29.02.2020 Views

29 ақпан, 2020 жыл №24 (15494)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

29 ақпан, сенбі

2020 жыл

№24 (15494)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

Ризамыз,

қазақ халқы!

1 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Нақпа-нақ

Қазақстанда биыл

22,5

млн.

га аумаққа ауыл

шаруашылығы

дақылдары

егіледі

Заңсыз

қызметке –

тосқауыл

БИЛІК

Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев ломбардтар

мәселесін шешуді тапсырды.

Бұл туралы Президент құқық

қорғау құрылымдары мен

қаржы нарығын қадағалайтын

және мониторингілейтін

мемлекеттік органдар басшыларымен

өткізген кеңесте

айтты.

1937 жылы басталған кеңестік зобалаңның салдарынан 17 ұлттың

1,5 млн. адамы өзінің тарихи Отанынан еріксіз жер аударылғаны

тарихтан белгілі. Оларды осынау қиын шақта бауырына басып, бір

үзім нанын бөліп беріп, ажалдан арашалап қалған - қазақ халқының

кең пейілі. Содан бері ұлан-байтақ Қазақстан даласын мекен еткен

түрлі этнос өкілдері халқымызбен бірге жасап келеді.

Талбесік:

Алғыс айту күніне арналған арнайы материалдарды 4-5-беттерден оқыңыздар.

АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ АЛҒЫСЫН АРҚАЛАҒАН

Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

Кеңтүбек ауылының тұрғыны Қылышбек Дарабаевқа ауылдастары дән риза. Тұрғындарға

қажетті бизнес орындарын дамытып отырған кәсіпкердің жоспары көп. Осыдан 15 жыл

бұрын ауылда «Сенім» кафесі ашылып, тұрғындардың бір жыртығы жамалды деуге

болады.

Толығырақ 9-бетте

Жиында ел азаматтарына айтарлықтай

материалдық шығын келтірген қаржынесие

ұйымдарының заңсыз қызметіне

тосқауыл қоюға байланысты мәселе

қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев

қоғамда наразылық тудырған жағдайды

егжей-тегжейлі тексеруді, азаматтардың

құқықтарының бұзылуына жол бермеу

үшін шаралар қабылдауды және

кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды.

Айта кетейік, соңғы аптада Атырау,

Павлодар, Ақтау, ШҚО, Тараз және

Қарағандыдағы «Гарант-24 Ломбард» ЖШС

аймақтық филиалдарының басшылары

алаяқтығы үшін ұсталып, Алматыда «Асар

Отау» тұрғын үй кооперативінің салымшылары

200 миллион теңге шығынға

батып, алданып қалды. Қазіргі таңда

құқық қорғау органдарына «Гарант 24

Ломбард», «ESTATE Ломбард» ЖШС-не

және «Нурали Капитал», «Выгодный

займ» микрокредиттік ұйымдарының

иелері азаматтардың жылжымалы және

жылжымайтын мүліктерін, ақшалай

қаражаттарын заңсыз иемденіп алу

әрекеттеріне қатысты арыздар түсуде.

Аталған ұйымдармен 42 мың келісімшартқа

отырған 6 мыңнан аса азамат жүгінген.

Мемлекет басшысы болашақта мұндай

жағдайға жол бермеу керектігін және

халықтың қаржылық сауаттылығын

арттыру жұмыстарының маңыздылығын

атап өтті.

Қ РБ а сп р о к у р атурасы азаматтарға

кіріс көзі дәлелденбеген, қомақты

қаражатқа қол жеткізуді уәде еткен

күмәнді ұйымдарға қаражаттарын

сеніп тапсырмауға шақырды.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 29 ақпан, сенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Бөле-жараБ

Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір

аптаның аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер

балапанды апта сайын санайды. Осы

жеті күнде жер бетіндегі тіршіліктен көңілге

оғаш, көзге ерекше көрінгені жетерлік. Есірікке

де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде, дөңгеленген

он сегіз мың ғаламда біз куә болған, бөле-жара

айтар оқиғалар қайсы?

Токио Олимпиадасына

қауіп төнді

Қытайданпайда болған коронавирус бүгінде

38 елге таралып, 80 мыңнан астам адамға жұқты.

Қазіргі кезде індет өршіп тұрған елдердің қатарында

Аспанасты елінен бөлек, Оңтүстік Корея, Жапония,

Италия және Иран қатарлы мемлекеттер бар.

COVID-19 атауын алған коронавирустің кесірінен

талай спорттық жарыстар кейінге шегеріліп жатыр.

Қауіпті індеттің таралуы Еуропа футболына да

келіп жетті. Сонымен қатар жеңіл атлетикадан

жабық кешендегі әлем чемпионаты мен Формула–1

жарысының Қытай Гран-приі тоқтатылды. Енді төрт

жылда бір келетін жазғы олимпиада ойындары

да өтпей қалуы мүмкін. Себебі індет жер-жаһанға

тарауда. Сондықтан мұндай ауқымды іс-шараларды

ұйымдастыру қауіпті. Токио олимпиадасына қатысты

мәлімдемені халықаралық олимпиада комитетінің

мүшесі Ричард Паунд айтты. Бүкіләлемдік допингке

қарсы күрес агенттігін басқарған маманның сөзінше,

олимпиадаға қатысты соңғы шешім мамыр айында

белгілі болады. Ұйымдастырушылар осы уақытта

олимпиада қалашығы мен қаланың қауіпсіздігін

тексеріп, дайындық барысын бағалайды. Жапония

астанасындағы жаһандық сайыс 24 шілде мен

9 тамыз аралығында өтеді. Бұған дейін халықаралық

олимпиада комитеті коронавирус індеті ойындарды

өткізуге кедергі келтірмейді деп мәлімдеген болатын.

Атап өтерлігі, Лондон мэріне үміткер Шон Бэйли

қажет болса биылғы жазғы олимпиаданы Ұлыбритания

астанасы өзінде өткізе алады деп айтқан еді. Ресми

Токио бұл мәлімдеменің еш қисыны жоқ деп айыптады.

Британдық саясаткердің коронавирус арқылы

жағдайды саяси мақсатта пайдалануы орынсыз

деп санайды.

Тексеруге қауқарсыз...

Былтыр 27 триллион теңге елімізден шетелге

заңсыз шығарылған. Бұл қаржы операцияларының

басым бөлігі екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге

асырылған. Қаржының 80 пайызы бес мемлекетке

жіберіліпті. Олар: Ұлыбритания, Ресей, Қытай,

Италия және АҚШ. Ағылшындар елі мен көрші

орыс мемлекетіне 10 триллион теңге аударылған.

ҚР Қаржы министрлігі ақшаны триллиондап шетел

асырып жатқан азаматтардың немесе компаниялардың

атын атаған жоқ. Дей тұрғанмен, ақша аударымдарын

жай ғана тіркеп қоймай, арнайы бақылауға

алынады деп сендірді. Ол үшін Қаржы мониторингі

комитетінің бірыңғай ақпараттық-сараптамалық

базасы бар екен. Барлық күдікті хабарлама сонда

жинақталады. Комитет төрағасының орынбасары

Ғабит Лесбековтің сөзінше, операциялар ақша

жымқыру немесе терроризмді қаржыландыруға

байланысты күдікке ілінсе, ақпарат Бас прокуратурамен

әрі қарай бақылауға алынып, қудалау үшін

құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Елді алдап ақша жинаған да, билікті алдап

ақша жымқырған да қаражатты шетелге шығарудың

сан алуан түрін біледі, дейді комитеттегілер. Олар

қолданыстағы заңды айналып өтудің барлық тетігін

жақсы меңгерген. Осы күні түрлі мобильді аударымдарды,

онлайн әмияндарды пайдаланып, миллиардтарды

шетел асырып жүргендер жиі кездесуде.

Алайда біздің органдар олармен алысуға қауқарсыз.

Себебі, аударымдарын тексере алмайды.

Бостандықтың құны

қанша?

Өзбекстанда Ислам Каримовтің қамауда отырған

қызы Гүлнара Каримова мемлекетке өзіне қозғалған

қылмыстық істі жабу үшін 686 миллион доллар

ұсынды. Ол өтініш хатын елдің қазіргі президенті

Шавкат Мирзияевке жолдаған. Хатында денсаулығы

нашарлап бара жатқанын, балаларын көп жыл бойы

көрмегенін жазған. Отбасы мен денсаулығын сақтау

үшін барлық қаржыдан бас тартуға дайын екенін

жеткізіп, істі жапса, «686 миллион долларды мемлекет

пайдасына беремін» депті.

Өзбекстан Жоғарғы соты 8 қаңтарда Г.Каримоваға

қатысты жаңа іс қозғады. Ол бойынша «мемлекетке

тиесілі екі цемент зауытының акциясын сатып алды

және оны кейін шетелдік бизнесмендерге сатты»

деген айып тағылған. 47 жастағы айыпталушы ақша

жымқыру күдігіне ілінген соң, Швеция мен Швейцарияда

да оған қатысты тексеру жүруде.

Апта Апта оқиғаларын бөле-жара сөз сөз еткен - -

Мұрат АЯҒАНОВ.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту

және архив ісі басқармасының басшысы

Ернұр Дәуенов кеңейтілген мәжіліс барысында

атап өткендей, тілдерді дамыту

мен қолданудың 2011-2019 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы

аймақта сәтті жүзеге асты. Төрт бағыт

бойынша барлық индикатор орындалып,

мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі

87,1 пайызға, ағылшын тілін білетіндер

саны 24,3 пайызға, үш тілде емін-еркін

сөйлейтін тұрғындар қатары 22,2 пайызға

жетті.

Әйтсе де, мемлекеттік тілге қатысты

түйткілдер әлі де бар. Сол себепті қазақ

тілін тегін оқытатын курстар жұмыс істеп,

соңғы үш жылда 35410 адам білім алды.

БИЛІК ЖӘНЕ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕ

Дәрігерлер жетпейді

Павлодар облысындағы емдеу мекемелерінде дәрігерлер аз. Әсіресе, ауылдық жерлерде ақ

желеңділердің жетіспеушілігі айтарлықтай байқалады. Жас мамандарды елді мекендерге

тарту үшін қайтпек керек? Түрлі аурудың алдын алу жолында қандай шараларды қолға

алған дұрыс?

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Бұл мәселе облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген

мәжілісте қаралды. Облыстық денсаулық

сақтау басқармасы басшысының міндетін

атқарушы Гүлнәр Жармакина 2016-

2019 жылдарға арналған «Денсаулық»

мемлекеттік бағдарламасы аясында

атқарылған шараларды баяндап, алдағы

уақытқа жоспарланған істермен, саладағы

түйткілді мәселелермен бөлісті.

«Денсаулық» бағдарламасында қарастырылған

38 көрсеткіштің 34-і орындалғанымен,

күрмеулі мәселелер де жоқ

емес. Бұл ретте аймақта дәрігерлердің

тапшылығына баса мән берілді.

- Төрт индикатордың орындалмауының

бірден-бір себебі - дәрігерлердің жетіспеуі.

Атап айтқанда, мемлекеттік емдеу

мекемелеріне 16, ал жеке медициналық

ұйымдарға 7 жалпы практика дәрігері

қажет. Белгілі бір бағытқа ғана маманданған

40 дәрігердің орны бос тұр. Оған қоса,

зейнет жасындағы және жақында құрметті

демалысқа шығатын ақ желеңділерді

есепке алсақ, барлығы 142 дәрігер

керек, - деді Г.Жармакина.

Өткен жылы медициналық жоғары оқу

орындарының 205 түлегі облыстағы емдеу

мекемелерінде еңбек жолын бастағанымен,

бұл дәрігерлерге деген сұранысты

толығымен өтемей отыр. Себебі, ауылдық

аймақтарда жастардың барлығына бірдей

баспана қарастырылмаған. Сондықтан

қалаларға қоныс аударуға тура келеді.

Гүлнар Жармакина бұл мәселені шешу үшін

ауылдық жерлерде қызметке орналасқан

жас дәрігерлерге 1,5 млн. теңге, қаладағы

ақ желеңділерге 1 млн. теңге көлемінде

көтермеақы беруді ұсынды. Осы орайда

облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов алдымен

баспана жағдайына баса назар аудару

қажеттігін айтты.

- Жас дәрігерлерді елді мекендерге

тартудың негізгі тетіктері - баспана

мен әлеуметтік пакет. Тиісті жағдайдың

барлығы жасалмаса, ауылға кім барады?

Тұрғындардың денсаулығына жергілікті

билік өкілдері жауап беретіндіктен,

аудан-қала әкімдері дәрігерлерді үймен

қамтамасыз ету мәселесін ойластыруы

тиіс, - деді Ә.Сқақов.

Тұрғындардың денсаулығы жұмыс

берушілердің де назарында болуы тиіс

екені айтылды. Яғни, әр мекеме, кәсіпорын

басшылығы қызметкерлерді медициналық

тексерістен, скринингтен өткізуге мән

беруі керек. Бірақ, басшылардың барлығы

бірдей бұған бейілді емес көрінеді. Тіпті,

олардың қатарында бюджеттік мекемелер

бар. Осыны ескерген аймақ басшысы

қызметкерлерінің скринингтен өтуіне

құлықсыз ұйымдардың тізімін әзірлеп,

талдау жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы бастапқы

медициналық көмек пен науқастарға

станционарлық қызмет көрсету арасында

байланыстың жоқтығын сынға алды.

Сырқат дер кезінде анықталмай,

уақытылы емделмеуі салдарынан облыста

онкологиялық, қан айналым жүйесі

аурулары мен улану салдарынан көз

жұмғандар қатары азаймай тұр. Осы

орайда Павлодар ауданында суррогатты

алкоголь өнімдерінен уланып, өмірмен

қоштасқандар саны 40 пайызға өскені

алаңдатпай қоймайды. Аудан әкімі

Жанат Шұғаев мұндай өнімдер заңсыз

әрі жасырын сатылатындықтан, сатушыларды

тауып, жазаға тарту айтарлықтай

қиындық тудырып отырғанын алға тартты.

«Тұрғындар сол сауда нүктелерін бес

саусағындай білген тұста әкімдік пен

құқық қорғаушылардың таба алмауы

қисынға келмейді» деп қайырды Ә.Сқақов.

Жиынды түйіндей келе аймақ басшысы

жауапты сала мен аудан-қала басшыларына

бірқатар тапсырма берді. Олардың

қатарында туберкулезге шалдыққандарға

ай сайын берілетін әлеуметтік төлемді

12 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін

жеткізу, жас дәрігерлерді баспанамен

қамту, алыстағы ауылдарда дәріханалар

ашуға қатысты мәселелер бар.

Ең бастысы - қызығушылық

Бүгінде облыс тұрғындарының 87,1 пайызы мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Жыл соңына

дейін бұл көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Десе де, мемлекеттік

тілді білетін азаматтардың күнделікті өмірде қазақ тілінде сөйлемеу мәселесі әлі де өзекті

тұр. Бұл олқылықты жою үшін жаңа жобалар жүзеге асырылмақ.

Салық кодексінің 71-тарауына өзгерістер жалпыға бірдей

декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы

1 қаңтарға ауыстыру және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшу көзделген.

Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға

бірдей декларациялау шеңберіндегі декларацияны:

жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың

жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар

мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген

адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан

Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы

банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы»,

Бірақ мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар

қатарын 90 пайызға дейін арттыру үшін

бұл да аздық етеді. Сондықтан алдағы

уақытта латын әліпбиі негізінде қазақ тілін

жаңғырту, мемлекеттік тілдің этносаралық

қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту,

азаматтардың тілдік капиталын дамыту

бағытында ауқымды істер атқарылмақ.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бұған

дейінгі жобалармен шектеліп қалмай,

тілді үйретуде креативті идеялардың

да қолданылуы керектігін айтты. Ернұр

Дәуеновтің айтуынша, биылдан бастап

тың жобалар қолға алынады.

