21 желтоқсан, 2019 жыл №146 (15466)

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

21 желтоқсан, сенбі

2019 жыл

№146 (15466)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

«Нағыз қазақ –

домбыра»

Нақпа-нақ

Ұлттық банк

келесі жылы

ел

экономикасы

3,8%-ға

өседі деп

болжап отыр

БІЛІМ

Жаңа

мектептер

салынбақ

Ертіс-Баян өңірі ағаштан түйін түйіп, ұлт аспаптарын жасайтын шеберлерден

кенде емес. Солардың қатарында қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын

жасауды кәсіпке айналдырған Қуандық Баязит бар. Шебердің қолынан шыққан

домбыралар бүгінде облысқа ғана емес, елімізге танымал дәстүрлі әншілер

мен күйшілердің қолында жүр. Сонымен қатар, қыл қобыз, прима қобыз және

орыс халқының домра сынды саз аспаптарының қорабын ұлттық нақышта

ою-өрнек салып жасайды.

Өз газетіңізге жазылдыңыз ба?

Қоғамдық–саяси, ақпаратты-жарнамалық «Saryarqa samaly» газетіне

2020 жылға жазылу жалғасуда

Жазылу мерзімі

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі арқылы жазылу

«Alash Press» ЖШС–

нің бөлімшелері

арқылы жазылу

Редакцияда

ресімдеу және

алумен жазылу

Индексі 55441 Павлодар қ. Павлодар қ.

қала ауыл

6 ай (аптасына үш нөмір) 6 657,10 теңге 6 988,20 теңге 6 650 теңге 5 556 теңге

12 ай (аптасына үш 13 314,20 теңге 13 976,40 13 300 теңге 11 112 теңге

нөмір)

теңге

Индексі 55442

3 144 теңге

қала ауыл

12 ай (бейсенбілік нөмір) 4 040,70 теңге 4 251,40 теңге 4 035 теңге

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен кез келген пошта

бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел.: 32-40-

37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы

бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.: 61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы

жазылу арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады.

Суретті түсірген - Дастан Ысқақов.

Жалғасы 10-бетте

БАСПАСӨЗ-2020

Мекемелер мен ұйымдардың

назарына! Басылымға 50 данадан

артық жазылған жағдайда кәсіпорынға

дейін жеткізумен ұжымдық

баламалы жазылуды ұсынамыз. Тел.:

8 (718 2) 66-15-41.

Елімізде келесі жылы

білім және ғылым

саласын дамытуға

бағытталған жаңа заң

қабылданады. Оның

аясында ұстаздардың

жалақысы 2,5 есеге дейін

өсіп, ел бойынша жаңадан

800-ге жуық мектеп

тұрғызылмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаев Қазақстан халқына арнаған

Жолдауында білім сапасын одан әрі

жақсартуға, қала мен ауыл мектептері

арасындағы алшақтықты азайтуға және

педагогтердің мәртебесін арттыруға

ерекше назар аударғаны мәлім. Үкімет

басшысы Асқар Маминнің айтуынша,

Президенттің тапсырмасын орындау

мақсатында келесі жылы білім саласында

жаңа заң жүзеге асырыла бастайды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында

2020 жылдан бастап, төрт жыл ішінде

педагогтердің жалақысын 2 есеге кезеңкезеңімен

арттыру жоспарланған.

- Балалар балабақшалармен

100 пайыз қамтамасыз етіледі, үш

ауысымда оқыту және апатты жағдайдағы

мектептер толығымен жойылады. Қазақстан

PISA-ның - оқушылардың функционалдық

сауаттылығының әлемдік рейтингісінің

ТОР-40-на кіруді жоспарлап отыр. Барлық

мектеп жаңа модификациядағы пән

кабинеттерімен жабдықталады, - деп

атап өтті А.Мамин.

Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін

елімізде 800-ге жуық жаңа мектеп

салынады. Тірек елді мекендерде

114 интернат тұрғызылмақ. Премьер-

Министр инвесторлар үшін білім беру

саласы бойынша өсіп келе жатқан

тартымдылықтың маңыздылығын атап

өтті. Алдағы 5 жылда салаға 11,5 триллион

теңге бағытталады. Оның ішінде

1,3 триллион теңге жеке инвестициялар

есебінен тартылмақ. Жалпы білім

беруді қаржыландыру ЖІӨ-нің 7 пайыз

деңгейін құрамақ.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 21 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Бөле-жараБ

Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір

аптаның аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер

балапанды апта сайын санайды. Осы

жеті күнде жер бетіндегі тіршіліктен көңілге

оғаш, көзге ерекше көрінгені жетерлік.

Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде,

дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә

болған, бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?

Киберқалқанымыз

әлсіз бе?

Қазақстандықтардың жеке мәліметтері сақталған

шетелдік сайт табылды. Ресейдің Роскомнадзор

кеңсесінің қызметкерлері Қазақстанның 34 және

Ресейдің 60 қаласының тұрғындары жайлы жеке

мәлімет сақталған интернет-ресурсты жуықта

ғана анықтаған.

Қос елдің миллиондаған азаматтары жайлы

деректер nomerekaterinburga.com атты шетелдік

интернет-ресурстан табылған. Бұл домен Францияда

тіркеліпті. Иесі де сол жақта орналасқан

деп болжануда. Веб-сайтта миллиондаған

пайдаланушылардың аты-жөні, мекенжайы және

телефон нөмірлері туралы ақпарат әліпби тәртібімен

тізбектеліп жарияланған. Сайт өзін «телефон

анықтамалығы» деп жариялаған. Тіркелушілерге

мәліметтер базасында ұялы телефон нөмірін енгізу

арқылы SMS-пен кіру кодын алуды ұсынады.

Ресей билігі бұл сайтты субъектілердің жеке

деректер бойынша құқығын бұзушылар тізіміне

енгізді әрі таяуда ол бұғатталады деп күтілуде.

Жалпы Қазақстан азаматтарына қатысты мұндай

келеңсіздік алғаш рет туындап отырған жоқ.

Биыл шілде айында елдегі кибер шабуылдарды

талдау және зерттеу орталығының мамандары

интернетке 11 миллион қазақстандықтың жеке

деректері шығып кеткенін анықтаған. Кейін ол

бойынша нақты шаралардың қолға алынғаны мәлім.

Дей тұрғанмен, бүгінде елдегі жеке мәліметтер

базасының қауіпсіздік қалқаны әлсіз екенін

мойындауға тиіспіз. Салаға жауапты мекемелер

мен мамандар бұл мәселеге бұрынғыдан баса

назар аударады деп сенейік.

Екі асаймын деп

сорлады

Құмар ойынның қызығына түскендердің арқасында

қыруар пайда тауып келген «Олимп» букмекерлік

кеңсесі 145 миллиард теңге төлеуге міндеттелді.

Бұл мекеме салық төлеуге келгенде сараңдық

танытқаны себепті құқық қорғау органдарының

назарына іліккен еді.

Алматы қалалық прокуратурасының талабы

бойынша салықшылар «Олимптің» соңғы бес

жылдағы есеп-қисабын ақтарып шығыпты. Бес

айға созылған тексерістің нәтижесінде букмекерлік

компанияның төленбеген салығы, өсімпұлы мен

айыппұлы 145 миллиард теңгеге жуықтаған. Бұл

қарыздың 62 миллиарды «Олимп.кз» серіктестігіне,

қалғаны «Олимп» брендін жамылған «Альфа бет»

компаниясына тиесілі. 6 айға лицензиясынан

айырылған букмекерлік компанияның қордаланған

қарызды қалай төлейтіні әзірше белгісіз. Әрі

барлық есеп-шоттары бұғатталған.

Естеріңізде болса, осыдан екі апта бұрын Ұлттық

қауіпсіздік комитеті букмекерлік компанияның бас

кеңсесіне басып кірген еді. Өйткені ондағылар

интернет арқылы лицензияланбаған ойын

ұйымдастырып, одан түскен табыстың бір бөлігін

шетел асырып отырыпты. Ресми органдардың

ақпараты бойынша, Қазақстанда букмекерлiк

кеңселердiң жылдық ақша айналымы 50-100

миллиард теңге шамасында.

Шекарада

шыққан шу

Қырғыз-тәжік шекарасында жаппай қақтығыс

басталды. Қырғызстан бұқаралық ақпарат

құралдарының мәліметінше, жанжал Дахма

өлкесіндегі тізімге енбей қалған жерге байланысты

туған. Екі күн бұрын Тәжікстан тарапы сол

аумаққа қақпа орнатпақ болады. Көршілерінің

бұл әрекеті қырғыздардың ашуын туғызған.

Сәрсенбі күні таңертең екі елдің шекара тұсында

тұратын 200-ге тарта адамның арасында жаппай

қақтығыс басталды. Жұрттың ашуға булыққаны

соншалық, бір-біріне тас лақтырған. Жағдай ушыға

түскен соң, Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара

қызметтері, билік өкілдері мен құқық қорғау органдары

келіссөз жүргізе бастады. Сол кезде тәжік

тарапынан оқ атылып, айыр қалпақты ағайынның

бір шекарашысы жараланған.

Апта Апта оқиғаларын бөле-жара сөз сөз еткен - -

Мұрат АЯҒАНОВ.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Жастарға серпін берді

Жастар жылы аясында өз кәсібін ашуға ниетті жас буынға мемлекет тарапынан

зор қолдау көрсетілді. Бұл ретте «Жас кәсіпкер» мемлекеттік бағдарламасы мен

ауыл жастарына арналған «Жас шебер» аймақтық жобасының талай адамның

арманын орындап, жетістікке жетуіне жол салып бергенін айрықша атап өту керек.

Сол арқылы облыстың мыңға жуық тұрғыны қомақты көлемде қайтарымсыз

қаржы алып, бизнес бастап, кәсіпкерлер қатарына қосылды.

Қордың басшысы ауысты

Облыстық әкімдікте өткен жиында облыс

әкімі Болат Бақауов жаңа басшыны таныстырды.

Аймақ басшысы Нұрлан Қасымовтың денсаулық

сақтау саласында мол тәжірибе жинақтап,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының

құрылымында жұмыс істегенін атап өтті.

Нұрлан Қасымов 1965 жылы туған. 1988

жылы Қарағанды мемлекеттік медицина

институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша,

2010 жылы Қазақ экономика, қаржы және

халықаралық сауда университетін «Экономика

және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы Балқаш қаласының

біріккен қалалық ауруханасы базасында дәрігер

болып бастап, сонда 2001 жылға дейін жұмыс

істеген. Әр жылдары республикалық клиникалық

аурухананың урологиялық бөлімшесінің дәрігері,

ұлттық ғылыми медициналық орталықтың

риалдарын тасымалдадым. Декреттік

демалыстағы уақытымды бос өткізбей,

биыл «Бастау» жобасы аясында білім алып,

«Жас шебер» жобасына қатыстым. Ет

бағытындағы ақбас сиырларды көбейтіп,

ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосу

жоспарда бар. Жұмыс істеуге ынталы

жастарға, әсіресе ауылдықтарға, мемлекет

тарапынан зор қолдау көрсетіледі. Біз сол

мүмкіндікті қалт жіберіп алмай, оңтайлы

пайдалануымыз керек, - дейді А.Каркенова.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысы,

Мақтарал ауданының тумасы Нұрбақыт

Қуатбек «Серпін» бағдарламасы аясында

Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университетінде білім алып, бүгінде

Тереңкөл ауданы Трофимовка ауылында

ұстаздық қызмет атқарады.

- Осыдан алты жыл бұрын арман қуып,

Павлодарға келгенімде Ертіс-Баян өңірі

жылы қарсы алды. «Серпіндік» студенттерге

барлық жағдайды жасады. Жатақханадан

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

Осы аптада аймақ басшысы Болат

Бақауов Павлодар ауданындағы Кемеңгер

ауылында мемлекеттің қолдауымен кәсіп

ашқан, ауылдық жерлерде «Дипломмен –

ауылға!» бағдарламасы аясында қызмет

атқарып жүрген және «Серпін» бағдарламасы

арқылы білім алып, өңірімізде тұрақтап

қалған жастармен жүздесіп, еркін форматта

әңгіме өрбітті.

- Халқымыз «Ауыл – ел бесігі» деп тегін

айтпаса керек. Ұлы тұлғалар, батырлар,

ғұламалар – барлығы ауылдан шыққан.

Сол ұрпақтар сабақтастығын жалғап,

елді мекендердегі жастарға барынша қол

ұшын созуымыз керек. Осы мақсатта

биыл «Жас шебер» аймақтық жобасы

жүзеге асты. Сол арқылы ауылда тұратын

814 жас грант алып, өз кәсібін бастады.

Сіздердің қалаған істеріңізбен айналысып,

туған өлкелеріңіздің, ауылдық аймақтың

дамуына үлес қосып жатқандарыңыз

мені қуантады. Алған бағыттан таймай,

кәсіптеріңіздің табысты болуын тілеймін, -

деді Б.Бақауов.

Ауыл жастары мен жас кәсіпкерлер

өздерінің еңбек, табыс жолын баяндап,

сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға

салды.

Кездесуге қатысқандардың қатарында

ерекше ісімен көзге түскендер аз емес.

Мәселен, Железин ауданының тұрғыны

Аяжан Каркенова 18 жасынан бастап

кәсіппен айналысады. Әу баста ісін

50 қап кебек сатудан бастаған ол бүгінде

ет бағытындағы шаруашылықты дамытуға

ден қойып отыр. Ерекшелігі сол, жас

кәсіпкер соңғы 7 жыл бойы ауыр жүк

көлігінің тізгінін өз қолына алған.

- Мен 2012 жылы «КамАЗ» жүк көлігін

алып, оны жүргізуді өзім үйреніп, мал

азығын сата бастадым. Кейін кебекпен

шектеліп қалмай, көмір, құрылыс матеорын

беріп, жолақы шығындарын көтеріп,

қоғамдық шараларға белсене қатысуға

мүмкіндік берді. Оқуымды аяқтап, қолыма

диплом алған соң маған білім берген

аймақта қалып, еңбек етуді жөн көрдім.

Сөйтіп, Тереңкөл ауданына жол тарттым.

Аудан басшылығы баспана беріп, ұстаздық

қызметіме әрдайым қолдау білдіріп

келеді. Павлодар облысында жастарға

жасалған осындай тиімді тетіктерге қарап,

өзге өңірлердегі қатарластарым қызыға

қарайды. Ал мен осы аймақтың бір

бөлшегі болғанымды мақтан тұтамын, -

дейді Н.Қуатбек.

Осы орайда аймақ басшысы Болат

Жұмабекұлы әр істің маңызды тұсы –

нәтиже екенін айтып, жастарды бүгінгі

жетістіктерге тоқмейілсімеуге шақырды.

