26.01.2021 Views

26 қаңтар сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4 26 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Арман Жұмакелдіұлы,

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын

жүзеге асыруға биыл

бюджеттен қанша қаржы

бөлінді?

- Ең әуелі аталған бағдарлама

үш бағытта өрбитінін еске сала

кетейін. Біріншісі – мамандығы

жоқ азаматтардың кәсіптік білім

алуына жағдай жасау. Екіншісі –

«Бастау-Бизнес» жобасы аясында

кәсіпкерлікке оқыту. Үшіншісі –

халықты жұмыспен қамту. Аталған

мақсаттарға биыл республикалық

және жергілікті бюджеттерден

7 млрд. теңгеден астам қаражат

бөлінді. Жалпы, бағдарлама аясында

21,5 мыңнан астам адамды қамту

жоспарланып отыр.

- Енді әр бағытқа жеке

тоқталсақ. Ең әуелі қандай

санаттағы азаматтар жүгіне

алады?

- Бірінші бағытымыз кәсіптік білім

беру дедім ғой. Мұндай курстар екі

«Еңбек» биыл

межесіне жетеді

Халықты жұмыспен қамтуға және жеке кәсіпкерлікті

дамытуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

биыл да жалғасын табады. Биыл өңірде қанша адам

жұмыспен қамтылып, қаншасын оқыту жоспарланған?

Бұл жайында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

бөлім меңгерушісі Арман Заитовпен әңгімелестік.

кезеңнен тұрады. Алғашқы қысқа

мерзімді курстар наурыз айында

басталады. Оған 415 адамды қабылдауды

жоспарлап отырмыз. Бұл

курсқа кімдер қатысады деген сауал

жиі туындап жатады. Айтар болсақ,

жұмыссыздар, қысқартуға кеткен

жұмыскерлер, көпбалалы немесе

аз қамтылған отбасы мүшелері

және еңбекке қабілетті мүгедек

жандар оқып алуына болады.

Сонымен қатар, «NEET» санатына

жататын, яғни еш жерде оқымайтын

және жұмыс істемейтін жастарға

да мүмкіндік берілмек. Толығырақ

жергілікті жердегі «Жұмыспен қамту

орталықтарынан» білуге болады.

Екінші кезеңде күзде жоғары оқу

орындарына түспей қалған түлектерді

тартатын боламыз. Сондықтан

алдағы 1 қыркүйектен бастап тағы

700 адамнан техникалық және кәсіптік

білімі бар кадр дайындаймыз.

Ал «Бастау-Бизнес» жобасы

аясында 1,5 мың адам оқытылады

деген болжам бар. Елдегі эпидемиологиялық

ахуалдың күрделілігіне

байланысты сабақтар онлайн

форматта өтеді. Сонымен қатар,

жеке кәсіпкерлерге жеңілдетілген

пайызбен несие беріледі.

Жалпы, 200-ден астам жобаны

қаржыландыруға 1,5 млрд. теңге

қарастырылуда. Одан бөлек,

республикалық бюджет есебінен

939 мемлекеттік грант беру жоспарлануда.

Бұл қаржыны кәсіпкерлер

мал, құс, техникалық құралжабдықтар

сатып алуға және

ғимарат жалдауға пайдалануға

болады. Бағдарламаның үшінші

бағыты шеңберінде субсидияланатын

жұмыс орындарына

4,5 мыңнан астам адамды тартамыз

деп отырмыз. Оның ішінде әлеуметтік

жұмыс орындарына – 1157,

жастар практикасымен 590 азаматты

қамту, қоғамдық жұмыс

орындарын 3000-ға жуық адамды

орналастыру жоспарлануда.

- 5 жылға жоспарланған

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

биыл өз мәресіне жетеді.

Жоспарланған негізгі міндет

пен меже орындалуда ма?

- Бағдарламаның негізгі мақсаты

– халықтың әлеуметтік жағдайын

жақсартып, елдегі жұмыссыздықты

төмендету. Алға қойылған жоспар

орындалып келеді. Мысалы, өткен

4 жыл ішінде 68 мыңнан аса адам

тұрақты жұмыспен, 26 мың адам

уақытша жұмыспен қамтылды.

Бағдарлама қатысушыларының

45 пайызы - ауыл тұрғындары.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Тілеуберді САХАБА.

Павлодар облысының тұрғындары халыққа

қызмет көрсету орталығына барғанда жеке басын

куәландыратын құжатты электронды форматта

ұсына алады. Яғни, жеке куәлікті үйінде қалдырып

кеткен адамдар ХҚО-ның қызметінен қағылмайды.

Мұндай жаңашылдық өткен жылдың желтоқсан

айында енгізілген.

Жеке куәлік -

телефонда

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар

қызметінде онлайн

форматта өткен брифинг барысында

«Азаматтарға арналған

үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

Павлодар облысы бойынша

филиал директорының орынбасары

Салтанат Ауыппаева айтты.

