4 ақпан, 2020 жыл №13 (15483)

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

4 ақпан, сейсенбі

2020 жыл

№13 (15483)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

Көпірді аяқтау -

маңызды

ҚҰРЫЛЫС

Облыс әкіміне

жүгініңіз!

Павлодар облысының әкімі

Әбілқайыр Сқақов 2020 жылғы

14 ақпанда халық алдында есептік

кездесуін өткізеді.

Есептік кездесу сағат 11.00-де

Естай атындағы мәдениет сарайында

болады. Аймақ басшысы кездесуден

бір күн бұрын және одан кейін

бірден азаматтарды қабылдайды.

Кез келген тілек білдіруші азамат

+7 (7182) 661 661 нөмірі бойынша

немесе WhatsApp +7 702 1 661 661

арқылы жазыла алады. Осы нөмірлер

бойынша әкімге деген барлық

өтініштер қабылданады.

Павлодар облысының тұрғындары

өз шағымдары мен ұсыныстарын

жазбаша түрде қалдыра алады –

әкімдік ғимаратына кіре берісте

арнайы жәшік орнатылған.

Әкімдік ғимаратында тәулік бойы

видеоөтініштерді қабылдау пункті

жұмыс істейді. Әлеуметтік желілерді

пайдаланушылар үшін Facebookтегі

Pavlodar Region парақшасы

және Instagram желісіндегі

@pavlodar_region аккаунты әрқашан

қолжетімді. Сонымен қатар,

Павлодар облысы әкімдігінің сайтына

кірушілер төменде берілген нысанды

толтырып, аймақ басшысына өз

өтініштерін қалдыра алады.

Ертіс өзені үстінен салынған «Нұрлы жол» көпірі көптің көңілінен

шыққанымен, құрылысы аяқталмаған бөлігі бар. Кенжекөл ауылы

жанындағы жол қиылысы қиындық тудырып тұр. Ақсу қаласынан

облыс орталығына қатынайтындар алтын уақытын сарп етіп,

Кенжекөл ауылының тұсына дейін келіп, айналып өтуге мәжбүр.

Бұл, әрі-беріден соң, ірі жүк көліктеріне жол апатын туғызуда.

Мемлекеттік қызмет:

АУЫЛҒА БАРСА, АҚЫСЫ БАР!

Суретті түсірген - Жансері Съезбек.

Жалғасы 2-бетте

Ауылдық елді мекендерде мемлекеттік қызметшілер тапшылығы мәселесі жиі айтылады.

Кейбір орындардың ұзақ уақыт «иесін» таппай тұратыны бар. Ешқандай әлеуметтік қолдау

қарастырылмаған соң қаладан ауылға барып, еңбек етуге құлшыныс та болмайтыны анық.

Міне, осыны ескеріп, құзырлы агенттік «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасына мемлекеттік

қызметшілерді де кіргізуді қарастыруда.

Толығырақ 3-бетте

ТӘРБИЕ

Балабақшалар

сатылмасын

Елімізде жекеменшік балабақшалардың

сатылып, басқа

нысанға айналдырылуы -

алаңдатарлық жайт. Бұл туралы

ҚР Білім және ғылым министрі

Асхат Аймағамбетов айтты.

- Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында,

сонымен қатар Атырау және

Алматы облыстарында 3-6 жас аралығындағы

балаларды балабақшамен қамту орташа

республикалық көрсеткіштен төмен.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды

тәрбиелеу мен оқытуға жағдай

жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың

үлесі өте аз. Мысалы, Түркістан облысы

мемлекеттік бағдарламада жоспар бойынша

70 пайыз десе, бірақ қол жеткізгені -

11,7 пайыз, Қызылорда облысы 30 пайыз

десе, 18 пайызға ғана қол жеткізді.

Атырау облысы 35 десе, 31 пайыз ғана.

Бұл - әрине, өте қиын жағдай. Біз осы

ерекше білімді қажет ететін балаларға

бүгін жағдай жасап жатқан жоқпыз.

11 өңірде электронды үкімет порталы

арқылы мемлекеттік қызмет көрсетумен

қамтылған мектепке дейінгі ұйымдар

үлесінің көрсеткіші проблема күйінде қалып

отыр. Республика деңгейінде көрсеткішіміз

65 пайыз болса, ең төменгі көрсеткіш

Қызылордада 45 және Атырауда 47 пайыз, -

деді министр.

Оның атап өтуінше, балабақшаларда

мемлекеттік тапсырысты толық көлемде

орналастырмау проблемасы сақталып

отыр. Бұл жағдай Нұр-Сұлтан, Алматы

қалалары және Павлодар облысынан басқа

өңірлерде орын алуда.

Өз тілшіміз.


2 4 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Облыс орталығындағы

№35 орта мектеп

ұстаздары мен

оқушылары елімізге

белгілі абайтанушы

және алаштанушы

ғалым, ақын Ықылас

Ожайұлымен кездесті.

Ұлттың рухани

Гиппократы

Тілеуберді САХАБА

Шара облыстық мәдениет,

тілдерді дамыту және архив ісі

басқармасының «Абай – ұлттың

рухани Гиппократы» жобасы

негізінде ұйымдастырылды.

Ықылас Ожайұлы – Нұр-Сұлтан

қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің

оқытушысы. Абай жауһарын

жаңаша көзқараспен зерттеп,

жастардың жүрегіне сіңіріп жүрген

ұлағатты ұстаз. Кездесу барысында

ол мектеп ұжымы алдында

Абай шығармашылығы бойынша

дәріс оқып, ұстаздар қауымына

бірқатар ұсыныс айтты.

- Мектеп оқушыларымен

кездесеміз дегенді естігенде

қуанып қалдым. Себебі, Абай

шығармаларын ең әуелі мектептен

бастап насихаттауымыз керек.

Ақынның ең үлкен аудиториясы –

оқушылар. Абай өсиетінің рухани

вакцина ретінде егілетін жері

де осы білім ошақтары. Қазір

мерейтойды бетке ұстап неше

түрлі шаралар өткізіп, дырдулатып

жүрміз ғой. Онымен

ешнәрсе ұта алмаймыз, ақынға

жақындай алмаймыз. Көбіміз

Абай Құнанбайұлының өмірбаянын

Ақын ауылына

саяхат

Қалалық орталық кітапханада «Рухани жаңғыру»

бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының

175 жылдық мерейтойына арналған «Абай кеші»

шарасы өтті.

Тілеуберді САХАБА

ғана білеміз. Осынша өлеңі мен

қарасөзі бар, мынадай аудармасы

бар деп айтып жүрміз.

Бірақ, менің ойымша Абайды

қағазға ғана емес, қанға сіңіретін

уақыт жетті. Ақын өсиеті біздің

қанымызға сіңіп, жүрегімізге

енгенде ғана рухани әсер еткенін

аңғарамыз. Сондықтан, білім

мекемелеріне Абайды жаңаша

көзқараспен оқытатын әдістеме

керек - дейді Ықылас Ожайұлы.

Кездесуге ұстаздар мен

оқушылардан бөлек, өңірдің

зиялы қауым өкілдері де қатысып,

өздерінің жылы лебіздерін

білдірді. Жиын барысында мектеп

оқушылары Абайдың таным

тұлғасына және кейбір айтқан

сөздеріне қатысты көкейлерінде

жүрген сауалдарын қойды.

Өңірімізге белгілі тіл жанашыры

Ульян Мақұл Елордадан келген

мейманға алғысын білдіріп,

осындай кездесулерді қазақ тілі

мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің

және тіл мамандарының арасында

өткізу керек деген ұсыныс айтты.

Облыстық мәдениет, тілдерді

дамыту және архив ісі басқармасының

басшысы Ернұр Дәуеновтің

сөзінше, осындай кездесулер

аудан, қалаларда да ұйымдастыру

жоспарланған.

Оған өңірдің зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысып,

ақынның балалық шағы мен «Абай ауылы» туралы қойылған

шағын көріністі тамашалады. Кітапханадағы «Абай кеші» қалалық

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен өтті. Шара

бірнеше бекет бойынша ұйымдастырылды. Мысалы, «Ақынның

жастық шағы», «Абай ауылы», «Абай-Пушкин үндестігі», «Абай –

ойдың данасы» атты бекеттер құрылып, әрқайсысында әртүрлі

іс-шара болды. «Ақынның жастық шағы» бекетінде №25 мектеп

оқушылары Абайдың заманындағы талантты да зиялы жастардың

бейнесін сомдап, ақынның өлеңін оқудан жарысқа түсті. Сонымен

қатар, «Абай ауылы» атты шағын көріністе кітапхана қызметкерлері

ақынның әжесі, әкесі және анасының бейнелерін көз алдымызға

әкелгендей болды. Шағын көріністе Құнанбай отбасының ерекшелігі

көрсетілді және сол кездегі қазақ халқындағы бала тәрбиесі туралы

айтылды. «Абай-Пушкин үндестігінде» бас ақынның Пушкиннен

аударған шығармалары туралы сөз болып, екі ақынның достығы

жайлы сөз болды.

Шараға белгілі абайтанушы ғалым Ықылас Ожайұлы қатысып,

Абай мұрасының бүгінгі қоғамға қажеттілігі туралы сөз етті. Содан

кейін көркемсөз оқу шебері, жыршы Даниял Әсенов ойшылдық

өлеңдері мен Қара сөздерін оқыды. Кеш соңы әсем әнге және

күмбірлі күйге ұласты.

- Бүгінгі кеш – Абай жылына арналған шаралардың бастамасы

ғана. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымы

жыл бойы өткізетін іс-шараларын Абайдың мұрасын насихаттауға

арнайды, - дейді кітапхана әдіскері Гүлнәр Асылханова.

АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН

Ардагерлермен

кездесті

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов аймағымыздағы ардагерлер қауымымен кездесті.

Екі сағаттық келелі кездесуде ел ағалары қоғамда өздерін алаңдататын

мәселелерді қозғады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің

мәлімдеуінше, дастарқан

басында емін-еркін түрде өткен

жиынға облыстық ардагерлер кеңесі

төрағасының орынбасары Абылай

Жантөрин, Павлодар қалалық ардагерлер

кеңесінің жетекшісі Кенже

Кеңесбаев, қалалық және аудандық

ардагерлер ұйымдарының өкілдері,

аймақтың қоғамдық кеңес мүшелері,

облыстың Құрметті азаматтары

мен Ертіс өңірінің дамуына елеулі

үлес қосқан ақсақалдар қатысты.

