16.01.2021 Views

16 қаңтар сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

16 қаңтар, сенбі

2021 жыл

№6 (15624)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

ПАРЛАМЕНТ

Кешенді реформалар

жүргізіледі

Нақпа-нақ

Биыл Қазақстанда

86 млн.

тонна мұнай

өндіріледі деп

жоспарлануда

АУЫЗСУ

Тариф

арзандайды

Алдағы уақытта ауыл тұр ғындарына

арналған су тари фін

төмендету көзделіп отыр. Оған

субсидия алу жөніндегі рәсімдерді

оңтайландыру есебінен

де қол жеткізілуі тиіс.

Билік һәм бүгінгі мәселе:

АЙМАҚТАҒЫ АХУАЛ МӘЗ ЕМЕС

Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше VII шақырылымдағы

Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты. Президент

сессияға қатысушыларды сайлаудың аяқталуымен құттықтап,

жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тіледі. Мандатқа ие

болған депутаттар халық үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет

ететініне сенім білдірді.

Жалғасы 2-бетте

Аймағымызда коронавирусты жұқтырушылардың қатары азаймай тұр. Биыл жыл басынан

бері облыста аталмыш дертке 849 адам шалдыққан. Ауруханаға жатқызылған науқастардың

саны да өсіп отыр. Жұртшылық санитарлық талаптарды ұмытып, жаңа жыл мерекесінде

қонаққа баруды жиілеткен.

Толығырақ 3-бетте

ҚР Парламенті Сенатында «Қа зақ стан

Республикасының Су ко дексіне жергілікті

өкілді, орталық және жергілікті атқарушы

орган дар арасында ауызсумен жаб дықтауды

субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің

аражігін ажырату мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы» заңы қабылданды. Заң жобасының

негізгі мақ саты – халықты ауызсумен

қамта масыз етуге субсидиялар бөлу

және оны өңірлердің уақытылы алуына

жағдай жасау. Қазіргі таңда халықты

ауызсумен жабдықтау қызметтерінің

құнын төмендету мақсатында заңнамада

ауызсуды баламасыз көздерден субсидиялау

қарастырылған.

Мемлекет ауызсудың құнын субсидиялауда

кепілдендірілген қолдау көрсетіп

келеді. Осы мақ сатта 2020 жылға 15,7 млрд.

теңге қаражат қарастырылды. Уәкілетті

органның мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың

қорытындысы бойынша ауыл халқының

87 пайызы орталықтандырылған ауызсумен

қамтылды. Орталықтандырылған

ауызсумен қамтылған ауылдық елді

мекендердің саны – 4 078. Солардың

42 пайызы субсидия алған. Қолданыстағы

заңнамаға жасалған талдауға сүйенсек,

сумен жабдықтау объектілерін уәкілетті

орган бекітетін тізбеге енгізу процесі

көптеген ведомствоаралық келісімді талап

етеді. Аталған келісімдер 1-2 жылға

дейін созылып кетуі - осының дәлелі.

Осыған байланысты заң жоба сында

ауызсуды субсидия лау үшін тізбені бекіту

кезінде өкілет тіктердің аражігін нақты

ажырату ұсынылып отыр. Біріншіден, ауызсумен

жабдықтаудың жергілікті жүйелері

жергілікті атқарушы органдар деңгейіне

беріледі. Ал топтық жүйелер бұрынғыдай

уәкілетті органның қарауында қалады.

Екіншіден, жергілікті өкіл ді органдарға

өңірді сумен жаб дық тау бойынша көрсетілетін

қызмет тердің тарифтеріне байланыс

ты ауызсудың 1 текше метрі үшін

төлем мөлшерін бекітуге өкі леттілік берілмек,

дейді сенатор Нариман Төреғалиев.

Әзірлеген - Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 16 қаңтар, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

КӘСІПКЕРЛІК

Өңірде жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған

«Zhas-Halyk.Ertis» акциясының төртінші

кезеңі басталды.

Төртінші

кезеңі

басталды

Басы 1-бетте

Кешенді реформалар

жүргізіледі

Бағдарлама шарттары бойынша 30 жасқа дейінгі әрбір

старт-апшы немесе кәсіпкер өз ісін бастауға немесе

қолдауға жылдық 5%-бен 15 000 000 теңгеге дейін

қаражатты 7 жыл мерзімге кепілсіз алу мүмкіндігіне

ие. Halyk Bank жобаларды 395 млн. теңгеге несиелеуге

дайын. Естеріңізге сала кетейік, жоба облыс

әкімдігінің бастамасымен аталған банкпен бірлесіп

іске қосылған еді.

Өткен кезеңдерде облыстың жас тұрғындары құрылыс,

косметика және сабын-жуу өнімдерін өндіру, киім

тігу, наубайхана ашу, ТҚКС, ұйымдастыру техникасын

жөндеу бойынша сервистер және т.б. салаларда түрлі

қызықты жобаларды ұсынған болатын. Бағдарламаға

ауыл кәсіпкерлері белсенді қатысуда. Мәселен, Тереңкөл

ауданы орталығында 4 жас кәсіпкер өз бизнесін кеңейтуге

мүмкіндік алды. Аудан орталығында бизнесмендер

жылу блоктарын өндіруді, ауылшаруашылық техникалары

дөңгелектерін жөндеу, ыстау цехын, өзіне-өзі

қызмет көрсететін көлік жуу орнын және тұрмыстық

техниканы жөндеу сервистік орталығын жоспарлап отыр.

Сонымен қатар бағдарламаға Торайғыров университетінің

студенттері мен оқытушылары белсенді қатысты.

Олардың бизнес-идеяларына табиғи косметика өндірісі,

тримарандардың шағын сериялы өндірісі, ысталғанқақталған

ет-сүт өнімдерін өндіру, маркетингтік клуб

құру сияқты т.б. жобалар кірді.

Өңірде сұранысқа ие және нарықта бұрын-соңды

болмаған жобалар іріктеліп алынады. Арнайы комиссия

несиені бірегей бағдарламаның 42 қатысушысына

мақұлдады. Айта кететін жайт, қатысушылардың

жолдаған құжаттары толық болмаса, жобаға және

оның жасына қатысты талаптар сәйкес келмеген

жағдайларда өтініштер қабылданбайды.

Бүгінгі таңда 170,4 млн. теңге көлемінде 18 несие

берілді.

13 қаңтарда «Zhas-Halyk.Ertis» акциясының төртінші

кезеңі басталды. Өтінімдер 20 қаңтарға дейін қабылданады.

Қатысу үшін бизнес-жоспар, есептеулер және бейнепрезентацияны

www.zhashalyk-ertis.kz акциялық сайтына

жолдау қажет.

Өз тілшіміз.

ТАҒАЙЫНДАУ

Жаңа басшы

таныстырылды

Павлодар

облысы бойынша

Мемлекеттік

кірістер департаментіне

жаңа басшы

тағайындалды. ҚР

Қаржы министрінің

бұйрығымен

бұл мекемені

Жәнібек Нұржанов

басқаратын болды.

Жаңа басшыны облыс әкімдігінде өткен аппараттық

жиын барысында аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов

таныстырды. Өз сөзінде Жәнібек Нұржановтың жұмыс

тәжірибесін атап өтіп, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Жәнібек Нұржанов 1972 жылы Өскемен қаласында

дүниеге келген. 1997 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік

университетін экономист-маркетолог мамандығы бойынша

бітірген. Еңбек жолын Өскемен қаласы бойынша салық

қызметінің инспекторы болудан бастады. Кейін Шығыс

Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде, ҚР

Мемлекеттік кіріс министрлігінде, ҚР Қаржы министрлігінің

Салық комитеті басқармасында қызмет еткен. Сонымен

қатар, өз саласы бойынша Ақтөбе, Қостанай, Атырау

өңірлерінде басшылық лауазымдарды атқарған.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы

министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде

департаменттерді басқарды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Мемлекет басшысы сессияға

қатысушыларды сайлаудың аяқталуымен

құттықтап, жаңа құрамдағы Мәжіліс

депутаттарына табыс тіледі. Өткен

шақырылымдағы халық қалаулыларына

ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін

ризашылығын білдірді.

– Бес жылға жуық уақытта

Парламент қабырғасында 410 заң

қабылданды. Депутаттар өздерінің

заңға бастамашылық ету құқығын

пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын

дайындады. Бұл – осыған дейінгі бес

шақырылым депутаттарының бастамаларын

қоса алғаннан да көп. Жаңа

депутаттар алдыңғы әріптестерінің осы

қарқынын сақтай отырып, анағұрлым

жемісті жұмыс істеуі қажет, – деді

Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент құрамы жаңғырған жаңа

Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін

символдық мәні бар екі оқиғамен

тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

Ол – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы

мен қазіргі заманғы Қазақстан

парламентаризмінің ширек ғасырлық

белеске жеткені.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығында

кешенді реформалар жүргізілетін болады.

Барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет

пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз

керек. Басты басымдық –

халықтың тұрмыс сапасын жақсартып,

әл-ауқатын арттыру. Жұрт жасанды

жетістіктерді емес, көзбен көріп,

қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді.

Халық экономикалық және әлеуметтік

бағдарламалардың жемісті болғанын

қалайды. Біз осы мақсаттағы ауқымды

жұмыстарға барлық белсенді азаматтарды

тартамыз, – деді Мемлекет

басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев көздеген

мақсатқа жету үшін барлық салаларда

дәйекті өзгерістер жасалатынын,

ол үшін қандай басымдықтарға мән

беруіміз қажет екенін айтты. Қазақстан

Президентінің айтуынша, ең алдымен,

құқықтық мемлекетті дамытуға және

азаматтардың билік органдарына сенімін

нығайтуға күш салу керек.

– Осы бағыттағы реформалар жүйені

байыппен орталықсыздандыруды,

мемлекеттік аппаратты жаңғыртуды,

квазимемлекеттік секторды оңтайландыруды

және барлық үдерісті

цифрландыруды қамтиды. Сол арқылы

мемлекеттік аппарат барынша ықшам,

ашық әрі тиімді, ал, шешім қабылдау

үдерісі икемді және айқын болады.

Азаматтардың құқықтары лайықты

қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық

тұрғыдан даму мүмкін емес, – деді

Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы екінші басымдық

ретінде күшті және инклюзивті қоғам

құрудың негізгі құралы тиімді әлеуметтік

саясат екенін айтты. Сонымен қатар

әлем «білім экономикасына» қарай

жылжып бара жатқанын атап өтті.

Отандық денсаулық сақтау саласын

жаңғырту жұмысының аса маңызды

екеніне тоқталды. Бұл мәселенің,

әсіресе, пандемия жағдайында анық

байқалғанын айтты. Қасым-Жомарт

Тоқаев әлеуметтік қамсыздандыру

саясатын қайта жаңғыртып, мемлекет

көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға

басымдық беруі тиіс екенін жеткізді.

Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі

бағыттарының бірі – отандық зейнетақы

жүйесі. Мемлекет басшысы аталған

жүйенің әділетті, тұрақты, халықтың

мүддесіне сай құрылуы қажет екенін

атап өтті.

Ұлттық экономика тұрақты дамымай,

халықтың әл-ауқатын арттыру

мүмкін емес. Президент белгілеген

басымдықтың бірі осы. Мемлекет

басшысы Үкіметке экономикалық

белсенділікті қолдауға бағытталған

контрциклды макроэкономикалық

саясатты жалғастыруды тапсырды.

Сондай-ақ бизнеске қолайлы жағдай

қалыптастыруды міндеттеді.

– Еңбек нарығының тез өзгеруін

ескере отырып, жұмыс күшінің өнімділігі

төмен секторларды экономиканың

неғұрлым өнімді бағыттарына бет

бұруын қолдау қажет. Бұған дейін

айтқанымдай, еліміздің өнеркәсібі икемді

және қазіргі өзгерістерге бейім болуы

керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аумақ пен кеңістік тұрғысынан

еліміздің теңгерімді дамуы басты

басымдықтың бірі. Бұл ретте барлық

өңірлерді біртұтас экономикалық

кеңістік арқылы байланыстыратын

аса маңызды салаларды дамытуға

баса назар аударылады.

– Өңірлерді, қалаларды, аудандар

мен ауылдарды өзара байланыстыратын

инфрақұрылымды жақсартуға басымдық

беріледі. Жаңа стандарттарға сәйкес

Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз.

Айналасындағы елді-мекендердің тірегі

саналатын әрбір ауылға баратын жолдар

мен республикалық маңызы бар күре

жолдар 100 пайыз жөнделеді, – деді

Мемлекет басшысы.

Қазақстандағы реформалардың

басты бағытының бірі – саяси

жаңғыру. Президент биыл жекелеген

ауылдық округтерде сайлау өтетінін

мәлімдеді. Биылғы сайлау науқаны

карантин шектеулеріне қарамастан

қаншалықты қызу өткеніне тоқталды.

Кейбір партиялардың Мәжіліс пен

мәслихаттарға өтуіне сәл ғана дауыс

жетпей қалды. Мемлекет басшысы

осындай партиялардың өкілдері Парламентке

өтсе, ондағы пікірталасты

қыздыра түсер еді, ортақ жұмысқа

тиімді болар еді деген ойымен бөлісті.

– Сондықтан саяси партиялардың

Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға

төмендетуіміз керек. Осындай шешімді

қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған

норма заң жүзінде тіркелген партияларды

алдағы сайлауларға қатысуға

ынталандырады. Сондай-ақ елдегі саяси

бәсекенің дамуына септігін тигізеді. Бұл

бастама мемлекеттік саясатты жүргізу

үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек

қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік

береді, – деді Президент.

Бұдан бөлек адам құқықтарын толық

қорғау мемлекеттің басты мақсатының

бірі болып қала беретінін атап өтті. Бұл

ретте азаматтардың таңдау еркіндігін

барынша қамтамасыз ету өте маңызды.

Келешекте барлық деңгейдегі сайлау

бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын»

деген жазу енгізген жөн деген пікірін

жеткізді. Бұл бастама азаматтардың

сайлау құқығын қорғауға жағдай

жасайды.

