1 қазан, 2019 жыл №112 (15432)

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

1 қазан, сейсенбі

2019 жыл

№112 (15432)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

Басым бағыттар

белгіленді

ӨҢІР

Нақпа-нақ

Үкімет жалпы

құны

1,15 млрд.

еуро болатын

еурооблигациялар

шығарды

ЗАҢ ЖОБАСЫ

БАҚ-қа

жеңілдіктер

беріледі

Қазына:

ӘЖЕМІЗ - 105 ЖАСТА

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

Павлодар облысында мал шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері мол.

Әсіресе, сүт өндірісінің әлеуеті жоғары. Бұл бағыттарда ауыз толтырып

айтарлықтай жобалар қолға алынған. Аймағымызға жұмыс сапарымен

келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бірқатар

аудан-қаланы аралап, өміршең жобалармен танысты. Шаруалармен

жүздесіп, олардың бүгінгі аяқ алыстарын бағамдады. Ведомство басшысы

облыста аграрлық салада атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын

берді.

Жалғасы 2-бетте

Ақсу қаласында тұратын Сәтиға (Зоя) Шаймурова биыл 105 жасқа толады. Екі ғасырдың

куәгері болған кейуана өмірдің барлық қиындықтарын бастан өткерген. Ол - екі бірдей

ашаршылықтан аман өтіп, соғыс жылдарындағы таршылықтың тауқыметін тартқан тыл және

еңбек ардагері. Сәтиға Ахмединқызы өзінің әке-шешесінен ерте айырылып қалғандықтан,

белі бекімей жатып еңбекке араласыпты. Жас болса да үлкендермен қатар ауыр жұмыс істеп,

отбасына қолғабыс жасаған.

Толығырақ 4-бетте

Алдағы уақытта отандық

бұқаралық ақпарат құралдарына

бірқатар жеңілдіктер ұсыну

көзделіп отыр. Бұл тарапта

газет-журналдар үшін құн

салығын жеңілдету, бұған дейін

тыйым салынып келген жарнама

түрлеріне рұқсат беру секілді

бағыттарын атап өтуге болады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

БАҚ саласындағы мемлекеттік

саясат департаментінің директоры

Бахнияз Қарашинаның айтуынша, «ҚР

кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат

мәселелері бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына

5 негізгі норманы енгізу көзделіп отыр.

Олар – отандық ақпараттық басылымдар

үшін салықтық жеңілдіктер, мемлекеттік

ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесін

құру, отандық БАҚ-та сыра мен шараптың

сауда белгісіне немесе атауына жарнама

жасауға тыйымды алып тастау, мемлекеттік

қатысы бар телерадиоарналар үшін

хабар тарату тілін анықтауда өкілетті

органның құзыретін бекіту және ақпаратқа

қолжетімділік туралы заңнаманы жетілдіру.

Газет пен журналдар үшін 2021

жылдан бастап 10 жыл мерзімге нөлдік

мөлшерлемемен қосылған құн салығын

енгізу көзделеді. Салықтық жеңілдік 2911

БАҚ субъектісін қамтиды. Оның 1837-сі –

газет, 1074-і – журнал. Мұндай жеңілдік

басылымның міндетті түрде онлайннұсқасы

болған кезде ғана ұсынылады.

Сонымен қатар заң жобасында

Қазақстан аумағында шығарылған сыра мен

шараптың тауарлық белгісі мен атауына

жарнама жасауға тыйымды алып тастау

ұсынылады. Қазақстандық БАҚ бұл кіріс

көзінен айрылып отырғаны мәлім. Тек

келешекте бұл сусындардың жарнамасы

газеттердің бірінші және соңғы беттеріне,

журналдардың мұқабасына жарияланбауы

тиіс делініп отыр.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 1 қазан, сейсенбі, 2019 жыл

ДАМУ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Басым бағыттар белгіленді

Басы 1-бетте

Ауқымды жобалар

жүзеге асырылуда

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров

облыс әкімі Болат Бақауовпен бірге Успен

ауданындағы «Галицкое» ЖШС-де болды.

Аталған серіктестік 1 мың бас ірі қараға

арналған тауарлы сүт фермасын салуда.

Қазіргі кезде шаруашылық басшылығы

Чехия елінен симментал тұқымды 218 сиыр

сатып әкелген. Жыл соңына дейін тағы

190 бас асыл тұқымды сиыр сатып алмақшы.

Қалған 592 бас аналық мал өз иелігінде

бар. Нысан толығымен заманауи құралжабдықтармен

жабдықталмақ. Серіктестік

жаңа тауарлы сүт фермасын үстіміздегі

жылдың желтоқсан айында іске қосуды

жоспарлап отыр.

Аграрлық салаға қатысты тағы бір ауқымды

жоба Тереңкөл ауданында жүзеге асырылуда.

Мұндағы «Astyk PV» ЖШС жалпы саны

3800 бас ірі қара малға арналған бірнеше

тауарлы сүт фермасын салуда. Бұдан кейін

ведомство басшысы Железин ауданындағы

«Пахарь» ЖШС-нің аграрлық қалашығына ат

басын бұрды. Серіктестік еліміз бойынша ірі

ауылшаруашылық құрылымдарының санатына

жатады. Қазір шаруашылықта 4200 бас малға

шақталған асыл тұқымды репродуктор және

10 мың бас ірі қара бордақылайтын алаң бар.

Мал азығын дайындау үшін жалпы көлемі

7300 гектар болатын суармалы алқапты

іске қосты.

- Елімізде мал шаруашылығына баса назар

аударылуда. Бұл ретте, етті бағыттағы мал

шаруашылығы жақсы дамып келеді. Енді сүт

өндіруге көңіл бөлу керек. Аймақтарға жұмыс

сапарымның мақсаты да - осы. Шаруаларды

аталған бағыттағы жұмыстарға ден қоюға

шақырамын. Сүтті мал шаруашылығын дамыту

үшін мал азығын дайындауға мән беру қажет.

Бұл суармалы егістік шаруашылығын дамытуды

талап етеді. Павлодар облысында бұл

бағытта жақсы жұмыс атқарылуда. Суармалы

алқаптар көлемі ұлғайып келеді. Аталған

бағытта кешенді жоспар бар, - деді министр.

Сондай-ақ, С.Омаров «Пахарь» ЖШС

еліміздегі аграрлық саланың дамуының бір

көрсеткіші екенін атап өтті.

- Елімізде ауыл шаруашылығы саласы

жақсы дамып келеді. Жұмысы ілгері

«Пахарь» серіктестігі соған мысал бола

алады. Жалпы, отандық аграрлық салада

жетістіктер көп. Тек оны көрсете білуіміз

керек. Шаруашылықтар өз қазандарында

өздері қайнап отыр. Бір-бірімен тәжірибе

алмасатындай мүмкіндік жасау қажет, - деді

ведомство басшысы.

Атап өтерлігі, «Пахарь» ЖШС-нің агро

қалашығы ауыл мәртебесіне ие болмақ.

Қазір мұнда серіктестік жұмысшыларына

арналған жалпы саны 48 пәтерлі бірнеше

үй салынған. Сәйкесінше 48 отбасы тұрады.

Ал ауыл мәртебесін беру үшін елді мекенде

кем дегенде 50 тұрғын болуы қажет екен.

Демек, талапқа сай келіп тұр. Болашақ

ауылға алпауыт шаруашылықтың негізін

қалаушы кәсіпкер, марқұм Руслан Аушевтің

аты берілмек.

Железин ауданының шаруалары аграрлық

саладағы маман тапшылығы мәселесін көтерді.

Министр бұл елімізге ортақ проблема екенін

атап өтті.

- Маман даярлау ісінде олқылықтар бар.

Мысалы, бізде ветеринария мамандығында

оқитын жастардың денін қыздар құрайды.

Олардың оқу бітіргеннен кейін тек 30 пайызы

ғана ауылға жұмысқа барады. Сондықтан

қазір заңға өзгеріс енгізіп жатырмыз.

Оған сәйкес, мемлекеттік грантпен ауыл

шаруашылығы мамандығы бойынша білім

алатын жастар 3 жыл ауылда еңбек етуге

міндеттеледі. Онымен қоса, жастарға қолдау

көрсетудің жолдарын қарастырамыз, - деді

С.Омаров.

Таңдау Павлодар

облысына түсті

Аймағымызға сапары барысында ҚР Ауыл

шаруашылығы министрі жағымды жаңалықпен

бөлісті. Америкалық инвесторлар елімізде

ирригациялық құрал-жабдықтар өндірісін ашуға

ниетті екенін атап өтті. АҚШ кәсіпкерлерінің

таңдауы Павлодар облысына түсіп тұр.

- Америкалық зауыттың өкілдері елімізге

келді. Ғылыми-зерттеу институттарының

мамандарын қоса әкелді. Қарағанды,

Ақмола, Павлодар облыстарында болып,

ондағы кәсіпкерлікті дамыту жағдайымен

танысты. Шетелдік инвесторлар Павлодар

облысын таңдап отыр. Демек, болашақта

мұнда бірегей өндіріс орны ашылады деп

күтілуде, - деді С.Омаров.

Аймағымыздың инвестициялық әлеуеті

қытайлық кәсіпкерлерді де қызықтырып

отырған көрінеді. Олар суармалы егіншілікті

дамыту бағытында бірлесіп жұмыс істеуді

ұсынуда.

- Бірден атап өткен жөн, қытайлық

инвесторларға жер берілмейді. Аспанасты

елінің кәсіпкерлері суармалы егіншілікті

дамытуға қажетті құрал-жабдықтар өндіруді

қолға алмақ. Инфрақұрылым тартуға

жұмылдырылады, - деді министр.

Қос зауыттың

қосары көп

Алдағы бірнеше жыл дересінде Ақсу

қаласының аумағында қант және крахмал

зауыттары салынбақ. Қос кәсіпорынның

жобасы, оларды іске қосу бойынша атқарылып

жатқан істер Ауыл шаруашылығы министрі

Сапархан Омаровқа таныстырылды.

Биыл облысымыз алғаш рет қант

қызылшасын өсіріп жатқаны белгілі. Сапархан

Омаров Ақтоғай ауданындағы «Ақтоғай-

Агро», Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка

ауылындағы «Сергей» шаруашылықтарында

болып, алғашқы өнімді жинау барысын

байқады. «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік

корпорациясының басқарма төрағасы

Александр Бабенко қазірдің өзінде қызылшаның

құрамындағы қант көрсеткіші орташа

есеппен 15 пайызды құрап отырғанын айтты.

- Еліміздегі қанттың 10 пайыздан астамы

ғана отандық өнім екені белгілі. Сондықтан

қант зауытының құрылысын қолға алдық.

Жобаның құны – 51 млрд. теңге, қуаттылығы –

жылына 110 мың тонна. Жергілікті шаруалар

аталмыш өндіріс орнын шикізатпен

қамтуға толықтай қауқарлы. Бұл бағытта

еш қиындық болмайды, - деді А.Бабенко.

Сонымен қатар, басқарма төрағасы Ақсу

қаласының маңында салынатын крахмал

зауытына қатысты жоспармен бөлісті. Облысымызда

сұраныстан 10 есе көп картоп

өсіріледі. Сондықтан артық көлемді өңдеу

ісі өзекті тұр.

- Жаңа зауыт жылына 140 мың тонна картоп

өңдеп, 21 мың тонна крахмал шығаратын

болады. Экспортқа бағытталған бұл өнімді

шығарар нарық аясы кең. Айталық, Еуропа

елдері жылына 568 мың тонна, ТМД елдері

24 мың тонна крахмал тұтынады екен. Бұл

ретте аталмыш өнімді ірі өндірушілердің бірі –

Беларусьтің өзі бізге бәсекелес бола алмайды.

Себебі бұл елдегі электр энергиясының

құны бізден 2,7 пайызға қымбат, - деді

А.Бабенко.

Ауыл шаруашылығы министрі қос зауыттың

іске қосылуы еліміздің агроөнеркәсіптік

кешенінің дамуына тың серпін береріне

сенім білдірді.

Ведомство басшысы Мәмәйіт Омаров

ауылындағы «Крон-Агро» шаруа қожалығының

жұмыс барысымен де танысты. Аталмыш

шаруашылық үш бірдей ірі жобаны бастап

кеткен. Алғашқысы – суармалы алқапты

ұлғайту. Осы мақсатта «Келет» деп аталатын

отандық екі сорғы станциясын орнатып,

17 шақырым су құбырын салды. Бұл

1500 гектарды суаруға мүмкіндік береді.

Екіншісі – 1200 басқа арналған тауарлы сүт

фермасының құрылысы. Бүгінгі күні монтаждау

жұмыстарының жартысы аяқталды. Келесі

жылы ферма іске қосылған соң жылына

9300 тонна сүт өндіретін болады. Үшінші

бағыт – 12 мың тонна өнім сақтайтын көкөніс

қоймасы. Биыл жиналған картоп дәл осы

қоймада сақталмақ. Айта кетелік, бүгінде

шаруашылық гектарынан 32 тонна картоп алып

отыр. «Крон Агро» қожалығының басшысы

Дидар Бейсенбаевтың айтуынша, осы үш

бағытты қамтитын жобаның құны – 5,7 млрд.