- Мәселен, «Тіл күнтізбесі»

жасалып, әр күнге жеке тапсырма

беріледі. «Стикер» жобасының аясында

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

көрнекілік құралдарындағы қателер

түзетіледі. Сонымен қатар, 30-ға жуық

мотивациялық кездесу ұйымдастырып,

тіл жанашырларының еңбегін бағалауға

баса мән беріледі, - деді Е.Дәуенов.

Өз кезегінде аймақ басшысы ауданқала

әкімдеріне де бірқатар тапсырма

берді.

- Тіл үйрену - қомақты қаржыны

талап етпейтін іс. Ол үшін жергілікті

биліктің ұйымдастырушылық қабілеті мен

тұрғындардың қызығушылығы болуы тиіс.

Бүгінгі жаһандану заманында мемлекеттік

тілді еркін меңгерген, үш тілді жетік

білетін азаматтардың озатынын ұмытпау

керек, - деп түйіндеді Ә.Сқақов.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының

заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген

адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік

мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ

квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың

жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды

тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың

жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың

қалған санаттары декларация тапсырады.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік

кірістер департаменті. (2029).


SARYARQA SAMALY

АЙНА 29 ақпан, сенбі, 2020 жыл 3

Ірі инвестициялық

жобалар қажет

ӨҢІР

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов ауылдарды

сумен қамту мәселесін 2021 жылдың соңына

дейін шешу керектігін айтты. Он ауданның

әкімдерін қабылдап, ауылдық аймақтардың

сумен қамтылу мәселесін екі жылдың ішінде

шешуді талап етті.

Павлодар облысының

әкімі Әбілқайыр Сқақов

облыс орталығы,

Екібастұз және

Ақсу қалаларының

әкімдерін қабылдады.

Шаһар басшылары

қалалардың

әлеуметтік-экономикалық

дамуы туралы

есеп беріп, жүзеге

асырылып жатқан

инвестициялық

жобалар туралы баяндады.

Ақсу қаласындағы инвестициялық

жобалардың басым бөлігі агроөнеркәсіптік

кешенге тиесілі. Қала

әкімі Балғабай Ыбыраевтың айтуынша,

қала мен оның ауылдық

аймағында 600 және 1200 бас қара

малға арналған екі тауарлы сүт

фермасын, 10 мың басқа арналған

құс фермасын және үш көкөніс

қоймасын іске қосу жоспарланып

отыр. Осы жобалар бойынша

тартылған инвестициялардың

жалпы көлемі 7 млрд. теңгеден

астам соманы құрайды.

Екібастұз қаласының әкімі Ержан

Иманзайыпов 2020 жылы кеншілер

шаһарында алты ірі инвестициялық

жоба жүзеге асырылатынын айтты.

Олардың ең ірісі – инвестициялар

Қауіптілеріне –

қатаң қадағалау

Мұндай мәліметті индустриялық

даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік

департаменті басшысының орынбасары

Данияр Андасов өңірлік

коммуникациялар қызметінде өткен

брифингте айтты. Аталмыш мекеме

қауіпті техникалық құрылғылар

қолданылатын кәсіпорындарды

қадағалайды. Аймағымызда мұндай

санатқа жататын 146 кәсіпорын

бар. Оларда шамамен 15 мыңға

жуық қауіпті қондырғылар жұмыс

істеп тұр.

Былтыр мамандар өнеркәсіптік

кәсіпорындарда айрықша тәртіп

бойынша 58 және алдын алу

мақсатында 30 тексеріс өткізген.

752 қауіпті өндірістік объектіні

тексеріпті. Айта кету керек,

департамент қызметкерлері

кәсіпорындарда тозығы жеткен

жабдықтардың уақытылы ауыстырылуын

қадағалайды. Мәселен,

былтыр мұндай 199 шара жоспарланыпты.

Бірақ кәсіпорындар оның

145-ін орындаған. Қалғанының орындалмау

себебін өнеркәсіптердің

басшылығы жабдықтарға тапсырыс

ӨНЕРКӘСІП

Былтыр облысымыздағы өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілген тексерулер

барысында қауіпсіздікке қатысты 1103 кемшілік анықталған. Жалпы сомасы

10 млн. теңгеден асатын 71 әкімшілік айыппұл салынған. Оның 61-і заңды

тұлғаларға қолданылған шара болса, 4-еуі - жеке тұлғаға шығарылған шешім.

Тағы 7 іс сотқа жіберіліп, кінәлілер айыппұл төлеген.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

көлемі 10 млрд. теңгені құрайтын

қызанақ өсіретін жылыжай кешені.

Осы жобаның нәтижесінде 450 жаңа

жұмыс орны құрылмақ. Сонымен

бірге, қалада наубайхана салынып,

Құдайкөл мен Тай ауылдарында

үш ет фермасы, Қоянды ауылында

ет-сүт фермасы іске қосылады.

Осы алты жобаға 345 млн. теңге

инвестиция тартылады.

Павлодар қаласының әкімі

Қайрат Нүкеновтің айтуынша, облыс

орталығында 32 инвестициялық

жоба жүзеге асады. Олардың ішінде

жеңіл құймалы көлік дискілерін

сырлау (5 млрд. теңге), мұнай

қалдықтарын өңдеу (1,2 млрд

теңге) жобалары, өнеркәсіптік

беру және жеткізушіні таңдау сынды

рәсімдер көп уақыт алатынымен

байланыстырған. Сондықтан бұл

жұмыстарды «Қазақстан алюминийі»

АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты,

«ЕЭК» АҚ кәсіпорындары биыл

атқаруды межелеп қойыпты.

Сонымен қатар, аймақтың

өнеркәсіптерінде 49 оқиға, яғни,

жабдықтар жұмысының бұзылуы

тіркелген. Мұндай жағдайда

технологиялық жабдықтарды

шұғыл тоқтатуға тура келеді.

Мамандардың мәлімдеуінше, көбінде

қондырғыларда механикалық,

тотығудан тозу жағдайлары жиі орын

алады. Су-химиялық режимдерді

сақтамаудан осындай олқылықтар

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

белсендірілген көмір өндірісі

(1 млрд. теңге) және басқалары

бар. Жалпы алғанда қаланың негізгі

капиталына кем дегенде 148 млрд.

теңге инвестиция құйылады.

Барлық әкімдердің есебін

тыңдаған Әбілқайыр Сқақов

қалаларда инвестициялар тарту

жұмысын күшейтуді тапсырды.

– Сіздер қазір жұмыс істеп жатқан

кәсіпкерлермен әріптестік орнатып,

жаңа инвесторларды іздеулеріңіз

қажет. Бізге жаңа жұмыс орындарын

ашатын ірі инвестициялық

жобалар қажет, - деді Ә.Сқақов.

Кездесудің соңында аймақ

басшысы әкімдерге нақты тапсырмалар

берді.

тіркелетін көрінеді. Сондай-ақ, кейбір

жабдықтарды жөндеу, дәнекерлеу,

монтаждау жұмыстарын мердігер

компаниялардың сапасыз жүргізуі де

себеп болады. Өткен жылы мұндай

оқиғалар «Қазақстан алюминийі»

АҚ-ның жылу электр орталығында,

«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнайқұбыр

басқармасында, «Нефтехим

LTD», ПМХЗ, «Богатырь Көмір» және

«ЕЭК» АҚ-қа қарасты «Шығыс»

кенішінде орын алған.

Д.Андасовтың айтуынша, өткен

жылы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің

сақталмауынан бір апат орын

алған. Бұл жағдай «Технологиялық

желілер» ЖШС-інде тіркеліпті.

Фирмада индукциялық пештің

қаптамасында түзілген сызат

апатқа әкелген. Салдарынан бір

адамды күйік шалып, ұзақ уақыт ем

қабылдауға тура келген. Ал екінші

қызметкер дәрігердің тексеруінен

кейін үйіне жіберілген. Аталмыш апат

бойынша кәсіпорынның кінәсі толық

анықталыпты. Тергеу нәтижелеріне

қарап департамент атқарылуы

тиіс іс-шаралар жоспарын түзген.

Жоспардан тыс тексеру жүргізіп,

фирма кемшіліктерді жойғанға

дейін жұмысын тоқтатқан.

Екі жылда

шешілуі тиіс

Облыс әкімі аудан әкімдерінің әрқайсысын жеке қабылдады.

Аудан басшыларының көпшілігі ауылдарды орталықтандырылған

және жергілікті су көздерімен қамтамасыз етуді 2023-2024

жылдары аяқтауды жоспарлаған екен. Алайда Әбілқайыр

Сқақов бұл мерзімдермен келіспеді.

- Ел Президентінің әр ауылды жақын кезеңде сапалы

ауызсумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бар. Егер,

тиісті жобалау-сметалық құжаттамалар мен мердігер ұйымдар

әзір болса, жұмысты созбай, өтінім беріңіздер. Біз барлық

жобаны қолдайтын боламыз. Өңір бойынша ауылдарды сапалы

ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін 2021 жылдың соңына

дейін шешу керек, - деді аймақ басшысы.

Сонымен бірге, Әбілқайыр Сқақов әкімдерге инвестиция

тартумен өздерінің тікелей айналысуын тапсырды. Айтуынша,

Павлодар облысының әлеуеті жаңа инвестициялық, оның

ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды іске қосуға

әбден жетеді.

- Аудандарда ірі егістік алқаптары, жайылымдар, қайта өңдеу

нысандарын құру мүмкіндіктері бар. Сондықтан қазір жұмыс

істеп жатқан кәсіпкерлерді ынталандырып, жаңа инвесторларды

тартыңыздар. Жергілікті тұрғындардың әл-ауқаты мен

ауданның экономикалық көрсеткіштері сіздердің жұмыстарыңызға

тікелей байланысты, - деді аймақ басшысы.

Сонымен бірге, әкім ауыл тұрғындарының рухани дамуы

мен бос уақытын қамту мәселесін де ұмыт қалдыруға болмайтынын

айтты. Жергілікті басшылар ауыл тұрғындарының бос

уақыттарын қалай өткізетіні және ол үшін қандай жағдай

жасалғаны жайын естен шығармаулары қажет.

ЗЕЙНЕТАҚЫ

Ертіс-Баян өңірінде Бірыңғай жинақтаушы

зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жинақталған зейнетақысын

алмаған 9 мың зейнеткер іздестірілуде.

Аталған зейнеткерлердің есепшоттарында

484 миллион теңге сақтаулы тұр.

Әйелдер

59,5 жаста шығады

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз

жиынында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық

филиалының директоры Владимир Питраков мәлім етті.

- Бұл азаматтар жөнін мәліметтер бар. Қазір аталған тұрғындар

іздестірілуде. Олардың есепшоттарында 1 мың теңгеден бастап

1 миллион теңгеге дейін қаржы бар. Зейнетақысын алмай жүрген

тұрғындардың жинаған қаражаты ешқайда жоғалмайды. Тіпті,

есепшот иесі қайтыс болған жағдайда да ол зейнеткердің заңды

мұрагеріне беріледі, - дейді В.Питраков.

Спикердің айтуынша, 2019 жылы қор өңір тұрғындарына барлығы

11 млрд. теңге шамасында қаражат төлеген. Сақтандыру компаниясына

жалпы сомасы 10,9 млрд. теңгеден астам зейнетақы

төлемдері мен аударымдары жүргізілген. Оның ішінде зейнет

жасына толуына байланысты 2,8 млрд. теңге, шетелге тұру

үшін кеткендерге 5,8 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 1,5 млрд.

теңге төленген. Облыс бойынша салымшылардың жинақтаған

қаражатының жалпы сомасы 524 млн. теңгеге тең. «БЖЗҚ» АҚ

2019 жылы 314 мың қазақстандыққа 210 млрд. теңгеден астам

қаражат төлеген. Ай сайынғы орташа өтемақы 21 165 теңгені

құраса, ең үлкен ай сайынғы төлем 514 мың теңгеден асты.

Ал облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон басқармасының

басшысы Евгений Губарев әйелдердің зейнетке шығу

жасын ұлғайту Қазақстан көлемінде 2018 жылдан 2027 жылға

дейін жүргізілетінін айтты.

- Жыл сайын әйелдердің зейнет жасына жарты жыл қосылады.

Биыл нәзік жандылар 59,5 жаста зейнетке шығады. Әйелдердің

зейнет жасын ұлғайту дүниежүзілік тренд. Әйел адамдардың

жинақ зейнетақысы ерлерге қарағанда көбіне-көп кем болады.

Оған еңбек өтіліндегі үзілістер, жалақының төмендігі себеп.

Жоғарыда аталған реформа әйелдердің осы мүддесін қорғауды

көздейді, - дейді ол.

Айта кетелік, былтыр міндетті кәсіби зейнетақы салымдары

246,1 млрд. теңге болса, ерікті зейнетақы салымдар бойынша

1,9 млдр. теңгені құраған. Ал БЖЗҚ-ның салымшылары салған

таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 641,8 млдр. теңгені

құраған.


4 29 ақпан, сенбі, 2020 жыл ТҰРАҚТЫЛЫҚ

SARYARQA SAMALY

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

БІРЛІГІМІЗ - БЕКЕМ,

«Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» дейтін елдің ұрпағымыз. Елдегі тұрақтылық

пен ынтымақты сақтауда ұлан-ғайыр қазақ даласын мекен етіп отырған

130-дан астам ұлттың әрқайсысының өзіндік үлесі бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы

іргетасы берік, бейбітшілігі тұрақты рухани келісім мәдениетінің құтты

шаңырағына айналып отыр бүгінде. Бұл ретте Павлодар облыстық Қазақстан

халқы Ассамблеясы да елдегі маңызды істер атқаруға білек сыбана кірісіп, аймақтағы

80-нен астам этнос өкілдерінің басын біріктіріп, тұрақтылықтың туын биік

көтеруге мол үлес қосуда. Осы орайда облыстық Ассамблея хатшылығының

меңгерушісі Айнұр Сәрсенбаеваны әңгімеге тарттық.

Елдің берекесінде әр

этностың үлесі бар

- Айнұр Мақсұтқызы, әңгімеміздің

әлқиссасын Қазақстан халқы Ассамблеясының

(ҚХА) негізгі міндетінен бастасақ...

- ҚХА-ның басты міндеті - мемлекеттік

ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы

қоғамдық-саяси тұрақтылықты

қамтамасыз ету, мемлекеттік және

азаматтық қоғам институттарының этносаралық

қатынастар саласындағы өзара

іс-қимылының тиімділігін арттыру. Қазақстан

халқы Ассамблеясы – еліміздің Тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен

құрылған мекеме. Бүгінде Ассамблея

этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты

және халық бірлігін одан әрі нығайту

үшін қолайлы жағдай жасауға септігін

тигізіп отыр. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің

күш біріктіруін қамтамасыз етеді,

этномәдени орталықтардың, Қазақстан халқының

ұлттық мәдениеттерін, тілдері мен дәстүрлерінің

өркендеуін, сақталуын, және дамуын

қамтамасыз етеді. Жалпы, осы бағытта

атқарған жұмыстардың арқасында біздің

елімізде этносаралық және конфессияаралық

келісімнің бірегей моделі қалыптасты.

Сонымен қатар, әр азамат этникалық және

діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда

кепілдік берілген азаматтық құқықтары

мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай

ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсіністік

ахуалы пайда болды. Бұл – Елбасының

бүгінгі күнге дейін жасаған жақсылықтарының

бірі екенін баса айтуымыз керек.

- 1 наурыз - Алғыс айту күні. Өкінішке

қарай, бұл күннің мағынасын әлі де түсінбей

жүргендер бар сынды...

- Иә, Алғыс айту күнін тура мағынасында

түсініп, жастар арасында өзгеше насихаттап

жүргендер жетерлік. Бұл - қате ұғым.

Себебі, аталмыш күннің тарихы тереңде

жатыр. Егер ұрпағымызға жанымыз ашыса,

біз сол тарихтан бастап түсіндіруіміз керек.