- Жастардың кәсіп ашуы туралы бастамаларына

демеу көрсетіп, қайтарымсыз

қаржы бердік. Ендігі ретте сол істердің

қаншалықты жүйелі жүргізілгені мен нәтижелі

болғанына талдау жасауымыз керек. Сіздер

іс бастаумен шектеліп қалмай, оны одан

әрі дамыту үшін бар күш-жігерлеріңізді

салуларыңыз қажет. Себебі жобалардың

алдағы уақытта жалғасын табар-таппасы

биылғы грант иеленушілер жұмысының

нәтижесіне тікелей байланысты, - деді

облыс әкімі.

Форум аясында жастар Павлодарда

жасалған өнімдер жиынтығын аймақ

басшысына сыйға тартып, бағдарламалар

арқылы іске асқан жобаларын таныстырды.

Көрмеге қойылған заттар қатарында

балаларға арналған киім-кешектер, облыс

тұрғындары үшін жасалған аяқ киімдер,

ағаштан дайындалған бұйымдар және тағы

басқалары бар. Ауыл жастары мен жас

кәсіпкерлерді біріктіретін мұндай шара

келесі жылы да жалғасын табатын болды.

Кемеңгер ауылы,

Павлодар ауданы.

ТАҒАЙЫНДАУ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар облыстық филиалының басшысы

ауысты. Бұл қызметке Нұрлан Қасымов тағайындалды.

урологиялық бөлімшесінің аға ординаторы,

Шымкент облыстық клиникалық ауруханасының

бас дәрігері қызметтерін атқарған. Сондай-ақ,

республикалық жедел медициналық көмек

ғылыми орталығының бас дәрігері, бас директоры

болып жұмыс істеген. 2012 жылдан

бастап 2017 жылға дейін Павлодар облысының

денсаулық сақтау басқармасын басқарды. 2017

жылдан бастап 2018 жылға дейін Павлодар

облысы бойынша Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры филиалының директоры болды.

2018 жылы Шымкент қаласының денсаулық

сақтау басқармасын басқарды. 2019 жылдың

қаңтар айынан бастап әлеуметтік медициналық

сақтандыру қорының стратегиясы бойынша

басқарушы директоры болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 21 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл 3

Теңдесі жоқ зертхана

«Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінде Кемер Әшімбетов атындағы

ветеринарлық зертхана өз жұмысын бастады. Заманауи жабдықтармен қамтылған

зертхананың елімізде баламасы жоқ.

Биыл ұстаздардың тамыз

кеңесінде аймақ басшысы Болат

Бақауов Павлодар ауданы, Кемеңгер

ауылындағы «Ertis» жоғары инновациялық

аграрлық колледжіне 50 млн.

теңгелік грант табыстаған болатын.

Кәсіптік оқу орны бұл сомаға

ветеринарлық зерттеу орталығын

ашты. Мұнда оқу аудиториясы, мал

шаруашылығы өнімдерін зерттеу,

ота жасау блоктары мен мал

ұстау бөлмесі бар. Колледждің

арнайы пәндер оқытушысы Асқар

Тілеуленовтің айтуынша, заманауи

кешен барлық ветеринарлықсанитарлық

тексерістен өтіп, тиісті

лицензия алды.

- Жаңа зертхананың ашылуы

төрт түлік пен үй жануарларын

емдеуге, оларға ота жасауға

мүмкіндік береді. Мұнда ауыл

шаруашылығы өнімдерін, яғни ет,

сүт, жұмыртқа, балық, балдың

құрамын, сапасын талдай аламыз.

Сонымен қатар, стационарлы және

көшпелі ультрадыбыстық зерттеулерге

қажет құралдар бар.

Оның көмегімен кез келген елді

мекенге барып, жануарларды

тексерістен өткізуге болады, -

дейді А.Тілеуленов.

Жаңа зертхананың жұмысымен

танысқан облыс әкімі Болат Бақауов

оң бағасын беріп, кадр дайындау

мәселесіне ерекше ден қоюды

тапсырды.

- Өңірдегі ірі шаруашылықтардың

ӨҢІР

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Үй құрылысы үдейді

Екібастұзда биыл 29,2 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Қазіргі

таңда 10 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Тағы 1 үйді қаржыландыру

қолдау тапқан. Солнечный кентінде қаңырап тұрған екі көпқабатты үй

2020 жылы жөнделіп, 180 отбасының пәтерлі болуына септігін тигізеді. Сонда

келесі жылы қолданысқа берілетін тұрғын үй көлемі 60 мың шаршы метрге

жетпек.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Бұл жөнінде Екібастұз қаласының

әкімі Ержан Иманзаипов өңірлік

коммуникациялар қызметінде өткен

брифингте мәлім етті. Шаһар

басшысының айтуынша, мұндай

көлем бұған дейін болмаған.

2020 жылы 8 көпқабатты тұрғын

үйдің құрылысына сараптама және

17 жобаға жобалық-сметалық

құжаттарын әзірлеуге қаржы

қарастырылған. Сонда 2021 жылға

жалпы аумағы 100 мың шаршы

метрді құрайтын 25 көпқабатты

үйдің құрылысы жоспарланған. Бұл -

жеке инвестициялар мен жеке

тұрғын үй құрылысын қоспағандағы

көрсеткіштер. Кеншілер қаласында

жеке тұрғын үй құрылысы да қолға

алынғанын ескерсек, алдағы

жылдары екібастұздықтарда таңдау

аз болмайды.

Екібастұздың ауылдық аймақтары

тұрғындарын ауызсумен қамту

ісі ілгерілеп, 2022 жылы толық

шешімін таппақ.

- Биыл сегіз ауылда су

құбыры тартылып, ауылдықтардың

орталықтандырылған ауызсумен

қамтылу көрсеткіші 57,3 пайызға

жетті. 2020 жылы Сарқамыс пен

Зеленая роща елді мекендерінде су

құбыры салынса, ауылдықтардың

85,6 пайызы таза суға қол жеткізеді.

2021 жылы Төртқұдық пен Әлкей

басым бөлігінде шетелдік мамандар

жұмыс істейді. Колледж түлектері

оларға лайықты бәсекелес бола

Марғұлан атындағы ауылдарда екі

жоба іске асады. Сонымен қатар,

алдағы жылы халық саны 200

адамға жетпейтін елді мекендерге

кешенді-блок модуль орнатылмақ.

Осылайша, 2022 жылы ауылдық аймақтарымыз

таза ауызсумен толық

қамтылады, - деді Е.Иманзаипов.

Жалпы, кеншілер шаһарының

әлеуметтік-экономикалық дамуына

тоқталсақ, биыл 11 айда өнеркәсіптік

өндіріс көлемі 565 млрд. теңгені

құраған. Әдеттегідей, басым бөлігі -

тау-кен саласының еншісінде.

Мұнда Бозшакөл кен-байыту

комбинатының, көмір кеніштерінің

үлесі зор. Бозшакөлде биыл

33 млн. тонна өнім шығарылған.

Бұл көлем былтырғыдан 16 пайызға

артық. Көмір кеніштерінде 57 млн.

тонна қатты отын алынған. Одан

кейінгі орында электр өндірісі тұр.

Екі станцияда 21,7 млрд. кВт/сағат

электр энергиясы шығарылыпты.

Ресейге жылына шамамен 3,2 млрд.

кВт-сағат электр қуаты экспортталатын.

Биыл бұл үрдіс тоқтады.

Салдарынан өндірілген электр

энергиясының көлемі 2018 жылмен

салыстырғанда 0,6 млрд. кВт/сағатқа

кем. Дегенмен, шаһар басшысы

оның орнын ішкі қажеттіліктер

арқылы толтыру мүмкін болғанын

атап өтті. Яғни, жаңадан құрылған

жобалар, майнингтік орталықтар

кәдеге жаратқан. Айта кету керек,

ГРЭС-2 станциясы басыбайлы

ВЕТЕРИНАРИЯ

білуі керек. Күрделі ауруларды

емдеп, ота жасауды үйренуі қажет.

Жаңа құралдармен жабдықталған

зертхана бұған толықтай мүмкіндік

беріп отыр. Тек оқытушылар

студенттерге сапалы білім беріп,

жастар сол білімді саналарына

сіңіріп, тәжірибемен ұштастыра

алса болғаны, - деді Б.Бақауов.

Айта кетелік, бүгінде «Ertis»

жоғары инновациялық аграрлық

колледжінде 250-ге жуық студент

оқиды. Олардың қатарында «Серпін»

бағдарламасының 100-ден астам

қатысушысы бар.

Кемеңгер ауылы,

Павлодар ауданы.

еліміздің меншігі болмақ. Жуырда

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат

қоры ресейлік тараптан үлесті сатып

алу бойынша келісімнің аяқталғанын

мәлімдеген еді. Е.Иманзаиповтың

айтуынша, мұндай өзгеріс енді

ГРЭС-2 станциясының 3-ші энергоблогын

салу ісін жандандыруға

жол ашады.

Ал өңдеуші өнеркәсіпте теміржол

кластерінің кәсіпорны «Проммашкомплект»

ЖШС-нің бәсі

биік. Мұнда 17,7 млрд. теңгенің

өнімі шығарылған. Бұл дегеніңіз

2018 жылғы көлемнен 1,4 есеге көп.

Ағымдағы жылы жалпы көлемі

126,2 млрд. теңге инвестиция тартылыпты.

Өткен жылғыдан 26 пайызға

көбірек. Олардың ішіндегі ірілері –

«Greenhouse-Qaztomat» ЖШС іске

асырған жылыжай кешені. Мұндағы

жылыжай кешенін 61 гектарға жеткізу

көзделген. Екібастұзда инвестиция

тартылымдылығы басым. Себебі,

электр энергиясы іргеде әрі құны

арзан. Оған қоса, өндіріс бастайтын

іскер азаматтарға арнайы аймақтар

да қарастырылған. Нақтысы,

индустриялық аймақ құрылуда.

Шағын және орта кәсіпкерлік

субъектілерінің саны биыл 8,2 пайызға

артқан. Оған «Қарапайым заттар

экономикасы», «Еңбек», «Сыбаға»

бағдарламаларының септігі тиген.

Яғни, аталмыш бағдарламалар арқылы

жалпы сомасы 4,9 млрд. теңгенің

180 жобасы несиелендірілген.

ЗАМАНАУИ ҚЫЗМЕТ

Облыс орталығында халықпен кері байланыс құруға

мүмкіндік беретін «Antikor ortalygy» ашылды.

Қамзин көшесінде орын тепкен мекемеде жергілікті

тұрғындар толғандырған мәселелері бойынша

құқықтық кеңес алып, сыбайлас жемқорлық індетін

жоюға атсалыса алады.

«Antikor ortalygy»

ашылды

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Open Space форматындағы

сервис орталығының ашылу салтанатына

облыс әкімі Болат Бақауов,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Павлодар

облысы бойынша департаментінің

басшысы Айдар Тастеміров, құқық

қорғау органдарының басшылары

қатысты.

Аймақ басшысы заманауи

нысан азаматтарға мемлекеттік

органдар қызметінің қолжетімділігін

арттыруға, кедергісіз ортаны

қалыптастыруға мүмкіндік беретінін

атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына

арнаған Жолдауында мемлекет пен

жұртшылық арасында кері байланыс

орнату мақсатында «Халық үніне

құлақ асатын мемлекет» құруды

тапсырған болатын. Аптаның әрбір

сейсенбісінде «Nur Otan» партиясында

жеке қабылдау өткізетінімді

білесіздер. Облыс әкімдігінде

де тұрғындардың өтініштерін

қабылдайтын арнайы бөлме

ашылған болатын. Бұдан бөлек,

облыс орталығында «Open Pavlodar»

мекемесі жұмыс істейді. Бұл ретте

халық пен мемлекеттік органдар

Мал азығы жеткілікті

Өңір шаруалары қысқа дайын. Малдың жем-азық

қоры жеткілікті. Әсіресе, Баянауыл, Железин және

Ертіс аудандарының шаруалары шөпті молынан

үйіп алған. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, мал

ұстаған ағайын қыстың қытымыр мінезіне қауқар

көрсетуге әзір.

Оралхан ҚОЖАНОВ

арасында ашықтық пен сенімнің

болғаны маңызды. Баршамыз

бірлесіп, «Халық үніне құлақ

асатын мемлекетті» қалыптастыра

алатынымызға сенімдімін, - деді

Б.Бақауов.

Салтанатты шара барысында

Айдар Нұрманұлы өңір басшысына

алғысын білдіріп, көпшілікті

орталық жұмысымен таныстырды.

Оның айтуынша, мәселе арқалап

келген адамдар департаментке

келіп, талон арқылы кезекке

тұрып, қажетті мамандардың

көмегіне жүгінетін болады. Жаңа

орталықта 4 кабинет орналасқан.

Мұнда адамдар мемлекеттік

қызмет, сыбайлас жемқорлыққа

қатысты сұрақтарын қоя алады.

Орталықтағы жұмысты бақылайтын

жетекші де бар. Сонымен қатар,

сыбайлас жемқорлыққа қатысты

арызды тіркеуге арналған арнайы

кабинет жұмыс істейді.

Атап өтерлігі, Қамзин көшесі,

37-үй мекенжайы бойынша

орналасқан «Antikor Ortalygy» заманауи

техникамен жабдықталған.

Мұнда балаларға арналған ойын

бұрышы да қарастырылған.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық

ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Марат

Әпсалықов төрт түліктің қысқы маусымға әзірлігі жайлы баяндады.

Қыстаққа 454,9 мың ірі қара, 588,3 мың қой-ешкі, 175,4 мың

жылқы жеткізілген. Сиырдың басым бөлігі жеке аулада ұсталады.

Бұл ретте, шаруалармен қатар төрт түлігін түлеткен азаматтардың

қысқа дайындығы да басты назарда. Мәселен, 1340,9 мың

тонна шөп, 60,5 мың тонна пішендеме, 180,9 мың тонна сүрлем,

202 мың тонна сабан әзірленіпті. Әзірге мал азығының

71,3 пайызы қыстаққа жеткізілген. Ертіс өзенінің алқабындағы

шөп мұз өткелдері ашылғанан кейін тасымалданбақ.

Облыста 1018 шалғайдағы жайылым учаскесі тіркелген. Басым

бөлігі – Баянауыл ауданында (224). Электр желілері тартылмаған

учаскелер автономды электр станциясымен қамтамасыз етілген.

Қажетті мөлшерде көмір де жеткізіліпті.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


4 21 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл

ҚОҒАМ

БАС ТАҚЫРЫП

Жаңа жүйеге

дайынбыз ба?

Білім беру жүйесін жаңартылған мазмұнға көшіру

процесі 2020 жылы аяқталады. Биылғы оқу жылына

дейін 1-10-сынып шәкірттері көшірілсе, келесі жылы

11-сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша

оқымақ. Жалпы, жаңа жүйенің тиімділігі қандай?

Өңір мектептері келер жылғы өзгеріске қаншалықты

дайын? Осы және өзге де сауалдарға жауап алу үшін

облыстық «Білім беруді дамытудың инновациялық

орталығының» директоры Әлия Жакиеновамен

әңгімелестік.

- Әлия Амангелдіқызы,

біздің өңірдің ұстаздары мен

оқушылары үшін білім берудің

жаңартылған бағдарламасы

қандай нәтиже беруде?