теңге. Оның 2,4 млрд. теңгесі – жеке инвестиция,

3,3 млрд. теңге – «Аграрлық несие

корпорациясы» АҚ қаржысы.

Сондай-ақ, министр Евгеньевка ауылындағы

«Тимур» шаруа қожалығында болды.

Бұл шаруашылық картоп пен сәбіз өсіруге

басымдық береді. Тіпті, сәбізді өңдеу бойынша

технологиялық тізбек жұмыс істейді. Яғни,

алқаптан жиналған өнімді жуып, кептіріп,

өңдеп, қаптайды.

Осы орайда облыс әкімі Болат Бақауов

біздің аймақ суармалы алқаптың көлемін

ұлғайтып, өнімділікті арттыруға мүдделі

екенін атап өтті.

- Павлодар облысы аумағынан жалпы

ұзындығы 512 шақырым болатын Ертіс өзені

мен 280 шақырымдық Сәтбаев атындағы

канал өтеді. Бұл – шаруалар үшін оңтайлы

мүмкіндік. Оларға қолдау көрсетіп, суармалы

алқапты арттыру мақсатында сорғы

станциясы мен электр энергиясы желілерінің

құрылысын қолға алдық. Арнайы бағдарлама

аясында сорғы станциясы сатып алынып,

орнатылып, электр желілері тартылады да,

шаруаларға 2 пайыздық жылдық мөлшерлемемен

10 жылға дейін лизингке беріледі.

Бұл ретте негізгі қарызды өтеуден 2 жылға

дейін босатылады, - деді Б.Бақауов.

Субсидия мәселесі

мазалайды

Сапар барысында министр картоп, көкөніс

өсіретін павлодарлық шаруалармен жүздесті.

Бұл ретте кәсіпкерлердің көпшілігін субсидиялау

мәселесі алаңдататыны байқалды.

- Биыл картоптың элиталық тұқымын

сатып алып, салдық. Өнімділік өте жақсы.

Келесі жылы да бұл тұқымнан өнім алуды

қалаймыз. Оған мемлекет тарапынан

инвестициялық субсидия беріле ме? Сонымен

қатар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын

субсидиялау мәселесі мазалайды. Биыл

бұған қаржы қарастырылмаған көрінеді. Ал

біз бір көкөніс қоймасын салдық, таяуда

екіншісін пайдалануға береміз. Бұл бағыттағы

жұмыстарға жұмсалған қаржының бір бөлігі

субсидияланса, шаруаларға үлкен қолдау

болар еді, - деді Павлодар ауданындағы

«Дәнекер» шаруа қожалығының басшысы

Қайрат Әбішев.

Ведомство басшысы субсидияға қатысты

сұрақтар тек павлодарлықтар емес, өзге өңір

шаруалары тарапынан да жиі қойылатынын

алға тартты.

- Картоптың элиталық тұқымын субсидиялау

мәселесі оның өнімділігіне тікелей

байланысты. Биыл өнімділік жақсы болса,

келесі жылы қаржы қарастырылады. Алдын

ала нәтижелерге зер салсақ, бұл жүйе

шаруаларға тиімді сияқты. Құрылыс-монтаждау

жұмыстарын субсидиялауға келсек, жыл

басында бұған қатысты жұмыстың дұрыс

жоспарланбағаны байқалады. Яғни, қаржы

қарастыру кезінде шаруалардың динамикалық

өсімі ескерілмеген. Сондықтан министрлік

арнайы өтініш әзірледі. Бюджетті нақтылау

кезінде бұл мақсатқа қосымша қаражат

бөлінуі ықтимал, - деді С.Омаров.

«Тимур» шаруа қожалығының басшысы

Равиль Мингазов кәсібін кеңейту үшін жердің

кепілдікте болуы кедергі тудырып тұрғанын

айтты.

- Осыдан 22 жыл бұрын тұрғындардың

бірі Ақсу аумағынан жер алыпты. Бірақ кейін

банкротқа ұшырып, барынан айырылған. Енді

сол жерді игеріп, суармалы алқапты арттырайын

десем, 200 гектар жер «ҚазАгроҚаржы»

компаниясында кепілдікте тұр екен. Бұл

мәселені қалай шешсек болады? – деді

Т.Мингазов.

Сапархан Омаров тиісті мекеме басшыларына

тапсырма беріп, аталмыш жағдайды

жеке бақылауына алатынын айтты.

Сапар соңында Ауыл шаруашылығы

министрі Павлодар қаласына қарасты

Ленин кентіндегі «Рубиком» және Екібастұз

қаласындағы «QazTomat» кәсіпорындарында

болып қайтты.

Данияр ЖҰМАДІЛ,

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА 1 қазан, сейсенбі, 2019 жыл 3

БАС ТАҚЫРЫП

Айыппұл арқалайды

Үш айдан кейін елімізде міндетті медициналық

сақтандыру жүйесі енгізілетін болады. Жаңа жүйеге

қосылған жұртшылық 2020 жылдың 1 қаңтарынан

бастап екі түрлі пакет бойынша қызмет алмақ.

Павлодар облысында осы бағытта қандай жұмыстар

жүргізілуде? Жергілікті медициналық мекемелер

жаңа жүйеге қаншалықты дайын? Осы орайда,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар

облысы бойынша филиалының медициналық қызмет

сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Алмагүл

Ахметжанованы әңгімеге тартқан болатынбыз.

БАҒБАН

Қызыққа толы

қарбыз мерекесі

- Алмагүл Мұқатайқызы,

аймағымызда міндетті медициналық

сақтандыру жүйесін енгізу

бойынша қандай жұмыстар

атқарылуда? Облысымыз жаңа

жүйені қабылдауға қаншалықты

дайын?

- Елімізде бұл жүйені енгізу

бойынша барлық облыстардың

дайындығы пысықталуда. Өткен айда

әлеуметтік медициналық сақтандыру

қорының басқарушы директоры

Нұрлан Қасымов өңірдегі дайындық

жұмыстарына оң бағасын берген

болатын. Облысымызда емханалар

мен ауруханалар 100 пайыз компьютермен

жабдықталғанын атап өткен

жөн. Қазір Қазақстан бойынша

медициналық ұйымдардың 69,7

пайызы желіге кіру мүмкіндігіне

ие. Ал Павлодар облысында

бұл көрсеткіш 93,6 пайызға тең.

Медициналық қызметті жеткізетін

жекеменшік мекемелердің 71 пайызы

ақпараттық жүйеге қосылған.

Дәрігерлер компьютер және

ғаламтор желісімен қамтылуда.

Осыдан-ақ, дайындық жұмыстары

өз деңгейінде екенін көруге болады.

Павлодар облысында барлық

жұмыс берушілер өз қызметкерлері

үшін 2017 жылдың 1 шілдесінен

бастап ақша аударып келеді.

Аймағымыздағы жұмыс берушілер

мен жеке кәсіпкерлер міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру

бойынша 9,3 млрд. теңге төледі.

- Жа ң а жү йе 2 02 0 ж ы л д ы ң

1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Бұл уақытқа дейін міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыруға

тіркеліп үлгермегендерді

не күтіп тұр?

ҚҰҚЫҚ

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен

брифинг барысында облыстық

полиция департаменті басшысының

бірінші орынбасары Жасқайрат

Қайыров мәлім етті. Оның

айтуынша, ағымдағы жылы кісі

өлтіру фактісі 26,5 пайызға,

мал ұрлығы 21,5 пайызға, тонау

27,5 пайызға кеміген. Полицияның

патрульдік жаяу жасағының саны

а р т ы п , к ө ш е д е г і қ ы л м ы с д е ң г е й і

31 пайызға, қоғамдық орындардағы

құқықбұзушылық 34 пайызға азайып

отыр. Жол-көлік оқиғалары да

- Алғашында жаңа жүйеде

тұрғындар үшін жеңілдік қарастырылады.

1 қаңтардан бастап,

сәуір айына дейін медициналық

көмек барлық тұрғындарға бірдей

көрсетіледі. Ал 1 сәуірден бастап

сақтандыру жүйесіне тіркелмегендер

екінші пакет ұсынатын көмекті

тегін ала алмайды. Бұған табысы

аз, қалтасы қымбат шараларды

көтермейтін МРТ, компьютерлік

томография, қан компоненттерімен

қамтамасыз ету, медициналық

оңалту және қалпына келтіруге

бағытталған ем-дом шаралары

жатады. Сақтандыру жүйесіне

тіркелмегендер бұл қызметтерді

ақылы түрде пайдаланады.

Сондықтан біз халық арасында

түсіндіру жұмыстарын күшейтудеміз.

Бұл ретте мамандар аймағымыздағы

барлық аудан-ауылдарды, шеткі

елді мекендердің барлығын аралап,

халықпен көздесу өткізді. Қала

тұрғындары үшін көше билбордтары

мен LED-экрандарда, қоғамдық

көліктерде жарнамалар орналастырылып,

радио және телеарналардан

хабар таратылуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де

жалғасуда.

- Медициналық көмек

көрсетумен айналысатын

мекеменің қызметі қалай

тексеріледі?

- Павлодар облысында

медициналық көмек көрсететін

63 медициналық ұйымның 30-ы -

жекеменшік. Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қорының сарапшылары

тұрақты түрде қызмет

сапасына мониторинг жүргізеді.

Ақпараттық жүйе арқылы мамандар

ұйым жұмысын бақылайды. Бұдан

Биыл Павлодар облысында қылмыс көрсеткіші

27,6 пайызға азайған. Осы орайда, тонау, ұрлық,

бұзақылық фактілерінің деңгейі де едәуір төмендегенін

атап өткен жөн.

бөлек, бекітілген кестеге сәйкес,

жоспарлы тексеру шаралары да

өткізіледі. Медициналық сақтандыру

қоры қызметтің нақты көрсетілген

немесе көрсетілмегенін, емдеу

хаттамаларының талапқа сай

толтырылуы немесе толтырылмауын,

жалпы нәтижесін тексеретін

болады. Егер қандайда бір

мекеме олқылыққа жол беретін

болса, айыппұл арқалайды. Егер

емдеу барысында өрескел заң

бұзушылықтар орын алса, мұндай

іспен құқық қорғау органдары айналысады.

Ағымдағы жылы тәулік бойы

қызмет атқаратын стационарлық

көмектің сапасына жасалған

мониторинг нәтижесінде ақаулар

анықталып, 61,4 млн. теңге айыппұл

салынды. Бұл сома өткен жылдың

сәйкес кезеңімен салыстырғанда

40 пайызға аз екенін атап өткім

келеді. Ал күндізгі стационарлық

көмек бойынша өткізілген тексеріс

кезінде медициналық ұйымдар 2 млн.

теңге айыппұл арқалады. Бұл сома

көлемі де өткен жылға қарағанда

42 пайызға төмен. Осыдан-ақ,

мониторинг жұмыстарының нәтижесін

көруге болады. Қызмет

барысындағы ақаулар Ғ.Сұлтанов

атындағы облыстық ауруханасында,

Екібастұз қалалық ауруханасында,

Павлодар қалалық №1 және

№3 ауруханаларында орын алды.

Қызмет сапасы бойынша жүргізілетін

мониторинг нәтижесі тұрақты түрде

жұртшылық назарына жарияланатын

болады. Міне, мұндай шаралар

дәрігерлерді тәртіпке шақырып,

халыққа сапалы медициналық көмек

көрсетуге ынталандыра түспек.

Қылмыс саны кеміді

Айдана ҚУАНЫШЕВА

10,4 пайызға төмендеген. Жыл

басынан бері 623 жол апаты

тіркелген. Салдарынан 530 адам

т ү р л і д е н е ж а р а қ а т ы н а л ы п ,

43 адам бақилық болған. Өкінішке

қарай, оның екеуі - бала.

Мас күйде жасалатын қылмыс

саны да 26,8 пайызға кеміген.

Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде

183 сауда орнының иесі заңсыз

ішімдік сатқаны үшін әкімшілік

Сұхбаттасқан -

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

- Аймағымызда тұрғындардың

тыныштығын күзетіп, қауіпсіздікті

қамтамасыз ету мақсатында

жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қоғамдық көліктердің 50 пайызы

бейнебақылау құрылғысымен

қамтылған. Нәтижесінде қалта

ұрлығы 62 пайызға азайып отыр.

Бұдан бөлек, Ақсу қаласында

жүргізіліп жатқан жедел басқару

орталығының құрылысы аяқталуға

жақын. 2020 жылы қажетті құралжабдықтар

сатып алынатын

болады. Екібастұз қаласында да

бұл мәселе шешілуде. Сонымен

қатар, Павлодар қаласында да

бейнебақылау құрылғыларының

саны көбейтіледі. Қазіргі уақытта

облыс орталығындағы жедел

басқару орталығына 117 бейнекамера

қосылған. Ал сыртқы

жауапкершілікке тартылған.

