26 қаңтар сейсенбі

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

26 қаңтар, сейсенбі

2021 жыл

№10 (15628)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

ДЕНСАУЛЫҚ

Заманауи кешенге

айналады

Нақпа-нақ

Биыл

500 мыңға

жуық тұрғын

декларация

тапсырады

АЙБЫН

Цифрлы

әскер

құрылады

Технология қарқынды дамып

жатқан ғасырда отандық әскердің

бәсекеге қабілеттілігі көбінесе

цифрландыру деңгейіне

байланысты. Болашақта Қазақстанда

цифрлы офицер, цифрлы

жауынгер ұғымдары да енгізілуі

мүмкін.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Павлодар қалалық №1 шұғыл көмек көрсету бөлімшесі мен инсульт

орталығы науқастарды қабылдауға дайындалуда. Шұғыл көмек

көрсету бөлімшесі Павлодар қалалық №1 ауруханасының жаңа

корпусында, ал инсульт орталығы облыстық кардиологиялық

орталықта орналасқан.

Зейнетақы жинағы:

ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Жалғасы 2-бетте

Сонымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қазақстандықтарға

зейнетақы қорындағы жеткілікті мөлшерден артық жиналған қаржысын мақсатына

сай пайдалануға мүмкіндік берілді. Сенбі, 23 қаңтар күні сағат 9-дан бастап азаматтар

enpf-otbasy.kz сайты бойынша онлайн өтініш беруге кірісті.

Толығырақ 3-бетте

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары

Дарын Тұяқовтың ойынша, бұл қадам

цифрлы трансформациядан басталуы

тиіс. Сол себепті ең алдымен Қорғаныс

министрлігі мен Қарулы Күштерде ақпараттық-технологиялық

архитектураны

әзірлеу қажет.

Ведомствоның ақпараттық-технологиялық

архитектурасын әзірлеу мәселесі

бүгінде кеңінен талқылануда. Вицеминистр

Дарын Тұяқовтың айтуынша,

жаңа құрылымды ұйымдастыру бес кезеңнен

тұрады. Олар қызметті, мәліметтерді,

ақпараттық жүйелерді, ақпараттықкоммуникациялық

инфрақұрылымды және

киберқауіпсіздікті қамтиды.

Әр бөлімшеде цифрлы офицер лауазымын

енгізуді ұсыну жоспарлануда.

Құрылған мамандар корпусы мемлекеттік

органдардың цифрлы трансформациясы

мәселелерімен айналысатын болады.

Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі

мен Қарулы Күштерді ақпараттандырудың

ортамерзімді жоспарын жасау

жұмыстары жүргізіліп, IT-архитектураны

дамытудың басым бағыттары айқындалуда.

Бірінші кезеңде цифрландырудың

ағымдық ахуалы зерделенеді. Жүргізілген

мониторинг мемлекеттік органның IT-стратегиясын

анықтауға және күштер мен

құралдарды аз шығындай отырып, қолда

бар ресурстарды ұтымды пайдалануға

мүмкіндік береді. Үдерістер мен мемлекеттік

қызметтерді автоматтандырудың

оңтайлы деңгейі мен форматы таңдалатын

болады.

Қазақстан әскері мемлекеттің қауіпсіздігі

мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететіндіктен,

цифрлы трансформация үдерісінен

шет қала алмайды.

Әзірлеген -

Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 26 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

САУЛЫҚ - САҚТЫҚТА!

«Өзгеге сілтей

салуды доғару

керек!»

Эпидемиологиялық жағдайды

бағалаудың өңірлік матрицасына

сәйкес, Павлодар облысының үш

қаласы мен тоғыз ауданы «қызыл

аймақта», Баянауыл ауданы - «сары

аймақта» тұр. 21 қаңтар күні өңірде

коронавирус инфекциясы бойынша

235 адам тіркелді. Тәулік сайынғы

өсім 2,13%-ды құрады.

COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық

штабтың кезекті отырысында аймақ басшысы

Әбілқайыр Сқақов ахуалдың сақталуын бақылауды

және облыс тұрғындары арасында түсіндіру

жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

- Қыста адамдар көбіне үйде болады да, бір-бірін

қонаққа шақырады, әсіресе ауылдық жерлерде.

Тойлар өткізу әлі тоқтаған жоқ. Осыдан кейін біз

аурудың тағы бір толқынына ұшырауымыз мүмкін.

Егер белгілі бір ауданды немесе ауылды жабу

қажет болса, жабыңыздар. Бастысы, тұрғындарға

қабылданып жатқан шектеу шараларын және олардың

қажеттілігін түсіндіріңіздер, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Облыс әкімі мониторингтік топтардың рейд

жүргізуін күшейтуді, санитарлық дәрігердің

нұсқауын елемейтін орындарды анықтап, тексеруді

тапсырды. Мониторингтік топтар анықталған тәртіп

бұзушылықтар туралы облыстық денсаулық сақтау

басқармасының базасындағы үйлестіру орталығына

эпидемиологиялық хабарлама жіберіп отыратын

болады. Павлодар облысында қашықтан жұмыс

істеу режимін сақтау да бақылауға алынды. Соңғы

уақытта еңбек ұжымдарында коронавирус жұқтыру

жағдайлары жиілеп барады.

Аймақ басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне

COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды

өзгеге сілтей салуды доғару керектігін ескертті.

Індетпен күрес басшылар үшін №1 мәселе екенін,

әрі әкімдердің жұмысын бағалау осы шаралардың

нәтижесі бойынша жүретінін айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Карантин

күшейтілді

Кеше Павлодар облысында

бас мемлекеттік санитарлық

дәрігердің жаңа қаулысы өз

күшіне енді. Эпидемиологиялық

жағдайдың нашарлауына байланысты

бірқатар шектеу шаралары

қолға алынды.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Жаңа қаулыға сүйенсек, қалааралық және

ауданаралық жолаушылар тасымалы тоқтатылды.

Шағын автобустар тек Ақсу-Павлодар бағыты

бойынша қатынамақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен онлайн брифингте

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

департаментінің өкілі Ғизат Абешев мәлім етті.

- Қаулыдағы шектеулердің дені - сенбі-жексенбі

күндеріне қатысты болып отыр. Демалыс күндері

қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істемейді.

Дәмханалар жеткізу қызметі арқылы тапсырыс

қабылдайды. Сондай-ақ, тұтынушылар тапсырысты

өздері әкете алады. Сауда-ойын-сауық орталықтарындағы

тамақтану орындары да дәл осылай

жұмыс істемек. Жеткізу қызметін кешкі сағат 22.00-ге

дейін пайдалануға болады. Өңірде КВИ-дің бұдан

әрі таралуына жол бермеу мақсатында сауда орындары,

такси мен қоғамдық көліктерде санитарлық

дезинфекция шарасы күшейтіледі. Халыққа қызмет

көрсету орталықтары күндіз сағат 9.00-ден кешкі

сағат 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бұл ретте

тұрғындар мекемеге алдын ала жазылуы тиіс. Ал

сенбі-жексенбі және мереке күндері ХҚКО жұмыс

істемейді, - дейді Ғизат Абешев.

Жұмыс күндері қоғамдық тамақтану орындары

таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс

істейді. Мамандар демалыс күндері тұрғындардан

үйде отыруды, қонаққа бармауды сұрайды. Азықтүлік

дүкеніне, дәріханаға барғанда және көшеде

жүргенде медициналық масканы тағы қажет.

Атап өтерлігі, 25 қаңтарда күшіне енген қаулы

8 ақпанға дейін қолданылады.

Басы 1-бетте

Екі жоба да «Жұмыспен

қамтудың жол картасы»

аясында іске асырылды.

Медициналық мекемелердің

жаңа бөлімшелерін аймақ

басшысы Әбілқайыр Сқақов

аралап шықты.

Қалалық аурухананың жаңа

корпусы шұғыл және жоспарлы

ем қабылдайтын науқастарды

қабылдауға, сондай-ақ алғашқы

медициналық көмек көрсетуге

дайындалып жатыр.

- Бұл бөлімшенің негізгі

міндеті – науқастарды қабылдау,

диагностика жасау және

шұғыл көмек көрсету. Өткен

жылы шұғыл көмек алу

бойынша біздің ауруханаға

62 мың адам түсті, оның

16,5 мыңы ауруханаға жатқызылды,

ал қалғандары амбулаторлық

ем қабылдауға жіберілді.

Науқастар жағдайына

байланысты сұрыптауды

қажет етеді. Бұл ретте олар

«қызыл», «сары» және

«жасыл» санатқа бөлінеді.

Емделушілердің қай топқа

жататындығы бірнеше

минуттың ішінде анықталып,

тиісті бағыт бойынша емдеуге

жіберіледі, - деді №1 қалалық

аурухана басшысы Нұрлан

Жұмажанов.

Бөлімшедегі операциялық

бөлмелер эндоскопиялық және

мобильді диагностикалық

құралдармен жабдықталған.

Мұнда реанимациялық зал,

операциялық блок, таза

бөлмелер кешені де бар.

Реаниматологтың жұмыс станциясы

онлайн режимде бірден

16 науқастың денсаулығын

көрсетіп, олардың жағдайын

қадағалауға мүмкіндік береді.

ҚАРЖЫ

2006 жылдың қазан айында

қаржы айналымы 2000, 5000

және 10 000 теңгеліктердің

жаңа түрімен толыққан еді.

2016 жылдың қазан айында

сауда, қызмет көрсету орындары,

терминалдар бұл

Заманауи кешенге

айналады

Қарқынды терапия бөлмесі

өкпені жасанды желдету аппараттары,

дефибрилляторлар,

мониторлар және жылжымалы

бақылау аппараттарымен

жабдықталған. Тағы

бір жаңа жабдық – қуаттылығы

сағатына 60 тест жасай алатын

иммуногематологиялық анализатор.

- Шұғыл көмек көрсетуді

қажет етпейтін «жасыл»

топтағы науқастар үшін жеке

кіру есігі қарастырылған.

Біздің қызметкерлер жаңа

жабдықтармен жұмыс істеуге

толық дайын және базалық

реанимация, кеңейтілген

жүрек-өкпе реанимациясы,

жарақат кезінде ауруханаға

дейінгі медициналық көмек

банкноттарды қабылдауды

тоқтатты.

Төрт жылдан астам уақыт

аралығында бұл номиналдағы

банкноттарды екінші деңгейлі

банктердің филиалдарында

ауыстырып алу мүмкіндігі

Айналымнан шығады

1 ақпаннан бастап 2006 жылы басылып шыққан

2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттар

айналымнан толықтай шығарылады. Ескі

үлгідегі ақшаны Ұлттық банк филиалында

ауыстырып алуға мүмкіндік бар.

болды. Ал бүгінде тек Ұлттық

банк ескі ақшаның орнына

жаңасын береді.

ҚР Ұлттық банкі Павлодар

филиалы өткен жылдың

қазан айынан бастап облыс

тұрғындарынан қабылданған

574 банкнотты ауыстырып

берді. Олардың жалпы

сомасы - 4 млн. 451 мың теңге.

Павлодарлықтар 390 он

мың теңгелікті, 123 екі

мың теңгелікті және 61 бес

мың теңгелікті тапсырып,

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

көрсету курстарынан өтті, -

деді Нұрлан Жұмажанов.

Павлодар облысының әкімі

науқастарды қабылдау және

оларға көмек көрсету мерзімдерін

қатаң реттеу қажеттігін

атап өтті.

- Осы регламенттердің

орындалуына үнемі мониторинг

жүргізу қажет, сонда ғана

біз медициналық инфрақұрылымға

салынған инвестициялардан

нәтиже аламыз.

Ең бастысы, ауруханаға

түскен науқас барлық қажетті

медициналық көмекті осында

алуы тиіс, – деді Әбілқайыр

Сқақов.

