19 қазан, 2019 жыл №120 (15440)

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

19 қазан, сенбі

2019 жыл

№120 (15440)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

ИНВЕСТИЦИЯ

Айрықша жобалар

жүзеге асады

Нақпа-нақ

Индустрия 4.0:

2022 жылға

дейін еліміз

бойынша

90

кәсіпорында

цифрлық жобалар

енгізіледі

БЮДЖЕТ

Әлеуметтік

салаға -

қосымша

қаржы

Суретті түсірген – Владимир Бугаев.

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы әлемдік мамандандырылған

fDi (ForeignDirectInvestment) журналының нұсқасы бойынша төрт номинацияда

үздік деп танылды. Яғни, павлодарлық арнайы аймақ «Алюминий

кластерінің ең тартымды аймағы», «Қарқынды дамушы аймақ», «Жаңа инвестициялар»

аталымдарында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, «2019 жылдың

үздік ресурстық-шикізаттық базасы» мәртебесін тағы да дәлелдеп, иеленді.

Сенімді серігіңізден көз жазбаңыз!

Қоғамдық–саяси, ақпаратты-жарнамалық «Saryarqa samaly» газетіне

2020 жылға жазылу басталды!

Жазылу мерзімі

«Қазпошта» АҚ–ның «Alash Press» ЖШС– Редакцияда

бөлімшесі арқылы жазылу нің бөлімшелері ресімдеу және

арқылы жазылу алумен жазылу

Индексі 55441 Павлодар қ. Павлодар қ.

қала ауыл

6 ай (аптасына үш нөмір) 6 657,10 теңге 6 988,20 теңге 6 650 теңге 5 556 теңге

12 ай (аптасына үш 13 314,20 теңге 13 976,40 13 300 теңге 11 112 теңге

нөмір)

теңге

Индексі 55442

3 144 теңге

қала ауыл

12 ай (бейсенбілік нөмір) 4 040,70 теңге 4 251,40 теңге 4 035 теңге

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен кез келген пошта

бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел.: 32-40-

37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы

бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.: 61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы

жазылу арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады.

Жалғасы 4-бетте

БАСПАСӨЗ-2020

Мекемелер мен ұйымдардың

назарына! Біздің кез келген басылымға

50 данадан артық жазылған

жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен

ұжымдық баламалы жазылуды

ұсынамыз. Тел.: 8 (718 2) 66-15-41.

ҚР Парламенті Сенатының

жалпы отырысында «2019-2021

жылдарға арналған республикалық

бюджет туралы»

ҚР Заңына өзгерістер енгізу

туралы» Заңы қабылданды.

Заң жобасы бойынша 2019 жылға

арналған елдің әлеуметтік-экономикалық

даму болжамының көрсеткіштері сақталған.

Республикалық бюджеттің түсімдері

94,9 млрд. теңгеге ұлғайтылды.

Атап өтерлігі, әлеуметтік саладағы

шұғыл қаржыландыру мәселелерін шешу

мақсатында әлеуметтік блоктың шығыстары

6,7 млрд. теңгеге өскен. Шығыстарды

қайта бөлуді ескере отырып, қосымша

қаражат атаулы әлеуметтік көмекті

төлеуге, медициналық көмек көрсетуге

және денсаулық сақтау нысандарының

құрылысын жалғастыруға бағытталды.

Сонымен қатар, нақты сектордың

шығыстары 15,6 млрд. теңгеге көбейді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

ұсынған қаражатты қайта бөлуді ескере

отырып, өнеркәсіпті қолдауға, «Қазақстан

тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына

тұрғын үй қарыздарын беруге

қосымша шығыстар көзделді.

- Заң жобасын дайындау кезінде

жекелеген мемлекеттік органдарды

қайта ұйымдастыру ескеріле отырып,

шығыстарды түзету қамтылған. Мұнымен

қоса, азаматтық қызметшілердің

еңбекақысын арттыруға, жылу энергетикасы

мен көлік инфрақұрылымын

дамытуға, «Нұрлы жер» бағдарламасы

шеңберінде тұрғын үй және инженерліккоммуникациялық

инфрақұрылым салуға

нақты қажеттілігін ескере отырып, өңірлер

арасында қаражат қайта бөлінеді, -

деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші

орынбасары - Қаржы министрі Әлихан

Смайылов.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2

19 қазан, сенбі, 2019 жыл АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Бөле-жараБ

Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір аптаның

аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер балапанды

апта сайын санайды. Осы жеті күнде жер бетіндегі

тіршіліктен көңілге оғаш, көзге ерекше көрінгені

жетерлік. Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде,

дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә болған,

бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?

Көмір жеткізуде

кедергі бар

Қазақстан мен Ресей арасында көмірге қатысты

дау туындап отыр. Еуразиялық экономикалық комиссия

Қазақстан көмірін Украинаға жеткізуде Ресей кедергі

келтірген дейді. Салдарынан ай сайын біздің ел

шамамен 11 миллион доллар жоғалтып келеді.

Украинаға экспорттың шектелуі Ресейдің ішкі

нарығындағы тауардың көбеюіне әкеп соғып, ресейлік

тұтынушылар Қазақстаннан келген көмірден бас тарта

бастаған. Сонымен қатар шикізат бағасы айтарлықтай

төмендеген. Енді қазақстандық көмір өндірушілер

қосымша нарықтар іздеуге мәжбүр. Rueconomics.ru

ақпарынша, 1 шілдеден бастап Украинаға көмір

экспорты мен өзге де мұнай өнімдерін жеткізу РФ

Экономикалық даму министрлігінің рұқсатымен ғана

жүзеге асырылады. Аталған шектеулер ресми түрде

транзиттік жүктерге қолданылмайды, бірақ іс жүзінде

Мәскеу осы транзакциялар көлемін белгілейді. Мәскеу

мұны мойындайды, бірақ Қазақстан мақұлданған лимит

көлемінен еш аспағанын алға тартады. «Коммерсант»

басылымының хабарлауынша, Қазақстанның

Ресеймен арасындағы дауға біздің кәсіпкерлердің

ай сайын 11 миллион доллардан айрылуы себеп

болып отыр. Қазақстан тарапы аталған мәселені

Еуразиялық үкіметаралық комиссиясында қарап,

бірқатар ұсыныстар енгізуге күш салуда.

Тәжіктерге

виза бермеді

Оңтүстік Корея биыл қарашада Чхонджуда өтетін

әлем чемпионатына қатысуы тиіс тәжік самбошыларына

виза беруден бас тартты. Біріншілік иелері тәжік

әріптестеріне 2016 жылы Кореяға келген тәжіктің

төрт палуаны отанына қайтпай қалғанын, тағы да

қайталанбас үшін Оңтүстік Корея билігі бұл жолы

тәжік спортшыларына виза бермегенін хабарлаған.

Самбодан Тәжікстан құрамасының бас жаттықтырушысы

Носир Базаров осыдан үш жыл бұрын

Оңтүстік Кореяға жарысқа барған тәжік спортшылары

қайтпай қалғанын растап отыр. Соңғы

жылдары Тәжікстан азаматтары Оңтүстік Корея

мен Тәжікстан арасында еңбек миграциясы туралы

келісім жоқтығына қарамастан, түрлі жолдармен

Оңтүстік Кореяға кетуге тырысатыны байқалған.

Кейбірі онда Ресей паспортымен барып жүрген.

Тәжік мигранттары бұл елде заңды бұзбаған адамды

полиция мазаламайтынын айтады. «Ресейден гөрі

Кореяда жұмыс та көп, жалақы да жоғары», - дейді

Кореядағы тәжік мигранттары.

Жалпы соңғы жылдары Оңтүстік Кореяға

посткеңестік республикалардан жұмыс іздеп

баратын еңбек мигранттары көбейген. ҚР Сыртқы

істер министрлігінің дерегіне қарағанда, заңсыз

жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарының саны

10 мыңнан асады.

Сириядан

қайтаруға үмітті

Сириядағы лагерьлер мен түрмелерде шамамен

500 қырғыз азаматы отыр. Оларды еліне қайтару

бойынша келіссөз жүріп жатқан көрінеді. Бұған дейін

Қырғызстан билігі Сириядағы қырғыз азаматтарымен

кездесу үшін халықаралық ұйымдар мен Түркиядағы

Қырғызстан елшілігінің көмегіне жүгінген. Үкіметте

вице-премьер Жениш Разаковтің жетекшілік етуімен

қырғыздарды еліне қайтару бойынша жұмыс тобы

құрылды. Разаков Ирактағы қақтығыс аймақтарында

78 қырғыз баласы қалғанын айтқан. Олардың аналары

қамауда отыр.

Ресми дерек бойынша, 2013-2014 жылдары

Сирия мен Ирактағы қақтығыс ошақтарына шамамен

800 қырғыз азаматы кеткен. Олардың 150-і - әйел.

Шамамен 200 азамат соғыста қаза тапқан.

Бұған дейін Қазақстан, Тәжікстан, Грузия, Қырғызстан,

Өзбекстан Ирак пен Сирияға соғысқа кеткен азаматтарын

қақтығыс ошақтарынан эвакуациялаған. Биыл

еліміз «Жусан» операциясы барысында Сириядан

595 адамды жеткізген.

Апта оқиғаларын бөле-жара сөз еткен -

Апта оқиғаларын бөле-жара сөз еткен -

Мұрат АЯҒАНОВ.

Мұрат АЯҒАНОВ.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Негізі, әр аудан-қалада шағын

индустриялық аймақтар ашу - арнайы

меморандум мақсаттарының бірі.

Облыс әкімінің орынбасары Арыстан

Қабыкеновтің айтуынша, Екібастұздағы

пилоттық жобаға 20 кәсіпорын таңдалып

алынған. Ғимарат та белгіленіпті.

Жалпы, облыс бойынша шағын аймақтарға

қатысатын 42 объекті таңдалған.

Алғашқысы кеншілер шаһарында іске

қосылса, одан кейін басқа ауданқалаларда

мұндай аймақтар ашылмақ.

Негізгі индикаторларға тоқталған

облыстық экономика және бюджетті

жоспарлау басқармасының басшысы

Мақсат Тұрлыбаевтың мәлімдеуінше,

аймағымызда оң қарқын байқалады.

Өнеркәсіптік өндіріс өсімі 100,8 пайызды,

ауыл шаруашылығы 101,3 пайызды

құрады. Ал өнеркәсіп өндірісі бойынша

электр энергиясын шығару көрсеткіші

кеміген.

- Өнеркәсіп – экономиканың басты

секторы. Индустриялық-инновациялық

даму басқармасының жұмысы сылбыр.

Талдау жасамайды. Егер жүйелі жұмыс

жүргізілсе, жағдай оң болар еді. Өнеркәсіп

қарқыны 102 пайыздан түспеуі тиіс,

- деді облыс әкімі Болат Бақауов.

Ақтоғай, Павлодар, Ертіс, Май,

Железин аудандары мен Екібастұз

қаласында өнеркәсіптік көрсеткіш

былтырғыдан төмен болып отыр.

Әкімдер жыл соңына дейін оң нәтиже

байқалатынына уәде берді. Тек Ертіс

ауданының басшылығы 100 пайызға

шығу қиын болатынын жасырмады.

Бірқатар тәуекелдерге қарамастан,

құрылыс жұмыстарының нақты көлем

индексі тоғыз айда орындалып отыр.

Бүгінде 161,7 мың шаршы метр үй

қолданысқа енгізілген. Үкімет басшысымен

жасасқан меморандумға сәйкес

аймағымызда биыл кем дегенде 284

мың шаршы метр үй қолданысқа берілуі

тиіс. Кейбір үйлердің құрылысының

аяқталмау қаупі барын ескерген облыс

әкімі Болат Жұмабекұлы олардың орнын

толтыру жағын қарастыруды жүктеді.

Жалпы, бұл салада 208 млрд. теңге

игерілуі тиіс. Индикаторды орындау

үшін 30 млрд. теңге жетпей тұрған

көрінеді. Мұны да реттеу қажеттігі

айтылды. Сондай-ақ, аймақ басшысы

жеке тұрғын үй құрылысының стратегиясын

түзуді тапсырды.

Өңір экономикасына 299 млрд.

теңге инвестиция тартылған. Облыстың

бір қаласы мен төрт ауданында

өнеркәсіптік өндіріс көрсеткішінің

орындалмау қаупі бар. Десе де, ауданқала

әкімдері жыл соңына дейін жағдай

оңалады деп сендірді.

Ал инвестицияға келетін болсақ,

биыл жоспар 433 млрд. теңгені

құрайды. Аудан-қала әкімдері жалпы

құны 445 млрд. теңге көлемінді инвестиция

тартылғанын жеткізді. Жалпы,

көрсеткішке қол жеткізу үшін жыл соңына

дейін 134 млрд. теңгені қамтамасыз ету

қажет. Оның ішінде 73 млрд. теңге қауіп

аймағында саналады. Осы ретте, облыс

әкімі жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Сыбаға» бағдарламасы мен ұсақ

мал сатып алу жұмыстарын да облыс

әкімі сынады. Мәселен, облыста

20 мың бас ұсақ мал сатып алынуы тиіс

болса, соның елу пайызы ғана қораға

кіргізілген. Бұл ретте, инвестициялық

субсидияның берілуі тежеу болып

отырғаны айтылды. Сондай-ақ, кредиттік

серіктестік тарапынан кепілдікке

бұрынғыдай 25 пайыз емес, 50 пайыз

талап етілуі де қиындық туғызуда.

Дегенмен, көрсеткішті орындауға

аудандар күш салатындарын мәлімдеді.

Б.Бақауов жағдайды құзырлы органға

қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Шағын және орта бизнестің

жай-күйі де талқыланды. Облыстық,

кәсіпкерлік және сауда басқармасының

басшысы Жайық Хасановтың

БИЛІК ЖӘНЕ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕ

Көрсеткіштерді орындауға

күш салынады

Облыста биыл алғашқы шағын индустриялық аймақ ашылады. Ол Екібастұз қаласында

орын теппек. Яғни, шағын бизнес субъектілері бір жерге шоғырланады. Оларға

жеңілдікпен ғимараттар беріліп, ісін дөңгелетуге қолдау көрсетіледі. Бұл жөнінде

облыс әкімі Болат Бақауовтың төрағалығымен өткен, тоғыз айдың қорытындысы

талқыланған кеңесте айтылды.

айтуынша, жыл басынан бері істеп

тұрған шағын және орта бизнес

субъектілерінің оң қарқыны байқалуда.

Олардың қатары 2,5 мыңға артқан.

Ақсу, Тереңкөл мен Успенде көрсеткіштердің

орындалмау қаупі

тіркелген. Бірақ өңір басшылары

жылдық қорытындыда тиісті көрсеткішке

жететіндеріне сендірді. Бұл

орайда облыс әкімі тағы бір мәселенің

ұшын шығарды.

- Есептерге қарасақ, шағын және

...Инвестицияға келетін болсақ, биыл

жоспар 433 млрд. теңгені құрайды. Ауданқала

әкімдері жалпы құны 445 млрд. теңге

көлемінде инвестиция тартылғанын

,,

жеткізді...

орта бизнес бойынша заңды тұлғалардың

40 пайызында кіріс жоқ немесе нөлдік

есеп тапсырады. Кейбір ауданда тіпті

бизнес иелерінің 55 пайыздан астамы

еш кіріс көрмегенін көрсетіп отыр.

Олар ресми түрде тіркелген, тауар

өндіруде, жалақыны аударуда. Бірақ

нөлдік есептілік тапсыруда. Бұл өзі

жергілікті атқарушы органдардың

салықтық түсімдері емес пе?! Бұлай

көлеңкелі экономикаға кетіп қалуы

мүмкін. Мәселені, жергілікті әкімдер

қатаң қадағалауға алуы тиіс, - деді

облыс әкімі.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер мен үй

шаруашылықтары бойынша еліміз

көлемінде жүргізіліп жатқан арнайы

маркетингтік зерттеу жұмысының

жоспары орындалмай қалу қаупі бар,

деді Ж.Хасанов. Арнайы сауалнамаға

жауап беруден бас тартушылар

қатары 17,9 пайыздан асып отыр.

Ал министрлік тарапынан қойылған

талаптан бас тартқандар қатары

10 пайыздан аспауы керек. Облыс әкімінің

орынбасары Арыстанбек Қабыкенов

жоспар орындалмаса, аудан-қала

әкімдері тікелей жауап берулеріне

тура келетінін ескертті.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА 19 қазан, сенбі, 2019 жыл 3

БАС ТАҚЫРЫП

Құсбегілердің біріншілігі өтеді

Облыстық туризмді және спортты дамыту басқармасы

соңғы жылдарда ұлттық спорт түрлерін насихаттауды қолға

алуда. Мәселен, биыл тұңғыш рет өңірде құсбегілер сайысы

ұйымдастырылмақ. Қазақтың қанына сіңген бекзат өнерді

насихаттауға арналған шара туралы кеңірек білмекке аталған

басқарманың басшысы Марат Айдашевті әңгімеге тарттық.

- Марат Сұлтанбекұлы, өңірімізде

бұрын-соңды қолға алынбаған құсбегілер

сайысын ұйымдастыруға не түрткі

болды? Басты мақсат не?

- Саятшылық өнер - қазақтың көнеден

келе жатқан спорт түрі. Өкініштісі, бекзат

өнеріміз біраз уақыт кенжелеп қалды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» бағдарламасы, сондай-ақ

«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы

қоғамдағы барлық саланы қамтитынын

білеміз. Осы орайда біз де Тұңғыш

Президентіміздің мақаласына үн қосып,

өңірде құсбегілік өнерді дамытуды қолға

алудамыз. Ертіс-Баян өңірінің спортшылары

ұлттық спорт түрлерінен өтетін

дүбірлі жарыстардың ешқайсысынан шет

қалған емес. Мәселен, тоғызқұмалақ

сайысынан біздің спортшыларымыз қай

жарыста болса да биік белестерден

көрініп жүр. Сондай-ақ, аударыспақ

пен көкпарға да өңірде қызығушылық

жоғары. Таяуда ғана өткен ат спорты

ойындарының жабылу маусымына

облыс әкімі Болат Бақауов қатысып,

жаппай көкпарда өнер көрсеткенін

білесіздер. Біз ендігі жерде саятшылық

өнерді дамытқымыз келеді. Ол үшін

өңірдегі құсбегілердің басын қосып,

жарыс ұйымдастыруды жөн деп таптық.

