29.10.2019 Views

29 қазан, 2019 жыл №124 (15444)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

29 қазан, сейсенбі

2019 жыл

№124 (15444)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

Бөденедей

жорғалап...

Нақпа-нақ

Келер жылы

отандық

денсаулық

сақтау

саласына

1,5 трлн.

теңге

бөлінеді

ЕЛАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

Ықпалдастық

мүдделері

Беларусь Президенті Александр

Лукашенконың Қазақстанға

ресми сапары өзара түсіністік

және сенім рухында өтті.

Кейінгі кезде дүкендердің сөрелерінен сырты шұбар, оймақтай ғана

жұмыртқаларды жиі көрген боларсыз. Бұл – бөдененің жұмыртқасы.

Осы құсты өсіруді бүгінде айтарлықтай бизнеске айналдыруға болатынын

көбіңіз біле бермессіздер. Алысқа бармай-ақ, арамызда

осы істі кәсіп еткен жан жайында әңгіме етпекпіз.

«Рухани жаңғыру»:

ЕСТАЙҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Жалғасы 4-бетте

Ақтоғай ауданының орталығында әйгілі әнші, сазгер, ақын, қазақ өнерінің біртуар тұлғасы - Естай

Беркімбайұлына ескерткіш-бюст орнатылды. Игі шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

жүзеге асырылды. Екібастұз өңіріндегі Ақкөл-Жайылма атырабында кіндік қаны тамған өнер иесінің

150 жылдық мерейтойы былтыр кең көлемде аталып өткен еді. Әйгілі әнші 1946 жылы Ақтоғай

ауданында қайтыс болды. Бүгінде Естай Беркімбайұлы жерленген елді мекен ақынның атымен

аталады.

Толығырақ 8-бетте

Бұл тұрғыда негізгі келіссөздер

сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту

бағытында өрбіді. Мұнымен қоса,

мемлекеттер басшылары саяси,

мәдени-гуманитарлық салалар мен

халықаралық құрылымдар аясындағы

өзара іс-қимылдарды да егжей-тегжейлі

қамтыды

- Біз елдеріміз арасындағы саудасаттық

көлемін ұлғайтуға, гуманитарлық

саладағы байланыстарды нығайтуға,

халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты

белсенді түрде жалғастыруға

мүдделіміз, – деді Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті келіссөздер

қорытындысы бойынша қол қойылған

құжаттар екі мемлекет арасындағы

ынтымақтастықты тереңдету үшін жасалған

маңызды қадам саналатынын жеткізді.

Александр Лукашенко қатынастардың

деңгейі екі елдің стратегиялық мүдделеріне

толық сай келетінін айтты.

– Бұл – болашаққа маңызды жоспарлар

жасауға мүмкіндік беретін ұзақ жылдар

бойғы тынымсыз еңбектің нәтижесі.

Минск пен Нұр-Сұлтан арасында барлық

деңгейдегі ықпалдастықтың оң тәжірибесі

қалыптасқан,– деді Беларусь Президенті.

Сауда-экономикалық байланыстарға

тоқталған Александр Лукашенко Қазақстанды

негізгі сауда серіктесі санайтынын айтты.

Ол соңғы үш жылда екі елдің өзара тауар

айналымы екі есеге артып, 1 миллиард

долларға жуықтағанын мысалға келтірді.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Беларусь

Республикасына шығаратын импорты

45 пайызға өскенін мәлім етті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр

Лукашенко екі жақты ынтымақтастықты

жаңа деңгейге көтеріп, өзара серіктестікті

одан әрі жандандыратын және халықаралық

аренадағы іс-әрекеттерді үйлестіретін

Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.

2

29 қазан, сейсенбі, 2019 жыл

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЭКОЛОГИЯ

Көгалдандыруға

көңіл бөлінген

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Энергия нысандары

қысқа дайын

Екібастұздағы Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1

станциясы экологиялық бағыттағы жұмыстарын

биыл да жалғастырыпты. Мәселен, тоғыз айда

кәсіпорынның айналасы мен санитарлық қорғау

аймағына 600 түп ағаш еккен. Мұржадан шығатын

түтін газын барынша тазарту мақсатында электр

сүзгілерді жыл сайын ретке келтіру жүйелі

жолға қойылыпты.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен

брифингте кәсіпорынның өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және

қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Ермек Қайтанов

мәлімдеді. Айтуынша, биыл 600 түп көшет пен 20 түп қарағай

отырғызылған. Бұл мақсатқа өндіріс орны 1,7 млн. теңге жұмсаған.

Биыл кәсіпорында экологиялық бағытта 15 түрлі шара жоспарланыпты.

Оған 185,7 млн. теңге қарастырылған. Қаражаттың басым

бөлігі ауаны қорғауға, су, жер ресурстарын тиімді пайдалануға

бағытталуда. Жалпы, станцияда экологияны қорғау жұмыстарының

2018-2022 жылдарға арналған бес жылдық бағдарламасы

бар.

Станция өкілі 2011 жылдан бері көгалдандыру ісіне көп

көңіл бөлініп жатқанын атады. Сол уақыттан бері барлығы

11 мың 700 түп ағаш пен бұта отырғызылған. Сонымен қатар,

кәсіпорынның күл үйінділері аумағына ағаш егу қарқын алған.

Мұнда 2013 жылдан бері 200 мыңнан астам көшет егілген.

Е.Қайтановтың айтуынша, олар жақсы жерсініп келеді. Жалпы, егілген

ағаштар мен гүлдерді суару жұмысының жолға қойылуы олардың

толығымен жерсініп, өсін-өніп кетуіне септігін тигізуде, дейді

маман.

- Түтін газының барынша жоғары деңгейде тазалануын

қамтамасыз ету үшін электр сүзгілерге жүйелі түрде техникалық

қызмет көрсетіледі. Мәселен, биыл барлығы 155,7 млн. теңгеге

№5 энергоблоктың сүзгісіне күрделі жөндеу, ал №4 және

6 энергоблоктар сүзгілеріне ағымдық жөндеу жүргізілді. Станциямызда

7 блок болса, бір жылда солардың екеуінің сүзгісіне

күрделі, екеуіне орташа, қалғанына ағымдық жөндеу жоспарлы

түрде жүргізіледі, - дейді Е.Қайтанов.

Кәсіпорын күл үйінділері алаңының жыл сайын 30 гектарын

қалпына келтіруді мақсат еткен. Биыл 9 айда 18,5 гектар аумақ

қалпына келтіріліпті.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Екібастұз ГРЭС-1

күзгі-қысқы кезеңде

жұмыс істеуге

әзірлік паспортын

алды. Тиісті бақылауқадағалау

органдары

станцияның

белгіленген

жүктемені осы

жылғы қысқы

кезеңдегі ең төмен

температура

жағдайында атқаруға

техникалық тұрғыдан

дайын екендігін

растады.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

«Болат Нұржанов атындағы

Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – «Самұрық-

Энерго» электр-энергетикалық

холдингінің еншілес компаниясы,

Қазақстан нарығына электр

энергиясын аса ірі жеткізіп

берушілердің бірі болып табылады.

Кәсіпорын күзгі-қысқы кезең

басталмай тұрып-ақ өзінің тұрақты

дайындығын көрсетіп келген

болатын. Мәселен, осы жылғы

қаңтар-қыркүйек аралығындағы

жұмыстың қорытындысы бойынша

с т а н ц и я н ы ң ж ұ м ы с қ у а т т ы л ы ғ ы

1 892 МВт-ты құрап, алты энергия

блогы бір мезетте жұмыс істеген

кезде көрсеткіш 3 028 МВт-қа

жеткен болатын. Соңғы төрт

айдың ішінде, яғни маусымнан

қыркүйекке дейін 6,448 млрд.

кВт сағат электр энергиясы

өндірілді, бұл өткен жылдың осы

кезеңінде өндірілгеннен 3%-ға көп.

Станцияда 2019 жылғы жөндеу

науқаны аясында №4 энергия

б л о г ы а ғ ы м д а ғ ы ж ө н д е у д е н ,

№7 және 8 энергия блоктары

ағымдағы кеңейтілген жөндеуден

өтті, №5 энергия блогын күрделі

жөндеу аяқталды, №3 энергия

блогын күрделі жөндеу жалғасуда.

Жалпы алғанда, 2019-2020

жылдарғы жылыту кезеңінің

басталуына қарай «Самұрық-

Энерго» АҚ-ның құрылымындағы

энергетикалық компанияларының

бәрі жабдықтың толық техникалық

дайын екенін хабарлады.

Қазан айының басында Екібастұз

ГРЭС-1-ден басқа «О.Қантаев

атындағы Мойнақ СЭС» АҚ және

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

әзірлік паспорттарын алды.

Сондай-ақ, қысқы кезеңге

дайындық жұмыстарына жаңартылатын

энергия көздерін пайдаланатын

нысандар мен энергия

беруші ұйымдар да қатысуда.

Осылайша, «Самұрық Энерго»

АҚ-ның құрылымындағы энергетикалық

компаниялардың бәрі

қысқа толық дайын.

Айта кетелік, әзірлік паспорты –

энергия өндіретін және энергия

беретін ұйымдардың күзгіқысқы

жағдайда жұмыс істеуге

дайындығын растай отырып, жыл

сайын берілетін құжат. Энергия

нысандарының дайындығын

бақылауды Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігінің

«Атомдық және энергетикалық

қадағалау мен бақылау комитеті»

мемлекеттік мекемесі іске асырады.

Қазақстандағы аса ірі электр

энергетикалық холдинг болып

табылатын «Самұрық-Энерго»

акционерлік қоғамына энергия

және көмір өндіру кәсіпорындары

кіреді. Павлодар облысындағы

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз

ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь

Көмір» ЖШС осы холдингтің

иелігінде.

Нарық белгі

беруде...

Соңғы уақытта картоп өсіру шаруашылығы төңірегінде көп

әңгіме айтылып жүр. Ел арасында «екінші нан» аталып кеткен

өнімнің көлемі артып барады, дейді мамандар. Қазірдің өзінде

Қазақстан жылына 200 мың тонна картоп экспорттайтын көрінеді.

Жақсы ғой. Тек ішкі нарықтағы ұсыныс та сұраныстан асып

барады. Осыны ескерген сала мамандары тұқымдық картоп

өсіруді қолға алуымыз қажет деп есептейді. Қазірден қамдансақ,

әлі-ақ әлемдік нарықтан ойып тұрып орын аламыз.

Сурет газет мұрағатынан алынды.

Данияр ЖҰМАДІЛ

Қазақстаннан жер көлемі бойынша

60 есе кішкентай Нидерланд жылына

1,5 млн. тонна тұқымдық картоп өндіреді

екен. Соңғы жылдары тұрақты түрде

800 мың тоннадан астам тұқымдық картопты

экспортқа шығарып келеді. Сондықтан

бұл елден үйренеріміз көп. Осы жайтты

ескеріп, Қазақстан мен Нидерланд елінің

Ауыл шаруашылығы министрліктері арнайы

келісімге қол қойған. Оның аясында

еуропалық мамандар қазақстандық

шаруаларға картоп тұқымын сертификаттау

жүйесін дамыту бойынша қолдау

көрсетеді. Бұл бағыттағы алғашқы ауқымды

шаралардың бірі Павлодар ауданына қарасты

Кемеңгер ауылындағы ауылшаруашылық

тәжірибелік станциясында өтті. Нидерланд

елінің мамандары аймағымызға арнайы

келіп, шаруа қожалықтарымен жүздесті.

