15 қазан, 2019 жыл №118 (15438)

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

15 қазан, сейсенбі

2019 жыл

№118 (15438)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

ЭКОЛОГИЯ

Орман қоры көбейді

Нақпа-нақ

Қазақстанда

19,1 млн.

тонна

астық

бастырылды

ҮКІМЕТ

Біздің облыс

оң бағаланды

Суретті түсірген - Әлібек Жиенәлинов.

Сенбі күні жалпыреспубликалық экологиялық акция аясында облыс

орталығының аумағында барлығы 70 мың көшет отырғызылды. Бұған

дейін де біздің аймақта 15 мың көшет егілген еді. Осылайша, екі апта

аралығында облыстың орман қоры 85 мың ағашпен толықты. Бұл жасыл

желектің санын арттырып қана қоймай, өзекті болып саналатын экологиялық

мәселені шешуге де айтарлықтай оң әсер берері анық.

Сенімді серігіңізден көз жазбаңыз!

Қоғамдық–саяси, ақпаратты-жарнамалық «Saryarqa samaly»

газетіне 2020 жылға жазылу басталды!

Жазылу мерзімі

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі арқылы жазылу

«Alash Press» ЖШС–

нің бөлімшелері

арқылы жазылу

Редакцияда

ресімдеу және

алумен жазылу

Индексі 55441 Павлодар қ. Павлодар қ.

қала ауыл

6 ай (аптасына үш нөмір) 6 657,10 теңге 6 988,20 теңге 6 650 теңге 5 556 теңге

12 ай (аптасына үш 13 314,20 теңге 13 976,40 13 300 теңге 11 112 теңге

нөмір)

теңге

Индексі 55442

3 144 теңге

қала ауыл

12 ай (бейсенбілік нөмір) 4 040,70 теңге 4 251,40 теңге 4 035 теңге

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен кез келген

пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі,

50 (тел.: 32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында, Ак.Марғұлан

к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.: 61-63-18) жазыла

аласыз. Одан басқа, баламалы жазылу арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп,

тікелей редакциядан алуға болады.

Жалғасы 2-бетте

БАСПАСӨЗ-2020

Мекемелер мен ұйымдардың

назарына! Біздің кез келген

басылымға 50 данадан артық

жазылған жағдайда кәсіпорынға

дейін жеткізумен ұжымдық баламалы

жазылуды ұсынамыз. Тел.:

8 (718 2) 66-15-41.

Елімізде алғашқы 9 айдың

қорытындысы бойынша экономика

өсімінің негізгі базалық

көрсеткіштері жөнінен

Павлодар, Атырау, Шығыс

Қазақстан, Түркістан, Жамбыл

облыстары әкімдіктерінің

жұмысы оң бағаланып отыр.

ҚР Премьер-Министрі Асқар

Мамин бұл артта қалған өңірлер

үшін жақсы үлгі екенін айтты.

Биылғы 9 айда Қазақстан экономикасының

өсімі 4,3%-ды құраған. Құрылыста –

13,5%, саудада – 7,6%, көлік саласында –

5,5%, өңдеу өнеркәсібінде, соның ішінде

машина жасауда – 18,2%, жеңіл өнеркәсіпте –

19%, металл кендерін өндіруде – 16,1%,

мұнай өңдеуде – 7,2%, байланыс қызметінде

– 4% оң өсім байқалады. Ұлттық

қордың активтері 2,4%-ға, яғни 59,4 млрд.

долларға дейін ұлғайып, республикалық

бюджет кірістері – 7 677,6 млрд. теңгеге

жетті.

Аталған кезеңде СТ-KZ тауарлық

формасы бойынша жергілікті қамтудың

ең жоғары көрсеткіштеріне Қызылорда

облысында жеңіл өнеркәсіп саласында

(46%), Павлодар облысында жиһаз (59%)

бен азық-түлік және құрылыс салаларында

(54%) қол жеткізілді.

- 9 айдың қорытындысы бойынша

экономика өсімінің негізгі базалық

көрсеткіштері бойынша Атырау, Шығыс

Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Павлодар

облыстары әкімдіктерінің оң жұмысын

атап өткім келеді. Бұл - артта қалушы

өңірлер үшін жақсы үлгі. Өз кезегінде,

кейбір әкімдіктерде бірқатар көрсеткіштер

бойынша төмендеу байқалады, — деп

А.Мамин, өңір басшыларына аталған

жағдайды қысқа мерзім ішінде түзеуді

тапсырды.

Премьер-Министр Қызылорда, Павлодар

және Түркістан облыстары әкімдіктерінің

сатып алудағы қазақстандық қамту

үлесін арттыру жұмысындағы жақсы

көрсеткіштерін атап өтті. Үкімет басшысы

«Атамекен» ҰКП пен Қаржы министрлігіне

әкімдіктермен мемлекеттік сатып алуды

жүргізу бойынша дұрыс жұмыс атқару

тұрғысынан қосымша семинарлар өткізуді

тапсырды.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 15 қазан, сейсенбі, 2019 жыл

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Басы 1-бетте

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Орман қоры көбейді

Павлодар қаласына қарасты

Павлодар ауылының аумағында

көшет салуға аймақ басшысы

Болат Бақауов, облыстық және

қалалық әкімдіктер қызметкерлері,

«Nur Otan» партиясының, «Жасыл

ел» еңбек жасағының өкілдері,

барлығы 500-ден астам адам

қатысты.

Жалпы аумағы 5 гектар болатын

жерге 35 мың қарағай көшеті

отырғызылды. Мамандардың

айтуынша, Павлодар ауылы мен

Павлодар мұнай-химия зауытының

аралығы таңдалып алынуы тегін

емес.

Осы аймақта өндірістік

орындар орналасқандықтан,

ауаны тазартып, экологиялық

жағдайды жақсарту үшін жасыл

желектің жайқалғаны маңызды.

Облыстық жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су ресурстары

басқармасы басшысының

отырғыздық. Демек, бұдан былай

бұл көшеттерді күтіп, баптау –

бәрімізге ортақ міндет. Осы

орайда Павлодар ауылы әкімдігінің

қызметкерлеріне осы аумаққа

қараусыз жүрген малдардың

кіріп кетпеуін, ал мамандарға

көшеттердің уақытылы суарылуын

бақылауды тапсырамын.

Өзім де жиі келіп, жақсы күтім

жасалуын қадағалайтын боламын, -

деді Б.Бақауов.

Айта кетелік, бұл күні «Қазақстан

алюминийі» АҚ аумағында да

35 мың көшет отырғызылды.

Жалпы, облыс аумағында ағаш

отырғызу акциясы бірінші рет

қолға алынып отырған жоқ.

Осыдан екі апта бұрын ел

көлемінде экологиялық сағат бастау

алғаны белгілі. Осы шара аясында

облыс орталығы мен оған іргелес

жатқан ауылдарда 15 мың көшет

отырғызылды. Аймақ басшысы

Болат Жұмабекұлының бұл көрсеткішті

арттыруға қатысты тапсырмасына

сәйкес, бүгін тағы 70 мың

көшет егілді. Демек, облыстың

орман қоры айтарлықтай көбейді.

Сонымен қатар, бұл экологиялық

мәселенің шешілуіне әсер етері

сөзсіз.

орынбасары Марат Қалиасқаров

көшеттер отырғызылатын аумақ

алдын ала дайындалып, бірнеше

күн бойы суарылғанын айтты.

Мұнда «Ертіс орманы»

резерватының тәлімбағында өскен

екі жылдық қарағайлар егілді.

Олардың өсіп-өнуін жергілікті

әкімдік пен орман күзетшілері

бақылайтын болады. Ал орман

шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясының

мамандары көктемде көшеттерді

түгендеп, есепке алмақ.

- Бүгін әкімдік қызметкерлері,

қоғам белсенділері, журналистермен

бірге қарағай көшеттерін

Суреттерді түсірген – Әлібек Жиенәлинов.

ЖӘРМЕҢКЕ

Сапалы өнім - арзан бағамен

Ертістің Павлодар өңірінің шаруалары мен кәсіпкерлері өткен

сенбі-жексенбі күндері елордада кезекті ауылшаруашылық

жәрмеңкесін өткізді.

«Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық

орта-лығының жанындағы алаңда ұйымдастырылған

сауда-саттыққа облыстан

500 тонна өнім апарылды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының

басшысы Нұрлан Сәдібеков атап

өткендей, павлодарлық фермерлердің өнімі

астаналық тұрғындардың тарапынан үлкен

сұранысқа ие.

- Біздің тауар өндірушілердің қатысуымен

биыл елордада үшінші жәрмеңке

өтті, - дейді Н.Сәдібеков. - Өткен

жәрмеңке кезінде барлық тауар сатылып

кеткен. Бұл жолы да сұраныс

сол деңгейде болды. Нұр-Сұлтанға

500 тонна тауар апардық. Оның ішінде

60 тонна ет және ет өнімдері, 40 тонна

көкөніс пен 20 тонна сүт өнімдері бар.

Атап өтелік, жәрмеңкеде сиыр етінің

келісі - 1500 теңгеден, жылқы еті -

1800 теңгеден, картоп, көкөніс пен қарбыз

келісі 70 теңгеден сатылды. Өзге де өнімдер

нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан болды.

Жалпы жәрмеңкеде 160 млн. теңгенің

өнімі сатылған. Апарылған тауарлардың

негізгі бөлігі ет және ет өнімдері, сонымен

қатар жеміс-жидектер мен көкөністер.

Себебі астаналықтардың арасында осы

өнімдерге сұраныс жоғары. Жәрмеңкеге

біздің облыстан 90-нан астам тауар өндіруші

қатысқан. Олардың арасында өнімдері елімізге

танымал «Рубиком» ЖШС, «МолКом» ЖШС,

«Смак» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сағып» ШҚ,

«Галицкое» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Ақжар-

Өндіріс» ЖШС секілді кәсіпорындар бар.

Елордадағы өңірлердің жәрмеңкелері

27 қазанға дейін жалғасын таппақ.

Өз тілшіміз.

Суреттерді түсірген - Айбек Жұматов.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА 15 қазан, сейсенбі, 2019 жыл 3

- Сайра Жарылғапқызы, биыл мемлекет

тарапынан ауылдағы кәсіпкерлікті

дамытуға қанша қаражат бөлінді?

- Биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай

қолдау қоры арқылы аймағымызға бөлінген

қаражат көлемі ұлғайды. Былтыр бұл бағытқа

2,2 млрд. теңге көлемінде несие үлестірген

болсақ, биыл 3,4 млрд. теңгені құрап отыр.

Осылайша, жыл санап мемлекет тарапынан

ауыл шаруашылығын қолдау бағытындағы

шаралар көбейіп келеді. Шаруалар тарапынан

ниет болса болғаны.

- Аталған қаражат көбіне қандай

бағыттар бойынша үлестірілуде?