Ал облыстық кардиологиялық

орталық жанындағы

инсульт орталығы рентгенэндоваскулярлық

хирургия

зертханасын және стерильдеу

бөлімшесін қайта жоспарлау

нәтижесінде құрылды. Мұнда

операциядан кейінгі және ауыр

жағдайдағы науқастар үшін

қарқынды терапия бөлімі,

сондай-ақ компьютерлік

томография кабинеті және

рентген-операциялық бөлмесі

қарастырылған. Олардың

барлығы жедел және бір

жерде көмек көрсетуге мүмкіндік

беретін заманауи

жабдықтармен қамтылған.

- Жыл сайын өңірде

инсультке шалдығатын науқастардың

көбеюіне байланысты

осы орталыққа деген қажеттілік

туындады. Тек өткен жылы

2,5 мыңға жуық адам инсульт

алған. Енді жаңа ашылған

бөлім алғашқы диагностиканы

7 минутта анықтауға

мүмкіндік береді, – деп

атап өтті кардиоорталықтың

басшысы Әділжан Әлбазаров.

Енді кардиологиялық

орталықты толыққанды

клиникалық-диагностикалық

кешенге айналдыру жоспарланып

отыр. Бұл операция

жасауды қажет ететін қантамыр

аурулары бар науқастар

санын едәуір азайтуға

мүмкіндік береді. Бүгінде

орталықта жүрекке жылына

600-ге жуық ашық операция

жасалып келсе, болашақта

бұл көрсеткішті 1000-ға дейін

жеткізу көзделген.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

олардың орнына қолданыстағы

банкноттарды алған екен.

Егер сіздің қалтаңызда

да 2006 жылы айналымға

қосылған, жоғарыда аталған

номиналдармен басылып

шыққан қаржыңыз болса,

оларды ауыстырып алуға

асығыңыз! Ұлттық банк

филиалы жұмыс күндері

сағат 15.00-ге дейін жаңа

банкноттарға ауыстырады.

Өз тілшіміз.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 26 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл 3

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ

Өтініш қабылдау

басталды

Сонымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы

бойынша қазақстандықтарға зейнетақы қорындағы жеткілікті

мөлшерден артық жиналған қаржысын мақсатына сай пайдалануға

мүмкіндік берілді. Сенбі, 23 қаңтар күні, сағат 9.00-ден бастап

азаматтар enpf-otbasy.kz сайты бойынша онлайн өтініш беруге

кірісті.

ҚАТЫНАС

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

«Отбасы банктің» мәліметі бойынша,

23 қаңтар күні сағат 17.00-ге қарай 11 мыңға

жуық азамат өтініш берген. «Отбасы

банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат

Ибрагимованың мәлім еткеніндей, бүгінге

дейін 67 мыңнан сәл астам арнайы шот

ашылды. Бұл шот зейнетақы төлемдерін алу

үшін пайдаланылады. Әуелде шотты жүргізуге,

одан ақша аудару үшін комиссиялық төлем

алынады дегенмен, «Отбасы банк» басшылығы

барлығы тегін болатынын баяндады.

«Ең бастысы, операцияның бәрі қолма-қол

ақшасыз жүргізілетінін атап өту керек.

Алдамшы келісімшарттардың алдын алып,

ақшаны амалдап алып шығу жағдайына жол

бермес үшін туысқан адамдар арасындағы

келісімшарттарға тыйым салынады. Яғни,

мен өзімнің бауырларымнан, сіңлілерімнен,

атамнан немесе әжемнен үй немесе пәтер

сатып ала алмаймын. Осылайша, ережелерде

бүкіл механизм жазылған», - деді

Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар

қызметінің алаңында өткен баспасөз

мәслихатында.

Алғашқы өтініш беру күнінің нәтижесінде,

Жаңа бағыт ашылады

Павлодар - трамвай

байланысы бар еліміздегі

үш қаланың бірі.

Жергілікті трамвай

паркінде вагондар жүйелі

түрде жаңартылып,

желілер жөнделіп,

жолаушылардың

қатынауы үшін барлық

жағдай жасалып келеді.

Бұл тұрғыдан алғанда

павлодарлық парктің

жұмысы Өскемен,

Теміртау қалаларындағы

әріптестерінен көш ілгері.

«Трамвай басқармасы»

АҚ мұнымен шектеліп

қалмақ емес. Жаңадан

салынып жатқан Достық,

екінші Павлодар аудандарын

да трамвай

байланысымен қамтып,

ауқымды істерді

атқармақ.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Былтыр бірнеше трамвай жолында

жаңғырту жұмыстары жүргізілді. «Трамвай

басқармасы» АҚ рельс-шпалды

жолдарды ауыстырып, оның орнына

дыбыс шығармайтын түрлерін орнатты.

Мұны көлік жүргізушілері аңғарған болса

керек. Басқарма төрағасы Муслим

Махмудовтың айтуынша, бұл бағыттағы

жұмыстар биыл да жалғасын табады.

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы толығымен

«шусыз қиылыстармен» қамтылып,

Мәшһүр Жүсіп көшесінде осы іспетті

істер аяқталады.

- Павлодар қаласындағы трамвай

рельстері 20 жылдан астам уақыт

бойы жаңартылған жоқ. 1997 жылы

Усолка шағын ауданына жүретін трамвайлар

үшін жаңа рельстер салынды.

Содан бері жаңғырту жұмыстары

жүргізілмеген еді. Енді бұл олқылықтың

азаматтардың өтінішінің 48 пайызы бұрын

алынған тұрғын үй қарызын өтеуге,

15 пайызы жылжымайтын мүлік (пәтер, үй)

сатып алуға, 5 пайызы ипотека рәсімдеуге

бастапқы жарна ретінде салуға, 2 пайызы

құрылысқа пайдалануға ынталы екенін

білдірген. Барлық өтініштерді «Отбасы банк»

қарастырып, әрі қарай Бірыңғай жинақтаушы

зейнетақы қорына жібереді. 5 жұмыс күні

ішінде өтініштің жауабы беріледі.

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы

Ләззат Ибрагимова зейнетақы төлемдерін

пайдалану бойынша сұрақтарға жауап берген

болатын. Негізгі мәселелердің бірқатарын

келтіріп өтсек.

Ескертілгендей, жинақ ақша тек тұрғын

үй жағдайын жақсартуға және емделуге

беріледі. Емделу бойынша денсаулық сақтау

министрлігінің талаптары жуыр арада бекітіледі.

Әзірге «Отбасы банк» жинақты тұрғын

үй алуға пайдалану бойынша өтініштерді

қабылдауға кірісті. Бұл ретте, тұтынушылық

несиені өтеуге (кепілдікке пәтер қойылса

да) рұқсат етілмейді.

Талап бойынша, жинақты пәтер сатып алуға,

бұрын алынған ипотекалық қарызды толық

немесе ішінара өтеуге, жер алып, үй салуға

пайдалануға болады. Бірақ зейнетақы жинағын

орнын толтырмақпыз. Жолаушылардың

қауіпсіз қатынауы үшін рельстерді,

желілерді жаңартамыз. Содан кейін

ғана трамвай паркі көпшілікке ұнаған

жаңа трамвайлармен тағы толығады, -

дейді М.Махмудов.

Сонымен қатар, биыл Н.Назарбаев

даңғылы мен Ломов көшелерінің

қиылысында оң жаққа бағыт алатын

бұрылыс пайда болады. Сәуір айында

екі көшенің қиылысын жалғайтын

қосымша жол құрылысы басталады.

Тиісті жұмыстарды бір ай дересінде

аяқтау жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде

мамырдан бастап Ломов көшесі

бойымен қатынайтын трамвайлар Дачный

шағын ауданына бағыт ала алады.

Бұл жолаушыларға қолайлы болмақ.

Оларға Дачный шағын ауданына жету

үшін бір трамвайдан түсіп, келесісіне

отырудың қажеті болмайды. Жаңа бағытта

қатынайтын трамвайға отырып, діттеген

жерге еш қиындықсыз жете алады. Бұл

жобаны жүзеге асыру үшін кәсіпорынның

қазынасынан 15 млн. теңге жұмсалады.

Ал Ладожская көшесінен әуежай

«шеңберіне» дейін тартылатын 2,4 шақы-

пайадалану арқылы сатып алынған пәтерді

5 жыл бойына ешкімге сатуға болмайды.

Шектеу тек 2021 жылғы 1 қаңтардан бері,

ереже күшіне енген уақыттан кейінгі алған

ипотекаға байланысты болады. Бұл жерде үйді

туысыңыздан сатып алуға тыйым салынады.

Ал жақын туысыңыздан зейнетақы

жинағын алуына мүмкіндік беріледі. Бұл

үшін екі тарап та арнайы шот ашып, ЭЦҚ

арқылы жеке-жеке өтініш береді. Барлық

процесс рәсімделген соң жинақ бір қолға

беріледі.

Белгілі болғандай, зейнетақы жинағының

сомасы бойынша Алматы қаласы көш

бастауда. Ел бойынша жинақтың 3-тен

1 бөлігі осы қалаға тиесілі. Екінші орында –

Маңғыстау облысы болса, үшінші орында –

Нұр-Сұлтан қаласы. Төртінші орында – Атырау

облысы. Осы төрт өңірдің халқы зейнетақы

жинағын пайдалана алатын азаматтардың

70 пайыздан астамын құрап отыр», - деді Ләззат

Ибрагимова. Бұл рейтингіде Ақмола, Түркістан,

СҚО облыстары ең соңында тұр.

Айта кетелік, зейнетақы жинағын тұрғын

үй жағдайын жақсартуға пайдалану бойынша

өкілетті оператор ретінде «Отбасы банкпен»

Суретті түсірген - Наталья Зинченко.

рымдық екі бағытты трамвай жолының

құрылысын қаржыландыруға жергілікті

әкімдік көмектеседі. Жобаның жалпы

құны - 2 млрд. теңге. Жаңа трамвай

жолы «Достық» шағын ауданының

тұрғындары үшін салынады.

- Жаңа трамвай жолын тарту үшін

қосымша станция қажет. Оның құрылысы

біраз уақытты алатын түрі бар. Биыл

дайындық жұмыстарын тыңғылықты

жүргізіп, қолданылатын құрал-жабдықтар,

материалдарды сатып алсақ, келер

жылдың соңына дейін «Достық» шағын

ауданына апарар жаңа бағыт ашылады, -

дейді басқарма төрағасы.

Бұл ретте екінші Павлодар тұрғындары

да шетте қалмайды. Муслим Махмудовтың

айтуына қарағанда, бұл шағын ауданда

да трамвай жолдарын салу жоспарда

бар. Бұл мәселе жергілікті әкімдікпен

жан-жақты талқыланып жатыр. Қос тарап

ортақ мәмілеге келіп, құрылысқа қатысты

мәселелер шешілген соң жобалар кезеңкезеңімен

жүзеге аспақ.

Айта кетелік, бүгінде облыс орталығындағы

трамвай жолының жалпы

ұзындығы 89 шақырымнан асады.

қатар, екінші деңгейлі банктер де белгіленді. Бұл

аталмыш банктерде қарызы бар азаматтарға

ыңғайлы болмақ.

Біз зейнетақы жинағын пайадаланғысы

келетін азаматтардың өтінішін қарау тәртібін

ұсынамыз. «Отбасы банк» өкілінің түсіндіруінше,

келесі қадамдар жасалуы керек.

«Осы бағдарламаға қатысқысы келетін

азаматтар бірыңғай зейнетақы жинағы

қорындағы өзінің жинағын есептеуі керек.

Одан кейін «Отбасы банкінде» немесе өз

қалауы бойынша екінші деңгейлі банктерден

арнайы шот ашуы қажет. Үшінші қадам:

порталға азаматтар өзінің электронды

қолтаңбасы арқылы кіреді. Ол порталға

азаматтар жеткілікті деңгейден артық

соманы қай мақсатқа пайдаланатынын

көрсетіп, өтінім береді. Ал өтінім зейнетақы

қорына жолданады. Бес күннің ішінде ол

жақтан жауап келіп, мақұлданғаннан кейін

азамат «Отбасы банктің» порталы арқылы

растайтын құжаттарды тіркеп, арнайы

есепшотындағы ақшаны өзі көрсеткен реквизиттер

бойынша сатып алушыға не болмаса

ипотеканы өтеуге жолдайды».