Сайыс бар жерде бәсеке туындайды.

Құсбегілер өзара тәжірибе алмасады.

Бұл құс баптайтын азаматтар үшін

үлкен мүмкіндік болмақ.

МЕРЕЙ

Жиынға облыс әкімінің орынбасары

Арыстан Қабыкенов қатысып,

құтқарушыларды төл мерекелерімен

құттықтады. Облыстық төтенше жағдайлар

департаментінің басшысы, азаматтық

қорғау полковнигі Ернұр Өтегенов аймақ

құтқарушылары биыл 500-ге жуық адамның

өмірін арашалап қалғанын айтты.

- Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде

қызметкерлер 4 мыңнан астам шақыртуды

қабылдады. Жедел әрекет нәтижесінде

493 адам құтқарылды, 1882 адам эвакуацияланды,

250-ден астам адамға дәрігерге

дейінгі көмек көрсетілді. Өрт сөндіруші

мен құтқарушы – нағыз ерлердің қызметі.

Биыл өрт сөндірушілер апат тіркелген

орыннан 108 газ балонын сыртқа алып

шықты. Құтқарушылар 10 адамды судан

аман алып қалды. Осыдан 24 жыл бұрын

елімізде төтенше жағдайлар жөніндегі

мемлекеттік комитет құрылған болатын.

Сол уақыттан бері сала мамандары ел

азаматтарының амандығы мен игілігі үшін

қызмет атқарып келеді, - деді Е.Өтегенов.

Шара барысында төтенше жағдайда

- Аймақта құсбегілікті дамытуға

не кедергі?

- Атадан келе жатқан саятшылық

өнердің кейінгі буын арасында үзіліп

қалғандығы рас. Біз саятшылық өнерді

қолдауға дайынбыз. Өкініштісі, өңірде

аталған ұлттық спортты жетік білетін

кәсіби маман жоқтың қасы. Қыран

құсты балапан кезінен баулып, оның

мінез-құлқын түсіну, қолға үйрету,

уақытылы қорегін беріп, аңға түсуге

баулу - үлкен жұмыс. Сондықтан да

осы өнерге көпшіліктің қызығушылығын

ояту мақсатында аталған сайысты

ұйымдастырмақпыз.

- Құсбегілер сайысы қашан және

қайда өтеді? Жұртшылық бұл додада

қандай қыран құстардың өнерін тамашалай

алады?

- Құсбегілер сайысын табиғаты сұлу

Баянауыл жерінде, дәлірек айтсақ,

Мырзашоқы тауының етегінде өткізуді

жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда

Баянауыл өңірінде туризм саласы

қарқынды дамып келеді. Осындай сайыстар

ішкі туризмді алға бастыруға жаңа

мүмкіндік сыйламақ. Ал доданың нақты

өтетін уақыты әзірге белгісіз. Себебі,

құсбегілер үшін алғашқы қардың жауғаны

маңызды. Бүгінде біздің аймақта Ақсу

және Баянауыл өңірі азаматтарының құс

баулып, аңға шығуға деген қызығушылығы

басымырақ. Өңірде құсбегілікпен айналысатын

15 саятшы бар. Олар өзге

Құрмет тұғырында - құтқарушылар

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында құтқарушыларға құрмет көрсетілді. Кәсіби

мерекеде облыстық төтенше жағдай департаментінің бір топ қызметкері мен ардагерлері

марапатқа ие болды.

ерлік көрсеткен, қызметте үздік атанған,

азаматтық қорғау саласын дамытуға

үлес қосқан қызметкерлерге Павлодар

облысы мен қала әкімдерінің, ҚР ішкі

істер министрлігінің және облыстық

департаменттің Алғыс хаттары мен

Құрмет грамоталары табысталды.

Сондай-ақ, жаңа шен мен арнайы медальға

ие болғандар да бар. Бұдан бөлек,

апатты жағдайда батылдық танытқан

өңір тұрғындары да марапатқа ие

болды. Бұл ретте шілде айында Аққулы

ауылына жақын маңда әпкелі-сіңлілі

3 қызды құтқарып қалған полиция аға

аймақтарда болатын жарыстарға үнемі

қатысып, тәуір өнер көрсетіп жүр. Ал

ел арасында әлі танылмай жүрген тағы

да басқа саятшылардың бар болуы

мүмкін. Аймағымызда тұңғыш рет

ұйымдастырылғалы отырған сайыста

қыран құстар қоян және түлкіге түсетін

болады.

- Бұл сайысқа еліміздің басқа

өңірлерінің саятшылары қатыса

ала ма?

- Иә, әлбетте қатысады. Бұл -

құсбегілер арасындағы облыстық

ашық чемпионат. Сондықтан да, Ертіс-

Баян құсбегілерімен қатар көршілес

өңірлерден қыран құсын қолына қондырған

саятшылардың өнерін де тамашалауға

мүмкіндік болады.

- Әңгімеңізге рақмет! Қыран

құстардың қызықты өнерін тамашалауда

жолыққанша!

Әңгімелескен –

Алпысбай ХОНЖ.

лейтенанты Ғалымбек Жұмабаев және

тамызда Усолка өзенінің жағалауында

екі баланы құтқарып қалған Амангелді

Хамзин ҚР Ішкі істер министрлігінің

«Суға батқандарды құтқарғаны үшін»

медальдарымен марапатталды. Сонымен

қатар, судан құтқарылған балаға алғашқы

медициналық көмек көрсеткен Дарья

Матюшонок ҚР Ішкі істер министрлігінің

Алғыс хатына ие болды. Ардагерлерге

де құрмет көрсетіліп, мерекелік марапаттар

табысталды.

Өз тілшіміз.

Суреттер Pavlodarnews.kz сайтынан алынды.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

БЮДЖЕТ

Оңтайландыру -

орнымен!

Бюджеттік шығындарды оңтайландыру,

қазына қаржысын барынша

басым бағыттарға жұмсау қажет.

Облыс әкімдігінде өткен кеңесте

аймақ басшысы осылай деді.

Еске сала кетелік, ел Президенті Қасым-Жомарт

Тоқаев бюджеттік шығындарды оңтайландыру,

түсімдерді арттыру, бюджеттік процестерге

бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

- Бюджет басымдыққа ие жобаларды

қаржыландыруы тиіс. Яғни, бөлінген қаржы

әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тиімділігін

көрсетуі қажет. 2020 жылдың бюджетін қарастыруда.

Қарап отырсақ, басымдыққа ие емес жобалар

көп. Ведомстволарға қарасты ұйымдарды ұстап

тұруға қыруар қаржы кетеді. Әлі де жетілдіру керек

осы тұсты. Әлбетте, мақсатымыз, қиып тастау

емес, барынша тиімді пайдалану көзделеді, -

деді облыс әкімі Б.Бақауов.

Кеңесте дәл осы бюджет қаржысының шығындалып

жатқанына қатысты баяндама жасалды.

Нақтысы, облыс әкімдігінің ішкі аудит қызметінің

басшысы Ольга Крупникованың бірнеше ауданның

сумен қамтып отырған коммуналдық меншіктегі

кәсіпорындардың жұмысына тоқталды. Айтуынша,

мұнда заңнамалық өрескел бұзушылықтар

шаш-етектен. Мәселен, тұтынушылармен келісімшарттар,

тұтынылған су төлемін уақытылы

жинау жағы кемшін. Есесіне, оларға бюджеттен

қаржы миллиондап бөлінеді. Штатты көбейту

де орын алған. Бірақ табыс байқалмайды,

дейді Ольга Владимировна. Сонымен қатар,

тұтынылған суға есеп жүргізілмейді. Жіберілген

су мен төлем арасында алшақтық көп. Мысалы,

«Ақтоғай-сервис» КМК-да 75 мың текше метр

су тұтынушыға жіберілген, ал төлем тек

5,7 мың текше метр су үшін түскен. 13 есеге кем.

Осылайша, 9,5 млн. теңге уыстан шығарылған.

Міне, осындай олқылықтардың әр ауданда аз

еместігі белгілі болды. Сондықтан, мамандар

бюджеттің қаржысына қарап, масылдыққа бой

алдырған кәсіпорындар бәсекелестік ортаға

бермей, оңалмайды деген ойда.

Игерілетіні -

70 миллиард

Жыл аяқталуына 50 жұмыс күні

қалды. Бұл дегеніңіз бөлінген қазына

қаржысын барынша тиімді кәдеге

жарату уақыты таяғанын білдіреді.

Сондықтан құзырлы органдар

бюджетті игеру мәселесіне маңыз

беріп отыр.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы

Нұрлан Дүйсембиновтің мәлімдеуінше, бюджеттің

кіріс бөлігінің жоспарын орындауда еш қауіп жоқ.

Жағдай оңалған. Бірақ шығыс бөлігін игеруге күш

салу қажет. Облыста 422 бюджеттік инвестициялық

жоба жүзеге асуда. Оның 109-ы келесі жылы

жалғасын табады деп жоспарлануда. 47 жоба

аяқталған. Жыл соңына дейін 266 жоба бойынша

іс түйінделуі тиіс.

Бөлінген қаржысы игерілмей қалу қаупі бар

әрбір жобаны облыс әкімі Болат Бақауов жауаптылардан

сұрап, оларды шешу жолдарын табуды

тапсырды. Мәселен, Павлодар қаласында 1 Май

көшесімен өтетін Толстой көшесінен Мир көшесінен

дейінгі шаруашылық-ауызсу құбырының құрылысына

қарастырылған қаржы игерілмей қалуы ықтимал.

Ақсуда көп қабатты тұрғын үй құрылысына бөлінген

қаражат та мердігердің сылбырлығынан биыл

кәдеге жаратылмау қаупі бар.

Жалпы, облыста бюджетті игеру көлемі

99,3 пайызды құрайды деп күтілуде. Оған қоса,

1,6 млрд. теңге көлемінде үнемделген қаржы бар.

Н.Дүйсембиновтің айтуынша, бұл қаржы кәдеге

жаратылса, 99,9-100 пайызға жету мүмкіндігі бар.

Облыс әкімі жыл соңына дейін толық әрі тиімді

игеріп қана қоймай, түпкі нәтижеге қол жеткізуге

мән беру керек, деді.


4

19 қазан, сенбі, 2019 жыл ДӘУЛЕТ

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ

«Сарыарқада»

құрылыс

қарқынды

Павлодар қаласындағы бұрынғы

Алюминстрой ауданының орнында

«Сарыарқа» шағын ауданы салынуда.

Мұнда барлығы 45 көпқабатты

баспана ел игілігіне беріледі. Бұған

дейін 20 үйдің тұрғындары қоныс тойын

тойласа, биыл жыл соңына дейін тағы

6 баспананың құрылысы аяқталады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Сарыарқа шағын ауданындағы №24/1 үйді «ГСУ

Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салуда.

Мұндағы құрылыс жұмыстары өткен жылдың мамыр

айында басталған болатын. Осы уақытқа дейін

құрылысшылар 6 қабатты салып, олардың барлығына

жылу тартып, ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтады. «ГСУ

Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

геодезия бойынша қызметкері Құдайберген Тулапберген

күнара құрылыс алаңына келіп, үйдің әр

миллиметрін өлшейді. Себебі бір кірпіш сәл де

болса қисық салынса, бұған дейін атқарған істің

барлығы текке кетері анық. Маманның сөзінше, осы

күнге дейін құрылысшылар білгенінен жаңылған емес.

Әрқайсысы өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жобаға

сай жұмыс істеуде.

Жалпы, құрылыс алаңында кірпіш қалаушылар, сантехника

орнатушылар, электр мен телекоммуникациялық

желілерді тартатын мамандар, барлығы 100-ден астам

адам жұмыс істейді. Олардың әрқайсысының атқарар

жұмысының жүгі ауыр. Мәселен, бір жұмысшы күніне

1,5 текше метр кірпіш, басқаша айтсақ, 600 кірпіш

қалайды. Әрқайсысының салмағы 5 келі екенін есепке

алсақ, бір күнде 3 мың тонна ауыр тасты көтереді.

Бұл – оңай емес. Жұмыстың қиындығы мен кей

күндері ауа райының қолайсыздығына қарамастан

құрылысшылар істі уақытылы аяқтауды көздеп отыр.

- Мұнда барлығы 9 қабат, яғни 108 пәтер болады.

10 қарашаға дейін қалған үш қабатты салып, оларға

да инфрақұрылымдық желілерді тартамыз. Одан

соң бір ай аралығында есіктерді орнатып, линолеум

төсейміз. Жоспар бойынша, 15 желтоқсанда

көпқабатты үйді пайдалануға тапсырамыз, - дейді

учаске басшысы Анатолий Таипов.

Сонымен қатар, «ГСУ Құрылыс» компаниясы

«Сарыарқа» ауданындағы №31 үйді салып жатыр.

Таяуда басталған құрылыс жұмыстары келесі жылдың

мамыр айында аяқталмақ.

Ж а л п ы , б и ы л « С а р ы а р қ а » ш а ғ ы н а у д а н ы н д а

6 көпқабатты баспана пайдалануға берілмек. Биыл

құрылысы басталған тағы 4 үйдің құрылысы келесі

жылы аяқталады.

Одан бөлек, Достық шағын ауданын салу бойынша

жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Қазіргі кезде мұнда

жылу желілері мен жауын-шашын суын ағызатын

жолдар тарту ісі аяқталды. Сонымен қатар, электр,

су, кәріз жүйелері тартылуда. Алдағы уақытта мұнда

470 мың шаршы метр жерде 7552 пәтер салынады.

Демек, облыс тұрғындарының баспаналы болу

мүмкіндігі арта түседі.

С

Басы 1-бетте

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Жүйелі жұмыс

жетістігі

«Павлодар» арнайы экономикалық

аймағы» басқарма төрағасы Әлібек

Несіпбеков мұндай мәртебенің берілуі

экономикалық аймақтың танымалдығын

арттырып, инвестицияны көптеп тартуға

оң септігін тигізеді, дейді.

- Арнайы экономикалық аймақтар

FDI-дің негізгі бөлшегі саналады. Ол

экспорттық нарықтарға және жаңа

өңірлерде бизнес ашуға қолжетімділік

үшін жаһандық компанияларға

қисынды, қаржылық тиімді платформалар

ұсынады. Осылайша, бұл

журнал бүкіл әлем бойынша арнайы

экономикалық аймақтардың дамуына

талдау жүргізіп отырады және келешегі

зор арнайы аймақтарды таңдайды, -

дейді Ә.Несіпбеков.

Сондай-ақ, төрешілер алқасы

«Павлодар» арнайы экономикалық

аймағын «Азияның ірі ойыншысы» санатында

да жоғары бағалаған. Айта

кетерлігі, fDiMagazine - экономиканың

жекелеген секторы жағдайында жаһандық

инвестициялық қызметтің заманауи

шолушысы. Талдай келе, бүкіл әлемдегі

экономикалық аймақтардың өзіндік

рейтингін түзуді дәстүрге айналдырған.

10 жылдан астам тарихы бар

басылымның негізгі аудиториясы –

инвестициялық қорлар, банктер мен

трансұлттық корпорациялар, сондай-ақ,

бизнес және саяси ортаның өкілдері

көрінеді. Яғни, мұнда басылған ақпар

мен шолуды тікелей шетелдік инвестицияларды

бөлетін институттар мен

орта оқиды. Тұрақты негізде журналды

500 миллионнан астам потенциалды

инвесторлар оқиды.

«Павлодар» АЭА басқарма

төрағасының айтуынша, «Павлодар»

арнайы экономикалық аймағының

аталмыш журналда номинацияға

ие болуы өңіріміздегі өндірістік

аймақтың әлеуетін асырып, әлемге

танылуына, сәйкесінше, көптеп инвестиция

тартуға айтарлықтай септігін

тигізеді. Өйткені, FDI-дің оң бағасы

бұл басылым бетіндегі жай ғана жазу

емес, журналдың рейтингін бизнестің

жетекші сарапшылары мен жаһандық

элитасы мойындайды.

«Жылдың үздік ресурстық-шикізаттық

базасы» мәртебесі журналдың

рейтингісінде ең негізгі әрі маңызды

аталым саналатын көрінеді. Екі

жыл қатарынан осы номинацияның

өңірімізге бұйыруы алдағы уақытта

инвесторлардың аймағымызға ағылуына

жетелейді. Себебі, аймағымыздың бұл

артықшылығы - инвестор тартудағы негізгі

тетіктердің бірі, - дейді Ә.Несіпбеков. Ал

алюминий өндірісі жағынан облысымыз

Қазақстанда жалғыз өндіруші екенін

ескерсек, металдың бұл түрін одан

әрі өңдеу, түрлендіру тұрғысынан әлі

талай жоба туатыны сөзсіз. Мәселен,

бүгінде қоспалы алюминий шығаратын

«Гиссенхаус», автомобиль дискілерін

шығаратын «Вектор-Павлодар» жобалары

көпке танылды. Әлі де жетілдіріліп,

қарастырылып жатқан жобалар бар.

Мысалы, алюминий фольгаларын,

профильдерін, алюминий радиаторларын

өндіретін кәсіпорындар жобасы -

жоспарда.

2011 жылы негізін қалаған арнайы

аймақ бүгінде химия, мұнай химия және

металлургия кластерлерін белсенді

түрде дамытуда.

Әлбетте, мұхиттың ар жағындағы

инвесторлардың бетін бері бұру оңай

шаруа емес. «Павлодар» арнайы

экономикалық аймағы осы бағытта

таныстырылым жұмыстарын әлемнің

түкпір-түкпірінде өткізуге күш салып

келеді. Тіпті, әлемдік дәрежедегі түрлі

жиындарда алдыңғы қатардан көрініп

жүр. Биыл мұндай сүйінші жаңалықпен

жиі бөліскен едік. Мәселен, Дубайда

өткен халықаралық конференцияда

арнайы экономикалық аймақтар

арасында жоғары бағаға ие болды.

