23.11.2019 Views

23 қараша, 2019 жыл №135 (15455)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2 23 қараша, сенбі, 2019 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Бөле-жараБ

Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір

аптаның аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер

балапанды апта сайын санайды. Осы

жеті күнде жер бетіндегі тіршіліктен көңілге

оғаш, көзге ерекше көрінгені жетерлік.

Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде,

дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә

болған, бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?

Әкім қызметтен

неге кетті?

Тараздағы оқушының зорлану оқиғасынан кейін

ондағы білім саласының жетекшілері ғана емес,

шаһар басшысы да жылы орнымен қоштасты.

Салаға жауапты мамандарды қызметтен шеттету

әлі де жалғасып жатыр.

Әлқисса, апта бұрын Таразда 7-сыныпта оқитын

қыз баланы мектеп әжетханасында зорлап кеткен-ді.

Күдікті екі сағаттан кейін қолға түсіп, қамауға

алынды. Аталмыш жағдайдан соң облыс басшысы

арнайы жиын өткізіп, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар

жүктелді. Ондағы педагогтар пен полицейлерге

талап күшейтілмек. Мектеп қабырғасындағы

әрбір қылмысқа басшылық басымен жауап береді.

Білім ошақтарының қауіпсіздігін тәртіп сақшылары

күзететін болды. Белгілі болғандай, әлгі мектептің

дәретханасы далада орналасқан. Бұл жерде үлкен

сыныптың балалары өзінен кіші балаларға әлімжеттік

жасайтыны да өзгелерге мәлім екен. Жәбірленуші

қыз бала бұдан былай мектепке келмеуі мүмкін.

Себебі, оның психологиялық қысымға ұшырауы

ықтимал. Сондықтан жеткіншектің жанын жараламас

үшін шенділер үйінде оқыту жайын қарастырып

жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

аталған жайсыз жайтқа назар аудармай қалмады.

Президенттің пәрменімен қала әкімі Қайрат Досаев

лауазымынан босады. «Жамбыл облысының әкіміне

Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап

шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында

жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының

әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс

әкіміне ескерту жасадым», деп жазды Қ.Тоқаев

Twitter-дегі парақшасында.

Азғындық жасады деп айыпталған азамат

36 жаста. Оның бұған дейін зорлық жасағаны

үшін істі болғаны да анықталды.

Лицензияға

шектеу қойылды

Қазақстанға Олимпиада лицензиясын алуға

шектеу қойылды. Бұған отандық спортшыларымыздың

допинг дауына жиі ілігуі себеп. Салдарынан 2020

жылы өтетін төртжылдықтың басты додасында

ауыр атлетикадан ел намысын екі ғана зілтемірші

қорғайды.

2016 жылғы атышулы допинг дауынан кейін

Халықаралық олимпиада комитеті Қазақстанға

осындай жаза қолданып отыр. Сол уақытта бірнеше

қазақстандық спортшының қанынан рұқсат етілмеген

препарат табылған. Сондай-ақ, олардың 2008 және

2012 жылғы Олимпиада ойындарында алынған

допинг сынамалары да тексерілген. Салаға жауапты

министрлік допингке қарсы талаптарды күшейтіп,

заң жобасына бірқатар өзгерістер енгізді. Сенат

депутаттары мақұлдаған жаңа заңда допингпен

ұсталғандарды спорттан шеттету, барлық атақдәрежесінен

және ақшалай сыйақысынан айыру

сынды қатаң жазалар күтіп тұр. Жаттықтырушылар

да жазадан құтылмайды. ҚР Мәдениет және

спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша,

бұрын допинг сынамалары 8 жылға дейін

сақталып келген екен. Бүгінде оның мерзімі 10 жылға

дейін ұзартылған. Он жылдың ішінде олқылықтар

болса, қан талдаулары дұрыс болмаса, спортшы

мен жаттықтырушылар жүлдесі үшін алған үйін,

қаржысын және өзге де көтермелерін қайтарып

береді.

Заңсыз

құжат жасаған

Шетелдік азаматтарға заңсыз құжат жасаған

қазақстандық жалған компаниялардың басшылары

ұсталды. Заңсыз іспен айналысқан ұйымдасқан

қылмыстық топтың басшылары қытай азаматы

және еліміздің Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы

қызметкері болып шықты. Олар 2015-2016 жылдары

екі мыңдай шетел азаматына виза жасаттырып,

шақырту жіберген. Қылмыстық топтың негізгі басшылары

елордадан шыққан. Сондай-ақ, өңірлердегі

көші-қон полициясы басқармаларының өкілдерімен

де келісімде болған делініп отыр.