Осылайша, зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша процесс басталып

кетті. Ең әуелі бұл - тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша жасалған

қадам.

САУЛЫҚ - САҚТЫҚТА

Шектеуді

елемеген

COVID-19 індетінің алдын

алу мақсатында құрылған

өңірдегі мониторингтік

топтардың рейдтері жалғасуда.

Осындай топтың бірі Павлодар

қаласындағы бірқатар қоғамдық

тамақтану және ойын-сауық орындарын

аралады.

Тілеуберді САХАБА

Топ құрамында облыс және қала әкімдігінің

өкілдері, жергілікті полиция қызметкерлері, еріктілер

мен қоғамдық ұйым мүшелері болды. Алғашқы

күні үш мониторингтік топ кешкі сағат 20.00-ден

бастап алдын ала белгіленген карта бойынша

бірқатар кафе мен барларға, түнгі клубтарға барды.

Шара барысында карантин талаптарын сақтау

бойынша бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Мысалы, Астана көшесінде орналасқан «Пастила»

кафесінің әкімшілігі 20 қаңтардан бастап күшіне

енген жаңа қаулыда көрсетілген карантиндік талаптарды

ескермей, түнгі сағат 20.00-ден кейін де

жұмысын жалғастырған. Яғни, 20 адам тыйым

салынған уақытта көңіл көтерген. Дәл осындай

заң бұзушылықтар сенбі күнгі рейд барысында

да анықталды. «TUDA» және «Дипломат» сынды

ресто-барлар да тұтынушыларға түнгі 20.00-ден

кейін қызмет көрсеткен. Алғашқысына 8 адам,

екіншісіне 20-дай адам жиналып, отбасылық

қуаныштарын атап өткен.

- Жергілікті полиция қызметкерлері тиісті

жұмыстарын жүргізіп, кафе әкімшілігінен, кешті

ұйымдастырушылардан және қонақтардан түсініктеме

алды. Хаттама қорытындысы облыстық санитарлықэпидемиологиялық

бақылау департаментіне ұсынылды.

Департамент азаматтарға қатысты әкімшілік

жаза қарастыру жөнінде шешім қабылдайды, -

дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялықинновациялық

даму басқармасы басшысының

орынбасары Медет Шоқанов.

Құзырлы мекеме алдымен алынған түсініктемелермен

және хаттамалармен толық танысып

барып шешім қабылдайды. Негізі, мұндай жағдайда

көңіл көтеру орындарының қожайыны жеке тұлға

болса - 30 АЕК-ке дейін, ал заңды тұлға болса -

200 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы керек. Дәл

осындай әкімшілік жаза кешті ұйымдастырушыларға

да қолданылуы мүмкін.


4 26 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Арман Жұмакелдіұлы,

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын

жүзеге асыруға биыл

бюджеттен қанша қаржы

бөлінді?

- Ең әуелі аталған бағдарлама

үш бағытта өрбитінін еске сала

кетейін. Біріншісі – мамандығы

жоқ азаматтардың кәсіптік білім

алуына жағдай жасау. Екіншісі –

«Бастау-Бизнес» жобасы аясында

кәсіпкерлікке оқыту. Үшіншісі –

халықты жұмыспен қамту. Аталған

мақсаттарға биыл республикалық

және жергілікті бюджеттерден

7 млрд. теңгеден астам қаражат

бөлінді. Жалпы, бағдарлама аясында

21,5 мыңнан астам адамды қамту

жоспарланып отыр.

- Енді әр бағытқа жеке

тоқталсақ. Ең әуелі қандай

санаттағы азаматтар жүгіне

алады?

- Бірінші бағытымыз кәсіптік білім

беру дедім ғой. Мұндай курстар екі

«Еңбек» биыл

межесіне жетеді

Халықты жұмыспен қамтуға және жеке кәсіпкерлікті

дамытуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

биыл да жалғасын табады. Биыл өңірде қанша адам

жұмыспен қамтылып, қаншасын оқыту жоспарланған?

Бұл жайында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

бөлім меңгерушісі Арман Заитовпен әңгімелестік.

кезеңнен тұрады. Алғашқы қысқа

мерзімді курстар наурыз айында

басталады. Оған 415 адамды қабылдауды

жоспарлап отырмыз. Бұл

курсқа кімдер қатысады деген сауал

жиі туындап жатады. Айтар болсақ,

жұмыссыздар, қысқартуға кеткен

жұмыскерлер, көпбалалы немесе

аз қамтылған отбасы мүшелері

және еңбекке қабілетті мүгедек

жандар оқып алуына болады.

Сонымен қатар, «NEET» санатына

жататын, яғни еш жерде оқымайтын

және жұмыс істемейтін жастарға

да мүмкіндік берілмек. Толығырақ

жергілікті жердегі «Жұмыспен қамту

орталықтарынан» білуге болады.

Екінші кезеңде күзде жоғары оқу

орындарына түспей қалған түлектерді

тартатын боламыз. Сондықтан

алдағы 1 қыркүйектен бастап тағы

700 адамнан техникалық және кәсіптік

білімі бар кадр дайындаймыз.

Ал «Бастау-Бизнес» жобасы

аясында 1,5 мың адам оқытылады

деген болжам бар. Елдегі эпидемиологиялық

ахуалдың күрделілігіне

байланысты сабақтар онлайн

форматта өтеді. Сонымен қатар,

жеке кәсіпкерлерге жеңілдетілген

пайызбен несие беріледі.

Жалпы, 200-ден астам жобаны

қаржыландыруға 1,5 млрд. теңге

қарастырылуда. Одан бөлек,

республикалық бюджет есебінен

939 мемлекеттік грант беру жоспарлануда.

Бұл қаржыны кәсіпкерлер

мал, құс, техникалық құралжабдықтар

сатып алуға және

ғимарат жалдауға пайдалануға

болады. Бағдарламаның үшінші

бағыты шеңберінде субсидияланатын

жұмыс орындарына

4,5 мыңнан астам адамды тартамыз

деп отырмыз. Оның ішінде әлеуметтік

жұмыс орындарына – 1157,

жастар практикасымен 590 азаматты

қамту, қоғамдық жұмыс

орындарын 3000-ға жуық адамды

орналастыру жоспарлануда.

- 5 жылға жоспарланған

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

биыл өз мәресіне жетеді.

Жоспарланған негізгі міндет

пен меже орындалуда ма?

- Бағдарламаның негізгі мақсаты

– халықтың әлеуметтік жағдайын

жақсартып, елдегі жұмыссыздықты

төмендету. Алға қойылған жоспар

орындалып келеді. Мысалы, өткен

4 жыл ішінде 68 мыңнан аса адам

тұрақты жұмыспен, 26 мың адам

уақытша жұмыспен қамтылды.

Бағдарлама қатысушыларының

45 пайызы - ауыл тұрғындары.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Тілеуберді САХАБА.

Павлодар облысының тұрғындары халыққа

қызмет көрсету орталығына барғанда жеке басын

куәландыратын құжатты электронды форматта

ұсына алады. Яғни, жеке куәлікті үйінде қалдырып

кеткен адамдар ХҚО-ның қызметінен қағылмайды.

Мұндай жаңашылдық өткен жылдың желтоқсан

айында енгізілген.

Жеке куәлік -

телефонда

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар

қызметінде онлайн

форматта өткен брифинг барысында

«Азаматтарға арналған

үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

Павлодар облысы бойынша

филиал директорының орынбасары

Салтанат Ауыппаева айтты.

- Өткен жылдың желтоқсан

айында жеке басты куәландыратын

куәлікке қатысты жаңашылдық

енгізілді. Бұдан былай, ХҚО-ға

барған адам төлқұжатын үйінде

ұмытып кетсе, оның электронды

нұсқасын көрсете алады. Ол үшін

ұялы телефонына Egov mobile

мобильді қосымшасын жүктеп,

тіркелуі қажет. ХҚО-ға келгенде

«Электронды цифрлық құжат»

ұяшығына басып, жеке куәлігін көрсете

алады, - дейді С.Ауыппаева.

Салтанат Елеусізқызы өткен

жылы атқарылған жұмыстарға

тоқталды. Оның айтуынша,

былтыр мемлекеттік қызметтердің

85 пайызы электронды форматқа

көшірілді. 2020 жылы өңірде

8 мыңнан астам адам жүргізуші

куәлігін үйден шықпай ауыстырған.

7 мыңнан астам тұрғын көлікті

қашықтан тіркеген.

- Былтыр төтенше жағдай

режимі кезінде электронды үкімет

порталы мен оның мобильді

қосымшаларына сұраныс артты.

Халыққа қызмет көрсету орталығы

мен фронт-кеңселердегі мамандар

жалпы саны 728 030 мемлекеттік

қызмет көрсетті. Тұрғындар Egov

mobile мобильді қосымшасын жиі

пайдаланған. Сонымен қатар,

анықтамаларды EgovKzBot2.0,

Facebook және Вконтакте

әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар

арқылы алған. Халыққа

қызмет көрсету орталықтары

қашықтан жұмыс істеу режиміне

көшкен кезде eGov порталында

«Электронды хабарламалар»

сервисі әзірленді. Оның көмегімен

қала тұрғындары әлеуметтік

төлемдерді алуға өтініш берді.

Цифрландыру жүйесі қызметкерлердің

жұмысын жеңілдетіп,

халықтың сауатын ашты, -

дейді С.Ауыппаева.

Онлайн қызметті алу тәсілін

білмейтіндер үшін 1414 қызметі

жұмыс істеді. Тұрғындардың

қоңырауын қабылдаған мамандар

тікелей байланысқа шығып,

адамдарға қажетті анықтаманы

алуға көмектесті.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

Салық сомасы қайтарыла ма?

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде «Жеке табыс салығы қате есептеліп келген екен» деген сипаттағы

әңгіме желдей есіп жүр. Бұл мәселе төңірегінде әуесқой «сарапшылар» түрлі жеке ой-пайымын жазып,

халықты әбден әбігерге салды. Енді жұртшылық кімнің сөзіне сенерін білмей, дүдәмал күй кешуде.

«Бюджетке төлеген артық ақшам қайтарыла ма?» деген сауал да көпшіліктің көкейінде қылаң бергені

рас.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Мәселе мынада: бұған дейін азаматтыққұқықтық

келісімшарт бойынша қызмет

көрсеткен адамдардан алдымен еңбекақы

сомасының 10 пайызы жеке табыс салығы

ретінде, тағы 10 пайызы зейнетақы аударымдары,

бір пайызы міндетті әлеуметтікмедициналық

сақтандыру жарнасы ретінде

ұсталып келген. 2018 жылы еңбекақыдан

шегерілетін аударымдардың тәртібін өзгерту

туралы ұсыныс жасалды. Яғни, алдымен

міндетті зейнетақы аударымын, кейін міндетті

әлеуметтік-медициналық сақтандыру жарнасын,

содан қалған сомадан ғана жеке

табыс салығын аудару қажет деген жаңа

тәртіп енгізілмек болды. Бірақ бұрынғы

Мәжіліс депутаттары бұл жобаны бақандай

үш жыл бойы талқылап, өткен жылдың

10 желтоқсанында ғана қабылдады. Ал жобада

бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан

бастап күшіне енуі тиіс деп жазылған. Осы

жерде түрлі түсініспеушіліктер туындады.

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік

кірістер комитеті жаңа өзгерістерге байланысты

жұртшылыққа жөні түзу ақпарат пен

түсінік бермеген соң бір сауал мың сауалға

айналды. Әлеуметтік желілерде қаржы саласында

кеңес беретін кейбір блогерлер

«Есепшілер салықты дұрыс есептеген екен»

деп өздерінше пайым жасады. Енді бірі

«Есепшілер соңғы үш жылдағы салықтық

есептердің барлығын қайта рәсімдеп,

31 наурызға дейін жаңа үлгіге сәйкес

тапсыруы керек» деген «сарапшылық» ойын

білдіріп жатты. Жаһандану заманында көз

ілеспес жылдамдықпен тарайтын мұндай

нақтыланбаған, бейресми деректер көпшілікті

әлекке салды. Олай болса, мәселені шамашарқымызша

тарқатып көрелік.