Шараға облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының, «Атамекен» кәсіпкерлер

палатасының өкілдері және Павлодар,

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола

облыстарының картоп өндірушілері жиналды.

Қазақстанның Картоп және көкөніс

өсірушілер одағының төрағасы Қайрат

Бисетаевтың айтуынша, бізге тұтынуға

арналған картопты көп көлемде өсіру

қауіпті.

- Нарық қазірдің өзінде белгі беруде.

Картоп артығымен өндіріле беретін болса,

осы салада еңбектеніп жүрген шаруалар

үшін қиындықтар туындауы мүмкін.

Сондықтан тұқымдық картоп өндірісін дамыту

қажет. Еліміздің бұл бағытта да үздік

экспорттаушылардың қатарына қосылуына

барлық мүмкіндігіміз бар. Ауа райының

қолайлылығы, жеріміздің құнарлылығы

осыған алғышарт бола алады. Онымен

қоса, әлем нарығында тұқымдық картопқа

деген сұраныс артып келеді. Бүгінде Азия

елдері, көршілес Ресей өздеріне қажетті

тұқымды Еуропадан сатып алады. Аталған

нарықты біз қамтамасыз етуіміз керек, -

дейді Қ.Бисетаев.

Тұқымдық картоп өндіру үшін не

қажет. Алдымен келесі жылдан кеш

қалмай, Қазақстан халықаралық тұқым

өндірушілердің авторлық құқығын қорғау

ұйымына мүше болып қабылдануы міндетті.

Артынша жоғары сапалы тұқым жүйесін

құруымыз қажет. Содан кейін ғана еуропалық

селекционерлердің көмегімен тұқымдық

картоп өсіруді қолға аламыз.

Ауылшаруашылық тәжірибелік станциясында

өткен семинарға қатысқан Нидерланд

елшілігінің агроөнеркәсіптік кешен

мәселелері бойынша өкілі Меувес Браувер

Қазақстанның тұқымдық картоп өсіруде

әлеуеті зор деп есептейді.

- Қазақстан тұқымдық картоп өндіріп,

шет елдерге шығару үшін бүкіл әлем

сенетін сертификат жүйесі қажет. Ондай

озық жүйе Нидерланд елінде бар. біз

жергілікті кәсіпкерлерге осы бағытты

дамытуға қолдау көрсете аламыз. Ол

үшін ауыл шаруашылығы министрлігі,

өзге де жауапты мемлекеттік мекемелер,

әкімдіктер, шаруа қожалықтары бірлесіп

жұмыс істеуі керек. Сонда ғана аталған

бағытта тиісті жетістікке жете алады. Бұл

елде түрлі климаттық зоналар бар. Картоп

өндіруге тиімді өңірді таңдаймыз. Мен

Павлодар облысы - «қазақстандық картоптың

астанасы» екенін естідім. Сондықтан бұл

аймаққа ерекше көңіл бөліп отырмыз, -

дейді Меувес Браувер.

Кемеңгер ауылы,

Павлодар ауданы.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА 29 қазан, сейсенбі, 2019 жыл 3

БАС ТАҚЫРЫП

Сап түзеу - әр бозбала

борышы

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр.

Осы ретте, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге

баратын азаматтарға қандай талаптар қойылады? Біздің

жігіттер міндеттерін қандай әскери құрылымдарда

атқарады? Осы және өзге де сауалдарды облыстық

қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының

орынбасары Баянбек Орашевке қойған едік.

- Баянбек Айтмұхамедұлы,

осы күзде біздің өңірден қанша

жігіт әскер қатарына алынады

және олар Отан алдындағы

азаматтық міндеттерін қандай

әскери құрылымдарда өтейтін

болады?

- Павлодар облысында 18-27 жас

аралығындағы азаматтарды әскерге

шақыру науқаны қыркүйек айында

басталған болатын. Желтоқсан

айына дейін жалғасады. Жалпы,

биылғы күзгі шақыру науқанында

760 адам азаматтық борышын

өтеуге аттанады деп жоспарлануда.

Олардың 50 пайызы - ауылдық жерде

тұратындар. Әскери бөлімдерді

жасақтау аумақтық принцип бойынша

жүзеге асырылатын болады. Биыл

күзде шақырылған 760 адамның

300-ден астамы Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің шекара қызметіне,

тағы 300-ден астамы Қазақстан

Қарулы күштерінің құрамына, 150-і

ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты

Ұлттық ұланға жіберілсе, үш сарбаз

Мемлекеттік күзет қызметінде Отан

алдындағы азаматтық міндеттерін

өтейді.

- Болашақ сарбаздарды әскерге

шақыру алдында қойылатын

талаптарға тоқталсаңыз...

- Біз жігіттерді сарбаздар сапына

қоспас бұрын медициналық тексерістен

өткіземіз. Яғни, жігіттердің денсаулығы

барлық жағынан жарамды болуы

керек. Екінші талап – бұған дейін

сотталмаған болуы қажет. Тіпті,

ұсақ-түйек тәртіп бұзушылықпен

заңға тартылғандардың өзі әскерге

алынбайды. Сонымен қатар, бұған

дейін алған мамандықтарын

да ескереміз. Одан кейін әрбір

әскери құрылымның қоятын

талаптары мен алатын сынақтары

бар. Мысалы, Қазақстан Қарулы

күштері құрамындағы десанттық

және арнайы жасақ қызметтеріне

барушылардың бойы 180 сантиметрден

биік болуы керек. Олар

міндетті түрде спортпен шұғылданған,

соның ішінде қоян-қолтық ұрыс

түрімен айналысқан болуы қажет.

Олар бірінші, медициналық тексеруден,

екінші, мандаттық тексеруден

өтеді. Міне, осы сынақтардан өткен

жағдайда ғана қабылданады. Ал ҚР

ІІМ-нің құрамындағы Ұлттық ұлан

мен жаяу әскер сапына қосылғысы

келетіндердің бойы 170 сантиметрден

аласа болмайды.

- Қандай да бір болымсыз

жағдайларды сылтау етіп, әскери

міндетін өтеуден бас тартушылар

жиі кездесе ме?

- Бізде мұндай жағдай өте

сирек. Керісінше, әскерге барғысы

келетіндердің қатары жыл санап

артып келеді. Өкінішке қарай, біз

олардың барлығын түгел сыйғыза

алмаймыз. Себебі, әскердің өзі жоғары

оқу орны секілді ғой, бір орынға

бәлен адам таласады. Мысалы,

десанттық әскери бөлімдер бойынща

бір орынға 10 адам, Шекара қызметіне

С

10 адам, Қазақстан Қарулы күштерінің

бөлімдеріне бір орынға бес-алты

адам, Мемлекеттік күзет қызметіне

бір орынға 50 адам таласады. Міне,

бұл - қуантарлық статистика. Яғни,

жігіттеріміз әскери міндетке бей-жай

қарамайды деген сөз. Бұдан қазақ

жігіттерінің жүрегінен өз Отанына

деген сүйіспеншілікті байқаймыз.

Ал «Әскери қызмет және әскери

қызметшілердің мәртебесі туралы»

заң бойынша кейбір азаматтар

отбасылық жағдайларына байланысты

әскерден біржолата босатылады

немесе шақыру кейінге

қалдырылады. Мысалы, отбасылы

және екі немесе одан көп баласы

барлар шақырылмайды. Сол секілді

бұрын әскери қызметте жүріп қайтыс

болған адамдардың балаларына

да бас тартуына мүмкіндік бар.

Егер қандай да бір ауру анықталса,

онда уақытша кейінге қалдырып,

емдеуге жібереміз.

Әңгімелескен –

Тілеуберді САХАБА.

200 теңгелік

монета

шығарылады

ҚАРЖЫ

Келесі жылы ҚР Ұлттық банкі 200 теңгелік

монеталарды айналымға енгізеді.

Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің бірі –

қолма-қол ақшаның сапалы болуын қамтамасыз

ету. Соның аясында 2020 жылы 200 теңге

болатын монеталарды шығару жоспарланып

отыр.

- Кіші номиналды банкноталар 1-1,5 жыл аралығында

ескіреді. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, ірі номиналды

банкноталар мен монеталар әлдеқайда ұзақ уақыт

қызмет көрсетеді. Монеталар 10-15 жылға дейін тозбайды.

Сол себепті қағаз 200 теңгелік банкнота металл монетаға

ауыстырылмақ, - дейді ҚР Ұлттық банкі департаментінің

директоры Жомарт Қажмұратов.

Бұл ретте Жомарт Қажмұратов қағаз 200 теңгеліктер

заңды түрде төлем құралы болып қала беретінін хабарлады.

Олар ескірген сайын айналымнан шығарыла бастайды.

Яғни, тозған қағаз ақшаның орнын металл монеталар

айырбастайды.

Жоспар бойынша, 200 теңгелік монеталар айналымдағы

барлық монетаның 26 пайызын құрамақ.

Өз тілшіміз.

«ТОРАЙҒЫРОВ ОҚУЛАРЫ»

«...Күн болам»

Жұма күні С.Торайғыров атындағы ПМУ-де ХІ халықаралық

«Торайғыров оқулары» өтті. Дәстүрлі шарада 6 том болып басылып

шыққан жинаққа енген 345 (37 секция бойынша келіп түскен)

мақала топтастырылған. Сондай-ақ, салтанатты жиын барысында

бірқатар қызметкер «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына

125 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

«Торайғыров оқуларына» жергілікті

ғалымдар мен жас зерттеушілерден бөлек,

еліміздің әр өңірінен және Канада мен

Германиядан келген меймандар қатысты.

Сондай-ақ, аталмыш шараны өңірдегі жоғары

оқу орындарының студенттері мен мектеп

оқушылары онлайн түрде тамашалауға

мүмкіндік алды.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық

Баянауыл ұлттық табиғи паркінің бас инспекторы Алтынбек

Құрмановты марапаттау сәті

университетінің ректоры Алтынбек Нухұлы

ақынның шығармашылығы мен өмірін бұдан

да кең көлемде насихаттап, кейінгі ұрпаққа

танытудың 5 жолын ұсынды.

- Сұлтанмахмұт атамыздың өмірінің зерттелмеген

тұстары өте көп. Осыны ескере отырып

5 ұ с ы н ы с а й т қ ы м к е л е д і . Б і р і н ш і - м а г и с т -

ранттар мен докторанттарға болашақ

ұрпаққа алыптарымызды насихаттау үшін

дайын ғылыми тақырып ретінде ұсыну

ж ә н е з е р т т е у . Е к і н ш і - 2 0 2 0 ж ы л д ы ң

20 мамырында Сұлтанмахмұттың өмірден

өткеніне 1 ғасыр толады. Осыған орай,

үлкен ас беріп, ақиық ақынды еске

алсақ. Үшіншіден, Нұр-Сұлтан қаласынан

ақынға көше берудің жолын қарастырсақ.

Төртіншіден, ол келесі жылы ұлы Абайдың

175 жылдығы аясында ақынның елінде

Сұлтанмахмұт біраз жылдар еңбек еткенін

алға тартып, Шығыс өңіріне экспедиция

ұйымдастыруды қолға алсақ. Соңғысы,

Сұлтанмахмұттың ауылы – Торайғыр ауылын

кез келген туриске көрсететін көрікті мекен

етуге болады деп ойлаймын. Сол Сұлтекеңнің

кесенесінің жанында біздің Марғұлан

орталығы үлкен қазба жұмыстарын жасап

жатқаны белгілі. Осыған байланысты

Торайғыров университетімен бірігіп, екі

университет бағдарлама құрып, соны іске

асырсақ, - деді А.Нухұлы.