- Облысымызда 116 мыңнан

аса зейнеткер бар, олардың көбі

құрметті демалыста болса да,

белсенді өмір салтын жүргізеді.

Ардагерлеріміз кеңес беруге,

өзекті мәселелерді шешу жолдарымен

бөлісуге әрдайым әзір. Біз

Көпірді аяқтау -

маңызды

Басы 1-бетте

Оралхан ҚОЖАНОВ

Темір тұлпар иелерінің айтуынша,

Ақсуға бұрылатын жол учаскесі

жақсы. Тек қайтарда қиындық

туындайды. Яғни көпірден түсіп,

облыс орталығына бұрылатын жол

айрығында қиындық туындайды.

Павлодар-Семей бағытындағы

күрежолда көлік қозғалысы қарқынды

екенін ескерсек, бұрылыс жолда

біраз уақыт тұрып қалатын көрінеді.

Ол учаскеде жол-көлік оқиғасының

тіркелу ықтималдығы да жоғары.

Павлодар қалалық мәслихатының

депутаты Қобланбек Қожин бұл

мәселені республикалық деңгейде

көтеру керектігін айтады.

- Жуықта аймағымызға ҚР

Парламенті Мәжілісінің депутаттары

келгенде аталған проблеманы

жеткіздік. «Қазавтожол»

кәсіпорны басшылығының айтуынша,

әу баста жобалық-сметалық

құжаттар қате әзірленген. Салдарынан

жол қиылысын аяқтау кейінге

шегеріліпті. Құрылыс жұмыстарын

жалғастыруға әртүрлі қаражат

мөлшері қажеттігі айтылуда. Бір

жерде 13 миллиард теңге десе,

енді бірде 4 миллиард теңге

керек делінеді. Қанша қаражат

болмасын, «Нұрлы жол» көпірінің

аталған учаскесі міндетті түрде

аяқталуы тиіс, - дейді Қ.Қожин.

Мәжіліс депутаты Александр

Сусловқа хабарласқанымызда,

ол павлодарлық билік өкілдері

республикалық бюджеттен қаражат

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

өңіріміздің дамуына мүдделіміз,

өйткені осында балаларымыз,

немере-шөберелеріміз тұрып

жатыр, - деді Кенже Кеңесбаев.

Әбілқайыр Сқақов барлық

ұсыныстарды тыңдап, оларды қысқа

мерзім ішінде қарауға уәде берді.

Облыс басшысы ақсақалдармен

мұндай кездесулер дәстүрге айналатынын

атап өтті. Себебі жергілікті

атқарушы билік өз жұмысында аға

буынның пікірі мен тәжірибесіне

сүйенетінін айтты.

Өз тілшіміз.

С

сұрау үшін тиісті құжаттарды сатылай

реттеу керектігін алға тартты.

- Бұл мәселе менің жеке бақылауымда.

Көпірдің маңыздылығын

ескерсек, аяқсыз қалған істің шешімін

табуға ұмтылған дұрыс. Айналып

келгенде, жұмыстың бітуі қаражатқа

тіреліп тұр. Бірнеше миллиард теңге

облыстық бюджетке салмақ салатыны

анық. Сол себептен республикалық

бюджеттен қаражат сұрау үшін

ережеге сәйкес, құжаттарды жедел

реттеген абзал. Республикалық

бюджетке толықтырулар мен

өзгерістер енгізілетін кезде өз

тарапымнан жобаны қаржыландыру

ісін шешуге тырысамын, -

дейді халық қалаулысы.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы»

АҚ-ның Павлодар облыстық

филиалы директорының орынбасары

Данияр Баймағамбетов

жобаның техникалық бөлігінде

қателіктер орын алғанын айтады.

- Қазір жобалық-сметалық құжаттарға

түзетулер енгізіліп жатыр.

Нақты қанша қаражат керектігін

айту қиын. Осы жылдың мамырмаусым

айларында аяқсыз қалған

жұмыс жалғасады деп жоспарлап

отырмыз. Ол жерде көлік қозғалысы

қарқынды болғандықтан, құрылыс

жұмыстары біраз уақытқа созылуы

мүмкін. Не болса да, жылдың соңына

дейін аяқтау мақсат етілуде, -

дейді Д.Баймағамбетов.

Ең бастысы, мәселенің мән-жайы

анық. Ешкім бір-біріне сілтеп,

қашқақтап отырған жоқ. Сондықтан

да, жыл соңында жол учаскесі

толығымен пайдалануға беріледі

деп сенеміз.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 4 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл 3

Ауылға барса,

ақысы бар!

Ауылдық елді мекендерде мемлекеттік қызметшілер тапшылығы мәселесі

жиі айтылады. Кейбір орындардың ұзақ уақыт «иесін» таппай тұратыны бар.

Ешқандай әлеуметтік қолдау қарастырылмаған соң қаладан ауылға барып,

еңбек етуге құлшыныс та болмайтыны анық. Міне, осыны ескеріп, құзырлы

агенттік «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасына мемлекеттік қызметшілерді

де кіргізуді қарастыруда.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Жемқорлық

жолы кесіледі

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің есептік кездесуі

өтті. Ауқымды жиынды жергілікті мемлекеттік

қызметшілер, депутаттар және қоғам белсенділері

онлайн режимде тамашалады.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Айдана ҚУАНЫШЕВА

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің облыс бойынша департаментінің

мәліметіне сүйенсек, қазіргі

таңда аймағымызда жергілікті

атқару органдарында, аумақтық

ұйымдарда 527 вакансия бар. Оның

300-ден астамы ауылдық елді

мекендерде бос тұр. Ауылдардағы

әкімдіктерге қызмет етуге баратын

азаматтарға мемлекет тарапынан

ешқандай көмек болмаған соң,

әрине, бос орындарды білікті

маманмен қамту қиынға соғады.

Білікті қызметші болмаған соң

түрлі құжаттық қателіктердің де

жіберілетіні жасырын емес.

Осыдан екі жыл бұрын жоғары

оқу орнын тәмамдаған Қуаныш

Айдархан туған өлкесі Аққулы

ауданының әкімдігіне қызметке

орналасқан. Әлбетте, мұғалімдер

мен дәрігерлерге сияқты ол қандай

да бір мемлекеттік қолдау көрген

жоқ. Себебі, бұл салаға қатысты

нақты бағдарлама жоқ.

- «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасына

мемлекеттік қызметшілерді

енгізу жөнінде ұсыныс

жасалып жатқанын естідім. Меніңше,

өте орынды. Мұндай қамқорлық

ауылдық елді мекендерге білікті

маман тартуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік көмек қарастырылса,

жас мамандар ауылдарға еңбек

етуге барады деп ойлаймын.

Себебі, жастардың көбінде баспана

мәселесі өзекті. Егер әлеуметтік

сала қызметкерлеріне сияқты

мемлекеттік қызметшілерге де үй

алуға жеңілдікті несие, көтермеақы

берілетін болса, ауылдарда маман

тапшылығы шешілер еді, - дейді

Аққулы ауданының нақты экономика

секторы бөлімінің бас маманы

Қуаныш Айдархан.

Бұл мәселені құзырлы органдар

біраз жылдан бері айтып келеді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

облыстық департаментімен бірлесіп,

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік

басқару академиясының облыстық

филиалы ҚР Парламентіне дейін

барып, бұл проблеманы көтеріпті.

- 2017 жылы елордаға барып,

Парламентте ауылдардағы маман

тапшылығын «Дипломмен - ауылға!»

бағдарламасы арқылы шешуді

ұсынып, талқылаған болатынбыз.

Заңгерлер, есепшілер, IT-мамандар

жетіспейді. Қазір ұсыныс қолдау

тауып, заң жобасында қаралуда. Ауыл

әкімдері бізге оқуға келгенде осы

мәселелерді жиі көтеретін. Биылдан

бастап барлық ауылдық елді мекендерге

төртінші деңгейлі бюджет

енгізілді. Қазынаны жоспарлау, дұрыс

кәдеге жарату үшін білікті мамандар

қажет. Мемлекеттік сатып алуларды,

салықтық жүйені сапалы жүргізу

үшін де заңгерлер, IT-мамандар аса

керек. Сондықтан, бағдарлама осы

түйткілдерді тарқатуға айтарлықтай

септігін тигізеді, - деп есептейді ҚР

Президенті жанындағы мемлекеттік

басқару академиясының облыстық

филиалы директоры Гүлнәр Исенова.

Айта кету керек, бұл мәселе ҚР

Парламенті Мәжілісінде заңнамалық

түзетулер жобасын қарау кезінде сөз

болды. Мемлекеттік қызмет істері

жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары

Марат Дәуешов ауылдық

деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарында

кадрлар жетіспеушілігін

шешуге «Дипломмен - ауылға!»

бағдарламасы оң ықпал ететініне

сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, бұл

бағдарлама ауылдарды мамандармен

қамтуды көздейді. Алғашында

ауылдық елді мекендерге аталмыш

бағдарлама арқылы тек мұғалімдер

мен дәрігерлерді тартуға қолданылса,

кейінгі жылдары ауылға барған

мәдениет, спорт, әлеуметтік

қамсыздандыру, агроөнеркәсіп

кешені кадрларына да қолдау шаралары

қарастырылған. Енді міне,

мемлекеттік қызмет мамандарына

кезек келді. Осылайша, ауылдағы

маман тапшылығы оңтайлы шешіледі

деп күтілуде.

Жалпы, жоба шеңберінде

100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде

көтермеақы және баспана алуға

шамамен 4 млн. теңгеге жуық

қаражат қарастырылуда.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің

төрағасы Алик Шпекбаевтың

айтуынша, елімізде жемқорлық

індетін жою мақсатында ауқымды

жұмыс жүргізілуде. «Халық үніне

құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын

іске асыруда 12 өңірде

«Antikor ortalygy» ашылған. Алдағы

уақытта мұндай мекеме барлық

аймақта жұмыс істейтін болады.