Алдымен, бұл өзгерістердің тек азаматтыққұқықтық

келісімшарт негізінде жұмыс істейтін

қызметкерлерге қатысты екеніне баса мән беру

керек. Олар - жеке тұлғаға, жеке кәсіпкерге

немесе шағын, орта, ірі бизнес нысандарына

жекелеген келісімшарт негізінде қызмет

көрсететін мамандар. Көпшілік арасында

оларды фрилансерлер де атайды. Олар жұмыс

берушімен еңбек келісімшартын жасамайды

әрі мекеме қызметкері болып тіркелмейді.

Яғни, белгілі бір уақыт аралығында қандай

да бір жүктелген жұмысты атқарып, сол үшін

келісілген бағаны алып, ары қарай өз еркіне

кетеді. Көп жағдайда келісімшарттың дәл

осы түрі бойынша журналистер, жазушылар,

түрлі саладағы кеңесшілер, құрылысшылар,

есепшілердің өздері және тағы басқалары

штаттан тыс еңбек етеді. Міне, жұмыс

берушімен осындай азаматтық-құқықтық

сипаттағы келісімшарт негізінде байланыс

орнатып, жұмыс істегендерге төленген салық

қайта есептелуі мүмкін. Тұрғындар тарапынан

осыған қатысты сауалдар жиі түскендіктен,

таяуда ғана Мемлекеттік кірістер комитеті

мынадай түсініктеме берді:

«Мәселен, азаматтық-құқықтық келісімшартқа

сәйкес, қызметкердің еңбекақысы

100 мың теңге делік. Ереже бойынша, бұл

сомадан алдымен міндетті зейнетақы аударымын,

кейін міндетті әлеуметтік-медициналық

сақтандыру жарнасын ұстауы керек. Екеуін

қосқанда 11 пайыз, яғни 11 мың теңге

аударылады. Сонда еңбекақыдан 89 мың

теңге қалады. Жеке табыс салығы 100 мың

теңгеден емес, дәл осы сомадан ұсталуы

тиіс. Яғни, қызметкер 8900 теңгені салық

ретінде төлеуі қажет. Бірақ оның орнына

жеке табыс салығы еңбекақының жалпы

сомасының 10 пайызы ретінде 10 мың

теңге көлемінде шегеріліп келген. Демек,

қызметкерден 1100 теңге артық ұсталған», -

деді комитет өкілдері.

Десе де, бұған дейін есептеудің мұндай

жүйесі болған жоқ. Салық Кодексіне сәйкес,

есепшілер алдымен жеке табыс салығын,

кейін зейнетақы аударымдарын, содан соң

медициналық жарнаны ұстап қалып отырған.

Павлодар қаласындағы кәсіпорындардың

бірінде жұмыс істейтін есепші Әсем Жәкенова

бұл жерде есеп-қисап жүргізетін мамандарды

кінәлаудың реті жоқ екенін айтты.

- Мен осы уақытқа дейін бірнеше

кәсіпорында есепші болып жұмыс істедім.

Мемлекеттік қызмет саласында да еңбек

өтілім бар. Соңғы уақытта қоғамда қызу

талқыланып жатқан жеке табыс салығы

мәселесіне қатысты айтарым - есепшілер

ештеңені қате есептеген жоқ. Қате есептей

алмайды да. Себебі «1 С» деп аталатын

арнайы бағдарлама бар. Сол жерде салық,

басқа да міндетті аударымдарды есептеудің

формуласы автоматты түрде көрсетіледі.

Есепшілер бұған дейін белгіленген ережелерге

әрі сол формулаға сәйкес, қызметкерлердің

табысының бір бөлігін қазынаға

аударып отырды. Бұл жерде өзгерістердің

кеш енгізілуі, оның жұртшылыққа жалпақ

тілмен түсіндірілуіне қатысты кеткен кемшін

тұстардың барын байқауға болады, - дейді

есепші.

Ресми түсініктеме алу үшін жергілікті

мемлекеттік кірістер департаментіне хабарластық.

Құзырлы органның түсіндіру жұмысы

басқармасының басшысы Галина Бирюкова

салықтық нормада еш қателіктің жоқтығын

алға тартты.

- Азаматтық-құқықтық сипаттағы

келісімшарт жасаған жеке тұлғалардың

еңбекақысынан міндетті зейнетақы және

әлеуметтік-медициналық сақтандыру аударымдарын

есептеуге қатысты күшіне енген

норма дұрыс. Есепшілерге соңғы үш жылдың

құжаттарын қайта қарап, жеке табыс салығын

жаңа норма бойынша есептеудің еш қажеті

жоқ. Биылдан бастап тұрғындардың жеке

табыс салығы жаңа формулаға сәйкес

есептелсе болғаны, - деді Г.Бирюкова.

Қысқасы, 2018 жылдан бері азаматтыққұқықтық

сипаттағы келісімшарт бойынша

қызмет еткен адамдардан жеке табыс салығы

жалпы еңбекақы сомасының 10 пайызы

көлемінде ұсталған болса, олар жұмыс

берушіден тиісті құжаттарды талап етуге

құқылы. Соның негізінде артық төленген

салық сомасын қайтару туралы электронды

түрде өтініш бере алады. Мемлекеттік кірістер

комитеті мұндай өтініштерді қарастырып,

тиісті жауапты береді. Жеке табыс салығын

есептеуде шынымен ағаттық кетсе, артығымен

ұсталған сома бес жұмыс күні ішінде салық

төлеушіге қайтарылады.


SARYARQA SAMALY ҚОҒАМ 26 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл 5

ТІЛ ТОЛҒАУЫ

Талап өзгермей,

талпыныс болмайды

Білім де, тәрбие де мектепте қалыптасады. Мемлекеттік тілді оқыту, үйрету мәселесі де орта мектеп

қабырғасында толық шешімін табуы тиіс. Бұл әсіресе, орыс тілінде білім беретін мектептер үшін

өзекті болуы тиіс. Орта білім ордаларын тәмамдаған бозбалалар мен бойжеткендеріміздің қазақ

тілін меңгеріп шығып жатқандары шамалы. Бұл мәселеге айрықша назар аударатын уақыт жеткен

сыңайлы.

Тілеуберді САХАБА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

бір сөзінде: «Қазақ тілін ұлтаралық қарымқатынас

тілі деңгейіне жеткізетін уақыт

келді» деген еді. Енді соған сай әрекет

етіп, қазақ тілін жаппай меңгеру үрдісін

жолға қою қажет. Бұл – балабақшада

басталып, мектепте қалыптасатын мәселе.

Соңғы уақытта бұл тақырыпқа үкімет

назар аударуда. ҚР Білім және ғылым

министрі Асхат Аймағамбетов мектепке

дейінгі, орта және техникалық, кәсіптік

білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілдің

қолданыс аясын кеңейту ісіне басымдық

беруді тапсырды. Сонымен қатар, министр

осы жылы тіл төңірегінде бірқатар маңызды

шешім қабылданатынын да баса айтты.

Соның бірі – мектепте, балабақшада қазақ

тілінің қолданыс аясын кеңейту.

- Орыс тілінде оқитын балалар бар.

Олар қазақ тілін 11 жыл оқып шыққанымен,

қазақ тілін меңгеру деңгейін көріп отырмыз.

Сағат саны бойынша қарайтын болсақ,

қазақ тілінде және орыс тілінде қазақ тілі

пәнін оқыту сағаттары тең. Бірақ сапа

бойынша сұрақтар бар. Оны жасыруға

болмайды. Сондықтан тиісті жұмысты

атқармасақ болмайды. Жалпы Мемлекеттік

тілдің аясын кеңейту – бәріміздің парызымыз.

Ол, сөзсіз, түсінікті мәселе деп

ойлаймын. Елбасының Мемлекеттік тілді

дамыту саясатына сәйкес, білім саласында

біраз жақсы өзгерістерге қол жеткіздік.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы

Мемлекеттік тілді білім беру саласында

дамыту бойынша бізге тапсырма берген

болатын. Әрине, білім саласында тиісті

өзгерістер болмаса, қазақ тілін ұлтаралық

тілге айналдыру қиынға айналады, - деді

Асхат Аймағамбетов.

Орыс сыныптарына қазақ тілін оқыту

мәселесінің оңбай тұрғанын мұғалімдер

де мойындайды. Ал бұлай дәрменсіздік

танытып, шарасыз күйге түсу мұғалімнің

оқушыдан «жеңілгенін» білдірмей ме?

Сондықтан, ұстаздар қолдарындағы бар

құзыретті пайдаланып, оқушыларды тіл

үйренуге баулуы керек. Ол үшін орыс тілді

мектептерде қазақ тілін оқытудың жаңаша

әдістемесін құрастырып, тиімді де ыңғайлы

жүйе қалыптастыру - бүгінгі күннің басты

талабы. Бұл әрбір мұғалімнің шеберлігі

мен шығармашылығына да байланысты.

Яғни, тіл үйретудің барлық мүмкіндігін

пайдалана отырып, оқушылардың мектеп

қабырғасынан тым болмағанда ауызекі

сөйлеп шығуына күш салу қажет. Мұғалімге

жүктелетін басты міндет те, көрсеткіш те

осы болуы керек.

Павлодар қаласындағы №40 орта

мектептің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Қожакелді Аманкелдіұлының

сөзінше, бастауыш сыныптарының пәнді

оқу белсенділігі, қазақ тілін үйренуге деген

құлшыныстары жоғары. Бар мәселе үлкен

сынып оқушыларында екенін айтады.

Жоғарғы сыныптарда қазақ тілін үйрену,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқуға деген

қызығушылық төмен. Мұны мойындау керек.

Ал бастауыш сыныптардың талпынысы жақсы.

Тіпті, өзге ұлт өкілдерінің балаларының

өзі қазақтың төл дыбыстарын анық айта

алады. Енді, оқушылардың осы қарқынын

жоғалтпай, ары қарай дамыта беру керек.

Бұл ретте тиімді бағдарлама және сапалы

да қызықты оқулық керек. Яғни, қазақ тілі

мен әдебиеті пәні оқулығы мен әдістемесі

жетілдіруді талап етіп тұр. Себебі, біздің қазіргі

қолданыстағы бағдарлама тым тартымсыз,

кітаптары да жүйелі құрастырылмаған.

Бұрын тіл біліміне көңіл бөлінетін. Қазір

оған қызығушылық төмендеді. Негізінен,

жазылым, оқылым, тыңдалым, айтылым

дағдыларына қарай бағытталып жазылған.

Тапсырмалары да қызықсыз. Көлемді,

күрделі шығармалардан үзінді беріледі.

Мұны қазақ тілімен енді танысып жатқан

балалар қалай оқып, қалай түсінеді?

Сурет газет мұрағатынан алынды.

Бізге керегі – қысқа да нұсқа әрі жеңіл

оқылатын әңгімелер. Қазақ тілі мен әдебиеті

пәні оқулығының тағы бір кемшін тұсы –

негізінен оңтүстік өңірлердегі қазақы ортаға

бағытталып жазылған. Біздің балалар

мен ол жақтың балаларын салыстыруға

болмайды. Осы назарға алынса. Сонымен

қатар, мұғалімдерде де кемшілік бар.

Берілген сағатымды өтесем болды деп

селқос қарайтын мамандар жоқ емес,

бар. Сабақ кезінде әртүрлі әдіс-тәсілдер

қолданып, жан-жақты әрекет етсе, алмайтын

қамал болмайды. Мысалы, қысқаметражды

фильмдер көрсету, қызықты әңгімелерді

оқытып, сөздіктер жаттату, әр баламен

диалог орнату және қазақ театрларына

апарып, қойылымдар көрсету. Осы сынды

жұмыстарды ұйымдастыру қажет, - дейді

Қожагелді Амангелдіұлы.