Президент ұсынылған бастамалар

қазір күн тәртібінде тұрған ұзақ

мерзімді әлеуметтік-экономикалық,

саяси реформалардың бір бөлігі ғана

екенін айтты. Депутаттар бұл жұмысқа

белсене қатысып, Үкіметпен сындарлы

қарым-қатынас орнатуы қажет деп

санайтынын жеткізді.

Айтып өтейік, Президенттің

Жарлығымен жаңа құрам бекітілгенге

дейін Үкімет өз міндетін атқара беретін

болып шешім қабылданды.

akorda.kz


SARYARQA SAMALY

АЙНА 16 қаңтар, сенбі, 2021 жыл 3

Бұл - демократияның

жемісі

- Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы

уақытта саяси партиялардың

БИЛІК ЖӘНЕ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕ

Аймақтағы ахуал

мәз емес

Аймағымызда коронавирусты жұқтырушылардың қатары азаймай тұр. Биыл

жыл басынан бері облыста аталмыш дертке 849 адам шалдыққан. Ауруханаға

жатқызылған науқастардың саны да өсіп отыр. Жұртшылық санитарлық

талаптарды ұмытып, жаңа жыл мерекесінде қонаққа баруды жиілеткен.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Күн тәртібіндегі мәселе облыс

әкімі Әбілқайыр Сқақовтың

төрағалығымен өткен аппараттық

жиында сөз болды.

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасының басшысы Айдар

Сейітқазинов коронавирус бойынша

өңірдегі ахуалды сөз етті. Айтуынша,

жыл басынан бері КВИ жұқтырған

849 адамның 589-ы симптомды

вируспен ауыруда. Күнделікті өсім

деңгейі 0,8 пайызды құрап отыр.

1 қаңтардан бастап өңірде 23 950

ПЦР тесті жасалды. Бұл көлем

өткен айдың сәйкес кезеңімен

салыстырғанда 50 пайызға көп.

Инфекциялық төсек-орындардың

жүктемесі 34,3 пайызға тең.

- 1-11 қаңтар аралығында өңірде

КВИ-дан 26 адам қайтыс болды.

Оның ішінде 21-і Павлодар қаласында

тіркелді. Көз жұмған азаматтар бұған

дейін созылмалы ауру түрлеріне

шалдыққан. Қайтыс болғандардың

дені – 65 жастан асқан адамдар.

Қазір облыста 169 мобильді топ

жұмыс істеуде. Жыл басынан бері

мамандар 3283 шақыртуға барды, -

дейді А.Сейітқазинов.

Айдар Кенжетайұлының айтуынша,

қазіргі уақытта медицина

қызметкерлері созылмалы

ауру түрлері бойынша есепте

тұрған адамдарға хабарласып,

жағдайларымен танысуда.

Стационарлардағы жүктеменің

артуына жаңа жыл мерекесіндегі

Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға

төмендетуді ұсынды. Әрине, бұл

шешім біз сияқты саяси аренаға

енді шыға бастаған партияларды

ынталандыратыны анық. Жастар

саясаты, кәсіпкерлікті дамыту,

агроөнеркәсіп кешені сияқты

маңызды салаларға ерекше

тоқталды. Біздің партияның

жұмыс жоспары да Мемлекет

басшысының көзқарасымен сай

келеді. Иә, жастарды қолдау

ісін жүйелі жалғастыра беру

Ольга НИКОЛАШИНА,

облыстық «Фин-угор» этномәдени бірлестігінің төрайымы:

- Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаевтың жетінші

шақырылымдағы ҚР Парламентінің

бірінші сессиясын салтанатты

түрде ашып, алдағы уақытта

атқарылатын 7 бағытты атап

өтті. Соның ішінде мені ерекше

толғандырған бағыттың бірі –

«адам құқықтарын толық қорғау».

Яғни, Президент сайлауға қатысты

әлемдік тәжірибені тілге тиек ете

отырып, алдағы уақытта біздің

елімізге де сондай тәжірибені

енгізу керектігін айтты. «Шын

Ақмарал САЙТҚҰЛОВА,

«ADAL» партиясы облыстық филиалы төрағасының

орынбасары:

мәнінде, баламалы пікір және

бәріне қарсы дауыс беру ұғымы

біз үшін де қалыпты нәрсе

болуға тиіс. Сондықтан, барлық

деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне

«бәріне қарсымын» деген жазу

енгізген жөн», деді Президент.

Алдағы уақытта бұл бастама

заң жүзінде іске асып жатса,

азаматтардың сайлау құқығын

қорғауға жағдай жасалатыны анық.

Сонымен қатар, партиялардың

белсенділігін күшейтуге қатысты

ұсыныстары саяси ұйымдарды

көпшіліктің дос-жаран мен туғантуыстың

үйін аралап, қыдырыстауы

себеп болған.

Ақтоғай, Железин, Тереңкөл

және Аққулы аудандары вирусты

жұқтыру бойынша көш бастап тұр.

Ал Екібастұз қаласында қаңтар

айында 133 адам вирус жұқтырса,

оның ішінде 30 бала бар. Бұдан

бөлек, кеншілер шаһарындағы

№2 емханаға 8 жалпы тәжірибе

дәрігері қажет. Аймақ басшысы

мәселелерді бақылауға алып,

жылдам шешуді талап етті.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы коронавирусқа

қарсы вакциналау шарасына

қатысты дайындық барысын сұрады.

Айдар Сейітқазинов препараттарды

сақтауға арналған тоңазытқыштарды

алу бойынша жұмыс жүргізіліп

жатқанын айтты. Бүгінде Ғ.Сұлтанов

атындағы облыстық аурухана базасында

КВИ-ге қарсы вакцинаның

8 мың дозасы сыятын тоңазытқыш

орнатылған. Алдағы уақытта өңірдегі

медициналық ұйымдарға 22 арнайы

тоңазытқыш әкелінбек. Вакцинаның

алғашқы партиясы ақпан айының

соңында жеткізіледі деп жоспарлануда.

Жиында бас санитар дәрігердің

қаулысындағы талаптың

сақталуын қадағалайтын мониторинг

топтарының жұмысы да

сөз болды. Мамандар 1-13 қаңтар

аралығында 235 рейд жүргізіп,

жалпы саны 2389 нысанды

аралаған. Нәтижесінде бар-жоғы

3 тәртіп бұзушылық анықталған. Өңір

басшысы мониторингтік топтардың

жұмысын бақылауға алып, оларды

қажет. Көптеген ауылдарда

тасада қалып қойған талантты

жастар жетерлік. Билік басындағы

азаматтардың барлығы дерлік

ауылдан шыққанын ескерсек,

шалғайдағы елді мекендердің

жағдайын назарда ұстағаны абзал.

«Адал» партиясының мүшелері

Мемлекет басшысы айқындап

берген бағыттарды негізге алып,

елдің әлеуметтік-экономикалық

дамуына үлес қосуға дайын.

сайлауға қатысуға ынталандырады

деген ойдамын. Бұл – біздегі

демократияның жемісі.

эпедимиялық ошақтың пайда болу

қаупі бар жерге жіберу керектігін

талап етті.

- Бұл статистика арқылы

мониторинг тобының тиімділігі

төмен екенін көреміз. Бір жарым

ай бұрын санитарлық талаптың

сақталуын қадағалайтын топтардың

санын арттырған едік. Бірақ бұл

сапаға зиян келтірмеуі керек еді.

Мамандар қоғамдық көліктердегі,

азық-түлік дүкендеріндегі жағдайды

қатаң назарда ұстауы тиіс. Сауда

орталықтарында ұзын-сонар кезектің

болуына жол бермеуі қажет, -

деді Ә.Сқақов.

Аппараттық жиында облыстық

білім беру басқармасының басшысы

Дінислам Болатханұлы үшінші

тоқсандағы оқу барысы жайлы

баяндады. Өңірде оқушы саны

300-ден аспайтын 230 мектепте

оқу дәстүрлі форматта жүргізілуде.

Ал 300-ден астам оқушысы бар

126 білім ошағы сабақты қашықтан

өткізуде. Бұл мектептердің бастауыш

сынып оқушылары үшін 2 357

кезекші сынып ашылған. 11-сынып

оқушылары үшін аралас сабақ

кестесі қарастырылған. Яғни,

ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты

пәндердің 70 пайызы дәстүрлі

форматта, қалған 30 пайызы

қашықтан оқытылады.

Аймақ басшысы балалар

мен педагогтар арасында КВИ

жұқтырудың алдын алу бойынша

жұмысты күшейтуді тапсырды. Бұл

ретте санитарлық талап қатаң

сақталуы керек.

МӘСЛИХАТ

Кеше облыстық мәслихаттың VII шақырылымының

алғашқы сессиясы өтті. Жиында депутаттық мандатқа

ие болған партиялардың өкілдеріне куәліктер мен

белгілер табысталды. Сондай-ақ, мәслихаттың жаңа

хатшысы сайланды.

Алғашқы

сессия

10 қаңтар күнгі сайлау

қорытындысы бойынша облыстық

мәслихатқа үш партия өткен

болатын. Дауыс беру нәтижесіне

сәйкес, «Nur Otan» партиясына

27, «Ауылға» 3 және «Ақжол»

партиясына 2 депутаттық мандат

берілді. Облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

Гүлнар Аманжолованың айтуынша,

жаңадан сайланған

32 депутаттың алтауы - облыстық

мәслихаттың VI шақырылымында

қызмет еткен азаматтар. Мандатқа

ие болғандардың қатарында

10 әйел адам бар.

Бұл ретте облыстық мәслихаттың

хатшысы қызметіне Ернұр

Әйткеновтің кандидатурасы

ұсынылды. Жаңадан сайланған

депутаттар ұсынысты бірауыздан

қолдап, мәслихат хатшысының

нәтижелі еңбек етеріне сенім

білдірді. Ернұр Нұрмұханұлының

мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі

басқару саласында тәжірибесі мол.

Соңғы 15 жыл аралығында Май,

Баянауыл, Аққулы және Тереңкөл

аудандарын басқарды.

Сонымен қатар, облыстық

мәслихаттың экономика, әлеуметтік

мәселелер, құқық, аграрлық даму

және экология салалары бойынша

тұрақты комиссияларының құрамы

жасақталды. Мейрам Бегентаев,

Динара Айтжанова, Илья Теренченко,

Сайлау Оразбаев және Серік

Сәдуақасов аталмыш комиссияларға

жетекшілік ететін болды.

Облыстық мәслихаттың

алғашқы сессиясы барысында

депутаттар назарына 2021-2025

жылдарға арналған аумақты дамыту

бағдарламасы ұсынылды. Облыстық

экономика және бюлджеттік

жоспарлау басқармасының басшысы

Ирина Назарчук алдағы бес жылда

атқарылуы тиіс жұмыс ауқымын

атап өтті. Мәселен, агроөнеркәсіптік

кешенді дамыту үшін жылына 30

инвестициялық жобаны іске асыру

көзделіп отыр. 23 мың гектар

жерге инженерлік желілерді тартып,

2025 жылға дейін суармалы алқап

көлемін 39 мың гектарға дейін

арттыру жоспарда бар. Жыл

сайын 350 кәсіпкерлік нысанына

мемлекеттік қолдау көрсетіліп,

«Қарапайым заттар экономикасы»

бағдарламасы бойынша

40 жобаға қаржы қарастырылмақ.

Соның нәтижесінде шағын және

орта бизнес саласында қызмет

ететін облыс тұрғындарының

саны 150 мыңға жетеді. Осы

орайда туризмді дамытуға да

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

көп көңіл бөлінеді. Егер биыл

карантин шаралары жеңілдесе,

жазда Баянауыл, Маралды мен

Тұзқалаға 162 мың турист келуі

мүмкін. Ал 2025 жылға қарай

облысқа келетін демалушылар

саны 213 мыңға дейін өседі деп

жоспарланған. Алдағы бес жылда

цифрландыруды дамыту үшін

27 жоба жүзеге асады.

- Бес жыл аралығында 370-тен

астам тұрғын үй салынып, 2 млн.

шаршы метр пәтер қолданысқа

тапсырылады. Нәтижесінде тұрғын

үй кезегінде тұрған 9 мың адам

баспаналы болады. Ауыл халқының

жағдайы да жақсара түсуі тиіс.

Мәселен, биыл елді мекендерде

орталықтандырылған су жүйесін

салуға қатысты 28 жоба қолға

алынады. Бұл - 13 мың тұрғын

таза ауызсуды пайдалана алады

деген сөз. Ауылдарда жыл сайын

340 шақырым жол жөнделіп,

2025 жылға қарай жақсы және

қанағаттанарлық деңгейдегі

жолдардың үлесі 90 пайызға

жетеді. Биыл «Ауыл - ел бесігі»,

«Жұмыспен қамтудың жол картасы»

бағдарламалары бойынша 12 елді

мекенде 34 жоба іске асырылады.

Осылайша, алдағы бес

жылда ауылдардың әлеуметтік

жағдайының көрсеткіші 65 пайыздан

97 пайызға дейін артады, - деді

И.Назарчук.

Өз кезегінде жиынға қатысқан

облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

жергілікті билік пен депутаттар

бірлесіп, елеулі еңбек етеріне

сенім білдірді.

- Күрделі кезеңде өткен сайлау

кезінде облыс тұрғындарының

қолдауына ие болып, депутат атанған

азаматтарды құттықтаймын. Жаңа

шақырылымның құрамы жаңарып,

әйелдер мен жастардың саны

айтарлықтай көбейді. Депутаттық

корпус пен жергілікті билік

тұрғындарды жұмыспен қамту,

мемлекеттік бағдарламалардың

барысын бақылау, жұртшылықпен

кері байланыс орнату сияқты

әлеуметтік-экономикалық бағыттардағы

жұмыстарды бірлесе

атқарады деп ойлаймын. Қолға

алған ауқымды істер нәтижелі

болып, облыстың дамуы үшін

тиімді шешімдердің қабылданарына

күмәнім жоқ, - деді аймақ басшысы.