Одан кейін «Павлодар» АЭА бүкіләлемдік

WorldFreeZonesOrganization ұйымының

Орта Азиядағы ресми өкілі мәртебесін

иеленді. Мұндай мәртебе бекерден-бекер

берілмейтіні сөзсіз. Атқарылған жұмыс,

жеткен жетістік ескерілгені анық. Ал

мұндай өңірлік кеңсе мәртебесіне ие

болу азат экономикалық аймақтардың

экономикалық әрі әлеуметтік дамуына,

сондай-ақ, әлем бойынша инвестициялар

тартуға және стратегиялық

әріптестерді іздестіруге мүмкіндік

береді. Тіпті, ұйымның Еуропа және ТМД

елдері бойынша өңірлік менеджерінің

лайықты таңдау жасалғанын, «Павлодар»

АЭА-ның нақты даму стратегиясы мен

басқарылуы сауатты екенін ерекше

атауы айтарлықтай жоғары баға болып

отыр.

Жыл сайын аймақ нәтижелі жұмысқа

ұмтылып келеді. Өткен жыл айтарлықтай

жемісті болғанын жазған едік. Яғни,

былтыр біраз көрсеткіштер еселенді.

Яғни, 15 млрд. теңге көлемінде инвестиция

тартылған. Оның тең жартысы -

шетелдік инвесторлар құйған қаржы.

Өткен жылы үш кәсіпорын ашылды.

Өндірілетін өнім көлемінің де өскені

тіркелді. Бюджетке 3,6 млрд. теңге

шамасында салықтық түсім түскен. Міне,

осындай жетістіктері ескеріліп, 2018

жылы «Павлодар» арнайы экономикалық

аймағы елімізде ең тиімді аймақ

деп танылуының өзі біраз жағдайды

аңғартса керек.

Төрт кәсіпорын

ашылады

Атқарылған жұмыс арнайы аймаққа

тартылған инвестиция көлемімен

өлшенетіні де жасырын емес. Осы

ретте, арнайы аймақтың алғашқы қазығы

қағылған сәттен бері 72,7 млрд. теңге

көлемінде жеке инвестиция тартылған.

Оның 16,7 млрд. теңгесі – шетелден

құйылған қаржы. «Павлодар» АЭА-да

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ИНВЕСТИЦИЯ

Айрықша жобалар

жүзеге асады

Сандарды сөйлетсек:

- Арнайы аймақта биыл

үш тоқсанда 32,5 млрд.

теңгенің өнімі шығарылды.

- Бұл көлем өткен жылғы

кезеңнен 54 пайызға артық.

- Мұндағы кәсіпорындар

өндіретін 30 түрлі өнім әлемнің

15 еліне экспортталады.

- Инвестициялық портфельде

205 млрд. теңгенің

22 жобасы бар.

- Келесі жылға 7 жоба

жоспарланған.

Суретті түсірген - Владимир Бугаев.

жұмыс істеп тұрған 10 кәсіпорын бүкіл

кезеңде 101,5 млрд. теңгенің өнімін

шығарған. Бұл жобалардың 8-і индустрияландыру

картасы негізінде іске

қосылған. Кәсіпорындарда 1500 жұмыс

орны құрылған.

- А л б и ы л ғ ы ж ы л ғ а к е л с е к ,

3 тоқсанның қорытындысы бойынша

32,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Бұл

көлем былтырғы кезеңмен салыстырғанда

54 пайызға немесе 11 млрд. теңгеге

артық. Біздегі кәсіпорындар өндіретін

30 түрлі өнім әлемнің 15 еліне экспортталады.

Өнімдер шетелде мойындалып,

түпкі тұтынушылар сапасы жағынан

да, бағасы жағынан да оң бағасын

беруде, - дейді Әлібек Несіпбеков.

А р н а й ы а й м а қ т а і с т е п т ұ р ғ а н

10 кәсіпорыннан бөлек «Павлодар»

АЭА-ның инвестициялық портфелінде

жүзеге асып және пысықталып жатқан

205 млрд. теңгенің 22 жобасы бар.

Сандарды сөйлетсек, биыл үш

тоқсанда АЭА қатысушыларының

игерген инвестиция көлемі 7,1 млрд.

теңгені құрады. Өткен жылдың дәл

о с ы к е з е ң і м е н с а л ы с т ы р ғ а н д а б ұ л

31 пайызға көп. Былтыр үш тоқсанда

5,4 млрд. теңге игеріліпті.

- Ағымдағы жылы жалпы құны

3 млрд. теңгені құрайтын 4 жаңа

жоба іске қосылмақ. Яғни, тас көмір

коксы, белсендендірілген көмір, гудро,

техникалық газ, пеш отыны өндіріледі.

Олардың екеуінің құрылысы аяқталуға

жақын, - дейді Әлібек Ермұханұлы.

Көрсеткіштерді

арттыру көзделген

Арнайы аймақ алдағы жылдардың да

қамын ойластырып қойған. Мәселен,

2020 жылы 7 жобаны жүзеге асыру

жоспарда тұр. Жеке тоқталатын болсақ,

алғашқысы - «Аскор» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі. Бұл кәсіпорын

ауызсуды тазартуға арналған коагулянттар

өндірмек. Ал «Вектормаш»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

жылу қазандықтарын шығаратын

болса, «ҚазМұнайХим» серіктестігі

жанармайға арналған қоспа өндірісін

қолға алмақ. «PromSteel» ЖШС-де

алып техника шөміштерінің тістері,

ал «D&P» ЖШС-де дезинфекциялық

құралдар өндірілмек. «Агрохимпрогресс»

ЖШС қытайлық WintafoneChemical

әріптестерімен бірлесіп, агрохимикаттар

өндірісін ілгерілетпек ниетте. Сонымен

қатар, «Вектор Павлодар» кәсіпорны

дисктерге арналған сырлау цехінің

құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

Арнайы экономикалық аймақ мамандары

биыл да негізгі көрсеткіштерді

барынша өсіруге күш салып жатқандарын

айтты. Жыл қорытындысы бойынша өткен

жылмен салыстырғанда оң нәтижелер

болады деп күтілуде. Осылайша,

«Павлодар» арнайы экономикалық

аймағы еліміздегі ең тиімді арнайы

экономикалық аймақ деген мәртебесін

сақтап қалмақ. Инвестиция игергенге

игілік екені анық. Оны тарта білу де -

шеберлік. «Павлодар» осы міндет үдесінен

шығу үшін әлем шарлауға әзір.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ӘЛЕУМЕТ 19 қазан, сенбі, 2019 жыл 5

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Тілеуберді САХАБА

Айлық кірісі күнкөріс деңгейінен

аспайтын отбасылар бұрынғыдай әр

балаға 21 мың теңге көлемінде атаулы

әлеуметтік көмек алады. Ал көпбалалы

отбасыларға табысын есептемей-ақ

жәрдемақы тағайындалмақ. Отбасында

төрт және одан көп баласы болса 42500

теңгеден 73 000 теңгеге дейін жәрдемақы

беріледі. Егер төрт баласының бірі

18 жасқа толып кеткен жағдайда ол

жоғары оқу орнының күндізгі бөлімінде

оқып жүрсе 23 жасқа дейін алуына құқығы

бар. Жаңа ереженің тағы бір тиімділігі –

кейбір отбасы жоғарыда аталған көмектің

екі түрін де алуы мүмкін. Яғни, отбасында

балалар саны төрттен жоғары

ә р і а й л ы қ т а б ы с ы ж а н б а с ы н а ш а қ қ а н д а

19 294 теңгеден аспаған жағдайда.

Бірақ, көпбалалы болғаны үшін берілетін

жәрдемақы кіріс көзі ретінде есептеледі.

Мысал үшін айтсақ, бір үйдің отағасы

60 000 теңге көлемінде айлық алады

д е л і к . Т ө р т б а л а с ы н а т а ғ а й ы н д а л ғ а н

42 500 теңгені қосқанда үйдің жалпы

кірісі 100 мың теңгеден асып түседі.

Бес, алты және жеті баласы болса одан

да көбейеді. Ондай жағдайда, атаулы

әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

Сонда осы көпбалалы түтінге берілетін

жәрдемақы арқылы атаулы әлеуметтік

көмек алушылардың қатары әжептәуір

азаятын түрі бар.

Павлодар қаласы жұмыспен қамту

орталығы директорының орынбасары

Аманбек Ұнатұлының айтуынша,

атаулы әлеуметтік көмекке осы жылы

тіркелгендер келесі жылы қайта құжат

жинайды, олардың табыс мөлшері қайта

есептеледі.

- Қазір көмек алып жатқандардың

арасында жұмыссыз жүргендер көп. Біз

оларды жұмысқа орналастыруға тырысамыз.

Дипломы болмаса кәсіптік мамандықтар

бойынша оқытамыз, диплом алады. Біз

ұсынған жұмыстан бірінші рет бас тартқан

адамның отбасы әлеуметтік көмектің елу

пайызынан айырылады. Егер екінші рет

бас тартса, жүз пайызға қысқартылады.

Бұған дейін мұндай жағдайда жұмысқа

жарамды адамдар ғана жәрдемақыдан

қағылатын. Жаңа ережеде мұндай мүмкіндік

жоқ. Бұл дегеніміз, қоғамды масылдықтан

арылту, азаматтардың еңбекке деген

құлшынысын арттыру болып табылады.

Жұмыссыз жүрген азаматтарға

мүмкіндігінше тұрақты жұмыс тауып беруге

ДІН

АӘК: жаңа ереженің

ерекшелігі не?

Келесі жылдан бастап көпбалалы отбасыларға көмек берудің

және аз қамтылған отбасыларды қолдаудың жаңа тетігі іске

қосылмақ. Жаңа ереженің басты ерекшелігі – қоғамдағы

көмекке шын мұқтаж жандарды анықтау, оларды өмірлік

қиын жағдайдан шығару. Сонымен қатар, еңбекке қабілетті

адамдарды жұмыспен қамту және кәсіпке икемі барларды

бизнеске тарту.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

тырысамыз. Болмаса, әлеуметтік және

қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына

жібереміз, - дейді А.Ұнатұлы.

Жаңа ереженің тағы бір ерекшелігі –

адамдарды жеке кәсіппен айналысуға жол

ашатын тұстары бар. Мысалы, атаулы

әлеуметтік көмек алып отырған адамдарды

қолдау мақсатында шағын несиелер

беріле бастайды. Бұл «Нәтижелі

жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті

дамыту» бағдарламасының екінші бағыты

...Жаңа ереженің

тағы бір ерекшелігіадамдарды

жеке

кәсіппен айналысуға

жол ашатын

тұстары

,,

бар.

Мысалы, атаулы

әлеуметтік көмек

алып отырған

адамдарды қолдау

мақсатында шағын

несиелер беріле

бастайды...

бойынша жүзеге асырылмақ. Жалпы, қазіргі

таңдағы жеңілдетілген несиелердің ең

төменгі пайыздық өсімі алты пайыз болса,

ендігісі төрт пайызбен берілмек. Мерзімі –

жеті жылға дейін. Бұдан бөлек жеке

бизнесін енді бастап, сол жұмысының

жобасын көрсететін болса, 505 000

теңге көлемінде қайтарымсыз грант

беріледі.

- Осы ретте мынадай бір мысал

келтіре кетейін. Жақында қала ішінде

таксист болып еңбек ететін бір азамат

біз арқылы қайтарымсыз грант алып,

көлігіне газ орнатып алды. Өздеріңіз

білесіздер, көпбалалы отбасылардан шыққан

студенттердің көбі оқудан тыс уақытта

жұмыс істеп жүреді. Жақында тойханаларда

фотоға түсіретін бір студент грант

алып, қажетті құрылғыларын сатып алды.

Міне, осы секілді мысалдар жеткілікті.

Бұрын аз қамтылған адамдар несие

немесе грант алу үшін жеке кәсіпкер

ретінде тіркелу керек деген талап болса,

Татулық діңгегі

Жыл сайын елімізде 18 қазанда «Рухани келісім күні» өткізіледі.

Аталмыш мереке аясында аймағымызда айлық ұйымдастырылады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифинг барысында

облыстық ақпарат және қоғамдық даму

басқармасы басшысының орынбасары

Дәулет Зәкәриянов айтты. Оның сөзінше,

айлық барысында жергілікті оқу орын-

дарында кездесулер, дөңгелек үстел,

викторина, кітап көрмесі және концерттер

өткізілмек.

- 2014 жылы облыстық дін істері

басқармасының қолдауымен діни бірлестік

жетекшілерінің клубы құрылған болатын.

Бұл бастама конфессиялар арасындағы

толеранттылық қарым-қатынасты нығайту,

диалогты кеңейтуге оң әсер етті. Клуб

мүшелері түрлі форматта мәдени, спорттық

шаралар ұйымдастырып келеді. Жыл

қазір оны сұрамаймыз. Ең бастысы,

бизнес жоспары және өзін-өзі жұмыспен

қамтып отырғанын көрсететін бірыңғай

жиынтық төлемнің түбіртегі болса жеткілікті.

Бірыңғай жиынтық төлем ай сайын 2525

теңгені құрайды, - дейді ол.

Келесі жылдан бастап кепілдендірілген

әлеуметтік пакет деген пайда болады.

Ол - көпбалалы отбасынан шыққан

оқушы және студент балаларды қолдау

мақсатында құрылған жоба. Яғни, аз

қамтылған отбасынан шыққан студенттер

мен оқушыларды мектеп формасымен,

оқу құралымен, білім мекемесінде бір

мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз ете

отырып, жол шығынын төлейді. Бұл

жобаны дәл қандай мекеме жүзеге асыратыны

әзірге белгісіз. Дей тұрғанмен, әр

облыстардың білім беру басқармасы

мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасына

жүктелуі мүмкін.

- Тұрғындардың табысы «Е-халық»

ақпараттық жүйесі арқылы анықталып,

құжаттар соның нәтижесі бойынша

қабылданады. Бұл - көптеген мемлекеттік

мекемелермен интеграция жасаған

бағдарлама. Әлеуметтік көмекке өтініш

берген кез келген адамның кірісі «Е-Халық»

ақпараттық жүйесінің базасында көрсетіліп

тұрады. Мысалы, ЖСН-ін енгізсе болды,

барлық ақпарат шыға келеді. Бірақ мұны

тексеру - біздің құзырымызда емес,

жергілікті әкімдіктің міндетіндегі шаруа.

Біз сол әкімдіктер қабылдап, жергілікті

комиссияның қарауынан өтіп келген

құжаттарды ғана қабылдаймыз. Бұған

дейін көмек алушылар жеке папка ашып,

соған құжат жинап әуреге түсетін еді.

Енді ешкім құжат жинамайды, қолында

жеке куәлігінің түпнұсқасы болса болды.

Дегенмен, көмек алып жатқан адамдар

туралы мониторинг жүргізуге құқығымыз

бар. Егер, кірісі асып кетіп жатса,

бірден хабарлама жіберіп, ескертеміз.

Негізі, «кірісін жасырды» деп айыпталып

жатқандардың барлығын олай кінәлауға

болмайды. Себебі, көп адамдар жеке

шаруашылықтарда, кәсіпорындарда

жұмыс істейді. Ал, ондай жеке кәсіпорындар

арасында зейнетақы қорына

түсетін ақшаны бірден жібермей, үш айда

бір аударатындар бар. Міне, осындай

жағдайда олардың кіріс мөлшері бірден

асып кетеді де, алдыңғы айларда тапқанын

жасырған сияқты болып қалады. Бұл

жерде жұмыс берушілердің де кінәсі

бар, - дейді мекеме өкілі.

Атаулы әлеуметтік көмек –

халықтың әлеуметтік жағдайын

көтеру мақсатында енгізілген

жүйе. Мемлекет беріп жатқан

бұл көмекті тұрақты күнкөріс

түріне айналдыруға болмайтынын

айтады мамандар. Ендеше, бұл

қарапайым халық аяққа тұрып алғанша

ғана көрсетіп жатқан қамқорлығы

ретінде қабылдаған жөн. Ал жобаның

кейбір тұстары келесі жылға дейін

тағы жетілдірілуі мүмкін.

сайын Наурыз мерекесіне, түрлі этнофестивальдерге

белсене атсалысуда.

«Рухани келісім күні» 2015 жылдан

бастап өткізілуде. Биылғы айлық аясында

түрлі қоғамдық бірлестіктердің, діни

ұйымдардың өнерін тамашаламақпыз, -

дейді Д.Зәкәриянов.

Бұдан бөлек, конфессия өкілдері

арасында шағын футболдан турнир

ұйымдастырылады. Жарысқа Павлодар,

Екібастұз, Ақсу қалаларындағы мешіттер

мен Благовещенск шіркеуінің және бірқатар

протестанттық ұйымның өкілдері белсене

қатысады.

Айта кетейік, өңірде 13 конфессияның

155 діни бірлестігі тіркелген.

«Saryarga samaly» газетінің

жүлдесіне арналған

XII республикалық турнир

Дәстүрлі

дода

Төл спорттың тасын өрге

домалату мақсатында жыл

сайын облыстық «Saryarga

samaly» газеті тоғызқұмалақтан

дәстүрлі республикалық турнир

ұйымдастырады. Биыл да ата

басылым ұжымы жылдағы

әдетінен жаңылмай, қызу

дайындыққа кірісіп кетті.

Алпысбай ХОНЖ

Облыстық «Saryarga samaly» газетінің

жүлдесіне арналған тоғызқұмалақтан XII

республикалық турнир алдағы қараша айының

7-8-і күндері Павлодардағы Шахмат үйінде

өтеді. Турнир осымен 3-інші жыл қатарынан

республикалық деңгейде ұйымдастырылуда.

2017 жылы Алатаудың арғы бетіндегі қырғыз

ағайындарымыз аталған турнирге қатысып,

жарыс көрігін қыздырса, былтырғы жылы

Азияның 6 мемлекетінен, атап айтсақ,

Қазақстан, Әзербайжан, Моңғолия, Қытай,

Ауғанстан, Түркия елдерінен келген спортшылар

басылым жүлдесіне таласқан еді. Бір ғана

Моңғолияның өзінен 11 тоғызқұмалақшының

топқа түскенін ескерсек, жарыстың жоғары

деңгейде өткенін елестету қиын емес шығар.