Өңірде отбасылық-тұрмыстық

құқықбұзушылыққа жол берген

3495 адам жаза арқалаған. бейнебақылау құрылғыларының

Б ұ л р е т т е с о т ш е ш і м і б о й ы н ш а саны 4 мыңнан асады. Алдағы

140 айыпталушының ішімдік ішуіне уақытта бұл көлем артатын болады, -

шектеу қойылды.

дейді Ж.Қайыров.

Жұма күні Аққулы ауданының Шарбақты ауылында

«QARBYZ prezent» қарбыз фестивалі өтті. Үш жыл

үзілістен кейін қайта оралған қарбыз тойына

ауданға қарасты 10 ауылдық округтің өкілдері

қатысты. Қатысушылар бақша өнімдерінен жасалған

түрлі түсті қолөнер туындысын ұсына отырып, өз

ауылдарының негізгі визиткасын көрсетті.

Тілеуберді САХАБА

Дәстүрлі қарбыз фестиваліне

Малыбай ауылдық округінің

тұрғындары сол ауылдағы

«Әлішер» шаруа қожалығының

өнімдерін алып келіпті. «Қарбыздар

жұмағы» деп аталатын шағын

көрме көрген көздің жауын алады.

Қарбыздан және басқа да бақша

өнімдерінен жасалған баланың

бесігі, самауыр, тасбақа, кәуәп

пісіретін мангал және арбаға

жегілген аттың бейнелері өте

сәтті жасалған.

Бір қараған адамға оңай

көрінгенімен оның барлығын

кесіп-пішіп, құрастыру – үлкен

еңбек екені сөзсіз. Ал, арба

толы жеміс-жидектен диқандар

қоймасын өнімге толтырып

үлгерген алтын күздің шынайы

көрінісін байқайсыз. Қысқасы,

мұнда қойылған әрбір көрмеден

және ондағы әрбір туындыдан

шеберлік пен тапқырлықтың

бір-бірімен үйлесім тапқанын

байқауға болады. Майқарағай

ауылдық округіндегі Б.Уақатов

орта мектебінің ұстаздары мен

оқушылары дайындаған көрмеден

«Ұлы даланың жеті қыры»

бағдарламалық мақаласында

айтылған қазақ даласының жеті

ерекшелігі көрініс тапқан.

- Қыран құсының биігіндей

шалғайдан алынған Аққулы ауданының

картасын көріп тұрсыздар.

Әсіресе, Шақа ауылдық округінің

реликті қарағайлы аумағы -

біздің өңірдің ең сұлу да көрікті

нүктесі. Бұл қарағайлы орман

Алтай өлкесіне қосылып, одан

ары тайгамен жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, «Ұлы Даланың

жеті қырындағы» аң стилі, ежелгі

металлургия өркениеті, Ұлы Жібек

жолы, Алтын адам, атқа міну

мәдениеті, Түркі әлемінің бесігі

және біздің табиғи байлығымыз

саналған алма мен қызғалдақтар

сынды тарихи құндылықтарымызды

қарбызбен бейнелеп алып келіп

отырмыз, - дейді Майқарағайдағы

Б.Уақатов атындағы орта мектеп

мұғалімі Қарлығаш Бекеева. Бұдан

бөлек, Ямышев ауылдық округінің

шеберлері қарбыздан батырдың,

Қызыләскер ауылдық округінің

Потанин мектебі киіз үй бейнесін

жасап, оны түрлі ою-өрнекпен

безендірген.

Қазылар алқасы ауылдық

округтер ұсынған көрме-байқауын

аралағаннан кейін өнерпаздар

дайындап әкелген шығармашылық

нөмірлерін тамашалады. Аудан

әкімі Абзал Балғабаев өзінің

құттықтау сөзінде жаз бойы

тынбай еңбек етіп, егін жинау

науқанында мол өнім жинаған

диқандарға алғыс білдірді. Аудан

басшысының сөзінше, Аққулы

өңірінің шаруа қожалықтары биыл

2 мың гектар аумаққа қарбыз

егіп, 80 мың тонна өнім жинаған.

- Осы жазда Нұр-Сұлтан

қаласында өткен ауыл шаруашылығы

жәрмеңкесіне 30 тоннадан

астам қарбыз жеткізілді. Жақын

көршілес елдерге де экспортталуда.

Биыл екі-үш жылдай үзіліп

қалған қарбыз фестивалін қайта

ұйымдастырдық. Мақсатымыз –

осы шара арқылы егіс науқанын

қорытындылау, есеп беру және

Жер-Анамызға ризашылығымызды

білдіру болатын. Себебі, көптеген

ауылдастарымыз өз несібелерін

жерден тауып отыр. Жалпы,

ауданда бақша өнімдерін салатын

20-дан астам қожалық бар. Олар

биыл қарбыздың сексеннен

астам сортын өсірді, - деді Абзал

Әбілқақұлы.

Осы күні қарбыз тойына

жиналған жұртшылық неше түрлі

қызықтардың куәсі болып тарқасты.

Мысалы, білекті жігіттер ұлттық

спорт түрлері – арқан тарту,

қол күресі, гир тасын көтеру

сынды жарыстарда күш сынасты.

Сонымен қатар, бәйге алаңында

аламан бәйгесі ұйымдастырылды.

Қазылар алқасы көрме-байқауына

қатысушылардың шеберлігіне

және шығармашылық сайысының

ерекшелігіне қарай бағалап,

жеңімпаз анықтады. Сонымен,

қорытындысы бойынша, бақша

дақылдарынан ат-арба үлгісін

жасаған Малыбай ауылының

өкілдері жеңімпаз атанса,

Ямышев ауылы екінші орынды

еншіледі. Қызыләскер ауылының

өнерпаздары үшінші орынды

қанағат тұтті.

Аққулы ауданы.

Суретті түсірген - Роза Мұстафина.


4

1 қазан, сейсенбі, 2019 жыл МЕРЕЙ

Бүгін - халықаралық қарттар күні

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Әдемі қартаю -

бақыт

Бүгінде зейнеткерлік жасқа жеткен еңбек

ардагерлерінің ішінде салауатты өмір салтын

берік ұстанатын және соның арқасында әлі

қарқыны қайтпаған қариялар бар. Солардың

бірі – Ақсу қаласының тұрғыны Нұрлан Қасенов.

Жасы жетпіске жақындаса да алыс қашықтықтағы

марафондарға және басқа да спорттық жарыстарға

қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Әжеміз - 105 жаста

Ақсу қаласында тұратын Сәтиға (Зоя) Шаймурова биыл 105 жасқа толады.

Екі ғасырдың куәгері болған кейуана өмірдің барлық қиындықтарын бастан

өткерген. Ол - екі бірдей ашаршылықтан аман өтіп, соғыс жылдарындағы

таршылықтың тауқыметін тартқан тыл және еңбек ардагері.

Жиендері – Тәнзила мен Гүлнәр

Сәтиға Ахмединқызы өзінің әке-шешесінен ерте

айырылып қалғандықтан, белі бекімей жатып еңбекке

араласыпты. Жас болса да үлкендермен қатар

ауыр жұмыс істеп, отбасына қолғабыс жасаған.

Масақ теріп, қолғап тоқыды, арасында теміржолдың

қара жұмыстарын да істеді. Тағдырдың талай

тауқыметін тартып, небір қиын сынақтарды көрген

кейуана бүгінде бір қауым ел болып, өсіп-өнген

ұрпақтарының арасында бақыт пен шаттыққа

бөленген бақытты әже атанды.

Әжеміз небары 17 жасында ғана тұрмысқа

шыққан екен. Жолдасы Ақпанбет деген кісі

соғыстан қайта оралмапты. Сәтиға әже жолдасынан

ерте айырылса да, екінші рет тұрмыс

құрмаған. Бірақ, «Жетім көрсең, жебей жүр» деген

қағиданы берік ұстанған ол, соғыс жылдарында

әке-шешесінен айырылған Нұрғалиді бауырына

басып, өз баласындай тәрбиелеп өсірген. Қазір

сол Нұрғалидан немере және шөбере сүйіп,

бақытқа кенеліп отыр. Сондай-ақ, өмірден ерте

өткен қызы Ғалиябанудан қалған жиендерінен

18 жиеншар және 13 шөпшек көрді. Қазіргі күні

немересі Нұржан мен немере келіні Гүлбахар

асыл аналарын алақандарында әлпештеп, бар

жағдайын жасап отырған жайы бар. Кейуананың

деніне саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Ләззат ТЕМІРТАСҚЫЗЫ.

Нұрлан Жабайханұлы жаз

мезгілінде бос уақытын стадионда

өткізсе, қыста шаңғы базасынан

шықпайды. 50 жасынан бастап

облыстық және республикалық

деңгейдегі түрлі марафондарға

және басқа да жарыстарға

қатысып жүр. Тіпті жасы ұлғайған

сайын жүгіру қашықтығын да

қосып келеді. Мысалы, 60 жасқа

дейін, 21 шақырымды құрайтын

жартылай марафондарға қатысса,

қазіргі таңда 42 шақырымдық

үлкен марафондарда өз күшін

сынауда. Сонымен қатар, спорттың

бірнеше түрін қамтитын жазғы

Президенттік көпсайыстарға да

қатысып, өзінің мықтылығын

дәлелдеуде. Жекелей көрсеткен

нәтижелерінің арқасында жеңіл

атлетика бойынша Ақсу қаласының

құрама командасына қабылданып,

облыстық және республикалық

жарыстарда талай мәрте бақ

сынаған. 2017 жылдан бастап

қатарынан үш рет Алматыда өтетін

дәстүрлі республикалық марафон

жарысында біздің облыстың

намысын қорғап келеді. Бұл

толық марафон болғандықтан

42 шақырым жолды жүгіріп

өтулері керек. Республикалық

толық марафондағы көрсеткішімді

жылдан-жылға көтеріп келемін

дейді.

- 2017 жылы үлкен марафонда

алғаш жүгірген кезде 28 адамның

ішінен 14-ші болып мәре сызығын

кестім. Ол кездегі дайындығым

орташа деңгейде болды. Келесі

жолы жылдамдығымды бұдан да

арттырамын деген талап қойған

едім өзіме. 2018-2019 жылғы

жарыстарда 7-орын иелендім.

Оған біздің елден бөлек алысжақын

шетелдердің біз қатарлас

спортшылары да келді. Келер

жылғы жарысқа дайындықты

бастап кеттім. Бұрынғы көрсеткіштерімді

жаңартуға бар күшімді

саламын. Мысалы, алғашқы

жылы 42 шақырымды 4 сағат

50 минутта бағындырсам, соңғы

жылдары мәреге 4 сағат 30

минутта жетіппін. Келер жылы

5 минутқа қысқартсам деген

жоспарым бар, - дейді өзі.

Бір атап өтерлігі, қария

спортпен бір өзі шұғылданып қана

қоймай, жарыстарға немерелері

мен өзінің замандас достарын да

жиі ертіп барады екен. Қазіргі

күні Ілияс және Дияс есімді

қос немересі Ақсуда өтетін

жастар марафонына қатысып

жүр. Бастапқыда 5 шақырымдық

жарысқа қатысса, қазір

10 шақырымға жүгіреді.

- Мақсатым – олардан атақты

спортшы шығару емес. Салауатты

өмір салтын ұстана білетін,

дені сау адам етіп тәрбиелеу.

Егер олар мені шынымен үлі

тұтып, менің осы ізімді басар

болса, қанша жылдан бергі төккен

терімнің ақталғаны деп білемін.

Сондай-ақ, өзімнің замандастарыма

да жиі айтамын. Себебі,

зейнеткерлер арасында ешкімге

керексіз дүниемен шұғылданып,

алтын уақыттарын босқа

өткізіп жүретіндер көп қой, -

дейді зейнеткер Нұрлан Қасенов.

Спортшы қарияның бұған

дейін жеткен жетістіктері, алған

марапат-сыйлықтары да баршылық.

2018 жылы Павлодар облысының

құрама командасының қатарында

Қарағанды облысында өткен Жазғы

Президенттік көпсайыс ойындарында

өнер көрсетті. Сол жолы

жергілікті спортшылар бірінші

орын алып келген болатын. Бұл

жеңіс жолында Нұрлан Қасеновтің

де үлкен үлесі бар деп білеміз.

Қатысушылар мұнда жүгіру, жүзу,

мылтық ату, граната лақтыру

спорт түрлері бойынша берілген

тапсырмаларды орындаған.

Былтыр Павлодарда ардагерлер

арасында жеңіл атлетика

бойынша өткен қалалық турнирі

мен шаңғы жарысында бірінші

орын еншілесе, биыл Екібастұз

қаласында Қ.Пішенбаевтың 175

жылдық мерейтойына арналған

марафонның жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың

қыркүйек айында Ақсу қаласы

ұйымдастырған жартылай марафонда

142 қатысушының ішінен

2-ші болып келді.