Шара барысында «Сұлтанмахмұт

Торайғыровтың туғанына 125 жыл» мерейтойлық

медалімен ПМУ қызметкерлері және

Баянауыл ұлттық табиғи паркінің бас инспекторы

Алтынбек Құрманов пен Сұлтанмахмұт

Торайғыров мұражайының меңгерушісі

Жанар Әубәкірова марапатталды.

Айта кететін қуанышты жайт, бұдан былай

С.Торайғыров атындағы ПМУ Торайғыров

университеті болып аталады.

Суреттер С.Торайғыров

атындағы ПМУ-дің баспасөз

орталығынан алынды.

4

29 қазан, сейсенбі, 2019 жыл ДӘУЛЕТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ШАҒЫН БИЗНЕС

«Кәсібімді

дамытсам

деймін...»

Бүгінде өңірімізде шағын

бизнесті дамыту және

«екі қолға бір күрек»

іздеп жүрген азаматтарды

жұмыспен қамту

мақсатында тыңғылықты

шаруалар атқарылуда.

Мәселен, Ертіс ауданының

тұрғыны, көпбалалы ана

Махаббатхан Қошқарова

«Бастау бизнес»

мемлекеттік бағдарламасы

арқылы 505 мың теңге

қайтарымсыз несие алып,

шаруасын дөңгелетіп отыр.

Алпысбай ХОНЖ

Бұл отбасы 2017 жылдың тамыз

айында қазіргі Түркістан облысы, Мақтарал

ауданының Достық ауылынан оңтүстіктен

солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы

бойынша өңіріміздегі Ертіс ауданына көшіп

келді. Көп ұзамай қоныс аударушыларға

арнап мемлекет тарапынан берілетін тиісті

көмекке қол жеткізді. Бүгінде ол Үкіметке

алақан жайып қарап отырмай өзі де балашағасын

бағып-қағу мақсатында еңбек

етуде. М.Қошқарова биылғы жылдың

шілдесінде «Бастау бизнес» мемлекеттік

бағдарламасы арқылы 1 айлық арнайы

курстан өтіп, 505 мың теңге көлемінде

қайтарымсыз грант жеңіп алды.

- Бүгінде еңбек етемін деген адам үшін

мемлекет барынша жағдай жасауда. Мен

бүгінде Ертіс ауданы орталығында ұннан

жасалатын тағамдар дайындайтын шағын

орын аштым. Негізінен бұл жерде ыстық

самса, пирожки секілді тіскебасарлар мен

шаурма, донер тәрізді тез әзірленетін

тамақтар пісіреміз. «Бастау бизнес» арқылы

алған қаражатқа қажетті құралдар мен

техникалар сатып алдым,-дейді кәсіпкер

М.Қошқарова.

Көпбалалы ана бүгінде Ертіс ауылындағы

бір ғимаратты жалға алып отыр. Кәсіпкер

аталған орын үшін ай сайын 110 мың

теңге төлеуге мәжбүр. Облыс әкімі Болат

Бақауовтың Ертіс ауданына барған сапарында

М.Қошқарова аймақ басшысына

бұл кәсіппен түбегейлі айналысу үшін

арнайы орын қарастырып беру туралы

өтініш айтқан болатын. Болат Жұмабекұлы

аталған аудандағы Аграрлық-техникалық

колледжінен арнайы орын беру туралы

ұсыныс айтты. Алайда, кәсіпкер жекеменшік

ғимарат салсам дейді. Ол үшін мемлекеттен

төмен пайызды несие алғысы келеді.

М.Қошқарованың бұл өтініші бүгінде Ертіс

ауданының әкімдігінде қарастырылуда.

Өтініші қанағаттандырылатын болса, бүгінде

жалғыз өзі шаруасын дөңгелетіп отырған

кәсіпкер ауыл тұрғындарының бірнешеуін

жұмыспен қамтымақ ойы бар.

М.Қошқарова отағасы – Жамалидин

Қошқаровпен бірге 5 бала өсіріп, тәрбиелеп

отыр. Дәл қазір Ж.Қошқаров та «Бастау

бизнес» мемлекеттік бағдарламасы арқылы

арнайы курстан өтуде. Оқуын ойдағыдай

аяқтаса, жүк көлігін сатып алып, ауыл

тұрғындарының игілігіне қызмет ететін

ойы бар.

Бөденедей жорғалап...

Басы 1-бетте

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Бастапқы

капиталсыз

басталған іс

Екібастұз қаласының тұрғыны Евгения

Шелудько осыдан екі жыл бұрын қарапайым

ғана үй шаруасындағы әйел еді. Ойда

жоқта кәсіпкер болып шыға келді. Қалай

дейсіз ғой? Өзінен сұрадық.

- 1,5 жыл бұрын еліміз бойынша

«Startup Bolashak» конкурсы үшінші рет

ұйымдастырылды. Байқау жайында естіп,

бағымды сынап көруге бел будым. Басымда

ешқандай идея да, бизнес-жоспар да жоқ.

Бірақ, әрекет етіп көруді жөн санадым.

Сөйтіп, қатыстым. Алдымен, планетарий

құрсам ба деп ойладым. Тауық өсіруді

жоспарлап көрдім. Ғаламторды қопарып,

достармен ақылдастым. Нарықты зерделеп

көрдім. Байқасам, тауықтың жұмыртқасы

жеткілікті болып көрінді. Одан кейін

бөдененің жұмыртқасына көштім. Қаламызды

шарласам, сұраныс болғанымен, бөдененің

жұмыртқасын табу қиын екен. Сөйтіп,

осы жобаға тоқталдым, - дейді кәсіптің

алғашқы қадамдарын айтқан Евгения.

Конкурстың талабы бойынша жоба

қағаз жүзінде емес, іске аса бастауы

шарт. Конкурс аясында стартап жобаларға

бизнес-жоспар түзіп, алғашқы тапсырыстар

алу, келісімшарттар құру жағынан

қолғабыс жасайды, ынталандырады. Жеке

кәсіпкерлік ашу керек деген соң оны да

жас келіншек ашады.

- Бастапқыда грант, кредит алған жоқпыз.

Жолдасым Константин екеуміз қарызға

бөдененің жұмыртқаларын алып, Наурыз

мерекесінде алаңда өткен шара барысында

сатып көрдік. Өтімді болды. Түскен

ақшаға Павлодар қаласынан шағын ғана

инкубатор, инкубациялық жұмыртқаларды

сатып алып, бөдене өсіруге кірісіп кеттік.

Алғашында еш ғимарат болмаған соң, екі

бөлмелі пәтерімізде бастадық. Одан кейін

достарымыздың жеке үйіндегі бойлерлік

бөлмесін жалдадық. Ол тарлық еткен

соң гаражымызды босатып, кәсібімізге

лайықтап жабдықтап, шағын фермаға

айналдырдық. Балапандарды өсіретін

торларды да ғаламтордан оқып, үйреніп,

өзіміз жасадық. Бөдененің жем-азығын, суын

қалай беріп, қалай күтіп-баптау керектігін

де ғаламтордан таптық. Осылайша, ісіміз

өрбіді. Бұл кәсіп кәдімгі компьютерлік

ойын сияқты бізді тарта берді, әрбір

кедергіні еңсерумен келесі күрделірек

кезеңге өткендей күй кешіп, тек алға

жүруге ұмтылдық. Қызықтыра түсті, - дейді

жас кәсіпкер.

Бүгінде жас кәсіпкерлер отбасында

600 бөдене бар. Жүзден бастаған азаматтар

1,5 жылдың ішінде осындай жетістікке жетіп

отыр. Бизнесмен әйел бөдене өсіру оңай

еместігін айтады. Әсіресе, тазалыққа баса

мән беру керек. Себебі, бөдененің қиы

өте иісті келеді. Дер кезінде тазартпаса,

құстарға ауыр тиетін көрінеді. Әсіресе,

жұмыртқалауы нашарлайды. Дегенмен,

іскерлік танытып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Ендігі кезек - алған өнімді сату. Бұл

істе де Евгения тосылмады. Бірден супермаркеттер

арқылы тауарын тұтынушыға

жеткізуге ұмтылды. Талпыныс бекер

болмады. Өйткені, сұраныс бар. «Наш

Продукт» затбелгісімен өнімін арнайы

сараптамадан өткізіп, аймағымыздың ірі

супермаркет сөрелеріне жайғастырды.

Жан-жақты

қолдау бар

Кәсіпті дөңгелетіп әкетуде мемлекеттік

бағдарламалардың тигізер пайдасы зор. Мұны

бүгінде еліміздегі әрбір кәсіпкер сезінген

болар. Биліктің қолдауын екібастұздық

бизнесмен Евгения Шелудько да көрген.

Мәселен, былтыр бизнесті әрі қарай жетелеу

үшін «Еңбек» жұмыспен қамтуды және

жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының

«Бастау» бағыты бойынша курстан өтеді.

Яғни, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында

оқып, мамандардың ақыл-кеңесін алған.

Курсты аяқтағаннан кейін жобасын қорғап,

100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде

грантқа ие болыпты. Бұл қаражатқа кәсіпкер

бөдененің жұмыртқасы мен етін сақтайтын

екі тоңазытқыш сатып алған.

Евгения түрлі көрмелерге қатысып,

тауарын тұтынушыларға таныстырудан

талмайды. Сондай көрмелердің бірінде

кәсібін кеңейтуге қала билігі қолдау

көрсетуге ниет танытқан.

- Биыл көктемде көрмелердің бірінде қала

әкімі қасыма келіп, кәсіпті дамытуға қандай

көмек қажеттігін сұрады. Бірден жер телімі

керектігін айттым. «Жәрдемдесеміз» деп

уәде етті. Сөйтіп, әкімдік құжаттарымызды

дайындап, жер телімінің конкурсына

қатыстық. Қазан айының бірінде Екібастұз

қаласының шығыс өнеркәсіптік аймағынан

жерді үш жылға жалға алдық. Енді мұнда

бөдене өсіруге шағын ферма құрылысын

бастамақпыз, - дейді жоспарымен бөліскен

бизнесмен әйел.

Кәсіпкер бүгінде 600 бөдене өсіріп

отыр. Аптасына 5 мыңға жуық жұмыртқа

алады. Алдағы уақытта 20 мың басқа

дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Жалпы,

бөдененің балапаны жұмыртқадан жарып

шыққаннан кейін 45-60 күннен кейін өзі де

жұмыртқалай бастайды екен. Негізі, жыл

бойы жұмыртқалайды. Екібастұздық кәсіп иесі

бөдененің етін де сататындықтан, оларды

5-6 айында сойып тастайды. Мақсаты -

құс етінің тауарлық түрін сақтап қалу.

Себебі, құстың жасы ұлғайған сайын етінің

түрі өзгереді.

- Жұмыртқаны енді шикідей ғана емес,

маринадталған түрінде тұтынушыға ұсыну

ойымызда бар. Жасап та көрдік. Көрмелерде

дәмін татқандар ұнатты. Негізі, төрт түрін

жасауды үйрендік. Қақталған, аскөкпен

маринадталған, күлгін түсті және ащы түрін

шығармақпыз. Оны жаппай сатылымға

шығару үшін арнайы сертификат қажет.

Ол үшін талапқа сай жабдықталған жеке

жабдықталған асханалық бөлме болуы тиіс.

Міне, осы істе қала басшылығы тағы қолдау

көрсетіп отыр. Жуырда кеншілер шаһарында

құрылатын шағын индустриялық аймақ

ғимаратынан жеке бөлме қарастырылмақ, -

дейді кәсіпкер.