Айта кетелік, облыстық мәслихаттың

VII шақырылымындағы

депутаттардың орташа жасы

45-ті құрады. Ең жас депутат -

30 жаста.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


4 16 қаңтар, сенбі, 2021 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Жедел жәрдемге жүгіну

жеңілдеді

Соңғы уақытта тұмау мен коронавирустық инфекция жұқтырған

адамдардың қатары артты. Сондықтан «103» нөміріне

қоңырау шалатындардың саны күрт көбейген. Сырқатқа

шалдыққан облыс тұрғындары телефон тұтқасының ар

жағында оператордың жауабын ұзақ уақыт күтпес үшін жаңа

әдіс енгізілді. Енді жедел жәрдемді Telegram мессенджері

арқылы да шақыруға болады. Бұл туралы толығырақ

облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары

Ольга Вербовая айтып берді.

- Ольга Борисовна, өткен

жылдың соңында жедел жәрдем

шақырудың жаңа тетігі

қолданыла бастағаны белгілі.

Бұған не түрткі болды?

- Бұрындары жәдел жәрдем

қызметіне тәулігіне 500-600 қоңырау

түссе, бүгінде 700-ден астам шақырту

аламыз. Былтыр жазда коронавирустық

инфекция мен пневмония ушыққан

сәтте тәулігіне түсетін қоңырау саны

екі есеге өсіп, 1200-ден асып кетті.

Қыс кезінде маусымдық ауруларға

шалдығу қаупі жоғары екенін ескеріп,

Telegram мессенджерінде арнайы

бот ашуды жөн көрдік. Себебі

қоңырау саны күрт көбейсе, науқас

оператордың жауабын әдеттегіден

сәл ұзақ уақыт күтіп қалуы ықтимал.

Ал адам денсаулығын сақтап қалуда

әр минуттың маңызды екені белгілі.

Сондықтан тұрғындарға қолайлы

жағдай жасау мақсатында заманауи

технология тетігін пайдалануды

жөн деп таптық. Бүгінде Telegram

мессенджерін қолданушылар саны

артып келеді. Көпшілік осы желі

арқылы жаңалықтарды, басқа да керек

мәліметтерді оқи алады. Мемлекеттік

қызметтің барлық дерлік түрі де

электронды үкіметтің Telegram боты

арқылы көрсетіледі. «Олай болса, оны

жедел жәрдем қызметінің тиімділігі

үшін неге пайдаланбасқа?» деген

АВТОНАРЫҚ

ой келді. Сөйтіп, өткен жылдың

соңында @pvl_103_bot іске қосылды.

- Оның көмегімен жедел жәрдем

шақыру үшін не істеу керек?

- Алдымен ұялы телефонға Telegram

мобильді қосымшасын жүктеп, біздің

ботқа жазылу қажет. Медициналық

көмек керек болған жағдайда осы

ботқа кіріп, «Жедел жәрдем шақыру»

тетігін басады. Кейін көрсетілген

нұсқаулыққа сәйкес сырқат белгілерін,

науқас адамның мекенжайын жазуы

тиіс. Мессенджер арқылы берілген

бұл шақырту бірден бірыңғай callорталықта

өңделеді. Диспетчерлік

орталық қызметкерлері сырқаттың

санатына қарай шақыртудың орындау

уақытын белгілейді.

- Тұрғындар шақыртудың

қабылданғанын қалай біле

алады?

- Telegram-ботта «Шақырту

мәртебесін тексеру» деген батырма бар.

Соны басса болғаны, жедел жәрдем

көлігінің қай уақытта жететінін білуге

болады. Сондай-ақ, «Жиі қойылатын

сауалдар» бөлімінде керекті мәлімет,

кеңестер көрсетілген. Мәселен,

коронавирустық инфекцияның алдын

алу, белгілері мен емдеу жолдары

туралы ақпарат орналастырылған.

- Осы уақытқа дейін жаңа әдіс

арқылы өтініш бергендердің

қатарында COVID-19 жұқтырғандар

болды ма?

- Жоқ. Көп жағдайда тұрғындардан

қан қысымының түсуі немесе көтерілуіне

қатысты шақыртулар түседі.

- Ал бір күнде Telegram-бот

арқылы барлығы неше шақырту

болады?

- Өкінішке қарай, тұрғындардың

басым бөлігі бұл ыңғайлы әдіс туралы

біле бермейді. Сондықтан шақырту

саны да аз. Әдетте тәулігіне 2-3

шақырту болады. Осы орайда жастарға

өздерінің және ата-аналарының телефондарына

мессенджерді жүктеп,

ботқа жазылуға кеңес беремін. Сол

арқылы жедел жәрдем қызметін шақыру

уақытын айтарлықтай үнемдейді.

- Мұндай жүйе тек Павлодар

қаласында жұмыс істей ме?

- Жоқ, аудан-қалалардың

тұрғындары да ұялы телефондағы

мессенджер арқылы медициналық

көмекке жүгіне алады.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан -

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

ТҮЙТКІЛ

Көше шамы

жиі сөнеді

Редакциямызға баянауылдық оқырмандарымыз

хабарласты. Аудан орталығындағы

көше жарығы қатарынан 3-4 күн жанбай,

тұрғындарға қолайсыздық тудырғанға

ұқсайды. Мәселенің мәнісіне үңіліп

көрдік.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Тұрғындардың базынасы әлеуметтік желілерде де

жарқ етті. Дәлел ретінде суреттері жарияланыпты.

Шынымен де, орталық көшелердің өзі қараңғылықтың

құшағына енген. Абырой болғанда, сол уақытта оқушылар

қысқы демалыста болған. Әйтпегенде қараңғы уақытта

мектептен қайтқан балалардың қауіпсіздігіне атааналардың

алаңдайтыны анық.

Мәселе бойынша Баянауыл ауылдық округі әкіміне

хабарластық. Ауыл басшысы Руслан Мұқашев шынымен

де көше жарығы 3-4 күн істен шыққанын айтты. Бірақ,

бүгінде олқылықтардың орны толтырылып, көше

шамдары жанып тұрған көрінеді.

- Округте көшені жарықтандыру ісі жүйелі жалғасуда.

2018 жылдан бері Бекқожин, Ізбастин, Жарылғапберді

сияқты көшелерге жарық шамдары орнатылды. Былтыр

ауыл көшелеріне ұзындығы 4320 метр құрайтын жарық

сымдары тартылды. Сәйкесінше, жарықты пайдалану

көрсеткіші артып, монополист – «Павлодарэнергосбыт»

мекемесіне 716 мың теңге қарыз болып қалдық.

Көше жарығының сөнуі себебі – осы. Іле аталған

мекеме басшысына кепілхат жазып, берешекті қаңтарақпан

айында төлеуге уәде еттік. Осылайша, жалпы

шығын-дарды есептегенде қаңтар айында 1 миллион

теңге, ақпан айында 3,5 миллион теңге төлеуге

міндеттіміз. Биылғы аудандық бюджетте шығындар

есебі қарастырылған. Сол себепті алдағы уақытта

олқылық қайталанбайды деген сенімдеміз, - дейді

ауыл әкімі.

Былтыр ауылдық көшелерді жарықтандыру ісіне

18 миллион теңге қаражат қарастырылса, биыл

19 миллион теңгеден астам қаржы бөлінбек. Әзірге

аудандық бюджеттен тиісті қаражат түспеген. Яғни,

көше жарығы кепілхаттың күшімен жанып тұр.

Аз уақыттың ішінде жағдай тұрақталатынына

сенейік.

Көлік бағасы қалай құбылды?

Елімізде шығарылатын жаңа көліктер жыл сайын

қымбаттайды. Былтыр да бұл үрдіс қайталанды.

Наурыз айында АҚШ долларының бағамы 445 теңгеге

өсіп шыға келгенде, темір тұлпарлардың құны да

шарықтап кеткені мәлім. Нарықтағы бағаның қалай

құбылғанын зерделеп көрдік.

Мұрат АЯҒАНОВ

Негізі, былтыр жеңіл көліктердің

бағасын көтеруге алдымен Kia

маркасын сатушы дилерлер

кірісті. Олар наурыз айында

доллар бағамының өзгеруімен

салондағы жаңа көліктердің бағасын

жаңартты. Артынша басқа компаниялар

да бұл қадамды құп көрді.

Нәтижесінде көктемнің соңына

қарай нарықтағы барлық саудагерлер

бағаны көтергені мәлім.

Әуелі көпшілік несиеге жиі

рәсімдейтін Lada Granta-дан

бастайық. Өткен жылдың басында

ең қарапайым базалық седан

2,8 млн. теңгеге бағаланған.

Ал қазір анағұрлым қолжетімді

«Грантаны» алам десеңіз 3,7 млн.

теңге санап беруге тура келеді.

Жақсырақ нұсқасы 4,2 млн. теңгеден

4,6 млн. теңгеге қымбаттады. Яғни

бұл маркада баға бір жылдың

ішінде 30 пайызға бір-ақ секірді.

Әуел баста Қазақстанда «Ravon»,

кейіннен «Chevrolet» брендімен

құрастырыла бастаған Nexia R3

седаны былтыр біздің елде ең

көп сатылған көліктер тізімінде

2-орын иеленді. Бұл машинаның

құны бір жыл ішінде шамамен

300 мың теңгеге өсті. Әдеттегі

базалық нұсқасын 3,8 млн. теңгеге,

ал үздік нұсқасын 4,7 млн, теңгеге

алуға болады.

Келесі орында «Hyundai»

маркасына тиесілі Accent пен

Tucson тұр. 2020 жылы седанның

тұрқы жаңарғанмен, бағасы

бірден көтерілмегені мәлім.

Былтыр көктемде 1,6 литрлік

қозғалтқышы мен автомат қорабы

(Active Plus) бар седан үшін

6,3 млн теңге сұралатын. Ал

қазір оны сатып алғыңыз келсе,

6,6 млн. теңге санап беруге тура

келеді. Жақсартылған нұсқасы

7,1 млн. теңгеге дейін өскен.

Start жиынтығындағы Tucson

9,4 млн. теңгеден 10,1 млн. теңгеге

қымбаттады. Толық жетекті көлік

үшін қосымша 400 мың теңге

тағы шығындануға тура келеді.

Қазақстандағы аса танымал

жеңіл көліктердің үздік бестігін

Toyota Camry түйіндейді. Былтыр

жыл басында қалтасында 10,8 млн.

теңгесі бар азамат қозғалтқышының

көлемі 2 литрлік «Классик»

нұсқасын сатып алатын еді. Ал

«Стандарт» алғыңыз келсе, тағы

100 мың теңге қосу қажет болатын.

Бұлардың бағалары да қымбаттады.

2,5 литрлік қозғалтқыш орнатылған

«Комфорт» жиынтығындағы седан

бағасы 600 мың теңгеге артты.

Жыл бұрын 18 млн. теңгеден

саудаланған 3,5 литрлік «Люкс»

нұсқасы қазір 18,9 млн. теңге

тұрады.

Отандастарымыз жиі таңдайтын

Lada Vesta, Chevrolet Cobalt, Kia

Rio, Lada 4x4 және Hyundai Creta

көліктерінің құны да теңгеге

шаққанда біраз өсті. Олардың

бағасы моделі мен нұсқасына

байланысты 2-ден 42,6%-ға

дейін көтерілді. Осы тізімде

Lada 4x4 пен Kia Rio айрықша

назар аудартады. Былтыр жыл

басында қарапайым «Нива»

3,4 млн. теңге тұратын. Ал қазір

оны алам деушінің қалтасында

кемі 4,85 млн. теңге болуы тиіс.

Kia Rio да өткен жылы

жаңартылды. Седанның дизайны

өзгеріп қана қоймай, бағасы да

құбылды. Бастапқыда 7,2 млн.

теңгеге бағаланған үздік нұсқасының

құны бірден 8,2 млн. теңгеге

шарықтады. Анағұрлым қолжетімді

Comfort 500 мың теңгеге өсіп,

6,8 млн. теңгені құрады.

Механика қорабымен жұмыс

істейтін 1,4 литрлік қозғалтқышқа

ие Rio бұрын 5,5 млн. теңгеге

бағаланатын. Қазір бұл маркада

механикалы қорабы бар көлік

шығарылмайды. Соған орай ең

арзанының құны 6,5 млн. теңге

тұрады.

Мамандардың болжауынша, алдағы көктем-жаз

мезгілдерінде жеңіл көліктердің бағасы тағы құбылуы

мүмкін. Қазір көптеген көлік салондары баға сегментін

өзгертуге бейілді. Себебі, көлік құрастырушы зауыттар

конвейерде тұрған жаңа машиналардың кейбір

бөлшектері шеттен қымбат бағамен жеткізілгенін

мәлімдеген еді.


SARYARQA SAMALY

16 қаңтар, сенбі, 2021 жыл

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша

Сөз патшасы

(Абай атамызға арнау)

ЖЫЛЫ ЖҮРЕК

Жақсылықтың

сыйы зор

Аймағымызда қоғамның қай саласында болмасын белсенді

жасөспірімдер баршылық. Солардың бірі - Павлодар

қаласындағы №30 орта мектебінің 10-сынып оқушысы

Айбек Ғазиз. Ол былтырғы жылдың қортындысында «Ертіс

дарыны» жастар сыйлығының

лауреаты атанып, 500 мың

теңгенің ақшалай сертификатына

ие болды.

Абайды оқы, ерінбе,

Жақсылықтан жиренбе.

Оқыған адам озады,

Оқымаған тозады.

Білімдіге серік бол,

Білімсізден керік бол.

Қара сөзін ұғып ал,

Жақсылықты жиып ал.

Абай ата жырлайды,

Елесі қол бұлғайды.

Шабытымды шақырды,

Оқығанға ыңғайлы.

Абай ата сияқты,

Жазғым келді өлеңді.

Ғылымның сүңгіп түбіне,

Ізденелік, кел енді!

Елжан ҰШҚЫН,

Ю.Гагарин орта мектебінің

оқушысы, Евгеньевка ауылы,

Ақсу ауылдық аймағы.

Абай - мәңгі

қазына

Абай атам уы жоқ-ау ішпеген,

Иманы зор, діннен берік тістеген.

Бар көңілін ұрпағына арнаған,

Игілігі жаңаруда істеген.

Абай - шың-құз, басын аппақ

қар басқан,

Абай - мәңгі таусылмайтын ән-дастан.

Ескірмейді Абай атам еңбегі,

Ғасырлардан ғасырларға жалғасқан.