Әуелі ҚХА құрылғаны күні ретінде тойланып

келген 1 наурызды Алғыс айту күніне өзгерту

идеясын Елбасы 2016 жылы 14 қаңтарда

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ

сессиясында мәлім еткені белгілі. Сол кезде

еліміздің тұңғыш Президенті «Қазақстан

халқы Ассамблеясы құрылған күн, яғни

1 наурызды жыл сайын барлық этностың

бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды

өз туғанындай қабылдаған қазақтарға

алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті

болар еді. Бұл күн бізді бұрынғыдан да

жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің,

бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне

деген достығы мен махаббатының жарқын

мерекесі бола алар еді», деген болатын.

Содан бері 5 жыл өтті. Уақыт өткен сайын

маңызы артып келеді. Депортацияға ұшырап,

қазақ жерін мекен етіп қалған әр ұлттың

өкілдері сол жылдары басынан өткерген

қиындықтарын ашық айта отырып, екінші

рет өмір сыйлаған қазақ еліне деген

ризашылығын білдіріп келеді. Осы

арқылы біз бүгінгі ұрпақтың

бойына мейірім ұялата келе,

бейбітшілік пен тұрақтылықтың

қадір-қасие-

тін ұғындыра аламыз. Сондықтан, Алғыс

айту күніне татулық пен келісім саясатының

символы ретінде қарауымыз керек. Бұл күннің

басты мақсаты – Қазақстан халқының

бірлігін нығайту, елдегі тұрақтылықты сақтау

екенін түсіндіру бізге міндет.

- Биылғы жыл сіздер үшін үлкен мереке.

Яғни, Қазақстан халқы Ассамблеясының

құрылғанына 25 жыл толып отыр.

Сіз басшылық етіп отырған ұжымның

бүгінгі бет алысы қалай?

- Қазіргі таңда өңірлік Қазастан халқы

Ассамблеясы елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті

сақтау жолында атқарып жатқан

жұмыстардың қатарына қайырымдылық

шараларын көптеп қосуды жөн көрді. Яғни,

биыл біз өзгелерге қол ұшын беріп, қайырымдылық

жасауды мықтап қолға алдық. ҚР

Президенті әкімшілігінің нұсқаулықтарына

сәйкес жыл бойы атқаратын істердің жоспарын

бекіттік. Жалпы, бұл іс- шаралар тек

Ассамблеяның құрылымдары мен этномәдени

бірлестіктерде ғана өткізілмейді. Онда

өңірдегі жоғары оқу орындары, колледждер

мен мектептер және кәсіпорындар кең көлемде

қамтылған. Яғни, осы мекемелерге арнайы

барып, атаулы даталар аясында түрлі

шаралар өткізу жоспарланған. Сонымен

қатар, биылғы Еріктілер жылына орай құрылған

Волонтер орталығының жұмысына да

көп көңіл бөліп отырмыз. Мұнда жалғызбасты,

көмекке мұқтаж қариялар мен азаматтарға

арналған түрлі акцияларымыз

бар. Этномәдени бірлестіктер кезек-кезегімен

мүмкіндігі шектеулі азаматтармен

жұмыс істейтін ұжымдарға арнайы барып,

концерттер қойып, Ассамблеяның мақсаты

мен міндеті туралы әңгімелесіп жүр. Бұдан

бөлек, ассамблеяда өткен жылы қолға алынған

ерекше жобаның бірі – «Бесік жыры».

Мұнда да өңірдегі 24 этномәдени бірлестіктің

басын біріктіріп, әр ұлттың ана тілінде

бесік жыры шырқалды. «Нұр-Ана-әлемі»

қоғамдық бірлестігі қолға алған тағы бір

тың бастама - «Сабатой» мерекесі. Жалпы,

Ертіс-Баян өңіріндегі барлық ұлт өкілдерінің

басын бір арнаға тоғыстырып отырған қара

шаңырақтың бет алысы, әсіресе, жастардың

мемлекеттік маңызы бар іс-шараларда белсенділік

танытып келе жатқаны бізді қуантады.

Этнос өкілдерінің қазақ тіліне деген құрметі

мен құштарлығының артқанын аңғарамыз.

- Биылғы жыл еліміз үшін айтулы

даталарға толы. Ассамблеяның құрылғанына

25 жыл толуынан өзге аталып

өтілетін атаулы мерекелерді этнос өкілдері

тойлай ма?

- Неге тойламайды? Әрине, тұтас қазақ

елі болып атап өтіп отырған Конституциямыздың

25, шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-

Фарабидің 1150, қазақтың бас ақыны Абай

атамыздың 175 жылдығы мен Ұлы Жеңістің

75 жылдық мерейтойын атап өтуді біз

қаңтар айында бастап кеткенбіз. «Нұр-Ана

әлемі» қоғамдық бірлестігі «Абай әлемі»

атты эстафеталық акцияны қолға алған

болатын. Мұнда ассамблея құрамындағы

24 этномәдени бірлестік Абай атамыздың

көпшілікке беймәлім бір қырын көрерменге

көрсетіп, ақынның өлеңдері мен әндерін

орындайды. Бұл шара қазан айына дейін

жалғасады. Бұдан бөлек, осыдан бірнеше

күн бұрын Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойына

орай жергілікті ғалымдар мен жастар

арасында дөңгелек үстел өткіздік. Бұл

бастама аудандарда жалғасын табатын

болады. Ал Жеңістің 75 жылдығы мен Ата

Заңымыздың 25 жылдық мерекесін атап

өтуге байланысты да бізде түрлі шаралар

жоспарланған. Елімізде болып жатқан кез

келген оқиға Ассамблеяның назарынан

тыс қалмайды.

- Жастармен көп жұмыс жасайтындарыңызды

тілге тиек еттіңіз. Жалпы,

ассамблея жанында «Жастар қозғалысы»

орталығы бар. Олардың міндеті

қандай?

- Жастар көп істе қозғаушы күш екенін

мойындауымыз керек. Олар болмаса біздің

істеріміздің бітуі екіталай. Әрбір өткізіп

отырған шарамыздың түп тамыры - жастарға

ой салу. Абай атамызға арналған челлендж,

Әбу Насыр әл-Фарабидің өміріне арналған

дөңгелек үстел болсын, барлық шараның

соңғы түйінінде айтылатын сөзіміз «бірлік

болмай, тірлік болмайды». Яғни, соңымыздан

еріп келе жатқан жас буынға елдегі тұрақтылықтың

маңызын құр сөзбен ғана емес,

нақты істермен көрсетсек, жемісті болатынына

көзіміз жетті.

Ассамблея құрамындағы «Жастар қозғалысы»

- біздегі әр істің қозғаушы күші.

Олардың жеке бастамасымен облыстық «Ertis»

телеарнасында «Этно кухня» жобасы қолға

алынды. Мұнда әр этностың жастары өз

халқының ұлттық тағамдарын әзірлеп, оның

шығу тарихымен таныстырып, ерекше бір

думан жасайды. Еріктілік істе де белсенділік

танытып жүрген жастарымыз аз емес. Мені

ерекше қуантатын жағдайдың бірі өзге ұлт

жастарының қазақ тілі мен мәдениетіне

деген құрметінің жоғары екені. Әркез білуге

құмартып тұрады. Республикалық «Мың

бала» жобасына қатысып, мемлекеттік тілді

меңгеріп шыққан қаншама жастарымыз бар.

Ассамблеяда қазақ тілін өзінің ана тілінен

кем меңгермеген өзге ұлт жастарының

қатары жыл санап артып келеді.

- Биыл қатарларыңызды этномәдени

орталықтар толықтырды ма?

- Жоқ, жаңа құраммен толықпаса да бізде

жұмысы тұралап қалған бірнеше этномәдени

бірлестіктері бар еді. Қазіргі таңда

оларға жаңа басшы тағайындалып, көшке

қосып жатырмыз. Олар қырғыз, грузин және

ұйғыр этномәдени орталықтары. Бұл бірлестікте

қоғамдық іске араласуға ниетті адамдар

бар, бірақ, соларға бағыт беретін

жетекші болмады. Қазір 3 орталық та өздерінің

шашырап кеткен құрамын жинап, жылдық

жоспарларын құрып, іс-шаралар ұйымдастыруды

қолға алып жатыр.

- Ал ауылдық жерлердегі этнос

өкілдерімен байланыстарыңыз қалай?

Олар назардан тыс қалып қойып жатқан

жоқ па?

- Өңірлік Ассамблеямен байланысымыз

өте жақсы. Жуырда Екібастұз шаһарында

болып, сол жақтағы әріптестерімізбен бірлесіп

керемет отырыстар ұйымдастырдық. Ол

жерде де жастарды жинап, еліміздің өзге

өңірлерінде болып жатқан келеңсіздіктерді

тілге тиек ете отырып, Тәуелсіз Қазақ елінің

тұтастығы мен бірлігі жастардың қолында

екенін айтамыз. Енді наурыздың 13 күні

Шарбақты ауданына барып, ауылдарын

аралап, кәсіпорындарында арнайы кездесулер

ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Одан кейін Ақтоғай ауданы күтіп отыр.

Әр ауданда Ассамблея күндері өтеді. Осы

ретте айта кететін тағы бір жаңалығымыз -

2016 жылдан бері ұйымдастырылмай қалған

бір тамаша жобамызды қайтадан жандандырып

жатырмыз. Ол Қазақстан халқының

этникалық фестивалі. Міне, осы жылдан

бастап осы шараны қайтадан қолға алып

отырмыз. Бұған да облыстағы қалалар

мен аудандар түгелдей қатысады.

- Қазір «Достық үйі» сырттан келген

кез келген мейманның ат басын бұрмай

кетпейтін қарашаңырағына айналды.

Жалпы, қонақтар өңірлік ассамблеяның

бүгінгі тынысымен танысқаннан кейінгі

әсерімен бөлісе ме?

- Иә, расымен де, біздің мекемеге

Елбасынан бастап, шет мемлекеттердің

консулдары қостап, талай даңқты адамдар

келді. Әр келген қонақтың жылы сөзі біздің

көңілімізді марқайтатыны рас. Мәселен,

жуырда ғана біздің өңірге келген Оңтүстік

Кореяның елшісі біздің жұмыстарымызбен

танысып болғаннан кейін былай деді:

«Достық үйіне» кіріп келгенде ерекше аураны

сезіндім. Мұнда түрі басқа болса да,

жүрегі бір түрлі ұлт өкілдерін көрдім. Олар

қазақ тілі мен мәдениетінен бөлек өзінің

түпкі тамырынан ажырамаған. Тілін, ділін,

мәдениетін біледі. Қазақстанды мекен етіп

отырған этнос өкілдерін өзінің ұлттық болмысынан

айырмаған Қазақ еліне мың рақмет!», -

дегені бар. Сондай-ақ, Грузия елшісі болса,

өз таңданысын былай жеткізген болатын.

«Біз Грузияда тұратын 3 ұлттың басын біріктіре

алмай отырмыз. Сіздерге қарап таңданып

әрі қызығып тұрмын», - деген болатын.

- Ертең - «Алғыс айту» күні. Жерлестеріңізді

айтулы мерекемен құттықтауыңызға

болады...

- Рақмет! Бұл күннің тарихы тереңде

жатыр. Ол басына нәубет төніп, тағдыр

тәлкегіне ұшыраған көптеген ұлт өкілдерін

тарихи Отанынан ажыратып қана қоймады.

Сондай қиын кезде тентіреп келген өзге

ұлтқа пана болып, қолындағы бір үзім нанын

бөліп берген қазақ еліне өз ризашылықтарын

білдіретін күн. Барша жерлестерімді

айтулы күнмен құттықтай отырып, ата-бабамыздан

аманат болып қалған Тәуелсіздігімізді

сақтап, жүректегі мейрім отын өшірмейік

дегім келеді.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY

ДОСТЫҚ 29 ақпан, сенбі, 2020 жыл 5

ТАҒДЫРЫМЫЗ - ОРТАҚ

«Бізді қазақтар құтқарды»

Қасіреті мен қайғысы ұштасқан жылдардағы зұлматтың куәгері

болғандар біздің облыста да жетерлік. Олар сол уақытта бастан

кешкендері мен қорқынышқа толы жылдардың ауыртпалығын

әлі де ұмытқан жоқ. Қабарда-балкар және қарашай-черкес этномәдени

бірлестігінің төрайымы Мария Байрамкулова анасының

ең жиі айтатын сөзін әрдайым есінде сақтауда. Ол - «бизни қазақлыла

сау қойғандыла». Яғни «Бізді қазақтар құтқарды».

Мария Байрамкулова «депортация жылдарында

мектеп жасына да толмаған бала

едім», - дейді.

- Ол кезді еске алу біз үшін өте ауыр.

Халқымыз үлкен азапты басынан өткерді.

Бізді Павлодар өңіріне түнде жеткізді. Мал

таситын вагондарда қыстың қытымыр аязында

аш-жалаңаш иен далаға әкеп, төгіп

кеткенде жанымызға арашашы болған -

Қазақ елі. Бізге қазақ азаматтары шана жеккен

аттарымен келіп, тамақтары бар, жылы

киімдерімен қарсы алып, өз үйлерінен орын

берді. Бір бөлмелі үйде тұрса, оның жартысын

бөліп, қуғынға ұшырағандарға берсе,

екі немесе одан көп бөлмелі үйлері барлар

әр бөлмеге бір отбасын кіргізіп алып жатты.

Таңертең ұйқыларынан тұра салып, көшеге

жиналған адамдардың ең бірінші іздегені

«мында каяла болмазла? корюнмейдиле»

яғни «мында тау бар ма? көрінбейді» десіпті.

Оны кейіннен анам есіне алып, күліп

отыратын, - дейді М.Байрамкулова.

Сұрапыл жылдардағы халық басына түскен

зобалаңды есіне алған Мария Алботқызы

көз алдында адамдардың аштықтан қалай

қырылғанын айтып берді.

- Менің әкем аштықтың бірінші күніндеақ

қаза болды. Содан кейінгі барлық ауыртпалық

анама түсті. Қайдан әкелетінін білмейміз,

бізді аман алып қалу үшін күндіз-түні

дала кезіп жүретін. Біздің отбасымызда

11 бала болды. Барлығымыз осы қиын

шақта аман қалдық. Анамның үнемі «бизни

қазақлыла сау қойғандыла» деп айтып

отырды. Оның аудармасы – «Бізді қазақтар

құтқарды». Әлі есімде адамдардың көбі

аштықтан қырылса, енді бір жартысы аурудан

көз жұмып жатты. Шешемнің жалғыз

сіңлісі бар болатын. Аяғы ауыр еді. Анам екеуі

ауруханадан келе жатқан жолда нағашы

әпкеміз аштық пен аурудың азабына шыдамай,

жолда қаза табады. Амалы құрыған анам

сіңлісін қыстың күні өзі жалғыз жерлейді.

Кейіннен ол жерді таппай қалды. Міне, осы

сияқты жол бойында қаптаған зираттар

көп еді. Тағы бір оқиға есіме түсіп отыр,

осы ашаршылық жылында Болгар ұлтынан

бір отбасы түгелдей аштықтан қырылғаны

есімізде. Әуелі әкесі, сосын шешесі, кейіннен

сол үйдің 7 қызы бірінен кейін бірі ажал

құшқанда күңіренбеген адам қалмады.

Осындайда анам: «біз Қазақстаннан басқа

жерге келгенімізде аштықтан өлетін едік»

деп айтып отыратын. Бұл сөзді аштықтан

аман қалған әр ұлттың айтатыны анық, -

дейді ол.

КЕРЕК ДЕРЕК:

• Қазақ жеріне 17 ұлттан 1,5 млн.

адам депортацияланған.

• 800 мыңға жуық неміс, 102 мың

поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ,

18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей

отбасылары қоныстанды.

• 1937 жылы кәрістер, 1942 жыл

ы не м іс те р, п ол я к т а р ж әне

украиндар, 1944 жылы шешендер

мен ингуштар күштеп көшірілді.

• Соғыс жылдарының басында

облыста 12207 поляк қоныстанған.

• 1944 жылы наурызда Павлодар

облысына 41 773 шешен мен ингуш

қоныстандырылды.

• 1944 жылы балкар халқы күшпен

Орта Азия және Қазақстанға жер

аударылды.

• Әскери солдаттар 37 мың 713 балкарды

шығыс батысқа жібереді.