- Жаңартылған білім беру жүйесі

елімізде 2016 жылы басталғанын

білесіздер. Содан бері мектеп

бағдарламасына кезең-кезеңмен

енгізіліп келеді. Мысалы, 2016

жылдан бастап 1, 2, 3, 5, 6, 7

және 8-сыныптар орта білім берудің

жаңартылған мазмұны бойынша

оқытылуда. 2019-2020 оқу жылында

4, 9 және 10-сынып оқушылары

осы жаңа жүйеге көшті. Жаңа

бағдарлама Назарбаев зияткерлік

мектептерінің тәжірибесі негізінде

құрастырылған. Жан-жақты сынақтан

өткендіктен барлығы баланың

ой-өрісіне және қабылдау деңгейіне

сәйкестендірілген. Оқушының білімін

бағалау жүйесі де бұрынғыдай

қатып қалған қағида бойынша емес,

жаңа тәсілмен жүргізілуде. Жалпы,

жаңа бағдарламаны біздің өңірдің

мектептері тез алып кетті. Оны

оқу жетістіктерін сырттай бағалау

нәтижелері көрсетіп отыр. Біздің

облыс 2018 жылдан бері өңірлік білім

беру жүйесі қызметінің тиімділігі

ӘЛЕУМЕТ

бойынша республика көлемінде

бірінші орында тұр. Бұл - жаңа

бағдарламаны сәтті игерудің бір

көрінісі.

- 2020-2021 оқу жылында

11-сыныптар толық көшіріледі

деп жоспарлануда.

Жаңартылған білім беру

жүйесіне біздің мұғалімдер мен

оқушылар қаншалықты дайын?

Оқулықтар жеткілікті ме?

- Иә, келер жылы 11-сыныптар

осы жаңартылған мазмұнға

ауысады. Бұған барлық жағынан

дайынбыз. Бізде әдістемелік материалдардың

барлық ресурсы бар.

Оқу бағдарламалары, оқулықтар,

күнделікті сабақ жоспарлары,

мұғалімдерге арналған әдістемелік

нұсқаулықтар, бағалау жөніндегі

ұсынымдар толық әзірленді. Сонымен

қатар, 11-сынып оқушыларына

арналған оқулықтар «Алматы кітап»,

«Атамұра», «Мектеп», «Бөбек» баспа

үйлерінде басылады. Оқулықтары

барлық сараптамадан өткеннен

кейін ғана шығарылады. Жоғары

сынып оқушыларын оқулықтармен

қамтамасыз ету үшін жергілікті

бюджеттен қажетті қаражат

бөлінді. Соның нәтижесінде жаңа

бағдарламаға сәйкес оқытылатын

оқулықтар толықтай шығарылды.

- Жаңа бағдарлама бойынша

оқытатын мамандарды

дайындау мәселесі қалай?

- Қазір осы бағыттағы жұмыстар

жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Мұғалімдерді жан-жақты

даярлау үшін тиісті қаражат бөлініп,

даярлық курстары ұйымдастырылуда.

Біз «Өрлеу» біліктілікті арттыру

ұлттық орталығының» Павлодар

облысы бойынша педагогикалық

қызметкерлердің біліктілігін

арттыру институтымен жұмыс

істейміз. Сондай-ақ, педагогикалық

шеберлік орталығында мұғалімдерді

даярлайтын боламыз. Даярлық

курсынан мектеп директорлары,

директордың орынбасарлары, білім

бөлім әдіскерлері де өтетін болады.

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін

алдымен 11-сынып оқушыларына

сабақ беретін мұғалімдерді оқыту

міндеті тұр. Критериалды бағалау

жүйесін жетілдіру мақсатында «Жазғы

мектеп» жұмысы жоспарланды.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Тілеуберді САХАБА.

SARYARQA SAMALY

Ілгері істер мол

ӨҢІР

Ақсу қаласының ауылдық аймағы суармалы

шаруашылықты дамытуға қолайлы. Себебі елді

мекендердің бойынан Ертіс өзені мен Қ.Сәтбаев

атындағы канал өтеді. Әсіресе, канал суын пайдаланып,

дақылдар мен көкөністер салуға ден қоятын

шаруаларға оңтайлы мүмкіндіктер берілмек.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Биыл облыс әкімі Болат Бақауов Қ.Сәтбаев атындағы Ертіс-

Қарағанды каналының оң және сол жақ жағалауындағы 5 шақырым

қашықтықтағы жерлерді түгендеуді тапсырған болатын. Нәтижесінде

71 жер учаскесінің игерусіз қалғаны анықталды. Бұл туралы Ақсу

қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифинг барысында хабарлады.

- Сәтбаев каналы маңындағы жалпы аумағы 33,8 мың гектар болатын

71 жер учаскесі пайдаланбаған. Бүгінде 13,4 мың гектар болатын

34 жер телімі мемлекетке қайтарылды. Келесі жылы аталмыш

учаскелер конкурстық негізде ауыл шаруашылығы айналымына

енгізіледі. Ал 18 жердің иесіне қатысты материалдар мемлекеттік

кірістер басқармасына 10 есе көлемінде салық салу үшін жолданды.

Қалған телімдерге қатысты да шаралар қолданылады, - деді

Б.Ыбыраев.

Бұл ретте шаһар басшысы кем дегенде 500 гектар жерді

қолданысқа қосқан шаруашылықтарға мемлекет тарапынан сорғы

станциялары мен электр энергиясы желілерін тартуда қолдау

көрсетілетінін атап өтті. Бүгінде тиісті бағдарлама әзірленуде.

Ақсу қаласында старт-ап жобаларды қолдау мен кәсіпкерлікті

одан әрі дамыту бағытында да істер атқарылуда. Айталық, биыл

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту

бағдар-ламасы аясында 326 адам оқудан өтіп, 170 қатысушыға

65,7 млн. теңге көлемінде грант берілді. Олардың қатарында аз

қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан және мүмкіндігі шектеулі

25 ақсулық бар. Сонымен қатар, 86 жас «Жас шебер» жобасы

арқылы қайтарымсыз қаржыға ие болды. Ал «Бизнестің жол

картасы-2020» бағдарламасы бойынша 41 кәсіпкерге 1 млрд.

389 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, шаһар басшысы ауылдықтарды алаңдатқан

бірнеше мәселеге қатысты түсініктеме берді. Мәселен, Алғабас

ауылының тұрғындары мектеп ғимаратының оқушылар мен балабақша

тәрбиеленушілеріне тарлық ететінін талай айтып, мәдениет үйінің

ескі ғимаратын мектепке дейінгі мекемеге беруді ұсынған еді.

Балғабай Жұмағұлұлы әкімдік биыл аталмыш ғимаратты сатып

алғанын айтты. Келесі жылы қаңқасы ғана қалған нысанды қайта

қалпына келтіріп, оған мәдениет үйі мен кітапхана көшіріледі. Ал

мәдениет үйінің қазіргі ғимаратын жөндеп, балабақша ретінде

қолданысқа беру жоспарланып отыр.

Кімге қанша

тиесілі?

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың

1 қаңтарынан бастап зейнетақы, жәрдемақы және басқа да

әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады деп жоспарлануда.

Жаңадан тағайындалатын мемлекеттік төлемдердің көлемі қанша

болады?

Нұржайна ШОДЫР

Зейнетақы өседі

Жаңа жылдан бастап 1 айлық есептік

көрсеткіш көлемі 2 651 теңгені, ең төменгі

зейнетақы мөлшері – 38 636, ең төменгі

базалық зейнетақы төлемі – 16 839, күнкөріс

деңгейі – 31 183 теңгені құрайтын болады.

Нәтижесінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан

бастап зейнеткерлердің зейнетақысы мен

еңбек сіңірген жылдары үшін алып жүрген

табысының негізгі мөлшері 7 пайызға артады.

Оған қосымша төленетін базалық зейнетақы

әр азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек

өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына

қатысқан кезеңіне сәйкес есептеледі, дейді

мамандар.

Жәрдемақы қалай

есептеледі?

Келер жылы балалар үшін төленетін

мемлекеттік жәрдемақы мөлшері де ұлғаймақ.

Мамандардың айтуынша, бала туғанда

берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы

республикалық бюджет есебінен сәбилі

болған барлық анаға төленеді. Атап айтар

болсақ, бірінші, екінші, үшінші балаға

100 738 теңге (38 АЕК), ал төртінші

және одан кейінгі балаға – 167 013 теңге

(63 АЕК) беріледі. Егер отбасында егіз немесе

үшем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік

жәрдемақы әр сәбиге жеке тағайындалады.

Сондай-ақ, бала бір жасқа толғанға дейін

оның күтіміне байланысты ай сайын төленетін

жәрдемақының мөлшері шаңырақтағы бала

санына қарай есептелетін болады. Мәселен,

бірінші балаға – 15 270, екінші балаға –

18 054, үшінші балаға – 20 811, төртінші

баладан жоғары 23 594 теңге төленеді. Ал

декреттік демалысқа шықпай тұрып жұмыс

істеген аналарға 1 жасқа дейінгі бала күтіміне

байланысты төленетін жәрдемақы мөлшері оның

жалақысының мөлшеріне қарай тағайындалады.

Яғни, әйелдің соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы

табысын 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен

0,4 коэффициентіне көбейтіп, одан шыққан

сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып

тастаймыз. Міне, содан кейін шыққан ақша

ай сайын баланың жәрдемақысы ретінде

әйелдің есепшотына аударылып отырады. Ол

мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын

«Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі

«Ана даңқы» ордендерімен марапатталған

аналар ай сайын 16 967 теңге көлемінде

жәрдемақы алады.

Айта кетерлігі, 2020 жылдың 1 қаңтарынан

бастап еліміздегі 4 және одан да көп баласы

бар отбасыларындағы әр балаға ай сайын

10 504 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы

беріледі.

Әлеуметтік төлем

артады

Елімізде тағдыр тәлкегімен түрлі жағдайға тап

болған жандарға да жан-жақты қолдау көрсетіліп,

әлеуметтік жәрдемақылар қарастырылған.

Келер жылдан бастап аталған төлемдердің

көлемі артатын болады. Мүгедектігі бойынша

төленетін жәрдемақылардың мөлшері де

өседі деп деп күтілуде. Нақтырақ айтсақ,

I топтағы мүгедектерге - 59 872, II топтағы

мүгедектерге - 47 710, III топтағы мүгедектерге

32 431 теңге төленеді. Сонымен қатар,

16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған

мемлекеттік жәрдемақының мөлшері де

ұлғаяды. Яғни, I топтағы мүгедек балаларға -

59 872, II топқа - 49 581, ІІІ топқа -

37 420 теңге болып бекітілді. Ал асыраушысынан

айырылғандарға берілетін

жәрдемақылар ата-анасының бірі болмаған

жағдайда балалардың өзіне немесе еңбекке

жарамсыз отбасы мүшесіне ай сайын

26 818 теңге беріледі. Егер осындай екі

адам болса 46 463 теңге, үш кісіге -

57 689, төрт адамға - 61 119, бес адамға

63 302 теңге төленбек. Сондай-ақ,

марқұм болған кісіні жерлеу рәсіміне

41 621 теңге, Ұлы Отан соғысының ардагері

және мүгедектерін жерлеу үшін мемлекет

есебінен 97 027 теңге қарастырылған. Ал

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне –

42 416 теңге, соғыстан кейін қаза болған

соғыс қатысушылары мен мүгедектерінің

әйелдеріне - 6 787 теңге, Кеңес Одағының

Батырлары мен үшінші дәрежелі Даңқ орденінің

кавалерлеріне 25 450 теңге төленбек.

Ал тыл еңбеккерлерінің жәрдемақысы

5 647 теңгеге көбейетін болады.

Мемлекеттік төлемдердің көлемі

ұлғайса, халықтың әл-ауқаты да артатыны

анық. Демек, жаңа жыл әлеуметтік салаға

жаңа серпіліс әкелмек.


SARYARQA SAMALY

21 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша

Балалар, санаулы күннен кейін Жаңа жыл мерекесі келеді.

Сендер білесіңдер ме, бұл мереке тұңғыш рет Месопотамияда

тойланған екен. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы

алғашқы жаңа жылды біздің заманымыздан бұрынғы үшінші

мыңжылдықта атап өткен. Әлемнің көптеген халықтары

тойлайтын ортақ мерекенің тарихы да әр түрлі. Әр елдің

тойлау дәстүрі де өзгеше. Дегенмен, бұл мерекенің шығу

тарихын білгенімізбен, біз білмейтін қызықтар да бар екен.

1. Жаңажылдық мерекені үйде

отбасымен шырша безендіріп тойлау

адамзат баласына 150 жылдан астам

уақыт бұрын бұйырған.

2. Бірқатар этнограф тарихшылар

қыпшақтарда да шырша мерекесі болғанын,

Жаңа жыл көшпелілердің де байырғы

мейрамы екенін жазады.

3. Орыстарда I Петрге дейін Жаңа

жыл мерекесі 1 қыркүйек күні тойланып

келген. Тек І Петр келген соң 1 қаңтарға

ауыстыруға үкім шығарған. Яғни 1700

жылдан бастап орыстар Жаңа жылды

әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін

енгізіп, Ресейде жаңаша жыл санау

басталған.

4. Әлемдегі ең үлкен жасанды шырша

Шри-Ланканың астанасы - Коломбо қаласында

құрылған. Шырша миллиондаған

бүршіктер мен жүздеген мың мерекелік

алаумен көмкеріліп, болат шыбықтар

мен сымдардан жасалған.

ҚЫЗЫҚТЫ 7 ДЕРЕК

Жаңа жыл мерекесі

туралы не білесің?

5. АҚШ-та Ақ Үй алдында алғаш

рет 1895 жылы шыршаға ілінген

электрлі түрлі түсті тізбек жанған.

6. Австралияда Жаңа жыл экзотикалық

түрде өтеді екен. Қар, шырша,

бұғы сынды мереке атрибуттары жоқ.

Ондағы Аяз Ата Сидней жағалауына

су киімімен келеді. Дәстүр бойынша

оның киімінде ақ сақал және қызыл

қалпақ болады.

7. Мұсылман мемлекеттері, соның

ішінде Египет, Ливан, Сирия, Біріккен

Араб Әмірліктері Жаңа жыл мерекесін

тойлайды. Бірақ Жаңа жыл барлық

араб елдерінде тойланбайды. Мысалы,

Сауд Арабиясында 31 желтоқсаннан

1 қаңтарға қараған түні жаңа жылды

тойласа, жауапқа тартылады екен.

Әзірлеген:

Алтынбек БЕКНҰР,

«National Digital History»

порталы.

Әнші болар баламын...

Ертіс-Баян өңірі өнерлі жандардан

кенде емес. Үлкен додаларда топ

жарып, қазақ елінің абыройын

асқақтатып жүрген жерлестеріміз

жетерлік. Солардың бірі – Баянауыл

ауданы, Ұзынбұлақ ауылының

жас дарыны Айару Кенжетай.