Ұрпағына жырдан шашты жақұтты,

Үнемдеген мынау алтын уақытты.

Соқпағына түсіп дара Абайдың,

Жақұт тілін түсінгендер бақытты.

Абай атам туған қазақ бағы үшін,

Ардақтайды ел, ұмытпайды арысын.

Ол - қазақтың рухани қазығы,

Ұрпағына ақын ойы дарысын.

Даниял НАРИМАН,

Қ.Бекқожин орта мектебінің

7 «Ә»-сынып оқушысы. Павлодар қаласы.

Қазақта: «Жақсылық - ағаш басында,

жамандық - аяқ астында» деген тағылымды

сөз бар. Рас, риясыз көңілмен жасалған

жақсылық пен қайырымдылық үлкен

мұраттарға жеткізіп, адамдық абыройыңды

асқақтата түседі. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз

Айбек те - қайырымдылықтың сыйын

еселеп қайтарған жылы жүректі жан. Ертіс-

Баян өңірінің дарынды жастарын қолдауға

бағытталған «Ертіс дарыны» конкурсына

«Волонтерлік» номинация бойынша өтінім

берген. Жалпы, бұл конкурсқа кез келген

адам қатыса алмайды. Ол - әр саланың

тізгінін берік ұстаған жүйріктердің жүйрігі

ғана бақ сынайтын бірегей жоба. Ал Айбек

Ғазиздің шын дарындардың арасынан

дара шығатын жөні де бар. Себебі, ол

- «Kids Мейрімділер клубында» ерікті

ретінде жұмыс істеп, талай жанның жүгіне

үміт пен сенім ұялатқан мейірімді бала.

Атап айтқанда, қайырымдылық жобаларын

ұйымдастырып, мұқтаж адамдарға

көмек көрсетіп келеді.

- «Kids Мейрімділер клубының» құрамында

осы жылдың мамыр айынан бері

жұмыс істеп жүрмін. Ал волонтерлік өмірге

бұрыннан бері қызығушылықпен қарайтын

едім. Бұл құштарлық мені осы ортаға алып

келді. Мен үшін волонтер болу – өзіңіз

қалаған және өзіңізге ұнайтын іспен айналысу.

Еріктілік – айналаға жақсылықтың

нұрын шашу, адамдарда адамгершілік

ФОТОЭТЮД

деген ізгі қасиеттердің барын көрсету.

Сондай-ақ, қазіргі қоғамда да қайырымды

жандардың бар екенін дәлелдеу. Мен

бұл бағытта бір іске кіріскенде уақыттың

қалай өткенін де байқамай қаламын.

Ал шаршау дегеннің не екенін мүлдем

сезбейтін секілдімін, - дейді Айбек.

Волонтерлік қызмет барысында

ол мұқтаж адамдарға көмек көрсету

бойынша түрлі іс-шараларға қатысты.

Елге індет ендеп, төтенше жағдай

жариялана бастаған кезден ол сырт

қалған жоқ. Ақ халаттылармен қатар

алдыңғы шепте жүріп, елдің денсаулығы

жолында бар күш-жігерін сарқыды.

Атап айтқанда, карантинге жабылған

үйлердің тұрғындарына, науқастардың

амандығы үшін індетпен бетпе-бет

күрескен медициналық қызметкерлерге,

күні-түні блок-бекеттерді күзеткен полицейлер

мен сақшыларға азық-түлік тасып

жүрді. Сонымен қатар, кейбір мекемелерге

қажеттілік бойынша дәрі-дәрмек

пен дезинфекциялық құралдарды да

жеткізіп берді.

- Сонымен қатар, карантиндік шектеулерге

байланысты жұмыстары тоқтап,

әлеуметтік жағдайлары нашарлаған

тұрғындарға да көмек көрсеттік.

Кәсіпкерлердің қолдауымен шамамен

1 мыңнан астам отбасына азық-түлік

жиынтықтары мен маскалар таратылды.

Пандемияның екінші толқыны кезеңінде

де қарап қалған жоқпыз. Провизорлық

орталықтарға көмекке барып, қолда бар

құралдардан штатив дайындауға, жабдықтар

мен дәрі-дәрмектер жеткізуге, дезинфекциялау

құралдары мен таза ауызсу

алуға көмектестік, - дейді ол.

Айбектің белсенділігі қоғамдық

жұмыста ғана емес, мектепте де озат

оқушылардың қатарында. Әсіресе,

жаратылыстану-математикалық бағыттағы

пәндерді жақсы көреді. Мектепішілік түрлі

іс-шараларға қатысады және жоғары

сынып оқушылары кеңесінің құрамына

кірген. Оның білім сайыстарындағы

жетістіктерін де ауыз толтырып айтуға

болады. Биыл география пәні бойынша

өткен қалалық «әл Фараби» олимпиадасынан

және математика пәні бойынша

өткен ғылыми жобалар байқауынан

II орынды жеңіп алды. Ғылыми әдебиетпен,

интеллектуалды ойындармен әуестенеді.

Болашақта мұнай өнеркәсібінің маманы

болуды жоспарлап отыр.

Қыс

Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап,

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Жұлдыз болып ағамыз

Ақ мамықтың үстімен.

Біз спортшы боламыз,

Үлгі аламыз күштіден.

Қуаныштың бүгінгі

Басылмайды ыстығы.

Жылдамырақ жүруді

Үйретеді қыс күні!

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ.

Суретті түсірген - Жансері Съезбек.


6 16 қаңтар, сенбі, 2021 жыл

SARYARQA SAMALY

Тазалық бар жерге,

жоламайды індет!

Елімізге танымал

балалар ақыны

Серікбол Хасанның

карантиндік шектеулерге

байланысты

жазған бір топ өлеңін

ұсынып отырмыз.

Оқып, көкейлеріңе

түйе жүріңдер.

Қолыңды жу

Қолға сабын алып,

Мөлдір суға салып.

Жуу керек жиі,

Ақ көбікке малып.

Жасыл, қызыл, ағын,

Қолдана бер бәрін.

Жуынғанда дәйім,

Қолда тұрсын сабын.

Қиын емес дым да,

Тазалық бар мұнда.

Таңда, түсте, кеште,

Қол жуудан тынба.

Өнем десең гүлдеп,

Осыны қыл міндет.

Тазалық бар жерге,

Жоламайды індет!

Карантин

Қандай ғана ер еді,

Ақылды ғой Ақылбек.

Үйден шықпа деп еді,

Отыр міне мақұл деп.

Демде ғана табады,

Интернеттен дерегін.

Онлайн сатып алады,

Сыртқа шықпай керегін.

Заман қандай керемет,

Іздегенің табылар.

Кітап, газет, не керек,

Интернетте бәрі бар.

Ақылбектер біледі,

Карантиннің талабын.

Қолын жуып үнемі,

Оқып отыр сабағын.

Дәрі

Балаларды жинап ап,

Бастады ойын Инабат.

Іші «ауырған» Батырды,

Бөлмесіне шақырды.

- Ауыра ма ішіңіз?

Міне, дәрі ішіңіз.

Басы «ауырған» Дана да,

Мәз боп шықты далаға.

Атап тұрып атымды,

Мені де ішке шақырды.

- Белгілі екен халіңіз,

Міне, дәрі алыңыз!

Дәрісі оның қатты екен,

Дәмі бірақ тәтті екен.

Бізге дәрі дегені,

Кәмпит екен себебі.

Адам бойындағы

туысқандық,

ағайыншылық

қарым-қатынасты

білдіретін көптеген

ұғымдар бар. Соның

бірі – бауырмалдық.

Жақын адамды бауыр тарту –

туыс адамдардың арасындағы

жақсы көру сезімін, бір-біріне

деген мейірімділігін, жанашырлығын,

қамқорлығын білдіретін құнды қасиет.

Сондай-ақ, бауырмалдық тек туыстық

негізде ғана көрінетін қасиет емес,

ол - кісінің адамгершілік, имандылық

қасиеттерін айқындайтын мінезқұлықтың

жағымды белгісі.

Қазақ халқы үшін сыйластықтың

орны мен маңызы зор. Тарихымызда

осыған байланысты талай

оқиғалар болған. Соның бірі Балуан

Шолақ пен Қажымұқан арасында

болыпты. Екеуінің күші қанша

асып-тасып тұрса да, бір-біріне

өктемдік көрсетпеген. Міне, нағыз

адамгершілік айнасы деп осыны

Адамгершілік айнасы

атауға болады. Бабаларымыздың

осында өнегелі қасиеттерін

санамызға сіңірсек, жаман болмас

едік.

Мектеп - біздіѕ

екінші їйіміз

Менің мектебім – әлемдегі ең

жақсы мектеп. Ол ең ғажайып

орындардың бірі деп айтсам,

қателеспеймін. Мен оны

мақтан тұтамын. Мектепте

түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Кітапханадан көптеген

қызықты кітаптарды алуға

болады. Сынып жетекшіміз

түрлі сынып сағаттарын

қызықты етіп өткізеді.

Мектепте мен көптеген жаңа әрі қызықты

мәліметтер алудамын. Әлі де үйренеріміз көп.

Жаңа достармен таныстым. Бірақ, ең бастысы, біз

ӨЗДЕРІҢ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН...

Сандуғаш СҮЛЕЙМЕН,

Ю.Гагарин атындағы орта

мектептің оқушысы,

Евгеньевка ауылы,

Ақсу ауылдық аймағы.

мұнда білім аламыз. Мектепте біз өмірге деген

алғашқы қадамдарымызды жасап, арманымызға

бет бұрамыз. Мұнда біз сурет салуды, жазуды,

оқуды үйренеміз. Дене шынықтыру сабағында өз

қорқынышымызды жеңуге мұғаліміміз көмектеседі.

Сондай-ақ, бізге әрдайым көмектесетін, тыңдайтын,

кеңес беретін, дұрыс жолға бағыттайтын сынып

жетекшіміз бар.

Көктем айында басталған пандемия кезінде

сыныптастарымызды, достарымызды және сүйікті

ұстаздарымызды қатты сағынған едік. Кейін қыркүйекте

кезекші сыныпқа барып, барша дострымызбен

жүздестік. Сондағы қуанышты сөзбен айтып жеткізе

алмаймын.

Мектеп – біздің екінші үйіміз. Ендеше, сол

білім ордамыз алдыңғы қатарда болсын десек,

сабағымызды үздік оқып, түрлі шараларға қатысып,

жүлделі орындарға ие болайық. Барша достарыма

сәттілік тілеймін.

Мерей МАКАДАН,

№17 орта мектептің

2 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Жаңылтпашты жаттап ал!

Біреуі - көрікті кісі,

Біреуі - бөрікті кісі.

Көрікті кісі зорықты,

Бөрікті кісі қорықты.

* * *

Асан бақша жақтан

Ақ сабақ асқабақ әкелді.

Басқа жақтан

Басқарақ асқабақ әкелді.

* * *

Шабысты ат

Шалыс шаппас.

Шалыс шапса

Алыс шаппас.


SARYARQA SAMALY

16 қаңтар, сенбі, 2021 жыл 7

ЖЕТІСТІК

259 оқушы

жеңімпаз болды

Өткен тышқан жылы

павлодарлық оқушылар

үшін жетістікке толы жыл

болды. Елімізде дүркін-дүркін

карантин жарияланып жатса

да, жас ізденімпаздар қарап

қалған жоқ. Берілген барлық

мүмкіндікті пайдаланып,

онлайн режимде пән олимпиадалары

мен білім сайыстарында

бақ сынады.

БАЛҒЫН ЖЫР

Асыл тұлға

Асыл тұлға, философ, өзі хакім,

Бар қазаққа танылған сенің атың.

Ғасырдың жаңғырығы – ұлы Абай,

Біздерге мұра болып қалған хатың.

Болды ғой бұл фәниде жаның жалғыз,

Қазаққа тәңірінен бағын алғыз.

Сіз жүрген жолға келіп тоғысқанбыз,

Бүкіл қазақ қашан да жаныңдамыз!

Кеңес ЕСТАЙ,

Сұлужон орта мектебінің

5-сынып оқушысы,

Баянауыл ауданы.

Отаным

Туған елім, қазағым!

Сөздеріңді сыйлаймын.

Сіздерге әкеп шашуға ,

Ілім-білім жинаймын.

«Павлодар дарыны»

балалардың бос уақытын

қамту және дарындылығын

дамыту орталығының басшысы

Ақмарал Мұхамеджанованың

айтуынша, жыл басынан бері

орталықтың ұйымдастыруымен

қалалық деңгейде 44 байқау

және әртүрлі іс-шаралар

өткен. Оған 4800-ден астам

оқушы қатысыпты. Жалпы,

осы жыл ішінде 1813 оқушы

әртүрлі білім байқауларынан

жүлделі орын алған. 557

оқушы түрлі конкурстардың,

олимпиадалардың, ғылыми

жобалардың облыстық кезеңіне

өтіп, олардың 259-ы

жеңімпаз атанды. Елдегі

төтенше жағдайға байланысты

олимпиадалық қозғалыстар

қашықтықтан жалғасуда.

Осындай онлайн олимпиадаларға

813 оқушы қатысып,

білімдерін сынға салды. 179

оқушы «Дарын» республикалық

орталығының I,II,III дәрежелі

дипломдарын иеленді.

- Орталықтың әдістемелік

қызметі барлық бағыттарда

қалалық олимпиадаларды,

ғылыми жарыстарды, зияткерлік

және шығармашылық конкурстарды

жоғары деңгейде

ұйымдастырып келеді. Осы

ретте, ашық әлеуметтік

кеңістікті құру балалар мен

жасөспірімдердің бәсекеге

қабілетті және функционалды

сауатты адам болуына ықпал

етеді. Олардың шығармашылық

әлеуетін дамыту – біздің

орталыққа жүктелген абыройлы

міндет. Біз жоғары оқу

орындарының профессороқытушылар

құрамымен

және қаланың орта мектеп

мұғалімдерімен тығыз байланыстамыз.