Тұрғындардың мәселесін шешу

мақсатында қоғамдық қабылдаулар

жиі өткізіледі. Бұдан

бөлек, жемқорлық әрекетін

жоюда 1424 Call-орталығының

көмегі зор. Былтыр тәулік бойы

қызмет ететін операторға түсетін

қоңыраулар саны 3 есе артқан.

Қазіргі уақытта жемқорлық әрекеті

жөнінде хабар бергендерді

ынталандыруға ерекше көңіл

бөлінуде.

- Жемқорлық фактісі бойынша

хабар бергендер сот үкімі

шыққаннан кейін жымқырылған

пара көлемінің 10 пайызын алады.

Қылмыстың жолын кесуге қол ұшын

созғандарды ынталандырудың

шектік деңгейі 10 млн. теңгені

құрайды. Бұл жаңашылдық

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

күрес деңгейін арттырады деген

ойдамын. Бұдан бөлек, әрбір

өңірде «Адалдық алаңдары»

ашылған болатын. Қазіргі уақытта

аталмыш орталықтар жемісті еңбек

етіп, тұрғындардың мәселесін

шешуде. Тексеру шаралары кезінде

кәсіпкерлердің 76 пайызы өз

бизнесін ешбір заңсыздыққа

бармай, дамытып отырғанын

аңғардық. Сонымен қатар, кәсіп

саласына заңсыз араласудың

Бейқамдықтың соңы - өкініш

358 фактісі анықталып, 400-ге жуық

кәсіпкердің құқығы қорғалды, -

дейді А.Шпекбаев.

Алик Шпекбаевтың айтуынша,

көп жағдайда мүмкіндігі

шектеулі жандардың мәселесінде

заңбұзушылық жиі орын алады.

Өткен жылы екі министрлік,

4 комитет пен 5 мемлекеттік

сектор базасында тексеру

жүргізілген. Нәтижесінде 1175

адам әкімшілік және тәртіптік

жазаға тартылған. Әсіресе, жер

қатынастары, құрылыс саласында

заңбұзушылық көп. Жемқорлық

әрекеттері білім беру, денсаулық

сақтау, ауыл шаруашылығы салаларында

жиі кездеседі. Бұл ретте

жауапты мамандар адамдарды

жұмысқа қабылдауда заңсыздыққа

жол береді екен. Өткен

жылы елімізде 1717 жемқорлық

қылмысы тіркелген. Құқық қорғау

саласының 237 маманы қылмыстық

жауапкершілікке тартылған. Оның

163-і сотталған.

Жалпы, Павлодар облысында да

жүргізіліп жатқан жұмыс аз емес.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Павлодар

облысы бойынша департаменті

басшысының бірінші орынбасары

Ардақ Балғожиннің айтуынша,

аймағымызда өткен жылдың

желтоқсан айында ашылған

«Antikor ortalygy» 100-ден астам

адамды қабылдап үлгерген. Кеңес

берумен айналысатын мамандар

әрбір тұрғынға дұрыс бағыт беріп,

мәселелерін шешіп үлгерген.

«Ертіс - адалдық алаңы» да

бірқатар жобаны қолға алуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл

да жалғасын таппақ.

ТАБИҒАТ

Жақында күн райының қолайсыздығына қарамастан, Екібастұз

қаласынан Павлодар қаласына бет алған көлік жолда аударылып,

салдарынан екі адам ажал құшты. Оқыс оқиға көлік жүргізушілерінің

жауапкершілікті сезінбейтінін дәлелдеп бергендей.

Қайғылы жағдай темір тұлпар тізгіндегендерге сабақ болса

екен дейміз.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Жолаушылар да «112»-ден келген ескертуге

құлақ асып, жолға шықпағаны дұрыс.

Жасыратыны жоқ, ұялы телефонымызға боран

жайлы ескерту келсе, «қайта-қайта жіберіп,

есті шығарды ғой» деп бұртиятынымыз бар.

Жолда қалған адамдардың түсіріп жіберген

видеосына да аса мән бермейтініміз рас.

Жақында «WhatsApp» әлеуметтік желісінде

отырған ауылдастарымның алай-дүлей боран

соғып тұрса да, қалаға барудың жолдарын

талқылап жатқаны таңқалдырды. Жедел шаруа

болса бір жөн, той-томалақ, жабдықтан

қалып қоймаудың амалы ғой баяғы.

Облыстық мәслихаттың депутаты Гүлжан

Әбішева табиғатпен ойнауға болмайтынын

айтады.

- Біз табиғаттың патшасы емес, бір

бөлігі ғанамыз. Сол себепті боранды күндері

жоспарлаған сапарды кейінге шегерген дұрыс.

Қазір интернет арқылы алдағы күндері қандай

ауа райы күтіп тұрғанын білуге болады

ғой. Өкінішке қарай, өз өміріне бейқам

қарайтындар аз емес. Боранның салдарынан

көптеген қиындықтар туындауда.

Төтенше жағдай жариялауға да болатын

еді. Бұл ретте, әр мемлекеттік орган өз

міндеттерін мінсіз орындаса екен, - дейді

облыстық мәслихаттың депутаты.

Жалпы, боран ешкімді аяп жатқан жоқ.

Дәрігерлер де медициналық көмекке зәру

жандарға дер кезінде қол ұшын соза алмай

жүр. Мәселен, Жетекші ауылынан шақырту

түсіп, жедел жәрдем көлігі қалың қардың

салдарынан үйге дейін жете алмаған.

Боранға қарамастан, дәрігерлер инфаркт

алған 67 жастағы ер адамға тиісті

көмек көрсетіпті. Тағы бір мысал,

дәрігерлер емделушіні жедел жәрдем

көлігіне жеткізу үшін зембілмен көтеріп,

2 шақырым жаяу жүрген. Жүкті

әйелдерді босандырып алу жүгі күйеулеріне

артылған сияқты. Атап айтсақ, 32 жастағы

аяғы ауыр келіншектен шақырту түскенімен,

Сурет ғаламтордан алынды.

жедел жәрдем көлігі уақытылы жете алмай,

ақыры ұялы телефон арқылы дәрігерлердің

кеңесіне жүгінген күйеуі аман-есен босандырып

алыпты.

Қысқасы, адам өмірі ойыншық емес!

Көлік жүргізушілері жауапкершілікті түсініп,

боранды күні жолға шықпаса екен. Сен де

үйде отыр, жолаушы!


4 4 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл ТЕЗИС

SARYARQA SAMALY

Павлодар облысының әкімі Ә.Б.Сқақовтың

алдындағы есептік кездесуіне

Алдын ала деректер бойынша 2019 жылы Павлодар облысының

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінде оң

серпін орын алып отыр.

Жалпы өңірлік өнім көлемі (бұдан әрі – ЖӨӨ) 2007,4 млрд. теңгені

құрап отыр (2019 жылғы 9 ай), 2018 жылғы кезеңмен салыстырғанда

нақты көрсеткіш 2,8% ұлғайды.

Жан басына келетін ЖӨӨ – 2664,2 мың теңге, бұл республика

бойынша орта деңгейден 11,2% жоғары (2396,7 мың теңге). Аталған

көрсеткіш бойынша облыс республикамызда 6-орын алып отыр.

Өңірдегі ЖӨӨ серпіні басым деңгейде нақты сектор мен қызмет

көрсетудің негізгі салаларында оң өсу қарқынын сақтауға негізделген.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсу қарқыны 102,4%, ауыл шаруашылығы –

103,5%, құрылыс жұмыстары – 103,0%, көтерме және бөлшектік

сауда – 107,0%, көлік және қоймалау – 102,1%, байланыс 106,5%-ды

құрайды.

Нақты сектордың оң серпіні әлеуметтік саланы дамытуға әсерін

тигізді. Халықтың ақшалай кірісі 14,2%-ға (2019 жылғы 3 тоқсан),

орта айлық еңбекақы 13,0%-ға ұлғайды (2019 жылғы қаңтарқыркүйек).

2019 жылы облыс бойынша 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны

құрылды, соның ішінде 69,8% – тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі

4,7%-дан аспайды (2019 жылғы 3 тоқсан).

ӨНЕРКӘСІП

2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында

өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындары 1 991

млрд. теңгеге өнім (тауарлар, көрсетілетін

қызметтер) шығарды, яғни республикалық

өндіріс көлемінің 6,8%-ын құрап отыр. Өсу

қарқыны 2018 жылғы кезеңмен салыстырғанда –

102,4%.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 428,3 млрд.

теңгеге өнім өндірілді немесе 2018 жылғы

тиісті кезеңіне қарағанда 106,9%. Металл

кендерін өндіру 13,5%-ға өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім

көлемі 1288,1 млрд. теңгені немесе 2018

жылғы қаңтар-желтоқсанға 102,5%-ды құрады.

Өсу қарқыны келесі салаларда қамтамасыз

етілді: кокс пен мұнай өңдеу өнімдерін өндіру –

102,9%, машина жасау – 107,2%, жеңіл

өнеркәсіп – 112,3%, резеңке және пластмасс

өнімдерін өндіру – 128,6%, химия өнеркәсібі

өнімдері – 110,7%, металлургия өнеркәсібі –

102,6% (соның ішінде қара металлургия –

104,1%).

Заттай тұлғалауда өндірістің өсуі байқалуда:

газойлдар – 2,7%, жағатын мазут – 3,2%,

ферроқорытпа – 6,5%, жіксіз құбырлар –

1,1%, металл конструкциялар 1,2%.

Электр жабдықтауда, газ, бу беру және

ауаны алмастыруда өндіріс көлемі 260,2

млрд. теңгені құрады. Облыстың электр

станцияларында сағатына 43,9 млрд. кВт.

электр энергиясы өндірілді. Облыстың электр

энергиясын ішкі тұтынуы сағатына 19,3 млрд.

кВт құрады немесе жалпы өңдеу көлемінің

45,2%, республиканың басқа өңірлеріне

жеткізу сағатына 22,5 млрд кВт (52,7%),

Өзбекстанға экспорт - сағатына 0,9 млрд

кВт (2,1%).

Жылу энергиясын өндіру 11,6 млн. Гкал

құрады.

Сумен жабдықтау саласында 2018 жылғы

қаңтар-желтоқсанға қарағанда шығарылған

өнімнің көлемі 14,4 млрд. теңгені немесе

111,9%-ды құрады.