Шикідей жұтқан

жұмыртқа...

Сонымен, сұранысы жоғары бұл жұмыртқа

несімен пайдалы? Бұл сұрақтың жауабын

кәсіпкер келіншек жақсы біледі, терең

зерделеп көрген.

- Жұмыртқаны шикідей жұтады. Оның емдік

қасиеті өте көп. Бұл құсты жапондықтар атом

бомбасынан кейін кеңінен қолға үйреткенін

білеміз. Себебі, бөдененің жұмыртқасы

ағзадағы радиацияны шығарады. Қан

құрамындағы қантты қалыпқа келтіреді.

Балаларға пайдасы ұшан-теңіз. Иммунитетін

нығайтып, ойлау қабілетін арттырады.

Жалпы, адамның жадысын жақсартады.

Жапонияда мектептің ас мәзірінде бұл

өнім міндетті түрде болуы шарт. Заңмен

белгіленген екен. Косметологияда кеңінен

қолданылады. Шаштың түсуін тоқтатып,

адамды жасартады. Жүрек-қантамыр

дерттеріне де емі көп. Басқа құстың

жұмыртқасындай бөдененікінде сальмонеллез

жоқ. Бұл дегеніңіз, жұмыртқаны

шикідей жұтқаннан ішек-асқазанның бұзылуы

мүлдем болмайды, - дейді Евгения Шелудько.

Иә, қазақ халқы да бұл құстың

жұмыртқасын ежелден бағалы санаған.

Өйткені, бөдене жұмыртқасы өте құнарлы.

Тауықтың жұмыртқасынан көлемі бес есе

кіші болғанымен, биологиялық құндылығы

бес есе артық көрінеді. Ғалымдардың

дәлелдеуінше, тауық жұмыртқасымен

салыстырғанда бөдененікіндегі калий

мен фосфор 5 есе, ал темір 4,5 есе, В

және В12 витаминдері 6 есе көп екен.

Мамандардың мәліметіне сүйенсек, бөдененің

жұмыртқасы қаназдыққа, бас пен тыныс

жолдары ауруларына, өкпенің қабынуына,

қысымды реттеуге тигізетін пайдасы зор.

Бүйрек пен бауыр, өт жолдары дерттеріне

де дауа. Әсіресе, асқазан жарасы мен

гастритке таптырмас ем дейді білетіндер.

Екібастұздық кәсіпкер келіншек бөдененің

етін де өндіруде. Ежелде бұл құстың етін

ақсүйектердің таңсық асы санайтын. Міне,

осының өзі бөдене етінің ағзаға қаншалықты

пайдалы екенін аңғартса керек. Шетелдіктер

бүгінде бөдененің етін диеталық тағам

деп тамсана жейтін көрінеді. Өйткені оның

құрамында холестерин болмайды екен.

Суреттер кәсіпкердің жеке мұрағатынан алынды.

Түйін:

Қазақта «бөденедей жорғалап, қыдыр келсін қасыңа» деген баталы

сөз бар. Екібастұздық кәсіпкердің өзі өсіріп отырған құсындай тынымсыз

еңбегі осындай табысқа әкеліп отырғаны анық. Ниеттенген адам

қандай істі болмасын, ұршықша иіріп әкетуіне елімізде жағдайдың

жасалып жатқанын да айтпасқа болмас.

Екібастұз қаласы.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ӘЛЕУМЕТ 29 қазан, сейсенбі, 2019 жыл 5

ФЕСТИВАЛЬ

Абай мұрасы - мәңгілік!

Облыстық «Saryarqa samaly» газеті жыл сайын ұйымдастыратын

дәстүрлі «Айналайын» фестивалі биыл да жалғасын табуда. Балалар

мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат

еткен игі шара бұл жолы Аққулы ауданының орталығындағы

Лебяжі жалпы білім беру мектебінде өтті.

Нұржайна ШОДЫР

Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл және

облыстық «Saryarqa samaly» газетінің

90 жылдығына арналған «Айналайын»

фестиваліне Аққулы ауданына қарасты

бірқатар ауыл мектептерінің ұстаздары мен

оқушылары қатысты. Шараға жиналған көпшілік

назарына алдымен қазақтың бас ақыны

Абай Құнанбайұлының өмір деректері мен

шығармашылық жолы жайлы бейнекөрсетілім

ұсынылды. Бұдан соң, аудандық білім беру

бөлімінің басшысы Ерсін Еркенов сөз алып,

газет ұжымына алғысын айтты.

- Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын ел

болып ерекше атап өту – баршамызға ортақ

міндет. Осынау үлкен мерейтоймен қатар

аймағымыздың айнасы болған «Saryarqa

samaly» газетінің торқалы тоқсан жылдығына

орай ұйымдастырылып отырған «Айналайын»

фестивалінің оқушылар үшін берері мол

болмақ. Әрдайым ел ертеңі болар жас

ұрпақтың санасына ұлы тұлғаның философияға

толы қара сөздерін сіңіріп, мағынасы терең

өлеңдерін насихаттауымыз қажет. Сонымен

қатар, балалардың тәрбиелік мәні зор басылымдарды

оқуға деген қызығушылығын

арттырып, шығармашылық қабілеттерін

шыңдауымыз керек. Осы мақсатта өз

бағытынан айнымаған облыстық басылымның

ұжымына аудан тұрғындарының атынан алғыс

айтып, еңбектеріңізге табыс тілеймін, -

деді Е.Еркенов.

Фестиваль қатысушыларын облыстық

«Saryarqa samaly» газетінің бас редакторы

Нұрбол Жайықбаев та құттықтап, жылы

лебізін білдірді.

- Биыл газетіміздің 90 жылдық мерейтойына

орай журналистер қауымы аудандарды

аралап, оқырмандармен жүздесіп,

түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Соның

бірі – мектеп оқушыларына арналған «Айналайын»

фестивалі. Бүгінгі жас буынға саналы

тәрбие беруде маңызы зор осындай шараға

белсенділік танытып, құрмет көрсеткендеріңізге

ризамыз. Жалпы, басылым қалың бұқараға

арналғандықтан, біз үшін әр оқырманның

орны бөлек, пікірі маңызды. Сол үшін де

өздеріңізбен қауышқанымызға қуаныштымыз, -

деді Нұрбол Қанатбекұлы.

Айтулы шара барысында бас редактор

оқушылардың шығармашылығын ұйымдастырып,

жасөспірімдерге бағыт-бағдар бергені үшін

Лебяжі жалпы орта білім беру мектебінің

директоры Руслан Қамбаровты Алғыс хатпен

марапаттады. Сондай-ақ, «Айналайын»

қосымшасына мазмұнды мақалалар мен

өлең-жырларын жолдап, шығармашылықпен

айналысып жүргені үшін Б.Уахатов атындағы

орта мектептің 5-сынып оқушысы Елубай

Тоғжан, Ямышев орта мектебінің 11-сынып

оқушысы Қайса Қуандық, Шақа орта мектебінің

9-сынып оқушысы Қалқаман Ералы және

С.Сатыбалдин атындағы орта мектептің

5-сынып оқушысы Нұрбек Бекарыс марапатқа

ие болды.

Игі шараға жиналған қауымды аудандық

ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерболат Шәкіров

құттықтап, Аққулы өңіріндегі оқырмандардың

ата басылымға деген құрметі бұрынғыдан

да арта түсетініне сенім білдірді.

Оқушылар өнер көрсетуде.

«Айналайын» фестивалі өңірдегі өнерлі

ұстаздар мен талантты да талапты

шәкірттердің қатысуымен ұйымдастырылған

концерттік бағдарламаға ұласты. Фестиваль

қатысушыларының назарына сондай-ақ,

«Абай мұраларын ұлықтайық!» атты кітаптар

көрмесі ұсынылды.

Ауданға арнайы атбасын бұрған газет

журналистері 70 жылдан астам тарихы бар

Лебяжі орта мектебінің музейін аралап,

білім ордасынан шыққан белгілі азаматтар

және олардың өмірбаяны мен жетістіктері

жайлы құнды деректермен таныс болды.

Аққулы ауданы.

Суреттерді түсірген -

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

Залдан көрініс.

Тоғжан ЕЛУБАЙ,

Б.Уахатов атындағы орта

мектептің 5-сынып оқушысы:

- «Айналайында» алғаш рет

9 жасымда тырнақалды өлеңдерім

жарық көрді. Облыстық газеттен

өз есімімді оқып, еңбегімді көргеннен

кейін шығармашылыққа деген

қызығушылығым артты. Мені

осы жолға баулыған «Айналайын»

қосымшасына айтар алғысым

шексіз. Еңбектеріңіз жемісті

болсын!

Жанаргүл ҚЫДЫРХАН,

Лебяжі жалпы білім беру мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі:

- Мемлекеттік газеттер – халыққа дұрыс

бағыт-бағдар беріп, болашаққа адаспай апаратын

жолды көрсететін қуатты құрал деп білемін.

Осы бағытта облыстық «Saryarqa samaly»

газеті көп жұмыс атқаруда. Өзім бастауыш

сыныптың мұғалімі болғандықтан балаларға

арналған «Айналайын» қосымшасын үзбей

оқып отырамын. Бұл қосымшада балалар

үшін қызықты да мазмұнды дүниелер өте

көп екенін атап өткім келеді.

ЕРІКТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫ

зейнет жасына жасалған тамаша сый!

Бойыңда жастық жалын мен күш-қуат

тұрғанда: «Пәлен жылдан кейін не болады?» –

дегенді ойлай бермейсің. Әйтсе де, еңбекке

жарамды кезіңде мұны да ойлап қойған

жөн. Мәселе – мынада. Қайсымыз болсын

зейнеткерлік жасқа толған кезден бастап

өзімізге лайықты, қомақты мөлшерде

зейнетақы алғымыз келетіні сөзсіз. Өз

елімізде де, басқа елдерде де зейнетақыға

қаржы жинақтау алғашқы жалақыны алған

күннен басталады.

Аты айтып тұрғандай, міндетті зейнетақы

жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы

қорына ақшалай мәніндегі еңбекақы мен

өзге де табыстардың барлық түрінен толық

көлемде және жүйелі түрде аударылып

отырады. Ал ерікті зейнетақы жарналары

(ЕЗЖ) болашақтағы төлемдерге тамаша

бонус болып табылады. Десе де, ерікті

зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) дегеніміз не?

Оны Қорға қалай төлеуге болады? Оның

қандай артықшылықтары бар?

Ерікті зейнетақы жарналары – салымшының

өз бастамасымен БЖЗҚ-ға өз пайдасына

енгізетін ақшасы. Ол бұл жарналарды өз

табысынан үшінші тұлғаның пайдасына да

аудара алады. Мысалы, сіз өз ақшаңызды бала

күтімімен үйде отырған әйеліңіздің пайдасына

енгізе аласыз. Өйткені зайыбыңыз міндетті

зейнетақы жарналарын аудармайтындықтан,

сәйкесінше еңбек өтілі болмағандықтан келешекте

бюджеттен мардымсыз ғана зейнетақы

алуы мүмкін. Ал ерікті жарналар шотта

бекерге жатпайды. Үнемі ұлғайып отырады. арқылы аударылады. БЖЗҚ жақын болашақта

Ө й т к е н і ә р т ү р л і қ а р ж ы қ ұ р а л д а р ы н а и н в е с - екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, ерікті

тицияланады. Сәйкесінше шотқа күн сайын жарналарды жеке зейнетақы шотына онлайн

инвестициялық табыс есептеледі. Оның үстіне тәртібінде аудару қызметін іске қосуда жоспарлап

аударатын жарнаңыздың мөлшерін және отыр. Бұл қызмет іске қосылған соң, әрбір

аудару жиілігін зейнетақы қорымен келісе азамат үйде отырып-ақ, ерікті жарналарды

отырып, өзіңіз белгілейсіз. Мысалы, алатын өз шотына аудара алатын болады.