Өткен ғасырдың 40-шы жылдарындағы

азапты есіне алған М.Байрамкулова қазақ

халқының алдында мәңгілік қарыздар екенін

жеткізді.

- Біздің отбасындағы 11 баланың аманесен

өсіп-өнуіне, білім алып, азамат болуына

ең әуелі себепкер болған - қазақ. Ұлттық

әдет-ғұрпымызды сақтап, ана тілімізді ұмытпауымызға

мүмкіндік берген де - көңілі дархан,

жүрегі кең қазақ елі. Біз қазақ халқына

мәңгі қарыздармыз! Маған, менің отбасыма,

өзге де қуғынға ұшырап, аштықтың азабын

көрген өзге ұлттың басына пана болған

Қазақстанның әр азаматына мың алғыс!

Ызғарлы қыстан соң шуақты көктемнің лебі жетті. Шаттық

пен қуаныштың, жылылық пен сағыныштың жаршысы

Наурыздың алғашқы күні Алғыс айту мерекесімен

басталды. Бұл - күнтізбемізге жаңадан қосылған жалпыхалықтық

мереке. Көпұлтты мемлекетіміздің ортақ мерекесі

болғандықтан, Алғыс айту күні бірлік пен татулықтың

нышаны болмақ.

Берекенің бастауы

Алғыс айту күніне орай Мәшһүр Жүсіп

мұражайында «Берекелі бірліктің бастауы»

тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Мерекелік шара Мәшһүр Жүсіп мұражайының

меңгерушісі Қажымұқан

Пазылұлының құттықтау сөзімен басталды.

Игі шараға Жаңажол ауылдық мәдениет

үйінің меңгерушісі Жұмкен Сейітов,

Мәшһүр Жүсіп атындағы орта мектептің

директоры Сәбит Кенжалин, Жаңажол

ауылдық округі әкімі аппаратының бас

маманы Қорлан Смағұлова қатысты.

Шара барысында мұражай қызметкерлері

Айгүл Әутаева Алғыс айту күні туралы

ақпарат берсе, осы тақырып аясында

Қуаныш Сәденов баяндама жасады.

Сонымен қатар, бұл күні тақырыптық

фотокөрме ұсынылды. «Дөңгелек

үстелге» арнайы шақырылған көрші

ауылдың тұрғыны, өзге ұлт өкілі Дмитрий

Карпанов қазақ халқына деген жүрекжарды

алғысын білдіріп, барша ауыл

тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Елбасының Алғыс айту күні

туралы айтқан идеясын бірауыздан

құптайтынын білдірді.

Алғыс айту күні – бейбітшілік пен

келісім саясатын айшықтайтын айтулы

мереке. Сенім мен құрметтің, тағзымның

белгісі. Туған ел мен жерге деген ыстық

ықыластың жалыны, бірегей-ліктің арқауы.

Еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты

бір шаңырақ астына топтастыратын

Қазақстан халқы Ассамблеясының

күні. Сондықтан бұл күн - барша

адамзаттың тарихқа тағзым етіп,

барына шүкіршілік ететін ризашылық

күні. Ең бастысы, патриотизм мен

достықтың көрінісі.

Әсет ПАЗЫЛОВ,

Мәшһүр Жүсіп мұражайы

қызметкері, Жаңажол ауылы,

Баянауыл ауданы.

Менің тілім

«Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің жанынан

құрылған «Келіндер» клубына орыс қызы

Наталья Покидова жетекшілік етеді. Ол - қазақ

тілін ғана емес, ұлттық салт-дәстүрімізді де өн

бойына сіңіре білген жан.

Наталья Сергейқызы - ел

жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеп,

қазақ халқының салты

мен дәстүрін дәріптеп жүрген

өзге ұлт өкілдерінің бірі. Түрі

басқа болса да, тілегі мен тілі

бір Н.Покидова 20 жылдан астам

уақытын педагогика саласына

арнаған. Орыс қызының қазақ

мектептерінде білім беруінің

өзі суын ішіп, ауасын жұтып

отырған туған жеріне деген

құрметі іспетті.

Мемлекеттік тілде еркін

көсілетін Наталья - бүгінде

қоғам белсендісі. «Нұр-Ана

әлемі» қоғамдық бірлестігінің

жанынан құрылған «Келіндер»

клубына жетекшілік ететін ол

қазақ тіліне деген құрметінің

мектеп кезінде қалыптасқанын

айтады.

- Менің отбасымдағы тәрбием

орысша болды. Яғни, ата-анам

бізді өз ұлтымызға тән әдетғұрыптарды

сақтай отырып

өсірді. Осыны білетін таныстарым

менің қалай қазақ тілі пәнінің

мұғалімі болып кеткеніме

таңданыспен қарайтын. Мектепте

оқып жүргенде қазақ тілі мені

ерекше қызықтыратын. Осыны

байқаған қазақ тілі пәнінің ұстазы

Балшекер Қызылбаева мені

өзіне тарта бастады. Сөйтіп,

өзім болашақта мұғалімімнің

жолын жалғастыруды армандадым

әрі ол орындалды, -

дейді Н.Покидова.

Бұдан кейін, мемлекеттік тілді

үйренуге ниетті өзге ұлттың

жастарын айналасына топтастырып,

бағыт-бағдар бере

білген Натальяның өзі тәрізді

шәкірттері жетерлік.

- Қазір менің айналама

жиналған жастардың жеткен

жетістіктері аз емес. Біз тек

мемлекеттік тілді үйреніп қоймай,

қазақ халқының салт-дәстүрлеріне

де ерекше қызығушылық танытамыз.

«Келіндер» клубында

да отбасылық құндылықтарды

насихаттап, артымыздан ерген

сіңлілерімізге үлгі болуға тырысып

келеміз, - дейді ол.

Қазақ жерін мекен еткен

әр ұлт үшін 1 наурыз - Алғыс

айту күнінің маңызы ерекше

деген Наталья «қазақ халқына

бір күн ғана алғыс айту жеткіліксіз.

Әлемді өзінің бірлігімен-ақ

мойындатқан осы елге ғұмыр

бойы қарыздармыз», - деп сөзін

түйіндеді.

Айқарманы әзірлеген –

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.


6

29 ақпан, сенбі, 2020 жыл БАҒЫТ

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары –

Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі:

SARYARQA SAMALY

Ынтымақ үшін ымыра маңызды

– Жансейіт Қансейітұлы, Жамбыл

облысындағы оқиға салдарын жою

жөніндегі Үкімет комиссиясының

құрамымен Қордай ауданында болып

қайттыңыз. Ел ішіне барып білгеніңізді,

көрген-түйгеніңізді өз аузыңыздан естісек...

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаевтың тапсырмасымен жергілікті

халықпен бірқатар кездесу ұйымдастырылып,

Қордай, Масанчи, Ауқатты, Сортөбе елді

мекендерінің жағдайымен таныстық. Екі

тарапты тыңдай келе, көпшіліктің ортақ

пікірінен кейін тұрмыстық жанжалдың

бірнеше себебі анықталды.

Біріншіден, дүнген этносының тығыз

қоныстануы, соған арқа сүйеген кейбір

өкілдерінің заң талаптарын белден басуы,

әлеуметтік теңсіздік пен ұсақ-түйектен

басталып, қалыпты жағдайға айналған

әділетсіздіктер жоғары шегіне жеткен.

Екіншіден, жергілікті атқарушы және кейбір

құқық қорғау органдарының тұрғындардың

арыз-шағымына құлақ аспауы, тиісті заң

талаптарының орындалмауы араздықтың

басталуына негізгі себеп болып отыр.

Үшіншіден, арандатушылық әрекеттер

мен үндеу ақпараттардың тарауы және

отқа май құя түсушілер жағдайды тіпті

ушықтырып жіберді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы,

Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы

Нұрсұлтан Назарбаев туындаған жағдайдың

себептерін мұқият зерттеп, кінәлілерді заң

талаптарына сәйкес жазалауды тапсыра

отырып: «Егер біз көпұлтты халқымызды

біріктіріп, тұрақтылықты қамтамасыз ете

алмасақ, бүгінде елімізге шетелдік инвестиция

келмей, экономика тұралап қалушы

еді. Әрине, мемлекеттік қызметкерлерге де

тиісті міндеттер жүктелген, бірақ бейбітшілік

пен келісімді сақтау, ең алдымен, біздің

халқымыздың міндеті», деп атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-

Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мемлекеттік

органдар қызметкерлерінің салғырттығы

салдарынан арандатушылар қантөгіс

жасады. Олар жазаланады», деп кінәлілер

анықталғаннан кейін ұлтына қарамай тегіс

жауапқа тартылатынын жеткізді. Қазір

тергеу жүргізілуде.

– Қазақстанның Тұңғыш Президентінің

Төрағалығымен өткен Қауіпсіздік

Кеңесінің отырысында Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаев мұндай жағдайларды

ушықтырмай, тұрақтылықты күшейтуді

тиісті құрылымдарға және Қазақстан

халқы Ассамблеясына тапсыра отырып,

алайда «Ассамблеяның өкілетті құқығы

жоқ» екенін айтты. ҚХА құзыреті немен

шектеледі?

– Тәуелсіздік жылдарында қоғамдық

келісімді қамтамасыз ету бойынша саясиқұқықтық,

институционалды-басқару

жүйесі қалыптасты, этносаралық қарымқатынастар

саласы бойынша нормативтіқұқықтық

негіз жасақталды. Мемлекеттік

басқару құрылымында этносаралық келісім

мәселелерімен Ақпарат және қоғамдық

даму министрлігі, әлеуметтік саладағы

министрліктер мен аймақтық әкімдіктер

айналысады.

1995 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың

бастамасымен құрылған Қазақстан халқы

Ассамблеясы Президент Әкімшілігі жанындағы

кеңесші орган ретінде қоғам-дағы келісім

мен татулықты сақтауды қамтамасыз

ету бойынша мемлекеттік органдарға

нақты ұсыныстарын жасап, этносаралық

қатынастарды реттеуге атсалысады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарына

көз жіберсек, қазақ халқының саны елу

пайыздан да төмен болды, халықтың бір

бөлігі тарихи отандарына қайтты. Сол уақытта

мыңға жуық этномәдени бірлестіктердің

күш-жігерін біріктіріп, жұмысын үйлестіру

үшін Ассамблея құру идеясы туындады.

25 жыл ішінде Ассамблея этностарды мәдени

алмасулар шеңберінде біріктірді, түрлі

мәдени-ағартушылық, танымдық шаралар

арқылы халықтар достығын дәріптеп,

негізгі міндетін атқарды. Бірде-бір этнос

оқшаулану стратегиясын таңдап, саяси

талаппен шыққан емес. Барлығы да ортақ

Отанымыз – Қазақстан, ортақ мақсат, бір

мемлекетке қызмет етеміз деп келеді.

Қазіргі күні демографиялық ахуал өзгерді,

қазақтың саны 70 пайызды құрап отыр.

Осы тұста Елбасының «Тарихымыз

бізді көпұлтты ел ретінде қалыптастырды.

Бұл біздің кемшілігіміз емес, керісінше

бізді томаға-тұйықтықтан сақтап тұратын

фактор. Солай болғандықтан, біз барлық

қазақстандықтарды біріктіретін ортақ ұғымның

төңірегінде топтасуымыз керек. Қазақстан

халықтары Ассамблеясын Қазақстан

халқы Асссамблеясы деп өзгерткенімізді

қоғам түсіністікпен қабылдап отыр ғой.

Бізде халық біреу – Қазақстан халқы.

Түптеп келгенде, біз осы идеологиялық

қадамның қазақтың ұлт ретінде әрі қарай

нығаюына, этностық топтар өкілдерінің

жай ғана қазақстандық тұрғын емес, ділі

,,

мен дүниетанымының қазақстандық рухта

қалыптасуына барынша ықпал ету жағын

басты нысана етіп алуымыз керек. Бұл жолда

қазақ халқының алдына өзге этностарға

өзінің рухани құндылықтарын сіңіре отырып,

тұтастай елдікті қалыптастыруға қатысты

тарихи рөл жүктелмек» деген сөзін назарға

алғым келеді.

Ендеше, мемлекеттің тұтастығы мен

қоғамның бірлігін сақтау, ұлттық идеологияны

қалыптастыру Ассамблеяның ғана

емес, Қазақстанды мекен еткен барлық

азаматтың қасиетті борышы болуы тиіс.

– Еліміздегі қоғамдық бірлік пен

этносаралық татулықты сақтау үшін

алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктер

қайталанбасын десек, ендігі жерде қандай

тұжырым жасалуы тиіс?

– Ең алдымен этнос өкілдері тығыз

орналасқан аймақтардағы ахуал жыл он екі

ай қатаң бақылауда ұсталып, жанжалдардың

туындау себептеріне дер кезінде назар

аударылып, тиісті орындар шешім қабылдап

отыруы қажет.

Шекарамен байланысып жатқан

аймақтарға арнайы талдау топтарын жиі

жіберіп, жағдайды зерттеп отыруы да

маңызды деп есептеймін.

Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму

министрі өкілетті органдармен бірлесіп,

этностар тығыз қоныстанған аумақтардың

«қауіптілік картасын» жасауды көп ұзатпай

қолға алғаны тиімді болмақ. Қазақстан

халқы Ассамблеясы Хатшылығымен және

ғылыми-сарапшылық кеңесімен де тығыз

әріптестік байланыс орнатып, этносаралық

қарым-қатынас саласындағы бірыңғай

әлеуметтік және этномониторинг жүйесін

қалыптастыру да күн тәртібінде талқыланатын

уақыт келді.

Қордайдағы оқиға жергілікті әкімдік

пен құқық қорғау органдарының төтенше

жағдайда жедел әрекет етуге дайын еместігін

көрсетті. Сол себептен шиеленісті жағдай

қаупі туындағанда орталық және жергілікті

атқарушы билік өкілдерінің іс-қимыл алгоритмі

мен кешенді жоспарын бекіту қажеттігі

туындап отыр. Біз өз тарапымыздан

этностар шоғырланған шағын жерлерде

құқық қорғау органдары мен мемлекеттік

қызметкерлер үшін оқыту семинарларын

ұйымдастыруға баса назар аудармақпыз.

– Жамбылдағы жағдайдан кейін

этностардың интеграциясы қызу талқыланды.

Қайтсек бір-бірімізге құрметпен

қарап, татулығымызды нығайта түсеміз?

– Ең алдымен, мемлекеттілік идеясын

белсенді түрде насихаттау керек. Бос

...Біз өз тарапымыздан этностар шоғырланған шағын

жерлерде құқық қорғау органдары мен мемлекеттік

қызметкерлер үшін оқыту семинарларын ұйымдастыруға

баса назар аудармақпыз...

даңғойлық, популизм мен әсіреұлтшылдық

және жалған патриотизмнің қауіп-қатерін

түсіндіріп отыру артық етпейді. Зиялы

қауым өкілдерін мемлекеттің қоғамдағы

тұрақтылық пен келісім саясатын жұртшылыққа

түсіндіруге жұмылдыру қажет.

Бұған қоса, қазаққа бәрі дұшпан, бәрі

қас, «өзге ұлттардан қауіп төніп тұр» дейтін

популистік көзқараспен күресу керек.

Жалғыз біздің еліміз ғана емес, Ресей,

Болгария, Батыс Еуропада да тығыз

қоныстанған этностар бар. Оларда да

осындай бұзақылық әрекеттер бой көрсетіп

отырады. 2005 жылы Ресейде – Кондопога

оқиғасы, 2007 жылы арабтар бүлігі орын

алды, 2016 жылы Франциядан сығандар

қуылып, Болгария мен Румынияға қашып

келді.

Дәл осындай жағдайлардың туындауына

не түрткі болатынын дәл болжап

айту қиын. Дегенмен ресми мәліметтерге

сүйенетін болсақ, олардың дені кәмелетке

толмаған балаға, әйелге жасалған зорлықзомбылық,

адам өлтіру сияқты қылмыстық

әрекеттерге қарсылық ретінде басталып,

қоғамдық дүмпуге ұласады.

