02.02.2021 Views

2 ақпан сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

2 ақпан сейсенбі

2021 жыл

№13 (15631)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Қар тоқтату

қарқынды жүруде

АГРОСЕКТОР

Нақпа-нақ

Аймағымыздың

полиция қызметі

еліміз бойынша

алғашқы болып

«Police 102»

мобильді

қосымшасын іске

қосты

COVID-19

Вакциналау

басталды

Кеше Қазақстанда коронавирусқа

қарсы вакциналау басталды.

Алғашқы кезеңде індетті

жұқтыру және тарату тәуекелі

жоғары санаттағы азаматтарға

екпе жасалады.

Қазіргі кезде егін егушілер үшін жауапты кезең туды. Диқандар

қар тоқтату жұмыстарына белсене кірісіп кетті. Қар тоқтату әдісі –

топырақта ылғалдың біршама қорын жинап, егіс өнімділігін арттыратын

агротехникалық шара. Шаруалар көктемгі науқанға осы

бастан әзірленіп, мол өнім жинауға ниетті.

Бір жәдігер – бір тарих:

ЗЕЙІН ШАШКИННІҢ МҰРАСЫ

Сурет ғаламтордан алынды.

Жалғасы 3-бетте

Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар ірі тұлғалардың бірі – жазушы, драматург, әдебиет

зерттеушісі Зейін Шашкин. Ол қысқа ғұмырында әдебиетке тың серпіліс, жаңа шығармалар

әкелді. Алғашқы еңбектері отызыншы жылдары «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан»

газеттерінде, «Әдебиет майданы» журналында өлеңдері, сын-зерттеу мақалалары, бірліжарымды

әңгімелері жарияланды.

Толығырақ 6-бетте

Вакцина ерікті түрде салынуда. «Халық

денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі

туралы» ҚР Кодексінің 77-бабына сәйкес,

кез келген медициналық ем-шара, оның

ішінде вакцинация егілетін адамның

келісімімен ғана жүргізіледі. Вакциналаудан

бас тартқаны үшін әкімшілік немесе

қылмыстық жауапкершілік көзделмеген,

кез келген қысым көрсету заңсыз болып

табылады.

1 ақпаннан бастап Қазақстанда

Ресейде шығарылған «Спутник V» вакцинасын

пайдалана отырып, КВИ-ге

қарсы вакцинация басталды. Одан кейін

15 ақпаннан бастап, вакциналау процесіне

Қарағанды фармацевтикалық кешенінің

базасында өндірілген Гам-КОВИД-

Вак вакцинасы қосылады.

Ал 2021 жылдың 2-нші тоқсанынан

бастап вакциналау процесіне отандық

QazCovid-In препаратын қосу жоспарланып

отыр. Бұл вакцина қазіргі уақытта

клиникалық сынақтың 3-кезеңінен өтуде.

Мамандардың айтуынша, коронавирусты

тоқтатып, пандемиядан шығудың

бірден-бір жолы вакциналау болып отыр.

31 қаңтарда Қарағанды фармацевтикалық

кешені елге «Спутник V» вакциналарының

алғашқы партиясын жеткізді. Ақпан

айында Қарағанды фармацевтикалық

кешені вакцинаның 112 мың дозасын,

наурызда – 150 мың доза, сәуірден

маусымға дейін – ай сайын 600 мың

дозадан жеткізетін болады. Сондай-ақ сәуір

айынан бастап 75 мың доза көлемінде

QazCovid-in отандық вакцинасын егу және

оны ай сайын 500 мың дозаға дейін

ұлғайту жоспарланып отыр.

Ақ желеңділердің вакциналау аяқталған

соң, екінші кезеңде жалпы білім беретін

мектептердің, жоғары оқу орындарының

педагогтары, бірінші кезеңге кірмеген

медициналық қызмет мамандары

вакцина алады. Үшінші кезеңде мектепинтернаттардың,

мектепке дейінгі мекемелердің

педагогтары, студенттер мен созылмалы

аурулары бар адамдар қамтылады.

Әзірлеген - Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 2 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ

Несібесін

жымқырған

АҚОРДА

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен

Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің үшінші отырысы өтті. Жиын барысында

2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын әзірлеу, мемлекеттік басқаруды

дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, 2021-2025 жылдарға арналған

жекешелендіру жоспарының жобасы және ұлттық халық санағын өткізу

мәселелері қарастырылды.

Биыл халық

санағы өтеді

Елімізде сыбайлас жемқорлықты жою

мақсатында «Адалдық алаңы», «Ашық

әкімдік» сияқты жобалар қолға алынуда.

Нәтижесі жаман емес. Қазақстан соңғы екі

жылда Transparency International халықаралық

рейтингісінде 30 сатыға жоғары

көтерілген. Яғни, парақорлықтың алдын

алу көрсеткіші бойынша 124-орыннан

94-орынға тұрақтаған.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Жақында елордада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысы өтті. Онлайн

форматта өткен жиынға агенттіктің Павлодар облысындағы

өкілдері де қатысты. Шара барысында агенттік төрағасы

Алик Шпекбаев 2020 жылдың қорытындысын жариялап,

алдағы жоспарларымен бөлісті.

Белгілі болғандай, былтыр қол астындағы

қызметкерлерінің жемқорлық әрекеті үшін 6 саяси

қызметкер жұмысынан босатылған. Тоғызы әкімшілік

жауапкершілікке тартылыпты. Қатаң тәртіп алдағы

уақытта да жалғасын таппақ. Қылмыстық істің

ашылуына атсалысқан басшылар ғана жеңіл жазамен

құтылуы мүмкін.

- Қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілікті

өз мойнына алатын басшылар аз. Кейбір мемлекеттік

органдарда сыбайлас жемқорлық әрекеті сатылай

жалғасқан. Десе де, бірде-бір басшы өз еркімен

жұмыстан шығуға өтініш білдірген жоқ. Осы орайда,

қызметкерлер арасында бір ғана парақорлық оқиғасы

анықталған жағдайда басшылар бірден қызметінен

қуылады. Ал қызметкерлерінің жымысқы әрекетін өзі

анықтаған жағдайда жұмысын жалғастыра береді, -

деді А.Шпекбаев.

Жалпы, былтыр түрлі деңгейдегі 210 басшы

қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 722-сі сотталыпты.

Оның біреуі – облыс әкімі, төртеуі – облыс

әкімінің орынбасарлары, 2 жауапты хатшы, 2 комитет

төрағасы, 1 елші, 5 сот судьясы, 10 аудан әкімі

және орынбасарлары бар.

Өкініштісі сол, карантин уақытында көмекке мұқтаж

жандарға бөлінген қаражатты жымқырған басшылар

да тіркеліпті. 50-ге жуық іс антикризистік шараларға

қарастырылған қаржыны тонаумен байланысты екен.

Биылғы мақсат айқын. Агенттік қызметкерлері

COVID-19-ға қарсы мемлекеттік бюджеттен бөлінген

қаражатты тиісті жерге жетуін қадағалауды күшейтеді.

«Қысқа мерзімде «СК-Фармация» мен Медициналық

сақтандыру қорының қызметіндегі жемқорлық тәуекелдеріне

терең талдау жасау олардың ішкі бизнес процестерінің

барынша ашылуына ықпал етті. Пандемия әлі де

жалғасуда. Сондықтан біздің мақсатымыз – коронавируспен

күреске бөлінген бюджет қаражатын одан

әрі қадағалау және қоғамдық бақылауға азаматтарды

бұрынғыдан да көбірек жұмылдыру», деді

Алик Шпекбаев.

Атап өтерлігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы

алғашқы үш топтаманың жалғасы ретінде төртінші

топтама әзірленбек.

- Бұл топтамаға заңсыз баюға жауапкершілік

енгізу, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын

адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін

қалыптастыру, пара беруді уәде еткені, ұсынғаны

үшін қылмыстық жауапкершілік қолдану және аса

ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін бірнеше

еселенген айыппұл төлеуді жою талабы енгізіледі, –

деді агенттік төрағасы.

«Тәрбие - тал бесіктен» демекші, агенттік өкілдері

мектеп пәндерінің бағдарламасына «Адалдық әліппесін»

енгізу жұмыстарын да қолға алғанын атап өткен жөн.

Ортамерзімді перспективаға арналған

міндеттерді айқындайтын негізгі

құжат ретінде еліміздің 2025 жылға дейінгі

ұлттық даму жоспары белгіленді. Қазіргі

уақытта цифрландыру, агроөнеркәсіптік

кешенді дамыту, кәсіпкерлік, бәсекелестік,

қоршаған ортаны қорғау және

басқа да бірқатар жобаларды әзірлеу

жұмыстары жүргізілуде. Олар биылғы

1 шілдеге дейін дайындалып, бекітілуі

тиіс.

Үкімет ұсынған ұлттық даму

жоспарының жобасы 12 стратегиялық

бағыттан тұрады. Олар институционалдық,

экономикалық және әлеуметтік болып

үш салаға бөлінген.

Даму жоспары бойынша 2025 жылға

қарай өсім деңгейі 5 пайызға артып,

жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта

бизнестің үлесі 35 пайызға дейін, негізгі

капиталға тартылған инвестициялар

көлемі ЖІӨ-нің 30 пайызына дейін,

шикізаттық емес экспорт 41 млрд.

теңгеге дейін, еңбек өнімділігі 45 пайызға

дейін артпақ. Қазақстандықтардың

тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыру

жөніндегі шаралардың нәтижесінде

азаматтардың өмір сүру ұзақтығы

75 жасқа дейін ұлғаюы тиіс.

Аталған құжатқа қатысты пікір

білдірген Президент Ұлттық жоспар

бүгінгі жаһандық үрдістерді ескере

отырып, ел дамуының негізгі

бағдарлары мен цифрлық параметрлерін

қалыптастыратынын атап өтті.

