога

дәрісінің маманы сұранысқа ие болған.

* «Мұғалімдер қолынан өзге жұмыс

келмегені үшін ұстаздық етуге келген

жоқ. Керісінше қолынан кез келген жұмыс

келетін адамдарды тәрбиелеп шығаруды

мақсат еткен». Джек Лондон, америкалық

жазушы.

* Пенсильвания университетінің

ғалымдары 1972 жылы мектеп ұстаздарының

еңбегін жоғары күйзеліске алып

келетін өрт сөндіруші, ұшақты сынақтан

өткізуші сынды мамандықтар қатарына

қосу керек екенін мәлімдеген.

* Жапонияның императоры Сёва өзінен

кейінгі ең үлкен жалақыны ұстаздарға

тағайындаған.

* Белгілі өнертапқыш Томас Эдисон

жалпы орта мектебінде небары 3 ай оқыған.

Ол мектеп қабырғасында үлгілі оқушы

болмаған. Сол үшін де оның ұстазы оны

«надан» деп үнемі сөгеді екен. Томастың

анасы мұны естіп, баланы өзі үйде оқытуға

бел буған.

қызмет көрсету, сайттың құрылымымен

жұмыс істеу, сайтты безендіру, мобильдік

қосымшаларды құрастыру, веб-дизайн

ТЕМІРҚАЗЫҚ

ж ә н е к и б е р қ а у і п с і з д і к т а қ ы р ы п т а р ы б о -

й ы н ш аб і л і ма л а д ы,-д е й д іМ.М о л д а б е ко в.

Жобаға қатысушылардың бірі –

«Education Bot» жобасының құрастырушысы

Зарина Жұматова. Ол ұсынған

жоба аясында кез келген адам ұялы

телефонның көмегімен білім беру

үд е р і с і н е қ а т ы с т ы ө з і н е қ а же т а қ п а р а т қ а

қол жеткізе алады.

- Менің жобам арқылы кез келген

оқытушы немесе студент өзіне

қажетті ақпаратты сағаттап кезекке

тұрмай-ақ, тек қолындағы телефон

арқылы ала алады. Оған қоса,

оқуға түсуге мүдделі талапкер менің

жобам арқылы оқуға түсуге қажетті

барлық ақпаратты жүктей алады. Ал

студенттер оқу орнының құрылымдық

бөлімдерін, сабақ кестесі мен оқудың

төлемақылары туралы мәлімет ала алады,

- дейді жоба авторы.

«Жас times»-тың

жауапты

шығарушысы -

Қарлығаш

ХАШЫМҚЫЗЫ

Тел: 8(7182)-66-15-32

Еріктілік -

еріккеннің

ісі емес

Жуырда Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев 2020

жылды «Еріктілер жылы»

деп жариялағаны мәлім.

Соңғы жылдары елімізде

ерікті болуға ниеттілердің

саны күрт өскен. Оны

2017 жылы өткізілген

халықаралық ЭКСПО-2017

көрмесі мен Қысқы Универсиада

ойындарында қызмет

көрсеткен 8000-нан астам

жастардың қамтылуынан-ақ

көруге болады.

Ерікті дегеніміз – адамның өз еркімен

қоғам игілігіне ақысыз көмек көрсетуі. Көп

елдерде еріктілік жұмыс ретінде саналады.

Өйткені волонтер өзінің уақытын бөліп,

білімін іске асыра отырып тегін жұмыс

істейді. Еріктілікпен ұйымдар арқылы, ынталы

топтар немесе жеке де айналысуға

болады. Бұл қызметке әлеуметтік,

спорттық, экологиялық, медициналық

және т.б. салалар жатады. Елімізде соңғы

уақытта жастар арасында қарқынды дамып

келе жатқаны көптеп айтылады.

Тіпті, елімізде алғашқы болып біздің

өңірде «Еріктілер үйі» ашылғаны белгілі.

Бүгінде белсенді жастар аймақтағы

барлық қоғамдық істерге белсене атсалысып,

әлеуметтік, қайырымдылық, спорттық

бағыттарда тынбай еңбек етуде.

Мұндағы әлеуметтік еріктілік -

Қазақстан жастары арасындағы

волонтерліктің өзекті бағытының бірі.

Мысалы, Арыс қаласында орын алған

қайғылы оқиға кезінде зардап шеккендерге

және Нұр-Сұлтан қаласында өрт

салдарынан жанып кеткен 5 бүлдіршіннің

қазасы кезінде жас азаматтардың

белсенді көмек көрсеткені мәлім. Алайда,

көптеген жастардың ерікті болуына

ұйымдар мен жобалар туралы ақпараттың

аздығы кедергі келтіреді. Әлеуметтік волонтер

болу үшін «Ұлттық еріктілер

желісі», «Мейірімділер клубы», «Мейірімді

жүректер қаласы», «28 петель» және т.б.

ұйымдармен байланысуға болады. Бұл

бағытта адамның жасы, жынысы, білімі немесе

қаржылық жағдайы маңызды емес.

Ең бастысы, ниетпен, қолдан келетін іспен

көмектесу.

Қазақстан жастарының арасында кең

таралған бағыттың тағы бірі – спорттық

еріктілік. Соңғы жылдары елімізде әр түрлі

марафондар, триатлондар мен әлемдік

чемпионаттар жиі өткізіліп, бұл бағыттың

дамуына септігін тигізді. Халықаралық

спорттық шараларда ерікті болу үшін

шет тілдерін біліп, ашық, сыпайы болу

қажет. Сонымен қатар, спорт түрлерінің

ерекшеліктерін де білген дұрыс.

Өкінішке қарай, ел арасында еріктілік

туралы қате пікір қалыптасып та үлгергені

жасырын емес. Яғни үлкен іс-шараларда

«Жалаулар желбіретіп отыру», флешмоб

билеуде массовкаға қатысу деген

тәрізді. Ал шын мәнінде ауқымды

істі ұйымдастыруда, үлкен жобаларды

жүзеге асыруда еріктілердің қосары мол.

О н ы б ұ л с а л а д а ж ү р г е н ж а с т а р

әлдеқашан дәлелдеп қойған.

Жалпы, ел ішінде екіұдай пікір тудырып

жүрген еріктілік – жастардың өз

белсенділігін көрсетіп қана қоймай,

адамдарға көмек беріп, тәжірибе

жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды

дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге

мүмкіндік беретін бірден-бір мектеп екенін

ұмытпағанымыз абзал.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ДӘУЛЕТ

28 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл 9

НАРЫҚ

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Небары 10 пайызды

құрайды

Павлодарлық тұрғын Жанар Исабекова –

қантты тұрақты түрде сатып алушылардың

бірі. Айтуынша, жылына кем дегенде

50 келі алады. Оны күнделікті ас мәзірінде,

тосап, компот, басқа да тәттілерді дайындау

барысында пайдаланады.

- Біздің үйде барлығымыз – жолдасым,

екі балам және мен шайға қант қосамыз.

Балаларым бәліш, торт, құймақ сынды түрлі

тағамдарды жақсы көреді. Сондықтан құрамында

қанты бар осындай өнімдерді жиі дайындаймын.

Ал жаз, күз кезінде келіншектердің

барлығы дерлік қысқа қамданып, жемісжидектерден

тосаптың түр-түрін әзірлейді.