Қазақстан бойынша Түркістан облысында

тәжіктер, Жамбыл облысында дүнген мен

күрдтер, Алматы облысында ұйғыр, күрд

және түрік месхедтері, Алматы қаласының

«Заря Восток» шағын ауданында дүнген

мен күрдтер тығыз орналасқан. Түрлі этнос

өкілдері тығыз тұрып жатқан аумақтардың

әлеуметтік, экономикалық мәселелерін

шешуге Ассамблеяның құзыреті жетпейді,

бұл - әлеуметтік-экономикалық салалар мен

білімге, мәдениетке жауапты мемлекеттік

органдармен бірлесе атқарылатын жан-жақты,

кешенді жұмыс.

– Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев

өткен аптада сізді қабылдап, Жамбыл

облысындағы дүнген қауымының

жергілікті қазақ қауымдастығымен

араласуына, қазақ тілін үйренуіне мән

беруді тапсырды...

– Достық үйлерінде қазақ тілін үйрету

бойынша курстар ашу, этностарға арналған

тіл үйрету әдістемесін жасақтау туралы

ұсыныстарымызды тиісті орындарға жеткізетін

боламыз.

Ассамблея өз жұмысында қазақ

қоғамының ерекшеліктерін үнемі ескеріп

келеді. Яғни мемлекеттің иесі қазақ екенін,

барлық этностар қазақ ұлтының төңірегінде

топтасатынын, мемлекеттік тілдің қазақ

тілі екенін естен шығарған емес, осы

бағыттағы жұмысын жалғастыра береді.

Осы мақсатта жұмыс істейтін «Қазақтану»

бағдарламасы бар. Өзге ұлт өкілдері

қазақтың салт-дәстүрін, тілі мен тарихын,

мәдениеті мен әдебиетін, тұрмыс-жағдайын

үйретуге арналған. Сонымен қатар өзге ұлт

өкілдеріне қазақ тілін үйретуге бағытталған

«Мәміле», «Мың бала» бағдарламасы жұмыс

істейді. Өзге этнос өкілдері арасында

жылына бір рет қазақ тілін қаншалықты

меңгергенін тексеру үшін жалпыхалықтық

диктант ұйымдастырылады.

Өткен жылдың желтоқсан айында

мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт

өкілдері арасында «Ұлы даланың ұлтаралық

тілі» республикалық форумы қолға алынды.

Түрлі ұлт өкілдері қатысқан республикалық

деңгейдегі шара тек қана қазақ тілінде

өтті. Қазақ тілінде өз ойларын ортаға

салып, өзекті мәселелер көтерді. Абайдың

өлеңдерін оқып, «Ұлы даланың ұлтаралық

тілі» челленджін жариялады. Орыс, украин,

неміс, поляк, дүнген, корей ұлты өкілдерінің

мемлекеттік тілдегі әңгімелерін тыңдай

отырып, ниет болса, тіл үйренуге ешқандай

кедергі жоқ екеніне көз жеткіздік.

Тіл форумы Алматы, Тараз, Шымкент

қалаларында жалғасын тапты, әрі қарай

барлық аймақта қолға алынатын болады.

Түрлі халықтардың басын қосып,

ынтымаққа үндейтін рухани шаралардың

елді етене араластыруға, біріктіруге тигізер

пайдасы көп. Түрлі ұлт өкілдері былтырғы

Арыс оқиғасында жұдырықтай жұмылып,

нағыз бауырмалдылықтың үлгісін көрсетті.

Екі күн ішінде 51 млн. теңге жинап, зардап

шеккендерге алғашқылардың бірі болып

қолұшын созды. Жалпы, осы оқиға кезінде

этнос өкілдері 156 млн. қаражат аударып,

200 тоннаға жуық гуманитарлық көмек

жөнелтті. «Мектепке жол» республикалық

акциясы аясында аз қамтылған және көп

балалы отбасынан шыққан, сондай-ақ

ата-ана қамқорлығынан айырылған 46 мың

оқушыға 514 миллионнан аса теңгенің

көмегін көрсетті. Жалпы, Ассамблея өткен

жылы мыңға жуық қайырымдылық шара

ұйымдастырды, қайырымдылықтан түскен

жалпы қаражат мөлшері 4,5 млрд. теңгені

құрады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының

Төрағасы, Тұңғыш Президент – Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Халқымыздың

басына түскен қандай да бір сынаққа

қарамастан, біз тәуелсіздігімізді нығайту

жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра

бермекпіз. Барша қазақстандықтың

жұмған жұдырықтай бірлігінің арқасында

біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі

болмайды» деген сөзі бар.

Ассамблеяның этно-мәдени бірлестіктері,

Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі,

Журналистер клубы, Жастар ұйымдары,

Медиация кеңесінің қызметі үшін арнайы

қаражат бөлінбейді. Құрылымдардың барлығы

қоғамдық негізде ортақ Отанымызға деген

шексіз патриоттық сезіммен жұмыс істейтінін

айта кеткен жөн.

Бұл - ширек ғасырдағы Ассамблеяның

жүргізген тиімді саясатының нәтижесі. Олар

осы уақытқа дейін елді біртұтастыққа

шақырудан жаңылған емес, әрі қарай да

осы бағытта өз міндетін атқара береді.

– Әңгімеңізге рақмет.

(Сұхбат ықшамдалды).

Әңгімелескен - Жолдыбай БАЗАР,

«Egemen Qazaqstan»


SARYARQA SAMALY

ҰЛТ САУЛЫҒЫ 29 ақпан, сенбі, 2020 жыл 7

БАС ТАҚЫРЫП

Тіс емдеу тегін бе?

- Нұрлан Кәукенұлы, міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру

жүйесі тісті тегін емдеуге

мүмкіндік бере ме?

- Шындығында тіс дәрігеріне

қаралу қалтаға аз салмақ

салмайтынын білеміз. Десе де,

стоматологиялық қызметтер

белгілі бір санаттарға ғана тегін

көрсетіледі. МӘМС шеңберінде

стоматологиялық көмекті 18 жасқа

дейінгі балалар, жүкті әйелдер,

Ұлы Отан соғысының ардагерлері,

барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі

жандар, көпбалалы аналар, атаулы

әлеуметтік көмекті алушылар,

зейнеткерлер және әлеуметтік

маңызды аурулары бар науқастар

тегін алады. Әлеуметтік тұрғыдан

аз қамтылғандарға шұғыл көмек

көрсетіледі. Яғни, ауырсынуды

басу, препарация жасау және

пломба салу, тісті жансыздандыру

сынды негізгі шаралар ақысыз

жасалады. Бұдан бөлек, тіс-жақ

сүйек ауытқуларын жою үшін туа

біткен жақ-бет патологиясы бар

балаларға да көмек көрсетіледі.

Жоғарыдағы санатқа жатпайтын

адамдар тістерін ақылы негізде

емдейді.

Аймақ жұртшылығы міндетті әлеуметтік сақтандыру

жүйесі аясында бағасы қымбат тексеру шаралары мен

оталарды тегін ала бастағаны мәлім. Дей тұрғанмен,

тұрғындар арасында стоматологиялық қызметке байланысты

сұрақ көп туындауда. Яғни, тіс ауруын МӘМС

жүйесі арқылы тегін емдеуге бола ма? Жұртшылық

медициналық ұйымдарға қатысты шағымдарын кімге

айта алады? Осы орайда, «Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік

қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының директоры

Нұрлан Қасымовпен әңгімелескен болатынбыз.

- Тісті тегін емдете алатын тұрғындар

стоматология қызметін

пайдалану үшін дәрігердің жолдамасын

алуы қажет пе?

- Мұндай мүмкіндікті пайдаланғысы

келетіндер fms.кz сайты

арқылы сақтандыру қорымен

келісімге отырған тіс емханаларымен

таныса алады. Егер шұғыл

көмек қажет болса, тізімдегі кез

келген стоматологияның көмегіне

жүгінуі керек. Көрсетілген қызметтің

ақысы аталмыш ұйымға аударылатын

болады. Жоспарлы ем

шараны емхана стоматологтары

өздері жүргізеді. Егер тіркеуде

тұрған медициналық ұйымда тіс

дәрігері болмаса, жоғарыдағы

қордың тізімінде тұрған мекемелерге

жолдама берілуі керек.

- Қазіргі уақытта жастар

арасында тісті брекет арқылы

жөндеу сәнге айналған. Ортодонттық

қызметтерді тегін

емдеуге бола ма?

- Мұндай қызметтердің бағасы

тым қымбат екенін білеміз. Бірақ

эстетикамен, косметикалық сұрақтармен

байланысты қызметтер

міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру пакетіне кірмейді. Ол

қызметтерді қарапайым тұрғындар

мен жоғары санаттағы адамдар,

балалар да ақылы негізде алады.

Яғни, ортодонттық қызметтер МӘМС

жүйесіне енгізілген жоқ.

- Жергілікті жұртшылық

МӘМС жүйесінің қызметін

пайдалана бастағанына 2 ай

толды. Олардың арасында дәрігерден

жолдама алу, қымбат

анализдерді тапсыруға қатысты

мәселе туындаса, кімнен көмек

сұрай алады?

- МӘМС жүйесі бірінші кезекте

науқастардың құқығын қорғайтынын

ескерткім келеді. Жыл басынан

бастап сақтандыру қорының 1406

байланыс орталығы жұмыс істеуде.

Жұртшылық осы нөмірге хабарласу

арқылы сақтандыруға қатысты

қажетті ақпаратты ала алады.

Ал мәселе туындаған жағдайда

8 (718 2) 37-19-04 және 37-19-29

нөмірлеріне хабарласса болады.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан –

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Қаржы

аударылуда

Павлодар облысында тұрғындарды міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне

қосу бағытындағы жұмыс жалғасуда. Ағымдағы

жылдың 1 сәуіріне дейін барлық азамат өзінің

мәртебесін анықтап үлгеруі тиіс.

Биылдан бастап жұмыс

беруші қызметкер жалақысының

1 пайызын әлеуметтік медициналық

сақтандыру қорына

аударуда. Жеке кәсіпкерлер мен

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

жарналарды екінші деңгейлі

банк немесе олардың мобильді

қосымшалары, медициналық

ұйымдарда орнатылған төлем

терминалдары арқылы төлеп,

өзін сақтандыра алады.

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» коммерциялық

емес акционерлік қоғамы

Павлодар облысы бойынша

филиалының директоры

Нұрлан Қасымовтың айтуынша,

2017 жылдың 1 шілдесі мен

2020 жылдың ақпан айы аралығында

өңір бойынша аударымдар

мен жарналардың

жалпы сомасы 11,6 млрд.

теңгені құрады. Қорда барлығы

257 млрд. теңге қаражат жиналды.

Еліміз бойынша ең қомақты

жарна - 24 млрд. теңге мемлекет

есебінен түсті. Яғни, бұл сома

15 санатқа енетін адамдарға

төленді. Жұмыс берушілер

9,4 млрд. теңге аударым жасаған.

Медициналық сақтандыруға түскен

барлық төлемдер ҚР Ұлттық

банкіндегі қордың есебіне түседі.

Кейін қаржы шартқа отырған

медициналық ұйымдардың

қызметіне бағытталады. Ал

өзін-өзі жұмыспен қамтыған

тұрғындар бірыңғай жиынтық

төлемді төлеп келеді. Оның

көлемі қала тұрғындары үшін

2651 теңге, аудан орталықтары,

ауыл, кент тұрғындары үшін

1326 теңгені құрайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру туралы

толық ақпаратты fms.kz

сайтынан алуға болады.

Сонымен қатар, МӘМС жүйесіне

қатысты сұрақтар бойынша

8 (718 2) 37-19-04, 37-19-29

нөмірлеріне хабарласуға болады.

Сақтандырудың тиімділігі

Павлодар облысының жұртшылығы «МиТ-ФАРМ +» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігіне қарасты «Profimed» медициналық орталығының қызметіне жиі

жүгінеді.

Аталмыш медициналық ұйым

міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру аясында жұмыс істеуде.

Яғни, мәртебесі анықталған

азаматтар МӘМС жүйесі негізінде

аталмыш орталықтың қызметін

тегін пайдалана алады. «Profimed»

медициналық орталығының бас

дәрігері Шолпан Оңғарбаеваның

айтуынша, мекеме ағымдағы

жылдың 1 қаңтарынан бастап

МӘМС жүйесі аясында жұмыс

істеуде. Алдағы уақытта қызмет

аясын кеңейтіп, оңалту шараларын

енгізуі мүмкін. Бұл ретте

орталық «Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» ұйымдастыратын

байқауға қатыспақ.

- Емделушілер үшін 2 орынға

арналған күндізгі бөлімше ашу

жоспарда бар. Науқастар қажетті

ем-шараларды алатын болады.

Бұдан кейін реабилитологтың

нұсқамасына сәйкес, массаж,

физиотерапияны қабылдайды.

Орталықта логопед, дефектолог,

емдік дене шынықтыру

инструкторлары жұмыс істейді.

Егер байқаудан өтетін болсақ,

оңалту орталығы ашылады. Бұл

ретте инсульт, жарақат, инфаркт

сынды сырқатқа шалдыққандардың

денсаулығын қалыпқа келтіру

шаралары жүргізіледі. Қазіргі

уақытта дәрігер нұсқамасына

сәйкес массаж, физиотерапия

сынды қызметтер көрсетілуде, -

дейді Ш.Оңғарбаева.

Павлодар қаласының тұрғыны

Анна Листунова - мұндай мүмкіндікті

пайдаланып жүргендердің бірі.

Зейнеткер тіркеуге алынған

емхананың жолдамасы арқылы

«Profimed» медициналық орталығынан

тегін ем қабылдауда.

- Мамандардың көмегіне жүгінгеніме

1 аптаға жуық уақыт болды.

Бұлшық еттерім сыздап, қолымдағы

қозғалыс азайған болатын. Қазіргі

уақытта электромассаж, физиотерапия,

прессотерапияны тегін

алып, денсаулығымды қалыпқа

келтірудемін. 5 күннің ішінде

қолымда күш пайда болып, қозғала

бастадым. Сондықтан МӘМС

жүйесі аясында ақысыз негізде

ем беріп жатқан ақ желеңділерге

ризашылығымды білдіремін, - дейді

А.Листунова.

Атап өтерлігі, «Profimed»

медициналық орталығының көмегін

алғысы келетіндер тұрғылықты

мекенжайы бойынша тіркеуге

алынған емхана дәрігерінен

жолдама алуы тиіс.

Стикерден біліңіз!

Бұдан былай павлодарлықтар міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін

қызмет көрсететін емдеу мекемелерін QR коды бар

стикерлер арқылы біле алады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің

бастамасымен қолға

алынған жаңашылдық Павлодар

облысында да жүзеге асырылуда.

Жақында «Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының өңірлік филиалының

мамандары Ак.Бектұров көшесінде

орналасқан «МиТ-ФАРМ +»

ЖШС-ның кіре берісіне QR коды

бар стикерлерді ілді. Филиал

директоры Нұрлан Қасымов

бастаманың маңыздылығына

тоқталды.

- Арнайы ақпараттық стикерлерде

МӘМС-тің эмблемасы,

1406 байланыс орталығының нөмірі

мен QR код орнатылған. Яғни, ем

қабылдауға келген адамдар осы

стикерлер арқылы мекеменің тегін

қызмет көрсете алатынын біле

алады. Сонымен қатар, МӘМС-ке

қатысты сұрақ туындаған жағдайда

1406 нөміріне хабарласып,

смартфон арқылы QR кодпен

кері байланыс орнатады. Бұл

ретте емделушілердің құқығы

бірінші кезекке қойылатынын атап

өткім келеді, - дейді Н.Қасымов.

Тұрғындар стикерде белгіленген

QR кодты телефон

арқылы сканерлеп, әлеуметтік

медициналық сақтандыру қорының

ресми сайтына өтуге болады.

Сонымен қатар, «Telegram» және

«Whats App» боттары арқылы

байланысқа шығып, қажетті

ақпаратты оқи алады.

Ақпараттық стикерлер бір

аптаның ішінде облысымызда

келісімшартқа отырған барлық

медициналық ұйымда орнатылады.