Қазіргі күні ҚР Білім және ғылым

министрлігінің Мектепке дейінгі және орта

білім беру комитеті төрағасының орынбасары

Ернұр Дәуенов қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумын

ұйымдастырып, орыс мектептеріне сабақ

беретін мамандардың азаматтық позициясын

қалыптастыру бағытында жұмыс

жүргізген абзал деп санайды. Себебі, бұған

осы пәннен сабақ беретін мұғалімдер де

тікелей жауапты. Егер, олар қолдарындағы

құзыретті тиімді пайдаланып, оқушыдан

тиісті деңгейде талап етсе және соны

орындата білсе, мұндай мәселе туындамас

па еді?! Екіншіден, мектеп оқушыларының

мемлекеттік тілді меңгеруіне бір пәннің

жетекшісі ғана емес, бүкіл педагогикалық

ұжым жауапты болуы тиіс. Мысалы, сол

мектептің әкімшілігі, психологы және басқа

пән мұғалімдері қандай үлес қосуда?

Қандай педагогикалық кеңесте қазақ

тілі мен әдебиеті пәнін оқыту сапасы

қарастырылды? Белгіленген көрсеткішке

жеткізе алмаған мұғалімнен сұрау болды

ма? Міне, осы секілді сұрақтарға ешбір

мектептің басшылығы жауап бере алмайтын

сыңайлы.

- Мұғалімдердің қолында білім беру

стандартына негізделген барлық механизмдер

бар. Олар оны орындауға

міндетті. Міне, сол механизмдерді іске

қосу арқылы баладан талап ете алады.

Сабақты түсіндірудің барлық тиімді әдістәсілін

пайдалану арқылы нәтижеге жетуге

тырысу керек. Мектепте оқушының емес,

мұғалімнің қалауы орындалуы тиіс. Бұл

жерде маманның білімі мен біліктілігі ғана

ешнәрсе шешпейді. Сонымен қатар, өз

ісіне деген жанашырлығы мен «қалай да

орындатамын» деген азаматтық позициясы

болуы керек. Оқушының үйренуге құлқы

жоқ дегенді мойындаған мұғалім өзінің

біліксіздігін мойындап тұр деген сөз, -

дейді Ернұр Нұрланұлы.

Айман ЗЕЙНУЛЛИНА,

филология ғылымдарының докторы,

Торайғыров университетінің

«Үш тұғырлы тіл»

кафедрасының меңгерушісі:

- Орта мектеп қабырғасындағы ең

өзекті мәселелердің бірі – осы. Бұл өзге

ұлт өкілдеріне ғана емес, орыс тілді қазақ

балаларына да қатысты деп ойлаймын.

Ендеше, осыған кері әсер етіп тұрған

бірнеше факторды атайын. Бірінші,

ата-анасы баласына қазақ тілінің

қоғамдағы қажеттілігін түсіндірсін.

Бұрын орыс тілін үйренбесеңдер, нан

тауып жей алмайсыңдар дейтін. Бізге

қазір де осындай идеология керек. Екінші

орында мұғалімнің білімі мен біліктілігі

тұр. Қазақ тілін ағылшын немесе неміс

тілдері секілді оқытуға болмайды.

Мұғалімдер екі бағытта жұмыс істеуі

керек. Бірінші еркін сөйлеуге тәрбиелеу,

екінші грамматиканы меңгерту. Міне,

осы екі бағыт біртұтас болса, жұмыс

нәтижелі болмақ. Сонымен қатар,

мұғалім талапшыл болуы қажет.

Сөз соңында айтарымыз, талап болмаса, талпыныс болмайды.

Мемлекеттік тілді жас ұрпақ мектепте жаппай меңгеруі үшін

сапаға мән беретін мезгіл жетті. Бұл ретте педагогика саласында

бірізді бағдарламалар мен жаңашылдықтар іске қосылады деп

үміттенеміз.

БИЛІК ЕСЕП БЕРУДЕ

РЕЙД

Кемшіліктер

бар

Павлодарда тұрғындарға

мемлекеттік қызметтердің

кейбір түрін қазақ тілінде

сапалы көрсете алмайтын

мекемелер әлі де бар. Атап

айтқанда халыққа қызмет

көрсету орталығының

(Есенәлиев көшесіндегі)

кіреберісіндегі ресепшнде

отырған мамандар

келушілерге ресми

тілде ғана кеңес беретіні

анықталды. Сонымен

қатар, кейбір бланкілер

мен жарнамаларды

дайындау кезінде тіл

заңнамасының талаптарын

сақтамаған.

Аталған қателіктер Павлодар қалалық

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

жанында құрылған мониторингтік топтың

кезекті рейді барысында анықталды.

Бөлімнің бас маманы Ілия Серімнің сөзінше,

мониторингтік топ құрамында тіл жанашырлары,

«Тіл волонтері» орталығының

еріктілері және қоғам белсенділері бар.

- Іс-шараның негізгі мақсаты - халық

көп жүгінетін мекемелердің мемлекеттік

тілде қызмет көрсету сапасын тексеріп,

көрнекі ақпараттардың дұрыс толтырылуын

қадағалау. Рейд барысында мониторингтік

топтар қаланың Халыққа қызмет көрсету

орталықтарына, «Спецмашин» ЖШС-не

және Павлодар қаласының әуежайына

барды. Мамандар жүрген жерлерінде ҚР

«Тіл туралы» Заң тармақтары көрсетілген

парақтар таратып, қате анықталған мекемелерде

түсіндіру жұмысын жүргізді.

Жауапты тұлғалар көзге түскен кемшіліктерді

бір ай мерзім ішінде толығымен заңға

сәйкестендіретінін айтып, уәде берді, -

дейді Ілия Серімұлы.

Жалпы, мемлекеттік тілді меңгеруге

ынтасы бар адам үшін мүмкіндіктер

көп, барлық жағдай қарастырылған.

Әсіресе, халықпен тығыз байланыста

жұмыс істейтін қызмет көрсету орындары

мамандары үшін тегін онлайнкурстар бар

екенін де ескертеді. Ал мұндай рейдтік

тексерулер алдағы уақытта апта сайын

ұйымдастырылатын болады.

Өз тілшіміз.

Оң шешімін

тапты

Май ауданының әкімі

Марат Ақтаев кестеге сай

ауыл тұрғындары алдында

онлайн форматта есеп

беруде.

Қаратерек ауылдық округі тұрғындарымен

болған онлайн кездесуді «Zoom» платформасы

арқылы 54 адам, «Инстаграм»

әлеуметтік желісі арқылы 103 адам тамашалады.

Әуелі ауыл әкімі Ермек Быхин

былтыр атқарылған жұмыстарға тоқталып,

алдағы жоспарымен бөлісті. Өткен жылы

тындырылған шаруалар - халықтың көз

алдында. Мәселен, ауылдық округке қарасты

Хасен Сейітқазин ауылының тұрғындары

мектеп оқушыларын тасымалдауға «ГАЗель»

көлігінің сатып алынғанына қуанғандарын

жасырмады. Қаратеректіктер сапалы

ауызсу мәселесінің де оң шешімін

тапқанын атап өтті. Тұрғындар ендігі жерде

орталықтандырылған жылу жүйесіндегі

ақауларды ретке келтіруді сұрады.

Аудан әкімі М.Ақтаев былтыр аудан

бойынша әр салада жақсы көрсеткіштер

тіркелгенін, жаңашылдықтар биыл да

жалғасын табатынына сендірді.

Ә.ЖАРҚЫНҰЛЫ,

Май ауданы.


6 26 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл ҚҰНДЫЛЫҚ

SARYARQA SAMALY

Немқұрайдылық

мұратқа жеткізбейді

«Бүгінде мемлекеттік

тілді білетін қазақтың да,

өзге этнос өкілдерінің де

үлесі едәуір артты. Қазақ

тілін, шын мәнінде, бүкіл

халқымызды біріктіруші

факторға айналдырудың

барлық құқықтық тәсілдері

және кепілдіктері

қалыптасты. Мәселе –

ниетте. Ниеттің дұрыс

болуы қазақ тілін меңгергісі

келетін адамдарға да, осы

мақсатқа жетуге жағдай

жасайтын Үкіметке де

байланысты».

ҚР Президенті Қасым-Жомарт

Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен

қымбат» мақаласынан.

Міне, дара да дана Абай мерейтойына

арналған жыл да аяқталды. Бұл жылы

елімізде айтарлықтай істер тындырылды.

Ең елеулісі балабақша тәрбиешілерінен

бастап Ел Президентіне дейін ақын

шығармаларын кеңінен насихаттады.

Үлкендері бар, жеткіншектері бар, хакім

Абайды әлемге танытқан академик жазушы

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романэпопеясын

оқып, адам, азамат, ақын және

қоғам қайраткері Абайды жан-жақты таныды.

Бұл әйгілі туындыны өзім өткен ғасырдың

алпысыншы жылдары мектеп оқушыларына

танытқан болатынмын. Эпопеяның жекелеген

бөлімдері бойынша шағын қойылымдар

дайындап, оларды мектептің спорт залында

көпшілікке ұсынғанымыз да есімде.

Осы жылы бұл шығарманы тағы бір рет

қызыға оқып шықтым да, одан тоқыған

дүниемді облыстық «Saryarqa samaly»

газеті арқылы оқырмандарға «Тағылымы

мол туынды», «Абай – жастар ағасы»,

«Абай – жастардың тәлімгері» және «Абай –

халық қамқоршысы» тақырыптарындағы

мақалаларым арқылы жеткіздім. Туындыдағы

ғұламаның сан қырлылығы мені ерен

таңғалдырды. Оның өмірі мен тындырған

қыруар істері жайлы жазылғанды үлкен

тебіреніспен оқи отырып, өзіңді тани білуге

тырысасың да, оған еліктеуге ұмтыласың...

Тіл жанашыры ретінде өңіріміздегі қазақ

тілінің қолданыс аясы мені қатты алаңдатады.

Жаппай демейін, көпшілік жағдайда мекемелер

мен ұйымдарда өткізілетін жиындар

мен отырыстарда мемлекеттік тіліміз екінші

қатарда қолданылып келеді. Биліктегі

азаматтардың бірқатары мемлекеттік

тілде еркін сөйлей алмайды, кейбіреулері

сөйлеуге тіпті талпынбайды да. Халыққа

үлгі болатын мемлекеттік мекемелердегі

қызметшілердің өздері Елбасымыз

Н.Ә.Назарбаевтың «Біз тілімізді құрметтей

білуіміз керек. Өзіміз бен өзіміз қазақша

сөйлесуіміз керек. Тілді қолданып, батыл

сөйлесуіміз керек. Тілдің майын тамызып

сөйлеп, басқа жұртқа үлгі көрсетуіміз

керек» деген кеңесін басшылыққа алмай

жүр. Бұл немқұрайдылық емей немене?

Біз туған тілімізді қашанғы осылайша

аяқасты етпекпіз? Әдетте, қарапайым халық,

бағынышты қызметшілер мен қызметкерлер

басшыларына қарайды. Сол сияқты билік

басындағы азаматтар да аудан, қала

және облыс әкімдеріне еліктейді. Енді ел

Тәуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында

«Ағайын, Ата Заңымызда бекітілген

мемлекеттік тіл – қазақ тілін құрметтейік!

Бір-бірімізбен осы тілде қарым-қатынас

Мен – зейнеткермін. Мектеп, партия және әкімшіліктегі қызметтерімде халқымыздың

тілін құрмет тұттым. Осы тілде сөз сөйлеуге тырыстым, баспасөзде түрлі

жергілікті хабарлар мен мақалаларымды да осы тілде жаздым. Бүгінде тіл жанашырымын.

Өңірімізде бұл сала бойынша қолға алынып жатқан игі іс-шараларға

қуанам да, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін төрге шығаруға талпынбайтын кертартпа

жағдайларды көргенде жаным жай таппай, жүрегім сыздайды.

жасайық! Жер-жерде өткізілетін барлық

іс-шараларымызда барынша бірінші орында

ана тіліміз болсын!» деген қатаң талапты

қоятын уақыт жетті емес пе?

