19 қаңтар сейсенбі

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

19 қаңтар, сейсенбі

2021 жыл

№7 (15625)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

«AQIQAT»-ты алдау

мүмкін бе?

Нақпа-нақ

Ескі ауыл

шаруашылығы

техникаларын

тапсырғандарға

2 млн.

теңгеге дейін

берілмек

ФИТОСАНИТАРИЯ

Қызанақтан

вирус

табылмады

Ресейге экспортталған екібастұздық

қызанақтарда қауіпті

вирус анықталған жоқ. Мұндай

мәліметті ҚР Ауыл шаруашылығы

министрлігі ұсынды.

COVID-19:

БАР ҮМІТ - ЕКПЕДЕ

Суретті түсірген - Тілеуберді САХАБА.

Павлодар облыстық полиция департаменті елімізде алғашқы болып

«AQIQAT» компьютерлік полиграфымен жұмыс істеуге көшті. Криминалды

полиция басқармасы тергеу барысында күдікті, куәгер, жапа

шеккен адамның түсініктемесін тың технология арқылы тексереді.

Қылмысқа қатысы бар деп қамауға алынғандардың жауабының

шындыққа сәйкестігі арнайы құрылғымен анықталады.

Жалғасы 3-бетте

Әлемді COVID-19 вирусы әлі де әбігерге салып тұр. Еуропа мемлекеттерінде пандемия өрши

түсуде. Кеше ғана Бельгияда британдық штаммның жылдам таралып жатқаны мәлім етілді.

Қазақстан болса «сары» аймаққа орналасты. Ал Ресейде кешеден бері жаппай вакциналау

процесі басталды.

Толығырақ 2-бетте

Ведомствоның мәліметінше, былтырғы

жыл соңында Ресейдің ветеринарлық

және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі

федералдық қызметі (Россельхознадзор)

«Green Capital Kazakhstan», «Green Land

Alatau» ЖШС-тері өнімдерінде қызанақ

жемістерінің қауіпті вирусы анықталғандығы

және «Greenhouse-Qaztomat» (Екібастұз

қаласы) ЖШС өндіретін қызанақты енгізуге

шектеу енгізгені туралы хабарлама

жіберген. Осыған байланысты ҚР АШМ

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік

инспекция комитеті шұғыл түрде ресми

тексеру ұйымдастырды. Мамандар

ПТР-талдау жүргізу мақсатында сынамаларды

алу үшін «Greenhouse-Qaztomat»

ЖШС-де комиссиялық тексеру жүргізді.

«Талдау үшін Ресей Федерациясының

«Бүкілресейлік өсімдіктер карантині орталығының»

жедел тестері қолданылды.

Барлық талдаулар әдістері ресейлік ұйымның

мамандарымен бірге жасалды. Сараптама

қорытындысы бойынша «Green-house-

Qaztomat» ЖШС өнімдерінде ToBRFV

вирустары анықталған жоқ. Сондай-ақ,

объективтілік үшін компания өз бастамасы

бойынша өнімнің сынамаларын

«Groen Agro Control» тәуелсіз зертханасына

(Нидерланды) жіберді. Қосымша

зерттеу нәтижелері бойынша жылыжай

шаруашылығында вирус анықталған жоқ.

Осындай комиссиялық тексерулер «Green

Capital Kazakhstan» және «Green Land Alatau»

жылыжай шаруашылықтарында жүргізілді.

Ол жерлерде де вирус анықталмады», -

деп атап өтті ведомстводан.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік

инспекция комитеті Россельхознадзордың

іс-әрекеті ЕАЭО туралы шарттың

талаптарын өрескел бұзады және жасанды

кедергі болып табылады деп есептейді.

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы

министрлігі Еуразиялық экономикалық

комиссияға жүгінуге ниетті. Сонымен

қатар, ҚР АШМ вирустарды анықтау

фактілерінің дұрыстығына күмән келтіріп

отыр.

Өз тілшіміз.


2 19 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

COVID-19

Павлодар өңірінде соңғы екі

жылдың ішінде сыбайлас

жемқорлыққа байланысты

48 факті анықталып,

2 заңсыз делдалдық

жасау оқиғасы тіркелген.

Сонымен қатар, 20-дан астам

мемлекеттік қызметші

кәсіпкерлердің жұмысына

араласып, заңсыз пайдаға

кенелмек болған. Жалпы,

65,3 млн. теңгенің айыппұлы

салыныпты.

Жаза

күшейді

Тілеуберді САХАБА

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша

департаментінің басшысы Айдар Тастеміров

хабарлады. Сонымен қатар, осы салада соңғы

уақытта орын алған өзгерістерді түсіндірді.

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың

тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар

заңға қол қойған болатын. Яғни, ҚР қылмыстық

кодексіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, сыбайлас

жемқорлыққа жол бергендердің жазасы күшейтілді.

Мысалы, бұрын ірі көлемде пара берген адам

ҚР ҚК 367-бабының 2-бөлігі бойынша бес

жылға бас бостандығынан айырылатын және

ол орташа-ауыр қылмыс деп танылған. Соңғы

өзгертулер мен толықтырудан кейін ол ауыр

қылмыс санатына қосылып, жазаның жоғарғы шегі

жеті жылға дейін ұзартылды. Сол секілді, пара

ұсынғаны үшін сотталған адамдарға рақымшылық

жасалып, шартты түрде мерзімінен бұрын

босатылмайды. Және ең төменгі қауіпсіздік

колониясында жазасын өтеуге тыйым салынды.

Дәл осындай қатаң жаза мемлекет қаржысын

жымқыруға көмектескен делдалдарға да

қолданылады.

- Сондай-ақ, өткен жылы сыбайлас жемқорлық

туралы хабарлаған азаматтарға сыйақы берудің

жаңа жүйесі, мемлекеттік қызметшілер мен

олардың отбасы мүшелерінің сыйлық алуына

тыйым салу мәселелері де қарастырылған. Бұдан

бөлек, сыбайлас жемқорлықтың субъектілер

құрамы кеңейтіліп, комплаенс-қызметтер институты

енгізілді. Жалпы, Мемлекет басшысының

өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында

сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жазаны

қатаңдату бойынша берілген тапсырмалары

іске асырылуда, - дейді А.Тастеміров.

Жаңа редакцияланған заңда пара алушылар

мен оған көмектескен адамға салынатын айыппұл

мөлшері өсті. Пара берушілерге салынатын

айыппұл көлемі 50 АЕК-ке жетті. Кәсіпкерлердің

тірлігіне заңсыз араласқандарды да ауыр жаза

күтеді. Мысалы, құқық қорғау органдарының

қызметкерлері бес жылға дейін, басшылары мен

судьялары сегіз жылға дейін бас бостандығынан

айырылуы мүмкін.

Суреттер ғаламтордан

алынды.

Бар үміт - екпеде

Әлемді COVID-19 вирусы әлі де әбігерге салып тұр. Еуропа мемлекеттерінде пандемия өрши

түсуде. Кеше ғана Бельгияда британдық штаммның жылдам таралып жатқаны мәлім

етілді. Қазақстан болса «сары» аймаққа орналасты. Ал Ресейде кешеден бері жаппай

вакциналау процесі басталды.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

18 қаңтардағы мәлімет бойынша

елімізде 24 875 адам короновирус

инфекциясынан (13 180 КВИ+ және

11 695 КВИ-) емделуде, олардың ішінде

6 570 пациент стационарда, 18 305 науқас

амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Науқас 294 адамның жағдайы

ауыр, 60 пациенттің жағдайы өте ауыр

болып саналады.

Талдап өтсек, әр тәулік сайын

орташа алғанда 1000 адам жаңадан

вирус жұқтырады. Сондай-ақ күн сайын

500-дей науқас емделіп шығуда. Жалпы

ел бойынша СOVID-19 диагнозы қойылған

тұрғындар саны 170 мыңға жетіп отыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің

18 қаңтарда жариялаған мәліметінше,

Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласы

аурудың таралауы бойынша «қызыл»

аймақта тұр. Атап айтқанда, Ақмола,

Қостанай, Павлодар, Атырау облысы

мен Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл»

аймақта. Ал «сары» аймақта Алматы,

Қарағанды, БҚО мен СҚО бар. Қалған

өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта

орналасқан.

Бұған дейін мәлімделгендей, Павлодар

облысының мемлекеттік шекараларда

орналасқан 4 автомобильдік өткізу

пунктінде мониторинг жұмыстары жалғасуда.

15 қаңтардағы ақпарат бойынша,

14 014 ПТР-зерттеу нәтижесінде сырттан

келгендерден 108 ауру оқиғасы тіркелген.

Негізінен, науқастар екі ел арасында

жүк тасымалдаушы тұлғалар екені

анықталып отыр,

Қазақстанда коронавируспен күрес,

науқастарды емдеу мәселелері -

Үкіметтің басты назарында. Денсаулық

сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың

айтуынша, СОVID-19 инфекциясымен

күреске мемлекет барлық күш-жігері

мен қажетті құралдарды пайдаланды.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қажетті

медициналық жабдықтармен, жаңа

модульдік инфекциялық стационарлар

салу бойынша шаралар қабылданды,

қаражат бөлінді. КВИ емдеу және диагностикалау

хаттамасы, іс-қимыл алгоритмі

әзірленді және үнемі жетілдірілуде.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде

КВИ-дің таралуы бойынша жағдай өткен

жылдан бастап біршама тұрақтанды әрі

төмендей бастады.

«Бүгінде халық арасында КВИ

ауруының өсуін ескере отырып, жергілікті

Айдана ҚУАНЫШЕВА

КВИ-ге шалдыққан науқастардың

санының артуына байланысты облыс

республикада «қызыл» аймаққа енді.

Вирустың бұдан әрі таралуына жол

бермеу мақсатында сенбі-жексенбі

күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Түскі

уақыттарда аялдамадағы автобус саны

ұлғайтылады. Сонымен қатар, тамақтану

орындарының жұмыс кестесіне өзгеріс

енгізілді.

жерлердегі дәрігерлер тіркелген халықты,

бірінші кезекте Д-есепте тұрғандарды

тексеру бойынша жұмысты жалғастыру,

жағдайы ауыр науқастарды дер кезінде

анықтау қажет. Сонымен бірге, оларды

ауруханаға жатқызу үшін коронавируспен

ауырғандарға мониторинг жүргізу

керек. Жергілікті жерлерде жұмысқа

мобильді бригадаларды белсенді

тартқан жөн. Олар өз бетінше диагноз

қойып, ем тағайындауы тиіс. Денсаулық

сақтау басқармаларына КВИ белгілері,

вакцинациялаудың артықшылықтары

бойынша халық арасында ақпараттықтүсіндіру

жұмыстарын белсенді жүргізу

қажет», - деді вице-министр.