Небары 5 жасар бүлдіршіннің

арманы - елі сүйіп тыңдайтын

әнші болу.

Айару 3 жасынан бастап ән айтқан.

Елімізге танымал әншілердің әндерін

телеарналардан тыңдап, жаттап алып,

отбасында ән салып, би билеп жүрген

бүлдіршіннің талантын балабақшадағы

тәрбиешісі Айман Тұрсынқызы байқаса,

кейіннен өнер әлеміне жол ашып

берген Майқайың кентіндегі өнер

мектебінің директоры Әлия Баталова

екен. Ұстаздарының жол көрсетуімен ол

облыстық, республикалық және бірқатар

халықаралық байқауларға қатысып,

жүлдегерлердің қатарынан көрініп жүр.

- Алғашында балалар арасында ұйымдастырылатын

түрлі байқауларға қатысуға

өзіміз ниет білдірдік. Қазір бізге ұйымдастырушылар

өздері хабарласып, ұсыныс

білдіріп жатады. Осы күнге дейін Айаруымыз

қандай өнер додасына қатысса да,

әкесі екеуіміз бірге барып, сахнаның

сыртында тақымымызды қысып, қызымызға

сәттілік тілеп отырамыз. Өйткені, балапанымыз

әлі кішкентай, оған қазірден

бастап қолдау білдіріп, өнер жолындағы

алғашқы қадамын нықтауға тырысып

келеміз. Бір қызығы, ол үйде, сабақта

өте тыныш, сабырлы бала. Ал сахнаға

шыққан кезде мүлдем басқа адам болып

кетеді. Сахнаға шыққанда қобалжып,

әннің сөзінен шатасу деген қасиеті

жоқ, - дейді Айарудың анасы Ақдана

Смаилова.

Бүгінде Баянауыл ауданындағы

Е.Бекмаханов атындағы орта мектебінің

мектепке дейінгі даярлық сыныбында оқып

жүрген жас талант қазақ эстрадасының

БӘРЕКЕЛДІ!

жарық жұлдызы Жазира Байырбекованың

әндерін сүйіп тыңдап, орындайды. Ал

өскенде Гүлнұр Оразымбетова тәрізді әнші

болуды армандайды екен.

- Ең алғаш 4 жасында ауыл арасында

өткен «Бүлдіршін» фестиваліне қатысып,

қазылардың назарын өзіне бірден аударта

білді. Осыдан кейін ол кісілер Айаруға

фестивальдің облыстық кезеңіне жолдама

берді. Одан да бас жүлдені жеңіп алды.

Бұдан соң бізге Алматы қаласында өтетін

«Бозторғай» халықаралық байқауына

шақырту келді. Ол байқауға Болгария,

Латвия елдерінен небір талантты балғындар

келіп қатысқан екен. Ән додасынан

3-орынмен оралдық. Осы кезде бізге

Латвия елінде өтетін байқауға жолдама

берілген еді. Өкінішке қарай, оған қатыса

алмадық. Алдағы уақытта шетелде өтетін

ән байқауларында бақ сынау ойымызда

бар, - дейді А.Смаилова.

Жуырда талантты қыз Тараз қаласында

әнші Гүлнұр Оразымбетованың ұйымдастыруымен

өткен «Біз іздеген таланттар» атты ән

сайысына қатысып, бас жүлдемен оралған.

Болашақта Айарудың ата-анасы қыздарының

жеке репертуарын қалыптастыру мақсатында

жұмыстар жасамақ.

Айарудың шығар шыңы, алар асуы

көп болсын!

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

БАЛҒЫН ЖЫР

Аяз ата

келеді

Аяз атаны асыға күтеміз,

Жаңа жыл қалды жақындап.

Өлең-жыр жаттап балалар,

Тақпағын айтар тақылдап.

Сыйлық алып балалар,

Қуанып мәз болады.

Көтеріліп көңіл-күй,

Қалтамыз тәттіге толады.

Мансұр ҚАБАШОВ,

3-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Сөзжұмбақ

Достар, сөзжұмбақтағы тор көздерді дұрыс толтырсаңдар, қазақ

халқының музыкалық аспаптарының атауларын таба аласыңдар.

Ендеше, іске сәт!

Ш

А

Ң

Қ

О

Б

Ы

З

Құрастырған-

Салтанат МҰХТАР,

№24 жалпы орта білім беру

мектебінің 5-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

СӨЗ МӘЙЕГІ

Қыс мезгіліне қатысты

мақал-мәтелдер

Көліне қарай - қазы,

Қысына қарай - жазы.

Қарға қаңқылдаса,

Қысты шақырады.

Қаз қаңқылдаса,

Жазды шақырады.

Үркерлі айдың бәрі қыс.

Жаздың бір күні,

қыстың мың күні.

Жазып алған –

Ләйла ТЕМІРБЕКОВА,

2-сынып оқушысы,

Екібастұз қаласы.

Ақ қар көп болса,

Ақ нан көп болады.

Қыстың көзі қырауда.

Шаруа қыста қысылар,

Жазда жазылар.

Жаз сайға қонба,

Қыс қырға қонба.


6 21 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл

SARYARQA SAMALY

«АЙНАЛАЙЫН»-АҚПАРАТ

Елбасымен

кездесті

Таяуда Елбасы Н.Назарбаев

Нұр-Сұлтан қаласындағы

елдің талантты жастарымен

кездесті.

Тұңғыш Президентпен жүздескен делегацияның

құрамында Павлодар қаласындағы

№11 жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып

оқушысы Айпара Сыздықова және оның

робототехника бойынша жаттықтырушысы

Рустам Садықов болды.

Кездесуге шақырылған қонақтардың

қатарында ІТ саласының мамандары,

Елбасы қоры жанындағы ғылым, мәдениет

жөніндегі кеңес мүшелері, дарынды

оқушылар, жастар, ғалымдар, инноваторлар,

мәдениет қайраткерлері болған.

Олардың барлығына Тұңғыш Президент

Қорының белгісі табыс етілді.

- Айпара ең кіші қатысушылардың бірі

болды. Ол қазақстандық «КазРоботикс»

білім беру және спорттық робототехника

Федерациясымен бірлесіп Тұңғыш

Президент Қоры өткізген жас жобалаушылар

арасында KazRoboProject республикалық

байқауында екі рет І орынды иеленді, -

дейді Рустам Садықов.

Осы жетістігі үшін сыйлы қонақ ретінде

Елбасымен кездесу мүмкіндігіне қол жеткізген

жас таланттың болашағынан үлкен үміт

күтуге болады, - дейді ұстаздары.

«Жүректен -

жүрекке»

Баянауыл ауданына қарасты

Сұлужон жалпы орта білім

беру мектебінің 1-7-сынып

оқушылары арасында

«Жүректен - жүрекке» атты

тренинг өткізілді.

Аталмыш шара оқушылардың көңіл-күйін

көтеріп, оқуға деген ынтасы мен жақсы

эмоцияны қалыптастыруды мақсат етті.

Тренинг «Мен» бейнесі, «Қара күйе көбелегін

аулау», «Менің қасиетім», «Жан жүрек сыры»

сынды жаттығулардан тұрды. Оқушылар

әрбір жаттығуды асқан қызығушылықпен

жасап, бар ынталарымен орындады.

Шара соңында өздерінің жүрек түкпіріндегі

сезімдеріне ризашылықтарын білдірді.

Тренинг аяқталғанда балаларға әр түрлі

смайликтер ұсынылып, сол белгілер арқылы

олар осы шарадан қандай әсер алғанын

айтты. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен

тарасты.

Жансая БАГИСОВА,

Баянауыл ауданы,

Сұлужон ауылы.

Елін сүйген Елбасы

Петропавл қаласында өткен көркем гимнастикадан

халықаралық жарыстарда облыс

құрама командасы сәтті өнер көрсетті.

Оның құрамында Павлодар қаласының

экологиялық бағыттағы №36 жалпы орта

білім беру мектебінің 2 оқушысы бар.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-сынып оқушысы

Қабыкенова Инкара І орынды, 2-сынып оқушысы

Безрукова Алиса ІІ орынды иеленді. Аталмыш байқауда

олар 4 қыздан тұратын топта өнер көрсетіп, еркін

композицияны орындады.

Айта кетерлігі, жас гимнастшылар халықаралық

додада бірінші рет өнер көрсеткен. Талапты қыздардың

бұған дейін де жеткен жетістіктері баршылық. Атап

айтар болсақ, 2018 жылы Инкара Нұр-Сұлтан қаласында

өткен республикалық жарыста жеке өнер көрсетіп,

ІІІ орынға ие болса, 2019 жылы Алиса облыстық

жарыста бірінші орынды еншілеген.

Н.АҚЫТЕГІ.

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ

Жақында Аққулы ауданына

қарасты Малыбай

мектебінің бастауыш

сынып оқушылары

арасында «Елін сүйген,

елі сүйген Елбасы» атты

тәрбие сағаты өтті.

Шараның басты мақсаты - Елбасының өмірін, еңбек жолын жас ұрпаққа үлгіөнеге

ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру. Сабақ барысында «Елбасы

жолы» фильмінен үзінді көрсетіліп, талқыланды. Оқушылар топ-топқа бөлініп,

Тұңғыш Президентіміздің балалық шағы, өмірбаяны мен еңбегіне қатысты берілген

тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, Елбасы туралы өздері жазған өлең

шумақтарын, нақыл сөздерін оқыды. Сабақ соңында «Мен Президент болсам...»

деген тақырыпта өз ойларын айтып, армандарымен бөлісті.

Тәрбие сағатына барлық оқушы белсенді қатысты. Біз балалардың бойына

адамгершілік, отансүйгіштік, патриоттық сезімді қалыптастыруды мектеп қабырғасынан

жүзеге асырамыз. Шәкірттеріміз Елбасы сияқты болашақта өз елін, жерін, Отанын

сүйіп, қорғайтын азамат болады деп сенеміз.

Гүлбаршын МҰҚАШЕВА,

Малыбай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,

Аққулы ауданы.

Көркем гимнастика шебері

Үшеудің хикаясы

Ерте-ерте ертеде ағаш, кірпіш және арам шөп -

үшеуі дос болыпты. Бірде арам шөп ортаға шығып,

мақтанып келе жатады:

- Мен – арам шөп, арам шөп,

Елге тиер пайдам көп.

Барлық жерде өсемін,

Көмегімді беремін.

Бұл сыбысты естіген кірпіш оянып кетіп қараса,

арам шөп мақтанып, ән салып келеді екен. Оның бұл

қылығына ыза болған кірпіш айғай салып:

- Ей, арам шөп! Таң атпай әндетіп, мақтанып,

жұрттың шырқын бұзып жүргенің қалай? Сен өзі кімге

керексің? Бізден қай жерің артық? - дейді. Бұл екеуінің

айғай-шу көтеріп жатқанын естіген ағаш оянып кетіп,

керіліп, созылып, жапырақтарын жайғанша дау әлі

бітпейді. Әбден мазасы қашқан ағаш ашуланып келіп:

- Кім менің ұйқымды бұзған? Кәрі болғаныммен, құлағым саңырау

емес. Осы арада мақтанған кім? Сен шығарсың, арам шөп, бар пәлені

өзің бастағаның көрініп тұр? - дейді де, ұйқыға кетеді.

ОЙ-ТОЛҒАМ

Қазақстанды

қалай

елестетем?

«Мен болашақ

Қазақстанды қалай

елестетем?» - деген

сұраққа жауап іздесем,

сан алуан ойлар келеді.

Қазақстан – көрсең көз тоймас

асқар таулары, айдын шалқар көлдері,

сылдырап аққан өзендері, ну ормандары

бар, жер аумағы бойынша әлемдегі

тоғызыншы мемлекет.

Мен өткен жазғы демалысымда

Жасыбай демалыс орны мен Балқаш

көліне бардым. Алдыңғы жылы атаанаммен

бірге Бурабай мен Алакөлде

демалған едім. Сонда мені біздің

еліміздің табиғатының әсемдігі мен әр

алуандығы таңқалдырды. Бір жерде

тау, сосын басы мен аяғы көрінбейтін

жазық дала, әлемнің жартысын алып

жатқандай көрінетін Балқаш көлі менің

назарымды ерекше аудартты. Елімізде

мен көрмеген көптеген әсем жерлер

бар, оны жақсы білем.

Болашақта әлем туристерін табиғатымен

таңғалдырып жүрген Шарын

шатқалы, шығыстағы Рахман бұлағы,

батыстағы тарихи үңгірлерді аралап,

табиғаттың кереметтілігін сезгім келеді.

Қазір әлемде туризм саласының

дамыған заманы. Көптеген отандастарымыз

және шетелдіктер біздің

туған елімізде осындай әсем де

әдемі табиғаттың бар екенін біле

бермейді.

Мен болашақта туризм саласының

маманы болып, осындай әдемі жерлерді

өзгелерге таныстыруға өзімнің кішкентай

да болсын үлесімді қоссам деймін.

Сол арқылы Қазақстанды туризмі

дамыған елдердің қатарынан көргім

келеді.

Томирис СПАНОВА,

№25 жалпы орта білім беру

мектебінің оқушысы,

Павлодар қаласы.

Ағаштың бұл ашуынан қорыққан кірпіш те үн-түнсіз

жата қалады. Сөйтіп, ол да қалғып, тәтті ұйқыға

батады. Ел-жұрттың тегіс ұйқыда жатқанын көрген

арам шөп те амалсыз ұйықтауға бел байлайды.

Ертеңгісін таң атысымен адамдар ағашты жиһаз

жасауға, ал кірпішті үй салуға алып кетейін деп

машиналарына артып жатады. Мұны көрген арам

шөп менің де бірдеңеге қажетім бар шығар деген

оймен әлгі адамдардың қасына жақындайды. Олар

арам шөпке көзін де салмастан аяқтарымен басыпжаншып

жүре береді. Осыдан кейін ғана арам шөп

өзінің ештеңеге керексіз екенін түсініп, енді ешкіммен

де дауласпауға өз-өзіне ант етеді.

Жазып алған - Диас ҚАСЕНОВ,

2-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.


SARYARQA SAMALY

21 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл 7

Әкешім

Әкем - менің жүрегім,

Ол болмаса,

Қалай өмір сүремін?

Еркелетіп өсірген,

Әкем менің жанашырым,

Арқа сүйер тірегім.

Әкем менің –асыл жан,

Жақсы болса баласы,

Қуаныштан шалқыған.

Айнұр БАҒДӘУЛЕТ.

Жазғы демалысқа

саяхат

Асыр салып ойнадық күнге күйіп,

Көл суына шомылып, топырақ үйіп.

Жүгіруден жалықпай достарыммен,

Шығуға да талпындық тауға биік.

Қала жаққа да қыдырдық туыс іздеп,

Саяхаттап қаланы балмұздақ жеп.

Қызықты да пайдалы ойын ойнап,

Күш жинадық жарысып, су боп терлеп.

Көбелек те ұстадық, балық аулап,

Өсімдікке зер салдық өскен қаулап.

Қатар тізіп тастарды үй тұрғызып,

Анамызға көмек қылдық бұзау қамап.