Президентіміз Қ.Тоқаев та «Қазақ тілінің

мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп,

ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі

келді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге

жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла

жұмыс жасауымыз керек» деп отыр ғой.

Республикалық баспасөзде жарияланғанындай,

соңғы кезде қазақ тілі мәселесін

Қазақстан халық Ассамблеясы мен

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы көтеріп

жатқан көрінеді. Айталық, Қазақстан халық

Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық

тілі» атты республикалық форумында

«30 жылда тіл үйренуге не кедергі?» және

«Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту

жолдары қандай?» деген екі мәселе қаралған.

Ал Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы «Халық

қалаулылары мемлекеттік тілді білуі тиіс»

деген талапты Қазақстан Республикасының

Президенті аппаратына, ҚР Парламенті

Сенаты мен Мәжілісі төрағаларына,

ҚР Премьер-министріне жолдапты. Шіркін,

бұл ұсыныстар мен талап қолдау тауып

жатса ғой!

Мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясының

өріс алмай отырғаны туралы сөз болғанда

кейбіреулердің әр деңгейдегі тілдерді дамыту

құрылымдарын сынға алып жататындары

бар. Бұл тәріздес сын, біздіңше, орынсыз.

Сөз жоқ, әр жерде жекелеген ескерілмей

жатқан мәселелер болуы мүмкін, бірақ

атқарылып жатқан жоспарлы іс-шараларды

жоққа шығаруға болмайды. Бұл мәселеде

«...істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі

ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету

үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін

қамшылауы тиіс» (Н.Ә.Назарбаев) емес пе?!

Қараңызшы, баласының қазақ тілінде

еркін сөйлей алмағаны үшін балабақша

тәрбиешісін, мектеп мұғалімін кінәлап

жататын ата-аналар жиі кездеседі. Бұған

олар нақты дәлелдер де келтірмейді, жалпылама

айтады. Сонда қалай, баласының

тәрбиесінен ата-ана шет қалмақшы ма?

Керісінше, баласына қамқоршы ата-ана

оның тәрбиеленіп, оқып жатқан жерлеріне

барып, тілдің үйретілуі мен оқытылуына көз

жеткізгені жөн болмай ма? Біреуді орынсыз

кінәлаудың орнына одан қажетінше ақылкеңес,

әдістемелік көмек алғаны орынды

болмай ма? «Қазақстанның болашағы –

қазақ тілінде!» болса, ата-ана баласының

болашағына да немқұрайды қарамағаны жөн

ғой. Өз ұлтының тілін шала білетін ұрпақ

күндердің күнінде ата-анасын кінәламасына

кім кепіл. Мұны да есте ұстаса екен,

ата-ана!

Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын

тәңірі. Оның қадірін жете білетіндер – аталар

мен әжелер қауымы. Бұл қауымға жүктелер

жүк жеңіл емес. Аға буын жазушыларымыздың

бірі Әзілхан Нұршайықовтың айтуынша,

«Қарт болдың – қарыздар болдың.

Жастарға ақыл айту – қарыз, оны үйрету –

парыз, тәжірибе ұқтыру – міндет. Бұл үшеуін

айтпаса, қарт кінәлі, ұқпаса, жас кінәлі».

Жергілікті жерлерде осы қауымды тиісінше

пайдаланған жағдайда біраз оң нәтижеге

қол жеткізуге болар еді.

Алдымен, аталар мен әжелер – отбасында

бала мен келінге, немере мен шөбереге

ақылшы, кеңес беруші, жөн-жосықты

үйретуші тәлімгерлер. Жеткіншектерге

ертегі оқытатын да, жаңылтпаш айттыратын

да, жұмбақ шештіріп, мақал-мәтелдердің

мағыналарын түсіндіріп, осыларға деген

баланың қызығушылығын арттыратындар

да – аталар мен әжелер.

Екіншіден, балабақшалар мен мектептерде

өткізілетін ата-аналар жиналыстарына

қатысып, тіл мәртебесі – ел мәртебесі

екендігін, «...Ана тілін тек өгей ұлдары ғана

менсінбейтіндігін, өгей ұлдары ғана аяққа

басатынын» (Ғ.Мүсірепов) тәптіштеп айтатындар

да – аталар мен әжелер. Үшіншіден,

жергілікті баспасөзде, радиода және

телеарнада туған тілді жетік меңгеруге

қатысты тағылымды мақалалар жариялап,

шешендік өнер үлгісін көрсететіндер де –

осы аталар мен әжелер.

Жас буынның тілін дамытудың басты

құралдарының бірі – балалар әдебиеті,

көркем әдебиет. Отбасында ата мен әже

өздері кітап, журнал оқулары арқылы

немере-шөберелерін де кітап оқуға

қызықтыра алады. Ол үшін баланың жас

ерекшелігіне сай келетін, жеңіл оқылатын

шығармаларды таңдау керек болады.

Жас ұрпаққа ана тілінің құдіретін танытатын

құралдардың тағы бірі – газет. Аудандық және

қалалық газеттер мұны ескеріп, балалардың

ойларынан шығатындай арнайы танымдық

әрі көркем дүниелерді жариялап жатса,

бір айтарлықтай іс болған болар еді. Бұл

ретте облыстық «Saryarqa samaly» газетіндегі

«Айналайын» қосымшасы жеткіншектердің

білім деңгейін тереңдететін, ойы мен тілін

дамытатын, шығармашылығын жетілдіретін

материалдарының жан-жақтылығымен

ерекшеленеді.

Облыстық ардагерлер кеңесінің

30 жылдан бері шығып келе жатқан басылымы

«Ардагер-Ветеран» жергілікті ардагерлер

кеңестерінің жұмысын, зейнеткерлердің

өмір өткелдерін баяндап, халықтың салтдәстүрлерін

дәріптеп келеді. Соңғы кезде

газет беттері бірнеше жаңа айдарлармен

толығуда. Ал жуырда бұл басылым жастардың

отаншылдық сезімдерін шыңдап, оларды

шығармашылыққа баулитын, ай сайын

шығатын «Жас ұлан» атты қосымшасын

оқырмандарға ұсына бастады. Газеттің

осы бастамасын ескере отырып, мектеп

мұғалімдері мен оқушылары аталмыш

басылымды келесі жылға жаздырып алып

жатса, рухани азыққа кенелер еді дағы.

Демек, бүгінгі таңда туған тіл мәселесі

өңірімізде тағдыршешті мәселеге айналып

отыр. Енді тілімізге қажеттілік туғызатын

кез келген сияқты. Өңіріміздің халық үніне

құлақ асатын билік басындағы азаматтары

намысты ту етіп, қатаң талап қойса,

қосшылары оларды жаппай қолдаса, алынбайтын

асу болар ма екен?!

Айтарымыз: 2021 жылы толғауы терең

қазақ тілін төрге шығаратын, сөздің мәнін

ұғатын, сөзді түсінетін, сөзді сөйлей білетін,

сол сөзімен аймағымызды басқаратын

басшыларымыздың қатары өсе түссін!

Көсіліп сөйлеп, көсем болар, шешіліп

сөйлеп, шешен болар жастарымыз алдыңғы

қатардан көрінсін! Тілге енжар қарамайтын

аталар мен әжелер, бүгінгі жас ұрпақ

ертеңгі еліміздің тұтқасын ұстар азаматтар

екендігін мойындап, олардың санасына

ана тіліміздің құдіретін сіңіруде белсенділік

танытсын! Өңір халқы! «Қазақ тілі – үш тілдің

біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы»

(Н.Назарбаев) болса, әрқайсысымыз оның

тағдырына бейжай қарамай, мәртебесін

нығайтуға сөзбен емес, нақты істерімізбен

атсалысайық! Ана тілімізді өгейсітіп, өзге

тілдің ықпалына берілуді қоялық! Қайта,

тіліміздің қорғаны болуға бет бұрайық!

Тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге бір

адамдай үлес қосу баршамыздың парызымыз

саналсын. Тіл мәселесінде

немқұрайдылық танытпайық!

Ульян МАҚҰЛ,

«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық

бірлестігінің төрағасы.


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 26 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл 7

2021 жылдың 20 қаңтарында

Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы,

Қазақстан Журналистер одағының

мүшесі Бәкібай Рамазанұлы Рамазанов

фәни дүниемен қош айтысты.

Бәкібай Рамазанұлы 1949 жылы

9 қаңтарда Куйбышев (қазіргі Ақтоғай)

ауданына қарасты Жаңааттаныс

ауылында дүниеге келген.

Ол аудан орталығындағы орта

мектептің табалдырығын 1956 жылы

аттап, оны 1966 жылы тәмамдаған

соң Павлодар қаласындағы индустриалды

институтқа оқуға түседі.

Алайда денсаулығына байланысты

және отбасылық жағдаймен оқуын

тастап үйге оралуына тура келеді.

Үйге оралған соң еңбек жолын

№12 Краснокутскі автобазасында

слесарлық жұмыстан бастағаннан

бергі зейнеткерлікке шыққанға дейінгі

уақыты ауданның экономикалықәлеуметтік

гүлденуіне арналды.

Бәкібай Рамазанұлы қызмет

істеген алғашқы кезең Кеңес

Одағының, оның бастаушы және бағыт

беруші күші – СОКП-ның дәуірлеп

тұрған шағымен тұспа-тұс келді. Ол

1967-1970 жылдары Краснокутскі

аудандық «Коммунистический труд»

(«Коммунистік еңбек») газеті редакциясында

аудандық радиохабарын

ұйымдастырушы, содан соң

редакцияның жауапты хатшысы

болып қызмет баспалдақтарынан

өте бастады. Осы жылдары білімін

жетілдіруді қажет деп тапқан ол

Алматыдағы С.Киров атындағы

Қазақ мемлекеттік университетінің

(қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ

Ұлттық университеті) журналистика

факультетіне сырттай оқуға түсіп,

БАЙҚАУ

оны 1976 жылы ойдағыдай бітіріп,

жоғары білімді журналист атанады.

Өзінің жауапкершілігі, жұмысқа

деген тиянақтылығы, ұқыптылығы,

адамдармен тіл табыса білуі,

білімділігі мен біліктілігінің арқасында

аудан басшылығының назарына ілініп,

бірқатар лауазымды қызметтерді

абыроймен атқарды. Атап айтқанда,

1973 жылдан бастап Краснокутскі

аудандық партия комитетінің

насихат және үгіт бөлімінде нұсқаушы,

кейіннен аудандық атқару

комитетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі,

аудандық газеттің редакторы,

ауаткомның жауапты хатшысы

сияқты лауазымы жоғары

қызметтерде істеді. 1991 жылдың

сәуірінде Халық депутаттары

аудандық кеңесінің атқару комитеті

төрағасының орынбасары болып

тағайындалды.

Бәкібай Рамазанұлының бұдан

кейінгі кезеңдегі қызмет бабы ел

Тәуелсіздігі жылдарымен байланысты

болды. Осы кезеңде аудан

әкімшілігі басшысының мәдениет

бөлімінің, ішкі саясат бөлімдерінің

басшысы болып қызмет істеді.

Ол баламалы негізде III

шақырылған Ақтоғай аудандық

мәслихатына депутат болып

сайланып, онда штаттық негізде

тексеру комиссиясының төрағасы

болып қызмет атқарды.

Еңбек жолының, зейнеткерлікке

шыққан 2012 жылға дейінгі соңғы

кезеңінде аудан әкімі аппаратында

құжаттамалық қамтамасыз ету және

бақылау бөлімінің басшысы ретінде

де өзін оң қырынан таныта білді.

Бәкібай Рамазанұлы ауданымыз-

«Жыл мұғалімі»

Білім беру саласының үздік мамандарын

таңдауға бағытталған Павлодар қалалық

«Жыл мұғалімі» байқауының екінші кезеңі

аяқталды. Байқауға шаһар мектептерінде

жұмыс істейтін 32 педагог қатысып жатыр.

Байқауды қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік

кабинеті ұйымдастыруда. Мамандардың сөзінше, көбі

бастауыш сынып жетекшілері. Сонымен қатар тарих, қазақ

тілі, биология, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері

де бар.