Сонымен қатар, жиында мемлекеттік

басқаруды дамытудың 2030 жылға

дейінгі тұжырымдамасының жобасы

қарастырылды. Осы құжаттың аясында

мемлекеттік аппараттың кәсібилігін

жетілдіруге, оның қоғам алдындағы

есептілігіне, мемлекеттік қызмет

көрсетудің тиімділігін арттыруға және

т.б жол ашылады. Тұжырымдаманың

негізгі ережелері 2025 жылға дейін

іске асырылуы тиіс. Ал оның негізгі

қағидалары биыл орындалады.

Отырыс барысында 2021-2025

жылдарға арналған жекешелендіру

жоспарының жобасы ұсынылды.

Мемлекет басшысының бұған дейін

берген тапсырмасына сәйкес, толықтай

немесе жартылай жеке бәсекелестік

секторға өтетін ұйымдардың саны

176-дан 736-ға дейін ұлғайды.

Бәсекелестік ортаға 5 триллион

теңге көлеміндегі активтердің берілуі

мемлекеттің экономикаға араласуын

14 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік

береді. Осыған орай стратегиялық

инвесторлар тартылып, шағын және

орта бизнестің жекешелендірілетін

компаниялардың қызметіне қолжетімділігі

сақталады және кеңейеді.

– Бұл тұрғыда Үкіметтің ұстанымы

қатаң болуы қажет. Жекешелендірудің

соңы жеке монополиялардың пайда

болуына әкеп соқтырмауы керек. Ондай

жағдай қоғамның наразылығын тудырады.

Жекешелендіру үдерісі кезінде

ашықтық пен әділдікті қамтамасыз

ету қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Президент Үкіметке

нысандарды сатуға қоғамдық мониторинг

жүргізудің тетіктерін әзірлеуді

тапсырды.

Қ.Тоқаев IPO құралдарын мейлінше

кең пайдаланудың қажеттігін айта келіп,

жекешелендіру мәселесінде бұл тетікке

басымдық беруді атап өтті.

Партия мүшелері

марапатталды

Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарға депутаттар

сайлауында «Nur Otan» партиясының жеңіске жетуіне үлес қосқан

ұйым мүшелері аз емес. Іскерлігін дәлелдеген партия мүшелеріне

Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Алғыс хаттар

табыс етілді.

Марапатты партияның облыстық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Илья Теренченко табыс етті.

Алғыс хат әр салада еңбек ететін

96 адамға берілді.

- Сайлауға дейін өткізілген праймеризде

де белсенділік танытқан партияластар

аз болған жоқ. Ал маңызды

науқан кезінде облыста 14 сайлауалды

штаб жұмыс істеп, партияның негізгі

бағыттарын халыққа жеткізе білді.

Нәтижесінде тұрғындардың басым

бөлігі дауыстарын «Nur Otan» партиясына

берді. Ендігі жерде сайлауға

дейін уәде етілген проблемаларды

шешіп, халықпен бірге тығыз қарымқатынаста

болу – басты мақсаттардың

бірі, - деді И.Теренченко.

Марапатқа ие болғандардың бірі –

Алексей Лодочников.

- Биыл алғаш рет сайлауалды штабта

жұмыс істедім. Тұрғындармен әрдайым

байланыста болу оңай шаруа емес

екенін түсіндім. Карантиндік шектеулерге

байланысты көбіне әлеуметтік

желі арқылы партияның көздеген

Сурет sanaq.gov.kz сайтынан алынды

– «Халықтық IPO» бағдарламасын қайта

жаңғыртып, акцияларды, ең алдымен,

жеке тұлғаларға, яғни, Қазақстан

азаматтарына сату керек. Еліміздің

әрбір азаматында ұлттық байлықтың

бір бөлігін иелену мүмкіндігі болуы

қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық

санақты ұйымдастыру мәселесіне де

тоқталды. Халық санағы тұрғындардың

нақты санын, оның жас және гендерлік

құрамын, урбанизация деңгейін, табыс

көлемі мен басқа да маңызды талдау

деректерін анықтайтынын атап өтті.

Президент аталған шарадан мейлінше

мол мағлұмат алу үшін сауалнаманың

мазмұнына көңіл бөлу қажет екенін

айтты. Бұл ретте азаматтарға аса көп

сауал қоймай, карантиндік шектеулерді

ескере отырып, цифрлық технологияларды

кең қолданған жөн.

Ұлттық санақ осы жылдың қазан

айында өткізіліп, 2022 жылдың ортасына

қарай Үкімет нақты мәліметтерді

жариялауы тиіс.

аkorda.kz

мақсатын халыққа жеткізе білдік. Мол

тәжірибе жинақтағаным рас. Еңбегім

еленіп, Партия Төрағасының атынан

Алғыс хаттың жолдануы – мен үшін

үлкен абырой, - дейді жас белсенді.

Айтпақшы, жиын барысында «Ең үздік

партия ұйымы» конкурсының нәтижесі

жарияланды. Бұл марапатқа 3 ұйым

лайық деп танылды. Жалпы, облыста

237 бастауыш партия ұйымы бар.

Оралхан ҚОЖАНОВ.


SARYARQA SAMALY

САУЛЫҚ - САҚТЫҚТА 2 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл 3

COVID-19

Павлодар облысына ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы легі келіп түсті. Препараттың

1200 дозасы Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қоймасына жеткізілді.

ҚР Денсаулық сақтау

министрлігі мемлекетімізде

екпені салдыртқандар

мен салдыртпағандардың

еркін жүріп-тұруына шектеу

қойылмайтынын айтады. Бірақ

болашақта кейбір елдер

вакцина алмаған адамдарды

кіргізбеуі мүмкін. Бұл - келешектің

еншісіндегі мәселе.

Вакцинаны алғандар үшін

электронды төлқұжат шығады

деген де айтылып жүр. Ол не

үшін керек? Бұл жүйе екпе алған

адамдардың есебін жүргізу

үшін қажет. Электронды екпе

төлқұжатында жұртшылықтың

вакцинаны қашан, қандай

дозада, препараттың ағзаға

әсері жөніндегі мәліметтер

Бас санитар дәрігер

облыстың COVID-19 бойынша

«қызыл аймақта» екенін еске

салды. 29 қаңтарда КВИ-ді

296 адам жұқтырды. Бұл -

бір тәулік ішінде тіркелген

рекордтық көрсеткіш.

- Өңірдегі эпидемиологиялық

жағдайдың нашарлауына

байланысты бірқатар

шектеу шаралары қабылданды.

Демалыс күндері қоғамдық көлік

қатынасы тоқтатылды, азық-түлік

дүкендері мен дәріханалардан

басқа нысандардың барлығы

жұмыс істемейді. Ұжымдардың

80 пайызы қашықтан еңбек

етуде. Адамдардың көп жиналуын

болдырмау мақсатында

әлеуметтік маңызы бар

нысандардың жұмыс кестесін

қысқарту, мектеп оқушыларын

қашықтықтан оқыту, 65 жастан

асқан адамдардың қозғалысын

шектеу шаралары енгізілді, -

деді Батырбек Әлиев.

Өңірде Ақсу-Павлодар-

Ақсу және Павлодар-Ақсу-

Павлодар бағыттарынан басқа,

аймақаралық, облысішілік,

Вакцина жеткізілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,

Павлодар облысына COVID-19-ға қарсы вакцинаның

80 000 дозасы бөлінген. Препараттың алғашқы партиясы,

яғни 1000 доза 31 қаңтарда аймаққа жеткізілді. Ғ.Сұлтанов

атындағы Павлодар облыстық аурухананың қоймасындағы

мұздатқыштарға орналастырылды.

Аталмыш аурухана көлемі 2,2 текше метр мұздатқыштармен

жабдықталған. Жақын арада қоймаға 1,2 текше

метр болатын тағы үш арнайы мұздатқыш жеткізілмек.

Қажет болған жағдайда медицина қызметкерлері облыстық

қан орталығының қоймасын іске қосады. Бұл мекемеде

көлемі 0,48 текше метр мұздатқыш орнатылған.

Вакциналау шарасын жүргізу үшін препараттар қалааудандағы

31 емханаға термоконтейнерлер арқылы

жеткізілетін болады. Екпе 107 егу кабинетінде жүргізіледі.

Егу науқанын сапалы өткізу үшін 1125 медицина

қызметкері дайындық курсынан өтті. Вакцинация ерікті

негізде жүргізіледі.

Атап өтелік, Денсаулық сақтау министрлігі ең алдымен

екпе егілетін азаматтардың тобын анықтаған болатын.

Індеттен құтқарады

Жұртшылық бүгінде «Жаппай вакциналау» деген сөзді жиі естуде. Дәрігерлер дертті

жеңудің жалғыз жолы екпе екенін айтады. Ал вакцинадан бас тартқандардың елде жүріптұруына

шектеу қойыла ма?

енгізіледі. Екпені алған адамның

электронды төлқұжаты

eGov mobile қосымшасында

дайын тұрады. Осы жүйе

арқылы халық екінші дозаны

қашан алатынын да бақылай

алады.

Павлодар облыстық денсаулық

сақтау басқармасы

стратегиялық дамыту және

инновациялық технологиялар

бөлімі басшысының міндетін

атқарушы Ерғалы Асылбек те

екпені аларда әр адамның

пікірі ескерілетінін айтты.

Өңіріміздегі дәрігерлерге кешегі

күннен бастап вакцина салына

бастады. Ақ желеңділер вакцинаны

алуға міндетті ме, әлде

қарсылық танытатын құқы бар

қалааралық және ауданаралық

жолаушылар тасымалы тоқтатылды.

Қалалар мен аудандардағы

сауда нысандарында, қоғамдық

көліктерде, таксилерде, өндірістік

нысандарда және қоғамдық

орындарда дезинфекциялық

шаралар жүргізілуде.

Бас санитар дәрігердің

айтуынша, облыста 20 санитарлық

бекет орнатылады.

Онда адамдардың дене қызуы

өлшеніп, денсаулығы толық

тексеріледі. Бекеттерден

анықтамалар арқылы өтуге

болады. Облыстың 5 ауданында

қозғалысты шектейтін

10 санитарлық бекет жұмыс

істейді.

- Облыс бойынша медициналық

бетперде кию,

арақашықтықты сақтауды

бақылау күшейтілетіндігін

айта кеткім келеді. Учаскелік

полицияның жұмысы жасырын

өтетін отбасылық, ұжымдық

шараларды анықтауға бағытталады.