Қарияларымыз отбасына, қала

берді, қоғамға үлгі болар істі

жанына серік етіп жатса қалай

сүйсінбейсің?! Себебі, спорт -

жасы ұлғайған адамның әдемі

қартаюына әкелетін және әртүрлі

ауру-сырқауға бой алдырмаудың

ең тиімді жолы.

Т.МАРХАБА.

Қариялар -

сарқылмас дариялар

Елдің болашағы жолында

табан еттерін сөгіп,

маңдай терлерін төккен

ардагерлер қауымын

қалай ардақтасақ та

артық емес. Өңіріміздегі

зейнет жасындағы

қарияларымыздың

басын қосып, жанжақты

қызмет көрсетуге

бағытталған «Замандас»

ардагерлер клубының

ашылғанына биыл

10 жыл толды.

Бүгінде бұл клубта 700-ден

астам зейнеткер өздері қалаған

іспен шұғылданып, бос уақыттарын

пайдалы іске арнауда.

«Замандас» ардагерлер клубы

2009 жылы облыс әкімінің

қолдауымен ашылған болатын.

Міне, содан бері бұл мекеме

зейнетке шығып, жұмыстан қолы

босаған ата-әжелердің күніне

бір рет бас қосып, қауқылдасатын

орындарына айналып

үлгерді. Клуб директоры Нұрбану

Әмірғалиеваның сөзінше, мұнда

әртүрлі бағытта жұмыс істейтін

18 топ бар. Келушілер өздерінің

қалаған тобына жазылып, бос

уақыттарын соған арнайды.

Олардың төртеуі салауатты өмір

салтын дәріптеу, яғни спорттық

бағытта жұмыс істесе, төрт топ

вокалдық хормен және бимен

айналысады. Сонымен қатар,

«Шабыт» тобына өнерге бейім,

шығармашылыққа жақын зейнеткерлер

қабылданған. Олар биыл

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық

мерейтойына орай ақын әндерінің

қазақша, орысша және немісше

нұсқаларын жаттаған. Мұндағы

«Шахматшылар» тобының жетістіктері

де атап өтуге тұрарлық.

Олар дойбы және шахмат ойындары

бойынша республикалық

және облыстық турнирлерде топ

жарып, өңірдің намысын қорғап

жүрген жайы бар. Сонымен

қатар, «Қазақ тілі», «Қолөнер

шеберлері», «Достық», «Ақпараттық

танымдық», «Шаңырақ», «Ақкүмбез»,

«Саяхат» топтарына бөлініп, түрлі

іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

- Біздің клубтың аталары

мен әжелері өздеріне ғана емес,

өзгеге өнеге болар және жас

ұрпаққа пайдасы тиер іспен

айналысуды қалайды. Мысалы,

«Ақкүмбез» тобына кілең әжелер

жиналған. Барлығы кезінде елге

қызмет еткен және қазіргі

күні немере-шөбере тәрбиелеп

отырған айтары бар аналар.

Өздерінің бастамасымен әзірленген

«Қызым, саған айтамын»

деген бағдарламасы бар. Жоғары

оқу орындарының, орта мектептердің

және балалар үйлерінің

жастарымен кездесіп, өздерінің

аналық ақыл-кеңестерін, әжелік

өсиеттерін айтады. Өмірде бір

шаңырақ астында 50-60 жыл

бірге тұрған зиялы отбасыларды

мысал ретінде көрсетіп, отбасылық

құндылықты сақтаудың, шаңырақты

берік ұстаудың құпияларымен

бөліседі. Суық суға

түсетіндер тобының құрамында

ерекше талантты ардагерлер

бар. Осында жасы 70-ке

жақындаған бір әжеміз бар, ол

төбесімен жер тіреп 7 минутқа

дейін тұра алады. Сол секілді

шпагатқа отыру сынды гимнастикалық

қимылдар жасай алатын

қариялар бар, - дейді клуб

басшысы Нұрбану Әмірғалиева.

Бұдан бөлек «Саяхат» тобының

іс-жоспары да өте қызықты екен.

Бұл жеке кәсіпорындардың демеушілігімен

ардагерлерді жылына

бірнеше рет саяхатқа шығарады.

Былтыр оншақты адам Ресейдің

Шығыс Сібір аумағындағы әлемдегі

ең терең көл ретінде тіркелген

«Байкал» көліне саяхат жасап

қайтыпты. Сонымен бірге, еліміздің

ең шұрайлы жерлеріне де жи

ат басын бұрады. Мысалы, ел

астанасы – Нұр-Сұлтан, рухани

ордамыз – Түркістан, Алаш астанасы

- Семей, Көкшетау қалалары

мен Баянауыл аудандарына

барып қайтыпты.

Қазіргі күні «Замандас»

ардагерлер клубының қызметін

өзге өңірлер де жоғары бағалап,

қызығушылық танытып отыр.

Жақында Тереңкөл ауылы әкімдігі

мен клуб басшылығы арасында

бірлесіп жұмыс істеу жөнінде

меморандумға қол қойылыпты.

Бұдан басқа аудандар мен

қалалар да бірлесіп жұмыс істеуге

ниетті дейді клуб басшылығы.

Бетті әзірлеген -

Тілеуберді САХАБА.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ТІРШІЛІК 1 қазан, сейсенбі, 2019 жыл 5

Алаштың аймаңдай ұлдары туған

қасиетті Баянауыл топырағына бұл

күні өңірдегі игі жақсылардың

барлығы дерлік жиналды. Шараны

ұйымдастырудағы басты мақсат -

Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті

қыры» бағдарламасындағы «Ұлы

Даланың ұлы тұлғалары» жобасын

жүзеге асыру. Өз деңгейінде

айтылмай, толыққанды зерттелмей

жатқан Жүсіпбек Аймауытұлы

секілді арда азаматтарды жас

ұрпаққа насихаттау. Сондықтан да

ұйымдастырушы тарап бұл жолы

тұлға жайлы танымдық бағыттағы

жұмыстарға көбірек көңіл бөлді.

- Аймағымыздағы «Мәшһүр

Жүсіп» қоры кейінгі 2 жылда

бірқатар шараларды қолға алдық.

Шоң бидің 265 жылдығына арнап

мектеп оқушылары арасында

аудандық, облыстық оқулар,

медресе шәкірттері арасында

облыстық құран жарысы өткізілді.

Біздің тағы бір жоспарлаған жұмысымыз

- Жүсіпбек атамыздың есімін

ұлықтау. Осы бағытта бүгін тау

тұлғаның есімін арқау ете отыра

мұғалімдер арасында тұңғыш рет

екі бағыттан тұратын облыстық

конкурс ұйымдастырдық. Сондай-ақ

Баянауыл аудандық «Жүсіпбек

оқуларында» оқушылар бақ сынайды.

Байқауларға өңірімізге белгілі

Жүсіпбектанушы ғалымдар баға

беретін болады. Жазушының есімін

кеңірек насихаттау мақсатында

бүгін басқа да танымдық шаралар

ұйымдастырамыз, - деді Павлодар

қалалық мәдениет, тілдерді дамыту

бөлімінің сектор меңгерушісі,

ҚР мәдениет қайраткері Мейрам

Нұғыман.

Мұғалімдер арасында алғаш

рет ұйымдастырылған Жүсіпбек

Аймауытов атындағы байқауға

өңіріміздегі әрбір аудан-қаладан

үміткерлер қатысып, білімдері мен

тәжірибелерін ортаға салды. «Оқубілім

– жанған шырақ, ойласаң»

тақырыбындағы тест тапсырмалары

бойынша өткен бәсекеде Екібастұз

қаласындағы Абай орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Қарлығаш Тәшенова бас

жүлдені иеленді. Ал «Сөз жампозы -

Жүсіпбек» эссе жазу бағытында

өткен сайыста Баянауыл ауданы,

Аймауытов ауылдық мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Салтанат Әбілдинаға тең

келер ешкім болған жоқ. Сондай-ақ

оқушылар арасында өткен аудандық

«Жүсіпбек оқуларында» білімі озып,

бағы жанғандар жүлдегер атанды.

ТЕАТР

Жергілікті театр 30-ыншы

маусымның алғашқы гастрольдік

сапарын Қарағанды қаласында

бастауды жөн көріпті. Өнер ұжымы

1-2 қазан күндері қарағандылық

көрермендерімен кездеседі.

Театр труппасы бұл сапарында

жуырда Қазақстанның халық

Ж.АЙМАУЫТОВТЫҢ ТУҒАНЫНА - 130 ЖЫЛ

Қазақ әдебиетінің

алдаспаны

Биыл қазақ әдебиетінің айтулы тұлғасы, классик жазушы, Алаш арысы,

жерлесіміз Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына - 130 жыл. Тау тұлғаның есімін

ұлықтау мақсатында Баянауылдағы Ж.Аймауытовтың кіндік қаны тамған ауылда

бірқатар әдеби-рухани шара ұйымдастырылды.

Алпысбай ХОНЖ

«Ж.Аймауытов шығармашылығы»

секциясында Ж.Аймауытов атындағы

орта мектептің 9-сынып оқушысы

Диана Дүйсен жеңімпаз атанды.

Ал «Ж.Аймауытов танымы»

шығармашылық сайысында жазушының

өз ауылының 11-сынып

оқушысы Гүлнарзан Иманбектің

мерейі үстем болды. Сондай-ақ

« Ж . А й м а у ы т о в т ұ л ғ а с ы » с е к ц и я -

сына қатысқан үміткерлер

арасынан баянауылдық Ақши

ауылының 9-сынып оқушысы

Жаннұр Жүнісбекова өзгелерден

үздік шықты.

Сондай-ақ бұл күні Ж.Аймауытов

тұлғасын терең таныта түсу үшін

өңірімізге белгілі ғалымдар

«Қызылтау - қыран ұшқан қиясынан»

тақырыбында танымдық лекция

оқыды. Атап айтқанда, облыстық

«Ақбеттау» журналының бас

редакторы, өлкетанушы Сайлау

Байбосын, филология ғылымдарының

кандидаты, С.Торайғыров

атындағы ПМУ профессоры,

ақын Серік Елікбай, тіл жанашыры,

филология ғылымдарының

докторы, профессор Айман

Зейнулина қатысушыларға арнап

дәріс оқыды. Сонымен қатар

ауыл мектебінде «Жаңартылған

білім мазмұнымен оқытудың әдістәсілдері»

тақырыбында мұғалімдерге

арналған облыстық

біліктілікті арттыру семинары өтті.

- Бүгін қазақ әдебиетінің алдаспаны

- Жүсіпбек Аймауытовтың

туған топырағында бас қосып

отырмыз. Жүсіпбек артына мол

мұра қалдырғанымен, өкініштісі,

атамызға қатысты кейбір құнды

деректерді таба алмай жүрміз. Оның

барлығы кешегі солақай саясаттың

кесірінен орын алғандығы белгілі.

Тұлғаның шығармашылығында әлі

де зерттеп, зерделейтін тұстар

бар. Әсіресе, оның өмірбаяны

туралы деректер тыңғылықты

зерттелмеген. Ж.Аймауытов

туралы деректер Ресейдің Омбы

мемлекеттік мұрағатында, Мәскеуде,

Моңғолия жерінде сақталғанын

білеміз. Жүсіпбектің Бектұр есімді

ұлының күнделігі Ресейдің Кемеров

облысынан табылды. Күнделік

қазір Бектұрдың қызы Риманың

қолында. Күнделікті жазған кезде

Жүсіпбектің ұлы Бектұр түрмеде

отырған еді. 13 жасқа дейін әкесімен

бірге болған бала осы күнделікке

көптеген дүниелерді жазған болуы

керек. Қойын дәптер татар, орыс

тілдерінде төте жазумен жазылған.

Осынау құнды жәдігер қолымызға

түссе, көптеген тың деректерге

куә болар едік, - дейді филология

ғылымдарының докторы Айман

Зейнулина.

Сондай-ақ ұлы жазушының

құрметіне ұйымдастырылған

мерейтойлық шара барысында

Павлодар облыстық Ж.Аймауытов

атындағы қазақ музыка-драма

театрының ұжымы көпшілікке өз

өнерлерін көрсетіп, көрерменнің

көз алдындағы Жүсіпбек бейнесін

айқындай түсті. Ал өңірдегі Бұқар

жырау атындағы әдебиет және

өнер музейінің ұйымдастыруымен

Алаш арысына арналған көрме

көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, шараға

жиналғандар Ж.Аймауытовтың туған

ауылы – Дәндебай атырабына,

Тұяқ қажы зиратына барып, зиярат

етті. Сондай-ақ тарихи деректерге

бай «Мәдени кіндік» ауылының

орнына барып, бабаларымыздың

бұрынғы мекенін көзімен көрді.

Қарағандыда өнер көрсетеді

Облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкадрама

театры бүгін Қарағанды қаласындағы

көрермендерімен қауышады.