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік

бағдарламасының екінші бес жылдығы

(2015-2019 жылдар) шеңберінде Индустрияландыру

және Павлодар облысының кәсіпкерлігін

қолдау карталары бойынша 768,7 млрд.

теңге сомасына 30 жоба енгізілді, соның

ішінде 2019 жылы 55,4 млрд. теңге инвестициялар

көлемімен 3 жоба енгізілді.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2019 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде

негізгі капиталға салынған инвестициялар

көлемі 494,6 млрд. теңгені құрады немесе

2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда

16,1% өсті.

Салалық құрылымдағы ең үлкен көлем

өңдеу өнеркәсібінде – 28,5% немесе 134,9

млрд. теңге. Облыс аталған көрсеткіштер

бойынша республикада 2-ші орын алып отыр.

Жаңа инвесторларды тарту, облыстың

инвестициялық имиджін жетілдіру, «бір терезе»

қағидаты бойынша қолданыстағы инвесторларды

сүйемелдеу мақсатында «Инвесторлар

үйі» ашылып, облыстық Инвесторлар кеңесі,

Өңірлік ғылыми-технологиялық орталық жұмыс

істейді. 2019 жылы әр елдердің әлеуетті

инвесторларымен 50-ден астам кездесу

өткізілді.

«ПАВЛОДАР» АЭА

«Павлодар» АЭА 21 қатысушысы тіркелді,

соның ішінде 2019 жылы тіркелген 3 жаңа

қатысушы: «RTF АСТІСА» ЖШС (белсендірілген

көмір өндіру), «Қазмұнайхим» ЖШС (қоспалар

өндіру), «Казциносфера» ЖШС (микросала

өндірісі).

«Павлодар» АЭА аймағында барлығы

11 кәсіпорын жұмыс істейді. АЭА құру сәтінен

бастап аталған кәсіпорындар жалпы сомасы

120 млрд. теңгеге өнім өндірді, 1 500 жұмыс

орны құрылды.

Қолданыстағы жобалар бойынша инвестициялар

көлемі 75 млрд. теңгені құрады. Жалпы

бюджеттік инвестициялардың 1 теңгесіне

жеке салымдардың 10 теңгесі келеді.

АЭА инвестициялық қоржынында ұзақ жану

қазандығын, дезинфекциялау өнімін, металл

конструкциялар, ыстық құрыштандыру, шөміш

қаптамасын өндіруді ұйымдастыра отырып,

жалпы құны шамамен 215 млрд. теңгеге

іске асырылып жатқан және қарастырылып

отырған 26 жоба бар.

АУЫЛ

ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Облыстағы агроөнеркәсіп кешенін (бұдан

әрі – АӨК) дамыту агроөнеркәсіп кешенін

дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасының негізгі

бағыттарына сәйкес іске асырылып отыр.

Ауыл, орман және балық шаруашылығының

жалпы өнім көлемі 2019 жылғы қаңтаржелтоқсан

ішінде 252,2 млрд. теңгені, яғни

республикалық өндіріс көлемінің 4,8%-ын

құрады.

Облыс жерлерінің жалпы ауданы 12,5

млн.га.-ны құрайды, соның ішінде ауыл

шаруашылығы бағытындағы жерлер –

6,2 млн. га. 2019 жылы ауыл шаруашылығы

айналымына ауыл шаруашылығы бағытындағы

631,3 мың га жер қатыстырылды.

Жалпы егіс алаңы 2019 жылы 1343,8 мың

га дейін ұлғайтылды, яғни 2018 жылдан 5,7%

жоғары (1270,3 мың га). Дәнді дақылдар

ауданы 10,6%-ға кеңейтілді.

403,2 мың га жерде ылғал ресурсын

сақтау технологиясы қолданылды, бұл дәнді

ж ә н е м а й л ы д а қ ы л д а р е г і с і а у д а н ы н ы ң

40,5%-ын құрады. Облыста 102,2 мың га

суарылатын жер пайдаланылады. Тамшылатып

суару 642,5 га алаңда қолданылады.

Облыс шаруашылықтарында «нақты»

жер бөлу элементтері навигациялаудың

спутниктік жүйелерін пайдалана отырып

енгізілуде (GPS). Пайдаланылатын егістік

жерлердің 100%, жайылымдардың – 80,7%,

шабындықтардың 84,1% цифрландырылды.

Жедел деректер бойынша 2019 жылы

дәнді дақылдардың орташа шығымдылығы

гектардан 10,6 центнер кезінде 9,8%-ға

(822,5 мың тонна), майлы дақылдар – 4,4%-ға

(132,3 мың тонна), картоп – 15,2%–ға (552,0

мың тонна), көкөніс және бақша дақылдары

4%-ға (294,4 мың тонна) артты.

Мал шаруашылығында шаруашылықтың

барлық санаттарында 99,9 мың тонна тірі

салмақта ет (103,5%), 392,1 мың тонна сүт

(102,6%), 248,1 млн. дана жұмыртқа (115,7%)

өндірілді.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Ірі қара мал басы 426,6 мың басты құрады

(2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға 104,0%-ға

өсті), қой – 489,6 мың бас (103,0%-ға), ешкі –

62,0 мың бас (100,9%-ға), жылқы – 184,6

мың бас (111,5%-ға), шошқа – 73,8 мың

бас (103,6%-ға), құстар – 1695,8 мың бас

(104,5%- ға).

«Еттің экспорттық әлеуетін дамыту»

бағдарламасы аясында 1713,7 тонна ет өнімі

экспортталды, яғни 2018 жылғы деңгейден

28% жоғары.

204 дайындау пункті және 250 қайта

өңдеу объектісі жұмыс істейді. 2019 жылы

облыс бойынша 14 қайта өңдеу объектісі

іске қосылды.

Жалпы облыс жергілікті өндірістің негізгі

тамақ өнімдерімен 80% қамтамасыз етілген.

АӨК-ке тартылған инвестиция көлемі

тұрақты өсуде. Өткен жылдың кезеңіне

қарағанда 2,7 есе өсумен, 2019 жылы 53,8

млрд. теңге салынды.

30 млрд. теңге сомасына 74 инвестициялық

жоба іске асырылды, шамамен 290 жұмыс

орны құрылды.

2019 жылы АӨК мемлекеттік қолдауға

23,4 млрд. теңге бағытталды.

КӘСІПКЕРЛІК

Кәсіпкерлік саласында да оң үрдістер

сақталды.

2020 жылғы 1 қаңтарға шағын және

орта кәсіпкерліктің (бұдан әрі - ШОК) жұмыс

істеп тұрған субъектілерінің саны 45,5 мың

бірлікті құрады немесе 2018 жылғы қаңтар–

желтоқсанға қарағанда 3,8%-ға артты.

2019 жылғы 1 қазандағы деректер бойынша

ШОБ-інде жұмыспен қамтылғандар саны

136,4 мың адамды (103,8%), өнім, тауарлар

өндірісі және ШОБ қызметтері 607,0 млрд.

теңгені (122,5%) құрады.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті

қолдау мен дамытудың мемлекеттік

бағдарламасын іске асыру үшін барлық

деңгейдегі бюджеттерден 2019 жылы

2,5 млрд. теңге бөлінді.

«Бизнестің жол картасы - 2020»

бағдарламасы бойынша 458 жоба қолдау

тауып, соның есебінен шамамен 700 тұрақты

қосымша жұмыс орны құрылды (1,5 мыңнан

астам жұмыс орны сақталды).

Жалпы, облыс субсидиялаудың қолдау

тапқан жобалары мен кепілдіктер саны

бойынша республикада алдыңғы қатарда.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай

кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша

е к і н ш і б а ғ ы т ш е ң б е р і н д е ш а ғ ы н к р е д и т т і

671 кәсіпкер алды (қалаларда – 57 кәсіпкер

және ауылдық жерлерде – 614).

ТУРИЗМ

Облыста 91 туристік ұйым жұмыс істейді,

соның ішінде 82 - турагенттік қызметті жүзеге

асыратын компания, 9 - туроператорлық

ұйым. Статистика деректері бойынша облыста

109 орналастыру орны бар, соның ішінде

65 қонақ үй және 44 басқа орналастыру

орындары (демалыс үйлері, хостелдер).

Облыстың туристік бағдарлары мен

соқпақтарының тізілімінде 87 туристік бағдар

жұмыс істейді, оның 67-і қасиетті орындар

бойынша.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары

ішінде орналастыру орындарында ішкі және

келу туризмі бойынша қызмет көрсетілген

келушілердің жалпы саны шамамен 125 мың

адамды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес

кезеңіне қарағанда 11%-ға артық. Жалпы,

жыл сайын шетелдік туристер санының

9%-ға өсуі байқалады.

Қазақстан Республикасының туристік

саласын 2025 жылға дейін дамытудың

мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде


SARYARQA SAMALY

ТЕЗИС 4 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл 5

2020 жылғы 14 ақпандағы облыс халқы

арналған баяндама тезистері

Баянауыл курорттық аймағын дамытудың

іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында

қаржыландырудың барлық көздері

есебінен 332,5 мың шаршы метр тұрғын

үй пайдалануға берілді немесе 2018 жылғы

деңгейден 117,0%-ға артық.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға қосымша

инвестициялық өсімді «7-20-25» ипотекалық

бағдарламасы береді. Екінші деңгейдегі

банктер арқылы жеңілдікті шарттарда қарыз

ақша беріледі.

Екінші деңгейдегі банктерге «7-20-25»

бағдарламасы бойынша 4,4 млрд.теңге сомасына

623 өтінім келіп түсті, соның ішінде

2,4 млрд. теңге сомасына 344-і мақұлданды.

Осы Бағдарлама арқылы іске асыруға

облыс бойынша 141 пәтер бар (баға ауқымы

1 м 2 үшін 100 мыңнан 160 мың теңгеге

дейін), соның ішінде Павлодар қаласында –

84, Екібастұз қаласында – 57.

Сонымен қатар, 2019 жылы «7-20-25»

бағдарламасы бойынша «Сарыарқа» шағын

ауданында №25 және №30 тұрғын үйлер

(жалпы 144 пәтер) салынды. 2019 жылдан

бастап шағын ауданда 6 кредиттік көп

пәтерлі тұрғын үй енгізілді.