Турнирдің басты ерекшелігі - бұқаралық

сипатында. Тайға мінген баладан таяқ ұстаған

ақсақалға дейін бұл додаға қатысуға құқылы.

Турнир туралы:

Өтетін уақыты: 7-8 қараша,

2019 жыл.

Өтетін орны: Павлодар қаласындағы

Шахмат үйі.

Қатысушылардың жас ерекшелігі:

8,10,12,15 жас және ересектер арасында.

(жарыста ұлдар мен қыздар және

ерлер мен әйелдер жеке-жеке сынға

түседі)

Әр жыл сайын дәстүрлі додада жүздеген

спортшы бақ сынап, шеберлік байқасады. Кәсіби

спортшылармен әуесқой тоғызқұмалақшылар

қатар сынға түсетін бәсеке осынысымен

де қызықты. Турнир уақыты таяған сайын

жарысқа қатысуға ниетті тоғызқұмалақшылар

бізге әр өңірден хабарласуда. Облыстық

басылым «Saryarga samaly» газетінің жыл

сайын ұйымдастыратын турниріне тұрақты

түрде қатысып, тәжірибе жинаған спортшылар

аз емес. Осы турнирдің арқасында

төл ойынды кәсіби тұрғыда меңгеріп, биік

белестерді бағындырған спортшылардың саны

көп. Мәселен, тоғызқұмалақтан халықаралық

дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы,

Ақтөбе қаласындағы балалар мен жасөспірімдер

спорт мектебінің тоғызқұмалақтан

жаттықтырушысы Диана Кенина, тоғызқұмалақтан

халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем

чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Азия

чемпионы Жанат Қаймолдин, тоғызқұмалақтан

спорт шебері, әлемдік, халықаралық додаларда

ел намысын абыроймен қорғап жүрген

Анастасия Фоосты айтуға болады.

Сонымен қатар жарыс жеңімпаздары мен

жүлдегерлері естелік медальдармен, Алғыс

хаттармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Сондай-ақ «Ең жас тоғызқұмалақшы»,

«Тәлімді бапкер» секілді арнайы номинациялар

да тағайындалған.

Қадірменді оқырман! Төл ойынымызға

жанашырлық танытып, сіз де тоғызқұмалақ

ойнауға асығыңыз!


6 19 қазан, сенбі, 2019 жыл ДАМУ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

«НҰРЛЫ ЖОЛ»

Жол жағдайы

жақсарып келеді

Өңірімізде жыл сайын жол инфрақұрылымын дамыту мәселесіне баса назар

аударылып келеді. Мәселен, биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы

аясында облыстың бірнеше ауданында күрделі, орта жөндеу және жолды

қайта қалпына келтіру жұмыстары нәтижелі жүргізілді. Осылайша жолдарды

қалыпқа келтіру қарқын алып, автокөліктердің тақтайдай тегіс жолмен зырлауына

жағдай жасалды.

ҚАРЖЫ

Дербес

бюджеттің

деңгейі қандай?

Өткен жылдан бастап елімізде төртінші деңгейлі

бюджет жүйесі енгізілгені белгілі. Тұрғындарының

саны 2 мыңнан асатын ауылдар, кенттер өз

қазыналарына түскен қаражатқа өздері ие бола

бастады. Оған облысымыздан 32 ауыл ілікті.

Данияр ЖҰМАДІЛ

Мереке АМАНТАЙ

«Нұрлы жол» бағдарламасы –

мақсатты межелердің бағдары.

Аталмыш бағдарлама жүзеге

асқалы инфрақұрылымды дамытуға

басымдық берілді. Облыстық

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары басқармасының

басшысы Ринат Қойсоймасовтың

айтуынша, ағымдағы жылы аталмыш

бағдарлама аясында өңірімізде

ауқымды жұмыстар атқарылған.

- «Нұрлы жол» мемлекеттік

бағдарламасын жүзеге асыру –

ұлттық экономика өсімінің басты

қозғаушы күші. Бағдарлама іске

қосылғалы еліміздегі жолдарды

жөндеу, күтіп ұстау жұмыстары

қарқын алды. Мұндай іргелі істер

біздің өңірімізде де жүргізілді.

Мәселен, биыл бағдарламаны

іске асыру аясында өңіріміздегі

облыстық, аудандық маңызы бар

жолдар жөндеуден өтті, - дейді

Р.Қойсоймасов.

Ағымдағы жылы Чернорецк-

Ольгино-Успен-Шарбақты

бағытындағы 12 шақырым жолда

қайта құру жұмыстары жүргізілген.

Бұл жолдағы жұмыстар негізінен

екі жылға жоспарланған. Аталмыш

бағыттағы биыл атқарылуы тиіс

жұмыстар орындалған. Ал жол

жөндеу жұмыстары толығымен келесі

жылы аяқталады. Бұдан бөлек,

биыл Тереңкөл-Михайловка-Ресей

Федерациясы шекарасына дейінгі

бағыттағы жолдың 20 шақырымы

орташа жөндеуден өтті. Бүгінде

жолға жауапты мердігер «Гордорстрой»

ЖШС-і жұмыстарды межелі

мерзімде аяқтап, жол пайдалануға

берілген. Бұдан бөлек, дәл осы

бағыттағы облыстық маңызға ие

20 шақырым жолда жұмыстар

аяқталып, ел игілігіне берілген. Ал

осы жылдың ең ауқымды жобасы -

Екібастұздан бастап Баянауылдағы

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесіне

дейінгі аралықтағы жол жөндеу

жұмыстары. Мұндағы жұмыстар

жыл соңына дейін толықтай

аяқталады деп күтілуде.

- Жалпы, аудандық маңызға ие

Екібастұз-Жаңажол бағытындағы

жол жөндеу жұмыстары үш негізгі

жобадан тұрады. Біріншісі,

Екібастұз-Бесқауға бағытындағы

41,65 шақырым жолға күрделі

жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Қазіргі уақытта мұнда белгіленген

кестеге сәйкес жөндеу жұмыстары

жүргізілуде. Жыл соңына дейін

аяқтау жоспарда бар. Ал,

Екібастұз-Бесқауға бағытындағы

17 шақырымнан астам жол толық

жөндеуден өтті. Екінші жоба

Жаңажол-Ескелді бағытындағы 15

шақырым жолға орташа жөндеу

жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Қазіргі уақытта жұмыстар

жүргізілуде, - дейді Р.Қойсоймасов.

Өңірімізде жыл сайын жол

жөндеу жұмыстарының сапасы

мен бөлінген қаржының мақсатты

жұмсалуына баса мән беріліп

келеді. Соның нәтижесінде қазіргі

таңда аймағымыздағы жолдардың

қанағаттанарлық қалыптағы үлесі 82

пайызды құрап отыр. Жол сапасы

бойынша республика көлемінде

үшінші орындамыз.

- Биыл түрлі қаржы көзінен жол

жөндеу жұмыстарына және оны

күтіп ұстау мақсатына 15,9 млрд.

теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Бұл қаржыға 366 шақырым жолдың

жайын жақсарту көзделді. Жалпы,

өңірімізде жыл сайын жол жөндеу

жұмыстары жүйелі жүргізіліп, оны

күтіп ұстаудың түрлі әдіс-тәсілдері

қолданылып келеді. Мәселен,

өткен жылы Павлодар облысының

жолдарын сақтау бойынша жол

қозғалысының алгоритмі құрылды.

Оның құрамында біздің басқармадан

бөлек, көлік инспекциясы мен

жергілікті полиция қызметі бар. Яғни,

барлық жолда бақылау құзырлы

органдардың көмегімен жүргізіледі.

Сурет express-k.kz сайтынан алынды.

Жолдарды күтіп ұстау мақсатында

2018 жылы мердігер компаниялармен

үш жылдық келісімшарт

жасалды. Жаңа техникалармен,

яғни, шөп шапқыштар, грейдерлер,

жүк тиегіш көліктер, құрамалы жол

көліктері сатып алынды. Соның

арқасында жұмыс өнімділігі де

артты десек болады, - дейді

басқарма басшысы.

Биыл «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы аясында 900

миллион теңге қаржы бөлініп,

Баянауыл, Ертіс, Железин, Тереңкөл

аудандарындағы 60 шақырымға

жуық ауылішілік жолдар жөндеуден

өткізілген. Ринат Ерқаұлы 2020

жылы да жол жөндеу жұмыстары

мықтап қолға алынатынын айтады.

Республикалық бюджеттен қаржы

бөлінсе, Екібастұз-Майқайың

бағытындағы 23-29 шақырым жолды

жөндеу жоспарда бар. Аққулы-

Қазы-Майқарағай бағытындағы

30, Шарбақты-Галкин-Мақпал

бағытындағы 30 шақырым жолдар

да жөнделмек. Тағы бір айта

кетерлігі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

2018 жылғы халыққа Жолдауында

облыстық және жергілікті

маңызы бар автожолдардың

сапасын арттыруды тапсырған

болатын. Осы ретте, облысымызда

мақсатты индикаторға қол жеткізу

үшін 2025 жылға арналған кешенді

жоспар әзірленген. Бұл құжатқа

сәйкес 2022 жылға қарай жайлы

жолдардың үлесін 90 пайызға,

2025 жылы 95 пайызға жеткізу

көзделген.

Айта кетейік, Павлодар облысында

жалпы 5 мың шақырымнан

астам жол бар. Оның 3814

шақырымы облыстық маңызы

бар жол болса, қалған 1600

шақырымы - республикалық

маңызға ие жолдар. Айта кетейік,

облыстық маңызға ие жолдың 1600

шақырымы асфальтты жолдар,

1570-і - қиыршық тасты, ал 610

шақырымы - асфальтсіз жолдар.

Жергілікті жерге экономикалық, соның ішінде қаржылық дербестік

беруді, тұрғындардың өзін-өзі басқарудағы жауапкершілігін арттыруды

мақсат тұтқан реформа әлі де жетілдіріліп келеді.

Бірінші кезекте жергілікті әкімдер өздерінің кіріс көздерін

анықтауға баса назар аударды. Нақтылап айтқанда, елді мекендегі

жер телімдерін, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді есепке

алу жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, төртінші деңгейлі бюджетте

сол ауылдағы кәсіпкерлерден алынатын, сондай-ақ, мүлік, жер,

көлік салықтары сияқты жеті түрлі салық қарастырылған. Бұдан

бөлек, әкімшілік айыппұлдан, жеке және заңды тұлғалардың

салымдарынан, коммуналдық меншіктегі мүліктерді жалға беруден

түсетін пайдадан құралатын салықтық емес түсімдер бар. Олар

да осынау бюджеттің кірісі болып табылады.

Павлодар облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, бүгінде

аймағымызда 32 ірі елді мекен төртінші деңгейлі бюджетке ие.

- Жыл басынан бері төртінші деңгейлі бюджеті бар ауылдардың

әкімшілік шығындарының жалпы мөлшері 5,9 миллиард теңгені

құрады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалды. Атап

айтсақ, білім беру бағдарламаларына 2,1 миллиард теңге, тұрмысы

төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуге 198,6 миллион теңге

жұмсалды. Мемлекеттік «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясындағы

инфрақұрылымдық жобаларға 1 миллиард теңге шығындалды.

Бұдан бөлек, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастыруға,

ауылдарды көріктендіруге, жол жөндеуге қаражат бөлінді, - дейді

М.Тұрлыбаев.

Қаржы қоржынының бүйірін томпайтуда елді мекеннің географиялықаумақтық

орналасу ерекшелігін, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін де

ескерген жөн. Мысалы, елдің шетінде, желдің өтінде тұрған ауылды

орталықта, қалаға жақын орналасқан, күре жолдың бойындағы

іргелі ауылмен салыстыруға болмайтыны анық. Сондай ауылдың

бірі – Ақтоғай.

- Ақтоғай селолық округінің жалпы бюджеті 197 миллион

теңгеден астам қаражатты құрайды. Оның ішінде 24,7 миллион

теңгесі, яғни 12,5 пайызы елді мекеннің өз табысы болып табылады.

Яғни, бұл - түрлі деңгейдегі салық, заңды тұлғалардың

салымдары, айыппұл сияқты өзге де кіріс көздерінен жиналған

қаржы, - дейді Ақтоғай аудандық экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы Ольга Забаровская.

Селолық округке тиесілі жоғарыда аталған қазына қаржысы әр

бағытқа үлестірілген. Оның ішінде біршама қаражат әлеуметтік

салаға, көріктендіру жұмыстарына жұмсалған. Атап өтерлігі, биыл

селолық округ бюджетінің есебінен Ақтоғай ауылында жаңадан

«Жастар сквері» бой көтерді.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының

ұсынған мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы аймағымызда төртінші

деңгейлі бюджет жүйесіне тағы 94 елді мекен қосылмақ. Келесі

жылдан жаңаша бағытта жұмыс істей бастайтын ауылдардың

қатарында Шарбақты ауданына қарасты Орловка селолық округі

бар.

- Келесі жылы біздің ауылымыз төртінші деңгейлі бюджетке

қосылады. Оған қазірден бастап дайындалу үстіндеміз. Былтырдан

бері осы жүйемен жұмыс істеп келе жатқан ауылдардың тәжірибесін

е с к е р д і к . А у ы л а қ с а қ а л д а р ы ж ә н е б е л с е н д і л е р і н і ң қ а т а р ы н а н

11 адамнан тұратын жергілікті кеңес құрылды. Ақылдаса келе, елді

мекеннің даму саясатын айқындадық. Дербес бюджет ауылымызға

қаржылық және экономикалық тұрғыдан тиімді болады деп ойлаймыз, -

дейді Орловка селолық округінің әкімі Ирина Галлямова.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

АУЫЛ-АЙМАҚ

19 қазан, сенбі, 2019 жыл 7

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Мектеп мәселесі шешіледі

Бүгінгі күні Достық ауылындағы мектеп оқушыларға

тарлық етеді. Балалар екі ауысымда сабақ оқуға мәжбүр.

Сондықтан ауылдағы бұрынғы тұрмыстық комбинат

ғимаратын жөндеп, оған мектеп жанындағы шағын

орталықты көшіру жоспарланып отыр. Соның есебінен

орта білім беру мекемесіндегі орын саны көбеймек.

Таяуда Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев Достық ауылдық

округіне қарасты Достық және Береке ауылдарының тұрмыс-тіршілігімен

танысып қайтты. Шаһар басшысы арнайы барған нысандардың

бірі – бұрынғы тұрмыстық комбинат. Ауылдық округ әкімі Жамбыл

Қайырхановтың айтуынша, ескі ғимараттың төбесін жөндеп, ішкі әрлеу

жұмыстарын жүргізіп, мұнда мектептегі шағын орталықты көшіру

жоспарланған. Бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру мекемесінде

25 бала тәрбиеленіп отыр.

Ал ауылдағы мектепте 129 бала оқиды. Өкінішке қарай, оқу

орнының ғимараты тарлық етеді. Шағын орталықты қайта қалпына

келтірілген ғимаратқа көшірген соң оқушылардың бір ауысымда ғана

білім алуына жағдай жасалады. Тіпті, интернат ашу ойда бар. Қазіргі

таңда Достық ауылындағы орта мектепке Төртқұдық, Парамоновка

ауылдарынан 15 бала тасымалданады.

Б.ЕСЕЛБАЕВА.

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ

Қоржында - 3 медаль

Жуырда облыс орталығында

киокушинкай-кан каратэ

спортынан ашық чемпионат

өтті. Осы додаға қатысқан

ауданның жас спортшылары

жүлдемен оралды.

Соңғы уақытта жас жеткіншектердің

асқан қызығушылығын тудырып жүрген

спорттың бірі - осы киокушинкай-кан

каратэ. Негізі Жапониядан бастау алған

спорттық жекпе-жектің бұл түрі қарусыз

қорғану яғни қол және аяқпен қарсыластың

неғұрлым осал тұсына соққы беруге

негізделген. Бұғанасы қатпай жатып-ақ

киокушинкай-канның алуан түрлі тәсілін

меңгерген шарбақтылық жас өрендер

400-ден астам бала қатысқан додадан

жүлдемен оралды. Аудан намысын қорғап

барған жетеудің үшеуі жеңіс тұғырынан

көрініп, жаттықтырушысы Әлішер Қанапиннің

мерейін үстем етті.

Жарыс қорытындысы бойынша Әділ

Шәріпов жүлделі 2-орынға ие болса, Әділхан

Түсіпбеков пен Кирилл Башкиров 3-орынды

қанжығалады.

Қ.МҮСӘЙІП.

ЕРТІС АУДАНЫ

Мұғалімдер

кабинеті ашылды

Ертіс ауданының Абай ауылындағы жалпы

орта білім беру мектебінде жаңа үлгідегі

Teacher office мұғалімдер кабинеті ашылды.

Мұнда ұстаздардың табысты жұмыс істеуі үшін барлық

жағдай қарастырылған. Заманауи компьютерлік техникамен,

талапқа сай жиһазбен жабдықталған. Жоғары

жылдамдықты интернет желісі тартылған. Бөлменің жалпы

дизайны да ерекше. Тіпті, мұғалімдерге демалыс бұрышы

да қарастырылған.

- Бұл - ауданымызда ашылған жаңа үлгідегі екінші

мұғалімдер кабинеті. Өткен оқу жылында Абай орта

мектебіне 3 миллион теңге көлемінде грант бөлінген

болатын. Оның 2 миллион теңгесі Teacher office-ті

жабдықтауға жұмсалды. Бұл ұстаздардың жұмысына

оң әсерін тигізетініне сенімдімін. Бүгінде білім беру

саласы жаңа арнаға бет бұрып келеді. Бәсекеге қабілетті

ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаздардың да біліктілігі заман

талабына сай болуы тиіс, - деді мұғалімдер бөлмесінің

ашылу салтанатына қатысқан Ертіс ауданы әкімінің орынбасары

Жаңбырбай Сағынаев.

Самал ҚАДЫРОВА,

Ертіс аудандық білім беру бөлімінің басшысы.

