14.12.2019 Views

14 желтоқсан, 2019 жыл №144 (15464)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

16

14 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл ҚАС ҚАҒЫМ

SARYARQA SAMALY

Елбасымен бірге

түскен суреттер!

Алғаш сұхбат алған едім

«Saryarqa samaly» газетінің ұжымы ҚР Тұңғыш Президенті

күніне орай жұртшылықтың Елбасымен бірге түскен тарихи

фотосуреттеріне байқау жариялаған болатын. Өздерінің

суреттерін редакцияға жолдап, байқауға белсене қатысқан оқырман

қауымға зор алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі мерекелік

нөмірде көпшіліктен келіп түскен суреттердің ішінен сапалысын

іріктеп, жариялауды ұйғардық.

Редакция.

«Қанатты металл» зауытында

- Елбасымен бес мәрте кездесіппін. Соның ішінде

ең әсерлі де маңыздысы осы суретте көрініс тапқан.

2005 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы жұмыс сапарымен

өңірімізге келіп, құрылысы басталған

Қазақстан электролиз

зауытына сәттілік тілеп, батасын

берді. Елбасының алдында

құрылыс бригадасы атынан сөз

алып: «Бұл зауыттың бастауында

Сіз тұрсыз. Құрылысты межелі

уақытта аяқтап, Сіздің есіміңіз

жазылған қанатты металдың

алғашқы құймасын қолыңызға

ұстатуға серт береміз!» дедім.

Мінберде тұрған Елбасы жылы

жымиып, қолымды қысты.

Н.Назарбаевтың қолдауының

арқасында біз зауытты уақытылы

аяқтап, қазақ даласында тыңнан

алып кәсіпорын тұрғыздық. Бұл

да тәуелсіз ел тарихының бір

парағы болып қалмақ.

Семейден жеткен сыр сурет

Жұмабек ҚАМЗИН,

қоғам белсендісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан

сұхбат алудың бақыты маған бір емес,

бірнеше мәрте бұйырды. Журналистік

қызметімде Тұңғыш Президентпен

Нұр-Сұлтан қаласында, облыс орталығында

бірнеше мәрте жүздестім. Мына

суретте «Қазақ радиосының» тілшісі болып

жұмыс істеп жүрген кезде Павлодар

қаласында түскен едім. 90-ыншы жылдардың

басы болуы керек. Атап өтерлігі,

Елбасынан біздің облыс бойынша журналистер

арасынан бірінші болып әріптесім

Ұмытылмас сәт

2015 жылы ҚР Тәуелсіздік күні

қарсаңында Елбасының қолынан

ең жоғары марапат алу сәтім әлі

күнге есімнен кетпейді. Н.Назарбаев

елордада өткен салтанатта марапатыммен

құттықтап, өңіріме

«Қазақстанның Еңбек Ері» белгісін

қадады. Елбасымен кездескен

сол сәт өмірімдегі ең бақытты

кезеңдердің бірі деп есептеймін.

Менің арманым орындалды. Тарихи

суретті көпшілікпен бөлісуді құп

көрдім.

Ришат ӘМІРЕНОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері.

Сергей Горбунов екеуіміз сұхбат

алған едік. Өкінішке қарай, ол сурет

менде сақталмапты. Астанадағы тағы

бір сұхбаттасу сәтінде Құрбан айт

мерекесін қашан тойлаймыз деген

сұрақ қойғанмын. Кейін оның нәтижесі

болып, Құрбан айт Қазақ елінде аталып

өте бастады.

Ғалия БАЛТАБАЙ,

ҚР Мәдениет қайраткері,

Қазақстанның Құрметті журналисі.

Елордада өткен дүбірлі той

Мына сурет 1995 жылы Абай

Құнанбаевтың 150 жылдығында, Еңлік-

Кебек ескерткіші басында түсірілген.

Семей облыстық телерадиокомпаниясында

редакторлық қызмет атқарып

жүрген кезім. Президент кортежі ескерткішке

аялдады. Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаевты, жұбайы Сара Алпысқызын

және қызы Әлияны алғаш рет көрдім.

Нұрсұлтан Әбішұлы жақындаған бетте

жарқын жүзбен амандасып, айналасына

жаймашуақ ахуал орнатты. Суретте

сол жақтан бірінші - салмағы едәуір

репортерді асынған мен. Жүзім шаршаңқы.

Оның да себебі бар. Осы күні

ми қайнатар ыстық болды. Бұл сурет

«Абай тойы» деген кітапта басылып

шыққан екен. Кітапты кейін маған

әріптесім Жанаргүл Қадырова сыйға

тартты. Содан бері де қаншама жыл

өтіпті.

Дария ЖҰМАДІЛОВА,

Екібастұз қалалық «Отарқа»

газетінің қызметкері.

Қазақ Хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында 2015 жылы Павлодар

облысынан бір топ әже елордаға тойға бардық. Сол ұлан-асыр мерекеде маған

өңіріміздің апа-әжелері атынан құттықтау сөз сөйлеу тапсырылды. «Құрметті

Елбасы, бүгінгі мереке құтты болсын! Ертіс-Баян өңірінің жалынды сәлемін

қабыл алыңыз!» дедім. Тұңғыш Президентіміздің жүзі нұрға толып, аса қуанышты

жүргенін байқадық. Сол сурет бүгінде тарих болып қалды.

Нұршат НҰРҒАЛИЕВА,

Облыстық «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық

бірлестігінің мүшесі, ардагер ұстаз.

Газеттің келесі нөмірі 2019 жылғы 19 желтоқсан, бейсенбі күні шығады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!