Қабылданған шаралар

облыс тұрғындары мен бизнес

ма? Ерғалы Асылбек Ресейден

жеткізілген 1 мың доза тек

келісім берген дәрігерлерге

ғана егілетінін айтты. Яғни,

денсаулық саласының өкілдерінде

вакцинадан бас тарту

құқығы бар. Оларды ешкім

күштемейді.

Ерғалы Амангелдіұлының

сөзінше, екпе алғандардың

мәліметі арнайы базаға

енгізіледі.

- ҚР Денсаулық сақтау

министрлігінің бастамасымен

арнайы ақпараттық жүйе

құрылды. Әр адамның электронды

төлқұжаты болады.

Онда екпе алғандардың жеке

мәліметі енгізіледі. Сол арқылы

тұрғындардың КВИ-ге қарсы

өкілдері барлық санитарлықэпидемиологиялық

талаптарды

сақтаған жағдайда ғана тиімді

болады. Тұрғындардан барынша

сабырлық сақтауды, карантин

талабын орындауды, өзінің

және өзгенің денсаулығына

вакцина алғаны немесе

алмағаны белгілі болады, -

дейді Е.Асылбек.

Көктем мезгілінде елімізде

індет өршиді деп болжануда.

Жағдай күрделене түссе,

былтырғы жаз мезгіліндегідей

дәрі-дәрмек тапшылығы орын

алып жүрмей ме деген үрей

де жоқ емес. Бір жылда Жер

шарының 2 миллион халқын

жалмаған дерттің емі - тек

вацина, дейді дәрігерлер.

Енді үміт алғаш екпе алған

жандарда болып отыр. Олар

сынақтан сәтті өткенде ғана

көптің көкейінде жүрген күмән

сейіледі деген ойдамыз.

Бәрі - уақыт еншісінде!

Жауапкершілік қажет!

Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев өңір тұрғындарына үндеу

жасап, жұртшылықты санитарлық талапты қатаң сақтауға шақырды.

жауапкершілікпен қарауды

сұраймын. Тек бірлескенде ғана

осы жағдайды жеңе аламыз!

Өзіңізге және жақындарыңызға

қамқор болыңыздар, - деді

Б.Әлиев.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Басы 1-бетте

Қар тоқтату

қарқынды

жүруде

Оралхан ҚОЖАНОВ

Маңызды әдісті, әсіресе, аймағымыздағы ірі

шаруа қожалықтары кеңінен меңгеріп, жергілікті

ғалымдардың жөн сілтеуімен жүйелі қолға алып

келеді. Жасыратыны жоқ, кейбіреулері әлі

күнге дейін «қадіріне» жетпей жүр. Облыстық

ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім

басшысы Есентай Мұрсәлімовтің айтуынша,

бүгінде аймағымызда шамамен 350 мың гектар

жерде қар тоқтату жұмыстары жүргізілуде.

- Бұл бағыттағы шаралар егісті аудандарда

қолға алынатыны белгілі. Жыл сайын ең алғашқы

кезекте көктемде жыртылатын танаптарда, сүдігер

жерде, сондай-ақ көпжылдық шөптердің егіс

алаңында атқарылады. «Қазгидромет» мекемесі

мамандарының мәліметінше, өңірдегі қар

жамылғысының орташа қалыңдығы 19 сантиметрге

тең. Бірінші кезең бойынша қар тоқтату

280 мың гектар аумақта жүргізілді. Орақ

ықтырмаларының ауданы 50 мың гектарды

құрайды. «Победа», «Галицкое», «Абай атындағы»

ЖШС, «Оразбаев», «Замандас» қожалықтары

және «Жаздық» фермерлік шаруашылықтарында

қар тоқтатуға қажетті заманауи техникалар (орақ

салғыштар) бар. Арнайы техника қар тоқтату

жұмыстарын шығынсыз жүргізуге мүмкіндік

береді, - дейді Е.Мұрсәлімов.

«Оразбаев» шаруа қожалығының басшысы

Сайлау Оразбаевтың айтуынша, шаруашылықта

20 мың гектар аумақта қар тоқтату жұмыстары

жүргізілуде.

- Біздің аймақтың климатын алып қарасақ,

жауын-шашын аз. Сол себепті, қыста қарды

тиімді пайдаланып қалған абзал. Өз басым

бидай, рапс сияқты егіс алаңдарында қар тоқтату

жұмыстарын қолға алдым. Ол үшін арнайы

тіркеме техника пайдаланылады. Күзгі жиынтерім

кезінде өсімдіктің сабағы қалып, қыста

қар ұстап қалады. «Аталған агротехникалық

шараны неге ірі шаруашылықтар ғана жүргізеді?»

деген сауалға келсек, жасыратыны жоқ, арнайы

техниканың бағасы қымбат. Әйтпесе, кез келген

диқан қар тоқтатуға ынталы, - дейді С.Оразбаев.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Бақыт Ермұратовтың айтуынша, тәуекелді егіншілік

жағдайында барлық жауын-шашынның сақталуы

мен оның ұтымды пайдаланылуы маңызды. Қар

тоқтату топырақтың агрофизикалық қасиеттерін

жақсартып, ылғалды толық жинау әрі сақтауға

мүмкіндік бермек.

- Қысқы жауын-шашын есебінен топырақта

ылғалды жинаудың көктемгі егіс науқанында

көмегі көп. Бастысы, далада қар тоқтату

жұмыстарын жүргізу кезінде диқандарға

уақыттан ұтылмағаны жөн. Қар тоқтату қар

жамылғысының тереңдігі 12-15 см-ден кем емес

болған кезде желсіз ауа райында жүргізіледі.

Қар үйінділері желдің бағытына көлденең орналасуы

тиіс. Солтүстік өңірлерді құрғақшылық

жайлаған жылдары қар жаууының көмегімен

қар жамылғысының қуатын 2-2,5 есеге дейін

арттыруға болады. Осылайша, қар суын

55-70 мм-ге дейін толықтыруды қамтамасыз ете

отырып, қар тоқтатылмаған жерлермен салыстырғанда

жаздық бидайдың көлемін гектарына

2-3, тіпті 5-7 центнерге дейін көбейтуге мүмкіндік

зор. Қыста қар тоқтатуды тиімді реттеу үшін

жекелеген алқаптардағы қар жамылғысының

қалыңдығына, топырақ температурасына, оның

қату тереңдігі мен ылғалдылығына жүйелі

бақылау жүргізу қажет, - дейді Б.Ермұратов.

Иә, бүгінде жергілікті диқандар көктемгі

науқанға барынша дайындалуда. Қар тоқтату

жұмыстарынан бөлек, арзандатылған жанаржағармайдың

мәселесіне де ерте араласуда.

«Қамданған қапы қалмайды» деген мақал

осындайда айтылса керек.


4 2 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Темірбек Сәтемірұлы,

жаңадан іске қосылған

«Police 102» мобильді

қосымшасы арқылы қандай

қызмет көрсетіледі? Оны

қалай жүктеуге болады?

- Аймағымыз еліміз бойынша

алғашқы болып «Police 102»

мобильді қосымшасы арқылы

жұмыс істеуді бастады. Бұл –

Президенттің «Халық үніне

құлақ асатын мемлекет»

тұжырымдамасы аясында

қолға алынған жүйе. Бұдан

былай, аймақ тұрғындары

әрбір құқықбұзушылық туралы

мәліметті осы қосымшаға

өтініш арқылы жолдай алады.

Сонымен қатар, оператормен

аудио және бейне қоңырау

арқылы байланысқа шығады.

Оқиға орнына полицейлердің

жетуін де бақылайды. Мәселен,

көршілер шу шығарса, подъезде

шылым шексе, түнгі тыныштықты

бұзса, жол апаты, қарақшылық

сынды басқа да қылмыстар

орын алса, куәгер оқиға

орнында тұрып, полицеймен

байланысқа шығады. Қоңырау

түскен бойда аталған орынға

құқық қорғау қызметкерлері

жіберіледі. Мобильді қосымша

«Police 102»

іске қосылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан

халқына Жолдауында «Әділетті мемлекет» құру

тұжырымдамасын жүзеге асыруды тапсырған еді.

«Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жұмыс

істеп, құқық қорғау саласын цифрландыруды жүктеді.

Осы орайда, елімізде тұңғыш рет Павлодар облыстық

полиция департаменті «Police 102» мобильді қосымшасын

іске қосты. Осы айдан бастап өңір тұрғындары тәртіп

сақшыларымен бірлесіп, жөнсіздерді жөнге сала алады.

Жаңа қосымшаның қызметі туралы Павлодар қаласы

Жедел басқару орталығының басшысы Темірбек

Шәудіровпен әңгімелескен болатынбыз.

ТҮЙТКІЛ

ұялы телефондағы «AppStore»,

«PlayMarket» дүкендері арқылы тегін

жүктеледі. Бұдан бөлек, аталмыш

қосымшаны Telegram арқылы да

пайдалануға болады. Ол үшін @102QZ

парақшасына тіркелу керек. Сонымен

қатар, бұл қосымшада «SOS» түймесі

бар. Дабыл түймесі арқылы қоғамдық

орындарда, жолда, көшеде тіркелген

қылмыс жөнінде полицейге хабар

беріп, көмек сұрауға болады.

- «Police 102» арқылы хабарласқан

адамның қоңырауын кім

қабылдайды? Тәртіп сақшылары

оқиға орнына неше минутта

жетеді?

- Тұрғындар тарапынан түскен

өтінішті, аудио және бейне қоңырауды

жедел басқару орталығының мамандары

қабылдайды. Қызметкерлер

оқиға орнының мекенжайын сұрап,

мамандарды жібереді. Егер қылмыс

фактілері тіркелсе, жедел-тергеу

қызметінің мамандары барады. Ал

әкімшілік істерге учаскелік инспекторлар,

патрульдік полиция жауапты.