Үйлестіру кеңестерінің ұсынымдары

бойынша КВИ этимологиясы мен патогенезін

ескере отырып, қан айналымы

жүйесі аурулары бар пациенттерге

ерекше назар аудару, пациенттерді

динамикалық бақылауды жолға қою,

пациенттерді амбулаторлық деңгейде дәрідәрмекпен

қамтамасыз ету, сондай-ақ

мамандандырылған орталықтарды материалдық

және кадрлық қамтамасыз етуді

күшейту маңызды.

Бұл уақытта Ресейде екпе алуға

тілек білдіруші халықтың барлық санатын

жаппай вакциналау жұмысы басталды.

Ресейліктер тіркелген екі вакцинаның

бірін – «Спутник V» немесе «Эпиваккоронаны»

тегін салдыра алады. Ресей

Федерациясының президенті Владимир

Путин жаппай вакциналау кезеңіне өтуді

13 қаңтарда тапсырған болатын. Сол

кезде инфекциямен күрес жөніндегі

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің өкілі

Ғизат Абешевтің айтуынша, дәмхана

иелері келушілерді күндізгі сағат 9.00-ден

кешкі сағат 20.00-ге дейін қабылдай

алады. Жеткізу қызметі кешкі сағат

22.00-ге дейін жұмыс істемек.

- Тұрғындарға сенбі-жексенбі күндері

өз денсаулығын сақтау үшін үйде отыруларына

тура келеді. Демалыс күндері

сауда орындары, азық–түлік емес тауарларды

сататын дүкендер, спорт нысандары,

фитнес орталықтары, жаттығу

жедел штабты басқаратын вице-премьер

Татьяна Голикова 18 қаңтардан бастап

елде ауқымды вакциналаудан жаппай

вакциналауға көшуге бәрі дайын екенін

айтты. Ол Ресейде халықты коронавирусқа

қарсы тегін вакциналау үшін ресурстар

бар екенін атап өтті. Ең бастысы,

Ресей азаматтары вакциналауға келуге,

сондай-ақ «әсіресе қазіргі жағдайда өте

маңызды болып табылатын қауіпсіздік

шараларын сақтауға» ниет білдірді, деді

Т.Голикова.

Қазіргі уақытта Қазақстанда үш мыңнан

астам еріктіге QazCovid-in вакцинасы

салынды. ҚР ДСМ Медициналық және

фармацевтикалық бақылау комитеті

төрағасының орынбасары Нұрлыбек

Асылбеков айтқанындай, 11 қаңтарда

3 мың еріктінің барлығына вакцина

салынды. Қазір олар - зерттеушілердің

тұрақты бақылауында. Н.Асылбековтің

айтуынша, ақпан айының соңына қарай

коронавирусқа қарсы ресейлік вакциналар

партиясы қолжетімді болуы

мүмкін.

Дәл қазір бәрінен де әлем бойынша

Еуропа мемлекеттері ерекше күрделі

жағдайда. Бельгияда СOVID-19-дың

британдық штаммы таралуда. Аталмыш

штамм жұғу жағынан бұрынғысынан

әлдеқайда қауіпті екені айтылуда.

Кешегі күнге дейін әлем бойынша

СOVID-19 вирусына 95 миллион адамның

шалдыққаны белгілі болды. Дүниежүзі

бұл дерттен құтқаратын бірегей жол

ретінде екпеден зор үмітті болып

отыр.

«Қызыл» аймаққа ендік

Өңірде коронавирус жұқтырғандар санының артуына

байланысты 20 қаңтардан бастап бірқатар шектеу шаралары

енгізіледі. Аймағымыздың бас санитар дәрігерінің

жаңа қаулысына сәйкес, сенбі-жексенбі күндері адамдар көп

жиналатын орындарда көп қатынайтын орындар жұмыс

істемейді.

залдары жұмыс істемейді. Сондай-ақ,

бассейн, монша, сауна және бизнес

орталықтар да келушілерді қабылдамауы

тиіс. Мекеме қызметкерлерінің 80 пайызы

қашықтан жұмыс істеу режиміне көшеді, -

дейді Ғизат Абешев.

Атап өтерлігі, сенбі-жексенбі күндері

дәмханалар кешкі сағат 20.00-ге дейін

жұмыс істейді. Сондай-ақ, жеткізу қызметі

кешкі сағат 22.00-ге дейін тапсырыс

қабылдай алады.

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасы стратегиялық дамыту және

инновациялық технологиялар бөлімі

басшысының міндетін атқарушы Ерғалы

Асылбектің сөзіне сүйенсек, өңірдегі

инфекциялық ауруханалар жүктемесі

35 пайызды құрайды. Стационарлық

емді 617 адам қабылдауда. 3 мыңнан

астам адам амбулаторлық деңгейде

бақылауға алынған.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 19 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл 3

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

Сарқынды судың әлегі

Биыл 1 қаңтардан бастап «Павлодар-Водоканал» ЖШС сарқынды суларды

қабылдау нүктелеріндегі қызметі үшін ақы есептеу тәртібін өзгертті. Ендігі

жерде төлем қалдық судың көлеміне қарай есептелмек.

Белгілі болғандай, бұған дейін

ассенизаторлық машиналардың

иелері суды төгу үшін 60 текше метр

үшін ғана төлем жасап келген. Ал

шын мәнінде 120-дан 320 текше

метрге дейін сарқынды су үшін

төлемнен құтылып келген.

Тариф мәселесіне келсек,

ассенизаторлық машиналардың

иелеріне қолданылатын тариф

бұрынғы деңгейде қала береді.

Павлодар қаласы әкімінің

баспасөз қызметінің хабарлауынша,

әлеуметтік желіде тариф

бағасының өсуі туралы ақпарат

шындыққа жанаспайды.

Ассенизаторлық машиналар

иелерінің жеке секторға қызмет

көрсетуден бас тартуына байланысты

Павлодар қаласының

әкімдігі қолданыстағы заңнама

шеңберінде жұмыс істеуге ниетті

арнайы техника иелерінің қызметін

ТАСЫМАЛ

Еліміз бойынша

барлық әлеуметтік

маңызы бар бағыттардың

теміржол

билеттері 1 наурыздан

бастап қымбаттайды.

Бұл туралы railways.kz

сайтында хабарланды.

«Тасымалдаушының әлеуметтік

маңызы бар маршруттар бойынша

жолаушыларды тасымалдауға

байланысты шығыстарын ұзақ

мерзімді субсидиялауға арналған

келісімдерге сәйкес, 2021 жылдың

ұйымдастырған. Бұл машиналардың

жұмысы 17 қаңтардан басталғанын

атап өткен жөн.

Айтпақшы, павлодарлықтар

тәулік бойы жұмыс істейтін 109 callорталығының

нөміріне хабарласып,

ассенизаторлық машиналар

қызметіне өтінім қалдыра

алады.

О.АХМАДИЯ.

Пойыз билеттері

қымбаттайды

1 наурызынан бастап жолаушыларды

теміржол көлігімен тасымалдау

құнын аймақаралық және

қала маңы байланыстарындағы

барлық әлеуметтік маңызды

бағыттар бойынша 7% индекстеу

жоспарланған», - делінген

хабарламада.

Айта кетейік, 2018-2020 жылдар

аралығында «Жолаушылар тасымалы»

АҚ 159 вагон сатып алған.

Олар келесі бағыттар бойынша

жолаушылар пойыздарын жаңартқан:

Алматы - Маңғыстау, Нұр-Сұлтан -

Сарыағаш, Атырау - Нұр-Сұлтан,

Атырау - Алматы, Нұр-Сұлтан -

Арқалық, Атырау - Маңғыстау,

Алматы - Жезқазған, Нұр-Сұлтан -

Павлодар - Семей.

Өз тілшіміз.

«AQIQAT»-ты алдау

мүмкін бе?

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ

Қазақстанда «Altay -45» қысқы дизель отыны

шығарыла бастады. -45 градус аязда қатпайтын

жанар-жағармайдың алғашқы партиясы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қарасты

Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірілді.

45 градус аязда

қатпайды

Мұрат АЯҒАНОВ

403 19154-38-2020 стандарты

бойынша дайындалған

ДТ-А-К5 Altay -45 маркалы

дизель отыны мұнайды терең

өңдеу кешенінің Prime D 3205

дизель отынын гидротазарту

қондырғысында өндірілуде.

Жаңа өнім K5 санатының

экологиялық талаптарына

сай келеді.

Күкірттің аз мөлшерде болуына және төмен температуралық

қасиеттерін жақсартатын қоспалардың жоқтығына байланысты өнім

арктикалық дизель отынының сапасына сәйкес келеді. Осылайша

рекордтық қату температурасы төмен отын елімізде алғаш рет

аталған кәсіпорында шығарылып отырғанын атап өткен жөн. Жаңа

дизель отынының бірінші партиясы ішкі нарықтағы қажеттілікті өтеу

үшін шағын көлемде өндірілді. Алдағы уақытта сұранысқа қарай

Altay -45 дизель отынын өндіру көлемі ұлғайтылатын болады. Еске

сала кетейік, 2019 жылы Атырау МӨЗ Қазақстандағы ең төмен

температурадағы Khazar -38 дизель отынын өндіре бастаған еді.

Осылайша, зауыт Altay -45 өндірісінің басталуымен рекордты

жаңартты.

Дизель отынының жоғары сапалы әрі төмен температуралы

түрлерін өндіру зауыттағы үш кезеңдік жаңғырту аясында салынған

жаңа қондырғыларды іске қосқаннан кейін мүмкін болған.

Айтып өтелік, Екібастұз қаласында да былтыр арктикалық

дизель отынын шығаруға талпынған кәсіпкерлер болған. Алайда

бастама аяқсыз қалып, жоба орта жолда қалып қойды. Қысы

суық біздің өңірдің тасымал саласында мұндай отын сұранысқа

ие болатынына дау жоқ.

