03.10.2019 Views

3 қазан, 2019 жыл №113 (15433)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

8 3 қазан, бейсенбі, 2019 жыл

АЛАҢ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЭКОҚАЛА

Ерекше

жарыс

Жуырда Павлодар

қаласы химия-биология

бағытындағы Назарбаев

Зияткерлік мектебінің

ұйымдастыруымен

«Павлодар – экоқала 2019»

атты эко-веложарысы өтті.

Алдағы жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше

елдер арасында бірыңғай электронды еңбек биржасы құрылмақ.

«Шекарасыз жұмыс» деп аталатын бірыңғай іздеу жүйесі ортақ

еңбек ресурстары нарығын дамытуды және одаққа мүше елдердің

азаматтарын жұмыспен қамтуды жеңілдетуді көздейді. Алайда,

бұл жаңашылдық еліміздегі жұмыссыздықтың белең алуына

себеп болуы мүмкін. Бұл – «гастарбайтерлікті» заңдастырумен тең

бастама, дейді мамандар. Одаққа ортақ бірыңғай еңбек биржасынан

не күтеміз? Салдары мен пайдасы қандай? «Алаңның» бүгінгі

кейіпкерлері осы мәселені талқыға салды.

Бірыңғай еңбек биржасының

берері не?

Тигран САРКИСЯН,

Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасы

(пікір ғаламтордан алынды):

- 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Қазақстан,

Ресей, Армения, Белоруссия және Қырғызстан аумағын қамтитын

бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылады. Бұл жүйе жұмыс

берушілерге және жұмыс іздеп жүрген азаматтарға қолайлы. Жұмыс

берушілер ортақ биржаның алаңында аталған елдердің нарығындағы

бос жұмыс орындарына қатысты хабарландыру бере алады. Ал

азаматтар одаққа мүше елдерден өзіне қолайлы қызмет табады. Жоба

ортақ еңбек нарығын қалыптастыруға, жұмыс күшінің еркін қозғалысы

процестерін жеделдетуге және

еңбек ресурстарының ұтқырлығын

қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Алдын ала болжам бойынша бір

жылдың ішінде аталған бірыңғай

электронды еңбек биржасының

көмегіне 1 миллионнан астам

адам жүгінеді деп күтілуде. Қазір

біздің бағамдауымызша, ЕАЭО

аумағында жұмысқа жарамды

94,1 миллион адам бар. Оның

89 миллионы еңбекпен қамтылған.

Бастама бұл көрсеткішті оңалтуға

мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Осымен үшінші жыл қатарынан

ұйымдастырылып отырған ауқымды

шара «Жастар жылы» аясында өтті.

Веложарысқа Назарбаев Зияткерлік

мектебінің оқушылары, қызметкерлері

мен ата-аналары, барлығы 200-ден

аса адам атсалысты.

Эко-веложарысқа қатысушылар

жергілікті өзен вокзалынан Естай

атындағы қалалық мәдениет

сарайына дейін жүріп өтті. Олар

бір уақытта велосипедке отырып,

4 шақырым қашықтықты 15 минутта

еңсерді. Мәреге жеткен спортшыларымызды

жанкүйерлер құшақ жая қарсы

алып, өздерінің қолдауларын білдірді.

Сондай-ақ, жанкүйерлер үшін Естай

атындағы қалалық мәдениет сарайының

алдында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

А.ӘБДІЛҰЛЫ.

КӨРІКТЕНДІРУ

Аллея

ашылды

Екібастұзда 1-сынып

оқушыларының және жас

жұбайлардың аллеялары

ашылды.

Айрықша аллеяға 1 мыңнан астам

шырша, қарағай, алма және шие

ағаштарының көшеттері отырғызылды.

Екібастұз инженерлік-техникалық

институтының 4-курс студенттері,

19 жастағы Арнұр Рамазанов пен

Ділназ Мұхаметжанова қолдарына неке

куәліктерін алып, отбасылық өмірге

қадам басты. Осы бір жауапты сәтті

олар игі істен бастады. Нақтысы, жас

жұбайлар аллеясына ағаш отырғызып,

болашақ бақтың негізін қалауға үлес

қосты.

Қалалық баспасөз қызметінің

мәліметінше, бірінші сынып оқушыларының

аллеясы қаладағы №18 және №22

мектептерде, №28 гимназия мен №36

лицейде ашылды. Бұл күні аллеяларға

1 мыңнан астам шырша, қарағай,

алма мен шие ағаштары отырғызылған.