Оған да қант керек. Байқасам, жылына кем

дегенде екі қап қант алады екенбіз. Қыста

өнімнің бұл түріне сұраныс көп болмағандықтан

шығар, бір келісінің бағасы 140-160 теңге

шамасында болады. Ал жазда шарықтап,

300-320 теңгеге дейін жетеді. Амал жоқ,

сатып аламыз, - дейді Ж.Исабекова.

Осылайша, әр отбасы бір жыл аралығында

қант сатып алуға 10 мың теңге шамасында

қаржы жұмсайтын көрінеді. Бұл отбасы

мүшелерінің қантты тұтынуына тікелей байланысты.

Статистикалық мәліметтерге сүйенер

болсақ, әрбір қазақстандық орта есеппен

жылына 26 келі қант жейді. Әлемде бұл

көрсеткіш бойынша АҚШ көш бастап тұр.

Америкалықтар жылына 70 келі құмшекерді

тұтынады екен. Канада азаматтары бір

жылда 63 келі, ал ресейліктер 44 келі қант

сатып алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау

ұйымының мәліметі бойынша, 1965 жылы

бір адам жылына бар болғаны 3 келі ғана

қант жесе, 1990 жылы 8 келі, 2003 жылы

8,2 келі, 2015 жылы 10,5 келі тұтынған

екен. Мамандар мұны уақыт өте келе тағам

құрамындағы қант және қант қоспаларының

көбеюімен байланыстырады.

Жалпы, қазақстандықтардың қантқа

сұранысы жылына 500 мың тоннаны, оның

ішінде павлодарлықтардың қажеттілігі

10 мың 977 тоннаны құрайды. Өнімнің

301 мың тоннасы Ресейден жеткізіледі.

140 мың тоннасы - қант құрағынан дайындалған

импорттық өнім. Қалған 59 мың тоннаны

Алматы, Жамбыл облыстарындағы зауыттар

қант қызылшасын өңдеу арқылы алып,

ішкі нарыққа жөнелтеді. Байқағанымыздай,

отандық өнім небары 10 пайызды құрап

отыр. Сондықтан Павлодар облысының

билігі өз өңірімізде қант қызылшасын өсіріп,

зауыт салуды ұйғарды.

Алғашқы өнім

Елімізде қант қызылшасы Алматы, Жамбыл

облыстарындағы 19,6 мың гектар жерде

өсіріледі. Биыл бірінші рет біздің аймақ та

аталмыш көкөністі егіп көрді. Тәжірибе ретінде

10 шаруашылық жалпы аумағы 10 гектар

болатын алқапқа германиялық тұқымның

8 сұрпын салды. Солардың бірі – Ақсу

қаласындағы «Сергей» шаруа қожалығы.

- Суармалы алқапта қант қызылшасын

өсіру қиын емес. Өз өңірімізде қант

зауытының салынатынын, соңғы уақытта

көкөністің бұл түріне сұраныстың артқанын

ескерсек, табысты іс. Тек өнімді жинау

жұмысшыларға ауыртпалық салуы мүмкін.

Себебі арнайы комбайндар жоқ. Келесі жылы

алқап көлемін ұлғайтар болсақ, техникалар

алып, жұмысқа мықтап кірісеміз, - дейді

шаруашылық басшысы Виктор Рямбов.

«Сергей», «Тимур», «Ақтоғай-Агро» және

«Маяк» шаруа қожалықтарында өсірілген өнімнің

алғашқы легі Ресейдің Алтай өлкесіндегі

қант зауытында талдамадан өтті. Нәтиже

– көңіл көншітерлік.

- Қызылшаның егілгеніне тура 100 күн

толғанда әр сұрыпты жеке-жеке салған

Қантпен қамтуға

қауқарлымыз

Күнделікті өмірімізді тәттісіз елестету қиын. Оны қазақстандықтардың жылына 500 мың тонна

қантты тұтынуы айғақтай алады. Ал сұранысқа ие өнімнің бұл түрі небары екі облыста өндіріледі.

Мұндағы зауыттар қажеттілікті толығымен қамтуға қауқарсыз. Сондықтан сырттан сатып алудан

басқа амал қалмай отыр. Десе де, импортты ығыстырып, өнімді өз өңірімізде өндіретін күн

алыс емес.

аталмыш төрт шаруашылықтан барлығы 32

қап өнім жинап, Ресейге апардық. Талдама

қорытындысы қызылшаның құрамындағы қант

орташа есеппен 14-15 пайыз екенін көрсетті.

Оны өңдеу үшін қанттылығы дәл осындай

көлемде болуы тиіс. 1 қазанда, яғни тұқымның

салынғанына 120 күн болғанда Алтайдағы

зауытқа тағы бір мәрте жөнелтіледі. Бұл жолы

барлық 10 шаруашылықтан үлгілер алынады.

Сол арқылы қай ауданда өнімділік жақсы

екенін, келесі жылы қай уақытта егу керектігін

анықтаймыз, - дейді «Павлодар» әлеуметтіккәсіпкерлік

корпорациясының агроөнеркәсіп

кешенін дамыту департаментінің директоры

Дәулетияр Бигелдиев.

Бүгінгі күні шаруашылықтар гектарынан

40 центнер өнім жинауда. Салыстырмалы

түрде қарар болсақ, көршілес Ресей елінің

шаруалары бір гектардан 60 центнер қант

қызылшасын алады. Мамандар мұны техникалық

мүмкіндіктермен байланыстырып отыр.

- Биыл облысымызда қант қызылшасы

тәжірибе жүзінде егілгендіктен, ешқандай

техника қолданылған жоқ. Жұмысшылар

тұқымды қолмен салып, өнімді қолмен жинауда.

Мұндай әдіс өнімнің шығымдылығына әсер

ететіні анық. Сондықтан, ресейліктермен

салыстырғанда көрсеткіш сәл төмен.

Десе де, келесі жылы құрал-жабдықтарды

дайындап, алқап көлемін 400 гектарға дейін

арттырып, әр гектардан 80 центнер қант

қызылшасын алуды жоспарлап отырмыз, -

дейді Д.Бигелдиев.

Жиналған өнімнің барлығы Ақсу қаласының

маңында салынатын қант зауытының

қоймаларына жеткізіліп, сол жерде сақталатын

болады.

Бәрі «таласып» тұр

Аймағымызда өсірілген қант қызылшасын

өңдейтін кәсіпорын Ақсу қаласындағы агропарк

аумағында іске қосылмақ. Техникалықэкономикалық

негіздемеге сәйкес, қант

зауыты 70 гектар жерді алады. Қазіргі кезде

аталмыш аумаққа инженерлік-коммуникациялық

желілерді жүргізу бойынша жобалық-сметалық

құжаттама әзірленуде.

Атап өтерлігі, Ақсу қаласындағы қант

зауытына қызығушылық танытқан инвесторлар

саны күн санап артып келеді. Әуелде

қытайлық және ресейлік кәсіпкерлер қаржы

құюды қаласа, енді олардың қатарына

Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия елдерінің

бизнес өкілдері де қосылды. Тіпті, отандық

«Самұрық-Қазына Инвест» компаниясы жобаның

49 пайызын қаржыландыруға әзір екендіктерін

танытып отыр. Ал жобаның жалпы құны –

120 млн. еуро.

- Қазіргі уақытта зауыттың жобалықсметалық

құжаттамасының 80 пайызы дайын.

Болжам бойынша, ақпан айында сараптамамен

бірге қолымызға тиеді. Жобаға

қызығушылық танытқандардың барлығы осы

құжатты күтіп отыр. Содан соң ғана нақты

инвестор анықталады, - дейді Д.Бигелдиев.