Апта Апта оқиғаларын бөле-жара сөз сөз еткен --

Мұрат АЯҒАНОВ.

Әр азаматтың

Назардан

тыс қалмайды

Бұл күні облыстық әкімдікке жиналғандардың

қарасы қалың болды. Тұрғындар

түрлі мәселесін айтып, жергілікті биліктен

көмек сұрап келді. Олардың қатарында

мүмкіндігі шектеулі жандар аз болған жоқ.

Айталық, Павлодар қаласының тұрғыны

Елена Юрченко облыс орталығындағы

инватаксилер санының аздығын айтты.

Бұл мәселені Павлодар қаласының

әкімдігі өз бақылауына алады. Ал Анна

Анатольевна подъезд ішінде баспалдақпен

көтерілу ыңғайсыздық тудыратынын

алға тартты. Облыс әкімі Болат Бақауов

демеушілер қаржысы есебінен арба

көтеретін қондырғы орнатуды тапсырды.

Үшінші топ мүгедегі, Павлодар ауданының

тұрғыны Гүлсая Әмірованың екі құлағы

соңғы үш жылдан бері мүлде естімейді.

Осыған дейін 5 ота жасағанмен, оң

нәтиже болмай отыр. Сондықтан, есту

қабілетін жақсартатын арнайы құрал

сатып алу қажет. Бірақ, оның бір данасы

5 млн. теңге тұрады. Ал екі баланың

анасында мұндай қаржы жоқ. Облыстық

жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

басшысы Қайрат Нұрмағамбетов келесі

жылы бюджеттік қаржыға осындай

аппараттың 4 данасын сатып алу

қарастырылғанын, оның бірі наурыз

айында Гүлсая Әміроваға берілетінін

айтты. Аймақ басшысы жұмысқа орналастыру

тетіктерін қарастыруға уәде берді.

Көпбалалы аналар да алаңдатқан

мәселелерін айта келді. Мәселен, бірі

төрт және одан да көп баласы бар

ата-аналарға дәріханалар мен ойынсауық

орталықтарында 50 пайызға дейін

жеңілдік қарастырылса деген ұсынысын

білдірді. Тағы бір көпбалалы ана облыс

орталығындағы 1964 жылы салынған

екі қабатты үйдегі пәтерге су тартып

беруді, енді бірі қысқы мезгілде отынмен

қамтуды сұрады. Б.Бақауов Павлодар

қаласының әкімдігіне көмек сұрай келген

көпбалалы отбасыларға қысқы отын

жеткізуді жүктеді.

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні

павлодарлықтар жеке бастарының ғана

емес, жалпы қоғамға ортақ мәселелерге

де қозғау салды. Айталық, білім беру

саласының ардагері, ұстаз Қарлығаш

Будиева Павлодар қаласындағы көшелердің

«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ»

мәселесі - назарда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған бағыттардың бірі - «Халық

үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Аталмыш тұжырымдама аясында бейсенбі

күні «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» шарасы ұйымдастырылып, еліміздегі барлық

мемлекеттік мекеме басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аймақ

басшысы Болат Бақауов та павлодарлықтарды мазалаған өзекті сұрақтарға жауап беріп, кейбір

мәселелерді жеке бақылауына алды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Аймақ басшысы Болат Бақауов аталмыш қордың фронтофис

сарапшысы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы РҚБ-нің

Павлодар облыстық филиалының басшысы Болат Заутұлын

қабылдап, көші-қон саласындағы мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында Болат Заутұлы «Отандастар қоры»

КЕАҚ мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы бірлесіп атқарып

жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, екі тарап

тарихи Отанына оралып жатқан қандастарды қолдау мақсатында

көптеген іс-шараны жүзеге асыруда.

- Алыстан атажұртқа оралып жатқан ағайынды жан-жақты

қолдау және көмек көрсетуге бағытталған кешенді бағдарламалар,

көші-қон мәселелері, сондай-ақ, шеттегі қазақтармен қарымқатынасты

нығайтуға байланысты барлық жұмыс осы қор

арқылы оң шешімін табуда. Мәселен, биылғы жылдың тамыз

айында «Отандастар қоры» КЕАҚ демеушілердің қолдауымен

Моңғолиядан көшіп келген 78 адамның (13 отбасы) 85 пайызы

тұрақты мекенжай бойынша тіркеуге тұрды, 5 отбасы орал-

біріне Бөгенбай батырдың, ал Ертіс

ауданындағы көшелердің немесе мектептердің

біріне сол ауданда талай жыл

ұстаздық қызмет атқарған Ұлы Отан

соғысының ардагері Қабыкен Әутәліповтің

есімін беруді ұсынды. Аймақ басшысы

бастамалардың орынды екенін алға тартып,

жан-жақты саралап, көше атауларын

өзгерту келесі жылы қарастырылатынын

айтты.