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

«Қызым,

саған айтам...»

«Қызға қырық үйден тыйым» деген аталы сөзді

арқау еткен қазақ үшін қыз баланың тәрбиесі

қашанда маңызды. Бұл мәселе, әсіресе, қазіргі

заманда өзекті болып тұрғаны жасырын емес.

Осы жайтты ескере келе, Мүткенов атындағы орта

мектепте оқушы қыздардың ұлттық тәрбиесіне

қатысты маңызды шара ұйымдастырылды. Оған

аудандық «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің

мүшелері Дәмет Уәлитова, Рауза Жәлелқызы, медицина

саласының ардагері, аға акушер Айбарша

Қыстаубайқызы, ауылдық ардагерлер кеңесінің

төрайымы, ардагер ұстаз Сара Көпейқызы және

көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері Бақытжамал

Мықымова қатысты. Шара барысында қазақ қоғамында

қыз балалардың алар орны талқыланды. Қонақтар

ұлтттық тәрбиеге қатысты өз ойларын білдірді.

Өмірден түйгендерімен бөлісті. Оқушыларға аналық

ақыл-кеңестерін айтты. Сондай-ақ, кездесу барысында

«Қыз бала есімдері», «Туыстық атаулар»

тақырыбында қызықты ойындар өткізілді.

Айгүл НАМАЗБАЕВА,

Мүткенов атындағы орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

УСПЕН АУДАНЫ

«Кітап - білім

бұлағы»

Жақында Успен аудандық кітапханасында

«Ұлы даланың мәңгі құндылықтары» атты

ретро-көзқарас өткізілді. Шараға аудан

әкімі Николай Дычко және бөлім басшылары

мен ардагерлер қатысты.

Шара барысында аудандық кітапхананың басшысы

А.Сқақова аудан әкімі Н.Дычкоға кітапхананың оқырман

билетін табыс етті. Содан кейін ұйымдастырушылар

Ә.Нілібаевтың «Кітап туралы» өлеңін оқып, Елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті

қыры» мақаласын түсіндірді. Сондай-ақ, ақын Әбділдә

Тәжібаевтың «Жомарттың кілемі» туындысынан үзінді оқыды.

Қазақ «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деп

бекер айтпаса керек. Ғылым мен техниканың түп-тамыры

кітапта екенін де ұмытпаған абзал. Шара барысында

аудандық кітапхананың кішкентай оқырмандары ерекше

белсенділік танытты. Мысалы А.Нұртай мен К.Шапко

«Даналық әліппесі» кітаптары арқылы өзі сөйлейтін

қаламды қалай қолдану керектігін көрсетті. Сондай-ақ,

оқырмандар жылы лебіздері мен ұсыныс-пікірлерін

ортаға салды.

Өз тілшіміз.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Стадион жаңарды

Тереңкөл ауданында республикалық «Ауыл – ел бесігі»

жобасы жоғары деңгейде жүзеге асырылуда.

Жуырда аталмыш жоба аясында

жергілікті жастар және жасөспірімдерге

арналған спорт мектебінің алаңы

күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке

енді. Бұл ретте футбол алаңына

жап-жасыл жасанды газон төселген.

Көрермендерге арналған жайлы

пластикалық орындықтар мен жауыншашыннан

қорғайтын жабық төбе

орнатылған. Стадионның ашылу салтанатына

аудан басшысы Е.Әйткенов

қатысып, бұқаралық спортты қолдау

үнемі назарда болатынын айтты. Бұл

күні жергілікті тұрғындар жаңа стадион

алаңында ауданның құрама командасы

мен Железин ауданы жастарының

арасында өткен футболды тамашалады.

Алдағы уақытта жаңа кейіпке

енген алаңда аудан, облыс көлемінде

түрлі жарыстар ұйымдастарылып,

тұрғындар спортпен шұғылданатын

болады.

Г.ЖАЯБАЕВА.

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

Жол бойында -

жаңа дәмхана

Аққулы ауданындағы Шарбақты

ауылында «Табиғат» атты жаңа

дәмхана ашылды. Енді бұл

орын жолаушылар мен көлік

жүргізушілерге дәмді ас ұсынып,

жайлы демалыс сыйлайды.

Асхананың салтанатты ашылуына аудан

әкімінің орынбасары Айқын Жиенқұлов

қатысып, кәсіп иесінің жұмысына сәттілік

тіледі.

Жаңа дәмхананың иесі – Жәмилә

Базылғазина. Ол «Ауыл шаруашылығын

қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан несие алып,

атадан қалған кәсіпті жаңаша жалғастыруды

жөн көрген.

- Дәмхана Павлодар-Семей тас жолының

бойында орналасқан. Бұл жолда көлік жиі

жүретіндіктен, тамақтану орнына келетін

жолаушылар көп. Мұнда тұрғындар мен

жолаушылардың демалуы үшін барлық

жағдай қарастырылған. Іші заманауи

жиһазбен жабдықталған. Алдағы уақытта

жолаушылардың жиі аялдайтын орнына

айналады деген ойдамыз, - дейді ол.

Өз тілшіміз.

МАЙ АУДАНЫ

Келелі кездесу

Көктемде «Сот төрелігінің жеті

түйіні» бағдар-ламасына сәйкес,

Май ауданында «Билер кеңесі»

құрылған еді. Жуырда осы кеңестің

мүше-лері өзара бас қосып, кейбір

мәселелерді талқыға салды.

Шара Май аудандық сотының төрағасы

Ұ.Рахимбергенованың басшылығымен ұйымдастырылды.

Басқосуға аудандағы ауылдық

округтерден келген «Билер кеңесінің» өкілдері

қатысып, өз ойларын ортаға салды. Адамдар

арасындағы түрлі кикілжіңдер мен келіспеушіліктер

көбінесе екі жақтың асығыстығынан

орын алатыны белгілі. «Билер кеңесі»

әсіресе, жастар арасындағы түрлі келеңсіз

оқиғаларды болдырмауға, олардың алдын

алуға мүмкіндік береді. Аталған кеңестің

жұмысы нәтижелі болуы үшін тұрғындар

арасында кездесулер, пікір алмасулар

тұрақты түрде ұйымдастырылуы қажет. Бүгінге

дейін «Билер кеңесі» аудан тұрғындары

арасындағы кейбір мәселелердің оңтайлы

шешілуіне ықпал етті. Қоғамда кездесетін

түрлі оқиғаларға дұрыс пікір білдіріп, сауатты

шешім қабылдау үшін кеңес мүшелерінің сәт

сайын жүздесіп, ой-пікір алмасуы маңызды.

Өз тілшіміз.


8

19 қазан, сенбі, 2019 жыл ТАРИХ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Шоң би

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген «Ұлы даланың ұлы

есімдері» жобасын жүзеге асыру мақсатында Едігеұлы Шоң бидің туғанына 265 жыл толуы аталып өтті.

Шоң би Едігеұлы - (1754-1836жж.) Баянауыл

ауданында дүниеге келген, қазақтың қарадан

шыққан биі. Баянауыл сыртқы округінің аға

сұлтаны, «Төртұлы» одағының төбе биі. Руы –

Айдабол, Жанғозы, Төлебай, Едіге. Едіге биден

бес ұл тараған: Ақдәулет, Бақдәулет, Қиғара,

Сарман және Қосдәулет. Едіге бабамыз көзінің

тірісінде балаларына бәйбішенің кенжесі деп

Қосдәулетке Мұрынтал ауылына қарайтын

Қарағайлы бұлақты берген. Мұрынтал

ауылында Тотия деген биік тау бар. Ол

теңіз деңгейімен өлшегенде Ақбеттаудан

биік болған. Кезінде Едіге бабамыз Тотия

тауына шығып, әр руға жер бөліп берген.

Өзінен тараған ұрпақтары Шоң, Торайғыр,

Қиғараны Ақбеттаудың шұрайлы жеріне

орналастырады. Сарман деген баласынан

ұрпақ жоқ деседі.

Едіге бабамыз 1759 жылы бес жасар

Ақдәулетті қасына алып, Қожаберген жырауға

сәлем беруге барады. Ол Қожаберген

жыраудың мына өлеңінен белгілі:

Тоқсанның алтауына жас кеткен соң,

Келмейді жастар сәлем беруге де.

Өзімнің қатар құрбым таусылған соң,

Зар болдым қарт кісіні көруге де.

Тоқсан бес былтыр келді жылжып басып,

Мен қалдым содан кейін жездей жасып.

Сайраған гүл бақшада бұлбұл едім,

Жоламайды жігіт-желең менен қашып.

Тоқсанның алтауына келіп жасым,

Қор болдым жас жеткен соң

ғазиз басым.

Жанымда тірі болса отырмас па еді,

Айшадай таңдап алған

жан жолдасым.

Қожабергендей қарт жырау ықыласы

түсіп, тілек батасын былай берген екен:

Қыдыр дарып бақ қонсын Едіге саған,

Мерейің үстем болып артсын бағың.

Өзіңнің қатарыңның алды болсын,

Қасыңа ертіп келген осы балаң.

Тірі болса билердің зоры болсын,

Хан, сұлтан, төрелердің соры болсын.

Бітіміне істері ылғи сай болып,

Ақдәулет болмай аты Ер Шоң болсын.

Тіл ауызым, таңданбаймын деймін тасқа,

Тұлғасы бұл ұлыңның елден басқа.

Еліне қорған болып, билік айтып,

Келгенде ғұмырлы боп ұзақ жасқа.

Тірлікте қанағатшыл болсын қоңды,

Сабырлы мінезімен болсын оңды.

Едіге шырақ заман азып барады,

Бұл балаң әділ бидің болар соңы.

Қожабергеннің Ақдәулетке берген

батасының айнымай келгенін мынадан

білеміз. М.Ж.Көпеевтің шығармасында Есіл

бойындағы Амантай деген жерде Қуандық

ішіндегі Қорысбайға берілген асқа Шоң

шақырылады. Қорысбайдың асы ел жайлауға

шығарда берілмей, ел жайлаудан қайтқанда,

яғни күзде беріледі. Сол Қорысбайдың

асына Шоң ат бәйгесіне қосуға Жананның

«Қараласын», палуан бәйгесіне Кенжеқараның

Жасанқарасын, ақын бәйгесіне Орманшы

Сақау ақынды, «Қараланың алдына жанды

қара түссе аттырамын» деп Күлік Жанақты

алып барғандығы айтылады. Асқа бара жатқан

Шоң би (Амантай төбенің басында тұрып)

қарала атын алдына алдырып, қарала атпен

серттескен. Қараала ат бәйгенің алды болды.

Қорысбай асында Сапаққа ренжіген

Қуандықтар: «сен Қуандықтың құты едің,

Шоң Сүйіндіктің құты едің. Екі құт бірге

отырған соң бақ Шоңға ауды, неге бөлек,

біздің қасымызға келіп отырмадың» дегенде,

Сапақ: «Талабын биік, бақытын зор етіп

жаратқан жасағаннан көрмесеңдер, менен

неге көресіңдер. Қасыңдағы кісіні тұсап

сөйлетпейтін, ешқайда қыбыр етуге мұршасын

келтірмейтін ерекше қасиетті аруағы бар

екен, мойын бұруға шамамды келтірмеді

ғой» деп мойындапты.

Енді Қорысбай асынан қайтып келе

жатқанда жолда Жұман ауылына түскен

екен. Олар осыдан бір күн бұрын Абайділда

хан нөкерлерімен келіп түскенде қандай

құрмет етсе, Шоңға да тап осындай құрмет

көрсетіп, бір ат сойып, тоғыз қой үйітіп,

асып құрметтепті. Бұдан да Шоңның абыройбеделі

ханнан кем болмағанын көреміз.

Қожаберген бабаның «әділ билердің соңы

болар» деген болжауы да айна-қатесіз келді.

13 жасында елінің намысын қуып, жоғалған

малын даулап барғанда Алшын Қаражігіт

би: «Едігенің Шоңы келді, бұл заманның

соңы келді» деп сыннан өткізген ғой.

Уақ елінің мықтылары Сүйіндіктен барымтамен

жүз жылқы алдырыпты. Осы себепті

екі елдің арасында дау туып, ақыры сөйлесе

келгенде екі жақтың басшы адамдары келісімге

келмейді. Бұл келісімде Шоң би жоқ екен.

Даудың уақыты өтіп кетсе де Шоң би өзі

барады. Ақтайлақ деген атақты бидің үйіне

түседі. Ақтайлақ кедей екен, амандықтан

кейін «көрші ауылға барып келейін» деп

кетерінде әйеліне:

Едігенің Шоңы келді,

Бұрынғының соңы келді.

Қазаныңа ас сал,

Аз болса қос, көп болса ал, – депті.

Көрші ауылдағы саудагерден жаңа киіз

үйін ас-ауқатымен ала келіп, Шоңды екі күн

құрметтеп күтеді. Бұл уақытта екі жақтың

арасында ешбір дау сөз болмайды. Үшінші

күні Шоң қайтатын болады. Ақтайлақ би

құрметтеп шығарып салады. Біраз жерге

дейін еріп барып Ақтайлақ би ұзап бара

жатқан Шоңға тоқтап «Шоң, Шоң!» деп

дауыстайды. Шоң жалт қарайды. Ақтайлақ

би қолын көкке бір сілтейді де, ерінің қасын

ұрады. Екі би түсінісіп, дау осымен бітеді.

Жанындағылар бұл емеурінді түсінбей

сұрағанда Шоң былай деп шешіп берген

екен: «Ақтайлақ бидің жұмбақтап әйеліне

айтқан сөздері бір бітпеген билікті бұзып

өзің келдің, енді шешімін өзің айт. Қазанға

...Поляк революционер-жазушысы А.Янушкевич 1846

жылы Парижде шыққан «Күнделіктер мен хаттар»

атты кітабында: «Шоң үлкен адам болған. Елді әрі

ақылды, әрі әділ және іскер басқарғаны сонша, оның

өкіметіне хандар да қызыға қараған. Ол заманда

төрелер халықты қатты қанаған екен. Шоң

,,

оларды

өзі билеген аймақтан аластатып халықтың шексіз

сүйіспеншілігіне бөленген», деген сөз қалдыруы бекер

болмаса керек....

ас сал, аз болса көбейт, көп болса азайт

дегені бұрынғы келісімді кеміт дегені. Ал,

ат үстінде тұрып қолымен ымдағаны менің

тұрмысымды көкте құдай, жерде екеуіміз-ақ

білеміз, кедейлігімді ешкімге айтпа дегені»

депті.

Абылай асы Қызылжар маңында Қараой

деген жерде болған. Сол заманда қазақта

мұндай ірі астар сирек болған екен. Бәйгеде

қырық атқа жүлде тігіпті, атқа мінген балалардың

бірі он жасар Шоң Едігеұлы болған екен.

Екі баланың бірі аламан бәйгеге қатыса

бермейтіні белгілі. Шоңмен бірге Айдабол

Тұрсынбай батыр шыққан, ол ересек, жасы

он жетіге келіп қалған екен делінеді.

Айдабол Тұрсынбай батыр 1849 жылы

қайтыс болған. Едіге баласы Шоң би жаз

күнінде игі жақсы ақсақалдар бас қосып

бір киіз үйде отырғанда жарқ-жұрқ етіп

найзағай ойнап, жаңбыр жауды дейді. Шоң

би отырған үйдің төбе кигізіне қараса бір

саңылау тесік жоқ екен. Сонда ол қасында

отырған әлеуметке былайша сауал тастапты:

«Осы үйдің екі үздігін ұрлағанға қандай

айып салар керек?» деп. Жұрт дәнеме

дей алмады. Сонда Шоң би өзі былай

дейді: «Дәл осы үйдің екі үздігін ұрлағанға

іші тола отырған жанның құнын төле деп

бұйырар едім» дейді. Отырған жұрт бұл

сөзіне көнбейді. «Бұл екі үздікті сатса пәлен

қой, мұнша құнды, мұнша пұлды болатын

не артықтығы бар?» - дейді. Сонда Шоң

би отырып айтты: «Сендер Құдайдың қай

бергенінің қадір-қасиетін білесіңдер. Күн

күркіреп жауып тұр, найзағай ойнап жарқжұрқ

етіп тұр, соны естіген жанда зәре

қалды ма? Аспаннан түсетұғын жайдың

оғы тесігі жоқ, бүтін кигізден тіпті өтпейді.

Дәл осы күнде осы үйдің үстінен жайдың

оғы кез келсе өтетұғын жері жоқ, кигіздің

жүнінің арасына батырып-батырып сіңіп кетеді.

Осынша жанды сақтап қалуға себеп болған

соң бұл үздіктің құны үй толы жанның құны

болуға қалай жарамайды» дейді. Отырған

жұрт жағасын ұстап, таң-тамаша қалады.

«Бұл өмірде Едігеұлы Шоң би бар екенін,

Алланың өзіне берген ақылы, аузының

дуалы жақсы істері артында қалды» деп, сол

заманның үлкендерінің әңгіме-дүкен құрып

айтқан сөздері болатын. Жақсылар отырған

жерде жамандар бола ма, ауызды дуалы

ақсақалдар дүниеден өткенше Шоң бидің

еліне жасаған шарапатын, жақсылықтарын

әңгіме етіскен дейді.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бабамыздың

жазбаларында Шоң дара жаратылған,

бойына құт дарыған, ел арасында аса беделді

болған деп суреттеледі. Едігенің балалары

туғанда «Бәйбішесінің көрген түстері» атты

әңгімесінде: Қара бүркіт ұстадым, жемсауыты

үлкен екен, әртүрлі аңдарды қылғытып

жұтып жатты. Балаңның балақ бауы ұзын

болады», - деп айтқанда, Едіге бабамыз:

«Ер бала туады екен, үрім-бұтағы көп болып

өседі, бірақ қуғынды көп көреді» дейді.

Шоң ұрпақтары Торайғыр, Қиғара, Сарман,

Қосдәулет әр қайсысына дүниеге келерде

түс көреді.