- Байқау онлайн форматта өтіп жатыр. Үміткерлер

бірінші кезеңде өздерінің ұстаздық қызметіндегі жетістіктерін

көрсетіп, эссе жазу тапсырмасын орындаған болатын.

Екінші кезеңде өз пәндері бойынша презетация жасап,

жұмыс тәжірибелерін және әдістемелік әзірлемелерін

ұсынды. Бұл бөлімнің басты критерийлері - ұсынылған

тәжірибенің өзектілігін, ұсынылған тәжірибенің жаңалығын,

өзінің кәсіби қызметінде инновациялық идеяларды қолдана

білуін көрсетуі қажет. Осы екінші бөлімнен жоғары ұпай

жинаған мұғалімдер финалдық кезеңге жіберілді, - дейді

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Гульсина Шиндлярская.

«Жыл мұғалімі» қалалық байқауының финалы қаңтардың

аяғында ZOOM платформасы арқылы өтеді. Онда мұғалімдер

бұған дейін түсірген бейнесабақтарын ұсынады. Яғни,

оқушымен жұмыс істеу және берілген пәнді түсіндіре білу

әдіс-тәсілдері сарапқа салынады. Айта кету керек, жылдың

үздік мұғалімі құрамында Торайғыров университеті мен

ПМПУ оқытушылары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық

орталығы өкілдері, «Үздік педагог» облыстық байқауының

жеңімпаздары мен білім беру бөлімінің әдіскерлері бар

қазылар алқасы анықтауда.

2020 жылғы 30 желтоқсанда

Мемлекет басшысы

2021 жылғы екінші

жартыжылдықта қолданысқа

енгізілетін № 396-VI ҚРЗ

«Техникалық реттеу туралы»

заңға қол қойды.

«Техникалық реттеу туралы» заң

өнімге қойылатын міндетті талаптарды

белгілеу және орындау кезінде туындайтын

қоғамдық қатынастарды реттейді,

техникалық реттеудің мемлекеттік

жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.

Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

өнімнің, процестердің және көрсетілетін

қызметтердің адам өмірі мен денсаулығы

және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін

қамтамасыз ету; өнімнің, көрсетілетін

қызметтің қауіпсіздігі мен сапасына

қатысты сатып алушыларды адастыруға

РАМАЗАНОВ БӘКІБАЙ РАМАЗАНҰЛЫ

Тілеуберді САХАБА.

әкеп соғатын іс-қимылдардың алдын

алу; саудадағы техникалық кедергілерді

жою болып табылады.

Заңға сәйкес айналысқа шығарылатын

өнімнің техникалық регламенттер

талаптарына сәйкестігін бағалау оны

айналысқа шығарғанға дейін жүзеге

асырылады. Өнімнің техникалық регламенттерде

белгіленген талаптарға

сәйкестігін растау сәйкестік туралы

декларацияны қабылдау нысанында және

(немесе) сертификаттауды жүргізу және

сәйкестік сертификатын беру нысанында

жүргізіледі. Техникалық регламенттер

өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін

ең аз қажетті талаптарды белгілейді.

Техникалық регламентте өнімнің сынамаларын

алу және сынау қағидалары,

сәйкестікті бағалаудың нысандары мен

схемалары, буып-түюге, таңбалауға және

оларды салу қағидаларына қойылатын

дың қоғамдық-саяси өміріне белсене

араласып, өзінің азаматтық ұстанымын

дәлелдей білді. Ол 1999 жылы

1 наурызда өткен «Отан» (Отчизна)

халықтық-демократиялық (қазіргі

«Nur Otan») партиясының I құрылтай

съезіне делегат болып қатысты.

Б.Р.Рамазановтың ел, оның ішінде

аудан өміріне сіңірген еңбегі

түрлі деңгейдегі билік тарапынан

өзінің лайықты бағасын да алды.

Ол Қазақстан Республикасы Президентінің

Жарлығымен «Қазақстан

Республикасының Тәуелсіздігіне

10 жыл» мерекелік медалімен және

«Павлодар облысына - 75 жыл»

мерейтойлық медалімен наградталды,

бірқатар облыс, аудан басқарушы

органдарының Құрмет грамоталарымен

және Алғыс хаттарымен

марапатталды. Ақтоғай ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін

қосқан қомақты үлесі үшін 2013

жылы оған «Ақтоғай ауданының

Құрметті азаматы» атағы берілген

болатын.

Бәкібай Рамазанұлы зейнеткерлік

жасқа келсе де, қол қусырып отырмаған

еді. Өмірінің соңғы сәтіне

дейін Павлодар қаласындағы «ЭКО»

ғылыми-өндірістік бірлестігі баспасында,

өзінің сүйікті мамандығы

бойынша қызмет істеген еді.

Соңынан өшпес белгі ретінде өзі

жазып, баспадан шығарған «Бәріне

ризашылықпен қараймын» және

«Мерей» атты кітаптарын қалдырды.

Осы бір қайғылы сәтте біз

ауданымыздың абзал азаматы,

туған жерінің адал патриоты,

саналы ғұмырын ауданымыз бен

еліміздің өркендеуіне арнаған

Бәкібай Рамазанұлының отбасы

мен туған-туыстарына, қайғыларына

ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның

адами қасиеттері, азаматтық

ұстанымы мен қарапайымдылығы

мәңгілік есімізде сақталады.

Қ.З.АРЫНОВ, Ж.Ш.ТӘШЕНЕВ, Е.Қ.МАШРЫҚОВ,

Б.Д.АБЕЛЬДИНОВА, Б.Қ.ОСПАНОВА, Б.Б.ШӘЙКЕНОВ,

Б.М.ӘБДІРАХМАНОВ, Б.Б.АЛХАНОВ, Б.Қ.АРЫНОВ,

Қ.Ф.ЗАҒЫПАРОВ, Б.Ә.КУВАТОВ, Д.К.ҚАРАҒҰЖИНОВ,

Б.М.МҰҚАЖАНОВ, С.М.САДУАҚАСОВ, Ш.Ж.САДУАҚАСОВ,

Ж.Т.АЛИН, Ж.Х.ШОРМАНОВ, Т.Б.ОСПАНОВА.

Отаншылдықтың

қайнар көзі

талаптар қамтылады. Қазақстан

Республикасының аумағында өнімнің

сәйкестігін растау міндетті немесе ерікті

сипатта болады. Барлық рәсімдерді

орындаудың оң нәтижелері болған

жағдайда өтініш берушіге сәйкестік

сертификаты беріледі. Сәйкестік

сертификатының иелері өндіруші,

импорттаушы, өндіруші уәкілеттік

берген тұлға, сатушы болып табылады.

Сәйкестік сертификаты техникалық

реттеу тізілімінде тіркеледі. Сәйкестік

сертификатының иесі талаптарға сай

келмейтін және сәйкестік сертификатында

көрсетілген мәліметтерге сәйкес

келмейтін өнімді айналысқа шығарғаны

үшін жауапты болады.

Айналысқа шығарылған өнімге

сертификаттың жоқтығы анықталған

кезде бақылаушы орган бақылау және

қадағалау өнімдерінің үлгілерін оларды

ТӘРБИЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік

бәрінен қымбат» атты мақаласында жас ұрпаққа отаншылдық

бағытында тәрбие беру мәселесіне айрықша назар аударғаны

мәлім.

«Ата-анасымен бірге ауласына ағаш

екпеген, үлкендердің жан-жануарға мейірімін

көрмеген, кішкентайынан табиғатты

аялауға дағдыланбаған бала өскенде

туған жеріне жаны ашымайды. Мәселе

экологияда емес – отаншылдықта, заңда

емес – санада» деді Президент.

Егеменді еліміздің талабына сай жас

ұрпақ тәрбиелеуде мектепке дейінгі

кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының

алғашқы баспалдағы. Бұл - баланың

әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді

меңгеруімен, алғаш рет бөтен ортаға

бейімделуімен сипатталатын кезең.

Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі

бес жасқа дейін қаланады. «Бес жасқа

дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз -

бүкіл процестің тоқсан проценті», -

деп Жүсіп Баласағұни бабамыз балалық

кезеңдегі тәрбиенің маңызын

айқындап кеткен. Балалардың ақыл-ой

белсенділігін өрістету олардың тұлға

ретінде жетілуінің маңызды саласы

болып табылады. Сондықтан, балаларға

тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға,

салыстыруға, топтауға арналған

тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай

болуы керек.

Бала бойына халқымыздың мәдениетін,

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы

(208)

әдет-ғұрпын, тарихын кішкентайынан

сіңіре білгеніміз жөн. Отанын сүйген,

елін, жерін қорғаған батырларымыздың

ерлігі, ақындардың елін сүюге шақырған

өлең-жырларының балалардың бойында

патриоттық сезімді қалыптастыруда

маңызы зор. Патриоттық сезімнің объектісі

мен қайнар көзі - Отан десек, оның

мазмұны: - туған жер, табиғат, оның

байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер,

туған өлкедегі тамаша киелі

орындар. Халқымыз «Ағаш түзу өсуі

үшін оған көшет кезінде көмектесуге

болады, ал үлкен ағаш болғанда оны

түзете алмайсың» деп бекер айтпаған.

Сондықтан баланың бойына жастайынан

ұлттық намыс, мінез-құлық,

тектілік, отансүйгіштік, яғни, руханипатриоттық

құнды қасиеттерді сіңіріп,

тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер

шешуші роль атқарады. Еліміздің болашағы -

жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік -

отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші

бесік - білім беру мекемесі.

Алмагүл ЖАКИЯНОВА,

Павлодар қаласындағы

№37 сәбилер бақшасының

тәрбиешісі.

зертханаларда сынау мақсатында іріктеуді

жүргізеді. Зертханалық сынақтардың

нәтижелері бойынша техникалық

регламенттердің талаптарына сәйкес

келмейтін өнім алып қойылуға немесе

айналымға шығаруға тыйым салынуға

тиіс. Техникалық регламенттердің талаптарына

сәйкес келмейтін алып қойылған

өнім қолданылуға жатпайды және жойылуға

тиіс, не кәдеге жаратылуы немесе

қайта өңделуі мүмкін. Өнімді айналымға

шығаруға тыйым салудың қолданылу

мерзімі анықталған бұзушылықтар

жойылғанға дейін қолданылады.

ҚР Сауда және интеграция

министрлігі Техникалық реттеу

және метрология комитетінің

Павлодар облысы бойынша

департаменті.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Азамат БАЙТЕНОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8271 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 107

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 26 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл ДҮРБІ

SARYARQA SAMALY

МӘРТЕБЕ

ОЛИМПИАДА-2021

ТАҒЗЫМ

Оралхан ҚОЖАНОВ

Өнерімен танымал

Екібастұздық мүсінші Баян Қайнышеваның таңғажайып оқиғасы киноновелланың

сюжетіне айналды. Ол «Хабар» Агенттігі» АҚ тапсырысы

бойынша «Қазақстан мен қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін»

жобасы аясында түсірілген.

Жоба идеясы «Бақыт Қилыбаевтың

сценарийлік шеберханасында»

пайда болған. Шынайы оқиғаларға

негізделген көркем

сериал Қазақстанның барлық

өңірлерінен түрлі шығармашылық

топтар түсірген 50 киноновелладан

тұрады.

Шағын фильм негізіне алынған

әңгімелердің біріне Екібастұздан

келген суретші және мүсінші

Баян Қайнышеваның оқиғасы

арқау болған. Бұл фильмнің сценарийін

жұбайы Рашид Жапанов

жазған.

- Өткен жазда «Мен Қазақстанды

және қазақстандықтарды не

үшін жақсы көремін» жобасы

туралы білген соң, қатысуға шешім

қабылдадым. Болашақ

фильмнің негізгі идеясы қазақстандықтарды

еліміздегі әйел

мүсіншілердің шығармашылығымен

таныстыру болды. Нәзік

жанды мүсіншілер елімізде өте

аз және мұндай жандар туралы

халық та аз біледі. Киноновелланың

басты кейіпкері менің жұбайым

Баян Қайнышева және

оның жасаған «Ана» мүсіні болды,

- деді Р.Жапанов.