Мамандар оқиға орнына барынша

жедел жетеді. Рұқсат етілмеген

орында шылым шегу, ішімдік ішу,

тыныштық бұзу сынды фактілерге

патрульдік полиция 5-7 минут ішінде

жетіп, тәртіп бұзушыларды учаскелік

бөлімшеге жеткізеді. Құқықбұзушылар-

мен инспекторлар жұмыс істейді.

- Қоғамдағы тәртіпсіздікті

жылдам анықтауға мүмкіндік

беретін жүйе полицейлердің

қызметін жеңілдете ме?

- Тұрғындар құқықбұзушылықтың

куәгері болған жағдайда ғана

байланысқа шығады. Демек, жалған

шақырту деген болмайды. Яғни,

полицейлер тәртіп бұзғандарды

қолға түсіру үшін бара жатқанын

нақты біледі. Бастысы, халық

пен құқық қорғау қызметкерлері

бірлесіп, тыныш әрі қауіпсіз

қоғам қалыптастыруда жұмыс

істемек. Сонымен қатар, бұл жүйе

мамандарға зор жауапкершілікті

жүктейді. Қоңырауды қабылдау,

оқиға орнына жедел жету

қырағылықты талап етеді.

Қазір «Police 102» мобильді

қосымшасы Павлодар, Екібастұз,

Ақсу қалаларында жұмыс істейді.

Техникалық база нығайтылған соң,

барлық аудан орталықтарында

іске қосылады.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан -

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Жүктеме неге көп?

ҮНДЕУ

Жұдырықтай

жұмылайық,

ағайын!

Тіл – адамзаттың баға жетпес құндылығы, Мемлекеттік

ту, Елтаңба, Әнұран сияқты қастерлі символы.

Алаштың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынұлы

өз алдына ел болуға өзінің тілі бар ел ғана жарай

алады деп тегін айтпаған. Олай болса, елдігіміздің

ертеңін ойласақ, тіліміздің бүгінгі жағдайына баса

көңіл бөлгеніміз жөн деп есептеймін.

Бұл мәселеде жауапкершілікті

мемлекетке ғана артып қойғанымыз

жөн емес. Әрине, өңірімізде

ұзақ жылдар бойы тіл

саласына жауапты мемлекеттік

мекемелер тарапынан республикалық

бағдарламалар аясында

қыруар жұмыстар атқарылғанын

көзіміз көрді. Десек те, бұл орайда

тек тіл саясатына жауапты мекемелер

ғана емес, қазақ тіліне

жанашыр, оны жетік меңгерген

барлық азаматтардың үлесі де

болуы керек деп білемін. Қазақта

«Бірлесе көтерген жүк жеңіл»

деген даналы сөз бар. Бүгінгі

жағдайда осы қанатты сөзді

ұран етіп, қазақ тілінің қолдану

аясын кеңейту тұрғысында

біріге отырып әрекет жасауға

шақырамын.

Алдымызда атқаратын шаруалар

әлі де жетерлік. Ең бастысы,

қоғам арасында мемлекеттік

тілдің қажеттілігін арттыруды

қолға алғанымыз жөн. Бұл әрине

өзге этнос тілдерінің қолданылуына

шектеу қою емес.

Осы жөнінде Қазақстан

Республикасының Президенті

Қ.К.Тоқаев та өзінің «Тәуелсіздік

бәрінен қымбат» деген

мақаласында «қазақ тілді кеңінен

қолдану басқа тілдерге, әсіресе

орыс тіліне шектеу қойылады

деген емес», деп айтқан

болатын.

Сондықтан қазақ тілінің мәртебесін

өзге тілдердің қолдану

аясын шектемей-ақ іске асыруға

болады деген ойдамын.

Бұл орайда қоғам ішінде

тәуелсіздігіміз бен елдігімізді

дәріптеп жүрген «Жебе»,

«Қағандық» қоғамдық бірлестіктерін,

тіл жанашырларын,

ардагер мен ақсақалдар кеңестерін,

зиялы қауым өкілдері

мен ғалымдардың, сондай-ақ

этно-мәдени бірлестіктерін бір

жағадан бас, бір жеңнен қол

шығарып, «Тіл Альянсы» аясында

мемлекеттік тіл саясатын жетілдіре

түсуге үндеу жасаймын.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай

түйініне тоқталар болсақ,

анамыздың ақ сүтімен бойға

дарыған қасиетті ана тіліміз –

елдігіміздің айнасы мен оның

жарқын болашағының кепілі.

Олай болса, баршамыз да

мемлекеттік тіліміздің тұғырын

биіктету тұрғысында жұдырықтай

жұмылып, бірігіп жұмыс жасауға

кірісейік, ағайын.

Социал ӘЙТЕНОВ,

Халықаралық «Қазақ тілі»

қоғамы Павлодар облыстық

филиалының төрағасы,

Май ауданының Құрметті

азаматы, Қазақстанның

Құрметті журналисі.

Өңірдегі кейбір жоғары оқу орындарының оқытушылары сабақ беруден тыс

міндеттемелер тым артық жүктелетінін айтады. Сонымен қатар, барлық сала

цифрлы жүйеге көшіп, электрондық технологияның игілігін көріп жатқан

уақытта қағаз толтыру қолмен жүргізіледі екен. Мәселенің анық-қанығын біз

де зерделеп көрдік.

Тілеуберді САХАБА

Торайғыров университеті

тарих кафедрасының қауымдастырылған

профессоры, тарих

ғылымдарының докторы Лаура

Жүсіпованың сөзінше, оқу орнының

басшылығы оқытушылардың

қағазбастылығына, шамадан

артық жүктемесіне басын

ауыртқысы келмейтін сыңайлы.

Қазіргі таңда университеттің оқу

кестесіне сәйкес, 1 оқытушыға

1 жылда 700-1500 сағат сабақ

өткізуге тура келеді. Ал кейбір

мұғалімге өзінің білімі мен

біліктілігіне сәйкес келмейтін

пәндер бекітілген. Бір оқытушыға

білім-ғылымның сыртында

қоғамдық жұмысқа атсалысу,

коммерциялық жобаларға

қатысып, гранттық жобалар

арқылы 2 млн. теңге табыс

әкелу, кабинеттерді техникамен

жабдықтау, кітап шығару секілді

міндеттер қойылады екен.

Сонымен қатар, жаңа тәртіппен

KPI жүйесі бойынша «Қазтест»

тапсыру, монография мен оқулық

әзірлеу, мақалалар жариялау,

ғылыми-тәжірибелік конференцияларына

қатысу мәселелерін де

назардан тыс қалдырмауы керек. Сол

секілді университетке студент пен

магистранттарды тарту шарасы да

оқытушылардың мойнына міндеттелген.

Яғни, әр оқытушы кемі 1-2 студент

тартуға міндетті. Егер, оқытушы аталған

жүктемелердің бірін орындай алмай

қалса, оның беделіне нұқсан келіп,

айлығы қысқарып қалуы да ғажап

емес. Себебі, жоғарыда айтқан

2 млн. теңгенің коммерциялық

жобасын орындау – көп жыл еңбек

өтілі бар, тәжірибелі ұстаздардың

ғана қолынан келетін шаруа. Атап

айтқанда, оқытушыға артылатын

жауапкершілік ауыр.

- Торайғыров университетінің

ғалымдары 2020 жылғы қыркүйектегі

үстемеақысын сақтап қалу үшін,

мүмкін емес жүктемені орындады.

Мен ғылым докторы бола тұра

15 пәнді екі тілде жүргіземін. Бұл -

таза 700 аудиториялық сағат. Менен

де көп, яғни 26 пән жүргізетіндер бар.

Сонымен қатар, монография, лекция,

тәжірибелік сабақтар әзірлеу үшін әр

пәннен 120 беттік қағаз толтыруға

тура келеді. Қағазбастылық дегеніміз

осы. Ал, қарапайым оқытушылардың

жүктемесі одан да көп деген сөз.

Бізде сегіз сағаттық жұмыс режимі

деген ұғым жоқ. Таң атқаннан кеш

батқанша университетте жүреміз.

Одан үйге барып студенттердің

жұмысын тексереміз. Салдарынан

бізде ғылыми зерттеулер жасауға,

жеке ізденістер бойынша мақала

жазуға уақыт қалмайды. Яғни,

ғылыммен айналысуға ешқандай

мүмкіндік қарастырылмаған, - дейді

Лаура Қуандыққызы.

Бірақ, жүктеме көбейіп,

мұғалімдерге қойылған талап

күшейгенімен штат саны артып

жатқаны байқалмайды. Керісінше,

қысқарту жүріп жатыр. Мысалы,

тарих кафедрасында соңғы 4 жыл

ішінде 10 адамға дейін қысқарту

болған. Өткен жылдың өзінде 2 жас

маман жұмыстан кетіпті. Себебі,

жоғарыда айтқан басы артық шаруалар

мен негізгі міндеттен тыс

тапсырмаларды жас мамандар

көтере алмайды. Бұл болашағынан

зор үміт күттірген жас мамандардың

жұмыстан кетуіне, не болмаса

ғылыммен біржола қош айтысуына

әкеп соғуда.

- Ғылым жолында жүрген

адамнан коммерциялық жобаларды

талап ету қисынға келмейді. Міне,

сол себепті ҚР Білім және ғылым

министрлігінен осы мәселенің

аражігін ажыратып беруін сұраймыз.

Ол үшін министрліктің жоғары

оқу орындарға қатысты шығарған

бұйрықтарының орындалуын

арнайы комиссия тексеруі керек, -

дейді Л.Жүсіпова.

Торайғыров университетінің

академиялық жұмыс жөніндегі

проректоры Петр Быков

оқытушылардың бұл шағымымен

келіспейді. Оның сөзінше,

оқытушылардың жылдық жүктемесі

500 сағаттан аспайды. Ал оқу

жүйесі толығымен қағаз жүзінде

жүріп жатыр деуге болмайды.

Соңғы уақытта цифрлық форматқа

ауысып жатқан қызметтер бар.

Бұрынғы қағаз журналы электронды

форматқа ауысқан, студенттің

бағасы тек электронды журналда

ғана көрсетіледі. Оқытушы жазбаша

түрде ешқандай жеке жоспарларын,

жылдық есептерін толтырмайды.