табысыңыздың көлеміне қарай, қаңтар айында Ерікті зейнетақы жарналарының тағы бір

шотыңызға 5000 теңге, ал наурыз айында артықшылығы - жинақталған қаражатты жалпыға

15 000 теңге аударуыңыз мүмкін.

бірдей бекітілген зейнеткерлік жасқа дейін,

Ерікті жарналарды тек жеке тұлғалар яғни 50 жасқа тола салысымен пайдалана

ғана емес, үшінші тұлғаның, мысалы, өз аласыз. БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары

есебінен төлемдер мынадай құжаттарды

жұмысшысының пайдасына заңды тұлғалар

да аудара алады.

ұсынған жағдайда жүзеге асырылады:

Мінеки, аталмыш жүйе өте қарапайым, бір 1) алушының жеке басын куәландырушы

қарағанға банктегі депозитке ұқсайды. Бірақ құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін

бұл жерде тамаша артықшылық – шотқа күн түпнұсқасы;

сайын инвестициялық табыс түсіп отырады. 2) алушының банк шоты туралы мәлімет.

Сонымен қатар ерікті жинақтарды мерзімінен Бұдан басқа, ерікті жинақтарды мүгедектігі

бұрын алуға болмайтындықтан зейнет жасына бар азаматтар, Қазақстан Республикасының

дейін айтарлықтай қаржы жинақтауға әбден шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға

болады.

кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен азаматтығы жоқ адамдар тиісті құжаттарды

зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты, ұсынған жағдайда алуға құқылы.

тіпті, кәмелетке толмағандар да жасаса алады. Ескере кететін жайт, Қазақстан Республикасының

«Салық және бюджетке төленетін

Бірақ бұл жағдайда олардың заңды өкілдері

Қорға қажетті құжаттар топтамасын ұсынуы басқа да міндетті төлемдер туралы» салық

тиіс.

Кодексінің 326-бабының ережесіне сәйкес

Осылайша кез келген адам жасы мен БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері

қызметіне қарамастан Қорға ерікті зейнетақы төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын

табысқа жатады. Сондықтан мына

жарналарын аудара алады.

Айтпақшы, ерікті зейнетақы жарналары қағиданы есте ұстаған жөн – салықты екі

зейнетақы қорына екінші деңгейдегі банктер рет төлеп қоймас үшін өз пайдаңызға ерікті

жарналарды аударғаныңыз туралы жұмыс

берушіңізге хабарлап, тиісті құжаттарды

ұсынуыңыз қажет. Қосымша айтарымыз,

ерікті зейнетақы жарналары бойынша шот

ашу өте ыңғайлы. Электрондық цифрлық

қолтаңбаңыз болса, БЖЗҚ сайтында ерікті

зейнетақы жарналары бойынша шот аша

аласыз. Бұл Қордың enpf.kz сайтының

«Электрондық қызмет көрсету» - «Ерікті

зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына)

зейнетақымен қамсыздандыру туралы

шарт жасау» бөлімі арқылы қолжетімді.

Бұған қоса Қордың жергілікті филиалына

жеке басыңызды куәландыратын құжатпен

барып та ашуға болады. Бұл бар болғаны

бірнеше минут уақытты алады.

Әлемдік үрдіс ерікті зейнетақы

жарналарының артықшылыққа ие екендігін

көрсетіп отыр. Шет елде тұратын көптеген

болашақ зейнеткерлер өз келешегін

студент кезінен ойластыратыны анық.

Олар зейнеткерлік жасқа толып, құрметті

демалысқа шыққан соң, зейнеткерлердің

ел аралап, саяхат жасайтынын, көңілі

қалаған бұйымдарын сатып алатындығын,

балалары мен немерелерін сыйлықсыз

қалдырмайтындығын көріп те, біліп те жүр.

Тап осындай мүмкіндікке біздің зейнеткерлер

де қол жеткізе алады. Демек, бәрі

де өз қолымызда!

А.ЖАКУПОВА.

(20232)

6 29 қазан, сейсенбі, 2019 жыл САЯСАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ПАРТИЯ

«Ауыл» азаматымен

мақтанады

«Мемлекет басшысы ретінде елімізде

көппартиялықты, саяси бәсекелестікті

және ой-пікірдің сан алуандығын дамытуға

ықпал етуді өз міндетім деп санаймын. Бұл

саяси жүйе тұрақтылығының ұзақ болуы

үшін маңызды».

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың

халыққа Жолдауынан.

«Ауыл» халықтықдемократиялық

патриоттық

партиясының атқарып

отырған жұмыстары

айтарлықтай. Бүгінде

саяси ұйымның Павлодар

облысындағы филиалын

Ермат Байғұрманов

басқарады. Май

ауданының тумасы Ермат

Нұрғалиұлының еңбек

тәжірибесі бай. Зоотехник,

бөлімше басқарушысы,

бас зоотехник, совхоздың

директоры, Май аудандық,

Ермак қалалық партия

комитетінің хатшысы, Май

ауданының әкімі болып

қызмет атқарған. Партия

филиалына 2015 жылдың

қараша айынан жетекшілік

етуде.

– Ермат Нұрғалиұлы, «Ауыл» партиясын

тілге тиек еткенде, есіңізге ең әуелі

кімдер оралады?

– «Ауыл» партиясы 2000 жылдардың

басында құрылды. Оны академик, ауыл

шаруашылығы ғылымдарының докторы

Ғани Әлімұлы Қалиев 2015 жылға дейін

басқарды. Біздің өңірде партияның алғашқы

ұйымдастырушылары Ертістің Павлодар

өңірінің жоғары мектебінің негізін қалаушы

Қажыкен Қайдаров, бүгінгі еңбек ардагерлері

Тельман Айтқазин, Жақай Нұрғалиев, Юрий

Дубовицкий, Әмен Аманжолов, Қазбек

Омаров болды. Көп жылдар бойы партияның

филиалын облыстың Құрметті азаматы,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Рымтай Шөкеев басқарды.

2015 жылы саяси ұйым ауқымды

өзгерістерге ұшырады. Нәтижесінде, бұл

партия қатарына «Патриоттар» партиясының

ұжымы біріктірілді. Осы уақыттан бастап

біріккен қос партияның, анығырақ айтқанда,

«Ауыл» халықтық-демократиялық

патриоттық партиясының көшбасшылығына

ҚР Парламентінің сенаторы, елдің көрнекті

және тәжірибелі менеджерлерінің бірі Әли

Бектаев келді.

Беделді және құрметті адамдардың

басқаруымен облыстағы партия істері

алға жылжыды. Ең алдымен, барлық

қала-аудандарда партия филиалдары

мен бастауыш ұйымдар құрылды. Біздің

партия мүшелерінің ең үздік әрі сүбелі

қызмет атқарып отырғандарын мынадай

мысалдан да байқауға болады. Олар

облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі

қоғамдық кеңес құрамында мүшелікте.

Басқа да қоғамдық ұйымдар қатарынан

біздің мүшелерді көптеп табасыз. Бүгінгі

күні біздің қатарымызда екі мыңнан астам

партия мүшесі тіркелген.

– Бұл көп пе әлде аз ба?

– Біз саннан гөрі, сапалық жағына

мән бергенімізді жеткізе кеткім келеді.

Біз үшін партия қатарына кірген әрбір

адам қымбат. Партия қатарының жаңа

адамдармен толыға беретіні де сөзсіз.

Оның үстіне қандай да бір себептермен

біздің қатарымызға ене алмай, бірақ,

біздің жақтастарымыз ретінде көңіл хошын

жеткізіп отыратындар да аз емес.

– Олар негізінен ауыл тұрғындары ма?

– Тек қана ауылдықтар емес, партия

қатарында қала тұрғындары да көп. Олардың

арасында түрлі салаларда танымал жерлестер

де бар.

– Дегенмен «Ауыл» партиясы жеті

пайыздық талапты еңсере алмады.

Сондықтан Парламент Мәжілісінде

өз өкілдері де жоқ...

- Өкінішке қарай, солай. Бірақ «Ауыл»

партиясының жеті мүшесі Павлодар

облысының өкілетті органдарында орын

алып отыр. Бұл біздің партия мүшелерінің

мәслихаттардағы елеулі өкілдік екенін атап

айтқанымыз жөн. Әрі бұл – бастамалардың

алғашқы сәттеріндегі көрсеткіш.

- Соларды атап өтсеңіз...

- Павлодар қалалық мәслихатында

экономика және қаржы жөніндегі тұрақты

комиссияның төрағасы Болат Аманжолов

бар. Ол әрі партияның қалалық филиалын

басқарады. Екібастұз қалалық мәслихатының

депутаты ретінде Екібастұз өнеркәсіпшілері

мен кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы

әрі партияның қалалық филиалының төрағасы

Николай Арсютин қызметін жандандырып

отыр. Железин аудандық мәслихатында

жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші

Еркін Рақышев, Шарбақтыда Мәдениет

Қолтаев, Аққулыда Қайыржан Сәлімов,

Ақтоғайда Қайрат Рамазанов, Баянауылда

Алтынбек Алдамжар бар. Олардың барлығы -

беделді және абыройлы азаматтар. Филиал

басшылығына, жұмыстарын жаңа бастаған

партия ұйымдарының көшбасшы лауазымына

ұсыну кезінде өзіміздің ұстанатын

қағидатымыз да бар. Ол шын мәнінде істің

оң-солын білетін, өз ортасында абыройлы, ел

алдында құрметке ие болуы тиіс. Сонымен

қатар, билік құрылымдарында да қызмет

еткен беделді тұлға болуы қажет.

- Партия мүшелері қатарынан өңірге

танымал азаматтар туралы толықтыра

айтсаңыз...

– Олар аз емес. Зейнолла Сәлменбаев ірі

шаруашылықтың бас агрономы, совхоздың

директоры болып жұмыс істеді. Қазіргі

уақыт сұранысына сай республикада ең ірі

картоп пен сәбіз өндіретін «Андас» шаруа

қожалығын құрып, 40 мың тоннаға дейінгі

өнімдерді сақтауға арналған заманауи

базасы бар. Өнімдері шетелге экспортталады.

Онымен бірге жұбайы Тамара

Георгиевнаны да көресіз. Әкесінің ізімен

Арман, Дана, Дәурен атты балалары да

әулеттің ісін жалғастырып, еңбек көрігін

қыздыруда.

Алтынбек Алдамжар – Баянауыл ауданы

«Ынтымақ» шаруа қожалығының басшысы.

Ет бағытындағы қазақы асыл тұқымды ірі

қара мен жылқы өсіреді. Әбілхақ Түгелбаев –

ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагері,

бұрынғы ірі кеңшардың директоры, Ақтоғай

ауданының әкімі болған. Біздің өлкеміздің

тарихын насихаттауда көп ақыл-кеңесін

беретін облыстың құрметті адамдарының

бірі. Бұған қоса, «Исабек ишан» қоғамдық

қорының төрағасы Зекен Құсайыновты да

атап өткен абзал.