М.Ж.Көпейұлы бабабыз Шоң би туралы

бір сөзінде: «Шоң би айтады екен «Берген

аста береке бар, Береке деген - періштенің

аты, Біте деген - сайтанның аты. Бермеген

үйдің асын Біте деген сайтан сорып құртады»

деген» депті. Жалпы, Мәшһүр атамыздың Шоң

туралы айтқан асыл сөздерін құрастырса,

бір кітап болар еді.

Шоң - қарапайым қазақтың да ел басқара

алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны

бұздырып, аға сұлтан болған тұңғыш би.

Содан кейін Шоң салған ізбен Шорманның

Мұсасының, Өскенбайдың, Құнанбайдың,

Жайықтың Ыбырайының, Зілқараның

Мұсасының, Естеместің Есенейінің әр кезде

әр округқа аға сұлтан болып сайланғаны

тарихтан белгілі.

Үлкендердің айтуынша, Абылайдың

қырқына Сүйіндік ата ұрпағының үлесін алып,

адамдарын бастап жас би 28 жасар Шоң

Едіге баласы барған екен. Хан асынан кейін

Уәлиді Орта жүзге хан сайлаймыз дегенде,

Шоң оған қарамай, адамдарымен еліне

қайтып кетеді. Мұны өмірбойы ұмытпаған

Уәли «Қойнына Шоңға арналған тас тығып

өтіпті» деген сөз тараған ел арасында. Тегі

жас бидің ақсүйекке, хандыққа қарсы күресі

осы тұста басталса керек.

Шоң, әкесі Едіге дүние салып, билік таяғы

қолына тиген соң мұндай әділетсіздікке

немқұрайды қарай алмайды. Ол бірден ел

арасынан төрелерді қуу саясатын ұстанады.

Бұған көнгісі келмеген төрелер халықты оған

қарсы қою мақсатында Шоң жайлы неше түрлі

лақап өсек таратады. Шоңның төрелермен

шайқаста күш алуы үшін, яғни халықты

төңірегінен шығармау үшін әкесі Едігенің

тұсындағы «Төртұлы одағы» ата-дәстүрін

қайта жаңғыртады. Сол бойынша Шоңды

халық төбе биі қылып сайлап, осыдан кейін

ол төрелерді елден шындап қуа бастайды.

Адольф Янушкевич деген поляк жазушысы

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында

қазақ жерінде болып, Жазық деген соқыр

қыздың Шоңды жоқтауын 1846 жылы

Парижде шыққан «Күнделіктер мен хаттар»

атты кітабында қарасөзбен жазған екен.

(Жоқтаудың қазақшасы қолға түспегеннен

кейін орысшасын келтіремін.) «... Жили мы

свободно, спокойно, ни от кого не зависящие,

под управления наших собственных

биев. Но нас начали угнетать султаны.

Эти каскыри (волки) ели нас, накладывая

все большие подати... Чон не позволял

им угнетать бедный народ, даже выгнал

их с Баянаульской земли...» және Шоқан

Уәлихановтың «Қазақтың басқа руларына

қарағанда Баянауыл округына қарасты

руларға төрелер ықпал жүргізе алмады.

Өйткені, бұларды өте күшті ру басшылары –

билер басқарды. Халық арасына, әсіресе,

Айдабол биі Шоң мен Қаржас биі Шорман

аты кең тараған еді» деген сөздері хан

ұрпағының үстем тап ретіндегі өктемдігі мен

қара халықты аяусыз қинау саясатын растай

түседі. Шоқан Уәлихановты халқымыздың

ой-өрісі мен ақыл-алғырлығын дүниеге тұңғыш

танытушы ретінде мақтан етеміз. Сол заманда

Шоңға жолығып, оның іс-әрекетімен жете

танысқан поляк революционер-жазушысы

А.Янушкевич 1846 жылы Парижде шыққан

«Күнделіктер мен хаттар» атты кітабында:

«Шоң үлкен адам болған. Елді әрі ақылды,

әрі әділ және іскер басқарғаны сонша, оның

өкіметіне хандар да қызыға қараған. Ол

заманда төрелер халықты қатты қанаған екен.

Шоң оларды өзі билеген аймақтан аластатып,

халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген»,

деген сөз қалдыруы бекер болмаса керек.

Тағы бір айта кететін жайт, Шоң бидің

қара қазақ қауымын орыс шаруаларының

үлгісімен пішен шабуға, егіншілікке, сауда

ісіне баулу, яғни орыс базарларына мал

емес, Қалқаман тұзын шығарып, қазақта


САРЫАРҚА САМАЛЫ

тарих 19 қазан, сенбі, 2019 жыл 9

жоқ құрал-сайман, басқа да тұрмыстық

қажетті заттарға айырбастау, сол сияқты

Баянауыл дуанын салушы орыс шеберлерінен

үйренуіне қамқорлық жасауы жайындағы

деректерді Қазақ КСР Орталық архивінде

жатқан рапорттарынан көруге болады.

Шоңның патша әкімдерінің кейбір

прогрестік көзқарастағы өкілдерімен жиі

кездесіп, олардан Ресейдің және басқа да

шетелдердің мемлекеттік құрылысы жөнінде

ұзақ әңгімелесетін болған. Солардың бірі

Шоқанның досы, белгілі ғалым Григорий

Николаевич Потаниннің әкесі есауыл

Николай Ильич Потанин болған екен. 1832

жылдан Баянауыл дуанын салуды басқарған

Николай Ильич бала-шағаларын Ертістің

арғы жағына қалдырып, өзімен еріп келген

қазақ-орыстарды аяп, таудан ағаш түсіру,

оны құрылыс басына жеткізу, тас, құм

тасу жұмыстарында істегендердің еңбегін

асыра бағалап, жалақыларын жасанды түрде

өсіріп отырған екен. Мұны облыстық канцелярия

байқап қалып, оны бұл қылмысы

үшін жауапқа тартуға шақырғанда Шоң

«Округтың ашылар қарасаңында Николай

Ильич сияқты біздің халқымыздың әдетғұрып,

салт-дәстүрі мен тілін білетін адам

далаға аса қажет» деп ара түсіп, алып

қалған екен. Округ ашылғаннан кейін канцелярия

Потанинді «қазына қаржысын талантаражға

салғаны үшін жауап беруге» тағы да

шақырыпты. Округты басқару штатында аға

сұлтан жанында «ерекше істерді атқаратын

чиновник» болады екен. Шоң облыс бастығына

осы жолы жазған хатында «Ерекше істер

атқаратын чиновник» біздің халқымыздың

өмір тынысы былай тұрсын, күнделікті жүрістұрысқа

байланысты сөздерді де білмейді

екен. Сол себепті оны өздеріңізге қайтарып

отырмын. Менің жанымда «ерекше істерді»

атқаруға Потанин қалсын» деп сұрайды.

Бас губернатор аға сұлтанның бұл жолғы

өтінішін де орындапты.

Шоң би Едігеұлы Баянауыл округі ашылғанда

Сібір генерал-губернаторы оны аға сұлтан

етіп тағайындаған. Сібір генерал-губернаторы

1822 жылы Орта жүз қазақтарын

билеудің жарлығын жасады. Сол жарлық

бойынша хандық жойылып, орта бірнеше

округқа бөлінеді.

Шыңғысхан ұрпағы Баянауыл өңіріне

айтарлықтай ықпал жүргізуге тырысқан.

Оған жергілікті зиялылар үнемі қарсылық

көрсетіп отырған. Бұл туралы Шоқан

Уәлихановтың жазбаларында «Шоң мен

Шорман өте күшті ықпалы бар адамдар»

деп көрсетілген. Қазақ билерінен Бөкейді

хан сайлауға қалай қарайтындары жөнінде

губернатор сауал-жауап алады. Шоң би

губернаторға «қазаққа ханның керегі жоқ»

деп текке айтпаған ғой.

Заманында төрелер қара халықты салық

сала отырып қатты қинаған. Шоң би халықты

төрелердің ықтиярына беріп қойған жоқ.

Өмір бойы хандыққа қарсы болған. 1825

жылы Қарқаралы округындағы әскер бастығы

И.С.Карбышевке хат жазған Шоң «Баянауылда

округ дуанын ашыңыздар, мен шапағаты

мол, аса қайырымды патшаның қоластына

кіріп, оның нұсқауларын орындап отыруға

дайынмын» дейді. Омбы бастығы Шоңға

өтініштерінің қабылданғанын, 1826 жылдың

9 наурызында ант беру керектігін айтады.

Шоң бастаған 332 адам мұз құрсауында

жатқан Ертістен өтіп Керекуде ант береді.

Облыс бастығына «Баянауыл округіне біздің

де тіліміз бен әдет-ғұрпымызды білетін

және аңқау халқымызға қайырымы мол

шенеуліктер тағайындаңыздар» деп хат

жазады. 1830 жылы жайлауларды аралап,

рулардан Ресейге кіретіндері жөнінде ант

алады. Шоң, Шорман көмегімен 2095 ауыл, 21

700 үйден ант жинайды. Шоң би келешекте

елінің өзгелерден қалмай орыс ағайындардан

орыс білімін балаларына оқуына талпынуға

үйретеді. Орыс - өнерлі халық, өнерімен

бізбен де бөліседі дейді. Шоң өмірінің тағы

бір мақсаты – қара қазақ баласының да

ел басқара алатынын дәлелдеуі.

1833 жылы Баян округіне Шоңды аға

сұлтан етіп тағайындайды.

Шоң би 1836 жылы ақпан айында дүниеден

өтеді. Күн жылына денесін былғарыға тігіп,

жүз жылқымен Әзірет сұлтанға апарыпты.

Әзірет сұлтан қожалары: «Арқаға қойып,

үш жылдан соң алып келсеңдер еді, елінің

құты екен, құты шайқалды ғой» десіпті.

Шоң бидің қайтқан жылы қой жылы

екен, келер қысында «қумешін» деген жұт

болыпты. Әзірет сұлтан Қожа Ахмет Ясауи

кесенесінің айналасына қазақтың хандары,

сұлтандары, абыз-әулиелері, билері мен

батырлары жерленген, Шоң бидің орны

№114 болған, 2007 жылы екінші барғанымда

№121 Шоң би XVIII ғасырдың II жартысы

делініпті.

Шоң би қарт тарлан, көреген саясатшыл

ретінде қара халықтың мұңын, жоғын жоқтайды,

елдің тұтастығы үшін күреседі. Әрбір оқиға,

әрбір дау-дамай сайын Шоң бидің шоқтығы

биіктеп, бір туар жан екені анықтала түседі.

Қалмұқан Исабаевтың Шоң би туралы

екі кітабы оқырман қолына тиді. Кітаптарға

Қалмұқан ағамыздың қырық жылға тарта

жинаған еңбектері енді.

Мәшһүр Жүсіп бабамыздың бір жазбасында

ердің құны есебін тапқан сабазға

екі-ақ ауыз сөз деп қай заманда айтылған.

Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Ошақты деген елді

аралап жүрген Орта жүз Малай, Жәдігер

деген рудан Құлназар дегенді өлтірген екен.

Бірақ Ошақты елі құн талап еткендерді керек

те қылмапты, құлағына да қыстырмапты.

З а м а н д а р ө т к е н д е о с ы қ ұ н д ы ж о қ т а п

14 жасар күнінде Едіге би атқа мініпті.

Арғыннан Едігенің соңынан ерген 100 кісі

болыпты. Барған жерінде бұларға әр 10 кісіге

бір үйден тігіпті. Барғандардың ішінде Ұлы

жүзден Алшын қаражігіт те болыпты. Сол күні

дау-шар айтылмапты. Амандық сұрасқаннан

аспапты. Намаздыгер кезінде далаға шығады.

Ұлы жүздің ішінен ұзын бойлы, нар жонды

шекпенді бір ер қара кісі түрегеліп, Орта

жүздің адамдарына «алты атасын арқалап

жүрген бар ма екен, жеті атасын жетелеп

жүрген бар ма екен? Алары болса мойнымда

бар» деп аяғын баса бергенде, Едіге би:

«Ақсақал, кішкене мойныңызды бұрыңыз.

Киіз кімдікі болса, білек соныкі, ауыз кімдікі

болса сөз соныкі. Шыққан жеріне қайтып

сыймайды... жарлық өзіңізден болады.

Әлгі Ұлы жүздің кісісі кім?»,- деп сұрапты.

Танитын біреуі: «Ол - Үйсін Төле би деген»

депті. Онда Едіге би: «Үйсін Төле би сол

болса мен біттім, тындым» депті. «Сен қалай

бітесің?», - депті қасындағылар. - Ертеңіне

таң атысымен алты атаның ұлы Арғынға алты

ат бастаған тоғыз жібереді. Төрт атаның

ұлына төрт түйе бастаған тоғыз жібереді.

Оны қылмаса, қолынан ұстап жалаңаш қыз

береді. «Жарқын деген құн осы болады»

депті. Едігенің айтқанындай болыпты. Ердің

құны есебін тапқан сабазға екі-ақ ауыз

сөз екен.

Он тоғыздың аяқ тоғызын Төле бидің

өз босағасына тастапты. Бас тоғызды үйде

қалған Бабырдың босағасына байлапты. Сонда

Бабырдың інісі Құлнияз «Бізге дәнеңе жоқ

па?» депті. Едігемен еріп баруға үйде кәрі

шешесі ауырып жатқандықтан Бабыр ере

алмапты. Бұл аралықта Бабырдың шешесі

қайтыс болады. Оны Мұрынталда Тотия деген

таудың басына жерлепті. Тотия таудың аты

содан қалған деп үлкендер әңгіме қылатын.

Бабырдың анасының аты Тотия екен.

Мен Едігенің Ақдәулет пен Бақдәулетінің

ортасында Қиғара мен Сарман бар, Ақдәулет

пен Бақдәулетті қосқанда менің бабам

Қосдәулет, Сәбет, Жақып Пірадардан

тараған ұрпақ Әбілқазының қызымын. Біздің

қыстауымыз Баянауыл ауданы Мұрынтал

ауылынан 3-5 шақырымдай жерде, қалың

ағаштың арасында, қарағайлы бұлақ.

Бұл - Қосдәулет бабамның қыстауы. Мен

әкемнің өз аузынан Шоң туралы естіген

әңгімелерін, М.Ж.Көпейұлының әңгімелерін

көп естідім. Мәшһүр ата мен менің атам

Жақып екеуі - дос, сырлас болған адамдар.

Қарағайлы бұлаққа Мәшекең бірнеше рет

келіп, Жақып атамыз екеуінің әңгімесін әкем

Әбілқазы естіп өскен. Ауыл ақсақалдарына

әңгімелеп айтып, бірден бірге, міне, кейінгі

ұрпаққа жетті. Кезінде Қарағайлы бұлақта

Қаз дауысты Қазыбек биді қойған сөре

тас бар. Одан 9 шақырым жерде Бұқар

жырау бабамыз жерленген жер бар. Сол

кездері үлкендердің бастары қосылғанда осы

кісілердің өткен өмірін, естіген-білгендерін

әңгімелеп отыратын.

Биылғы жылы Нұр-Сұлтан қаласына

барғанда жолым түсіп Сәкен Сейфуллин

мұражайында болдым. С.Сейфуллин 1918

жылы «Дүйсембі» деген атпен тұтқыннан

қашып шығып, Баянауылдағы нағашысын

және досы, фельдшер Шайбай Аймановты

іздеп келгені белгілі. Сонда түскен фотосуреті

бар. Сол суреттің фотокөшірмесін түсіріп

алып, Торайғыр ауылында жаңадан ашылған

мұражайға қою еді мақсатым. Мұражайды

аралап жүріп Шоң би бабамыздың медалін

көрдім. Қызметкерлерден: «Бұл медаль

қайдан тұр, осы туралы түсінік беріңіздер»

деп сұрасам, ешкім ештеңе білмейді және

Сәкен Сейфуллиннің Баянауылда болғанын

да білмейді екен. Өзім білгенімді мұражай

ішіндегілерге түсіндіріп айтып бердім, олар

алғыстарын айтты. Медаль жайлы мәліметтерді

мұрағаттан іздестіріп, жауабын жібереміз

деп уәде берді.

Шоң би бабамыздың туғанына - биыл

265 жыл. Соған орай үлкендерден естіген,

М.Ж.Көпейұлының қолжазбаларынан,

Қалмұқан Исабаевтың «Серт» және «Шоң»

кітаптарынан оқып, жадымда жаңғырған

дүниелерге қоса, мұғалім болған жылдары

Қ.Исабаев, Қ.Найманбаевтармен оқушылар

кездесуін ұйымдастырып, сонда естігенбілгендерімді

жаздым.

Шолпан ЖАҚЫПОВА,

ардагер ұстаз, Торайғыр ауылы,

Баянауыл ауданы.

Тағзым

«Қозғанда Бекқұл менен Қабыл орны,

Дүйсекей, сол Күреңбай ескі қорлы.

Бәрінің ортасында жүргенімде,

Болады енді Мәшһүр Жүсіп кімнен сорлы».

Күреңбай сыншының

зираты қоршалды

Екібастұз ауылдық округіне қарасты

Төртүй ауылының жанында Күреңбай

сыншының зираты орналасқан. Атақты

Ақан серінің Құлагерін сынаған азаматтың

мәңгілік мекені Баянауланың Қызылтау

бөктері екенін естуші едік. Дегенмен

соңғы тарихи деректер мен көнекөз

қариялардың нұсқауымен тарихи тұлғаның

жатқан жері нақтыланды. Жақында

Жұмажан Пәруов, Мылтықбай Әлтаев

есімді азаматтар Төртүйдегі ескі қорымды,

ондағы белгітасты алға тартып, Күреңбай

сыншының ұрпақтары бабасының Төртүйде

жерленгендігін растағанын айтты.

– Аты алты алашқа танылған әйгілі

Күреңбай сыншы - Баянауыл өңірінің тумасы.

Нақтылып айтсақ, қызылтаулық. Руы – арғын,

оның ішінде – қозған сарықыз. Күреңбай

сыншының бел баласы – Мамырхан. Оның

баласы – Баязи. Баязидің ұлы Ғалымжан

бүгінде Қарағанды қаласында тұрады.