Сабаққа да баратын күн таяпты,

Ата-анамыз ақыл айтты бол талапты.

Жаңа киім әперіп еркелеткен,

Ата-анаңның болғаны қандай жақсы!

Демалыс та қызықты мәнді өтті,

Сағындырған жасыл жаз лезде кетті,

Сабаққа да кірістік оқу оқып,

Ұстаз берген білімді миға тоқып.

Әке-асқар тауым!

«АЙНАЛАЙЫНДА» ҚОНАҚТА

Баянауыл ауданы Лекер жалпы негізгі білім беру

мектебі оқушыларының шығармашылығынан

Мен үшін әкемнің орны бөлек. Әке -

әрқайсымыз үшін асқар тауымыз, тірегіміз.

ТУҒАН ТІЛ

Құрметті достар,

редакциямызға Баянауыл

ауданына қарасты Лекер

жалпы негізгі білім беру

мектебінің жоғары санатты

мұғалімі, педагог-зерттеуші

Мамырбекова Гүлжан

Қызырбекқызы 4-сыныпта

оқитын оқушыларының

шығармашылық

жұмыстарын жіберіпті.

Бүгінгі қосымшада

баянауылдық балғындардың

тырнақалды еңбектерін

жариялағанды жөн

көрдік. Сендер де өз

шығармаларыңды

редакциямызға жолдауға

асығыңдар!

Тілдің мерейі -

елдің мерейі!

Мен ана тілімде сөйлеймін. Өзімнің қазақ болып

туғаныма мақтанамын. Себебі, қазақтың тілі бай,

ал салт-дәстүрі ерекше құнды, мағынасы кең,

тәрбиелік мәні зор.

Әділет ЖАРЫЛҒАСЫН.

Жануарлар әлемі

Жануарлар көп бізде

Күнде көріп жүремін,

Қамқор болып ылғи мен,

Оларды жақсы көремін.

Жемі мен шөбін беремін,

Суын да құям ерінбей.

Сүп-сүйкімді төлдерді,

Жақсы көрем жанымдай.

Жануарлар әлемі,

Неткен сұлу әдемі.

Қорғасаңдар, балалар,

Табиғат сыйы кәделі.

Аяулы күз

Сап-сары, қоңырқай жапырақ төгілген айнала,

Қызықтап жүгіріп ойнайды, тереді бар бала.

Әдемі, көрікті мезгіл ғой күз деген,

Әртүрлі жемісін теретін біз деген.

Құстар қиқулап, мекенге алыстап барады,

Жүрекке жағымды қоштасу әндерін салады,

Барша жұрт қысқыға дайындық жүргізіп,

Жемісін жинайды, отынын жарады.

Аспанды ала бұлт күн ара торлайды,

Жаңбырсыз әрине күз сәнді болмайды.

Сабаққа асыққан бүлдіршін балалар,

Сөмкесін көтеріп мектепке зулайды.

Ясин ЖАПАР.

Қиындыққа қалдырмайтын, арманыңа қол созсаң

ақ батасын берер, ақ жол тілер адам, ол - әке.

Сондықтан да әр адам үшін әке - қымбат жан. Оны

құрметтеп, сыйлау – әр баланың парызы болуы

тиіс. Өйткені ол - отбасының ең басты мүшесі,

отағасы, шаңырақтың иесі саналады. Иә, «әке -

асқар тау» деген теңеу тегін айтылмаса керек.

Мен әкемді өте қатты жақсы көремін және

құрметтеп өтемін.

Әкешім, сіздің әрбір сөзіңіз жүректен жылы орын

алады. Әр балаңыздан күткен сеніміңіз ақталады.

Мен сізбен мақтана аламын. Себебі, менің әкем -

ең ақылды, ең еңбекқор адам. Барлық тапқанын

біздің аузымызға тосады. Сондықтан мен әкемнен

үлкен үлгі аламын. Оның үмітін, сенімін ақтауға

тырысамын. Сабағымды жақсы оқып, өзімнің еліме,

отбасыма адал қызмет етуге тырысамын. Осындай

тәрбие берген асқар таудай асыл жан - әкеме

алғысым шексіз. Әрқашан әкелеріміз аман болсын!

Қарақат БЕЙБІТ.

Біздің мектепте қазір тілдер айлығы өтіп жатыр. Соның

аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, мәнерлеп

оқу, мақал-мәтел сайысы, сөзжұмбақтар мен ребустар құрастыру

және тағы басқа қызықты ойындар өткізілуде.

Халқымызда «Тілдің мерейі - елдің мерейі» деген жақсы

сөз бар. Осы сөзге мен толық қосыламын. Өйткені, өз тілімізді

өзіміз қадірлеп, құрметтеп, шұбарламай, таза сөйлесек, тіліміздің

де мерейі арта түсетіні анық.

Мен қазақша сөйлеймін,

Қазақ болып туғаныма мақтанып.

Басқа тілде сөйле десе көнбеймін,

Сырымды айтам ақтарып, - деген өлең жолдарын мен

тілге арналған сынып сағатында өзім шығардым. Мәнерлеп

оқу сайысында жерлес ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров,

Ысқақ Әкім, Қадыр Мырза-Әлі, Мұзафар Әлімбаев сынды

ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып жарыстық. Мен бұл

сайыста Ысқақ Әкімнің «Ана тілі» өлеңін оқыдым.

Қазақ тілінің өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді.

Сондықтан қазірден бастап өз ана тілімде таза сөйлеуге

тырысып жүрмін.

Асқар АЙХАНОВ.


8 21 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл

SARYARQA SAMALY

БІЛГЕНГЕ – МАРЖАН!

Үш тілде сөйлеп үйренейік!

Құрметті балалар, егемен елдің жарқын болашағы – сендердің

қолдарыңда! Сондықтан мемлекетіміздің гүлденіп, дамуы үшін

жас ұрпақтың жан-жақты білім алып, шет тілдерін жетік

меңгеруінің маңызы зор.

Осы мақсатта арнайы «Айналайын» қосымшасының оқырмандары

үшін Павлодар қаласындағы №39 инновациялық үлгідегі

жалпы білім беру мектебінің ағылшын тілі маманы, тәжірибелі

ұстаз Бақыт Елемесова үш тілде сөйлеуді үйрететін болады.

Сонымен, бүгін біз үй ішіндегі жиһаздарға қатысты атауларды

айтып үйренеміз. Ендеше, іске сәт!

Диван - Sofa – Диван;

Сөре - Shelf –

Полка;

Жиһаз -

Furniture –

Мебель;

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Сауат ашу

мектебі

(Мысал)

Өткен жылдың көктемі,

Сауат ашу мектебі,

Ашылғаны болды аян.

Ашты білім ордасын,

Суда жүрген саршаян.

Білім қуған көп тегі,

Табылды жерден осы сәт,

Іздегені көктегі.

«А» дегенің алма екен,

Алма өскен Алматы.

Алтын бесік – ақ мекен.

«Ө» дегенің – өрмекші,

Өрмегінің мықтылығын,

Өз көзімен көрмекші.

«К» дегенің – көбелек,

Бос жөңкілген әрі-бері,

Емес бірақ ебелек.

«К» дегенің – көкқұтан,

Ол туралы ерінбей,

Сұрап білдім көп жұрттан.

Қызыл түсті тұмсығы, аяғы да,

Қызықтырған баршаны баяғыда.

«Ш» дегенің – шапағат,

Ешқашанда ешкімге

Істеме іс жат, ағат.

Кресло - Armchair

– Кресло;

Кереует - Bed – Кровать;

Тоңазытқыш

- Fridge –

Холодильник;

Орындық

- Chair –

Cтул;

Қысқа толқынды

пеш – Microwave

oven– Микроволновая

печь;

«С» дегенің – сандуғаш,

Көрсең үлгі үлкеннен,

Қылма әрекет сен де оғаш.

«С» дегенің сазан ғой,

Ғажап балық аз ондай.

Бауыздасаң тамақтан,

Жылы, қызыл қан аққан.

«Қ» дегенің қоян ғой,

Сужүрек қорқақ екені

Барша жұртқа аян ғой.

«Қ» деген - және қосаяқ.

Жүріппіз оны бос аяп.

Көрсе-ақ жауын қиядан,

Кетеді алыс босып-ақ.

«Т» дегенің – тасбақа.

Бармақтай басын қашанда,

Қорғаумен жүрер жасқана.

Жауын жауса молынан,

Шөп шығады тасқа да.

«Ж» дегенің – жапалақ.

Күндіз емес, түнде ол

Ұшар жарды жағалап.

«М» дегенің маса ма?

Ызылдаса тынымсыз,

Бәрі одан қаша ма?

«Ұ» дегенің ұлар ма?

Қасиетті саналар

Құс ішінде бұлар да.

Айна - Mirror –

Зеркало;

Үстел - Table –

Cтол;

• Егер сендер бұл сөздерді

білетін болсаңдар, өте

қуаныштымыз. Ал

білмесеңдер, мұқият

жаттап, саналарыңа

тоқып алыңдар!

«П» дегенің піл ме екен,

Құлағы ұзын не деген?

Ұят оны білмеген.

«Л» дегенің ләйлек пе?

Сағындырып жылда бір,

Көктем сайын келмек пе?

«Д» дегенің – долана,

Дәрумен бар онда да.

Мекендеген тау мен дала,

Орман-тоғай, көлдерді,

Бар мақұлық мектеп көрген:

Ізгілік пен мейірімге,

Тағылым мен мол ілімге

Бетін бұрды енді-енді.

Бірде сабақ қызғанда,

Серуендеген бұл маңда,

Арыстан келді жақындап.

Назарын бұған бұрғанда,

Былай деді тақылдап:

«Білсең мені – арыстанмын,

Осылардың бәрінен,

Неге бүгін қалыс қалдым?

Барлық мәні өмірдің

Қалып тұр ғой оқуда.

Сомен бірге ескеріңдер:

Кем болмасын тоқу да.

Оқығаннан не пайда,

Егер тоқу болмаса?!»

Арыстан сөйтіп,

шындықты айтып,

Кетіп еді сонда

Орманға қайтып.

Шкаф - Wardrobe –

Шкаф;

Кілем - Carpet – Ковер;

Серік

САТЫБАЛДИН,

Павлодар қаласы.

ТОЛҒАНЫС

Туған елім -

Қазақстаным!

...Жазғы демалыс

кезі. Мен, анам

және әжем

үшеуіміз Алматы

қаласына жол

жүріп барамыз.

Жүрдек пойыз

терезесінен

айналаға шолу

жасап келемін.

Алғашқыда бос

жатқан жерлерге

аса көңіл аудармадым.

Біраз уақыт жүріп өткен соң әжеме:

- Алматыға қашан жетеміз, жол бойы қарайтын

ештеңе жоқ, - деп ерігіп кеткенімді айттым. Менің

әжем - тарих пәнінің мұғалімі. Содан әжем қазақ

жерінің кең-байтақ болуына байланысты көп әңгіме

айтып берді. Тәуелсіздік деген сөздің мағынасын

түсіндім. Тәуелсіздікке жету жолының қиындығын,

елімізді жоңғар, Қытайдан кімдер және қалай сақтап

қалғанын ұқтым.

Батыр бабаларымыз екен ғой осынша жерді бізге

қалдырған! Мен осы Қазақстан деген тәуелсіз елде

туып-өсіп келемін. Көрікті Бурабайдың тауына шықтым,

суына шомылдым. Жас қала, бас қаланы аралап

қыдырдым. Аспанмен тірескен Алатауды көрдім.

Өзім кішкентай болсам да ойым үлкен сияқты.

Себебі, мен 3 жасымнан бастап елі сүйген Елбасы

болғым келеді. Ойым өзгерген жоқ. Енді алдымда

тұрған арман - қазақтың бос жатқан кең даласына

көрік беру. Ол үшін орталық және солтүстік өңірден

жаңа қалалар, балалардың демалуына, емделуіне

арналған қалашықтар ашу қажет. Жасыл шыршалар,

әр түрлі ағаштар отырғызып, табиғатты көркейтудің

маңызы зор. Оның ішіне әдемі құстар мен аңдар

жіберуді де ойлап жүрмін. Жақында сынып сағатында

Дана Нәбиқызы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан

атамыз туралы көп мәлімет айтып берді.

Азалия СЕРІКОВА, №25 мектептің 2-сынып

оқушысы, Павлодар қаласы.

БІЛГЕНГЕ – МАРЖАН!

Саусағыңды

сыртылдатпа!

«Әй, саусағыңды

сыртылдатпа! Бұл -

сенің буындарыңа

зиян», – деген

ескертуді атаанамыздан

жиі естіп

өстік. Әлі де айтады.

Алайда, бұл сөздердің байыбына барған емеспіз,

айтылған жерде қалып қойды. Қалай ойлайсыз, саусақты

сыртылдатудың қандай зияны бар, сүйектерге қалай

әсер етеді? Жауап іздеп көрелік...

Саусақты сыртылдату – көпшілігіміздің әдетімізге

айналып кеткен, әңгіме айтсақ та, сабақ үстінде

де, жұмыс жасап отырып та, жүріп келе жатып та

саусақтарымыздың мазасын аламыз. Бүгінгі мақаладан

кейін бұл әдетіңізді жалғастырасыз ба, әлде, тоқтатасыз

ба, өзіңіз шешесіз.

Калифорниялық дәрігер Дональд Унгер өте қызықты

тәжірибелік жұмыс жасап көріпті. Бұл зерттеуді жүргізуге

бала кезінен бері «әй, саусағыңды сыртылдатпа»

деумен келген анасы себепкер болған. Жас Дональд

күн сайын сол қолының сүйектерін сыртылдатып, оң

қолына мүлде тиіспеген. Кейін бұл зерттеу нәтижесі

«Қолдағы саусақ сүйектерін сыртылдату зиян ба?»

деген сауалдың нақты жауабын бере алады. Сонымен,

дәрігер екі қолдың да біркелкі жағдайда екендігін

айтып отыр. Сыртылдатқан сол қол да, зиян тимеген

оң қол да аман-есен. Яғни, саусақты сыртылдатудың

ешқандай зияны жоқ.

Егер сіздің ондай әдетіңіз болса, қам жемеуіңізге

болады. «Әй, саусағыңды сыртылдатпа!» деген сөзді

әлі талай еститін боласыз, тіпті оларды сендірудің

өзі - қиынның-қиыны. Бірақ, саусақтарыңызға келер

ешқандай қауіптің жоқ екендігін біле жүріңіз. Көптеген

ғылыми, медициналық еңбектерде бұл әдеттің зиян

екендігі жазылады, ал Дональдтің 60 жыл бойғы

зерттеуін қалай жоққа шығарасыз? Ол осы жаңалығы

үшін медицина саласында үлкен марапатқа ие болған.

Әзірлеген - Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ,

М.Әуезов атындағы №42 жалпы орта білім

беру мектебінің мұғалімі, Павлодар қаласы.