артисі, Мемлекеттік сыйлықтың

лауреаты, көрнекті театр және кино

актрисасы Әмина Өмірзақованың

туғанына 100 жыл толуына орай

Қазақстан драма театрларының

ХХVII Республикалық фестивалінде

жүлделі болған Бердібек

Соқпақбаевтың «Балалық шаққа

Баянауыл ауданы.

саяхат» қойылымын ұсынбақ. Бұдан

бөлек, Елбасының «Ұлы даланың

жеті қыры» мақаласы аясында

әзірленген «Жеті ойыншықтың

жеңісі» атты балаларға арналған

ертегіні де сахналайтын болады.

Қойылым Қарағанды қаласындағы

С.Сейфуллин атындағы

қазақ драма театрында өтеді.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

Павлодар қаласында өткен

ойын қызыққа толы өрбіді. Алмакезек

шабуылға иек артқан қос

команда ойын басында бір-бірінің

осал тұсын табуға тырысты.

Кездесудің 15-ші минутында

қарағандылық шабуылшы Лувага

Кизито біздің қорғаушыларымызды

сан соқтырып, есеп ашты. Ал

ойынның 21-ші минутында «Ertis»

футбол клубының қорғаушысы Урош

Витас орталық алаңнан допты алға

қарай асырды. Әуелете тепкен

топқа өзгелерден бұрын жеткен

Деян Георгиевич қарсыластар

қақпасын нысанаға алған еді.

Алайда, төреші футболшының

ойыннан тыс қалғанын ескертті.

Кездесудің бірінші жартысы бел

ортадан ауған сәтте «Шахтер»

клубы допқа көбірек иелік ете

бастады. 36-минутта «Шахтердің»

шабуылшысы Лувага Кизито тағы

да мергендігімен көзге түсті.

Есеп 0:2. Жерлестеріміз қанша

тырысқанымен, ойынның алғашқы

бөлігі осылайша қонақтардың

басымдығымен аяқталды. Бір

қарағанда «Ertis» ойыншылары

жеңісті қолдан беріп қойғандай

көрінген еді. Қос гол жіберген

клубтың жағдайы қыл үстінде

тұрғаны да белгілі болатын.

Дегенмен, жергілікті жанкүйерлердің

қолдауынан шабыт алған «Ertis»

аяқдопшылары кездесудің екінші

СПОРТ ТЫНЫСЫ

«Шахтерді»

шаң қаптырды

Қазақстан премьер-лигасының 28-ші туры аясында

«Ertis» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді»

қабылдап, 4:2 есебімен жеңді.

Турнирге қатысушылар жас

ерекшеліктеріне қарай (8, 12

және 16 жасқа дейінгі) 3 топқа

бөлініп өнер көрсетті. Қатысушылар

жылдам шахмат бойынша сынға

түсті. Өңіріміздегі әрбір қала мен

аудандардан келген спортшылар

арасында өткен сайыс тартысқа толы

болды. Жарыстың қорытындысы

бойынша 8 жасқа дейінгі ұлдар

арасында Павлодар қалалық

№42 мектептің оқушысы Даниел

Шорманов жеңімпаз атанды. 12 жасқа

дейінгілер арасында Павлодардағы

№39-мектептің үміткері Елнұр

Зейнышев топ жарды. Ал 16 жасқа

дейінгілер арасында Павлодар

қалалық №1 мектептің спортшысы

Тимур Балмағамбетовтің

жартысында көсіліп ойнады. Ойынның

66-минутында жерлестеріміз

бұрыштама добын орындауға

мүмкіндік алды. Допқа басқалардан

бұрын жеткен Деян Георгиевич

есепті 1:2-ге жеткізді. Араға

2 минут салып павлодарлық

жартылай қорғаушы Жереми

Манзорро есепті теңестірді.

Қолда тұрған жеңістің уысынан

сусып бара жатқандығын сезген

қарағандылық аяқдопшылар қанша

шабуылдағанымен ойындары

а л ғ а б а с қ а н ж о қ . А л к е з д е с у д і ң

86-минутында «Ertis» клубының ойыншысы

Арман Нүсіптің гол соғатын

мүмкіндігі болған. Алайда, ол қақпаға

тура соққы бағыттамай, допты

қапталдасы Жереми Манзорроның

аяғына салып берді. Манзорро

мүлт кеткен жоқ. Араға 4 минут

салып, павлодарлықтар есепті тағы

еселеді. Бұл жолы мергендігімен

көзге түскен Руслан Мингазов

болатын. Осылайша, жергілікті

жанкүйерлер алдында жеңісті

қарсыластардан жұлып алған «Ertis»

футболшылары биылғы маусымдағы

ең әдемі ойын өрнегімен

елдің есінде қалды.

Осы маусымда 28 ойын өткізген

жерлестеріміз 28 ұпаймен 9-орында

келеді. «Ertis» келер ойынды сырт

алаңда 5 қазан күні талдықорғандық

«Жетісуға» қарсы өткізеді.

Шахматтан бақ сынады

Павлодарда шахматтан оқушылар арасында облыс

әкімінің Кубогы өтті. Балалар арасында тұңғыш

рет ұйымдастырылған додаға өңіріміздегі 200-ден

астам жас шахматшы қатысты.

ХАБАРЛАМА

бағы жанды. Ал қыздар арасында

өткен додада 8 жасқа дейінгілер

арасында облыс орталығындағы

№42 мектептің шахматшысы Мунира

Рау жеңіске жетті. Сондай-ақ

12 жасқа дейін бақ сынағандар

арасында Павлодар қалалық

№ 9 мектептің үміткері Анастасия

Сүйенова алтыннан алқа тақса,

16 жасқа дейінгілер арасынан

Екібастұз қаласының шахматшысы

Индира Шәкеноваға тең келер

ешкім болған жоқ. Жеңімпаздар

мен жүлдегерлер кубок, медальдармен

және Алғыс хаттармен,

сондай-ақ бағалы сыйлықтармен

марапатталды.

Алпысбай ХОНЖ.

2018 жылғы 22-23 қарашада Қызылорда қаласында

өткізілген «Сауда үздігі – 2018 жыл» республикалық

конкурсының қорытындысы бойынша ведомствоаралық

комиссия 6 номинация бойынша жеңімпаздарды, соның

ішінде Павлодар қаласының гран-при жеңімпазы «Батыр-

Павлодар» ЖШС-ін белгіледі.

Осыған байланысты, 2019 жылғы 3-4 қазанда республикалық

к о н к у р с ө ң і р і м і з д е а л ғ а ш р е т П а в л о д а р қ а л а с ы , Л у г о в а я к ө ш е с і ,

16 (Инвесторлар үйі) мекенжайы бойынша өтеді.

Конкурстың негізін Қазақстан Республикасы Сауда кәсіпорындарының

қауымдастығы қалады және 2002 жылдан бастап, жыл сайын елдің

әртүрлі өңірлерінде өткізіледі. Сауда кәсіпорындарының «Сауда

үздігі-2019» республикалық конкурсы имидждік конкурс болып табылады.

Конкурс Сауда және интеграция министрлігінің, «Атамекен»

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Қазақстан Республикасы

Сауда кәсіпорындары қауымдастығының қолдауымен өткізіледі.

Жыл сайын конкурста елдің барлық өңірлерінен кәсіпкерлік

өкілдері, сондай-ақ сауда мәселелеріне жетекшілік ететін ведомство

елдерінің басшылары қатысады.

Аталған іс-шарада осы жылы 50-ден астам бизнес өкілдері,

сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар және Қазақстан Республикасы

өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысады деп күтілуде.


6

1 қазан, сейсенбі, 2019 жыл ИМАНДЫЛЫҚ САРЫАРҚА САМАЛЫ

ПАЙЫМ

Білім дегеніміз – болашақ.

Болашақтың баянды болғаны

жақсы. Демек, білімге бірегей

бетбұрыс керек. Мейлі, ол орта

білім, жоғары білім, діни білім,

ІТ-білім, техникалық білім болса да.

Білім атаулының бәрін меңгеруге

тиіспіз.

Ислам – оқу-білімге баса

мән беретін дін. Алла Тағаланың

қасиетті Құран Кәрімде «Оқы!»

деп бұйырғанын еске алсақ та

жеткілікті шығар. Пайғамбарымыз

Мұхаммед те (Оған Алланың игілігі

мен сәлемі болсын) «Білім іздену

– әрбір мұсылманға парыз» деген.

Осы күні естір құлаққа түрпідей

тиетін терроризм мен экстремизмнің

түп-төркіні де осы білімге келіп

тіреледі. Дәлірек айтсақ, діни білімге.

Халықтың діни білімінің аздығынан,

діни сауатының төмендігінен ел

ішінде осындай азғындық белең

алады. Сондықтан дін біліміне

назар аудару маңызды. Бұл ретте,

Қазақстан Мұсылмандары діни

басқармасы ел ішіндегі медресе,

университеттердің жұмысына ерекше

көңіл бөліп отыр.

Бұрын діни білім алғысы

келгендердің бәрі шетелге ағылатын.

Қазір өз елімізде шетелдегіден

де артық жағдай жасалған. Тек

оқуға деген ниет болса болғаны.

Шетелде білім алудың пайдасы

да, зияны да бар. Пайдасы түсінікті.

Зияны – теріс ағымдардың жетегінде

кету қаупі бар. Кезінде үкілеп, үміт

артып жіберген кейбір жастардың

жүрісінен жаңылып, теріс жолға

түскенін көрдік. Мұндай келеңсіздіктің

алдын алудың бірден-бір жолы

– дін мамандарын өз елімізде

даярлау.

Уақытында сырттан білім алып

келгендер қазір білікті маманға

айналып, шәкірт тәрбиелеуді қолға

алды. Өте дұрыс. Осы орайда,

дін қызметкерлерін даярлауға

Павлодар облысының да үлес

қосып отырғанын мақтанышпен

жеткізгіміз келеді. Қазір біздің

Сондықтан қай жерде қалай

сөйлеуге айрықша мән беру керек.

Ауызға келгенді айта беру сөз қадірін

ғана кетіріп қоймай, сөйлеушінің

де мәдениетінің төмендігін елге

паш етіп, кейін опық жеуіне әкеп

соғады. Одан қалса, тыңдаушының

жүрегіне жазықсыз жара түсіруі

мүмкін. «Жанды жаралайтын да,

емдейтін де - сөз» дегендей, қисық

сөзден аулақ болып, керісінше

дуалы ауызды сөзбен тілімізді

әрлегеніміз дұрыс емес пе?!

Ыбырай Алтынсарин атамыздың

«Мұсылманның белгісі – тілінен тамар

шырасы» деп айтқанындай, сөйлеген

сөзіміз ішкі жан дүниеміздің белгісі

ретінде сыртқа жайылады. Сондай-ақ,

біздің әрбір айтқан сөзімізді екі

иығымыздағы періште жазып

отыратынын да естен шығармаған

жөн.

Ибн Масғуд: «Мен Пайғамбардың

(с.ғ.с.) былай дегенін естідім:

«Шындығында, адам баласының

қателіктерінің көбі - тілінен». Алла

елшісі (с.ғ.с.): «Әлдекім Алланың

разылығын алатындай бір сөз

Ең мықты қару

Жаһан жұрты жарыса қаруланып жатыр. Бірі атоммен,

бірі автоматпен. Енді бірі көк пен суды қару орнына

қолданбақ ниетте. Жаға ұстатарлық жағдай, әрине.

Ал мемлекеттердің тағы бір легі тылын біліммен

күшейтуде. Абзалы осы. Өйткені, білім – ең мықты

қару.

өңірде Әбу-Бәкір Сыддық атындағы

діни медресе мен Мәшһүр Жүсіп

мешіті жанынан ашылған қарилар

даярлау орталығы жұмыс істейді.

Медреседе оқитындар тегін

білім алады. Жатар орын мен

тамақ та тегін. Шәкірттердің игілігі

үшін спорт зал салынып жатыр.

Қарилар даярлау орталығында да

білім алуға толыққанды жағдай

жасалған. Бірақ, аталған екі

мекемеге де ортақ бір проблема

бар. Ол – жергілікті жастардың

жоқтығы. Медресе мен орталықта

оқып жатқандардың басым бөлігі

– өзге облыстың өрендері. Павлодар

облысынан білім алып жатқандар

бірді-екілі ғана.

Діни медресе мен қарилар

даярлау орталығын ашудағы

негізгі мақсат жергілікті жастарды

тәрбиелеп, облыстағы кадр мәселесін

шешу еді. Бірақ, діттеген мақсатқа

әлі жете қоймадық. Өзге облыстардан

келген шәкірттер оқуын

аяқтаған соң туған өлкесіне тайып

тұрады. Ал өңірдегі кадр мәселесі

сол күйі өзекті болып қала бермек.

Сондықтан, Павлодардағы медресе

мен қарилар даярлау орталығында

жергілікті жастардың білім алғанын

құптаймыз. Бұған имамдар да,

жергілікті халық та көңіл бөлсе

дейміз.