АЛҒЫС

Жүргізушілерді

құтқарды

Облыстық полиция департаментінің басшысы

Нұрлан Мәсімовке Түркия елінің азаматы Самсун

Акгабат хат жолдады. Ол қақаған аязда өмірін

құтқарған жергілікті тәртіп сақшыларына алғысын

білдірді.

Басы 1-бетте

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Көпшілік ресейлік «Детектор

лжи» телебағдарламасын ұмытпаған

болар. Арнайы құрылғы

көп жағдайда ерлі-зайыптылар

арасындағы опасыздықтың бетін

ашуда қолданылатын. Дәл осы

технология павлодарлық полицейлерге

қылмыскерді анықтауға

көмектесуде.

Жергілікті тәртіп сақшылары

отандық «AQIQAT» компьютерлік

полиграфы арқылы 60-қа жуық

зерттеу жүргізіп үлгерген. Тергеушілер

күдіктілердің барлығын

полиграфияға сүйремейді. Құрылғыны

пайдаланудың өз тәртібі,

талабы бар.

- Тергеу басқармасының мамандарымен

тығыз байланыста жұмыс

істеудеміз. Мамандар полиграф

арқылы жауап алуға қатысатын

адамдардың тізімін бекітеді. Олардың

ішінде күдікті, жапа шегуші,

куәгерлер де бар. Қан қысымымен

ауыратын адамдар «AQIQAT»

арқылы тексерілмейді. Жауап

берушілер алдын ала дайындалады.

Қобалжымас үшін ұйқылары

қанық, шаршамаған болуы қажет.

Осы зерттеуден өтетін адам арнайы

жабдықталған орындыққа отырады.

Егер күдіктінің пікірі шындыққа

сай келмесе, детектордың дыбыс

сымдарының дауысы өзгереді.

Қандай да бір сауал кезінде

шынайы не өтірік сөйлегені

нақты анықталмаса, қорытындыға

«жауап күмәнді» деп жазылады.

Зерттеу аяқталған соң, нәтиже

тергеушілерге жолданады, -

дейді облыстық полиция департаменті

криминалды полиция

басқармасының криминалисі

Юрий Духновский.

«AQIQAT» компьютерлік полиграфы

арқылы криминалистердің

барлығы жұмыс істей алмайды.

Басқармада детектордың тілін

Юрий Духновскиймен қатар тағы

2 маман жақсы меңгерген. Үшеуі де

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында

арнайы оқуға қатысып, 2 айға

жуық уақыт технологиямен зерттеу

жүргізу тәсілін толық үйренген.

Криминалистің айтуынша, тергеушілер

«AQIQAT» полиграфының

көмегімен қарақшылық шабуыл

жасаған қылмыскерді анықтауға

мүмкіндік алды. Жүргізілген

54 зерттеудің тең жартысы

тергеушілердің күдігін растап,

қылмыстық іс материалдары

сотқа жіберіліп, шешім шыққан.

Полиграф дененің әртүрлі

бөліктеріне бекітілген датчиктердің

сигналдарын қабылдауға қауқарлы.

Заманауи құрылғы алақанның

терлеуі, қан қысымы мен тыныс

алу кезіндегі өзгерістерді өте дәл

тани алады. Адамның тыныс алу

жылдамдығының өзгеруін бақылау

үшін кеудеге және асқазанға

пневматикалық түтіктер орнатылады.

Қан қысымының өзгеруі

иыққа оралатын арнайы манжеттің

көмегімен тексерілсе, алақанның

терлеу жылдамдығы саусақтарға

бекітілген металл электродтардың

көмегімен жазылып алынады.

Детектор адам бойындағы 50 физиологиялық

параметрді тіркеуге

қабілетті. Яғни, беттің қызаруы,

еріннің қысылуы, көз қарашықтарының

кеңеюі немесе тарылуы,

жылдам жыпылықтау арқылы

өтірік сөйлегені анықталады.

Егер күдіктінің пікірі шындыққа

сай келмесе, детектордың дыбыс

сымдарының дауысы өзгереді.

- Қылмыстық істі тергеумен

айналысатын мамандар күдіктінің

қылмысқа қатысы барын не

жоғын алдын ала сезеді. Себебі

олар куәгерлермен, жапа шегушімен

тілдесіп, мән-жайды анықтауға

қатысты барлық мәліметтерді

қажетті органдардан сұратады.

Ал полиграфтың көмегімен тергеуші,

криминалистердің күдігі

расталады. Детектор 99,9 пайыз

шындықты көрсетеді. Құрылғымен

жұмыс істеу өте ыңғайлы, -

дейді Ю.Духновский.

Оқиға желісіне сүйенетін болсақ, 16 қаңтар күні түнгі сағат

3.00 шамасында «Павлодар-Қызылорда» бағыты бойынша жолды

патрульдеу кезінде мамандар «Мерседес» маркалы жүк көлігінің

тоқтап тұрғанын көрген. Жүргізуші ескертпеге қарамастан, Ресей

Федерациясынан Түркия еліне жолға шыққан. Сақылдаған аязға

байланысты көлігі от алмай, істен шыққан. Жолаушының өзі

суықтан тоңып қалған. Полицейлер жедел әрекет ету арқылы

әлгі адамды жылы көлікке отырғызып, ыстық шай ішкізеді. Кейін

жақын жерде орналасқан дәмханаға жеткізіп, тамақтандырады.

Полицейлер көлікті жылытумен айналысып, техниканы жылы боксқа

орналастырады. Кейін түркиялық азамат өз бағытын жалғастырған.

Жүргізушіге мұндай көмекті аға инспекторлар Арман Гинаятов

пен Төлеубай Құдайберген көрсетіпті. Олар өткен жылы Тәжікстан

елінің азаматын аяздан құтқарғанын атап өткен жөн.

Сақылдаған сары аязда полицейлер Шығыс Қазақстан

облысының тұрғынын да құтқарды. Нұрлан Мәсімовке хат жолдаған

Александр Кузнецов павлодарлық полицейлердің қырағы әрекетіне

ризашылығын жеткізген.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Суреттер ғаламтордан алынды.


4 19 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

ЭЦҚ алуға міндетті

Қаңтар айынан бастап бірқатар әлеуметтік көмектерге

қол жеткізудің мүмкіндігі жеңілдетілді. Бұл қатарда

мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Олар енді мемлекеттен

берілетін кез келген көмекке қол жеткіу үшін

бұрынғыдай папка толы құжат жинап, бірнеше күнін осы

бағытқа сарп етпейді. Үйден шықпай-ақ бар мәселесін

шешіп, тиісінше жәрдемге қол жеткізе алады. Яғни

«Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы аталған

топтағы адамдар өздеріне қажетті 55 қызметтің түріне

ие болмақ. Бұл үшін тұрғындарға не қажет? Осы және

өзге де сауалдарымызға облыстық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдаралар басқармасының

басшысы Альмира Дисюпова жауап берді.

ТҰСАУКЕСЕР

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет

қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының

мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының

иегері Арман Қанидың жаңа кітабының

тұсауы кесілді. «Кереку жырлары» атты жаңа

жинақты таныстыру шарасы дарынды балаларға

арналған Абай атындағы гимназияда

өтті.

«Кереку

жырларын»

таныстырды

- Альмира Аманқызы, қаңтар

айынан бастап мүмкіндігі шектеулі

жандарға берілетін әлеуметтік

көмектер тек қана «Әлеуметтік

қызметтер порталы»

арқылы іске асырылатыны

белгілі. Ол үшін әуелі не қажет?

- Ағымдағы жылдың басынан

бастап аймағымыздағы мүмкіндігі

шектеулі адамдар оңалту құралдарының

24 түрі мен 3 әлеуметтік қызметті үйден

шықпай-ақ «Әлеуметтік қызметтер

порталы» арқылы алуға мүмкіндік

иеленді. Ол үшін тұрғындардың

электрондық-цифрлық қолтаңбасы

(ЭЦҚ) болуы тиіс. Қалалар мен

аудандардағы жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

мүгедектердің ЭЦҚ алуы бойынша

жұмыстарды былтырдан бастап

жүргізіп келеді. Бүгінгі күні жеке

оңалту бағдарламасы бар мүгедек

адамдардың 98%-ы ЭЦҚ алды.

- Көрсетілетін қызмет түрлеріне

не кіреді?

- Осы жылдан бастап мүгедектігі

бар адамдардың оңалту жеке

бағдарламаларына сәйкес, барлық

құралдар портал арқылы қолжетімді

болады. Мұнда жөргектер, көзі

көрмейтіндерді оқытуға арналған

техникалық құралдар, мүгедек арбалары,

жеке көмекшінің қызметтері,

санаторий-курорттық емдеу тәрізді

55 түрлі құралдар мен қызметтер бар.

Айта кетерлігі, былтыр порталмен қатар,

мемлекеттік сатып алу арқылы баламалы

қамтамасыз ету жұмыс істесе,

биыл құралдар мен қызметтер тек

портал арқылы ұсынылатын болады.

Жұмысты жеңілдету мақсатында

өткен жылдың желтоқсан айынан

бастап ымдау тілінің мамандары

мен жеке көмекшілер «Әлеуметтік

қызметтер порталында» тіркеуден

өткен болатын. Бұл 2020 жылдың

1 қаңтарынан бастап портал арқылы

1-топтағы мүгедектер жеке көмекшінің

қызметіне, ал 3-топтағы мүгедектер

ымдау тілі қызметіне тапсырыс беруіне

мүмкіндік беріп отыр.

- Қалалар мен аудандар

жаңа өзгеріске қаншалықты

дайын?

- Өңірдегі қалалар мен аудандардың

жұмысы - біздің жіті бақылауымызда.

Олар толық өзгеріске дайын. Аталған

қызметтерді алу үшін қалалар мен

аудандардағы жұмыспен қамту және

әлеуметтік қызметтер бөлімдерінің

жеткізушілермен және жеке көмекшілермен

арада байланысы болмайды.

Есесіне бұл қызмет оферта-шартқа

сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Яғни, жеке көмекшілер мен ымдау

тілі мамандарын тағайындау үшін

ол «Әлеуметтік қызметтер порталында»

жеке тұлға ретінде тіркеліп,

кез келген ҮЕҰ маманы ретінде іске

кірісе береді. Айта кетерлігі, Павлодар

қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөліміне

күн сайын жеке көмекші ретінде

тіркелгісі келетін азаматтар көптеп

келуде. Осыны ескере отырып, біз

облыс орталығындағы Астана көшесі,

59 мекенжайы бойынша орналасқан

басқарма ғимаратында азаматтарға

өздігінен қызмет көрсету аймағын

аштық. Мұндағы мамандар мүмкіндігі

шектеулі адамдарға ЭЦҚ алуға

көмектеседі.