«Айналайын» қосымшасының

үйлестірушісі - Нұржайна ШОДЫР.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ

21 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл 9

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Дағдарыс орталығы

ашылады

2020 жылы Екібастұз қаласында тұрмыстық

зорлық-зомбылық жәбірленушілеріне арналған

дағдарыс орталығы ашылмақ.

Бұл жөнінде қала басшылығы мәлімдеді. Аталмыш орталықта

үйінде зәбір көрген әйелдер мен балаларға жан-жақты қолдау

көрсетілмек. Яғни, психологиялық, заңдық және әлеуметтік

жәрдем жасалады. Мекеме 25 орынға лайықталады деп

жоспарлануда. Жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде

жүзеге асырылмақ.

Мұндай орталық ашу қажеттіліктен туындап отырған

көрінеді. Себебі, әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық

әрекеттері тыйылар емес.

Өз тілшіміз.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Бір мың басты семіртеді

Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка

ауылында 1000 басқа арналған мал

бордақылау алаңы ашылды. Аталмыш

нысан «Сергей» шаруа қожалығының

жеке инвестициясы есебінен салынды.

Виктор Рямбов басшылық ететін шаруашылық

суармалы алқапта картоп, көкөніс өсірумен және

сүт бағытындағы ірі қара санын көбейтумен

айналысады. Ендігі ретте мал бордақылауға ден

қоюды да жоспарлап отыр.

- Шаруашылықта мал семіртуге қажет пішендеме

мен сүрлем жеткілікті. Мал азығын уақытылы беру

нәтижесінде бір ірі қараның салмағы 400-450

келіге дейін жетеді, - дейді В.Рямбов.

Бордақылау алаңында жем-шөп салу орындары,

автоматтандырылған науа бар. Электр

желісі тартылып, аумақ қоршалған. Сонымен

қатар, жаңа нысанның іске қосылуы нәтижесінде

үш жұмыс орны құрылды.

Осы орайда Ақсу қаласының әкімі Балғабай

Ыбыраев шаруашылықтың инвестициялық жобаны

іске асыруы – тұрақты даму нәтижесі екенін атап

өтіп, кәсіптің табысты болуын тіледі. Айта кетелік,

биыл Ақсу аймағында ауыл шаруашылығы саласында

барлығы 7 инвестициялық жоба қолға алынды.

С.САҒЫНАЙ.

Үздіктер атанды

Жуырда

баянауылдық

«Олимп» теннис

құрамасы

Қырғызстанның

астанасы Бішкекте

өткен ашық

чемпионатқа

еліміздің атынан

қатысып, үздіктер

қатарынан көрінді.

Үстел теннисінен өткен чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен

спортшылар жиналған. Еліміздің суық климатынан бірден

ыстық жаққа түскен спортшылар біраз қиналып та қалыпты.

Алайда, оған қарамастан, жеңіс тұғырынан көрінуге ұмтылған.

Мәселен, жарыс соңында Ерқанат Сапар Қырғызстан

елінің бірінші ракеткасы, спорт шебері Ырыскелді Тоғайбаевқа

қарсы тойтарыс беріп, 3:0 есебімен жеңді.

Финалдан кейінгі 3-орын үшін болған таласта команда

ойыншысы Бекзат Жекен Бішкек қаласы «Карвен» командасының

ойыншысы Ақылбек Калимовты жеңіп, жүлделі 3-орынды

сақтап қалды. Қыздар арасында Айзере Зейнолла жүлделі

екінші орынды еншіледі. Балалар арасында Іңкәр Балтабек

жүлделі 3-орынды қазақ елінің қанжығасына байлады.

Елдің даңқын асқақтатар спортшыларды дайындап келе

жатқан жаттықтырушы Дарxан Жапеновке алғыс айтқымыз

келеді. Осы орайда аудандық туризм және спорт бөлімі

басшылығына, балаларға қолдау білдіріп, түсіністікпен қарап,

көмек көрсеткендері үшін ойыншылардың ата-аналарына

ризашылық білдіреміз.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Ә.КӘУКЕН.

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ

Рекордқа қол

жеткізді

Облыста ауыл шаруашылығын дамытуды

мықтап қолға алған шаруа

қожалықтары жетерлік. Солардың

бірі - «Победа» ЖШС.

Қожалықтың биылғы жетістігі аз емес. Мәселен,

олар ағымдағы жылы әр сиырдан орташа есеппен

6 мың литр сүт алатын нәтижеге қол жеткізіп,

рекордтық көрсеткішке ие болып отыр. Мұндай

мүмкіндікке Toraighyrov University агротехнологиялық

факультетінің ғалымдарымен бірлесіп атқарған

жұмыстың нәтижесінде ие болған. Яғни, «Победа»

ЖШС өңіріміздегі дуалды оқытудың орталығы

болып саналады. Аталмыш серіктестік жыл сайын

осы білім нысанының бірқатар студентін өндірістік

тәжірибеден өткізіп, жұмыспен қамтиды. Бүгінде

екі мекеме арасында ғылым және өндірістік интеграция

аясында әріптестік орнаған.

Үлкен нәтижеге қол жеткізуді көздеген серіктестер

мақсатына жете білді. Бұл ретте шаруа қожалығының

жұмысына аталмыш университеттің мамандары көп

көмек көрсеткен. Мұнда олар ірі қараны қоректендіру

және өсіру бойынша бірқатар жұмыс атқарған.

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Өз тілшіміз.

ЕРТІС АУДАНЫ

«Жас сарбаз»

Мемлекет басшысының жасөспірімдерге

әскери-патриоттық тәрбие

беруді нығайту жөніндегі тапсырмасын

іске асыру мақсатында №4 Ертіс

жалпы орта білім беру мектебінде

облыстағы алғашқы «Жас сарбаз»

кабинеті ашылды.

Қажетті заманауи материалдық-техникалық

құралдармен жабдықталған кабинеттің ашылуына

аудан әкімінің орынбасары Ж.Сағынаев және

облыстық білім беру басқармасының аймақтық

оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі және алғашқы әскери

дайындық орталығы басшысының орынбасары

Т.Әленов қатысты.

Бұл күні 18 жас сарбаз салтанатты түрде ант

қабылдап, алғашқы әскери дайындық сабақтарын

6-сыныптан бастап меңгеретін болды. Алғашқы

әскери дайындық пәнінің мұғалімі, «Жас сарбаз»

кабинетінің жетекшісі К.Карякиннің айтуынша, басты

мақсат - әскери-патриоттық бағытта жүргізілген

іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың туған еліне

деген патриоттық сезімін ояту.

Өз тілшіміз.

Жат ағымнан сақтанайық!

«Жас Қанат» жастар ресурстық орталығында «Адал» қоғамдық бірлестігі мен

конфессияаралық қатынастарды дамытуды талдау орталығы өкілдерінің қатысуымен

діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөнінде семинар өтті.

Ағаштан түйін

түйген...

Шараға Жандарбек қожа мешітінің имамы

Ахметолла Қожахметов, мемлекеттік мекемелердің

мамандары, мектептердің дінтану пәні мұғалімдері

және белсенді жастар қатысты.

Семинар лекторы Гүлназ Раздықова қазіргі діни

экстремизм мен терроризмнің өзекті мәселелерін

ортаға салды. Жастардың интернет ресурстары арқылы

діни ағымдардың қатарына қосылу қаупі туралы

айтып берді. Сондай-ақ жалған діни ұйымдардың

қоғам санасына деструктивті әсер тигізетінін, дәстүрлі

және дәстүрлі емес исламға қатысты мәселелер

жайында да сөз қозғады. «Жусан» операциясы туралы

ақпарат қамтылды.

Өз тілшіміз.

Ауданда «Еңбек» бағдарламасы арқылы өз кәсібін

дамытқысы келетіндердің қатары күн сайын

артып келеді. Жуырда 55 адам «Бастау Бизнес»

бағыты бойынша арнайы курстан өтті.

Олардың қатарында Игорь Гараев та бар. Шебер өз

жобасын сәтті қорғап шығып, кәсібін көпшілікке таныстырды. Ол

қайың ағашынан тостаған, ет салатын табақ сынды тұрмысқа

қажет ыдыстарды жасаумен айналысады. Мамандығы суретші

болса да, екі кәсіпті бірге алып жүр. Бұған дейін Көкшетау

қаласындағы шеберлерден ағаштан ою оюды үйреніп, бұл

істі бастап көрген. Бүгінде оның өніміне сұраныс жоғары.

Игорь Гараев «Еңбек» бағдарламасы арқылы бақ сынап,

бизнесін одан әрі дамытуға шешім қабылдаған.

- Менің тауарларымды тұтынатын адамдар көп. Кәсібім

өзіме ұнайды. Алдағы уақытта қайтарымсыз грантты жеңіп

алып, бизнесімді кеңейткім келеді. Ұлттық нақышта ағаштан

ыдыстар жасағанды жақсы көремін. Болашақта сұраныс одан

әрі арта түседі деген ойдамын, - дейді шебер.

Г.ЖАЯБАЕВА.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Бата алғанның бағы артық

Жастар арасында бата беру мәдениетін

кеңінен насихаттау мақсатында аудандық

кітапханада арнайы шара өтті.

Оған ауыл ақсақалдары, ақ жаулықты

әжелер, мектеп оқушылары мен жастар

қауымы қатысты.

Ауыл ақсақалдары Өтеп Сегізбайұлы, Сағиден

Тәкішұлы, аудан мешітінің бас имамы Төлеген Мұратұлы

және «Туған елім – алтын бесігім» клубының әжелері

бата туралы кеңірек тоқталып, оны қалай және

кімнің беруі керектігі жайында ой бөлісті.

Ғасырлар көшінде халықпен бірге жасасып, оның

ажырамас бөлшегіне айналған бата мен тілек -

халық өмірінің айнасы. Десе де, соңғы жылдары

бата мен тілектің аражігін әбден шатастырып

алған сияқтымыз. Осы күндері кейбір қариялардың

батасына көпшілік қауымның көңілі тола бермейді.

Осыдан болар, кейде тойда айтылған тілекті

батаға жатқыза саламыз. Халқымыз «Баталы ер

арымас, батасыз құл жарымас» деп текке айтпаған.

Шара барысында ақсақалдар балаға берілетін

бата, екі жасқа берілетін бата, тұсау кесу тойында

берілетін бата, мерейтойда берілетін баталарды

айтып, мазмұнына тоқталды. Шара соңында

қатысушылар Наурыз мерекесінде бата беруден

сайыс өткізу жөнінде шешімге келді.

А.СЕРҒАЗИН


10 21 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл АЙБЫН

SARYARQA SAMALY

БІР ӘУЛЕТТЕН – ЖЕТІ БОЗДАҚ

(ағайынды Дүйсенбиновтер лайықты ұлықталса екен)

Жуықта «Ақсақалдар

тағылымы» қоғамдық

бірлестігі мүшелерінің

кезекті отырысында өзгеше

мәселе қаралды. Ол қатысып

отырған ақсақалдар мен

ақ жаулықты әжелердің

ешқайсысын да бейжай

қалдырмады. Ертіс ауданының

Құрметті азаматы,

ҚР ауыл шаруашылығы

саласының үздігі Елемес

Қасенов бір әулеттен

майданға аттанып, елге

оралмаған ағайынды жеті

боздақ – Дүйсенбиновтерді

еске алу мәселесін көтерді.

Иә, соғыстың халыққа әкелген ауыртпалығы

өте ауыр болды. Көптеген адамның

қаны төгілді, біреулер мүгедек болып

қалды. Қанша әйел жесір, қанша бала

жетім қалды. Шаңырағы шайқалмаған

үй қалмады. Ал Ертіс ауданы Қызылжар

ауылының тұрғыны Дүйсенбі Жантасов пен

отанасы Әнапияның шаңырағы өте ауыр

қайғыға душар болды. Олардың алты ұлы –

Мағзұм, Нұрмағамбет, Ахмет, Жақып, Шайкен

және Махмет майданға аттанды. Төртеуі –

1942 жылы, екеуі 1943 жылы қаза тапты.

Ағайынды жауынгерлер соғысқа кіргеннен

кейін көп ұзамай опат болған, ал қандай

жағдайда ажал құшқаны туралы ешбір

дерек жоқ.

Ертістік журналист, тарихшы, өлкетанушы

Виль Васильевич Тыщенконың «Земля

иртышская – родина батыров и хлеборобов»

атты кітабында және Елемес

Қасеновтің «Туған елім Қызылжар» атты

кітабында жазылған деректерге қарағанда,

бұл ағайынды боздақтардың арғы бабалары

тарихта аты мәлім батырлар болған

екен. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер»

трилогиясындағы даңқты кейіпкерлердің бірі,

жоңғарлар мен қалмақтардың шапқыншылығы

кезінде асқан ерлік көрсеткен Жеке батыр

мен оның баласы Қожаберген батырдың

ұрпақтары екен. Қожабергеннің әр ұлттан

бірнеше әйелі болған. Дүйсенбі Жантасов -

оның қалмақ әйелінен өрбіген ұрпағы.

1995 жылы шыққан «Боздақтар» кітабының

Павлодар облысы бойынша екінші томында

былай деп жазылған:

«Дүйсенбинов Ахмет қатардағы жауынгер,

қазақ, 1911 ж. Қызылжар ауылында туған,

әскерге 28.11.1939 ж. Ертіс АӘК арқылы

шақырылған, 26.02.1943 ж. ұрыс даласында

қаза болған, Ленинград обл., Луга

ауд., Подолжино деревнясында жерленген.

Дүйсенбинов Жақып, қатардағы жауынгер,

қазақ, 1918 ж. Қызылжар ауылында туған,

әскерге Ертіс АӘК арқылы шақырылған,

1943 ж. наурызында хабарсыз кеткен.

Дүйсенбинов Мағзұм, қатардағы жауынгер,

қазақ, 1902 ж. Қызылжар ауылында туған,

әскерге 20.06.1942 ж. Ертіс АӘК арқылы

шақырылған, 28. 08. 1942 ж. ұрыс даласында

қаза болған, Тверь обл., Ржев ауданы

Табаково деревнясында жерленген.

Дүйсенбинов Махмет, қатардағы жауынгер,

қазақ, 1917 ж. Қызылжар ауылында туған,

әскерге Ертіс АӘК арқылы шақырылған,

18.08.1942 ж. ұрыс даласында қаза болған,

Смоленск обл., Сафоново ауданы, Малая

Ивановская деревнясында бауырластар

зиратына жерленген.

Дүйсенбинов Нұрмағамбет, қатардағы

жауынгер, қазақ, 1907 ж. Қызылжар ауылында

туған, әскерге 16.03.1942 ж. Ертіс АӘК

арқылы шақырылған, 1942 ж. қарашада

хабарсыз кеткен.

Дүйсенбинов Шайкен, қатардағы жауынгер,

қазақ, 1921 ж. Қызылжар ауылында туған,

әскерге 19.05.1942 ж. Ертіс АӘК арқылы

шақырылған, 28. 11. 1942 ж. Волгоград

обл., Дерганово деревнясында хабарсыз

кеткен».