- Өткен жылдың желтоқсан

айында жеке басты куәландыратын

куәлікке қатысты жаңашылдық

енгізілді. Бұдан былай, ХҚО-ға

барған адам төлқұжатын үйінде

ұмытып кетсе, оның электронды

нұсқасын көрсете алады. Ол үшін

ұялы телефонына Egov mobile

мобильді қосымшасын жүктеп,

тіркелуі қажет. ХҚО-ға келгенде

«Электронды цифрлық құжат»

ұяшығына басып, жеке куәлігін көрсете

алады, - дейді С.Ауыппаева.

Салтанат Елеусізқызы өткен

жылы атқарылған жұмыстарға

тоқталды. Оның айтуынша,

былтыр мемлекеттік қызметтердің

85 пайызы электронды форматқа

көшірілді. 2020 жылы өңірде

8 мыңнан астам адам жүргізуші

куәлігін үйден шықпай ауыстырған.

7 мыңнан астам тұрғын көлікті

қашықтан тіркеген.

- Былтыр төтенше жағдай

режимі кезінде электронды үкімет

порталы мен оның мобильді

қосымшаларына сұраныс артты.

Халыққа қызмет көрсету орталығы

мен фронт-кеңселердегі мамандар

жалпы саны 728 030 мемлекеттік

қызмет көрсетті. Тұрғындар Egov

mobile мобильді қосымшасын жиі

пайдаланған. Сонымен қатар,

анықтамаларды EgovKzBot2.0,

Facebook және Вконтакте

әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар

арқылы алған. Халыққа

қызмет көрсету орталықтары

қашықтан жұмыс істеу режиміне

көшкен кезде eGov порталында

«Электронды хабарламалар»

сервисі әзірленді. Оның көмегімен

қала тұрғындары әлеуметтік

төлемдерді алуға өтініш берді.

Цифрландыру жүйесі қызметкерлердің

жұмысын жеңілдетіп,

халықтың сауатын ашты, -

дейді С.Ауыппаева.

Онлайн қызметті алу тәсілін

білмейтіндер үшін 1414 қызметі

жұмыс істеді. Тұрғындардың

қоңырауын қабылдаған мамандар

тікелей байланысқа шығып,

адамдарға қажетті анықтаманы

алуға көмектесті.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

Салық сомасы қайтарыла ма?

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде «Жеке табыс салығы қате есептеліп келген екен» деген сипаттағы

әңгіме желдей есіп жүр. Бұл мәселе төңірегінде әуесқой «сарапшылар» түрлі жеке ой-пайымын жазып,

халықты әбден әбігерге салды. Енді жұртшылық кімнің сөзіне сенерін білмей, дүдәмал күй кешуде.

«Бюджетке төлеген артық ақшам қайтарыла ма?» деген сауал да көпшіліктің көкейінде қылаң бергені

рас.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Мәселе мынада: бұған дейін азаматтыққұқықтық

келісімшарт бойынша қызмет

көрсеткен адамдардан алдымен еңбекақы

сомасының 10 пайызы жеке табыс салығы

ретінде, тағы 10 пайызы зейнетақы аударымдары,

бір пайызы міндетті әлеуметтікмедициналық

сақтандыру жарнасы ретінде

ұсталып келген. 2018 жылы еңбекақыдан

шегерілетін аударымдардың тәртібін өзгерту

туралы ұсыныс жасалды. Яғни, алдымен

міндетті зейнетақы аударымын, кейін міндетті

әлеуметтік-медициналық сақтандыру жарнасын,

содан қалған сомадан ғана жеке

табыс салығын аудару қажет деген жаңа

тәртіп енгізілмек болды. Бірақ бұрынғы

Мәжіліс депутаттары бұл жобаны бақандай

үш жыл бойы талқылап, өткен жылдың

10 желтоқсанында ғана қабылдады. Ал жобада

бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан

бастап күшіне енуі тиіс деп жазылған. Осы

жерде түрлі түсініспеушіліктер туындады.

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік

кірістер комитеті жаңа өзгерістерге байланысты

жұртшылыққа жөні түзу ақпарат пен

түсінік бермеген соң бір сауал мың сауалға

айналды. Әлеуметтік желілерде қаржы саласында

кеңес беретін кейбір блогерлер

«Есепшілер салықты дұрыс есептеген екен»

деп өздерінше пайым жасады. Енді бірі

«Есепшілер соңғы үш жылдағы салықтық

есептердің барлығын қайта рәсімдеп,

31 наурызға дейін жаңа үлгіге сәйкес

тапсыруы керек» деген «сарапшылық» ойын

білдіріп жатты. Жаһандану заманында көз

ілеспес жылдамдықпен тарайтын мұндай

нақтыланбаған, бейресми деректер көпшілікті

әлекке салды. Олай болса, мәселені шамашарқымызша

тарқатып көрелік.

Алдымен, бұл өзгерістердің тек азаматтыққұқықтық

келісімшарт негізінде жұмыс істейтін

қызметкерлерге қатысты екеніне баса мән беру

керек. Олар - жеке тұлғаға, жеке кәсіпкерге

немесе шағын, орта, ірі бизнес нысандарына

жекелеген келісімшарт негізінде қызмет

көрсететін мамандар. Көпшілік арасында

оларды фрилансерлер де атайды. Олар жұмыс

берушімен еңбек келісімшартын жасамайды

әрі мекеме қызметкері болып тіркелмейді.