- Қазіргі таңда аймағымызда

мүмкіндігі шектеулі

қанша адам бар?

- Өңірде 27 мыңға жуық мүгедек

адам тұрады. Олардың үш мыңы -

балалар. 14 мыңнан астам адам

оңалтудың жеке бағдарламасы

бойынша қызмет алады.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан –

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

Ақынның бұл туындысына,

аты айтып тұрғандай,

Кереку өңіріне арналып

жазылған жыр-толғаулары

топтастырылған. Кітап

3 бөлімнен тұрады. Бірінші

«Кеңестік және Кереку»,

екінші «Мазасыздық», үшінші

«Казкрай - қазақтар мекені»

деп аталады. Жаңа жинақтан

автордың бұрынғы және

кейінгі жылдарда жазылған

өлеңдерін оқуға болады. Кітап

500 данамен Павлодардағы

«Сытин» баспаханасында

басылып шықты.

Шараға Шараға «Нұр-Ана

әлемі» қоғамдық бірлестігінің

төрайымы Бақытжамал Максилова,

халықаралық «Қазақ тілі»

қоғамы облыстық филиалының

төрағасы Социал Әйтенов,

«Құрмет» орденінің иегері,

ардагер журналист Ғалия

Балтабай, облыстық «Naizatas»

журналының бас редакторы

Асыл Әбішев, Қазақстан

Жазушылар одағы облыстық

филиалының директоры

Жарқынбек Амантайұлы сынды

өңірдің зиялы қауым өкілдері

қатысты. Гимназия директоры

Салтанат Шабажанова

кітап авторы Арман Қаниға

және биыл 75 жасқа толып

отырған Қазақстанның Құрметті

журналисі Социал

Әйтеновке шапан жауып,

құрмет көрсетті.

- Жастық шағымыздың

куәсі болған «Казкрай» көшелері

менің көптеген өлеңіме

арқау болды. Бұл жолғы

жинағыма сол кезде жазылған

жастық жырларым және одан

кейін де дүниеге келген

шағармаларым топтастырылды.

Сонымен қатар, осы Ертіс-

Баян өңірін бізден бұрын мекен

еткен ата-бабаларымыздың

тағдыр-талайы жырланған

өлеңдерімді де оқуға болады

Жаңа жинақты жұртқа таныстырып,

осылай ерекше

құрмет көрсетіп жатқан

мектеп ұжымына ерекше

алғысымды білдіремін деді, -

ақын Арман Қани.

ТҮЙТКІЛ

Қаратоғайлықтардың қалауы не?

Өз тілшіміз.

Облыс орталығынан 30 шақырым жерде Қаратоғай

деген шағын ғана ауыл бар. Павлодар ауданына

қарасты бұл елді мекенде интернет жылдамдығы

тым баяу. Ұялы байланыс та нашар. Соның салдарынан

қашықтан білім алатын оқушылар тапсырмаларды

ұзақ уақыт жүктеуге мәжбүр. Ауылдың үлкендері

алыс-жақындағы ағайын-туыстан хат-хабар ала

алмай отырады. Қыс келсе болғаны, кіреберістегі үш

шақырымдық жолды қар басып, қатынау қиындай

түседі.

Кеңес ауылдық округіне қарасты

Қаратоғай ауылында 60-қа жуық үй

түтін түтетіп отыр. Ертіс өзенінің

жағасында орналасқан елді мекен

тұрғындарының басым бөлігі мал

шаруашылығымен айналысады.

Былтыр кешенді блок-модуль

орнатылып, ауылдағы ағайын таза

ауызсумен қамтылды. Көшелер

жарықтандырылып, қоқыс полигоны

тазартылды. Бастауыш мектепте

жөндеу жүргізіліп, спорт залы

ретке келтірілді. Бірақ жылдар

бойы шешілмей келе жатқан,

«әттеген-ай!» дейтін жайттар да

бар. Айталық, бұл ауылда ұялы

байланыс пен интернет желісінің

жылдамдығы нашар. Сондықтан

тұрғындар қораның, моншаның,

әйтеуір бір биіктіктің үстіне шығып,

антенна ұстайтын орынды іздеуді

әлі доғара қойған жоқ. Одан табылмаса,

үйдің бұрыш-бұрышын телефонмен

тексеріп, байланыс жақсы

ұстайтын жерді табуға талпынады.

Қызметтердің барлығы дерлік

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

электронды форматқа көшкен,

әсіресе оқу қашықтан ұйымдастырылған

қазіргі кезде жаһандық

желінің жетпеуі тіпті қиын.

- Бұрын 5-11-сыныпта оқитын

10-ға жуық бала 15 шақырым жердегі

Ямышев ауылына барып оқитын.

Карантин шараларына байланысты

олардың оқуы қашықтан білім беру

режиміне көшті. Содан бері балалар

үй тапсырмаларын жүктей алмай әлек

болады. Іздеп жүріп әрең тапқан,

желі жақсы ұстайтын «нүктенің»

өзінде интернеттің жылдамдығы

өте баяу. Ұялы байланыс та бірде

жақсы, бірде нашар. Сондықтан

жақын-жұрағатпен жиі хабарласып,

тілдесе алмаймыз, - дейді ауыл

тұрғыны Даржан Құсайынова.

Кеңес ауылдық округінің әкімі

Ақылбек Бердіхановтың айтуынша,

Қаратоғай ауылына жақын аумақта

ұялы байланыс операторларының төрт

бірдей мұнарасы бар. Бірақ Қаратоғай

ойлы жерде орналасқандықтан, бұл

жаһандық желімен әрі ұялы байланыспен

қамтитын мұнаралардың

қуаты төменде жатқан елді мекенге

жетпейтін көрінеді.

- Қаратоғайдағы бастауыш мектепте

интернет жылдамдығы жақсы.

Ал үйлерде баяу екені рас. Ғаламторға

қолжетімділікті арттыру үшін мектептің

төбесіне спутниктік құрылғыны

орнатып берер компанияны іздеп

жатырмыз. Жаһандық желіні тарататын

«нүкте» биікте орналасса,

жылдамдық та жақсара түсуі тиіс, -

дейді Ақылбек Түсіпбекұлы.

Бұл мәселе осы жолмен шешіліп,

байланыс машақаты артта қалса

жақсы болар еді. Жол демекші,

Қаратоғайға кіреберіс үш шақырымдық

жолдың сапасы да сын

көтермейді. Тұрғындардың айтуына

қарағанда, қиыршық тас қана

төселген жолмен жазда да жүру

қиын, қыста да басып қалатын

қалың қар қатынасты қиындата

түседі.

- Жол азабын тартып келе

жатқанымызға 30 жылдың жүзі

болды. Осыдан 4-5 жыл бұрын

жолдың бір бөлігіне ғана асфальт

төселді. Қалғаны - қиыршық

тасты жол. Қыс келсе болғаны,

бұл кіреберіс жолды қар басып

қалады. Жергілікті әкімдік жалдамалы

техникамен бірнеше рет тазартады.

Бірақ арнайы техниканы жиі жалға

алу үшін қаржы қажет. Сондықтан

ара-тұра өз тракторыммен жолды

ашып, көлік қатынасын қалыпқа

келтіруге тырысамын. Бұл - жыл

сайын қайталанатын құбылыс, - дейді

ауыл тұрғыны Бауыржан Тайтаев.

Жол мәселесі мұнымен бітпейді.

Жергілікті жұртшылықтың айтуынша,

ауылға келетін автобус жоқ.

Павлодар-Ольгинка бағытында қатынайтын

қоғамдық көлік Қаратоғай

тұрғындарын да тасымалдайды деген

ресми деректер бар. Әйтсе де, іс

жүзінде мүлде олай емес.

- Кіреберіс жол сапасыз болғандықтан,

автобус түгілі таксидің де

біздің ауылға келгісі жоқ. Кейде

көлігі бар ауылдастармен жолшыбай

облыс орталығына 500 теңгеге

жетіп, шаруаларымызды ыңғайлап

аламыз. Ал такси қызметі кей кездері

1000-1500 теңге сұрайды. Жол жөнделіп,

автобус қатынасы жанданса

жақсы болар еді, - дейді Д.Құсайынова.

Тұрғындардың өтініші ескеріліп,

биыл кіреберіс жол ретке келтірілуі

тиіс.

- 2016 жылы кіреберіс жолы

орташа жөндеуден өтті. 980 метрге

асфальт, қалған бөлігіне қиыршық

тас төселді. Бүгінде аудандық нақты

сектор бөлімі қалған екі шақырымды

асфальттауға қатысты жобалықсметалық

құжаттама әзірлеп жатыр.

Содан соң жол қалпына келтіріледі, -

дейді ауыл әкімі.

Бұл жоспардың барлығы іске асып, жақын уақытта

мәселе шешілсе екен дейміз. Әйтпегенде, облыс

орталығының іргесінде орналасқан елді мекен

жұртшылығының байланыстан да, жолдан да әлі

қиындық көретін түрі бар.


SARYARQA SAMALY

БОЛАШАҚ

19 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл 5

ТҮЙТКІЛ

«Ақыл-ойларымыз»

шетелге неге құмар?

Қазақстаннан шетелге қоныс аударушылардың саны жыл сайын

артып келеді. 2019 жылы елімізден 45 мың 200 адам көшсе, 2020

жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 7 мың 300 жерлесіміз

жат елді жағалаған. Бұл статистика азайды деген сөз емес. Елден

тысқары жүруге шешім қабылдағандардың санының бұлай аз

болуына коронавирус себеп болған дейді мамандар. Біз де бұл

сүреңсіз статистиканы өз тарапымыздан зерттеп көрдік.

Сандарды

сөйлетсек...

Жоғарыда атап өткеніміздей, 2019

жылы 45 мыңнан астам адам елден кетуге

шешім қабылдаса, Қазақстанға қоныс

аударғандардың саны небары 12 мың

300 адамды құрайды. Былтыр елімізде

төтенше жағдай режимі жарияланғанға дейін

7 мыңнан астам адам жат елге аттанса,

4 мың 300 адам елге көшіп келген.

2020 жылы шетелге көшіп үлгергендердің

72,9 пайызы – жұмыс істеуге қабілетті

адамдар. 16 жасқа толмағандардың саны

1 мың 700-ді құраса, 326 адам - зейнеткер.