Қолында құнды жәдігер ретінде жалғыз

фотосурет қана сақталған. Сол фотосурет

тарих ғылымдарының кандидаты

Мақсат Алпысбестің өңдеуімен Қарағанды

облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің

2002 жылдың 20 ақпандағы санында

жарияланған екен. Суретте 9 адам,

олар – зергер Мұстафа Шәтин, Күреңбай

сыншының бел баласы Мамырхан, Оқас

Жантекеұлы, Исахан хазірет Жиенбайұлы,

Зәукеш Мұстафин, Сірән Ысқақұлы, Қабыш

Сірәнұлы, Ықыш Мамырханұлы. Мұның

бәрін «Қозған шежіресі» атты кітапта

Қайыргелді Тоқтамысов жазған. Осы жылдың

2 мамыры күні Екібастұз бен Баянауылдағы

азаматтары бас қосып, жиын өткізген.

Жиында Күреңбай сыншының зиратын

қайта көтеру мәселесі айтылып, сол жерде

Төртүй ауылының тұрғыны Ғарифолла

Кенжетаев жұмыстың ұйымдастырылуына

төраға болып тағайындалып, жұмыстың

басы-қасында жүрді. Қайдар Беляев,

Біржан Смағұлов, Әлімжан Күлдин және

ерейментаулық Жұмажан Ахметов сынды

азаматтар игі бастаманы алғашқы болып

қолдады. Зиратта Күреңбай сыншымен

бірге ұлы Зайырхан, қызы Рабиға және

Смайлхан Сәрсембіұлы, Ахмет Жантекеұлы

жерленген. 6 бұрышты зираттың аумағы –

32 шаршы метр. Қазіргі таңда 50*60

көлемінде қоршалды. Зиратты қоршау

жұмыстарын атқарған азаматтарға ас

әзірлеу, басқа да көмектерді көрсеткені үшін

Төртүй ауылының тұрғындары Сүлеймен

ақсақалға, Балтабай аға мен жұбайы

Жұмақыз апайға, ауыл азаматтары Сұңғат,

Аманжол, Мылтықбай, Талғатқа алғысымыз

шексіз, - дейді Жұмажан Пәруов.

Айтуынша, зиратты қайта қалау үшін

Бірлік ауылынан тас әкелуде Қанат Мәжитов

екі «КамАЗ»-ын, тиегіш көліктерін беріп,

көмек көрсеткен. 2007 жылы Күреңбай

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Ілияс Жансүгіровтің әйгілі «Құлагер» поэмасындағы Сағынайдың

асында айрықша қабілеті кеңірек баяндалған Күреңбай Бекқұлұлы

туралы білерлігіміз аз. Тарихта есімі қалған қасиет иесінің,

сыншының ұрпақтары жуықта оның зиратын қоршап, басын

қайта көтерді.

сыншының басына белгітас Дәулет

Бекмағамбетовтің мұрындық болуымен орнатылыпты.

Сыншының шөбересі Ғалымжан

Мамырханов Қарағанды қаласынан арнайы

хат жолдапты. Хатында: «Осы жылы

Екібастұз қаласына қарасты Шідерті

өзенінің бойындағы Төртүй ауылының

маңайындағы Сасай деген жерде әйгілі

сыншы, емші, тұғыры биік асқар тау

Бекқұлұлы Күреңбай бабамыздың зираты

ел азаматтарының арқасында темір

қоршаумен қоршалды. Зират сыртынан

іргетасын көтеруге ауыр жүк көліктермен

қиыршық тас әкелінді. Бұны көргенде

өз басым қатты қайран қалдым. «Өлі

разы болмай, тірі байымайды» демекші,

бабамыздың жатқан жерін қоршауға атсалысып,

басы-қасында жүрген Көшербай

Жақыпов, Серік Жұмәділов, Жұмажан

Пәруов, Марат Сүлейменов, Қабдолла

Айтмұхамбетов, Мылтықбай Әлтаев,

ағайынды Жұлдыз, Саян Қожиндер,

Даржұман Солтаналин есімді көптеген

інілеріме, аталас ағайындарға алғысымды

білдіремін. Бабамыз Күреңбай сыншының

аруағы азаматтардың бір ағайындай

бірлесіп атқарып жатқан істерін қолдап,

әрқашанда желеп-жебеп жүрсін. Зиратты

таспен қайта қалаған Бектас, Арғын,

Ерсайын есімді азаматтарды бабамыздың

аруағы қолдасын», деп жазылған. Ал

тағы бір ұрпағы Тұрсынхан Хамитұлының

жазбасында: «Атам Күреңбай Бекқұлұлы

1840 жылы Қызылтау бауырында дүниеге

келіп, 1896 жылы Шідертінің жағасында,

қазіргі Төртүй (бұрынғы «Екібастұз» кеңшары)

ауылы аумағында қайтыс болған.

«...Күреңбай Бекқұлдың

бел баласы,

Ішінде туыстарының ең данасы.

Сабырлы, салқын ойлы, дәулетті адам,

Би болған, ақылға ие, ел панасы.

Көп дүние, ата даңқы, қошеметі,

Ағайын, елі сыйлас құрметті.

Күз күні, Шідертінің жағасында,

Ауырып, елу алтыда дүниеден

ерте кетті», -

деген өлең жолдары - сөзімнің дәлелі.

1952 жылы 7 жаста болғанымда әкем

мені Күреңбай атамның зиратына апарып,

көрсеткен еді. Қазір 75 жастамын, жол

түскен сайын бабамның басына барып,

зиярат етіп тұрамын», делінген.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне

келсек, бұрынғы және кейінгі деректерді

салыстыра отыра бір түйінге келу –

тарихшылардың міндеті. Ал біздің мақсат –

жақында ғана 90 жылдығын тойлаған

Төртүйде атқарылған тағы бір игі істен

оқырманды хабардар ету болды.

Айдана АЙТУҒАН,

Екібастұз қаласы.


10 19 қазан, сенбі, 2019 жыл ЖЕЛҚАЗЫҚ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЕРТЕҢ - ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

С

1992 жылдан бастап орман шаруашылығы

саласында қызмет атқарып келеді.

Бүгінде - Павлодар орман және жануарлар

әлемін қорғау жөніндегі мекемеге

қарасты Чернорецк орманшылығының

жетекшісі.

- Мен бала кезімнен тоғайда өстім.

Мектепте оқып жүргенімізде жазғы

демалыс кезінде барлығымызды арамшөп

жұлып, күтіп-баптау жұмыстарын жасауға

жіберетін. Осылайша, бізді еңбекқорлыққа,

табиғатты аялауға үйретті. Оған қоса,

үш ағам мен жеңгем осы салада ұзақ

жыл қызмет атқарды. Осының барлығы

әсер еткен болса керек, қайткен күннің

өзінде орманшы боламын деген мақсат

қойдым. Кейін Баянауылдағы кәсіптік

лицейді орман шебері мамандығы

бойынша тәмамдадым. Менің жұмысым –

менің өмірім. Себебі, әр күнім тоғайда

өтеді. Аңдар мен құстарды қорғап,

ағаштардың заңсыз кесілмеуін қадағалау,

өрттің алдын алып, қызыл жалынды

ЕРТЕҢ – ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ

Табиғат сақшысы

Орман – құтты қазына. Дәл осы байлығымызды қызғыштай

қорып, сақтап қалу оңай емес. Қызметтің қиындығы мен

жауапкершілік жүгінің ауыр екеніне қарамастан, осы салада

30 жылға жуық уақыт бойы тынбай еңбек етіп келе жатқан

жандардың бірі – Тілеубек Абылғазинов.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

дер кезінде сөндіру – менің міндетім, -

дейді Т.Абылғазинов.

Иә, Тілеубек Саттарұлы мен ол басшылық

ететін орманшылық қызметкерлеріне

артылған жауапкершілік зор. Сол

міндеттерді орманшылар абыроймен

атқарып келеді. Мәселен, өткен жылы

Қаракөл ауылының тұрғынын заңсыз

ағаш кесіп жатқан тұста ұстап, полиция

қолына тапсырды. Нәтижесінде 9 текше

метр ағашты рұқсатсыз кескен азамат

қылмыстық жауапкершілікке тартылып,

айыппұл арқалады. Есесіне биыл Чернорецк

орманшылығында араға 10 жыл салып

қарағай көшеттері отырғызылды. 10,4

гектар алқапқа егілген «Ертіс орманы»

резерваты көшеттерінің 85-90 пайызы

жақсы тамыр тартты.

- Біздің қызметтегі ең қиын кезең –

өрттің өршу уақыты. Яғни, ерте көктемнен

қара күзге дейін орман өртінің пайда

болу мүмкіндігі жоғары. Қызыл жалын

табиғи байлығымызды шарпымас үшін

тұрғындармен, шаруа қожалықтарымен,

Ресейдің Алтай, Барнауыл, Новосібір

облыстарынан келетін демалушылармен

түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Тоғайдың

аумағына келген әр көлікті арнайы есепке

аламыз. Күн сайын орманшылар, орман

шеберлері алқапты жаяу аралайды. Сайып

келгенде, мұның барлығы оңай шаруа

емес. Соған қарамастан, қызметкерлер

әр уақытта шыдамдылық танытады. Біздің

ұжымдағы орманшылардың барлығы

дерлік – жастар. Жас мамандарды да,

өрт қаупі бар кезде уақытша қызметке

алынатын ауылдастарды да үйретіп,

бар білгенімізбен бөлісеміз, - дейді

орманшылық жетекшісі.

Өз кезегінде әріптестері Тілеубек

Абылғазиновтің ұжымда сый-құрметке

лайық әрі үлгі тұтар азамат екенін атап

өтті.

- Тілеубек Саттарұлы – өз ісін білетін

тәжірибелі, білікті маман. Қызмет барысында

тиянақтылығымен, еңбекқорлығымен,

сабырлылығымен көзге көрінеді. Жыл-он екі

ай бойы орман қорын қорғау мақсатында

адал қызмет атқарып келеді. Бұл тұрғыдан

алғанда өскелең ұрпақтың одан өнеге

алар тұсы көп, - дейді Павлодар орман

және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі

мекеме директоры Дәулет Қонақбаев.

Орманшы қызметі қиын екенін Тілеубек

Саттарұлының отбасы да жақсы түсініп,

үнемі қолдау білдіреді. Жары Әсия

Ноянқызы - мектеп директоры, қызы

Саягүл - медицина, ұлы – Саят

компьютерлік бағдарлама лау саласын

таңдапты.

Тілеубек Абылғазиновтің 30 жылға

жуық еңбегі ескерусіз қалған емес. Осы

уақытқа дейін ҚР Ауыл шаруашылығы

министрлігі Орман шаруашылығы және

жануарлар дүниесі комитетінің, орман

шаруашылығы және жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясының, Павлодар

ауданы әкімдігінің түрлі марапатына

ие болды. Алдағы уақытта да табиғат

сақшысының қызметі нәтижелі, басты

байлығымыздың қорғаны мықты болсын

дейміз.

Құрметке лайық мамандық

Олар - өзгенің өмірін арашалап, өз басын қатерге тігетін

ержүрек мамандар! Санаулы секундтарда шешім қабылдайтын

өжет жандар! Тәуліктің кез келген уақытында тілсіз жаумен

арпалысуға дайын бейбіт күннің батырлары! Бүгін өмірі өрт

өтінде жүрген құтқарушылар жайында баяндамақпыз.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Қауіпті әрі қиын саланы таңдағандардың

қатарында - Нариман Мүрсәлиев те

бар. Ол облыстық төтенше жағдайлар

департаментінде өрт сөндіру және

авариялық құтқару жұмыстары қызметі

басшысының міндетін атқарады.

Азаматтық қорғау подполковнигі еңбек

жолын өрт сөндіру бөліміндегі кезекші

қарауылдарды басқарудан бастаған. 2007-

2014 жылдар аралығында өрт сөндіру

бөлімі басшысының аға көмекшісі қызметін

атқарады. 2014-2019 жылдар аралығында

өрт сөндіру қызметінде жедел кезекші

болды. Бөлімнің барлық қызмет сатысынан

өткен Нариман Әбдікәрімұлы алғаш

рет тілсіз жауды сөндірген кезі есінен

кетпейтінін айтады.

- 2016 жылы 4 қаңтарда менің кезекшілігімде

«Нефтехим ЛТД компаниясында»

алапат өрт тіркелді. Жедел түрде өрт

сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен

оқиға орнына аттандық. Сол сәтте қызыл

жалынның екпіні қатты болғанын көре

сала, өзге жеке құрамға хабар бердік.

Арнайы техникалар мен мамандар

келгенше өрт сөндіру ісін өз қолыма

алдым. Тиісті шараларды жоспарладым.

Өкінішке қарай, оқыс оқиға кезінде бетон

шатыры құлап, жарылыс орын алды.

Салдарынан бірнеше зауыт қызметкері

қаза тапты. Құтқарушылар жедел әрекет

етіп, олардың денесін сыртқа алып шығуға

үлгерді. Жарылыстан кейін электр желілері

үзіліп, өрт сөндіру құрылғыларына келетін

су тоқтап қалды. Сөйтіп, бірнеше шлангтарды

қосып, 300 метр жерден су тартуға

мәжбүр болдық. Бұдан бөлек, полипропилен

тез өртенетін әрі жылуды тез

қабылдайтын материал. Сол сәтте от

шашу сияқты атқылап жанды. Мамандар

арнайы өрт сөндіру көбігін пайдалануға

көшті. Өртке оранған құбырды сумен

суытып отырып, көбікпен қызыл жалынды

сөндіруге тырыстық. Құтқарушылардың

барлығы белшесінен су көбікке батып,

алапат өрттің алдын алды. Тіпті, көрші

ғимаратқа да қауіп төнді. Бірлескен істің

нәтижесінде тілсіз жаумен күресе алдық, -

дейді құтқарушы.

Нариман Мүрсәлимов өзі таңдаған

салада еңбек етіп жүргенін бақытқа

теңейді. Жоғарыдағы оқиғадан кейін

оның кәсібіне деген құрметі арта түскен.

Өйткені ол құтқарушы мамандығын ердің

ісі деп біледі.

– Бұл саланы таңдағандар өмірлерін

қатерге тігетіндерін жақсы біледі. Бұл

сала ержүректілерді таңдайды. Әр минутымыз

бағалы. Хабар түскен бойда оқиға

орнына шығуға дайын отырамыз. Қызыл

жалынды ауыздықтау - жеке құрамның

ортақ жұмысы. Сондықтан біздің күшіміз -

бірлікте. Бастысы, қызметкерлеріміз

шапшаң, батыл, жүректі, қырағы десем,

артық айтпаймын. Біз үшін адам өміріне

араша түсу ерлікпен тең, - дейді кейіпкер.

Бастарын қатерге тігіп, тұрғындардың

қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында

табанды еңбек етіп жүрген барша

құтқарушыны кәсіби мерекелерімен

құттықтаймыз!

МЕРЕЙТОЙ

Естайдың

немересі

90 жасқа келді

Екібастұз қаласындағы Естай

атындағы музыка мектебінде

әйгілі әнші-композитор

Естай Беркімбайұлының

үлкен немересі Зекен

Жанәбілқызының 90 жас

мерейтойы аталып өтті.

Өнер ордасында кеш

ұйымдастырылып, Естай

әндері шырқалды.

Асылдың сынығын Екібастұз қаласының әкімі

Ержан Иманзайыпов арнайы келіп құттықтады.

Ол өз сөзінде әйгілі жерлесіміздің қолында

өскен Зекен апаның бүгінгі өскелең ұрпаққа

үлгі-өнеге болып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, И.Байзақов атындағы

облыстық филармонияның директоры

Амангелді Қожанов мерейтой иесіне облыстық

мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер ісі

басқармасының басшысы Ернұр Дәуеновтің

құттықтау хатын табыстады.

Зекен Жанәбілқызының 90 жас мерейтойына

орай ұйымдастырылған шараға халық

көп жиналып, сахнада республикаға танымал

өнерпаздар өнер көрсетті. Жұртшылық

И.Байзақов атындағы облыстық филармония

өнерпаздарының өнеріне тәнті болды.

Сондай-ақ есімдері елге мәлім дәстүрлі

әншілер Медғат Манап, Амангелді Қожанов,

Жанболат Байсолтан, Нұржан Сарқамбаев,

күйші Қайрат Айтбаев кештің ажарын кіргізді.

Естай атындағы Екібастұз музыка мектебінің

жас таланттары да өз өнерлерін паш етті.

Кеш барысында Естай туралы деректі

фильм көпшілік назарына ұсынылды.

Еске сала кетейік, былтыр Естай

Беркімбайұлының 150 жылдығы облыстық,

республикалық және халықаралық деңгейде

аталып өткен болатын. Осы орайда, Павлодар

облысының әкімі Болат Бақауовтың бастамасымен

Екібастұздағы музыка мектебіне

Естай Беркімбайұлының есімі берілгенін атап

өткен жөн.

Әйгілі әнші-композитор Естай Беркімбайұлының

Жанәбіл есімді үлкен ұлынан екі немере

қалған болатын. Оның бірі - 90 жас мерейтойын

атап өткен Зекен апа, екіншісі -

80 жастан асқан Сарыторғай апа. Зекен апа

Екібастұздың Зеленая роща ауылында, ал

Сарыторғай апа Ертіс ауданының Қосағаш

ауылында тұрады.

Ф.ӘМІРЕНОВ.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

МЕЗГІЛ 19 қазан, cенбі, 2019 жыл 11

ЭКОАКЦИЯ

Балық саны көбейді

Жақында Павлодар қаласындағы мектеп оқушыларының

арасында «Тұқы популяциясын арттыру

бойынша су айдынына балық жіберу» атты

экологиялық акция ұйымдастырылды. Аталмыш

шара аясында шаһар шәкірттері Ертіс өзеніне

25 мың тұқы балығының шабақтарын жіберді.

Бұл науқанды қалалық білім

беру бөлімінің экология және

туризм балалар-жасөспірімдер

орталығы «Қазақстан электролиз

зауыты» АҚ-мен бірлесіп өткізді.

Мұндағы басты мақсат – мектеп

оқушыларын табиғатты қорғауға

және өзендегі балық санын

көбейтуге үлес қосуға баулу,

дейді мамандар.