Әсіресе, мекеменің тіркеу

орны, электронды кезек алатын

және қабылдау бөлмелерінде

ілінеді.

Аймағымызда 57 медициналық

ұйым әлеуметтік медициналық

сақтандыру қорымен келісімшартқа

отырған. Оның 26-сы

жекеменшік ұйымдар. Өңірде

әлі де 75 мың адамның мәртебесі

анықталмаған. Сондықтан

31 наурызға дейін бұл бағыттағы

жұмыстарды күшейту қажет.

Бетті әзірлеген - Айдана ҚУАНЫШЕВА.


8 29 ақпан, сенбі, 2020 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

SARYARQA SAMALY

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Апат айтып келмейді

24-25 ақпан күндері Шолақсор және Шұға ауылдарында су

тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында

«Көктем-2020» оқу-жаттығу жиыны өтті.

Аталған шараға жануарлар мен

өсімдіктерді қорғау, полиция, құтқару

және жедел-жәрдем қызметтері мен

ауыл тұрғындары қатысты. Штабтық

жаттығу барысында көктемгі су тасқыны

кезінде төтенше жағдайлардың қаупі

мен туындауы кезінде халықты қорғау

бойынша тәжірибе ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, табиғи және техногендік

сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын

алу және жою бойынша іс-қимылдар

жоспары нақтыланды. Ең бастысы, Ақтоғай

ауданының іздестіру-құтқару бөлімшелері

мен жедел қызметтерінің, техниканың су

тасқыны кезінде халыққа көмек көрсетуге

әзірлігі тексерілді. Оқу-жаттығу жиынына

жеке құрам жасағынан 52 адам, 5 арнайы

техника жұмылдырылды.

Өз тілшіміз.

МАЙ АУДАНЫ

Орталықтағы

шараның орны бөлек

Жергілікті мәдениет үйінің өнерпаздары және аудандық

кітапхананың кітапханашылары мүмкіндігі шектеулі адамдарды

оңалтуға арналған орталықпен тығыз қарым-қатынаста.

Атап айтсақ, орталыққа айына екі-үш

рет барып, ем алып жатқан адамдарға

рухани азық ретінде концерттік бағдарлама

ұсынады. «Ән - көңілдің ажары» демекші,

мәдени ойын-сауық орталығының «Асыл

мұра» үгіт тобы екі тілде ән шырқап,

ем алушылардың көңіл күйін көтеруге

барын салады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс

істейтін кітапханашы әдеби кітаптар, газетжурналдар

көрмесін ұйымдастырады.

Себебі, жарымжан азаматтарға жылжымалы

кітап көрмесі өте ыңғайлы. Олар

әдеби-мәдени жаңалықтардан жиі хабардар

болуы үшін осындай игі іс-шаралардың

жиі ұйымдастырылуын қолдайды.

Гүлжан ЕЛЕУКЕНОВА,

Май аудандық мәдениет, дене

шынықтыру және спорт бөлімінің

бас маманы.

УСПЕН АУДАНЫ

Жасөспірімдер

мәселесі - назарда

Жақында Қозыкеткен ауылында кәмелетке толмағандардың

істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық

комиссияның отырысы өтті.

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

«Жеңіс маршы» басталды

Аталмыш жиында аудандағы кәмелет

жасына толмаған балалардың мәселесі мен

тәртібі жан-жақты қаралды. Қозыкеткен

ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

Р.Сәбитова «ҚР кәмелетке толмаған

балалардың құқықтарын қорғау, қолайсыз

және проблемалы отбасыларға әр түрлі

әлеуметтік қолдау көрсету туралы

заңнаманы сақтау» тақырыбында

баяндама жасап, ауыл балаларының

қазіргі жағдайын сөз етті. Сондай-ақ,

комиссия мүшелері өңірдегі ата-аналық

міндеттерін дұрыс атқармайтын, кәмелетке

толмаған балалардың құқығын бұзатын

азаматтарға қатысты материалдарды

қарап, Қазақстан Республикасының

қолданыстағы заңнамасына сәйкес

шаралар қабылдады.

Өз тілшіміз.

Аққулы ауданы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай «Жеңіс

маршы» жобасын бастады. Жоба бойынша аудан өнерпаздары

соғыс туралы музыкалық концерттер қойып, театрландырылған

қойылымдар ұсынады.

Жамбыл ауылдық мәдениет үйінде

Жамбыл, Қызыл әскер, Ямышев ауылдық

округтерінің көркемөнерпаздар ұжымы

«Соғысқа аттанған боздақтар» атты

музыкалық–театралдық қойылым ұсынды.

Жиналған қауым тарихта өшпес із

қалдырған Ұлы Отан соғысы жылдарын

еске алып, ер азаматтардың қан майданға

аттанар сәтін тамашалады. Жоба шеңберінде

наурыз айында Баймолдин, Шақа,

Майқарағай ауылдық округтерінің өнерпаздары

«Соғыс жалмаған балалық» атты

музыкалық–театралдық қойылым қоймақ.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Хостел ашылды

Ал сәуір айында Малыбай, Шарбақты,

Қызылағаш ауылдық округтерінің өнер

ұжымдары «Соғыстағы әйел батырлығы»

атты қойылымын көрсетеді. Қорытынды

шара 9 мамыр - Ұлы Жеңіс мерекесінің

қарсаңында ұйымдастырылады. Оған

ауданның барлық ауылдық округтерінің

өнерпаздары қатысады.

Жаннұр АХМЕТЖАНОВА,

Аққулы ауданының мәдениет, дене

шынықтыру және спорт бөлімінің

бас маманы.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Сарбаздар сайысты

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, облыстық білім беру

басқармасымен және аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі

орталығының ұйымдастыруымен «Сарбаз-2020» атты әскериқолданбалы

спорт түрлерінен жарыс өтті.

Оған өңіріміздің түкпір-түкпіріндегі

мектептерден барлығы 85 оқушы қатысып,

бақ сынады. Оқушыларды қазақстандық

патриотизмге тәрбиелеу, спорттық

дағдыларын іске асыру және әскери

өмірмен таныстыруды мақсат еткен

шара жоғары деңгейде өтті.

Баянауыл ауданының намысын №1

Майқайың орта мектебінің 9-сынып

оқушылары Асанәлі Байділдә, Азамат

Хымбат, Мадияр Мүбәраков және №2

Майқайың орта мектебінің 10-сынып

оқушысы Мәди Нұрғожин мен 11-сынып

оқушысы Бауыржан Әубәкіров қорғады.

Оқушыларды жарысқа сапалы, тыңғылықты

дайындаған №1 Майқайың орта мектебінің

алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі

Төлеген Сүйінбеков пен №2 Майқайың

орта мектебінің алғашқы әскери дайындық

пәнінің мұғалімі Хисамиден Ысқақовқа

алғыс айтамыз.

Аслан ОМАРОВ,

аудандық білім беру

бөлімінің әдіскері.

Аудан орталығына

қонаққа келетін

жұртшылық үшін жаңа

хостел ашылды. Заманауи

қонақ үй жеке

кәсіпкер

Ниязбек Абылқасовтың

бастамасымен салынды.

Ниязбек Жұмағалиұлы аудан

орталығына қонақ үй қажет

болғанын айтады. Сондықтан

Железин ауданына келген қонақтар

үшін хостел ашуды жоспарлаған.

- Аудандық жарыстарға спортшылар

көп келеді. Бұдан бөлек,

той-томалақтар мен түрлі мерекелерге

іссапармен келетін қонақтар

да бар. Олар ауданда бірнеше күнге

тұрақтау үшін қонақ үй іздейді.

Өйткені көпшілігінің жұмысы бір

күннің ішінде аяқтала бермейді.

Енді бұл мәселе шешімін тапты

деген ойдамын, - дейді кәсіпкер.

Ниязбек Абылқасов жаңа

жобасын жеке қаражат есебінен

жүзеге асырған. Заманауи

нысанда пластикалық терезелер орнатылған.

Қажетті жиһаздармен жабдықталған хостелдің іші

жарық әрі жылы. Қонақ үй 8 адамға арналған.

Бағасы қолжетімді. Бір адам үшін тәулігіне 2500

теңгені құрайды. Сонымен қатар, люкс бөлме

де қарастырылған. Мұндай бөлменің құны -

5000 теңге.

Бөлмеде теледидар, тұрғындардың жеке

заттарын қоюға арналған жиһаздар орналасқан.

Сондай-ақ, хостелде жуыну бөлмесі, кір жуатын

және тамақ ішетін орындар бар.

А.СЕРҒАЗИН.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Қарияға - қамқорлық

Биыл ауданда қар қалың

жауғаны белгілі. Көктемгі

су тасқынының алдын

алу шарасына балалар

үйінің тәрбиеленушілері де

белсенділік танытуда. Олар

көмекке мұқтаж жалғызбасты

қариялардың үйіне барып,

ауласын қардан тазартуда.

Балалар үйінің жасөспірімдері еңбек ардагері, Тереңкөл ауданының Құрметті

азаматы Петр Елгиннің үйіне барып, көмек қолын созды. Үй ауласын ақ ұлпадан

тазартып, ретке келтірді. Петр Елгин - Кеңес Одағының Батыры, А.Елгиннің

ұлы, зейнеткер. Қария балалардың қамқорлығына ризашылығын білдіріп, соғыс

жылдарында көрген қиындықтарымен бөлісті. Әкесінің ерлігі жайлы әңгімеледі.

Мұндай қайырымды шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Өз тілшіміз.


SARYARQA SAMALY

ТАЛБЕСІК 29 ақпан, сенбі, 2020 жыл 9

Жоспар - ауқымды

МЕЖЕ

Былтыр Май ауданында әр салада бірқатар жоба жүзеге асты. Игілігін тұрғындар

кәдімгідей сезініп отыр. Биыл да халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында

біраз шаруа қолға алынбақ.

Аудан әкімі Марат Ақтаевпен

кездесу барысында 2020 жылға

жоспарланған жұмыстардан хабардар

болдық. Атап айтсақ, биыл

ауданға 11 млрд. теңгеден астам

инвестиция тарту көзделуде.

Көктөбе және Шыған ауылдарында

ауылішілік су құбырларының

құрылысы аяқталып, нәтижесінде

22 елді мекеннің 16-сы, яғни

73 пайызы сапалы ауызсумен

қамтамасыз етілмек. 2021 жылға

дейін барлық ауылдарды сумен

қамтамасыз ету көрсеткіші

100 пайызды құрамақ.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы

шеңберінде аудан орталығында

жалпы сомасы 234 млн. теңгені

құрайтын 2 жоба жүзеге асады.

Балалар-жасөспірімдер спорт

мектебінің футбол алаңы мен

жүгіру жолы күрделі жөндеуден

өтіп, Көктөбе ауылының негізгі

кіреберіс көшелеріндегі 6 шақырым

автомобиль жолына орташа жөндеу

жүргізіледі.

Агроөнеркәсіп кешені саласын

қаржылай қолдау жалғасады.

Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы

шеңберінде 1000 бас импорттық

ірі қара мал мен 2000 бас ұсақ

мал сатып алу жоспарланған.

Машина-трактор паркін жаңарту

мақсатында бірнеше техника сатып

алынбақ. 3 млрд. теңгеден астам

инвестиция тартылып, Майтүбек

және Қаратерек ауылдық округ

аумақтарында суармалы массив

салу жобасы іске асырылады.

2009 жылдан «Дипломмен -

ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы

шеңберінде ауданға 206 жас маман

келіпті. Былтырдың өзінде 44 маман

жұмысқа қабылданған. 17 маманға

тұрғын үй сатып алу үшін 58,2 млн.

теңге бюджеттік несие берілген.

Биыл да бағдарлама арқылы ауданға

келген жас мамандарға барынша

қамқорлық жасалмақ. Сондай-ақ

еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс

аударған отбасы мен шетелден

келген қандастарымызға да қолдау

көрсетіледі.

«Күміс алқа» иегері Раушан Төлешова шаш қиюмен

15 жылдан аса уақыт айналысып келеді. Былтыр

«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 505 мың теңге

грантқа ие болып, кәсібін дамытуға мүмкіндік алды.

Шаш қию –

тегін

Аудан орталығында шаштараз

кәсібімен айналысатындар көп.

Яғни, бәсекелестік жоғары.

Дегенмен тұрақты түрде Раушан

апайдың көмегіне жүгініп

жүргендер аз емес. Әсіресе,

той-томалақ кезінде түрлі шаш

үлгісін жасатуға кезек күткендер

жетіп артылады.

- Күніне 4-5 клиент келеді.

Сенімді адамдар болғандықтан,

кейбірі қарызға жаздырып жатады.

Ер адамдарға қызмет бағасы

– 1000 теңге, әйелдерге – 1200

теңге. Мереке күндері жеңілдік

жасап отырамын. Зейнеткерлерге,

жетім балаларға, мүмкіндігі

шектеулі жандарға тегін қызмет

көрсетемін. Кәсіптің қыр-сырын

үйренемін дегендерге бар

білгенімді бөлісуге әзірмін. Алдағы

уақытта ғимаратты кеңейтіп,

сұлулық салонын ашқым келеді, -

дейді 6 баланың анасы Раушан

Төлешова.

Мемлекеттен берілген қаражатқа

қажетті құрылғылар сатып

алынған. «Бұған дейін қаражат

мардымсыз болып, арзан

қондырғылар сатып алып жүрдім.

Сапасы төмен болғандықтан,

жиі істен шыға беретін. Грант

қаражатына қымбат құрылғылар

сатып алып, жұмыстың алға

жылжуына әжептәуір әсер етуде.

Бұл ретте, көпбалалы аналардың

кәсібін ашуына бар жағдай жасап

отырған билік өкілдеріне зор

алғысымды білдіремін» деді

кейіпкеріміз.

КӘСІПКЕРЛІК

Ауылдастарының

алғысын арқалаған

Кеңтүбек ауылының

тұрғыны Қылышбек

Дарабаевқа ауылдастары

дән риза.

Тұрғындарға қажетті

бизнес орындарын

дамытып отырған

кәсіпкердің жоспары

көп.

Осыдан 15 жыл бұрын ауылда

«Сенім» кафесі ашылып, тұрғындардың

бір жыртығы жамалды деуге

болады. Әйтпесе, той-томалақ,

жабдық өткізу үшін кеңтүбектіктер

аудан орталығына қатынауға мәжбүр

болған. Бүгінде той жасаймын деген

адам қонақтарын алаңсыз шақыра

береді. Кафе 150 орынға шақталған.

Шайхана да бар. Тамақ пісіретін

бөлме қажетті қондырғылармен

жабдықталған. Ауылдастарын

жұмыспен қамтып, аспаз, еден

жуушы, күзетші, от жағушы ұстап

отыр. Мұнда ара-тұра жастардың

бос уақытын қызықты өткізу үшін

би кеші ұйымдастырылып тұрады.

Алдағы уақытта тұрғындарға үстел

теннисі, бильярд ойнауға мүмкіндік

жасалмақ.

- Біраз жыл бұрын «Бизнестің

жол картасы-2020» бағдарламасы

шеңберінде автокөлік жөндейтін

орталық ашқан едім. Қазір аудан

орталығынан келіп, темір тұлпарын

жөндейтіндер көп. Себебі, дөңгелекті

теңгеру қызметі бізде ғана бар.

Шағын азық-түлік дүкеніміз жұмыс

істеп тұр. Өнімді қала жақтан

әкелсек те, кейбір ауылдағы

дүкен иелері сияқты бағаны

шарықтатуға арым жібермейді.

Суреттерді түсірген - автор.

Жалпы, кәсіпкерлікті дамыту

бойынша жоспарларым көп. Бірақ

бәріне бірдей үлгере бермейсің.

Уақыт тығыз. Осыған да тәуба, -

дейді Қылышбек Дарабаев.

Жаны жомарт кәсіпкер қайырымдылық

акцияларына да

белсенді қатысады. Әлеуметтік

әлсіз топтағы азаматтарға тегін

азық-түлік, қыстыгүні көмір үлестіріп

жүр. Жыл сайын «Мектепке жол»

акциясы шеңберінде оқушыларға

қажетті оқу құралдарын сатып

әпереді.