Осылайша, келесі жылы өңдеу орнының

қазығы қағылып, 2021 жылы іске қосылмақ.

Тәулігіне 6 мың тонна, жылына 720 мың

тонна қант қызылшасын өңдейді. Одан 110

мың тонна өнім алады. Демек, Ақсудағы

зауыт облыстың сұранысын толық өтеп қана

қоймай, өзге облыстарға жеткізу мүмкіндігі

туындайды.

Бірақ, зауыт бір жылда тек 120 күн

жұмыс істейтін болады. Қалған уақытта

құралдарды жөндеп, техникалық қызмет

көрсету бойынша шараларды атқарып, келесі

жиын-терімнің өнімдерін өңдеуге дайындалады.

Бұл – барлық қант зауытына тән

жағдай. Мәселен, Ресейдегі зауыттар шамамен

200 күн шикізат өңдеумен айналысады.

Қант қызылшасының қалдықтары да кәдеге

жаратылмақ. Қант алу үшін қызылшаның

тек 20 пайызы пайдаланылады. Қалған 80

пайыздан сығынды шығады. Еуропа елдері оны

кептіріп, сығымдап, бордақылау алаңындағы

малдардың азығы ретінде қолданады. Ал

біздің жергілікті билік басқа табыс кілтін

табуды көздеп отыр. Атап айтқанда, қазіргі

уақытта түркиялық инвесторлармен қалдықты

өңдеуге қатысты келіссөздер жүргізілуде.

Егер қос тарап өзара келісімге келсе, жомнан

пектин алу ісі қолға алынбақ. Ол кондитерлік

өнімдерді дайындауда жоғары сұранысқа

ие. Нәтижесінде қант қызылшасын өңдеу

қалдықсыз кәсіпке айналмақ.

Оған қоса, өңірімізде қант зауытының

ашылуы баға саясатына айтарлықтай әсер

етеді. Өнімнің бұл түрі әлеуметтік маңызы

бар 19 азық-түліктің тізімінде бар. Сондықтан

баға жергілікті биліктің бақылауында. Әсіресе,

тұтынушылар тарапынан сұраныс артатын жаз

кезінде тапшылық туындамай, құмшекердің

құны қалтаны қақпас үшін өңірлік тұрақтандыру

қорына мол көлемі алдын ала сатып алынады.

Мәселен, былтыр 200 тонна, биыл 250 тонна

қант қоймаға қойылды. Дүкендерде бағасы

шарықтаған кезде «Павлодар» әлеуметтіккәсіпкерлік

корпорациясы өнімді төмен

бағаға жеткізе бастайды. Бүгінгі күні бір

келі қанттың орташа бағасы – 187 теңге.

Қантты өзімізде өндіре бастаған соң баға

бұдан да төмен болады деп болжанып отыр.

Осылайша, Павлодар облысының қант өндіретін өңір санатына қосылуы

үшін алғашқы қадамдар жасалды. Алдағы уақытта бұдан да ауқымды істер

жүзеге аспақ. Соның нәтижесінде импорт алмастырылады, аймағымызға

инвестиция тартылады, қазынаға қосымша қаржы құйылады, күнделікті

өмірде жиі қолданылатын өнімнің бағасы айтарлықтай төмендейді,

жаңа жұмыс орындары ашылады. Қысқасы, қант қызылшасын өсіру,

қант өндіру өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тың серпін

берері анық.

ӨНЕР

Даланы

бөлеп

думанға

Осы жылдың наурызында

өңірде «Ұлы даланың

өнерпаздар керуені»

атты жоба қолға алынған

болатын. Жоба аясында

Павлодар облысының

шалғайда жатқан елді

мекендерінде арнайы

концерттік бағдарламалар

ұйымдастырылып, ұлттық

салт-дәстүр көрінісі,

айтыс өнері мен ұлттық

ойындар және қазақтың

төл тағамдары ауылдық

ағайынға ұсынылды.

Атап айтқанда, жоба басталғалы өнер

керуені Аққулы ауданының Мерғалым,

Шарбақты ауданының Арбиген ауылдарында,

Ақсу қаласының Құркөлінде,

Екібастұз қаласының Сарықамыс елді

мекенінде болды. Бұдан соң өнер

керуенінің сапары Ақтоғай ауданының

Мүткенов ауылында, Успеннің Ольгин,

Ертіс ауданының Иса Байзақов елді

мекенінде жалғасқан еді. Өнерпаздар

керуені мұнымен тоқтап қалмай Тереңкөл

ауданының орталығында, Баянауылдың

Теңдік ауылында және Железин ауылында

да болып, жергілікті халыққа ән мен

жырдан шашу шашты. Қазақ халқының

ұлттық салт-дәстүрін дәріптеп, көнеріп

қалған әдеп-ғұрыптарды қайта жаңартты.

Жобаны ұйымдастырудағы мақсат –

ұлттық өнерімізді, ата-бабадан жалғасып

келе жатқан ұлы мұрамызды кеңінен

насихаттау, халық өнерін көпшілікке

паш ету.

Жоғарыда аталған әрбір ауылда

ұйымдастырылған шаралар жоғары

деңгейде өтті. Оған «Шаңырақ»

халық шығармашылығы орталығының

қызметкерлері атсалысқанын атап өткен

абзал. Сондай-ақ ауқымды жобаға әр

ауылдың тұрғындары да белсенді түрде

үн қосқанын айта кеткен жөн.

«Ұлы даланың өнерпаздар керуені»

жобасына мәдениет, тілдерді дамыту

және архив ісі басқармасы қолдау

көрсетсе, ұйымдастыру жұмыстары

«Шаңырақ» халық шығармашылығы

орталығына тиесілі болды.

Осы жылдың 9 қазанында «Шаңырақ»

орталығында аталған жобаны түйіндейтін

ауқымды шара өтпек. Салтанат барысында

концерттік бағдарлама ұйымдастырылып,

аталған жоба аясында ерекше

өнерімен көзге түскен қатысушылар

марапатталмақ.

Әлия ЗАКРИЯНОВА,

«Шаңырақ» халық шығармашылығы

орталығының қызметкері.


10 28 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл

МЕРЕЙ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЕРТЕҢ - ЕҢБЕК КҮНІ!

Ұстаздар әулеті

Ата жолын жалғастырып, еңбегімен елге сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған

абзал жандар аз емес. Солардың бірі – Мәлике Ахмадиева. Ол 45 жыл ұстаздық

қызмет етіп, шәкірттерінің сүйіспеншілігіне, әріптестерінің құрметіне бөленген жан.

Оның үстіне бұл отбасы мүшелері үш буын бойы атадан балаға ұстаздық мамандығын

мирас етіп келе жатыр.

Мереке АМАНТАЙ

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де

қымбат, өйткені мұғалім – мектептің

жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин

айтқандай, Мәлике Хамитқызы

шәкірттерінің жүрегіне білім нәрін

себумен қатар, жақсылыққа, ізгілікке,

өмірден өз орнын тауып, бақытты

өмір сүруге тәрбиеледі. Зейнетке

шықты. Бұдан бөлек, ол әкеден

қалған ұстаздық жолды жалғастырып,

өзінен тараған ұл-қыздарға дарыта

білді. Оның отбасын бүгінде ел-жұрты

ұстаздар әулеті деп біледі.