Кәсіпорын өкілдерінің

айтуынша, өзенге жіберілген

шабақтар Шығыс Қазақстан

облысындағы «Бұқтырма уылдырық

шашу-өсіру» шаруашылығынан

арнайы көлікпен

әкелінген.

Айта кетерлігі, ERG-дің

25 жылдық мерейтойы аясында

зауыт қызметкерлері мен

шаһардағы мектеп оқушылары

бірлесіп, бірқатар іс-шараны

қолға алуда. Мәселен, бұған

дейін «Құстарға қамқорлық»

атты табиғатты қорғауға

бағытталған ауқымды акция

ұйымдастырылғанын атап өткен

жөн. Мұндай бірлескен іс-шаралар

балалардың құстарға, жануарларға,

жалпы қоршаған ортаға

деген сүйіспеншілігін арттырып,

табиғатты аялай білуге

тәрбиелейтіні сөзсіз.

Н.АҚЫТЕГІ.

АКЦИЯ

Балаңызды қорғаңыз!

Үйдегі бала қауіпсіздігі - ата-аналар үшін үлкен

жауапкершілік. Әсіресе, ойын баласын ашық

тұрған терезеден сақтандырып, қауіпсіздік шараларын

алдын ала ұйымдастыру аса маңызды.

Жақында Павлодар қаласындағы №37 балабақшаның педагогтары

қалалық «Жол берме!» акциясы аясында ата-аналар

мен шаһар тұрғындары арасында сақтық шараларын насихаттады.

Бөлмеде баланы бақылаусыз қалдырмау, терезеге

қосымша тор, тұтқаға шектеуіш құралдар орнату, жеткіншектерді

үнемі сақтандырып отыру – үйдегі үлкендердің міндеті. Зәулім

ғимараттардан тұратын шаһарларда жеткіншектердің қауіпсіздігі -

аса өзекті мәселе. Абайсызда терезеге шығып кетіп, жазатайым

жайттарға ұшыраған балғындар жайлы естіп, біліп

жатамыз. Бұл көбіне ата-ананың бақылаусыздығынан орын

алатынын мойындауымыз керек. Біздің балабақшаның педагог

қызметкерлері акция аясында тәрбиеленушілердің ата-аналары

арасында қауіпсіздік, сақтық шаралары туралы түсіндіру

жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.

Жалпы алғанда бала қауіпсіздігі бір ғана акциямен шектеліп

қоя салатын мәселе емес екенін ұмытпайық. Бүлдіршіндерімізге

үнемі ескертіп, естеріне салып отыру, сақтық шараларын

дұрыс ұйымдастыра білу әрқайсымызға үлкен жауапкершілік

жүктейді.

№37 балабақшаның педагог қызметкерлері,

Павлодар қаласы.

Құрметті павлодарлықтар!

Павлодар қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қазандағы

«Павлодар қаласының көшелерін қайта атау бойынша материалдарды

Павлодар қалалық мәслихатының қарауына енгізу

туралы» 1376/3 қаулысына сәйкес, азаматтардың құқықтары

мен заңдылықтарын сақтау жөніндегі, қала құрылысы және

экология жөніндегі Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты

комиссияларымен Димитров, 1 Май, Карл Маркс, Киров, Короленко,

Ж.Аймауытов, Пахомов, Крупская, Большая объездная,

М.Ж.Көпеев, Чкалов, Володарский, Бестужев көшелерін қайта

атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізіледі.

Осыған орай, Сіздерді Павлодар қаласы, Астана көшесі,

156 («Колос» балалар мәдениет ойын-сауық орталығы КМҚК)

мекенжайы бойынша 2019 жылдың 18 қарашасында сағат 15.00-де

өтетін көпшілік тыңдауларға қатысуға шақырамыз.

Қатысушыларды тіркеу сағат 14.00-де басталады.

Павлодар қалалық мәслихатының азаматтардың

құқықтары мен заңдылықтарын сақтау жөніндегі

және қала құрылысы және экология

жөніндегі тұрақты комиссиялары.

Жергілікті тұрғындар үшін

жаңартылған бөлімшенің іші 700

шаршы метрге дейін кеңейтілді.

Онда заманауи үлгідегі күту залы,

цифрлық қызметтер жаңа форматқа

көшірілген. Сонымен қатар мемлекеттік

корпорацияның фронт-офистерінде

тегін «Wi-Fi» желісіне қосылуға болатынын

атап өткен жөн. Жақында

балалар бұрышы пайда болмақ.

Облыстық филиал өкілдері

мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға

бармай-ақ, egov.kz порталы және

Құрметті оқырмандар!

«Құрметті оқырмандар! «Naızatas» әдеби-көркем, қоғамдықсаяси

журналына 2020 жылға жазылу басталды!

Жазылу

мерзімі

«Қазпошта» АҚ –ның

бөлімшесі арқылы жазылу

қала

Индексі 67276

ауыл

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы

жазылу

Редакцияда

ресімделу

және алу мен

жазылу

Павлодар қ. Павлодар қ.

6 ай 3 384,90 теңге 3 397,80 теңге 3 380 теңге 3 120 теңге

12 ай 6 769,80 теңге 6 795,60 теңге 6 760 теңге 6 240 теңге

Үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен «Naızatas» журналына

кез келген пошта бөлімшесінде пошта қызметкері арқылы

немесе Павлодар қаласы Ак.Сәтбаев кошесі, 50 (тел. 32-40-37)

мекенжайында орналасқан Қазпошта ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі,

142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.61-

63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, (баламалы) редакция арқылы жазылуды

Астана көшесі, 143-үй мекенжайында ресімдеп, журналды тікелей

редакциядан алуға болады. Тел. 8 (7182) 66-15-41.

Құрметті оқырмандар!

Қоғамдық–саяси, ақпаратты-жарнамалық

«Звезда Прииртышья» газетіне 2020 жылға жазылу басталды!

Жазылу

мерзімі

6 ай

(аптасына

үш нөмір)

12 ай

(аптасына

үш нөмір)

12 ай

(бейсенбілік

нөмір)

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі

арқылы жазылу

Индексі 55440

қала ауыл

6 657,10

теңге

13 314,20

теңге

6 988,20

теңге

13 976,40

теңге

Индексі 25440

қала ауыл

4 040,70

теңге

4 251,40

теңге

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы

жазылу

Редакцияда

ресімдеу

және алу

мен жазылу

Павлодар қ. Павлодар қ.

6 650

теңге

13 300

теңге

4 035 теңге

ЦИФРЛАНДЫРУ

Заманауи кейіпке енді

Павлодар қаласы Есенәлиев көшесі, 24-үй мекенжайы

бойынша орналасқан №2 халыққа қызмет көрсету

орталығы өз жұмысын қайта бастады. Аталмыш мекеме

жөндеу жұмыстарына байланысты бір айға жабылған

болатын.

жаңартылған «eGovmobile» мобильді

қосымшасы арқылы алуға болатындығын

айтады. Жетілдірілген мобильді қосымша

мемлекеттік қызметтерді саусақ ізі

немесе «Face ID» арқылы алуға

мүмкіндік береді. Яғни, азаматтар

электрондық цифрлық қолтаңбаны

биометриялық мәліметтерге бір рет

тіркегеннен кейін, қызметке тапсырыс

беру кезінде пароль енгізіп әуре

болмайды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

5 556

теңге

11 112

теңге

3 144 теңге

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін

жеткізілумен кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы

немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел.32-40-37) мекенжайы

бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23

мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.61-63-18)

жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы жазылу арқылы Астана к-сі,

143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады.

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген

басылымға 50 данадан артық жазылған жағдайда кәсіпорынға

дейін жеткізумен ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз тел.

8 (718 2) 66-15-41.

«Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ ұжымы Құралай

Бараисоваға апайы

Сәуле Ертайқызының

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

(1088)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12439 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2094

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12

КӨРМЕ

19 қазан, сенбі, 2019 жыл ИІРІМ

Көне суреттер үндестігі

Атақты румыниялық фотограф

Самоилэ Мырзаның

кадрына іліккен

ХХ ғасырдағы ерекше

туындылар Павлодар

жұртшылығының назарына

ұсынылды.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихиөлкетану

музейінде ашылған көрмеге

Румынияның алғашқы фотографы Самоилэ

Мырза мен павлодарлық тұңғыш фотограф

Дмитрий Багаев түсірген 62 жұмыс

қойылған. Мәдени шараның салтанатты

ашылуына облыс әкімінің орынбасары Асхат

Оралов, Румынияның ҚР-дағы Төтенше және

Өкілетті Елшісі, Румыния елшілігінің саудаэкономикалық

мәселелер жөніндегі кеңесшісі

Чезар Маноле Армяну, қала тұрғындары

мен жастар қатысты.

Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары

Асхат Оралов мәртебелі мейманға

Павлодар өңірінің тарихы туралы қазақ,

орыс және ағылшын тілдерінде жазылған

кітапты сыйға тартып, киелі Ертіс-Баян өңіріне

келген сапарына сәттілік тіледі.

- Біздің облыста Румынияның бірінші

кәсіби фотографы Самоилэ Мырзаның

көрмесі өтіп жатқанына өте қуаныштымыз.

Біз өз кезегімізде жерлесіміз, осы өңірден

шыққан алғашқы кәсіби фотограф Дмитрий

Багаевтың жұмыстарын жоғары бағалаймыз

және құрметтейміз. Мұндай шаралар екі

мемлекет арасындағы ынтымақтастықты

нығайта отырып, мәдени бірлестіктердің

арасында әріптестік байланыстың күшін

арттыра түсері анық. Бастауында Тұңғыш

Президент Нұрсұлтан Назарбаев тұрған

Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) келесі

«СПОРТ - СИТИ»

Жаттығу барысында облыс әкімінің

орынбасары Асхат Оралов спортшылармен

жүздесіп, жаңа алаң туралы ой-пікірлерін

тыңдады.

- Біз бүгін жаңадан салынған ашық

футбол алаңының сапасына баға берсін деп

футболшыларды әдейі шақырдық. Өйткені,

бұл нысандар спортшылар үшін салынуда.

Жастарымыздың спортпен айналысуына

бүгінде барлық жағдайды қарастырудамыз.

Павлодарлық «Ertis» футбол клубы - 5 дүркін

ел чемпионы атанған бірден-бір команда.

Өскелең ұрпақ осындай жетістіктерге қарап

бой түзесе екен дейміз. Сондай-ақ сырттан

футболшы тартпай, Павлодар футбол

мектебінің түлектерін негізгі құрамға тарту

үшін бар жағдайды қарастырудамыз. Ол

үшін жастарға жаңаша салынған спорттық

нысандарда жаттығуға мүмкіндік беруіміз

керек, - деді А.Оралов.

Ал жасыл алаңда жаттығу жұмыстарын

жүргізген павлодарлық спортшылардың

көңіл күйі көтеріңкі. Олар жаңа алаңның

артықшылықтарын алға тартты.

- Мен 6 жылдан бері футболмен

шұғылданамын. Қысы қатаң біздің жақта

табиғи көгал төсеуге мүмкіндік жоқ. Дегенмен,

жасанды алаң көңілімізден шықты. Келер

жылдың басынан «Спорт-ситиде» жабық

футбол алаңы ашылса, жыл-он екі ай бойы

үздіксіз дайындалуға жаңа мүмкіндік туар

еді. Ол біздің республикалық жарыстарда

жақсы өнер көрсетуімізге оңынан әсер етеді

Бірегей алаңдар -

болашақ чемпиондарға

Павлодарлық футболшылар жаңадан салынып жатқан «Спортсити»

қалашығындағы футбол алаңында алғашқы жаттығу жиынын

өткізді. Жасыл алаңда доп тепкен «Ertis» футбол командасының

қосалқы құрам ойыншылары жаңа алаңға оң баға берді.

Алпысбай ХОНЖ

жылы 25 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Облыс әкімі, облыстық ҚХА филиалының

төрағасы Болат Бақауовтың тапсырмасы

бойынша осы бағытта жұмыс әрі қарай

жалғасатын болады, - деді А.Оралов.

Чезар Маноле Армяну аймақ басшылығына

көрмені ұйымдастыруға қолдау

көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.

- Бұған дейін өзім музейдегі құнды

жәдігерлермен танысып, көне экспонаттар

мен жергілікті халықтың тарихын білгеннен

кейін үлкен әсерге бөлендім. Мұндай шаралар

мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты

дамытуда маңызды рөл атқарады, - деді ол.

Көрмеге қойылған туындылар қатарында

фотосуреттерден бөлек, Румыния елінің дәстүрлі

киімдері, ағаштан жасалған ыдыстар мен

керамикалық құнды жәдігерлер орын алған.

Сонымен қатар, ескі суреттер арасынан

король Фердинандтың 1919 жылы Альба-

Джулия, Абруд және Кампениге сапары,

Фердинанд пен Ханшайым Мэрианың 1922

деп ойлаймын, - деді «Ertis» футбол клубы

қосалқы құрамының қақпашысы Нариман

Шыңғыс.

Бүгінде облыс бойынша 192 шағын

және 15 стандартты футбол алаңы бар.

Ашық футбол алаңынан бөлек, «Спортсити»

қалашығында жабық футбол манежі,

олимпиадалық резерв дайындау орталығы,

жеңіл атлетика манежі және мұз сарайы

салынуда. Жеңіл атлетика манежі мен

олимпиадалық резерв дайындау орталығы

келер жылы ел игілігіне ұсынылмақ. Ал Мұз

сарайы мен жабық футбол манежінің құрылыс

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

жылы Альбаға салтанатпен бару сәттерін

тамашалауға болады. Бұдан бөлек, көрмеге

қос фотографтың павильондық фотоаппараттары

да қойылған.

Павлодарлықтар көрмені бір ай көлемінде

тамашалай алады.

жұмыстары аяқталуға жақын. Аталған екі

нысан еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында

ашылады деп күтілуде.

Асхат Раздықұлының сөзінше, өңірде

тек футбол ғана емес, спорттың бірнеше

түрін дамытуға басымдық берілуде. Мәселен,

жуырда облыс әкімі Болат Бақауов Усолка

шағын ауданында жабық мұз айдынын салу

туралы тапсырма берді. Жаңа нысанды

жобалау мен құрылыс жұмыстары келесі

жылы басталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, келер жылы Павлодардағы

орталық стадионды жөндеу жұмыстары

басталады. Облыстық туризм және спортты

дамыту басқармасының басшысы Марат

Айдашевтің сөзіне сүйенсек, келер жылы

орталық стадионның жасанды көгалы ауыстырылып,

жеңіл атлетикалық жолақтары

жаңартылады.

Суретті түсірген - Серік Қапаров.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ПРЕМЬЕРА!

«Соңғы

Мамонт»

Театрсүйер қауым

үшін сүйінші хабар.

Облыстық Ж.Аймауытов

атындағы қазақ музыкадрама

театры 30-ыншы

маусымының алғашқы

премьерасын көрермен

назарына ұсынуға әзір.

Жуырда ғана республикалық және

халықаралық театрлар фестиваліне

қатысып, жүлделі орындармен елге

оралған қазақ театры көрермендеріне жаңа

қойылым қоюды да ұмыт қалдырмады.

Қазіргі уақытта тынымсыз еңбек етіп

жүрген театр труппасы бұл жолы

тыңнан түрен салуды көздепті. Алматы

қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ

мемлекеттік академиялық балалар мен

жасөспірімдер театрының актері әрі

режиссер Данияр Базарқұловтың сахналауында

драматург Асылбек Ихсанның

«The last MAMONT» («Соңғы Мамонт»)

фантазиялық қойылымын ел назарына

ұсынбақ.

Қойылым ғаламдық проблемаларды

көтеріп, күрделеніп бара жатқан

адамзаттық түйткілдерге жауап іздейтінімен

ерекше болмақ. Спектакльдің режиссері

Данияр Базарқұлов «Мамонт» бейнесі

арқылы қоғамда қордаланған өзекті

мәселелерді ашып көрсетуді көздеген.

Жаңа қойылымның басты рөлі - Мамонтты

ҚР Мәдениет қайраткері Жұмахан Доспаев

пен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

Сейітжан Тәжібаев сомдамақ. Бұдан

бөлек, спектакль барысында театрдың

жас әртістері де өнер көрсетеді.

«The last MAMONT»-тың премьерасы

23-24 қазан күндері сағат 18.30-да

болады. Жаңа қойылымды тамашалап,

рухани демалғыңыз келсе, театрға

асығыңыз!

МӘДЕНИЕТ

Тарихи тұлғаны

сомдады

Өңірдегі химия-биология

бағытындағы Назарбаев

зияткерлік мектебінің

шәкірттері ақын-жазушы,

белгілі драматург Сәкен

Сейфуллиннің туғанына

125 жыл толуына орай

«Сәкен сұңқар» тарихи

трагедиялық драмасын

сахналады.

Қойылым әйгілі үш арыстың бірі

Сәкен Сейфуллиннің дүниеге келген

күні, яғни 15 қазанда 2019-2020 оқу

жылына арналған «Ұрпақтар сабақтастығы»

жобасын іске асыру аясында сахналанды.

Спектакльдің қоюшы режиссері - білім

ошағының жанынан құрылған «Шабыт»

театр үйірмесінің жетекшісі, ҚР Тұңғыш

Президенті қоры сыйлығының лауреаты,

Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ

музыка-драма театрының әртісі Айсұлу

Балтабаева.

- «Сәкен сұңқарды» алып шығуға бас-аяғы

10 күн уақытымыз кетті. Бұл спектакль –

біздің театр үйірмесінің биылғы оқу

жылындағы алғашқы дебюті. Оқушылар

қойылым кезінде өздерін сахнада

нағыз әртіс ретінде тамаша сомдап,

трагедиялық драманы көрермендердің

жүрегіне жеткізуге тырысты, - дейді

А.Балтабаева.

Ал қойылымда Сәкен Сейфуллиннің

образын ашу міндеттелген 12 «С» сынып

оқушысы Нұрғиса Уатхан аталмыш

образды алып шығу оңайға түспегенін

жеткізді.

Осылайша көрерменнің назарына

алғаш ұсынылған тың қойылым алдағы

уақытта да сахналанатын болады.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

More magazines by this user
Similar magazines