Баян Қайнышеваның туған

жері - Екібастұз қаласы. Мұндағы

жұртшылық оны суретші ретінде

жақсы таниды. Ол педагогикалық

училищеден кейін ИнЕУдің

дизайн факультетін бітірген.

90-жылдары оған С.Торайғыров

атындағы №22 мектеп-гимназиясында

бейнелеу өнері мұғалімі

қызметін ұсынған және әлі

күнге дейін сол жерде сабақ

береді.

– Алғашқы шағын мүсіннің

тақырыбына әкемнің бейнесі

арқау болды. Бұл алдағы

жұмыстарыма шабыт берді. Мен

өз бетімше білім алумен көп

айналыстым, шығармашылықты

дамытуға үлкен мүмкіндіктер

беретін мүсіндер жасау үшін

түрлі тәсілдер мен материалдарды

зерттедім, - дейді мүсінші.

Бірнеше жыл бұрын екібастұздық

өнер иесі республикалық

«Қанатты әйел» фестиваліне

қатысқан, сол жерде көптеген

қатысушылар мүсінші қазақ

әйелінің бар екеніне таң қалған.

Баян Қайнышева саздан 100-

ден астам түрлі өнер туындысын

жасаған. Шағын мүсіндер

мен төрт үлкен композиция

Екібастұз шаһарын безендіріп

тұр. Оның ішінде Мұхтар

Әуезов, Абай Құнанбаев, Естай

Беркімбаев және Сұлтанмахмұт

Торайғыров сынды атақты тұлғалардың

бюстері бар. Мүсіндеуге

кәсіби суретші Ақертіс

Солтанбаев, сонымен қатар

Б.Қайнышеваның жолдасы мен

жиені көмектескен. Себебі, бұл

мүсіндерді жасау үшін дене еңбегі

де ауадай қажет еді.

Сондай-ақ Баянауылда

Ж.Аймауытов атындағы мәдениет

үйінің жанында жазушы және

драматург Жүсіпбек Аймауытовтың

бюсті тұр. Оның биіктігі бір

жарым метрден астам. Ерейментаудағы

Үмбетей жырау

атындағы мәдениет сарайының

жанында орнатылған, қолында

домбырасы бар қазақ жыршысының

бюсті де - біздің жерлесіміздің

еңбегі.

- Көп нәрсе шабытқа байланысты.

Болашақ портрет немесе

мүсін бойынша бірнеше күн

жұмыс істей аламын. Әрқашан

ұлттық нақыш пен өзіндік ерекшелікке

баса назар аударамын.

Мен үшін ұлттық киім, музыкалық

аспаптар сияқты бөлшектер

де маңызды. Көптеген жұмыс-

тарым Қазақ елінің ірі саяси

әрі тарихи тұлғасы Абылайханға,

жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа,

академик Қаныш Сәтбаевқа

арналған - дейді Баян апай.

Кейбір туындылары Екібастұздағы

тарихи-өлкетану музейінде

сақтаулы. Мысалы, Әулиекөлдің

жағасында домбыра

ойнап отырған Естай Беркімбаевтың

кескіні.

Бұдан бөлек, ол портреттік

қуыршақтар жасаумен айналысады.

Оны полимерлі саздан

өрнектеп, оларға бөлек

киім тігіледі. Шебер мүсіндік

пластиктен Екібастұзда танымал

ақын Жұмағали Қоғабайдың

қуыршағын жасаған. Қаламгер

дзюдоны жақсы көретіндіктен,

авторға кимоно кигізген.

Баян Қайнышеваның бос

уақыты болмайды. Ол қашан да

мүсін жасаумен айналысады.

Қуыршақ, кестелер тігеді немесе

сурет салады.

Өз шығармашылығының қырсырын

С.Торайғыров атындағы

№22 мектеп-гимназиясының

оқушыларымен бөлісуде. Олардың

арасында түрлі байқаулар

мен фестивальдердің жеңімпаздары

көп. Соның ішінде анасының

ізімен жүрген Қасымхан

да бар.

- 2006 жылы Қасымхан

С.Сейфуллин атындағы Қазақ

аграрлық-техникалық университетінің

сәулет факультетінің білім

грантына ие болды, - деді

Рашид Жапанов. - Біздің ұлдың

базалық шығармашылық білімі

болмаған, көркемсурет мектебін

ғана тәмамдаған. Дей тұрғанмен,

ол оқу орнының үздік

студенті атанды.

Қазір Қасымхан Нұр-Сұлтан

қаласында дизайн студиясын

басқарады. Ол белгілі дизайнер

болып танылып үлгерді. Бірнеше

ірі халықаралық жарыстарға,

соның ішінде 2011 жылы Алматыда

өткен қысқы Азия ойындарына

арналған медальдар

мен логотиптерді әзірлеген.

Екінші ұлы Ислам - кәсіпкер.

Кіші ұлы Димаш - Л.Гумилев

атындағы Еуразия ұлттық университетінің

студенті.

Бақыт ҚИЛЫБАЕВ, жобаның бас продюсері:

- Екібастұз тұрғыны туралы оқиға бірден қазылар

алқасына әсер етті. Р.Жапановтың өз әйелі, өнер иесі

туралы конкурсқа жіберген материалында жылулық пен

махаббаттың әсері басым еді. Басты кейіпкер - қарапайым

мұғалімнің мысалында біз көрерменге өмірімізді қалай

өзгерту керектігін көрсетуді шештік. Ең бастысы - тілек

пен мақсат. Бұл серияда ешқандай әрекет, күтпеген

бұрылыстар жоқ. Бұл серияда көрерменнің көз алдында

«Бөбек» қорының символына айналатын таңғажайып

мүсін пайда болады. Біз өз жобамыз арқылы жұртшылық

таңғажайып қазақстандықтар туралы білгенін қаладық.

Олардың қаншалықты талантты, жанашыр және

мейірімді екенін білдік. Баян Қайнышева – солардың бірі

және «7 күн» киноновелласының танымал кейіпкері.

pavlodarnews.kz

Мемориалды тақта ашылды

Аймағымызда спорттың дамуына үлес қосқан

білікті бапкерлер аз емес. Солардың бірі әйелдер

баскетболын өрге сүйреген Сергей Серіков еді.

Жақында танымал жаттықтырушының рухына

тағзым жасалып, мемориалды тақта орнатылды.

Ескерткіш тақта №2 олимпиадалық

резервтің мамандандырылған

балалар мен жасөспірімдер

спорт мектебінің кешенінің

ғимаратына ілінді.

Естеріңізге салсақ, Сергей

Серіков бапкерлік мансабын

1983 жылы бастап, 1997-2007

жыл аралығында баскетболдан

Қазақстан құрамасын жаттықтырды.

Оның жетекшілігімен ел

құрамасы «Б» тобының командалары

арасындағы Азия чемпионатының

екі дүркін жеңімпазы

және Орталық Азия ойындарының

үш дүркін чемпионы атанған

болатын. Ал облыс намысын

қорғаған «Ертіс-ПМХЗ» командасы

тәжірибелі бапкермен бірге

15 рет ҚР чемпионы, төрт рет

ҚР Кубогын жеңіп алған еді.

Дарынды жаттықтырушы

2016 жылы өмірден өтті. Туыстары

мен әріптестері мемориалдық

тақтаның ашылуы бапкерге көрсетілген лайықты құрмет

деп есептейді.

Суретті түсірген - К.Музалевский.

Биылғының басты спорттық

додасы – Токио Олимпиадасы.

Отандастарымыз жоқ дегенде

100-ге жуық жолдаманы

қоржынға түсіруді көздеп

отыр. Карантиндік шектеулерге

дейін қазақстандықтар

42 лицензияға қол жеткізген

болатын. Жолдама жорығы

биыл да жалғасады.

Токиоға

кімдер

барады?

Естеріңізге салсақ, XXXII Жазғы

Олимпиада ойындары 2020 жылы

24-шілде мен 9-тамыз аралығында

Жапонияда өтуі тиіс еді. Алайда

пандемияға байланысты 2021 жылға

ауыстырылды. Ұйымдастырушылардың

айтуынша, алдағы өтетін төртжылдықтың

басты додасы бұрын-соңды болмаған

инновациалық Олимпиада болмақ.

Онда 33 спорт түрінен 339 медаль

жиынтығы сарапқа салынады. Токио

Олимпиадасына жаңадан бес спорт түрі

енді. Олар: бейсбол/софтбол, каратэ,

серфинг, спорттық құзға өрмелеу және

скейтбординг. 206 мемлекеттен 11090

спортшы қатысады деп жоспарланған.

Қазақстандықтардың енші-сінде

әзірге 42 жолдама бар. Бұл -

карантинге дейін іріктеу жарыстарында

иеленген лицензиялар. Іріктеу

турнирлері биыл жалғасын табатын

болады. Яғни, спортшылар қарбалас

сәтте кез-келген олимпиадалық іріктеу

сынағына қатысып үлгеруге тырысады.

Айтпақшы, Қазақстан ұлттық құрамасы

жеңіп алған лицензиялардың саны

өзгеріске ұшырауы мүмкін. Себебі,

ұйымдастырушылар ескек есу спортына

берілетін жолдаманы қысқартып отыр.

Жолдама алған спортшыларға

тоқталсақ. Жеңіл атлетика: Георгий

Шейко, Айман Ратова, Ольга Рыпакова;

Жүзу: Дмитрий Баландин (екі

жолдама: брасс әдісімен 100 және

200 метрге жүзу); Ашық суда жүзу:

Виталий Худяков; Каратэ: Дархан

Асаділов; Спорттық құзға өрмелеу:

Ришат Хайбуллин; Әртістік жүзу:

Александра мен Екатерина Немич;

- Бокс: 9 лицензия (сегізі ерлер,

біреуі әйелдер). Токиоға баратын

спортшылардың тізімінде Қамшыбек

Қоңқабаев, Василий Левит, Бекзад

Нұрдәулетов, Абылайхан Жүсіпов,

Әбілхан Аманқұл, Зәкір Сафиуллин,

Серік Теміржанов, Сәкен Бибосынов,

Надежда Рябец бар. Сондай-ақ, ұлттық

құраманың басқа боксшылары алдағы

уақытта квотаны әлемдік іріктеуде жеңіп

ала алады. Велоспорт: 7 лицензия.

Олардың екеуін трекшілер - Артем

Захаров пен Сергей Пономарев жеңіп

алды. Пономарев спринтке де қатыса

алады. Қалған төртеуі тас жолдағы

велоспортқа тиесілі. Токиоға аттанатын

велошабандоздардың есімдері

кейінірек белгілі болады. Қазіргі

бессайыс: Павел Ильяшенко, Елена

Потапенко; Көркем гимнастика: Милад

Карими; Классикалық садақ ату: Ильфат

Абдуллин, Денис Ганкин, Санжар Мұсаев

(үшеуі командалық жолдамамен бірге

барады); Стенд ату: Сәрсенкүл Рысбекова;

Нысана көздеу: Юрий Юрков;

Күрес: 8 лицензия. Еркін, грек-рим

және әйелдер күресінің өкілдері бұл

жолдамаларды Нұр-Сұлтанда өткен

әлем чемпионатында жеңіп алды. Биыл

9-11 сәуірде Алматыда азиялық іріктеу

өтеді. Онда олимпиадалық лицензиялар

ойнатылады. Қазақстанның қалған

квоталарды алуға толық мүмкіндігі

бар. Сондықтан финалға дейін шығу

өте маңызды.

Ескек есу мен каноэде ескек есу

спортының өкілдері биыл алғашқылардың

бірі болып Олимпиадаға баруға тырысады.

Наурызда олар Таиландта өтетін

Азия іріктеуіне жолдамалар үшін сынға

түседі. Бұдан бөлек, көптеген спорт

түрлерінен Олимпиада жолдамасы

сарапқа салынатынын атап өткен жөн.

О.ҚОЖАНОВ.

More magazines by this user
Similar magazines