- Өздеріңізге белгілі, бүгінде қор

негізінен 2017-2021 жылдарға арналған

нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай

кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша

жұмыс істеуде. Биыл облысымызға оның

аясында 1 млрд. теңгеден астам қаражат

бөлінген болатын. Өткен аптада қосымша

тағы 680 млн. теңге көлемінде қаражат

МӘСЕЛЕ

Қаржыландыру

көлемі артуда

Аймағымызда жеке кәсібін дөңгелетіп отырған ауыл азаматтарының

қатары көбеюде. Атап өтерлігі, олар ауыл үшін үйреншікті саналатын

мал шаруашылығына ғана емес, басқа да кәсіп түрлеріне бет

бұруда. Қызмет көрсету саласы дамып келеді, дейді мамандар. Осы

ретте, елдімекендерде бизнесті дамыту мәселелері бойынша «Ауыл

шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Павлодар облыстық

филиалының директоры Сайра Ықыласованы сөзге тартқан едік.

аударылды. Осылайша, аталған бағдарлама

бойынша 1 млрд. 751 млн. теңгеден астам

қолдау қаржысына ие болдық. Бұл қаражат

ауыл тұрғындарына «Игілік», «Ынтымақ»,

«Кәсіпкер», «Бірлік» және «Егінжай» сияқты

бағдарламалар арқылы үлестірілетін болады.

Бұдан бөлек, «Агроөнеркәсіп кешенін

дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында

мал шаруашылығын дамытуға бағытталған

«Ырыс» және «Сыбаға» несиелік бағдарламалары

жұмыс істейді. Қазіргі уақытта

аталған бағдарламалар бойынша өтінімдер

қабылдап, несие беру жұмыстары жүргізілуде.

- Мемлекет тарапынан бөлінген қолдау

қаржысы қалай игерілуде? Осы уақытқа

дейін қанша жоба қаржыландырылды?

- Бүгінгі күнге дейін Нәтижелі жұмыспен

қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту

бағдарламасы аясында облысымыз бойынша

1 млрд. теңгеден астам қаражатқа 316 жоба

мақұлданды. Қалалар бойынша Ақсу көш

бастап тұр. Онда 99,10 млн. теңгеге 31 жоба

БАС ТАҚЫРЫП

қаржыландырылды. Ал аудандар бойынша

Шарбақты тұрғындарының белсенділігі

жоғары. Аталған ауданнан 37 жоба жүзеге

асырылуда. Бөлінген қаражат көлемі

113,35 млн. теңгені құрап отыр. Атап өтерлігі,

бұрнағы жылдары ауыл тұрғындары көбіне

мал шаруашылығымен айналысуды жөн

санайтын еді. Ал биыл түрлі бағыттағы

кәсібін дамытуға мүмкіндік беретін «Кәсіпкер»

бағдарламасына қызығушылық жоғары.

Жалпы, аталған жобалардың нәтижесінде

облысымызда 400-ге жуық жаңа жұмыс

орны ашылды. Жоғарыда атап өткендей,

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай

кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша

аймағымызға қосымша қаражат бөлінген

болатын. Демек, жыл соңына дейін жүзеге

асырылатын жобалар саны арта түседі.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан – Данияр ЖҰМАДІЛ.

КӘСІПКЕРЛІК

Тәжірибемен

бөлісті

Соңғы уақытта жастардың өз

кәсібін ашуына мол мүмкіндік

жасалуда. Тиісті бағдарламалар

қабылданып, қаржылай

және қаржылай емес көмек

көрсетілуде.

Бұл ретте тәжірибелі мамандардың

ақыл-кеңестерін алған да артық болмайды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер»,

«Бизнес мектеп» және «Бастау» жобаларын

сәтті жүзеге асыруда. Таяуда Инвесторлар

үйінде аталмыш жоба түлектеріне арналған

«BASTA» форумы өтті. Соның аясында

кәсібін енді бастап жатқан жастар осы

салада еңбек етіп жүрген кәсіпкерлермен

кездесіп, өзара ой бөлісті. Олардың

қатарында шоумен, бірнеше мейрамхана

иесі Айдар Құрымбаев, коуч-жаттықтырушы

Ольга Лысенко және «Кәсіпкерлерге көмек»

республикалық орта-лығының директоры

Дмитрий Казанцев бар. Сала мамандары

бизнесті жүргізудің тетіктері, басшы бола

білу, салықтық жеңілдіктер және тағы

басқа тақырыптарды қаузады. Форумға

қатысушылардың бірі – Шарбақты ауданынан

келген Сымбат Құбашев. Ол «Жас

кәсіпкер» жобасы бойынша курсқа қатысып,

500 мың теңге грант алыпты.

Айта кетелік, биыл қолға алынған

«Жас кәсіпкер» жобасы аясында облыстың

800 жас азаматы оқудан өтіп, 200-ге

жуығы сауда, қызмет көрсету, өндіріс

салаларында өз ісін ашып үлгерді.

Өз тілшіміз.

Аудармашы ауадай қажет

Мемлекеттік тілдің мәселесі сот саласын да айналып өтпеді. Павлодар

облысының соттарында қазақ тілін меңгерген кәсіби аудармашы

тапшы. Салдарынан, дауласқан екі тараптың мәселесіне мұғалімді

араластыруға мәжбүр. Яғни, адам тағдыры шешілетін сот отырыстарына

педагогикалық білімі бар ұстаздар мен тәрбиешілер

тартылуда. Ал олар тіл білгенімен, құқық саласының терминдерін,

айыпталушы немесе жәбірленушінің сөзін қаз-қалпында жеткізе

алмайды.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

«Аудармашы

табуды жүктеді»

Мәселенің мәнісін түсіну үшін Павлодар

қаласының тұрғыны Болатбек Батырханұлының

жағдайына тоқталайық. Ол басына іс түскен

уақытта кәсіби аудармашыға зар болғанын

айтады.

- Өткен жылдың желтоқсан айында Ақсу

қаласының тұсында жол апатына ұшыраған

болатынмын. Айыпталушы тараппен жарты

жыл соттастық. Көлігімді соғып кеткен жігіт

өзге ұлт өкілі әрі мемлекеттік тілді білмейтін

болғандықтан сотта аудармашының қызметіне

жүгінуге тура келді. Күнделікті өмірде мән

бермей жатамыз ғой. Бірақ сот саласына

кәсіби аудармашылар керек екен. Біздің істе

аударма жұмысы балабақша тәрбиешісіне

жүктелді. Кәсіби маман болмағаннан кейін,

ол екі тараптың және адвокаттың сөзін

судьяға жеткізуде қатты қиналды. Ойымызды

дөп басып түсіндіре алмады. Сондықтан

оның қызметіне көңілім мүлдем толмады.

Қайткенмен сот саласы - жауапты қызмет.

Заң алдында қателесуге болмайды. Мұндай

маңызды істі бала тәрбиесімен айналысатын

қызметкерлерге қалай тапсыруға болады?

- дейді ол.

Болатбек Батырханұлы 6 айдың ішінде

бірнеше сот отырысына қатысқан. Әуелде

белгіленген аудармашы екі отырыста қызмет

көрсетіп, үшінші сот процесіне қатыса алмапты.

- Өзім облыс орталығында тұрғандықтан

Ақсу қаласына такси жалдап барып жүрдім.

Үшінші процесте аудармашының жоқтығына

байланысты іс кейінге шегерілді. Бірақ сот

мамандары мен аудармашы тауып әкелген

жағдайда, сот отырысын жалғастыра алатындарын

жеткізді. Айтуларынша, педагогикалық

білімді меңгерген кез келген маман бұл істі

атқара алады екен. Сонда мен ұсынған

мұғалім не тәрбиешінің кәсібилігіне кім

жауапты? Оның деңгейін кім тексереді? –

деп күрсінеді кейіпкер.

Заңгер Серік Жолдасбаев аудармашыны

сот өзі ұсынуы керектігін алға тартады. Маман

табуды жәбірленуші не айыпталушы тарапқа

жүктеу заңсыз әрекет болып табылады.

- ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексінің

14-бабына сәйкес, сот ісін жүргізуде қазақ

тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал

заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер

де қолданылады. Арыз қай тілде түссе, сот

ұйғарымына байланысты іс сол тілде жүргізіледі.

Егер сот қатысушылары бұл тілді білмесе,

заң бойынша олар қажетті материалдардың

аудармасымен тегін қамтылады. Бұл ретте

адамдарға аударма ісі тегін ұсынылады.

Сондықтан аудармашыны сот белгілеуі

тиіс, - дейді заңгер.

Қателессе,

жаза арқалайды...

Бұл жағдайдың анық-қанығын анықтау

мақсатында Павлодар облыстық соты

төрағасының атына арнайы хат жолдадық.

Жыл басынан бастап облыс соттарында

барлығы 588 іс қаралған. Оның ішінде

49-ы қылмыстық, 232-сі - азаматтық, 307-сі

әкімшілік процестерді құрайды. Мамандар

аудармашы тапшылығына байланысты кейінге

шегерілген сот отырыстары барын мойындап

отыр. Өкінішке қарай, мұндай істердің жалпы

санын айта алмады...

Облыстық сот ұсынған жауапқа сүйенсек,

өңірде жалпы саны 147 судья қызмет атқарады.

Оның ішінде 17-сі өзге ұлт өкілі болғандықтан

мемлекеттік тілді меңгермеген. Аудармашы

азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерге қос

тараптың өтініші бойынша қатыстырылады

екен.

- Аудармашының сот отырысына қатысу

тәртібі мен құқығы ҚР Азаматтық іс жүргізу

Кодексінде белгіленген. Ол кем дегенде екі

тілді білуі тиіс. Судья көп жағдайда іске

дайындық кезеңінде аудармашының қажеттігін

анықтайды. Жоғарыдағы Кодекстің 191-бабына

сәйкес, сот төрағасы аудармашыға сот ісі

жүргiзiлетін тiлдi бiлмейтiн адамдардың

түсiндiрмелерiн, айғақтарын, мәлiмдемелерiн,

дыбыс жазбаларды, сарапшы қорытындыларын,

сот шығарған сот актілерінің мазмұнын

аудару мiндетiн түсiндiредi. Егер маман өз

ісінде қателесетін болса, ҚР Қылмыстық

Кодексiне сәйкес, жауапқа тартылады. Бұл

ретте аудармашының қолхаты сот отырысының

хаттамасына тiркеледi. Аудармашы сотқа

келуден немесе өз мiндеттерiн орындаудан

себепсіз бас тартқан жағдайда оған әкiмшiлiк

жаза қолданылады, - деп жазылған.

Маман не дейді?

Мәдениет Сүлейменов - талай жылдан бері

облыс орталығындағы соттарда аудармашы

қызметін атқарған кәсіби маман. Алайда

ол жуырда отбасылық жағдайға байланысты

қызметінен босап, ауылдық жерде

мектепте мұғалім болып жұмыс істеуде. Ол

сотта аударма ісімен кәсіби маман айналысу

керектігін алға тартады.