- Менің әкем ұзақ жылдар бойы

ұстаз болып қызмет етті. Кейін әкем

салған сара жолды жалғастырып

мен де осы мамандыққа бет

бұрдым. Жолдасым екеуіміз бес

бала тәрбиелеп өсірдік. Майгүл және

Баян деген екі қызым да мұғалім

деген мәртебелі мамандықтың иесі.

Ұлымның қызы да осы салада еңбек

етуде. Менің өз туыстарым мен

балаларымның, немерелерімнің жалпы

еңбек өтілі 470 жылды құрайды

екен. Адам баласы ұрпағымен

бақытты деген бар. Өмірде ұлы

қызмет ұстаздық жолды таңдап,

қиындығына шыдап, арқадағы ауыр

жүкті қайыспай көтеріп келе жатқан

ұл-қыздарыма алғысым шексіз.

Адал қызмет етіп, шәкірттерінің

сүйікті ұстазына айналсын деп

тілеймін, - дейді М.Ахмадиева.

Қыркүйек айының соңғы жексенбісі –

Еңбек күні. Осыған орай облыс

орталығындағы «Кәсіподақ үйінде»

салтанатты шара ұйымдастырылып,

республикалық «Еңбек жолы»

байқауының жеңімпаздары марапатталған

еді. Аталмыш шарада

Мәлике Ахмадиеваның отбасы «Үздік

еңбек әулеті» номинациясының

жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, еңбек күніне

орай ұйымдастырылған салтанатты

шарада еңбегі еленген бір

топ жандар марапатталып, алғысқа

бөленді. «Еңбеккер жастардың

үздік тәлімгері» атағын Тереңкөл

ауданындағы Калинов орта мектебінің

дене шынықтыру мұғалімі Владимир

Лоос ұтып алса, «Өндірістегі үздік

жас жұмыскер» номинациясын

Павлодар мұнай-химия зауытының

Суретті түсірген - Айбек Жұматов.

машинисі Асқар Нұрғалиев иеленді.

Бұдан бөлек, кәсіпорындардағы

еңбек қауіпсіздігін басты назарда

ұстайтын «Қамқор вагон» және

«Group KSM» жауапкершілігі шектеулі

серіктестіктеріне облыстық кәсіподақ

ұйымының тарапынан сенім сертификаттары

табыс етілді.

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ

ТУҒАНЫНА – 175 ЖЫЛ

Абай –

ұлттық код

Өткен өмірге өкпем жоқ

Кеше ғана басымыздан өткен кеңестік кезең жайлы бүгінде

түрлі пікірлер айтып жатамыз. Оның дұрысы да, бұрысы да бар

шығар. Дегенмен, сол уақыттарда қалың елге ұйытқы болған іргелі

шаруашылықтар, өріс толы мыңғырған мал мен қырман толы

қызыл астық, қайнаған еңбек әлі де көз алдымызда. Бұл – еліміздің

әсте ұмытуға болмайтын бір тарихи кезеңі, биік бір белесі. Сол

уақыттарда халықты еңбекке жұмылдырып, миллиондаған пұт

астық орып, мыңдаған бас мал өсірген үлкен шаруашылықтарға

басшылық жасап, ел экономикасын арттыруға барынша үлес қосқан

нағыз білікті басшылар, арлы азаматтар еді.

БЕЛЕС

Біздің мектепте ұлы Абайдың

175 жылдығына арналған

іс-шаралардың жоспары түзілді.

Жоспарда бекітілген алғашқы

шара да жақында мазмұнды

ұйымдастырылып, өткізілді.

Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

тарапынан ашық сабақтар, тақырыптық

кештер, сыныптан тыс тәрбие сағаттары

жүзеге асырылуда. Ең бастысы, әр

шарадан оқушылардың терең тағылым

алуына маңыз берілген.

Музыка жетекшісі О.Борисова

«Абайдың музыкалық мұрасы» атты

тамаша кеш өткізді. Оған мектептің

барлық сыныптарының оқушылары

белсенді қатысты. Сонымен қатар

сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен

фото-галерея жұмысы іске асырылды.

Ұстаздар А.Жылжанова мен Д.Ғаббасова

әдеби-музыкалық кеш өткізсе, бастауыш

сыныптардың оқушылары үшін А.Сыздықова,

Ш.Құрмашева, Д.Дүйсенова, Ә.Еспосынова,

А.Мұханова сынды мұғалімдер қызықты,

танымдық викториналар ұйымдастырды.

Ал ұстаз А.Қабдырақышева жоғары сынып

оқушылары арасында «Адамзаттың Абайы»

атты ауқымды шараға басшылық жасады.

Әрине, шәкірттердің Абай жырларын

жатқа оқып, олардың мазмұнын тереңірек

танып-түсінуіне де баса назар аударылып

отыр. Бұл ретте мұғалім Марта

Дәулет 5-11-сынып оқушылары арасында

Абай оқуларын өткізді. «Абай – ерен

ақын, ерекше ақын» атты ауқымды кеш

салтанатты жағдайда ұйымдастырылып,

оның мазмұнды өтуіне ұстаздар

А.Қабдырақышева, Э.Жанғожина,

А.Жұмабаева айрықша үлес қосты.

Ұлы ақынға арналған іс-шаралар

апталық немесе айлықпен шектеліп

қалмайды. Жоспар бойынша алдағы

уақытта маңызды шаралардың қатары

арта түседі. Біздің мектеп қалалық,

облыстық, республикалық деңгейдегі

мерейлі іс-шараларға да белсене

қатысатын болады.

Динара ҒАББАСОВА,

№16 лицей-мектебінің мұғалімі,

Павлодар қаласы.

Біздің бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері осындай

адамдардың бірі – Айтмұхамбет Біләлов (Ел іші

бұл кісіні Руслан деп атайды). Кеңес уақытында

бар саналы ғұмыры ауыл шаруашылығымен

байланысты болған Айтмұхамбет Салахитденұлы

М . К а л и н и н а т ы н д а ғ ы і р і с о в х о з д ы -

10 жыл, Г.Потанин атындағы совхозды

5 жыл басқарып, Ермак (қазіргі Ақсу) ауданы

әкімінің (ол кезде аудандық әкімшілік басшысы

деп аталатын) бірінші орынбасары, аудандық

ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

секілді лауазымды қызметтер атқарып, кез

келген адам қызығарлық өмір жолынан өткен.

Сонау бір аласапыранды замандарда

Баянаула жеріндегі Айдабол-Жанқозының

Көстесінен тарайтын Біләл хазірет Битақайұлы

дін қайраткері ретінде қуғынға ұшырап, Аягөз

өңіріне жер аударылады. Бірақ баратын

жеріне жете алмай, жолшыбай қайтыс

болып, Семейде жерленіпті. Осы Біләлдың

үш ұлының бірі – Кәмеш, одан кейіпкердің

әкесі Салахитден туады.

Тағы бір айтпай кетуге болмайтын дерек,

Біләл хазіреттің қызы Жақсипа деген кісіні

ұлтымыздан шыққан тұңғыш зиялылардың

бірі Рақымжан Жаманқұлов алған. Бүгінде

аты ұмытылып кеткен бұл адам 1927-31

жылдары Мәскеудің Н.Крупская атындағы

Коммунистік тәрбие академиясында оқыған.

Әдебиет сыншысы, аудармашы, Қазақ көркем

әдебиет баспасының тұңғыш директоры

болған Рақымжан 1938 жылы жазықсыз

жалаға ұшырап, атылады.