Сатып алу құқығынсыз жалдамалы үйлер

бойынша 2019 жылы Ақсу қаласының ауылдық

аймағының Қалқаман ауылындағы Степная

көшесі, 2 және 4 үйлер аяқталды. Тағы

3 үй 2020 жылға ауысып отыр.

Анықтама ретінде: Павлодар қ. «Сарыарқа»

шағын ауданындағы №11 тұрғын үй, Ақсу

қ. Молодежная көшесі, 32, Екібастұз қ. 22

шағынаудан.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен 2019

жылы 14 жалдамалы тұрғын үй Екібастұз

қ. (10 тұрғын үй) және Ақсу қ. (4 тұрғын үй)

құрылысы басталды, аяқталу мерзімі 2020

жыл, соның ішінде 11–і «Nurly Ertis» жаңа

бастамасы шеңберінде іске асырылады.

Көпбалалы отбасылар үшін 2019 жылы

республикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңге

бөлініп, Екібастұз қ. мен Ақсу қ. 149 пәтер

сатып алынды.

Анықтама ретінде: Екібастұз қ. - 36,

Ақсу қ. – 113, соның ішінде 27 ЖТҮҚ.

Сонымен қатар, шағын аудандарда жеке

тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. 2019 жылы

пилоттық режимде Павлодар қаласының

Әуежайы ауданында 4 үлгідегі үйлердің

бірыңғай сәулет стилінде 55 кредиттік жеке

үйр құрылысы жалғастырылды. Соның ішінде

18 жеке тұрғын үйдің 36 пәтері бойынша

жұмыстар аяқталды.

ТҰРҒЫН

ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ

ШАРУАШЫЛЫҚ

2019 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік

бағдарламасы аясында орталық жылу пункттерін

жаңғыртуға 923,7 млн. теңге бағытталды.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі

бағдарламасы» шеңберінде сумен жабдықтау

және су бұру жүйесін дамытуға 9,5 млрд.

теңге бөлінді. Ауылдық елді мекендерде

сумен жабдықтау және су бұру жүйесін

дамытуға – 16,4 млрд. теңге.

Қалаларда орталықтандырылған сумен

қамтамасыз ету 93,0%-ды және су бұру

87,0%-ды құрайды. 2019 жылы 34,9 шақырым

сумен жабдықтау желілерін және 31,9 шақырым

су бұру желілерін салу мен қайта жаңарту

жұмыстары орындалды.

2019 жылы жалпы сомасы 13 млрд.

теңгеге ауылдық сумен жабдықтаудың

52 жобасын (халық саны 48 мың адам) салу

мен қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.

39 жоба бойынша жұмыстар аяқталды.

АЕМ-нің орталықтандырылған сумен жабдықтауға

қол жеткізу көрсеткіші 29,7%-дан 40,1%-ға

дейін ұлғайды (сапалы ауызсумен қосымша

36 мың адам қамтамасыз етілді).

ТҮКШ және әлеуметтік сала объектілерінде

қуаты 100 Гкал/сағ дейінгі 23 қазандық

жабдығын күрделі жөндеу және ауыстыру

орындалды.

Облыстың электр станциялары мен

энергия беруші ұйымдарында негізгі энергия

үнемдеуді қайта жаңарту және жаңғырту

ж ү р г і з і л е д і . « Е Э К » А Қ - д а қ у а т ы 3 2 5 М В т

№5 энергоблок желіге қосылған, бұл электр

станциясының белгіленген қуатын 25 МВт-қа

ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Кәсіпорын қаражаты есебінен 2155,0

шақырым электрмен жабдықтау желілеріне

және 743 қосалқы станцияға күрделі жөндеу

жүргізілді.

АБАТТАНДЫРУ

2019 жылы 342 балалар ойын алаңдарын

жөндеу және жайластыру, 59 спорт алаңшалары

жайластырылды, 339 аула ішіндегі аумақтар

абаттандырылды.

Сондай-ақ 48 абаттандыру және 215

саябақ пен гүл бағын күтіп-ұстау жұмыстары

орындалды, 270,4 мың ағаш отырғызылды.

Санитарлық жағдайды сақтау үшін елді

мекендер аумағын тазалау жұмыстары орындалды,

рұқсатсыз 105 қоқыс орны жойылды.

КӨЛІКТІК-

ЛОГИСТИКАЛЫҚ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында

жүк айналымы 35,4 млрд. ткм (100,7%)

құрады. 1,2 млрд. жолаушы тасымалданды

(100,3%), жолаушылар айналымы 0,1%-ға

артты.

59 облысішілік, 58 қалалық және

33 ауданішілік бағдардан тұратын жолаушылар

бағдарлық желісі жұмыс істейді.

Бұдан басқа, 9 облысаралық және

12 халықаралық бағдар жұмыс істейді.

Облыстың барлық ауылдық елді мекендері

тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтылған.

38 әлеуметтік маңызы бар ауданішілік сызбаларды

субсидиялауға 2019 жылы облыс

қалалары мен аудандарының бюджеттерінен

809,8 млн. теңге игерілді.

2019 жылы жол-көлік инфрақұрылымын

дамытуға 59,4 млрд. теңге бағытталды,

облыстық және республикалық маңызы

бар жолдардың 681,5 шақырымы жөнделді.

45 жол учаскесі жөнделді.

Жалпы, 2019 жыл ішінде жақсы және

қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль

жолдарының үлесі 82,6%-ға жетті.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы

аясында 2019 жылы реконструкциялау

бойынша 5 жоба, орта жөндеу шеңберінде

24 жоба, жолдарды күрделі жөндеу шеңберінде

2 жоба іске асырылды.

Ұзындығы 92 шақырым автожолдың

2 учаскесі пайдалануға берілді, соның ішінде

Н ұ р - С ұ л т а н - П а в л о д а р у ч а с к е с і б о й ы н ш а

46 шақырым, Павлодар-Семей учаскесі

бойынша 46 шақырым.

Азаматтық авиация саласында 2019

жылы Павлодар қ. аэропортымен 434,8

тонна жүк және пошта жіберілді. Жіберілген

жолаушылардың саны 117,9 мың адамды

құрады.

Су көлігі саласында «Павлодар өзен

порты» АҚ 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан

ішінде 636,4 мың тонна көлемде жүк әкелді,

бұл 2018 жылдың көлемінен 63,6%-ға көп.

БЮДЖЕТ

2019 жылы мемлекеттік бюджетке 298,2

млрд. теңге салық және басқа да міндетті

төлемдер түсті немесе 2019 жылдың жоспарына

100,9%, республикалық бюджетке 176,8

млрд. теңге (жоспарға 100,3%), жергілікті

бюджетке 121,4 млрд. теңге (101,7%) аударылды.

Облыс бюджетінің шығындары 270,0

млрд. теңгеге немесе 99,8% орындалды.

Облыста 4-ші деңгейдегі бюджетті жаппай

енгізу жұмысы аяқталды. 2020 жылдың

1 қаңтарынан бастап барлығы 126 ауылдық

бюджет дербес болды. Олардың бекітілген

жалпы көлемі 9,5 млрд. теңгені құрады. ЖӨБ

органдарының өз кірістерімен қамтамасыз

етілуі – 2,3% немесе 216,2 млн. теңгені

құрады.

ИНФЛЯЦИЯ

2019 жылдың қорытындысы бойынша

инфляция деңгейі 105,5% құрады (ҚР –

105,4%).

Азық-түлік тауарларының бағасы орта

есеппен 9,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар -

4,4%-ға, ақылы қызметтер 1,8%-ға өсті.

Статистикалық деректерге сәйкес әлеуметтік

маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы

іс жүзінде барлық тауар топтары бойынша

орташа республикалық деңгейден төмен

сақталуда.

2020 жылдың 1 қаңтарына облыста республика

бойынша 1-сұрыпты ұнға, тұздалмаған

сары майға, картопқа, сәбізге ең төмен баға

белгіленді. 93 «әлеуметтік» дүкен жұмыс

істейді.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

және бағаны тұрақтандыру мақсатында 2019

жылы 616 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

өткізілді, 2,2 млрд. теңгеге өнім сатылды.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ

ҚОРҒАУ

2019 жылы табиғат қорғау іс-шараларын

іске асыруға облыстық бюджеттен 1514,42 млн.

теңге бағытталды. Ірі өнеркәсіп кәсіпорындары

14,1 млрд. теңге сомасына табиғат қорғау

іс-шараларын жүргізді.

Ертіс өзеніне көктемгі су жіберудің жыл

сайынғы мониторингі жүргізілді. Сонымен

қатар, Шідерті өзеніне жыл сайынғы өтемдік

су жіберу жүргізілді.

Сынаптың қозғалысын бақылау және Ертіс

өзенінің су объектілерінің сынаппен ластануын

болдырмау үшін Павлодар қаласының

Солтүстік өнеркәсіптік аймағында бақылау

ұңғымаларын ұлғайту жұмыстары жүргізілді.

Павлодар облысы экология департаментінің

(ГАНК-4) зертханасын толық жабдықтау үшін

зертханалық жабдықтар сатып алынды. Аспап

өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфералық

ауасының сапасын жедел талдауды жүргізуге

және жедел бақылауды жүзеге асыруға

мүмкіндік береді.

Баянауыл ауданының Біржанкөл және

Торайғыр көлдеріне тұқының биылғы шабақтарын

жіберу (172 мың дана) жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік орман қоры аумағында 30,4

га алқапта орман дақылдарын көктемгі

отырғызу жүргізілді. Көктемгі және күзгі

отырғызу, «Экосағат» жалпыреспубликалық

акциясы барысында облыс аумағында

80 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды.

Баянауыл ауданының елді мекендерін

тасқын судан қорғау үшін Ащысу өзенінің

түбін тереңдету және тазарту бойынша

жобаны іске асыру аяқталды. Жобаны іске

асыру 13 ауылдық елді мекенді су басудың

алдын алуға, сондай-ақ жайылма суару

мен жем-шөп қорын су басу жағдайын

жақсартуға мүмкіндік береді.

ӘЛЕУМЕТТІК

ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2019 жылы 3129 аз қамтылған отбасына

жалпы сомасы 52,2 млн. теңгеге тұрғын

үй көмегі көрсетілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен

жалпы сомасы 4696,7 млн. теңгеге 45,4 мың

адам қамтылды. 2019 жылдың сәуірінен

бастап Павлодар облысының халықты

жұмыспен қамту орталықтары және ауылдық

округтерінің әкімдері жаңа тетік бойынша

атаулы әлеуметтік көмекке өтініштер қабылдады.