- Сотта аудармашы тапшылығы жөнінде

мәселе бары рас. Облыс орталығында 8 сот

бар. Міне, осы соттардың барлығында аудармашы

болып жалғыз қызмет еттім. Бір істен

екіншісіне, екіншісінен үшіншісіне жүгіретінмін.

Күніне 4-5 отырыс белгіленеді. Бірақ барлық

іске үлгеру мүмкін емес. Аудармашы белгілі

бір жағдайға байланысты кешіксе, судья күте

алмайды. Өйткені олардың жұмыс кестесі

сот процестеріне толы. Олар белгіленген

уақытпен жұмыс істейді. Сондықтан аудармашы

болмаса, істі басқа күнге ауыстыруға

мәжбүр. Қалалық сотқа ауылдық жерлерден,

шалғай елді мекендерден келетін адамдар

бар. Олар үшін сотты басқа күнге ауыстыру

тиімсіз. Негізі әрбір сотта кәсіби аудармашы

болуы керек. Өйткені педагогтар өз

саласын жетік меңгергенімен, сот ісін өз

деңгейінде жүргізе алмайды.

Судья, сотталушы, жәбірленуші тараппен

еркін жұмыс істей алуы керек. Өз басым

бұл салада үш жылдан астам уақыт жұмыс

істедім. Қызмет қызықты болғанымен,

жүктелетін міндеті зор. Қиын сала. Арыз қай

тілде түссе, іс сол тілде қаралуы тиіс. Өзім

қазақ және орыс тілінде еркін сөйлеймін.

Мамандығым мұғалім болғанымен, аударма

ісін жетік меңгеру үшін арнайы курстарға

қатыстым. Білікті мамандардан тәжірибе

алдым. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік

істердің өз термині болады. Міне, мұны

мектептен не балабақшадан келген адам

толық жеткізе алмайтыны ақиқат, - дейді ол.

Түйін:

Соттағы аударма ісі мұғалімдер мен тәрбиешілерге қосымша

табыс көзі болуы мүмкін. Бірақ адам тағдыры шешілетін істі

білікті аудармашыларға жүктесе деген ой келеді. Яғни, сотта

аудармашы болғысы келетін ұстаз кәсіби мамандардан сабақ

алуға міндеттелуі тиіс. Әйтпесе, сот ұсынысын асығыс қабылдаған

педагогтерді сөз аударудағы қателігі үшін қылмыстық жауапқа

тартқаннан не ұтамыз? Арқалайтын жаза ауыр болғандықтан

аудармашыдан кәсібилік деңгей талап етілуі қажет...


4 15 қазан, сейсенбі, 2019 жыл ХАТҚОРЖЫН

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Тапқыр болсаң,

озып көр!

Баянауыл ауданындағы Сұлужон

жалпы орта білім беру мектебінің

5-10-сынып оқушылары арасында

«Who is the best?» - «Тапқыр болсаң

озып көр» атты білім сайысы

ұйымдастырылды.

Барлығы 5 кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар

қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сынға

түсті. Бәсеке барысында оқушылардың тілдік,

зияткерлік, танымдық және ойлау қабілеті назарға

алынды. Сайыскерлер білім жарысында сары

және қызғылт түстерді таңдап, «Sky», «Sunshine»

сөздерін құрастырып, топтың атын жасап шығарды.

Қатысушылар «Baiga» – «Бәйге» кезеңінде

ағылшын тілі пәнінен алған білімдерін көрсету үшін

сұрақтарға жауап берді. Екінші кезең - «A magic

Vocabulary» - тақтада ілінген шарларды жарып,

ағылшын тілінде берілген сөздердің аудармасын

қазақ, орыс тілдеріне жылдам айту тапсырмасы

қызықты өрбіді. Үміткерлер «Do you Know That»

деп аталатын үшінші кезеңде оқушыларға қазақ

және орыс тілінде бірнеше бағытта сұрақтар

қойылды. Бұл кезеңде белсенді қатысушылар

шапшаңдығымен көзге түсті. Төртінші – «Полиглот»

кезеңінде оқушылар жұмбақтар шешіп, жауабын

үш тілде айтып берді. «Sky» және «Sunshine»

топтары бұл кезеңде бір-бірінен қалыспай өнер

көрсетті. Сайыс соңында қазылар алқасы екі

топты бағалап, нәтижесінде «Sunshine» тобының

жеңімпаз екенін жариялады. Қызыққа толы өткен

додада әрбір оқушы, осы уакытқа дейін алған

білімдерін көрсетіп қана қоймай, өздерін өзге

қырларынан таныта білді.

Айғаным ЗҮЛПИЕВА,

Сұлужон ауылы, Баянауыл ауданы.

Кітапханашылар

білімін жетілдірді

Баянауыл ауданындағы №2 Майқайың

орта мектебінде «100 кітап» жобасын

іске асыру тақырыбында аудандық

кітапханашылардың семинары өтті.

Мұнда оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру

және қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын

қорындағы аса құнды шығармаларды оқыта отырып,

сол туындылардың рухани маңыздылығын түсіндіру

мақсат етілді. Семинарға ауданымыздағы 25 мектептің

кітапханашылары қатысты.

Семинарды мектеп кітапханашылары А.Рахимова

мен С.Сүйіпбергенова, қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Н.Қайырбекова, тарих пәнінің

мұғалімі Е.Қайырбаева, бастауыш сынып мұғалімі

М.Скалозубова ұйымдастырды. Бұл шараға

оқушылар да үлес қосты. Мәселен, Майқайың №2

мектебінің 10-сынып оқушылары А.Құнанбаевтың

« Қ а р а с ө з д е р і н » ү ш т і л д е м ә н е р л е п о қ ы д ы . А л

9-11-сынып оқушылары Ж.Аймауытовтың «Қартқожа»

романынан үзінді оқып, шараның маңыздылығын

арттыра түсті.

Ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбына және

Е.Бекмахановтың өміріне арналған, сондай-ақ

Гавриил Троепольскийдің «Белый Бим черное

ухо» туындысынан бастауыш сынып оқушылары

буктрейлер арқылы көріністі көпшілікке ұсынды.

«Ыстық орындық», «Әдеби тосап», «Өрмекшінің өрмегі»,

«Букбинго» әдістері бойынша кітапханашыларға

тренинг ұйымдастырылды.

Мәншүк ШУМАҚОВА,

Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскері.

«Қауіпсіз білім

ордасы»

Мектебімізде балалар қауіпсіздігін

қамтамасыз ету, білім алушылар

арасындағы құқықбұзушылықтың

алдын алу және білім беру орындарында

қауіпсіздік шараларын

жетілдіру мақсатында республикалық

«Қауіпсіз мектеп» онкүндік акциясына

үн қостық.

Акция аясында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін

сақтау тақырыбында құқық қорғау органдары

қызметкерлерінің қатысуымен жиналыстар, түсіндірме

жұмыстары жүргізілді. Шараға ата-аналар мен

оқушылар қатысты. Қатысушыларға мектепте,

үйде, көшеде, суда, жолда, көліктегі қауіпсіздік

ережелері туралы, сонымен қатар алғашқы көмек

көрсетудің тәсілдері туралы мәліметтер берілді.

Мектептің жас инспекторлар қызметін жандандыру,

тәжірибе алмасу мақсатында қыркүйек

айында «Абайлаңыз, балалар!», «Қауіпсіз мектеп

автобусы» шаралары ұйымдастырылған болатын.

«Абайлаңыз, балалар!» шарасында мамандар

оқушылардың жолда дұрыс жүріп-тұруы, қоғамдық

көліктердің күнделікті тұрмыстағы маңызы, жол

белгілерін ажырата білуді үйретті.

2019-2020 оқу жылының алғашқы жалпы атааналар

жиналысында «Балалар қауіпсіздігі –

баршаның міндеті» тақырыбында аудандық төтенше

жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Б.Ильясов және Железин аудандық ішкі істер

бөлімінің полиция инспекторы А.Склярова және

Өрт бөлімінің бастығы Е.Борисенко қатысып,

өз салалары бойынша ақпараттық түсіндірме

жұмыстарын жүргізіп, парақшалар таратты.

Сондай-ақ, мектеп оқушыларына Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

тапсырмасын орындауда әлеуметтік желіде

құпиялылық пен ұялы құрылғыларының қауіпсіздігін

қамтамасыз ету бойынша Интернет-көрсетілім

арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

А.ХАНЕНКО,

Железин аудандық №3 орта

мектебінің аға тәлімгері.

Алтын бесік

ауылым

Биыл Железин ауданындағы Шоқан

Уәлиханов атындағы ауылдың құрылғанына

60 жыл толды. Бұл елді мекен

ауданның, өңірдің дамуына өзіндік

үлес қосқан.

Өйткені бұл ауылда элеватор, отын және мұнай

базалары, ауылшаруашылық техникасы, қойма,

жүк қабылдайтын орындар жұмыс істеді. Омбы-

Ташкент бағыты бойынша жолаушы тасымалдайтын

пойыз тұрақты түрде жүріп тұрды.

Өз басым осы ауылда 30 жылдан астам уақыт

тұрып, еңбек еттім. Осы орайда, аталмыш елді

мекеннің өсіп-өркендеуі жолында еңбек еткен

азаматтарды атап өткім келеді. Мысалы, бәрімізді

имандылық жолына шақырған Таймырза қажы

Қабылов, Қамза Аронов, Нәкеш Әутәліпов, Тәңке

Сейітов, Қасым Бексейітов, Қабдулла Көпеев, Жұмашке

Нұртазинов, Мұхтар Магуперов, Мұхаметшайық

Тоқтағанов, Мұхтар Шайхимов, Бейсембай Қапуов,

Ташкен Шабанбаев, Қайыржан Құрманбаев, Бота

Шабанбаев, Сайын Жолдаспаев, Мүкәрәм Жанкин,

Қалжапар Буданбаев, Гайнолла Садулов, Балтабай

Тұрлыбеков, Қайыржан Сәдуақасов сынды атпалдай

азаматтардың орны бөлек. Өткен жылдар мен үшін

ең қызықты, бақытты шақ. Осы орайда, ауылымның

60 жылдығына арнап мына өлең шумақтарын

жолдаймын:

...Қосар ем, ақын болсам, дастаныма,

Атыңды жаяр едім жан-жағыма.

Мейірленіп бауырыма басар едім,

Егер де сыйып кетсең құшағыма.

Кеттің деп өкпелеме, Уәлиханым,

Қалайша мен өзіңді сағынбаспын!

Куәсі жастық шақтың бір өзіңсің,

Сондықтан мәңгі-бақи жадымдасың...

Сапар ШАБАНБАЕВ,

зейнеткер, Павлодар қаласы.