Енді Салахитден Кәмешұлы жайлы айтсақ,

бұл кісі тағдырдың айдауымен 8-інші сыныпты

Ресейдің Кемерово облысында бітірген екен.

Одан Омбы жеріне барып, еңбек жолын

бастаған. Осы арадан майданға алынып,

1945 жылы елге оралады.

Бір ғажабы, ешқандай жоғары білім

алмаған осындай адамдар өздерінің табиғат

берген іскерліктерінің арқасында ондаған

жыл іргелі шаруашылықтарды басқарып,

елдің еңсе көтеруіне өлшеусіз үлес қосқан.

Соғыстан соң ауыл шаруашылығында еңбек

етіп, директордың орынбасары, бөлімше

меңгерушісі секілді қызметтер атқарып жүрген

Салахитден 1952 жылы Украинаның Харьков

облысындағы совхоз директорларының үш

жылдық курсына жіберіліп, осыдан келген

соң, Куйбышев ауданындағы (қазіргі Ақтоғай

ауданы) «Чкалов» совхозының директоры болып

тағайындалып, аталмыш шаруашылықты екі

жыл басқарады. Кейін С.Біләлов «Қараоба»

МТС-ның негізінде «Спартак» совхозының

іргетасын қалап, сол шаруашылыққа

17 жыл жетекшілік жасап, үлкен жетістіктерге

жеткізген. Соның нәтижесінде «Еңбек

Қызыл ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен

марапатталған.

– Әкем бірнеше ағайынды болған. Бір

ағасы Пахритден Кемешов 1941 жылы

әскерге алынып, Украинаның Житомир

қаласына түсіп, соғыстың алғашқы кезеңінде

хабарсыз кеткен болатын. Тек 1985 жылы

ғана Украинаның Кировоград облысындағы

Подвысокое селосының жанындағы бауырластар

зиратында жерленгенін білдік. 1986

жылы әкемнің інілерімен арнайы барып, дұға

бағыштап қайттық, – дейді сөз арасында

Айтмұхамбет аға.

Міне, осындай Салахитден секілді әкенің

тәрбиесін алған Айтмұхамбеттің барлық саналы

ғұмыры ауыл шаруашылығымен байланысты.

«Спартак» орта мектебін бітіргесін, еңбек

жолын механизатор болып бастап, кейін

Красноармейка ауыл шаруашылығы техникумын

тауысып, бөлімшеде механик болып,

осы саладағы алғашқы қадамын жасайды.

1978 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы

институтын бітіргесін Калинин совхозына

бас инженер болып жіберіледі. Сол жердегі

шаруашылық басшысы, көп жылғы директор

Тұрсынхан Жақыповтан екі-үш жыл тәлімтәжірибе

алып, өзін танытқан жас маман

1981 жылы осы совхоздың директоры болып

тағайындалады. Отыз екі жасында іргелі

шаруашылықтың тізгінін ұстаған Айтмұхамбет

10 жыл бойы осы қызметті абыроймен

атқарып, совхоздың сан салалы тірлігін

өркендетіп, аудандағы білікті басшылардың

біріне айналады. 1991 жылы тәжірибесі мол

маман Потанин совхозының басшылығына

жіберіледі. Бұл нағыз социалистік жүйеден

нарықтық заманға ауысып жатқан дүбірлі

уақыт еді. Осы совхозда 1996 жылға дейін

директорлық қызмет атқарған А.Біләлов

Ермак аудандық әкімшілігі басшысының

бірінші орынбасары және ауыл шаруашылығы

басқармасының бастығы болып тағайындалады.

Осы абыройлы лауазымда жүріп, ол көп

жылғы жинаған тәжірибесін енді тәуелсіз

Қазақстанның өркендеуі үшін жұмсайды.

1999 жылдан денсаулығына байланысты

басқа салаға ауысқан Айтмұхамбет

Салахитденұлы №19 Ақсу кәсіптік лицейі

директорының орынбасары, Ақсу қаласы

әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының

орынбасары секілді түрлі қызметтер атқарып,

2012 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққан.

Көп жылғы нәтижелі еңбегінің нәтижесінде

бұл кісі бүгінде Ақсу қаласының Құрметті

азаматы. Бірақ қол қусырып отырған жоқ.

Әлі де қоғамдық жұмыстарға белсене

араласатын Айтекең «Ақсу» корпоративтік

қорының президенті, Ақсу қалалық зағиптар

қоғамының төрағасы, облыстық зағиптар

қоғамы президиумының мүшесі. Мүгедектер

арасында тоғызқұмалақтан қала чемпионы,

шахмат пен дойбы ойындарынан тұрақты

жүлдегер.

Айтмұхамбет Салахитденұлы сонау 1969

жылы Орынбасар Балтабайқызы атты қазақтың

ару қызымен бас қосып, шаңырақ көтерген

екен. Осы бір ұялы отбасында Гүлнар есімді

қыз бен Абылай атты ұл өмірге келеді.

Айтекең мен Орынбасар жеңгеміз қазір осы

балалардан Әлібек, Дана атты немерелер,

Арсен, Әлішер, Тимур атты шөберелер көріп

отыр.

Бүгінде жетпіс жастың жотасына шығып

отырған Айтмұхамбет ағамен кездесіп,

сұхбаттасқанымызда:

– Бауырым, міне, осындай азды-көпті

ғұмыр кештік. Біздің өміріміздің негізгі бөлігі

кеңес уақытында өтті ғой. Ол кезде адамдар

материалдық байлықтан гөрі, моральдық сипатқа

көп мән беретін. Көп нәрсені коммунистік

партия шешетін, партия қайда жұмсаса,

сонда барып еңбек еттік. Енді міне, біз де

қария жасына жетіп, 70 белес асып отырмыз.

Тірлікте не бітірдім, қандай ізім қалды екен

деп ойлаймын кейде. Қарасам, бір адамдай

еңбек етіппін, абыройсыз болған жоқпын. Бұл

да тағдырдың берген сыйы шығар. Өткен

өмірге еш өкінішім жоқ, деген еді. Біз - өз

заманымыздың адамымыз, сол заманның

ықпалымен жүрдік, еңбек еттік. Бүгінгі ұрпақ

пайдаланып отырған материалдық байлық

сол уақыттарда, соғыстан соң еңбек еткен

әкелеріміздің, одан соңғы біздің уақытымызда

жасалған. Тек осыны кейінгі ұрпақ ұмытпаса

болды дейміз, дейді ағамыз. Отанымыз

тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Рамазан ҚАБИДЕНОВ,

Мұхит ОМАРОВ,

Айтмұхамбет ТҰРЫШЕВ,

Қобылан СҮЛЕЙМЕНОВ,

Сайлау БАЙБОСЫН.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЖАРНАМА 28 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл 11

Жоба

Павлодар қаласы

Павлодар облыстық мәслихатының

(VI сайланған XXXV (кезекті) сессиясы)

№/35

ШЕШІМІ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық

экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың

және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын

абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» №235 бұйрығына сәйкес Павлодар

облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 . « П а в л о д а ро б л ы с ы н ы ңж а с ы ле к п е л е р і нк ү т і п - ұ с т а уж ә н еқ о р ғ а уқ а ғ и д а л а р ы н ,П а в л о д а р

о б л ы с ы н ы ңқ а л а л а р ым е не л д ім е к е н д е р і н і ңа у м а қ т а р ы на б а т т а н д ы р у д ы ңқ а ғ и д а л а р ы нб е к і т у

туралы» Павлодар облысы мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы №220/21 шешіміне

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5927 болып тіркелді,

2018 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің

эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау

және қорғау қағидаларында:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ағаштарды кесу – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16

мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заң)

2-қосымшаның 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге

асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;»;

3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақ-шамен толықтырылсын:

«27) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган белгілеген

учаскелерде жүзеге асырылатын, ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша

жұмыс.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінетін учаскелерде

жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы

Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.»;

2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-параграф. Ағаштарды кесу, санитариялық кесу»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Ағаштарды кесу мынадай:

1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс

қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын

қамтамасыз ету;

2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконс-трукциялау

және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;

3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік

абаттандыру объектілерінде жою;

4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге

келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі;

5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондайақ

жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық

кесу жағдайларында жүзеге асырылады;

6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған

кезде.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсатымен

осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.».