Әкімнің қабылдауына келген ең жас

павлодарлық – облыс орталығындағы

№43 мектептің 4-сынып оқушысы Елисей

Ресняский. Жеткіншек тұздың алғаш

рет біздің өңірде өндіріле бастағанын

ескеріп, оны Павлодардың бойтұмары

ретінде таныстыру туралы ойды ортаға

салды. Сонымен қатар, 10 жасар оқушы

әр балабақша мен мектепте туған жердің

тарихы мен географиясын бейнелейтін

бұрыш, әкімдіктер сайтында «Менің

туған жерім» атты бөлім ашылса деген

пікірін білдірді. Өзі осы уақытқа дейін

өңіріміздегі бірқатар ауданды аралап,

ерекше тастарды, көне жәдігерлерді

жинаған екен. Болат Жұмабекұлы

ізденімпаз шәкірттің қызығушылығын

жоғары бағалап, әкімдік тарапынан

тұрақты қолдау көрсетілетініне уәде берді.

Бастысы –

баспана

Облыс басшысының қабылдауына

келгендердің басым бөлігін баспана

мәселесі алаңдататыны байқалды.

Мәселен, Әйгерім есімді тұрғынның үш

баласы бар. Олардың бірі онкологиялық

дертке шалдыққан. 2017 жылдан бері

тұрғын үй кезегінде тұр. Қазіргі кезде

облыс орталығындағы жер үйлердің бірін

жалдайды. Ал Богдан есімді павлодарлық

ерте жастан ата-анасынан айырылып,

балалар үйіне орналастырылған екен. Сол

кезде пәтерді әлдекім жекешелендіру

арқылы меншігіне алғанға ұқсайды. Соның

салдарынан павлодарлық баспанасыз

қалды. Балалар үйінен тәрбиеленіп

шыққан оның бүгінде барар жері жоқ.

- Өкінішке қарай, облыста Богдан

секілді тағдырдың тәлкегіне ұшырап жатқан

азаматтар бар. Балалар үйінен шыққан

соң да қайда барарын білмей, абдырап

қалатындар аз емес. Ғимараттардың

бірін қиын жағдайға тап болған осындай

тұрғындар үшін лайықтап, алаңсыз өмір

сүруіне жағдай жасаған жөн болар.

Бұл ойды іске асырудың тетіктерін,

мүмкіндіктерін қарастыру қажет, - деді

Б.Бақауов.

Павлодарлықтардың тағы бір бөлігі

тұрғын үй кезегі, баспана алуға арнайы

сертификаттардың берілуі, «Бақытты

отбасы», «7-20-25» бағдарламаларына

қатысу талаптарына қатысты сауалдарын

қойды.

Жалпы, облыстық әкімдікте өткен

«Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні»

шарасы аясында 130-дан астам азамат

келіп, алаңдатқан мәселелерін ортаға

салды. Барлығына тұшымды жауап пен

тиісті кеңестер берілді.

КӨШІ-ҚОН

Жұмысын жақсартуды тапсырды

Елбасының тапсырмасы бойынша шетелдегі қандастарды қолдау мақсатында елімізде «Отандастар

қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылып, сәтті жұмыс істеуде.

мандарды қабылдаудың өңірлік квотасына кіріп, ҚР-ның

азаматтығын қабылдау үшін құжаттарын тапсыруға құқықтық

ақыл-кеңес алды, - деді Болат Заутұлы. Сонымен қатар,

ол келесі жылы оралмандарға «Бірыңғай терезе» қағидаты

бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді оңтайландыру

жөніндегі жол картасының пилоттық жобасы әзірленіп жатқанын

айтып, аталмыш жобаны Павлодар облысында іске асыру

жолдарын таныстырды.

Аймақ басшысы өңірімізге алыс-жақыннан қоныс аударған

және осында тұрақты тұрып жатқан қандастарымызға деген

мемлекеттік қолдау жалғасын таба беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, Болат Жұмабекұлы көші-қон мәселесі әрдайым

назарда болатынын айтып, осы салаға жауапты адамдарға

қоныстанушылар мен оралмандарды уақытша орналастыру

орталығының жұмысын жақсартуды тапсырды.

Н.АҚЫТЕГІ.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!