Көшіп кеткендердің дені көршілес Ресей

мемлекетін таңдаған. Бұл елге жоғарыдағы

7 мыңнан астам қазақстандықтың

86,6 пайызы, яғни 6 мың 400 адам

қоныстанған. Ал қалған 456 жерлесіміз

Германияда тұруды қаласа, 115-і Өзбекстанда

өмір сүруде. Тағы 106 адам АҚШ-ты таңдаса,

51-і Беларусь елін мекен етуде. Шетелде

тұруды шешкен қазақстандықтардың ішінде

Польша, Беларусь, Канада секілді елдерді

таңдағандар да бар.

Шетел несімен

қызық?

Қазақстандықтардың өзге елге қоныс

аударуының бірнеше себебі бар. Бірі білім

алу үшін келсе, тағы бірі табыс табуды

көздейді. Енді бірі жаңа өмір бастауды

қалайды.

Мамандар орыс тілді азаматтардың

Қазақстанда қалғысы келмеуінің себебі Ресей

елінің өз отандастарын көшіруге арналған

арнайы бағдарламасы себеп екенін айтады.

Оған сүйенсек, Ресейге көшкен «отандастарды»

жұмысқа орналастыру, жол шығыны

мен мүлкін төлеп беру мәселесі толық

қарастырылған. Сонымен қатар, бұл елде

жақсы білім алуға, қомақты табыс табуға

да мүмкіндік бар. Ресей Федерациясының

аумақтық Федералды көш-қон қызметінің

мәліметінше, соңғы уақытта «Отандастар»

мемлекеттік бағдарламасы бойынша бұрынғы

одақтас республикалардың ішінде Ресейге

көшетіндердің қатары көп. Жыл сайын

100 мыңнан астам адам қоныс аударады

екен. Оның ішінде қазақстандықтардың

үлесі 29,7 пайызды құрап отыр.

Қазір Қазақстан азаматтарына көшуге

Батыс Еуропа елдері мен Америка Құрама

Штаттары қолайлы болып отыр. АҚШ

аумағында бірнеше жыл өмір сүрген адам

жаңа өмір салты мен қомақты табыс көзіне

үйреніп, елге оралғысы келмейді. Ал білім

іздеп келгендер оқыған мамандығына

Қазақстанда сұраныс жоғын немесе АҚШ-та

әлдеқайда жоғары жалақы алатын болған

соң, шетелде қалады. АҚШ-та қарапайым

жұмысшы ай сайын 3000-6000 АҚШ

доллар аралығында табыс табады екен.

Мұнда уақытша жұмыс істеуге келген

қазақстандықтардың елге оралмауының

тағы бір себебі осы болып отыр.

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында

«Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы

бойынша білім алып жүрген отандасымыз

Әлия Әшім шетелде жастардың білім алуы

үшін, жұмыс істеуі үшін барлық жағдай

жасалғанын айтады.

- Америкада 2 жылға жуық уақыт білім

алып келемін. Бұл елдің өмір сүру деңгейі

мен білім беру сапасын Қазақстанмен

салыстыруға келмейді. Халықтың таным-түсінігі

де бөлек. Айналдырған екі жылдың ішінде

Айдана ҚУАНЫШЕВА

өз мамандығымды мүлде басқа қырынан

таныдым. Жолдасым да менімен бірге

келген болатын. Ол бірден жұмыс тауып,

табысты еңбек етіп кетті. Демек, жұмыспен

қамту деңгейі де дұрыс жолға қойылғанын

байқаймыз. Жалпы, мұнда бар игілікті

тұрғылықты халқы ғана емес, біз сияқты

уақытша келген көптеген мемлекеттердің

өкілдері де тең дәрежеде көре алады.

Оқуым аяқталған соң, елге қайтатыным

анық. Мен Қазақстанды шексіз жақсы

көремін. Әлемнің дамыған елдеріндегі

озық үлгілер біздің мемлекетімізде де

болса деген тілегім бар, - дейді Ә.Әшім.

Өзге елде

бағы жанды

Біздің аймақтағы дарынды түлектерді

магнитше тартатын бірінші ел – көрші Ресей.

Павлодарлық Орынбай Сәкенұлының баласы

көршілес елде білім алуға амалсыз келіскен.

Ұлы Мәскеудегі озық университеттердің

бірінде білім алып, сол елдегі банкте

табысты қызмет етуде.

- Ұлым Павлодар қаласында білім алып,

11-сыныпты тәмамдады. Сабақты жақсы

оқығандықтан ұлттық бірыңғай тестілеуден

жоғары ұпай жинады. Нұр-Сұлтан қаласындағы

Назарбаев университетінің студенті атануды

армандап, құжаттарын жолдады. Өкінішке

қарай, грантқа 4 ұпай жетпей, оқу орнына

түсе алмады. Құжаттарын Ресейдің Мәскеу

қаласындағы екі оқу орнына да жіберген

болатын. Бағы жанып, грант ұтып алды.

4 жыл білім алған соң, елге оралуын

қаладым. Туған жері Павлодар қаласына

келіп, жергілікті банктердің бірінде қаржы

сарапшысы ретінде тәжірибеден өтті.

Өкініштісі, мұндай мамандықты меңгергендер

біздің банктерге қажет емес екен. Қазір

Мәскеудегі танымал банктердің бірінде

өз саласы бойынша жұмыс істеп, табыс

табуда, - дейді әкесі.

Шыны керек, түлектеріміздің шетел

асып, білім алуына еліміздегі жоғары оқу

орындарының талабы мен оқу бағасының

қымбат екендігі себеп. Бұл мәселені талай

мәрте жазған болатынбыз.

Еліміздегі ұлттық университеттің студенті

атану үшін жыл сайын кемі 700-900 мың

теңге көлемінде қаражат төлеу қажет.

Бұған жатақхана немесе пәтер жалдау

құны, тамақ пен киім-кешекке жұмсалатын

ақшаны қосыңыз. Мемлекеттік университеттерде

білім алу құны кемі 500 мың

теңгеден басталады. Студенттердің дені

елімізде қыруар қаражат жұмсап білім

алғанша Ресейде, Малайзия, Кореяда

300 мың теңгеге мамандықты меңгергенді

жөн көретіні сондықтан.

Ресми көрсеткіш

бұдан да көп

Аталмыш мәселе бойынша аймағымыздағы

жағдайды білу үшін облыстық полиция

департаменті көші-қон қызметі басқармасына

сауал жолдаған болатынбыз. Департамент

басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат

Қайыровтың айтуынша, 2018 жылы мамандар

ел аумағынан көшуге бел буған 5022

жерлесіміздің құжатын рәсімдеген. 2019

жылы дәл осындай өтінішпен келген 5953

адамға көмек көрсеткен. 2020 жылдың

10 айы ішінде 2785 адам шетел асуға

бел буған. Статистиканың бұлай азаюына

жоғарыда айтқанымыздай, пандемия себеп.

- Былтыр өзге елге қоныс аударғандардың

ішінде жасөспірімдердің саны басым.

Мәселен, былтыр 18 жасқа толмаған

822 бала елімізден көшті. Білім алуға

кеткен 18-30 жастағылардың үлесі –

475-ті құрайды. Жұмысқа қабілетті 30-45

жастағы азаматтардың саны - 904.

45 жастан асқан 584 адам шетелге қоныс

аударды. Отандастарымыздың басым

көпшілігі Ресей елін таңдады. Көршілес

елге 2524 қазақстандық кетті. 223 адам

Германияға, 12 адам Беларусь еліне,

6 адам Украинаға, 5 адам АҚШ-қа көшті, -

дейді Ж.Қайыров.

Жасқайрат Иманбекұлы облысымыздан

шетелге біржола қоныс аударғандардың саны

бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтты.

Оның сөзінше, өзге мемлекеттерде әртүрлі

бағдарламалар бар. Олардың көмегімен

қоныс аударушылар жеңілдетілген тәртіппен

көшіп келіп, жедел арада азаматтық

алып, тұрақтай алады. Мысалы, мұндай

бағдарлама Ресей елінде бар. Сондықтан

кей жағдайларда солтүстіктегі көрші мемлекетке

көшуді шешкен павлодарлықтар

көші-қон қызметінің рұқсатынсыз кетіп

жатады. Демек, олар ресми есепте жоқ.

Туған жерге

жетпейді

Павлодар қаласындағы ақпараттық

технологиялар колледжінің директоры

Серік Жартыбаев «Болашақ» бағдарламасы

бойынша Ұлыбританияда оқып, алған білімін

туған елінің игілігі үшін қолдануда.

- Шетелде ай сайын 2 мың АҚШ доллары

көлемінде шәкіртақы алатын жастардың

елге оралып, 200 мың теңге көлемінде

айлық үшін еңбек ететіні өкініш тудыратын

жағдай екені рас. Ұлыбританиядағы оқуымды

аяқтаған соң, сонда жұмыс істеуге ұсыныс

түсті. Ай сайын теңгемен есептегенде

2,5-3 миллион жалақы төлейтіндерін айтты.

Бірақ мен бұл ұсыныстан бас тартып,

елін сүйетін азамат ретінде туған жеріме

оралдым. Бұл мәселеге тек бір жақты

Түйін:

қарауға болмайды. Мен 34 жасымда

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты

атандым. Білім беру саласында

еңбек етіп жүріп, шетелге өз мамандығыма

қатысты көптеген сұрақтарға жауап алу

үшін бардым. Елге оралған соң, білім

беру жүйесіне еуропалық технологияны

енгізуді қолға алдым.

Бакалавр, магистр дәрежесінен кейін

шетелге оқуға барған жастардың сол елде

жұмыс істеуінің тағы бір себебі бар. 23-24

жастағы қыз-жігіттер өз мамандығы бойынша

жұмыс істеп көрмей, оқуларын одан әрі

жалғастырғысы келеді. Жастар тың технологияны

тез меңгеруге бейім. Жаңа жүйені

толық түсініп алған соң, елде жұмыс таба

алмай жүреді. Өйткені оларда тәжірибе

жоқ болған соң, мамандықтары бойынша

елдегі сұранысты білмейді. Сондықтан

шетелде дайын жұмысқа келісіп жатады.