9-11-сыныптарға

арналған «Алтын сын» олимпиадалық

резерв мектебі

оқушыларды жоғары деңгейдегі

олимпиадаларға дайындау

үшін ұйымдастырылған. Ал

6-7-сыныптарға арналған «Жас

ғалым» мектебі жаратылыстануматематикалық

цикл және

бағдарламалау пәндері бойынша

оқушылардың нәтижелерін

арттыру мақсатында жұмыс

істеді. Және осы бағыттағы

жұмыстардың нәтижесі мен

жемісін барлық қала мектептері

көрді, - деді Ақмарал

Мұхамеджанова.

Т.МАРХАБА.

Тек қалауым - Отаным,

Қазақ тілін сыйлаймын.

Көкірегімнің үміті мен тілегін

Тек саған арнап жазамын.

ЭССЕ

Тәуелсіздік ұғымы халқымыздың

еркіндікке ұмтылған, асыл армандарымен

астасқан, бабалар рухының

мұраты іспеттес. Бұл қасиетті күн 1991

жылы 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік

пен мемлекеттің егемендігі» туралы

заң қабылдануымен салтанат құра

бастады.

Тәуелсіздікке жету жолында талай

қазақтың қаракөз қыздары мен

жігіттері құрбан болды. Сол жолда

ерен ерлігімен қаза тапқан әпкеағаларымызды

құрметпен еске алу

парызымыз болып саналады. Сондықтан

менің құрдастарым үшін Тәуелсіздік

күні – ең жауапты күн! Егемен ел

Елбасын сайлады. Президентіміз

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы тарих

Адина ҚАЙЫРОВА,

Қ.Бекқожин атындағы орта мектептің

6 «А»-сынып оқушысы.

Павлодар қаласы.

Сурет ғаламтордан алынды.

«Тәуелсіз елім-тірегім»

(Қалалық эссе байқауының І орын иегері)

таразысында өлшеусіз еңбек етті. Ел

еңсесін тіктеді. Еліміз тәуелсіздігін

жариялап, дербес мемлекет ретінде

бой түзегелі жеткен жетістіктеріміз

аз емес. Мәселен, ел рәміздері, төл

теңгеміз, мемлекеттік тіліміз...

Міне, қазір біз ешкімге тәуелсіз,

бейбіт елде өмір сүреміз. Бүгінгі күнде

Отанымыз – Қазақстан күннен-күнге

дамып, әлемге сан қырынан танылып

келеді.

Мен және менің құрдастарым -

Тәуелсіздік кезеңінде өмір сүрген

бақытты ұрпақпыз!

Олжас НҰРҒАЛИ,

№40 мектептің

11 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

БАЛАЛАРҒА-БАЗАРЛЫҚ

Ерекше Жаңа жыл

Суретті салған - Дильназ ШУМАҚОВА,

Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, Павлодар қаласы.

2-сынып оқушысы

Әкежан анасы мен

әкесінің жалғыз баласы

болғандықтан өте ерке

болып өсті. Ата-анасы да

ерекше мәпелеп айтқанын

екі етпейді. Міне көптен

күткен жаңа жыл да келді.

Әкежан үшін басқа мерекелерден

гөрі жаңа жыл

сыйлығы мол, тәттіге

тоятын ерекше күн. Атаанасы

былтырғы жылы

бағасы қымбат тұратын

ұялы телефон сыйлаған

болатын. Аяз ата беріп

жіберді деп ата-анасы

алдаса да, Әкежан сыйлықтың

қайдан келгенін

жақсы біледі. Биыл да

ата-анасына Аяз атадан

қандай сыйлық күтетінін

алдын ала ескертіп қойған

еді. Бірақ, жаңа жыл күні

ақ халатты дәрігерлер

келіп, анасын алып кетті.

Аң-таң болған Әкежан

әкесіне: «Әке, менің

сыйлығым қайда? Аяз

ата мені биыл ұмытып

кетті ме? Анам қайда

кетті? Қалай жаңа жылды

қарсы аламыз?» - деді

жыламсырап. Сәлден соң

телефон шырылдады.

Қуана жымиған әкесі: «Сен

биыл ерекше сыйлыққа

ие болдың, Аяз ата

саған іні сыйлады», -

деді. Бауырлары бар

өзге балаларға ерекше

қызғанышпен қарайтын

Әкежанның қуанышында

шек жоқ. Қатты қуанғаны

сондай, қолын шапалақтап

секіріп жіберді. Әкежан

үшін бұл жаңа жыл ерекше

болды. Ол тіпті армандаған

сыйлығын ала алмағанына

да өкінген жоқ.

Мөлдір

БАҚТЫБАЕВА,

қаламгер.


8 16 қаңтар, сенбі, 2021 жыл

SARYARQA SAMALY

БІЛГЕНГЕ - МАРЖАН

Үш тілде

сөйлеп үйренейік

Жұмбақ шешеміз!

Құрметті, кішкентай оқырмандар! Өздерің қатарлы жас оқырмандарымыз,

Май ауданы Көктөбе орта мектебі оқушылары Жәния Жеңісова,

Жансұлу Болатбаева және Данагүл Рысқұлдардың ойдан құрастырған

жұмбақтарын назарларыңа ұсынамыз. Сендер де хат жазып, өз шығармашылықтарыңмен

бөлісіңдер.

Құрметті балалар, егемен елдің жарқын болашағы –

сендердің қолдарыңда! Сондықтан мемлекетіміздің

гүлденіп, дамуы үшін жас ұрпақтың жан-жақты білім

алып, шет тілдерін жетік меңгеруінің маңызы зор.

Осы мақсатта арнайы «Айналайын» қосымшасының

оқырмандары үшін Павлодар қаласындағы №39 инновациялық

үлгідегі жалпы білім беру мектебінің ағылшын тілі

маманы, тәжірибелі ұстаз Бақыт Елемесова үш тілде

сөйлеуді үйрететін болады.

Сонымен, бүгін біз мамандықтарға қатысты атауларды

үйренеміз. Ендеше, іске сәт!

Адамның көзін қорғайды,

Өзі күннен қорықпайды

/көзілдірік/

Тазалықты сақтайды,

Жуа-жуа жалпайды.

/сабын/

Өзі маймақ жануар,

Балға ерекше қызығар,

Қасиеті оның тағы бар.

/аю/

Қар – Снег –

Snow

Жаңа жыл –

Новый год –

New Year

Қыс – Зима –

Winter

Безендіру –

Украшение –

Decoration

Аққала –

Снеговик –

Snowman

Сыйлық –

Подарок –

Gift

Аяз –

Мороз –

Frost

Уақытыңды басқар!

Ұзақ жолға шыққанда немесе қаланың

ішінде кептелісте тұрғанда босқа сабырсызданып,

шағымданып, өзгерту мүмкін болмаған

жайтқа мазасызданғанша, сол уақытты

ақылмен тиімді өткізуге тырысыңыз. Аудиокітаптар,

әртүрлі сабақтардың жазбасын, Құран

мен уағыз тыңдап, кітап не журнал оқып,

адамның еркінен тыс өтіп кетіп жатқан

уақытты тиімді пайдалануға болады.

Ендеше, жолда атқарып тастауға болатын

шаруаларды еске сала кетуді жөн санадым:

Кітап оқыңыз немесе аудиокітап тыңдаңыз.

Жолда көлікте кетіп бара жатқанда оқитын

шағын кітап алып жүріңіз (немесе қазіргі

уақытта кітаптың электронды нұсқасын

ұялы телефоннан не смартфоннан оқуға

да болады).

Қажетті адамдарға қоңырау шалып,

«құрбақа жеп алыңыз».

Тіл үйреніңіз. Кішкене қағаздарға жаңа

сөздерді жазып алып, жолда жаттаңыз.

Қағазға не кітапқа қарауға мүмкіндік

болмайтын жүріп бара жатқан уақыттарда

тіліңіз зікірде болсын немесе бұған дейін

жаттаған өлең-тақпақтарды қайталаңыз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ,

М.Әуезов атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,

Павлодар қаласы.

Шырша –

Ёлка –

Christmas tree

Аяз ата –

Дед Мороз –

Father Frost

Карантин бізге

не үйретті?

3.

2.

5.

1) Қабат қабат қаттама, ақылың болса аттама!

(к....)

2) «Ти» десем тимейді, «тиме» десем тиеді.

3)Үш тілі бар, тықылдаған үні бар.

(..і.)

(....т)

4) Терісін жыртпай етін жеген, жілігін шақпай майын ішкен.

(А..)

5) Ұшымен қазық,

Тор көзді жазық.

Үстінен өттім,

Асыл сөз жазып.

(.. п...)

Сөзжұмбақ!

1.

4.

К

І

Т

А

П

Дайындаған -

Арайлым АТШЫБАЙ,

Кенжекөл орта мектебінің

8-сынып оқушысы.

2020 жылға дейін бүгінгідей

карантиндік шектеу, қашықтан оқу,

маска тағып. Антисептик қолдану

дегеннің бірін де білмейтін едік. Ал

өткен жыл бізге көп сәтсіздіктер

әкелді. Оның бірі - әлемді жайлаған

жаман вирус. Ол қаншама адамның

өмірін алып кетті. Адамдар жұмыссыз

қалды, оқушылар мектептерде оқуды

тоқтатты, сауда үйлері жабылды.

Дегенмен, бұл жағдай бізге көп

нәрсе үйретті.

Біріншіден, әрқашан тазалық

пен гигиенаны сақтауды үйрендік.

Сырттан үйге келгеннен кейін бірден

қол жууға дағдыландық. Біз үйдің

ішін де жиі тазалап, шаң-тозаңды

сүртіп жүретін болдық.

Екіншіден, адамзат өз денсаулығына

көңіл бөле бастады. Үнемі

жылы киініп жүруге машықтандық.

Сонымен қоса, арақышықтықты және

тазалықты сақтап, әр адам өзі-өзін

күтетін болды.

Үшіншіден, біз тәуелсіз болуды

үйрендік. Қазір біз сабақ оқимыз,

жұмыс істейміз, хоббиді өз күймізбен

табамыз, бірақ бәрін үйде жасаймыз.

Яғни, өз күшімізбен орындаймыз. Бұл

уақытта біз өз бетімізше ізденуді,

мұғалімнің көмегінсіз сабақ орындауды

үйрендік.

Менің достарыма берер кеңесім:

Әркім өзін сақтасын, бетперде тағып,

антисептик қолданып, әлеуметтік

арақашықтықты сақтауды ұмытпаңыздар. Өзіңізге

мұқият болыңыз! Біз бұл вирусты міндетті түрде

жеңеміз!

Глезко ЭРИКА,

№29 орта мектептің

5-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

«Айналайын» қосымшасының үйлестірушісі - Тілеуберді САХАБА.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ

16 қаңтар, сенбі, 2021 жыл

9

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

-

ПАВЛОДАР АУДАНЫ

-

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

-

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Шет қалмайды

Екібастұз қаласына қарасты

бірқатар елді мекенде ұялы

байланыс пен интернет желісі

оң жолға қойыла бастады.

Талайдан бері байланыстан

тыс жерде болған тұрғындар

енді технологиялардың игілігін

қиындықсыз көре алады.

Екібастұздағы 250 адамнан астам

тұрғыны бар ауылдарда интернетке

қолжетімділікті қамтамасыз ететін

базалық станциялардың құрылысы

басталды. Өткен жылдың соңында дәл

осындай нысан Шиқылдақ ауылында

іске қосылған болатын. Жарты айдан

астам уақыт аралығында байланыстың

сапалы екені байқалды.

Алдағы екі айда Бесқауға, Сарықамыс

және Тай елді мекендерінде ұялы

байланыстың желісі тартылады. Бұл

жобаны «Кар-Тел» ЖШС жүзеге асырмақ.

Яғни, тұрғындар «Beeline» брендімен

танымал байланыс операторын пайдалана

алады.

Өз тілшіміз.

Кәсіпкердің құқығы

қорғалды

Былтыр Павлодар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының мамандары новочернояркалық сатушыны

санитарлық талаптарды бұзғаны үшін жауапқа тартқан

болатын. Бірақ бүгінде бұл жазаның күші жойылды.

Ауылдағы дүкенге мониторингтік топтың

өкілдері келген тұста сауда орнында

сатып алушылар болмапты. Ал сатушы

дезинфекциялық жұмыстарды жүргізіп

жатқандықтан қолғапсыз болған. Аудандық

санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

басқармасының қызметкерлері мұны тәртіп

бұзушылық деп таныды.

Бірақ дүкеннің иесі санитарлық сала

өкілдерінің шешімімен келіспей, Өңірлік

кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрады.

Кейін белгілі болғандай, сатушы бірден

өз кінәсін мойындапты. Сондықтан оған

айыппұлдың орнына тек ауызша ескерту

берілген.

Соған қарамастан, кәсіпкерлер құқығын

қорғау кеңесінің ұсынысы бойынша бұл

іс Павлодар аудандық прокуратурасының

қарауына берілді. Өз кезегінде прокурорлар

бұған дейін толтырылған хаттаманың күшін

жойды. Осылайша, Павлодар ауданының

кәсіпкері өз құқығын қорғап қалды.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Ауыл тұрғындарымен

жүздесті

Аққулы ауданының әкімі Абзал Балғабаев әр ауылды аралап,

тұрғындарымен жүздесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Әкімнің сөзінше, биылғы жылы 6 ауылды

ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі

жоспарланған. Егер облысқа берген

бюджеттік өтінім бекітілсе, Баймолдин,

Тақыр, Қызылқоғам, Мерғалым, Майқарағай,

Төсағаш ауылдарына су құбыры тартылады,

Аққулыдағы бұрынғы құбыр қайта іске

қосылады деп күтілуде. 39 шақырымдық

Қарақала-Қазы бағытындағы тас жолының

жасалуына да қаржылық мүмкіндік беріледі

деген үміт бар.

- Сондай-ақ, 24 пәтерлі үйдің жобасы

әзірленуде жатыр. Ол үй Аққулыда бой

көтеретін болады. Одан бөлек 2-3 ауылға

футбол алаңдары салынады деген жоспарымыз

бар. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы

бойынша Ямышев ауылында мәдениет үйі

салынады. Аталмыш ауылдың 5 көшесіне

тас жол төселіп, балабақша ғимаратында

жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өткен

жылы Малыбай мен Баймолдин ауылдарына

ұялы байланыс орнатылды.