Облыста 100-ден астам мешіт

бар. Сол мешіттердің бәрінде

жергілікті мамандар отырса дейміз.

Өкінішке қарай, қазір мешіті бар,

бірақ оған ие болар имамы жоқ

ауылдар пайда бола бастады.

Ендеше дін қызметкерлерін даярлауға

ауыл халқы да мүдделі болуға

тиіс деп есептейміз. Мәселен,

сөзі мен ісі түзу жерлестерін діни

оқуға беріп, сауатты маманды

өз ішінен даярлауға атсалысып

жатқан ауылдарды білеміз. Міне,

солардың ісі өзгелерге де үлгі болуы

керек.

Рамазан айы жақындаған шақта

мешіттер Тарауық намазын жүргізетін

адам таппай қиналады. Ақыры

сөйлейді, осы сөз иесін жоғары

дәрежеге жеткізеді деп ойламайды.

Сол сөзі үшін Алла Тағала ол адамға

деген разылығын ақыретке дейін

жазып қояды. Енді бірі Алланың

ашуын шақыратын бір сөз сөйлейді,

бұл сөзі басына бәле әкелетінін

ойламайды. Алла Тағала сол сөзі

шетелден қари шақырамыз. Құранды

бастан-аяқ жаттаған қариларды өз

өлкемізде тәрбиелесек несі айып?!

Дәл осындай мақсатпен Мәшһүр

Жүсіп мешітінің жанынан қарилар

даярлау орталығы ашылған-ды.

Нәтиже де көп күттірген жоқ.

Павлодар облысынан Құранды

бастан-аяқ жаттаған алғашқы қари

шықты. Сіз бен біздің баламыз да

дәл сондай бола алады. Тарауық

намазында өз ортамыздан шыққан

қариларға ұйып тұрсақ, ғанибет

емес пе?!

Өкінішке қарай, имам, молданы

кісі өлгенде ғана іздейтініміз бар.

Осы әдеттен арылған абзал.

Имам – ел ішіне имандылықтың

дәнін себетін жан. Ендеше аят

айтылмайтын шаңырақ, Құран

оқылмайтын ауылдар мүлдем

болмасын десек, діни білім жолында

жүрген жастарға бір сәт қолдау

көрсетуді де ұмытпайық.

Ұл-қыздарымызды дін оқуына

берейік. Діни сауатымызды

арттырайық. Бұл да - уақыттың

талабы. Сонда сырттан келгендер

санамызды улап, елдің ішіне

іріткі сала алмайды. Діни білімді

кез келген жерден, интернеттен

емес, мешіттен, медреседен алуға

шақырамыз!

Ең мықты қару сіздің қолыңызда

екенін естен шығармаңыз!

Жолдас қажы ҚОСПАҚҰЛЫ,

Қазақстан Мұсылмандары

діни басқармасының

Павлодар облысы бойынша

өкіл имамы.

Он пәленің тоғызы - тілден!..

Ақиқатты жеткізуде айтылған сөз шынайы көңілден

шығып, тыңдаушының жүрегіне жол табуы тиіс. Қазақ

халқында «Өнер алды – қызыл тіл», «Тіл тас жарады,

тас жармаса, бас жарады» деген мақалдар бар.

үшін әлгі адамға ақыретке дейін

ашулы екенін жазып қояды».

Келесі бір хадисінде

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шын

мұсылман – тілі мен қолынан

ешкімге зияны тимейтін адам»

деп, жақсы сөзі мен жарым ырыс

сыйлайтын, ешкімге зияны тимейтін

тілді айтқан.

Орынды сөйлеу – әдептілік пен

сыпайылықтың белгісі. Сондықтан

шәкірт ұстаздың, кіші үлкеннің

айыбын бетіне баспағаны дұрыс. Тіпті

әрбір адамға айтар сөзіміз құлаққа

жағымды, бас шұлғытатындай

қисынды болуы тиіс.

Әлішер Науаидың:

Аузына келгенін айту – наданның

ісі,

Алдына келгенін жеу – хайуанның

ісі, – дегені орынды ескерту.

Бос сөйлеу де - жаман

қасиеттердің бірі. Алла елшісі

үмбетіне: «Кімде-кім Аллаға

және ақырет күніне иман етсе,

сөйлегенде жақсы сөз сөйлесін,

әйтпесе үндемесін», – деп, тілін

жамандықтан сақтау керектігін

ескерткен. Демек, кей жағдайда

үнсіз қалу, бос сөзден абзал. «Аз

сөз – алтын, көп сөз – көмір»

деген ғой аталарымыз.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.

КӨКЖИЕК

Түсіндірме

жұмыстары жүргізілді

Тыйым салынған діни ұйымдардың торына қалайша

түспеу керек? Сыни ойлау мен саналы медиа

тұтыну дағдыларын қалай дамытуға болады?

Интернет-ортада экстремистік контенттен қалай

сақтана білу қажет? Осы және басқа да сұрақтарға

өңірімізге Нұр-Сұлтан қаласынан шақырылған

сарапшылар жауап берді.

Павлодарда «Зайырлылық -

қазақстандық қоғамның рухани

дамуының кепілі» тақырыбында

облыстық семинар өтті. Шараны

облыстық ақпарат және

қоғамдық даму басқармасының

Конфессияаралық қатынастарды

талдау және дамыту орталығы

ұйымдастырды.

Кездесу дін саласындағы

ғалымдар мен сарапшылардың

біртұтас болашақ ұлт тұғырнамасын

нығайтудағы жаңа инновациялық

тәсілдерді қалыптастыру,

зайырлылық, конфессияаралық

толеранттылық қағидаттарын

жүзеге асыру, халықтың діни

сауаттылығын арттыру мақсатында

өткізілді.

Семинарға облыстың қалалары

мен аудандары әкімдіктерінің

ақпараттық-түсіндіру топтары

мүшелері, дін өкілдері қатысты.

Қазақстан Мұсылмандары

діни басқармасының Павлодар

облысындағы өкіл имамы Жолдас

қажы Қоспақұлы шарада сөйлеген

кіріспе сөзінде дәстүрлі діндер

ешқашан зайырлы заңдардың іске

асуына кедергі келтірмейтіндігін

баса айтты.

Нұр-Сұлтан қаласының дін

мәселелерін зерттеу орталығының

дінтанушы маманы Александр

Антипин «Зайырлылықтың

қазақстандық үлгісі Қазақстан

Республикасындағы конфессияаралық

келісім негіздерінің бірі

ретінде» тақырыбында баяндама

жасады.

Дәріс барысында сарапшы

қазақстандық зайырлы саяси

бағыттың ерекшеліктері мен

заңды негіздерін түсіндірді.

Оның елдегі конфессияаралық

келісімді қолдаудағы маңыздылығы,

сондай-ақ, діни және мемлекеттік

секторлардың өзара қарымқатынасын

реттейтін заңнаманы

бұзумен байланысты негізгі

проблемалық мәселелер қозғалды.

Дін мәселелері жөніндегі

республикалық ақпараттық-түсіндіру

тобының мүшесі, сарапшы-талдаушы

Ольга Гайко Қазақстандағы

христиандық конфессиялар

туралы айтып берді. Баяндама

барысында спикер мемлекеттегі

және Павлодар облысындағы діни

ахуалға тоқталып, христиандық діни

бірлестіктердің қызметіне баса назар

аударды. Аталған бірлестіктердің

прозелиттік қызметінің ерекшелігі

бойынша түсініктеме берді. Сонымен

қатар, діни қызмет саласындағы

заңнаманың бұзылуына жол бермеу,

әкімшілік сипаттағы ықтимал

бұзушылықтардың алдын алу

бойынша тиісті ұсыныстар айтылды.

Спикер тыңдаушылардың назарын

интернет-ортада экстремистік

контентті тарату тақырыбына

аударды. Жастармен, оқушылардың

ата-аналарымен, түрлі қызмет

саласының өкілдерімен кездесулер

өткізу кезінде сыни ойлауды

және саналы медиа тұтынуды

дамыту әдістері туралы көбірек

айту керек, фактчекинг әдістерін

онлайн және офлайн ортада

кеңінен насихаттау қажет, - деп

атап өтті ол.

Семинар барысында сындарлы

пікір алмасу өтіп, нәтижесінде

кездесуге қатысушыларға діни

қызмет саласында халықпен

ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын

жүргізу жөнінде нақты ұсыныстар

берілді.

Айгүл ЕСЕНАЛИЕВА.

Жамағат жасыл

алаңда жолықты

Жуықта Ақтоғай ауданында қала, аудан, ауыл

мешіттерінің жамағаты арасында футболдан

турнир өтті. Доп додасына барлығы 16 команда

қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақтоғай ауылының

командасы иеленді. Олар финалда Павлодар қаласынан келген

«Әбу-Бәкір Сыддық-2» командасынан айласын асырды. Жеңімпаз

командаға ауыспалы кубок берілді. Атап өтерлігі, ақтоғайлықтар

бұған дейін Успен ауданында ұйымдастырылған турнирде де

жеңіске жеткен болатын.

Үшінші орынды Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің командасы

мен Ертіс ауданының жамағаты сарапқа салды. Тартысты

өрілген матчта «ақмешіттіктердің» мерейі үстем болды.

– Мешіт жамағатының, намазхандардың ауыз біршілігін арттыратын

мұндай шаралар өте қажет. Көпшілік арасында имам, молдалар

тек намаз оқып, жаназаға ғана шығарады деген ой қалыптаспауы

керек. Сондықтан, мешіт өкілдері мұндай шараларға белсене

қатысу арқылы жастардың мешітке, дінге деген қарым-қатынасын

көзқарасын өзгертіп, оларды жақын тартуымыз қажет. Осы орайда,

жарысты ұйымдастырылуына атсалысқан аудан басшылығына,

ауыл әкімдігіне, спорт, мәдениет бөлімдеріне ризашылығымызды

білдіреміз, – дейді жарысты ұйымдастырушы Ақтоғай ауылындағы

«Жандарбек ата» мешітінің бас имамы Ахметолла қажы Қожахметов.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен ойыншылар

да марапатталды.

Қала, аудан, ауыл мешіттерінің жамағаты арасындағы турнирді

Ақсу қаласы ұйымдастыратын болды.

Мәшһүр Жүсіп орталық

мешітінің баспасөз қызметі.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

Жоба

Ағатайым, арқа сүйер ақылшым,

40 жасқа бүгін келіп жатырсың.

Ортаймасын жанұяңыз ешқашан,

Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.

Ағама ақ тілегім ақтарылсын,

Әкеге тұрпатыңмен тартқан ұлсың.

Павлодар облыстық мәслихатының (VI сайланған XXXV (кезекті) сессиясы) №/35

ШЕШІМІ

Павлодар қаласы

2019 жылғы

Павлодар облысының елді мекендеріндегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын

автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен

тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде

сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңы 17-2-бабының 3-тармағына,

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді

мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының

бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ

пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы»

№37 бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілетін Павлодар облысының елді мекендеріндегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға

ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың

шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс

жерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидалар бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты

комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Облыстық мәслихаттың хатшысы

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

министрі

___________________

2019 жылғы «___» ________

Павлодар облыстық мәслихатының

2019 жылғы «___» _________

№ _____ шешімімен бекітілді

Павлодар облысының елді мекендеріндегі үй-жайлардың

шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын

автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден

тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте

және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының

бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру

тәртібі мен шарттары туралы қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Павлодар облысының елді мекендеріндегі

үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға

ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының

бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үйжайлардың

шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға

ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының

бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы

орналастыру тәртібі мен шарттары туралы

қағидалар (бұдан әрі – осы Қағидалар) «Жарнама

туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан

Республикасының Заңы 17-2-бабының 3-тармағына,

Қазақстан Республикасыт Ұлттық экономика министрінің

2019 жылғы 13 мамырдағы №37 бұйрығымен бекітілген

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үйжайлардың

шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ

пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген

белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың

шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын

автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен

тыс жерде орналастыру қағидаларына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидалар Павлодар облысының аумағында

сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үйжайлардың

шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ

пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген

белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың

шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын

автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен

тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттарын белгілейді.

3. Осы Қағидалар Павлодар облысының аумағында

жарнама шығаратын, тарататын, орналастыратын және

қолданатын жеке және заңды тұлғалардың қызмет барысында

туындайтын қатынасқа таралады.

4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жарнама – кез келген құралдардың көмегiмен кез

келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын,

белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке

немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне,

жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты

қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды

өткiзуге ықпал ететін ақпарат;

2) жарнама таратушы – мүлiктi беру және (немесе)

пайдалану, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың

тexникалық құралдары арқылы және өзге де тәсiлдермен

жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге

асыратын жеке немесе заңды тұлға;

3) маңдайша – ғимаратқа кірер жолдардың

Құттықтаймыз!

Асылхан Манарбекұлын құттықтаймыз!