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Ағаштарды кесу кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан

өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда уәкілетті органның рұқсаты

бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте, жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу

материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды

кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскілерге қайта отырғызылады.».

мынадай мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын:

«33. Ағаштарды тамыр жүйесі ашық көшеттермен және қысқы

(сүректенген) бұтақтармен өтемдік отырғызу тек көктемгі және күзгі

мезгілдерде жүргізіледі. Тамыр жүйесі жабық көшеттермен (топырақ

кесегімен) тамыр жүйесінің кебуінен сақтау шартымен жылдың барлық

мезгілінде отырғызуға болады.

Ағаштарды көшеттер отырғызу арқылы өтемдік қалпына келтіру

ағаштарды кесуге уәкілетті органнан рұқсат алғаннан кейін жыл ішінде жүргізіледі.».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және

бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн

өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Е. АРЫНОВ.

Облыстық мәслихаттың хатшысы

2019 жылғы

Павлодар облысы мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы «Павлодар

облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Павлодар

облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың

қағидаларын бекіту туралы» №220/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы

Б. БЕКСЕЙІТОВА.

2019 жылы 26 қыркүйектен бастап 26 қазанға дейін

Павлодар қаласының әкімдігі «Чекті талап ет – патриот

бол» акциясын өткізуде.

Ұтыс ойында тек сатушының БСН/ЖСН, чектің

берілген күні мен уақыты көрсетілген, сомасы және

фискалды белгісі (ФБ, Фискалды чек және т.б.)

көрсетілген фискалды чектер ғана қатыса алады.

Павлодар қаласының сауда үйлерінде («Караван»,

«Квазар», «Манақбай») акцияға қатысу үшін чектерді

сату пункттері орналасады. Жеңімпаздар барабаннан

кездейсоқ купон таңдау арқылы анықталады.

Чектер саны, қатысушылар саны шексіз болады.

Сонымен бірге чектің барлық сомасы 5000 теңге бір

ойын билетіне тең, 10000 теңге бір ойын билетіне

тең, 50000 теңге бір ойын билетіне тең. Ұтыстар ойын

билетіне тең тұрады.

Анықтама телефондары: 65-23-82, 32-07-30.

Әлмырза Әмірәліұлын

еске аламыз

А я ул ыж а р,а р д а қ т ыә ке,с ү йі к т і

атамыз Әлмырза Әмірәліұлының

бақилық болғанына 8 қазанда

40 күн толады.

Сағынышпен еске алып, жатқан

жері жарық, топырағы мамық,

жаны жаннатта болсын деп дұға

етеміз.

Өмірдің көрген талай жол торабын,

Әкеден кім аяйды қолда барын.

Әкенің ақ тілегін өтеу - парыз,

Мен бүгін әкемді ойлап толғанамын.

Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына.

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз,

Біз бүгін әкелердің арқасында.

Әкеміздің 40 күндік Құдайы асы 5 қазанда

Көктөбе ауылындағы «Арман» кафесінде беріледі,

ер адамдарға сағат 12.00-де, әйелдерге

сағат 14.00-де.

Сағынышпен еске алушылар:

жары, балалары, немерелері, туыстары.

(1011)

Қауіпсіздік -

басты назарда

Зиянды қалдықтарды анықтау, олардың

қоршаған ортаға келтірер залалын

бақылаудың заманауи әдісіне көшу

экологиялық бақылаудың тиімділігі мен

оның нәтижелерінің жұртшылық алдында

ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Павлодар – өндірісті аймақ.

Сондықтан жыл сайын өңіріміздегі ірі

кәсіпорындардан шығарылатын қалдық

көлеміне баса назар аударылып келеді.

Мәселен, шығындылардың 66 пайызы

жылу энергетикасы кәсіпорындарында,

17 пайызы түсті металлургияда,

5,6 пайызы қара металлургияда,

3,7 пайызы мұнай өңдеу ісінде,

1,7 пайызы минералды өндіру кезінде

шығарылады.

2019 жылдың бірінші жартысында

атмосфералық ауаға 340 мың тонна

зиянды заттар шығарылды. Бұл 2018

жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен

бірдей. Дегенмен, бұл көрсеткіштің соңғы

3 жыл ішінде 163,0 мың тоннаға немесе

30%-ға өсуі байқалады. Бұған «Болат

Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1»

ЖШС және «Еуроазиаттық энергетикалық

корпорациясы» АҚ-ның энергетикалық

станциясында электр энергиясын өндіру

көрсеткіштерінің артуы мен «Қазақстан

алюминийі» АҚ-ның Павлодар алюминий

зауытының шикізат базасын ауыстыруы

себеп болған.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз

ГРЭС-1» ЖШС-інде соңғы 3 жыл ішінде

электр энергиясын өндіру көрсеткіштері

9 млрд. кВт/сағаттан 19 млрд.

кВт/сағ-қа, яғни 211 пайызға артқан.

Өндіріс көлемінің артуы атмосфераға

шығарылатын шығарындылардың 104,0

мың тоннадан 206,7 мың тоннаға дейін

немесе 102 пайызға (213, 3 мың тонна

лимит кезінде) өсуіне әкелген. Ал

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы»

АҚ энергетикалық станциясында

3 жыл ішінде электр энергиясын өндіру

көрсеткіштерінің 13 млрд. кВт/сағ-тан

15 млрд. кВт сағ-қа немесе 15,4 пайызға

артуы байқалады. Бұл зиянды қалдықтар

көлемінің 143 мың тоннадан 158 мың

тоннаға дейін көбейгенін көрсетеді. Айта

Қоғамдық кеңестер азаматтық қоғамды

дамытуда үлкен рөл атқарады, оның

институттары еліміздің мемлекеттік басқару

беделі мен тұрақтылығын нығайтуға ықпал

етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан халқына арналған Жолдауында

азаматтардың барлық сындарлы өтініштілектерін

жедел әрі тиімді қарастыратын

« Х а л ы қү н і н еқ ұ л а қа с а т ы нм е м л е к е т »т ұ ж ы р ы м -

дамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет

екенін айтты. Азаматтық қоғамға қолдау

көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу, аса

маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді

шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық

қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет

деп атап өтті.

Азаматтық қоғам институттарымен өзара

іс-қимыл жасау – Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметінің

басым бағыттарының бірі, сондықтан Павлодар

облысы бойынша аумақтық департаменті

қамтитын мәселелер аясы қоғамдық кеңестер

алаңдарында талқылаудың мәні болып

табылады.