МЕДИЦИНА

Азамат еді ардақты

Ұлы Отан соғысы және бейбіт еңбек

майдандарының ардагері Бейсенбек

Мұстафин 1924 жылдың мамыр айында

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы

(бұрынғы Куйбышев ауданы) Мулявко

ауылында (қазіргі С.Мүткенов атындағы

елді мекенде) кедей шаруа отбасында

туды.

1942 жылы 18 жасында Қызыл Армия қатарына

шақырылады. Қанды майданға жіберілместен, әуелі,

Семей қаласындағы Тамбов жаяу әскер училищесінде

(эвакуациядағы) әскери дайындықтардан өтеді. Майдан

даласында гитлерлік солдаттармен кескілескен ұрыстарда

екі рет жарақат алады. Екінші жарақаты тым ауыр еді.

Госпитальда жатып, ұзақ уақыт емделуіне тура келген.

Бұдан жазылып шыққаннан кейін де Қызыл Армия

қатарында болып, 1946 жылы еліне қайтарылады.

Осы жылы Биғожақызы Дәметкенмен отау құрып,

Чкалов совхозында (қазіргі С.Мүткенов атындағы елді

мекенде) еңбек етеді.

1951 жылы Павлодар облыстық совхоздар трестінде

бөлім басшысы қызметінде болады. 1955 жылы Шымкент

қаласына, ауыл шаруашылығы басшыларын оқытатын

мектепке оқуға жіберіледі. 1957 жылы жоғарыда

аталған оқу орнын тәмамдаған соң, Качир ауданы

(қазіргі Тереңкөл), Байқоныс совхозына директор

болып тағайындалады.

1961-1965 жылдары Успен ауданы Тимирязев

совхозының директоры болып басқарушылық қызметін

жалғастырады. 1965 жылы Краснокутск аудандық

партия комитетінің ұйғарымымен, Краснокутскі совхозына

бас экономист болып бекітіледі. Аудан, облыс

орталықтарынан тым шалғайда орныққан аталмыш

елді мекенде 1984 жылға дейін тұрып, шаруашылықтың

экономикалық тұрғыда дамуына баға жетпес үлес

қосқан.

Ұлы Отан соғысының офицері Владимир Кузьмич

Афанасенкомен ұзақ жылдар қатар жүріп те, қос

майдангер қыр өңіріне орныққан совхозды түлетіп,

дәулетін тасытқан.

ІІ топтағы Ұлы Отан соғысы мүгедегі ғұмырының

соңғы он жылында Павлодар қаласында тұрып та,

облыстық әлеуметтік қамту орталығында қызмет

жасаған. Бірақ, соғыс салған жарақаттан майдангер

қызметін жалғастыра алмаған. 66 жасында кәсібиленген

жұмысын тоқтатуға тура келген.

Еңбек және соғыс ардагері Б.Мұстафин 1994 жылы

71-ге қараған шағында өмірден озды. Егер ол тірі

болса, биыл 95 жасқа толар еді. Десек те, оның

артында өмірін жалғастырған өнегелі ұрпағы қалды.

Еркін МУНДУИНОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,

Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы.

Көнекөз қарттарым

Қарияларды құрметтеу, олардың

өсиетінен ғибрат алу мақсатында

ауылымыздағы С.Торайғыров атындағы

жалпы орта білім беру мектебінде

«Көнекөз қарттарым!» атты мерекелік

концерттік бағдарлама өтті.

Шара аясында 5-сынып оқушыларымен сынып

жетекшісі Салтанат Махамбетова және жас маман

Гүлбану Сағатованың ұйымдастырған шарасы көптің

көңілінен шықты.

Шара барысында «Үлкенге құрмет» тақырыбында

өлеңдер оқылып, «Асыл әжем», «Қос бәйтерек»,

«Ана туралы жыр» әндері шырқалды. «Ата мен

немере» тақырыбында сахналық көрінісін қойып,

мың бұралған биші қыздар «Қазақ биін» орындады.

Мерекелік бағдарлама соңында мектеп ұжымы

ата-әжелерге арнап дастарқан жайды. Үлкендер

жағы тілектерін, өткен өмір парақтарын ашып,

жастарға үлгі-өнеге боларлық әңгімелер айтты.

Кеш соңында ауылымыздың ақсақалы Дүйсекеев

Жұман атамыз балаларға батасын берді. Қарттарды

құт-береке деп танысақ, ол жастардың көрегендігі.

Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

Мерекелеріңіз құтты болсын, асыл жандар!

Индира ҚАСЫМОВА,

Торайғыр ауылы, Баянауыл ауданы.

«Хатқоржынды» ақтарған - Алпысбай ХОНЖ.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ҮШТАҒАН 15 қазан, сейсенбі, 2019 жыл 5

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

«Туған жерің - сенің ғана астанаң»

«Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас

болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда

бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта

түлетуіміз керек» деген болатын еліміздің

Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

өз мақаласында. Рухани жаңғырудың негізгі

мазмұны да осыдан бастау алады. Бабалардан

жеткен ізгі қасиеттерді заман талабына

сай жаңғырту арқылы өркениет көшіне

ілесе аламыз.

Елбасы рухани жаңғыру саласындағы

іргелі бағдарламаларды жүзеге асыру үшін

таяу жылдарға арналған міндеттерді де

айқындап берді, соның бірі - «Туған жер»

бағдарламасы. Елбасы өз мақаласында

«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе,

өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни

туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады»

деп айтқан болатын. Міне, туған

жерге деген сүйіспеншілік осылайша елге,

Отанға, мемлекеттілікке деген патриотизмге

ұласады. Расында да, адамның азамат болып

қалыптасуында кіндік қаны тамған жердің,

білім алған мектебінің, өскен, тәлім-тәрбие

алған ортасының орны ерекше екендігі сөзсіз.

Бала кездегі асқақ арман алыстарға жетелесе,

адам биік мақсаттарға қол жеткізсе, онда

да туған жердің үлесі бар. Адам туған жерге

тағзым ету арқылы бала кезге деген, достарына

деген сағынышын басады, ауылының

өткен тарихына, тұлғаларына құрмет көрсетеді

деген сөз.

Мен Павлодар облысы, Май ауданындағы

Жалтыр кеңшарында дүниеге келіп, осы

жерде орта мектепті аяқтадым. Жалтыр

кеңшары Май ауданы бойынша қай жағынан

алсақ та, яғни тұрғындарының саны жағынан

болсын, айналысқан шаруашылығы болсын,

аудандағы алдыңғы қатардағы кеңшардың

бірі болды. Мал шаруашылығы мен егін

шаруашылығы жақсы дамыған кеңшардың

білім беру мен мәдениет саласы да үнемі

ауданның, облыстың үздік нәтижелеріне

айтарлықтай өз үлесін қосқанын бала кезден

білетінбіз. Кеңшар орталығындағы Жалтыр

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық

мақаласы іргелі істерге қозғау салды. Ұлттың қайнар бұлағынан бастау

алатын ұлттық дәстүрлерімізді ардақтауға, тарихи тұлғаларымызды,

қасиетті жерлерімізді қастерлеуге, туған жердің қадір-қасиетін

бағамдауға кеңінен жол ашты.

орта мектебінің түлектерінің кейбірі бүгінгі

күні еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек

етсе, енді бірі өз ауылымыздың өркендеуіне,

дамуына үлес қосып жүр.

Мен мектепті 1983 жылы аяқтадым,

сол жылғы түлектерге – біздің сыныптың

оқушыларына, аудандық басшылық тарапынан

Жалтыр кеңшарында жастар бригадасын

құру туралы ұсыныс жасалды. Әрине,

барлық түлектер сияқты біздің де жоғары оқу

орнына түсіп, өзіміз қалаған мамандықтың

иесі болу деген сияқты алдымызға қойған

үлкен жоспарларымыз, мақсаттарымыз бар

еді. Дегенмен сол кезде жастардың ауыл

шаруашылығында еңбек етуіне байланысты

бастамалар уақыт талабынан да туындаған-ды.

Мектеп түлектерінен жастар бригадасын құру

туралы мәселенің көкейтесті болғанын біздің

сыныптың оқушыларымен қайта-қайта өткізілген

жиналыстардан, әрқайсымызбен жүргізілген

жеке-жеке әңгімеден айқын топшыладық.

Сыныптың старостасы ретінде менің де осы

бригаданы құруға қатысуым жөнінде, тым

болмағанда бір жыл бригаданың қалыптасуына

үлесімді қосуым керек деген түсіндірме

жұмыстары жүргізілді. Сынып жетек-шіміз

марқұм Гүлзапран Бердіғожақызы мінезі

жайлы, сабырлы да зиялы адам еді. Біз ол

кісіні өте жақсы сыйлайтынбыз. Жетекшіміз

де аудан, кеңшар басшылығымен қосылып

бізбен жиі әңгіме жүргізді. Сонымен, қайтақайта

жүргізілген әңгіменің нәтижесінде

сыныбымыздың оқушылары – Мұрат Жәпішев,

Тұрсынбек Қойбақов (марқұм), Гүлнәр Тәжиева,

Қазиза Аязбаева және мен ауылымызда еңбек

етуге шешім қабылдадық. Кейіннен бізге

алдыңғы жылдары бітіріп кеткен түлектер

де қосылып, бірлесіп еңбек еттік. Бригадаға

«Шалқар» деген атты да өзім таңдаған

едім, басшылық та бұл таңдауыма келісті.

Бригада құрылған жылы Жалтыр

кеңшарының директоры Әсет Бүркенұлы

еді, ол кісі біздің сыныбымыздың ауылда қалу

жұмыстарын ұйымдастыруда үлкен еңбек сіңірді.

Біздің бригада құрылғаннан кейін көп уақыт

өтпей кеңшар директоры басқа жұмысқа

ауысып кетті де, оның орнына кеңшар

басшылығына білікті де талапшыл басшы

Қуат Есімханұлы келді. Қуат ағамыздың

шаруашылықтың барлық салаларының

жұмысына талабы өте жоғары болды. Әсіресе

біздің бригаданың жұмысына, жастарға

екі есе артық талап қоятын, күннің қай

уақытында болсын жұмысымызды тексеріп

отыратын еді. Десек те, кеңшар басшысы

тарапынан жастардың қажеттіліктерін дер

кезінде өтеп, ұтымды ұйымдастырудың

арқасында жастар бригадасының жұмысы

қыза түсті. Бригадаға арналып салынған

комплекстің өзі жастардың жұмыс істеуіне

жақсы жағдай жасалғанын көрсететін еді.

Бүкіл Павлодар облысы назарда ұстап

отырған жастар ұжымы болғандықтан, қатал

тәртіп пен талап болуы заңдылық-тұғын.

Жетістіктеріміз болған кездері үнемі көтермелеп,

ал жұмыста кемшілік жіберген уақытта комсорг

ретінде сөз естіп, налыған кездерді бүгінде

қимастықпен еске аламын. Алайда осының

бәрі мен үшін өмірлік сабақ болды. Алғашқы

жылы бригаданы ауылымыздың ардагері Жұбай

Смағұлов ағамыз тәлімгерлік жасаса, кейінгі

жылдары Әскербек Әубәкіров ағай басқарды.