Яғни, белгілі бір уақыт аралығында қандай

да бір жүктелген жұмысты атқарып, сол үшін

келісілген бағаны алып, ары қарай өз еркіне

кетеді. Көп жағдайда келісімшарттың дәл

осы түрі бойынша журналистер, жазушылар,

түрлі саладағы кеңесшілер, құрылысшылар,

есепшілердің өздері және тағы басқалары

штаттан тыс еңбек етеді. Міне, жұмыс

берушімен осындай азаматтық-құқықтық

сипаттағы келісімшарт негізінде байланыс

орнатып, жұмыс істегендерге төленген салық

қайта есептелуі мүмкін. Тұрғындар тарапынан

осыған қатысты сауалдар жиі түскендіктен,

таяуда ғана Мемлекеттік кірістер комитеті

мынадай түсініктеме берді:

«Мәселен, азаматтық-құқықтық келісімшартқа

сәйкес, қызметкердің еңбекақысы

100 мың теңге делік. Ереже бойынша, бұл

сомадан алдымен міндетті зейнетақы аударымын,

кейін міндетті әлеуметтік-медициналық

сақтандыру жарнасын ұстауы керек. Екеуін

қосқанда 11 пайыз, яғни 11 мың теңге

аударылады. Сонда еңбекақыдан 89 мың

теңге қалады. Жеке табыс салығы 100 мың

теңгеден емес, дәл осы сомадан ұсталуы

тиіс. Яғни, қызметкер 8900 теңгені салық

ретінде төлеуі қажет. Бірақ оның орнына

жеке табыс салығы еңбекақының жалпы

сомасының 10 пайызы ретінде 10 мың

теңге көлемінде шегеріліп келген. Демек,

қызметкерден 1100 теңге артық ұсталған», -

деді комитет өкілдері.

Десе де, бұған дейін есептеудің мұндай

жүйесі болған жоқ. Салық Кодексіне сәйкес,

есепшілер алдымен жеке табыс салығын,

кейін зейнетақы аударымдарын, содан соң

медициналық жарнаны ұстап қалып отырған.

Павлодар қаласындағы кәсіпорындардың

бірінде жұмыс істейтін есепші Әсем Жәкенова

бұл жерде есеп-қисап жүргізетін мамандарды

кінәлаудың реті жоқ екенін айтты.

- Мен осы уақытқа дейін бірнеше

кәсіпорында есепші болып жұмыс істедім.

Мемлекеттік қызмет саласында да еңбек

өтілім бар. Соңғы уақытта қоғамда қызу

талқыланып жатқан жеке табыс салығы

мәселесіне қатысты айтарым - есепшілер

ештеңені қате есептеген жоқ. Қате есептей

алмайды да. Себебі «1 С» деп аталатын

арнайы бағдарлама бар. Сол жерде салық,

басқа да міндетті аударымдарды есептеудің

формуласы автоматты түрде көрсетіледі.

Есепшілер бұған дейін белгіленген ережелерге

әрі сол формулаға сәйкес, қызметкерлердің

табысының бір бөлігін қазынаға

аударып отырды. Бұл жерде өзгерістердің

кеш енгізілуі, оның жұртшылыққа жалпақ

тілмен түсіндірілуіне қатысты кеткен кемшін

тұстардың барын байқауға болады, - дейді

есепші.

Ресми түсініктеме алу үшін жергілікті

мемлекеттік кірістер департаментіне хабарластық.

Құзырлы органның түсіндіру жұмысы

басқармасының басшысы Галина Бирюкова

салықтық нормада еш қателіктің жоқтығын

алға тартты.

- Азаматтық-құқықтық сипаттағы

келісімшарт жасаған жеке тұлғалардың

еңбекақысынан міндетті зейнетақы және

әлеуметтік-медициналық сақтандыру аударымдарын

есептеуге қатысты күшіне енген

норма дұрыс. Есепшілерге соңғы үш жылдың

құжаттарын қайта қарап, жеке табыс салығын

жаңа норма бойынша есептеудің еш қажеті

жоқ. Биылдан бастап тұрғындардың жеке

табыс салығы жаңа формулаға сәйкес

есептелсе болғаны, - деді Г.Бирюкова.

Қысқасы, 2018 жылдан бері азаматтыққұқықтық

сипаттағы келісімшарт бойынша

қызмет еткен адамдардан жеке табыс салығы

жалпы еңбекақы сомасының 10 пайызы

көлемінде ұсталған болса, олар жұмыс

берушіден тиісті құжаттарды талап етуге

құқылы. Соның негізінде артық төленген

салық сомасын қайтару туралы электронды

түрде өтініш бере алады. Мемлекеттік кірістер

комитеті мұндай өтініштерді қарастырып,

тиісті жауапты береді. Жеке табыс салығын

есептеуде шынымен ағаттық кетсе, артығымен

ұсталған сома бес жұмыс күні ішінде салық

төлеушіге қайтарылады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!