Қаланың көркін арттырып, жасыл

желегін көбейтуді көздейтін шараға

қала басшысы Ержан Иманзаипов та

атсалысты.

Г.МАҒЖАН,

Екібастұз қаласы.

МЕРЕЙ

- Мұндай жүйе біз үшін таңсық емес.

2017 жылы еліміз бойынша ортақ «Enbek.

kz» электронды еңбек биржасы құрылған

болатын. Бүгінде онда 160 мыңнан астам

жұмыс беруші тіркелген. Өткен жылғы

көрсеткіш бойынша, аталған жүйеде Павлодар

облысынан 3 мың жұмыс беруші болды.

Олар өздерінде бар бос жұмыс орындарына

қатысты ақпаратты сол жүйедегі

жеке парақшаларына тіркейді. Бұған дейін

ондай ақпаратты біздің мекемемізге қағаз

күйінде тапсыратын еді. Демек, жұмыс едәуір

оңтайлана түсті. Ал екі қолға - бір күрек

іздеген азаматтар сол порталдан өздеріне

лайықты кәсіп таба алады. Еуразиялық

Қобыланбек ҚОЖИН,

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты:

- Бұл мәселеге біржақты қарап, жақсы немесе жаман деуге

келмейді. Ұсыныс көп жерде бәсекелестік туындайтыны белгілі.

Сондықтан бұл бастама отандық мамандарды кәсіби біліктілігін одан

әрі шыңдауға жетелейді деп есептеймін. Бірыңғай электронды еңбек

биржасы нақты енгізілетін болса, онда алғашқы жылдары Қазақстаннан

жұмысшылардың кету көрсеткіші арта түседі. Әсіресе, Ресейге қоныс

аударушылар көбейеді. Оның денін тарихи отанына оралуға ниетті

өзге ұлт өкілдері құрайтыны сөзсіз. Ал біздің менталитетіміз мұндай

жаңашылдыққа сай келе бермейді. Қаракөздеріміздің өзге мемлекет

Қарттарым -

асыл қазына

Қазақ халқы қазыналы қарттарды

әрдайым құрметтеп, ізеттілік пен лайықты

сый-сыяпат көрсетіп келеді. 1 қазан -

Халықаралық қарттар күні мерекесінде

бұл қошемет-құрмет тіпті еселене түседі.

Сол ізгі дәстүрдің жолымен «Ертіс Медиа»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ардагерлерге

арнап дастарқан жайып, құрмет

көрсетті.

Мерекелік шараға кәсіпорынға қарасты облыстық басылымдар

– «Сарыарқа самалы» және «Звезда Прииртышья»

газеттерінің, «Найзатас» журналы мен «Халық радиосының»,

әкімшілік бөлімнің ардагерлері жиналды. Алдыңғы аға буын

өкілдері еңбек жолын еске алып, сол бір кездердегі қызықты

Нұрлан БЕГЕЖАНОВ,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім

басшысы:

одаққа ортақ еңбек биржасына келетін болсақ, бұл мәселені

нақты қарастыру қажет. Жаңа жүйе жұмыс берушілердің

оң жамбасына келуі мүмкін. Себебі оларға мамандардан

ұсыныс көбейеді. Ал еліміздегі жұмыс іздеушілер үшін

тиімсіз. Көп сала бойынша отандық мамандардың біліктілігі

төмен болып келетіні жасырын емес. Сондықтан өз еңбек

нарығымызды қорғауымыз қажет.

түгілі, ел ішінде өзге облысқа

қоныс аударуға бекіне қоюы қиын.

Бізге қарағанда, қырғыз ағайындар

ширақтау екенін мойындау қажет.

Бір ескерер жайт, елімізде еңбек

мигранттарын шектеу туралы

заң жобасы әзірленіп жатқаны

белгілі. Бірыңғай биржа жүйесі

бұл заңға қайшы келмей ме

деген сұрақ туындайды. Тағы

бір мәселе – шетелдік мамандар

жұмыс істеуге болатын салаларды

белгілеуіміз керек.

«Алаңды» үйлестірген – Данияр ЖҰМАДІЛ.

сәттермен бөлісті. Кәсіпорынның қызметкерлеріне, жастарға ақылкеңестерін

айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

Өз кезегінде «Ертіс Медиа» ЖШС басшысы Асқар Шөмшеков

ардагер журналистерді мерекемен құттықтап, сый-сыяпат көрсетті.

Өз тілшіміз.

С

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!