Ал «Боздақтар» кітабының осы 107-бетінде

бұлардан басқа Ертіс ауданының Пушкин

ауылында туған Дүйсенбинов Жашан және

Қызылжар ауылында туған Дүйсенбинов

Жайкен туралы да деректер берілген.

Е.Қасеновтің айтуына қарағанда, бұлардың

тегі бірдей болғанмен, олардың Дүйсенбі

Жантасовтың отбасына ешқандай қатысы

жоқ екен. Дегенмен, біздің ойымызша,

бұл әлі де анықтап, зерттеуді керек ететін

сияқты.

– Ертіс ауданындағы Қызылжар ауылының

тұрғындары фашистік басқыншылардан өз

Отанын қорғап қалу жолында жанын қиған

аяулы жерлестерінің аруағы алдындағы

азаматтық борыштарын қолдарынан келгенше

орындады. Олар осыдан ондаған жыл

бұрын әр боздақтың құрметіне бір-бір

теректен отырғызған еді. Қазірде ол бойлай

өскен мәуелі ағашқа айналды. Сонымен

бірге ауылдағы бір көшені «Ағайынды

Дүйсенбиновтер» атымен атайды. Ал

ауыл ортасындағы естелік тақтада осы

жерден Ұлы Отан соғысына аттанып, елге

оралмағандар тізімі ішінде олардың да

есімдері жазылған, – дейді Е.Қасенов.

Е.Қасенов бұдан отыз жылға жуық бұрын

өзінің қыпшақ руының шежіресін жазумен

айналыса бастаған. Сол тұста өзінің өмірден

мезгілсіз шаһит болып кеткен аяулы бабалары

– Дүйсенбиновтер туралы білген. Ал

бертін келе олардың бір баласы Камалиден

Әбуов туралы естиді. Ол 1942 жылы 19

жасында майданға аттанып, сол жылы

Сталинград майданында опат болыпты.

Камалиден ағайынды Дүйсенбиновтердің

үлкені – Мағзұмның баласы. Ол атасы

Дүйсенбінің қолында өсіпті. Бір өкінішті

жері – ол туралы «Боздақтар» кітабында

жазылмаған. Ал Махметтен қаралы қағаз

келгеннен кейін оның жесірі Игісінге Махметтің

інісі Шайгөз әменгерлік жолымен үйленіп,

ағасынан қалған жалғыз қыз Зәуқияны

тәрбиелеп өсіреді. Кейін Зәуқия тұрмыс

құрып, он балалы болып, «Алтын алқа»

иегері атанады. Зәуқия биылғы жылы мамыр

айында өмірден озды. Ол алапат соғыстың

құрбаны болған әкесі мен туыстарының

есімі кейінгі ұрпақтар тарапынан лайықты

ұлықталуын аңсап күткен еді, бірақ ол

арманын көруді жазбаған екен.

– Қара шаңырақтың отағасы Дүйсенбі

ата 1943 жылы соңғы ұлынан қаралы

хабар алғаннан кейін, ауыр қайғыға жаралы

жүрегі шыдамай, өмірден озады. Әнапия

апа соғыстан кейін бірнеше жыл өмір

сүреді. Өмірден өтер-өткенше ұлдарының

біреуі болса да келіп қалар деп үміттенеді,

бірақ үміті ақталмайды, – дейді Е.Қасенов.

«Егемен Қазақстан» газетінің 2018

жылғы 9 қарашадағы санында Е.Қасеновтің

«Бір әулеттен майданға аттанған жеті

боздақ» атты мақаласы шықты. Павлодар

облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің

2018 жылғы 19 шілдедегі санында журналист

Әлия Тұрсынованың «Семь сыновей

забрала война» атты мақаласы жарияланды

және Павлодар қаласындағы Жеңіс

алаңындағы аллеяға ағайынды боздақтардың

есімі жазылған естелік тақта орнатылды.

Сондай-ақ аяулы боздақ бабалары туралы

«Семеро из рода кипчаков» атты киносюжет

түсіруді ұйымдастырып, оны әлеуметтік

желіге шығарды. Бүгінде оны жүздеген

адам көріп, өздерінің жүрекжарды пікірлерін

білдіруде. Ал бұл күндері «Ағайынды

Дүйсенбиновтер» мемориалды ескерткішкомпозициясын

орнату жолында қажымай

еңбектенуде.

Жалпы, бір әулеттен жеті адамның

соғыста қаза болуы – бүкіл республикамызда

кездеспейтін ауыр жағдай. Сондықтан,

«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің

мүшелері Павлодар қаласындағы бір көшеге

«Ағайынды Дүйсенбиновтер» атауын беру

және көшенің олай аталуының себебін

түсіндіретін естелік тақтайша орнату керектігін

атап айтты. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын

ел сақтар» деп халқымыз айтқандай, бұл

елдің азаттығы үшін өмірін қиған талай

боздақтың аруағы алдындағы кейінгі ұрпақтың

міндеті. Бұл - жас ұрпақтың Отанына

деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға игі

ықпал етер іс. Сол себепті қоғамдық

бірлестік мүшелері облыс әкімі Болат

Бакауовтың атына өз ұсыныстарын жазып,

қолдарын қойды.

Серік САТЫБАЛДИН,

«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық

бірлестігі төрағасының орынбасары,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.

«Нағыз қазақ – домбыра»

Басы 1-бетте

Тілеуберді САХАБА

Қуандық Әбуұлының негізгі

мамандығы – пойыз құрастырушы.

Қазақстан Теміржолы компаниясының

Павлодар филиалында 40 жыл

қызмет істеп, 2012 жылы зейнеткерлікке

шыққан. Кішкентай кезінде

атасы мен әжесінің қолында

болып, үлкеннің тәрбиесін көріп,

ақыл-кеңесін тыңдап өскеннен

болса керек, ұлттық өнерге деген

жанашырлық қанында қалыпты.

Ағаштан ою ойып, түйін түюді

мектепте оқып жүрген кезінде

меңгеріп, бастапқыда ұршық,

ойыншық мылтық және орындықтар

жасап үйренеді. Одан кейін өз

бетімен домбыра жасау технологиясын

меңгеріп, неше түрлі үй

жиһаздарын құрастыруға кіріседі.

Ол қазақ ұлт аспаптарының төресі –

домбыраның жергілікті жерде

насихатталуына зор үлес қосты.

Әсіресе, еліміз Тәуелсіздік алған

жылдары ұлт аспаптарын жасап,

оны жас ұрпаққа насихаттау жағы

кемшіндеу болғаны анық. Міне,

сол тұстағы халықтың тұрмыстіршілігі

тұралап тұрған кездің өзінде

осы іспен талмай шұғылданды.

Осылайша ағаш өнерін меңгеру

оның табыс көзіне айналса, екінші

жағынан ұлттық өнердің насихатталуына

ықпал етті.

- 1992 жылы Теміржол вокзалынан

жұмыстан шығып, қала

іргесіндегі ауылға көшіп бардым.

Әлгі ауылда немістер басқаратын

үлкен ағаш цехы бар екен. Жұмыс

сұрап барғанымда бірден «қолыңнан

не келеді?» деп сұрады. Ағаштан

тұрмыстық заттар жасайтынымды

айтқанымда олар сенбеді. Тіпті,

соған дейін жасаған туындыларымды

апарып көрсетсем де,

«сен мұны бір жерден сатып алған

шығарсың» деп мойындамады.

Олардың бұл әрекеті менің намысымды

оятты. Қайтсем де қолымнан

іс келетінін дәлелдеп беруге тырыстым

және сол мақсатыма жеттім.

Содан кейін домбыра жасауды

жиілетіп, өз өнерімді жарыққа

шығара бастадым. Мақсатым біздің

қолөнер кәсібінен де алыс емес

екенімізді көрсету болды, - дейді

Қуандық Әбуұлы.

Шебердің қолынан шыққан

қазақ аспабына шетелдіктер де

тапсырыс беріп жатады. Әсіресе,

кезінде қазақ даласында туып,

кейін басқа елге қоныс аударған

жерлестеріміз көп хабарласатын

көрінеді. Осы жылдың қазан айында

Ресейге барып, қазақ ұлттық

мәдени орталығының 20 жылдық

мерейтойына қатысып қайтты. Сол

шараның кезінде де көптеген өзге

ұлт өкілдері қазақтың домбырасына

қызығушылық танытып, сатып

алғандар болыпты, дейді.

- Қазір бос уақытымда кішкентай

домбыралар жасаймын. Мақсатым

– сатып, пайда көру

емес, өсіп келе жатқан немережиендеріме

сыйлық ретінде беру.

Әрине, оларға домбыра тартып

үйренуге әлі ерте шығар. Деген-

мен, ойыншық ретінде болса да

қолдарында жүрсе, кейін тез меңгеріп

кетеді. Міне, осылай өзімнің

ұрпағымның ұлттық өнерге бет

бұруына аз да болса ықпал етсем,

одан үлкен мақтаныш жоқ, -

дейді Қуандық аға.

Жерлесіміздің қолынан шыққан

туындылар кезінде кәсіби шеберлердің

жоғары бағасын алған.

1996 жылы Екібастұз қаласында

өткен «Үкілі домбыра» қолөнер

шеберлері байқауында екінші

орынды жеңіп алса, Алматыда өткен

республикалық байқауда Алғыс

хатпен марапатталды. Сонымен

қатар, Қуандық ағамыз көптеген

облыстық және республикалық деңгейдегі

жәрмеңкелер мен көрмелерге

жиі шақырылады. Мысалы, ағамыздың

шеберханасынан шыққан

туындылар «ЭКСПО-2017» көрмесі

мен «Ұлы Дала елі» этнофестивалінде

көрмеге қойылып,

көпшіліктің көзайымына айналды.


SARYARQA SAMALY

ХАБАРЛАМА 21 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл 11

Медициналық сақтандыру қоры

сақтандыру мәртебесін анықтауға

мүмкіндік беретін плагин жасап

шықты

Халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы туралы көбірек

хабардар болуы үшін МӘМС жүйесінде өзінің сақтандыру

мәртебесін білуге мүмкіндік беретін құрал жасалды.

Бұл құралды еліміздің кез келген тұрғыны пайдалана

алады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры

Нұрлан Қасымов плагиннің құрылғаны туралы

айтып берді.

Бұл плагинді құрудағы мақсат қандай, халыққа берер

пайдасы бар ма?

- Функционалды тұрғыдан алғанда, құрал өте

қарапайым. Арнайы ресурсқа кіріп, әр тұрғын өзінің

ЖСН нөмірін енгізсе болды, сақтандыру мәртебесін біле

алады. Барлық адам гаджет қолданатын заманда, бұл

ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді. Егер «сақтандырылған»

деген жауап келсе, онда алаңдамауға болады. Ал, егер

жауап «сақтандырылмаған» болса, онда себебін анықтау

керек. Мысалы, азаматтың «жалдамалы жұмысшы» деген

мәртебесі бар және ол үшін төлемді жұмыс беруші

жасайды. Жүйе арқылы жұмысшы өзі жұмыс істейтін

ұйым ол үшін медсақтандыруға төлем жасап отырғанын

немесе төлемнің жасалмай жатқанын анықтай алады.

Тұрғындар мәртебесін анықтау үшін Қордың ресми

сайты www.fms.kzашып, оң жақтағы төменгі бұрышта

«Статусты анықтау» пәрменін басып, ЖСН тересіз.

Жүйе бірден экранға нәтижесін шығарады.

Еліміздің әрбір тұрғыны өзінің сақтандыру мәртебесін

не үшін қадағалап отыруы керек?

- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда

МӘМС жүйесі іске қосылады. Оған дейін ел азаматтары

сақтандыру мәртебесін анықтап алулары керек.

Мысалы, адамға қандай да бір сырқат бойынша диагноз

қойылып, оған медициналық көмек қажет болса және

ол сақтандырылмаған болса, онда бұл адамға құрамына

учаскелік дәрігер, жедел көмек, шұғыл стационарлық

көмек, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілетін

медициналық көмек түрлері кіретін тегін медициналық

көмектің кепілдік берілген көлемі қолжетімді болады.

Ал МӘМС пакеті бойынша берілетін медициналық

көмек түрлері тек сақтандырылған азаматтарға ғана

қолжетімді. Осылайша, егер сіз МӘМС жүйесінде өзіңіздің

сақтандыру мәртебеңізді анық білсеңіз, 2020 жылдан

бастап өзіңізге қажетті барлық медициналық қызметтер

спектрін ала аласыз.

Бұл құрал қай жерде қолжетімді болмақ?

- Плагин әмбебап форматта жасалған. Ол кез келген

сайтқа тіркеуге ыңғайлы. Осы мүмкіндікті пайдалана

отырып, бұл мәселеге қызығушылық танытқан барлық

сайт иегерлеріне айтарым: егер сіздер өздеріңіздің

ресурстарыңызда плагинді орнатқыларыңыз келсе,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕАҚ-на өтініш

жаза аласыздар. Байланыс e-mail: p.andreev@fms.kz.

Құрметті оқырмандар!

«Құрметті оқырмандар! «Naızatas»

әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналына

2020 жылға жазылу жалғасуда!

Жазылу

мерзімі

6 ай

12 ай

ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық

орталығы» КМК Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалы.

«Қазпошта» АҚ –ның

бөлімшесі арқылы

жазылу

Индексі 67276

қала

3 384,90

теңге

6 769,80

теңге

ауыл

3 397,80

теңге

6 795,60

теңге

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы

жазылу

(20281)

Редакцияда

ресімделу

және алу мен

жазылу

Павлодар қ. Павлодар қ.

3 380 теңге 3 120 теңге

6 760 теңге 6 240 теңге

Үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен

«Naızatas» журналына кез келген пошта бөлімшесінде

пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қаласы

Ак.Сәтбаев көшесі, 50 (тел. 32-40-37) мекенжайында

орналасқан Қазпошта ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі,

142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press»

ЖШС-де (тел. 61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа,

(баламалы) редакция арқылы жазылуды Астана көшесі,

143-үй мекенжайында ресімдеп, журналды тікелей редакциядан

алуға болады. Тел. 8 (7182) 66-15-41.

ЖАРНАМА

66-15-40

66-15-42

«Павлодар қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінде: «Ауылдық елді мекендерге жұмыс

істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік

қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен

мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік

қызметі көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет

тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

қағаз түрінде.

Бүгінгі күні көтерме жәрдемақы

жүз айлық есептік көрсеткішке тең

(252 500 теңге) соманы құрайды. Сондай-ақ

тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін

әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз

еселік айлық есептік көрсеткіштен

аспайтын сомада (3 787 500 теңге)

он бес жылға дейінгі мерзімге жылдық

0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі

бойынша бюджеттік кредит беріледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің

нәтижесі көтерме жәрдемақы және

бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік

қолдау шаралары болып табылады.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге

және тұруға келген денсаулық сақтау,

білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,

мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік

кешен мамандарына әлеуметтік қолдау

шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін

қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық

актілер бойынша барлық өзгерістер

Павлодар қаласы әкімдігінің (akimat-pvl.

gov.kz) және Павлодар қаласы экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімінің

(otdekonom.pvl.gov.kz) сайттарында

орналастырылған.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет

Павлодар қаласының ауылдық елді

мекендеріне (Жетекші, Кенжекөл, Мойылды

және Павлодар) жұмыс істеу және тұру

үшін келген денсаулық сақтау, білім беру,

әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,

спорт және агроөнеркәсіптік кешен

саласындағы мамандарға көрсетіледі.