Егер мен шетелде ең аз дегенде 1 жыл

жұмыс істесем, еліміздің білім жүйесіне

қажетті тағы көп тың жаңалық әкелетін

едім. Қазір колледж студенттері үшін «Жас

маман» жобасын қолға алудамыз. Заманауи

технологияның көмегімен студенттерге

жаңаша білім берілетін болады, -

дейді С.Жартыбаев.

«Қағандық» қоғамдық бірлестігінің

төрағасы Еркеғали Жанғазы жастарды

елде оқыту үшін жоғары оқу орындарын

білім беру сапасы бойынша іріктеп, керекті

мамандықтардың тізімін құрастыру қажет

екенін айтады. Ғылыммен айналысатындарға

жағдай жасалуы тиіс. Сонымен қатар,

халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып,

идеологияны да өзгерту керек.

Облыстық білім беру басқармасының

басшысы Дінислам Болатханұлы әлем

елдерінде адами капитал үшін талас болуы

заңды құбылыс екенін айтады. Дарынды,

білімді жастар өздерін елде қауіпсіз әрі

болашақтарына сеніммен қарай алатын

болса, көшу үдерісі азаяр еді. Шетелде

білім алып жүрген қазақ жастары кәсіп

үйреніп, елге оралғаны үлкен бақыт. Шет

елдің игілігі үшін еңбек еткені қасіретпен

тең.

Мәселе күрделі, себеп әртүрлі. Қазақстаннан көшкендердің дені

жастар мен еңбек жасындағы адамдар екені өкініш тудырады.

Шетелде оқу оқып, жұмыс істеуге барғысы келетіндерге ешкім

қарсылық білдіре алмайды. Тек сол елден алған білімдері мен

тәжірибесін біздің мемлекетімізде қолданса дейміз. Оларды

кері тарту бойынша мамандар айтқан ұсыныс орындалса, жат

елді жағалағандар Отанға қайтар ма екен?

Сурет ғаламтордан алынды.


6 19 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл ТІРШІЛІК

SARYARQA SAMALY

Алтайдың ар жағынан

келген жігіт

немесе құрметті ұстаз Қайыртас Нұрғалиев

жөнінде бір үзік сыр

Алтын бесік Алтайды арда еміп өскен ұл, Павлодар

өңіріндегі Шарбақты ауданына біржола бет бұрғанда

бес жасқа енді ілігейін деп жүр еді. Әрине, жалғыз емес,

ата-енесінің қасында ойнақтаған құлындай болып

еріп келді ғой. Түгел түркіні түлеткен Алтай – уыз

сүтін берген анасынан кем бе еді?! Талай рет түсіне

де кірген, кейін өр Алтайдың тылсым қуаты күшіне

де кірді. Әсілі топырақтың нәрі тамырда, қасиеті

қанда қалатыны рас болса керек. Бойына тараған нәр

ақыл-ойын дамытса, тылсымның қуаты құрыштай

мығым, шомбал етіп өсірді. Ақыл-ойын білімге арнаса,

тылсым қуатты спортқа жұмсады. Біз білетін ұстаз,

ақын, әнші-асаба, спортшы – Қайыртас Нұрғалиевтің

осылай сегіз қырлы-бір сырлы болып өсуінің сыры

сонау Алтайдан тамыр тартпағанына кім кепіл?!

Кер маралдай керілген Кереку

өлкесі Алтайдың арманшыл ұлын

өз баласындай құшағына алғанға

ұқсайды. Өйткені, Шарбақтының

шетіне іліккен бойда ауыл балаларына

аңдыздап барып араласып,

шыбықты ат қылып мініп, асық

ойнай жөнелді емес пе... Екі жылдан

соң Қызылтаң орта мектебінің

табалдырығын аттаған Қайыртас

бірден білімге алғырлығымен көзге

түсті. Осы мектеп қабырғасында сегіз

жыл оқығанда Ермырза Қабышұлы,

Зейніл-Қарап Нұрқанова, Фазыл

Сәдуақасұлы, Мэлс Тауықбайұлы

секілді білікті ұстаздардың тәлімтәрбиесін

бойына сіңірудей-ақ

сіңірген екен. Кейін ат жалын

тартып азамат болғанда да ол

осы ұстаздарының есімін жүрегінде

қастерлеп, солардың санасын

сәулелендіре құйған білім нәрін

бойынан суытпады.

Қайрекең 1965 жылы Ы. Алтынсарин

атындағы №3 облыстық

гимназияға келгенде нұрлы ақылды

иеленген азамат еді. Әлбетте,

ұстаздарының арқасында. Талапты

адамға білімнің қайнар бұлағы қайда

да дайын. Осы білім ордасына

келгенде де Қайыртас өзіне ақылпарасаттары

биік ұстаздар тапты.

Біләл Шаймерденов сияқты мыңнан

жүйрік математиктерден білім алу,

оның жақсы шәкірттерінің бірі болу -

бәрінің бірдей басына бұйыра

бермеген бақыт. Осындай ұстаздың

алдында жетілген азамат білім

жолын әрі қарай жалғастырады.

Павлодар педагогикалық

институтының «физика және математика»

факультетінің студенті

болып қабылданған жыл 1969

жылдың жадыраған жаз айының

соңы болатын. Білімде өзін біраз

шыңдап алған жігітке институт

қабырғасындағы сабақтар аса

қиындық келтіре қоймады. Ә дегеннен

үздік студенттер қатарынан көрінсе,

көп өтпей студенттік құрылыс

отрядының жетекшісі болып шыға

келді. Көркемөнерпаздар тобында

да әнді көтеріп-көтеріп, нақышына

келтіріп айтатын Қайыртасты

көрер едіңіз. Көзге көп түсетін

жігіт жүген-ноқтасыз қайдан ұзақ

жүрсін. Жасындай жарқылдаған

жігітіміз үшінші курстың да соңына

жете алмай басы жүгенделіп,

аяғына тұсау түсіп қалды емес

пе. Әйтсе де, бақытын адаспай

тапқан екен, жан жары Лариса

Оразалина екеуі ғашықтық сезімнің

шынайы қуанышына бөленді. Сері

жігітіміз серпілді, талай махаббат

әні шертілді. Әлі де шертіп келеді.

Міне, биыл жетпістің желкеніне

шықты, бірақ сол баяғыда басталған

махаббат әні таусылатын емес,

жан жары Лариса да осы әнге

әлі күнге дәл баяғыдай елтиді,

дәл баяғыдай еркелейді. Жарасым

деген осы, бақыт оның досы, осы

екеуі бар болса, болады көңілдің

қошы! Лайым, осы ән таусылмасын,

жүзге дейін жалғасуына

да тілекшіміз.

Арындаған көңілмен алға

кетіп қалдық, білем. Сәл шегініс

жасалық. Әңгіме Қайрекеңнің

үшінші курстың ортасына іліккені

жөнінде еді ғой. Содан ол 1973

жылы табақтай дипломы мен тал

шыбықтай бұратылған келіншегін

қолтықтап Шарбақтым, қайдасың?

деп тартып отырады. Алымды жігітке

аяқтан шалым бар ма, Шарбақты

кентіндегі №1 сегіз жылдық мектепте

екі жылдай мектеп директорының

орынбасары болған ол өзі ес жиып,

етек жапқан Қызылтаң мектебінде

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

болып үш жыл қызмет

атқарады.

Еңбекқорлығымен, біліктілігімен

көзге түскен Қайрекең содан төрт

жыл Жаңа ауыл аралас мектебінде

директор болады. Одан өз ауылында

да қайтадан директорлықтың

орындығына отырды.

2000 жылдан бастап өз күшін

облыстың орталығында сынап көруге

бел буады. Қалада да қарымын

танытып, №24 орта мектептегі

директордың орынбасары болып

алты жыл еңбек етеді. Екі жылдай

Павлодар технологиялық колледж

директорының орынбасары ретінде

көп жұмыстарды тыңдырды. Содан

№45 мектепте физика пәнінен сабақ

беріп, 2014 жылы құрметті ұстаз

ретінде зейнеткерлікке шықты. Оның

алдында білім алған шәкірттері

Дәметкен Шайпранова, Гүлнәр

Қарашашева, Байтас Оспанов,

Нұрлан Дәуенов, Нұрлан Сарбасов,

Аллажар Қайбарұлы, Еркін Батталов

әр салада білікті мамандар атанып,

абыройға бөленіп жүр. Бұл ұстаздың

да бақыты, мерейі! Оның спорттағы

жетістіктері бір төбе.

Затында қайратты жаратылған,

алып Алтайдың арынды қуатын

бойына сіңірген, тылсым күшін

иеленген жігіт зейнетке шықтым деп

қайдан жатады. Білегін сыбанып,

ауыл өміріне етене араласқан ол

Қызылтаңның қайта түлеуіне күш

салды, рухани-мәдени жағынан

дамуына үлесін қосты.

Қазір қалалық алқа билер

сотының білдей бір мүшесі.

Сонымен қоса, қалалық ардагерлер

кеңесінің мүшесі ретінде

қоғамдық жұмыстардың бел ортасында

жүреді. Шығармашылығын

да шет қалдырмай, талай өлең

жинақтарын шығарды. Дегенмен,

оның «Ақбалық хазірет» деген

кітабының жөні бөлек. Бұл салиқалы

жасқа келіп, имандылыққа бет бұрған

кездегі шығармасының шырқау шыңы

десе де болады. Айтқандай, ол -

2015 жылы қажылыққа барып,

мұсылманның бес парызының

бірін өтеген жан.

Бүгінде Қайыртас Нұрғалиев

жұбайы Лариса Сейітқызы екеуі -

төрт бала тәрбиелеп өсіріп, тоғыз

немеренің қызығына бөленген бақытты

жандар. Өмірлік жолдасы Лариса

Сейітқызы да ұзақ жыл ұстаздық

қызмет атқарып, «Қазақстан Республикасының

аға оқытушысы» атанған.

Ұстаздар отбасының өнегелі

өмірі лайықты жалғасын тауып,

жақсылықты ғұмыр кеше бергей

дейміз.

Туған-туыстары.

РУХ

«Менің туым -

айбарлы!»

Баянауыл ауданында тұлпар мініп, ту ұстаған қазақ

жігіттері шеруге шықты. Жастардың ұлттық рухын

оятып, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтуға

бағытталған шараға 50-ге жуық салт атты адам

мен 200-ге жуық автокөлік қатысты.

Көк байрағымызды көтерген

аттылар мен автокөлік шеруі

ауданның орталық көшесімен

жүріп өтті. Шара ел ішіндегі асқақ

рухты азаматтардың бастамасымен

қолға алынып, жұртшылықтың

қолдауымен ұйымдастырылды.