Бұның бәрі оқу орынның

электрондық порталындағы

оқытушылардың жеке портфолиосында

көрсетіледі.

- Осылайша, кафедраның

жұмысы екі есе азайды. Бұдан

басқа біз магистранттар және

докторанттардың жеке оқу

жоспарын да электронды түрге

ауыстырдық. Силлабустар, әдістемелік

құралдарды да сандық

форматқа көшірдік. Оның бәрін

студент немесе оқытушы өзінің

жеке кабинетінде көре алады. Ал

оқытушылардың жұмыс жүктемесі

талапқа сәйкес келеді. Толық

штаттағы оқытушыларға 4 түрлі

жүктеме беріледі. Олар – оқу,

ғылыми-зерттеу, тәрбиелік және

әдістемелік бағыттар, - дейді Петр

Быков.

Университет - білім мен

тәрбиенің ең үлкен ордасы.

Сондықтан, заман ағымынан, өркениет

көшінен қалмауға талпынатыны

анық. Яғни, оқытушылардан

заманауи білім мен технологияны

меңгеру мәселесі талап етілетіні

заңдылық. Осы орайда университет

басшылығы батыл шешімдер

қабылдап, қағаз жүктемесін азайтуға


SARYARQA SAMALY

САУАЛ - СІЗДЕН 2 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл 5

Құрметті оқырман! Сіздердің сұраныстарыңызды ескере отырып,

«Сауал – сізден» беті өздеріңізбен қайта қауышып отыр. Енді шешімін

таба алмай жүрген сұрақтарыңызды әдеттегідей осы айдарға

жолдай аласыздар. Толғандырған сауалдарыңызды білікті мамандардан

сұрап, жауап іздейтін боламыз. Мекемелердің табалдырығын

тоздырмас үшін, үйде отырып-ақ, толық мағлұматқа ие болғыңыз

келсе, сұрақтарыңызды редакцияға жолдаңыздар!

Беттің үйлестірушісі -

Айдана ҚУАНЫШЕВА

8 (701) 131-69-00

8 (7182) 66-15-31

Поезда

ПТР-тест

қажет пе?

Марат, Екібастұз қаласы:

- 25 қаңтарда аймағымыздың бас санитарлық

дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан болатын.

Оған сәйкес, ауданаралық, қалааралық автобустар

жүрмейді. Бірақ поезд қатынасына шектеу

қойылмады. Өңірде эпидемиологиялық жағдай

өршіп тұрғандықтан, жолаушылардан ПТР-тест

талап етіле ме?

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің

өкілі Ғизат ӘБЕШЕВ жауап береді:

- Аймағымызда коронавирусты жұқтырушылар

саны азаймай отырғаны рас. Поезбен өзге қалаға

жолға шыққан адамдарға тест тапсыру міндетті

емес. Мұндай талап қойылған жоқ. Жолаушылар

санитарлық талапты қатаң сақтап,

поезбен қатынай алады.

Электронды

куәлік қажет

Жұлдыз, Павлодар қаласы:

- Әлеуметтік желіден электронды жеке куәлік

қолданысқа енгені жайлы оқыдым. Оны қалай

алуға болады? Мұндай төлқұжат қандай мекемелерге

жарамды?

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы Павлодар

облысы бойынша филиалы директорының

орынбасары Салтанат АУЫППАЕВА жауап

береді:

- Электронды төлқұжат әзірге ХҚО, нотариус қызметтеріне

жарамды. Алдағы уақытта басқа мекемелерге де енгізіледі

деген ойдамын. Электронды куәлікті алу үшін Egov mobile

мобильді қосымшасын жүктеу керек. Оған жеке мәліметтерді

енгізесіз. ХҚО-ға келгенде қосымшадан «Электронды цифрлық

құжат» ұяшығын басып, электронды куәлігіңізді көрсете

аласыз.

Челлендж

ұйымдастыру

дұрыс па?

Жалғас, Ақсу қаласы:

Қазір республика көлемінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына

орай челлендж ұйымдастырылуда. Жуықта

Баянауыл, Павлодар аудандары тұрғындарының

қатысуымен өткен челлендж тарады. Эпидемиологиялық

жағдай нашарлаған кезде мұндай ауқымды

шараны өткізген дұрыс па?

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің

өкілі Ғизат ӘБЕШЕВ жауап береді:

- Облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің

қаулысына сүйенсек, көп адам қатысатын мұндай

ауқымды шараларды ұйымдастыруға тыйым салынады.

Тиісті мекемелерге осы талапты орындау бойынша

хат жолданды. Ал ережеге бағынбай, санитарлық талапты

бұзғандарды мониторинг тобы немесе полицейлер анықтайды.

Хаттаманы толтырып, мәліметті біздің департаментке жолдаса,

міндетті түрде заң аясында жаза қарастырылады. Хаттамасыз

біз өздігінен ешкімді жазалай алмаймыз.

Жолдама алсам

деп едім...

Айсұлу, Павлодар қаласы:

- Өткен жылдың күзінде коронавируспен ауырдым.

КВИ-ден емделгендер оңалту орталығына барып,

денсаулығын жақсарта алатынын естідім. Бұл қызмет

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

аясында тегін көрсетіледі екен. Зейнеткер ретінде

мұндай көмекті ала аламын ба? Жолдаманы кім

береді?

Сауалға «Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» коммерциялық емес

акционерлік қоғамының Павлодар облысы

бойынша директоры Нұрлан ҚАСЫМОВ

жауап береді:

- Әрине. Алдымен тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша

тіркеуде тұрған емханадағы дәрігеріңізге бару қажет. Ол

сізге реабилитолог маманға жолдама береді. Ақ желеңділер

денсаулығыңызды тексеріп, қажетті ем-домды таңдайды.

Яғни, тыныс алу жүйесін қалыпқа келтіру, күйзелістен арылту,

аурудың асқынуынан сақтану сынды бағыттар бойынша ем

тағайындайды. Тегін көмекті КВИ-мен ауруханада және үйде

күрескен адамдар да ала алады. Оңалту қызметі стационарлық

және амбулаторлық негізде жүргізіледі.

Томографияға кезек

көп екен...

Жазира, Павлодар қаласы:

- Жергілікті емхана дәрігері магнитті резонансты

томографиядан өту үшін жолдама берген. Клиникаға

хабарлассам, кезек көп. 1 айдан кейін ғана бос орын

бар екен. МӘМС аясында кезекті неге көп күту

қажет?

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру

қоры» коммерциялық емес акционерлік

қоғамының Павлодар облысы

бойынша директоры Нұрлан Қасымов

жауап береді:

- МӘМС аясында кезек бұлай созылмауы тиіс. Талап

бойынша диагностикалық қызмет 10 күн ішінде, шұғыл

тексеру шарасы 2 күнде көрсетілуі қажет. Кезекті көп

күткендіктен сіз кез келген клиникаға барып, тегін МРТ-дан

өте аласыз. Сақтандыру қоры қаражатты сіз тексерілген

емханаға аударады.

Алданбас

үшін

не істейін?

Расул, Шарбақты ауданы:

- Әлеуметтік желі арқылы ұтыс

ұйымдастырып, онлайн тапсырыс қабылдайтындар

көп. Құқық қорғау органдары

көп жағдайда алаяқтың арбауына

түскендердің ісімен айналысады. Тұрғындар

онлайн ойынға қатысарда немесе

тапсырыс берерде пайдақорлардың арбауына

түсіп қалмас үшін, полицейлердің

кеңесін ала ала ма?

Облыстық полиция департаментінің

баспасөз қызметі

жауап береді:

- Интернет алаяқтыққа жол бермес

үшін департаментте жедел желі іске

қосылды. Егер тұрғындарға үлкен ұтысқа қатысу

туралы хабарлама келсе, қандай да бір тапсырысты

қабылдау кезінде алдын ала төлем сұраса,

өздігінен әрекет етпей, алдымен 8-702-798-25-56

нөміріне қоңырау шалу қажет. Жедел желі тәулік

бойы және демалыссыз жұмыс істейді. Мамандар

сіз күдіктенген парақшаларды толық тексеріп,

нақты жауабын айтады. Алдын ала қоңырау

шалу арқылы адамдар өзін де, туысқандарын

да қаскүнемдерден қорғай алады.

Екпе

алу ерікті

іс пе?

Серік, Май ауданы:

- Денсаулық сақтау министрлігі

ақпан айынан бастап КВИ-ге қарсы

вакциналау шарасы жүргізілетінін

айтты. Екпенің сапасына байланысты

түрлі пікір айтылуда. Егер

вакцинадан бас тартсам,

қандай жауапкершілікке

тартыламын?

Облыстық денсаулық

сақтау басқармасының баспасөз

қызметкері Эльмира ТЕМІР-

ҒАЛИЕВА жауап береді:

- Ақпан айында басталатын екпе

егу шарасы заң аясында жүргізіледі.

Мамандар вакциналау кезінде ешкімді

мәжбүрлемейді. Әр адам өз еркімен

КВИ-ге қарсы екпені алады.

Бірақ бұл науқан КВИ-дің

таралмауы үшін қолға

алынып отырғанын

ескерген жөн.


6 2 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл ТЕМІРҚАЗЫҚ

SARYARQA SAMALY

БІР ЖӘДІГЕР –БІР ТАРИХ

Зейін Шашкиннің мұрасы

З.Шашкин

Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар ірі тұлғалардың

бірі – жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі

Зейін Шашкин. Ол қысқа ғұмырында әдебиетке тың

серпіліс, жаңа шығармалар әкелді. Алғашқы еңбектері

отызыншы жылдары «Лениншіл жас», «Социалистік

Қазақстан» газеттерінде, «Әдебиет майданы»

журналында өлеңдері, сын-зерттеу мақалалары, бірліжарымды

әңгімелері жарияланды.

1955 және 1966 жылдар аралығында

«Таң атты», «Ұядан ұшқанда»,

«Темірқазық», «Өмір тынысы»,

«Ақбота» повестері мен әңгімелер

жинағы және «Тоқаш Бокин», «Теміртау»,

«Доктор Дарханов», «Сенім»

романдары жарық көрді.