Біздің қатарымызда ірі қоғамдық

ұйымдарды басқаратын белгілі адамдар

да бар. Атап айтқанда, Александр Рюмкин -

Павлодар қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Кенже Кеңесбаев - Павлодар қалалық ардагерлер

кеңесінің төрағасы сынды партия

мүшелерін мақтан тұтуға болады. Оның үстіне

әр түрлі кәсіптегі адамдардың, ғалымдар,

спортшылар, түрлі бағыттар мен саладағы

мамандардың қатарымызды толықтырып

отырғанын айта кеткен дұрыс болар...

– Олардың партияға мүшелікке өтуіне

не себепкер болды?

– Партияның ұстанған бағдарламасы

мен біздің халықтың басты адамгершілік

құндылықтарын жоғары қоюымыз, ауыл

тұрғындарының мүдделерін дәйекті түрде

қорғауымыз, еліміздің өркендеуіне қамқорлық

жасайтынымыз көңілдерінен шыққан болуы

керек деп сеніммен айта аламыз. Әрі олар

да - өз салаларындағы табысты адамдар.

Мәселен, Бекен Сағындықұлы – филология

ғылымдарының докторы, Павлодар

мемлекеттік педагогикалық университетінің

профессоры. Ол әрі партияның облыстық

филиалы төрағасының орынбасары. Айман

Зейнулина - филология ғылымдарының

кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университетінің кафедра

меңгерушісі. Шолпан Хамзина - биология

ғылымдарының докторы, Инновациялық

Еуразия институтының профессоры. Кемеңгер

ауылында орналасқан ғылыми зерттеу

институтының бұрынғы директоры, ауыл

шаруашылығы ғылымдарының докторы,

қазіргі таңда Астана қаласында жұмыс

істейтін Бақыт Ирмулатов біздің партияның

мүшесі болып қалуда.

- Тағы кімдерді атар едіңіз?

- Зинаида Багненко «Патриоттар»

партиясы біріктірілгеннен кейін бізге

келді. Жиырма жылдан астам уақыт бойы

«Самал» оңалту орталығын басқарады.

Сондай-ақ, партияның облыстық филиалы

төрағасының орынбасары, Орталық саяси

кеңес және Президиумының мүшесі.

Ораз Мұхаметалинов – еркін күрестен

Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген

жаттықтырушы. Оның жаттықтыруынан өткен

төрт азаматымыз Қазақстан құрамасына

кірген. Екеуі Рио-де-Жанейродағы Олимпиада

ойындарына қатысты. Шәкіртінің бірі

Дәулет Шабанбай Лондондағы Олимпиада

ойындарының жүлдегері атанды. Бұл -

жазғы Олимпиадалық сайыста Павлодар

өңіріне тартылған жалғыз медаль.

Біз спортшылармен бірлесе әртүрлі

турнирлер, кездесулер өткіземіз. Мысалы,

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында

біздің балуандар Дәулет Шабанбай

мен Мамед Ибрагимовты салтанатты шығарып

салу рәсімі ұйымдастырылды. Спортшыларға

құрметті ақсақал Құдайберген Пішембаев

батасын беріп, сәт-сапар тілеген еді.

Белгілі археолог Виктор Мерцті ерекше

атап айтқан дұрыс. В.Мерц Аққулы

ауданындағы ежелгі адамдардың тұрағын

зерттеуде, мұнда Қазақстан мен Сібірдің

кең аумақтарындағы жылқыларды үйрету

бағыты жайлы жаңалықтарды алғашқылардың

бірі болып ашқан ғалым.

Біздің қатарымызда республикаға

танымал сәулетші Марат Қабдуәлиев,

әнші Ербол Айтбаев, заңгер Ақылжан

Тұрсынбеков, қаржыгер Ешмұхамет Забиев

сынды басқа да көптеген белгілі тұлғалар

бар. Аталған азаматтар соңғы бірнеше

жыл ішінде мемлекеттік наградалармен –

«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі

және ҚР салалық ведомстволарының

Құрмет грамотасы, төс белгілері, басқа

да наградалармен марапатталды. Біздің

әріптестеріміздің еңбегі, олардың ел

экономикасының дамуына қосқан елеулі

үлесі осылай атап өтіліп отырады десек

болады.

– «Ауыл» партиясы туралы тағы не

айта аласыз?

- Біздің партия мүшелері жергілікті

жерлерде белсенді жұмыс жүргізіп, ауыл

тұрғындарының мәселелерін шешуге

көмектеседі, бастамалар ұсынады.

Біздің өкілдеріміздің сайлау алдындағы

тұғырнамасының көптеген ережелері бүгінгі

күнде біртіндеп жүзеге асырылуда. Елбасы

әр жылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы

Қазақстан экономикасының қозғаушы

күші болуы тиіс екенін айтып, саланың

экспорттық әлеуетін арттыру міндетін қойды.

Бұл біздің сайлауалды тұғырнамамызға да

енді. Ауылдық аумақтарды кешенді дамыту,

сала өнімдерінің едәуір бөлігін беретін жеке

кәсіпкерлерді қолдау мәселесі іспеттес

шаруалар біздің партияластарымыздың

қолынан келетін істер деп білеміз. Жоғары

оқу орнын бітіргеннен кейін ауылға жұмыс

істеуге келген жас мамандарды қолдау

ж ұ м ы с ы д а ж ү р г і з і л у д е . С о н д а й - а қ ,

көпбалалы отбасыларды қолдау қажеттілігі

туралы айтылып, бұл күні өзекті тақырыпқа

айналды. Бұл біз ұсынған және қолдау

тапқан «іс-шаралардың бір бөлігі ғана.

Әсіресе, шалғай жатқан ауыл сұраныстарын

қанағаттандыру мен ауыл тұрғындарының

тұрмыстық жағдайларын қала тұрғындарымен

теңестіру бойынша әлі де көп жұмыстар

атқаруымыз қажет. Ауылда сұранысқа

ие мамандықтарға оқыту үшін ауыл

мектептерінің түлектерін жоғары оқу

орындарына қабылдауды жеңілдететін

бағдарламалар қажет. Ауыл - елдің алтын

бесігі, халықтың адамгершілік негіздерінің

сақтаушысы болып қала береді. Біздің

борышымыз - оны сақтап, ұрпақтарға

жеткізу.

Біз ата-бабалар мұрасын, ел тарихын

сақтау үшін де көп жұмыс жасадық. Осындай

бастамалардың бірі ретінде Павлодар

қаласының орталық көшесіне аты аңызға

айналған Малайсары тарханға ескерткіш

орнатуды атар едім. Бұл іс жерлесіміз,

қоғам қайраткері Тито Сыздықовтың

бастамашылдығымен орындалғанын атап

өткен дұрыс.

«Ауыл» партиясының бағдарламалық

мақсаттарына және біздің наным-сенімімізге

толық жауап беретін «Рухани жаңғыру»

бағдарламасын іске асыруға белсенді

атсалысудамыз. Қазір бүгінгі күнге

дейін ғалымдардың, археологтардың,

этнографтардың, жазушылардың, ақындардың

аяғы жетпеген, өңірдің туристік нүктесі

ретінде дамуға сұранып отырған Май

ауданындағы Қалмаққырылған тарихи

тауының ғылыми және археологиялықэтнографиялық

зерттеуіне бастамашылық

жасаудамыз.

Өткен жылы біздің атақты жерлесіміз,

ХІХ ғасырдағы ғалым-ағартушы Ақбалық

хазірет жерленген жерде кесене салынды.

Мұраны зерттеу бойынша ауқымды жұмыс

жүргізіліп, кітап жазылды. Аталмыш шараға

ғалымдар, тарихшылар тартылып, Май

ауданының тұрғындары мен басшылар

қатысты. Ақбалық хазірет ұрпақтарының

бірі, Май ауданынан шыққан академик,

жерлесіміз Жабайхан Әбділдин ағаның

ескертпелері құпталды. Бұл жұмысты

«Ауыл» партиясы облыстық филиалы саяси

кеңесінің мүшесі, «Абу Ханифа» қоғамдық

қорының төрағасы, белгілі меценат Сапарғали

Байболатов басқарды.

- Оқырмандарға не тілейсіз?

- Біздің Тәуелсіз еліміздің игілігі үшін

бірлік, белсенді өмірлік ұстаным тілеймін!

Сұхбаттасқан - Юрий ПОМИНОВ.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЛЕБІЗ

ОҚЫС ОҚИҒА

Елге деген

ықыласың ерекше

Аса құрметті балам Мейрам

Құдайбергенұлы! Бүгін сен, ер

жасы 50-ді артқа тастап, асқаралы

алпысқа толып отырсың. Өткен

ғасырдың 80-ші жылдарының

басында Семейдегі жоғары оқу

орнын тәмамдап, өрісін өрден

іздеген, ел қамын ойлаған, ерте

тұрып, кеш жатқан ер азамат

ретінде өзің туып-өскен Кереку-

Баян өңірінде ауыл шаруашылығын

өркендетуге көптің бірі

болып кірісіп кеттің. Еңбек

жолын төменнен бастап, барлық

сатысынан өттің. Нәтижесінде

еңбекқор, жүрегі жомарт, жаны

жайсаң азаматқа лайық кісілік,

тектілік пен намысқойлығың

тағы бар. Көсіле жұмыс жасаған

30 жылдан аса уақыт ішінде көптің

бірі болып ғасырмен өлшенетін

жұмыстар тындырдыңдар. Сенде

мансапқорлық, тәкаппарлық,

өзін басқалардан жоғары қою

секілді жат мінездер болған емес.

Әрқашан шамаңа қарап, жұртқа

жақсылық жасап, жылағанды

жұбатып, өкпесі өшіп, өзекте

қалғандарды өрге сүйредің.

Адамды тындырған ісіне қарап

бағалайды ғой. Жауапты қызметтер

атқарып, арпалысты тірліктің

тезінен өтіп, жақсы-жаманның

бәрін көргендіктен болар, әсіресе,

Парламент депутатына лайық

мәселе шешуде сараптау салмағы

басым, үлкенмен де, кішімен

де тез тіл табысып, оларды

ортақ істің орайына қарай үйіріп

әкетіп жүрдің. Жайшылықтағы

«бауырым-ау» деп ішке тарта

сөйлеуің де өзіңе жарасып тұрады.

Ағайын-туыс, туғандардың

арасында да кісілігің анадайдан

көрініп тұрады. Өзіңнен кейінгі

іні-қарындастарыңа, туыс-туғандарыңа

әдеппен қарап, бар-жоғына

көңіл аударып, түгендеп отырасың.

Тұрмысы төмендерге қол ұшын

беріп, көмекке әзір тұрасың.

Ұлыстың ұлы күндері, Ораза,

Құрбан айт кезінде имандылық

істерден тыс қалмайсың. Қамқоршы

ата жолын берік ұстанасың.

Бұл күндері өзің мен келін

Рабиға Уақапқызы екеуің ұл-қыз

өсіріп, Дәурен мен Долоресті ер

жеткізіп, немерелер көріп отырған

бақытты ата мен әжесіңдер.

Ұлттық салт-дәстүрлерді немерелердің

бойына кішкентайынан

сіңіріп, ұлттық өнермен сусындатып,

қолына домбыра ұстатып,

басқа аспаптарға бейімдеп, ұлттық

тәлім-тәрбие беріп отырған үлкен

отбасысыңдар. Мысалы, қазақ

баласын үш-ақ ауыз сөзбен

тәрбиелеген. Оның алғашқысы –

ұят болады. Екіншісі – жаман

болады. Үшіншісі – обал болады.

Ұят болады дегені – өлімнен

ұят күшті, ұятты істі істеме дегені,

жаным – арымның садағасы дегені.