Жыл қорытындысы бойынша 39,9 мың аз

қамтылған азамат көмек алды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 1552

жұмыссыз, жастар тәжірибесіне 876 оқу

орнының түлектері жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік жағынан осал 10,3 мыңнан

астам азаматқа жалпы сомасы 83,1 млн.

теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

2019 жылы мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды

оңалтуға 782,4 млн. теңге жіберілді. Бөлінген

қаражатқа мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың

70%-дан астамы сурдо-тифлотехникалық

құралдар, протездік-ортопедиялық құралдар,

кресло-арбалар, санитарлық-курорттық

сауықтыру және басқаларын алды. Ағымдағы

жылға мүгедек тұлғаларды оңалту бойынша

бағдарламаларды қаржыландыру тәртіппен

екі есеге өсті (1182,0 млн. теңге), бұл 90%

мұқтаж адамдарды әлеуметтік қызметтермен

және оңалту құралдардарымен қамтамасыз

етуге мүмкіндік берді.

Жалғасы 6-бетте


6 4 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл ТЕЗИС

SARYARQA SAMALY

Павлодар облысының әкімі Ә.Б.Сқақовтың

2020 жылғы 14 ақпандағы облыс халқы алдындағы

есептік кездесуіне арналған баяндама тезистері

Басы 4,5-беттерде

БІЛІМ БЕРУ

Білім беру жүйесіне 357 жалпы білім

беретін мектеп (109,0 мыңнан астам оқушы),

44 техникалық және кәсіптік білім беру

мекемелері кіреді. Апаттық және үш ауысымды

мектеп жоқ.

2019 жылғы бірыңғай ұлттық тестілеуге

2764 түлек қатысты, бұл 77,1%-ды құрады

(2018 ж. – 69,5%).

Мектептердің компьютерлік паркі 21,0 мың

бірлікті құрайды. Жалпы, облыс бойынша бір

компьютерге 5,2 оқушыдан келеді. Облыстың

барлық мектептері кең жолақты интернетке

қол жеткізе алады.

Облыс бойынша оқулықтармен және

оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз

ету 100%-ды құрайды.

2019 жылы 34 білім беру объектісіне

күрделі жөндеу жүргізілді.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын

ұйымдастыру мен дамытуды қамтамасыз

ету үшін облыста 74 қосымша білім беру

ұйымы, 12 қала сыртындағы жазғы лагерь

жұмыс істейді.

Техникалық және кәсіптік білім беру

ұйымдарының білім алушылар контингенті

20,0 мыңнан астам адамды құрады, соның

ішінде колледждердің 14,0 мың студенті

82 мамандық бойынша тегін білім алады.

«Серпін - 2050» жобасы бойынша облыстың

жеті колледжінде республиканың оңтүстік

өңірлерінен 400-ден астам студент оқиды.

2019 жылы 135 адам оқуды аяқтады.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде

394 мектепке дейінгі ұйым (40,4 мың бала)

жұмыс істейді, соның ішінде 155 балабақша

және 239 шағын орталық.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту

82,0%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды

қамту 100%-ды құрайды.

2019 жылы Екібастұз қаласында 700

орынға арналған отын-энергетика саласы

үшін техникалық және қызмет көрсету

кадрларын даярлау және қайта даярлау

жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталықтың

құрылысы аяқталды. Павлодар қаласындағы

Жоғары электроника және коммуникация

колледжімен Ақсу қара металлургия

колледжінде әрқайсысы 200 орынға арналған

2 жатақхана пайдалануға берілді. Павлодар

мемлекеттік педагогикалық университетінің

167 орынға арналған жатақхана ғимараты

қайта жаңартылды.

Келесі жаңа объектілер: Солнечный

кентінде 420 орындық мектеп, Екібастұз

қаласында 2 балабақша, Железин ауданының

Жаңажұлдыз ауылында шағын орталық,

Железин ауданының Железинка ауылында

«Шабыт» балалар өнер мектебі, Павлодар

қаласында 150 орындық «Лингва» жеке

бастауыш мектебі ашылды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Облыстың денсаулық сақтау желісінде 330

медициналық ұйым бар, онда 2617 дәрігер

мен 6603 орта медициналық қызметкер

жұмыс істейді.

2019 жылы облыста 11390 сәби дүниеге

келді, туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда

15,1-ді құрады.

Жалпы, облыс бойынша туберкулезбен

сырқаттанушылық көрсеткішінің 4,1%-ға (100

мың тұрғынға 45,0) төмендегені байқалады.

2019 жылдың желтоқсанында Павлодар

қаласында 200 орындық облыстық онкологиялық

диспансер және ауысымына 100 адам

қабылдайтын емхана пайдалануға берілді.

МӘДЕНИЕТ

2019 жылы Павлодар қаласының ауылдық

аймағының Кенжекөл ауылында мәдениет үйі,

Железнодорожный кентінде және Жаңаауыл

ауылында ауылдық клубтар салынды.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша

Железин ауданы Железинка ауылындағы

аудандық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу

жүргізілді.

2019 жыл ішінде облыстың мәдениет

мекемелері 10 мыңнан астам іс-шара өткізді.

2019 жылғы барынша маңызды мәдени

іс-шаралар:

«Ertis» мультимедиялық мұражай кешенінің

ашылуы;

«Ertis Promenade» сахнасында 500 мыңнан

астам адам қамтылған шамамен 50 түрлі

шара өткізілді.

Академик Қаныш Сәтбаевтың 120

жылдығы және күйші Рүстембек Омаровтың

100 жылдығына арналған мерекелік күндер

аталып өтті;

Облыс мұражайлары 4370 экскурсия,

1299 дәріс өткізді, 649 көрме ұйымдастырды,

1134 жаңа экспонат алды. Келушілер саны

232,4 мың адамды құрады.

Облыс театрлары 385 спектакль қойды,

соның ішінде 79,2 мың көрерменді қамтыған

13 премьера.

Кітапханалардың компьютерлік паркі 672

бірлікті құрайды, 124 кітапхана интернет

желісіне қосылған. 2020 жылғы 1 қаңтардағы

жағдай бойынша облыс бойынша кітапханалар

қызметін 425,7 мың оқырман пайдаланды.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

ЖӘНЕ СПОРТ

Облыстың спорт объектілері мен

ғимараттары желісіне барлық меншік түрінің

3573 бірлігі кіреді, соның ішінде ауылда –

1974. 2019 жылы облыс бойынша 54 жаңа

спорт объектісі пайдалануға берілді.

22 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде

24813 балалар мен жасөспірімдер шұғылданады.

2019 жылы Қазақстан Республикасының

16 халықаралық дәрежедегі спорт шебері

және 69 спорт шебері дайындалды.

Облыс спортшылары Халықаралық және

Республикалық жарыстарда 1958 медаль

(529 алтын, 653 күміс, 776 қола) жеңіп алды.

Облыста кәсіби спорт клубтары табысты

жұмыс істеуде, олар Қазақстан Республикасының

чемпионаттарында тұрақты түрде жетекші

орындарды иеленеді.

«Ертіс» әйелдер баскетбол клубы 2018-

2019 жылдардың маусымында Қазақстан

Республикасы Кубогының күміс медальдарын

жеңіп алды.

«Ертіс» волейбол клубы 2018-2019

жылдардың маусымында 2019 жылғы әйелдер

командалары арасында Қазақстан Республикасы

Кубогының күміс медальдары мен

Чемпионаттың қола медальдарын жеңіп алды.

«Ертіс» футбол клубы футбол маусымын

Премьер-Лига командалары арасында

Қазақстан Республикасы Чемпионатында

сегізінші орынмен аяқтады.

Облыста барлығы 210,0 мың адамды

қамтитын 1,5 мыңнан астам спорттық-бұқаралық

іс-шаралар өткізілді. Дене шынықтырумен

және спортпен шұғылданатындардың саны

231,0 мыңнан астам адамды немесе облыс

халқының жалпы санының 30,7%-ын құрады.

Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік

аймағында олимпиада резервін дайындау

орталығының, жабық мұз аренасының

құрылысы жүргізілуде.

2019 жылғы 13 желтоқсанда Павлодар

қаласының солтүстік өнеркәсіп аймағында

демеушілік қаражат есебінен салынған жабық

футбол манежі ашылды.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Облыста 14-29 жас аралығындағы жастар

саны 152,1 мың адамды құрайды (облыс

халқының жалпы санынан 20,2%), соның

ішінде 104,5 мың адам қалаларда, 47,6 мың

адам ауылда тұрады (жастардың жалпы

санынан 31,3%).

Жастар жылы аясында «Жас кәсіпкер»

жобасы бойынша 851 адам кәсіпкерлік

негіздеріне оқуға жіберілді. Облыс бойынша

200 АЕК мөлшерінде бизнес ашу үшін 1168

грант берілді.

«Жас шебер» жобасы аясында 1040 адам

өз бизнесін ашты.

2019 жылы алғаш рет 10,0 млн. теңге

жалпы жүлде қорымен 10 номинация бойынша

«Ертіс дарыны» жастар сыйлығы бекітілді.

Өңірде республикалық ауқымдағы: «Жастар

керуені», «Stud Cump 2019» жазғы лагері,

«Нетворкинг және жастар ұйымдарының

тәжірибе алмасуы» және т.б. бірқатар іс-шара

өткізілді.

2019 жылы 425 жұмыс берушімен бекітілген

келісім-шарт бойынша 876 оқу орындарының

түлектері үшін жастар практикасы ұйымдастырылды,

369 адам әлеуметтік жұмыс орындарына

жұмысқа орналастырылды.

«Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы

бойынша аудандарға 429 жас маман келді,

соның ішінде 286 адам 100 АЕК көлемінде

көтерме жәрдемақы алды. Ауылдық жерлерде

тұрғын үй сатып алуға 248 кредит берілді.

2019 жылы барлығы 80 мыңнан астам

адамды қамтумен 300-ден астам іс-шара

ұйымдастырылды және өткізілді.

ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС

2019 жылы ішкі істер органдары жүргізген

жедел-алдын алу іс-шараларының қорытындысы

бойынша қылмыстылық деңгейі 22,9%-ға

төмендеді, тіркелген қылмыстар саны 7972-ні

құрады.

Аса ауыр қылмыстардың ашылуы 90,7%-

дан 90,9%-ға дейін артты.

Өңір жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз

ету бойынша қабылданып жатқан шаралар

2019 жылы жол-көлік оқиғаларының санын

8,2%–ға, онда жарақаттанғандар санын

2,9%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ

ЖАҒДАЙ

Суреттер газет мұрағатынан алынды.

Облыста 797 ҮЕҰ жұмыс істейді, 400-ге

жуық азаматтық сектордың өкілдері өз

қызметін белсенді жүзеге асырады.

Этносаралық, тілдік және діни қатынастарды

сақтау және нығайту үшін 24 облыстық

этномәдени бірлестіктің қызметі қамтамасыз

етілуде.

Облыстық, қалалық және аудандық

қоғамдық кеңестер, Қоғамдық келісім кеңесі,

ақсақалдар кеңестері, қоғамдық бірлестіктердің

қатысуымен жастар кеңестері жұмыс істейді.

Жыл сайын Павлодар облысының үкіметтік

емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау шеңберінде

ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызды жобаларының

конкурстары өткізіліп тұрады.

2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс

шеңберінде 152 әлеуметтік-маңызды жоба

іске асырылды.

17 облыстық кәсіподақ, 1295 бастауыш

кәсіподақ ұйымдарының қызметі белсенді

жүзеге асырылуда.

Облыста Қазақстан Республикасында

тіркелген саяси партиялардың: «Nur Otan»

партиясының, Қазақстанның «Ақ жол»

демократиялық партиясының, Қазақстанның

коммунистік халық партиясының, «Бірлік»

партиясының, «Ауыл» халықтық-демократиялық

патриоттық партиясының, Жалпыұлттық социалдемократиялық

партиясының 6 облыстық

филиалы жұмыс істейді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске

асыру және ілгерілету шеңберінде Павлодар

облысында 720 мыңнан астам адамды жалпы

қамтумен 3000-ға жуық іс-шара өткізілді.

Облыста әртүрлі меншік нысанындағы

90 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген.


SARYARQA SAMALY

Орындалған

игі арман

Неміс ақыны Фридрих Шиллер «Бармағыңнан бал

тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан»

деген екен. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Балшекер

Рахымжанова - осы нақылды бойына сіңірген жан.

Шынашақтайынан ине-жіппен, қайшымен, матамен

дос болған оған өнер әжесінен дарыған. Қанмен

берілген дүниенің тек жатпайтыны анық. Ол - өмір

ағынымен қол үзіп қалған тігіншілікті араға 56 жыл

салып, қайта жаңғыртып отыр.

Қазақ халқы баласын қаршадайынан

еңбек етуге үйретеді. Ұлы

мен қызына ерте бастан тері илеуді,

тігін тігуді, аңшылық пен саятшылықты,

ат баптауды, қолөнермен

айналысуды кең көлемде үйретуінің

өзі тегін емес. «Әке көрген оқ жонар,

шеше көрген тон пішер» дейтін

дана халқымыз аталған дүниелерге

атакәсіп ретінде қарағаны белгілі.

Балшекер Ғабдулқызының да шыққан

ортасы мен өскен отбасы дәл

солай болған.

- Ес білгеннен көргеніміз

ата-әжеміздің қолөнермен айналысуы

еді. Менің бүгінгі кәсібім

ата-бабамыздан жалғасып келе

жатыр десем, қателеспеймін. Олай

дейтінім, менің әжем Қайша он

саусағынан өнер тамған шебер

адам болған. Ал сіңлісі Қадиша

қозының, түлкі, қарсақ, қоянның

терісінің иін қандырып илегеннен

кейін одан ішік, қолғап, бешпет,

малақайлардың түрін тігетін еді.

Жақында М.Катаев атындағы

Оқушылар сарайында

аталмыш ауқымды шараның

облыстық кезеңі өтті. Оған

Павлодар, Екібастұз қалалары

мен Тереңкөл, Успен, Павлодар

аудандарындағы балалар үйлерінен

барлығы 35 тәрбиеленуші

қатысып, вокал, хореография,

мюзикл бағыттары бойынша

бақ сынады. Қатысушылар

өз өнерлерін ортаға салды.

Бірі мың бұрала би биледі,

енді бірі тақырыпқа байланысты

мюзикл ұсынды.

Атап өтерлігі, өзге ұлт

өкілдерінің балалары мемлекеттік

тілде әуелете ән шырқап,

көрермен қошеметіне бөленді.

Фестивальдің облыстық

кезеңінде өнер көрсеткен

«Азалия», «Асылым», «Шабыт»,

«Маска» атты театрландырылған

өнер ұжымдары, «Ай көркем»,

«Грация», «Just dance»

би топтары және басқа да

шығармашылық ұжымдардың

өнерін тамашалаған қауым

өз ризашылықтарын білдірді.

Фестиваль қорытындысы

бойынша бас жүлдені Тереңкөл

ауданындағы балалар үйінің

«Шабыт» ұжымы жеңіп алды.

Ал вокал бағыты бойынша

І орынды кіші топтар арасында

Тереңкөл ауданынан келген

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Нұржайна ШОДЫР

Бұл салада оның алдына түсетін

адам болмаған. Маған осы өнер

әжемнен дарыды. Бала күнімнен

көріп өскенім - осы кәсіп. Әжемнің

қолынан қайшысы мен инесі түскен

емес. Әлі есімде, 7 жасымда

алғаш рет анама арнап көйлек

тіктім. Себебі, менің анам ісмерлік

әлемінен алыс адам еді. Кейін

мектепке бардық, жоғары оқу

орнына түстік, тұрмысқа шықтық,

әйтеуір, өмірдің ағынымен бұл

өнерімді шыңдай алмай, бала

кезімде үйренгеніммен қалып

қойдым, - дейді Балшекер Рахымжанова.

Зейнеткерлік жасқа дейін есепші

мамандығы бойынша қызмет еткен

Балшекер 20 жылдай «Арман»

ШҚ-ның ісін дөңгелетіп келген. Осы

уақыт ішінде тек арқылы берілген

қолөнерден қол үзіп қалғанына

өкініп, қайтадан жалғастыруды

арман етіп келгенін айтады.

- Бала күнімнен бойыма сіңірген

ФЕСТИВАЛЬ

Өнерлі өрендер

бақ сынады

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған

өнерлі балаларға қолдау көрсету мақсатында

«Қазақстан – менің алтын бесігім!» атты

екінші республикалық жас таланттар фестивалі

ұйымдастырылмақ.

Евгений Доценко, ІІ орынды

өңірлік қиын жағдайға тап болған

балаларды қолдау орталығының

тәрбиеленушісі

Милена Евдокименко, ересектер

арасында І орынды

Успен ауданынан келген

Айгүл Акрамова, ІІ орынды

Павлодар қаласындағы отбасылық

үлгідегі балалар

ауылының тәрбиеленушісі Егор

Ногаев иеленді. Хореография

бағыты бойынша І орынды

Тереңкөлдің «Ай көркем» тобы,

ІІ орынды Кенжекөл балалар

ауылының намысын қорғаған

«Just dance» би тобы еншіледі.

Сондай-ақ, мюзикл бағыты

бойынша І орынды Екібастұз

қаласындағы қиын жағдайға

тап болған балаларды қолдау

орталығының «Маска» тобы,

ІІ орынды Кенжекөл балалар

ауылының «Асылым» ұжымы

алды. Барлық жүлделі орын

иегерлері арнайы дипломдармен

марапатталып, бағалы

сыйлықтарға ие болды.

Ал бас жүлдені жеңіп алған

тереңкөлдік «Шабыт» ұжымы

осы жылдың наурыз айында

Алматы қаласында өтетін

республикалық «Қазақстан –

менің алтын бесігім!» фестивалінде

облыс намысын қорғайтын

болады.

МЕЗГІЛ 4 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл 7

ата кәсіпті әрі қарай жалғап, осы

салада жүре берген болсам, менің

бағындырар биігім көп болар еді

деп ойлаймын. Өкінішке қарай,

56 жылдан кейін әжемнің аманатын

іске асырып отырмын. Бір таң

қалғаным, қанмен берілген қасиетті

жою мүмкін емес екен. Бұған дейін

менің сіңлім Мира осы бағытта

жүрді. Былтырдан бастап мен осы

қатарға қосылып, екеуіміз бірігіп,

нартәуекел деп іске кірістік, -

дейді шебер.

Ұзақ жылғы үзілістен кейін

ине-жібін қолына қайта алған

Балшекер Ғабдулқызы әр

жұмысымның сапалы әрі ұлттық

болмысымызға сай болғанын

қалаймын дейді. Мәселен, бір

көрпешік пен жастықты оюлап,

көмкеріп тігу үшін 1 апта уақыт

жұмсалатынын айтады. Бұдан

бөлек, ұлттық киімдердің де түрін

тігетін ісмер кейбір әріптестерінің

жұмысына көңілі толмайтынын

жасырып қалмады.

- Қазір елімізде қолөнер

бұйымдарын жасайтын адамдар

саны жыл өткен сайын артып келеді.

Бірақ істеген жұмыстарын көрген

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ

музыка-драма театрының 2020 жылғы ақпан айына арналған

Р Е П Е Р Т У А Р Ы

5 ақпан, сәрсенбі 16:00

Е.Құшуақтов «Қызыл алма»

/комедия/

7 ақпан, жұма

12.00 Н.К.Тұрлыбек «Ұрланған жаңа жыл»

13:00

/ертегі/

9 ақпан, жексенбі 17:00

А.Ихсан «Соңғы мамонт»

/пьеса - фантазия/

12 ақпан, сәрсенбі 18:30

С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»

/комедия/

16-17 ақпан,

жексенбі,

дүйсенбі

Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы

қазақ музыкалық драма театрының гастрольдік

сапары

14 ақпан, жұма

18:30 К.Гольдони «Венециялық егіздер»

/муз.комедия/

19 ақпан, сәрсенбі

18:30 М.Қасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай»

/комедия/

21 ақпан, жұма

Успен ауданына гастрольдік сапар. Н.Альдо

«Күзгі оқиға» /трагикомедия/

27 ақпан, бейсенбі 12:00 Ертегі

28 ақпан, жұма 12:00 Ертегі

Суретті түсірген - автор.