Нақақтан-нақақ күйіп, жала

жабылып, жер аударылуына өзінің

жанында жүрген адамдардың

домалақ арыздары себеп болған

екен. Сол бір сұрапыл жылдар

туралы жазушы Мұхамеджан

Қаратаев былай дейді: «Қазақ

әдебиеті мен өнерінің 1936 жылы

Мәскеуде өткен онкүндігі, Жамбылдың

шарықтаған ақындық даңқы,

Сәкен Сейфуллин творчествосының

20 жылдығы, мәдениет

ортасын дүр сілкіндірген маңызды

оқиғалар болған еді. Бірақ,

не керек, іле-шала сұрапыл

1937 жылдың ызғырығы басталып

кетті. Бірінен кейін бірі: Сәкен,

Бейімбет, Ілияс, Мәжит Дәулетбаев

кетті, ақыры Өтебай Тұрманжанов,

Сағыр Камалов, Құлмұрза Өтепов,

Әлібек Қоңыратпаев кете берді,

кете берді. Ең соңында Хамза

Есенжанов пен Зейін Шашкин,

олардың өкшесін басып мен де

кеттім. Сәбит пен Ғабит партиядан

Күнтізбе

шығып «әшкереленді», жұмыстан

қуылды. Бұл 1938 жылы. Кеше жұп

жазбай жүрген жолдас-жоралар

суға кеткендей жым-жылас болдық.

Сол кеткеннен хабар-ошарсыз

араға 17 жыл салып, Алматыға

1955 жылы оралыппыз».

Сонау Қиыр Шығыста жүріп

сырқатына қарамай шығармашылықтан

қол үзбей, сырқат

жандарды емдеумен айналысты.

Зейін Жүнісбекұлы: «Қайрат, қажыр

дейтін әсіресе қиындықта

қажет. Ол болмаса, мен мына

өкпе ауруымен азап жағдайдан

тірі қалар ма едім? Сол жағдайдың

өзінде тырысып, тырбанып

адам емдеуді үйреніп жан сақтадым

ғой» деп жазған екен естеліктерінің

бірінде.

Орыстың бір академигімен

бір баракта болып, кейін сол

академиктің шәкірті Иркутск

медицина институтына ректор

болып келген, амалын тауып Зейін

Шашкиннің жоғары оқу орнына

түсуіне жағдай жасаған. Зейін

аға елге оралғанда жерлестерінің

пыш-пышының кесірінен тағы да

жер аударылып кете жаздаған.

Бұқар жырау атындағы әдебиет

және өнер музейінде жазушының

жеке заттары сақтаулы тұр.

Оның бірнеше қолжазбалары мен

өзі тұтынған заттарын Алматы

қаласында тұратын қарындасы

Мәкиза Шашкина апамыз музей

қорына тапсырған болатын.

Бірде ақиық ақын Қалижан

Бекқожиннің 100 жылдық тойы

Алматы қаласында республика

көлемінде тойланды. Сол шараға

ақын Арман Қани, сол кездері

облыстық мәдениет басқармасы

басшысының орынбасары болған

Бақытжамал Тоқмағанбетқызы және

мен Павлодар өңірінен арнайы

делегат болып бардық. Үлкен

салтанатты жиын болды. Соңынан

ақынның рухына құран бағышталып,

ас берілді. Осы жиында Мәкиза

апамызбен танысқан едік.

Үлкендер төрге қарай беттегенде,

жасыма қарай төмен

жаққа отырайын деп, бұрыла

бергенімде, «балам, кел, біздің

дастарқанға отыр» деп апалар

шақырды. Жандарына барып

жайғастым. Бір мезетте сексеннің

сеңгіріне шыққан жанымда

З.Шашкиннің жазу құралы

отырған апа қайдан келгенімді

сұрады. Осылайша, тілдесе келе

бұл кісі Зейін Шашкин ағамыздың

қарындасы Мәкиза апа екенін

білдім. Кетіп бара жатып, маңдайымнан

сүйді де, батасын беріп,

мекен-жайын жазып беріп, «балам,

үйге кел, қонақ бол», - деді.

Сол сапарымыздан оралған

соң, араға бір ай салып, апамызды

іздеп бардық. Жазылмаған,

айтылмаған көп дүниелерге қанығып,

апамыз көзінің қарашығындай

сақтап отырған Зейін ағасының

қолжазбаларын (көшірмесі),

жазу үстелінде тұрған бірнеше

заттар мен «Шындық деп

өткен жан еді» атты кітабын берді.

Міне, сол заттардың барлығы

музейдің алтын қорында сақталып

тұр.

ТАҒЫЛЫМ

Айтжан аға

Ең алғаш имене басып мектеп табалдырығынан аттағанда сені

мейіріммен қарсы алатын адам – алғашқы ұстазың. Алғаш қолыңа

қалам ұстатып, санаңа білім нәрін сепкен жан.

Алғаш музейге қызметке келгенімде

әдебиет пен өнердің желкенді қайығына

отырғызып, бағыт-бағдар берген ұстазым –

өлкетанушы, журналист, жазушы, әдебиет

зерттеушісі Айтжан Бәделхан болатын.

Айтжан Бәделханның құжаттарын,

кітаптарын алдым, жақынырақ танысайын

деп. Әрі-бері қарастырып, тоқыдым. Көне

тарих қат-қабат көмескі парақтарын ақтарып,

ақтаңдақ арыстар мен өңірімізге танымал

даңқты тұлғалар ғұмырнамасын зерттеп,

мұрағаттық деректерді ғылыми негіздеп,

тарихи танымдық ғылыми мақалалар

мен жинақтар шығарған. «Бұқар жырау»,

«Садуақас Шорманов», «Қамар Қасымов»,

«Әнші Майра», «Түгел батыр» сынды терең

мазмұнды, ғылыми дерегі бар мұралар -

еліміздің ұлттық бірегейлігін қалыптастыру

жолында және өскелең ұрпаққа насихаттауда

зор құнды дүниелер.

Адалдықты, әділеттілікті, ақиқатты ұран

еткен, әрқашан алғы шепті орын еткен

ағамыз Айтжан Бәделханұлы жастайынан

өмірдің тауқыметін көп көрді, анасынан

ерте айырылып, әкесін еңбек армиясына

алып кетіп, жастайынан еңбекке араласуға

тура келді. 13 жасынан туған ауылында

есепші, одан кейін Қарағанды шахтасында

буыны қатпаған бала тұтқындағы неміс

және жапон жауынгерлерімен жұмыс істеді.

Өмірдің өзі сан мәрте сынаған Айтжан

Бәделхан ерте есейді.

- Әкем әділетті жаны сүйетін адам

болды. Бала кезден еңбекке баулыды.

Таң бозынан оянып, қол шалғымен шөп

шабуға алып баратын, күн ұясына отырғанда

үйге шаршап жететінмін. Шахтада жұмыс

істеп, ең ауыр күндерді бастан кешірдім.

Бір үзім нан үшін таңнан кешке дейін

еңбек еттім. Жұмыс қауіпсіздігі бір бөлек,

бөтен адамдармен жұмыс істеу басқа

еді. Талай қасақана жасалған өлімдерді

көрдім, шошыдым, бірақ өмір сүруге

деген құлшыныс басымырақ болса керек,

жанымды шүберекке түйе жүріп, өзімді

айдауда жүргендей сезінетінмін, - дейтін

еді Айтжан аға.

Айтжан Бәделханұлы 19 жасында Қазақ

Мемлекеттік университетінің филология

кафедрасының журналистика бөліміне

түсіп, 1954 жылы үздік деген бағамен

бітіріп шығады. Білім ордасында ғұлама

жазушы М.Әуезовтен, Ғ.Мүсіреповтен,

Ә.Әлімжановтан білім алды. Ғұлама ғалым

,,...Қор бөлімінде сақталған

хаттарға қарап отырсаңыз,

қазақ халқының

тарихы, мәдениеті, әдебиеті,

өнері жөніндегі ой-толғаулары

мен жауап хаттары

оның шын мәніндегі

өнер жанашыры екендігін

айғақтай түседі...

Мұхтар Әуезовпен бетпе-бет жүздесіп,

білім алғанын, ауылда оның жазған кітабын

біреуден ат-түйедей қалап, оқығанын үнемі

мақтанышпен айтып отыратын.

Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан

ғалымдар, ақын-жазушылар телефон шалып,

Айтжан ағамен ақылдасып, кеңес сұрайтын.

Оны көрдім де естідім. Әсіресе, Халық жазушысы

Диқан Әбілев, Төлеутай Ақшолақов,

Медеу Сәрсеке, Тұрсынбек Кәкішев,

Мұзафар Әлімбаев, Қалмұқан Исабаев,

Ахат Жақсыбаев сынды марқасқалармен

жиі хабарласып, хат алмасып тұратын.

Қор бөлімінде сақталған хаттарға қарап

отырсаңыз, қазақ халқының тарихы, мәдениеті,

әдебиеті, өнері жөніндегі ой-толғаулары

мен жауап хаттары оның шын мәніндегі

өнер жанашыры екендігін айғақтай түседі.

Айтжан аға әріптестері мен жастар, өнер

адамдарының арасында үлкен құрметке

ие болды. Музейге жиі-жиі дәстүрлі әнші

Медғат Манапов, күйші Қайрат Айтпаев келіп,

ұзақ уақыт ән шырқалып, күй тартылып,

Айтжан аға өзінің білген-естігенін, таспаға

жазып алған шығармаларды тыңдататын.

Ол еліне адал қызмет етті. Кішіпейілділігі,

көмектесуге дайын тұруы оның басты

қасиеттерінің бірі болды. Қазақ мәдениетінің

дамуына, өлке өнерінің танылуына адалболды,

өмірінің соңғы күндеріне дейін

қызмет етті.

Жұмыста әрдайым шертіп отыратын

домбырасы бар еді. Сөзге айналдырып,

А.Бәделхан балаларымен: Қарлығаш, Айдарбек, Сәуле

«Аға, домбыраңыз жақсы екен, маған бере

тұрасыз ба?» дегенімде:

- Саған бермегенде кімге берем! Саған

сыйлығым осы болсын. Музейді саған

тапсырдым, басқа жұмысқа ауысушы

болма. Қаншама адамдар, аруақтар осында.