Кеңтүбек ауылы аудан орталығынан

1,5 шақырым жерде

орналасқан. Кеңтүбектіктердің

әзірге жалғыз тілегі бар. Ол - аудан

орталығы мен ауыл арасындағы

тас жолға жарық шамдарын

орнату. Әйтпесе, соңғы кезде

жаяу жүргіншілер көлік астына

түсіп, қайғылы оқиғалар жиі

тіркелуде. Бұл мәселені аудан

басшысы тұрғындар алдындағы

есеп беру кездесуінде назарға

алатынын жеткізіпті. Аз уақыттың

ішінде проблема шешімін табады

деген сенімдеміз.

Мәселен, былтыр «Сыбаға»

бағдарламасы арқылы шаруаларға

202 миллион теңге қаражат

бөлініп, 327 бас импорттық

ірі қара сатып алынған. Асыл

тұқымды мал шаруашылығымен

және өсімдік шаруашылығымен

айналысып жүрген азаматтар

127 млн. 398 мың теңге субсидияға

қол жеткізген.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың

бірден-бір жолы - суармалы

жерлерді іске қосу. Себебі, суармалы

жер кепілді түрде мол өнім

береді. Бүгінде Май ауданының

аумағында 370 гектар суармалы

жер тіркелген. ҚР Агроөнеркәсіптік

кешенін дамытудың 2020-2022

жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасына сәйкес, алдағы

жылдары суармалы алқаптың

көлемін арттыру көзделуде.

Өңірде инвесторларды тарту

арқылы саланы дамыту жоспары

жүйелі іске асуда. Атап айтсақ,

«Нұр-Жайлау» шаруа қожалығы

5 мың бас ірі қара малға арналған

бордақылау алаңын салу бойынша

инвестициялық жобаны қолға алған.

Жобаға сәйкес, ветеринариялық

пункт, мал сою алаңы, 3 мал

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Шаруаларға -

шарапат

Май ауданында мал шаруашылығымен айналысатындар

көп. Шаруалар жыл сайын мемлекеттік

бағдарламалардың шарапатын сезініп, кәсібін

жандандыруда.

КЕРЕК ДЕРЕК:

• Май ауданында 2020

жылдың 1 қаңтарында

33 641 ірі қара, 20081 жылқы,

8449 қой және 15067 ешкі

тіркелді.

• Асыл тұқымды ірі қара

саны – 1236, қой – 4061, жылқы

– 3417. Асыл тұқымды мал

шаруашылығымен айналысатын

6 шаруа қожалығы бар.

• Былтыр 590 миллион

теңгеге 64 ауыл шаруашылығы

техникасы сатып

алынды.

шаруашылығы базасы, ет өткізу

пункті және басқа да құрылыс

нысандары қарастырылған. Өткен

жылы бұл жобаға 410,0 млн. теңге

инвестиция тартылған. Жалпы инвестиция

көлемі - 910,0 млн.теңге.

Өңірдегі ауыл шаруашылығының

жалпы өнімінің көлемі -

11 996 млн.теңге, нақты көлем

индексі – 111,7%.

«Талбесікті» әзірлеген - Оралхан ҚОЖАНОВ,

Май ауданы.


10 29 ақпан, сенбі, 2020 жыл ХАТҚОРЖЫН

SARYARQA SAMALY

Киіз үй жасап

үйренді

Тереңкөл ауданы орталығындағы

А.Н.Ёлгин атындағы №1 орта мектепте

«Киіз үйді бірге жасайық» атты

шығармашылық шеберханасы ұйымдастырылды.

Шара Елбасының «Рухани

жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.

Шеберлік сабағы екі кезең бойынша өрбіді.

Бірінші кезеңде балалар үйінің және музыка мектебі

өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасы

ұсынылды. Оқушылар «Туған жер», «В роще калина»,

«Қазақстан – Родина моя!» әндері мен тәжік

және ингуш әндерін шырқады. Сонымен қатар,

Секен Тұрысбековтің «Ақ жауын» күйі тартылды.

Жиынға мектеп директоры М.Тотанова, ішкі саясат

бөлімінің басшысы Қ.Алтаев және тарих пәнінің

мұғалімі Н.Сейітов қатысып, киіз үйдің құрылымы

жөнінде мағлұмат берді. Екінші кезеңде де қыздар

киіз үйдің ішкі жабдықтары – құрақ көрпелері,

төсеніштер және ішкі бауларын дайындады. Ал

ұлдар жағы киіз үйдің қаңқасын жасауды үйренді.

Яғни, шаңырақты, керегені және уықтарды жасап,

кәдімгі киіз үйдің сыртын құрастырып шықты.

Бұдан бөлек, сандық, домбыра, қамшы жасаған

балалар да бар.

Шара соңында ұйымдастырушылар оқушылардың

қолынан шыққан өнер туындыларына жоғары

бағаларын берді.

С.ӘКІМОВА,

қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі,

Тереңкөл ауданы.

Әмір Темірді

сомдады

Жақында Павлодар қаласында

өткен «Әбіш оқулары» облыстық

байқауында Май ауданы Көктөбе

жалпы орта мектебінің командасы да

бақ сынады. Біздің оқушылар жазушы

Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры»

романы желісі бойынша дайындалған

«Махаббат мұнарасы» қойылымын

сахналады.

Байқау 4 бағыт бойынша өтті. Алдымен Ә.Кекілбаев

шығармаларынан сахналық қойылым көрсетсе,

одан кейін өлеңдерінен және прозаларынан үзінді

оқыды. Көктөбе орта мектебі командасының

қойылымы өте сәтті шықты. Мысалы, 10 «А»

сынып оқушысы Арман Ілиясов әйгілі жаһангер

Әмір Темірді, Райымбек Болатов уәзірді, 8 «А»

сынып оқушысы Нұрболат Рақымжан ұстаны,

Аружан Марат Әмір Темірдің кіші әйелінің және

Әсел Абдраманова күтушінің рөлін сомдады.

Қойылымда ханның кіші әйелі жорықта жүрген

Әмір Темірге арнап өзінің қаяусыз махаббатын

бейнелейтін мұнараны салдырту оқиғасы көрсетілді.

Оқушылардың қойылымы қазылар алқасының

көңілінен шығып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Д.ДҮЙСЕНБАЕВА,

Көктөбе орта білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

Май ауданы.

Қымызды қалай

әзірлейді?

Ақтоғай ауданына қарасты Шолақсор

орта мектебінде «Қымыздың пайдасы

мен дайындалу технологиясы»

тақырыбында шеберлік сабағы

ұйымдастырылды. Шара Елбасының

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының

аясында өтті.

Тәрбие ісінің орынбасары Д.Құсайынова шараның

шымылдығын ашып, ұлттық сусынымыз – қымызды

ең алғаш пайдаланған тайпалар жайлы шағын

мәлімет берді. Шеберлік сабағына қазақтың ұлттық

салт-дәстүрін дәріптеп жүрген Күланда Исекеева,

жылқышы Б.Садықов және көптен бері бие сауып,

қымыз ашытып жүрген Шарипа Қабдуалы қатысты.

Күланда апа қымыз бен саумалдың қандай

ауруға ем екенін, оның адам ағзасына қандай

пайда беретінін әңгімелеп берді. Ал жылқышы

ағамыз осы түліктің қасиетін халқымыздың көне

дәстүрлерімен байланыстырды. Сондай-ақ, жылқыға

қатысты аңыздар мен тарихи оқиғалар туралы

баяндады. Ал ауыл тұрғыны Шарипа Шаушаққызы

бие сүтінен (саумалдан) қымыздың қалай сапалы

дайындайтынын іс жүзінде көрсете отырып, шеберлік

сабағын өткізді. Шеберлік сабағы барысында қымыз

құйылатын ыдыстың ағаштан болатыны, піспе мен

шелекке жылқының сүр қазысы жағылып ысталатыны,

қымыздың қордан ашытылатыны және биені

қалай отырып сауу керектігі көрсетілді.

Шара барысында қымызмұрындық дәстүрі

бойынша дастарқан жайылды. Келген қонақтар

бал қымыздан дәм татты.

Ақтоғай ауданының

Шолақсор орта мектебі.

Жеңіс тұғырынан

көрінді

Май ауданы Қаратерек ауылында қазақ

күресімен шұғылданатын жастар қатары

көбейіп келеді. Жақында Баянауыл

ауданы Майқайың кентінде жасөспірімдер

арасында облыстық оқу-жаттығу

жиыны өтті. Осы шараға мектебімізден

4 оқушы қатысты.

Олар 8-сынып оқушылары – Еламан Біртай, Ерасыл

Құмар, Елжан Өзбеков және 11-сынып оқушысы

Суният Тишбаев. Қорытындысы бойынша 11-сынып

оқушысы Суният Тишбаев «Үздік техника» номинациясымен

марапатталып, арнайы кубокты иеленді. Бұл

оқушы болашақта дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

мамандығын таңдап, қазақ күресі бойынша тренер

болуды көздейді. Сондай-ақ, Еламан Біртай Павлодар

қаласында 2005-2006 жылдар туған жасөспірімдер

арасында өткен қазақ күресі турнирінде бақ сынап,

ІІІ орынды иеленді. Ағымдағы жылдың 17-18 сәуірі

күндері Қаратерек ауылында спортшы жерлесіміз

Әсет Таниевті еске алуға арналған облыстық турнир

өтеді деп жоспарлануда. Сол бәсекеден біздің

спортшылар да топ жарып келеріне сенеміз және

тілектеспіз.

Мектеп оқушыларын спортқа баулып, әртүрлі

жарыстарға дайындап жүрген мектептің дене

шынықтыру пәнінің мұғалімі Руслан Өзбековтің еңбегі

мақтауға тұрарлық. Барша мектеп ұжымының және

ата-аналардың атынан алғыс білдіреміз.

Ж.ДУКЕЕВА

химия пәнінің мұғалімі,

Қаратерек ауылы, Май ауданы.

МЕДИЦИНА

Павлодар тарихы

Павлодар қаласының экологиялық

бағыттағы № 36 бейіндік мектебінде

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында «Біздің қаламыздың тарихы»

атты кездесу өтті.

Павлодар қаласының Құрметті азаматы Эрнест

Соколкин, Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университеті жанындағы Е.Бекмаханов атындағы

ғылыми кітапхана директоры Роза Игібаева қатысып,

қала тарихы туралы сөз қозғады.

Қонақтар VIII ғасырдың басындағы Павлодардың

тарихы, көше атауларының пайда болуы туралы

әңгімеледі. Мұрағаттық суреттер көрсетілді.

Қазіргі «Золотой теленок» дүкені орналасқан

ғимаратта революцияға дейін кинотеатр, бір кездері

Педагогикалық институт ғимаратының алдында

Ломоносов ескерткіші болған екен. 1975 жылы

қала шетінде №36 мектептің құрылысы аяқталған.

Сол жылы біздің отандасымыз, Кеңес Одағының

Батыры, Ұлы Отан соғысына қатысушы Қанаш

Қамзиннің жаңа көшесі пайда болды. Қонақтар,

сондай-ақ, XVIII ғасырдың ортасындағы Ертіс өңірінің

билеушісі, ұлы Абылайханның немере ағасы Сұлтанбет

Баһадүр сұлтан туралы да айтып берді. Мектеп

оқушылары да өз жетістіктерімен бөлісіп, туған

қаласы туралы өлеңдер оқыды. «Адамдарға жүрек»

мектеп клубының еріктілері Эрнест Дмитриевичке

«Павлодар. Жол көрсеткіш» кітабын жаңарту үшін

ақпарат жинауға көмектесуге әзір екенін білдірді.

Әзірлеген – Тілеуберді САХАБА.

Білім ошағына

тарту

Баянауыл ауданындағы С.Торайғыров

атындағы орта білім беру мектебіне

Toraighyrov University үлкен сый

жасады.

Атап айтар болсақ, 5 897 дана кітап, оқушыларға

сабақта қолдану үшін 5 компьютер, 20 парта,

40 орындық және 5 сөре тарту етті. Сонымен қатар,

университет мектебімізге талантты ақын Сұлтанмахмұт

Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына

арналған стенд орнатуға қолдау көрсетті. Сол арқылы

оқушыларымыз жерлес ақын шығармашылығын

тереңірек танып білуге мүмкіндік алды.

«Кең болсаң, кем болмайсың» деген қанатты

сөз бар халқымызда. Бізге кеңпейілдік танытып,

қолдау көрсеткен азаматтарға айтар алғысымыз

шексіз. Университет ұжымына мектебіміздің

оқушылары, ата-аналары мен мұғалімдері атынан

ризашылығымызды білдіреміз.

Сайлау ТОҚТАСЫНОВ,

С.Торайғыров атындағы орта

мектебінің директоры,

Баянауыл ауданы.

«Хатқоржынды» ақтарған - Тлеуберді САХАБА .


SARYARQA SAMALY

Елім деп туған

ер екен...

Баянауыл ауданында Қамашовтар

әулетін білмейтін жан кемде-кем.

Қосмабек ағамыздың әкесі Сланбек

аға аудан орталығындағы Ш.Айманов

атындағы орта мектепте ұзақ жылдар

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі болып қызмет атқарып,

зайыбы Күлсағиламен бес ұл, бес

қызды тәрбиелеп өсірді.

Қосмабек Сланбекұлы еңбек

жолын аудандық салық органдары

саласында бастап, кейін өз кәсібін

ашты. 2000 жылдардың басында

інісі Аябек екеуі Майқайың кентінің

маңындағы тас жолдың бойынан

жанар-жағармай бекетін сатып

алып, жеке кәсіпкерлікпен айналыса

бастады. Кейін кәсіптерін

өркендетіп, осы жерде автобаза

мен автодүкен, дәмхана

мен кірпіш цехын ашты. Қазіргі

кезде «Қамашов» жеке кәсіпкерлігі

Майқайың кенті мен жақын маңдағы

ауылдардың азаматтарына жұмыс

орнын ұсынып, адал еңбекпен мал

тауып, үкіметке тиісті салығын төлеп

отыр. Ата-ананың саналы тәрбиесін

көрген тәлімді ұл ауылдастарына

қол ұшын созып, көмек көрсетуден

аянған жері жоқ. Баянауылдағы

Ш.Айманов орта мектебінің түлегі,

қазіргі кезде Тoraighyrov University-де

білім алатын Гауһар Омар есімді

балуан қыздың спорт жарыстарына

баруына қаржылай қолдау

көрсетіп келеді. Гауһар да сенімді

ақтап, ел чемпионатында топ жарды.

Ташкент қаласында өткен әлем

чемпионатының қола медаліне

қол жеткізді. Сондай-ақ, жеке

кәсіпкерлік баянауылдық жас ақын

Базарбай Азаматтың республи-калық

«Ақберен» байқауына баруына

көмектесті. «Ақындар айтысы» номинациясында

бақ сынаған Азамат

баянауылдықтардың үмітін ақтап,

байқаудан екінші жүлделі орынмен

оралды. Сондай-ақ, Қосмабек

Сланбекұлы Майқайың кентінің

екі мектебімен қатар, Үшқұлын

ауылының орта мектебіне «Мектепке

жол» акциясы бойынша көмектесіп,

тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың

балалары үшін жаңа оқу жылына

қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп

формасын алып берді.

Қосмабек ағамыз қарамағындағы

қызметкерлердің бабын тауып,

еңбекке ынталандыру жолдарын

да жақсы меңгеріп отыр. Автобазадағы

көлік жүргізушілері мен

автобекеттің слесарьлерін, дәмхана

аспаздары мен жанар-жағармай

бекетінің операторларын мемлекеттік

мейрамдар мен кәсіби мереке күндері

бағалы сыйлықтармен марапаттау

игі дәстүрге айналған.

Қосмабек Сланбекұлы сияқты

жеке пайдасын ғана емес, халықтың

қамын ойлаған елжанды азаматтарымыз

барда халқымыздың көсегесі

көгеріп, елдігіміз нығая бермек.

Өз тілшіміз.