«Павлодар қаласы экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімі» ММ.

(20278)

Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті

қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қаржылай емес

қолдау шаралары» атты төртінші бағыты аясында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік

қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету туралы хабарлайды.

Қызметтер www.services.atameken.kz мекенжайы бойынша онлайн режимінде

келесі түрлер бойынша көрсетіледі:

• Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті

жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер;

• Кедендік рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер;

• Заңгерлік қызметтер көрсету;

• Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер;

• Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы кеңестер;

• Мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың

сатып алу мәселелеріне байланысты көрсетілетін қызметтер;

• Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы кеңес беру.

Қызметтер КҚКО-да офлайн режимінде келесі түрлер бойынша көрсетіледі:

• Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті

жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер;

• Кәсіпкелердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін

сүйемелдеу;

• Заңгерлік қызметтер көрсету;

• Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер.

Сервистік қолдау экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын

және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде көрсетіледі.

Толығырақ ақпаратты 8 (7182) 66 03 11 телефон номері арқылы немесе Павлодар

қаласы, Луговая көшесі, 16, 1-қабат мекенжайы бойынша орналасқан КҚКО-да

алуға болады.

(20279)

Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік

бастамасы бар халықты облыстың әрбір қаласында және аудан орталықтарында

кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарының (КҚО) қызмет ететіні туралы хабарлайды.

• КҚО-ның кеңесшілері мынадай кешенді қызметтер ұсынады:

• шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар

халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;

• шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет

көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру,

белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттарын сақтай

отырып, мемлекеттік қаржылай емес қолдау шараларын көрсету;

• шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа

мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру;

• шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар

халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;

• кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер

ұсыну;

- қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.

• Аудан орталықтарындағы және шағын қалалардағы КҚО мекенжайлары және

байланыс телефондары:

• Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көш. 118, тел. 87184121944;

• Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Гагарин көш.62, тел. 87184091176;

• Железин ауданы, Железин ауылы, Квитков көш. 13, тел. 87183122425;

• Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Гагарин көш. 85, тел. 87183221074;

• Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көш. 85, тел. 87183321671;

• Аққулы ауданы, Аққулы ауылы, Баймолдин көш. 13, тел. 87183879001;

• Май ауданы, Көктөбе ауылы, Қазыбек би көш. 29, тел.87183921258;

• Павлодар ауданы, Павлодар қ., Ломов көш. 21, тел. 87182660311;

• Успен ауданы, Успен ауылы, Семенченко көш. 29, тел. 87183492440;

• Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Әлімбаев көш. 65, тел. 87183621210;

• Ақсу қ., К.Маркс көш. 1, тел. 87183733166;

• Екібастұз қ., Строительная көш. 45, тел. 87187347661.

(20280)

Нотариус г. Павлодара Батима Ундагановна Нарымбаева извещает об открывшемся

наследстве после смерти гр. Антонины Александровны Сапроновой,

умершей 17 августа 2019 г. Просит наследников до истечения шестимесячного

срока со дня смерти наследодателя обратиться к нотариусу по адресу:

г. Павлодар, ул. Академика Сатпаева, дом 46, офис, 1, тел.78-31-26.

(1316)

«Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебі» ММ білім

алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді

берушіні таңдау жөніндегі конкурс туралы хабарлайды. Конкурстық құжаттама

көшірмелерінің топтамасын 2019 жылдың 13 желтоқсанынан 2020 жылғы

06 қаңтарға дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша:

Павлодар қаласы, Айманов көшесі, 37, сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін немесе

bilim-pavlodar.gov.kz./soch35 интернет-ресурсынан алуға болады.

(2027)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12421 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2549

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 21 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

«Шәмшіден шыққан шарболат»

Павлодарда Ертіс өңірінің аяулы азаматы, білікті басқарушы,

талай лауазымдық қызметтер атқарған, өмірінің соңғы

жылдарында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама

басқармасының басшысы болған Ардақ Райымбеков туралы

кітаптың тұсаукесері өтті. Қуат Әбусейітов атындағы мәдени

орталықтың залында өткен шараға асыл азаматтың анасы

мен ұл-қызы, оны бала кезден білетін ауылдастары, студент

кезден қимас шақтарды бастан кешірген жанашыр достары,

кейін қызметтес болған азаматтар қатысты.

«Шәмшіден шыққан шарболат» атты

кітаптың лентасын қиюға Ардақтың ұлы

Олжас пен қызы Аянат және осы естеліктер

жинағының басылуына қаржылай қолдау

көрсеткен Қуаныш Сәдуақасов шақырылды.

Ардақ Райымбеков 2018 жылдың тамыз

айында жары Данара және үш жасар ұлы

Нұржолмен бірге жол-көлік апатында көз

жұмған еді. Аяулы азаматтың достарының

ұйытқы болуымен жарық көрген естеліктер

кітабына Ардақтың өзінің қаламынан туған

өлеңдері мен ой-толғамдары, оны таныған,

бірге қызмет еткен рухтас жандардың

естеліктері енді. Сондай-ақ, кітаптың үшінші

бөліміне Ардақ Райымбековтің туған күніне

орай ұйымдастырылған «Алаштың ардағы»

атты жыр мүшәйрасына жолданған өлеңдер

жарияланды.

Тұсаукесер рәсімінде облыстық мәдениет,

тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының

басшысы Ернұр Дәуенов Ардақ Тәтімбекұлы

бастамашысы болған көптеген ірі жобаларды

атап өтіп, оның Ертіс-Баян өңірінің

мәдениет және өнер саласына сіңірген

еңбегіне ерекше тоқталды.

Сондай-ақ, сахнаға аяулы тұлғаның анасы

Қарлығаш апайды шақырып, қазақы қамзол

мен ақ орамал сыйлады.

Бұдан кейін Аққулы ауданының азаматы

Серік Тастанбеков Ардақ жайлы тебірене

сөз толғады.

- Ардақтың көзіндегі отты көріп, балаға

тән емес салмақтылығын байқайтынмын, -

деді Серік Тастанбеков. – Ол менің немереммен

бірге оқыды. Құдай қаласа, біздің

Ардақ үлкен азамат болады деп ойлаушы

едім. Ардақ қай жерде қызмет істесе де,

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

өзім оған іштей жанкүйер болып едім.

Тұсаукесер шарасында Қазақстан Жазушылар

одағы облыстық филиалының төрағасы,

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты

Арман Қани Ардақтың адамгершілік болмысбітіміне

ерекше тоқталып өтті. Екібастұз

қаласының талантты қызы Алмагүл Жүгінісова

көлік апатынан қаза болғаннан кейін айтыскер

ақынды еске алуға арналған концерт

өткізіп, одан түскен қаражатты түп-түгел

Алмагүлдің анасы мен артында қалған

қыздарына берген Ардақ Райымбековтің

қайырымдылығы көзі көрген жанның бәрін

де сүйсінтіп еді. Арман Бақтанұлы залдағы

қауымға Ардақ өмірден озғанда шығарған

«Жол» өлеңін оқып берді.

Сондай-ақ, тұсаукесер шарасында Ардақтың

сүйіп тыңдаған «Балқадиша» мен «Біздің

елдің жігіттері» және ол өзі сазы мен өлеңін

жазған «Тәуелсіздік тұғырым» әндері шырқалды.

Ақан серінің әні «Балқадишаны» Иса Байзақов

атындағы облыстық филармонияның директоры,

дәстүрлі әнші Амангелді Қожанов, «Біздің

елдің жігіттері» әнін осы филармонияның

белгілі әншісі Бауыржан Ахметов орындады.

Ал «Тәуелсіздік - тұғырым» авторлық әнін

жас өнерпаз Бақтияр Қожанов нақышына

келтіріп айтып берді.

Шараның соңында сахнаға көтерілген

Ардақтың студенттік кезден бергі досы,

белгілі айтыскер ақын Бейбіт Бөжен жан

досының өр мінезі мен қайраткерлік рухы

жайында тебіреніп сөз сөйледі.

- Ардақ досымыз қамшының сабындай ғана

қысқа ғұмырында көп дүние жасап кетті, -

деді ол. – Естелік кітапты сатудан түскен қаражат

оның артында қалған ұл-қызына беріледі.

Батыр бол, батыл бол...

Ж.Аймауытов атындағы

қазақ музыка-драма

театры өздерінің

кішкентай көрермендерін

де ұмытқан емес. Үнемі

балаларға арналған тың

дүниелерді ұсынуды ниет

еткен өнер ұжымының

репертуарынан түспей

келе жатқан қойылымның

бірі - «Бәріненде күшті

қорқақ көжек» ертегісі.

Ө.Боранбаевтың «Батыр көжек» ертегісінің

желісімен қойылған бұл туындының қоюшы

режиссері - Гүлбарам Бақтиярова.

Ертегі желісі бойынша, ешкімге зияны

жоқ, өз бетімен орманда жүрген сүйкімді

көжек үнемі өзінен үлкендерден сескенеді.

Қозы мен лақтан қорқып қашып келе жатып,

күшікке жолығып достасады. Кейін оларға

жаңағы қозы-лақ келіп қосылады. Ойнап

жүрген оларға қақпанға түсіп қалған түлкі

жолығып, бостандыққа шығады. Осыдан

кейін ол құтқарушыларын үйіне қонаққа

шақырады. Арамдық пен зұлымдықтан

жандары таза қозы, лақ, күшікті ертіп

көжек түлкінің үйіне келеді. Осы кезде

жамандықтан қашып, жақсылық жасауды

ғана білетін ұзын құлақтыны пиғылы арам

түлкі досы қасқырға азық етпек болады.

Сөйтіп, сылаң құйрық алдын ала құрған

жоспары бойынша көжекті қасқырмен

жеке қалдырып, өзге қонақтарын алып

шығып кетеді. Осы сәтте көжекке тап

берген қасқырдың айбарына көжек ерекше

қарсылық көрсетеді. Бөріні құлатып, өзінің

өмірін сақтап, күштімін деген қасқырдың

алдында батырлығын көрсеткен көжектің

ерлігіне достары таң қалысады.

Ертегі мен үлкен қойылымдардағы

образды сомдаудың өзіндік ерекшеліктері

бар, дейді «Бәріненде күшті қорқақ көжек»

ертегісінде көжектің рөлін сомдаған Ақтілек

Ақдәулет.

- Кішкентай көрермендерді алдау мүмкін

Айта кету керек, кітаптың жинақ болып

қатталуына, баспадан шығуына мұрындық

болған - Бейбіт Бөжен, ал мәтіндерді қарап,

түзетумен айналысқан - Аққулы ауданының

Құрметті азаматы Серік Сатыбалдин.

Сонымен қатар, тұсаукесерде «Алаштың

Ардағы» жыр додасында жеңімпаз болған,

жүлдеге қол жеткізген ақындар өздерінің

Ардақтың рухына арнаған өлеңдерін оқыды.

Олардың қатарында елімізге танымал айтыскер

ақын Қуаныш Шарманов, «Найзатас»

әдеби-көркем журналының жауапты хатшысы

Айбек Оралхан мен жас ақын Алтынбек

Мұқышев бар.

Әлихан РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ.

емес. Сонымен қатар, ертегі кейіпкерлері

көбіне аң-жануарлар болғаннан кейін актерлерден

үлкен ізденісті талап етіп жатады.

Спектакльдерде белгілі бір адамның образын

ашу үшін жұмыс жасасаң, мұнда біздің

өмірімізден тыс бейнелерді ашып, оны

көрерменге сенімді етіп жеткізу керек, -

дейді Ақтілек.

Қорқақ көжектің батырлығына тәнті

болғыңыз келсе, желтоқсан айының 22-30

күндері аралығында сағат 10.00,12.00,14.00,

16.00-де театрға келіңіз!

МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ

Камералық

хор Елорда

төрінде

Жуырда Нұр-Сұлтан

қаласындағы

«Астана Опера»

мемлекеттік опера

және балет театрында

«Тәуелсіздікке тағзым»

атты мерекелік

шара өтті. Аталмыш

концертте Иса Байзақов

атындағы облыстық

филармониясының

камералық хоры өнер

көрсетті.

Ұлық мерекеге орай өткен айтулы

шараға Елбасы және Қазақстан Республикасы

Президенті арнайы қатысқан.

Концертте жергілікті өнерпаздар ел

мерейін асқақтатып жүрген бұлбұл

әнші Димаш Құдайбергеновпен бірге

«Елім менің» әнін орындады. Бұдан

бөлек, мыңдаған өнерпаздардың

қатысуымен «Жерім менің» әнін және

«Біржан-Сара» операсын орындады.

Осы мерекелік кештің соңында

Иса Байзақов атындағы облыстық

филармониясының камералық хоры

және жетекшісі Мәдина Қанатқызы ҚР

Мәдениет және спорт министрлігінің

Алғыс хатымен марапатталды.

«Өмірін

әнмен

өрнектеген»

Кенжекөл ауылында

сазгер Қайырбек

Сәтиевті еске алу

кеші өтті. Шараға

өнер иесінің ағайынтуысы,

достары мен

көзін көрген ауыл

тұрғындары қатысты.

Қазақ мәдениетінде айшықты

қолтаңбасы қалған Қайырбек

Мұфтанұлының арамыздан кеткеніне

де көп болған жоқ. Дей тұрғанмен

артына өлмейтұғын із қалдырған

азаматты ел ұмытпақ емес.

Кенжекөл ауылындағы мәдениет

үйінде өткен «Өмірін әнмен өрнектеген»

атты шараның шымылдығын балалар

музыка мектебінің вокалдық ансамблі

сазгердің белгілі туындысы «Жауқазын»

әнімен ашты.

Кеш барысында әнші Қайыржан

Қабдесов Қайырбек Сәтиевті еске

алып, ұзақ жылдарға жалғасқан

достығы мен өнер иесінің өмірі

жайлы сыр шертті. Сонымен қатар,

сазгердің авторлық әндері орындалып,

көз көргендер естеліктерімен

бөлісті.

Айта кетелік, Қ.Сәтиев 1948 жылы

1 қазанда Ресейдің Новосібір

қаласында дүниеге келген. Балалық

шағы мен жастық шағы Май ауданында

өткен. 1970-1974 жылдары Павлодар

музыкалық училищесін, кейін Шығыс

Қазақстан университетінің музыка

факультетін тәмамдаған. Оның ел

арасына кең тараған туындыларының

ішінде «Жауқазын», «Бала тілегі»,

«Ұстазым», «Шәкірттер сезімі», «Көктем»,

«Өсіп келе жатырмын», «Сарбаздар

маршы» және «Аққайың» әндері

бар.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

More magazines by this user
Similar magazines