Жақында соған іргелес Тақыр ауылына

да байланыс жететін болады, - деді

аудан әкімі.

Жас патриоттар

Э.ӘБЕТЖАНОВА.

Аудан орталығындағы Қатша Оспанова атындағы №3 мектепте

«Жас сарбаз» кабинеті ашылды.

Салтанатты жиынға мектеп ұжымы,

аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің

басшысы Ж.Нұрқайдар қатысты. «Жас

сарбаз» кабинетінде білім алушылар

алғашқы әскери дайындық сабағында

өткен теорияны тәжірибемен ұштастыратын

болады. Жасөспірімдер әскери істі жақсы

меңгеріп, төтенше жағдайлардан қорғанудың

тәсілін үйренеді. Қажетті құралдарды дұрыс

пайдалануға машықтанады.

- Мектеп қабырғасындағы балаларға

әскери-патриоттық тәрбие беруде ұстаздың

алатын орны зор. Өйткені мұғалім болашақ

Отан қорғаушыны дайындайды. Алғашқы

әскери дайындық пәнінің ұстазы С.Әділбаев

осы бағытта еңбек етіп келеді. Жастарымыз

теория мен тәжірибені қатар ұштастырып,

еліміздің нағыз патриотына айналады деген

сенімдеміз, - дейді директордың орынбасары

И.Асылғожина.

Өз тілшіміз.

АҚСУ ҚАЛАСЫ

-

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

-

Жұмыспен қамтылады

Былтыр «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы Ақсу өңірінде сәтті

жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Кейбір тұрғындар

кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Бұл бағыттағы жұмыс биыл

да жалғасын табады.

Ақсу қалалық жұмыспен қамту орталығы

директорының міндетін атқарушы Алмагүл

Бейсембаеваның айтуынша, өткен жылы

«Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты

бойынша 52 адам техникалық және кәсіптік

оқу курстарына қатысып, қайта даярлаудан

өтті. Осы жылы 35 адамды оқыту

жоспарланып отыр. Бағдарламаның екінші

бағыты аясында былтыр 252 ақсулық

«Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік

негіздерін үйренсе, биыл 250 адамға

бизнестің қыр-сырын тегін білу мүмкіндігі

беріледі. Сонымен қатар, 2021 жылы 55

тұрғынға 200 айлық есептік көрсеткіш

көлемінде мемлекеттік грант беру

қарастырылған.

- Бұл ретте Ақсу қаласы мен ауылдық

аймақ тұрғындарын жұмыспен қамтуға

баса мән беріледі. Айталық, биыл «Жастар

Ауданда жастар

арасында спортты

дамыту бағытында

ауқымды іс

атқарылуда. «Арман»

спорт кешенінің

ашылуы жас спортшылар

қатарын

толықтырып, жаңа

секциялардың жұмыс

істеуіне мүмкіндік

берді.

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

тәжірибесі» арқылы 143 жастың қызметке

орналасуына қолдау көрсетеміз. Оған

қоса, 180 адамды әлеуметтік, 337 адамды

қоғамдық жұмыстарға тарту жоспарда

бар, - дейді А.Бейсембаева.

«Еңбек» бағдарламасының тағы бір

бағыты - жұмыс күші көп өңірлердің

азаматтарын біздің аймаққа көшіріп

әкелу. Аталмыш бағыт бойынша былтыр

44 отбасы Ақсуға қоныс аударды. Яғни,

217 адам ақсулық атанды. Олардың

қатарына осы жылы да қоныстанушылар

қосылады деген үміт бар.

Жоғарыда аталған мемлекеттік қолдауларға

ие болу үшін Ақсу қалалық

жұмыспен қамту орталығына барып,

мамандардың кеңесін алған жөн.

Боксқа баулиды

Жуырда спорт кешенінде бокс шаршы

алаңы іске қосылды. Спорттың бұл

түріне қызығушылық танытып отырған

жасөспірімдер көп.

- Қазіргі уақытта секцияға 17 бала

жазылды. Аптасына 3 мәрте жаттығады.

Балалардың жас ерекшелігі әртүрлі. Ең

кішісі 10 жаста болса, үлкені 14-те. Үйірме

тегін жүргізіледі, - дейді жаттықтырушы

Бақытбек Сыздықов.

Секция жұмысын ұйымастыруда

қажетті құрал-жабдықтардың барлығы

сатып алынған. Жаттығу залы кең әрі

Қардан тазартты

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

жарық. Жуынатын және киім ауыстыратын

бөлмелер бар. Спорт кешеніне

аудан орталығынан бөлек, елді мекендерден

келетін оқушылар бар.

- Тұрақты дене жаттығулары балалардың

денсаулығын нығайтып қана қоймай,

тәртіпке, табандылыққа баулиды. Бокс

арқылы әлемге танылып жүрген қазақ

жастары өте көп. Біздің ауданнан да

мықты спортшы шығатынына сенеміз, -

дейді Б.Сыздықов.

Өз тілшіміз.

Ақтоғайлық еріктілер «Қар десанты» акциясын қолға алды.

Олардың күшімен жалғызбасты зейнеткерлердің, мүмкіндігі

шектеулі жандардың, көпбалалы отбасылардың, тыл

еңбеккерлерінің үй аулалары қардан тазартылуда.

Бұл акция ауданның барлық

ауылдарында жүзеге асуда.

Жалпы, еріктілер қозғалысының

құрамында 150-ге жуық жас бар

екен. Олар 12 отрядқа бөлінген.

Жалаулы ауылдық округінің

жастары жалғызбасты зейнеткер

Вера Шильдің ауласында болып,

мол түскен қарды сыртқа

шығарған. Ақжол ауылының

жастары тыл еңбеккері Зоя

Езеповаға жәрдемдесіпті.

Жолболды ауылының еріктілері

Г.Давальченкоға, Мүткенов

ауылдық округінің жастары

Ф.Сайбельге, Ақтоғай ауылдық

округінің еріктілері Т.Лазареваға

қол ұшын созған.

Аталған акция челленджге

ұласып, ауданның барлық ауылдары

белсенділіктерімен көзге

түсіп жатқанын атап өткен жөн.

О. ҚОЖАНОВ.


10 16 қаңтар, сенбі, 2021 жыл ТІРШІЛІК

SARYARQA SAMALY

Жоба

ЛЕБІЗ

Адал досқа -

ақ тілек!

(ардагер журналист С.Әйтеновтің

75 жас мерейтойына арнау)

Құрдасым, толдың міне

жетпіс беске,

Құттықтап жатырмыз біз

алып еске.

Отбасың, ұрпақтарың

аман болсын,

Ең басты қуанышың сол емес пе?!

Журналист болам деген

бала жастан,

Мақсатыңның бірі еді, әуел бастан.

Ойлаған арманыңа қол жеткіздің,

Сен үшін бақыт бар ма

мұнан асқан?

Жарыңды аяладың ару етіп,

Ұрпағың өркен жайды

жылдар өтіп.

Жетпіс бес жасқа жеттің

аман-есен,

Қолыңа қаламыңды қару етіп.

Бұл жасың - әр адамның

кемел шағы,

Асатын асулар бар алда тағы.

Қашанда жүрсін сені

желеп-жебеп,

Әулие бабалардың аруағы.

Алла жар боп,

аман жет сексен беске,

Күш-қуатың ортаймай

тоқсан бесте.

Алаштың ардақтаған абызы бол,

Жүзге толып, бақытты

ғұмыр кеш те!

Балтабай СЫЗДЫҚОВ,

Қазақстан Журналистер одағының

мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері,

Баянауыл ауданының Құрметті

азаматы.

Павлодар облысы бойынша

жерүсті көздерінің су ресурстарын

пайдаланғаны үшін төлемақы

мөлшерлемелері туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы

25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке

төленетін басқа да міндетті төлемдер

туралы» кодексінің (Салық кодексі)

569-бабына, Қазақстан Республикасының

2003 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстан

Республикасының Су Кодексінің» 38-бабының

5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының

2001 жылғы 23 қантардағы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына

және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

министрінің міндетін атқарушының

2009 жылғы 14 сәуірдегі «Жер үсті

көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны

үшін төлемақыны есептеу әдістемесін

бекіту туралы» №223 бұйрығына сәйкес

Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ

ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар облысы бойынша жерүсті

көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны

үшін төлемақы мөлшерлемелері

осы шешімнің қосымшасына сәйкес

бекітілсін.

2. Осы шешімінің орындалуын бақылау

облыстық мәслихаттың экология және

қоршаған ортаны қорғау мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан

кейін күнтізбелік он күн өткен

соң қолданысқа енгізіледі.

Суреттер ғаламтордан алынды.

Р/с

Арнайы су

пайдалану

түрлері

Өлшем

бірлігі

Мөлшерлемелер

теңге

1 2 3 4

1

ДІНИ РӘСІМ

Тұрғын үй

пайдалану және

коммуналдық

қызметтер

2 Өнеркәсіп, жылу

энергетикасын

қоса алғанда

3 Ауыл

шаруашылығы

4 Су көздерінің

суын

пайдаланатын

тоған

шаруашылықтары

5 Су көліктері

Оралхан ҚОЖАНОВ

Павлодар облыстық мәслихатының

2021 жылғы «__» ________ № ____ шешіміне қосымша

Павлодар облысы бойынша

жерүсті су көздерінің ресурстарын

пайдаланғаны үшін төленетін

төлемақы мөлшерлемелері

1000

текше

метр

1000

текше

метр

1000

текше

метр

1000

текше

метр

1000

тонна

шақырым

145,6

836,4

235,7

235,7

32,4

Науқасқа жәрдемдесті

Екібастұз қаласының полицейлері инсульт алған ер адамға

көмектесті.

Күнделікті жұмысқа шыққан сақшылар

көшені аралау кезінде Абай көшесінің

бойында баяу қозғалған адамды көреді.

Оның ауырып тұрғанын білген соң, дереу

жедел жәрдем қызметін шақырады. Дәрігерлер

келгенше әлгі азаматпен тілдесуге

тырысып, сабыр сақтауын өтінген. Ақ

желеңділер науқасты инсульт диагнозымен

ауруханаға жатқызды. Оның жеке бас

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Кінәрат - тозған құбырларда

Синтоптиктер аймағымызда аязды күндер қаңтар айының соңына

дейін сақталатынын болжап отыр. Бұл Павлодар қаласы бойынша

жылуға жарымай отырған пәтер иелері үшін қиындық

тудыруы мүмкін. Жылу «жыры» алдағы уақытта жалғаса бере ме?

«Павлодарэнерго» компаниясының өкілдері тұрғындармен кері

байланысқа шығып, мәселенің мән-жайын түсіндіруде.

Жақында «Павлодарэнерго» АҚ өкілдері

Инстаграм желісі арқылы тікелей эфирге

шығып, павлодарлықтардың сауалдарына

жауап берді. Тұрғындарды алаңдатқан

проблемалардың көбі - ортақ. Атап айтсақ,

құбырларды жаңарту, жазғы уақытта ыстық

судың болмауы, пәтердегі жылу мөлшері

сияқты мәселелер көтерілді.

«Павлодар жылу желілері» ЖШС бас

инженерінің орынбасары Павел Плетуховтың

айтуынша, жылу құбырларының 80 пайызы

Қауіпсіздік маңызды

Православ қауымы үшін маңызды «Крещение Господне» діни

мейрамы әдеттегідей 19-21 қаңтар аралығында өтеді. Дей тұрғанмен,

елдегі пандемия жағдайына байланысты жылдағыдай

суға түсу рәсімі ұйымдастырылмайды.

Бұл туралы облыстық ақпарат және

қоғамдық даму басқармасы басшысының

орынбасары Дәулет Зәкариянов Өңірлік

коммуникациялар қызметінде өткен брифингте

айтты.

- Ғибадатханада өтетін мінәжат-құлшылықтарға

ешқандай шектеу қойылмайды.

Дегенмен, санитарлық-эпидемиологиялық

талаптар қатаң сақталуы керек.

Мысалы, келушілердің шіркеу ішіндегі

сыйымдылығын 30 пайыздан асырмау,

кіреберіске антисептик пен термометр қою,

маска тағу сынды талаптар сақталуы

керек. Егер құлшылық етушілер сыймай

жатса, кезекпен кіреді, - дейді Дәулет

Қоқанұлы.

Павлодар және Екібастұз епархиясы

епархиялық басқармасының хатшысы,

ҚҰҚЫҚ-АҚПАРАТ

Пәрменге бағынбады

Аймағымызда ішімдік ішіп, көлік рөліне отыратын жүргізушілердің

қатары азаймай отыр.

Жуырда полицейлерге жеке сектордағы

үйлердің бірінде ер адамның көлікті мас

күйде тізгіндегені жөнінде хабар түсті.

Мамандар облыс орталығында ВАЗ маркалы

автокөлікті іздеп, жүргізушіні Ломов

көшесінің бойында қолға түсірді. Ащы суға

тойып алған павлодарлық сақшылардың

пәрменіне бағынғысы келмеген. Облыстық

полиция департаментінің мәліметіне

сүйенсек, жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік

Кодексінің 608-бабы бойынша іс қозғалған.

Сот шешімі бойынша ол 7 жылға көлік

жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке

қамауға алынды.

тозған. Алдағы уақытта жаңарту жұмыстары

жүргізілмесе, соңы үлкен апатқа алып

келмек. Яғни, павлодарлықтардың жылусыз

қалуы ғажап емес.

- Жыл сайын тариф есебінен 9 шақырым,

инвестбағдарлама шеңберінде 1,5-3 шақырым

жылу желілері жаңартылады. Бірақ, бұл -

өте аз көрсеткіш. Кейбір тұрғындар бізді

мол табысқа кенеліп отыр деп ойлайды.

Шын мәнінде соңғы 5 жылда шығынға

батып келеміз. Жаңғырту жұмыстары жүйелі

жүргізілмейінше, жаздыгүні ыстық судың

ұзақ уақытқа үзіліп қалатыны дәстүрге айналатынын

жасырмаймыз. Себебі, ақауларды

реттеу үшін мұндай шара міндетті болып

табылады, - дейді П.Плетухов.