Күдікті ұсталды

«Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы

үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің әкімшілігі

сізден төменде көрсетілген қайтыс болған мемлекеттік қамқорлықтағы

адамдардың мұрагерлерін, сонымен қатар мұрагерлер туралы қандайда

мәлімет білетін тұлғалар туралы 2020 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде

мұрагерлік іске қатысы бар адамдардың өз ниеттері туралы өтінім

беруді сұрайды. Төменде көрсетілген мекенжай бойынша хабарлансын.

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы,

284 немесе 8 (7182) 60-88-76 байланыс телефоны арқылы:

№ А.Т.Ә./Ф.И.О.

1

2

3

4

5

Өңіріміздің әр ауданында еселі еңбегімен, қажырлы

қызметімен, игілікті істерімен елдің алғысына

ие болып, халықтың батасын алып жүрген

азаматтар аз емес. Солардың бірі әрі бірегейі -

Баянауыл ауданы Майқайың кентінің тұрғыны

Қосмабек Қамашов.

ОҚЫС ОҚИҒА

Павлодарлық полицейлер 19 жастағы қызды зорлаған

ер адамды қамауға алды. Жағаұстатарлық оқиға

Аққулы ауданы Майқарағай ауылында тіркелген.

Оқиға желісіне сүйенсек, 19 жастағы

қыз аталмыш ауылдың мектебіне

тәжірибеден өтуі үшін келген. Павлодар

облыстық полиция департаменті

бастығының орынбасары Елдар

Әбдікеновтің айтуынша, оқыс жағдай

25 ақпан күні түнгі сағат 23.30-да орын

алған. Жәбір көрген азаматша келесі

күні жергілікті полиция бөліміне арыз

түсіреді. Жедел әрекет ету нәтижесінде

тәртіп сақшылары күдіктіні көрші

ауылдан ұстаған. Аталмыш фактіге

сәйкес ҚР Қылмыстық Кодексінің 120

және 121-баптары бойынша сотқа

дейінгі тергеу жүргізілуде.

- Қазіргі уақыттағы зорлау және

жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық

әрекеттеріне қатысты іс қарастырылуда.

Бірқатар сараптама тағайындалды.

Рагозина Евдокия

Федоровна

Штиблер Екатерина

Григорьевна

Ивинский Николай

Васильевич

Петровский Анатолий

Михайлович

Иванова Лариса

Анатольевна

Жынысы/

пол

Жағдай департамент басшысының

толық бақылауында. Күдікті өз кінәсін

мойындап отыр. Куәгерлер бар. Ер

адам мен жәбірленуші қыздың бұған

дейін таныс болмағаны анықталды.

Күдіктіге қатысты осы уақытқа дейін

де сот істері қозғалған. 2010 жылы

оған қатысты жыныстық зорлықзомбылық

әрекеттерін жасағаны туралы

шағым түскен болатын. Алайда, арыз

жазылмағандықтан сот ісі қозғалмады.

Бұдан бөлек, 2017 және 2018 жылдары

мал ұрлығы бойынша жауапқа тартылып,

қылмыстық іс сотқа жіберілген болатын.

Кейіннен екі тараптың өзара келісімге

келуіне байланысты іс тоқтатылды, -

дейді Е.Әбдікенов.

Туған

мерзімі/

Дата

рождения

МЕЗГІЛ 29 ақпан, сенбі, 2020 жыл 11

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ

және ШЕШІМ

Павлодар облысы Павлодар

қаласының шекарасын (шегін)

өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының

2003 жылғы 20 маусымдағы Жер

кодексінің 108-бабы 3-тармағына,

Қазақстан Республикасының 1993

жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан

Республикасының әкімшілік-аумақтық

құрылысы туралы» Заңының 11-бабы

2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы

17 ақпандағы «Павлодар облысы

Павлодар қаласының шекарасын

(шегін) өзгерту туралы» № 61 қаулысы

негізінде Павлодар облысының әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық

мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Осы бірлескен қаулы мен

шешімнің қосымшасына сәйкес

Р/н

1.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Қайтыс

болған

мерзімі/

Дата смерти

Ә 20.03.1939 02.01.2019

Ә 16.06.1935 10.01.2019

Е 02.01.1956 14.03.2019

Е 22.06.1941 23.04.2019

Ә 13.09.1949 14.11.2019

(2034)

Павлодар облысы Павлодар қаласының

шекарасын (шегін) Павлодар ауданы

жерлерінің жалпы ауданы 192,8 гектар

бір бөлігін Павлодар қаласының

әкімшілік-аумақтық шекарасында

орналасқан Жетекші ауылының

шекарасына (шегіне) қосу жолымен

өзгертілсін.

2. Осы бірлескен қаулы мен

шешімнің орындалуын бақылау

облыстық мәслихаттың аграрлық

мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына

жүктелсін.

3. Осы бірлескен қаулы мен шешім

алғашқы ресми жарияланған күнінен

кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң

қолданысқа енгiзiледi.

Павлодар облысының

әкімі

Ә.СҚАҚОВ

Павлодар облыстық

мәслихатының сессия

төрағасы

Ж.ТҰРЛЫБАЕВ

Павлодар облыстық мәслихатының

хатшысы

Б.БЕКСЕЙІТОВА

Павлодар облысы әкімдігінің

2020 жылғы «___» №__ қаулысына және

Павлодар облыстық мәслихатының 20__жылғы

«_____» №___ шешіміне қосымша

Павлодар қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын, Павлодар

облысы Павлодар ауданы жерлері бөлігінің экспликациясы

Атауы

Жердің

жалпы

ауданы,

га

Оның

ішінде

егістік

Барлық

ауыл

шаруашылық

алқаптар

шабындық

жайылым

Өзге

жерлер

1 2 3 4 5 6 7 8

Павлодар қаласының

әкімшілік-аумақтық

ш е к а р а с ы н д а

192,8 - - - - 192,8

орналасқан

Жетекші ауылының

шекарасына (шегіне)

Павлодар ауданы

жерлерінің бір бөлігі

енгізілетін жерлердің

жалпы ауданы

Жерлер жиыны 192,8

Хабарландыру

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ЖТҮҚ-1 Авиақалашық

аймағында жаңадан салынған 1 шаршы метрі 120 мың теңгеге дайын

тұрғын үй ұсынылады.

Қосымша ақпаратты Кенжекөл ауылы, Ата заң алаңы 3, мекенжайы,

тел: 352475, 352472 бойынша алуға болады.

Байланыс мәліметтері:

Кенжекөл ауылдық округінің әкімі Серік Ниязбекұлы Шуақбаев –

87054566620;

Кенжекөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Несібелді

Қалкенқызы Ақтайлақова – 87054056633;

Бас маман Жібек Назымбекқызы Таскимбаева – 87051621277.

Жер телімдеріне қауымдық сервитут

орнату туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер

кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына,

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына

сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес кәбілдік кәрізді төсеу және

пайдалану үшін жер телімдеріне қауымдық сервитут орнатылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ленин кенті әкімінің

орынбасары Т.В.Зинченкоға жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ленин кентінің әкімі

№ Қолданушы

Жер учаскесінің

орналасқан жері

М.АЛШЫМБАЕВА.

Алаңы,

гектар

Пайдалану

мерзімі

(жыл)

Нысаналы

мақсаты

1 2 3 4 5 6

Ленин кенті (әрі қарай

1

– к.), Лазарева көшесі 0,0028

(әрі қарай – к.), №7055 0,0233

құдық

2

3

«Қазақтелеком»

Акционерлік

қоғамы

Ленин к., Станционная

Надирова к., от №7029

тіректен - №4713 тірекке

дейін

Маметова к., №727

құдық- №4712 тірек

4 Павлодарская к., №4718

тіректен - №4719 тірекке

дейін

0,0006

0,0028

0,0004

0,0021

0,0038

Ленин кенті әкімінің

2020 жылғы________

№_________ шешіміне

Қосымша

10

к ә б і л д і к

кәрізді

төсеу және

пайдалану

үшін

(184)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 10048 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 396

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 29 ақпан, сенбі, 2020 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

ЖӘДІГЕР

Естайдың ескі суреті

табылды

Әйгілі әнші-композитор Естай

Беркімбайұлының ескі суреті

табылды. Жәдігер Ресейдің

орталық мемлекеттік қазіргі

заман тарихы мұражайының

қорында сақталған екен.

Суретті мұражайдың электронды

қорынан іздеп тауып,

көпшілікке ұсынған – белгілі

журналист, өлкетанушы

Бейбіт Бөжен.

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ

Суретке «Халық композиторы Естай

Беркімбайұлының Павлодардағы Абай

атындағы орта мектептің оқушыларымен

және ұстаздарымен кездесуі» деп анықтама

берілген. Сурет 1940 жылы Павлодар

қаласында түсіріліпті.

Бір топ адамның ортасында отырған -

өткір көзді, тымақ пен шапан киген әнші

Естай. Әншінің осы киіммен түскен басқа

да фотолары бар. Мәселен, өлкетанушы,

журналист Айтжан Бәделхан құрастырған

«Естай» атты жинақта әнші-сазгердің дәл

осы тымақ пен шапанды киіп түскен суреті

ұсынылған. Оған «қырқыншы жылдары

Павлодар қаласында түсірілген» деп анықтама

беріліпті. Біздіңше, Ресей мұражайынан

табылған және «Естай» жинағында ұсынылған

екі фото да бір уақытта, бір жерде түсірілген

болуы әбден мүмкін.

Жалпы, қолымызда Естай Беркімбайұлының

бес-алты ғана фотосы бар. Сондықтан

Ресей мұражайынан табылған бұл сурет

АБАЙ – 175

біз үшін құнды жәдігер екені даусыз.

Айтпақшы, «қазақ тарихына қатысты

суреттерді тауып алуға болады» деп

Ресейдің орталық мемлекеттік қазіргі

заман тарихы мұражайының электронды

мекенжайын ұсынған журналист Серікбол

Хасан екенін атап өткен жөн. Мұражайдың

электронды қорында (goskatalog.ru) біздің

ел мен жердің тарихына қатысты көп

дерек бар.

«Абай – әр үйдің төрінде»

Жыл басында С.Торайғыров атындағы облыстық

әмбебап-ғылыми кітапханасы Абай Құнанбайұлының

175 жылдық мерейтойына арнап ерекше

бастаманы қолға алған еді. Ол – «Абай – әр үйдің

төрінде» атты кітап сыйлау акциясы.

Тілеуберді САХАБА

Қала тұрғындарына кітап

сыйлау шарасы жалғасын

табуда. Бұл жолы Павлов

көшесі, 48-үй мекенжайында

орналасқан Халыққа қызмет

көрсету орталығында өтті.

Мұнда да ақын өлеңдерінен

үзінді оқып беріп, кітап алғысы

келетіндердің қатары көп болды.

- Мақсатымыз - қазақтың

біртуар тұлғасы - хакім Абай

шығармаларын көпшілік арасында

насихаттау. Осы арқылы адамдарды

кітап оқуға шақыру. Біз

бастаған акцияға қатысуға ниетті

жандардың қарасы көп. Сыйға

берілетін кітаптарға қызыққан

СПОРТ ТЫНЫСЫ

кейбір оқырмандарымыз ақынның

өлеңдері мен қарасөздерін

жаттау үстінде. Тіпті, кейбір

азаматтар акцияның өтетін

уақыты мен талаптары туралы

білу мақсатында бізге тікелей

хабарласып жатады, дейді

облыстық кітапхананың ақпарат,

тіркеу және бақылау бөлімінің

меңгерушісі Майя Исақаева.

Бұл жолғы кітап сыйлау акциясына

қатысқандардың басым

бөлігі ақынның өлеңдерін жатқа

оқып, қара сөздерін нақышына

келтіре айтып берді. Кейбірі

хакімнің «Ғылым таппай мақтанба»,

«Әсемпаз болма әрнеге» секілді

ел арасында белгілі жырларын

жатқа айтса, енді біреулері

ақынның сирек оқылатын

Нысана көздеді

Теміртау қаласында садақ атудан ел біріншілігі

өтіп, павлодарлық спортшылар 4 медаль

еншіледі.

ҚР чемпионаты ересектер, жасөспірімдер және паралимпиадашылар

арасында өткізілді. Осымен 12-ші рет ұйымдастырылған

садақ ату жарысында биыл 17 павлодарлық бақ сынады.

Нәтижесінде қоржынға 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль түсті.

Атап айтсақ, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2016 жылғы

Рио паралимпиада ойындарының қатысушысы Александр Медведьев

18 метрлік сайыста алтыннан алқа тақса, 25 метр қашықтықта

күміспен күптелді. Ал Данэля Жұмагелді мен Сергей Скляров

командалық жарыста дара шықты. Адель Айғазинова, Дарья

Бородихина, Кристина Редько өнер көрсеткен команда қолаға

қол жеткізді. Ел біріншілігіне 8 аймақтан 200 спортшы қатысты.

Естай Беркімбайұлы мектеп оқушылары арасында.

өлеңдерінен тарту жасап, Абайдың

кітаптарын сыйға алды. Ай сайын

ұйымдастырылатын акция алдағы

Фархат ӘМІРЕНОВ,

журналист.

уақытта қаламыздағы басқа да

қоғамдық орындарда жалғасын

табатын болады.

Сара дара шықты

Щучинск қаласында паралимпиадашылар арасында

шаңғы жарысынан ҚР чемпионаты өтті.

Павлодарлықтардың қоржынында – 2 алтын

және 4 күміс.

Жарысқа еліміздің 7 өңірінен 30-ға жуық спортшы қатысты. Жерлесіміз

Сара Прокофьева зағип жандар арасындағы сайыста бақ сынап,

3 шақырым қашықтықты классикалық жүріспен және еркін жүріспен

бағындыру бойынша қос алтынға қол жеткізді. Сол жарыста өнер

көрсеткен Құралай Дайырханова қос күмісті олжалады. София

Колпакова қимыл-тірек аппараты бұзылғандар арасында сынға түсіп,

3 шақырымға созылған классикалық және еркін жүріс бойынша екі күміс

медаль еншіледі. Біріншіліктің артықшылығы, көзге түскен спортшылар

Қазақстанның ұлттық паралимпиадашылар құрамасына алынады.

Әзірлеген – Оралхан ҚОЖАНОВ.

ОН ҮШІНШІ

СӨЗ

Иман деген - алла табарака уа

тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз

бірлігіне, барлығына уа әр түрлі

бізге пайғамбарымыз саллалаһу

ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген

жарлығына, білдіргеніне мойын

ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман

дерлік инануға екі түрлі нәрсе

керек. Әуелі - не нәрсеге иман

келтірсе, соның хақтығына ақылы

бірлән дәлел жүргізерлік болып,

ақылы дәлел - испат қыларға

жараса, мұны якини иман десе

керек. Екіншісі - кітаптан оқу

бірлән яки молдалардан есту

бірлән иман келтіріп, сол иман

келтірген нәрсесіне соншалық берік

боларға керек. Біреу өлтіремін

деп қорқытса да, мың кісі мың

түрлі іс көрсетсе де, соған айнып,

көңілі қозғалмастай берік болу

керек. Бұл иманды иман таклиди

дейміз.

Енді мұндай иман сақтауға

қорықпас жүрек, айнымас көңіл,

босанбас буын керек екен. Якини

иманы бар деуге ғылымы жоқ,

таклиди иманы бар деуге беріктігі

жоқ, я алдағанға, я азғырғанға,

я бір пайдаланғанға қарап, ақты

қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті

шын деп ант ететұғын кісіні не

дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын.

Әрнешік білмек керек, жоғарғы

жазылмыш екі түрліден басқа

иман жоқ. Иманға қарсы келерлік

орында ешбір пенде құдай тағала

кеңшілігімен кешеді дағы демесін,

оның үшін құдай тағаланың

ғафуына яки пайғамбарымыздың

шафағатына да сыймайды, мүмкін

де емес. «Қылыш үстінде серт

жоқ» деген, «құдай тағаланың

кешпес күнәсі жоқ» деген жалған

мақалды қуат көрген мұндай

пенденің жүзі құрысын.

1892

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!