Бұл күндері олар құрметті зейнетке шығып,

балаларының, немерелерінің қызығын көріп

отырған, тамыр жайған әулеттің бір-бір

бәйтерегі.

Екі жылдан кейін (негізі бір жылға ғана

келісімімді берген едім, кейін қызықты өмірді

қимадым ба, әлде сыныптастарымның көңіліне

қарадым ба, әйтеуір тағы бір жыл еңбек еттім),

өзім алдында жоспарлағандай, Алматыға

барып, жоғары оқу орнына түстім. Жоғары

оқу орнын аяқтағаннан бергі өмірім жоғары

білім саласын ғылыммен ұштастырып қызмет

етумен жалғасып келеді. Мектепті бітіре

сала сыныбыммен бірге жастар бригадасын

ұйымдастырып, ауылымның өркендеуіне үлес

қосқан жылдарымды бүгінде сағынышпен

еске аламын. Әрине, бір сыныпта оқыған

балалардың бір ұжым болып жұмыс істеген

кезең өте қызықты еді, қиындығы да болды.

Алайда соның бәрін қазір сағынышпен еске

аламыз. Аудандық, облыстық газеттерде де,

теледидарда да «Шалқар» жастар бригадасы

туралы көп айтатын, басқаларға үлгі

ретінде жиі насихаттайтын. Қалай болғанда

да Жалтыр ауылының сол кездегі жастары

туған жерінің туын биікке көтергені анық.

Ауылым туралы айтқанда, әрқашанда

өзім он жыл білім алған мектебім ойымда

тұрады. Әсіресе білім беріп, тәрбиелеген

ұстаздарымды үлкен толғаныспен, құрметпен

еске аламын және ұстаздарым туралы

мақалаларымда да үнемі жазып жүремін.

Біздің мектепте білім саласының майталмандары,

алдарынан жүздеген шәкірт өткен,

білім, тәрбие алған ұстаздарым – Рахиля

Жұмаханқызы, Нұржамал Мырзабекқызы

(бастауыштағы ұстаздарым), Нәйлә Мәрденқызы,

Нүрсіләм Дүйсенұлы, Гүлзапран

Бердіғожақызы, Көпжасар Сапарұлы, Айман

Әлібайқызы, Қапан Сағымбайқызы, Құсни

Бергенқызы, Күлән Айтқазықызы, Болат

Найманбайұлы, Сейтен Аманжолұлы, Торғай

Қаниқызы (біреулерді ұмытып, атамай

кетсем кешірім сұраймын, мектепті бітіргеніме

36 жыл болыпты ғой) және тағы басқа да

білікті мұғалімдер қызмет жасағанын ерекше

айтқым келеді. Қай жерде жүрсем де, осы

ұстаздардан білім алғанымды мақтаныш

етемін. Менің ұстаздық мамандықты

таңдауыма да бірден-бір себепкер болған

осы аяулы мұғалімдерім екені анық. Мектеп

бітіргенімізге отыз жылдан асса да, аталған

мұғалімдерімнің қайсы қай пәннен сабақ

бергенін және сабақта қандай оқыту әдістерін

пайдаланғанын да, айтқан ақыл-кеңестерін

де ұмытқан емеспін, әрқашан жадымда.

Сырғып жатқан өмірдің ағысымен біраз

уақыт мектебіммен байланыс үзіліп қалған

еді. Жалтыр мектебінің қазіргі директоры

Анар Қайыркенқызы «тарыдай болып кіріп,

таудай болып шыққан» мектебіммен байланысты

қайта жаңғыртуға уақытылы себепкер

бола білді. Айтқым келгені, «Туған жер»

бағдарламасы аясында біз, яғни өзім 10 жыл

білім алған Жалтыр мектебімен бірлесіп бұл

бағыттағы іс-шараларды бірнеше жыл бұрын

бастап та кеттік. Мектеп директоры Анар

Қайыркенқызы Жаныгулова өте креативті де

шебер ұйымдастырушы екендігін ерекше атап

өткім келеді. Сол кісінің бастамасымен бірнеше

жылдан бері мектептің үздік оқушыларына

арналған арнайы стипендия тағайындауға

ұйытқы болдым. Сондай-ақ аталған мектептің

кітапханасына екі жүзге жуық кітап

сыйладым. Мектеп кітапханасында мен

сыйлаған және менің авторлығымдағы

кітаптарға арналған арнайы бұрыш та бар.

Мектептің 50 жылдық мерейтойында да

мектепке қажетті сыйлықтар табысталды,

демек өзім білім алған мектебіммен, туған

ауылыммен байланыс үзілген жоқ, қайта

жаңғырды деп айта аламын.

Ақын Жарасқан Әбдіраштың туған жер

туралы керемет өлеңі бар. Әке мен бала

арасындағы сыр-диалогке құрылған жыр

шумақтары оқырманға туған топырақтың

құдіретін тереңнен ұғындыра түседі. Астанада

тұратын, айбарлы ақын ұлына ауылдан

келген әкесінің төмендегіше әңгіме айтатыны

бар: «Тұрған жерің - елдің астанасы

да, туған жерің - сенің ғана астанаң!»

Яғни әркімнің «туған жері - өзінің астанасы»!

Сол сияқты өз астанам - Жалтырымды,

туған ауылымды, - оның халқын

қашанда асқақ тұтамын.

Шынында да отансүйгіштік сезімнің

кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа,

яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен

басталатыны заңдылық қой. Қорытындылай

келе, «Туған жерге деген сүйіспеншілік

Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық

сезімге ұласады» деп Елбасы Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаевтың айтқанындай, әрбір

адам туған жеріне құрмет көрсету арқылы

туған еліне қызмет көрсететінін уақыт өте

келе терең түсінесің. Бүгінгі туған ауыл

төңірегіндегі бар сырым осы.

Биылғы жылы менің туған ауылым –

Жалтыр кеңшарының құрылғанына 60 жыл

толып отыр. Осы атаулы мерекеде

жерлестерімді шын жүрегіммен құттықтап,

әр отбасына бақыт, шаттық тілеймін.

Еңбектеріңіз жемісті болып, ауылымыздың

абыройы асқақтап, көркейіп, өркендей

берсін.

Перизат СЕЙІТҚАЗЫ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық

университетінің профессоры,

педагогика ғылымдарының докторы.

КӨБЕЙ, ҚАЗАҚ!

Егіздер еселенді

Павлодар облысында демографиялық ахуал

тұрақты дамуда. Әсіресе, егіз сәбилердің туу

көрсеткіші едәуір артқан. Өткен жылы 9 айдың

ішінде өңірде 38 егіз дүниеге келсе, биыл аталған

кезеңде бұл көрсеткіш 63-ке жетіп отыр.

№1 облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары

Ақыл Қапанованың айтуынша, биыл 1-10 қазан күндерінің

аралығында 5 егіз дүниеге келген. Нәрестелердің алтауы ұл

болса, төртеуі – қыз.

- Бөбектердің жағдайы жақсы. Үйге шығарылғандар да бар.

Егіз баланы өмірге әкелген аналар Павлодар, Шарбақты, Успен,

Баянауыл аудандарынан келді. Ең кішкентай баланың салмағы -

2 келі. Соңғы кездері өңірде бала туу көрсеткіші артып келеді, -

дейді А.Қапанова.

Айта кетерлігі, 2019 жылы 9 айдың ішінде перинаталдық

орталықта 2926 бала өмірге келген.

Өз тілшіміз.

ОҚЫС ОҚИҒА

Уланғандардың саны артты

Өткен аптаның ортасында Павлодар

ауылындағы мектепте 6 бала тамақтан

уланғаны туралы хабарлағанбыз.

12 қазандағы жағдай бойынша

оқушылардың саны 22-ге артқан.

Павлодар облыстық тауарлар мен қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің

басшысы Ирина Сорокинаның айтуынша, алғашқы

тәулікте 6 бала зардап шексе, 12 қазанда

уланған оқушылардың саны 22-ге жеткен. Олардың

13-і ауруханаға жатқызылса, қалғаны үйде ем

қабылдауда.

- Уланған балалардың қатарының артуы түсінікті.

Себебі ішек жұқпасының таралу кезеңі бірнеше

сағаттан бастап бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.

13 балада улану, 8 оқушыда ішек инфекциясы

анықталды. Балалар тексерілді, мектептің өзінде

барлық қажетті зертханалық сынама алынды.

Бірақ нәтиже алу үшін уақыт қажет, - деді

И.Сорокина.

Аталмыш мектеп асханасы 10 қазаннан бастап

жұмыс істемейді. Ирина Сорокинаның айтуынша,

Павлодар ауылының №40 орта мектебінің

асханасында бұрын жаппай улану оқиғалары

болмаған. Бұл - қоғамдық тамақтану орнын

жалға алған кәсіпкерден 20 жыл ішінде тіркелген

алғашқы жағдай.

- Асхананы жалға алушы кәсіпкер 2014 жылы

лицензия алды. Кәсіпкер бірнеше жылдан бері

осы асханада жұмыс істейді. Соңғы рет 2017

жылы тексеріс жүргіздік. Екі жыл бойы асхана

санитарлық-эпидемиологиялық аудитте оң көрсеткіштерге

ие болды, - дейді И.Сорокина.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


6 15 қазан, сейсенбі, 2019 жыл

ПАРАСАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

МЕРЕЙ

Кемесі ізгіліктен

жасалған

«Өмір – мұхит, жүзіп өтем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз», -

депті ұлы ғұлама, ойшыл Жүсіп Баласағұн. Қоғам қайраткері,

Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Кеңес Аманұлы Әубәкіровтің

85 жасқа толуына орай қолыма қалам алып, ардақты азамат

жайлы толғанудың реті келгендей. Мақаламның тақырыбын да

Жүсіп ғұламаның әлгі бір жақсы сөзімен астастырып, байланыстыра

отырып алдым. Себебі Кеңес Аманұлы - жан дүниесімен,

еткен еңбегімен, өнегелі өмірімен ізгілік шамын жаққан, ізгілік

туын ұстаған азамат. Сондықтан да ол - өмір мұхитында небір

асау толқындарға төтеп берген атпал азамат. Себебі оның кемесі

ізгілік дейтін қасиеттен жасалған.

Кеңес Аманұлы 1934 жылы Павлодар

облысының Ертіс ауданында Сілеті ауылдық

округінің «Бірлік» ұжымшарында ферма

басқарушысының отбасында дүниеге

к е л д і . 1 9 5 9 ж ы л ы Қ а з а қ м е м л е к е т т і к

ауылшаруашылық институтын бітіріп,

агроном мамандығын алды. Еңбек жолын

Баянауыл ауданында ашылып жатқан бірнеше

шаруашылықты біріктірген Шадыра совхозына

бас агроном болып бастады. Ол

аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы

бастығының орынбасары қызметіне дейін

көтеріліп, жемісті еңбек етеді. Кеңес

Әубәкіров есімі баянауылдықтар үшін өте

ыстық. Себебі оның үлкен өмір жолы,

еңбектегі алғашқы баспалдағы Баянауылда

басталған болатын.