Жаман болады дегені – жақсы

сөз – жарым ырыс, жамандықтан

аулақ жүр дегені. Жақсының

шарапаты, жаманның кесапаты

тиеді дегені.

Обал болады дегені – әр

нәрсенің сұрауы бар, саған түкке

тұрғысыз болған бір нәрсе, басқа

біреуге өте қымбат болуы мүмкін

дегені, ешкімге көлеңкең түспесін

дегені.

Міне, осындай ұлттық нақыш,

құндылықтарды Мейрам мен

Рабиға – немерелерінің бойына

дарытып, сабырлы, жігерлі,

қайырымды, иманжүзді ұрпақтар

тәрбиелеуде. Сөзімнің соңында

айтарым, Мейрам, Рабиға екеуің

шөбере көріп, жүз жасаңдар,

отбасының бақытын көре беруге

Алла нәсіп етсін.

Қашанда ойлағаның болып тұрсын,

Құдайым оң істерге жолықтырсын.

Елің үшін аянбай еңбек етіп,

Көңілің ортаймасын, толып тұрсын!

Тілек білдірушілер:

әкең Құдайберген қажы

Бөкенұлы,

Бақытжамал Иманғұлқызы.

Жолды неге бөгеді?

Жексенбі күні Павлодар автовокзалында келеңсіз

жағдай орын алды. Жолаушы тасымалымен айналысатын

екі автобус бір-бірінің жолын бөгеп,

жұртшылықты әбігерге салды. Салдарынан

кішігірім кептеліс орын алды.

Куәгерлердің сөзінше, Павлодар-

Қарағанды бағыты бойынша жолға

шыққандарға өзге автобус кедергі

келтіріп, трамвайдың қатынасын

бөгеген. Аталмыш орындағы

жағдайдың мән-жайын тәртіп

сақшылары анықтады.

- Кешкі сағат 20.15-те «102»

қызметіне Павлодар-Қарағанды

бағыты бойынша жолға шықпақ

болған автобустың жолын өзге

автобус бөгегені жөнінде хабар түсті.

Салонда 31 жолаушы болған. Зардап

шеккендер жоқ. Өзге қоғамдық

көліктің қатынасы бұзылмады.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы

жұмыс істеді, - дейді облыстық

полиция департаментінің баспасөз

қызметкері Жанар Белялова.

Құқық қорғау органының

мәліметіне сүйенсек, келеңсіздік

салдарынан тоқтауға мәжбүр болған

көлік 1 сағаттан кейін өз бағытын

жалғастырған. Тергеу барысында

жолды бөгеген автобус қалаларалық

тасымалды жүзеге асыру бойынша

тендерді ұтып алған кәсіпорынға

тиесілі екендігі анықталды. Сондай-ақ,

аталмыш фирма Павлодар-Қарағанды

бағыты бойынша қатынайтын

жолаушыларға да жауапты екендігі

белгілі болды. Сондықтан жүргізуші

заңсыз тасымалдаушының жолын

бөгеген.

Облыстық жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары басқармасы

басшысының орынбасары

Диана Мұханова оқиға орнына

барып, мән-жайды анықтағанын

айтады.

- Павлодар - Қарағанды бағыты

бойынша ресми тасымалдаушы

бар. Ол – «Балтабаев» жеке кәсіпкерлігі.

Тасымалдаушы темір жол

вокзалының жанындағы «Сапаржай

Павлодар» ЖШС-мен келісімшартқа

отырған. Жексенбіде «Автовокзал

сервис» сапаржайынан «Павлодар

Interbus» ЖШС-ге тиесілі автобус

жолға шықты. Аталған ұйым рұқсат

қағазы болмағанына қарамастан,

жолаушыларды тасымалдаған.

Сондықтан «Балтабаев» жеке

кәсіпкерлігі әлгі автобусты

тоқтатқан. «Автовокзал сервис»

ЖШС-нің ақпараты бойынша,

автобус қосымша рейс ретінде

шығарылған. Жолаушылар мен

жүкті тасымалдау ережесі бойынша

қосымша рейс автобус толық

болғанда, касса кезегінде 15 адам

тұрған кезде ғана шығарылады.

Сондай-ақ, қосымша рейс болатыны

жөнінде хабар берілуі тиіс.

Полиция тексеріс кезінде аталмыш

ережелердің сақталмағанын

анықтады, - дейді ол.

Диана Мұханова «Балтабаев»

жеке кәсіпкерлігінің әрекеті дұрыс

болмағанын және полиция оған

қатысты тиісті шара қолданғанын

атап өтті. Оның сөзінше, «Балтабаев»

жеке кәсіпкерлігінен аталмыш

жағдайға қатысты осы айдың 23-і

күні шағым түскен. Бұл ретте

жауапты органға тексеріс жүргізу

және тиісті шара қолдану жөнінде

сұраныс жіберілген. Нәтиже алдағы

уақытта белгілі болмақ.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

ЖАРНАМА 29 қазан, сейсенбі, 2019 жыл 7

«Жастық шақ»

Фестиваль барысында Ресей,

Моңғолия, Қырғызстан және еліміздің

өзге өңірлерінен келген дирижерлер

өнер көрсетеді.

Иса Байзақов атындағы облыстық

филармонияның директоры Амангелді

Қожановтың айтуынша, өңірде алғаш

рет ұйымдастырылып отырған атаулы

шараға көптеген белгілі тұлғалар

қатысуда.

- Дирижерлер шеруін ұйымдастырудағы

басты мақсатымыз - қазақ

музыка өнерін насихаттау және

жастарға дәстүрлі музыканы дәріптеу,

талантты орындаушыларды қолдау.

Сонымен қатар, алыс-жақын шет

Қоғамдық–саяси, ақпаратты-жарнамалық

«Saryarqa samaly» газетіне 2020 жылға

жазылу басталды!

Жазылу мерзімі

6 ай (аптасына үш

нөмір)

12 ай

(аптасына үш нөмір)

12 ай (бейсенбілік

нөмір)

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен

кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы,

Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел.: 32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта»

ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press»

ЖШС-де (тел.: 61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы жазылу арқылы

Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады.

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға

50 данадан артық жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен ұжымдық

баламалы жазылуды ұсынамыз. Тел.: 8 (718 2) 66-15-41.

Құрметті оқырмандар!

Қоғамдық–саяси, ақпаратты-жарнамалық «Звезда Прииртышья»

газетіне 2020 жылға жазылу басталды!

Жазылу мерзімі

6 ай (аптасына үш

нөмір)

12 ай (аптасына үш

нөмір)

12 ай (бейсенбілік

нөмір)

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі арқылы

жазылу

Индексі 55441

қала ауыл

6 657,10 6 988,20

теңге теңге

13 314,20 13 976,40

теңге теңге

Индексі 55442

қала ауыл

4 040,70 4 251,40

теңге теңге

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі

арқылы жазылу

Индексі 55440

қала ауыл

6 657,10 6 988,20

теңге теңге

13 314,20 13 976,40

теңге теңге

Индексі 25440

қала ауыл

4 040,70 4 251,40

теңге теңге

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы жазылу

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы жазылу

Редакцияда

ресімдеу

және алу

мен жазылу

Павлодар қ. Павлодар қ.

6 650 теңге

5 556 теңге

13 300 теңге 11 112 теңге

4 035 теңге

Редакцияда

ресімдеу

және алумен

жазылу

Павлодар қ. Павлодар қ.

6 650 теңге 5 556 теңге

13 300 теңге 11 112 теңге

4 035 теңге

МӘДЕНИЕТ

Бүгін облыс орталығында Қазақ КСР-інің Халық

артисі Рүстембек Омаровтың 100 жылдығына орай

ұйымдастырылған халықаралық дирижерлер фестивалі

басталды.

елдерден келетін кәсіби музыканттармен

шығармашылық байланыс

орната отырып, тәжірибе алмасу.

Шара барысында, жергілікті Рүстембек

Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар

оркестрінің орындауында арнайы

шақырылған дирижерлердің ұсынған

шығармалары орындалады, - дейді

ол.

Құрметті жерлестер, бүгін, яғни

29 қазан күні сағат 19.00-де Естай

атындағы мәдениет сарайында

дирижерлердің өнерін тамашалауға

асығыңыздар!

3 144 теңге

3 144 теңге

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен

кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы,

Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел. 32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта»

ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash

Press» ЖШС-де (тел. 61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы жазылу

арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан

алуға болады.

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға

50 данадан артық жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен

ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз. Тел.: 8 (718 2) 66-15-41.

Хабарландыру

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ «2-ЖЭО күл үйіндісінің 2-ші кезегінің бөгеттерін

күшейту. Қайта құру» жобасы бойынша жария тыңдауын өткізетінін

хабарлайды.

Жария тыңдау 2019 жылғы 27 қараша күні сағат 15-те Павлодар қ.,

Торайғыров көш., 76, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ оқу орталығының ғимараты.

Жобаға тапсырыс беруші: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, 8 (7182) 39-95-06;

факс: 8 (7182) 32-97-88; e-mail: info@pavlodarenergo.kz.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «Институт КазНИПИЭнергопром» АҚ,

Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 58А, тел.: 8 (727) 273-47-87; e-mail:

main@knep.kz. Жобалық материалдар www.tabigatpv.gov.kz сайтында

орналастырылған.

Жұртшылық өкілдері жобаның жазбаша нұсқасымен мына мекенжай

бойынша таныса алады: Павлодар қ., Кривенко көш., 27. Жоғарыда

көрсетілген жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар info@pavlodarenergo.

kz; main@knep.kz электронды мекенжайлары бойынша қабылданады.

Жария тыңдауды ұйымдастыруға жауапты тұлға – «Павлодар

облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары

басқармасы» ММ, Балтабаева М.К. (32-93-79; 65-25-59; e-mail:

baltabaeva.dpr@pavlodar.gov.kz).

(20233)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12439 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2160

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

8 29 қазан, сейсенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Естайға ескерткіш

орнатылды

Ақтоғай ауданының орталығында әйгілі әнші, сазгер, ақын, қазақ

өнерінің біртуар тұлғасы Естай Беркімбайұлына ескерткіш-бюст

орнатылды. Игі шара «Рухани жаңғыру» жобасы аясында жүзеге

асырылды.

Алпысбай ХОНЖ

Екібастұз өңіріндегі Ақкөл-Жайылма мақұлдауы қажет.

а т ы р а б ы н д а к і н д і к қ а н ы т а м ғ а н ө н е р и е с і н і ң Ескерткіш-бюстің ашылу салтанатына

150 жылдық мерейтойы былтыр кең көлемде Естай Беркімбайұлының ұрпақтары да

аталып өтілген еді. Әйгілі әнші 1946 жылы қатысты. Олардың қатарында жуырда ғана

Ақтоғай ауданында қайтыс болды. Бүгінде 90 жасқа толған әншінің немересі Зекен

Естай Беркімбайұлы жерленген елді мекен апа Жанәбілқызы бар.

ақынның атымен аталады. Игі шараға – Әкем Жанәбіл соғысқа аттанғанда біз

қатысушылар алдымен Естай ауылындағы тым жас едік. Сіңлім Сарыторғай екеуіміз

әншінің зиратына барып, құран бағыштады. Естай атаның бауырында өсіп, адам болдық.