Бір қуантарлығы,

ат жалын енді тартқан жас

жеткіншіктер де тай мініп

шығып, арғымаққа қонған атпал

азаматтардың қатарына қосылды.

Қолдарына ту ұстап, «Мен

қазақпын» деп ұрандатты. Аталмыш

рухты істің басықасында

жүрген азаматтардың бірі –

баянауылдық Мереке Солтаналин.

- Мақсатымыз – қазақ

халқының ұлттық тұтастығын,

береке-бірлігін нығайту. Кейінгі

жастардың атқа мінуге деген

қызығушылығын арттыру. Сонымен

қатар, ата-бабадан қалған

ұлтарақтай жеріміз үшін қасық

қанымыз қалғанша күресуге

дайын екенімізді сыртқы күштерге

көрсету. Қолына ту ұстап, атқа

қонған әрбір қазақтың рухы оянып,

Отанға, елге деген патриоттық

сезімі артатыны анық. Соңғы

уақытта бізде атқа міну мәдениеті

төмендеп, жылқыға деген қызығу-

Тілеуберді САХАБА

шылығымыз көмескіленіп барады.

Сондықтан, алдағы уақытта

атқа міну мәдениетін қайта

жаңғырту мақсатында ұлттық

мейрам ретінде жылқы күні

белгіленсе, нұр үстіне нұр болар

еді, - дейді ол.

Негізгі шара Баянауыл

ауданының кіре берісіндегі үлкен

стелланың жанында өтті. Онда

алдымен азаттық жолында құрбан

болған ата-бабалар рухына құран

бағышталып, елдің үлкендері

бата берді. Одан кейін жылқыға

қатысты, яғни, аттың түсін

анықтау, ат әбзелдерін атау,

қазақ киімдерінің түрлерін айту

секілді жарыстар болды. Сонымен

қатар, 16 жасар Нұрдәулет

Балғабай Сұлтанмахмұт Торайғыровтың

«Мен қазақпын»

өлеңін және 5 жасар Нұрәлі

Нағым Мұқағали Мақатаевтың

«Отан» өлеңін нақышына келтіре

оқып берді. Жиналған жұрт Баянауылға

белгілі «Беу, жігіттер» тобының

рухты әндерін де тыңдады.

«Менің туым - айбарлы!» атты

ту көтеру челленджін жалғастыруды

баянауылдықтар Май

ауданының азаматтарына

жолдады.

«КӨРПЕ FEST»

Қолөнер

шеберлеріне

қолдау

Аймағымызда облыс әкімдігінің қолдауымен

«КӨРПЕ FEST» мегафестивалі ұйымдастырылуда.

Аталмыш шараға Ертіс ауданының қолөнер

шеберлері де көптеп атсалысуда.

Аталмыш шараның негізгі

мақсаты — Елбасының «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» және

«Ұлы даланың жеті қыры»

мақалаларын қолдай отырып,

төл өнерді дамыту, ұлттық

құндылықтарды насихаттау.

«КӨРПЕ FEST» мегафестиваліне

қатысушылар әйгілі этнодизайнер,

республикалық «Алтын

сапа» сыйлығының лауреаты

Ырза Тұрсынзаданың шәкірттері

мен ізбасарларының туындыларымен

танысуға мүмкіндік

алды.

- Өткен жылдың қараша

айында бастау алған шара

ақпан айының соңына дейін

жалғасады. Ертіс ауданынан

көп балалы аналар тігін тігіп, өз

кәсіптерін бастауға ниет білдірген

26 қыз-келіншек қатысып, бағын

сынауда. Олар байқау соңына

дейін көрпе, құрақ құрау және

өзге де қолөнер бұйымдарын

жасаудың қыр-сырын жасап

үйренуде, - дейді аудандық

ішкі саясат бөлімінің басшысы

Алтынай Тілеуова.

Шараға қатысушылар

арасында Ертіс ауданының

тұрғыны Жамелхан Хаухай,

Қызылқақ ауылынан Жібек

Темірбаева, Иса Байзақов

ауылының тұрғыны, зейнеткер

Самила Байтемірова бар.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 19 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл 7

ІЗДЕНІС

Қолжазбаны

көшіретін

қосымша

Павлодар қаласындағы мамандандырылған

«Жас дарын» мектебінің 11-сынып оқушысы

Алар Берікұлы қолжазбаны цифрлық форматқа

көшіретін қосымша жасап, іске қосуға әзірленуде.

Электрондық жүйенің қарқыны

күшейіп, қажеттілігі күннен-күнге

артып келе жатқанын ескерсек,

болашақта мұндай жобалардың

қаны жерге тамбайтыны анық.

Себебі, қазір құнды ақпараттың

барлығы қағаздан ғаламторға

көшіп жатыр. Жаңа қосымшаның

авторы Алар Берікұлы да өз

мектебінің архив құжаттарын

цифрландыруды мақсат тұтқан.

- Бағдарлама Android жүйесіне

арналған. Әзірлеуге екі ай уақыт

кетті. Java платформасында OpenCV

және DL4J ашық кітапханалары

негізінде құрастырылды. Мобильді

қосымшаның негізгі мақсаты –

қазақ тіліндегі қолжазбаларды

сканерлеп, оны электрондық

форматқа көшіру. Бұл жерде

ескі құжаттар мен хаттарды

қайта терудің қажеті болмайды.

Бағдарламаны әлі де жетілдіру

қажет. Мысалы, дәрігер рецептін

оқыған адамдар медициналық

терминдерді іздеп әуре болады.

Ал мына қосымша арқылы дәрігер

қолжазбасын еркін тани алатын

жүйе жасауға да болады, -

дейді өнертапқыш оқушы.

Қосымша толығымен әзірленіп,

патент алынғаннан соң Play Market

желісіне орнатылатын болады.

Яғни, кез-келген адам смартфонына

қондырып алып, қолдана

беруіне болады деген сөз. Бұдан

бөлек, «Жас дарын» мектебінің

оқушылары «Е-кітапхана» және

«Е-асхана» бағдарламаларын

әзірлеген. Оларға басқа мектептер

де қызығушылық танытуда.

Алар Берікұлы алдағы өмірінде

IT немесе нейрондық желілер

саласында ізденістерін күшейтіп,

осы бағытта білім алуды көздеп

отыр.

Т.САХАБА.

«Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту

жөніндегі басқармасы» ММ Павлодар облысының әкімдігі,

Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі

басқармасының «Футбол бойынша «Ертіс» олимпиадалық

резервтің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер мектебі»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының

бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды.

«Футбол бойынша «Ертіс» олимпиадалық резервтің мамандандырылған

балалар – жасөспірімдер мектебі» КМК-ң орналасқан орны: Қазақстан

Республикасы, 140000, Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 39/3-үй,

тел. 8(7182) 617511.

Лауазымдық міндеттері: қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына,

ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ

оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере

отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық

қызметіне басшылық жасайды, оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде

спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны

ұйымдастырады және жетілдіреді.

Біліктілігіне қойылатын талаптар: «Педагогика», «Құқықтану»,

«Экономика» мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе

жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі; басшылық лауазымдағы жұмыс

өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында

кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілген

тұлғалар тізімін бекіткен соң, бес жұмыс күні ішінде Павлодар қ.,

МәшҺүр Жүсіп көшесі, 170-үй, 302-кабинет мекенжайы бойынша

«Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі

басқармасы» ММ-нде белгіленген тәртіппен әңгімелесуден өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының

көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және

еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері,

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін

атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген

нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық

деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми

дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың

көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан

ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Құжаттар БАҚ-та конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялаған

күннен бастап, 15 күнтізбелік күн ішінде 140003, Павлодар қ., МәшҺүр

Жүсіп көшесі, 170-үй, 309-кабинет (3-қабат) мекенжайы бойынша

ұсынылуы тиіс, байл. тел. 8(7182) 619382.

(205)

ОҚЫРМАН ХАТЫ

Жомарттық

танытты

«Клуб Добряков» орталығының

басшысы Асхат Құсдәулетовтің айтуынша,

әзірге 2 млн. теңгені кімге

беретіні анықталуда.

- Алғашында Алматыдан меценат

азамат хабарласып, қомақты соманы

біздің есепшотымызға аударғысы

келетінін айтқанда сенбегеніміз рас.

Сосын, ол азаматқа бірден ақшаны

аудармауын өтіндік. Себебі, біз осы

қаражатқа шын мұқтаж адамды

анықтай алмай жатырмыз. Күрделі

ауруға шалдыққан балалардың

ата-аналары, қиын жағдайға тап

болған отбасылар өте көп көмек

сұрайтындықтан нақты мына адамға

береміз дей салу қиынға соғуда.

Санаулы күндерде біз осы 2 млн.

теңгенің иесін анықтайтын боламыз, -

деді А.Құсдәулетов.

Клуб жетекшісі қайырымды

жанның есімін атамады. Аталмыш

соманы мұқтаж жанға тапсыратын

кезде «Клуб Добряковтың» Instagram

парақшасында тікелей эфирге шығып,

бұқараны хабардар етпек.

Дәрігерлерге

мың алғыс!

Коронавирус пен пневмония індеті ешкімді аяп жатқан

жоқ. Өкінішке қарай, аталған аурудың құрығына мен де

ілініп, ауруханадан бір-ақ шықтым. Ақ желеңді абзал

жандардың еңбегінің арқасында ауруымнан айығып,

отбасыма оралдым.

Қаңтар айының басында пневмония

диагнозы қойылып, Екібастұз

қалалық ауруханасының «КВИ-1»

жұқпалы аурулар бөлімінде емделдім.

Бұрын бұл індет жайлы тек бұқаралық

ақпарат құралдарынан естіп жүрген

едік. Ойламаған жерден төсекке

таңылып, індетпен күресуге тура

келді. Күресу дейміз-ау, дәрігерлер

болмаса жағдайдың немен аяқталатынын

ойлаудың өзі қорқынышты.