Білікті маман жолдамамен Алматы

жоғарғы партия мектебіне оқуға жіберіледі.

Бірақ, 1970 жылдың соңында Торғай

облысы құрылып, Алматының жоғары

партия мектебін бітіріп жатқан 26 жас

кадр жаңа ашылған облысқа аттанады.

Торғай облысында Кеңес Аманұлы Октябрь

ауданының екінші хатшысы, Жангелді

ауданының партия комитетінің бірінші

хатшысы, Торғай облыстық атқару комитеті

төрағасының орынбасары, облыстық ауыл

шаруашылығы басқармасының бастығы

қызметтерін атқарды. Кеңес Аманұлы

Баянауылда өткен басшылық мектеп

тәжірибесін молынан пайдаланып, сырт

өңірде абыройлы еңбек етеді.

Бұл сөзімізді Қостанай облыстық

«Қостанай таңы» газетінде 2014 жылы

жарияланған «Өмірі - ұрпаққа өнеге»

мақаласында зейнеткер Амангелді Садырбеков

қостайды. Мақалада автор: «Бұл

жерде жаңа басшының іскерлік қабілеті,

білімі, біліктілігі, бай тәжірибесі аудан

экономикасын көтеруге қызмет жасады.

Кеңес Аманұлы осы елде жеті жыл жұмыс

істеп, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсы

жаққа қарай өзгертіп, көп жылдар шешімін

таппай келген көптеген мәселелерді шешті.

Жанкелдин ауданының экономикасын

өркендетіп, облыстағы жері құнарлы, темір

жол бойына жақын орналасқан, қолайлы

жағдайдағы алдыңғы қатардағы аудандармен

иық тірестіретін жағдайға жеткізді», -

деп жазады.

Кеңес Аманұлының бұдан кейінгі өмір

һәм еңбек жолы Жамбыл облысында

өрбіді. 1994 жылы Қазақстан Республикасы

Жоғарғы кеңесінің депутаты болады.

Жамбыл облысында облыс әкімінің орынбасары

қызметін атқарады. Ол жақта

да іргелі істердің басы-қасында жүріп,

табысқа жетеді. Талай жылғы төккен

тері ақталып, 2001 жылы «Түгел-Әубәкір»

фирмасының президенті Кеңес Аманұлы

Жамбыл облысының Құрметті азаматы

атағына ие болады. Мұнымен қоса ол -

Ертіс, Баянауыл және Қостанай облысы

Жангелді аудандарының Құрметті азаматы.

Міне, ел мен жер үшін еткен еңбектің,

төккен тердің өтеуі – халықтың ықыласы,

қауымның ыстық махаббаты мен құрметі.

Бұл - ардақты ел ағасы иеленген бір

ғана марапат. Оның омырауына үш «Еңбек

Қызыл ту», үш «Құрмет белгісі» ордендері,

сегіз медаль тағылды. Кеңес Аманұлы Ресей

федерациясының қоғамдық марапаттау

ұлттық комитетінің бірінші дәрежелі «Ұлы

Петр» орденімен марапатталды. Қазіргі

уақытта ол - республикалық дәрежедегі

дербес зейнеткер.

2006 жылы Кеңес Аманұлы өз қаражатына

Сілеті ауылында бір мезетте тоқсан адам

намаз оқи алатын зәулім мешіт пен асхана

салып берді. Иман нұрымен жылынған

жүрек ізгілік атаулыны бойына жинауға

құштар. Сондықтан ол қолына қалам алып,

қағазбен сырласуды әдетке айналдырды.

Кеңес Аманұлы әр жылдары жарық көрген

«Теңізден терген маржандар», «Елім –

мектебім, халқым – ұстазым», «Аталардың

ақылы - даналардың нақылы» кітаптарының

авторы. Бұл кітаптарда Кеңес Аманұлы

өз өмір жолын, би-шешендердің, тарихи

тұлағалардың, қоғам және мемлекет

қайраткерлерінің бейнелерін, қызмет

атқарған Павлодар, Ақмола, Торғай,

Жамбыл өңірлерінің тарихын еңбегіне

арқау етеді.

Кеңес Аманұлы 1961 жылы «Қазақ

КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері»

Сағила Зәпішқызымен отбасын құрып,

Света, Рүстем, Дастан, Асқар атты төрт

бала тәрбиелеп өсірді. Барлығының жоғары

білім алуына мүмкіндік жасады, шаңырақ

көтертіп, отау тіктірді. Олардан өрбіген

15 немере, жиен, шөбере көріп, мәуелі

бәйтерекке айналды. 2015 жылы облыстық

«Сарыарқа самалы» газетінде «Ұлылық шыңы

– ұстаздық» деген мақаламды жариялаған

болатынмын. Онда менің аяулы қарындасым,

Кенекеңнің Құдай қосқан қосағы Сағила

Әбентегі жайлы жазған. Кеңес Аманұлы

секілді атпал азаматқа өмірлік жар болып,

бағы мен бағасын асырған қарындасымның

шәкірт тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі зор.

Кеңес Аманұлының зор беделі, үлкен

еңбегі елімізге белгілі ақындардың сан

алуан жырларына арқау болды. Ертіс-Баян

өңірінің абыз ақыны, республикамызға еңбек

сіңірген мәдениет қызметкері Мүбәрак

Жаманбалинов:

«Қыранға мақсат – аспандау,

Асқарды биік мекендеп...

Қалаймын биік асқар тау,

Аласармаса екен деп.

Өзіңдей ерлер – асқарым,

Өзіңдейлермен сүйікті ел.

Елімнің ашық аспаны,

Өзіңдейлермен биіктер», - деп шабыттана

жырлаған еді. Сонымен бірге, ардақты азамат

туралы белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы:

«Көрінген келбетінен даналығы,

Әрдайым ел ардақтар саналыны.

Жарасып туған елге тіккен туың,

Жасай бер, жайсаң Кеңес Аманұлы!», -

деп тілек етеді.

Мен де өз мақаламның соңында от

ауызды ақындар тілегіне қосыла отырып,

85 жастың асқарына абыроймен көтерілген

азаматқа ел атынан тек жақсылық, амандық,

денсаулық тілеймін. Кеңес Аманұлының

бойындағы және ойындағы ізгілік амалдары -

келешек ұрпаққа үлкен өнеге мектебі.

Мұхтар ӘБЕНОВ,

еңбек ардагері, Баянауыл

ауданының Құрметті азаматы.

Көмектен

кенде

қалмайды

Елімізде шағын және орта бизнеске жан-жақты

қолдау көрсету мемлекеттік саясаттың басым

бағыты екені белгілі.

Оның ішінде жастарға барынша жағдай жасауға мән

беріледі. Мұндай қолдаудан екібастұздық жастар да кенде

емес. Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл

Екібастұз өңірінде «Бастау» және «Жас кәсіпкер» мемлекеттік

бағдарламалары бойынша 420 азамат білім алған.

27 жастағы кәсіпкер, «Балтабай» ЖК иесі Ғайса Әлібеков -

«Бастау» бағдарламасының қатысушыларының бірі. Оның

шаруа қожалығында 100 бас жылқы, 80 бас ірі қара мал

және 120 ұсақ мал бар. Жас жігіт фермасында төрт адамды

тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бизнесін кеңейту үшін ол

қала әкімінен тағы 1500 гектар жер беруді сұрады.

Жас кәсіпкерлер қала әкіміне тың идеялары мен жаңа жобаларын

таныстырды. Сондай-ақ, жас бизнесмендер шығаратын

өнімдерінің көрмесін де ұйымдастырды. Стартап жобалар

арасында тегін операциялық бағдарламалық қамсыздандыру

идеясы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Қала әкімі Ержан

Иманзайыпов жастардың креативтілігін жоғары бағалап,

жауапты орган қызметкерлеріне жер-жерде іске енді кіріспек

жас кәсіпкерлерге жан-жақты көмектесуді тапсырды. Қала

әкімі ретінде барлық мүмкіндіктермен жәрдемдесуге әзір

екенін атап өтті. Яғни, ғимарат қажет болса, ол жағы да

қарастырылатынын, еліміздегі несиелеу тетіктерімен де көмек

көрсетіледі. Бастысы ниет болса болғаны, деді.

Г.МАҒЖАН, Екібастұз қаласы.

Павлодар қаласы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

2019 жылғы 14 қазанында №6575 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы

25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін

басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)»

Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының

2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5)

тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының

2009 жылғы 14 сәуірдегі «Жер үсті көздерінің

су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны

есептеу әдістемесін бекіту туралы» №223 бұйрығына

сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ

ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының

Р/с


Павлодар облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ

(VІ сайланған ХХХIV сессиясы)

№380/34

2019 жылғы 27 қыркүйегі

Павлодар облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны

үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны

үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

бекітілсін.

2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық

мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау

мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі.

Сессия төрағасы Е.АРЫНОВ.

Облыстық мәслихаттың хатшысы

Б.БЕКСЕЙІТОВА.

Павлодар облыстық мәслихатының

2019 жылғы 27 қыркүйектегі

№380/34 шешімімен бекітілген

Павлодар облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін

2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Арнайы су пайдалану түрлері Өлшем бірлігі Төлемақы

мөлшерлемелері, теңге

1 2 3 4

1 Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер 1000 текше метр 128,46

2 Өнеркәсіп, жылу энергетикасын есептегенде 1000 текше метр 738,16

3 Ауыл шаруашылығы 1000 текше метр 207,99

4 Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған 1000 текше метр 207,99

шаруашылықтары

5 Су көліктері 1000 тонна шақырым 28,54


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЖАРНАМА 15 қазан, сейcенбі, 2019 жыл 7

ОҚЫС ОҚИҒА

Өзіне қол

жұмсады ма?

Павлодарда қылмыстық

топтың құрамында болған

жігіттің өліміне қатысты тергеу

жүргізілуде. Ер адамның

денесі облыс орталығындағы

колониялардың бірінде

табылған.

Аталмыш фактіні ҚР Ішкі істер министрлігі

қылмыстық атқару жүйесінің Комитеті де

растады. Олардың мәліметінше, АП 162/1 түзеу

мекемесінде тергеу барысында құрықталған ер

адамның мәйіті анықталған. Ілмекпен мойнын

ораған жігіт оқиға орнында көз жұмған.

Тексеру кезінде оның денесінен күдік тудыратын

жарақат іздері табылмаған. Бақилық

болған азамат артына хат қалдырып, өзіне

қатысты қылмыстық істің шешіміне шағым

білдірген. Аталмыш факті бойынша сотқа

дейінгі тергеу жүргізілуде.