Театр басшысы - А.ТЕМІРБЕК.

Театрдың көркемдік жетекшісі - Е.ЖУАСБЕК.

Бас режиссер - Ә.АҚАНОВ.

Мекенжайымыз: Павлодар қ., Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09, 87753682271,

teatrpavlodar.kz онлайн билет - Тicketon Events.

66-15-40

ÆÀÐÍÀÌÀ

66-15-42

кезде шынымен де «қарным ашады».

Әсіресе оюларды кез келген жерге

жапсыра беретіндері қынжылтады.

Қазақ халқында әр оюдың өзіндік

орны мен мағынасы бар. Ал бүгінгі

тігіншілер ою жапсырсақ болды деп

ойлайтын тәрізді. Бұл - ұлтымыз

үшін үлкен қасірет, - дейді кейіпкер.

Маталарға ерекше талғаммен

қараймыз деген тігінші Балшекер

оларды Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы

қалаларынан арнайы әкелетінін айтады.

Мұнда таза мақтадан жасалған дайын

көрпешіктердің бағасы 24 мың теңгеден

басталады. Ертіс-Баян өңірінен бөлек,

еліміздің өзге өңірлерінен де тапсырыстар

алып тұрады. Тіпті, әпкелісіңлілі

шеберлердің қолынан шыққан

көрпешіктер Германия еліне де сый

ретінде жіберілген екен.

Бала күнгі арманын іске асырған

шебер жеке ісін дамыту үшін мемлекеттен

қолдау таппай отырғанын

алға тартады. Облыс орталығындағы

сауда үйінен аядай бөлмені жалға

алып отырған әпкелі-сіңлілілер алдағы

уақытта бизнесті қолдау мақсатында

берілетін мемлекеттік бағдарламалардың

біріне ілініп қалармыз

деген үмітте.

Ас беріледі

Асқар таудай ардақты

әкеміз, адал жар, қимас

аға, іні Қуанов Бейсембай

Сейітқанұлының дүниеден

мезгілсіз озғанына 1 жыл

толады. Ардақты әкемізді

сағына еске алып, «жатқан

жері жарық, жаны жаннатта

болсын» деп дұға бағыштаймыз.

Марқұмға арналған ас 2020 жылдың 8 ақпан

күні сағат 11.00-де Ақтоғай ауданы «Жандарбек

қожа» мешітінде беріледі.

(76)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 10048 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 204

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 4 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА – 31 ЖЫЛ

Майдандастар рухына

тағзым

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ

Павлодар қаласында

Ауған соғысы ардагерлері

арасында волейболдан

республикалық турнир

өтті. Осымен 5-рет

ұйымдастырылған

жарыста бесінші рет

қатарынан Шығыс

Қазақстан облысының

командасы жеңімпаз

атанды.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген

150 шақты ардагер ең әуелі ауған соғысы

ардагерлеріне арналған саябақтағы

мемориалдық кешенде болып, марқұм

майдандастарының рухына тағзым етті.

Шараға Павлодар қаласының әкімі Қайрат

Нүкенов қатысып, волейбол турнирі жастарды

патриоттыққа тәрбиелеудің жарқын үлгісі

екенін атап өтті.

Жарысқа 12 команда қатысты. Үш топтан

үздік шыққандар турнирдің жүлдесіне

таласуға мүмкіндік алды. Қатысушыларды

әңгімеге тартқанымызда, Шығыс Қазақстан

облысы қатысқан жарыста алтыннан үміт

күтпейтіндерін жасырмады. Шынымен

де, өскемендіктердің ойын өрнегі кәсіби

12 шаһар төрінде...

Оралхан ҚОЖАНОВ

Атап айтсақ, 12 маусым-12 шілде аралығында

кездесулер Лондон (Англия), Баку

(Әзербайжан), Мюнхен (Германия), Рим

(Италия), Санкт-Петербург (Ресей), Амстердам

(Голландия), Бильбао (Испания), Бухарест

(Румыния), Будапешт (Венгрия), Копенгаген

(Дания), Дублин (Ирландия) және Глазго

(Шотландия) қалаларында ұйымдастырылады.

Мұндай шешім дағдарысқа байланысты

қолға алынғанын атап өткен жөн. Яғни,

футбол мамандары ауыртпашылықты һәм

Биыл Токио Олимпиадасымен қатар, төрткүл

дүниенің назары футболдан өтетін Еуропа

чемпионатына ауады. Бұған дейін турнир

1 немесе 2 мемлекеттің аумағында өткізіліп

келсе, бұл жолы құрамалар Еуропаның

12 қаласында бақ сынайды.

жауапкершілікті бір елге артып қою дұрыс

емес деп есептейді. Бірақ биылғы дода

«акция» ретінде ұйымдастырылмақ. 2024

жылғы Еуропа чемпионаты бұрынғы ереже

бойынша өткізіледі.

Әзірге жүлдеге таласатын 20 команда

белгілі. Қалған 4 команда 26-31 наурыз

аралығында өтетін іріктеу кездесулерде

анықталады.

A тобы: Түркия, Италия, Уэльс,

Швейцария.

B тобы: Дания, Финляндия , Бельгия,

Ресей.

C тобы: Голландия, Украина,

Австрия және Грузия, Белорусь,

командалардан кем емес. Жасы 50-ден

асқан ардагерлер жоғары шеберліктерін

дәлелдеп, чемпион атанды. Екінші орынға

Нұр-Сұлтан қаласының командасы тұрақтаса,

үздік үштікті Алматы қаласының ардагерлері

түйіндеді. Павлодарлықтар 4-орынды місе

тұтты.

Нұр-Сұлтан командасының ойыншысы

Жарқын Бейсенов ауған соғысы ардагерлерінің

мәртебесін бекіту керектігін айтады.

- Ауған соғысы ардагерлері ретінде

ай сайын жәрдемақы аламыз. Қалалық

автобустарда жол жүру ақысы тегін. Бірақ,

мұндай жеңілдік елордалықтарға ғана

бұйырған. Бұл ретте, өңірлерде Ауған соғысы

ардагерлерін қолдау ісін мықтап қолға алған

жөн. Қаншама сарбаздар елге оралып,

денсаулығына байланысты көз жұмды. Сол

себепті, ардагерлерге шипажайға жолдама

беру, пәтер мәселесін шешу және басқа

да қамқорлықты таныту артық етпейді, -

дейді Ж.Бейсенов.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Ауған

соғысы майданына 22 мыңға жуық

қазақстандық аттанған. Павлодар өңірінен

барған 36 адам отбасына қайта оралмады.

Майдан шебінде ерлік көрсеткен 269

жерлесіміз түрлі ордендермен және

медальдармен марапатталса, 26 павлодарлық

«Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері

атанды.

Суреттерді түсірген - Әлібек Жиенәлинов.

Македония, Косово құрамаларының бірі.

D тобы: Англия, Хорватия, Чехия және

Шотландия, Израиль, Норвегия, Сербия,

құрамаларының бірі.

E тобы: Испания, Швеция, Польша

және Босния және Герцеговина, Солтүстік

Ирландия, Словакия, Ирландия

құрамаларының бірі.

F тобы: Португалия, Франция, Германия

және Венгрия, Болгария, Исландия,

Румыния құрамаларының бірі.

ҮШІНШІ СӨЗ

Жалғасы. Басы газетіміздің

1 ақпан, сенбі күнгі санында.

Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес,

кісі білер» деген мақал шықты.

Оның мәнісі: «ісіңнің түзулігінен

жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалылығынан

жетерсің» деген сөз.

Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі

жылы «Сені біз сайламадық па?» деп

елдің бұлданғандығымен күні өтеді.

Екінші жылы кандидатпенен аңдысып

күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға

жақындап қалып, тағы болыс болып

қалуға болар ма екен деп күні өтеді.

Енді несі қалды? Осы қазақ халқының

осындай бұзықшылыққа тартып,

жылдан жылға төмендеп бара

жатқанын көрген соң, менің ойыма

келеді: Халықтың болыстыққа

сайлаймын деген кісісі пәлен қадәрлі

орысша образование алған кісі болсын.

Егер де орталарында ондай кісісі жоқ

болса, яки бар болса да сайламаса,

уезный начальник пенен военный

губернатордың назначениесімен болады

десе, бұл халыққа бек пайдалы болар

еді. Оның себебі: әуелі - қызметқұмар

қазақ балаларына образование беруге ол

да - пайдалы іс, екінші - назначениемен

болған болыстар халыққа міндетті

болмас еді, ұлықтарға міндетті

болар еді.

Уә және назначение қылғанда

тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса,

өтірік арыз берушілер азаяр еді,

бәлки жоғалар еді. Уә және әрбір болыс

елде старшина басы бір би сайланғандық,

бұл халыққа көп залал

болғандығы көрініп, сыналып білінді.

Бұл билік деген біздің қазақ

ішінде әрбір сайланған кісінің

қолынан келмейді. Бұған бұрынғы

«Қасым ханның қасқа жолын,

Есім ханның ескі жолын», Әз Тәуке

ханның Күлтөбенің басындағы күнде

кеңес болғанда «Жеті жарғысын»

білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің

қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп,

бұл жаңа заманға келіспейтұғын

болса, оның орнына татымды

толық билік шығарып, төлеу

саларға жарарлық кісі болса керек

еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.

Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген

адамдар айтыпты: «Би екеу болса,

дау төртеу болады» деп. Оның

мәнісі - тақ болмаса, жұп билер

таласып, дау көбейте береді дегенмен

айтылған сөз. Өйтіп би

көбейткенше, әрбір болыс елден

толымды-білімді үш-ақ кісі билікке

жыл кесілмей сайланса, олар түссе,

жаманшылығы әшкере білінгендікпенен

түссе, әйтпесе түспесе.

Ол билерге даугер адамдар қалмай,

екеуі екі кісіні билікке таңдап алып,

үстіне біреуді посредникке сайлап

алып, біте берсе; егер оған да

ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш

бидің біреуін алып, яки жеребемен

сайлап алып жүгінсе, сонда дау ұзамай,

бітім болар еді.

1891

More magazines by this user
Similar magazines