«КВИ-1» жұқпалы аурулар бөлімінің

меңгерушісі Гүлден Серікбаева, медбикелер

Сәния Нұркенова, Нұргүл

Кенжетаева өз мамандықтарының

АГИМБЕТОВ ЕРМАК ТҰЯҚАНҰЛЫ

2021 жылдың 8 қаңтарында

68 жасында Агимбетов Ермак

Тұяқанұлы өмірден озды. 1952

жылы Ермак қаласында (қазіргі

Ақсу) өмірге келіп, әке-шешесінің

тұңғыш ұлы болды. Ермак Тұяқанұлы

біреуімізге әке, біреуімізге аға,

біреуімізге жолдас еді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Жуырда Алматы қаласында тұратын әлдебір

жомарт азамат «Клуб Добряков» волонтерлік орталығына

хабарласып, қайырымдылық жасағысы

келетінін жеткізген. Ол көмекке шынымен мұқтаж

павлодарлықтарға бұйырсын деген ниетпен қорға

2 млн. теңге аудармақ.

- Алматылық азамат бұрынсоңды

бізбен байланыста болмаған.

Әлеуметтік желідегі жұмыстарымызды

көріп, осындай ізгі қадамға барған

екен. Есімін БАҚ беттерінде атамауды

ерекше ескерткен-ді. Жасыратыны

жоқ, осы қайырымдылыққа

бөлінген қаражаттың кімге бұйыратыны

бәріне қызық. Қазірдің

өзінде біздің әлеуметтік желідегі

парақшаларымызға келіп жатқан

хаттарда есеп жоқ. Сол себепті,

бәріне бірдей есеп ретінде 2 млн.

теңгені тікелей эфирде тапсырамыз, -

деді ол.

Жалпы, Асхат 2020 жыл көптеген

адамға қайырымдылық жасауды

үйреткенін айтады. Бұл қатарда

жерлестеріміз де бар. Мәселен,

адамдар бір-біріне мейіріммен қарап,

тегін қызмет көрсетуді үйренген.

Айта кетелік, орталықтың былтыр

бастау алған «Мейірім» марафоны

биыл да өз жалғасын таппақ.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

майталмандары екенін іспен дәлелдеп,

8 күннің ішінде мені сау адамдардың

қатарына қосты. Олардың кәсіби

шеберліктері, өздеріне жүктелген

маңызды міндетті жауапкершілікпен

атқаруы мақтауға тұрарлық. Абзал

жандарға өз атымнан, отбасымның

атынан үлкен алғыс білдіремін.

Еңбектеріңіз жемісті болып, шаңырақтарыңызда

құт-береке арта берсін!

Еліміз қауіпті індеттен арылып,

халқымыз аман болсын демекпін!

Мұрат РАХИМОВ,

зейнеткер, Майқайың кенті,

Баянауыл ауданы.

Жігіттің төресі, еліне елеулі,

халқына қалаулы азамат болды.

Кеңес үкіметі кезінде әскери

борышын өтеп, Павлодардың

индустриалдық институтын бітірді.

Екібастұз қаласында ішкі істер

органында қызмет атқарды.

Павлодар трактор зауытында

10 жылдан аса күрделі құрылысты

басқарды.

Елінің мақтаулы азаматы

болды. Ермак Тұяқанұлы бір

ұл, бір қыз тәрбиеледі, олардан

6 немере сүйді.

Иманды болсын туысымыз,

досымыз, әкеміз.

Туыстары,

жолдастары.

(1)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Азамат БАЙТЕНОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8271 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 67

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 19 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл ДОДА

SARYARQA SAMALY

ХОККЕЙ

«Ertis», алға!

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі көрермендерсіз жалғасуда. Облыс намысын қорғап

жүрген «Ertis» командасы әзірге турнир кестесінің төменгі жағына жайғасқан. Дей тұрған-

мен, қарсыластарымен салыстырғанда өткізген ойын саны өте аз. Кейінге шегерілген

кездесулерде ұпайдан шашау шығармаса, үздік сегіздіктің қатарынан орын алуға

мүмкіндік бар.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Осалы жоқ

Үздік сегіздік жайлы әңгіме бөлек.

Біріншілік кестесіндегі кездесулер аяқталған

соң, ұпайы жоғары 8 команда плей-офф

сынына жолдама алып, чемпиондыққа таласатын

болады. Биыл чемпионатта 13 команда

бақ сынауда. Пандемия салдарынан

былтыр Ресей жоғары лигасында өнер

көрсеткен «Торпеда» және «Сарыарқа»

командалары, жастар лигасында жүлдеге

таласқан «Снежные барсы» командасы

ел біріншілігінде жүр. Жоғарыда аталған

қос команда ресейлік мықты командалармен

кездесіп, мол тәжірибе жинақтап

үлгергені белгілі. Содан болар, қазір

турнир кестесінің көш басында келеді.

Ал құрамы тек жастардан жасақталған

«Снежные барсы» ағаларының «жолын

кеспей», 13-ші орында тұр.

өзін жақсы қырынан көрсетті. Аталған

ойыншы былтырғы маусымда «Бейбарыс»

командасының намысын қорғаған. Сондықтан

да, Қазақстан біріншілігі оған таңсық

емес.

Жаңадан келген хоккейшілердің қатарында

Иван Киселев, Иван Клепко, Егор

Кутигин, Денис Макаров, Александр

Шербина, Максим Волков сияқты тәжірибелі

ойыншылар бар. Десе де, жасына қарап,

тәжірибелі екен деуге болмас. Бұл жайында

34 жастағы Максим Волков өз ойымен

бөліскен болатын.

- Бапкерлердің жас және тәжірибелі

ойыншыларға талабы бірдей емес. Біз

сияқты егде тартқан спортшылар мұз

айдынында жүгіріп, күштік әдіс қоданып

таң қалдыра алмас. Оны жас хоккейшілер

де бізден артық орындайды. Сондықтан

да бізден гол және оң нәтиже күтеді.

Бұл межеден асып түспесек, командада

«қарт» ойыншыларды ешкім ұстамайды.

Көбіне жастарға басымдық беріледі, -

дейді М.Волков.

Жастар демекші, «Ertis» командасында

Көптен күткен жеңіс

Тыңнан түрен салған Евгений Чемерилов.

Ел біріншілігінің кезекті туры аясында

павлодарлықтар өз мұз айдындарында

«Ақтөбе» командасын қабылдады. Әдеттегідей

қос команда қатарынан 2 кездесу

өткізді. Маңызды үш ұпай екеуіне де аса

қажет еді. Турнир кестесінің 11 және 12

орындарында тұрған командалардың жеңіске

ұмтылуы заңдылық болатын. Тартысқа

толы қос кездесуде де «Ertis»-тің айы

оңынан туып, 6 ұпай еншіледі. Алғашқы

кездесуде 4:2 есебі, екінші ойында 6:3

есебі тіркелді. Осылайша, павлодарлықтар

турнир кестесінде бір сатыға жоғарылады.

Бұл – жерлестеріміздің өткен жылдың

28 қарашасынан бергі алғашқы жеңісі.

Шайба авторларына тоқталсақ, алғашқы

Жалпы, қазір ел біріншілігінде осал

команда жоқ. Бірнеше дүркін ел чемпионы

атанған атыраулық «Бейбарыс» Ресейден

оралған командалармен иық теңестіріп

жүр. Құрлықтық хоккей лигасында жасындай

жарқылдаған «Барыс» командасының

резервтік командасы саналатын «Номад»

командасы да оңай шағылатын жаңғақ

еместігін аңғартуда. «Арлан», «Құлагер»,

«Теміртау», «Алматы» командалары да

жүрісінен жаңылған емес.

Жаңа ойыншылар

һәм жастар

«Ertis» биылғы маусымда ала-құла

бастады. Бірде жеңіп, кейде күтпеген

жерден жеңіліс тапты. Бас бапкер Владимир

Клинганың шәкірттерінің ойыны жағымды

әсер қалдырмай жүрді. Жеңістің өзіне

әупірімдеп қол жеткізді. Мұны аңғарған

жаттықтырушы өткен жылдың соңында

тәжірибелі ойыншыларды қатарға қосты.

Тіпті, Украина чемпионаттарында өнер

көрсетіп жүрген хоккейшілер команда

сапын толықтырды.

Жаңадан келген ойыншылар бірден

әріптестерімен тіл табысып, шеберліктерімен

танылуда. Тіпті, шайба соғып, тактикалық

тұрғыдан мықты екендерін дәлелдеп

бағуда. Әсіресе, Украинаның «Кременчуг»

командасынан ауысқан Евгений Чемериловты

ерекше атап өтуге болады. Ол

«Ақтөбемен» болған соңғы екі кездесуде

4 шайба соғып, ассистент ретінде де

жергілікті хоккей мектебінің түлектері көп.

Бұл көрсеткіш бойынша өзге командалар

мақтана алмайды. Жалпы, ережеге сай әр

кездесуде әр команданың сапында жастар

өнер көрсетуге міндетті. Павлодарлықтар

бұл талапты артығымен орындап, жастарға

сенім артуда. Атап айтсақ, Юсуп Асуханов,

Дидар Түспеков, Кирилл Пак, Диас Атаханов,

Давыд Макуцкий, Рүстем Айдаш сияқты

болашағынан зор үміт күттіретін жастар көп.

матчта Макаров, Зыков, Чемерилов (2)

мергендігімен танылса, соңғы ойында

Макаров, Зыков, Волков, Киселев, Чемерилов

(2) көзге түсті.

«Ertis»-тің бас бапкері, словакиялық

маман Владимир Клинга қос кездесуді

қорытындылап, алдағы жоспарымен бөлісті.

- «Ақтөбемен» болған ойын оңайға түскен

жоқ. Екі кездесудің сценарийі бірі-біріне

ұқсамады. Алғашқы матчта ақтөбеліктер

белсенділігімен ерекшеленіп, қауіпті шабуылдар

ұйымдастыра білді. Есепті де алғашқы

болып ашты. Бірақ, шәкірттерім қарсы

шабуылға шығып, жеңісті жұлып әкетті. Ал

екінші кездесуде 4-0 есебімен сенімді ұтып

келе жатып, соңғы кезеңде 5 минуттың

ішінде 3 шайба өткізіп алдық. Абырой

болғанда, мінез танытып, жеңісті ұстап қалдық.

Үлкен сабақ болды. Алдағы қарсыласымыз

– «Теміртау» командасы. Жалпы, соңғы

кездесулердің барлығына финал ретінде

қарау керек. Әр ұпай маңызды. Плей-офф

сынына жолдама алу үшін көп тер төгу

керек, - дейді В.Клинга.

Суреттер «Ertis» ХК баспасөз

қызметінен алынды.

С

More magazines by this user
Similar magazines