2019 жылдың 2 қазан күні Баянауыл ауданының тұрғыны, біріміздің тұла бойы

тұңғышымыз, біріміздің тірегіміз, асқар тау ағамыз Мүбәрак Асылхан Манарбекұлы

40 жасқа толды. Ат жалын тартып, қамал бұзатын 40 жасқа келген туған күнің

құтты болсын! Сен талап пен жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден озып

дараландың. Игі істеріңнің қашанда оңға басуына, әр қадамның қарымды болуына,

ел, қоғам алдында абыройыңның арта беруіне тілектеспіз.

Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін өмір атты ұзақ жолдың

аяғы талмас жолаушысы бол! Өмір қуанышын сыйлаған әкеміз бен анамыздың,

жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы

болып жүре бер. Ұл-қыздарыңның мәуелі бәйтерегіне айналып, ұзақ та бақытты

ғұмыр кешуіңе тілектеспіз. Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір

кеш бақыт сыйласын!

Жарылқасын Жаратқан қолдап әркез,

Ордаңа қыдыр қонып, бақ дарысын.

Биігіне шығып талай асқардың,

Өз салаңды адалдықпен басқардың.

Ұл-қызыңды сұңқар құстай түлетіп,

Жолын аштың соңыңа ерген шәкірттің.

Ізгі ниетпен: анаң Жаңыл, Айдархан-Ләйла, Жайылхан-Мейрамгүл,

Ербатыр-Айымгүл, Кәусар, Айбота, Райана, Ақжанби, Ақбота.

Е. АРЫНОВ

Б. БЕКСЕЙІТОВА

саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе)

алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ

жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған

және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын

және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының,

оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша

құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде

орналастырылатын, дараландыру құралдарын

қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және

қызметінің түрі туралы ақпарат;

4) сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі)

жарнама объектілерінде орналас-тырылған және елді

мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте,

жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль

жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден

тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте

және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль

жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен

көруге қолжетімді жарнама;

5) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы

тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын

құрылысжайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ

конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды

таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де

құралдар;

6) жергілікті атқарушы орган – облыс әкімі

басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті

мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі бас-қаруды жүзеге

асыратын алқалы атқарушы орган;

7) көше жиһазы (жабдығы) – елді мекендерде

үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнатылатын

декоративтік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын

объектілер (гүл құмыралары, павильондар, отырғыштар,

орындықтар, жәшіктер, қоғамдық көлік аялдамалары,

ақпараттық панель, балалар ойындарына және ересек

тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен

конструкциялар);

8) ж ө н с i з ж а р н а м а - м а з м ұ н ы н а , у а қ ы т ы н а , т а р а т ы л у,

орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан

Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың

бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз,

әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар

мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы

заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі

үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға

ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген

белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың

шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын

автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс

жерде орналастыру тәртібі мен шарттары

5. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы

(көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың

(құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын

жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын

бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.

6. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріндегі

жарнамалық бейнелер және (немесе) ақпарат Қазақстан

Республикасының конституциялық құрылысын күштеп

өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне

нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық,

діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездiк

пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны

насихаттау немесе үгiттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының

мемлекеттiк құпияларын және заңмен

«Қазақстан Республикасы азаматтарының асырды. 300 000 теңгеге дейін берешекті өтеу

борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» бойынша.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы Банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілсіз

26 маусымдағы №34 Жарлығын іске асыру тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті (негізгі

шеңберінде Ұлттық Банк, «Мемлекеттік кредиттік борыш және сыйақы) 300 мың теңгеге дейінгі

бюро» АҚ, «Проблемалы кредиттер бюросы» мөлшерде өтеу бойынша жұмыс азаматтардың

АҚ екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы мынадай санаттарын қамтиды:

ұйымдарымен (МҚҰ) бірлесіп, барлық қазақстандықтарға

екінші деңгейдегі банктер мен микро-

2) Жалғыз асыраушысынан айырылу жағдайына

1) Көпбалалы отбасылар;

қаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық байланысты төлем алатын отбасылар;

кредиттері бойынша 2019 жылғы 1 шілдедегі 3) Мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан

жағдай бойынша есептелген айып-пұлдар мен бала жасынан мүгедектер бар отбасылар;

өсімпұлдарды есептен шығару (кешіру) бойынша 4) Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек

жұмыс жүргізді.

алатындар;

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде банктер 5) Жетім балалар;

м е н М Қ Ұ 3 3 6 2 0 м л н . т е ң г е ж а л п ы с о м а с ы н д а 6) ата-аналарынан кәмелеттік жасқа дейін

1 192 834 қарыз алушының кепілсіз тұтынушылық айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған,

қарыздары бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарын

есептен шығару (кешіру) бойынша жұмысты Мемлекеттік жәрдемді алу үшін қарыз

ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар.

аяқтады.

алушының кепілсіз тұтынушылық қарыздары

Айыппұлдар мен өсімпұлдарды кешіру бірінші бойынша берешектерінің сомасы 2019 жылғы

кезекте банктер мен МҚҰ өз қаражаты есебінен 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн. теңгеден

жүзеге асырылды.

аспауға тиіс.

Ағымдағы жылдың 15 тамызында Проблемалы Қазақстан Республикасының Еңбек және

кредиттер қоры айыппұлдар мен өсімпұлдар халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған

бойынша есептен шығарылған берешек сомасының тізімдер негізінде банктер мен микроқаржы

10 086 млн. теңге көлемінде 30% өтеуді жүзеге ұйымдары 507 363 азаматқа 105 174,8 млн.

ЖАРНАМА 1 қазан, сейсенбі, 2019 жыл 7

қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi тарату

үшiн пайдаланылмауға тиiс.

7. Жарнама әлемдік немесе ұлттық мәдени

игілікті, мемлекеттік рәміздерді (елтаңбаларды, туларды,

әнұрандарды), кез келген мемлекеттің валютасын, діни

рәміздерді, қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаларды,

қызметті, кәсіпті және тауарды құрайтын өнер объектілеріне

нұқсан келтірмеуі тиіс.

8. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, оның

ішінде нұсқағыштарды орналастыру Қазақстан Республикасының

Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль

жолдары және жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес

жүзеге асырылады.

9. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:

1) маңдайша;

2) жұмыс режимі туралы ақпарат;

3) арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын

мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар

афишалары;

4) қызмет көрсетудің техникалық құралдарын және

көлік құралдарын дараландыру;

5) автожанармай құю станцияларына кірген жерде

орналастырылатын мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай

өнімдерінің бағалары, сатушының атауы мен логотипі

туралы ақпарат;

6) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихимәдени

мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен

мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);

7) айырбастау пункттерінің жанында орналастырылатын,

қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және

(немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;

8) сырттан көру үшін сөрелер мен терезелерді

мынадай:

үй-жайлардың ішінде орналастырылатын тауар өнімі;

көрсетілетін қызмет түрлері;

дараландыру құралдары;

декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы

ішкі безендіру жатпайды.

10. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жергілікті атқарушы

органдар не өткізілген ашық конкурстардың қорытындысы

негізінде жергілікті атқарушы органдармен жасалған тиісті

шарттар негізінде өз қаражаты есебінен инвесторлар орнататын

көше жиһазына (жабдығына) орналастыруға жол

беріледі. Жеке және заңды тұлғалар инвесторлар бола

алады.

11. Тротуарлар мен велосипед жолдарын қоспа-ғанда,

ортақ пайдаланылатын жерден жер учаскелерi азаматтар

мен заңды тұлғаларға ортақ пайдалануға нұқсан келтiрмей,

сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiн орналастыру үшiн

уақытша жер пайдалануға беріледі.

12. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль

жолдарының бөлiнген белдеуінің жер учаскелері жолдың

көліктік-пайдалану сапаларының төмендеуіне жол бермеу,

көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған

ортаны қорғау талаптарын сақтау шарттарымен сыртқы

(көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін беріледі.

13. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарих пен мәдениет

ескерткiштерiнде және олардың қорғау аймақтарында,

ғибадат ғимараттарында (құрылыс-жайларында) және оларға

бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыруға тыйым

салынады.

14. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы

16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы

(көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың

шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын

автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді

мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық

кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль

жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру

туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.

15. Жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарлама

жібермей сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз еркінше

орналастыруға жол берілмейді.

16. Хабарламаларды сыртқы (көрнекі) жарнаманы

орналастыратын жарнама таратушылар:

сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы

бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте,

облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін

жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жол-дарының

бөлінген белдеуінде орналастырған кезде – облыстық

маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;

сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар

қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың

шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар

қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің

аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын

автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде,

елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс

ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын

автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде

орналастырған кезде – аудандардың жергілікті атқарушы

органдарына жібереді.

ХАБАРЛАМА

«Павлодар қаласы құрылыс бөлімі» ММ «Мойылды

ауылында сумен жабдықтау желілерін салу» жұмыс жобасын

іске асыру кезінде ҚОӘБ бөлімі бойынша ашық жиналыс

формасында қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіні туралы

хабарлайды.

Өткізу күні мен орны: 2019 жылдың 29 қазанында

с а ғ а т 1 1 . 0 0 - д е П а в л о д а р қ а л а с ы , К р и в е н к о к ө ш е с і ,

25-үй, 604-кабинет.

Қағаз түрінде мына мекенжай бойынша танысуға

болады: Павлодар қ., Жеңіс алаңы, 5/1, байланыс телефоны:

32-93-79, temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz

Аталған жобаның электронды түрімен tabigatpavlodar.

gov.kz сайтында танысуға болады.

Ескертулер және ұсыныстар келесі мекенжайда

қабылданады: «КазПИИ «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС,

Павлодар қаласы, Крупская көшесі, 76-үй, т. 8 (7182)

55-44-20, e-mail: kazakhstanprojekt@mail.ru

Материалдарды әзірлеуші – «КазПИИ «Казахстан

Проект» ЖШС Павлодар қаласы, Крупская көшесі, 76-үй,

т. 8 (7182) 55-44-20 e-mail: kazakhstanprojekt@mail.ru

Экологиялық сараптаманы жүргізу бойынша орган –

«EXPERT-PVL» ЖШС.

17. Хабарлама сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде

сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын

болжамды күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын

жіберіледі.

18. Хабарламаға:

1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең

мен орын туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны;

2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті

төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы

25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне

(бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы

орналастырудың бірінші айы үшін төлем-ақының

енгізілгенін растайтын құжат;

3) нобайларымен қоса жарнаманың қазақ және орыс

тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың

бірінші және кейінгі айлары үшін төлем мөлшері сыртқы

(көрнекі) жарнама объектісін орналастыру жағында

мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнелерді,

бейнекөріністерді, жүгіретін жолдарды қоса алғанда,

төленген ай ішінде орналастырылған сыртқы (көрнекі)

жарнама санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманы

орналастыру жағының орналасқан жері мен алаңына

қарай, Салық кодексімен бекітілген базалық ай сайынғы

мөлшерлемелерге сәйкес есептеледі.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі жағының

алаңына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру

төленген күнтізбелік ай ішінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы

орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру

жағына бұрын енгізілген төлемді растайтын құжатты

қоса бере отырып, хабарлама жіберу жолымен жүзеге

асырылады.

Үй-жайдың ішінде орналастырылатын бейнелер

мен бейнекөріністер тауар өнімін және көрсетілетін

қызметтердің түрлерін сипаттайтын сыртқы көзбен көру

үшін сөрелер мен терезелердің ішкі безендірілуіне жатады.

19. Жергілікті атқарушы органдар хабарлама бойынша

ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша

уәжді ескертулер береді.

Жергілікті атқарушы органдар ескертулер берген

жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнама ескертулер жойылған

жағдайда ғана орналастырылуы мүмкін.

20. Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны

алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап

ұсынбаған жағдайда, өтініш беруші сыртқы (көрнекi) жарнаманы

өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыра алады.

21. Көлiк қ ұ ра л д арын д а ж арнама орна ластыру сыртқ ы

(көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама

жіберілмей және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны

үшін төлемақы алынбай жүзеге асырылады.

22. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі

үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға

ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген

белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың

шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ

пайдаланылатын

автомобиль

жолдарының бөлінген белдеуінен

тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде

орналастырғаны үшін Салық кодексінде белгіленген

тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.

23. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру

мерзімі (хабарламада көрсетілген, шартпен белгіленген

мерзім) өткеннен кейін орналастырған жағдайда сыртқы

(көрнекі) жарнаманы нақты орналастырғаны үшін төлем

(салық) алынады.

24. Жарнама қондырғыларындағы бейнелерді (плакаттарды)

көгал алаңдарға автокөлікпен кіріп ауыстыруға жол

берілмейді.

25. Сыртқы (көрнекі) жарнама және ақпарат таза

ұсталуы және эстетикалық бейнені бұзбай орналасуы тиіс.