Пәтерлердегі жылу мөлшеріне келсек,

шағымдардың 10-12 пайызы жылу беруші

тараптың кінәсінен екені анықталып

отыр. «Павлодар жылу желілері» ЖШС

тұтынушылармен жұмыс басқармасының

басшысы Галина Волкованың айтуынша,

айналып келгенде барлық олқылықтар

құбырлардың тозуымен байланысты.

Себебі, жылу қысымын арттырған жағдайда

кварталішілік құбырлар былай тұрсын,

магистральдік желілер істен шығатыны

көрінеді. Қысымды арттырмаса, тұрғындар

пәтерлерінде бүрсеңдеп отыруға мәжбүр.

Жалпы, жылу маусымы басталғаннан

бері жылу желілерінде 172 апат орын

алған. Қаңтар айының алғашқы жартысының

өзінде 17 жағымсыз жағдай тіркеліпті.

протоиерей Алексей Степановтың сөзінше,

жаппай шомылуға тыйым салынғанымен,

православиелік діндарлардың

шоқыну рәсіміне шектеу қойылмайды.

Яғни, 19 қаңтардан бастап түнгі салтанатты

уағызды өткізу және қасиетті суды

тарату сынды рәсімдері жүргізіледі.

Ал Павлодар қаласының бас мемлекеттік

санитарлық дәрігері Александр

Сафянников өңірдегі эпидемиологиялық

жағдайдың әлі де тұрақталмай тұрғанын,

сондықтан тұрғындардың қауіпсіздігі

маңызды екенін атап өтті.

Т.САХАБА.

Жыл басынан бері мұндай жазаға 9 жүргізуші

тартылған.

деректері әлі анықталмаған. Полицейлер

ер адамның туыстарын іздестіруде.

Екібастұздық полицейлер рейд барысында

тұрғылықты жері жоқ 32 адамды

анықтап, жылы орынға орналастырған.

Қоғамдық орындарда мас күйде болған

2039 адам медициналық айықтырғыш

орталығына жеткізілген.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 16 қаңтар, сенбі, 2021 жыл 11

Жоба

2021 жылға арналған агроөнеркәсіптік

кешен саласындағы кейбір мәселелер туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды

дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 11-бабы

2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы

15 наурыздағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын

дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім

сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту

туралы» №108 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының

әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес асыл тұқымды

мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының

өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау

бағыттары бойынша 2021 жылға арналған субсидиялар

көлемдері бекітілсін.

2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік

тіркелуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернетресурсында

орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің

орынбасары А.Қ.Байхановқа жүктелсiн.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен

бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Ә.СҚАҚОВ

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

2021 жылғы «___» __________

Павлодар облысы әкімдігінің

2021 жылғы «___» ________ № ____

қаулысына қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал

шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды

субсидиялау бағыттары бойынша 2021 жылға

арналған субсидиялар көлемдері

Р/с

№ Субсидиялау

бағытының атауы

Өлшем бірлігі

1 бірлікке

арналған

субсидиялар

нормативі,

теңге

Субсидияланатын

көлем

(бас,

килограмм,

дана,

доза,

балара

ұясы)

Субсидиялар

сомасы,

мың

теңге

1 2 3 4 5 6

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1 Ірі қара малдың

тауарлық аналық

басы

2 Ірі қара малдың

асыл тұқымды

аналық басы

бас/

шағылыстыру

маусымы

3 Табынның өсімін

молайту үшін

пайдаланылатын бас/

етті және етті-сүтті шағылыстыру

тұқымдардың асыл маусымы

тұқымды тұқымдық

бұқасын күтіп-бағу

4 Етті, етті-сүтті

тұқымдардың

отандық асыл сатып алынған

тұқымды тұқымдық бас

бұқасын сатып алу

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

5 Отандық сатып алынған

бас

10 000 60 000 600 000

15 000 26 000 390 000

100 000 100 10 000

150 000 1 500 225 000

150 000 1 500 225 000

6 Тәуелсіз Мемлекеттер

Достастығы,

Украина елдерінен

импортталған

7 Аустралия, АҚШ,

Солтүстік және

Оңтүстік Америка,

Еуропа елдерінен

импортталған

8 Шығу тегі асыл

т ұ қ ы м д ы ғ а

сәйкес келетін

ірі қара малдың

импортталған аналық

басын сатып алу

9 Сыйымдылығы бір

уақытта кемінде

1000 бас болатын

бордақылау алаңдарына

бордақылау

үшін немесе сою

қуаты тәулігіне 50 бас

тірідей салмағы,

болатын ет өңдеуші

килограмм

кәсіпорындарына

өткізілген немесе

орны ауыстырылған

бұқашықтардың

құнын арзандату

225 000 700 157 500

300 000 1 500 450 000

150 000 1 500 225 000

Барлық сомасы 2 592 500

200

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1 2 3 4 5 6

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын

сатып алу:

10 Бір жынысты сатып алынған

доза

10 000 400 4 000

11 Қос жынысты 5 000 5 000 25 000

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

12 Отандық сатып алынған

бас

13 Тәуелсіз Мемлекеттер

Достастығы,

Украина елдерінен

импортталған

14 Аустралия, АҚШ,

Солтүстік және

Оңтүстік Америка,

Еуропа елдерінен

импортталған

Сүт өндіру құнын арзандату:

15 Бағымдағы сиырларының

саны 600

бастан басталатын

шаруашылық

16 Бағымдағы сиырларының

саны 400

бастан басталатын

шаруашылық

17 Бағымдағы сиырларының

саны

50 бастан

басталатын

шаруашылық

18 Ауыл

шаруашылығы

кооперативі

19 Ірі қара малдың

эмбриондарын сатып

алу құнын арзандату

20 Шаруа (фермер)

қожалықтарында

және ауыл шаруашылығы

кооперативтерінде

сүтті

және

сүтті-етті

бағытындағы

ірі қара

малдың аналық

басын қолдан

ұрықтандыру

жөніндегі

көрсетілетін

қызметтерді

субсидиялау

өткізілген немесе

өңделген килограмм

200 000 316 63 200

225 000 100 22 500

400 000 1 500 600 000

45 45 000 000 2 025 000

30 3 600 000 108 000

20 5 000 000 100 000

20 18 004 000 360 080

дана 80 000 100 8 000

ағымдағы

жылы ұрықтандырылған

бас

5 000 3 000 15 000

Барлық сомасы 3 330 780

Құс етін өндіру құнын арзандату

21 500 тоннадан басталатын

нақты өндіріс

22 Күрке тауық етін

өндіру құнын арзандату

Етті құс шаруашылығы

өткізілген килограмм

50 4 200 000 210 000

100 1 000 000 100 000

Барлық сомасы 310 000

23 Асыл тұқымды

құстардан

алынған жұмыртқа

бағытындағы

финалдық

нысандағы

тәуліктік балапан

сатып алу

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

сатып алынған

бас

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату:

24 100 миллион данадан

басталатын нақты

өндіріс

25 50 миллион данадан

басталатын нақты

өндіріс

Ескертпе:

* бюджет қаражаты жетіспеген жағдайында субсидия

нормативі 50 %-ға дейін азайтылу жағына қарай түзетілуі

мүмкін;

аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚШ – Америка Құрама Штаттары.

60 557 000 33 420

өткізілген дана 1,2 140 000 000 168 000

1,1 60 000 000 66 000

Барлық сомасы 267 420

Қой шаруашылығы

1 2 3 4 5 6

Селекциялық

және асыл

тұқымдық жұмыс

жүргізу:

26 Қойлардың асыл

тұқымды аналық

басы

27 Қойлардың тауарлық

аналық басы

28 Отандық асыл

тұқымды қойлар

сатып алу

29 Импортталған асыл

тұқымды аналық

қойларды сатып алу

30 Импортталған асыл

тұқымды тұқымдық

қошқарлар сатып алу

бас/

шағылыстыру

маусымы

сатып алынған

бас

4 000 4 500 18 000

2 500 28 000 70 000

15 000 1 400 21 000

30 000 200 6 000

150 000 20 3 000

Барлық сомасы 118 000

31 Өнімді бағыттағы

асыл тұқымды

тұқымдық айғырлар

сатып алу

Жылқы шаруашылығы

сатып алынған

бас

100 000 100 10 000

Барлық сомасы 10 000

32 Асыл тұқымды

шошқалар сатып алу

33 Шошқалардың аналық

және шошқа

басын толықтыратын

басымен селекциялық

және асыл

тұқымдық жұмыстар

жүргізу

Шошқа шаруашылығы

сатып алынған

бас

бас/

шағылыстыру

маусымы

140 000 25 3 500

40 000 2 500 100 000

Барлық сомасы 103 500

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

34 Балара ұяларымен

селекциялық және

асыл тұқымдық

жұмыс жүргізу

балара ұясы/

маусым

5 000 2 000 10 000

Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын

арзандату*:

35 Сүтті және сүтті-етті

бағыттағы ірі қара

малдың аналық басы

бас 120 000 2 888 346 560

36 Ірі қара малдың

аналық басы 30 000 1 669 50 070

37 Ұсақ малдың аналық

басы

5 000 10 002 50 010

38 Жылқының аналық

басы 20 000 1 500 30 000

39 Бие сүтін өндіру

және өңдеу құнын

арзандату

килограмм 60 36 000 2 160

Барлық сомасы 488 800

Барлығы 7 221 000

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Азамат БАЙТЕНОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

1) «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша:

Абдраманова Света

Сагындыковна

Абитова Айнур

Сарсеновна

Абишев Кайрат

Сансызбаевич

Аблезов Темирхан

Карыбаевич

Айтжанова

Динара Нуржановна

Айткенов Ернур

Нурмуханович

Алсеитов

Оспанбек Балтабаевич

Жарқынбек Амантай

Бегентаев Мейрам

Мухаметрахимович

Даумова Раушан

Жумабаевна

1975 ж.т., «Павлодар облыстық кардиологиялық

орталығы» ШЖҚ-ғы КМК консультациялықдиагностикалық

бөлімшесінің меңгерушісі, Павлодар қ.

1980 ж.т., Успен аудандық ауруханасының жалпы

тәжірибе дәрігері, Успен ауданы, Успен ауылы

1979 ж.т., «Дәнекер» ШҚ ЖШС-нің директоры,

Павлодар қаласы.

1980 ж.т., «№2 МАЭС» АҚ басқармасы төрағасының

кеңесшісі, Екібастұз қаласы.

1979 ж.т., Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар

бірлестігінің төрағасы, Павлодар қаласы.

1965 ж.т., Тереңкөл ауданының әкімі, Тереңкөл

ауданы, Тереңкөл а.

1964 ж.т., «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нің

бас директоры, Павлодар қаласы.

1988 ж.т., «Қазақстан Жазушылар одағы» Павлодар

облыстық филиалының директоры, Павлодар қ.

1974 ж.т., «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның

басқарма төрағасы - ректоры, Павлодар қ.

1962 ж.т., Павлодар облысы бойынша «Қазпрофметалл»

салалық тау-кен металлургиялық кәсіподақтары

төрағасының орынбасары, Павлодар қ.

Дяк Аурика Гергиевна 1969 ж.т., «СОМ-ПВ» ЖШС-нің директоры, Павлодар қ.

Жетыбаева Анар

Ахметовна

Кайдарова

Гульнара Шамаровна

Кымбатов Мурат

Амангельдинович

Лепёхин Сергей

Васильевич

Мусанап Мирхат

Мадениетулы

Нурханова Гульмира

Габдулхамитовна

Жетінші шақырылған Павлодар облыстық мәслихатының депутаттарын тіркеу туралы хабар

Жетінші шақырылған Павлодар облыстық мәслихатының депутаттарының кезекті сайлауының

қорытындылары бойынша келесі депутаттар тіркелген:

1978 ж.т., Май ауданы Малайсары мектебінің директоры,

Май ауданы, Малайсары ауылы.

1963 ж.т., «Гофротара зауыты» ЖШС-нің директоры,

Павлодар қаласы.

1980 ж.т., «Қызылжар-құс» ЖШС-нің басқарушы

директоры, Ақсу қаласы.

1963 ж.т., «Техцентр Аверс» ЖШС-нің директоры,

Екібастұз қаласы.

1987 ж.т., «Богатырь Көмір» ЖШС Бас директордың

мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары,

Екібастұз қаласы.

Олжатай Гульмира

Оспанов

Айнар Абузарович

Прокопьев

Сергей Леонидович

Садвакасов

Серик Тельманович

Смагулов Азамат

Сапаргельдинович

Соломкин

Виталий Вячеславович

Терентьев

Александр Алексеевич

Теренченко

Илья Сергеевич

Уразбаев

Сайлау Шаймарданович

Чидунчи

Ирина Юрьевна

1976 ж.т., «АДК» ШҚ-ның басшысы, Баянауыл

ауданы, Баянауыл а.

1984 ж.т., «Ауыл» ӘАК-ның төрағасы, Павлодар қ.

1984 ж.т., «Қазхром» ТҰК АҚ Ақсу ферроқорытпа

зауыты филиалының директоры, Ақсу қ.

1974 ж.т., «Екібастұз Коммунсервис» ЖШС-нің

директоры, Екібастұз қ.

1984 ж.т., «AST-Logistik.PVL» ЖШС-нің құрылтайшысы,

Павлодар қ.

1971 ж.т., «ПКФ ГОРДОРСТРОЙ» ЖШС-нің коммерциялық

директоры, Шарбақты ауданы

1964 ж.т., «Ақтоғай-Агро» ЖШС фирмасының директоры,

Павлодар қаласы.

1983 ж.т., «Nur Otan»партиясы облыстық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары, Павлодар қ.

1966 ж.т., «Уразбаев» ШҚ басшысы, Ертіс ауданы,

Қызылжар ауылы.

1990 ж.т., «Торайғыров университет» КЕАҚ «Биология

және экология» кафедрасының қауымдастырылған

профессоры, Павлодар қаласы.

2) «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының

партиялық тізімі бойынша:

Аманжолов

Булат Аменович

Джусупова

Нагимаш Гарифоллаевна

Шапуов

Кайрат Каирбекович

1961 ж.т., «АКТУКООП» ЖШС-нің құрылтайшысы,

Павлодар қаласы.