Облыс қала мен аудандардың қоғамдық

кеңестерінің жұмысына Департамент жүргізген

талдау барысында Екібастұз қаласы мен

Успен ауданының оң тәжірибесі атап өтілді.

Екібастұздың Қоғамдық кеңесімен қызмет

көрсету сапасын арттыру мәселесі жеке

алынған Денсаулық сақтау, білім беру мекемел

е р і н д еж ә н ем е м л е к е т т і ко р г а н д а р д ах а л ы қ т ы ң

қызмет сапасына қанағаттануы бойынша

әлеуметтік зерттеу сыныстарының орындалуына

мониторинг жүргізу нәтижелерін

тыңдаумен үш көшпелі отырыста қаралды,

ал Успен ауданының кеңесімен ауылдық

ЭКОЛОГИЯ

Экологиялық қауіпсіздік - мемлекеттің орнықты даму жолындағы

басым міндеттердің бірі және табиғи жүйелерді сақтау мен

қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі. Өңірімізде

бұған айрықша мән беріліп келеді. Бұл ретте ағымдағы жылдың

І жартыжылдығында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында

көптеген жұмыстар жүргізілді.

кетерлігі, 2018 жылдан бастап «Қазақстан

алюминийі» АҚ Торғай боксит кен орнында

кен қорының азаюына байланысты Қостанай

облысындағы Краснооктябрь кен орнының

кенін пайдалана бастады.

2019 жылдың бірінші жартысында

инспекциялық қызмет 32 тексеру жұмысын

жүргізді. Оның 12-сі - жоспарлы, 20-сы -

жоспардан тыс. Тексеру нәтижесі бойынша

жалпы сомасы 2 миллион 588 мың теңге

болатын 48 айыппұл салынып, 2 миллион 323

мың теңге көлемінде 45 айыппұл өндірілді.

265 мың теңге көлеміндегі 3 айыппұл

орындалу үстінде. Келтірілген залалды

өтеу үшін кәсіпорындарға жалпы сомасы

94,6 млн. теңгеге 19 ескерту жасалды.

Оның 39 млн. теңгені құрайтын 10-ы

өндірілді. Қалғаны белігенген кестеге

сәйкес орындалады. Тексерістер заманауи

зертханалық құрал-жабдықтардың

көмегімен жүргізілді.

Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік

бағдарламасы аясында қауіптілігі

бойынша І санаттағы кәсіпорындарда

экологиялық бақылау жүйесін автоматтандыру

қарастырылған. Соған сәйкес

облыстағы ірі кәсіпорындар санитарлық

қорғау аймақтарының шекарасында

атмосфералық ауаның сапасын бақылайтын

станциялар орнатуда. Мәселен, «Қазақстан

алюминийі» АҚ мемлекеттік органдар

арасында жасалған меморандум аясында

алюминий зауытының санитарлық қорғау

аймағының шекарасында OPSIS AB

оптикалық бақылау станциясын сынақ

режимінде орнатты. Сонымен қатар,

халықаралық тәжірибеге сәйкес Қазақстан

Республикасының жаңа Экологиялық

кодексін әзірлеу кезінде сараптамалық

топ олардың нәтижелерін нақты уақытта

уәкілетті органның операциялық жүйесіне

жібере отырып, шығарындылар көздерінде

тікелей газ шығарындыларын басқа-рудың

автоматтандырылған жүйесін енгізуді

ұсынды.

М.БЕКТАЕВА,

Г.САҒИТОВА, А.ӘЛІБЕКОВА,

облыстық экология департаментінің

бас мамандары.

Азаматтық қоғам

институттарымен өзара іс-қимыл

округ тұрғындары арасында электрондық

қызметтерді танымал етуді дамыту мәселесі

белсенді түрде қаралуда.

Ағымдағы жылдың наурыз айында

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет

істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқ

и м ы ла г е н т т і г і н і ңҚ о ғ а м д ы қке ң е с ім ү ш е л е р і н і ң

қатысуымен Павлодар және Екібастұз қалаларында

отырыстар өткізілді.

Успен және Ақтоғай аудандарында нақты

ұсынымдар берілді. Мысалы, Успен

ауданында «Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аудандық

бөлімінің күту залында отыратын орындарды

қамтамасыз ету мәселесін шешу, ал

Ақтоғай ауданында – атқарушы органдардың

басшыларына әкімшілік кедергілерді жою

жұмысын жандандыру және қызмет алушылардың

кедергісіз жүгінуі үшін ғимараттардың

бірінші қабаттарында басшылардың кабинеттерін

орналастыру ұсынылды.

Сонымен қатар, қала мен аудандардың

қоғамдық кеңестерінің отырыстарында берілген

ұсыныстардың бір бөлігі жалпы сипатқа ие,

сондай-ақ бұл талдауда да белгіленген.

Тәжірибе көрсеткендей, осындай ұсынымдар

іс жүзінде орындалмай қалады.

Осы мәселе облыстың Қоғамдық кеңесінің

дөңгелек үстел отырысына шығарылды, онда

нақты мерзімдері көрсетілген нақты ұсыныстар

беру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің

сапасын арттыру бағыты бойынша жұмысты

жандандыру ұсынылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет

істері агенттігінің облыс бойынша

департаменті.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12504 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1940

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12

28 қыркүйек, сенбі, 2019 жыл ИІРІМ

«Әкемтеатр» - Ертіс өңірінде

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

«Таңсұлу»

Әуезов театрының гастрольдік сапары

«Таңсұлу» драмасымен басталды.

Оны тамашалауға облыс

жұртшылығымен бірге аймақ басшысы

Болат Бақауов, қойылымның авторы,

академик Ғарифолла Есім, қоюшы

режиссері, Екібастұз шаһарының тумасы

Алма Кәкішева арнайы келді.

Сахна шымылдығы түрілмес бұрын

М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік

академиялық драма театрының директоры

Сәбит Әбдіхалықов сөз алып,

Ертіс-Баян жеріндегі көрермендеріне

алғысын білдірді.

- Қазақ өнерінің қарашаңырағы, қазақ

сахнасының алтын бесігіне айналған

«әкемтеатр» сіздермен Ж.Аймауытов

атындағы қазақ музыка-драма театрының

сахнасында қауышқанына қуанышты.

«Қожанасыр тірі екен...» комедиясынан

С

САРЫАРҚА САМАЛЫ

МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ

Жанкелді

жарады!

Семей қаласында өткен

республикалық театрлар

фестиваліне қатысқан

облыстық Ж.Аймауытов

атындағы қазақ музыкад

р а ма те а т р ы о л ж а ме н

оралды.

Семей шаһарына еліміздің түкпіртүкпірінен

жиналған театрлар 6 күн

бойы өздерінің үздік қойылымдарын

жергілікті жұрттың назарына ұсынды.

Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік

сыйлықтың лауреаты, көрнекті

театр және кино актрисасы Әмина

Өмірзақованың туғанына 100 жыл

т о л у ы н ао р а й Қ а з а қ с т а нд р а м ат е а т р -

ларының ХХVII Республикалық

ф е с т ив а лін е б арлы ғ ы 12 өн ер ұ ж ымы

қатысқан. Бұл додада біздің театр

балалар әдебиетінің классигі

Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық

шаққа саяхат» драмасымен бақ

сынады. Қазылар алқасының төрағасы

Асанәлі Әшімовтің оң бағасын

алып, Семей жұртының көзайымына

айналған жерлестеріміз жүлделі

болды. Қойылымның режиссері

Ж а н к е л д і С а д ы қ о в « Ү м і т »а т а л ы м ы н д а

жеңіске жетті.