Көретілген іс-шаралар сыртқы (көрнекі) жарнама,

ақпарат меншік иелерінің есебінен жүргізіледі.

26. Қандай да бір хабарландыруларды және

ақпараттық хабарларды, сыртқы (көрнекі) жарнаманы

ғимараттарда, дуалдарда, қалалық жолаушылар көлігін

күту павильондарында, жарықтандыру тіректерінде

меншік иелерінің және (немесе) баланс ұстаушының жазбаша

келісімінсіз жапсыруға және орналастыруға жол

берілмейді.

Қандай да бір хабарландыруларды және ақпараттық

хабарларды, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін

ағаштарға жапсыруға және орналастыруға жол берілмейді.

27. Жарнама құрылымдарындағы жарнамалық

суреттердің үзілуін жоюды олардың иелері көрсетілген

фактілерді анықтағаннан кейін және (немесе) жергілікті

атқарушы органдардың ұйғарымдары, хабарламалары

бойынша дереу жүзеге асырады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

28. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру

егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе,

сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің иелерімен немесе

сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттық

құқықтарға ие адамдармен жасалған шарттың негізінде

жүзеге асырылады.

Барлық қарыз алушылардың айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығару бойынша

Азаматтардың борыш жүктемесін азайту бойынша

Президент Жарлығының іске асырылу барысы туралы

теңге сомасында негізгі қарыз бен сыйақы

бойынша берешектерін өтеген. Оның ішінде

263 527 азаматқа банктер мен микроқаржы

ұйымдары алдындағы берешек 32 024 млн.

теңге сомасында толық өтелді.

Павлодар облысы бойынша қарыз алушылардың

негізгі қарыз бен сыйақы бойынша берешегі

2 510 млн. теңге сомасында өтелген, 13245

азаматтың берешегін өтеу көзделеді.

Бұл ақпарат соңғы емес және Қазақстан

Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі Жарлық қолданылатын

азаматтардың жеке санаттарының тізімдерін

ұсынуына, олардың берешектерін ЕДБ және

МҚҰ дерекқорларымен салыстырып тексеруіне

қарай толықтырылып отырады.

Барлық туындайтын сұрақтар бойынша Ұлттық

Банктің Павлодар филиалына мынадай мекенжай

бойынша өтініш жасауға болады:

Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі,

4 4 , « Қ о ғ а м д ы қ қ а б ы л д а у б ө л м е с і » н е м е с е

+7 (7182) 704-422, 704-423, 704-439 телефондары

арқылы хабарласуға болады.

«Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы.

(20216)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12439 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1950

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8

ТЕАТР

1 қазан, сейсенбі, 2019 жыл ӨНЕР

САРЫАРҚА САМАЛЫ

«Абайды» қойып, аттанды

Қыркүйектің 25-28-і күндері аралығында Павлодар өңірінде

гастрольдік сапармен болған М.Әуезов атындағы Қазақ

мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы соңғы күні

«Абай» трагедиясын сахналап, Алатауға қайта аттанды. Төрт күн

бойы рухани байлыққа кенелткен қара шаңырақ өнер ұжымына

өңір жұртшылығы дән риза. Жоғары деңгейдегі қойылымдарды

тамашалауға облыстың әрбір аудандарынан көрермендер келді.

Облыс әкімі Болат Бақауовтың өзі спектакльге арнайы келіп,

қатысқанын айтып өту керек. Осылайша, өңірді мәдени өмірінде

көптен сезілмеген бір серпіліс болды.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

28 қыркүйек күні, ұлы Мұхтар Әуезовтің

туған күнінде, «Әкемтеатр» ұжымы ғұлама

жазушының «Абай» трагедиясын сахналады.

Тарихи туынды қазақ өнерінің

тарихында тұңғыш рет 1949 жылы

28 желтоқсанда қойылған екен. Содан

бері 70 жыл бойы спектакльді көптеген

облыстық өнер ұжымдары өз репертуарына

енгізіп, көрермендеріне ұсынды.

Десе де, «Абайды» Қазақ мемлекеттік

академиялық драма театрының актерлерінің

орын-дауында тамашалау – екінің біріне

бұйырмаған бақ. Қойылым тарихына үңілсек,

бас кейіпкер - Абай образын қазақтың

Ыдырыс Ноғайбаев секілді небір атақты

өнер майталмандары сомдады.

Павлодар жерінде Абайдың бейнесін

бізге дарынды актер Азамат Сатыбалды

үлкен шеберлікпен, үлкен жүрекпен жеткізе

білді. Бұны қазақтың аңызға айналған

актері, КСРО мемлекеттік сыйлықтың

иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі

Әшімов бағалап өтті.

- Қазақ болып туғаныма мақтанамын.

Қазақтың өнерін қуғаныма мақтанамын.

Абайды әр уақытта қазақтың әйгілі актерлері

сомдады. Бүгінде Абайдың рөлінде -

дарынды актер Азамат Сатыбалды. Жас

та болса, хакім атамыздың бейнесін өте

жақсы сомдап шықты. Абай – біздің ұлы

тұлғамыз, әлемдік мақтанышымыз. Осындай

өнер ұжымының қойылымдарына келген

барша павлодарлық көрермендерге алғыс

білдіремін. Облыстағы Баянауыл ауданы –

қазақтан шыққан «тұңғыш» тұлғалардың

мекені. Жұмат Шанин - тұңғыш кәсіби

театр режиссері, Шәкен Айманов – тұңғыш

кино режиссері, Қаныш Сәтбаев Қазақ

ұлттық ғылым академиясының тұңғыш

президенті. Айта берсек, шағын ғана

өңірден түлеп ұшқан дарынды тұлғалар

көп. Осындай ұлылықты сақтап отырған өңір

жұртшылығына ризамыз. Өніп-өсіңіздер,

жасай беріңіздер! - деді А.Әшімов.

Шынында, «Абай» трагедиясын тамашалауға

келушілер залды лық толтырды.

Аудандардан арнайы спектакльге ат басын

бұрып келгендер қаншама. Олардың барлығы

ұлы ойшылдың өмірі мен қайраткерлігін

арқау еткен қойылым барысында бірге

қуанып, бірге мұңайды. Қос ғашық Айдар

мен Ажардың тағдырына араша түскеніне

бір риза болса, Әбіш пен Мағыштың,

Мағауияның аянышты халіне бірге мұңайды,

ағайындар ортасында тартыстар шиеленісіп,

ақыры надан топтың Абайды сабағанында

жүрегі қарс айырыла қайғырды. Екі

сағаттық драмалық қойылым көрерменін

бастан-аяқ демін ішінен алғызып қойды.

Қойылым соңында әртістерді қолпаштаған

көрермендер ұзақ қол шапалақтап, залдың

ішін жаңғырықтырып жіберді. Облыс әкімі

Болат Жұмабекұлының атынан ықылас

гүлі ұсынылды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының

басшысы Ернұр Дәуенов «Әкемтеатрдың»

сапары Павлодар өңірі үшін айтулы жаңалық

болғанын атап өтті. М.Әуезов атындағы

қазақ академиялық драма театрының

директоры Сәбит Әбдіхалық Е.Дәуеновті

«Алғыс хатпен» марапаттап, театр туралы

кітапты сыйға тартты.

Төрт күндік өнер сапарын М.Әуезов

атындағы Қазақ академиялық драма театры

сәтті аяқтады. Павлодарлық көрермендер

өнердің саф тұнығынан қанып ішті. Олар

үлкен шеберлікпен қойылған спектакльдерден

алған әсерлерінен ұзақ уақыт

айыға алмайтыны анық. Қош бол, қайта

айналып келгенше, қазақ өнерінің қара

шаңырағы!

С

ТАҒЗЫМ

Балалар әдебиетінің бағбаны

Биыл елімізге белгілі балалар ақыны, журналист, Қазақстанның

еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ертіс ауданының Құрметті

азаматы Мүбәрак Жаманбалиновтің туғанына 95 жыл толды.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өткен «Елі ардақтаған

ақын» атты конференцияда жергілікті қаламгерлер Мүбәрак

ақынның өнегелі істері туралы естелік-әңгімелерімен бөлісті.

Тілеуберді САХАБА

Шараны С.Торайғыров атындағы облыстық

кітапхана мен Ертіс аудандық кітапханасы

бірлесіп ұйымдастырды. Оған Қазақстан

Жазушылар одағының мүшесі Ғалымбек

Жұматов, Павлодар облысының Құрметті

азаматы Ғалия Балтабай, әнші-сазгер

Назымбек Дүкенбай, Ертіс ауданының

Құрметті азаматы Самат Мәненов және

ақынның ұрпақтары мен жерлестері

жиналды. Мүбәрак Жаманбалиновтің қазақ

руханиятының өрлеуіне қосқан үлесі ұшантеңіз.

Ол сыршыл ақын, ұлағатты ұстаз

әрі қарымды журналист болды. Мүбәрак

Кәрімұлы өлкетану бағытында да өлшеусіз

еңбек қалдырды. Ертіс ауданының арғы-бергі

тарихына қатысты бірнеше кітап жазды.

Ақын үлкен әдеби ортадан шалғай жүріп-ақ,

қазақ балаларына сусын боларлық мол

әдеби мұра қалдырып кетті. Ол аудандық

«Ертіс нұры» газетінің негізін қалап, сол

басылымда көп жыл қызмет атқарды және

облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің Ертіс

ауданындағы меншікті тілшісі болды. Мүбәрак

Жаманбалиновтің шығармашылығы және

балалар әдебиетіндегі орны туралы қазақтың

көрнекті қаламгерлері – Қадыр Мырза-Әлі,

Мұзафар Әлімбаев, Сағи Жиенбаев, Тұманбай

Молдағалиев сынды ақындар да жоғары

баға берген екен. Ақын, Қазақстанның

халық жазушысы Қадыр Мырза-Әлі бір

сөзінде: «Мүбәрак Жаманбалинов – қазақ

балалар әдебиетін көркейтуге жан-тәнімен

қызмет етіп жүрген ірі таланттарымыздың

бірі. Ол өзінің балалар психологиясын жете

зерттей жазған өлеңдерімен бөбектерді

ұдайы қуанышқа бөліп келеді» деген болатын.

- Мүбәрак ақынның өлеңдерін бала

кезімізде оқып, жаттап өстік. Иә, ол

кезде балаларға арналған өлеңдері өте

қызықты болатын. Өзі - негізінен ұстаз

болғандықтан, бала психолгиясын терең

меңгерген адам. Сонымен қатар, Ертіс

өңірінің тарихын жазу жолында көп еңбек

етті. Сол өңірдің ақсақалдарымен жеке-жеке

кездесіп, әңгімелесіп, дерек жинағаны -

көз алдымызда. Соның арқасында аудан

тарихы туралы екі кітап шықты. Бұл бүгінгі

буын мен ертеңгі ұрпақ үшін өте қажет

дүние болып қалмақ, - деді Қазақстан

Жазушылар одағының мүшесі Ғалымбек

Жұматов.

Ертіс ауданына белгілі ардагер ұстаз, ұлт

жанашыры Нұрболат Әутәліповтің сөзінше,

«Мүбәрактану» оқулығы ең бірінші 2004

жылы №2 орта мектепте оқытыла бастаған.

- Ол кезде мен мектеп директоры едім.

Оқушыларымды қайтсем таза қазақ тілінде

сөйлетемін және қазақша ойлау жүйесін қалай

қалыптастыруға болады деген ой мазалап

жүрді. Сөйтіп жүргенде «жерлесіміз Мүбәрак

ақынның балаларға арналған өлеңдерін неге

пайдаланбасқа?» деген ой түсті. Бірден

бастауыш сынып мұғалімдерімен ақылдаса

отырып, ақын шығармашылығынан оқулық

әзірлеуді тапсырдым. Яғни, әр сыныптың

өз деңгейіне сай құрастырып, аптасына

бір сағаттан беру керек болды. Бір күні

Суреттерді түсірген - Серік Қапаров.

мектепке Мүбәрак ағамыз келді. Осы бастамамды

айттым. Өзі де бірауыздан құптады.

Бір жыл ішінде «Мүбәрактану» оқулығын

әзірледік, оны сол кездегі С.Торайғыров

атындағы ПМУ ректоры болып тұрған Ерлан

Арын қолдап, 100 дана шығарып берді. Біз

мұнымен тоқталмадық. 2004 жылы алғаш

рет мектеп ішінде Мүбәрак оқуы байқауын

өткіздік. Көзі тірісінде үнемі келіп қатысып

жүрді. Ал 2008 жылы аудандық деңгейге

көтеріліп, содан бері ұйымдастырылып

келеді, - дейді Нұрболат Әутәліпов.

Жиын барысында «Елім деп соққан жүрегі»

атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған

ақынның суреттері, кітаптары және газетке

шыққан мақалалары қойлыды. Сонымен

қатар, жиналған қауымға «Ақын жолы»

атты бейнебаян көрсетілді.

More magazines by this user
Similar magazines