Бұдан соң аудан орталығындағы өнер Естай - біздің атамыз ғана емес, халықтың

мектебінің алдында орнатылған Естай ұлы. Бойына дарыған өнерінің арқасында

ескерткіш-бюстінің ашылу салтанаты болды. алты Алашқа танылған атамыздың есімін

– Ө т к е н ж ы л ы ә й г і л і ж е р л е с і м і з д ұлықтаған і ң облыс әкімі Болат Бақауов бастаған

150 жылдық мерейтойы аясында Ақтоғай

ауданында ауқымды шаралар атқарылды. Естай

кесенесінің алдына кеспе тас төселіп, зиратқа

апаратын жаңа жол салынды. Сондай-ақ,

жас ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Айтыс барысында ақындар Естай жерленген

ауданда ескерткіштің жоқтығын бірнеше рет

жырына арқау етті. Осыдан соң, ескерткішбюст

орнатуды қолға алдық, - деді Ақтоғай

ауданының әкімі Қаршыға Арынов.

Қ.Арыновтың сөзінше, Ақтоғай ауданының

өнер мектебіне Естайдың атын беру жұмыстары

МӘДЕНИЕТ

Тілеуберді САХАБА

Кітапхана басшысы Шолпан Шахметованың сөзінше, «Кітапхана

түні» алғаш 2014 жылы ұйымдастырылған. Міне, содан бері

кітапханашылар дәстүрден жаңылмай келеді. Шара 11 алаңға бөлініп

ұйымдастырылды. Соның бірі – кітапхананың екінші қабатында

құрылған қазақ ауылы. Онда қазақтың ұлттық қолөнер туындылары

көрмеге қойылды. Оқырмандар жергілікті шеберлердің

қолынан шыққан ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдарды және

ағаштан ойып жасалған ыдыстарды тамашалады. Сонымен қатар,

өңірдегі сән орталықтары ұлттық киім үлгілерін көрсетті. Қазақ

ауылы алаңына жиналған оқырмандар өңіріміздің жас айтыс

ақындары – Қуандық Башой мен Аманжол Бибаланың сөз сайысын

да тамашалады. Шараның әдебиет алаңында жергілікті ақынжазушылар

бас қосып, өз өлеңдерін оқып берді. Содан кейін

брайль шрифімен жарыққа шыққан «Қос тіл – қос қанат» атты

жыр жинағының тұсаукесері өтті. Жинақта Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі, ақын Сүлеймен Баязитовтің және Ольга

Григорьева, Талғат Ғарипов, Елена Игнатовская сынды жергілікті

ақындардың өлеңдері топтастырылған.

Естайдың немересі Зекен Жанәбілқызы.

жүргізілуде. Бүгінде облыстық ономастика

комиссиясы аталған бастаманы бірауыздан

қолдады. Енді оны республикалық комиссия

барша азаматтарға алғыс айтамын, - деді

Зекен апа Жанәбілқызы.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту

және архив ісі басқармасының басшысы

Ернұр Дәуеновтің сөзінше, бүгінге дейін

Павлодар облысы бойынша 13 көше мен бір

елді мекенге Естай Беркімбайұлының аты

берілген. Сондай-ақ, Павлодар қаласының

негізгі мәдениет ордасы – қалалық мәдениет

сарайы әйгілі әншінің атымен аталады.

Өткен жылы аймақ басшысы Болат

Бақауовтың қолдауымен Екібастұз қаласындағы

музыка мектебіне Естайдың есімі берілді.

Сондай-ақ, басқарма басшысы келер жылы

Павлодар қаласында Естай Беркімбайұлына

еңселі ескерткіш орнатылатынын айтып,

халықтан сүйінші сұрады.

Мәдени шараның ашылу салтанатына

Естайдың атын ұлықтауға атсалысып жүрген

ардақты азаматтар Әбілхақ Түгелбаев пен

Мұхит Омаров, әншінің туыстары мен

ұрпақтары қатысты. Атап айтсақ, әншінің

үлкен немересі Зекен ападан бөлек, Естайдың

екінші немересі Сарыторғай ападан туған

Шәмшия Жағыпарова да қуанышты сәттің

куәсі болды. Бүгінде сексеннің сеңгіріне

шыққан Сарыторғай апа Ертіс ауданының

Қосағаш ауылында тұрады. Ал Шәмшия

Жағыпарова Кенжекөл ауылындағы балалар

музыка мектебіне басшылық етеді.

Павлодар облысының Құрметті азаматы,

ілгеріде Ақтоғай ауданында басшылық

қызметте болған, қашан да Естайға қатысты

бастамалардың басы-қасынан табылатын

Әбілхақ Түгелбаев өнер иесінің 150 жылдық

мерейтойы халықаралық деңгейде аталып

өтілгенін айтты.

– Былтыр Түркияда халықаралық «ТҮРКСОЙ»

ұйымының ұйытқы болуымен Естай бабамыздың

150 жылдығына арналған ауқымды шара өтті.

Ол жақтағы ағайынның Естайдың өнеріне

деген ыстық ықыласын көріп марқайып

қалдық. Естайдың өнерімен-ақ қазақтың

атын күллі әлемге таныта аламыз, – дейді

Әбілхақ Түгелбаев.

Ескерткіш-бюстің авторы – белгілі сәулетші

Бота Машрапов. Өкініштісі, өнер иесі осы

жазда өмірден өтті. Сәулетшінің жобасын

өзге әріптестері аяқтаған. Ескерткіш-бюстің

биіктігі – 2 метр 28 сантиметр. Жобаның

жалпы құны 4,5 млн. теңгені құрайды. Әншінің

домбыра ұстап тұрған бейнесі гранит тастан

қашалып жасалған.

– Естай атамызды ұлықтау есім беріп,

ескерткіш қоюмен шектелмесе екен деймін. Осы

орайда, Павлодар қаласында Естай әндерінің

республикалық фестивалі ұйымдастырылып

тұратын. Аталған фестиваль екі мәрте өткізілді.

Одан кейін тоқтап қалды. Осы шараны қайта

жандандырса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сондай-ақ, соңғы жылдары Естай туралы

тың деректер табылды, жаңа мақалалар

жарияланды. Бұл ретте, Естайға қатысты

дүниелердің басын қосып, энциклопедия

шығарған дұрыс болар еді, – деді Естайдың

ұрпағы, журналист Фархат Әміренов.

Салтанатты шара барысында Ақтоғайдың

«Қара нары» атанған айтыскер ақын Бейсенбі

Мұқажанов жырдан шашу шашты. Жергілікті

өнерпаздар Естай әндерін нақышына келтіре

орындады.

Ақтоғай ауданы.

Суретті түсірген – Бауыржан Бәкібаев.

«Түнгі кітапхана» қызығы

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Кітапхана түні» акциясын өткізуді дәстүрге айналдырды.

Жақында аталмыш акция аясында өткен әдеби, мәдени кешке 600-ден астам адам

жиналып, түрлі қызықты бағдарламаларды тамашалады. Сонымен қатар, осы кеште Ертіс-

Баян өңірі ақын жазушыларының брайль шрифтімен жарыққа шыққан «Қос тіл – қос қанат»

атты жыр жинағы оқырманға таныстырылды.

Шеберлік сыныбы алаңында ұйымдастырушылар кітапты қалай

жылдам оқу тәжірибесімен бөліссе, спорттық алаңда шахмат турнирі

ұйымдастырылды. Ғимараттың кіші залында балалар кітапханасы

бөлімінің 60 жылдығына арналған ретро-кеш өтті. Кішкентай

оқырмандар назарына «Барби» қуыршағының кейіпкерлері көрмеге

қойылды. Кітапхананың кіреберісінде «Автограф сессиясы» болды.

Оған өңірімізге белгілі журналист, өлкетанушы Александр Вервекин

қатысып, соңғы уақытта жарыққа шыққан «Берлинская стажировка

журналиста» кітабымен таныстырды. Алдағы жоспарлармен

бөлісіп, жақында жолсапар очерктері мен репортаждары тағы бір

кітап болып басылатынын атап өтті. Осы кеште қайырымдылық

жәрмеңкесі болып, онда оқырмандар өз қолдарымен дайындап

әкелген тағамдарын сатты. Жәрмеңкеден түскен қаражат Павлодар

қаласында тұратын Мәриям есімді сырқат баланың ата-анасына

берілді. Бұдан бөлек, түрлі сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар

бағалы сыйлықтармен марапатталды.

- Біздің ең жас оқырманымыз төртте болса, ең егдесі

92 жаста. Бүгінгі шараға солардың барлығы келіп отыр. «Кітапхана

түні» шарасының басты мақсаты – жастарды кітапханаға тарту, сол

арқылы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, яғни, жалпы қауымды

әдебиетпен сусындату, - деді кітапхана директоры Шолпан Шахметова.

СПОРТ ТЫНЫСЫ

Дәстүрлі

турнир -

өз биігінде

Еркін күрестен КСРО

спорт шебері, Қазақстан

Республикасының

құрметті спорт

қайраткері, Павлодар

қаласының Құрметті

азаматы, жерлесіміз

Амантай Аймағамбетовтің

атындағы дәстүрлі турнир

ұйымдастырылды.

Еркін күрестен өткен дәстүрлі

турнир осымен 15-інші рет өз байрағын

көтерді. Оған Павлодар облысымен

қоса еліміздің өзге де өңірлерінен

жалпы саны 300-ден астам спортшы

қатысты.

Амантай Аймағамбетов - саналы

өмірін еркін күреске арнаған азамат.

Оның боз кілемде жеткен жетістігі

мен дарынды шәкірттер дайындаудағы

еселі еңбегі мемлекет тарапынан да

елеусіз қалған жоқ. Оған 1963 жылы

еркін күрестен КСРО спорт шебері

атағы берілді. 2001 жылы Қазақстан

Республикасы Туризм және спорт

жөніндегі агенттігі дене шынықтыру

мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі

үшін Құрмет белгісімен марапаттады.

Амантай Сапарғалиұлы Қазақ КСР

республикалық санаттағы төрешісі.

Павлодар қаласының спорт ардагерлері

кеңесінің жетекшісі. Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.

С

Дәстүрлі турнирге Нұр-Сұлтан

қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан,

Солтүстік Қазақстан облыстарымен

қатар Павлодар өңірінің спортшылары

қатысты.

- Амантай Сапарғалиұлы - өңірдегі

еркін күрсетің дамуына айрықша үлес

қосқан азамат. Ол біздің аймақта

қазақ жігіттерінің арасында алғаш

болып КСРО спорт шебері атағын

алды. Мен Амантай Аймағамбетовтей

азаматқа шәкірт болғаным үшін

қуанамын, - деді Қазақстанның еңбек

сіңірген жаттықтырушысы Оразалы

Мұхаметәлинов.

Турнирде ұлдар 10 салмақ

дәрежесінде бақ сынады. Ал қыздар

арасындағы күресте 7 салмақ

дәрежесі бойынша мықтылар

анықталды. Дәстүрлі турнирге Амантай

Аймағамбетовтің үзеңгілес замандастары,

спорт ардагерлері мен шәкірттері

қатысты.

Спорттық шараның өтуіне

облыстық туризм және спортты дамыту

басқармасы, Павлодар қалалық дене

шынықтыру мен спорт бөлімі ұйытқы

болды. Дәстүрлі турнирдің салтанатты

ашылу рәсімінде А.Аймағамбетов

«Nur Otan» партиясының жергілікті

филиалы төрағасының орынбасары

И.Теренченконың Алғыс хатымен

марапатталды. Сондай-ақ, Амантай

Сапарғалиұлының шәкірттері, кәсіпкерлер

Дәурен мен Мұхит Сәдуақасовтар да

ұстаздарына сый-сыяпат көрсетті.

Алпысбай ХОНЖ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!