Жұмысыңа адал бол. Шамам келгенше

үйреттім. Айтжандай болма, өз қалпың

Ербол болып қал, - деп шыға жөнелді.

Үйіне дейін шығарып салдым. Сол жылы,

18 мамыр – халықаралық музейлер күнінде

дүниеден озды. Артында қаншама мұралар,

қолжазбалар мен үнтаспалар, фотосуреттер

қалды. Кейін Раушан апа музей

қорына тапсырды.

«Сөйлегенде тоқетерін ғана айт, мақалдап

сөйлеме. Сөз қорыңды байыт. Кітап

оқы, ізден. Сенен осында үміт күтіп, жаныңда

қаншама аруақ жүр», - деген сөздері

мәңгілік жадымда. Сізді ешқашан ұмытпаймын,

ұстазым!

Ербол ҚАЙЫРОВ,

Бұқар жырау атындағы әдебиет және

өнер музейінің қызметкері.


SARYARQA SAMALY

ҚАЛА КӨРКІ

Көшелер кеңейеді

Биыл облыс орталығындағы бес көшенің жолы кеңейеді.

Сондай-ақ, 10-нан астам көшенің жолы күрделі жөндеуден

өтеді.

Конкурс құжаттарды қабылдау

мерзімі аяқталған күннен бастап

5 жұмыс күн ішінде 141201, Екібастұз

қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 42г

мекенжайында орналасқан «Павлодар

облысы әкімдігі, Павлодар облысы

Денсаулық сақтау басқармасының»

Екібастұз қаласының № 3 емханасы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында

өтеді.

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар

облысы Денсаулық сақтау басқармасының

«Екібастұз қаласының

№3 емханасы» шаруашылық жүргізу

құқығындағы коммуналдық мемлекеттік

кәсіпорны мына мекенжайда орналасқан:

141201, Екібастұз қаласы, Мәшһүр

Жүсіп көшесі, 42г, тел. 8(7187)347478,

pol3_ekb@mail.ru.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі

халыққа бастапқы медициналықсанитарлық

көмекті толық көлемде

көрсету, емханада және үйде көп бейінді

консультациялық, диагностикалық

және емдеу көмегін (амбулаториялық,

стационарды алмастыратын) толық

көлемде көрсету, бекітілген халықтың

денсаулығын қорғау бағдарламаларын

орындау болып табылады.

Конкурс ҚР ДСМ 27.05.2020 ж. № ҚР

ДСМ-58/2020 бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау саласындағы

бақылау кеңесі бар шаруашылық

жүргізу құқығындағы мемлекеттік

кәсіпорынның атқарушы органының

немесе алқалы атқарушы органы

басшысының функцияларын жекедара

жүзеге асыратын басшының

бос лауазымына конкурс өткізу

қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Бас дәрігердің негізгі лауазымдық

міндеттері:

1) денсаулық сақтау ұйымының

өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне

басшылық жасайды, қабылданатын

басқарушылық шешімдер, ұйым мүлкінің

сақталуы мен тиімді пайдаланылуы

үшін, сондай-аққаржы-шаруашылық

қызметінің нәтижелері үшін жауапты

болады.

2) ұйым қызметінің саясатын,

стратегиясын және оны іске асыру

тетігін айқындайды. Көрсетілетін

диагностикалық, емдеу және

профилактикалық көмектің тиімділігі

мен сапасын одан әрі арттыруға,

көрсетілетін қызметтердің сапасы

мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға

бағытталған персонал жұмысының

жаңа ұйымдастырушылық нысандары

мен әдістерін енгізуді және

қолданыстағыларын жетілдіруді

қамтамасыз етеді.

3) ұйымның құрылымдық

Көктемде Павлодар

қаласындағы 12 көшенің

жолын ретке келтіру

жоспарланып отыр. Атап

айтқанда, Торайғыров

көшесінің теміржол сапаржайы

мен Нұрсұлтан

Назарбаев даңғылы

аралығы, Ак.Сәтбаев

көшесінің Ломов-Ткачев,

Астана көшесінің Торайғыров-Ломов,

Естай

көшесінің Нұрсұлтан

Назарбаев даңғылы

мен Астана көшесінің

аралығы және тағы басқа

бірқатар аумақтардың

жолы жөнделеді.

Павлодар қалалық

тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар

көлігі және автомобиль

жолдары бөлімі

басшысының орынбасары

Рахым Қасеновтің

айтуынша, 12 көшеде

қалпына келтірілетін

жолдың жалпы ұзындығы –

20 шақырым.

- Жақын уақытта

жолдарды жөндеу үшін

жобалық-сметалық құжаттамалар

әзірленіп, мемлекеттік

конкурс жарияланады.

Құжаттарды

дайындау үшін 42 млн.

теңге керек. Мердігер

анықталған соң іске кіріседі.

Жоспар бойынша,

жөндеу жұмыстары көктемде

басталады, -

дейді Р.Қасенов.

Жөндеу барысында

Мәшһүр Жүсіп, Бұқар

жырау, Ак.Шөкин, Ак.Бектұров

және Катаев

көшелерін кеңейту жоспарда

бар.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

«Павлодар «ӘКК» АҚ тіркемелер: Купава 83270 және Купава 813290

сату бойынша сауда-саттықты өткізу туралы хабарлайды.

Толығырақ ақпарат www.gosreestr.kz сайтында.

(2013)

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық

сақтау басқармасының «Екібастұз қаласының № 3 емханасы»

ШЖҚ КМК бақылаукеңесі Павлодар облысыәкімдігі

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының

«Екібастұз қаласының № 3 емханасы» ШЖҚ КМК басшысы -

бас дәрігері бос лауазымына конкурс жариялайды.

бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын

қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылын

көрсетілетін медициналық қызметтерді

дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

заңнаманың сақталуына және өз

тарапынан және оған бағынысты

адамдардың сыбайлас жемқорлық

көріністеріне жол бермеу бойынша

шаралар қабылдауға жеке басымен

жауапты болады.

5) ұйымды білікті кадрлармен

қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі

мен тәжірибесін ұтымды пайдалану,

өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек

жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы

психологиялық ахуал қалыптастыру

жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым

қызметін талдау және оның жұмысының

көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым

жұмысының нысандары мен әдістерін

жақсарту бойынша қажетті шараларды

қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік

қағидаттары негізінде ұжымдық

шартты әзірлеуді, жасасуды және

орындауды, еңбек тәртібін сақтауды

қамтамасыз етеді, қызметкерлердің

еңбек уәждемесін, бастамасы мен

белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

6) санитариялық-эпидемиологиялық

жағдайларды зерделеу және бағалау

жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам

денсаулығына қолайсыз әсер етудің

басым факторларын айқындайды.

Санитарлық-эпидемиологиялық

жағдайды жақсарту бойынша пәрменді

шаралар қабылдайды.

7) гигиеналық және эпидемияға

қарсы іс-шаралардың жүргізілуін,

санитариялық қағидалар мен нормалар

мен гигиеналық нормативтердің

сақталуын жедел және зертханалықаспаптық

бақылауды және қадағалауды

ұйымдастырады.

8) ұйым қызметінде, оның ішінде

қаржы-шаруашылық басқару, шарттық

және қаржылық тәртіпті нығайту,

әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу

мәселелерінде медициналық этика,

заңдылық талаптарының сақталуын

қамтамасыз етеді.

9) қызметкерлерді қабылдауды және

жұмыстан босатуды жүзеге асырады.

Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар

жасайды, мәмілелер жасайды.

Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша

барлық қызметкерлер үшін міндетті

өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

10) мемлекеттік органдарда,

ұйымдарда және сотта ұйымның атынан

өкілдік етеді. Медициналық этиканың,

ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды,

жабдықтар мен механизмдерді

техникалық пайдаланудың орындалуын,

өртке қарсы қауіпсіздіктің,

МЕЗГІЛ 2 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл 7

Санитарлық бекет

орнатылды

Коронавирустың таралуы бойынша өңірлік

матрицаның «қызыл аймағына» енген Тереңкөл

ауданындағы 3 ауылға санитарлық бекет орнатылды.

Аудан орталығы мен Песчан

және Жаңабет ауылдарында

шектеу шаралары енгізілді. Аудан

тұрғындары мен қонақтары

1 ақпаннан бастап аталмыш

елді мекендерге тек анықтама

арқылы кіре алады. Бекітілген

қаулыға сәйкес, жергілікті тұрғындар

медициналық масканы

киіп, ара қашықтықты қатаң

сақтаулары тиіс. Отбасылық

және ұжымдық басқосуларға

тыйым салынды. Санитарлық

талаптың орындалуын мониторинг

топтары қадағалайды.

еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың,

санитариялық-эпидемиологиялық

режимнің сақталуын қамтамасыз

етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін

қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының 1995

жылғы 30 тамыздағы Конституциясы,

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы

27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі,

Қазақстан Республикасының 2015

жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі,

Қазақстан Республикасының 2020

жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы

және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

Кодексі, Қазақстан Республикасының

2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік

құқық бұзушылық туралы» Кодексі,

Қазақстан Республикасының 2015

жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік

сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан

Республикасының 2015 жылғы 18

қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы», «Қазақстан Республикасындағы

тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі

Қазақстан Республикасының Заңы,

қазіргі заманғы басқару қызметінің

стратегиялық және ұйымдастырушылық

аспектілері; денсаулық сақтау ұйымдарының

жоспарлы-экономикалық

және қаржылық қызметінің негіздері;

басқарудың экономикалық әдістері және

ұйым қызметін талдау; медициналық

қызметтер нарығының конъюнктурасы;

денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын

басқарудағы үздік тәжірибелер;

халық денсаулығының жайкүйін

сипаттайтын статистиканы,

ө л ш е м ш а р т т а р м е н к ө р с е т к і ш т е р і ;

отандық медицинаның заманауи ғылыми

жетістіктері; денсаулық сақтауды

басқарудағы үздік халықаралық

тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті

қорғау, өндірістік санитариялық және

өртке қарсы қауіпсіздікқағидалары

мен нормалары;төтеншежағдайларк

езінде қызметті ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын

талаптар:

1) Денсаулық сақтау» дайындық

бағыты бойынша жоғары білімі;

2) «Денсаулық сақтау менеджмент»

(«Қоғамдық денсаулық сақтау»)

мамандығы бойынша сертификаттық

курстан (қайта даярлаудан) өткені

туралы куәлік және (немесе) «Денсаулық

сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару

және құқық» даярлау бағыты бойынша

тиісті мамандық немесе жоғары білім

бойынша біліктілік беру туралы куәлік

немесе «Денсаулық сақтау» және

(немесе) «Бизнес және құқық» даярлау

бағыты бойынша жоғары оқу орнынан

кейінгі білім немесе МВА executive

немесе full time дәрежесі;

3) денсаулық сақтау саласындағы

менеджер сертификаты;

4) денсаулық сақтау саласындағы

басшылық лауазымдардағы жұмыс

өтілі кемінде 2 жыл.

Конкурсқа қатысуға қабылданбайды:

1) жұмыс берушінің мүлкі

мен басқа да құндылықтарының

Жұмыс уақыты

шектелді

Облыс орталығындағы «Open Pavlodar» фронтофисінде

жұмыс уақыты қысқарды. Бұған өңірдегі

эпидемиологиялық жағдайдың ушығуы себеп.

Жұртшылық бұл талаптарды

15 ақпанға дейін орындауы керек.

Атап өтерлігі, Железин ауданында

да санитарлық пост орнатылды.

Аудан орталығы мен Башмачное

ауылының тұрғындары санитарлық

талапты қатаң ескеруі керек.

Еске сала кетейік, 29 қаңтарда

Май ауданына қарасты Көктөбе

және Кеңтүбек ауылдары уақытша

жабылған болатын. Сонымен қатар,

мұндай шектеулер Ертіс ауданында

да енгізілді.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Павлодар қаласы әкімдігінің

мәліметінше, аймағымызда КВИдің

таралуына жол бермеу

мақсатында халық көп қатынайтын

«Open Pavlodar» фронт-офисінің

жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді.

Кривенко көшесі, 25-үй мекенжайында

орналасқан мекеме

келушілерді таңғы сағат 9.00-ден

кешкі сағат 17.00-ге дейін ғана

қабылдайды. Мекемеге келген

тұрғындар ара қашықтықты

сақтаулары керек.

Өз тілшіміз.

сақталуын қамтамасыз етпегені үшін

жұмыскердің толық материалдық

жауаптылығы көзделетін, лауазымдары

мен жұмыстарына он сегіз

жасқа толмаған азаматтар;

2) квазимемлекеттік сектор

субъектілері, сыбайлас жемқорлық

қылмыс жасаған адамдар;

3) Қазақстан Республикасының

заңнамасында белгіленген тәртіпте

өтелмеген немесе алынбаған соттылығы

бар тұлғалар;

4) Қазақстан Республикасының

заңнамасында көзделген өзге де

жағдайлар.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті

құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың

көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған

кезде) немесе еңбек шартының

көшірмесі, еңбек шартын қабылдау

және тоқтату туралы бұйрықтардың

көшірмелері не жұмыс өтілін растайтын

басқа да құжат;

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының

бастапқы медициналық құжаттама

нысандарын бекіту туралы» Қазақстан

Республикасы Денсаулық сақтау

министрінің міндетін атқарушының

2010 жылғы 23 қарашадағы №907

бұйрығымен (Нормативтік құқықтық

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№6697 болып тіркелген) бекітілген

086/е нысаны бойынша денсаулық

жағдайы туралы анықтама);

6) Қазақстан Республикасы Бас

прокуратурасының Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің соттылығының жоқтығы

туралы анықтамасы;

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс

жасағаны туралы мәліметтердің бар

не жоқ екендігі туралы анықтама

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне,

жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне

қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін

арттыру, ғылыми дәрежелер мен

атақтар беру, ғылыми жарияланымдар

туралы құжаттардың көшірмелері,

сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан

ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген

тұлғалардың өтініштері мен құжаттарын

қабылдау конкурс өткізу туралы

хабарландыру бұқаралық ақпарат

құралдарында немесе «Павлодар

облысының Денсаулық сақтау

басқармасы» ММ және «Екібастұз

қаласының №3 емханасы» ШЖҚ КМК

интернет-ресурсында орналастырылған

күннен бастап 15 күнтізбелік күн

ішінде жүргізіледі.

Құжаттар электронды түрде yurist_

poliklinika3ekb@mail.ru электрондық

поштасына ұсынылады. Құжаттардың

түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға

дейін бір сағаттан кешіктірілмей

беріледі. Оларды бермеген жағдайда

тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

(2010)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Азамат БАЙТЕНОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8344 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 161

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 2 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл ДҮРБІ

SARYARQA SAMALY

ЖӘДІГЕР

Академик тұтынған заттар

Қарағанды облысының Балқаш қалалық мұражайында ұлттық археология

мектебiнiң негiзiн қалаушы, академик Әлкей Марғұланның жеке заттары

сақтаулы тұр. Атап айтқанда, домбырасы, көзілдірігі, сақал қырғышы,

фотосуреттері, ғалымның атына келген хаттар мен жеке құжаттар бар.

Тілеуберді САХАБА

Музейдің бас қор сақтаушысы

Асыл Ихашованың айтуынша,

ғалымның жеке заттары

Балқаш музейіне 2002 жылдың

5 желтоқсанында жеткізілген.

Құнды жәдігерлерді онда кезінде

Әлкей Марғұланмен далалық

экспедиция жұмыстарында бірге

жүрген белгілі өлкетанушы әрі

суретші Аманқұл Мұсатайұлы

әкеліп тапсырыпты.

- Аманқұл Мұсатайұлы - Әлкей

Марғұланның шәкірті. Ғалым өзі

ұйымдастырып, өзі басқарған

Орталық Қазақстан аумағындағы

Бектау ата экспедициясына

белсенді қатысып, ұстазына

сенімді көмекші болған екен.

Бірақ, ол кісі өмірден өткендіктен,

құнды жәдігерлерді қайдан

қолына түсіргені белгісіз. Десе

де, жерлестеріңіздің жеке заттары

біздің қорда көздің қарашығындай

сақтаулы тұр, - дейді

Асыл Серікқызы.

Жерлесімізге домбыраны

К.Тулекеев деген адам сыйға

тартқан көрінеді. Олай дейтініміз,

аспаптың бетінде «Академику

Алькею Хакановичу Маргулану

от К.Тулекеева» деген жазуы

бар. Музей қызметкерлерінің

сөзінше К.Тулекеев деген азаматтың

кім болғаны анықталмаған.

Толық аты-жөні де еш

жерде сақталмапты.

Ал жеке құжаттары дегеніміз

– Ленинград Шығыс институтынан

берілген куәлігі мен

Павлодар уездік атқару комитеті

берген жеке куәлігі. Сонымен

қатар, сол заманда Қарағанды

мемлекеттік университетін басқарған

Е.Бөкетов және А.Лепешкин,

О.Абдрахманов сынды басқа да

лауазымды тұлғалардың Әлкей

Марғұланның атына жазған хаттары

сақталған.

СПОРТ

Коньки спортынан Қазақстан

құрамасы Нидерландының

Херенвен қаласында өтіп жатқан

әлем кубогының екінші

кезеңінде өнер көрсетуде. Ерлер

арасындағы командалық сында

отандастарымыз ел рекордын

жаңартып, әлем біріншілігіне

жолдама алды.

Ел рекорды

жаңарды

Айтып өтелік, құрама сапында павлодарлық

Виталий Щиголев та бар. Командалық

жарысты қазақстандықтар 3:46,

749 уақытымен аяқтап, жетінші орыннан

көрінді. В.Щиголевтен бөлек,

Александр Кленко және Дмитрий

Гаврилов ел намысын қорғады.

Ел құрамасының бас бапкері

Дмитрий Бабенконың айтуынша, қазақстандық

спортшылар жекелей сында

да әлем чемпионатына жолдама алуға

тырыспақ. Естеріңізге салсақ, әлем

біріншілігіне 500, 1000 және 1500 метр

қашықтықтың әрқайсысынан 20 жолдама,

әйелдер (3000 м) және ерлер

(5000) арасындағы жекелей сында

16 лицензия үлестіріледі.

Ғалымның сақал алғышы

Ғалымның көзілдірігі

ДЕНСАУЛЫҚ

COVID-19-ға қарсы вакцинация

Қоржында -

тоғыз алтын!

Жақында Қарағанды қаласында

джиу-джитсудан республикалық

турнир өтіп, одан

павлодарлықтар олжалы оралды.

Атап айтсақ, жерлестеріміз

9 алтын, 2 күміс және

12 қола медаль еншіледі.

Павлодар облысының намысын джиуджитсу

мен грэпплинг спортын біріктірген

BEK TEAM академиясының спортшылары

қорғағанын атап өткен жөн.

Топ жарғандардың қатарында Дастан

Құрманғали, Рафаэль Гиниятов, Дарья

Захаренкова, Николай Карпик, Ангелина

Козаренко, Дамир Ғабдулаев, Әмір

Қуаныш және Омар Хайхароев бар.

Команданың бас бапкері Заирбек

Әбілқадыровтың айтуынша, павлодарлықтардың

қатарында жүлдеге іліккен

ең жас спортшының жасы 8-де.

Жерлестеріміз карантин уақытындағы

қиындықтарға қарамастан, жаттығуларды

үзбей, дайындық жұмыстарын жүйелі

жүргізген. Нәтижесі – Қарағандыдағы

турнир. Естеріңізге салсақ, жақында

команданың 12 спортшысы спорт

шеберлігіне үміткер атағына қол жеткізген

болатын.

Әзірлеген – Оралхан ҚОЖАНОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!