1962 ж.т., «Павлодар облысы әкімдігі ББ №5 арнайы

мектеп-интернаты», мұғалім, Шарбақты ауданы,

Хмельницкое ауылы.

1960 ж.т., «Қайрат» ШҚ басшысы, Аққулы ауданы,

Шарбақты а.

3) «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының

партиялық тізімі бойынша:

Сатыбаев

Фуат Сайдахметович

Ярошенко

Павел Иванович

1965 ж.т., «Санаторий Мойылды» АҚ-ның бас директоры,

Павлодар қ.

1974 ж.т., «Горводоканал» МКК бас технологы,

Екібастұз қ.

1969 ж.т., «Birgemiz Pavlodar» ҚҚ-ның директоры,

«Нұрханова» ЖК-нің директоры, Павлодар қ. Павлодар облыстық сайлау комиссиясы.

(203)

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8271 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 61

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 16 қаңтар, сенбі, 2021 жыл РУХ

SARYARQA SAMALY

РУХАНИЯТ

Бибісары әулие

Қарт Ертістің бойымен Бесқарағайға дейін көсіліп жатқан даланың

қойны аңыз бен шежіреге толы. Сондай аңыздардың мекені –

Аққулы мен Шарбақты аудандары. Сонау ғасырда желмаясын

желітіп, жерұйық іздеген Асан қайғы ел болып ұйысып, берік

мемлекет құру және халқының жағдайын жақсарту жолында әр

жерге айтқан сындары да халық жадында сақталған.

«Асан қайғы Ертісті көргенде: «Мына

шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас,

қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың

мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұр екен»

деп желмаясын желітіп кете барыпты.

Ақсеңгірге келгенде желмаясын шөктіріп,

«Пай-пай, мына жердің байлығын-ай! Жердің

бір қыртысында мал, екінші қыртысында

астық жатыр, елдің ырысы мен байлығы

өрілген мекен екен! Халық өсіп–өнер жер

екен! - депті.

Қобызілгенге келгенде: «Шіркін-ай,

топырағы асыл, шөбі шүйгін. Бір түнде

жілігіне май бітіп, Қамбар ата төліне

тұрақ болар жер екен» - деп, желмаясынан

түсіп, қарағайға қарап: «Зарыма үн

қосқан қарағайым» деп қобызын іліп, сәл

аялдапты-мыс. Содан бұл жер «Қобызілген»

деп аталып кеткен.

Бәйімбет алаңына келгенде желмаясын

іркіп, көзін қадап: «Қойнауың құтқа толы,

жерің құнарлы екен. Бірақ, байлығың өзіңе

бұйырмас, жатқа кетер жер екен. Айнала

қоршаған сор болса, маңдайыңның соры

бес елі екен» деп бұл жерге де тұрақтай

алмай, желмаясын желітіп кете барған.

«Бәйімбет алаңы» десең, өңір тұрғындары

бірден әулие Сары бәйбішені айтады.

Жауырыншы, емші, көріпкел анамыздың

батырлығының өзі - бір төбе. Анамыз

жайында бірнеше жыл бұрын Железин

өңіріне барған сапарымызда Сары бәйбішенің

ұрпағы Бауыржан Тәшімовтен естідік.

Сары бәйбішенің шын есімі – Бибісары,

ауыл-аймақ «Сары ана», кейін ол кісінің

емшілігі мен әулиелігіне, ел арасындағы

абыройына орай «Сары бәйбіше» атап

кеткен.

Балалық өмірі табиғаты әсем Көкше

өңірінде өткен. Кейін Ерейментауға қоныс

аударып, сонда сырқаттанып қалады. Ауру

күн сайын өршіп, өмірден түңіле бастаған

шақта, түсіне күміс сақалды әулие еніп:

«Бұл жер саған құт болмайды. Еліңді

жинап, көш бастап, Сарыарқадан әрі

ассаң, Қарағайлы ну орман бар. Сол

жер сенің мекенің болады. Үрім-бұтағың

өсіп-өніп, көркейесің. Ауруыңнан құлантаза

айығасың. Күнде кешкісін отардың

соңында үнемі маңырап келетін сары бас

қой бар, сойып, етін елге тарат. Оң жақ

жауырыны саған өмірде адасқанда жол

көрсетер, ем іздегендерге шипа бергізер

қасиетің болмақ. Жауырынды қолыңа

алғанда жыбырлап жазу бітер, оны тек

сен ғана оқи аласың. Қойды кешкісін

сойғандықтан, жазу күн батар алдында

ғана пайда болады», – дейді.

Сары бәйбіше әулиенің айтқанын

орындап, қазіргі Бәйімбет алаңына елін

орналастырып, кейін өзі жерленетін жерге

қазық қағып, «мына жерде менің отауым

тігілсін, дүниеден өткенде де осы жерге

жерлеңдер» деп аманат еткен.

Сары бәйбіше жауырынмен тылсым

дүниенің тілін біліп, болашақты, ауа райы

құбылыстарын болжап, халыққа бағыт-бағдар

көрсеткен. Өзінің ақ құранымен халыққа ем –

дом жасап, өңірде Домалақ ана атанған.

Анамыздың алдына бір перзентке зар

болған жас жұбайлар, бойын ауру жайлаған

сырқаттар, тіпті дуаланған жандарды да

барып емдеген.

Сонау жоңғар шапқыншылығы заманында

жаудан тайсалмай, бетін талай

қайтарған көрінеді.

Бірде ауыл-аймақ «жау шаптыға» салып,

ерлер қолға найза алып, атқа қонып,

жұртшылық ауылдан көшпек болып жатқанда

Бибісары анамыз барлығын сабырлыққа

шақырып, «бүгін жауға қарсы шығар жалғыз

мен боламын. Оған дейін жаудың алдын

алып, бағыт-бағдарларын біліп, тыңшылық

қылыңдар» дейді. Біраз уақыт өткеннен

кейін шолушылар келіп, жау жөнінде бар

білгендерін айтып береді. Сонда анамыз:

«Олардың арасында жауырыншы бар екен.

Мына ат арба, ағаштан жасалған әрбір

бұйымды ұзыннан - ұзақ үйіңдер. Қалғанын

өзім іс қыламын» дейді.

Әулие ананың айтқанын екі етпейді.

Әп-сәтте ағаштан ұзын қорған пайда болады.

Сонда Бибісары әулие қолына жауырынын

алып дұға еткенде, жау жақтың жауырыншысы

қолындағы жауырынға қарап, «алдымызда

ит тұмсығы өтпес ну қара орман

екен. Тура өте алмасымыз һақ. Бүгінше

осы жерге түнегеніміз дұрыс болар. Мен

қазақтар жағын аңдиын» дейді.

Сөйтіп, ертеңіне жаудың жауырыншысы

өздерінің алданғандарын қолбасшыларына

жайып салады. Ашуға булыққан жоңғарлар

атқа қонып, ауылды бетке алады.

Сол сәтте алдарынан атсыз ат арбаны

жүргізіп бара жатқан Бибісары анамызды

көріп, жаудың қолбасшысы: «Әй, мына

адам тегін емес, әйел болса да киесі

бар екен. Бас аманда елге оралайық»

деп кейін шегінген.

1970 жылдары бейіт маңында мал қыстағы

ГРЭППЛИНГ

Атақтарын қорғады

болған. Сол жылдары қыстақта аға малшы

болып қызмет атқарған Нұрғалиев Мүлік

жұмыскерлерімен бірге қысы-жазы мал

қыстағы маңында шөп арасынан будың

шыққанын байқайды. Уақыт өте бу ауаға

ұлғая тарай бастаған. Бұл құбылысты қыс

уақытында көруге болады екен. Тіпті, малдың

өзі бейіттің қасына жайылымайды.

Ел халқы бұл жерді қасиетті орын санап,

Сары бәйбішенің басына түнеп, ем-дом

қабылдайды. Сары бәйбіше қолданған

«жауырын» Нұр-Сұлтан қаласында тұратын

ұрпақтарында сақтаулы.

Бауыржан Тәшімов бүгінде белгісіз

қалған Сары бәйбішенің бейітінің басын

темірмен қоршап, басын абаттандыру

жұмыстарын жүргізуде. Болашақта бұл

жерге кесене тұрғызуды арман етеді.

Қай өңірге барсаңыз да, ескіден келе

жатқан киелі жерлер көп. Тарихын ел

біледі, білгендердің көбі келместің кемесіне

мініп кетіп жатыр. Елге кең насихатталмай

жатқандардың бірі - Бибісары анамыз.

Ендігі уақытта кесене тұрғызылып, ел

игілігіне айналса екен.

Ербол ҚАЙЫРОВ,

Бұқар жырау атындағы әдебиет

және өнер музейінің қызметкері.

Газетіміздің өткен сандарында аймағымызда грэпплинг

спортының қарқынды дамып келе жатқанын

жазған едік. Жақында жарқын жетістікке жеткен

12 азаматқа спорт шеберлігіне үміткер атағы

берілді.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Бұл дәрежеге ие болған

қыз-жігіттер - өткен жылы ел

біріншіліктерінде жүлде алған

спортшылар. Оларға лайықты

атақтарын облыстық туризм және

спортты дамыту басқармасы

басшысының орынбасары Нұрлан

Есембаев, облыстық жауынгерлік

өнер қауымдастығының

төрағасы Марат Смағұлов табыстады.

Облыстық грэпплинг

федерациясының президенті

Зайырбек Әбілқадыровтың

айтуынша, былтыр пандемия

салдарынан ірі халықаралық

жарыстарға қатысу былай тұрсын,

республикалық турнирлерде өнер

көрсетуге мүмкіндік болмаған.

Әйтпегенде, павлодарлықтардың

қоржыны жүлдеге толатыны

анық еді. «Карантиндік шектеулер

жаттығу кестесіне де кері

әсерін тигізді. Десе де, жергілікті

спортшылар қиындықтарға қарамастан,

спорт шеберлігіне үміткер

атағын қорғай білді. Биыл жағдай

тұрақталса, талай жарыста олжа

алатынымызға сенімдімін», дейді

З.Әбілқадыров.

Жалпы, былтыр Павлодар

облысы бойынша 15 адам

халықаралық дәрежедегі спорт

шебері, 50-і спорт шебері, 505

азамат спорт шеберлігіне үміткер

атағына қол жеткізген.

БЕЛЕС

БІЛІМ

Наум Шафер

90-ға толды

Музыкатанушы және композитор

Наум Шафер 90 жасқа

толу мерейтойын атап өтті.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

мерейтой иесін құттықтады.

Кездесу Шафердің музей-үйінде

өтті. Онда композитордың өмір бойы

жинаған грампластинкалары сақталған.

Аймақ басшысы мерейтой иесінің

27 мыңнан астам дананы құрайтын

топтамасын ұлттық игілік деп атады.

- Бүгінде сіздің музейіңізде әлемнің

бірде-бір елінде жоқ раритетті

грампластинкалар бар. Мен сіздің

ауқымды жұмысыңызды жалғастырып

жатқаныңызға өте қуаныштымын.

Сізге зор денсаулық және ауқымды

шығармашылық жобаңызды жалғастыруды

тілеймін. Сіз жасампаз ісіңізді одан әрі

жалғастыра бересіз деп үміттенемін. Біз

сізге көмектесуге әрдайым дайынбыз, -

деді Әбілқайыр Сқақов.

Наум Шафердің отбасымен кездесуі

туралы айта келе, белгілі павлодарлық

журналист және публицист Юрий

Поминов оны тағдырдың сыйы деп

атады.

- Мен Наум Григорьевичтің шәкірті

емеспін. Бірақ оның тәрбиеленушісі

болдым. Себебі ол менің кітаптарымның

жарыққа шығуына батасын берген

болатын. Ол бүкіл Қазақстан Республикасы

бойынша кадрлар өсірді.

Ал оның мұражай-үйі білім берудің

мәдени орталығына айналды. Онда

жақсылықтың, парасаттылықтың және

мәңгіліктің дәні егілуде, - деді Юрий

Поминов.

Мерейтой иесі жас кезінде 90-ға

келу мүмкін еместей көрінгенін мойындап,

қонақтармен бақытты өмірдің

рецептімен бөлісті. «Менің жасыма дейін

өмір сүріп, сіздердің жолдарыңызбен

жүретін керемет ізбасарларыңыз болғанын

қалаймын. Немен айналыссаңыз

да, соңыңыздағы ізбасарларыңыз

сүйіспеншілікпен еске алып, бастаған

ісіңізді жалғастыра берулерін тілеймін.

Бұл - сіздің бақытты болғаныңыз, -

деді Наум Шафер.

Наум Шаферге сыйлық ретінде

кітаптар мен мұражайға қажет ескі

грампластинкаларды цифрлауға арналған

жабдықтар тапсырылды. Мерейтой

иесі қонақтары үшін белгілі қазақ

және кеңестік әнші, актер Кәукен

Кенжетаевтың орындауында Евгений

Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан

Бекежанның екі әнін қойды.

Жазбада 1957 жылғы таңба бар және

ол Шафердің мұражай үйінде бұрынсоңды

ойнатылмаған.

Облыс әкімінің баспасөз

қызметі.

Жерлестеріміздің

жеңісі

Жақында «Веб-дизайн және

әзірлеу» құзыреті бойынша

ұйымдастырылған халықаралық

достық чемпионаты

өз мәресіне жетті.

Оған біздің облыстан Павлодар

ақпараттық технологиялар колледжінің

түлегі Дина Афанасьева қатысып,

жоғары нәтиже көрсетті.

Дина осылайша «EuroSkills-2021»

еуропалық чемпионатына қатысуға

жолдама жеңіп алып отыр. Дарынды

студенттің әлемдік конкурстан жоғары

нәтиже көрсетуіне Павлодар ақпараттық

технологиялар колледжінің оқытушысы

Т.Т.Жалпақов және ұлттық сарапшы

А.О.Зияданова зор үлес қосты. Жерлесіміз

алдағы білім додасына дайындалу

үстінде.

Айта кету керек, Дина 2019 жылы

«WorldSkills» аймақтық және ұлттық

кәсіби шеберлік байқауына қатысып,

жеңімпаз атанған еді.

Өз тілшіміз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!