Павлодар облыстық экономикалық тергеу

департаментінің мәліметіне сүйенсек, қаза

б о л ғ а н ж і г і т қ ы л м ы с т ы қ т о п т ы ң б а с ы н д а ғ ы

5 адамның бірі болған. Ол ағымдағы жылдың

жаз мезгілінде қолға түскен. Қылмыстық топ

алаяқтық әрекетпен айналысып, жалған фирма

құрып, бухгалтерлік құжаттарды шығарған.

Осылайша қылмыстық істі 2015 жылдан

бастап жүргізіп келген. Сол уақыттан бері

аталмыш топ заңсыз түрде 20-дан астам

жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашқан.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында

3 0 а д а м б о л ғ а н . З а ң с ы з ж о л м е н к е л г е н

4,1 млрд. теңге көлеміндегі қаражатты

сол жалған кәсіпорындардың есепшоттары

арқылы шешіп алған. Әккі топтың заңсыз

әрекеттері салдарынан мемлекетке 5 млрд.

теңге көлемінде салық төленбеген. Екі күдікті

ағымдағы жылдың тамыз айында қолға түскен.

Офистерінен 20 миллион теңге көлеміндегі

қаржы, 10-нан астам мөр, заңды тұлғалардың

электронды сандық қолтаңбалары, бухгалтерлік

құжаттар тәркіленген. Изоляторда қайтыс

болған жігіттің жазасын өтеп жатқанына бір

айға жуық уақыт болыпты. Оған 7 жылдан

12 жылға дейін жаза белгіленуі мүмкін еді.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

«Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ

Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы

білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты

қамту және балалардың дарындылығын дамыту

орталығы» МҚКК (Жеңіс алаңы, 13, телефон:

32-23-43, э/пошта: czdt2008@mail.ru) басшысының

бос лауазымына ашық конкурс жариялайды.

Лауа зым дық ай лықақ ы мөлшері 94 60 8 теңгеден

102 978 теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеттері:

Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарын

ұйымның Жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық

актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі,

дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы

әлеуметтік, қосымша білім беретін, коммуникативті

қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің

жұмысы мен өзара әрекетін ұйымдастырады.

Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты

болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды

дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын

әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру

сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру

процесі кезінде ұйымның білім алушыларының және

қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына

қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің

жұмысын басқарады.

Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс

және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша

білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты

кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи

ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады

және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды,

балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қаржышаруашылық

қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім

алушылар контингентін қалыптастырады. Педагогикалық

қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктер жұмысын

үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдар,

оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Есепті, оқу-материалдық базаларды сақтауды

және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим,

еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын

сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар

мен қосалқы персоналдарды іріктеу және орналастыруды

жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін

арттыру үшін жағдай жасайды.

Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім

алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастырушы

тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындау

және қажетті ұсынысты қамтамасыз етеді. Барлық

органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан

Республикасы заңнамаларында тыйым салынбаған

өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

«Павлодар қаласы құрылыс бөлімі»

ММ «Павлодар қаласы, Жетекші

ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы»

жұмыс жобасын іске асыру кезінде

ҚОӘБ бөлімі бойынша ашық жиналыс

формасында қоғамдық тыңдаулардың

өткізілуі туралы хабарлайды.

Өткізу күні мен орны: 2019 жылғы 12

қараша, сағат 10.00-де Павлодар қаласы,

Павлодар ауылы, М.Әуезов көшесі, 15-үй

(ауыл әкімдігі).

Қағаз түрінде мына мекенжай бойынша

танысуға болады: Павлодар қ., Жеңіс

алаңы, 5/1, байланыс телефоны 32-93-

79, temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz

Аталған жобаның электронды түрімен

www.tabigatpv.gov.kz сайтында танысуға

болады.

Ескертулер және ұсыныстар келесі

мекенжайда қабылданады: «Павлодар

Моспроект» ЖШС Павлодар қаласы,

Мир көшесі, 52/2 үй, e-mail: pmp_pvl@

mail.ru.

Жобаға тапсырыс беруші: «Павлодар

қаласының құрылыс бөлімі» ММ тел.:

8(7182) 21-01-20. Материалдарды

әзірлеуші – «Павлодар Моспрект» ЖШС,

Павлодар қаласы, Мир көшесі, 52/2

үй, e-mail: pmp_pvl@mail.ru.

Экологиялық сараптаманы жүргізу

бойынша орган – мемлекеттік сараптама.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)

педагогикалық білім;

- педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның

ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде

бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық

жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы

жұмыс өтілі талап етілмейді;

- бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және

(немесе) «педагог-модератор», «педагог-сарапшы»,

«педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» санатының

болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық

және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру,

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі

білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің

қызметкерлерін қоспағанда).

Білуі тиіс: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан

Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы

23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек

кодексін, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан

Республикасының Бюджет кодексін, «Неке (ерлізайыптылық)

және отбасы туралы» 2011 жылғы

26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының

Кодексін, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі

Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы

18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын,

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы

4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын,

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы

24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, «Діни

қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы

11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын,

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналықпедагогикалық

түзеу арқылы қолдау туралы» 2002

жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының

Заңын.

К о н к у р с Қ Р Б Ғ М 2 0 1 2 ж ы л ғ ы 2 1 а қ п а н д а ғ ы

№57 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын

конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта

білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын

және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын

іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының

басшысы лауазымына конкурстық тағайындау

қағидаларын бекіту туралы» (өзгерістер енгізілген

28.09.2018 ж. №510) және ҚР БҒМ 2009 жылғы

13 шілдедегі №338 (өзгерістер енгізілген 12.07.2018ж.

№301) бұйрықтары негізінде өткізіледі.

Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық

кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды

келісу;

Құрметті оқырмандар!

Қоғамдық–саяси, ақпаратты-жарнамалық «Звезда Прииртышья»

газетіне 2020 жылға жазылу басталды!

Жазылу мерзімі

6 ай

(аптасына үш нөмір)

12 ай (аптасына үш

нөмір)

12 ай (бейсенбілік

нөмір)

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі арқылы жазылу

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы жазылу

Индексі 55440 Павлодар қ.

қала

ауыл

6 657,10

теңге

13 314,20

теңге

6 988,20

теңге

13 976,40

теңге

Индексі 25440

қала

ауыл

4 040,70

теңге

«Павлодар қаласы құрылыс бөлімі» ММ

«Сарыарқа» шағын ауданында 19 тұрғын үй

салу. 9 қабатты №26, 28, 32, 33, 34, 35, 36,

37, 38, 39 тұрғын үйлерді салу» жұмыс жобасын

іске асыру кезінде ҚОӘБ бөлімі бойынша ашық

жиналыс формасында қоғамдық тыңдаулардың

өткізілуі туралы хабарлайды.

Өткізу күні мен орны: 2019 жылғы 12 қараша,

сағат 15.00-де Павлодар қаласы, Кривенко көшесі,

25-үй, 604-каб.

Қағаз түрінде мына мекенжай бойынша

танысуға болады: Павлодар қ., Жеңіс алаңы

5/1, байланыс телефоны: 32-93-79, temirgalina.

aliya@pavlodar.gov.kz

Аталған жобаның электронды түрімен

www.tabigatpv.gov.kz сайтында танысуға болады.

Ескертулер және ұсыныстар келесі мекенжайда

қабылданады: «ГидроЭнергоСервис» ЖШС

Павлодар қаласы, Киров көшесі, 108-үй, тел.

8(7182) 644889, e-mail: mega.ges@mail.ru.

Жобаға тапсырыс беруші: «Павлодар қаласының

құрылыс бөлімі» ММ тел.: 8(7182) 21-01-20.

Материалдарды әзірлеуші – «ГидроЭнергоСервис»

ЖШС Павлодар қаласы, Киров

көшесі, 108-үй, тел. 8(7182) 644889 e-mail:

mega.ges@mail.ru.

Экологиялық сараптаманы жүргізу бойынша

орган – мемлекеттік сараптама.

4 251,40

теңге

6 650

теңге

13 300 Теңге

4 035 теңге

Редакцияда

ресімдеу

және алумен

жазылу

Павлодар қ.

5 556 теңге

11 112

теңге

3 144 теңге

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен кез келген

пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50

(тел.32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі,

142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.61-63-18) жазыла аласыз.

Одан басқа, баламалы жазылу арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей

редакциядан алуға болады.

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға 50 данадан артық

жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз

тел. 8 (718 2) 66-15-41.

3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды,

астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен

кандидаттарды келісу;

4) білім беруді басқару органының конкурстық

комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1. білім беруді басқару органы басшысының атына

тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс

телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2. жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3. білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың

көшірмесі;

4. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ

және фото;

6. ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете

отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7. біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы

құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы

медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республ икасы Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы

№907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді

мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген)

бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы

анықтама;

9. соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10. тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған

жағдайда);

11. мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың

перспективалық жоспары.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару

органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін

арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық

тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды

ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың

көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе

білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан

куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Аталған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса,

кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын

қабылдаудан бас тартылады.

Комиссия үш жұмыс күні ішінде: біліктілік талаптарына

сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат

ретінде бекіту, әңгімелесу өтетін күні, уақыты және

орны туралы хабардар етеді.

Конкурса қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық

ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған

сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Құжаттар мына мекенжайға ұсынылады: Павлодар

қ., Кривенко көшесі, 25, 416-кабинет, телефон: 32-18-77.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12439 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2054

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8

15 қазан, сейсенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

МЕРЕЙ

Алпысбай ХОНЖ

Тілеуберді САХАБА

Аймақтың асыл абызы

С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапханада

Қазақстан Жазушылар

одағының және Қазақстан

Журналистер одағының

мүшесі, Баянауыл ауданының

Құрметті азаматы,

ақын, ардагер ұстаз

Зекебай Солтанбаевтың

шығармашылық кеші өтті.

Салтанатты шара барысында кеш иесінің

айтулы ғұлама, әулие, философ, ақын Мәшһүр

Жүсіп Көпеев туралы жазған 5 томдық

кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Әдеби

шараға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту

және архив ісі басқармасының басшысы

Ернұр Дәуенов, республикалық «Жұлдыз»

журналының бас редакторы, халықаралық

«Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар

одағының Павлодар облыстық филиалының

директоры, халықаралық «Алаш» әдеби

сыйлығының иегері Арман Қани, сондай-ақ

басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

Әдеби шара барысында аталған

басқарма басшысы Ернұр Дәуенов абыз

ақсақалға ұзақ ғұмыр тілеп, облыс әкімі

Болат Бақауовтың арнайы құттықтау хатын

тапсырды. Кеш иесінің иығына шапан жауып,

құрмет көрсетті.