Ж ү л д е м е но р а л ғ а нж е р г і л і к т іқ а з а қ

театрына және Жанкелдіге шығармашылық

табыс тілейміз!

Қазақ руханиятының шайқалмауына

қызмет жасап келе жатқан сахна

шеберлері сіздерге өздерінің өнерлерін

көрсетіп, көптің ақ батасын алып кетуге

келіп отыр. Тек қалалықтар ғана емес,

аудандағы ағайынның да келіп тамашалауына

себепкер болған облыс әкімі

Болат Бақауовқа алғыс білдіреміз, -

деді С.Әбдіхалықов.

Қазақ қызының талайлы тағдыры

жайлы өрбитін шығарманы автор 1985

жылы Семей қаласында жүргенде ел

аузынан жазып алған екен. Ғ.Есімнің тарихи

жазбасының да сахналанғанына 6

жылға жуықтаған. Құрамында 25 әртіс

өнер көрсететін драмада кино және театр

саласында көпке танымал Гүлшат

Тутова, Дулыға Ақмолда бар.

Ал шығарманың авторы Ғарифолла

Есім қазақ қызының шытырманға толы

тағдыр жолы ерекше қызықтырғандықтан

пьесаны жазуға бел буғанын айтады.

- Ел басына күн туған сәтте

тұтқынға түскен ару махаббатына адал

болып, ұрпағын аман сақтауды көздейді.

Ұлын бабалар рухында тәрбиелеп,

халқымыздың қамын ойлайды. Таңсұлу –

тарихта болған батыр әйел. Тарихи

тұлға шамамен Төле би заманында өмір

сүрген деседі. Бұл аңызда қыз баланың

ерлігі туралы айтылады. Оның тағдыры

мені ерекше таңқалдырды, - дейді ол.

Таңсұлу – бір үйдің кенжесі,

бәйбішенің әлдилеп күтіп-бағып отырған

көзінің ағы мен қарасы. Атына заты сай

он жасар Таңсұлудың тағдыры тым ауыр

болады. Бәрі де бақсының мына сөзімен

басталады:

«Әйел затына сұлулық бақытқа қоса

қасірет әкеледі, бәйбіше, баланың

жолы күншығысқа да, күнбатысқа

да бастап тұр. Анық-қанығын менің

құмалақтарым аша алмай, қиналыста

отырмын. Байқаймын, балаңыз өзінің

алдағы өмірін өңінде көріп, болжағанға

ұқсайды. О, ғажап, мұндай да болады

екен-ау! Таңсұлу – қайыршы кемпір!

Жо-жоқ, сірә тамырым тартылып, қаным

суалып, қартайдым білемін. Бәйбіше,

жарытып айтар түрім жоқ. Тек бүгіннен

«Таңсұлу» драмасынан көрініс

қалмай бұл ауылдан қоныс аударған

жөн. Таңсұлуды көрсем, сандырақтап,

ойыма әлденелер түсе берер...»

Қалмақтың тұтқынына түскен

Таңсұлу көз құрты болған сұлулығын

өз еркімен тәрк етіп, тектілік пен

н а м ы с т ы ң н ы ш а н ы н а а й н а л д ы .

Тарихи туынды көпшіліктің зор

қошеметіне ие болды. Қойылым соңында

алматылық әртістерге облыс әкімінің

ықылас гүлі табыс етілді.

Ерекше қойылымдар -

ел назарында

Ал гастрольдік сапардың екінші күні

өнер ұжымы Тынымбай Нұрмағамбетовтің

«Қожанасыр тірі екен...» комедиясын ел

назарына ұсынды. 2009 жылдан бері

театрдың репертуарынан түспей, қалың

көрерменнің үлкен сұранысына ие

болған қойылымды павлодарлықтар да

ерекше қабылдады.

Оқиға 799 жастағы Қожекеңді өз

қалтасының қамын күйттеген 33-ші

«Мұқағалимен сырласу»

ұрпағы «сенсациялық жаңалық» деп

әлемге жар салып, 5 миллион теңгеге

сатпақ болған сәтінен өрбиді. Алматыда

жүрген Қожекеңді алып кетуге Арабиядан

Әмина, Өзбекстаннан Зүлейха,

Тәжікстаннан 3-ші әйелі келеді. Олардың

күйеулеріне таласуының өзі көрерменді

күлкіге қарық қылды.

Спектакльдегі Қожанасырдың рөлін

белгілі актер Бекжан Тұрыс сомдады.

Қоғамның өзекті мәселесін жеңіл

әзілмен өріп, әр көрерменнің жүрегіне

жеткізе білген әртіс Қожанасырдың образын

шебер бейнеледі.

Ал кеше Александр Володиннің

«Қоштасқым келмейді» драмасын

көрермен назарына ұсынған театр труппасы

гастрольдік сапарларын бүгін

М.Әуезовтің «Абай» трагедиясымен

қорытындыламақ. 1940 жылдан бері

театрдың репертуарынан түспей келе

жатқан тарихи туындыны тамашалаймын

десеңіз, 28 қыркүйек күні сағат 19.00-де

облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ

музыка-драма театрына келіңіздер!

С

«Кино

әлемінің

майталманы»

Дәл осындай атаумен

Бұқар жырау атындағы

әдебиет және өнер

музейінде талантты

кино және театр актері

Жанас Ысқақовтың 70

жылдығына арналған кеш

өтті.

Баянауыл ауданы Торайғыр ауылын

ы ңт у м а с ыЖ а н а сА х м е т ұ л ыЫ с қ а қ о в –

қазақ киносы мен театрының

талантты актері әрі ұстаз. Қазақ

өнерінде есімі алтын әріппен жазылған

өнер иесі Л.Сонның «Махаббат

драмасынан» бастап, 50-ден астам

фильмге түсіп үлгерген. Оның «Маугли -

менің бауырым», «Қанжар мен домбыра»,

«Үшеу», «Жансебіл», «Көшпенд

і л е р » ж ә н е т а ғ ы б а с қ а ф и л ь м -

дерде басты рөлдерді сомдағаны

белгілі.

Өнер иесін еске алу кешіне туған

бөлесі Нұржамал Шапанова арнайы

келіп, естеліктерімен бөлісті.

– Біз тетелес өстік. Ол «Қазақфильмге»

орналасқанда Алматыға жиі

баратынбыз. «Қазақфильмнің» жатақханасында

тұрды. Кішкентай бір

бөлмесіне бәрін сыйдыратын. Жанасты

біз «Бота» дейтінбіз. Ақкөңіл, ақжарқын

азамат еді. Қолындағысын өзіне деп

жинамады. Туысы, жолдастары өте

көп болды. Бота дастарқан басында

күлдірмей отырмайтын. Табан асты

әзіл табатын. Жақсы әке, жақсы жар

бола білді. Артында 4 баласы қалды, -

дейді бөлесі.

Айта кетейік, Жанас Ысқақов

1989 жылы Дүниежүзілік Жастар

к и н о ф е с т и в а л і н д е қ а з ы л а р а л қ а с ы н ы ң

арнайы сыйлығымен, республикалық

«Бастау» кинофестивалінде бас жүлдемен,

Калинин қаласында өткен Бүкілодақтық

«Шоқжұлдыз-89» фестивалінде

ер адам рөлі үшін арнайы

дипломмен марапатталған.

Қ.ХАШЫМ.

More magazines by this user
Similar magazines