Ақынның қаламынан бұған дейін «Жыр

жиһазы», Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы

«Жалынды демократ» атты кітабы дүниеге

келген еді. Ал бүгін Мәшһүр Жүсіп Көпеев

туралы «Мәшһүр», «Жүсіп», «Көпеев», «Ғұлама»,

«Адам» атты бес кітабы оқырман назарына

ұсынылды. Елге белгілі ақын, «Абай»

сыйлығының иегері Ғ.Жайлыбай ардагер

ұстаздың қаламгерлік қырына тоқталып

өтті.

- Мен Баянауыл топырағынан шыққан

ұлы перзенттердің рухына бас иемін. Осы

өңірдің тумасы Жаяу Мұсаға арнаған «Ақсиса»

атты поэма жаздым. Осыдан бірнеше жыл

С.Торайғыров атындағы

ПМУ-де жергілікті жоғары

оқу орындары мен

колледж студенттері латын

әліпбиі бойынша диктант

жазды. Диктант тақырыбы –

«Абай Құнанбайұлы».

Шараны облыстық мәдениет, тілдерді

дамыту және архив ісі басқармасы мен

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік

университеті бірлесіп ұйымдастырған.

Диктант мәтінін осы оқу орнының «Филология

және журналистика» кафедрасының

оқытушысы, филология ғылымдарының

кандидаты Баян Қожахметова оқыды.

Студенттердің жазғанын тексеріп, қорытынды

шығаратын қазылар алқасының төрағасы,

филология ғылымдарының докторы Айман

Зейнулинаның сөзінше, латынша диктант

жазу ПМУ-де бұған дейін де бірнеше рет

ұйымдастырылған.

- Латын қарпін меңгеру – бүгінгі заманның

талабы. Сондықтан, жаңа әліпбидің Үкімет

бекіткен соңғы нұсқасы бойынша оқу, жазуды

жастарға үйрете беруіміз керек. Қазіргі

күні біз студенттер арасында «Латынша

жазайық» акцияларын жиі ұйымдастырып

тұрамыз. Екінші бір мәселе, алдымен осыны

оқытатын мұғалімдерді дайындау. Біздің

кафедраның үш оқытушысы жақында

бұрын қазақтың белгілі қаламгері Жұмабай

Шаштайұлымен бірге Баянауылға жол түсті.

Сол сапарда Зекебай Солтанбайұлын алғаш

рет көрдім. Ағамызбен жөн сұраса келе

шығармаларымен де таныса бастадым.

Әсіресе, З.Солтанбайұлының Мәшһүр Жүсіп

туралы еңбектері ерекше назарымды

аударды. Мәшһүр Жүсіп - қазақтың кесек

тұлғаларының бірі. Әулие туралы кітап жазу

былай тұрсын, оның еңбектерін түсініп оқу

үшін де үлкен дайындық керек. Ал Зекебай

ағамыздың ғұламаға арналған 5 томдық

эпопеясы - қазақ әдебиетінің олжасы, -

деді Ғалым Жайлыбай.

Зекебай Солтанбайұлы Баянауылдағы

Егіндібұлақ орта мектебін ұзақ жылдар

бойы басқарды. Жаңашыл басшы аудан

бойынша оқушыларды политехникалық

еңбекке баулу ісін бірінші болып қолға

алды. Осынау білім ошағында оқып шыққан

Әди Әлкебаев, Төлеутай Молдабеков, Баян

Тілеубаев, Жұмажан Пәруов, Әнуарбек

Кісентаев, Жексенбай Әбсалимов сияқты

шәкірттері облыс, республика көлемінде

жауапты лауазымды қызметтер атқарып, ұстаз

сенімін ақтай білді. Сондай-ақ, Егіндібұлақ

мектебінің түлектері - Асығат Тұрғанбеков,

Таңат Ахатов сынды Зекебай Солтанбаевтың

шәкірттері әдебиетші, ақын болса, Үсен

Жұмагелдин - сәулетші, қолөнер шебері,

Сәрсенбай Садығазин өнер адамы атанды.

Егіндібұлақ мектебінен Зекебай Солтанбайұлы

басшылық еткен жылдары жеті бірдей Қазақ

КСР халық ағарту ісінің үздіктері шықты.

Бойындағы асыл қасиеттерімен көпке үлгі

бола білген ақсақал бүгінде ел арасында

ерекше сый-құрметке ие. Тоқсанға жасы

таяған шағында Зекебай Солтанбайұлы

өңіріміздің бетке ұстар ақылшы абызы, ел

тұтқасына айналды. Ұлағатты ұстаз, ардагер,

Қазақстан Республикасы ағарту ісінің үздік

қызметкері, Ы.Алтынсарин медалінің иегері

З.Солтанбаевтың жүріп келе жатқан жолы

жас ұрпаққа өнеге.

Зекебай Солтанбаев өзінің ұстаздық еңбек

жолын өнермен, әдебиетпен өзектес өре

білді. Зекебай ағаның сазгерлік қыры да

көпке мәлім. Сазгердің «Егіндібұлақ вальсі»,

«Баян гүлдері», «Әкеме», «Бауырыма», «Баян

деген...» сынды жүрек тебірентерлік сазды

әндері жұртшылық сүйіп тыңдайтын әуенге

айналды. Кеш барысында ақынның әні мен

сөзіне жазылған шығармаларды жергілікті

өнерпаздар нақышына келтіре орындап,

көпшіліктің көңілін серпілтіп тастады.

Әдеби-рухани шара соңында Зекебай

Солтанбайұлы көпшілік қауымға ақ көңілден

алғысын білдіріп, жас ұстаздарға білімді,

білікті, адал ұрпақ тәрбиелеу туралы өсиет

айтты.

Сондай-ақ кешке жиналғандар ардагердің

кітаптары мен мерзімді басылымдарға

жарияланған дүниелерінен жасақталған

көрмені тамашалады.

Латын қарпін меңгеру –

заман талабы

Нұр-Сұлтан қаласындағы А.Байтұрсынов

атындағы тіл білімі институтында арнайы

курстан өтіп, сертификат алып келді, -

дейді Айман Файзуллақызы.

Жалпы, осы жолғы диктантқа бірінші

рет қатысқан студенттер де болды. Кейбір

жастардың айтуынша, латын графикасының

бұл нұсқасын меңгеруге ешқандай кедергі

жоқ.

- Латын графикасы бойынша диктант

жазуға бұған дейін де бірнеше рет

қатысқанмын. Басында қиындықтар болды.

Дегенмен, меңгеруге ниеті барлар үшін

үйренуге тұрарлық. Ол үшін бір мәтінді

бірнеше рет қайталап жазу қажет. Міне,

сонда бірден есте сақталады екен, - дейді

Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің

студенті Айнұр Темірова.

Жақында осы диктанттың қорытындысы

анықталып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен

марапатталатын болады. Облыстық мәдениет,

тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

басшысының орынбасары Сәуле Османованың

сөзінше, өткен жылғы республика деңгейінде

өткен ашық диктантқа біздің облыстан

80 мыңнан астам адам қатысқан. Демек,

қазақстандықтардың жаңа әліпбиді оқуды

және жазуды меңгеруге деген құлшыныстары

жоғары. Мұндай шаралар алдағы уақытта

да көптеп ұйымдастырылатын болады.

СПОРТ ТЫНЫСЫ

Үстел теннисінен

сынға түсті

Қазақстандағы

Кәсіподақтар күніне

орай Ақсу қаласында

мемлекеттік қызметшілер

арасында үстел теннисінен

қалалық турнир

ұйымдастырылды.

Сайысқа барлығы 50-ге жуық спортшы

қатысып, бақ сынасты. Шараны облыстық

кәсіподақ ұйымы мен Ақсу қалалық

спорт бөлімі бірлесіп өткізді. Жарысқа

қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай

4 топқа бөлініп өнер көрсетті.

18-29 жас ерекшелігінде сынға түскен

ерлер арасында Айдар Рашитов, ал

әйелдер арасында Арай Төкенова жеңіске

жетті. Ал 30-39 жас ерекшелігінде (ерлер

арасында) Ербол Түсіпбаев, (әйелдер

арасында) Әлия Баженова чемпион атанды.

Сондай-ақ 40-49 жас аралығында өнер

көрсеткен спортшылардан (ерлер арасында)

Нұрболат Нарханов, (әйелдер арасында)

А й г ү л Б а л т а б а е в а ү з д і к ш ы қ т ы . А л

50 және одан жоғары жастағы үміткерлер

арасында өткен бәсекеде (ерлер

арасында) Нұрлан Ибраевтың, (әйелдер

арасында) Гүлнар Құстаулетованың бағы

жанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы

кубок, медальдар, Алғыс хаттар және

ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Азияға барады!

Павлодарлық спортшы

Рената Сұлтанова 15-22

қазан күндері Оңтүстік

Кореяның Сеул қаласында

өтетін тректегі велоспорттан

Азия чемпионатына

қатысады.

Жағымды жаңалықты ҚР Ұлттық

Олимпиадалық комитетінің баспасөз

қызметі мәлімдеді. Жарияланған ақпаратқа

сүйенсек, аталған құрлықтық додаға

еліміздің атынан барлығы 7 спортшы

қатысады. Олар: Артем Захаров,

Роман Василенков, Әлішер Жұмахан,

Павел Воржев, Жанерке Санақбаева,

Анастасия Шаповалова және Рената

Сұлтанова.

Биылғы жылы жерлесіміз Рената

Сұлтанова бірнеше ауқымды жарыстарға

қатысып, сәтті өнер көрсетті. Мәселен,

ол осы жылы Щучинск қаласында өткен

ҚР V спартакиадасында 25 шақырымдық

қашықтықта бақ сынап, 40:01 минут

уақыт көрсеткішімен 3-орынды еншіледі.

Сондай-ақ маусым айында Ресейдің

Санкт-Петербург қаласында өткен жарыста

да жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

Оралдағы олжа

Ақсу қаласының тұрғыны,

әуесқой марафоншы

Нұрлан Қасенов Батыс

Қазақстан облысы

Орал қаласында

өткен республикалық

«Ақжайық» марафонынан

жүлдемен оралды.

Әуесқой спортшы 60 жастан жоғары

марафоншылар арасында сынға түсіп,

21 шақырымдық жарысты екінші болып

аяқтады. Бұл додаға барлығы 60 жастан

асқан 172 спортшы қатысты. Спорттық

сайыста еліміздің әр өңірінен келген

желаяқтармен қатар көршілес Ресейдің

де марафоншылары бақ сынады.

Спортты жанына серік еткен Н.Қасенов

облыстық, республикалық жарыстардан

қалыс қалған емес. Бүгінде 65 жасқа

келген спортшы алдағы жылы сәуір

айында Алматыда өтетін 42 шақырымдық

толық марафонға қатысуды жоспарлауда.

А.ӘБДІЛҰЛЫ.

More magazines by this user
Similar magazines